Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 ақпандағы № 71 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 6 наурызда № 10401 тіркелді.

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң күшіне енеді.

      Министр Е. Досаев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 3 ақпандағы
№ 71 бұйрығымен
бекітілді

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 02.12.2015 № 751 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 16.10.2019 № 781 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және құрылысқа дайындықты және оның жүзеге асырылуын қамтамасыз ететiн қызметтер кешенiн көрсету тәртiбiн регламенттейдi.

      2. Осы Қағидаларда Заңда айқындалған ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғым қолданылады:

      қазынашылық сүйемелдеу - қазынашылық органындағы шоттар арқылы жүргізілген төлемдердің барлық кезеңдерінде құрылыс объектілерімен байланысты бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға бөлінген қаражаттың мақсатты пайдалануын, жобаның барлық қатысушыларымен - мердігерлермен, қосалқы мердігерлермен салықтарды толығымен төлеуді қамтамасыз етуін бақылау.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 16.03.2017 № 153 (алғашқы ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Инжинирингтік қызметтерді ұйымдастыру

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 16.10.2019 № 781 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Тапсырыс беруші сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыру құқығына арналған тиісті аттестаты бар сарапшыны (бұдан әрі – сарапшы) не өзінің құрамында аттестатталған сарапшылары бар ұйымды (бұдан әрі – ұйым) тартқан кезде осы Қағидаларды, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін және инжинирингтік қызметтер көрсету туралы шарттың талаптарын басшылыққа алады.

      3-1. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы техникалық қадағалауды "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы инжинирингтік компаниялар жүзеге асырады.

      Ескерту. 2-тарау 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.06.2016 № 296 (10.10.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Ұйым инжинирингтік қызметтер көрсеткен жағдайда, ұйым шартқа қол қойылғаннан кейін техникалық және авторлық қадағалау және жобаны басқару үшін өзі құрған ұйымдық құрылымды, сондай-ақ ұйымның атынан жобаны басқаратын кандидатураны тапсырыс берушіге келісуге ұсынады.

      5. Ұйым тапсырыс берушіге тікелей инжинирингтік қызметтер көрсететін сарапшылардың тізімін, олардың-міндеттері мен өкілеттіктерін жазбаша түрде ұсынады.

3-тарау. Техникалық қадағалауды жүзеге асыру бойынша инжинирингтік қызметтер көрсету

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 16.10.2019 № 781 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Мыналар:

      жүйелі бақылауды және құрылыс-монтаждау жұмыстарының аяқталған кезеңдерін пайдалануға қабылдау мақсатында өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды салу үшін;

      ғимараттар мен құрылыстардың жобалау шешімдеріне, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкестігі үшін;

      қолданылатын материалдардың, бұйымдар мен конструкциялардың сапасы үшін;

      белгіленген тәртіппен және шартта (келісімшартта) айқындалған мерзімдерде объектілерді салуды жүзеге асыруға және пайдалануға беру үшін техникалық қадағалау жүзеге асырылады.

      7. Инжинирингтік қызметтер көрсету жөніндегі сарапшыларды (ұйымдарды) тарта отырып, техникалық қадағалауды жүзеге асырған кезде тапсырыс беруші "Жұмыс жүргізуге" деген сызбадағы белгісі бар жобалау-сметалық құжаттаманың толық жинағының бір данасын техникалық қадағалауға береді.

      8. Техникалық қадағалауды жүзеге асырған кезде жалпы техникалық қадағалаудың басшысы тапсырыс берушіге, ал техникалық қадағалау сарапшысы жұмыстардың арнайы түрлері бойынша – жалпы техникалық қадағалау басшысына есеп береді.

      9. Техникалық қадағалау авторлық қадағалау сарапшылармен, мердігерлік қызметтің құрылыстың сапасын өндірістік бақылау жұмыскерлерімен, сондай-ақ мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясының мамандарымен бірге жүзеге асырылады.

      10. Техникалық қадағалау жөніндегі сарапшы:

      1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 281 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10483 болып тіркелген) Қазақстан Республикасындағы телекоммуникация желілерін күзету қағидаларына, Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 23 шілдедегі № 284-І бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2989 болып тіркелген) Қорғалатын аймақ жерлерін пайдаланудың өлшемін, режимін белгілеу және жерлерді бөлінген алқаптағы темір жол көлігінің мұқтаждықтары үшін пайдалану жөніндегі ережеге сәйкес байланыс және электр беру желілерінің күзетілетін аймақтарда, темір жолға және автомобиль жоларына бөлінген белдеулерде жұмыс жүргізуге жазбаша рұқсатының болуын тексереді;

      2) құрылыстың күнтізбелік жоспарын сақтауға және объектілерді пайдалануға берудің нормативтік мерзімдерінің немесе мердігерлік шартта белгіленген мерзімдердің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

      3) салынып жатқан объектілерде мемлекеттік нормативтердің және атқарушылық құжаттардың, салыстырып өлшеу құралдарының болуын тексереді;

      4) геодезиялық бөлу негізін қабылдауға және мердігерге беруге қатысады, сондай-ақ құрылыс аяқталғанға дейін олардың сақталуын қамтамасыз етуді жобаның автормен бірге бақылайды;

      5) жобалау-сметалық құжаттаманың сәйкессіздігі анықталған кезде және жобалау шешімдерін өзгеру, материалдарды, бұйымдарды, конструкциялар мен жабдықтарды ауыстыру қажет болған кезде тапсырыс беруші осы мәселелерді шешуі үшін ұсыныстар енгізеді;

