Қазақстан Респуликасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2017 жылғы 16 наурыздағы № 153 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 27 сәуірде № 15054 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтыру тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілетін Тізбенің 2 және 3-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы
Р. Скляр

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      ____________________ Д Абаев

      2017 жылғы 28 наурыз

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _______________ Б. Сұлтанов

      2017 жылғы 24 наурыз

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Т. Сүлейменов

      2017 жылғы 18 наурыз

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін
атқарушының
2017 жылғы 16 наурыздағы
№ 153 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтыру тізбесі

      1. "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 ақпандағы № 71 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10401 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 наурызда "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда Заңда айқындалған ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғым қолданылады:

      қазынашылық сүйемелдеу - қазынашылық органындағы шоттар арқылы жүргізілген төлемдердің барлық кезеңдерінде құрылыс объектілерімен байланысты бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға бөлінген қаражаттың мақсатты пайдалануын, жобаның барлық қатысушыларымен - мердігерлермен, қосалқы мердігерлермен салықтарды толығымен төлеуді қамтамасыз етуін бақылау.";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Мемлекеттік сатып алуға қазынашылық сүйемелдеу енгізу шеңберінде техникалық күрделі объектілердің құрылысы үшін, оның ішінде бірегей объектілерін салу үшін және ірі инвестициялық жобалар мен "пилоттық" жобалар үшін жобаның (бағдарламаның) тапсырыс берушімен (инвестормен) жобаны басқару бойынша инжинирингтік ұйымдар тартылады.";

      34-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) құрылыс-монтаждау жұмыстары кезде:

      келісімдер жасалған объектілердің құрылыс алаңдарына кіре алады;

      тапсырыс берушінің техникалық өкілі ретінде құрылыс объектілерінде тапсырыс берушінің мүддесін білдіреді және қорғайды;

      мердігер жүргізетін құрылыс-монтаждау жұмыстарының жобалау сметалық құжаттамасына толық сәйкес келуін қамтамасыз етеді;

      мердігердің құрылыс алаңдарында техникалық қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау ережелерін сақтауын қамтамасыз етеді;

      объектілерде қолданылатын құрылыс материалдарының, конструкциялар мен бұйымдардың сапасын бақылау, оларды стандарттарға және Қазақстан Республикасында қолданыстағы басқа да нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес зертханалық сынауды ұйымдастыру және сапаны растайтын құжаттардың болуын (техникалық паспорт, сертификат, зертханалық сынау және басқалар) тексереді;

      мердігер дайындаған жұмыстардың күнтізбелік жоспарларын қарайды және тапсырыс берушіге бекітуге ұсыну;

      жұмыстардың өндіріс қарқынының бекітілген кестеге сәйкестігін объектілердің материалдық ресурстармен және техникалық құралдармен жиынтықталу барысын, білікті жұмыс күшімен қамтамасыз етілуін бағалайды;

      объектілерде жұмыс істейтін машиналар мен механизмдерді есепке алуды жүргізу, олардың техникалық жарамдылығын және мердігердің конкурсты тапсырысында көрсетілген тізбеге сәйкестігін бағалайды;

      жұмыстарды орындау мерзімдерінің ұзартылуына, қосымша немесе күтпеген жұмыстарды, шығындарды өтеуге қатысты мердігердің шағымдарын тексереді және тапсырыс берушіге ұсынымдар береді;

      бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес орындалған жұмыстардың көлемі мен олардың құнын тексереді және аралық ақы төлегенді және мердігермен толық есеп айырысу кезінде орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарын қабылдау актілерін растайды;

      құрылыс бойынша мемлекеттік сатып алуға қазынашылық сүйемелдеу енгізу шеңберінде іске асырылатын "пилоттық" жобалар үшін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) нысанға сәйкес төлем үшін қаржылық есептесуді растайтын төлем сертификатын орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарын қабылдау актілерін беру жолымен растайды;

      жабық жұмыстардың куәләндіруін, жауапты құрастырылымның аралық қабылдауды және жұмыстарды төлеу үшін олардың қабылдауды жүргізеді;

      техникалық есептер мен ақпарларды дайындауды және бекітуді, жұмыстардың жүргізілу барысын уақтылы құжаттауды қамтамасыз етеді;

      орындалған жұмыстардың көлеміне мерзімді және түпкілікті өлшеуді жүргізеді және олардың мердігердің есептеріне сәйкестігі туралы қорытындылар береді;

      барлық материалдар мен конструкцияларға арналған барлық кепілдік құжаттамаларыды және сертификаттарды қабылдау мен сақтауды қамтамасыз ету және құрылыс аяқталғаннан кейін оларды тапсырыс берушіге беру;

      сәулет, қала құрылыс және құрылыс саласындағы жобалық шешімдер, құрылыс мерзімі және мемлекеттік нормативтік талаптарды сақтау бойынша бақылауды іске асыру;

      құрылыс-монтаждау жұмыстарды орындауға бағытталған қаражаттардың нысаналы және тиімді пайдалануды бақылайды;

