Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 ақпандағы № 71 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 6 наурызда № 10401 тіркелді

Жаңартылған

      «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң күшіне енеді.

      Министр                                    Е. Досаев

Қазақстан Республикасы   
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 3 ақпандағы  
№ 71 бұйрығымен     
бекітілді        

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 02.12.2015 № 751 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және құрылысқа дайындықты және оның жүзеге асырылуын қамтамасыз ететiн қызметтер кешенiн көрсету тәртiбiн регламенттейдi.
      2. Қағидаларда Заңмен айқындалған ұғымдар қолданылады.

2. Инжинирингтік қызметтерді ұйымдастыру

      3. Тапсырыс беруші сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыру құқығына арналған тиісті аттестаты бар сарапшыны (бұдан әрі – сарапшы) не өзінің құрамында аттестатталған сарапшылары бар ұйымды (бұдан әрі – ұйым) тартқан кезде осы Қағидаларды, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін және инжинирингтік қызметтер көрсету туралы шарттың талаптарын басшылыққа алады.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      2-тарау 3-1-тармақпен толықтыру көзделген - ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.06.2016 № 296 (10.10.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      4. Ұйым инжинирингтік қызметтер көрсеткен жағдайда, ұйым шартқа қол қойылғаннан кейін техникалық және авторлық қадағалау және жобаны басқару үшін өзі құрған ұйымдық құрылымды, сондай-ақ ұйымның атынан жобаны басқаратын кандидатураны тапсырыс берушіге келісуге ұсынады.
      5. Ұйым тапсырыс берушіге тікелей инжинирингтік қызметтер көрсететін сарапшылардың тізімін, олардың-міндеттері мен өкілеттіктерін жазбаша түрде ұсынады.