      6) мердігердің жөнделген жабдықтар мен инженерлік желілерге жеке сынақ жүргізуін және олардың нәтижелерін тиісті ресімдеуді бақылайды;

      7) сынақтан кейін жабдықтарды қабылдауға қатысады;

      8) тұрақты негізде құрылыс-монтаждау жұмыстарының, қолданылатын материалдардың, бұйымдардың, конструкциялар мен жабдықтардың сапасын, олардың жобалау құжаттамасына, инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілеріне қосылуға арналған техникалық шарттарға, техникалық регламенттердің талаптарына, инженерлік ізденістердің нәтижелеріне сәйкестігін, олардың сапасын куәландыратын құжаттардың (техникалық паспорт, сертификат, зертханалық сынау және басқалар) болуын және дұрыс ресімделуін, сондай-ақ кірме бақылаудың құжатталған нәтижелерін тексереді, ақаулар мен бұзушылықтарды уақытында анықтайды, олар туралы тапсырыс беруші мен мердігерге хабарлайды;

      9) технологиялық операциялардың құрамы мен орындау сапасының сәйкестігіне бақылау, оның ішінде мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес операциялық бақылау жүргізеді;

      10) қабылдау бақылауын жүзеге асырады, мердігер орындаған құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемдерін уақытында тексереді, белгіленген нысандағы актілерді ресімдей отырып, жасырын жұмыстарды куәландыру және жауапты конструкцияларды аралық қабылдау жүргізеді;

      11) техникалық қадағалау жөніндегі журналға (Қағидалардың 1-қосымшасы) анықталған ақаулар мен бұзушылықтарды жою бойынша ескертулер мен нұсқауларды енгізеді және олардың орындалуын бақылайды;

      12) авторлық қадағалау, мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы органы жүзеге асыратын тексерулерге қатысады, тиісті журналдарға белгілер қоя отырып, тексерулер кезінде мердігерлердің алған нұсқауларының орындалуын бақылайды;

      13) егер құрылыс бақылауын жүргізу процесінде басқа құрылыс конструкцияларын және инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілерінің учаскелерін бұзбай немесе зақымдамай анықталған кемшіліктерді жою мүмкін болмаса, объектінің қауіпсіздігіне әсер ететін, жұмыстардың орындалуын бақылау басқа жұмыстар орындалғаннан кейін жүргізілуі мүмкін жұмыстардың орындалуына, сондай-ақ құрылыс конструкцияларының және инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілерінің учаскелерінің қауіпсіздігіне бақылау жүргізуді қамтамасыз етеді;

      14) өзінің қызметімен тапсырыс берушінің қаражатын нысаналы және ұтымды пайдалануға ықпал етеді, жинақтау ведомосінде орындалған және ақы төленген жұмыстардың толық және дәл есебін жүргізеді;

      15) мердігерден құрылыс алаңында материалдарды, бұйымдарды, конструкциялар мен жабдықтарды сақтаудың тиісті шарттарының сақталуды, сондай-ақ орындалған жұмыстардың, тұрғызылған ғимараттар мен құрылыстарды тапсырыс берушіге тапсырғанға дейін олардың сақталуын қамтамасыз етуді талап етеді;

      16) құрылыстың жобалау-сметалық құжаттамамен қамтамасыз ету және оның сапасы мәселелері бойынша, сондай-ақ сапаны бақылау және жұмыстарды қабылдау мәселелері бойынша мердігердің талаптарын қарайды, осындай талаптар бойынша шешім шығарады және тапсырыс беруші шешім қабылдауы үшін өзінің ұсыныстарын енгізеді;

      17) құрылыс кезеңінде мердігермен бірлесіп жауапты ғимараттар мен құрылыстардың шөгуіне жобада көзделген бақылауды белгілейді және бақылаудың нәтижелерін тиісті құжаттамалармен ресімдейді;

      18) құрылыстың мердігерлік шарты бойынша жұмыстарды қабылдау кезінде, сондай-ақ объектіні пайдалануға қабылдауға дайындау кезінде жұмыстардың әрбір түрінің, конструкциялардың, жабдықтардың және тұтастай объектінің нақты дайындығын тексереді, атқарушылық құжаттаманың тиісті ресімделуін, қабылдау актілерінің тізбесіне енгізілген жөнделген және орнатылған жабдықтардың пайдалануға берілген объектіде нақты болуын салыстырып тексереді;

      19) пайдалануға беруге объектінің дайындығын растайды, "Құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытындылардың, сәйкестік туралы декларацияның нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 235 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15150 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 235 Бұйрық) бекітілген нысан бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытынды береді;

      20) консервациялауға жататын объектілерді куәландыруға, құрылысты консервациялауға немесе уақытша тоқтатуға арналған құжаттамаларды ресімдеуге, сондай-ақ құрылысты консервациялаудан немесе уақытша тоқтатудан кейін жұмысты жалғастыру үшін құрылыс ұйымдарына беру кезінде объектілердің техникалық жай-күйін бағалауға қатысады;

      21) тапсырыс берушіге жобалау-сметалық құжаттамасын және мемлекеттік нормативтерді бұзушылықпен орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтату туралы ұсыныс енгізеді;