      мердігерден және қосалқы мердігерлерден объект бойынша қажетті атқарушы құжаттаманы сұратады;

      технологияның бұзылуы, жобадан ауытқу, сапасыз құрылыс материалдарының пайдаланылуы анықталған жағдайда, ақаулар мен бұзушылықтар жойылғанға дейін жұмыстарды жүргізуді тоқтата тұрады;

      жобадан жүйелі түрде ауытқуларға жол берген, жұмыс өндірісі ережелерін және нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарын бұзған мердігерді жұмыстан босату туралы тапсырыс берушіге ұсыныс енгізеді;

      төлемге берілген құжаттарды түзету немесе нормативтік талаптарға және жобалау құжаттамасына сәйкес келмейтін жұмыстар көлемінің құнын төлеуге берілген, орындалған жұмыстарды қабылдау актілерін алып тастау жөнінде тапсырыс берушіге ұсыныс енгізеді;

      мердігердің лауазымды тұлғаларына ақауларды және олардың туындау себептерін жою туралы ұсыныстар жасайды;

      хат-хабарларды, зерттеу және сынау деректерін, мәжілістердің хаттамаларын, қаржы жазбаларын, құрылыс алаңының күнделігін қоса алғанда құжаттарды есепке алу, пайдалану және сақтау жүйесін құрады.";

      мынадай мазмұндағы 35-1-тармақпен толықтырылсын:

      "35-1. Тапсырыс берушімен құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытынды беру туралы сауал жолдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жобаны басқару бойынша қызмет көрсететін ұйым және аталған ұйымның штаттық құрамындағы техникалық қадағалуды жүзеге асыратын тұлға тапсырыс берушіге Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының "Құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытындылардың, сәйкестік туралы декларацияның, объектіні пайдалануға қабылдау актісінің нысандарын бекіту туралы" 2015 жылғы 24 ақпандағы № 121 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10529 болып тіркелген) бұйрығының 1-қосымшасына сәйкес қол қойылған құрылыс монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытындының нысанын ұсынады.".

      2. "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 733 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12702 болып тіркелген, 2016 жылғы 15 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидаларында:

      2-қосымша осы тізбенің қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

      3. "Объектілер құрылысын салу үшін жобаны басқару жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларын және жобаны басқару жөніндегі қызметтер көрсететін ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 749 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12528 болып тіркелген, 2016 жылғы 29 ақпанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Объектілер құрылысын салу үшін жобаны басқару жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларын және жобаны басқару жөніндегі қызметтер көрсететін ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту жөніндегі қағидаларында:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Ұйымдарға мынадай талаптар қойылады:

      1) бірінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша мынадай маманданулар бойынша техникалық қадағалауды жүзеге асыратын кемінде үш аттестатталған сарапшының болуы:

      тіреу және қоршау конструкциялары бөлігінде (кемінде бір сарапшы);

      инженерлік желілер бөлігінде (кемінде бір сарапшы);

      технологиялық жабдықтар бөлігінде (кемінде бір сарапшы);

      2) "Жобаның бас инженері" және/немесе "Бас инженер" деген маманданулар бойынша кемінде бір аттестатталған инженер-техник жұмыскердің болуы;

      3) кемінде бір білікті смета инженері болуы;

      4) меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлардың болуы;

      5) материалдық-техникалық жарақтануының, атап айтқанда есептеулерді орындауды, графикалық және өзге де материалдарды жасау мен ресімдеуді жүзеге асыру мүмкіндігін беретін орнатылған қамтамасыз етулері бар жұмыс станцияларының болуы.".

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика
министрінің кейбір
бұйрықтарына енгізілетін
өзгерістер мен толықтыру
тізбесіне қосымша
  "Сәулет, қала құрылысы және
құрылыс саласындағы
жобаларды басқару жөніндегі
ұйымдарды аккредиттеу
жөніндегі қағидаларға
2-қосымша

"Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеуге қойылатын рұқсат беру талаптары

Р/с

Рұқсат беру талаптары

Рұқсат беру талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

1

бірінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша мынадай маманданулар бойынша техникалық қадағалауды жүзеге асыратын кемінде үш аттестатталған сарапшының болуы:
тіреу және қоршау конструкциялары бөлігінде (кемінде бір сарапшы);
инженерлік желілер бөлігінде (кемінде бір сарапшы);
технологиялық жабдықтар бөлігінде (кемінде бір сарапшы);

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес мәліметтер нысаны


2

жобаның бас инженері" және/немесе "Бас инженер" деген маманданулар бойынша кемінде бір аттестатталған инженер-техник жұмыскер

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес


3

кемінде бір білікті смета инженері болуы

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес мәліметтер нысаны


4

меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлардың болуы

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес мәліметтер нысаны


5

материалдық-техникалық жарақтануының, атап айтқанда есептеулерді орындауды, графикалық және өзге де материалдарды жасау мен ресімдеуді жүзеге асыру мүмкіндігін беретін орнатылған қамтамасыз етулері бар станцияларының болуы

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес мәліметтер нысаны