РҚАО-ның ескертпесі!
Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 36) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 22-тармағы төртінші бөлігінің 68) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрылтайшысы (уәкілетті органы) не акционері болып табылатын заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Ұлттық Банк
Төрағасы Қ. Келімбетов
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 260 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрылтайшысы (уәкілетті органы) не акционері болып табылатын заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрылтайшысы (уәкілетті органы) не акционері болып табылатын заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) орталық аппараты бөлімшелерінің, филиалдарының, өкілдігінің және Ұлттық Банк құрылтайшы (уәкілетті орган) не акционер болып табылатын заңды тұлғалардың:
1) жеке тұлғалардан еңбек шарттары бойынша көрсетілетін қызметтері сатып алуды;
2) кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын жеке тұлғалардан өтеусіз қызмет көрсету шарттары бойынша көрсетілетін қызметтері сатып алуды;
3) мыналарды:
бағалы металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды қабылдау, сақтау, сынақтан және сараптамадан өткізу, сондай-ақ көрсетілген операцияларды жүзеге асыру үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
ұлттық валютаның банкноттары мен монеталарын дайындау, сатып алу, сату, өтеп алу, сақтау, жеткізу, әкету, ауыстыру, өңдеу, орау, айырбастау, айналыстан алу және жою, олардың дизайнын айқындау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу, ұлттық валютаның банкноттары мен монеталары туралы ақпараттық материалдарды олар айналысқа шыққанға дейін дайындау, сондай-ақ аталған операцияларды жүзеге асыру үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
ұлттық валютаның банкноттарын, монеталарын және бағалы металдарды сақтау орындарының жұмыс істеу жүйелерінің (күзет, дабыл және өрт сигнализациясы, өрт сөндіру, байланыс, қолжетімділікті бақылау, бейне бақылау, жел айдау, кондиционирлеу, электрмен қамту, сумен қамту және жылумен қамту) жұмыс істеуі;
Ұлттық Банкке жүктелген негізгі міндеттер мен функцияларды орындауға байланысты ақпараттық материалдарды жасау және (немесе) оларды бұқаралық ақпарат құралдарында және баспа басылымдарында орналастыру үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды қоспағанда, монетарлық қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды;
4) іссапар шығыстарын өтеуді;
5) жарналар (салымдар) енгізуді, оның ішінде заңды тұлғалардың жарғылық капиталына жарналар (салымдар) енгізуді;
6) бағалы қағаздарды, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін сатып алуды;
7) басқару және қадағалау кеңесі органының мүшелеріне сыйақылар төлеуді;
8) өкілдік шығыстармен байланысты тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды;
9) егер Қазақстан Республикасының заңдарында олар үшін өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелердің көрсетілетін қызметтерін сатып алуды;
10) соттардағы, төреліктердегі және аралық соттардағы дауларды шешумен байланысты алымдарды, басқа шығыстарды төлеуді;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе басқа елдердің заңнамасында не Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тұлғада белгіленген алымдарды және төлемдерді төлеуді;
12) екінші деңгейдегі банктердің активтерін сатып алумен және осы активтерді басқарумен, оның ішінде шағым-талап, талап-арыз жұмысы іс-шараларын жүргізумен және атқарушы өндіріспен байланысты қызметті жүзеге асыру кезінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды;
13) мемлекеттік тапсырыстарды орындаумен байланысты өнімді өндіру үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды;
14) адвокаттың, нотариустардың, жеке сот орындаушыларының көрсетілетін қызметтерін сатып алуды;
15) өмірді сақтандыру жөніндегі және ауырған жағдайдағы сақтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, қаржылық көрсетілетін қызметтерді, трансфер-агенттің көрсетілетін қызметтерін сатып алуды;
16) мүлікті сенімгерлікпен басқару жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алуды;
17) лизингтік қызметті жүзеге асыру кезінде тауарларды кейіннен лизингке беру үшін оларды сатып алуды;
18) уақытша сақтау қоймаларын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, уақытша сақтау қоймаларының көрсетілетін қызметтерді сатып алумен байланысты алымдары мен басқа да төлемдерін төлеуді қоспағанда тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібін айқындайды.
2. Қағидалар Ұлттық Банк құрылтайшысы (уәкілетті органы) не акционері болып табылатын заңды тұлғалар мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілерінен шығарылғаннан кейін Ұлттық Банк құрылтайшысы (уәкілетті органы) не акционеріболып табылатын заңды тұлғаларға қолданылады.
3. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) әкімшілік департаменті– Ұлттық Банк орталық аппаратының бөлімшесі;
2) әлеуетті жеткізушінің үлестес тұлғасы – әлеуеттiжеткізушiнiңшешiмдерiн айқындауға және (немесе) ол қабылдайтын шешiмдерге, оның iшiнде жазбаша нысанда жасалған мәмiленiңкүшiне орай ықпал етуге құқығы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ өзiне қатысты әлеуеттi жеткізушiнiң осындай құқығы болатын кез келген жеке немесе заңды тұлға;
3) әлеуетті жеткізуші – тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарт жасасуға үмiткеркәсiпкерлiкқызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға, заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциум). Кәсіпкерлік қызметінің субъектісі болып табылмайтын жеке тұлға Қағидаларда көзделген жағдайда әлеуетті жеткізуші болып табылады;
4) біріздендіру – жол берілетін элементтер мен шешімдер тізбесін қысқарту, тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді біртектілікке келтіру арқылы шектен тыс әртүрлілікті жоюға бағытталған тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
5) біртекті тауарлар, жұмыстар, көрсетілетiн қызметтер – бiрдей болмаса да, белгiлiбiр функцияларды орындауына және өзара алмастырушы болуына мүмкiндiкберетiн ұқсас сипаттамалары бар және ұқсас құрамдас бөлiктерден тұратын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер;
6) бюджет – бюджет (шығыстар сметасы), бизнес-жоспар (жылдық бюджет);
7) дүлей күш (форс-мажор) – тараптар алдын алуға және алдын ала болжауға дәрменсіз төтенше және еңсерілмейтін оқиғалар (дүлей сипаттағы құбылыстар, әскери іс-қимылдар, төтенше жағдайлар, электроэнергетикалық объектілердегі, өмірді қамтамасыз етудің коммуникациялық жүйелеріндегі және өзге де қауіпті өндірістік объектілердегі апаттар), мемлекеттің нормативтік құқықтық актілерді және құқықтық актілерді қабылдауы және басқа да осындай жағдайлар. Атап айтқанда, орындау үшін нарықта тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің болмауы мұндай жағдайларға жатпайды;
8) жауапты бөлімше – тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жауапты Ұлттық Банктің орталық аппаратының, филиалының бөлімшесі, өкілдігі, ұйымдары;
9) жеткізуші – тапсырыс берушiмен(сатып алуды ұйымдастырушымен) тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы жасасқан шартта оның қарсы агентiретiнде әрекет ететiн, кәсiпкерлiкқызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға, заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциум). Кәсiпкерлiк қызмет субъектiсi болып табылмайтын жеке тұлға Қағидаларда көзделген жағдайда жеткізуші болып табылады;
10) жұмыс – заттық нәтижесі бар қызмет, сондай-ақ жұмыстарға жатқызылған өзге де қызмет;
11) кешенді жұмыстар – мыналарды:
жобалау және іздестіру жұмыстарын орындау, толық аяқталған құрылысты салу, жобалау және іздестіру жұмыстарын, толық аяқталған құрылысты басқару және көрсетілген жұмыстарға ілеспелі тауарларды жеткізу және (немесе)ілеспе қызметтерді көрсету;
бағдарламалық қамтамасыз етуді жеткізуді, ақпараттық жүйені енгізу жөніндегі консалтингілік қызметтерді және жабдықтар жеткізуді қамтитын «кілтпен тапсырылатын» ақпараттық технологиялар саласындағы жобаларды іске асыруды қамтитын іс-шаралар жиынтығы;
12) конкурстық комиссия – Қағидаларда көзделген конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды өткізу рәсімін орындау үшін сатып алуды ұйымдастырушы ұйымдастырушы құратын алқалы орган;
13) конкурстық құжаттама – конкурс тәсiлiмен сатып алуды өткізудiң шарттары мен тәртiбi қамтылатын, конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдіәзiрлеуүшiн әлеуетті жеткізушіге берілетін құжаттама;
14) көрсетілетін қызмет – тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған заттық нәтижесi жоқ қызмет;
15) қаржы жылы – ағымдағы жылғы 1 қаңтарда басталып, 31 желтоқсанда аяқталатын уақыт аралығы;
16) құрылыс жұмыстары – жобалау және іздестіру жұмыстарын, толық аяқталған құрылысты салуды, жобалау және іздестіру жұмыстарын, толық аяқталған құрылыстыбасқаруды және көрсетілген жұмыстарға ілеспелі тауарларды жеткізуді және (немесе) ілеспе қызмет көрсетуді қамтитын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жиынтығы;
17) Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі – «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалыптастырылатын әлеуетті жеткізушілер мен жеткізушілердің тізбесі;
18) мүдделер қақтығысы – конкурстық комиссия мүшесінің жеке мүдделерінің конкурстық комиссия шешімдер қабылдағанда оның қатысу әділдігіне әсер етуі мүмкін жағдай;
19) сараптама комиссиясы – сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекше нұсқамасын (техникалық тапсырмасын) әзірлеуге қатысу, әлеуетті жеткізушілер ұсыныстарының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекше нұсқамаға сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытынды дайындау үшін тартылатын, тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) құратын алқалы орган;
20) сарапшы – сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекше нұсқамасын (техникалық тапсырмасын) әзірлеуге қатысу үшін, әлеуетті жеткізушілер ұсыныстарының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекше нұсқаулығына сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытынды дайындау үшін тартылатын, тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) айқындайтын маман;
21) тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу – тапсырыс берушінің тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді өз ақшасының есебінен Қағидаларда белгіленген тәртіпте сатып алуы (бұдан әрі - сатып алу);
22) сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімі – әлеуетті жеткізушімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарт жасасу мақсатында сатып алуды ұйымдастырушы Қағидаларға сәйкес жүзеге асыратын өзара байланысты, жүйелі іс-шаралар кешені;
23) сатып алуды ұйымдастырушы – Ұлттық Банктің орталық аппаратының жауапты бөлімшесі, филиалы, өкілдігі арқылы Ұлттық Банк, Ұлттық Банк ұйымының тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыратын және өткізетін бөлімшесі арқылы Ұлттық Банктің ұйымы;
24) стандарттау – тауарға, жұмысқа және көрсетілетін қызметке және процестерге қойылатын талаптарды реттеудің оңтайлы дәрежесіне нақты және әлеуетті міндеттерге қатысты жалпыға бірдей, көп реттік және ерікті пайдалану үшін ережелерді белгілеу арқылы қол жеткізуге бағытталған тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
25) тапсырыс беруші – Ұлттық Банк, Ұлттық Банктің филиалы, өкілдігі және ұйымдары;
26) тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) үлестес тұлғалары – Ұлттық Банк, оның ішінде оның филиалдары, өкілдігі және Ұлттық Банктің ұйымдары;
27) тауар – нәрсе (зат), оның iшiнде жартылай фабрикат немесе қатты, сұйық немесе газ тәрiздес күйдегi шикiзат, электр және жылу энергиясы, шығармашылық зияткерлiк қызметтiң объективтендірілген нәтижелерi, сатып алу-сату мәмілелерін жасасуға болатын заттық құқықтар;
28) ұзақмерзімді сатып алу – тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу жоспарына сәйкес жүзеге асырылатын, жеткізу (орындау, көрсету) мерзімі он екі айдан асатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
29) ұзақмерзімді шарт – тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу жоспарына сәйкес он екі айдан аса мерзімге жасалатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарт;
30) Ұлттық Банктің ұйымдары – Ұлттық Банк құрылтайшысы (уәкілетті органы) не акционері болып табылатын заңды тұлғалар;
31) үздік техникалық ерекше нұсқама – өз сипаттамалары бойынша тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) мәлімдеген техникалық және сапалық сипаттамалардан асып түсетін, тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) үшін қажетті сатып алынатын тауарлардың және көрсетілетін қызметтердің сипатын қамтитын, әлеуетті жеткізуші ұсынатын техникалық ерекше нұсқама;
32) шарт – 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім), 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) және Қағидаларға сәйкес тапсырыс беруші мен жеткізуші арасында тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету туралы жасалған азаматтық-құқықтық шарт;
33) шартты баға – конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысына конкурстық құжаттамада көзделген критерийлердiң салыстырмалы мәнiн қолдануды ескере отырып есептелген және конкурстың жеңiмпазын айқындау мақсатында конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру кезiнде ғана пайдаланылатын баға;
34) ішкі кооперация – тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) Ұлттық Банктен немесе Ұлттық Банктің ұйымынан тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуы.
4. Тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) сатып алуды жүргізу кезінде мынадай қағидаттарды негізге алады:
1) сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау;
2) Қағидаларда көзделген жағдайларды қоспағанда, әлеуетті жеткізушілерге сатып алуды өткізу рәсіміне қатысуы үшін тең жағдай жасау;
3) әлеуетті жеткізушілер арасындағы адал бәсекелестік;
4) сатып алу процесінің жариялылығы және айқындылығы;
5) отандық тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерге қолдау көрсету;
6) ішкі кооперацияға қолдау көрсету.
5. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу процесі мыналарды қамтиды:
1) тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу жоспарын қалыптастыру және бекіту;
2) тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерді таңдау және олармен шарт жасасу;
3) шартты орындау.
Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың бекітілген жоспарында көзделмеген тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жол берілмейді.
6. Ұлттық Банк Басқармасы Ұлттық Банктің ұйымын Ұлттық Банк пен оның ұйымдарының ақпараттық-коммуникациялық жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді бірыңғай жеткізуші етіп айқындайды.
7. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді жауапты бөлімшелер жүзеге асырады.
Тапсырыс берушіде (сатып алуды ұйымдастырушыда) тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауға жауапты жеке құрылымдық бөлімшесінің болуына жол беріледі.
8. Өткізілетін (өткізілген) сатып алу бойынша құжаттар тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) бекітілген номенклатурасына сәйкес тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) жауапты бөлімшесінде сақталады.
2. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу жоспары
9. Тапсырыс беруші тиісті бюджеттің негізінде Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу жоспарын әзірлейді және бекітеді.
Ұлттық Банктің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жоспарын Ұлттық Банк Төрағасының әкімшілік департаментіне жетекшілік ететін орынбасары бекітеді.
Ұлттық Банк ұйымдарының тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жоспарын Ұлттық Банк ұйымының бірінші басшысы не оның міндеттерін атқаратын адам, не атқарушы органы бекітеді.
10. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың қаржы жылына арналған жоспары тапсырыс берушінің қызметін қамтамасыз ету және міндеттері мен функцияларына, стратегиялық жоспарларына, инвестициялық бағдарламаларына қол жеткізу үшін қажетті тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге деген қажеттілік негізінде қалыптастырылады. Бұл ретте тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жоспары үш жылдық кезеңнен аспайтын мерзімге ұзақмерзімді сатып алуды да көздейді.
11. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу жоспарын тапсырыс беруші тиісті бюджет бекітілген күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде бекітеді және ол мынадай мәліметтерді қамтиды:
1) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы;
2) қосылған құн салығын есепке алмағанда, тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сома. Ұзақмерзімді сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сома әрбір қаржы жылына бөліне отырып көрсетіледі;
3) тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру тәсілі мен мерзімдері;
4) тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің жоспарланған мерзімдері және орны;
5) әрбір қаржы жылына бөлінген және көзделген сомалар шегінде кестеге сәйкес және (немесе) жылдар бойынша бөле отырып, тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің жоспарланған мерзімдері.
Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімдерін жоспарлау кезінде өндірістің технологиялық мерзімі және (немесе) сатып алынатын тауарды жеткізу мерзімі, сондай-ақ тауарларды кедендік ресімдеу мерзімдері, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі ескеріледі.
12. Тапсырыс беруші тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу жоспары бекітілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде «Мемлекеттік құпиялар туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді және (немесе) таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, оны тапсырыс берушінің интернет-ресурсында орналастырады.
13. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімді тапсырыс беруші тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың бекітілген жоспарының негізінде қабылдайды.
14. Тапсырыс беруші екі кезеңдік рәсімдер пайдаланылатын конкурс тәсілімен сатып алуды өткізетін жағдайда ғана тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімді бюджет бекітілгенге дейін қабылдайды.
15. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге жол беріледі.
Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу тапсырыс берушінің бекітілген стратегиялық жоспарларына, инвестициялық бағдарламаларына, бюджетіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайларда жүзеге асырылады.
Тапсырыс беруші тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде «Мемлекеттік құпиялар туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді және (немесе) таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тапсырыс берушінің интернет-ресурсында орналастырады.
16. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жоспарына Қағидалардың 173-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген дүлей күш салдарларын жою шеңберінде жүзеге асырылатын сатып алу туралы мәліметтер кіргізілуге жатпайды.
17. Мынадай жағдайларда:
1) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жұмсалатын шығыстар қысқартылған;
2) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың орынсыздығы негізделген;
3) дүлей күш жағдайлары басталған кезде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асырудан бас тартуға жол беріледі.
18. Сатып алудан бас тарту тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жоспарына тиісті өзгерістер енгізу жолымен жүзеге асырылады.
Бұл жағдайда тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) өзі осындай шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде:
1) өткізілетін сатып алуға қатысатын тұлғаларды қабылданған шешім туралы хабардар етеді және тиісті хабарландыруды тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсында жариялайды;
2) конкурсқа қатысуға енгізілген өтінімдерді қамтамасыз етуді және (немесе) шарттардың орындалуын қамтамасыз етуді қайтарады.
Тапсырыс беруші тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудан бас тартқан жағдайда сатып алуға арналған шығыстарды кейіннен ұлғайтуды, қажеттілікті ұлғайтуды немесе осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ағымдағы жылы сатып алу орындылығының туындауын білдіретін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
3. Сатып алуды ұйымдастыру және өткізу
1-параграф. Сатып алуды ұйымдастыру және өткізу тәртібі
19. Сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау үшін тапсырыс берушінің бұйрығымен:
1) Ұлттық Банкте – Ұлттық Банк Төрағасы не оның міндетін атқарушы адам, не Ұлттық Банк Төрағасының жауапты бөлімшеге жетекшілік ететін орынбасары;
2) филиалда – филиалдың директоры не оның міндетін атқарушы адам;
3) Ұлттық Банктің ұйымында – бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы адам, не атқарушы орган айқындайды.
20. Мыналар:
1) тікелей тапсырыс берушінің өзі не өзінің сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауға жауапты құрылымдық бөлімшесі;
2) тапсырыс берушінің үлестес тұлғасы сатып алудың ұйымдастырушысы болады.
21. Ұлттық Банк Ұлттық Банктің ұйымдары үшін сатып алуды ұйымдастырушы болады не Ұлттық Банк Төрағасының не оның міндетін атқарушы адамның, не Ұлттық Банк Төрағасының жауапты бөлімшеге жетекшілік ететін орынбасарының шешіміне сәйкес олар үшін сатып алуды ұйымдастырушыны айқындайды.
22. Тапсырыс берушінің сатып алуды ұйымдастырушымен өзара іс-қимылы егер тапсырыс беруші мен сатып алуды ұйымдастырушы бір тұлға болған жағдайда, тапсырыс беруші мен сатып алуды ұйымдастырушының бірлескен бұйрығының не тапсырыс беруші бұйрығының негізінде белгіленеді (айқындалады).
23. Қағидалардың 20-тармағына сәйкес айқындалған сатып алуды ұйымдастырушы сатып алуды Қағидаларда белгіленген тәртіпте, мынадай кезеңдерді сақтай отырып жүзеге асырады:
1) тапсырыс берушінің сатып алуды ұйымдастырушыға сатып алынатын тауарлармен, жұмыстармен, көрсетілетін қызметтермен байланысты құжаттарды ұсына отырып, сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін өткізу туралы тапсырманы ұсынуы;
2) сатып алуды ұйымдастырушының Қағидаларда белгіленген құжаттардан тұратын тапсырыс беруші ұсынған тапсырманың негізінде конкурстық құжаттаманы әзірлеуі және бекітуі;
3) сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық комиссияның құрамын айқындауы және бекітуі.
Сатып алуды ұйымдастырушы айқындайтын және бекітетін конкурстық комиссияның құрамына тапсырыс берушінің өкілдері де кіреді, бұл ретте конкурстық комиссияның төрағасы болып сатып алуды ұйымдастырушының бірінші басшысы немесе басшысының орынбасары, немесе өзге уәкілетті лауазымды тұлға айқындалады;
4) сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамаға тапсырыс беруші ұсынған тапсырмаға қайшы келмейтін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда;
5) сатып алуды ұйымдастырушының сатып алуды өткізу туралы хабарландыруды орналастыруы;
6) сатып алуды ұйымдастырушының тапсырыс берушіге шарттың және (немесе) конкурстық құжаттаманың техникалық ерекше нұсқамасының жобасына конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына (Қағидаларға 2-қосымша) олар туралы мәліметтер енгізілген, тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсында тіркелген тұлғалар тарапынан ұсыныстар мен ескертулерді жіберуі;
7) сатып алудың жеңімпазын конкурс тәсілімен айқындау;
8) сатып алуды ұйымдастырушының сатып алудың жеңімпазымен шарт жасасу үшін сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы тапсырыс берушіге жіберуі.
24. Сатып алуды ұйымдастырушы Қағидалардың 20-тармағына сәйкес айқындалған жағдайларда тапсырыс берушілер сатып алуды ұйымдастырушыға өздері белгілеген мерзімде конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін қажетті ақпаратты, оның ішінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жоспарынан үзінді-көшірмені, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекше нұсқамасын, құрылыс жұмыстарын сатып алған кезде объекті құрылысының жобалау-сметалық құжаттамасын береді, сондай-ақ сатып алуды ұйымдастырушыға берілген ақпараттағы барлық өзгерістер туралы тез арада хабарлайды.
25. Міндетті сертификаттауға жататын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде сәйкестік сертификатының болуы туралы талап міндетті талап болып табылады.
26. Импортталатын тауарларды сатып алған кезде жеткізу талаптары Қазақстан Республикасының жеткізілімдер туралы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарымен, сондай-ақ халықаралық шарттармен және сауда терминдерін түсіндірудің халықаралық қағидаларымен реттеледі.
2-параграф. Әлеуетті жеткізушілерге қойылатын талаптар
27. Егер әлеуетті жеткізуші мынадай шектеулерді сақтамаса:
1) әлеуетті жеткізуші не оның қосалқы мердігері (бірлескен орындаушысы) Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде тұрса;
2) консорциумға кіретін заңды тұлға Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде тұрса;
3) осы әлеуетті жеткізуші басшыларының және (немесе) осы әлеуетті жеткізушінің уәкілетті өкілінің және (немесе) жеке тұлға болып табылатын әлеуетті жеткізушінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары жеткізушіні таңдау туралы шешім қабылдау құқығына ие болса не өткізілетін сатып алуда тапсырыс берушінің немесе ұйымдастырушының өкілі болып табылса;
4) әлеуетті жеткізуші және (немесе) оның қызметкері тапсырыс берушіге не сатып алуды ұйымдастырушыға өткізілетін сатып алуды дайындау жөнінде сараптамалық, консультациялық және (немесе) өзге де қызметтер көрсетсе, техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеушінің жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеу жөніндегі сатып алуға қатысуын қоспағанда, өткізілетін сатып алудың нысанасы болып табылатын объектінің құрылысына арналған техникалық-экономикалық негіздемені және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеуге бас жобалаушы не қосалқы жобалаушы ретінде қатысса;
5) сатып алуға қатысуға үмiткерәлеуеттi жеткізуші басшысының Мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiлген заңды тұлғаларды басқаруға, құруға, олардың жарғылық капиталына қатысуға байланысты қатынастары бар болса;
6) сатып алуға қатысуға үмiткерәлеуеттi жеткізушінің басшысы Мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiлген, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға болып табылса;
7) сатып алуға қатысуға үмiткер, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, жеке тұлға болып табылатын әлеуетті жеткізуші Мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiлген әлеуеттi жеткізушінің басшысы болса және (немесе) Мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгізілген заңды тұлғаларды басқарумен, құрумен, жарғылық капиталына қатысумен байланысты қатысы болса, әлеуетті жеткізуші өткізілетін сатып алуға қатысуға жіберілмейді.
Әлеуетті жеткізуші мен әлеуетті жеткізушінің үлестес тұлғасының бір конкурсқа (лотқа) қатысуға құқығы жоқ.
28. Мынадай біліктілік талаптарына сай келгенәлеуетті жеткізушінің өткізілетін сатып алуға қатысуына жол беріледі:
1) құқық қабілеттілігі (заңды тұлғалар үшін), азаматтық іс-әрекетке қабілеттілігі (жеке тұлғалар үшін) бар;
2) төлем қабілеттілігі бар, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салық берешегі және берешегі жоқ;
3) банкроттық не таратылу рәсіміне жатқызылмаған.
Қағидалардың осы тармағының 2) тармақшасында көрсетілген талаптар өздеріне қатысты оңалту рәсімі өткізіліп жатқан әлеуетті жеткізушілерге, сондай-ақ жеделдетілген оңалту рәсімін қолдану міндетті болатын, мемлекеттік қолдау шараларының қатысушысы болып табылатын әлеуетті жеткізушілерге қолданылмайды.
29. Сатып алуға заңды тұлғалардың уақытша бірлестіктері (консорциум), осындай консорциумның қатысушылары болып табылатын заңды тұлғалар қатысқан жағдайда, өздерінің біліктілік талаптарын растау үшін Қағидаларда белгіленген құжаттардан басқа мынадай құжаттарды:
1) заңды тұлғалар (консорциумға қатысуышалр) арасында жасалған, нотариат куәландырған бірлескен жауапкершілік шартының көшірмесін;
2) бірлескен шаруашылық қызметі туралы шартта көзделген лицензиялануға жататын қызмет бөлігінде тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету құқығына тиісті лицензиялардың не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензияның нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынады.
30. Әлеуетті жеткізуші өзінің Қағидалардың 28-тармағындабелгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін сатып алуды ұйымдастырушыға Қағидалардың 68-тармағының 4) тармақшасында көзделген құжаттарды ұсынады.
Қазақстан Республикасының резиденті емес-әлеуетті жеткізуші өзінің Қағидалардың 28-тармағында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін Қазақстан Республикасының резиденттері ұсынатын нақ сондай құжаттарды не Қазақстан Республикасының резиденті емес-әлеуетті жеткізушінің біліктілігі туралы осыған ұқсас мәліметтерді қамтитын құжаттарды ұсынады.
31. Әлеуетті жеткізушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін мынадай құжаттардың бірін:
1) әлеуетті жеткізушіге халықаралық рейтинг ұйымының рейтингі берілгендігін растайтын құжатты;
2) әлеуетті жеткізушінің биржаның ресми листингіне енгізілгендігі туралы қор биржасының үзінді-көшірмесінұсыну арқылы растауына жол беріледі.
Лицензиялануға жататын қызмет түрлерiн жүзеге асыратын әлеуеттi жеткізушінiң құқықтық қабiлетi «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік ақпараттық жүйе арқылы расталады.
Мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтер болмаған жағдайда әлеуеттi жеткізуші «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берiлгентиiстi лицензиясының нотариат куәландырған көшiрмесiн табыс етеді.
32. Әлеуетті жеткізушінің төлем қабілеті туралы жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігін сатып алу өткізілетін соманың бір жүз процентке тең мөлшерде Қазақстан Республикасының бір немесе бірнеше резидент банктерінің банктік кепілдік түрінде конкурсқа қатысуға өтінімнің орындауын қамтамасыз етуге ұсыну арқылы конкурс тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурсқа қатысуға өтініммен бірге растауына жол беріледі.
33. Қағидалардың 28-тармақтарында белгіленген біліктілік талаптары әлеуетті жеткізуші жүргізілетін сатып алудың нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігер не қызмет көрсетулер бойынша бірлескен орындаушы ретінде тартуды көздейтін жеке және заңды тұлғаларға да қолданылады.
Жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерлерін (бірлескен орындаушыларын) тартуды көздейтін әлеуетті жеткізуші жұмыстарға не көрсетілетін қызметтерге тартылатын қосалқы мердігерлердің (бірлескен орындаушылардың) Қағидалардың 28 және 30-тармақтарында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды сатып алуды ұйымдастырушыға ұсынады.
Қосалқы мердігерлерге (бірлескен орындаушыларға) жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету үшін ұсынылатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің шекті көлемі сатып алынатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы көлемінің үштен бірінен аспауы тиіс.
34. Қағидалардың 28-тармағында белгіленген біліктілік талаптары сатып алуды ерекше тәртіпті, шартты тікелей жасауды, баға ұсыныстарын сұратуды қолдана отырып, тауар биржалары арқылы жүзеге асыру жағдайларына қолданылмайды.
35. Тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы):
1) тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) әлеуетті жеткізушіге ол ұсынған құжаттаманы нақтылауға және тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің сапасына бағытталған қосымша талаптарды ұсынады;
2) әлеуетті жеткізушінің Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінде бар немесе жоқ екенін тексереді.
Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінде әлеуетті жеткізуші туралы мәліметтер болған жағдайда тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) осындай әлеуетті жеткізушінің сатып алу рәсімдеріне одан әрі қатысуына рұқсат беруден бас тартады.
36. Ерекше тәртіптерді қолдану арқылы сатып алудың жүзеге асырылуын қоспағанда, Қағидалардың 28-тармағында көзделмеген біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейді.
37. Әлеуетті жеткізуші мынадай негіздердің бірі болған жағдайда біліктілік талаптарына сәйкес келмейтіні ретінде танылады:
1) жеткізушінің және (немесе) ол тартатын жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерінің (бірлескен орындаушысының) біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін құжат (құжаттар) табыс етпеуі;
2) әлеуетті жеткізуші біліктілік талаптарына өзінің сәйкестігін, сондай-ақ ол тартатын жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерінің (бірлескен орындаушысының) сәйкестігін растау үшін табыс етілген құжаттарында қамтылған ақпараттың негізінде біліктілік талаптарына сәйкес келмеу фактісінің анықталуы;
3) біліктілік талаптары бойынша дәйексіз емес ақпаратты беру фактісінің анықталуы.
38. Әлеуетті жеткізушіні және (немесе) ол тартатын жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерін (бірлескен орындаушысын) Қағидалардың 37-тармағында көзделмеген негіздер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп тануға жол берілмейді.
4. Сатып алу тәсілдері
39. Сатып алу мынадай тәсілдердің бірімен жүзеге асырылады:
1) конкурс, оның ішінде екі кезеңдік рәсімдерді, ерекше тәртіпті пайдалана отырып;
2) шартты тікелей жасау;
3) баға ұсыныстарын сұрату;
4) тауар биржалары арқылы.
40. Тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алу тәсілін тапсырыс беруші дербес таңдайды.
41. Тапсырыс беруші сатып алуды жүзеге асыру тәсілін оның филиалының (өкілдігінің) қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің жылдық көлемі негізінде, осындай сатып алуды тапсырыс берушінің атынан тапсырыс беруші филиалының (өкілдігінің) тікелей жүзеге асыруы шартымен айқындайды.
42. Тапсырыс берушінің Қазақстан Республикасынан тысқары орналасқан филиалдары және өкілдіктері шет мемлекеттің аумағында тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді Қағидалардың жеткізушіні таңдауды және онымен шарт жасауды айқындайтын нормаларын қолданбай өткізеді.
5. Конкурс
1-параграф. Конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу
43. Конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу мынадай жүйелі іс-шараларды орындауды қамтиды:
1) тапсырыс берушінің сатып алуды ұйымдастырушыны айқындауы;
2) сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық комиссияның құрамын, конкурстық комиссияның хатшысын қалыптастыруы және бекіту үшін ұсынуы;
3) сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманы әзірлеуі, сондай-ақ сараптама комиссиясының құрамын (сарапшыны) қалыптастыруға және бекітуге жол беріледі;
4) тапсырыс берушінің конкурстық құжаттаманы бекітуі;
5) сатып алуды ұйымдастырушының тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді конкурс тәсілімен сатып алу туралы хабарлауы;
6) сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың көшірмелерін тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді конкурс тәсілімен сатып алуға қатысуға ниет білдірген әлеуетті жеткізушілерге ұсынуы, сондай-ақ осындай әлеуетті жеткізушілер туралы мәліметтерді конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына (Қағидаларға 2-қосымша) енгізуі;
7) Қағидалардың 80, 81 және 82-тармақтарында көзделген жағдайларда сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті жеткізушілерге конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіруі;
8) сатып алуды ұйымдастырушының конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналында (Қағидаларға 3-қосымша) тіркеуі;
9) конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашуы, сондай-ақ конкурстық комиссия отырысының тиісті хаттамасын ресімдеуі;
10) сатып алуды ұйымдастырушының сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасын тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсында жариялауы;
11) конкурстық комиссияның біліктілік талаптарға және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді анықтау үшін конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауы;
12) конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасын ресімдеуі;
13) конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға рұқсат етілген әлеуетті жеткізушілердің тізбесін және шартты жеңілдіктердің мөлшерін айқындауы және қалыптастыруы және рұқсат беру туралы тиісті хаттаманы ресімдеуі;
14) сатып алуды ұйымдастырушының конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасын, конкурсқа қатысуға рұқсат беру хаттамасын тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсында жариялауы;
15) сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық баға ұсыныстары бар конверттерді конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті жеткізушілер ұсынған конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналында (Қағидаларға 4-қосымша) мәліметтерді тіркеуі;
16) конкурсқа қатысушылардың баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу, конкурстық комиссияның конкурстық баға ұсыныстарын бағалауы және салыстыруы (конкурс тәсілімен сатып алудың қорытындыларын шығару);
17) конкурстық комиссияның конкурс тәсілімен сатып алудың қорытындылары туралы хаттаманы ресімдеуі және оған қол қоюы, сатып алуды ұйымдастырушының Қағидалардың 149-тармағына сәйкес конкурс тәсілімен сатып алудың қорытындылары туралы хаттаманы тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсында жариялауы;
18) сатып алуды ұйымдастырушы жүргізген конкурстың қорытындылары бойынша тапсырыс беруші конкурстың жеңімпазымен шарт жасасады.
44. Біртекті болып табылмайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру кезінде сатып алуды ұйымдастырушы осындай тауарларды конкурстық құжаттамада лоттарға міндетті түрде бөле отырып, аталған тәсілмен бірыңғай сатып алуды ұйымдастырады және өткізеді.
Біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен сатып алуды жүзеге асырған кезде, сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөледі.
Біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірнеше түрлерін конкурс тәсілімен сатып алуды жүзеге асырған кезде, сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді олардың біртекті түрлері және (немесе) беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөледі.
Құрылыс бойынша жұмыстарды, кешенді жұмыстарды сатып алуды жүзеге асырған кезде сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада құрылыспен тығыз байланысты жұмыстарды және құрылыспен байланысты емес тауарларды лоттарға бөлуге міндетті.
45. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау, конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру, сондай-ақ конкурс жеңімпазын айқындау конкурстық құжаттамада көзделген әрбір лот бойынша жүзеге асырылады.
46. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау қорытындылары бойынша айқындалған біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін және конкурстық комиссия конкурсқа қатысушы деп таныған әлеуетті жеткізушілер қатысады.
2-параграф. Конкурстық құжаттаманы қалыптастыру және бекіту
47. Конкурстық құжаттаманы сатып алуды ұйымдастырушы Қағидалардың 49-тармағына сәйкес, Қағидаларға 5-қосымшасына сәйкес Үлгілік конкурстық құжаттаманың негізінде «Мемлекеттік құпиялар туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптарды ескере отырып,қазақ және орыс тілдерінде әзірлейді және тапсырыс берушімен келіседі.