3. Техникалық қадағалауды жүзеге асыру бойынша инжинирингтік
қызметтер көрсету

      6. Мыналар:
      жүйелі бақылауды және құрылыс-монтаждау жұмыстарының аяқталған кезеңдерін пайдалануға қабылдау мақсатында өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды салу үшін;
      ғимараттар мен құрылыстардың жобалау шешімдеріне, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкестігі үшін;
      қолданылатын материалдардың, бұйымдар мен конструкциялардың сапасы үшін;
      белгіленген тәртіппен және шартта (келісімшартта) айқындалған мерзімдерде объектілерді салуды жүзеге асыруға және пайдалануға беру үшін техникалық қадағалау жүзеге асырылады.
      7. Инжинирингтік қызметтер көрсету жөніндегі сарапшыларды (ұйымдарды) тарта отырып, техникалық қадағалауды жүзеге асырған кезде тапсырыс беруші «Жұмыс жүргізуге» деген сызбадағы белгісі бар жобалау-сметалық құжаттаманың толық жинағының бір данасын техникалық қадағалауға береді.
      8. Техникалық қадағалауды жүзеге асырған кезде жалпы техникалық қадағалаудың басшысы тапсырыс берушіге, ал техникалық қадағалау сарапшысы жұмыстардың арнайы түрлері бойынша – жалпы техникалық қадағалау басшысына есеп береді.
      9. Техникалық қадағалау авторлық қадағалау сарапшылармен, мердігерлік қызметтің құрылыстың сапасын өндірістік бақылау жұмыскерлерімен, сондай-ақ мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясының мамандарымен бірге жүзеге асырылады.
      10. Техникалық қадағалау жөніндегі сарапшы:
      1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 281 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10483 болып тіркелген) Қазақстан Республикасындағы телекоммуникация желілерін күзету қағидаларына, Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 23 шілдедегі № 284-І бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2989 болып тіркелген) Қорғалатын аймақ жерлерін пайдаланудың өлшемін, режимін белгілеу және жерлерді бөлінген алқаптағы темір жол көлігінің мұқтаждықтары үшін пайдалану жөніндегі ережеге сәйкес байланыс және электр беру желілерінің күзетілетін аймақтарда, темір жолға және автомобиль жоларына бөлінген белдеулерде жұмыс жүргізуге жазбаша рұқсатының болуын тексереді;
      2) құрылыстың күнтізбелік жоспарын сақтауға және объектілерді пайдалануға берудің нормативтік мерзімдерінің немесе мердігерлік шартта белгіленген мерзімдердің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
      3) салынып жатқан объектілерде мемлекеттік нормативтердің және атқарушылық құжаттардың, салыстырып өлшеу құралдарының болуын тексереді;
      4) геодезиялық бөлу негізін қабылдауға және мердігерге беруге қатысады, сондай-ақ құрылыс аяқталғанға дейін олардың сақталуын қамтамасыз етуді жобаның автормен бірге бақылайды;
      5) жобалау-сметалық құжаттаманың сәйкессіздігі анықталған кезде және жобалау шешімдерін өзгеру, материалдарды, бұйымдарды, конструкциялар мен жабдықтарды ауыстыру қажет болған кезде тапсырыс беруші осы мәселелерді шешуі үшін ұсыныстар енгізеді;
      6) мердігердің жөнделген жабдықтар мен инженерлік желілерге жеке сынақ жүргізуін және олардың нәтижелерін тиісті ресімдеуді бақылайды;
      7) сынақтан кейін жабдықтарды қабылдауға қатысады;
      8) тұрақты негізде құрылыс-монтаждау жұмыстарының, қолданылатын материалдардың, бұйымдардың, конструкциялар мен жабдықтардың сапасын, олардың жобалау құжаттамасына, инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілеріне қосылуға арналған техникалық шарттарға, техникалық регламенттердің талаптарына, инженерлік ізденістердің нәтижелеріне сәйкестігін, олардың сапасын куәландыратын құжаттардың (техникалық паспорт, сертификат, зертханалық сынау және басқалар) болуын және дұрыс ресімделуін, сондай-ақ кірме бақылаудың құжатталған нәтижелерін тексереді, ақаулар мен бұзушылықтарды уақытында анықтайды, олар туралы тапсырыс беруші мен мердігерге хабарлайды;
      9) технологиялық операциялардың құрамы мен орындау сапасының сәйкестігіне бақылау, оның ішінде мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес операциялық бақылау жүргізеді;
      10) қабылдау бақылауын жүзеге асырады, мердігер орындаған құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемдерін уақытында тексереді, белгіленген нысандағы актілерді ресімдей отырып, жасырын жұмыстарды куәландыру және жауапты конструкцияларды аралық қабылдау жүргізеді;
      11) техникалық қадағалау жөніндегі журналға (Қағидалардың 1-қосымшасы) анықталған ақаулар мен бұзушылықтарды жою бойынша ескертулер мен нұсқауларды енгізеді және олардың орындалуын бақылайды;