      22) конструкциялардың деформациялау және қирау қаупі болған, адам өмiрi мен денсаулығына және қоршаған ортаға қауiп төнген, сондай-ақ техникалық қадағалаудың ақаулар мен бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқаулары орындалмаған жағдайларда жұмыс жүргізуді тоқтатады (міндетті түрде тапсырыс беруші мен мердігерге жазбаша хабарлама жібереді);

      23) мердігерге, қажет болған жағдайларда тапсырыс берушіге жобалау-сметалық құжаттамасының және мемлекеттік нормативтердің талаптарын бұзған және техникалық қадағалаудың нұсқауларын орындамайтын тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізеді;

      24) тапсырыс берушіге жұмыс жүргізудің, жаңа материалдар мен технологиялардың құрылыстың сапасын арттыруды, құнынын төмендетуді және мерзімдерін қысқартуды қамтамасыз ететін прогрессивтік әдістерін енгізу туралы ұсыныс енгізеді;

      25) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарына ай сайынғы негізде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрылыстың барысы туралы және орындалған жұмыстардың сапасы туралы (фотоесептерді қоса бере отырып) ұдайы есептер ұсынады;

      26) құрылыс алаңдарына кiре алады;

      27) жобаның іске асыру барысы туралы тапсырыс берішуге ай сайын есеп береді.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 16.10.2019 № 781 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Техникалық қадағалаудың өкілі жасырын жұмыстарды куәландыру, жауапты конструкцияларды аралық қабылдау және оларға ақы төлеу үшін жұмыстарға қабылдау жүргізеді. Жұмыстарды куәландыру және қабылдау мердігер өкілдерінің, қажет болған жағдайларда қосалқы мердігерлік ұйымдар (олар орындаған жұмыстарды куәландыру және қабылдау кезінде) және авторлық қадағалауды жүзеге асыратын жобалау ұйымдары өкілдерінің қатысумен жүзеге асырылады.

      12. Мердігер куәландыру және жұмыстарды қабылдау басталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей техникалық қадағалау сарапшысының алдағы куәландыруы немесе жұмыстарды қабылдауы туралы хабарлайды. Егер техникалық қадағалаудың өкілі жасырын жұмыстарды куәландыруға мердігердің сұрауында көрсетілген мерзімде келмесе, ал куәландыру кейінгі жұмыстарды тоқтатуға алып келсе, онда мердігер біржақты тәртіппен жасырын жұмыстарды куәландыру актісін жасайды. Осындай жағдайда, техникалық қадағалау өкілі орындалған жұмыстың дұрыстығын растау үшін конструкцияларды ашуды талап еткен кезде ашу тапсырыс берушінің қаражаты есебінен, ал сапа бойынша талаптардың бұзылғаны анықталған кезде – мердігердің қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Жасырын жұмыстарды куәландыру нәтижелері бойынша нормативтік-техникалық құжатта белгіленген нысанда акті жасалады.

      13. Жасырын жұмыстарды куәландыру кейінгі жұмыстар басталғанға дейін жүргізіледі. Егер кейінгі жұмыстарды ұзақ үзілістен (алты айдан аса) немесе ауа-райы күрт өзгергеннен (жаңбыр, үсік және т.б.) кейін орындау қажет болса, онда жасырын жұмыстарды куәландыру қайта жүргізіледі. Қайта куәландыру куәландырылатын жұмыстар мен конструкциялар зақымданған жағдайда зақымдану жойылғаннан кейін жүргізіледі.

      14. Орындалған жұмыстарға ақы төлеу үшін оларды қабылдауды техникалық қадағалаудың өкілі құрылыстың мердігерлік шартында белгіленген тәртіппен жүргізеді. Есепті кезең деп объектіні салу немесе құрылыс жұмыстарын орындау үшін қажет ай не уақыт кезеңі қабылдануы мүмкін. Қабылдаудың нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығымен бекітлген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10795 болып тіркелген) Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларына 3-қосымшада белгіленген нысан бойынша техникалық қадағалаудың өкілі қол қоятын орындалған құрылыс жұмыстарының актісі ресімделеді.

      15. Техникалық қадағалау жөніндегі сарапшы жасырын жұмыстарды куәландыру, жауапты конструкцияларды аралық қабылдау, сондай-ақ орындалған жұмыстарға ақы төлеу үшін оларды қабылдау кезінде мердігерден мынадай құжаттамаларды талап етуі тиіс:

      "Елді мекен шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру кезіндегі құжаттардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 қарашадағы № 67 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9952 болып тіркелген) жер учаскесінің шекарасын анықтау туралы құжат;

      ғимаратты, құрылысы тұрғызу актісі;

      ғимараттар мен құрылыстардың негізгі осінің геодезиялық бөлінуін тексеру актісі;

      репердің белгісін ауыстыру актісі;

      жұмыс жүргізудің жалпы журналы;

      қадағалар қағу, қадағаларды зерттеп-қарау журналы, құрылыс конструкцияларын монтаждау жөніндегі жұмыстың журналы;

      дәнекерлеу жұмыстарының журналы;

      дәнекерленген қосылыстарды коррозияға қарсы қорғау журналы;

      мемлекеттік нормативтерде белгіленген нысан бойынша монтаждалған жіктер мен тораптарды тұтас бекіту журналы;

      бақыланып тартылатын болттардағы монтаждалатын қосылыстарды орындау журналы;

      авторлық қадағалау журналы;

      материалдарды, бұйымдарды, конструкцияларды, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды сынау актісі (хаттамасы);

      материалдардың, бұйымдардың, конструкциялар мен жабдықтардың сапасы туралы құжаттар (паспорттар мен сертификаттар);

      атқарушылық геодезиялық схемалар.