48. Конкурстық құжаттаманы:
Ұлттық Банкте – Ұлттық Банк Төрағасының жауапты бөлімшеге жетекшілік ететін орынбасары немесе өзге уәкілетті лауазымды тұлға;
Ұлттық Банктің филиалында – филиал директоры немесе оның орындағы адам;
Ұлттық Банктің ұйымдарында – бірінші басшы немесе өзге уәкілетті лауазымды тұлға бекітеді.
49. Конкурстық құжаттамада мынадай мәліметтер қамтылады:
1) сатып алуды ұйымдастырушының атауы мен орналасқан жері;
2) Қазақстан Республикасы өндірушілерінің коммерциялық емес ұйымдары бекіткен ұлттық стандартты немесе үкіметтік емес стандартты немесе халықаралық стандартты, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сипаты және талап етілетін функциялық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары, техникалық ерекше нұсқамасы, сондай-ақ нормативтік-техникалық құжаттаманы көрсетуге жол беріледі.
Жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды сатып алуды жүзеге асыру кезінде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сипатының және талап етілетін функциялық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларының орнына конкурстық құжаттамада белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама болуы тиіс;
3) өткізілетін сатып алудың мәні болып табылатын тауардың саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі;
4) әлеуетті жеткізушінің және ол тартқан қосалқы мердігерлердің (бірлескен орындаушыларды) біліктілік талаптарына сәйкес келуін растау үшін әлеуетті жеткізуші ұсынатын құжаттардың тізбесі:
заңды тұлғалар үшін құқықтық қабілеттілігін, жеке тұлғалар үшін азаматтық әрекетке қабілеттілігін растайтын нотариат куәландырған құжаттар (жеке куәлігі немесе төлқұжаты, тиісті мемлекеттік орган берген, заңды тұлғаны құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру құқығын беретін құжат (дара кәсіпкер үшін);
заңды тұлға қызметін «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктердіесептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуiрдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес үлгі жарғының (бұдан әрі – Үлгі жарғы) негізінде жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, заңды тұлға жарғының нотариалдық куәландырылған көшірмесін ұсынады. Қазақстан Республикасының резидент еместері қазақ және (немесе) орыс тілдеріне аудара отырып, нотариалдық куәландырылған сауда тізілімінен жария етілген үзінді-көшірмесін ұсынады;
лицензиялардың (лицензияның электрондық нұсқасын нотариат куәландырмайды) және (немесе) патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, рұқсаттардың, әлеуетті жеткізушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және өткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге құқығын растайтын басқа да құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері;
заңды тұлғаны (филиалын, өкілдігін) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың нотариат куәландырған көшірмесі (анықтаманың электрондық нұсқасы нотариат куәландырмайды). Егер заңды тұлға қызметін Үлгі жарғының негізінде жүзеге асырса, онда мемлекеттік тіркеу туралы өтінішінің нотариат куәландырған көшірмесі;
егер жарғыда құрылтайшылар (қатысушылар) немесе құрылтайшылардың (қатысушылардың) құрамы туралы мәліметтер қамтылмаған жағдайда, нотариат куәландырған құрылтайшы (қатысушылар) немесе құрылтайшылардың (қатысушылардың) құрамы туралы мәліметтерді қамтитын құрылтай құжаттарының көшірмесін не олардан үзінді-көшірмені, не конверттерді ашатын күннің алдындағы бір айдан кешіктірілмей берілген, белгіленген тәртіппен қол қойылған және мөрмен расталған акцияларды ұстаушылардың тізілімінен, серіктестікке қатысушылардың тізілімінен үзінді-көшірменің түпнұсқасы;
төлем қабілеттілігін растайтын құжаттар:
Қағидаларға 5-қосымша болып табылатын конкурстық құжаттаманың (бұдан әрі – үлгі конкурстық құжаттама) 9-қосымшасына сәйкес әлеуетті жеткізушіге қызмет көрсетілетін банктің немесе банк филиалының қолы және мөрі бар әлеуетті жеткізушінің Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6793 тіркелген,Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы» 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдан кейін алынуға тиіс.
тиісті салық органының конкурстық өтiнiмдерсалынғанконверттердi ашатын күннiң алдында бiр айдан ерте емес берiлген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5446 тіркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Дербес шоттарды жүргізу ережелерін бекіту туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 622 бұйрығына сәйкессалық төлеушініңсалық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы үш айдан аса уақытқа берілген анықтамасының түпнұсқасы (төлеумерзiмi2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда).
Конкурстық құжаттамада үлгі конкурстық құжаттаманың 8-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға өтініммен бірге әлеуетті өнім берушінің өткізілетін сатып алу сомасының бір жүз пайызына тең мөлшерде Қазақстан Республикасының бір не бірнеше резидент банктерінің банктік кепілдігі түрінде конкурсқа қатысуға өтінімді орындалуын қамтамасыз етуді ұсыну арқылы төлем қабілеттілігі туралы біліктілік талабына сәйкестігін растау құқығы туралы ақпарат қамтылады;
5) лот нөмірін, өлшем бірлігін, жеткізу санын, шарттарын, жеткізу мерзімі мен орнын, төлем шарттарын және сатып алуға бөлінген соманы көрсете отырып, үлгі конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесі;
6) үлгі конкурстық құжаттамаға 5, 6 және 7-қосымшаға сәйкес сатып алу процесіне қатысуға арналған біліктілігі туарлы мәліметтер;
7) тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны;
8) тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің, ұсынылатын тауарларға, жұмыстарға, қызмет көрсетулерге кепілдіктер берудің талап етілетін мерзімдері;
9) төлем талаптары және Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес шартқа қойылатын талаптар негізінде әзірленетін, елеулі талаптар көрсетілетін шарттың жобасы;
10) бағаны қоспағанда, негізінде конкурс жеңімпазы анықталатын критерийлер, оның ішінде осындай критерийлердің әрқайсысының салыстырмалы мәні және шартты бағаны есептеу әдісі;
11) әлеуетті жеткізушінің конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсынысына әсер ететін критерийлерді растайтын құжаттарды ұсыну құқығына нұсқама;
12) конкурстық баға ұсынысының мазмұнына қойылатын талаптар, оның ішінде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағасынан басқа, оларды тасымалдауға және сақтандыруға, кеден баждарын, салықтарды және алымдарды төлеуге арналған шығыстарды, сондай-ақ тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету шарттарында көзделген өзге шығыстарды үлгі конкурстық құжаттамаға 11-қосымшаға сәйкес баға ұсынысын беру нысанын көрсету;
13) конкурсқа қатысушының баға ұсынысы көрсетілуге тиіс валюта немесе валюталар және оларды салыстыру мен бағалау мақсатында шартты бағаны бірыңғай валютаға келтіру үшін қолданылатын бағам;
14) «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдерді және шарттарды жасау және ұсыну тіліне қойылатын талаптар;
15) конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімді енгізу талаптары, мазмұны және қамтамасыз ету түрлері;
16) әлеуетті жеткізушінің конкурсқа қатысуға өзінің өтінімін оларды берудің соңғы мерзімі біткенге дейін өзгерту немесе қайтарып алу құқығына нұсқама;
17) конкурсқа қатысуға өтiнiм салынған конверттi ұсыну тәртiбi, тәсiлi, орны және соңғы мерзiмi (бiрақ жұмыс күнiнiңжергiлiктi уақытпен он сегіз сағатынан кешiктiрмей) және конкурсқа қатысуға өтiнiмдердiң талап етiлетiн қолданылу мерзiмi (тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiнқызметтердiсатып алу жөнiндегi конкурсқа қатысу үшiнәлеуеттiжеткізушi ұсынатын конкурстық өтiнiмнiң қолданылу мерзiмi конкурстық өтiнiмдер ашылатын күннен бастап кемiнде отыз бес күнді құрайды. Конкурстық құжаттамада көрсетiлгенмерзiмнен неғұрлым қысқа қолданылу мерзiмi конкурстық өтiнiм кері қайтарылады);
18) көмегі арқылы әлеуетті жеткізушілер конкурстық құжаттаманың мазмұны жөнінде түсіндірулер, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру бойынша әлеуетті жеткізушілермен кездесу өткізу орнын, күнін және уақытын сұрата алатын тәсілдер;
19) конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу орны, күні мен уақыты (конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді берудің соңғы мерзімінен кейін екі сағаттан кешіктірмей);
20) конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу рәсімдерін сипаттау, конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау, конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру;
21) Қағидалардың 208 және 209-тармақтарында айқындалған жағдайларда шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу шарттары, түрлері, көлемі мен тәсілі;
22) конкурс тәсілімен өткізілетін сатып алудың мәні болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бөлінген сома туралы мәліметтер (әрбір лот бойынша);
23) жариялануға тиіс ақпаратты орналастыру жоспарланатын тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсының электрондық мекен-жайы;
24) үлгі конкурстық құжаттамаға 10-қосымшаға сәйкес әлеуетті жеткізушінің жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігерлерді (қызметтер көрсету кезінде бірлесіп орындаушыларды) тартуы туралы талаптар, конкурста сатып алу мәні болып табылатын жұмыстарды орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер (бірлесіп орындаушылар) туралы және әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) қосалқы мердігерлікке (бірлесіп орындауға) жиынтығы жұмыстар (құрылыс құнының), көрсетілетін қызметтер көлемінің үштен екісінен астамын беруге тыйым салу талаптары туралы мәліметтер.
Конкурстық құжаттамада әлеуетті өнім берушілердің өткізілетін сатып алудың шарттары туралы анағұрлым толық ақпарат алуына мүмкіндік беретін басқа да қосымша мәліметтердің қамтылуына жол беріледі.
50. Егер әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті емесі болса, онда оның біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін Қазақстан Республикасының резиденттері беретін құжаттар не нотариус куәландырған конкурстық құжаттама тілдеріне аудармасы бар, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес апостиль қойылған (заңдастырылған) Қазақстан Республикасының резиденті емес әлеуетті жеткізушінің біліктілігі туралы ұқсас мәліметтерді қамтитын құжаттар ұсынылады.
51. Сатып алуды негiзгi (орнатылған) жабдықтарды толық жасақтау, жаңғырту және толық жарақтандыру үшiн жүзеге асыруды қоспағанда, конкурстық құжаттамада тауар таңбаларына, қызмет көрсету белгiлерiне, фирмалық атауларына, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгiлерге, тауардың шығарылған жерiнiң атауына және өндiрушiнiң атауына, сондай-ақ сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтiң жекелеген әлеуетті жеткізушіге тиесiлiгiн айқындайтын өзге де сипаттамаларға арналған сілтемелердің болуына жол берiлмейдi.
52. Конкурсқа қатысушыны айқындау үшін сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттамада конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсынысына әсер ететін мынадай критерийлерді:
1) әлеуетті жеткізушіде:
өткізілетін сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесін;
«Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұсынылатын тауарларды ерікті түрде сертификаттауды растайтын құжатты;
ұлттық стандарт талаптарына сәйкес сапа менеджментінің сертификатталған жүйесінің (сертификатталған жүйелерінің);
ұлттық стандарттар талаптарына сәйкес қоршаған ортаны басқару менеджментінің сертификатталған жүйесінің (сертификатталған жүйелерінің) және (немесе) «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес экологиялық таза өнім стандартына сәйкестікті растаудың;
тауардың шығарылуы туралы сертификатының, отандық тауарларды және көрсетілетін қызметтерді жеткізуші мәртебесінің болуын;
2) тауарлардың функционалдық, техникалық, сапалық сипаттамаларын және (немесе) сатып алынатын тауарларды пайдалануға, оларға техникалық қызмет көрсетуге және оларды жөндеуге арналған шығыстарды көрсетуіне жол беріледі.
53. Конкурсқа қатысуға бір конкурстық өтінім берілген жағдайларды қоспағанда, конкурстық комиссия барлық ұсынылған конкурстық өтінімдерді бағалау және салыстыру кезінде Қағидалардың 52-тармағында аталған, конкурстық құжаттамада айтылған критерийлерді ескереді және оларды кері қайтарылмаған конкурстық өтінімдерге қолданады.
Әлеуетті жеткізуші конкурстық баға ұсынысына әсер ететін критерийлерді растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайда, конкурстық комиссия осындай әлеуетті жеткізушіге шартты жеңілдікті қолданбайды, бұл ретте конкурстық баға ұсынысына әсер ететін критерийлерді растайтын құжаттарды ұсынбау осындай өтінімді кері қайтару үшін негіз болып табылмайды.
54. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысатын әлеуетті жеткізушінің жұмыс тәжірибесінің болуы мәселесін қараған кезде конкурстық комиссия осы конкурста сатып алынатын тауарларды беру, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету нарығында ғана жұмыс тәжірибесін қарайды. Бұл ретте конкурстық комиссия конкурстық өтінімнің бағасын шартты түрде әлеуетті өнім берушінің бір жылдан бастап, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің нарықтағы жұмыс тәжірибесінің болған әрбір жылға 0,3 пайызға, бірақ 1,5 пайыздан аспайтындай азайтады. Бір жылға дейін жұмыс тәжірибесі болған немесе ол болмаған жағдайда осындай пайыз белгіленбейді.
Сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығындағы жұмыс тәжірибесі заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік не анықтама, заңды тұлға құрмастан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру құқығын беретін құжат берілген күннен бастап не лицензия (рұқсат) берілген күннен бастап анықталады.
55. «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұсынылған тауарларды ерікті сертификаттауды жүргізуді растайтын құжат болған кезде конкурстық комиссия осындай конкурстық өтінімнің бағасын шартты түрде 1 пайызға азайтады.
56. Сатып алынатын тауарларды, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес сапа менеджментінің жүйесін сертификаттауды растайтын құжат болған кезде конкурстық комиссия осындай конкурстық өтінімнің бағасын шартты түрде 1 пайызға азайтады.
57. Ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес қоршаған ортаны басқару менеджментінің жүйесін сертификаттауды растайтын және (немесе) сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес экологиялық таза өнім стандартына сәйкестігін растайтын құжат болған кезде конкурстық комиссия осындай конкурстық өтінімнің бағасын шартты түрде 1 пайызға азайтады.
58. Әлеуетті жеткізуші ұсынған, ұсынылатын тауарлардың ең үздік техникалық ерекше нұсқамалары мен сипаттамалары болған кезде, конкурстық комиссия осындай конкурстық өтінімнің бағасын шартты түрде 5 пайызға азайтады.
59. Тауардың шығарылуы туралы сертификатты, жұмыстың көрсетілетін қызметтің отындық жеткізушісі мәртебесі болған кезде конкурстық комиссия осындай конкурстық өтінімнің бағасын шартты түрде 0,1 пайызға азайтады.
3-параграф. Конкурстық комиссияның, сараптама комиссиясының құрамын не сарапшыны бекіту
60. Конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды өткізу рәсімдерін орындау үшін сатып алуды ұйымдастырушы әрбір конкурсқа жеке конкурстық комиссия құрады және конкурстық комиссияның хатшысын анықтайды.
Конкурстық комиссия құру және конкурстық комиссияның хатшысын анықтау туралы шешімді:
1) сатып алуды ұйымдастырушы болып тікелей тапсырыс берушінің өзі не сатып алуды ұйымдастыру рәсімдерін орындауға және өткізуге жауапты өзінің құрылымдық бөлімшесінің атынан әрекет еткен жағдайда:
Ұлттық Банкте – Ұлттық Банк Төрағасының жауапты бөлімшеге жетекшілік ететін орынбасары немесе өзге уәкілетті лауазымды тұлға;
Ұлттық Банктің филиалында – филиал директоры немесе оның міндетін атқарушы адам;
Ұлттық Банктің ұйымдарында – бірінші басшы немесе оның міндетін атқарушы адам не атқарушы орган немесе уәкілетті лауазымды тұлға бекітеді;
2) сатып алуды ұйымдастырушы болып тапсырыс берушінің үлестес тұлғасы айқындалса – сатып алуды ұйымдастырушының бірінші басшы немесе оның міндетін атқарушы адам не атқарушы орган не атқарушы органы қабылдайды.
Жұмыстарды сатып алуды жүзеге асырған жағдайда конкурстық комиссияның құрамына онымен келісім бойынша тиісті қызмет саласындағы уәкілетті органның өкілдерін енгізуге жол беріледі.
61. Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық ерекше нұсқамасын әзірлеу үшін конкурстық құжаттаманы әзірлеу кезеңінде сараптау комиссиясын құруға (сарапшыны тартуға) жол беріледі.
62. Конкурстық комиссияның мүшелері конкурстық комиссияның төрағасы, төрағасының орынбасары және мүшелері болып табылады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын конкурстық комиссия төрағасының орынбасары орындайды. Конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы саны кемінде үш адам болатын тақ санды құрайды.
63. Конкурстық комиссияның төрағасы болып сатып алуды ұйымдастырушының бірінші басшысының орынбасарынан төмен емес лауазымды тұлға айқындалады. Егер сатып алуды ұйымдастырушы болып тапсырыс беруші өзі әрекет ететін болса, конкурстық комиссияның төрағасы болып тапсырыс берушінің бірінші басшысының орынбасарынан төмен емес лауазымды тұлға айқындалады.
64. Егер сатып алуды ұйымдастырушы ретінде өзінің сатып алуды ұйымдастыру рәсімдерін орындауға және өткізуге жауапты құрылымдық бөлімшесі арқылы Ұлттық Банк әрекет ететін болса, конкурстық комиссияның төрағасы тапсырыс берушінің осы құрылымдық бөлімшесінің басшысынан төмен емес лауазымды тұлғаны айқындайды.
Егер сатып алуды ұйымдастырушы ретінде тапсырыс беруші – Ұлттық Банктің филиалы болса, конкурстық комиссияның төрағасы Ұлттық Банктің филиалы директорының орынбасарынан төмен емес лауазымды тұлға айқындалады.
65. Конкурстық комиссияның төрағасы:
1) конкурстық комиссияның жұмысын жоспарлайды және қызметіне басшылық жасайды;
2) конкурстық комиссияның отырыстарында төрағалық етеді;
3) Қағидаларда көзделген өзге функцияларды жүзеге асырады.
66. Конкурстық комиссия оны құру туралы шешім күшіне енген күннен бастап әрекет етеді және шарт жасасқан күннен бастап өз қызметін тоқтатады.
Конкурстық комиссияның отырысы конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілігінің қатысуы шартымен өткізіледі және конкурстық комиссияның қатысып отырған мүшелері және конкурстық комиссияның хатшысы қол қоятын хаттамамен ресімделеді. Конкурстық комиссияның қандай да бір мүшесі болмаған жағдайда конкурстық комиссия отырысының хаттамасында аталған фактіні растайтын құжатты қоса бере отырып, оның болмау себебі көрсетіледі.
67. Конкурстық комиссияның шешімі ашық дауыс берумен қабылданады және егер оған конкурстық комиссияның отырысқа қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусы берілген болса, қабылданған болып саналады. Конкурстық комиссияның төрағасы немесе ол болмаған жағдайда комиссия төрағасының орынбасары соңғы болып дауыс береді.
Дауыстар тең болған жағдайда конкурстық комиссия төрағасының немесе ол болмаған жағдайда төраға орынбасарының даусы шешуші болып табылады.
Конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда осы конкурстық комиссияның кез келген мүшесі ерекше пікірді құрайды, ол жазбаша түрде айтылады және конкурстық комиссия отырысының хаттамасына қоса беріледі.
68. Конкурстық комиссияның ұйымдастыру қызметін конкурстық комиссияның хатшысы қамтамасыз етеді. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссияның мүшесі болып табылмайды және конкурстық комиссия шешімдер қабылдаған кезде дауыс беру құқығы жоқ.
Конкурстық комиссияның хатшысы сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуге жауапты сатып алуды ұйымдастырушының құрылымдық бөлімшесі лауазымды адамдарының қатарынан белгіленеді.
Конкурстық комиссияның хатшысы:
1) конкурстық комиссия отырысының күн тәртібін қалыптастырады, конкурстық комиссияны қажетті құжаттармен қамтамасыз етеді, конкурстық комиссияның отырысын өткізуді ұйымдастырады;
2) конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасын, конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы, конкурс қорытындылары туралы хаттаманы, сондай-ақ конкурстық комиссия отырыстарының басқа да хаттамаларын ресімдейді және оларға қол қояды;
3) сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық комиссия қол қойған отырыстар хаттамаларын, сараптаманың (сараптау комиссиясының) қорытындысын жібереді;
4) конкурстық өтінімдерді ашқан сәттен бастап конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу құжаттарының және материалдардың сақталуын қамтамасыз етеді;
5) осы Қағидаларда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
69. Сатып алуды ұйымдастырушының әлеуетті жеткізушілер ұсынатын жұмыстардың конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекше нұсқамаға сәйкестігіне қатысты сараптама қорытындысын дайындау үшін және ең озық техникалық нұсқаманы (ең озық техникалық нұсқамаларды) айқындау үшін сараптама комиссиясын құруына не сарапшыны белгілеуіне жол беріледі.
Бұл ретте мынадай:
1) сатып алу рәсімдерінің нәтижесіне мүдделі;
2) тапсырыс берушінің, сатып алуды ұйымдастырушының не олардың ведомствоға қарасты, еншілес және тәуелді ұйымдарының бірінші басшыларының жақын туысы болып табылатын тұлғаны сарапшы ретінде тартуға жол берілмейді.
Сатып алуды ұйымдастырушының белгіленген талаптарға сәйкес келетін сарапшылары болмаған жағдайда, сатып алуды ұйымдастырушы не тапсырыс беруші сарапшы ретінде жұмыс істеуі үшін тиісті саладағы мемлекеттік қызметшілерді не мамандануы сатып алынатын жұмыстарға сәйкес келетін өзге да мамандарды тартады. Мемлекеттік қызметшілер сарапшы ретінде ақысыз негізде тартылады, ал өзге мамандар тараптардың келісуі бойынша ақылы, сондай-ақ ақысыз негізде де тартылады.
Сол немесе өзге тұлғаны сарапшы ретінде тарту үшін оның қызмет саласының сатып алу мәніне сәйкес келуі міндетті талабы болып табылады.
Бірнеше сарапшыны тартқан кезде сатып алуды ұйымдастырушы тартылған сарапшылар қатарынан сараптама комиссиясын құрады және олардың ішінен сараптама комиссиясының жетекшісін белгілейді.
Ақылы негізде сарапшы ретінде тартылатын адамдарды таңдау Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Сатып алуды ұйымдастырған кезде сатып алуды ұйымдастырушының сарапшы ретінде тапсырыс берушінің, сатып алуды ұйымдастырушының мамандарын тартуына жол беріледі.
Конкурстық комиссия шешім қабылдаған кезде сарапшылар дауыс бермейді.
70. Сарапшы (сараптама комиссиясы) әлеуетті жеткізушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан сараптама қорытындысын береді және конкурстық комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беруге құқылы емес. Конкурстық комиссия сарапшының (сараптама комиссияның) қорытындысын, егер ол конкурстық құжаттамада көзделген талаптар шегінде жасалса ғана міндетті түрде ескереді. Сараптама қорытындысы жазбаша түрде ресімделеді, оған сарапшы (сараптама комиссиясының мүшелері) қол қояды және конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қоса беріледі.
Сараптама комиссиясының қорытындысымен келіспеген жағдайда, сарапшы ерекше пікірін жазбаша түрде баяндайды, пікір сараптама комиссиясының қорытындысына қоса беріледі және оның ажырамас бөлігі болып табылады.
71. Конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуды жүргізуді бастамас бұрын конкурстық комиссия мүшелері, конкурстық комиссияның хатшысы, сондай-ақ сарапшы (сараптама комиссиясы) бекітілген конкурстық құжаттаманы және оның қосымшаларын оқып танысады.
4-параграф. Конкурсты өткізу туралы хабарлама
72. Сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілген күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ әлеуетті жеткізушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін соңғы ұсыну күнінен кемінде күнтізбелік он күн бұрын тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсында сатып алуды конкурс тәсілімен жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтінін жариялайды.
73. Конкурс тәсілімен қайталама сатып алуды жүзеге асырған жағдайда конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы күнінен кем дегенде күнтізбелік жеті күн бұрын тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсында конкурс тәсілімен қайталама сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарламаның мәтінін жариялайды.
74. Конкурс тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарлама Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді және онда мынадай мәліметтер қамтылады:
1) сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы, электрондық және пошталық мекенжайы;
2) жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алудың атауы;
3) конкурстық комиссия хатшысының тегі, аты, әкесінің аты, оның лауазымы және байланыс телефоны;
4) тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің атауы, сондай-ақ тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудің талап етілетін көлемі, орны және мерзімдері;
5) конкурстық құжаттаманың көшірмесін алу орны мен тәсілдері;
6) конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсыну орны мен соңғы мерзімі, сондай-ақ конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттерді ашу күні, уақыты және орны;
7) әлеуетті жеткізушінің сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың көшірмесін ұсынғаны үшін ақы төлеуі үшін, егер осындай ақы төлеу конкурстық құжаттамада көзделген болса, сатып алуды ұйымдастырушының деректемелері;
8) әлеуетті жеткізуші өкілінің конкурстық құжаттаманың көшірмесін алуға өкілеттіктерінің болуы талабы.
75. Сатып алуды ұйымдастырушының хабарламасында қамтылған мәліметтер конкурстық құжаттамада көрсетілген мәліметтерге сәйкес болуы тиіс.
5-параграф. Әлеуетті жеткізушілерге конкурстық құжаттаманы ұсыну
76. Сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы мүдделі тұлғаларға бекітілген конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсында жариялау арқылы ұсынылады.
77. Тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсында конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған, конкурс тәсілімен жүргізілетін сатып алуға қатысуға ниет білдірген тұлғалар туралы мәліметтер тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсында тіркеледі.
Конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған тұлғаларды тіркеу кезінде мынадай мәліметтер көрсетілуге тиіс:
1) тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді конкурс тәсілімен сатып алудың атауы және өткізу мерзімі;
2) тапсырыс берушінің және сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы, олардың орналасқан жері;
3) әлеуетті жеткізушілер туралы мәліметтер (әлеуетті жеткізушінің толық атауы, орналасқан жері мен байланыс телефондары);
4) әлеуетті жеткізушінің уәкілетті өкілінің конкурстық құжаттаманың көшірмесін алу уақыты мен күні.
78. Конкурс тәсілімен туарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыруды жариялағанға дейін конкурстық құжаттаманың көшірмесін ұсынуға жол берілмейді.
6-параграф. Конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру
79. Конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіруді сатып алуды ұйымдастырушы жүргізеді.
80. Мәліметтері тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсында тіркелген тұлғалар сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұратумен конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін кем дегенде күнтізбелік бес күн бұрын өтініш береді.
Конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрату сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық құжаттамада көрсетілген тәсілдермен жіберіледі.
81. Сатып алуды ұйымдастырушы сұратуды алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде оған жауап береді және сұратудың кімнен келіп түскенін көрсетпей-ақ конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру мәтінін тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсында конкурстық құжаттаманы алған әлеуетті жеткізушілерге хабарлай отырып, жариялайды.
82. Сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің соңғы күні аяқталғанға дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмейтін мерзімде өзінің бастамасы бойынша немесе мәліметтері тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсында тіркелген тұлғалардың сұратуына жауап ретінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді. Конкурстық құжаттамаға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізу Қағидалардың 48-тармағында белгіленген тәртіппен бекітіледі.
Сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсы арқылы енгізілген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың мәтінін мәліметтері тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсында тіркелген тұлғаларға жібереді.
83. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі күнтізбелік үшін күннен артық емес мерзімге ұзартылады.
7-параграф. Конкурсқа қатысуға өтінімдердің мазмұны мен ұсынылуы
84. Конкурсқа қатысуға өтінімәлеуетті жеткізушініңконкурстық құжаттамадабелгіленген талаптар мен шарттарға сәйкес тауарларды жеткізуді жүзеге асыруға, жұмыстарды орындауға қызметтерді көрсетуге келісімін білдіру нысаны болып табылады.
Конкурсқа қатысуға өтінімде әлеуетті жеткізушінің:
1) Қағидалардың 27-тармағында көзделген шектеулерді бұзушылығының болмауы туралы;
2) Қағидалардың 221-тармағында көзделген фактілер анықталған жағдайда, шартты бұзуға келісуі туралы растауы қамтылады.
Конкурсқа қатысуға өтінімге қоса берілетін мәліметтер және құжаттар Қағидалардың 85-тармағында айқындалады.
Конкурсқа қатысуға өтінімнің қолданылу мерзімі конкурстық құжаттамада белгіленген талап етілетін мерзімге сәйкес келеді.
85. Конкурсқа қатысуға ниет білдіргенәлеуетті жеткізушісатып алуды ұйымдастырушыға ұсынатын конкурсқа қатысуға өтінімде мыналар қамтылады:
1) үлгі конкурстық құжаттаманың 3 және 4-қосымшаларына сәйкес толтырылған және әлеуетті жеткізушінің қолы қойылған өтінім;
2) Қағидалардың 49-тармағының 4) тармақшасында көзделген және өзінің және ол тартқан қосалқы мердігерлерінің (бірлескен орындаушының) біліктілік талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі;
3) үлгі конкурстық құжаттаманың 5, 6 және 7-қосымшаларына сәйкес сатып алу процесіне қатысу үшін біліктілік туралы мәліметтер;
4) конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсынысына (бар болса) ықпал ететін критерийлерді растайтын құжаттар;
5) үлгі конкурстық құжаттаманың 10-қосымшасына сәйкес конкурста сатып алудың мәні болып табылатын жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсеткен кезде бірлескен орындаушылар) туралы және әлеуетті жеткізушінің қосалқы мердігерлерге (бірлескен орындаушыларға) мердігерлікке (бірлесіп орындауға) жұмыстардың (құрылыс құнының) қызметтердің жиынтығында үштен екіден асатын көлемін беруіне тыйым салынатын талап туралы мәліметтер қамтылуға тиіс;
6) ұсынылатын тауарлардың атаулары, шыққан жері, шыққан жылы, бар болса моделі көрсетілген, сондай-ақ тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары және (немесе) тауарлардың саны, жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудің көлемдері, тауарларға қызмет көрсетудің сапасына, тауарларды пайдалануға жұмсалатын шығыстарға кепілдік беру, тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызмет көрсету талаптары сипатталған техникалық ерекше нұсқама;
7) банк кепілдігі не сатып алуды ұйымдастырушының банк шотында не тапсырыс берушінің шотында орналастырылатын кепілдік ақша жарнасын растайтын төлем құжаты түріндегі Қағидаларда белгіленген мөлшердегі конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету;
8) әлеуетті жеткізушінің жарғысына сәйкес сенімхатсыз қол қоюға құқығы бар әлеуетті жеткізушінің бірінші басшысын қоспағанда, әлеуетті жеткізушінің мүддесін білдіретін адамға (адамдарға) конкурсқа қатысуға өтінімге қол қою және конкурстық комиссия отырыстарына қатысу құқығына берілген сенімхат.
Әлеуетті жеткізуші – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаның өтінімінде тиісті мемлекеттік орган берген заңды тұлғаны құрмастан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі де болады (шартты жасау үшін азаматтық құқық қабілеттілігінің болуын растау үшін).
86. Конкурсқақатысуға өтінімді әлеуетті жеткізуші сатып алуды ұйымдастырушыға тігілген, беттері нөмірленген түрде ұсынады және соңғы беті оның қолтаңбасымен және мөрімен куәландырылады(жеке тұлға үшін, егер ондай бар болса).
Конкурсқа қатысуға өтінімнің техникалық ерекше нұсқамасы (тігілген, беттері нөмірленген, соңғы бетінде әлеуетті жеткізушінің қолтаңбасымен және мөрімен куәландырылған түрде (жеке тұлға үшін, егер осындай бар болса) және конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді растайтын құжаттың түпнұсқасы жеке беріледі.
87. Конкурсқа қатысуға өтінімнің нысаны басып шығарылады немесе өшірілмейтін сиямен жазылады және оған әлеуетті жеткізуші қол қояды және мөрмен бекітеді (жеке тұлға үшін егер осындай болса).
88. Конкурстық өтінімде әлеуетті жеткізуші грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзетуі қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелерге, өшірулерге немесе қосымша жазуларға жол берілмейді.
89. Конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуға ниет білдірген әлеуетті жеткізуші конкурсқа қатысуға өтінімді оларды өткізудің соңғы мерзімі аяқталғанға дейін желімдеп жабылған конвертте ұсынады, оның бет жағында әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық мекенжайы (конкурсқа қатысуға өтінім «кешіккен» деп жарияланған болса, оны ашпастан қайтару мақсатында), сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы, конкурс тәсілімен сатып алудың атауы, сондай-ақ «(Конкурстың атауы көрсетіледі) сатып алу бойынша конкурс» және «(Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу күні және уақыты көрсетіледі) дейін ашылмайды» деген мәтіндер көрсетіледі.
90. Конкурстық құжаттамада белгіленген мерзім ішінде сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді қабылдайды.
91. Сатып алуды ұйымдастырушы:
1) әлеуетті жеткізушінің атынан конкурсқа қатысуға өтінім салынған конвертті ұсынған әлеуетті жеткізуші өкілінің өкілеттіктерін құжаттамалық растауының болуын тексереді;
2) конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерде Қағидалардың 89-тармағында көрсетілген мәліметтердің болуын тексереді.
Қағидалардың 89-тармағының талаптарын бұзуменресімделген конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер тіркелуге тиіс емес және мыналарға:
әлеуетті жеткізушілерге конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конвертті пошта байланысымен алған күнінен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей;
конкурсқа қатысуға өтінімі салынған конвертті ұсынған әлеуетті жеткізушінің уәкілетті өкіліне дереу қайтарады;
3) тиісінше ресімделген конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді қабылдайды және конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына (Қағидаларға 3-қосымша)осы тармақта көзделген мәліметтерді енгізеді;
4) конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімге өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайды;
5) конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін оны қайтарып алған кезде конкурсқа қатысуға өтінімнің қайтарылуын қамтамасыз етеді.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғаннан кейін ұсынылған конкурсқа қатысуға өтінім салынған конверт тіркелмейді және осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген тәртіппен және мерзімдерде қайтарылады.
әлеуетті жеткізушінің толық атауы және пошталық мекенжайы көрсетілмей ұсынылған конкурсқа қатысуға өтінім салынған конверт тіркелмейді және ашылмайды, бірақ күнтізбелік жыл бойы сақталуға тиіс.
92. Сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналында (Қағидаларға 3-қосымша)мынадай мәліметтерді көрсетеді:
1) конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алудың аты мен өткізу мерзімі;
2) тапсырыс берушінің және сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы, олардың пошталық мекенжайы;
3) әлеуетті жеткізушінің уәкілетті өкілінің тегі, аты, бар болса – әкесінің аты;
4) әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық мекенжайы, оның жеке сәйкестендіру коды немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
5) конкурсқа қатысуға өтінім салынған конвертті тіркеу күні мен уақыты;
6) әлеуетті жеткізуші конкурсқа қатысуға өтінімге енгізген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат.
Сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналында бас тартудың себебін көрсете отырып, конкурсқа қатысуға өтінімдерін тіркеуден бас тартылған әлеуетті жеткізушілерді көрсетеді.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ресімделеді,тігіледі, беттері нөмірленеді және конкурстық комиссия хатшысы әр бетіне қол қояды, конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналының соңғы бетінде сатып алуды ұйымдастырушының мөрімен бекітіледі. Бір қаржы жылы ішінде конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді барлық сатып алулар бойынша бірыңғай конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналын жүргізуге жол беріледі.
93. Конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін әлеуетті жеткізушінің енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімнің қамтамасыз етуді қайтарып алуға өзінің құқығын cақтай отырып, өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін өзгертуіне немесе қайтарып алуына жол беріледі. Өзгеріс конкурсқа қатысуға өтінімнің өзі сияқты дайындалады, желімделеді және ұсынылады.
Конкурс тәсілімен сатып алуға қатысуға өтінімдерді берудің соңғы мерзімі аяқталғаннан кейін конкурсқа қатысуға өтінімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге, сол сияқты қайтарып алуға жол берілмейді.
94. Конкурсқа қатысуға өтінімді қайтару туралы хабарлама әлеуетті жеткізушінің қолы қойылған және мөрімен бекітілген (жеке тұлға үшін, егер ондай болса) сатып алуды ұйымдастырушының атына жазылған еркін нысандағы өтініш түрінде ресімделеді.
95. Конкурсқа қатысуға өтінімге өзгерістер енгізу не конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу, егер оларды сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін алса, жарамды болып табылады.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғаннан кейін оларға ешқандай өзгерістер енгізілмейді.
96. Әлеуетті жеткізушісатып алуды ұйымдастырушыға конкурсқа қатысуға өтінімді қағаз тасымалдағышта конкурстық құжаттамада көрсетілген конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін ұсынады.
97. Мынадай:
1) әлеуетті жеткізуші бұрын осы конкурсқа қатысуға өтінім берген;
2) конкурсқа қатысуға өтінім осы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түскен;
3) Қағидалардың 27-тармағында көзделген жағдайларда әлеуетті жеткізушінің конкурсқа қатысуға өтінімін қабылдаудан бас тартылады.
98. Сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада белгіленген конкурсқа қатысуға өтінімдердің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейінгі күнтізбелік бес күннен кешіктірмей әлеуетті жеткізушілерден олардың қолданылуын нақты уақыт кезеңіне ұзартуды сұратады. Әлеуетті жеткізуші өзінің ұйғаруы бойынша мыналарға:
1) оның конкурсқа қатысуға өтінімінің қолданылу мерзімі ішінде конкурс тәсілімен өткізілетін сатып алуға қатысуға;
2) осындай өтінімнің қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін өзі енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қайтарып алуға құқығын жоғалтпастан осындай сұратудан бас тартады.
99. Әлеуетті жеткізушіөзінің конкурс тәсілімен өткізілетін сатып алуға қатысуына байланысты барлық шығыстарды көтереді. Тапсырыс беруші, сатып алуды ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, сараптау комиссиясы, сарапшы конкурс тәсілімен жүргізілетін сатып алудың нәтижесіне қарамастан осы шығыстарды өтеу бойынша міндеттемелерді атқармайды.
8-параграф. Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету
100. Әлеуетті жеткізуші конкурс тәсіліменөткізілетін сатып алуға өтінімді қамтамасыз етуді, оның:
1) конкурсқа қатысушы ретінде танылған жағдайда өзінің конкурстық баға ұсынысын белгіленген уақытта ұсынып, ал кейін қайтарып алмауына;
2) оны конкурстың жеңімпазы ретінде анықтаған кезде шарт жасауына;
3) шарт жасаған жағдайда конкурстық құжаттамада белгіленген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы талапты уақтылы және тиісінше орындауына кепілдік ретінде енгізеді.
101. Әлеуетті жеткізуші конкурсқақатысуға өтінімді қамтамасыз етуді конкурсқа (лотқа) туарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуға бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде не Қағидалардың 49-тармағының 4) тармақшасының оныншы абзацында көзделген жағдайда өткізілетін сатып алу сомасының жүз пайызына тең мөлшерде енгізеді. Әлеуетті жеткізуші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді конкурстық өтінім ұсынылған лоттарға ғана енгізеді.
Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді өтінімді конкурстың барлық лоттарына толық ұсынбаған кездегі лоттардан тұратын конкурсқа бөлінген жалпы сомаға енгізуге рұқсат беріледі.
102. Әлеуетті жеткізуші конкурс тәсілімен өткізілетін сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің мына түрлерінің бірін таңдайды:
1) кепілдік берілген ақша жарнасы, ол сатып алуды ұйымдастырушының банк шотына не тапсырыс берушінің шотына енгізіледі;
2) үлгі конкурстық құжаттаманың 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша банк кепілдігі.
Әлеуетті жеткізушінің үшінші тұлғалардың конкурс тәсілімен өткізілетін сатып алуға қатысуға оның өтінімінің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін енгізілген кепілдік берілген ақша жарнасына тұтастай не бір бөлігіне талап ету құқығының туындауына апаратын іс-қимылдарды жасауына рұқсат етілмейді.
Қағидаларда көрсетілген іс-қимылдарды қоспағанда, сатып алуды ұйымдастырушының немесе тапсырыс берушінің әлеуетті жеткізуші енгізген кепілдік берілген ақша жарнасын пайдалануына рұқсат берілмейді.
103. Банк кепілдігінің қолданылу мерзімі конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімінен кем емес мерзімге белгіленеді. Банк кепілдігінің қолданылу мерзімін өтінімді ұзарту мерзіміне ұзартуға рұқсат беріледі.
104. Әлеуетті жеткізуші, егер ол рәсімдердің екі кезеңі пайдаланылатын конкурс тәсілімен өткізілетін сатып алудың бірінші кезеңіне қатысса, конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізбейді.
105. Конкурстық комиссия конкурстық өтінімді қамтамасыз етуі жоқ барлық конкурстық өтінімдерден конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келмейтін өтінім ретінде бас тартады.
106. Сатып алуды ұйымдастырушы мына:
1) конкурсқа қатысушы ретінде танылған, Қағидалардың 144-тармағына сәйкес конкурстық баға ұсынысын бермеген әлеуетті жеткізушіні қоспағанда, конкурсқа қатысушы ретінде танылған әлеуетті жеткізуші белгіленген мерзімде конкурстық баға ұсынысын бермеген не қайтарып алған;
2) әлеуетті жеткізуші конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғаннан кейін конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алған не өзгерткен және (немесе) толықтырған;
3) конкурстың жеңімпазы ретінде танылған әлеуетті жеткізуші шартты жасаудан жалтарған;
4) конкурстың жеңімпазы шарт жасап, конкурстық құжаттамада белгіленген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы талаптарды орындамаған не тиісінше орындамаған, оның ішінде уақтылы орындамаған жағдайлардың бірі болған кезде конкурс тәсілімен өткізілетін сатып алуға қатысуға өтімді қамтамасыз етуді әлеуетті жеткізушіге қайтармайды.
Жоғарыда көрсетілген жағдайлардың бірі басталған кезде конкурс тәсілімен өткізілетін сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің сомасы тапсырыс берушінің тиісті бюджетіне кіріске алынады.
107. Сатып алуды ұйымдастырушы мына:
1) осы әлеуетті жеткізуші өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін қайтарып алған;
2) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған жағдайбасталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде әлеуетті жеткізушіге ол конкурс тәсілімен өткізілетін сатып алуға қатысуға енгізген өтінімді қайтарады. Көрсетілген жағдай конкурсқа қатысушы ретінде танылған әлеуетті жеткізушілерге қолданылмайды;
3) конкурс тәсілімен өткізілетін сатып алудың қорытындысы туралы хаттамаға қол қойылған жағдайбасталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде әлеуетті жеткізушіге ол конкурс тәсілімен өткізілетін сатып алуға қатысуға енгізген өтінімді қайтарады. Көрсетілген жағдай конкурстың жеңімпазы деп танылған конкурс қатысушысына қолданылмайды;
4) шарт күшіне енген және конкурстың жеңімпазы конкурстық құжаттамада көзделген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізген;
5) әлеуетті жеткізушінің конкурсқа қатысуға өтінімінің қолданылу мерзімі аяқталған жағдайлардың бірі басталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде әлеуетті жеткізушіге ол конкурс тәсілімен өткізілетін сатып алуға қатысуға енгізген өтінімді қайтарады.
9-параграф. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу және қарау, конкурсқа қатысуға рұқсат беру
108. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық құжаттамада көрсетілген күні, уақытында және орнында ашады және қарайды.
Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімі бар әрбір конвертті ашқан кезде конкурсқа қатысуға өтінімде қамтылған құжаттардың және материалдардың тізбесі туралы ақпаратты жариялайды.
109. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттерді ашуды сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада көрсеткен күні, уақытында және орнында, конкурстық комиссия мүшелерінің жай көпшілігінің қатысуымен жүргізеді.
Конкурсқа қатысуға өтінімді ұсынған әлеуетті жеткізушінің және (немесе) оның уәкілетті өкілінің құжаттарды қағаз тасымалдағышта ұсынған кезде конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашуға қатысуына рұқсат беріледі.
110. Егер конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу белгіленген күні конкурстық комиссия мүшелерінің жеткілікті саны, конкурстық комиссияның хатшысы, конкурстық комиссия төрағасы, ал ол болмаған кезде конкурстық комиссия төрағасының орынбасары болмаса, конверттерді ашу белгіленген уақытына дейінгі үш сағаттан кешіктірмей сатып алуды ұйымдастырушыға бұл туралы жазбаша не ауызша хабарлайды, ол конверттерді ашу рәсімі басталғанға дейін конкурстық комиссияның құрамына болмаған конкурстық комиссия мүшелерін, конкурстық комиссия хатшысын ауыстыру бөлігінде осындай ауыстырудың себебін көрсете отырып, өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдайды.
111. Конкурстық комиссияның отырысы басталғанға дейін конкурстық комиссия хатшысы әлеуетті жеткізушілер өкілдерінің конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттерді ашу рәсімін жүзеге асырған кезде әлеуетті жеткізушілердің мүдделерін білдіруге құжаттамалық ресімделген өкілеттіктерін тексереді.
112. Конкурс тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыруда және конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімдерде ұсынылған конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер ашылуға тиіс.
Конкурсқа қатысуға өтінім конкурсқа (лотқа) бір ғана өтінім ұсынылған жағдайда да ашылады және конкурстық құжаттамаға сәйкестігі тұрғысынан қаралады.
113. Конверттерді ашу бойынша конкурстық комиссияның отырысында:
1) конкурстық комиссияның төрағасы не оның орынбасары конкурстық комиссияның қызметін басқарады, сондай-ақ сатып алу рәсімдерінің тиісінше орындалуына бақылауды қамтамасыз етеді.
2) конкурстық комиссия мүшелері ішінен төраға ретінде белгілеген адам қатысушыларға мыналар:
конкурстық комиссияның құрамы туралы, конкурстық комиссияның хатшысы туралы;
әлеуетті жеткізушілердің сұратуларының болуы не болмауы, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру жөнінде әлеуетті жеткізушілермен кездесу өткізу туралы;
конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу фактілерінің болуы не болмауы, сондай-ақ себептері туралы;
конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналында тіркелген конкурсқа қатысуға өтінімдерді белгіленген уақытында ұсынған әлеуетті жеткізушілер туралы хабарлайды;
осы конкурс бойынша өзге де ақпаратты жариялайды;
хронологиялық тәртіппен конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді ұсынған әрбір әлеуетті жеткізуші туралы мәліметтерді жариялайды;
конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашады және өтінімде қамтылған, оның ішінде өтінімгеҚағидалардың 52-тармағында көзделген критерийлерді қолдануға болатынын растайтын құжаттардың тізбесін және олардың қысқаша мазмұнын жариялайды;
3) конкурстық комиссияның хатшысы:
Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасын ресімдейді;
әлеуетті жеткізушілерге немесе олардың уәкілетті өкілдеріне тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсында конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасын жариялау мерзімі туралы хабарлайды;
әлеуетті жеткізушілердің уәкілетті өкілдерінен конкурстық комиссияның іс-әрекеттеріне (немесе әрекетсіздігіне) шағымдарының немесе қарсылықтарының болуы туралы сұрайды.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер болмаған жағдайда конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу бойынша конкурстық комиссия отырысының хаттамасы ресімделмейді.
114. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашудың хаттамасына конкурстық комиссияға қатысушылардың барлығы, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды және әр парағына бұрыштама қояды.
115. Сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық комиссияның көрсетілген отырысы өткен күнінен кейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірмей тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсында конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашудың қол қойылған хаттамасының мәтінін жариялайды.
116. Конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттерді ашқан күнінен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей конкурстық комиссияның хатшысы:
1) конкурстық комиссияның төрағасымен, ол болмаған жағдайда конкурстық комиссия төрағасының орынбасарымен конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау бойынша конкурстық комиссияның отырысын өткізу күнін және уақытын келіседі;
2) конкурстық комиссия мүшелеріне конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау бойынша конкурстық комиссияның отырысын өткізу күні және уақыты турады хабарлайды;
3) конкурстық комиссияның қарауына әлеуетті жеткізушінің конкурстық құжаттамада көрсетілген біліктілік талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды, сондай-ақ әлеуетті жеткізушінің конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізгенін растайтын құжаттарды әлеуетті жеткізушілердің өтінімдерін уақытша беру журналына (Қағидаларға 9-қосымша) қол қойғыза отырып ұсынады.
4) сарапшыға (сараптау комиссиясына), олар тартылған жағдайда, қарау үшін әлеуетті жеткізуші ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды әлеуетті жеткізушілердің өтінімдерін уақытша беру журналына (Қағидаларға 9-қосымша)қол қойғыза отырып ұсынады.
117. Конкурстық комиссияның мүшелері, сарапшы (сараптау комиссиясының жетекшісі) әлеуетті жеткізушілердің конкурстық өтінімінің құжаттарын қарау кезінде конкурстық комиссия хатшысына қайтарғанға дейін олардың сақталуын қамтамасыз етеді.
118. Өтінімдерді қарау бойынша конкурстық комиссияның отырыстары конкурстық комиссия мүшелерінің жай көпшілігінің қатысуымен өткізіледі.
Конкурстық комиссияның отырысын өткізбестен конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауға рұқсат берілмейді.
119. Конкурстық комиссия:
1) әлеуетті жеткізушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін құрайтын құжаттар пакетін толықтығы және тиісінше ресімделуі тұрғысынан қарайды;
2) құжаттарды толық емес және (немесе) тиісінше ресімделмеген құжаттарды ұсынған әлеуетті жеткізушілерді анықтайды;
3) конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті жеткізушілерден конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін өтінімдерге байланысты материалдарды және түсіндірмелерді жазбаша түрде сұратады;
4) конкурсқа қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау үшін конкурстық комиссия жазбаша нысанда тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты жазбаша түрде сұратып алады. Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімді конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестендіруге байланысты сұратуларына және өзге де іс-қимылдарына жол берілмейді. Конкурсқа қатысуға өтінімді конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестендіру деп конкурсқа қатысуға өтінімді жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды түзету арқылы сәйкестендіруге бағытталған конкурстық комиссияның іс-қимылдары түсініледі;
5) конкурстық құжаттаманың біліктілік және басқа да талаптарына сәйкес келетін әлеуетті жеткізушілерді анықтайды және оларды конкурсқа қатысушы ретінде таниды.
Әлеуетті жеткізушілердің олардың банкроттық рәсіміне қатысты болмауын және (немесе) атқарушы құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелердің болмауы бөлігінде жалпы біліктілік талаптарға сәйкестігін және борышкерлердің тиісті тізіліміне енгізілмегенін нақтылау мақсатында, конкурстық комиссия оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсындажәне атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған ақпаратты қарайды.
120. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімнің енгізілген қамтамасыз етуін мынадай:
1) банк кепілдігі түрінде ұсынылған конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі жеткіліксіз болған;
2) конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету тиісінше ресімделмеген жағдайда, бұл мынадай:
банктің уәкілетті тұлғасының қолтаңбасы мен банк кепілдігінде банктің мөрі;
қатысу үшін банк кепілдігі түрінде ұсынылған өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алудың атауы;
банк кепілдігі түрінде және (немесе) өтінімді қамтамасыз ету сомасы түрінде ұсынылған конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі, сондай-ақ оны ұсыну талаптары;
конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету берілген тұлға туралы;
пайдасына конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін тұлға туралы мәліметтердің болмауын білдіреді.
3) конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді конкурсқа (лотқа) бөлінген соманың бір пайызынан кем мөлшерде не өткізілетін сатып алулар сомасының жүз пайызынан кем енгізген жағдайларда конкурстық құжаттамаға сәйкес келмейді деп таниды.
121. Заңды тұлға болып табылатын әлеуетті жеткізуші, егер:
1) ол және (немесе) оның қосалқы мердігері не бірлесіп атқарушы мынадай:
әлеуетті жеткізуші қызметті Үлгі жарғының негізінде жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, нотариат куәландырған жарғының көшірмесін не сауда тізілімінен қазақ және (немесе) орыс тілдеріне аударылған нотариат куәландырған заңдастырылған үзінді көшірмесін ұсынбаған;
лицензиялардың не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензияның және (немесе) патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, рұқсаттардың, сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және өткізуге, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге әлеуетті жеткізушінің құқығын растайтын басқа да құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін бермеу;
электрондық құжаттың қағаздағы көшірмесі түрінде лицензияны бермеген, сондай-ақ электрондық құжаттың қағаздағы көшірмесі түрінде лицензияны берген кезде мемлекеттік ақпарат жүйесінде мәліметтер болмаған;
заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесін немесе заңды тұлға қызметін Үлгі жарғысы негізінде жүзеге асырған жағдайда мемлекеттік тіркеу туралы өтініштің көшірмесін бермеген;
заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы бермеген;
құрылтайшы немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәліметтерді қамтитын құрылтай құжаттарынан (жарғыда құрылтайшылар немесе құрылтайшылардың құрамы қамтылмаған жағдайда) нотариат куәландырған үзінді көшірмесін не конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдың ішінде берілген, акция ұстаушылардың тізілімінен белгіленген тәртіппен қол қойылған және мөрмен расталған үзінді көшірменің түпнұсқасын ұсынбаған;
Үлгі конкурстық құжаттамаға 9-қосымшағасәйкес әлеуетті жеткізушіге қызмет көрсетілетін банктің немесе банк филиалының, конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдың ішінде берілген, әлеуетті жеткізушінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6793 тіркелген «Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы» 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің жоғы туралы анықтамасының қолтаңба мен мөр қойылған түпнұсқасын ұсынбаған (егер әлеуетті жеткізуші бірнеше екінші деңгейдегі банктің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылмаған);
банктің немесе банк филиалы анықтамасының түпнұсқасында әлеуетті жеткізушінің осы анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешегі болған;
конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашатын күннің алдындағы бір ай ішінде берілген, салық төлеушінің үш айдан астам (төлеу мерзімі 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес мерзімі ұзартылған жағдайларды қоспағанда) нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5446 тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Дербес шоттарды жүргізу ережелерін бекіту туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 622 бұйрығына сәйкес міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша салықтық берешегінің жоғы (болуы) туралы тиісті салық органының анықтамасының түпнұсқасын бермеген;
тиісті салық органының анықтамасында үш айдан астам (төлем мерзімі 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) бір теңге мөлшерінде және одан астам салықтық берешегі және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегі туралы мәліметтер болған;
үлгі конкурстық құжаттаманың 5, 6 және 7-қосымшаларына сәйкес біліктілік туралы мәліметтерді бермеген;
біліктілік туралы мәліметтерде әлеуетті жеткізушінің телефон нөмірлері туралы мәліметтердің, тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күнінің болмауы өтінімнен бас тартуға негіздеме болып табылмайды. Бұл ретте конкурстық комиссия осындай әлеуетті жеткізушіге жұмыс тәжірибесі бойынша конкурстық баға ұсынысын шартты төмендетуді қолданбайды;
біліктілік талаптар бойынша дәйексіз ақпарат беру фактісі анықталған;
ол банкроттық не тарату рәсіміне жатқызылған негіздемелер бойынша біліктілік талаптарға сәйкес келмейді деп анықталған жағдайда конкурсқа қатысуға жол берілмейді;
2) егер оның конкурсқа қатысуға арналған өтінімі:
Үлгі конкурстық құжаттаманың 3-қосымшасына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімді ұсынбаса;
техникалық ерекше нұсқаманы ұсынбаса;
әлеуетті өнім берушінің неғұрлым жақсы техникалық, сапалы және пайдалану сипаты бар техникалық ерекше нұсқаманы беру жағдайларын қоспағанда, конкурстық құжаттаманың техникалық ерекше нұсқамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін техникалық ерекше нұсқаманы беруі;
Үлгі конкурстық құжаттаманың 10-қосымшасына сәйкес конкурста сатып алу мәні болып табылатын жұмыстарды, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерге (бірлескен орындаушыларға) беретін (әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлерді (бірлескен орындаушыларды) тартқан жағдайда) жұмыстар мен қызмет түрлерін орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер туралы мәліметтер берілмеген;
қосалқы мердігерлер туралы мәліметтер берген жағдайда, әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерлерге (бірлескен орындаушыларға) қосалқы мердігерлікке жиынтығы жұмыстар (құрылыс құнының), көрсетілетін қызметтер көлемінің үштен екісінен астамын беру;
конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді ұсынбау негіздемелері бойынша конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейді деп анықталса;
3) ол және (немесе) оның қосалқы мердiгері не бірлескен орындаушысы Қағидалардың 27-тармағының талаптарын бұзса, конкурсқа қатысуға жiберiлмейдi.
122. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға болып табылатын әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға жіберілмейді және конкурсқа қатысушысы болып танылмайды, егер:
1) ол және (немесе) оның қосалқы мердігері не бірлескен орындаушысы мынадай негіздер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін болып анықталса:
тиісті мемлекеттік орган берген заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесін бермеу;
жеке куәліктің (паспорт) нотариалдық куәландырылған көшірмесін бермеу;
лицензияның және (немесе) патенттердiң, куәлiктердiң, сертификаттардың, рұқсаттардың, әлеуетті өнім берушiнiң сатып алынатын тауарларды өндiруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және өткiзуге, жұмыстарды орындауға және қызметтердi көрсетуге құқығын растайтын басқа да құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн бермеу;
лицензияны электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түрінде бермеуі, лицензияны электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түрінде берген кезде, мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтердің болмауы;
Үлгі конкурстық құжаттамаға 9-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсетілетін банктің немесе банк филиалының қолдары және мөрлері бар әлеуетті өнім берушінің Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6793 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарын бекіту туралы» 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтаманың конверттерді ашатын күннің алдындағы бір ай ішінде берілген түпнұсқасын (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктердің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осындай анықтаманы осындай банктердің әрқайсысынан бермеуі) бермеу;
банктің немесе банк филиалының қолы және мөрі қойылған анықтаманың түпнұсқасында әлеуетті өнім берушінің осы анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің болуы;
конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашатын күннің алдындағы бір ай ішінде берілген салық төлеушінің үш айдан астам (төлеу мерзімі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі)Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес мерзімі ұзартылған жағдайларды қоспағанда) салық берешегінің және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5446 тіркелген, «Дербес шоттарды жүргізу ережелерін бекіту туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 622 бұйрығына сәйкес міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы тиісті салық органы анықтамасының түпнұсқасын бермеу;
тиісті салық органының анықтамасында үш айдан астам (төлем мерзімі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі)Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) бір теңге мөлшерінде салық берешегі және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешек туралы мәліметтердің болуы;
Үлгі конкурстық құжаттаманың 5, 6 және 7-қосымшаларына сәйкес біліктілік туралы мәліметтердің ұсынылмауы;
біліктілігі туралы мәліметтерде әлеуетті өнім берушінің телефон нөмірлері туралы ақпараттың, тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күнінің көрсетілмеуі өтінімді кері қайтару үшін негіз болып табылмайды. Бұл ретте, конкурстық комиссия мұндай әлеуеттiөнiмберушiге жұмыс тәжірибесі бойынша конкурстық баға ұсынысын шартты азайтуды қолданбайды;
біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат беру фактісі анықталса;
олбанкроттық рәсіміне не таратуғажатады;
2) егер оның конкурсқа қатысуға өтінімі мынадай негіздер бойынша конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін болып анықталса:
Үлгі конкурстық құжаттаманың 4-қосымшасына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінім ұсынылмаса;
техникалық ерекше нұсқама ұсынылмаса;
ең үздік техникалық, сапалы және пайдалануға беру сипаттары бар техникалық ерекше нұсқаманы ұсыну жағдайларын қоспағанда, конкурстық құжаттаманың техникалық ерекше нұсқамасында белгіленген талаптарға сәйкес емес техникалық ерекше нұсқаманы әлеуетті өнім беруші ұсынса;
конкурста сатып алу мәні болып табылатын жұмысты орындау бойынша мердігерлер туралы (қызметті көрсету кезінде мәліметтің берілмеуі (қызметті көрсету кезінде қоса орындаушылар), сондай-ақ Үлгі конкурстық құжаттамаға 10-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерлерге беретін жұмыстар мен қызметтердің түрі (әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлерді тартқан жағдайда (бірлескен орындаушылар);
әлеуетті жеткізушілердің қосалқы мердігерге қоса алғанда жұмыстың екіден үш көлемін (құрылыс бағасын) мердігерлікке (бірлескен орындауға), қосалқы мердігерлер туралы мәліметтер ұсынылған жағдайда қызметтерді беруі;
конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді ұсынбаса;
3) ол және (немесе) оның қосалқы мердiгері не бірлескен орындаушысы Қағидалардың 27-тармағының талаптарын бұзса, конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
123. Сарапшы не сараптама комиссиясы конкурстық комиссия төрағасы белгілеген мерзімде, бірақ әлеуетті жеткізушілердің конкурсқа қатысуға ұсынған өтінімін қарау мерзімінен кешіктірмей:
1) олар ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестігін растау үшін әлеуетті жеткізушілер ұсынған құжаттардың толықтығы және тиесілі ресімделуі мәніне қарайды және өз құзыреті шегінде зерделейді және ең үздік техникалық ерекше нұсқаманы айқындайды;
2) әлеуетті жеткізушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің, конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекше нұсқама қызметтерінің сәйкестігі не сәйкес келмеуі туралы сараптама қорытындысын ресімдейді және оған қол қояды;
3) тиесілі түрде ресімделген сараптама қорытындысын ұсынады, сондай-ақ әлеуетті жеткізушілердің құжаттарын конкурстық комиссияның хатшысына береді.
124. Сарапшының (сараптама комиссиясының) қорытындысына сарапшы ерекше пікір білдіретін жағдайларды қоспағанда, сарапшы немесе сарапшылар әр бетіне қол қояды және бұрыштама соғады.
125. Сарапшының (сараптама комиссиясының) қорытындысын алғаннан кейін конкурстық комиссияның хатшысы:
1) бұл туралы конкурстық комиссия төрағасына, ал ол болмаған жағдайда конкурстық комиссия төрағасының орынбасарына хабардар етеді және онымен конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау қорытындыларын шығару үшін конкурстық комиссия отырысы өткізілетін күнді және уақытты келіседі;
2) конкурстық комиссияның мүшелеріне, сондай-ақ сарапшыға (сараптама комиссиясына) конкурстық комиссия отырысы өткізілетін белгіленген күн мен уақыт туралы хабардар етеді.
126. Конкурсқа қатысуға өтінім, егер онда ұсынылған өтінімнің мәніне тиіспей жөндеуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап береді деп танылады.
127. Конкурсқа қатысуға өтінімді қарауды, егер сараптама комиссиясы не сараптама айқындалмаса және оларды конкурсқа қатысушылар деп танығанда конкурстық комиссия біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін әлеуетті жеткізушілерді айқындау мақсатында, оның ішінде ең үздік техникалық ерекше нұсқаманы (нұсқамаларды) белгілеу бөлігінде жүзеге асырады.
Ең үздік техникалық ерекше нұсқама функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын, ұсынылатын тауарларды, қызметтерді тестілеу нәтижелерін бағалау негізінде айқындалады.
128. Ең үздік техникалық ерекше нұсқаманы (нұсқамаларды) оның (олардың) болмауына байланысты айқындау мүмкін болмаған жағдайда тапсырыс беруші мәлімдеген функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларына сәйкес техникалық ерекше нұсқама қарауға жатады.
129. Конкурсқа қатысуға өтінімді әлеуетті жеткізушілердің біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес болу мәніне қарау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия:
1) әлеуетті жеткізушілер біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес болмаған жағдайда Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттаманы;
2) әлеуетті жеткізушілер біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес болған жағдайда Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманыресімдеу арқылы шешімдердің біреуін қабылдайды.
130. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттер ашылған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде әлеуетті жеткізушілерді конкурсқа қатысуға алдын ала жіберу не жіберу (конкурсқа қатысушылар деп тану) туралы (күрделі техникалық сипаттамалары және ерекше нұсқамалары бар тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді күрделі сатып алу жүргізілген жағдайда, мұндай өтінімдер конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттер ашылған күннен бастап жиырма күнтізбелік күн ішінде қаралады) шешім қабылдайды.
131. Әлеуетті жеткізушілер біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес болған жағдайда конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттама жасау қажет етілмейді.
132. Конкурстық комиссия біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес емес әлеуетті жеткізушілерді анықтаған жағдайда осындай әлеуетті жеткізушілерге конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттаманы жариялаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысуға арналған өтінімді біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіру құқығын береді.
133. Конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттамаға әлеуетті жеткізушілердің біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес болмау себептері көрсетілген ақпарат қосылады.
Конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттамаға отырысқа қатысқан конкурстық комиссияның барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы әлеуетті жеткізушілерді конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы шешім қабылдайтын күні парақтап қол қояды және конкурстық комиссияның хатшысы оған қол қойылған күні тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсына жариялайды.
134. Біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтірілген конкурсқа қатысуға өтінімді қайта қарау кезінде, конкурстық комиссия:
1) әлеуетті жеткізушілерден конкурсқа қатысуға өтінімді қарауды, бағалауды және түсіндіруді жеңілдету үшін олардың өтініштеріне байланысты жазбаша нысанда және (немесе) электронды құжат нысанында материалдар мен түсініктемелерді;
2) конкурсқа қатысуға өтінімдердегі мәліметтерді нақтылау мақсатында, тиісті жеке немесе заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан жазбаша нысанда және (немесе) электронды құжат нысанында ақпаратты сұратады.
135. Сарапшы не сараптама комиссиясы белгіленген мерзімде, бірақ конкурсқа қатысуға өтінімді қарау мерзімінен кешіктірмей, өтінімдерді қайта қарайды және Қағидалардың 123 және 124-тармақтарына сәйкес қорытынды береді.
136. Конкурсқа қатысуға өтінімді қарау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия бес жұмыс күні ішінде:
1) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес әлеуетті жеткізушілерді айқындайды және конкурсқа қатысушыларды таниды;
2) конкурсқа қатысушыларға Қағидалардың 52-тармағында көзделген өлшемдердің салыстырмалы мәндерін қолданады;
3) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы ресімдейді.
137. Әлеуетті жеткізуші, егер:
1) ол және (немесе) оның қосалқы мердiгері Қағидаларда белгіленген негіздемелер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес еместігі айқындалса;
2) ол Қағидалардың 27-тармағының талаптарын бұзса;
3) оның конкурсқа қатысуға берілген өтінімі Қағидаларда белгіленген негіздемелер бойынша конкурстық құжаттаманың талаптары мен жағдайларына сәйкес еместігі айқындалса конкурсқа қатысуға жіберілмейдіжәне конкурсқа қатысушы болып танылмайды.
Егер әлеуетті жеткізуші конкурсқа қатысуға жіберілмесе, конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада мұндай әлеуетті жеткізушінің конкурсқа қатысуға берілген өтінімінен бас тарту негіздемелері көрсетіледі.
138. Егер конкурс тәсілімен сатып алу лоттардан тұратын болса, онда конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада конкурсқа қатысушылар әрбір лот бойынша көрсетіледі. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы жалпы хаттаманы конкурсқа қатысушыларды әрбір лот бойынша көрсету жағдайында ресімдеуге рұқсат етіледі.
139. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға отырысқа қатысқан конкурстық комиссияның барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы әлеуетті жеткізушілерді конкурсқа қатысуға жіберу (конкурсқа қатысушылар деп тану) туралы шешім қабылданған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей парақтап қол қояды. Конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттамаға бар болса сараптама қорытындысы не конкурстық комиссия мүшесінің ерекше пікірі, сарапшының (сараптама комиссиясы мүшесінің) ерекше пікірі қоса беріледі.
140. Конкурстық комиссия хатшысы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған күні оны тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсына жариялайды.
10-параграф. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру
141. Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті жеткізуші (конкурсқа қатысушы) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада көрсетілген мерзімнен кешіктірмей сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық баға ұсынысы салынған конвертті береді.
Конкурстық баға ұсынысы салынған конвертті конкурстық комиссияның хатшысы олардың түсуіне орай конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналына (Қағидаларға 4-қосымша) тіркейді.
142. Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті жеткізуші (конкурсқа қатысушы) тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру кезінде ең үздік техникалық ерекше нұсқамаға қонкурстық баға ұсынысын ұсынады.
143. Егер тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің ең үздік техникалық ерекше нұсқамасы (нұсқамалары) анықталмаса, конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті жеткізушілер (конкурсқа қатысушылар болып танылған) конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын ең үздік техникалық ерекше нұсқамаға қонкурстық баға ұсынысын ұсынады.
144. Техникалық ерекше нұсқамасы ең үздік деп анықталмаған конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті жеткізуші (конкурсқа қатысушы) Қағидалардың 143-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, конкурстық баға ұсынысын ұсынбайды.
145. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада белгіленген мерзім ішінде конкурстық комиссияның хатшысы:
1) конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттерді беру және конкурстық комиссияның отырысына қатысу үшін конкурсқа қатысушылардың өкілдерінде өкілеттіктерінің құжаттамалық расталуының болуына көз жеткізеді;
2) конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналына (Қағидаларға 4-қосымша) конкурсқа қатысушылар не олардың уәкілетті өкілдері туралы мәліметтерді енгізеді.
146. Мыналар:
1) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада белгіленген уақыт өткеннен кейін ұсынылған;
2) конкурсқа қатысушы осы конкурс бойынша баға ұсынысын бұрын ұсынған конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттер бағалауға және салыстыруға қабылданбайды.
Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналына (Қағидалардың 4-қосымшасы) осындай бас тартудың себебін баяндай отырып, конкурсқа қатысушылардың тізімін көрсетеді.
147. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада белгіленген күні, уақытта және орында конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөнінде отырыс өткізеді.
Конкурстық комиссияның отырысында:
1) конкурстық комиссияның төрағасы не конкурстық комиссия мүшелерінің арасынан төраға белгілеген адам:
конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттерді оларды тіркеудің хронологиялық тәртібімен ашады;
конкурстық баға ұсыныстарын ұсынған конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын тіркеудің хронологиялық тәртібімен жариялайды;
конкурстық комиссияның төрағасына конкурстық баға ұсыныстары бар ашылған конверттерді береді;
2) конкурстық комиссия:
конкурсқа қатысушылардың осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды конкурс тәсілімен жүзеге асыру үшін бөлінген сомадан асып түсетін конкурстық баға ұсыныстарын қабылдамайды;
демпингтік болып табылатын конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысын қабылдамайды;
конкурсқа қатысушылардың қабылданбаған кемінде екі конкурстық баға ұсыныстарына қатысты конкрсқа қатысушылардың шартты бағасын конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада көрсетілген өлшемдердің пайыздық мәнін қолдану арқылы айқындайды, конкурсқа қатысушылардың шартты бағасын салыстырады және олардың ішінен ең төменгі шартты баға негізінде конкурстың жеңімпазын айқындайды.
Конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағасы тең болған кезде конкурс мәні болып табылатын сатылып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында көбірек тәжірибесі бар әлеуетті жеткізуші жеңімпаз болып танылады. Шартты бағалары тең бірнеше әлеуетті жеткізушілердің жұмыс тәжірибесі тең болған жағдайда конкурстық баға ұсынысы басқа әлеуетті жеткізушілердің конкурстық баға ұсыныстарынан бұрын түскен әлеуетті жеткізуші жеңімпаз болып танылады.
148. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссия отырыстарының нәтижелері бойынша:
1) конкурстық комиссияның төрағасы, ал ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары конкурстық баға ұсыныстарын бағалауды және салыстыруды жүргізу күні:
конкурстық комиссияның отырыстарына қатысып отырған адамдарға конкурс тәсілімен жүргізілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың нәтижелерін жариялайды;
конкурс жеңімпазын хабарлайды;
ұсынысы барынша басым болып табылатын конкурсқа қатысушыны айқындайды;
конкурс жеңімпазына қол қойылған жазбаша хабарламаны береді;
2) конкурстық комиссияның хатшысы:
конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссия отырысы өткізілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың қорытындылары туралы хаттаманың жобасын жасайды және қол қояды;
ол туралы мәліметтер конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына (Қағидалардың 3-қосымшасы) енгізілген конкурсқа қатысуға өтінім берген кез келген әлеуетті жеткізушінің талап етуі бойынша осындай жазбаша сұрау салуды алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде осындай әлеуетті жеткізушілердің уәкілетті өкілдеріне жүргізілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу қорытындылары туралы хаттаманың көшірмесін өтеусіз негізде жібереді не ұсынады;
конкурс тәсілімен жүргізілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде тапсырыс берушіге көрсетілген хаттаманың көшірмесін ұсынуды қамтамасыз етеді.
149. Сатып алуды ұйымдастырушы конкурс тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы жасайды және конкурс тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсына жариялайды.
150. Тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) конкурс тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсына жариялаған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде шарттың жобасына қол қояды және конкурс жеңімпазына жібереді.
151. Конкурс тәсілімен сатып алу мынадай жағдайлар басталған кезде өтпей қалды деп танылады:
1) конкурсқа қатысуға берілген өтінімдер болмағанда;
2) конкурсқа қатысуға екіден кем өтінім берілгенде;
3) конкурсқа қатысуға бірде-бір әлеуетті жеткізуші жіберілмесе;
4) конкурсқа қатысуға бір әлеуетті жеткізуші жіберілсе;
5) конкурсқа қатысушылардың берілген конкурстық баға ұсыныстары болмағанда;
6) конкурсқа қатысушылар кемінде екі конкурстық баға ұсынысын бергенде;
7) Қағидалардың 147-тармағының екінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген жағдайларда конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары қабылданбағаннан кейінконкурсқа қатысушылардың кемінде екі конкурстық баға ұсынысы бағалауға және салыстыруға жататын болса;
8) конкурстың жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарса, ұсынысы барынша басым болып табылатын конкурсқа қатысушы шарт жасаудан бас тартса.
152. Егер конкурс тәсілімен сатып алу болмай қалды деп танылғанда, тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) мынадай шешімдердің біреуін қабылдайды:
1) конкурс тәсілімен сатып алуды қайта жүргізу туралы;
2) конкурстық құжаттаманы өзгерту және конкурс тәсілімен сатып алуды қайта жүргізу туралы;
3) тікелей шарт жасау тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы.
Конкурс тәсілімен сатып алу конкурсқа қатысуға тек бір әлеуетті жеткізушінің жіберілуіне байланысты өткізілмеді деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) осы жеткізушімен шарт жасау туралы шешім қабылдайды. Жасалынған шарттың бағасы конкурсқа бір әлеуетті жеткізушінің қатысуына орай өткізілмеді деп танылған конкурс тәсілімен сатып алу үшін бөлінген сомадан аспайды.
Конкурс тәсілімен сатып алу конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары қабылданбағаннан кейін конкурсқа қатысушының қабылданбаған бір конкурстық баға ұсынысы қалған жағдайда, тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) осы жеткізушімен тікелей шарт жасау туралы шешім қабылдайды. Шарт оның конкурсқа қатысуға өтінімінде көзделген талаптармен жасалынады және онымен жасалған шарттың бағасы оның конкурстық баға ұсынысына сәйкес көрсетіледі.
153. Егер шартта конкурс жеңімпазының аванс (алдын ала төлем) төлеуі және (немесе) Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді ұсынуы көзделсе, онда конкурс жеңімпазы шарт жасаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді ұсынады.
154. Егер конкурс жеңімпазы болып танылған әлеуетті жеткізуші шартқа белгіленген мерзімде қол қоймаса, тапсырыс беруші әлеуетті жеткізуші салған шарттың орындалуын қамтамасыз етуді ұстап қалады және ұсынысы конкурс жеңімпазының ұсынысынан кейін техникалық ерекше нұсқамасы бойынша және баға бойынша барынша басым болып табылатын конкурстың басқа қатысушысымен шарт жасауға рұқсат беріледі.Тапсырыс беруші конкурс жеңімпазымен шартқа қол қою мерзімі аяқталған сәттен бастап он күннің ішінде конкурстық өтінімі барынша басым болып танылған конкурсқа қатысушыға оны конкурс жеңімпазы деп тану туралы хабарламаны және шарттың жобасын жібереді.
Конкурстық өтінімі барынша басым болып танылған конкурсқа қатысушы бұл туралы хабарлама және шарттың жобасын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде шартқа қол қояды немесе тапсырыс берушіге келіспеушіліктер туралы немесе шартқа қол қоюдан бас тарту туралы жазбаша хабарлайды.
155. Егер конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі аяқталса және шарт жасалмаса немесе бұзылса, онда тапсырыс беруші қайта конкурс жариялайды немесе тікелей шарт жасау тәсілімен сатып алуды жүзеге асырады.
11-параграф. Демпинг
156. Әлеуетті жеткізушінің жұмыстарға, құрылыс-монтаж жұмыстарына, белгіленген тәртіппен бекітілген сметалық, жоба алдындағы, жобалық (жобалау-сметалық) құжаттамасы бар кешенді жұмыстарға, жоба алдындағы, жобалық және зерттеу жұмыстарына арналған конкурстық өтінімінің бағасы, егер ол техникалық-экономикалық негіздемеде (құжаттаманы дайындау үшін) және мемлекеттік сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамада көрсетілген бағадан төмен болса және белгіленген тәртіппен бекітілген қосылған құнға салықты есептемей тауарларды, жұмысты, көрсетілетін қызметті сатып алудың жылдық жоспарында сатып алу үшін көзделген сомадан он бес пайыздан астам төмен болған жағдайда, демпингтік деп танылады.
157. Әлеуетті жеткізушінің консультациялық (консалтингтік) қызметтерге арналған конкурстық өтінімінің бағасы, егер ол конкурсқа қатысушылардың қабылданған және қосылған құнға салықты есептемей тауарларды, жұмысты, көрсетілетін қызметті сатып алудың жылдық жоспарында сатып алу үшін көзделген сомадан аспайтын конкурстық баға ұсыныстарына орташа арифметикалық бағасынан жетпіс пайыздан астам төмен болған жағдайда, демпингтік деп танылады.
158. Қағидалардың 156 және 157-тармақтарында көрсетілмеген жұмысқа және көрсетілетін қызметке баға ұсынысы, егер ол барлық ұсынылған баға ұсыныстарының орташа арифметикалық бағасынан отыз пайыздан астам төмен болған және қосылған құнға салықты есептемей тауарларды, жұмысты, көрсетілетін қызметті сатып алудың жылдық жоспарында сатып алу үшін көзделген сомадан аспайтын конкурстық баға ұсыныстарына жағдайда, демпингтік деп танылады.
159. Қағидалардың 156, 157 және 158-тармақтарының талаптары конкурс тәсілімен сатып алу рәсімдерін жүзеге асыру кезінде жеңілдіктерді ескере отырып, әлеуеттік жеткізуші ұсынған жалпы (жиынтық) бағаға қолданылады.
160. Конкурстық комиссия әлеуетті жеткізушілердің конкурсқа қатысуға ұсынылатын конкурстық өтінімдердің демпингтік бағасын ұсыну фактісін анықтаған кезде конкурстық комиссия конкурстың қорытындылары туралы хаттамаға конкурстық өтінімдерді қабылдамау себебін көрсету мақсатында мынадай ақпаратты қамтиды:
1) конкурстық өтінімнің орташа арифметикалық бағасын есептеу тәртібі;
2) конкурстық өтінімнің орташа арифметикалық бағасы;
3) бағасы демпингтік деп айқындалған конкурстық өтінімдер.
12-параграф. Екі кезеңді рәсімдерді пайдаланған конкурс
161. Екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен сатып алу:
тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің егжей-тегжейлі өзіндік ерекшелігін толық тұжырымдау әрі олардың техникалық және өзге де сипаттамаларын айқындау қиын және (немесе) әлеуетті жеткізушілердің ұсыныстарын сұрату не туындаған мәселелер бойынша олармен келіссөз жүргізу қажет болған;
зерттеулер, эксперименттер, іздестірулер жүргізу немесе әзірлемелер жасау қажет болған жағдайларда өткізіледі.
162. Екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен сатып алу мынадай дәйекті кезеңдердің жиынтығын білдіреді:
1) бірінші кезеңде мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:
тапсырыс берушінің сатып алуды ұйымдастырушыны айқындауы;
сатып алуды ұйымдастырушының сараптама комиссиясын құруы не сарапшыны айқындауы;
сараптама комиссиясының не сарапшының тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) қажеттілігі негізінде сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге техникалық тапсырманы қалыптастыруы;
тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсын айқындау;
екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен сатып алуды өткізу туралы хабарландыруды тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсында жариялау;
сатып алуды ұйымдастырушының екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен сатып алудың бірінші кезеңіне қатысуға мүдделі тұлғаларға техникалық тапсырма табыс етуі;
әлеуетті жеткізушілердің техникалық тапсырмаға және (немесе) тауарлардың тестілеуге арналған үлгілеріне сәйкес әзірленген техникалық ұсыныстарды табыс етуі;
сараптама комиссиясының не сарапшының әлеуетті жеткізушілердің техникалық ұсыныстарын қарауы және олармен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық, сапалық және (немесе) өзге де сипаттамаларына, оларды жеткізудің (орындаудың, көрсетудің) шарттық талаптарына қатысты мәселелерді талқылауы;
сараптама комиссиясының не сарапшының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекше нұсқамаларын әзірлеуі;
сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманы әзірлеуі және оны:
Ұлттық Банкте – жауапты бөлімшеге жетекшілік ететін Ұлттық Банк Төрағасы орынбасарының немесе уәкілетті лауазымды тұлғаның;
Ұлттық Банктің филиалында – филиал директорының немесе оның міндетін атқаратын тұлғаның;
Ұлттық Банктің ұйымында – бірінші басшының немесе оның міндетін атқаратын тұлғаның не атқарушы органның немесе уәкілетті лауазымды тұлғаның бекітуі;
сатып алуды ұйымдастырушының бірінші кезеңде техникалық ұсыныстарды табыс еткен және (немесе) тестілеу кезеңінен өткен әлеуетті жеткізушілерге екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен сатып алудың екінші кезеңіне қатысуға шақыру жіберуі;
2) екінші кезеңде конкурс тәсілімен сатып алуды өткізу үшін көзделген іс-шаралар жүзеге асырылады.
Әлеуетті жеткізуші екі кезеңдік рәсімдер пайдаланылатын конкурс тәсілімен сатып алудың бірінші кезеңіне қатысса, ол конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізбейді.
163. Конкурстық комиссия екі кезеңдік рәсімдер пайдаланылатын конкурсты өткізу кезінде конкурстың әрбір кезеңінде конверттерді ашу және конкурс қорытындылары туралы хаттаманы жасайды.
13-Параграф. Ерекше тәртіп қолданылатын конкурс
164. Ерекше тәртіп қолданылатын сатып алу біліктілік талаптарын белгілейтін, сондай-ақ Қағидаларда көзделген сатып алу рәсімдерін және жүргізу мерзімін белгілейтін нормаларды қоспағанда, Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
165. Ерекше тәртіп қолданылатын сатып алу мыналарды сатып алған жағдайларда жүзеге асырылады:
1) ерекше тәртіпті қолдана отырып сатып алудың құпиялылық режімін сақтауды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік кепілдігін қамтамасыз ететін сатып алуды жүргізудің ерекше тәртібін белгілеу талап етілетін жағдайда, құқық тәртібі мен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;
2) ұлттық қауіпсіздік кепілдігін қамтамасыз ететін сатып алуды жүргізудің ерекше тәртібін белгілеу талап етілетін жағдайда, олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияларды және (немесе) таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтер құрайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді.
166. Ерекше тәртіп қолданылатын сатып алу жабық рәсімдер қолданыла отырып, конкурс тәсілімен өткізіледі.
167. Жабық рәсімдерді қолдана отырып, конкурс тәсілімен сатып алуды өткізген кезде сатып алуды ұйымдастырушы кемінде екі әлеуетті жеткізушінің атына сатып алу жүзеге асырылатыны туралы хабарлама жібереді.
Егер мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтермен жұмыс істеуге сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша тек бір ғана әлеуетті жеткізушінің рұқсаты болған жағдайда, сатып алуды ұйымдастырушы мұндай әлеуетті жеткізушіге онымен сатып алу туралы шарт жасасуға жазбаша шақыру жібереді.
168. Сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік құпияларға жататын мәліметтер пайдаланылмайтын, бірақ таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтер пайдаланылатын жағдайларды қоспағанда, сатып алу жүзеге асырылатыны туралы хабарлама мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдаланатын жұмыстарға рұқсаты бар әлеуетті жеткізушілерге жіберіледі.
169. Тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) Қағидалардың 27-тармағында көзделген шектеулерді ескере отырып, хабарлама жіберілетін әлеуетті жеткізушілердің тізімін жасайды және оны мыналар бекітеді:
Ұлттық Банкте – жауапты бөлімшеге жетекшілік ететін Ұлттық Банк Төрағасы орынбасары немесе уәкілетті лауазымды тұлға;
Ұлттық Банктің филиалында – филиал директоры немесе оның міндетін атқаратын тұлға;
Ұлттық Банктің ұйымында – бірінші басшы немесе оның міндетін атқаратын тұлға не атқарушы орган немесе уәкілетті лауазымды тұлға.
170. Оларды өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және өткізуге әлеуетті жеткізушінің оларды өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және өткізуге құқығы талап етілетін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша тапсырыс беруші тиісті құқықтары бар әлеуетті жеткізушілердің ішінен конкурсқа қатысуға шақырылатын әлеуетті жеткізушілердің тізімін қалыптастырады.
171. Жабық рәсімдер қолданылатын конкурс мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) тапсырыс берушінің бірінші басшысының не оның міндетін атқаратын тұлғаның не уәкілетті өзге де лауазымды тұлғасының шешімімен конкурстық комиссияның құрамы бекітіледі, конкурстық комиссияның хатшысы анықталады, сараптамалық комиссия құрылады не сарапшы анықталады;
Сатып алуды ұйымдастырушы бір қаржы жылына тұрақты негізде бір конкурстық комиссия құрамын бекіте алады, конкурстық комиссияның хатшысын айқындайды, сондай-ақ белгілі бір тауарды не белгілі бір жұмысты, көрсетілетін қызметті сатып алу бойынша сараптама комиссиясын құра алады не сарапшыны айқындай алады;
2) конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей кемінде екі әлеуетті жеткізушіге сатып алу жүзеге асырылатыны туралы хабарлама жіберіледі. Конкурстық құжаттама, елеулі талаптар және конурстық өтінімді ұсыну нысаны көрсетілген шарттың жобасын қоса бере отырып, сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті лауазымды адамы қол қойған жазбаша сұрау салу түрінде ресімделеді, сондай-ақ мынадай мәліметтерден тұрады:
сатып алу үшін бөлінген сомаларды көрсете отырып, өткізілетін сатып алудың мәні болып табылатын тауарлардың саны туралы, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі туралы;
сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекше нұсқамасы;
тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны;
тауарларды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің талап етілетін мерзімдері;
әлеуетті жеткізушілердің конкурстық өтінімдерін ұсынуды бастау және аяқтау мерзімі туралы мәліметтерді қамтуға тиіс.
Әлеуетті жеткізушілерден біліктілік талаптарына сәйкестігін, сондай-ақ конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді растайтын құжаттар сұратылмайды.
Әлеуетті жеткізушінің Үлгі конкурстық құжаттаманың 3 және 4-қосымшаларына сәйкес берілетін конкурсқа қатысуға өтінімі әлеуетті жеткізуші ретінде конкурс тәсілімен сатып алуға қатысу ниетін білдіру және тауарды (тауарларларды) жеткізуді, жұмысты орындауды, қызметтерді көрсетуді конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес жүзеге асыруға келісімін білдіру нысаны болып табылады;
3) сатып алуды ұйымдастырушының сұрау салуында көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін ұсынылған конкурстық өтінімдер олардың ұсынылуына қарай хронологиялық тәртіппен конкурсқа қатысуға өтінімдердітіркеу журналына (Қағидаларға 3-қосымша) енгізуге жатады;
4) әлеуетті жеткізушілердің конкурстық өтінімдері бар конверттерді конкурстық комиссия конкурстық өтінімдері бар конверттерді ұсыну аяқталған күнінен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей ашады және жазбаша сұрау салу талаптарына сәйкес келетін әлеуетті жеткізушілерді анықтау үшін әлеуетті жеткізушілердің конкурстық өтінімдерін қарауды жүзеге асырады және конкурстық өтінімі жазбаша сұрау салу талаптарына сәйкес келетін және ең аз баға ұсынысын ұсынған әлеуетті жеткізушіні конкурс жеңімпазы деп айқындайды.
Егер ең төмен конкурстық баға ұсынысын бірнеше әлеуетті жеткізуші ұсынған жағдайда, конкурстық баға ұсынысы басқа әлеуетті жеткізушілердің конкурстық баға ұсыныстарынан бұрын келіп түскен әлеуетті жеткізуші жеңімпаз болып танылады;
5) әлеуетті жеткізушінің конкурстық өтінімі, егер:
ол осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сомадан асатын болса;
әлеуетті жеткізуші сатып алу туралы шарт жобасының талаптарымен келіспесе не өзгертуді және (немесе) маңызды талаптармен толықтыруды ұсынса;
әлеуетті жеткізуші біреуден артық конкурстық баға ұсынысын ұсынса;
неғұрлым жақсы техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары бар техникалық ерекше нұсқаманы ұсыну жағдайларын қоспағанда, әлеуетті жеткізуші конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтiн техникалық ерекше нұсқаманы ұсынса кері қайтарылуға жатады;
конкурстық өтінімдерді өзге негіздемелер бойынша кері қайтаруға жол берілмейді;
6) конкурстың қорытындылары туралы шешім:
тапсырыс беруші мен сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы, олардың почталық мекенжайы;
өткізілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың атауы;
конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі біткенге дейін конкурстық өтінімдерін ұсынған әлеуетті жеткізушілердің толық атауы, олардың тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге мәлімдеген бағалары;
кері қайтару себептерінің негіздемесін бере отырып, кері қайтарылған конкурстық өтінімдер туралы;
конкурс жеңімпазы туралы мәліметтерді көрсете отырып, жазбаша түрде ресімделеді;
7) конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, сатып алуды ұйымдастырушы хабарлама жіберу арқылы конкурстық өтінімдерін ұсынған барлық әлеуетті жеткізушілерді конкурстың қорытындылары туралы хабардар етеді.
6. Шартты тікелей жасау
172. Шартты тікелей жасау Қағидалардың 173-тармағында көзделген сатып алу түрлері бойынша шарт жасау арқылы жүзеге асырылады.
173. Нарыққа талдау жүргізбей-ақ шартты тікелей жасау арқылы жүзеге асырылатын сатып алулар:
1) дүлей күш жаңдайларының туындауы салдарынан, оның ішінде төтенше оқиғалар мен жағдайлардың салдарларын оқшаулау және (немесе) жою үшін, электроэнергетикалық объектілердегі, өмірді қамтамасыз етудің коммуникациялық жүйелеріндегі және өзге де қауіпті өндірістік объектілердегі апаттарды жою үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
2) растайтын құжаттарының болуымен дереу қалпына келтіруді қажет ететін коммуникациялардың, тетіктердің, агрегаттардың, қосалқы бөлшектер мен материалдардың сынуы, істен шығуы кезінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
3) сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге қатысты айрықша құқықтары бар тұлғалардан зияткерлік меншік объектілері болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе басқа елдердің заңнамасында белгіленген не Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тұлғадан бағалар және тарифтер бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
5) мемлекеттік монополия субъектісінен оның қызметінің негізгі мәні бойынша, табиғи монополиялар субъектісінен реттелетін қызметтер бойынша, сондай-ақ үлесі осындай нарықта отыз бес пайыздан асатын, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің белгілі бір нарығында басым (монополиялық) орын алатын тұлғалардан тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу;
6) табиғи газды, суды, қосылған желі арқылы сумен жабдықтау және жылу энергиясы қызметтерін, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару бойынша қызметтерді, дезинфекцияжәнедератизация қызметтерін, сондай-ақ ағындарды (кәріз) бұру қызметтерін сатып алу;
7) мына:
«Атқарушылық iсжүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сот орындаушылары;
«Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 7 наурыздағы Заңына сәйкес өткізілетін;
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне сәйкес өткізілетін;
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы»Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегі Заңына сәйкес;
мемлекеттік мүлікті жекешелендіру кезіндегі сауда-саттықта (аукциондарда), конкурстарда өткізілетінмүлікті (активтерді) сатып алу;
8) рейтингтікагенттiктеркөрсететiнқызметтердi сатып алу;
9) іссапар шығыстарын өтеуді қоспағанда, визаларды ресімдеу, қонақжайларды броньдау, қонақжайда тұру, теміржол жол жүру құжаттарын (билеттерді) және авиабилеттерді брондау, ресімдеу және сату бойынша қызметтердi сатып алу;
10) тапсырыс берушінің Ұлттық Банктің және оның ұйымдарының тауарларын, жұмыстарын, көрсетілетін қызметтерін сатып алуы;
11) тапсырыс беруші жасаған шарттар шеңберінде белгіленген міндеттемелерді орындау үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
12) үй-жайларды, үйлерді, ғимараттарды, оның ішінде спорт үй-жайларын жалдау қызметтерін және оларды пайдалануға, жер учаскелерін ұзақмерзімді жалдауға байланысты қызметтерді сатып алу;
13) автокөлік құралдарына, лифттерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша қызметтерді сатып алу;
14) отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында ақпаратты орналастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ интернет-ресурстарда орналастырылған ақпаратты беру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
15) ақпараттық-түсіндіру қызметін жүзеге асыру және халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру үшін қажетті көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
16) күрделі құрылыс объектілерінің жобалау құжаттамаларын әзірлеуге авторлық қадағалау, тиісті авторлардың күрделі құрылыс объектілерінің құрылысына, қайта салуға және күрделі жөндеуге қатысты авторлық қадағалау бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
17) халықаралық ақпараттық ұйымдардың ақпаратты, оның ішінде онлайн беруі бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
18) Қазақстан Республикасы аумағында өндірілмейтін және шетелден сатып алынатын өндіріс үшін негізгі және (немесе) қосымша болып табылатын материалдарды сатып алу;
19) Қазақстан Республикасыныі халықаралық шарттарына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы және (немесе) Ұлттық Банк мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдар қаржыландыратын жобаларды іске асыру шеңберінде жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
20) тестілік аккредитацияның желілерін қоса алғанда, халықаралық аккредитацияға және (немесе) сертификацияға дайындық бойынша қызметтерді сатып алу;
21) кіре беріс жолдарды пайдалану қызметтерін сатып алу;
22) дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі, мемлекеттік кәсіпорындардан, заңды тұлғалардан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
23) ақпараттық материалдарды құруға, Ұлттық Банкке жүктелген негізгі міндеттерді және функцияларды орындауға байланысты және оларды бұқаралық ақпарат және баспа басылымдарында орналастыруға байланысты тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
24) ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын дайындауды, сатып алуды, сатуды, сақтауды, жеткізуді, шығаруды, ауыстыруды, өңдеуді, орауды, алмастыруды, айналыстан алуды және жоюды жүзеге асыру үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу, олардың дизайнын айқындау, ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын айналысқа шығарғанға дейін ақпараттық материалдарды дайындау бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
25) құпиялық режімін көздейтін объектілердегі жұмыстарды сатып алу;
26) тұтынушылардан көрсетілетін қызметтер үшін, оның ішінде электрондық терминал арқылы төлемақы қабылдау бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
27) сипаттамасын тапсырыс беруші және (немесе) шарт талаптарына сәйкес бекітілген ұзақмерзімді сатып алу жоспарында көзделген, сатып алу алдындағы соңғы үш жыл ішінде Қазақстан Республикасы аумағында өндірілмеген тауарларды сатып алу;
28) тапсырыс берушіге аудитті жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды айқындау бойынша шешімді қабылдау құзыреті берілген тапсырыс берушінің тиісті органының шешімі негізінде тапсырыс берушіге аудитті жүргізу бойынша аудиторлық ұйымның қызметтерін сатып алу;
29) қандай да болмасын жеткізушіден тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алған тапсырыс берушіде бірегейлендіру, қайта жинақтау, стандарттау немесе қолда бар тауарлармен, жабдықтармен, технологиялармен, жұмыстармен немесе қызметтермен сәйкестендіруді қамтамасыз ету мақсатында осы жеткізушіден басқа сатып алуды жүргізу қажеттілігі туындаса, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
30) егер сатып алу конкурс тәсілімен, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен өтпеген деп танылса тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу. Осы ереже конкурс тәсілімен сатып алу жарамсыз деп танылған жағдайларға таратылмайды;
31) конкурс тәсілімен сатып алу қорытындыларын жасағанға дейінгі және шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы қажеттілікті сатып алуды жүзеге асыру қажеттілігі туындаса, егер осындай сатып алу жылдың бірінші айы ішінде, бірақ екі айдан аспайтын сатып алуды жүргізу мерзімі ішінде тапсырыс берушінің қажеттілігін қамтамасыз ету үшін қажетті тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтерді сатып алу көлемінен аспайтын көлемде жүзеге асырылса, тауарларды, жұмыстарды әне көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
32) шетелдік құқықты қолдануға байланысты мәселелер мен (немесе) құжаттар бойынша, тапсырыс берушінің мүдделерін халықаралық төрелікте немесе халықаралық коммерциялық төрелікте және шетелдік сот органдарында қорғау бойынша консультациялық және заң қызметтерін сатып алу.
Жүргізілген нарықты талдау негізінде шартты тікелей жасау жолымен жүзеге асырылатын сатып алу:
1) біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетiн қызметтердің құндық мәндегі жылдық көлемі тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген екі жүз еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспаса, біртекті немесе ұқсас тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
2) көрмелер, семинарлар, конференциялар, жиналыстар, форумдар, симпозиумдар, тренингтер, тағылымдамалар, мастер-кластар, біліктілікті арттыру, емтихан тапсыру курстарының материалдарын, қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша қызметтерді, сондай-ақ көрсетілген шараларға қатысу және өкілдік шығыстарға байланысты тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды қоспағанда, көрсетілген іс-шараларды ұйымдастыру және (немесе) қатысу үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
3) өмірді сақтандыру және ауырған жағдайда сақтандыру бойынша қызметтерді сатып алу;
4) байланысты, оның ішінде телефон (мобильді), пошта, интернет, спутниктік байланыс, телевидения қызметтерін сатып алу;
5) көлік құралдарын (теміржол, авиа және өзге түрлері) жалдау қызметтерін, сондай-ақ жүктерді және өнімдерді олардың бағытталған орнына жеткізу бойынша қызметтерді сатып алу;
6) тауарларды, оның ішінде оларға қажетті жабдықтарды, қосалқы бөлшектерді және шығыс материалдарын, тапсырыс беруші қызметінің нысаны болып табылатын өнімді дайындау мен жеткізу үшін қажетті жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
7) баспа басылымдарына жазылуды қоса алғанда, қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштердегі мерзiмдi баспасөз басылымдарын сатып алу;
8) кеден өкілдерінің (брокерлердің) қызметтерін сатып алу;
9) аударма, оның ішінде ілеспе аударма қызметтерін сатып алу;
10) тамақтану қызметтерін, оның ішінде аса маңызды мемлекеттік объектілердегі қызметкерлерге қызмет көрсететін асхананы қамтамасыз етумен байланысты тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
11) мектепге дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиленетін және оқитын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
12) білім беру, ғылым, ғылыми-зерттеу бағдарламалары (жобалары) мазмұнына сәйкес арнайы, ғылыми, оқу-әдістемелік әдебиетті, кез келген ақпарат тасушыларында онлайн оқу әдебиеттері мен оқу материалдарына рұқсат кодтарын, дерек сипаты бар бейнематериалды, қосымша оқу материалдарын, сондай-ақ білім беру саласында қызметтерді сатып алу;
13) онлайн электрондық толық мәтіндік, библиографиялық және басқа дерекқорларға, журналдардың электрондық коллекцияларына, электрондық кітапханаларға, электрондық кітап коллекцияларына және электрондық журналдар мен кітаптардың жекелеген атауларына қол жеткізу қызметтерін сатып алу;
14) ұлттық валюта банкноттарын, монеталарын және бағалы металдарды сақтау орнының тұрмыс тіршілігі жүйесінің (күзет, дабыл және өрт сигнализациясы, өрт сөндіру, байланыс, кіруді бақылау, бейнебақылау, жеделдету, кондиционирлеу, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, және жылумен қамтамасыз ету) жұмыс істеуі үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
15) бағалы металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды қабылдауды, сақтауды, сынақ және сараптама жүргізуді жүзеге асыру үшінқажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
16) кәсіпкерлік қызметтің субъектісі болып табылмайтын жеке тұлғаға жеке меншік құқығында тиесілі тұрғын үйді сатып алу;
17) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын орындау шеңберінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
18) Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес мүгедектер ұйымдарынан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу.
174. Нарықты талдауды жүргізу жолымен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беру мүмкіндігі бар әлеуетті жеткізушіні (әлеуетті жеткізушілерді) анықтау мақсатында жүзеге асырылады.
175. Тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) Қағидалардың 173-тармағы екінші бөлігінің 18) тармақшасында көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы кезінде нарықты талдау мүгедектер ұйымдары арасында ғана жүзеге асырылады.
176. Нарықты талдау нәтижелері жазбаша түрде ресімделеді және мынадай ақпарат болуы тиіс:
1) шартты тікелей жасау тәсілімен сатып алуды қолдану негіздемесі;
2) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтер қысқаша сипаттау;
3) шарт жасалатын жеткізушінің атауы және орналасқан орны және осындай шарттың бағасы.
Нарықты талдау нәтижелері құжаттардың көшірмелерімен(прайс-парақтар, ақы төлеу шоттары, шот-фактура, инвойстар және басқа) расталуы тиіс.
177. Нарықты талдау нәтижелерін жауапты бөлімшенің басшысы бекітеді және:
Ұлттық Банкте –жауапты бөлімшеге жетекшілік ететін Ұлттық Банк Төрағасының орынбасарына;
Ұлттық Банк филиалында – филиалдың директорына немесе оның міндетін атқарушы тұлғаға;
Ұлттық Банктің ұйымында – бірінші басшыға немесе оның міндетін атқарушы тұлғаға не атқарушы орган немесе өзге уәкілетті лауазымды тұлғаға танысу үшін жіберіледі.
178. Нарықты талдауды жүзеге асырмай шартты тікелей жасау тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүргізу кезінде жауапты бөлімше жеткізушіні таңдау туралы ақпаратты:
Ұлттық Банкте – жауапты бөлімшеге жетекшілік ететін Ұлттық Банк Төрағасының орынбасарына;
Ұлттық Банк филиалында – филиалдың директорына немесе оның міндетін атқарушы тұлғаға;
Ұлттық Банктің ұйымында – бірінші басшыға немесе оның міндетін атқарушы тұлғаға не атқарушы орган немесе өзге уәкілетті лауазымды тұлғаға танысу үшін жібереді.
179. Нарықты талдаудың бекітілген нәтижелері және (немесе) жеткізушіні таңдау негізінде шартты тікелей жасау тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру кезінде он бес жұмыс күні ішінде әлеуетті жеткізушіге жазбаша шақыруды жіберіледі, онда мынадай мәліметтер болуға тиіс:
1) тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) атауы және орналасқан орны;
2) сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сипаттау және талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары, болған кезде Қазақстан Республикасы өндірушілерінің коммерциялық емес ұйымдары бекіткен ұлттық стандартты немесе үкіметтік емес стандартты көрсете отырып техникалық ерекше нұсқама.
Жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды сатып алуды жүзеге асыру кезінде сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сипаттау және талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары орнына, шақыруда белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманың болуы тиіс;
3) жүргізілетін сатып алудың нысаны болып табылатын тауарлардың саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі;
4) тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету көлемі;
5) тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсетудің талап етілетін мерзімдері, ұсынылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сапасына кепілдіктер беру;
6) төлем талаптары және маңызды талаптары көрсетілген шарттың жобасы;
7) Қағидаларда көзделген жағдайларда шарттың талаптары, нысаны, көлемі және орындалуын қамтамасыз етуді енгізу тәсілі;
8) жүргізілетін сатып алудың мәні болып табылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сомалар туралы мәліметтер.
180. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүргізу кезінде, конкурс тәсілімен, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу өтпеген деп танылған жағдайда тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
1) Қағидалардың 151-тармағының 1) және 2) тармақшаларында, 196-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда сұрату жіберілетін әлеуетті жеткізушіні тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) айқындайды.
Бұл ретте Қағидалардың 151-тармағының 2) тармақшасында, 196-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда, тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) сұратуды конкурстық өтінімді, баға ұсынысын берген әлеуетті жеткізушіге жібереді;
2) Қағидалардың 151-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайлардасатып алуды ұйымдастырушы Қағидалардың 27-тармағының талаптарын бұзған тұлғаны қоспағанда, конкурстық өтінімді берген әлеуетті жеткізушіге сұратуды жібереді;
3) Қағидалардың 151-тармағының 4),5), 6) және 7) тармақшаларында, 196-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда, сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті жеткізушіге не конкурстық баға ұсынысы жалғыз немесе жалғыз бас тартылмаған конкурсқа қатысушыға, баға ұсынысы жалғыз бас тартылмаған әлеуетті жеткізушіге сұратуды жібереді.
181. Қағидалардың 180-тармағына сәйкес әлеуетті жеткізушіге жіберілетін ақпарат конкурстың конкурстық құжаттамасының талаптарына, өтпеген деп танылған баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу талаптарына сәйкес келеді.
182. Шартты тікелей жасау тәсілімен сатып алудың нысаны болып табылатын тауарларды жеткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтерді көрсетуді жүзеге асыруға ниет білдірген әлеуетті жеткізуші шақыруды алған күннен бастап жеті күннен кешіктірмей тапсырыс берушіге (сатып алуды ұйымдастырушыға) төмендегілерді қоса бере отырып өзінің жазбаша келісімін жібереді:
1) әлеуетті жеткізуші жұмыстардың не қызметтердің қосалқы мердігерлері (бірлесіп орындаушылары) ретінде тартуды көздеп отырған, тұлғаларды көрсете отырып, әлеуетті жеткізуші ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сипаттамасын;
2) ұсынылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жазбаша негіздемесі;
3) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу процесіне байланысты шектеулердің жоқтығы туралы құжаттар;
4) ұсынылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекше нұсқама талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар.