      12) авторлық қадағалау, мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы органы жүзеге асыратын тексерулерге қатысады, тиісті журналдарға белгілер қоя отырып, тексерулер кезінде мердігерлердің алған нұсқауларының орындалуын бақылайды;
      13) егер құрылыс бақылауын жүргізу процесінде басқа құрылыс конструкцияларын және инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілерінің учаскелерін бұзбай немесе зақымдамай анықталған кемшіліктерді жою мүмкін болмаса, объектінің қауіпсіздігіне әсер ететін, жұмыстардың орындалуын бақылау басқа жұмыстар орындалғаннан кейін жүргізілуі мүмкін жұмыстардың орындалуына, сондай-ақ құрылыс конструкцияларының және инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілерінің учаскелерінің қауіпсіздігіне бақылау жүргізуді қамтамасыз етеді;
      14) өзінің қызметімен тапсырыс берушінің қаражатын нысаналы және ұтымды пайдалануға ықпал етеді, жинақтау ведомосінде орындалған және ақы төленген жұмыстардың толық және дәл есебін жүргізеді;
      15) мердігерден құрылыс алаңында материалдарды, бұйымдарды, конструкциялар мен жабдықтарды сақтаудың тиісті шарттарының сақталуды, сондай-ақ орындалған жұмыстардың, тұрғызылған ғимараттар мен құрылыстарды тапсырыс берушіге тапсырғанға дейін олардың сақталуын қамтамасыз етуді талап етеді;
      16) құрылыстың жобалау-сметалық құжаттамамен қамтамасыз ету және оның сапасы мәселелері бойынша, сондай-ақ сапаны бақылау және жұмыстарды қабылдау мәселелері бойынша мердігердің талаптарын қарайды, осындай талаптар бойынша шешім шығарады және тапсырыс беруші шешім қабылдауы үшін өзінің ұсыныстарын енгізеді;
      17) құрылыс кезеңінде мердігермен бірлесіп жауапты ғимараттар мен құрылыстардың шөгуіне жобада көзделген бақылауды белгілейді және бақылаудың нәтижелерін тиісті құжаттамалармен ресімдейді;
      18) құрылыстың мердігерлік шарты бойынша жұмыстарды қабылдау кезінде, сондай-ақ объектіні пайдалануға қабылдауға дайындау кезінде жұмыстардың әрбір түрінің, конструкциялардың, жабдықтардың және тұтастай объектінің нақты дайындығын тексереді, атқарушылық құжаттаманың тиісті ресімделуін, қабылдау актілерінің тізбесіне енгізілген жөнделген және орнатылған жабдықтардың пайдалануға берілген объектіде нақты болуын салыстырып тексереді;
      19) пайдалануға беруге объектінің дайындығын растайды, «Құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытындылардың, сәйкестік туралы декларацияның, объектіні пайдалануға қабылдау актісінің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 121 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10529 болып тіркелген нысан бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытынды береді;
      20) консервациялауға жататын объектілерді куәландыруға, құрылысты консервациялауға немесе уақытша тоқтатуға арналған құжаттамаларды ресімдеуге, сондай-ақ құрылысты консервациялаудан немесе уақытша тоқтатудан кейін жұмысты жалғастыру үшін құрылыс ұйымдарына беру кезінде объектілердің техникалық жай-күйін бағалауға қатысады;
      21) тапсырыс берушіге жобалау-сметалық құжаттамасын және мемлекеттік нормативтерді бұзушылықпен орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтату туралы ұсыныс енгізеді;
      22) конструкциялардың деформациялау және қирау қаупі болған, адам өмiрi мен денсаулығына және қоршаған ортаға қауiп төнген, сондай-ақ техникалық қадағалаудың ақаулар мен бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқаулары орындалмаған жағдайларда жұмыс жүргізуді тоқтатады (міндетті түрде тапсырыс беруші мен мердігерге жазбаша хабарлама жібереді);
      23) мердігерге, қажет болған жағдайларда тапсырыс берушіге жобалау-сметалық құжаттамасының және мемлекеттік нормативтердің талаптарын бұзған және техникалық қадағалаудың нұсқауларын орындамайтын тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізеді;
      24) тапсырыс берушіге жұмыс жүргізудің, жаңа материалдар мен технологиялардың құрылыстың сапасын арттыруды, құнынын төмендетуді және мерзімдерін қысқартуды қамтамасыз ететін прогрессивтік әдістерін енгізу туралы ұсыныс енгізеді;
      25) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарына ай сайынғы негізде құрылыстың барысы туралы және орындалған жұмыстардың сапасы туралы (фотоесептерді қоса бере отырып) ұдайы есептер ұсынады.
      26) құрылыс алаңдарына кiре алады;
      27) жобаның іске асыру барысы туралы тапсырыс берішуге ай сайын есеп береді.
      11. Техникалық қадағалаудың өкілі жасырын жұмыстарды куәландыру, жауапты конструкцияларды аралық қабылдау және оларға ақы төлеу үшін жұмыстарға қабылдау жүргізеді. Жұмыстарды куәландыру және қабылдау мердігер өкілдерінің, қажет болған жағдайларда қосалқы мердігерлік ұйымдар (олар орындаған жұмыстарды куәландыру және қабылдау кезінде) және авторлық қадағалауды жүзеге асыратын жобалау ұйымдары өкілдерінің қатысумен жүзеге асырылады.