      16. Дайындығына қарай жекеленген жауапты конструкциялар мемлекеттік нормативтермен белгіленген нысан бойынша акті рәсімдей отырып, техникалық қадағалау өкілдерінің аралық қабылдауына жатады.

      17. Жұмыстарды куәландыру және қабылдау, жауапты конструкцияларды аралық қабылдау кезінде техникалық қадағалау өкілі қолданылатын материалдардың, бұйымдардың, конструкциялар мен жабдықтардың жобалау және нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкестігін, орындалған жұмыстың құрамы мен көлемінің жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкестігін, жұмыс пен авторлық қадағалау журналдарында белгіленген ақаулар мен бұзушылықтардың жойылуын тексереді.

      18. Жобалау-сметалық құжаттамаға толық сәйкес орындалған жұмыстар қабылдауға жатады. Тапсырыс беруші жобалау-сметалық құжаттамадан барлық ауытқуларды жобалау ұйымымен келісуі тиіс. Мұндай келісім болмаған жағдайда жұмыстар ауытқулар жойылғаннан кейін ғана қабылданады.

4-тарау. Авторлық қадағалау бойынша инжинирингтік қызметтерді ұйымдастыру

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 16.10.2019 № 781 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Авторлық қадағалау сәулет және қала құрылысы туындысының авторы (авторлары) жүзеге асыратын құрылыс жобасының (құрылыс құжаттамасының) әзiрленуiне; сәулет немесе қала құрылысы туындысының авторын (авторларын) қоса алғанда, әзiрлеушiлер жүзеге асыратын құрылыс жобасының iске асырылуына бақылау мақсатында жүзеге асырылады.

      20. Авторлық қадағалауды жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеушілер, Заңның 33-бабының 6-тармағында және 74-бабының 1-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, барлық құрылыс объектілерінде жүзеге асырады.

      21. Жобаны авторлық қадағалау авторлық қадағалау жүргізуге құқығы бар тапсырыс беруші мен жобаның авторы және (немесе) әзірлеушінің не сарапшының арасында жасалған шарт негізінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 16.10.2019 № 781 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Жобаның авторы және (немесе) әзірлеушісі шарттың жобасын алғаннан кейін бір ай ішінде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) шарттың жобасына қол қояды және оны тапсырыс берушіге жібереді;

      2) тиісті аттестаты бар авторлық қадағалауды жүргізу жөніндегі инжинирингтік қызмет көрсетушіні дербес таңдау үшін тапсырыс берушіге объект құрылысына авторлық қадағалау жүргізу (жүзеге асыру) құқығын береді, ол туралы тапсырыс берушіге жазбаша хабарлайды;

      3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында инжинирингтік қызметті жүзеге асыру құқығына арналған аттестаты бар және тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, аттестатың нөмірі және оның берілген күні көрсетілген мөрі бар сарапшыға объект құрылысына авторлық қадағалау жүргізу (жүзеге асыру) құқығын береді, ол туралы тапсырыс берушіге жазбаша хабарлайды.

      Осындай жағдайда авторлық қадағалау жүргізуге арналған шарт тапсырыс беруші мен сарапшының арасында жасалады.

      23. Жобаның авторы және (немесе) әзірлеушісі, сондай-ақ авторлық қадағалауды жүргізуге құқық берілген сарапшылар авторлық қадағалауды құрылыстың барлық кезеңінде құрылыс объектісіне бару бойынша әзірленген жоспар-кестеге сәйкес объектіге бару осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша авторлық қадағалау журналын жүргізу арқылы жүзеге асырады.

      24. Әрбір бару және оның қорытындылары авторлық қадағалау журналында тіркеледі және авторлық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғаның жеке мөрімен куәландырылады.

      25. Автор немесе жобаны әзірлеуші, авторлық қадағалау жөніндегі сарапшы:

      1) ғимараттар мен құрылыстарды салу бойынша орындалған жұмыстар көлемінің, жұмыс құрамының, жүргізу технологияларының және сапасының сәйкестігін тексереді, оның ішінде технологиялық жабдықтарды жинақтау бойынша, жобалау шешімдері бойынша жұмыстардың сәйкестігін тексереді;

      2) құрылыс барысында жобалау-сметалық құжаттама бойынша туындаған мәселелерді уақытында шешеді, қолданыстағы мемлекеттік нормативтерде белгіленген тәртіппен жобалау-сметалық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

      3) жекелеген жауапты конструкцияларды және мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес жасырын жұмыстардың негізгі түрлерін қабылдауға қатысады (тапсырыс берушінің техникалық қадағалаушысымен бірге);

      4) конструкцияларға, бөлшектерге, құрылыс материалдары мен жабдықтарына арналған сертификаттардың (паспорттардың) және басқа да техникалық құжаттамалардың мемлекеттік стандарттарға, техникалық шарттарға және жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкестігін тексереді;

      5) мемлекеттік стандарттарға, техникалық шарттарға және жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес келмейтін конструкцияларды, бөлшектерді, құрылыс материалдары мен жабдықтарын қолдануға тыйым салады;

      6) тапсырыс берушінің және мердігердің өкілдеріне жобалау-сметалық құжаттаманың және нормативтік құжаттардың талаптарын бұзып орындалатын жұмыстарды тоқтату туралы нұсқау береді.