Баға негіздемесі әлеуеттi жеткізушінің тасымалдауға, сақтандыруға, кеден бажын, қосымша құн салығын және басқа да салықтарды, төлемдер мен алымдарды, жинақтаушы бөлшектер мен мiндеттi қосалқы бөлшектер құнын, бiр өлшем бiрлiгiне пайдаланудың бастапқы мерзiмiiшiнде қызмет көрсетуге арналған барлық шығыстарды, басқа да шығыстарды қоса алғанда, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуге ұсынылатын құн есебін қамтиды.
183. Егер анағұрлым жақсы функционалдық және басқа да сипаттамалары бар тауарлар мен көрсетілетін қызметтер ұсынылса, сондай-ақ неғұрлым үздік технологиялық шешімдер және (немесе) жақсы материалдардан жұмыстарды орындау ұсынылса, әлеуетті жеткізушінің техникалық нұсқамасының тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) ұсынған техникалық нұсқамаға сәйкес келмеуіне жол беріледі.
184. Шартты тікелей жасау тәсілімен сатып алу мына жағдайларда:
1) егер әлеуетті жеткізуші ұсынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағасы осы сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сомадан асып түскен;
2) егер әлеуетті жеткізуші шарт жасаудан бас тартқан;
3) егер әлеуетті жеткізуші неғұрлым жақсы техникалық, сапалық және функционалдық сипаттамалары бар техникалық нұсқаманы ұсыну жағдайларын қоспағанда, тапсырыс берушінің техникалық нұсқамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін техникалық нұсқаманы ұсынған жағдайларда өтпеген деп танылады.
Егер сатып алу өтпеген деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) көрсетілген тәсілмен қайта сатып алуды жүргізу туралы шешім қабылдайды.
185. Қағидалардың 173-тармағының екінші бөлігінің 18) тармақшасында көзделген сатып алу бойынша сатып алу өтпеген деп танылған кезде тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) жүргізілген нарықты талдау негізінде шартты тікелей жасау тәсілімен өзге әлеуетті жеткізушілер арасында қайта сатып алуды жүргізу туралы шешім қабылдайды.
7. Баға ұсыныстарын сұрату
186. Егер осындай біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құндық мәндегі жылдық көлемі тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен аспаса, біртекті тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен сатып алу жүргізіледі, бұл ретте баға шешуші шарт болып табылады.
Баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiменбiртектi тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiңбiрнешетүрлерiн сатып алуды жүзеге асыру кезiнде тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi олардың бiртектi түрлері бойынша және (немесе) оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөледі.
Баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiменбiртектi тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алуды жүзеге асыру кезiнде тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөледі.
Баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен сатып алудың жеңiмпазын айқындау әрбiр лот бойынша жүзеге асырылады.
187. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілін қолдану мақсатында біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық көлемін қаржылық жыл ішінде бөліктерге бөлшектеуге жол берілмейді.
188. Тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) баға ұсыныстарын табыс ету мерзiмi аяқталғанға дейiн бес жұмыс күнiненкешiктiрмей тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсында мынадай ақпаратты:
1) сатып алу үшiнбөлiнген сомаларды көрсете отырып, өткізiлетiн сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлардың саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiңкөлемi туралы ақпаратты;
2) ұлттық стандарт немесе Қазақстан Республикасы өндірушілерінің коммерциялық емес ұйымдары бекіткен үкіметтік емес стандартты (болған кезде) көрсете отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипатын;
3) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің техникалық ерекше нұсқамасын (болған кезде);
4) тауарлар үлгілерін тестіден өткізу бағдарламасын (болған кезде);
5) тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, көрсетілетін қызметтердi көрсету орнын;
6) тауарды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтердiкөрсетудiң талап етiлетiн мерзiмдерiн;
7) әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын, тестіден өткізуге тауарлардың үлгілерін (болған кезде) табыс етуді бастау және аяқтау мерзiмi туралы ақпаратты;
8) маңызды талаптарын, оның ішінде техникалық шарттарын көрсете отырып, қазақ және орыс тілдерінде орналастырады.
189. Орналастырылатын ақпаратта осындай тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сәйкестігін қамтамасыз ету қажеттілігі жағдайын қоспағанда, оның ішінде негізгі (белгіленген) жабдықты қайта жинақтау, жаңғырту және қайта жарақтау үшін, тауар таңбаларына, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларына, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауардың шығарылған жерінің атауына және өндірушінің атауына, сондай-ақ сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің жекелеген әлеуетті жеткізушіге тиістiлiгiн айқындайтын өзге де сипаттамаларға арналған сілтемелердің болуына жол берілмейді.
Тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) техникалық регламенттерге, стандарттарға және халықаралық шарттарда және Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген өзге де талаптарға сәйкес айқындалған сатып алу объектісінің техникалық және сапалық сипаттамаларына қатысты стандарттық көрсеткіштерді, талаптарды, шартты белгілерді және терминологияны белгілеуге жол беріледі.
190. Әлеуетті жеткізуші Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес бiр ғана баға ұсынысын табыс етеді, оған өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуге жол берiлмейдi.
Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысын беруі оның шарт жобасында, сондай-ақ техникалық ерекше нұсқамада көзделген елеулi талаптарды сақтай отырып, тауарды жеткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетудi жүзеге асыруға келiсiмбiлдiргенінің нысаны болып табылады.
191. Баға ұсынысы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген конверттерді ашу рәсімдерінің басталуына дейін жабылған күйінде ұсынылады. Әрбір әлеуетті жеткізуші бір баға ұсынысын ғана береді, ол әлеуетті жеткізушінің қолымен және мөрімен (бар болған кезде) бекітіледі, онда мынадай мәліметтер мен құжаттар болады:
1) әлеуетті жеткізушінің атауы, нақты мекенжайы;
2) жеткізілетін тауарлардың атауы, сипаты және саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы және көлемі;
3)тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орын және мерзімі;
4) тауарларды жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге байланысты шығыстарды қоса алғанда, қосымша құны салығына салықты есепке алмағанда, тауарлардың, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердің бір бірлігінің бағасы және жалпы бағасы;
5) әлеуетті жеткізуші қол қойған техникалық ерекше нұсқама (баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды жүргізу туралы хабарландыруда техникалық ерекше нұсқама және әлеуетті жеткізушінің техникалық ерекше нұсқаманы беруі туралы талап болса);
6) тауардың оны тестілеуді жүргізу кезіндегі үлгісі (егер баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды өткізу туралы хабарландыруда тауарлардың үлгілерін тестілеу бағдарламасы болса).
Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысы бар жабық конверттің сырт жағында мыналарды көрсетеді:
1) әлеуетті жеткізушінің толық атауы және пошта мекенжайын;
2) тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) толық атауы және пошта мекенжайы, ол сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі тиіс;
3) қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің, лоттың атауы.
Әлеуетті жеткізуші туралы мәліметтер баға ұсыныстарын тіркеу журналына (Қағидаларға 15-қосымша) әлеуетті жеткізушілердің баға ұсынысы бар конверттерді беруіне қарай хронологиялық тәртіппен енгізіледі.
192. Қағидалардың 191-тармағына сәйкес келмейтін, сондай-ақ белгіленген мерзім аяқталған соң ұсынылған баға ұсыныстары бар конверт қайтарылмайды және тіркеуге жатпайды.
193. Баға ұсыныстарын ұсыну тәртібі аяқталған соң конверттерді ашу жүргізіледі және баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алудың қорытындылары шығарылады.
Сатып алуды ұйымдастырушы ұсынылған өтінімдерді қарайды және әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беру мерзімі аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде сатып алудың қорытындысын шығарады.
194. Барлық мүдделі тұлғалар конверттерді ашу рәсіміне кедергісіз кіре алады.
Тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) әлеуетті жеткізушілер мәлімдеген баға ұсынысын жариялайды, әлеуетті жеткізушілердің уәкілетті өкілдерін ұсынылған баға ұсыныстарымен және баға ұсынысына қоса берілген құжаттармен таныстырады.
Баға ұсынысына қатысты тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) менәлеуетті жеткізушінің арасында келіссөздер жүргізуге жол берілмейді.
195. Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы мына:
1) егер ол осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сомадан асатын болса;
2) әлеуетті жеткізуші бұрын осы лотқа баға ұсынысын ұсынса;
3) неғұрлым жақсы техникалық нұсқаманы қоспағанда, әлеуетті жеткізушінің ұсынысы техникалық ерекше нұсқамаға сәйкес келмесе;
4) Қағидалардың 27-тармағының тармақшаларында көзделген жағдайларда бас тартуға жатқызылады.
Өзге де негіздемелер бойынша баға ұсыныстарынан бас тартуға жол берілмейді.
196. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу мынадай жағдайларда:
1) баға ұсыныстары болмағанда;
2) екіден кем өтінім берілгенде;
3) бір бас тартылмаған баға ұсынысы қалса;
4) жеңімпаз деп танылған әлеуетті жеткізуші шарт жасасудан бас тартса өтпеген деп танылады.
Егер баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен бір рет өткізілген сатып алу өтпеген деп танылса, тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) сатып алуды шартты тікелей жасау тәсілімен жүзеге асыруына жол беріледі.
197. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу қорытындылары хаттамамен ресімделеді және оларды:
Ұлттық Банкте –жауапты бөлімшеге жетекшілік ететін Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары немесе өзге уәкілетті лауазымды тұлға;
Ұлттық Банк филиалында – филиалдың директоры немесе оның міндетін атқарушы тұлға;
Ұлттық Банктің ұйымында – бірінші басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға не атқарушы орган немесе өзге уәкілетті лауазымды тұлға бекітеді.
198. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу қорытындылар туралы хаттамада:
1) тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) толық атауы, олардың пошта мекенжайы;
2) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу жүргізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы;
3) баға ұсыныстарын берудің соңғы мерзімі аяқталғанға дейін баға ұсыныстарын ұсынған әлеуетті жеткізушілердің толық атауы, олардың тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге мәлімдеген бағалары;
4) бас тарту себептерін негіздей отырып, бас тартылған баға ұсыныстары туралы;
5) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алудың жеңімпазы туралы;
6) сатып алу баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен өтсе, жасалған шарттың сомасы және мерзімдері туралы мәліметтер болады.
Тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу қорытындыларын бекіткен күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсында қорытындылар туралы ақпаратты орналастырады.
Ең төмен баға ұсынысын берген әлеуетті жеткізуші жеңімпаз деп танылады.
Егер ең төмен баға ұсынысын бірнеше әлеуетті жеткізуші берген жағдайда, өзінің баға ұсынысы басқа әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарынан бұрын түскен әлеуетті жеткізуші жеңімпаз деп танылады.
199. Тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу қорытындыларын бекіткен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде шарт жобасына қол қояды және ең төмен баға ұсынысын ұсынған әлеуетті жеткізушіге жібереді.
200. Әлеуетті жеткізуші тапсырыс беруші (факс, электрондық пошта бойынша) сұратқан шарт жобасын жасау үшін қажетті құжаттарды және деректемелерді тапсырыс беруші белгілеген мерзімде ұсынбаған, ұсынудан бас тартқан, жеткізушіден шартты жасасу және оның шарттық міндеттемелерді орындау мүмкін еместігі туралы жазбаша хабар алған жағдайда тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) Қағидалардың 202-тармағында көзделген іс-әрекеттерді жүзеге асырады.
201. Шарт жобасына ең төмен баға ұсынысын ұсынған және жеңімпаз деп танылған әлеуетті жеткізуші қол қояды және тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) оған қол қойылған шарт жобасын берген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде тапсырыс берушіге (сатып алуды ұйымдастырушыға) береді.
Шарттың жобасына немесе жасалған шартқа өткізілетін сатып алу талаптарының мазмұнын және жеткізушінің таңдау үшін негіз болып табылатын ұсынысты өзгертуі мүмкін өзгерістерді енгізуге жол берілмейді.
202. Егер жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті жеткізуші қол қойылған шартты тапсырыс берушіге белгіленген мерзімде бермесе, тапсырыс беруші:
1) осындай баға ұсынысын ұсынған әлеуетті жеткізушімен, ал мұндай әлеуетті жеткізуші болмаған кезде баға ұсынысы шарт жасасудан жалтарған әлеуетті жеткізуші ұсынған бағадан кейін ең төмен болып табылатын әлеуетті жеткізушіменшартты жасасады;
2) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен қайтадан сатып алуды жүзеге асырады;
3) шартты тікелей жасау тәсілімен сатып алуды жүзеге асырады.
8. Тауарларды тауар биржалары арқылы сатып алу
203. Тауарларды тауар биржалары арқылы сатып алу «Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес биржалық тауарлар тізбесі бойынша жүзеге асырылады.
Егер, биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген тауарларды сатып алудың жылдық көлемі биржалық тауарлар тізбесінде көзделген партияның ең аз мөлшерінен аспаған жағдайда, тапсырыс беруші тауарларды сатып алудың өзге тәсілін таңдайды.
9. Шарт жасасу тәртібі
204. Тапсырыс беруші сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған не тиісті шешім қабылданғанкүннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қол қояды және таңдап алынған әлеуетті жеткізушіге тапсырыс беруші қол қойған және тапсырыс берушінің жауапты бөлімшесінің және заң бөлімшесінің орындаушылары әр парағына қол қойған Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес шарттың мазмұнына талаптарға сәйкес жасалған шарттың жобасын жібереді (ұсынады).
Конкурс тәсілімен сатып алу қорытындылары шығарылған жағдайда, тапсырыс беруші сондай-ақ конкурс жеңімпазына қорытындылар туралы хаттаманың бір данасын жібереді.
Жеткізуші тапсырыс беруші орналасқан жерде орналасқан жағдайда жеткізушінің өзі келіп шарт жобасын алуына және қол қоюына рұқсат етіледі.
Конкурс тәсілімен және баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жүргізілген сатып алу қорытындылары бойынша шарт жеткізушінің конкурсқа қатысуға өтінімінде көзделген талаптармен таңдап алынған баға ұсынысымен жасалады және онымен жасалған шарттың бағасы оның конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімінде көрсетілген баға ұсынысынан аспайды.
205. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған барлық мәмілелер жазбаша не ауызша нысанда жасалады.
Жазбаша нысанда жасалатын мәмілелер шарт түрінде ресімделеді. Сондай-ақ жазбаша нысандағы мәмілелерге хатпен, факспен, электрондық құжаттармен алмасу теңестіріледі, онда мыналар:
1) мәмілелер жасасуға деген тараптардың еркі;
2) мәмілелердің қажетті талаптары (мерзімі, құны, кепілдіктер, жауапкершілік);
3) жеткізушінің Ұлттық Банк ұсынған ұсыныстармен келісуі болуы тиіс.
Ауызша нысанда тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға, бірақ мәмілелерді жасау фактісін (чек, инвойс, қабылдау-өткізу актісі, билет немесе әдетте қабылданған растайтын белгі) растайтын құжаттар болған кезде олар жасалған кезде орындалатын мәмілелер жасалуы мүмкін.
206. Қазақстан Республикасының резиденті емесімен шарт жасалған жағдайда 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (Жалпы бөлім), 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (Ерекше бөлім) және Қағидаларда көзделген талаптарды ескере отырып ол ұсынған нысанда шартты ресімдеуге жол беріледі.
207. Сатып алу туралы шартты жасау мерзімі Қағидалардың 201-тармағында көзделген шартты жасау мерзімін қоспағанда, әлеуетті жеткізушіге шарт жобасын жіберген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайды.
Шарттың және оған қосымша келісімнің қазақ тіліндегі және басқа тілдердегі, қағаз жеткізгіштегі, белгіленген тәртіпте қол қойылған барлық даналары бірдей болуы тиіс.
208. Жеткізуші шарт жасасқан күнінен бастап он жұмыс күні ішінде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізеді.
Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді жеткізуші онымен жасалған шарт бойынша өз міндеттемелерін уақтылы, толық және тиісті түрде орындауға кепілдік ретінде енгізеді.
Жеткізуші шарттың орындалуын қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін:
1) тапсырыс берушінің банк шотына енгізілетін кепілді ақшалай жарнаны;
2) Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес банк кепілдігін таңдайды.
Жеткізушінің шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін үшінші тұлғалардың енгізілген кепілдік ақша жарнасына тұтастай не бір бөлігінде талап қою құқығының туындауына әкеп соғатын іс-қимыл жасауына жол берілмейді.
Тапсырыс берушінің жеткізуші енгізген кепілдік ақшалай жарнаны Қағидаларда көзделмеген мақсатқа пайдалануына жол берілмейді.
209. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін шартта алдын ала ақыны (авансты) төлеу көзделген жағдайларды қоспағанда, шарттың жалпы сомасының кемінде үш пайызы мөлшерінде сатып алуды ұйымдастырушы белгілейді.
Егер шартта алдын ала ақыны (авансты) төлеу көзделген жағдайда, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді алдын ала ақыға (авансқа) тең мөлшерде сатып алуды ұйымдастырушы белгілейді, ол шарттың жалпы сомасының үш пайызынан кем болмауы тиіс.
Ұзақмерзімді шарт жасалған жағдайда ағымдағы қаржы жылына шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшері тиісті қаржы жылына көзделген шарттың жылдық сомасын ескере отырып есептеледі.
210. Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу туралы талаптар:
1) ерекше тәртіпті қолдана отырып конкурс тәсілімен сатып алу қорытындылары бойынша айқындалған жеткізушілерге;
2) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу қорытындылары бойынша айқындалған жеткізушілерге;
3) тауар биржалары арқылы тәсілмен сатып алу қорытындылары бойынша айқындалған жеткізушілерге;
4) тапсырыс берушінің үлестес тұлғаларымен, сондай-ақ республикалық немесе жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қаржыландырылатын ұйымдармен шарт жасалған жағдайға қолданылмайды;
5) көлемі құндық көрсетуде республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселік мөлшерінен аспайтын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде шарт жасалған жағдайда;
211. Тапсырыс беруші енгізілген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді шартта көрсетілген мерзімде немесе жеткізуші шарт бойынша өз міндеттемелерін, оның ішінде шарт бойынша кепілді міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде жеткізушіге қайтарады.
Жеткізуші сатып алу туралы шарт бойынша қабылданған міндеттемелерді тиісінше орындамаған жағдайда, тапсырыс беруші тұрақсыздық айыбын тапсырыс берушінің тиісті бюджетінің кірісіне төлеу фактісі анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде енгізілген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтарады.
212. Егер сатып алу туралы шарт тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, жеткізушінің шарттық міндеттемелерді орындамауына байланысты бұзылса, тапсырыс беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтармайды.
213. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі), «Қазақстан Республикасындағы Кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің талаптарына сәйкес қосылған құны салығы мен акциздерді төлеу тәртібі шарттың міндетті талабы болып табылады.
214. Тауарларды сатып алу жөніндегі конкурстың тауарда жергілікті қамтудың болғаны үшін өзінің конкурстық өтінімінде шартты азайтуы бар жеңімпазы шарт жасасу кезінде тапсырыс берушіге жеткізілетін тауардың бүкіл партиясына CT-KZ нысанындағы тауардың шығуы туралы сертификатты ұсынады.
215. Егер жеңімпаз деп танылған әлеуетті жеткізуші белгіленген мерзімде қол қойылған сатып алу туралы шартты тапсырыс берушіге бермесе немесе сатып алу туралы шарт жасасып, сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбесе, онда мұндай әлеуетті жеткізуші сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарды деп танылады.
Сатып алудың жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті жеткізуші шарт жасасудан жалтарды деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші:
1) ол енгiзген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудi ұстап қалады;
2) шарт жасасудан жалтарудан келтiрiлген шығындарды өтеу туралы қуыныммен сотқа жүгiнуге құқылы.
216. Тапсырыс берушімен ұзақмерзімді шарт жеткізу (орындау, көрсету) мерзімі он екі айдан асатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жоспарына сәйкес жасалады.
217. Тапсырыс берушінің шешімі бойынша, келесі қаржы жылдың бюджетінде қаражат болған кезде, егер жеткізуші шарт бойынша міндеттемелерді орындауды тиісінше жүзеге асырса және сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау қағидаттары, тапсырыс берушінің мүддесі сақталса, шарттың қолданыс мерзімі тиісті қаржы жылы шегінде ұзатылады.
Бұл ретте шарттың орындалуын қамтамасыз ету жеткізушіге ол шарт бойынша өз міндеттемелерін толық көлемде орындаған соң қайтарылады.
218. Шартты өзгертуге және бұзуға тапсырыс берушінің және жеткізушінің келісімі бойынша жол беріледі. Шартқа өзгерістер қосымша келісіммен ресімделеді.
219. Шарттың жобасына жеткізушіні таңдауға негiз болған сапаның және басқа да жағдайлардың өзгермеу талабымен өзгерiстеренгiзуге мынадай талаптар сақталған жағдайда:
1) тараптардың бірі конкурс тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірмей шарттың жобасына өзгерістер енгізуге бастамашы болса;
2) шарт жобасының сомасын азайту бөлігінде өзгерістер енгізуге жол берілсе;
3) шарт сомасын азайту бөлігінде өзгерістер енгізу туралы шешім тараптардың өзара келісуі бойынша қабылданса;
4) жеткізушінің тауарларды жеткізу, қызметтерді көрсету, жұмыстарды орындау бойынша міндеттемелерінің орындалу мерзімдерін бағалау және салыстыру қорытындылары бойынша екінші орын алған әлеуетті жеткізушімен шарт жасалған жағдайда ұзарту бөлігінде жол беріледі, бұл ретте шарт ол ұсынған бағадан аспайтын баға бойынша жасалады.
Жеңімпаз шартқа қол қоюға белгілеген мерзім аяқталған күнге дейін немесе жеңімпаздың шартқа қол қоюдан жазбаша бас тартқан күнінен бастап (жеңімпаз шартқа қол қою үшін белгіленген мерзім шегінде шартқа қол қоюдан бас тартқан жағдайларды қоспағанда) сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап есептелетін күндер санына ұзартылады.
220. Шарттың жобасына не жасалған шартқа өткізілетін (өткізілген) сатып алу талаптарының мазмұнын және (немесе) жеткізушіні конкурс тәсілімен немесе баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен таңдау үшін негіз болатын ұсыныстарды өзгертуі мүмкін өзгерістерді енгізуге жол берілмейді.
221. Сатып алу туралы шартта мынадай:
1) Қағидалардың 27-тармағына көзделген шектеулердi бұзу;
2) тапсырыс берушінің, сатып алуды ұйымдастырушының әлеуетті жеткізушіге Қағидаларда көзделмеген көмек көрсету фактiлерiнiңбiрi анықталған жағдайда, оны кез келген кезеңде бұзу туралы талап қамтылады.
222. Шарт тапсырыс беруші мен жеткізуші қол қойған не соңғысы шартты қамтамасыз етуді толық енгізгеннен кейін күшінен енеді.
Міндетті мемлекеттік немесе өзге де тіркелуге жататын шарттар, тіркелген сәтінен бастап жасалған деп есептеледі.
Тапсырыс беруші шарттарды есепке алуды шарттарды тіркеу және есепке алу журналында (Қағидаларға 17-қосымша) немесе «Шарттарды орындау мониторингі» автоматтандырылған ақпараттық жүйеде жүзеге асырады.
223. Шартты орындау 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім), 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) және Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
224. Шарт тапсырыс беруші және жеткізуші қабылданған міндеттемелерді, оның ішінде көрсетілген шарт бойынша кепілдік міндеттемелерді толық орындаған жағдайда орындалған деп саналады.
10. Қорытынды ережелер
225. Тапсырыс берушінің, сатып алуды ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының әрекеті (әрекетсіздігі), шешімі әлеуетті жеткізушінің (жеткізушінің) құқықтары мен заңды мүдделерін бұзатын болса, әлеуетті жеткізуші олардың әрекетіне (әрекетсіздігіне), шешіміне қатысты тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) жоғары тұрған лауазымды тұлғасына (болған кезде) немесе сотқа шағым жасайды.
226. Қағидалар қолданысқа енгізілгенге дейін басталған (жарияланған) сатып алу рәсімдері сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылданған күні қолданыста болған тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің және Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі
құрылтайшысы (уәкілетті органы)
не акционері болып табылатын
заңды тұлғалардың тауарларды,
жұмыстарды және көрсетілетін
қызметтерді сатып алу
қағидаларына 1-қосымша
Нысан
Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу жоспары Жалпы мәліметтер
Тапсырыс берушінің БСН-і |
Тапсырыс берушінің атауы (мемлекеттік тілде) |
Тапсырыс берушінің атауы (орыс тілінде) |
Қаржы жылы |
1 |
2 |
3 |
4 |
Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу жоспары
р/с |
Сатып алу мәнінің түрі |
Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің мемлекеттік тілдегі атауы |
Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің орыс тіліндегі атауы |
Тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің мемлекеттік тілдегі сипаттамасы (сипаты) |
Тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің орыс тіліндегі сипаттамасы (сипаты) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
кестенің жалғасы
Сатып алу тәсілі |
Өлшем бірлігі |
Саны, көлемі |
Бір бірлігі үшін баға*, теңге |
Сатып алу үшін бекітілген жалпы сома *, теңге |
Үш жылғы кезеңнің бірінші жылына бекітілген сома |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
кестенің жалғасы
Үш жылдық кезеңнің екінші жылына арналған болжамды сома *, теңге |
Үш жылдық кезеңнің үшінші жылына арналған болжамды сома*, теңге |
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың жоспарланған мерзімі (ай) |
Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі |
Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны (ӘАОС сәйкес елді мекеннің коды) |
Аванстық төлемнің мөлшері, % |
13 |
14 |
15 |
16 |
17 |
18 |
* сома ҚҚС-ті есепке алусыз көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің және Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі
құрылтайшысы (уәкілетті органы)
не акционері болып табылатын
заңды тұлғалардың тауарларды,
жұмыстарды және көрсетілетін
қызметтерді сатып алу
қағидаларына 2-қосымша
Нысан
Конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналы
Р/с |
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен сатып алуды жүргізудің аты мен мерзімі |
Сатып алудың тапсырыс берушісінің/ұйымдастырушысының атауы, орналасу орны (конкурстық комиссия хатшысының) |
Әлеуетті жеткізушінің уәкілетті өкілінің Т.А.Ә., оның жеке басын куәландыратын құжаттың деректері |
Әлеуетті жеткізушінің толық атауы, орналасу орны және байланыс телефондары |
Әлеуетті жеткізушінің уәкілетті өкілі конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған уақыты мен күні |
Әлеуетті жеткізушінің қолы |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің және Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі
құрылтайшысы (уәкілетті органы)
не акционері болып табылатын
заңды тұлғалардың тауарларды,
жұмыстарды және көрсетілетін
қызметтерді сатып алу
қағидаларына 3-қосымша
Нысан
Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді тіркеу журналы
Р/с |
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен сатып алудың аты және өткізу мерзімі |
Сатып алудың тапсырыс берушісінің/ұйымдастырушысының толық атауы, пошталық мекенжайы |
Конкурстық комиссия хатшысының Т.А.Ә., лауазымы және байланыс телефоны |
Әлеуетті жеткізушінің уәкілетті өкілінің Т.А.Ә. |
Әлеуетті жеткізушінің толық атауы, пошталық мекенжайы, оның БСН-ы |
Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер салынған конвертті тіркеу күні мен уақыты |
Өтінімдегі құжаттардың тізбесі |
Әлеуетті жеткізушінің конкурсқа қатысуға арналған өтініміне өзгеріс және (немесе) толықтыру енгізілгені туралы ақпарат |
Бас тарту себебін жазып, конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерін тіркеуден бас тартылған әлеуетті жеткізушілердің атауы |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің және Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі
құрылтайшысы (уәкілетті органы)
не акционері болып табылатын
заңды тұлғалардың тауарларды,
жұмыстарды және көрсетілетін
қызметтерді сатып алу
қағидаларына 4-қосымша
Нысан
Конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналы
Р/с |
Тауарларды, жұмыстарды қызмет көрсетулерді сатып алудың аты |
Тапсырыс берушінің/ сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы, пошталық мекенжайы |
Әлеуетті жеткізушінің уәкілетті өкілінің Т. А. Ә. |
Әлеуетті жеткізушінің толық атауы және пошталық мекенжайы, оның БСН-ы |
Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысын тіркеу күні мен уақыты |
Бас тарту себебін жазып, конкурсқа қатысуға өтінімдерін тіркеуден бас тартылған әлеуетті жеткізушілердің атауы |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің және Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі
құрылтайшысы (уәкілетті органы)
не акционері болып табылатын
заңды тұлғалардың тауарларды,
жұмыстарды және көрсетілетін
қызметтерді сатып алу
қағидаларына 5-қосымша
Нысан
Бекітемін:
______________________________________________
(Тапсырыс берушінің толық атауы және осы
конкурстық құжаттаманы бекіткен тұлғаның
тегі, аты, бар болса әкесінің аты көрсетілсін)
20 __ жылғы«___» ___________
№ ____________________ шешім
ҮЛГІ КОНКУРСТЫҚ ҚҰЖАТТАМА
сатып алу бойынша
_____________________________________________________________________
(конкурс тәсілімен сатып алудың аты көрсетілсін)
Тапсырыс беруші
_____________________________________________________________________
(тапсырыс берушінің толық атауы, орналасу орны, БСН-і, банктік
деректемелері, байланыс телефондары және бар болса, электрондық
поштасының адрестері көрсетілсін)
Сатып алуды ұйымдастырушы
_____________________________________________________________________
(толық атауы, орналасу орны, БСН-і, банк деректемелері, байланыс
телефондары және бар болса, электрондық поштасының адрестері
көрсетілсін)
Конкурстық құжаттаманың құны
_____________________________________________________________________
(конкурстық құжаттаманың құны теңгемен көрсетілсін не егер конкурстық
құжаттаманы ұсынғаны үшін өзара төлем жасау көзделмесе немесе
конкурстық құжаттама тапсырыс берушінің (сатып алуды
ұйымдастырушының) интернет-ресурсында жария етілсе, онда бұл
тармақты мынадай редакцияда жазу қажет: «Конкурстық құжаттама
тегін ұсынылады»).
1. Жалпы ережелер
1. Конкурс жеткізушіні (жеткізушілерді) таңдау мақсатында өткізіледі (тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атын көрсету қажет).
2. Тауарды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алу жөніндегі осы конкурс (лот) үшін бөлінген сома____ теңгені құрайды (тауарларды, (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) лоттарға бөлген жағдайда, әрбір лот үшін сома жеке көрсетіледі).
3. Осы конкурстық құжаттамада мыналар:
1) осы үлгі конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) тізбесі;
2) бар болса, ұлттық стандартты немесе Қазақстан Республикасының өндірушілерінің коммерциялық емес ұйымдары бекіткен үкіметтік емес стандартты көрсете отырып, сондай-ақ осы үлгі конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес нормативтік-техникалық құжаттаманы көрсетеуге болады, белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманы, техникалық ерекшеліктерді қоса алғанда, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сипаты мен талап етілетін техникалық, сапалық және функционалдық сипаттамалары қамтылады.
Жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды сатып алуды жүзеге асыру кезінде сатып алынатын жұмыстардың сипаты мен талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларының орнына конкурстық құжаттамада белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама қамтылуы тиіс;
3) заңды және жеке тұлғалар үшін осы үлгі конкурстық құжаттамаға 3 және 4-қосымшаларға сәйкес конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер;
4) тауарларды жеткізу (жұмыстарды орындау, көрсетілетін қызметтер көрсету) үшін әлеуетті жеткізушінің осы үлгі конкурстық құжаттамаға 5, 6, және 7-қосымшаларға сәйкес біліктілігі туралы мәліметтер;
5) Қағидаларға сәйкес әрбір критерийдің пайыздық мәнін көрсете отырып, неғұрлым сапалы тауар, жұмыс, көрсетілетін қызметті ұсынатын конкурсқа қатысушыны айқындау мақсатында конкурстық комиссия конкурсқа қатысушыны айқындау кезінде есепке алатын міндетті критерийлердің тізбесі қамтылады;
6) объектілер салуға не оларды қайта жаңартуға байланысты жұмыстарды сатып алуды жүзеге асыру кезінде сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада жұмыстарды орындау кезеңдерін, түрлерін және көлемдерін, сондай-ақ егер кіші жобалау құжаттамасына сәйкес оларды орындау мерзімі бір қаржы жылынан асатын болса, әрбір қаржы жылындағы осындай жұмыстарды сатып алудың сомасын көрсетеді.
4. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті жеткізуші конкурсқа қатысуға өтінімімен қоса тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде конкурсқа қатысуға арналған өтінімнің қамтамасыз етуін төменде аталған нысандардың біреуімен енгізеді:
1) мынадай банк шотында ________ орналастырылатын ақшаның кепілдік берілген ақшалай жарнасы (тапсырыс берушінің не сатып алуды ұйымдастырушының банк шотының толық деректемелері көрсетілсін);
2) осы үлгі конкурстық құжаттамаға 8-қосымшаға сәйкес банктік кепілдік.
Әлеуетті жеткізуші Қазақстан Республикасының бір не бірнеше бейрезидент банктерінің конкурс тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурсқа қатысуға өтнімімен қоса өткізілетін сатып алу сомасының жүз пайызына тең мөлшерінде банк кепілдігі түріндегі конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді ұсыну арқылы төлем қабылеттілігі туралы біліктілік талаптарын растайды.
Конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі конкурсқа қатысуға арналған өтінімнің мерзімінен кем болмайды.
2. Сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті жеткізушілерге оның ережелерін түсіндіруі
5. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті жеткізуші 200__жылғы «__»___________ _______ сағ.___ мин. кешіктірмей конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы жазбаша сұрау салумен жүгінеді. Әлеуетті жеткізушілердің сұрау салуларын сатып алуды ұйымдастырушының мынадай деректемелері бойынша жіберу қажет: (сатып алуды ұйымдастырушының пошталық мекенжайын, сұрау салуларды қабылдау жүргізілетін бөлімшені және бөлме нөмірін көрсету қажет).
6. Сатып алудың ұйымдастырушысы сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған жауап береді және сұрау салу кімнен келіп түскенін көрсетусіз конкурстық құжаттама ережелерін түсіндірулердің мәтінін тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсында жариялайды.
7. Сатып алуды ұйымдастырушы 200__жылғы «__»___________ _______ сағ.___ мин. мерзімнен кешіктірмей жеке бастамасы бойынша немесе сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген әлеуетті жеткізушінің сұрау салуына жауап ретінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізеді. Конкурстық құжаттамаға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізу конкурстық құжаттаманы бекітудегі сияқты тәртіппен ресімделеді.
Енгізілген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың міндетті күші болады және сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамаға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде мәліметтері тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсында тіркелген тұлғаларға тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсы арқылы енгізілген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың мәтінін орналастырады. Бұл ретте сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті жеткізушілер конкурсқа қатысуға өтінімдерде осы өзгерістерді есепке алу үшін кемінде күнтізбелік үш күннен астам емес мерзімге конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімін ұзартады.
Сатып алуды ұйымдастырушы енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, нақтыланған конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің (сатып алу ұйымдастырушының) интернет-ресурсында жариялайды.
3. Конкурс тәсілімен сатып алуға қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар және әлеуетті жеткізушілердің конкурс тәсілімен сатып алуға қатысуға арналған өтінімдерімен конверттерді ұсынуы
Конкурсқа қатысуға арналған өтінім
8. Конкурсқа қатысуға өтінім осы үлгі конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес тауарды беруді жүзеге асыруға (жұмысты орындауға, қызметтер көрсетуге) конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті жеткізушінің келісім білдіру нысаны болып табылады.
9. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті жеткізуші сатып алуды ұйымдастырушыға беретін конкурсқа қатысуға өтінімінде мыналар:
1) әлеуетті жеткізуші осы үлгі конкурстық құжаттамаға 3 және 4-қосымшаларға сәйкес толтырған және қолын қойған өтінім;
2) әлеуетті жеткізуші өзінің және өзі тартатын қосалқы мердігерлердің (бірлескен орындаушылардың) біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін ұсынатын құжаттардың тізбесі:
заңды тұлғалар үшін құқықтық қабілеттілігін, жеке тұлғалар үшін - азаматтық қабілеттілігін (жеке басын растайтын куәлік немесе төлқұжаты, тиісті мемлекеттік орган берген заңды тұлғаны құрусыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжат (дара кәсіпкер үшін) растайтын нотариат куәландырған құжаттар қамтылуы тиіс;
заңды тұлға қызметті Үлгі жарғының негізінде жүзеге асыратын жағдайды қоспағанда, заңды тұлға жарғысының нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады. Қазақстан Республикасының резидент еместері қазақ және (немесе) орыс тілдеріндегі аудармасымен сауда тізілімінен нотариат куәландырған, заңдастырылған үзінді көшірмені ұсынады;
лицензиялардың (нотариат лицензияның электрондық нұсқасын куәландырмайды) және (немесе) патенттердiң, куәлiктердiң, сертификаттардың, рұқсаттардың, әлеуеттiжеткізушінiң «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының заңында көзделген сатып алынатын тауарларды өндiруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және өткiзуге, жұмыстарды орындауға және қызметтердi көрсетуге құқығын растайтын басқа да құжаттардың нотариат куәландырған көшiрмелерi;
заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің немесе анықтаманың нотариат куәландырған көшірмесі (нотариат анықтаманың электрондық нұсқасын куәландырмайды). Егер заңды тұлға қызметін Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалардың үлгі жарғыларын бекіту туралы» 2008 жылғы 16 қыркүйектегі № 852 қаулысымен бекітілген Үлгі жарғысы негізінде жүзеге асыратын болса, онда мемлекеттік тіркеу туралы өтініштің нотариат куәландырған көшірмесі;
егер жарғыда құрылтайшы (құрылтайшылар) немесе құрылтайшылардың (қатысушылардың) құрамы туралы мәліметтер болмаса, құрылтай құжаттарынан құрылтайшы (құрылтайшылар) немесе құрылтайшылардың (қатысушылардың) құрамы туралы мәліметтерді қамтитын нотариат куәландырған көшірмесі не үзіндісі не конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан бұрын емес берілген, белгіленген тәртіппен қол қойылған және куәландырылған акция ұстаушылардың тізілімінен, серіктестіктер қатысушыларының тізілімінен үзіндінің түпнұсқасы;
төлем қабілетілігін растайтын құжаттар;
әлеуетті жеткізушіге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалыныңқолы мен мөрі бар әлеуетті жеткізушінің Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6793 тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамындағы және ипотекалық ұйымдардағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарын бекіту туралы» 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысына, осы үлгі конкурстық құжаттамаға № 9 қосымшаға сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуетті жеткізуші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдан бұрын берілмеуі тиіс;
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 65446 тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Дербес шоттарды жүргізу ережелерін бекіту туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 622 бұйрығына сәйкес тиісті салық органы конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан бұрын емес берген салық төлеушінің үш айдан астам салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқтығы («Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған кездегі жағдайларды қоспағанда) (болуы) туралы анықтамасының түпнұсқасы.
Конкурстық құжаттамада әлеуетті жеткізушінің төлем қабілеттілігі жөніндегі біліктілік талабына сәйкестігін осы үлгі конкурстық құжаттамаға 8-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімімен бірге жүргізілетін сатып алу сомасының жүз пайызына тең мөлшерде Қазақстан Республикасының бір немесе бірнеше резидент банктерінің банктік кепілдіктері түріндегі конкурсқа қатысуға өтінімді қаматамасыз етуді ұсыну арқылы растау құқығы туралы ақпарат;
3) осы үлгі конкурстық құжаттамаға 5, 6 және 7-қосымшаларға сәйкес сатып алу процесіне қатысу үшін біліктілігі туралы мәліметтер қамтылуы тиіс;
Егер әлеуетті жеткізуші жұмыстардың не қызмет көрсетулердің қосалқы мердігерлерін (бірлесіп орындаушыларды) тартуды көздеген жағдайда, онда әлеуетті жеткізуші сатып алуды ұйымдастырушыға тартылатын қосалқы мердігерлердің (бірлескен орындаушылардың) біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс;
осы үлгі конкурстық құжаттамаға 10-қосымшаға сәйкес конкурста сатып алудың нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсету кезінде бірлесіп орындаушылар) туралы мәліметтер және әлеуетті жеткізушінің жұмыстар (құрылыстың құны), қызмет көрсетулер көлемінің жиынтығында үштен екісінен астамын қосалқы мердігерлікке беруге тыйым салу талаптары;
4) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын және (немесе) тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету көлемдерін, тауарға қызмет көрсетуге, тауарды пайдалануға арналған шығыстарға кепілдік ұсынуды, тауарды жеткізу, жұмысты орындау, қызметті көрсету талаптарын көрсете отырып техникалық ерекше нұсқама;
5) банктік кепілдік не сатып алуды ұйымдастырушының банктік шотына не тапсырыс берушінің шотына орналастырылатын кепілдік берілген ақшалай жарнаны растайтын төлем құжаты түрінде, Қағидаларда белгіленген мөлшерде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету;
6) әлеуетті жеткізушінің жарғысына сәйкес сенімхатсыз қол қою құқығы бар әлеуетті жеткізушінің бірінші басшысын қоспағанда, әлеуетті жеткізушінің мүдделерін білдіретін адамға (адамдарға) конкурсқа қатысуға өтінімге қол қою және конкурстық комиссияның отырыстарына қатысу құқығына берілетін сенімхат қамтылуы тиіс.
Конкурсқа қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар
10. Әлеуетті жеткізуші Конкурсқа қатысуға өтінімді сатып алуды ұйымдастырушыға тігілген түрде, нөмірленген беттерімен береді және соңғы беті оның қолымен, мөрімен (жеке тұлға үшін ондай бар болса) куәландырылады.
Конкурсқа қатысуға өтінімнің техникалық бөлігі (тігілген түрде, нөмірленген беттерімен, соңғы беті әлеуетті жеткізушінің қолымен және мөрімен (жеке тұлға үшін ондай бар болса) куәландырылған түрде және конкурсқа қатысуға өтінімнің қамтамасыз етуін растайтын құжаттың түпнұсқасы жеке беріледі.
11. Конкурсқа қатысуға өтінімнің нысаны басылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы және оған әлеуетті жеткізуші қол қоюы, әлеуетті жеткізушінің мөрімен бекітілуі (жеке тұлға үшін ондай бар болса) тиіс.
12. Конкурстық өтінімде әлеуетті жеткізушінің грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзетуі қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай қосылған жазба, өшірілген сөздер немесе артық жазылған сөздер болмауы тиіс.
13. Әлеуетті жеткізуші конкурсқа қатысуға өтінімді конвертке желімдейді, оның беткі жағында әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық мекенжайы (егер ол «кешікті» деп жарияланса, конкурсқа қатысуға өтінімді ашпаған күйінде қайтару мақсатында), сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы, конкурс тәсілімен сатып алудың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін көрсетілуі тиіс: «(конкурстың атауын көрсету қажет сатып алу жөніндегі конкурс және «.. дейін ашпаңыз» (конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу күні мен уақыты көрсетілсін)».
Конкурсқа қатысуға өтінімді беру тәртібі
14. Әлеуетті жеткізушілер не олардың уәкілетті өкілдері сатып алуды ұйымдастырушыға конкурсқа қатысуға өтінімдерді қолма-қол немесе мекенжайы бойынша тапсырысты пошта байланысын пайдалана отырып: (конкурстық өтінімдерді қабылдау аяқталатын күн мен уақыт көрсетілсін) дейінгі мерзімді қоса алғанда (сатып алуды ұйымдастырушының толық пошталық мекенжайы, бөлме нөмірі, конкурсқа қатысуға өтінімді қабылдау мен тіркеуге жауапты адамның тегі, аты, бар болса әкесінің аты көрсетілсін) береді.
15. Сатып алудың ұйымдастырушысы конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі аяқталғаннан кейін алған барлық конкурстық өтінімдер ашылмайды және конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерде көрсетілген деректемелер бойынша оларды ұсынған әлеуетті жеткізушілерге не әлеуетті жеткізушілердің тиісті уәкілетті өкілдеріне алғаны жөнінде қолын қойдырып жеке өздеріне қайтарылады.
16. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, әлеуетті жеткізушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері ұсынған конкурсқа қатысуға берген өтінімдерді конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді тіркеу журналына (Қағидаларға 3-қосымша) тіркейді.
17. Осы конкурстық құжаттамада көзделген конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді ресімдеуге қойылатын талаптарды бұзып ресімделген конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер қабылданбайды және тіркелмейді.
Конкурстық өтінімдерді өзгерту және оларды қайтарып алу
18. Әлуетті жеткізуші конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі біткенге дейін өзі енгізген өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін қамтамасыз етуді қайтарып алуға құқығын жоғалтпастан, өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін өзгертеді немесе қайтарып алады. Өзгеріс енгізу конкурсқа қатысуға берілген өтінімнің өзі сияқты дайындалады, желімделеді және ұсынылады.
Конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу туралы хабарлама, әлуетті жеткізуші қол қойған және мөрмен бекітілген сатып алуды ұйымдастырушының атына еркін түрде жазылған өтініш түрінде ресімделеді (жеке тұлға үшін егер осындай бар болса).
Конкурсқа қатысуға өтінімге өзгеріс енгізу не конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу, егер оларды сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін алған болса, жарамды болып табылады.
19. Конкурсқа қатысуға өтінім салынған конвертті ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталғаннан кейін конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайтарып алу сияқты, оларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
20. Сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада белгіленген конкурсқа қатысуға өтінімдердің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей әлуетті жеткізушілерден нақты уақыт кезеңіне олардың қолданылу мерзімін ұзартуды сұратады. Әлуетті жеткізуші мынадай құқықтарын жоғалтпастан, өз шешуі бойынша мұндай сұрау салудан бас тартады:
1) оның конкурсқа қатысуға өтінімінің қолданылу мерзімі ішінде конкурс тәсілімен өткізілетін сатып алуға қатысу;
2) осындай өтінімнің қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін ол енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қайтарып алу.
21. Әлуетті жеткізуші өзінің конкурс тәсілімен сатып алуға қатысуына байланысты барлық шығыстарды көтереді. Тапсырыс беруші, сатып алуды ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, сараптама комиссиясы, сарапшы конкурс тәсілімен сатып алудың нәтижелеріне қарамастан, осы шығыстарды өтеу жөніндегі міндеттемелерді көтермейді.
4. Конкурс тәсілімен сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді конкурстық комиссияның ашуы
22. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашуды келген барлық әлеуетті жеткізушілердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен конкурстық комиссия жүргізеді (конкурстық өтінімдер ашылатын және конкурс өткізу туралы хабарландыруда (хабарламада) көрсетілген конкурстық комиссияның отырысы өткізілетін дәл күнін, уақытын және орнын көрсету қажет). Конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі мен конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу арасындағы кезең екі сағаттан аспайды.
Сатып алуды ұйымдастырушының хабарландыруында (хабарламасында) және осы Үлгі конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімде және тәртіппен ұсынылған әлеуетті жеткізушілердің өтінімдер салынған конверттері ашылуға жатады.
Егер конкурсқа (лотқа) конкурсқа қатысуға бiр ғана өтiнiм ұсынылса, онда конкурсқа қатысуға арналған осы өтiнiм ашылады және қаралады.
23. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсіміне қатысып отырған әлеуетті жеткізушілердің уәкілетті өкілдері өздерінің қатысуын растай отырып, олардың өкілеттіктерін растайтын құжаттарды көрсетуге және әлеуетті жеткізушілерді тіркеу журналына тіркеуге тиіс (тіркеу орнын, күнін және уақытын көрсету қажет, бұл уақыт конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашатын уақыттан бұрын болуға тиіс, ал тіркеу орны конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімі өткізілетін орынмен бірдей болуға тиіс).
Әлеуетті жеткізушілер мен олардың уәкілетті өкілдері конкурстық комиссияға конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімін жазу үшін пайдалануға ниет етіп отырған аудио және бейне жазбаның техникалық құралдары туралы хабардар етуге тиіс.
24. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырған әлеуетті жеткізушілердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің конкурстық комиссияның, конкурстық комиссия хатшысының қызметіне араласуына жол берілмейді.
25. Конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысында:
1) конкурстық комиссияның төрағасы не оның орынбасары конкурстық комиссияның қызметіне басшылық етеді, сондай-ақ сатып алу рәсімдерінің тиісінше орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді;
2) конкурстық комиссия мүшелерінің қатарынан төраға етіп белгілеген тұлға қатысушыларды мыналар туралы хабардар етеді:
конкурстық комиссияның құрамы, конкурстық комиссияның хатшысы;
әлеуетті жеткізушілердің сауалдарының бар немесе жоқ екендігі, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру жөніндегі әлеуетті жеткізушілермен кездесу өткізгені;
конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу фактісінің бар немесе жоқ екендігі, сондай-ақ себептері;
конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына тіркелген конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді белгіленген мерзімде ұсынған әлуетті жеткізушілер;
осы конкурс бойынша өзге де ақпаратты хабарлайды;
конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген, конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді ұсынған әрбір әлуетті жеткізуші туралы мәліметтерді хронологиялық тәртіппен баяндайды;
конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашады және өтінімде қамтылған құжаттардың тізбесін, оның ішінде өтінімге критерийлердің қолданылуын және олардың қысқаша мазмұнын жария етеді;
3) конкурстық комиссияның хатшысы:
конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасын ресімдейді;
әлуетті жеткізушілерге немесе олардың уәкілетті өкілдеріне конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасын тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсында жариялау мерзімі туралы хабарлайды;
әлуетті жеткізушілердің уәкілетті өкілдерінен конкурстық комиссияның әрекетіне (немесе әрекетсіздігіне) қарсы шағымдарының немесе қарсылықтарының бар екендігі туралы сұрайды.
Конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашу жөнiндегi конкурстық комиссия отырысының хаттамасына конкурстық комиссияның отырысқа қатысып отырған барлық мүшелерi, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы әр бетiне қол қояды.
Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер болмаған жағдайда конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашу жөнiндегi конкурстық комиссия отырысының хаттамасы ресімделмейді.
Сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық комиссияның көрсетілген отырысы өткізілген күннен кейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірмей тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсына конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі қол қойылған хаттаманың мәтінін жариялайды.
5. Конкурс тәсілімен сатып алуға қатысуға өтінімдерді олардың конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі мәніне конкурстық комиссияның қарауы және әлеуетті жеткізушілерді конкурсқа қатысуға жіберу
26. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті жеткізушілердің арасынан біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті жеткізушілерді анықтау және оларды конкурсқа қатысушы деп тану мақсатында конкурстық комиссия жүзеге асырады.
27. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде конкурстық комиссияның:
1) конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті жеткізушілерден конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді жазбаша нысанда сұратуына;
2) конкурсқа қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда сұратуына жол беріледі.
Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіруге байланысты сұратулары мен өзге де әрекеттеріне жол берілмейді. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіру деп конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімді жеткіліксіз құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруге бағытталған әрекеттері түсініледі.
Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімді, егер онда ұсынылған өтінімнің мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап беретін өтінім деп қарайды.
28. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді әлеуетті жеткізушілердің біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келу мәніне қарау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия:
1) әлеуетті жеткізушілер біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмеген жағдайда конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасын;
2) әлеуетті жеткізушілер біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келген жағдайда конкурсқа қатысуға рұқсат беру хаттамасын ресімдеу арқылы осы шешімдердің біреуін қабылдайды.
29. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттер ашылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы не әлеуетті жеткізушілердің конкурсқа қатысуына рұқсат беру (конкурс қатысушылары деп тану) туралы шешім қабылдайды (қиын техникалық сипаттамалары мен ерекше нұсқамалары бар тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді күрделі сатып алуды жүргізген жағдайда мұндай өтінімдер конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер ашылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде қарастырылады).
30. Әлеуетті жеткізушілер біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келген жағдайда конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасын жасау талап етілмейді.
31. Конкурстық комиссия біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келмейтін әлеуетті жеткізушілерді анықтаған жағдайда, мұндай әлеуетті жеткізушілерге конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы жарияланған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіру құқығын береді.
32. Конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы әлеуетті жеткізушілердің біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмеуі туралы себептер көрсетілген ақпаратты қамтиды.
Әлеуетті жеткізушілерді конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы шешім қабылданған күні отырысқа қатысып отырған конкурстық комиссияның барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттаманың әр бетіне қол қояды және конкурстық комиссияның хатшысы оған қол қойылған күні оны тапсырыс берушінің интернет-ресурсына жариялайды.
33. Конкурстық комиссияның біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтірілген конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайта қарау кезінде:
1) әлеуетті жеткізушілерден конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстырып тексеруді жеңілдету үшін олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратуға;
2) конкурсқа қатысуға берілген өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті жеке немесе заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратуға жол беріледі.
34. Конкурстық комиссия мына:
1) әлеуетті жеткізушінің және ол тартқан қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) жұмыстары не көрсетілетін қызметтері біліктілік талаптарына сәйкес екенін растауға арналған құжатты (құжаттарды) әлеуетті жеткізуші ұсынбаған;
2) оның сәйкестігін растауға арналған құжаттарда қамтылған ақпарат негізінде біліктілік талаптарына сәйкессіздік, сондай-ақ ол тартатын қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) біліктілік талаптарына сәйкессіздік фактісі анықталған;
3) біліктілік талаптары жөнінде жалған ақпарат ұсынған жағдайларда әлеуетті жеткізушіні біліктілік талаптарына сәйкес емес деп таниды.
Әлеуеттi жеткізушінi Қағидаларда көзделмеген негiздемелер бойынша бiлiктiлiк талаптарына сәйкес емес деп тануға жол берiлмейдi.
35. Конкурстық комиссия мына:
1) банктік кепілдік түрінде ұсынылған конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмiжеткiлiксiз болса;
2) конкурстық комиссияның:
конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді берген тұлғаны;
қатысу үшiн банктік кепілдік түрінде ұсынылған өтiнiмдi қамтамасыз ету енгiзiлiп отырған конкурс тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алудың атауын;
банктік кепілдік түрінде ұсынылған өтiнiмдi қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмiн және (немесе) сомасын, сондай-ақ оны ұсыну шарттарын;
конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету ретінде белгілеген тұлғаны;
конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету пайдасына енгізіліп отырған тұлғаны анықтауына мүмкіндік бермейтін мәліметтердің болмауынан көрініс табатын конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету тиісінше ресімделмеген жағдайларда енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді осы үлгі конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес емес деп таниды.
Конкурстық комиссия соманың бір процентінен астам мөлшерде өтінімді қамтамасыз ету енгізілген жағдайда, енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді осы үлгі конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келеді деп таниды.
Конкурсқа қатысуға арналған өтінімге енгізілген, конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін қамтамасыз етуді өзге негіздер бойынша тануға жол берілмейді.
36. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті жеткізуші, егер:
1) ол және (немесе) оның қосалқы мердігері не бірлесіп орындаушы біліктілік талаптарына сәйкес емес деп айқындалса;
2) Қағидалардың талаптарын бұзса не ол тартқан қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) Қағидалардың 27-тармағының талаптарын бұзса;
3) конкурсқа қатысуға арналған оның өтінімі конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес емес деп айқындалса, конкурсқа қатысуға жіберілмейді (конкурсқа қатысушы болып танылмайды).
Егер әлеуетті жеткізуші осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген негіздемелер бойынша конкурсқа қатысуға жіберілмесе, конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада осындай әлеуетті жеткізушінің конкурсқа қатысуға өтінімін кейінге қалдыру негіздемесі көрсетіледі.
37. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия бес жұмыс күні ішінде:
1) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті жеткізушілерді айқындайды және конкурсқа қатысушылар деп таниды;
2) конкурсқа қатысушыларға Қағидалардың 52-тармағында көзделген критерийлердің салыстырмалы мәнін қолданады;
3) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы ресімдейді.
38. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға отырысқа қатысқан барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды.
Конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған күні оны тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсына жариялайды.
Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы шешіміне Қағидалардың 225-тармағында белгіленген тәртіппен шағым беріледі.
6. Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті жеткізушілердің конкурстық баға ұсыныстарын ресімдеуі
39. Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті жеткізушілер (конкурсқа қатысушылар) ұсынатын конкурстық баға ұсыныстары мынадай түрде ресімделеді:
1) конкурстық баға ұсынысының нысаны басылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы және оған әлеуетті жеткізуші қол қоюы және оның мөрімен (жеке тұлға үшін ондай бар болса) бекітілуі тиіс;
2) конкурстық баға ұсынысында әлеуетті жеткізушінің грамматикалық қателерді түзетуі қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай өндірме, өшірілген сөздер немесе толықтырулар болмауға тиіс;
3) отандық әлеуетті жеткізушілердің конкурстық баға ұсыныстары теңгемен берілуі тиіс.
40. Әлеуетті жеткізуші конкурстық баға ұсынысын конвертке желімдейді, оның беткі жағында әлеуетті жеткізушінің толық атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін көрсетілуге тиіс: «Сатып алу жөніндегі конкурс (конкурстың атауын көрсету қажет) – конкурстық баға ұсынысы – (конкурстық баға ұсыныстарын ашатын күні мен уақытын көрсету қажет) дейін ашуға болмайды».
Конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысын қайтарып алу не ұсынылған конкурстық баға ұсынысына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуі сияқты, бірден артық конкурстық баға ұсынысын беруіне жол берілмейді.
7. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын конкурстық комиссияның бағалауы мен салыстыруы және конкурс жеңімпазын анықтау
41. Конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада белгіленген күні, уақытта және орында конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру бойынша отырыс өткізеді.
Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада белгіленген мерзім аяқталғанға дейін конкурстық баға ұсыныстары бар конверттер ұсынған конкурсқа қатысушылар туралы мәліметтерді конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналына хронологиялық тәртіппен енгізеді.
42. Мына:
1) конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада белгіленген мерзімнен кеш ұсынылған;
2) конкурсқа қатысушы аталған конкурс бойынша баға ұсынысын осыдан бұрын ұсынған конкурстық баға ұсыныстары бар конверттер бағалауға және салыстырып тексеруге қабылданбайды.
Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналына тіркеуден бас тарту себептерін көрсете отырып, тіркеуден бас тартылған конкурс қатысушыларының тізімін көрсетеді.
Конкурстық комиссия отырысында конкурстық комиссия төрағасы не төраға конкурстық комиссия мүшелерінің қатарынан белгілеген тұлға:
конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары бар конверттерді оларды тіркеудің хронология тәртібімен ашады;
конкурстық баға ұсыныстарын ұсынған конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын хронологиялық тәртіппен жария етеді;
конкурстық комиссияның хатшысына ашылған конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттерді береді.
43. Конкурсқа қатысушылардың және (немесе) олардың уәкілетті өкілдерінің конкурстық баға ұсыныстары бар конверттердің мазмұнымен олардың сұратуы бойынша танысуына жол беріледі.
44. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссия отырысына конкурсқа қатысушылардың және (немесе) олардың уәкілетті өкілдерінің аудио және бейне түсірілімдер жүргізу құқығымен қатысуына жол беріледі. Бұл ретте конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері конкурстық комиссияны көрсетілген техникалық құралдарды қолдану туралы хабардар етеді.
45. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру рәсімін жеңілдету үшін конкурстық комиссия әртүрлі валютада берілген конкурстық баға ұсыныстарының барлық бағаларын Қазақстан Республикасының валютасына - конкурстық баға ұсыныстарын (конкурсқа қатысушылар) бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы болатын күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша теңгеге аударады.
46. Конкурстық комиссия:
1) конкурсқа қатысушылардың конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді осы сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сомадан асатын конкурстық баға ұсыныстарын кері қайтарады;
2) егер оның бағасы демпингтік болып табылса, конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысын кері қайтарады;
3) конкурсқа қатысушылардың кемінде екі кері қайтарылмаған конкурстық баға ұсыныстарына қатысты конкурсқа қатысушылардың шартты бағасын конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада белгіленген критерийлердің пайыздық мәнін қолдану арқылы айқындайды, конкурсқа қатысушылардың шартты бағасын салыстырып тексереді және ең аз шартты бағасы негізінде олардың арасынан конкурстың жеңімпазын анықтайды.
Конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағасы тең болса, конкурстың мәні болып табылатын сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер нарығында көбірек жұмыс тәжірибесі бар әлеуетті жеткізуші жеңімпаз деп танылады. Тең шартты бағасы бар бірнеше әлеуетті жеткізушілердің жұмыс тәжірибесі тең болған жағдайда, конкурстық баға ұсынысы басқа әлеуетті жеткізушілердің конкурстық баға ұсыныстарынан ертерек келіп түскен әлеуетті жеткізуші жеңімпаз деп танылады.
47. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру және конкурс жеңiмпазын анықтау нәтижелерi бойынша конкурстық комиссия конкурс тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы ресiмдейдi. Тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi сатып алу нәтижелерi туралы хаттаманың әрбiр бетiне конкурстық комиссияның отырысына қатысқан барлық мүшелерi, сондай-ақ конкурстық комиссяның хатшысы қол қояды.
48. Конкурс тәсілімен сатып алу нәтижелері туралы хаттаманы сатып алуды ұйымдастырушы конкурс тәсілімен сатып алу нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қалыптастырады және тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсында жариялайды.
49. Сатып алуды ұйымдастырушы ол туралы мәліметтер конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген әлеуетті жеткізушінің жазбаша сұрау салуын алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей оған конкурс тәсілімен сатып алу нәтижелері туралы хаттаманың көшірмесін қайтарусыз негізде ұсынады.
8. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қамтамасыз етуді қайтару
50. Сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті жеткізушіге енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі туындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қайтарып береді:
1) осы әлеуетті жеткізуші өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін кері қайтарып алған кезде;
2) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған кезде. Аталған жағдай конкурсқа қатысушылар деп танылған әлеуетті жеткізушілерге қолданылмайды;
3) конкурс тәсілімен сатып алудың нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған кезде қайтарып береді. Аталған жағдай конкурс жеңімпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;
4) сатып алу туралы шарт күшіне енген және конкурс жеңімпазы конкурстық құжаттамада көзделген сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізген кезде;
5) әлеуетті жеткізушінің конкурсқа қатысуға өтінімінің қолданылу мерзімі өткен кезде қайтарып береді.
51. Сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайларда:
1) Қағидалардың 142-тармағына сәйкес конкурстық баға ұсынысын ұсынбаған, конкурсқа қатысушы деп танылған әлеуетті жеткізушіні қоспағанда, конкурсқа қатысушы деп танылған әлеуетті жеткізуші өзінің конкурстық баға ұсынысын белгіленген мерзімде ұсынбаса не оны кері қайтарып алса;
2) конкурсқа қатысушы деп танылған әлеуетті жеткізуші өзінің конкурстық баға ұсынысын конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімі өткеннен кейін өзгертсе және (немесе) толықтырса;
3) конкурстың жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті жеткізуші шарт жасаудан жалтарса;
4) конкурстың жеңімпазы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада белгіленген, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы талаптарды орындамаған не тиісінше орындамаған, оның ішінде уақтылы орындамаған жағдайда қайтармайды.
9. Конкурс қорытындылары бойынша сатып алу туралы шарт
52. Конкурс тәсiлiмен сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде тапсырыс беруші конкурс жеңімпазына сатып алу қорытындылары туралы хаттаманың көшірмесін, сондай-ақ Қағидалардың 6-қосымшасында көзделген Талаптарға сәйкес жасалған қол қойылған шарттың жобасын жібереді.
Шарт конкурстың жеңімпазымен конкурсқа қатысуға берген оның өтінімінде көзделген талаптарда жасалады және онымен жасалған шарттың бағасы конкурсқа қатысуға арналған өтінімде көрсетілген оның бағасынан аспауы тиіс.
53. Жеткізуші шарт жасаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізеді.
Шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін сатып алуды ұйымдастырушы шартта алдын ала ақы (аванс) төлемі көзделген жағдайларды қоспағанда, шарттың жалпы сомасының үш пайызынан кем емес мөлшерде белгіленеді.
Егер шартта алдын ала ақы (аванс) төлемі көзделген болса, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді сатып алуды ұйымдастырушы шарттың жалпы сомасының үш пайызынан кем емес мөлшерді құрайтын алдын ала ақы (аванс) сомасына тең мөлшерде белгілейді.
Ұзақ мерзімді шарт жасаған жағдайда ағымдағы қаржы жылындағы шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшері тиісті қаржы жылында көзделген шарттың жылдық сомасына қарай есептеледі.
Жеткізуші шарттың орындалуын қамтамасыз етудің мынадай:
1) тапсырыс берушінің банк шотына енгізілетін кепіл ақша жарнасы;
2) Қағидалардың 16-қосымшасына сәйкес банк кепілдігі сияқты түрлерінің біреуін таңдайды.
Жеткізушінің үшінші тұлғаларда жалпы талап ету құқығының не шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін енгізілген кепіл ақша жарнасының бөлігіне туындауына алып келетін іс-әрекеттерді жасауына жол берілмейді.
Тапсырыс берушінің жеткізуші енгізген кепіл ақша жарнасын Қағидаларда көзделмеген мақсаттарға пайдалануына жол берілмейді.
54. Егер әлеуетті жеткізуші Қағидаларда белгіленген мерзімде қол қойылған шартты тапсырыс берушіге ұсынбаса немесе шарт жасасып, конкурстық құжаттамада көзделген жағдайларда шартты орындауды қамтамасыз етуді енгізбеген жағдайда мұндай әлеуетті жеткізуші шартты жасасудан жалтарған болып саналады.
55. Әлеуетті жеткізуші шарт жасасудан жалтарған деп танылған жағдайда тапсырыс беруші:
1) ол конкурсқа қатысуға енгiзген өтiнiмдi қамтамасыз етудi ұстап қалады;
2) сатып алу туралы шарт жасасудан жалтаруға байланысты келтірілген шығындарды өтеу туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге құқылы.
56. Шарт оған тапсырыс беруші мен жеткізуші қол қойғаннан кейін не соңғысы шарттың орындалуына қамтамасыз етуді толық енгізгеннен соң күшіне енеді.
Міндетті мемлекеттік тіркеуден немесе өзге тіркеуден өтуі тиіс шарттар тіркелген сәттен бастап жасалған деп саналады.
Үлгі конкурстық құжаттамаға
1-қосымша
Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің тізбесі
_________________________________________ сатып алу бойынша конкурс
(толық атауын көрсету)
Лот |
Тапсырыс берушінің атауы |
Тауарлардың (жұмыстың, қызметтің) атауы* |
Өлшем бірлігі |
Саны, көлемі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
(Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) сипаттамалары техникалық ерекше нұсқамада көрсетілетін жағдайда бұл бағанда тауардың (жұмыстың не қызметтің) қысқаша атауы және әрбір ұстаным бойынша техникалық ерекше нұсқаманың нақты бөліміне сілтеме көрсетіледі) |
кестенің жалғасы
Жеткізу шарттары (ИНКОТЕРМС 2000 сәйкес) |
Тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі |
Тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны |
Аванстық төлем мөлшері, % |
Конкурс тәсілімен сатып алу үшін бөлінген сома (№ лот бойынша), теңге |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
* Тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің толық сипаты мен сипаттамасы техникалық ерекше нұсқамада көрсетіледі.
Сатып алуды ұйымдастырушы басшысының лауазымы, тегі, аты, бар болса – әкесінің аты және қолы М.О. |
Тапсырыс беруші басшысының лауазымы, тегі, аты, бар болса – әкесінің аты және қолы М.О. |
Үлгі конкурстық құжаттамаға
2-қосымша
Сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) техникалық ерекше нұсқамасы
(әрбір лотқа жеке беріледі)
Конкурстың № __________________________________________________
Конкурстың атауы ______________________________________________
Лоттың № ______________________________________________________
Лоттың атауы __________________________________________________
Техникалық ерекше нұсқамада қажетті ерекшеліктерді, жоспарларды, сызбаларды, эскиздерді қоса алғанда, сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) толық сипаты және талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық сипаттамалары беріледі және жеткізілетін тауарлар (орындалатын жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) сәйкес болуы тиіс халықаралық немесе ішкі стандарттар, кепілдік мерзімі көрсетіледі.
Тауарларға берілетін техникалық ерекше нұсқамада функционалдық, техникалық, сапалық сипаттамаларын сипаттау функционалдық шектерді, техникалық сипаттама параметрлерін, үздік техникалық ерекшелікті айқындау мақсатында тауардың мақсатын қамтитын тиісті бөлімдерге бөлінуге тиіс.
Техникалық ерекше нұсқамада тауарларды жеткізу кезінде тапсырыс берушіге қажетті ілеспе қызметтер (монтаждау, ретке келтіру, оқыту, тауарларды тексеру және сынақтан өткізу және т.б.) және оларды көрсету орны, тауардың шыққан жылы, кепілдік мерзімі көрсетілуі тиіс.
Көрсетілетін қызметтерге берілетін техникалық ерекше нұсқамада техникалық және сапалық сипаттамаларын сипаттау техникалық сипаттама параметрлерін және үздік техникалық ерекшелікті айқындау мақсаттары үшін қызметтер көрсету мақсатын қамтитын тиісті бөлімдерге бөлінуі тиіс. Осындай қызметтерді тікелей көрсететін қызметкердің біліктілігіне байланысты көрсетілетін қызметтерді сатып алған жағдайда, техникалық ерекше нұсқамада қызметкерге жүктелетін міндеттерді орындау үшін қажетті оның деңгейі мен кәсіби даярлық бейінін, жұмыс өтілін айқындайтын талаптардың сипаты беріледі. Техникалық ерекше нұсқамада ұлттық стандарт немесе ол болған кезде Қазақстан Республикасы өндірушілерінің комммерциялық емес ұйымдары бекіткен үкіметтік емес стандарт көрсетіледі.
Жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды сатып алуды жүзеге асырған кезде конкурстық құжаттамада техникалық ерекше нұсқаманың орнына белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама қамтылуы тиіс.
Жұмыстың техникалық ерекшелігінде құрылыс алаңының, географиялық, инженерлік-геологиялық және басқа да ерекше табиғи жағдайлардың қысқа сипаты, инфрақұрылым мен коммуникацияның бар-жоғы, жергілікті ресурстардың сипаты, стандарттар мен техникалық нормативтер жүйесі, сондай-ақ объектіні пайдалануға беру кезінде қайшылықтарды болдырмайтын объектінің толық құрамы, аумақты инженерлік дайындау, өндіріс технологиясы мен жабдық, инженерлік қамтамасыз ету, пайдаланылатын материалдар мен конструкциялар, объектіні жарақтандыру жөніндегі талаптар көрсетілуі тиіс. Тиісті нормативтік-техникалық құжаттамаға жасалатын сілтемені көрсетуге жол беріледі.
Үлгі конкурстық құжаттамаға
3-қосымша
Конкурсқа қатысуға өтінім
(заңды тұлғалар үшін)
Кімге _______________________________________________________________
(сатып алуды ұйымдастырушының атауы көрсетіледі)
Кімнен ______________________________________________________________
(әлеуетті жеткізушінің толық атауы көрсетіледі)
1. Конкурсқа қатысуға үміткер заңды тұлға (әлеуетті жеткізуші) туралы мәліметтер:
Әлеуетті жеткізушінің заңды, почталық мекен-жайы және байланыс телефондары |
|
Заңды тұлғаның банктік деректемелері (БСН, БСК, ЖСК), сондай-ақ заңды тұлғаға қызмет көрсететін банктің немесе оның филиалының толық атауы мен мекенжайы |
|
Заңды тұлғаның бірінші басшысының тегі, атығ бар болса – әкесінің аты |
2. ___________________ (заңды тұлғаның толық атауы көрсетіледі) осы өтініммен конкурс тәсілімен сатып алуға (конкурстың толық атауын көрсету қажет) әлеуетті жеткізуші ретінде қатысуға ниет білдіреді және конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес (тауарды беруді), жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді - қажетін көрсету керек) жүзеге асыруға келісім білдіреді.