      12. Мердігер куәландыру және жұмыстарды қабылдау басталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей техникалық қадағалау сарапшысының алдағы куәландыруы немесе жұмыстарды қабылдауы туралы хабарлайды. Егер техникалық қадағалаудың өкілі жасырын жұмыстарды куәландыруға мердігердің сұрауында көрсетілген мерзімде келмесе, ал куәландыру кейінгі жұмыстарды тоқтатуға алып келсе, онда мердігер біржақты тәртіппен жасырын жұмыстарды куәландыру актісін жасайды. Осындай жағдайда, техникалық қадағалау өкілі орындалған жұмыстың дұрыстығын растау үшін конструкцияларды ашуды талап еткен кезде ашу тапсырыс берушінің қаражаты есебінен, ал сапа бойынша талаптардың бұзылғаны анықталған кезде – мердігердің қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Жасырын жұмыстарды куәландыру нәтижелері бойынша нормативтік-техникалық құжатта белгіленген нысанда акті жасалады.
      13. Жасырын жұмыстарды куәландыру кейінгі жұмыстар басталғанға дейін жүргізіледі. Егер кейінгі жұмыстарды ұзақ үзілістен (алты айдан аса) немесе ауа-райы күрт өзгергеннен (жаңбыр, үсік және т.б.) кейін орындау қажет болса, онда жасырын жұмыстарды куәландыру қайта жүргізіледі. Қайта куәландыру куәландырылатын жұмыстар мен конструкциялар зақымданған жағдайда зақымдану жойылғаннан кейін жүргізіледі.
      14. Орындалған жұмыстарға ақы төлеу үшін оларды қабылдауды техникалық қадағалаудың өкілі құрылыстың мердігерлік шартында белгіленген тәртіппен жүргізеді. Есепті кезең деп объектіні салу немесе құрылыс жұмыстарын орындау үшін қажет ай не уақыт кезеңі қабылдануы мүмкін. Қабылдаудың нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығымен бекітлген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10795 болып тіркелген) Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларына 3-қосымшада белгіленген нысан бойынша техникалық қадағалаудың өкілі қол қоятын орындалған құрылыс жұмыстарының актісі ресімделеді.
      15. Техникалық қадағалау жөніндегі сарапшы жасырын жұмыстарды куәландыру, жауапты конструкцияларды аралық қабылдау, сондай-ақ орындалған жұмыстарға ақы төлеу үшін оларды қабылдау кезінде мердігерден мынадай құжаттамаларды талап етуі тиіс:
      «Елді мекен шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру кезіндегі құжаттардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 қарашадағы № 67 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9952 болып тіркелген) жер учаскесінің шекарасын анықтау туралы құжат;
      ғимаратты, құрылысы тұрғызу актісі;
      ғимараттар мен құрылыстардың негізгі осінің геодезиялық бөлінуін тексеру актісі;
      репердің белгісін ауыстыру актісі;
      жұмыс жүргізудің жалпы журналы;
      қадағалар қағу, қадағаларды зерттеп-қарау журналы, құрылыс конструкцияларын монтаждау жөніндегі жұмыстың журналы;
      дәнекерлеу жұмыстарының журналы;
      дәнекерленген қосылыстарды коррозияға қарсы қорғау журналы;
      мемлекеттік нормативтерде белгіленген нысан бойынша монтаждалған жіктер мен тораптарды тұтас бекіту журналы;
      бақыланып тартылатын болттардағы монтаждалатын қосылыстарды орындау журналы;
      авторлық қадағалау журналы;
      материалдарды, бұйымдарды, конструкцияларды, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды сынау актісі (хаттамасы);
      материалдардың, бұйымдардың, конструкциялар мен жабдықтардың сапасы туралы құжаттар (паспорттар мен сертификаттар);
      атқарушылық геодезиялық схемалар.
      16. Дайындығына қарай жекеленген жауапты конструкциялар мемлекеттік нормативтермен белгіленген нысан бойынша акті рәсімдей отырып, техникалық қадағалау өкілдерінің аралық қабылдауына жатады.
      17. Жұмыстарды куәландыру және қабылдау, жауапты конструкцияларды аралық қабылдау кезінде техникалық қадағалау өкілі қолданылатын материалдардың, бұйымдардың, конструкциялар мен жабдықтардың жобалау және нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкестігін, орындалған жұмыстың құрамы мен көлемінің жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкестігін, жұмыс пен авторлық қадағалау журналдарында белгіленген ақаулар мен бұзушылықтардың жойылуын тексереді.
      18. Жобалау-сметалық құжаттамаға толық сәйкес орындалған жұмыстар қабылдауға жатады. Тапсырыс беруші жобалау-сметалық құжаттамадан барлық ауытқуларды жобалау ұйымымен келісуі тиіс. Мұндай келісім болмаған жағдайда жұмыстар ауытқулар жойылғаннан кейін ғана қабылданады.