      26. Автор немесе жобаны әзірлеуші, авторлық қадағалау жөніндегі сарапшы:

      функцияларды сапалы және уақытылы орындауға;

      объектінің құрылысын авторлық қадағалау журналын сапалы және уақытында жүргізуге;

      авторлық қадағалауды жүргізу жоспар-кестесін уақытында орындауға және қатаң сақтауға;

      "Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентінің талаптарына сәйкес конструкциялардың, бұйымдардың, элементтер мен материалдардың тиісті пайдалану сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты.

      27. Автор және (немесе) жобаны әзірлеуші, авторлық қадағалау жөніндегі сарапшы құрылыс объектісіне алғаш барған кезде мемлекеттік нормативтерге сәйкес авторлық қадағалау жүргізу кезінде пайдаланылатын құжаттардың сәйкестігін белгілейді.

      28. Автор және (немесе) жобаны әзірлеуші, авторлық қадағалау жөніндегі сарапшы құрылыс объектісіне мынадай барған кезде орындалатын құрылыс-монтаждау жұмыстарының бекітілген құрылыс жобасына сәйкестігін белгілейді.

      29. Автор және (немесе) жобаны әзірлеуші, авторлық қадағалау жөніндегі сарапшы орындалған жұмыстардың сәйкессіздігін анықтаған кезде журналға белгі қояды және ескертулер анықталған сәттен бастап күнтізбелік бес күннің ішінде ол туралы тапсырыс берушіге, мердігерге және мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясына жазбаша нысанда хабарлайды.

      30. Құрылыс объектісі аяқталған кезде авторлық қадағалауды жүзеге асыратын тұлға тапсырыс берушіге (құрылыс салушыға) бекітілген нормативтік құқықтық актінің белгіленген нысанына сәйкес орындалған жұмыстың жобаға сәйкестігі туралы қорытынды не теріс қорытынды береді.

5-тарау. Жобаны басқару бойынша инжинирингтік қызметтер көрсету

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 16.10.2019 № 781 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      31. Мемлекеттік сатып алуға қазынашылық сүйемелдеу енгізу шеңберінде техникалық күрделі объектілердің құрылысы үшін, оның ішінде бірегей объектілерін салу үшін және ірі инвестициялық жобалар мен "пилоттық" жобалар үшін жобаның (бағдарламаның) тапсырыс берушімен (инвестормен) жобаны басқару бойынша инжинирингтік ұйымдар тартылады.

      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 16.03.2017 № 153 (алғашқы ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      32. Тапсырыс берушімен немесе салымшымен бүкіл инвестициялық мезгіліне, жобалау алдындағы кезеңінді және жобалау кезеңінді қоса алғанда, жобаның іске асырылуы кез келкен кезеңінде объектінің немесе бірнеше объектілердің құрылысына және пайдалануға енгізуіне, жобаны басқару бойынша инжинирингтік қызметтер көрсететін, аккредиттелген ұйым (одан әрі – ұйым) қатыстырады.

      33. Жобаны іске асыру барысында, мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан, осы жобаның жобаны басқару бойынша және мердігерлік жұмыстарын (жобалау алды, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және (немесе) құрылыс-монтаждау жұмыстары) функцияларын бірлестіру рұқсат етілмейді.

      34. Жобаны басқару бойынша ұйым инжинирингтік қызмет көрсеткен кезде, мынадай функцияларды іске асырады:

      1) ойдағыдай жобаны жүзеге асыру және мердігерлік келісімді атқару үшін керек болған, тапсырыс берушінің келісімде ескерткен кызметерді көрсетеді.

      2) техникалық шарттарды және атқарылатын съемкаларды дұрыс және уақыттылы рәсімдеуін қамтамасыз ету.

      3) мердігерлік конкурстардың (тендерлердің) қатысушылардың мамндығын анықтайды және олардың ұсыныстарын бағалайды.

      4) тапсырыс берушi мен мердiгер арасындағы мердiгерлiк шартты дайындау процесiне қатысу;

      5) тапсырыс берушiге мердiгерлiк шартты iске асыруға және ұсыным беруге қатысты туындаған проблемалар туралы хабарлау

      6) жобаны әзірлеу кезінде:

      қабылданған жобалау шешімдердің тиімділігін тексереді;

      жобаланған объектінің техникалық көрсеткіштерін жақсылау туралы ұсыныстарды енгізеді;

      жаңа құрылыс материалдарды және өндірістік жұмыс технологияларын қолдану бойынша кепілдемелерді береді;

      7) жоба сапасыз әзірлеген немесе жобаға ведомствадан тыс кешенді сараптаманың теріс қорытындысы болған кезде, жобалау ұйымының жұмыстан шеттету туралы ұсынысты енгізеді;

      8) тапсырыс берушімен және жобаны әзірлеушімен келісуімен бекітілген жобалық шешімдерге өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдайды.

      9) жобаның іске асыру барысы, мердігердің (әзірлеушінің) қызметті, жұмыс сапасы (фотоесеб қосымшамен бірге), бөлінген бюджет қаражатының игерілуі туралы тапсырыс берішуге ай сайын есеп береді.