3. Әлеуетті жеткізуші осы өтініммен Қағидалардың 27-тармағында көзделген шектеулердің бұзылмағанын растайды.
Осымен әлеуетті жеткізушінің Қағидалардың 221-тармағында көзделген фактілер анықталған жағдайда сатып алу (тауарды, жұмыстарды, қызметтерді – қажеттісі көрсетілсін) туралы шартты бұзуға келісімі де білдіріледі.
4. Әлеуетті жеткізуші конкурстық құжаттамамен танысқандығын және сатып алуды ұйымдастырушыға және конкурстық комиссияға өзінің құқықтық қабілеттілігі, біліктілігі, сапалық және өзге де сипаттамалары туралы (берілетін тауарды, орындалатын жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді - қажетін көрсету керек) дұрыс емес ақпарат ұсынғаны үшін жауапкершілігі, олардың авторлық және сабақтас құқықтарды сақтауы, сондай-ақ өзге де шектеулерді сақтауы туралы хабардар етілгендігін растайды.
Әлеуетті жеткізуші осы конкурсқа қатысуға өтінімде және оған қоса берілетін құжаттарда мұндай дұрыс емес мәліметтерді бергені үшін өзіне толық жауапкершілікті қабылдайды.
5. Осы конкурстық өтінім ___ күн ішінде қолданылады.
6. Біздің конкурстық өтінім жеңді деп танылған жағдайда, біз сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді шарттың жалпы сомасының үш пайызын құрайтын сомада не сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының кемінде үш пайызынан аспайтын авансқа тең мөлшерде енгіземіз (егер де конкурстық құжаттамада шарттың атқарылуын қамтамасыз етуді енгізу көзделген болса көрсетіледі).
7. Шартты жасасу сәтіне дейін конкурсқа қатысуға осы өтінім Сіздің оны жеңді деп тапқан хабарламаңызбен бірге біздің арамыздағы алдын ала шарт рөлін орындайтын болады.
________________________________________________________
________________________/______________________________/
(Заңды тұлға – әлеуетті жеткізушінің бірінші басшысының не оның орынбасарының лауазымы, тегі, аты, бар болса – әкесінің аты және оның қолы)
Толтыру күні ____________________
М.О.
Үлгі конкурстық құжаттамаға
4-қосымша
Конкурсқа қатысуға өтініш
(жеке тұлға үшін)
Кімге
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(сатып алуды ұйымдастырушының атауы көрсетіледі)
Кімнен
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(әлеуетті жеткізушінің толық атауы көрсетіледі)
1. Конкурсқа қатысуға үміткер жеке тұлға (әлеуетті жеткізуші) туралы мәліметтер:
Жеке тұлғаның – әлеуетті жеткізушінің жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес тегі, аты, бар болса әкесінің аты |
|
Жеке тұлғаның – әлеуетті жеткізушінің жеке басын куәландыратын құжатының деректері |
|
Жеке тұлғаның – әлеуетті жеткізушінің тіркелген мекенжайы |
|
Жеке тұлғаның – әлеуетті жеткізушінің нақты тұрғылықты мекенжайы |
|
Тіркеу туралы куәліктің, патенттің не кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқық беретін, конкурс мәніне сәйкес келетін өзге де құжаттың нөмірі |
|
Жеке тұлғаның – әлеуетті жеткізушінің банктік деректемелері (ЖСН, БСН, ЖСК), сондай-ақ жеке тұлғаға қызмет көрсететін банктің немесе оның филиалының толық атауы мен мекенжайы |
|
Жеке тұлғаның – әлеуетті жеткізушінің байланыс телефондары, пошталық мекенжайы және электрондық почтасының мекенжайы (ол бар болса) |
2. ___________ (жеке тұлғаның тегі, аты, бар болса әкесінің аты көрсетіледі) осы өтініммен конкурс тәсілімен сатып алуға (конкурстың толық атауы көрсетілсін) әлеуетті жеткізуші ретінде қатысуға ниет білдіреді және конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес (тауарды жеткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді - қажеттісін көрсету керек) жүзеге асыруға келісім білдіреді.
3. Әлеуетті жеткізуші осы өтініммен Қағидалардың 27-тармағында көзделген шектеулерді бұзушылықтардың болмағандығын растайды.
Осы арқылы әлеуетті жеткізушінің Қағидалардың 221-тармағында көзделген фактілер анықталған жағдайда сатып алу (тауарды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді - қажеттісі көрсетілсін) туралы шартты бұзуға келісімін білдіреді.
4. Әлеуетті жеткізуші конкурстық құжаттамамен танысқандығын және сатып алуды ұйымдастырушы мен конкурстық комиссияға өзінің құқығы, біліктілігі, сапалық және өзге де сипаттамалары туралы (берілетін тауардың, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің - қажеттісін көрсету), олардың авторлық және сабақтас құқықтарды, сондай-ақ өзге де шектеулерді сақтауы туралы дәйексіз мәліметтер бергені үшін жауаптылығы туралы хабардар етілгендігін растайды.
Әлеуетті жеткізуші осы конкурсқа қатысуға өтінімде және оған қоса берілетін құжаттарда осындай дәйексіз мәліметтерді бергені үшін толық жауапкершілікті өзіне қабылдайды.
5. Осы конкурстық өтінім___күн ішінде қолданылады.
6. Біздің конкурстық өтінім жеңді деп танылған жағдайда, біз сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді шарттың жалпы сомасының үш пайызын құрайтын сомада не сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының кемінде үш пайызын құрайтын авансқа тең мөлшерде енгіземіз (егер де конкурстық құжаттамада шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу көзделген болса көрсетіледі).
7. Шартты жасау сәтіне дейін осы конкурсқа қатысуға өтінім Сіздің оны жеңді деп тану туралы хабарламаңызбен бірге біздің арамыздағы алдын-ала шарттың рөлін орындайтын болады.
_________________________________________
______________________/ ________________/
(жеке тұлғаның – әлеуетті жеткізушінің тегі, аты, бар болса әкесінің аты және оның қолы)
Толтырылған күні _________________
Үлгі конкурстық құжаттамаға
5-қосымша
Біліктілік туралы мәліметтер
(әлеуетті жеткізуші жұмыстарды сатып алу кезінде толтырады)
1. Әлеуетті жеткізушінің атауы ________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
2. Әлеуетті жеткізушінің соңғы он жыл ішінде орындаған жұмыс көлемі (болған кезде), теңгемен
_____________________________________________________________________
____________________________________________________________________.
Объектінің атауы және орналасқан жері |
Тапсырыс берушілердің атауы және олардың телефон нөмірлері |
Жұмыстардың түрі және объектінің аяқталу жылы |
Шарттың құны, теңге (әлеуетті жеткізушінің қарауы бойынша) |
3. Әлеуетті жеткізуші конкурстық құжаттамада көзделген жабдықтың (механизмдердің, машиналардың) не жұмыстарды орындау үшін қажетті осындай (қосымша) жабдықтың (механизмдердің, машиналардың) болуы туралы мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып көрсетеді.
Жабдықтың (құрылыс механизмдерінің, машиналардың) түрі |
Қолда бар бірліктер саны |
Жай-үйі (жаңа, жақсы, жаман) |
Меншікті, жалға алынған (кімнен), сатып алынады (кімнен) |
4. Қаржы ресурстарына қолжетімділігі туралы мәліметтер (ақша: меншікті, кредит және т.б.). Төменде тізбелеп көрсету қажет.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
5. Ұсынымдар туралы мәліметтер, олар болған кезде. Басқа заңды және (немесе) жеке тұлғалардың ұсыным хаттарын, пікірлерін тізбелеп көрсету және қоса беру қажет.
_____________________________________________________________________
____________________________________________________________________.
Біліктілік туралы барлық мәліметтердің дәйектілігін растаймын.
Қолы_________________________
Үлгі конкурстық құжаттамаға
6-қосымша
Біліктілік туралы мәліметтер
(әлеуетті жеткізуші көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде толтырады)
1. Әлеуетті жеткізушінің атауы ________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
2. Конкурста сатып алынатын, әлеуетті жеткізушінің соңғы он жыл ішінде көрсеткен осындай қызметінің көлемі (болған кезде), теңгемен__
_____________________________________________________________________
____________________________________________________________________.
Көрсетілген қызметтің атауы |
Тапсырыс берушілердің атауы және олардың телефон нөмірлері |
Қызмет көрсету орны және жылы |
Шарттың құны, теңге (әлеуетті жеткізушінің қарауы бойынша) |
3. Әлеуетті жеткізуші конкурстық құжаттамада көзделген жабдықтың (материалдардың) не қызмет көрсету үшін қажетті осындай (қосымша) жабдықтың (материалдардың) болуы туралы мәліметтерді растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса бере отырып көрсетеді.
Жабдықтың (механизмдердің, машиналардың) түрі |
Қолда бар бірліктер саны |
Жай-үйі (жаңа, жақсы, жаман) |
Меншікті, жалғаалынған (кімнен), сатыпалынады (кімнен) |
4. Қаржы ресурстарына қолжетімділігі туралы мәліметтер (ақша:
меншікті, кредит және т.б.). Төменде тізбелеп көрсету қажет.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
5. Ұсынымдар туралы мәліметтер, олар болған кезде. Басқа заңды
және (немесе) жеке тұлғалардың ұсыным хаттарын, пікірлерін тізбелеп
көрсету және қоса беру қажет.
_____________________________________________________________________
____________________________________________________________________.
Біліктілік туралы барлық мәліметтердің дәйектілігін растаймын.
Қолы_________________________
Үлгі конкурстық құжаттамаға
7-қосымша
Біліктілік туралы мәліметтер
(әлеуетті жеткізуші тауарларды сатып алу кезінде толтырады)
1. Әлеуетті жеткізушінің атауы ________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
2. Конкурста сатып алынатын, әлеуетті жеткізушінің соңғы он жыл
ішінде жеткізген (шығарған) осындай тауарлардың көлемі (болған
кезде), теңгемен_____________________________________________________
_____________________________________________________________________
____________________________________________________________________.
Тауардың атауы |
Тапсырыс берушілердің атауы және олардың телефон нөмірлері |
Тауарды жеткізу орны және күні |
Шарттың құны, теңге (әлеуетті жеткізушінің қарауы бойынша) |
3. Қаржы ресурстарына қолжетімділігі туралы мәліметтер (ақша: меншікті, кредит және т.б.). Төменде тізбелеп көрсету қажет.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
4. Ұсынымдар туралы мәліметтер, олар болған кезде. Басқа заңды және (немесе) жеке тұлғалардың ұсыным хаттарын, пікірлерін тізбелеп көрсету және қоса беру қажет.
_____________________________________________________________________
____________________________________________________________________.
Біліктілік туралы барлық мәліметтердің дәйектілігін растаймын.
Қолы_________________________
Үлгі конкурстық құжаттамаға
8-қосымша
Банк кепілдігі
Банктің атауы________________________________________________________
(банктің атауы және деректемелері)
Кімге________________________________________________________________
(сатып алуды ұйымдастырушының атауы және деректемелері)
№_______Кепілдік міндеттеме
_________________ ____жылғы «___»_________
(орналасқан жері) _________
Біз _________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(әлеуетті жеткізушінің атауы)
бұдан әрі «Жеткізуші»,
_______________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_______________________________________________________ ұйымдастырған
(сатып алуды ұйымдастырушының атауы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
сатып алу туралы конкурсқа қатысатыны және __________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
конкурс, лот (лоттар) бойынша тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің
атауы
жеткізуді жүзеге асыруға (жұмысты орындауға, қызмет көрсетуге)
дайын екендігі жөнінде хабардар болдық.
Жоғарыда аталған конкурсты өткізу жөніндегі _____жылғы
«___»__________ конкурстық құжаттамада әлеуетті жеткізушілердің
конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді банк кепілдігі түрінде енгізуі
көзделген.
Осыған байланысты біз__________________________________________
_____________________________________________________________________
(банк атауы)
осы арқылы Сіздің жазбаша ақы төлеуге талабыңызды, сондай-ақ
Жеткізушінің:
конкурсқа қатысуға өтінімді түпкілікті беру мерзімі өткеннен
кейін конкурсқа қатысуға өтінімді кері қайтарып алғандығы не
өзгерткендігі және (немесе) толықтырғандығы;
конкурсқа қатысушы деп танылушы өзінің конкурстық баға ұсынысын
белгіленген мерзімде тапсырмағандығы не кері қайтарып алғандығы;
конкурстың жеңімпазы ретінде анықталушының шарт жасасудан
жалтарғандығы;
шарт жасап, конкурстық құжаттамада белгіленген шарттың
орындалуын қамтамасыз етуді енгізу туралы және (немесе) енгізу
мерзімі туралы талаптарды орындамағандығы не уақтылы орындамағаны
туралы жазбаша растамаңызды алған бойда Сізге талабыңыз бойынша
_____________________________________________________________________
__________________________________________________________ тең соманы
(сомасы санмен және жазумен)
төлеудің қайтарылмайтын міндеттемесін өзімізге қабылдаймыз.
Осы кепілдік міндеттеме конкурстық өтінімдер бар конверттерді ашқан күннен бастап күшіне енеді.
Осы кепілдік міндеттеме Жеткізушінің конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімінің соңғы қолданылу мерзіміне дейін қолданылады және, егер Сіздің жазбаша талабыңызды біз________ аяғына дейін алмасақ, осы құжат бізге қайтарылатындығына немесе қайтарылмайтындығына қарамастан, толық және автоматты түрде күшін жояды. Егер конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі ұзартылған болса, онда осы кепілдік міндеттеме сол мерзімге ұзартылады.
Осы кепілдік міндеттемеге байланысты туындайтын барлық құқықтар мен міндеттемелер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
Кепілгердің қолы және мөрі Күні және мекенжайы
Үлгі конкурстық құжаттамаға
9-қосымша
Берешектің жоқ болуы туралы анықтама (мәліметтер)
Банк (атауы) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6793 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы» 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысына сәйкес осы Банкте көрсетілетін қызметті тұтынушының (заңды тұлғаның толық атауын, тел., мекенжайын көрсету қажет)___________ жағдай бойынша банк алдында анықтама (мәлімет) берілетін айдың алдындағы үш айдан артық созылған мерзімі өткен берешегінің жоқ екендігін растайды
Күні
Қолы
М.О.
Үлгі конкурстық құжаттамаға
10-қосымша
Конкурста сатып алудың мәні болып табылатын, жұмыстарды орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсету кезіндегі бірлескен орындаушылар) туралы мәліметтер, сондай-ақ әлеуетті жеткізуші қосалқы мердігерлерге (бірлескен орындаушыларға) беретін жұмыстар мен қызметтердің түрлері
(конкурстың толық атауын көрсету қажет)
Р/с |
Қосалқы мердігердің (бірлескен орындаушы) - заңды тұлғаның атауы не жеке тұлға болып табылатын қосалқы мердігердің (бірлескен орындаушының) тегі, аты, бар болса әкесінің аты |
Қосалқы мердігердің (бірлескен орындаушының) бизнес-сәйкестендіру нөмірі, оның толық заңды және пошталық мекенжайы, байланыс телефоны |
Техникалық ерекше нұсқамаға сәйкес орындалатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) атауы |
Техникалық ерекше нұсқамаға сәйкес орындалатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) ақшалай мәндегі көлемі |
Техникалық ерекше нұсқамаға сәйкес орындалатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) пайыздық мәндегі көлемі |
|||
Осы қосалқы мердігер (бірлескен орындаушы) бойынша барлығы |
теңге |
көлемінің % |
||||||
Осы қосалқы мердігер (бірлескен орындаушы) бойынша барлығы |
теңге |
көлемінің % |
||||||
Барлық қосалқы мердігерлер (бірлескен орындаушылар) бойынша жиынтығы |
теңге |
көлемінің % |
||||||
Осы арқылы конкурсқа (конкурстың толық атауын көрсету) қатысуға өтінім беретін әлеуетті жеткізушінің қосалқы мердігері (және) бірлескен орындаушысы (және)) конкурс (конкурстың толық атауын көрсету) тәсілімен сатып алуға қатысудың талаптары туралы өзінің хабардар екендігін білдіреді және конкурстық құжаттамада әлеуетті жеткізушінің қосалқы мердігерлеріне (бірлескен орындаушыларына) қатысты бөлігінде көзделген талаптарды бұзғандығы үшін жауапкершілікті өзіне қабылдайды.
Қосалқы мердігер (бірлескен орындаушы) - заңды тұлғаның атауы не жеке тұлға болып табылатын қосалқы мердігердің (бірлескен орындаушының) тегі, аты, бар болса әкесінің аты |
Қосалқы мердігердің (бірлескен орындаушының) уәкілетті өкілінің тегі, аты, бар болса әкесінің аты |
Қолы |
Әлеуетті жеткізушінің қосалқы мердігерлерге (бірлескен орындаушыларға) жұмыстар мен қызметтердің жалпы көлемінің үштен екісінен асатын жұмыстар мен қызметтер көлемін беруіне жол берілмейді.
Үлгі конкурстық құжаттамаға
11-қосымша
_____________________________
(әлеуетті жеткізушінің атауы)
әлеуетті жеткізуші бағаларының кестесi
(лоттың нөмірі көрсетіле отырып, әрбір лотқа жеке толтырылады)
Р/с |
Мазмұны |
Тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің атауы |
Қысқаша сипаты |
||
Шығарған елі (жұмыстар мен қызметтерді сатып алу кезінде алып тастау қажет) |
||
Дайындаушы зауыт (жұмыстар мен қызметтерді сатып алу кезінде алып тастау қажет) |
||
Өлшем бірлігi |
||
________біреуінің бағасы _________ |
||
Саны (көлемі) |
||
Барлық бағасы =___________ |
||
Әлеуеттi жеткізушінің тасымалдауға, сақтандыруға, төлеуге арналған барлық шығыстарды/кеден бажын, ҚҚС және басқа салықтарды,төлемдерді мен алымдарды, жинақтаушы бөлшектер мен міндетті қосалқы бөлшектердің, бір өлшем бірлігіне пайдаланудың бастапқы мерзімi iшінде қызмет көрсетуге арналған құнын және басқа да шығыстарды қоса алғанда, ИНКОТЕРМС 2000 ___________ талаптары бойынша межелі орны, жалпы бағасы (жеңілдіктер ескеріле отырып, бар болса)__________ |
Біз сіздердің конкурстық құжаттамада ескертілген төлемдік талаптарыңызбен келісеміз
__________ _______________________________________________
(Қолы) (Лауазымы, тегі, аты, бар болса әкесінің аты)
М.О.
Ескерту: әлеуетті жеткізуші жалпы бағаның құраушы бөліктерін көрсетпеуі мүмкін, бұл ретте осы жолда көрсетілген бағаны әлеуетті жеткізушінің барлық шығындарын, болған кезде жеңілдіктерді ескере отырып конкурстық комиссия белгіленген ретінде қарайды және ол қайта қарауға жатпайды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің және Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі
құрылтайшысы (уәкілетті органы)
не акционері болып табылатын
заңды тұлғалардың тауарларды,
жұмыстарды және көрсетілетін
қызметтерді сатып алу
қағидаларына 6-қосымша
Шарттың мазмұнына қойылатын талаптар
1. Шарттың тақырыбында сатып алудың атауы, Тапсырыс беруші мен Жеткізуші белгілеген Шарт нөмірі, шартқа қол қойылған күні және орнын қамтылған.
2. Шарттың кіріспесінде Тапсырыс беруші мен Жеткізуші туралы мәліметтер қамтылған, онда мыналар қоса қамтылады:
1) өзіне оның атын және ұйымдық-құқықтық нысанына нұсқауды қосатын заңды тұлғаның атауы;
2) уәкілетті тұлғаның лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты;
3) Шарттың уәкілетті тұлғасының қол қою құқығын растайтын құжат;
4) Жеткізушінің резиденттігін көрсету;
5) Шартты тікелей жасау тәсілімен сатып алуды қоспағанда, Шартқорытындысының негіздемесі (хаттама, шешім).
Егер кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға Жеткізуші ретінде шықса оның тегі, аты, әкесінің аты, жеке куәлігінің және төлқұжатының деректері (нөмірі, берілген күні және кім берді), тиісті мемлекеттік орган берген заңды тұлғаны құрмастан, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру құқығын беретін құжат.
3. Шартта мынадай бөлімдер қамтылған:
1) Шарттың мәні және жалпы талаптары. Бөлімде шарттың мәні (Жеткізушінің тауарды сату және жеткізу, қызметтер көрсету, жұмыстарды орындау міндеттемелері және Тапсырыс берушінің тауарды, көретілетін қызметтерді, жұмыстарды қабылдау, олардың ақысын төлеу міндеттемелері, тауардың, көрсетілетін қызметтердің, жұмыстардың сипаттамалары көрсетіле отырып немесе оларды жан-жақты сипаттайтын қосымшасына сілтеме жасала отырып көрсетіледі. Келтірілген сипаттамаларда сатып алынатын тауарларды, көрсетілетін қызметтерді, жұмыстарды сәйкестендіруге (техникалық ерекше нұсқама, техникалық сипаттамалар, мөлшері, саны, көлемі және т.б.) және шартта (Жеткізушінің конкурстық өтінімінде, және Тапсырыс берушінің конкурстық құжаттамасында) көзделген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
Тауарды жеткізу кезінде ілеспе қызметтерді көрсетуге жол беріледі. Ілеспе қызметтердің құны Шарттың жалпы сомасына қосылады.
Қызметтер көрсету, жұмыстарды орындау кезінде қосалқы мердігерлерді (бірлескен орындаушыларды) тартуға жол беріледі. Қосалқы мердігерлерге (бірлескен орындаушыларға) жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету үшін берген жұмыстар мен қызметтердің шекті көлемі сатып алынатын жұмыстардың немесе қызметтердің жалпы көлемінің үштен екісінен артық аспайды.
Шарттардың мәтіндерін жасау кезінде пайдаланылатын ұғымдар мен терминдерді бір мағынада түсіндіру үшін терминдер сөздігі келтіріледі.
Қазақстан Республикасының резиденті емеспен шарт жасаған жағдайда 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (Жалпы бөлім) және 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (Ерекше бөлім) көзделген талаптары ескеріле отырып, олар ұсынған нысанда шарт ресімдеуге жол беріледі.
2) Шарттың бағасы және ақы төлеу тәртібі. Бөлімде тауар, көрсетілетін қызметтер, жұмыстар үшін шарттың жалпы сомасы (біреуінің бағасын, көлемін қоса алғанда), құнын өзгерту немесе өзгертпеу тәртібі, валюта ескертіледі.
Шарттың мазмұны 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі), 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы»Қазақстан Республикасы кодексінің талаптарына сәйкес салықты төлеу және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, қосылған құн салығы, акциздер қамтылуға тиіс.
Шарттың бағасына сақтандыруды, салықтарды, баж салығын және өзге де төлемдерді қоса алғанда, тауарды жеткізуге, қызметтерді көрсетуге, жұмыстарды орындауға байланысты барлық тәуекелдер мен шығыстарды қосуға ұсыным жасалады.
Шартқа есептер, шарт бағасының негіздемелері: құрылыс-құрастыру жұмыстарына арналған сметалар, көрсетілетін қызмет құнының есептері, түрлері мен техникалық сипаттамалары бойынша тауарлар тізбесі және біреуінің бағасы қоса берілуге тиіс.
Міндетті түрде қандай мерзімде және қандай құжаттар негізінде (шот-фактуралар, қабылдау-өткізу актісі немесе басқа құжат) шарт бойынша ақы төлеу жүргізілетіні көрсетіледі.
Шартқа шарт бойынша міндеттемелер толық және тиісінше орындалған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын толық төлеу мерзімімен, тауарлардың жеткізілгені, қызметтер көрсетілгені, жұмыстардың орындалғаны үшін алдын ала ақы төлеу және (немесе) толық ақы төлеу туралы талаптарды қосуға жол беріледі.
Шарттың сомасы мен мәні тауарларды, көрсетілетін қызметтерді және жұмыстарды сатып алу жоспарына сәйкес келуге тиіс;
3) Тараптардың құқықтары мен міндеттері. Бөлімде Жеткізушінің тауарды сату және жеткізу, қызметтер көрсету, жұмыстарды орындау міндеттемелері және Тапсырыс берушінің тауарды, көрсетілетін қызметтерді, жұмыстарды қабылдау және олардың ақысын төлеу міндеттемелері көзделеді. Сондай-ақ Жеткізуші Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған және (немесе) тиісінше орындамаған жағдайда Тапсырыс берушінің шартты біржақты тәртіппен бұзу құқығы көзделген, бұл ретте Жеткізуші шарт бойынша алған соманы қайтарады және тұрақсыздық айыбын (шарт тараптары келіскен мөлшерде) төлейді.
Егер Жеткізуші немесе оның қосалқы мердігері (мердігерлері) (және) немесе бірлескен орындаушысы (орындаушылары) шартты орындау кезеңінде кез-келген сәтте шартты уақтылы орындауға кедергі келтіретін талаптарға жолығатын болса, Жеткізуші Тапсырыс берушіге кешіктіру фактісі, оның болжамды ұзақтығы мен себебі (себептері) туралы дереу жазбаша хабарлама жібереді. Тапсырыс беруші Жеткізушіден хабарлама алғаннан кейін мән-жайды бағалайды және өзінің қалауы бойынша шартқа өзгерістер енгізу арқылы шартты орындау мерзімін ұзартады.
Жеткізуші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз шарт бойынша өз міндеттемелерін толық та, ішінара да басқа біреуге бермейді.
Жеткізушінің мыналарды ұсыну бойынша міндеттемелерін көздеуге ұсыным жасалады:
Техникалық құжаттамаларды беру және орыс тіліндегі және (немесе) ағылшын тіліндегі (өндіруші тілі) таңбалануын көрсету. Техникалық құжаттаманың тілін (орыс тілі, ағылшын тілі, өндірушінің тілі) келісудің артықшылығы бар;
Егер бұл конкурстық өтінімнің құжаттарында не шартта ескертілсе, Шарт шеңберінде жасалған барлық қосалқы мердігерлік шарттардың көшірмелері. Қосалқы мердігерлердің (бірлескен орындаушылардың) болуы Жеткізушіні шарт бойынша материалдық және басқа да жауапкершіліктен босатпайды;
4) Тауарды жеткізу, қызметтер көрсету, жұмыстарды орындау талаптары. Бөлімде тауарды жеткізу, қызметтер көрсету, жұмыстарды орындау талаптары, орны және мерзімдері көзделеді.
Incoterms қағидаларына сәйкес тауарды жеткізу талаптарын қабылдауға ұсыным жасалады, бұл жағдайда қағидалардың редакциясы (мәселен, Incoterms 2010 және т.б.) және мәселен DDP (Incoterms 2010) талаптарымен жеткізу немесе тиеу орны (жеткізу базисінің талаптарына сәйкес) көрсетіледі.
Бөлімде жеткізу базисінде ескертілмеген барлық талаптар айқындалуға тиіс, оның ішінде:
меншік құқығының, тәуекелдердің, жауапкершіліктің ауысу талаптары;
сақтандыру бойынша бенефициар;
тауарды тиеу, жеткізу күнін белгілеу талаптары, ілеспе құжаттаманы жіберу талаптары;
жеткізілетін тауарлармен қоса берілетін құжаттардың тізбесі (мәселен: паспорттар, нұсқамалар, техникалық құжаттама, сапа, сәйкесу, шығу сертификаттары, қабылдау-өткізу актілері, жүкқұжаттары, кепілдік талондары, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актілері, экспорттық декларация, жүк-кеден декларациясы және басқалары);
ілеспе ақпаратты жіберу әдістері – почтамен, факспен, электрондық почтамен және басқалары.
Шартта тауарды жеткізудің, қызметтер көрсетудің, жұмыстарды орындаудың бастапқы және соңғы мерзімдері көрсетілуге тиіс. Жұмыстарды жүргізу кестесінде жұмыстардың жекелеген кезеңдерін аяқтау мерзімдері (аралық мерзімдер) және аралық мерзімдерді бұзғаны үшін жауапкершілігі болуға тиіс.
Шартта объекті құрылысының кезеңі және (немесе) құрылыстың шекті мерзімі көрсетіледі.
5) Жеткізушінің Тауарға, көрсетілген қызметтерге, орындалған жұмыстарға берген кепілдігі.
Шартта Жеткізушінің кепілдікті ұсыну талаптары, кепілдіктің қолданылу мерзімі қамтылған.
Кемінде 1 жыл - кепілдік мерзімін көздеуге ұсыным жасалады.
Тауардағы, көрсетілетін қызметтердегі, жұмыстардағы кемшіліктерді, сәйкессіздіктерді, істелмей қалуларды, қателерді (бұдан әрі –ақаулар) ауыстырған немесе түзеткен жағдайда ауыстырылған (қалпына келтірілген) тауарға, қызметке, жұмысқа немесе оның бөлігіне кепілдік мерзімі осындай ауыстыру (қалпына келтіру) күнінен бастап есептеледі.
Егер кепілдік мерзімі ішінде тауардан, көрсетілген қызметтерден, орындалған жұмыстардан ақаулар анықталса, Тапсырыс беруші осындай тауардан, қызметтерден, жұмыстардан бас тартады, ал Жеткізуші өз есебінен тауарды, көрсетілетін қызметтерді, жұмыстарды не ауыстырады (қалпына келтіреді), сәйкес келтіреді және (немесе) оны ауыстыру (қалпына келтіру) құнын (жұмыстар, қызметтер есепке алынып) өтейді.
Ақауларды жою мүмкін болмаған жағдайда Жеткізуші Тапсырыс берушіге барлық шығындарды (шығыстарды) өтейді;
6) Тараптардың жауапкершілігі. Бөлімде жалпы Тараптардың 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) және 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) не тараптардың келісімі бойынша басқа қолданылған құқықтарға сәйкес Шарт бойынша міндеттемелерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін жауап беретін туралы көзделеді.
Ырық бермейтін күшті (төтенше жағдайды) қоспағанда, Тараптардың Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбының (өсімпұлғ айыппұл) мөлшері, оларды төлеу тәртібі мен мерзімдері, сондай-ақ шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтару және (немесе) шартты бұзу көзделуге тиіс.
Шарт бойынша ақы төлеу мерзімін өткізіп алғаны үшін тұрақсыздық айыбының мөлшерін шектеуге ұсыным жасалады, мәселен «Тапсырыс беруші шарт бойынша ақы төлеу мерзімін өткізіп алғаны үшін мерзімінде төленбеген соманың 0,1% мөлшерінде, бірақ шарт сомасының 5%-нан асырмай тұрақсыздық айыбын төлейді».
Егер Тапсырыс беруші Жеткізушінің кінәсі (Жеткізушінің Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамауы не тиісінше орындамауы) бойынша емес Шартты бұзудың бастамашысы болса, Жеткізуші шартты бұзу күні шарт бойынша оны бұзуға байланысты нақты шығындар үшін ақы төлеуді талап етуге құқығы бар;
7) Конфиденциалдылық. Жеткізуші Тапсырыс берушінің алдын-ала жазбаша келісімінсіз Жеткізуші шартты орындау үшін тартқан персоналды қоспағанда, басқа біреуге шарттың немесе оның қандай да бір ережелерінің мазмұнын, сондай-ақ Тапсырыс беруші немесе оның атынан басқа тұлғалар ұсынған техникалық құжаттамаларды, жоспарларды, сызбаларды, үлгілерді, нұсқаларды немесе ақпаратты жарияламайды. Көрсетілген ақпарат осы персоналға шарттық міндеттемелерді орындау үшін қаншалықты қажет болса, сол шамада конфиденциалды ұсынылады.
Жеткізуші Тапсырыс берушінің алдын-ала жазбаша келісімінсіз шартты іске асыру мақсатынан басқа жағдайларда жоғарыда тізбелеп көрсетілген қандай болмасын құжатты қолданбайды;
8) Дүлей күш (төтенше жағдай). Дүлей күш (төтенше жағдай) туындаған кезде Жеткізуші Тапсырыс берушіге осындай жағдайлар мен олардың себептері туралы дереу жазбаша хабарлама жібереді. Егер Тапсырыс берушіден басқа жазбаша нұсқаулар келіп түспейтін болса, Жеткізуші қаншалықты мақсатқа сай болса шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауын жалғастырады және көрсетілген мән-жайларға тәуелді болмайтын шартты орындаудың баламалы әдістерін іздейді.
9) Шарттың орындалуын қамтамасыз ету. Шарттың орындалуын қамтамасыз етудің мөлшері шартта аванс төлеу көзделген жағдайларды қоспағанда, шарттың жалпы сомасының үш пайызынан кем емес мөлшерде белгіленеді.
Егер шартта алдын ала ақы төлеу (аванс) туралы талаптар көзделсе, шарттың орындалуын қамтамасыз ету шарттың жалпы сомасының үш пайызынан кем болмайтын алдын ала ақы төлеу (аванс) сомасына тең мөлшерде белгіленеді.
Жеткізуші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде енгізеді.
Жеткізуші шарттың орындалуын қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің біреуін таңдап алады:
Тапсырыс берушінің банк шотына енгізілетін кепілдік ақша жарнасы;
банктік кепілдік;
10) Дауларды шешу талаптары. Тапсырыс беруші мен Жеткізуші шарт бойынша немесе онымен байланысты өздерінің арасында туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды тікелей келіссөздер жүргізу барысында шешу үшін бар күшін салуға тиіс.
Шарт бойынша Тапсырыс беруші мен Жеткізуші арасындағы дауды реттеу мүмкін болмаған жағдайда, дау кез-келген тараптың талап етуі бойынша 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) және 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) не тараптардың келісімі бойынша басқа қолданылған құқықтарға сәйкес шешілуін талап ете алады.
Резидент емеспен (резидент еместермен) шарт жасаған жағдайда шарттың Қазақстан Республикасының заңнамасымен (Қазақстан Республикасының құқығы қолданылған құқық болып табылады) реттелетінін және даулар туындаған жағдайда олардың Тапсырыс берушінің орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасының соттарында немесе Тапсырыс берушінің орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы төрелік сотта қаралатынын көрсетуге ұсыным жасалады.
11) Шартқа өзгерістер енгізу және оны бұзу талаптары. Бөлімде шартқа өзгерістер енгізуге, шартты бұзуға жол берілетін мән-жайлар мен негіздемелер және оларды тараптармен келісу тәртібі көрсетіледі.
Шартқа барлық өзгерістердің олар жазбаша түрде жасалған және оларға тараптардың қолдары қойылған жағдайда ғана күші болады.
12) Шарттың күшіне ену талаптары. Шарт оған Тапсырыс беруші мен Жеткізуші қол қойғаннан кейін немесе соңғысы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді толық енгізген соң күшіне енеді.
Міндетті мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын шарттар тіркелген сәттен бастап жасалған болып саналады.
13) Шарттың тілі. Шарт «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 маусымдағы заңына сәйкес жасалады.
14) Шартта тараптардың заңды мекенжайлары мен деректемелері қамтылған.