4. Авторлық қадағалау бойынша инжинирингтік қызметтерді
ұйымдастыру

      19. Авторлық қадағалау сәулет және қала құрылысы туындысының авторы (авторлары) жүзеге асыратын құрылыс жобасының (құрылыс құжаттамасының) әзiрленуiне; сәулет немесе қала құрылысы туындысының авторын (авторларын) қоса алғанда, әзiрлеушiлер жүзеге асыратын құрылыс жобасының iске асырылуына бақылау мақсатында жүзеге асырылады.
      20. Авторлық қадағалауды жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеушілер, Заңның 33-бабының 6-тармағында және 74-бабының 1-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, барлық құрылыс объектілерінде жүзеге асырады.
      21. Жобаны авторлық қадағалау авторлық қадағалау жүргізуге құқығы бар тапсырыс беруші мен жобаның авторы және (немесе) әзірлеушінің не сарапшының арасында жасалған шарт негізінде жүзеге асырылады.
      Объектінің құрылысы басталуға екі ай қалғанда тапсырыс беруші жобаның авторына және (немесе) әзірлеушісіне авторлық қадағалау жүргізуге арналған шарттың жобасын жібереді.
      22. Жобаның авторы және (немесе) әзірлеушісі шарттың жобасын алғаннан кейін бір ай ішінде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
      1) шарттың жобасына қол қояды және оны тапсырыс берушіге жібереді;
      2) тиісті аттестаты бар авторлық қадағалауды жүргізу жөніндегі инжинирингтік қызмет көрсетушіні дербес таңдау үшін тапсырыс берушіге объект құрылысына авторлық қадағалау жүргізу (жүзеге асыру) құқығын береді, ол туралы тапсырыс берушіге жазбаша хабарлайды;
      3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында инжинирингтік қызметті жүзеге асыру құқығына арналған аттестаты бар және тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, аттестатың нөмірі және оның берілген күні көрсетілген мөрі бар сарапшыға объект құрылысына авторлық қадағалау жүргізу (жүзеге асыру) құқығын береді, ол туралы тапсырыс берушіге жазбаша хабарлайды.
      Осындай жағдайда авторлық қадағалау жүргізуге арналған шарт тапсырыс беруші мен сарапшының арасында жасалады.
      23. Жобаның авторы және (немесе) әзірлеушісі, сондай-ақ авторлық қадағалауды жүргізуге құқық берілген сарапшылар авторлық қадағалауды құрылыстың барлық кезеңінде құрылыс объектісіне бару бойынша әзірленген жоспар-кестеге сәйкес объектіге бару осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша авторлық қадағалау журналын жүргізу арқылы жүзеге асырады.
      24. Әрбір бару және оның қорытындылары авторлық қадағалау журналында тіркеледі және авторлық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғаның жеке мөрімен куәландырылады.
      25. Автор немесе жобаны әзірлеуші, авторлық қадағалау жөніндегі сарапшы:
      1) ғимараттар мен құрылыстарды салу бойынша орындалған жұмыстар көлемінің, жұмыс құрамының, жүргізу технологияларының және сапасының сәйкестігін тексереді, оның ішінде технологиялық жабдықтарды жинақтау бойынша, жобалау шешімдері бойынша жұмыстардың сәйкестігін тексереді;
      2) құрылыс барысында жобалау-сметалық құжаттама бойынша туындаған мәселелерді уақытында шешеді, қолданыстағы мемлекеттік нормативтерде белгіленген тәртіппен жобалау-сметалық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
      3) жекелеген жауапты конструкцияларды және мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес жасырын жұмыстардың негізгі түрлерін қабылдауға қатысады (тапсырыс берушінің техникалық қадағалаушысымен бірге);
      4) конструкцияларға, бөлшектерге, құрылыс материалдары мен жабдықтарына арналған сертификаттардың (паспорттардың) және басқа да техникалық құжаттамалардың мемлекеттік стандарттарға, техникалық шарттарға және жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкестігін тексереді;
      5) мемлекеттік стандарттарға, техникалық шарттарға және жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес келмейтін конструкцияларды, бөлшектерді, құрылыс материалдары мен жабдықтарын қолдануға тыйым салады;
      6) тапсырыс берушінің және мердігердің өкілдеріне жобалау-сметалық құжаттаманың және нормативтік құжаттардың талаптарын бұзып орындалатын жұмыстарды тоқтату туралы нұсқау береді.
      26. Автор немесе жобаны әзірлеуші, авторлық қадағалау жөніндегі сарапшы:
      функцияларды сапалы және уақытылы орындауға;
      объектінің құрылысын авторлық қадағалау журналын сапалы және уақытында жүргізуге;
      авторлық қадағалауды жүргізу жоспар-кестесін уақытында орындауға және қатаң сақтауға;
      «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінің талаптарына сәйкес конструкциялардың, бұйымдардың, элементтер мен материалдардың тиісті пайдалану сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты.
      27. Автор және (немесе) жобаны әзірлеуші, авторлық қадағалау жөніндегі сарапшы құрылыс объектісіне алғаш барған кезде мемлекеттік нормативтерге сәйкес авторлық қадағалау жүргізу кезінде пайдаланылатын құжаттардың сәйкестігін белгілейді.
      28. Автор және (немесе) жобаны әзірлеуші, авторлық қадағалау жөніндегі сарапшы құрылыс объектісіне мынадай барған кезде орындалатын құрылыс-монтаждау жұмыстарының бекітілген құрылыс жобасына сәйкестігін белгілейді.
      29. Автор және (немесе) жобаны әзірлеуші, авторлық қадағалау жөніндегі сарапшы орындалған жұмыстардың сәйкессіздігін анықтаған кезде журналға белгі қояды және ескертулер анықталған сәттен бастап күнтізбелік бес күннің ішінде ол туралы тапсырыс берушіге, мердігерге және мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясына жазбаша нысанда хабарлайды.
      30. Құрылыс объектісі аяқталған кезде авторлық қадағалауды жүзеге асыратын тұлға тапсырыс берушіге (құрылыс салушыға) бекітілген нормативтік құқықтық актінің белгіленген нысанына сәйкес орындалған жұмыстың жобаға сәйкестігі туралы қорытынды не теріс қорытынды береді.