      10) құрылыс-монтаждау жұмыстары кезде:

      келісімдер жасалған объектілердің құрылыс алаңдарына кіре алады;

      тапсырыс берушінің техникалық өкілі ретінде құрылыс объектілерінде тапсырыс берушінің мүддесін білдіреді және қорғайды;

      мердігер жүргізетін құрылыс-монтаждау жұмыстарының жобалау сметалық құжаттамасына толық сәйкес келуін қамтамасыз етеді;

      мердігердің құрылыс алаңдарында техникалық қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау ережелерін сақтауын қамтамасыз етеді;

      объектілерде қолданылатын құрылыс материалдарының, конструкциялар мен бұйымдардың сапасын бақылау, оларды стандарттарға және Қазақстан Республикасында қолданыстағы басқа да нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес зертханалық сынауды ұйымдастыру және сапаны растайтын құжаттардың болуын (техникалық паспорт, сертификат, зертханалық сынау және басқалар) тексереді;

      мердігер дайындаған жұмыстардың күнтізбелік жоспарларын қарайды және тапсырыс берушіге бекітуге ұсыну;

      жұмыстардың өндіріс қарқынының бекітілген кестеге сәйкестігін объектілердің материалдық ресурстармен және техникалық құралдармен жиынтықталу барысын, білікті жұмыс күшімен қамтамасыз етілуін бағалайды;

      объектілерде жұмыс істейтін машиналар мен механизмдерді есепке алуды жүргізу, олардың техникалық жарамдылығын және мердігердің конкурсты тапсырысында көрсетілген тізбеге сәйкестігін бағалайды;

      жұмыстарды орындау мерзімдерінің ұзартылуына, қосымша немесе күтпеген жұмыстарды, шығындарды өтеуге қатысты мердігердің шағымдарын тексереді және тапсырыс берушіге ұсынымдар береді;

      бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес орындалған жұмыстардың көлемі мен олардың құнын тексереді және аралық ақы төлегенді және мердігермен толық есеп айырысу кезінде орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарын қабылдау актілерін растайды;

      құрылыс бойынша мемлекеттік сатып алуға қазынашылық сүйемелдеу енгізу шеңберінде іске асырылатын "пилоттық" жобалар үшін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) нысанға сәйкес төлем үшін қаржылық есептесуді растайтын төлем сертификатын орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарын қабылдау актілерін беру жолымен растайды;

      жабық жұмыстардың куәләндіруін, жауапты құрастырылымның аралық қабылдауды және жұмыстарды төлеу үшін олардың қабылдауды жүргізеді;

      техникалық есептер мен ақпарларды дайындауды және бекітуді, жұмыстардың жүргізілу барысын уақтылы құжаттауды қамтамасыз етеді;

      орындалған жұмыстардың көлеміне мерзімді және түпкілікті өлшеуді жүргізеді және олардың мердігердің есептеріне сәйкестігі туралы қорытындылар береді;

      барлық материалдар мен конструкцияларға арналған барлық кепілдік құжаттамаларыды және сертификаттарды қабылдау мен сақтауды қамтамасыз ету және құрылыс аяқталғаннан кейін оларды тапсырыс берушіге беру;

      сәулет, қала құрылыс және құрылыс саласындағы жобалық шешімдер, құрылыс мерзімі және мемлекеттік нормативтік талаптарды сақтау бойынша бақылауды іске асыру;

      құрылыс-монтаждау жұмыстарды орындауға бағытталған қаражаттардың нысаналы және тиімді пайдалануды бақылайды;

      мердігерден және қосалқы мердігерлерден объект бойынша қажетті атқарушы құжаттаманы сұратады;

      технологияның бұзылуы, жобадан ауытқу, сапасыз құрылыс материалдарының пайдаланылуы анықталған жағдайда, ақаулар мен бұзушылықтар жойылғанға дейін жұмыстарды жүргізуді тоқтата тұрады;

      жобадан жүйелі түрде ауытқуларға жол берген, жұмыс өндірісі ережелерін және нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарын бұзған мердігерді жұмыстан босату туралы тапсырыс берушіге ұсыныс енгізеді;

      төлемге берілген құжаттарды түзету немесе нормативтік талаптарға және жобалау құжаттамасына сәйкес келмейтін жұмыстар көлемінің құнын төлеуге берілген, орындалған жұмыстарды қабылдау актілерін алып тастау жөнінде тапсырыс берушіге ұсыныс енгізеді;

      мердігердің лауазымды тұлғаларына ақауларды және олардың туындау себептерін жою туралы ұсыныстар жасайды;

      хат-хабарларды, зерттеу және сынау деректерін, мәжілістердің хаттамаларын, қаржы жазбаларын, құрылыс алаңының күнделігін қоса алғанда құжаттарды есепке алу, пайдалану және сақтау жүйесін құрады.

      Ескерту. 34-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 16.03.2017 № 153 (алғашқы ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      35. Ұйым Қазақстан Республикасының заңнамасына және шарттардың талаптарына сәйкес:

      1) тапсырыс берушiнiң тапсырмасы бойынша объектілердiң құрылысы және оларды қайта жаңарту мәселелерi бойынша жергiлікті атқарушы органдармен, жер учаскелерiнiң және коммуникациялардың иелерiмен, басқа да ұйымдармен және жұртшылықпен қарым-қатынасында оның мүддесiн бiлдiредi;

      2) тапсырыс берушімен келісім бойынша объектінің құрылысына бөлінген ақшалай және материалдық қаражаттармен иелік етеді және Қазақстан Республикасының заңнамасы және шарттардың талаптарымен көзделген жауапкершілік тартады.