5. Жобаны басқару бойынша инжинирингтік қызметтер көрсету

      31. Техникалық күрделі объектілерді салу үшін, соның ішінде бірегей құрылыс объектілер және ірі инвестициялық жобалар, жобаның (бағдарламаның) тапсырыс берушімен (салымшымен) жобаны басқару бойынша инжинирингтік ұйымдар тартылуы мүмкін.
      32. Тапсырыс берушімен немесе салымшымен бүкіл инвестициялық мезгіліне, жобалау алдындағы кезеңінді және жобалау кезеңінді қоса алғанда, жобаның іске асырылуы кез келкен кезеңінде объектінің немесе бірнеше объектілердің құрылысына және пайдалануға енгізуіне, жобаны басқару бойынша инжинирингтік қызметтер көрсететін, аккредиттелген ұйым (одан әрі – ұйым) қатыстырады.
      33. Жобаны іске асыру барысында, мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан, осы жобаның жобаны басқару бойынша және мердігерлік жұмыстарын (жобалау алды, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және (немесе) құрылыс-монтаждау жұмыстары) функцияларын бірлестіру рұқсат етілмейді.
      34. Жобаны басқару бойынша ұйым инжинирингтік қызмет көрсеткен кезде, мынадай функцияларды іске асырады:
      1) ойдағыдай жобаны жүзеге асыру және мердігерлік келісімді атқару үшін керек болған, тапсырыс берушінің келісімде ескерткен кызметерді көрсетеді.
      2) техникалық шарттарды және атқарылатын съемкаларды дұрыс және уақыттылы рәсімдеуін қамтамасыз ету.
      3) мердігерлік конкурстардың (тендерлердің) қатысушылардың мамндығын анықтайды және олардың ұсыныстарын бағалайды.
      4) тапсырыс берушi мен мердiгер арасындағы мердiгерлiк шартты дайындау процесiне қатысу;
      5) тапсырыс берушiге мердiгерлiк шартты iске асыруға және ұсыным беруге қатысты туындаған проблемалар туралы хабарлау
      6) жобаны әзірлеу кезінде:
      қабылданған жобалау шешімдердің тиімділігін тексереді;
      жобаланған объектінің техникалық көрсеткіштерін жақсылау туралы ұсыныстарды енгізеді;
      жаңа құрылыс материалдарды және өндірістік жұмыс технологияларын қолдану бойынша кепілдемелерді береді;
      7) жоба сапасыз әзірлеген немесе жобаға ведомствадан тыс кешенді сараптаманың теріс қорытындысы болған кезде, жобалау ұйымының жұмыстан шеттету туралы ұсынысты енгізеді;
      8) тапсырыс берушімен және жобаны әзірлеушімен келісуімен бекітілген жобалық шешімдерге өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдайды.
      9) жобаның іске асыру барысы, мердігердің (әзірлеушінің) қызметті, жұмыс сапасы (фотоесеб қосымшамен бірге), бөлінген бюджет қаражатының игерілуі туралы тапсырыс берішуге ай сайын есеп береді.
      10) құрылыс-монтаждау жұмыстары кезде:
      келісімдер жасалған объектiлердің құрылыс алаңдарына кiре алады;
      тапсырыс берушiнiң техникалық өкілi ретiнде құрылыс объектiлерiнде тапсырыс берушінiң мүддесiн бiлдiреді және қорғайды;
      мердiгер жүргiзетiн құрылыс-монтаждау жұмыстарының жобалау-сметалық құжаттамасына толық сәйкес келуiн қамтамасыз етеді;
      мердiгердiң құрылыс алаңдарында техникалық қауiпсiздiк, еңбектi қорғау және қоршаған ортаны қорғау ережелерiн сақтауын қамтамасыз етеді;
      объектілерде қолданылатын құрылыс материалдарының, конструкциялар мен бұйымдардың сапасын бақылау, оларды стандарттарға және Қазақстан Республикасында қолданыстағы басқа да нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес зертханалық сынауды ұйымдастыру және сапаны растайтын құжаттардың болуын (техникалық паспорт, сертификат, зертханалық сынау және басқалар) тексереді;
      мердiгер дайындаған жұмыстардың күнтiзбелiк жоспарларын қарайды және тапсырыс берушiге бекiтуге ұсыну;
      жұмыстардың өндiрiс қарқынының бекiтiлген кестеге сәйкестiгiн, объектiлердiң материалдық ресурстармен және техникалық құралдармен жиынтықталу барысын, бiлiктi жұмыс күшiмен қамтамасыз етiлуiн бағалайды;
      объектiлерде жұмыс iстейтiн машиналар мен механизмдердi есепке алуды жүргiзу, олардың техникалық жарамдылығын және мердiгердiң конкурстық тапсырысында көрсетiлген тiзбеге сәйкестiгiн бағалайды;
      жұмыстарды орындау мерзiмдерiнiң ұзартылуына, қосымша немесе күтпеген жұмыстарды, шығындарды өтеуге қатысты мердiгердiң шағымдарын тексереді және тапсырыс берушiге ұсынымдар береді;
      бекiтiлген сметаға сәйкес орындалған жұмыстардың көлемi мен олардың құнын тексеру және аралық ақы төлеу немесе мердiгермен толық есеп айырысу кезiнде орындалған жұмыстарды қабылдайды актiлерiн растайды;
      жабық жұмыстардың куәләндіруін, жауапты құрастырылымның аралық қабылдауды және жұмыстарды төлеу үшін олардың қабылдауды жүргізеді;
      техникалық есептер мен ақпарларды дайындауды және бекiтудi, жұмыстардың жүргiзiлу барысын уақтылы құжаттауды қамтамасыз етеді;
      орындалған жұмыстардың көлемiне мерзiмдi және түпкіліктi өлшеудi жүргiзеді және олардың мердiгердiң есептерiне сәйкестiгi туралы қорытындылар береді;
      барлық материалдар мен конструкцияларға арналған барлық кепілдік құжаттамаларыды және сертификаттарды қабылдау мен сақтауды қамтамасыз ету және құрылыс аяқталғаннан кейін оларды тапсырыс берушіге беру;
      сәулет, қала құрылыс және құрылыс саласыңдағы жобалық шешімдер, құрылыс мерзімі және мемлекеттік нормативтік талаптарды сақтау бойынша бақылауды іске асыру;
      құрылыс-монтаждау жұмыстарды орындауға бағытталған қаражаттардың нысаналы және тиімді пайдалануды бақылайды;
      мердiгерден және қосалқы мердiгерлерден объект бойынша қажетті атқарушы құжаттаманы сұратады;
      технологияның бұзылуы, жобадан ауытқу, сапасыз құрылыс материалдарының пайдаланылуы анықталған жағдайда, ақаулар мен бұзушылықтар жойылғанға дейiн жұмыстарды жүргiзудi тоқтата тұрады;
      жобадан жүйелi түрде ауытқуларға жол берген, жұмыс өндiрiсi ережелерiн және нормативтiк-техникалық құжаттардың талаптарын бұзған мердiгердi жұмыстан босату туралы тапсырыс берушiге ұсыныс енгiзедi;
      төлемге берiлген құжаттарды түзету немесе нормативтiк талаптарға және жобалау құжаттамасына сәйкес келмейтiн жұмыстар көлемiнiң құнын төлеуге берiлген, орындалған жұмыстарды қабылдау актiлерiн алып тастау жөнiнде тапсырыс берушiге ұсыныс енгiзедi;
      мердiгердiң лауазымды тұлғаларына ақауларды және олардың туындау себептерiн жою туралы ұсыныстар жасайды;
      хат-хабарларды, зерттеу және сынау деректерiн, мәжiлiстердiң хаттамаларын, қаржы жазбаларын, құрылыс алаңының күнделiгiн қоса алғанда, құжаттарды есепке aлу, пайдалану және сақтау жүйесiн құрады.
      35. Ұйым Қазақстан Республикасының заңнамасына және шарттардың талаптарына сәйкес:
      1) тапсырыс берушiнiң тапсырмасы бойынша объектілердiң құрылысы және оларды қайта жаңарту мәселелерi бойынша жергiлікті атқарушы органдармен, жер учаскелерiнiң және коммуникациялардың иелерiмен, басқа да ұйымдармен және жұртшылықпен қарым-қатынасында оның мүддесiн бiлдiредi;
      2) тапсырыс берушімен келісім бойынша объектінің құрылысына бөлінген ақшалай және материалдық қаражаттармен иелік етеді және Қазақстан Республикасының заңнамасы және шарттардың талаптарымен көзделген жауапкершілік тартады.

Сәулет, қала құрылысы және 
құрылыс қызметі саласында  
инжинирингтік қызметтер  
көрсету қағидаларына   
1-қосымша        

Техникалық қадағалау журналы 1-нысан. Техникалық қадағалау журналының титул беті

Техникалық қадағалау № ____ журналы

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Объектінің мекенжайы ________________________________________________
Объект құрылысының толық сметалық құны ______________________________
Тапсырыс беруші _____________________________________________________
                    (мекеменің атауы, пошталық мекенжайы)
Бас жобалаушы (жобалаушы) ___________________________________________
                     (мекеменің атауы, пошталық мекенжайы)
Техникалық қадағалау ________________________________________________                           (мекеменің атауы, пошталық мекенжайы)

Журнал басталды ___________________________________ (күні, айы, жылы)
Журнал аяқталды ___________________________________ (күні, айы, жылы)
Бас жобалаушының (жобалаушының) басшысы ______________ ______________
                                        (Т.А.Ә.) МО         (қолы)
Тапсырыс берушінің басшысы _____________________________ ____________
                                 (Т.А.Ә.) МО               (қолы)
Техникалық қадағалау
ұйымының басшысы ____________________________      __________________
                          (Т.А.Ә.)            МО           (қолы)
Тапсырыс берушінің басшысы ____________________________      ________
                                  (Т.А.Ә.)               МО   (қолы)

2-нысан. Техникалық қадағалау журналының бірінші беті

Бас мердігер (мердігер) _____________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
          (мекеменің атауы, пошталық мекенжайы)

Қосалқы мердігер (жеке жұмыс түрлерін орындаушылар):
1) __________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(мекеменің атауы, пошталық мекенжайы, орындалған жұмыстың атауы)
2) __________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
3) __________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
4) __________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

3-нысан. Техникалық қадағалау журналының екінші беті Техникалық қадағалау тобының құрамы

Т.А.Ә.

Лауазымы

Техникалық қадағалау жүргізетін жұмыс

Техникалық қадағалау тобының құрамына енгізілгені туралы бұйрықтың нөмірі және күні





4-нысан. Техникалық қадағалау журналының үшінші беті Техникалық қадағалау тобы мүшелерінің объектіге баруын тіркеу
парағы

Т.А.Ә.