      35-1. Тапсырыс берушімен құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытынды беру туралы сауал жолдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жобаны басқару бойынша қызмет көрсететін ұйым және аталған ұйымның штаттық құрамындағы техникалық қадағалуды жүзеге асыратын тұлға тапсырыс берушіге № 235 Бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес қол қойылған құрылыс монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытындының нысанын ұсынады.

      Ескерту. Қағида 35-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 16.03.2017 № 153 (алғашқы ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 16.10.2019 № 781 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

  Сәулет, қала құрылысы және
құрылыс қызметі саласында
инжинирингтік қызметтер
көрсету қағидаларына
1-қосымша

Техникалық қадағалау журналы

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 29.04.2017 № 255 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-нысан. Техникалық қадағалау журналының титул беті

      Техникалық қадағалау № ____ журналы

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Объектінің мекенжайы ________________________________________________

      Объект құрылысының толық сметалық құны ______________________________

      Тапсырыс беруші _____________________________________________________

      (мекеменің атауы, пошталық мекенжайы)

      Бас жобалаушы (жобалаушы) ___________________________________________

      (мекеменің атауы, пошталық мекенжайы)

      Техникалық қадағалау ________________________________________________ (мекеменің атауы, пошталық мекенжайы)

      Журнал басталды ___________________________________ (күні, айы, жылы)

      Журнал аяқталды ___________________________________ (күні, айы, жылы)

      Бас жобалаушының (жобалаушының) басшысы ______________ ______________

      (Т.А.Ә.) МО (қолы)

      Тапсырыс берушінің басшысы _____________________________ ____________

      (Т.А.Ә.) МО (қолы)

      Техникалық қадағалау

      ұйымының басшысы ____________________________ __________________

      (Т.А.Ә.) МО (қолы)

      Тапсырыс берушінің басшысы ____________________________ ________

      (Т.А.Ә.) МО (қолы)

2-нысан. Техникалық қадағалау журналының бірінші беті

      Бас мердігер (мердігер) _____________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (мекеменің атауы, пошталық мекенжайы)

      Қосалқы мердігер (жеке жұмыс түрлерін орындаушылар):

      1) __________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (мекеменің атауы, пошталық мекенжайы, орындалған жұмыстың атауы)

      2) __________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      3) __________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      4) __________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

3-нысан. Техникалық қадағалау журналының екінші беті
Техникалық қадағалау тобының құрамы

Т.А.Ә.

Лауазымы

Техникалық қадағалау жүргізетін жұмыс

Техникалық қадағалау тобының құрамына енгізілгені туралы бұйрықтың нөмірі және күні





4-нысан. Техникалық қадағалау журналының үшінші беті
Техникалық қадағалау тобы мүшелерінің объектіге баруын тіркеу
парағы

Т.А.Ә.

Лауазымы

Телефон нөмірі

Күні

келу

кету





5-нысан. Техникалық қадағалау журналының есепке алу парағы Есепке алу парағы № ____

Күні

Бекітілген жобалау-сметалық құжаттамада көзделмеген құрылыс материалдарын, бұйымдарын, конструкцияларын және жабдықтардың ауыстыру фактілерін, оларды жоюдың талап етілетін мерзімдерін, оларды жою туралы көрсете отырып құрылыс саласында мемлекеттік нормативтердің талаптары мен қағидаларын бұзғаны, және жобадан ауытқудың анықталуы

Жазбаны енгізген, техникалық қадағалау өкілдерінің тегі, аты-жөні, жазбаны енгізу күні

Жазбамен танысқан лауазымды тұлғалардың тегі, аты-жөні, танысқан күні

Нұсқауды орындағаны туралы белгі (тегі, аты- жөні, лауазымы, күні)

Мердігердің (қосалқы мердігердің) өкілі

Тапсырыс берушінің өкілі

Мердігердің (қосалқы мердігердің) өкілі

Тапсырыс берушінің өкілі

Техникалық қадағалау өкілі

1

2

3

4

5

6

7

8

  Сәулет, қала құрылысы және
құрылыс қызметі саласында
инжинирингтік қызметтер
көрсету қағидаларына
2-қосымша

Нысан
Авторлық қадағалау бойынша жоспар-кесте

Авторлық қадағалау шарты бойынша жұмыс кезеңдерінің атауы

Орындау мерзімі (басталуы және аяқталуы)

Авторлық қадағалаудың бару күні

Жұмыс кезеңдерінің бағасы, мың теңге

1

2

3

4






Авторлық қадағалау тобының
басшысы
_________________________
_________________________
(лауазымы, Т.А.Ә., қолы)


Тапсырыс берушінің өкілі
____________________
____________________
(лауазымы, Т.А.Ә., қолы)

  Сәулет, қала құрылысы және
құрылыс қызметі саласында
инжинирингтік қызметтер
көрсету қағидаларына
3-қосымша

Авторлық қадағалау журналы
1-нысан. Авторлық қадағалау журналының титул беті

      Авторлық қадағалау № ____ журналы

      Құрылыс объектісінің атауы __________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Объектінің мекенжайы ________________________________________________

      Объект құрылысының толық сметалық құны ______________________________

      Тапсырыс беруші _____________________________________________________

      (мекеменің атауы, пошталық мекенжайы)