Лауазымы

Телефон нөмірі

Күні

келу

кету





5-нысан. Техникалық қадағалау журналының есепке алу парағы Есепке алу парағы № ____

Күні

Құрылыс саласында мемлекеттік нормативтердің талаптары мен қағидаттарын бұзғаны және жобадан ауытқудың анықталуы

Жобаны әзірлеушінің, техникалық қадағалау тобы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты, жазба жазылған күн

Жазбамен танысқан лауазымды тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты, танысқан күні

Нұсқауды орындағаны туралы белгі (тегі, аты, жөні, лауазымы, күні)




Мердігердің (қосалқы мердігердің) өкілі

Тапсырыс берушінің өкілі

Мердігердің (қосалқы мердігердің) өкілі

Тапсырыс берушінің өкілі

Авторлық қадағалау тобының мүшесі

1

2

3

4

5

6

7

8

























Сәулет, қала құрылысы және 
құрылыс қызметі саласында 
инжинирингтік қызметтер  
көрсету қағидаларына   
2-қосымша        

Нысан Авторлық қадағалау бойынша жоспар-кесте

Авторлық қадағалау шарты бойынша жұмыс кезеңдерінің атауы

Орындау мерзімі (басталуы және аяқталуы)

Авторлық қадағалаудың бару күні

Жұмыс кезеңдерінің бағасы, мың теңге

1

2

3

4





Авторлық қадағалау тобының
басшысы
_________________________
_________________________
(лауазымы, Т.А.Ә., қолы)


Тапсырыс берушінің өкілі
____________________
____________________
(лауазымы, Т.А.Ә., қолы)

Сәулет, қала құрылысы және 
құрылыс қызметі саласында 
инжинирингтік қызметтер  
көрсету қағидаларына   
3-қосымша        

Авторлық қадағалау журналы 1-нысан. Авторлық қадағалау журналының титул беті

Авторлық қадағалау № ____ журналы

Құрылыс объектісінің атауы __________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Объектінің мекенжайы ________________________________________________
Объект құрылысының толық сметалық құны ______________________________
Тапсырыс беруші _____________________________________________________
                       (мекеменің атауы, пошталық мекенжайы)
Бас жобалаушы (жобалаушы) ___________________________________________
                       (мекеменің атауы, пошталық мекенжайы)
Журнал басталды _________________________ (күні, айы, жылы)
Журнал аяқталды _________________________ (күні, айы, жылы)
Бас жобалаушының (жобалаушының) басшысы _____________    ____________
                                            (Т.А.Ә.)  МО    (қолы)
Тапсырыс берушінің бастығы ______________________        ____________
                                 (Т.А.Ә.)         МО         (қолы)

2-нысан. Авторлық қадағалау журналдың бірінші парағы

Бас мердігер (мердігер)______________________________________________
                           (ұйымның атауы, пошталық мекенжайы)
Қосымша мердігер (жұмыстың бөлек түрлерін орындаушылар):
1)___________________________________________________________________
   (ұйымның атауы, пошталық мекенжайы, орындалатын жұмыстың атауы)
2)___________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
3)________________________________________________________________________________________________________________________________________
4)___________________________________________________________________

3-нысан. Авторлық қадағалау журналдың екінші парағы Авторлық қадағалау тобының құрамы

Т.А.Ә.

Лауазымы, жұмыс орны

Авторлық қадағалау жүргізетін жұмыс

Авторлық қадағалау тобының құрамына енгізілгені туралы бұйрықтың нөмірі мен күні





4-нысан. Авторлық қадағалау журналдың үшінші парағы Авторлық қадағалау тобы мүшелерінің объектіге баруын тіркеу
парағы

Т.А.Ә.

Жұмыс орны

Атқаратын лауазымы

Телефонның нөмері

Күні

келу

кету






5-нысан. Авторлық қадағалау журналының есепке алу парағы Есепке алу парағы № ____

Күні

Құрылыс саласында мемлекеттік нормативтердің талаптары мен қағидаттарын бұзғаны және жобадан ауытқудың анықталуы

Ауытқуды және (немесе) бұзушылықты түзету туралы нұсқау және талап етілетін орындалу мерзімі

Жобаны әзірлеушінің, авторлық қадағалау тобы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты, жазба жазылған күн

Жазбамен танысқан лауазымды тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты, танысқан күні

Нұсқауды орындағаны туралы белгі (тегі аты, жөні, лауазымы, күні)





Мердігердің (қосалқы мердігердің) өкілі

Тапсырыс берушінің өкілі

Мердігердің (қосалқы мердігердің) өкілі

Тапсырысберушінің өкілі

Авторлық қадағалау тобының мүшесі

1

2

3

4

5

6

7

8

9