      Бас жобалаушы (жобалаушы) ___________________________________________

      (мекеменің атауы, пошталық мекенжайы)

      Журнал басталды _________________________ (күні, айы, жылы)

      Журнал аяқталды _________________________ (күні, айы, жылы)

      Бас жобалаушының (жобалаушының) басшысы _____________ ____________

      (Т.А.Ә.) МО (қолы)

      Тапсырыс берушінің бастығы ______________________ ____________

      (Т.А.Ә.) МО (қолы)

2-нысан. Авторлық қадағалау журналдың бірінші парағы

      Бас мердігер (мердігер)______________________________________________

      (ұйымның атауы, пошталық мекенжайы)

      Қосымша мердігер (жұмыстың бөлек түрлерін орындаушылар):

      1)___________________________________________________________________

      (ұйымның атауы, пошталық мекенжайы, орындалатын жұмыстың атауы)

      2)___________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      3)________________________________________________________________________________________________________________________________________

      4)___________________________________________________________________

3-нысан. Авторлық қадағалау журналдың екінші парағы
Авторлық қадағалау тобының құрамы

Т.А.Ә.

Лауазымы, жұмыс орны

Авторлық қадағалау жүргізетін жұмыс

Авторлық қадағалау тобының құрамына енгізілгені туралы бұйрықтың нөмірі мен күні





4-нысан. Авторлық қадағалау журналдың үшінші парағы
Авторлық қадағалау тобы мүшелерінің объектіге баруын тіркеу
парағы

Т.А.Ә.

Жұмыс орны

Атқаратын лауазымы

Телефонның нөмері

Күні

келу

кету






5-нысан. Авторлық қадағалау журналының есепке алу парағы
Есепке алу парағы № ____

Күні

Құрылыс саласында мемлекеттік нормативтердің талаптары мен қағидаттарын бұзғаны және жобадан ауытқудың анықталуы

Ауытқуды және (немесе) бұзушылықты түзету туралы нұсқау және талап етілетін орындалу мерзімі

Жобаны әзірлеушінің, авторлық қадағалау тобы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты, жазба жазылған күн

Жазбамен танысқан лауазымды тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты, танысқан күні

Нұсқауды орындағаны туралы белгі (тегі аты, жөні, лауазымы, күні)





Мердігердің (қосалқы мердігердің) өкілі

Тапсырыс берушінің өкілі

Мердігердің (қосалқы мердігердің) өкілі

Тапсырысберушінің өкілі

Авторлық қадағалау тобының мүшесі

1

2

3

4

5

6

7

8

9




























  Сәулет, қала құрылысы және
құрылыс қызметі саласында
инжинирингтік қызметтер
көрсету қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Құрылыстың барысы туралы және орындалған жұмыстардың сапасы туралы есеп

      Ескерту. 4-қосымшамен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 16.10.2019 № 781 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      ________ кезеңге

      Объект: ___________________________________________________________________

                        атауы, орналасқан жері, жауапкершілік деңгейі

      Тапсырыс беруші: __________________________________________________________

                  заңды/жеке тұлғаның атауы, мемлекеттік органдар, бизнес сәйкестендіру нөмірі

                        (бұдан әрі - БСН)/жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН)

      Бас мердігер (мердігер): _____________________________________________________

      заңды тұлғаның атауы, БСН, мемлекеттік лицензияның нөмірі, лицензияның санаты

      Бас жобалаушы (жобалаушы): ________________________________________________

      заңды тұлғаның атауы, БСН, мемлекеттік лицензияның нөмірі, лицензияның санаты

      Авторлық қадағалаушы: _____________________________________________________

      заңды тұлғаның атауы, БСН/ сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда),

      ЖСН, аттестаттың нөмірі, жауапкершілік деңгейі

      Техникалық қадағалаушы: ___________________________________________________

      аккредиттелген заңды тұлғаның атауы, БСН/ сарапшының тегі, аты, әкесінің аты,

      ЖСН,аттестаттың нөмірі, жауапкершілік деңгейі

      Сарапшы: ________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), ЖСН, аттестаттың нөмірі, мамандануы,

                              жауапкершілік деңгейі

      Қызметті немесе белгілі бір іс-әрекеттерді жүзеге асыруды бастау немесе тоқтату

      туралы xабарламаны қабылдау туралы талонның № және алынған күні

      _________________

Р/с №

Объектіге келген күні

Объектінің жай-күйі %

Орындалған жұмыстардың сапасы

Орындалатын құрылыс-монтаждау жұмыстарының түрлері бойынша аттестатталған инженерлік-техникалық қызметкерлердің (бұдан әрі - ҚМЖ) болуы

Құрылымдық бөлім

Инженерлік желілер, жабдықтар

Әрлеу жұмыстары

Абаттандыру

































      кестенің жалғасы

Құрылыс процесінде жобалау-сметалық құжаттамаға енгізілетін өзгерістер

Атқарушылық-техникалық құжаттаманың жай-күйі

Құрылыс алаңын күтіп ұстау

Орындалған ҚМЖ күнтізбелік жоспарға сәйкестігі (иә,жоқ) себебін көрсете отырып, ҚМЖ тоқтатылған жағдайда консервациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу

Техникалық қадағалаушының беретін ескертулері





















      Қосымша: фотоесеп (ескертулер, ағымдағы жағдайы)

      Сарапшының қолы ________ (________)       Жасалған және қол қойылған күні __________