4. Тауарды жеткізген жағдайда шартта мынадай талаптарды қосуға жол беріледі, бірақ тізбелеп көрсетілгендермен шектелмейді:
1) шет елден жеткізілетін тауарлар үшін:
Жеткізуші Тауарды тиегеннен кейін Тапсырыс берушіге және сақтандыру компаниясына телекс немесе факс бойынша Шарттың нөмірін, тауардың сипаттамасын, санын, кемені, коносамент нөмірін, күнін, портты және тиеген күнді, түсірген портты және т.б. қоса алғанда тасымалдаудың барлық мән-жайы туралы хабарлайды. Жеткізуші Тапсырыс берушіге мынадай құжаттарды жібереді:
Жеткізушінің тауарлар сипатталған, тауардың саны, біреуінің бағасы және жалпы сомасы көрсетілген шот-фактураларының көшірмелері;
тасымалдау жүкқұжатының түпнұсқасы және үш көшірмесі;
әрбір ораудың ішіндегісі көрсетіле отырып, орау қағазының көшірмелері;
сақтандыру сертификаты;
дайындаушының немесе Жеткізушінің кепілдік сертификаты;
уәкілетті инспекциялық қызмет берген техникалық бақылау жүргізу туралы куәлік, сондай-ақ Жеткізушінің зауытында техникалық бақылаудың жүргізілгені туралы есеп (егер осындай жер бар болса);
тауардың шығу тегі туралы сертификат.
Тапсырыс беруші жоғарыда көрсетілген құжаттарды тауар портқа немесе жеткізу бөліміне келгенге дейін бір апта бұрын алуға тиіс, оларды алмаған жағдайда, Жеткізуші осыған байланысты барлық шығыстар үшін жауапты болады;
жергілікті тауарлар үшін:
Жеткізушінің тауарлар сипатталған, тауардың саны, біреуінің бағасы және жалпы сомасы көрсетілген шот-фактураларының көшірмелері;
тасымалдау жүкқұжаты, теміржол түбіртегі немесе автожүк түбіртегі;
дайындаушының немесе Жеткізушінің кепілдік сертификаты;
уәкілетті инспекциялық қызмет берген техникалық бақылау жүргізу туралы куәлік, сондай-ақ Жеткізушінің зауытында техникалық бақылау жүргізілгені туралы есеп (егер осындай жер бар болса);
тауардың шығу тегі туралы сертификат.
2) Жеткізуші тауарларды соңғы межелі жерге тасымалдау уақытында олардың зақымдалуының немесе бүлінуінің алдын алуға мүмкіндік туғызатын тауарларды ораумен қамтамасыз етеді. Орау қандай да бір шектеулерсіз үдемелі көтеру-тасымалдау өңдеуді және тасымалдау кезінде экстремалды температураның, тұздың және қар, жауын-шашынның әсерін, сондай-ақ ашық жерде сақталуға төтеп беруге тиіс. Оралған жәшіктердің ауқымдылығын және салмағын анықтау кезінде соңғы жеткізу бөлімінің шалғайлығын және барлық тауарларды жіберу бөлімдерінде қуатты жүк көтергіш құралдарының болуын ескеру қажет.
Жәшіктерді орау және таңбалау, сондай-ақ олардың ішіндегі және сыртындағы құжаттар Тапсырыс беруші белгілеген арнайы талаптарға қатаң сәйкес келуге тиіс;
3) Тауарлар дайындауға, сатып алуға, тасымалдауға, сақтауға және жеткізуге байланысты бүлінуден немесе зақымдалудан (сақтандырудың қажетті түрін көрсету қажет) теңгемен (немесе еркін айырбасталған валютамен) толық сақтандырылуға тиіс. Сақтандыру полисінде Тапсырыс беруші Жеткізушімен бірге сақтандыру компаниясынан өтемақы алатын тарап ретінде көрсетіледі.
Сақтандыру әскери іс-қимылдар мен ереуілдерге байланысты тәуекелдерді қоса алғанда, «барлық тәуекелдерден» сақтандыру кезінде «қоймадан қоймаға дейін» Шарт сомасының 110%-ы мөлшерінде болуға тиіс.
4) Жеткізуші тауарларды межелі орнына дейін жеткізеді. Жеткізуші осы тауарларды межелі орынға дейін тасымалдауды жүзеге асырады және ақысын төлейді, ал осыған байланысты шығыстар Шарттың жалпы сомасына қосылады;
5) Жеткізуші егер Шартта өзгеше көзделмесе, Шарт шеңберінде жеткізілген тауарлардың жаңа, пайдаланылмаған, құрылымдар мен материалдардың барлық соңғы түрленуін бейнелейтін жаңа не сериялы модельдер болып табылатынына кепілдік береді. Жеткізуші бұдан әрі осы Шарт бойынша жеткізілген тауарларда Тапсырыс берушінің елі үшін қалыпты болатын талаптармен жеткізілген тауарлармен дұрыс жұмыс істеген кезде құрылымға, материалдарға немесе жұмысқа байланысты ақаулардың болмайтынына кепілдік береді. Жеткізуші Тапсырыс беруші ұсынған техникалық ерекше нұсқамаға қатаң сәйкес дайындаған құрылымдардан, материалдардан ақаулар табылған жағдайда, Жеткізуші Тапсырыс берушінің техникалық ерекше нұсқамасындағы оның (Тапсырыс берушінің) қателіктері үшін жауап бермейді.
6) Тапсырыс беруші немесе оның өкілдері тауарлардың техникалық ерекше нұсқамаға сәйкес келуін растау үшін егер бұл туралы Шартта және (немесе) техникалық ерекше нұсқамада келісілген болса, тауарларға техникалық бақылау және (немесе) сынақ жүргізе алады. Шартта және (немесе) техникалық ерекше нұсқамада Тапсырыс берушіге тексеру мен сынақтың қандай түрі керек екені, сондай-ақ олар қай жерде жүргізілуге тиіс екені көрсетіледі. Тапсырыс беруші осы мақсаттар үшін тағайындалған өз өкілдері туралы Жеткізушіге жазбаша түрде және уақтылы хабарлайды. Жеткізуші осы сынақтар үшін барлық шығыстарды көтереді.
Техникалық бақылау және сынақтар Жеткізуші немесе оның бірлесіп орындаушысы (орындаушылары) аумағында, тауарларды жеткізу орнында және (немесе) соңғы межелі орнында жүргізілуі мүмкін. Егер олар Жеткізушінің немесе оның қосалқы мердігерінің (мердігерлерінің) аумағында жүргізілетін болса, Тапсырыс берушінің өкілдеріне Тапсырыс беруші тарапынан қандай да бір қосымша шығынсыз сызбалар мен өндірістік ақпаратқа рұқсатты қоса алғанда, барлық қажетті құралдар беріледі және көмек көрсетіледі.
Егер техникалық бақылаудан немесе сынақтан өткен тауарлар техникалық ерекше нұсқамаға жауап бермесе, Тапсырыс беруші тауарларды қабылдаудан бас тартады. Бұл ретте, Жеткізуші техникалық ерекше нұсқаманың талаптарына сәйкес Тапсырыс беруші тарапынан қандай да бір қосымша шығынсыз ақауларды түзетеді, ақаулы тауарды ауыстырады не қажетті өзгерістер енгізеді.
Жоғарыда көрсетілгендер Жеткізушіні шарт бойынша кепілдік пен басқа да міндеттемелерден босатпайды;
7) Шартта Жеткізушіден ол дайындайтын немесе іске асыратын қосалқы бөлшектер туралы, атап айтқанда Тапсырыс беруші Жеткізушіден сатып алу үшін және кепілдік мерзімі өткеннен кейін пайдалану үшін таңдап алуы мүмкін қосалқы бөлшектердің құны мен номенклатурасы туралы ақпаратты ұсынуы жөнінде талап көзделген.
Қосалқы бөлшектерді шығару тоқтатылған жағдайда Жеткізуші:
Тапсырыс берушінің қажетті мөлшерде қажетті сатып алуды жүзеге асыруына мүмкіндік беру үшін оған алдағы өндірісті тұқырту туралы алдын-ала хабарлайды;
қажет болғанда өндіріс тоқтатылғаннан кейін Тапсырыс берушіге қосалқы бөлшектерге арналған сызбаларды, жоспарларды және техникалық құжаттамаларды тегін ұсынады.
5. Қызметтер көрсеткен жағдайда, Шартқа мынадай талаптарды қосуға жол беріледі, бірақ тізбелеп көрсетілгендермен шектелмейді:
1) Жеткізуші Тапсырыс берушінің бірінші талап етуі бойынша Тапсырыс берушіге сапа сертификатын, қызметтер көрсету құқығына лицензияны, сондай-ақ оның құқыққа қабілеттілігін дәлелдейтін өзге де құжаттарды береді;
2) Жеткізуші өзіне қызмет көрсету үшін берілген Тапсырыс беруші жабдықтарының, материалдарының, құжаттарының сақталуын қамтамасыз етеді. Олардың жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру мүмкін болмаған жағдайда, барлық жөндеу (қалпына келтіру) шығындарын және жөндеу мерзімі ішінде жөндеу уақытында тұрып амалсыз тұрып қалудың (оның ішінде жіберіп алған пайда үшін) өтемақы төлейді;
3) Жеткізуші қызметтер көрсету кезеңінде қызмет көрсету бойынша қызметті үйлестіру үшін байланысушы тұлғаны белгілейді;
4) Жеткізуші Тапсырыс берушінің қалауы бойынша оның қызметкерлеріне көрсетілетін қызметтерді пайдалану тәртібіне, олардың сипаттарына және ерекшеліктеріне қатысты консультациялар береді;
5) Жеткізуші қызметтер көрсетуге байланысты техникалық мәселелерді шешу бойынша тәжірибелік көмек көрсетеді;
6) Жеткізуші қызмет көрсетудегі кешіктіру фактісі, оның болжамды ұзақтығы мен себептері туралы, егер Жеткізуші Шартты орындау кезеңінде қызметтерді уақтылы көрсетуге кедергі келтіретін жағдайларға тап болған кезде ғана, Тапсырыс берушіге дереу жазбаша немесе телефон, факсимильді байланыс арқылы хабарлайды.
7) бірлескен орындаушының (орындаушылардың) болуы Тапсырыс беруші мен Жеткізуші арасындағы шарт талаптарын өзгертпейді.
8) шарт бойынша көрсетілген қызмет оның сапасына шағым-талаптар болмаған кезде қызмет көрсету туралы тиісті актіні ресімдеу арқылы қабылданады;
9) көрсетілген қызметтерді қабылдағаннан кейін сапасына берілген кепілдіктің қолданылу кезеңінде одан ақаулар анықталған жағдайда Тапсырыс беруші осылай хабарлаған сәттен бастап шартта белгіленген мерзімде Жеткізуші ақауларды жояды.
6. Жұмыстарды орындаған жағдайда шартқа мынадай талаптарды қосуға жол беріледі, бірақ олармен шектелмейді:
1) Тапсырыс беруші Мердігерге Объектінің құрылысына (жөндеу, қайта құру) арналған жобалау-сметалық құжаттаманы береді. толық аяқталған құрылысты жүргізу кезінде осы талап шартта ескертілуге тиіс;
2) Тапсырыс беруші мен Мердігер арасындағы сатып алуды ұйымдастырушы құрылысқа, қайта құруға тиесілі ретінде айқындаған және Мердігер Тапсырыс берушіге берген үй-жайлар, ғимараттар (бұдан әрі – Объект) құрылысы мәселелеріне қатысты ресми қарым-қатынастың тек жазбаша нысанда ғана күші бар.
3) қосалқы мердігердің (мердігерлердің) болуы Тапсырыс беруші мен Мердігер арасындағы шарт талаптарын өзгертпейді;
4) Объектінің құрылысы немесе жұмыстарды орындау үшін белгіленген аумақта (бұдан әрі – Учаске) қосалқы мердігерлер болған кезде Мердігер өз жұмысын олармен бірге үйлестіреді;
5) егер Тапсырыс беруші Мердігерден Мердігердің немесе қосалқы мердігердің қызметкері болып табылатын тұлғаны себептерін көрсете отырып, Объектідегі жұмысты орындаудан шеттеуді өтінсе, Мердігер ол тұлғаны 72 сағат ішінде құрылыс объектісінен шығарады, одан кейін бұл тұлғаның шарт бойынша жұмыстарды орындаумен ешқандай байланыста болмауға тиіс;
6) Мердігер Тапсырыс берушінің шығындарына және мүлкіне залал келтіруге, өз қызметкерлерінің меншігі мен денсаулығына, сондай-ақ өз қызметкерлерінің опат болуына байланысты және шартты орындау барысында және салдарынан туындайтын барлық тәуекел үшін жауап береді.
7) Тапсырыс беруші тәуекелдің ерекше түрлері үшін, атап айтқанда: соғыс, көтерілістер, төңкеріс, азаматтық соғыс, бүлік, тәртіпсіздік үшін (егер оларға Тапсырыс берушінің қызметкерлері қатысса) жауап береді. Мердігер анықтаған және Тапсырыс беруші көрсетпеген жердің улы және жарылғыш заттармен қанығуы және осы анықталғандар жұмыстың орындалуына тікелей әсер ететін болса, бұл да Тапсырыс берушінің тәуекелі болып табылады.
8) Мердігер Тапсырыс берушінің атына ақауларды жою кезеңін қоса алғанда, жұмыстар басталған күннен бастап жұмыстар толық аяқталғанға дейінгі кезеңге сақтандыру жабуын қамтамасыз.
Сақтандыру объектілері мен сомалары (жабдықтарды жеткізуді сақтандыру, адамдарды сақтандыру және т.б.)
Мердігер сақтандыру полистері мен сертификаттарын жұмыстар басталатын күнге дейін бекіту үшін Тапсырыс берушіге береді.
Егер Мердігер талап етілген сертификаттарды бермесе, Тапсырыс беруші сақтандыруды өз бетінше жүзеге асырады және бұл шығыстарды шарт сомасынан ұстап қалады.
Мердігер Тапсырыс берушінің келісімінсіз сақтандыру талаптарын ешқандай да өзгерте алмайды.
Тараптар сақтандыру полисінің барлық талаптарын сақтауға тиіс.
9) әрбір Тарап олардың бірлескен іс-әрекеттерінің немесе қателерінің нәтижесі болып табылған шығындар, шығыстар және шығындар бойынша шағым-талаптар, адамдардың денсаулығына залал келтірілгені және адамдардың опат болғаны үшін жауап береді және оларды екінші тарапқа өтейді.
10) Мердігер Объектідегі жұмыстарды орындауды қауіпсіздік техникасына толық жауап береді;
11) Тапсырыс беруші Мердігерге Объектінің құрылысы үшін бөлінген барлық Учаскесін пайдалануға рұқсат береді. Егер Учаскенің құрылысқа бөлінген бөлігі Учаскені беру күніне берілмесе және осының себебінен жұмыстарды орындау кешіктірілсе, мұндай жағдайда Тапсырыс беруші жұмыстардың аяқталу мерзімін осы Учаскені берудің кешіктірілген мерзіміне ұзартуға тиіс.
12) Тапсырыс берушінің немесе оның уәкілетті адамының, сондай-ақ жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеушілердің Учаскеге немесе шарт бойынша жұмыстар орындалып жатқан немесе орындалатын кез-келген басқа жерлерге кіруіне әрқашан да рұқсаты бар.
13) егер Мердігер шарттық құжаттардың талаптарын бұза отырып орындалған жұмыстарды түзету бойынша міндеттемелерін орындамаса, сондай-ақ егер Мердігер жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жұмыстарды соңына дейін орындауға қабілетсіз болып шықса, Тапсырыс беруші тоқтату себептерін жойғанға дейін жазбаша ұйғарыммен Мердігерге жұмысты түгелдей немесе оның бір бөлігін тоқтату туралы өкім береді;
14) егер Мердігер Тапсырыс белгілеген мерзім ішінде жұмысты түземесе түземесе (оны жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкестендіре алмаса) және жазбаша немесе әрекеттерімен жауап бермесе, Тапсырыс беруші көрсетілген мерзім өткеннен кейін өзінің талабын қайталайды. Егер Мердігер келесі белгілеген мерзім ішінде көрсетілген ақауларды түзете алмайтын жағдайда болса, Тапсырыс беруші басқа ықпал ету әдістерін қолданатын өз құқықтарынан бас тартпастан, осы жұмысты өз күшімен орындайды. Мұндай жағдайларда өзгерістер туралы бұйрық шығарылады, оның негізінде Мердігерге төленуге тиісті сомадан Тапсырыс берушінің қосымша қызметтер үшін мәжбүрлі шығындарының өтемақысын қоса алғанда аталған ақауларды түзеу құны ұсталынады. Егер Мердігерге төленуге тиісті сомалар көрсетілген шығыстарды жабу үшін жеткіліксіз болса, онда Мердігер Тапсырыс берушіге өз қаражатынан айырмасын төлейді;
15) Мердігер Тапсырыс берушіге Объектінің құрылысы бойынша жұмыстарды орындау тәртібі мен мерзімі жазылған жұмыстарды жүргізу кестесін, сондай-ақ Тапсырыс беруші тарапынан төлемдер жүргізу кестесін бекіту үшін береді.
16) Тапсырыс беруші егер ырық бермейтін күш (төтенше жағдай) немесе ауытқушылықтар орын алса, оларға ұсынылған жұмыстарды орындау мерзімін ұзартады, жұмыстарды орындау үшін, содай-ақ егер жұмыстарды орындау барысында қосымша еңбек шығындарын талап ететін жасырын ақаулар анықталса қосымша уақытты талап етеді.
Егер Тапсырыс берушінің немесе Мердігердің бақылауына алынбаған ырық бермейтін күш (төтенше жағдай) шарттың орындалуын тоқтататын болса, Тапсырыс беруші шарт қолданысының тоқтатыла тұруды куәландырады. Мердігер тоқтата тұру туралы хабарламаны алғаннан кейін ең қысқа мерзімдерде Объектінің консервациялануын қамтамасыз етеді және жұмысты тоқтатады. Тапсырыс беруші Мердігерге Объектіні консервациялау күніне дейін орындалған жұмыстардың тұтас көлемі үшін және Объектіні консервациялауға байланысты жұмыстар үшін ақы төлейді;
17) Мердігер білімін және барлық өзіндегі мүмкіндіктерді пайдалана отырып, жұмысты бақылайды және жібереді. Мердігер жұмысты орындау құралдары, әдістері, техникасы жүйелілігі мен сапасы үшін, сондай-ақ шарт бойынша барлық жұмыстарды үйлестіру үшін толық жауап береді;
18) Мердігер Тапсырыс берушінің алдында өз қызметкерлерінің, қосалқы мердігердің, қосалқы мердігер қызметкерлерінің және сенім білдірген тұлғаларының, сондай-ақ Мердігермен шарт негізінде бір шарт шеңберінде жұмыстың бөлігін орындайтын өзге де тұлғалардың іс-әрекеттері мен қателіктері үшін жауап береді;
19) Тапсырыс беруші жұмысты немесе құрылымды тексеру үшін сынақ жүргізеді. Егер тексергеннен кейін тексерілген жұмыста немесе құрылымда ақаулар бар болса, Мердігер жұмыстың ақауын түзетеді және (немесе) құрылымды ауыстырады.
20) Мердігер жеткізілетін материалдар мен жабдықтардың техникалық ерекше нұсқамаға және жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес келетініне, жұмыстың оның сапасын жобалау-сметалық құжаттаманың талаптарына сәйкеспейтін деңгейге дейін төмендететін ақауларсыз орындалатынына Тапсырыс берушіге кепілдік береді. Осындай талаптарға сәйкес келмейтін, оның ішінде аз негізделген және рұқсат етілмеген өзгерістері бар жұмыс ақаулы деп танылады. Мердігер ұсынатын кепілдікке пайдалану қағидаларының бұзылуы, Мердігер (Қосалқы мердігер) жүзеге асырмаған түрлендіру салдарынан, дұрыс ұстамау немесе жеткіліксіз техникалық қызмет көрсету салдарынан, сондай-ақ жабдықты дұрыс пайдалану кезінде тозуы немесе бүлінуі салдарынан залалды қайтару немесе ақауларды жою кірмейді. Тапсырыс берушінің талап етуі бойынша Мердігер материалдар мен жабдықтар сапасының техникалық ерекше нұсқамаға және (немесе) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкесетінін куәландыратын құжаттарды ұсынады;
21) егер Мердігердің шарт талаптарын айтарлықтай бұзуы салдарынан Шарт бұзылатын болса, Объектідегі барлық материалдар мен жабдықтар, сондай-ақ уақытша ғимараттар мен орындалған құрылыс жұмыстары Тапсырыс берушінің меншігі болып саналады және шартты бұзуға байланысты қаржылық тексеруді шешкенге дейін оның басқаруында болады;
22) Мердігер орындалған жұмыстарды және барлық материалдарды, жабдықтарды, қорлар мен жұмысқа байланысты өзге де ұстанымдарды климатикалық шөгінділерге, су тасқынына, аязға, өртке, ұрлауға және өзге де себептерге байланысты барлық залал, зақымдалу, жойылу түрлерінен қорғауды қамтамасыз етеді. Мердігер өзінің жұмыстарын жасау кезінде жоба бойынша басқа жұмыстардың, сондай-ақ Тапсырыс берушіге тиесілі меншіктің және оған тиесілі ғимараттардың жолды, үй-жайларды, материалдардың қоймалары мен жылжитын және жылжымайтын мүліктердің өзге де түрлерін қоса алғанда (бірақ осылармен шектелмей) зақымдалудың қандай қандай да бір түрінен қорғалуын қамтамасыз етеді. Мердігердің жоғарыда айтылғандарға байланысты шеккен барлық шығындары Тапсырыс беруші тарапынан қосымша өтелмейді.
Тапсырыс беруші Мердігер жұмыстарының олар толық аяқталғанға және қабылданғанға дейін жоғарыда айтылған себептер бойынша қандай болмасын залал келгені немесе қандай болмасын зақымдалғаны үшін жауап бермейді және жоғарыда айтылғандарың нәтижесінен болған қандай болмасын залалды, қандай болмасын зақымдалуларды және өзге де ақауларды қосымша ақысыз түзетеді;
23) Мердігер Объектіге жеткізетін барлық материалдар мен жабдықтардың жеткізілуін, тасымалдануын, түсірілуін және сақталуын ұйымдастыру үшін жауап береді. Жеткізілім тек Мердігердің атына ғана жүзеге асырылады. Тапсырыс беруші қандай болмасын жағдайларда жеткізуге, өңдеуге, сақтауға көлік құралдарының тұрып қалуына ақы төлеуге байланысты шығыстар үшін жауап бермейді. Ешқандай да жеткізілімдер Тапсырыс берушінің атына жіберілмеуге тиіс;
24) егер Шарт бұзылса, Мердігер дереу жұмысын тоқтатады, Объектіні тоқтатып қоюды және оны белгіленген тәртіппен Тапсырыс берушіге өткізуді қамтамасыз етеді.
25) егер Шартта Тапсырыс берушінің материалдары мен жабдықтарын жеткізу көзделсе, Мердігер оларды жеткізу үшін қажетті болуы мүмкін мерзімдері туралы Тапсырыс берушіге алдын-ала хабарлайды. Бұл мерзімдер Мердігердің жұмыстар кестесінде көзделеді.
Мердігер Тапсырыс берушіге Учаскедегі материалдар мен жабдықтарды алу кестесін ұсынады. Сақтау, салу немесе дестелеу үшін тек Тапсырыс берші бөлген учаскелер ғана қолданылады. Егер Мердігер өзінің материалдары мен жабдықтарын түсіруді және сақтауды кідіртсе, және бұлай кідірту жалпы жұмыстың жүзеге асырылуына залал келтірсе, Тапсырыс беруші Мердігердің материалдары мен жабдықтарын түсіруді және сақтауды Мердігердің есебінен жүзеге асырады (бірақ мұны жасау міндетті емес). Мұндай жағдайда Тапсырыс беруші жұмыстың басталу күнін және орнын көрсете отырып, осындай жұмыстардың жүзеге асырылғаны туралы бір жұмыс күні бұрын Мердігерге хабарлайды. Егер мұндай түсіруді немесе сақтауды Тапсырыс беруші жүзеге асырса, жоғарыда ескертілгендерге залал келуіне немесе зақымдалуына байланысты барлық тәуекелді Мердігер көтереді.
26) Тапсырыс беруші ұсынатын материалдар мен жабдықтарды Тапсырыс беруші мен Мердігер бірлесе отырып қабылдайды және тексереді. Құрылыс алаңында жүк түсіруді Мердігер жүзеге асырады. Мұндай қабылдау Мердігер дайындайтын қабылдау туралы жазбаша құжатпен куәландырылуға тиіс. Мұндай материалдар мен жабдықтарға сәйкес кез-келген кем шығу немесе зақымдалу қабылдау туралы жазбаша құжатта анық жазылуға тиіс. Мұндай материалдар мен жабдықтарды қабылдап алғаннан кейін Мердігер осындай материалдар мен жабдықтарды өңдеу және сақтау үшін толық жауап береді және жоғарыда көрсетілген жоғалған немесе зақымдалған жағдайда толық жауап береді. Мердігер өзінің жұмыстарын толық аяқтағаннан кейін қалған кез-келген материалдардың немесе жабдықтардың артық шыққаны Тапсырыс берушіге қайтарылуға тиіс;
27) егер Тапсырыс беруші шартқа сәйкес Шартта көзделген жұмыстарды орындау үшін негізделген санда электрмен және сумен қамтамасыз етеді. Мердігер қосуды орындағаны үшін Тапсырыс беруші белгілеген қосу орындарынан электр энергиясын және суды тарату үшін жауап береді. Осы қызметтермен қамтамасыз етудегі үзілістер жұмыстың ұзақтық мерзімін өзгерту үшін негіз болып табылады;
28) Мердігер Учаске аумағын таза ұстайды. Мердігер Учаскедегі барлық құрылыс қоқыстарын жояды және Учаскені тез арада ретке келтіреді.
Егер Мердігер Учаскені Шартта талап етілгендей таза ұстай алмаса, Тапсырыс беруші шығыстарды Мердігердің есебіне жатқыза отырып, бұл жұмысты өзі орындайды;
29) Мердігер шартта келісілген барлық жұмыстарды аяқтағаннан кейін Тапсырыс берушіге жұмыстың аяқталғаны туралы хабарлама жібереді. Тапсырыс беруші Шартта белгіленген мерзімде шартқа сәйкес жұмыстың аяқталуын бағалау жөнінде комиссия (Жұмыс комиссия) тағайындайды.
Жұмыс комиссиясы Мердігердің қатысуымен өткізіледі.
Жұмыс комиссиясы шала істелгендер тізбесін жасайды және оларды жою мерзімін көрсетеді. Шала істелгендерді жою күні шарттың аяқталу күні болып табылады. Барлық шала істелгендерді жою фактісі Объектіні пайдалануға түпкілікті қабылдау актісімен (Мемлекеттік комиссия актісі) айқындалады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің және Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі
құрылтайшысы (уәкілетті органы)
не акционері болып табылатын
заңды тұлғалардың тауарларды,
жұмыстарды және көрсетілетін
қызметтерді сатып алу
қағидаларына 7-қосымша
Нысан
Конкурс тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру
_____________________________________________________________________
(сатып алуды ұйымдастырушының атауы, пошталық және электрондық
мекенжайлары)
мынадай тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді)сатып алу конкурсын
өткізу туралы хабарлайды:
_____________________________________________________________________
(сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің атаулары)
Тауар мына мекенжайға жеткізіледі (жұмыстар орындалады,
қызметтер көрсетіледі):
_____________________________________________________________________
(тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны
және олардың көлемі көрсетіледі)
(сатып алуды ұйымдастырушы сатып алынатын тауарлардың,
жұмыстардың, қызметтердің толық тізбесі, олардың саны мен
егжей-тегжейлі ерекше нұсқамасы конкурстық құжаттамада көрсетілгеніне
сілтеме жасауға рұқсат беріледі).
Тауарларды жеткізудің (жұмыстарды орындаудың/қызметтерді
көрсетудің) талап етілетін мерзімі
____________________________________________________________________.
Конкурсқа конкурстық құжаттамада көрсетілген біліктілік
талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап беретін
барлық әлеуетті жеткізушілер жіберіледі.
Конкурстық құжаттама көшірмесінің бумасын әлеуетті жеткізуші
конкурстық құжаттамаға ақы төлеу туралы құжатты (егер ақы төлеу
конкурстық құжаттамада көзделген жағдайда) бергеннен кейін ___жылғы
«____»___________ дейінгі мерзімді қоса алғанда
_____________________________________________________________________
(конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашқанға дейін 24
сағат бұрын уақыт пен күні көрсетілсін) мына мекенжай бойынша:
_______________________________________, №__бөлме,
сағат____-дан____-ге дейін және (немесе) мына мекенжай бойынша_______
электрондық поштамен алуға болады.
Конкурстық құжаттаманың көшірмесі бумасының құны
______________________________________ теңге болады және
_____________________________________________________________________
(сатып алуды ұйымдастырушының тиісті шоты көрсетілсін) шотына
енгізіледі (егер төлем көзделмеген болса, осы абзац алынып
тасталады).
Конвертке салынып бекітілген конкурсқа қатысуға конкурстық
өтінімдерді әлеуетті жеткізушілер
_____________________________________________________________________
(сатып алуды ұйымдастырушының атауы көрсетілсін)
мына мекенжай бойынша _______________________________________________
(толық мекенжайы, бөлменің № көрсетілсін).
беріледі.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімі
_____________________________________________________________дейін.
(уақыты мен күні көрсетілсін)
Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер
_____________________________________________________________________
(уақыты мен күні көрсетілсін)
мына мекенжай бойынша _______________________________________________
(толық мекенжайы, бөлменің № көрсетілсін)
ашылады.
Қосымша ақпарат пен анықтаманымына телефон арқылы алуға болады:
_____________________________________________________________________
(қаланың коды мен телефон нөмірі көрсетілсін)
Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі
____________________________________________________________________.
(тегі, аты, бар болса әкесінің аты, лауазымы және байланыс телефоны
көрсетіледі)
Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің және Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі
құрылтайшысы (уәкілетті органы)
не акционері болып табылатын
заңды тұлғалардың тауарларды,
жұмыстарды және көрсетілетін
қызметтерді сатып алу
қағидаларына 8-қосымша
Нысан
Конкурсқа қатысуға
өтінімдер бар конверттерді ашу хаттамасы
___________________________________________________
(конкурстың атауы)
__________________ ____________________
(Ашу орны) (уақыты мен күні)
1. Мынадай құрамдағы конкурстық комиссия:
_____________________________________________________________________
(конкурстық комиссия төрағасының, оның орынбасарының, мүшелерінің
тегі, аты, бар болса әкесінің аты көрсетіледі)
конкурсқа қатысуға өтінімдер бар конверттерді ашу рәсімін
жүргізді.
2. Конкурстық құжаттаманың көшірмесі мынадай әлеуетті
жеткізушілерге берілді:
____________________________________________________________________.
(конкурстық құжаттаманың көшірмесі берілген барлық әлеуетті
жеткізушілердің атауы, мекенжайы)
3. Мынадай әлеуетті жеткізушілердің конкурсқа қатысуға
өтінімдері
_____________________________________________________________________
(конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің соңғы мерзімі өткеннен
кейін конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынған барлық әлеуетті
жеткізушілердің атауы, мекенжайы көрсетіледі) _______________________
негізінде ашылмай қайтарылды.
4. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің соңғы мерзімі өткенге
дейін оларды белгіленген мерзімде ұсынған мынадай әлеуетті
жеткізушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдері:
_____________________________________________________________________
(конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі өткенге дейін
конкурстық өтінімдер ұсынған барлық әлеуетті жеткізушілердің атауы,
мекенжайы, конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру уақыты конкурсқа
қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына сәйкес хронологиялық тәртіппен)
ашылды және конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу кезінде барлық
қатысушыларға таныстырылған мыналарды қамтиды:
____________________________________________________________________.
(өтінімдегі құжаттардың тізбесі, конкурсқа қатысуға өтінімдерді
кері қайтарып алу және өзгерту туралы ақпарат, конкурстық өтінім
құжаттарының парақ саны көрсетіледі)
5. Конкурстық өтінімдерді ашқан кезде мынадай әлеуетті
жеткізушілер қатысты:
_____________________________________________________________________
(конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашқан кезде қатысқан барлық
әлеуетті жеткізушілердің атауы, мекенжайы, олардың уәкілетті
өкілдерінің тегі, аты, бар болса әкесінің аты)
Конкурстық комиссия төрағасының, мүшелерінің және хатшысының
тегі, аты, бар болса әкесінің аты, қолдары.
Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің және Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі
құрылтайшысы (уәкілетті органы)
не акционері болып табылатын
заңды тұлғалардың тауарларды,
жұмыстарды және көрсетілетін
қызметтерді сатып алу
қағидаларына 9-қосымша
Нысан
Әлеуетті жеткізушілердің өтінімдерін уақытша беру журналы
р/с |
Конкурсқа қатысу өтінімін құрайтын құжаттар топтамасына кіретін құжаттың атауы, |
Парақтар саны |
Конкурстық өтінім құжаттарын алған адамның тегі, аты-жөні, қолы, оларды алу күні |
Конкурстық өтінім құжаттарын кері алғанын куәландыратын конкурстық комиссия хатшысының тегі, аты-жөні, қолы, оларды алу күні |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің және Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі
құрылтайшысы (уәкілетті органы)
не акционері болып табылатын
заңды тұлғалардың тауарларды,
жұмыстарды және көрсетілетін
қызметтерді сатып алу
қағидаларына 10-қосымша
Нысан
Конкурсқа қатысуға алдын ала жіберу хаттамасы
_____________________________________________
(конкурстың атауы)
__________________________ ___________________
(Өтінімдерді қарау орны) (уақыты мен күні)
1. Мына құрамдағы конкурстық комиссия:
_____________________________________________________________________
(конкурстық комиссияның төрағасының, оның орынбасарының, мүшелерінің
тегі, аты, бар болса әкесінің аты, лауазымдары көрсетіледі)
_____________________________________________________________________
сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарады.
2. Конкурсқа қатысуға өтінімдерге қоса берілген техникалық
ерекше нұсқамаларға сәйкестігі жөнінде қорытындыларды берген
сарапшыларды тарту туралы ақпарат.
3. Конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің соңғы мерзімі өткенге
дейін белгіленген мерзімде өтінім берген мынадай әлеуетті
жеткізушілердің конкурсқа қатысуға өтінімі:
_____________________________________________________________________
(конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына сәйкес
конкурстық өтінімдер берудің түпкілікті мерзімі өткенге дейін
конкурстық өтінімдер берген барлық әлеуетті жеткізушілердің атауы,
мекенжайы, өтінімдегі құжаттар тізбесі, конкурстық құжаттамада
көзделген қандай да бір құжаттың жоқтығы туралы ақпарат және басқа
ақпарат хронологиялық тәртіппен көрсетіледі) конкурстық комиссия
отырысының барлық қатысушыларына жарияланған.
4. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді олардың біліктілік
талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келуіне
қарау нәтижесі бойынша конкурстық комиссия:
1) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың өзге де
талаптарына сәйкес келетін
____________________________________________________________________;
(әрбір лот бойынша әлеуетті жеткізушілердің тізбесі жеке көрсетіледі)
2) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың өзге де
талаптарына сәйкес келмейтін
____________________________________________________________________;
(әрбір лот бойынша әлеуетті жеткізушілердің тізбесі, конкурстық
өтінімдердің біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың
талаптарына сәйкес келмеу себептері жеке көрсетіледі) әлеуетті
жеткізушілердің конкурстық өтінімдерін жариялайды.
5. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға берілген өтінімдерді
алдын ала қарау нәтижелері бойынша ашық дауыс беру жолымен ШЕШТІ:
1) мына әлеуетті жеткізушілерге________________________________
(әрбір лот бойынша әлеуетті жеткізушілердің тізбесі жеке
көрсетіледі) конкурсқа қатысуға өтінімдерді біліктілік талаптарына
және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіру құқығы
ұсынылсын;
2) конкурсқа қатысуға өтінімдерді біліктілік талаптарына және
конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіру құқығы берілген
әлеуетті жеткізушілердің өтінімдерді қайталап қарау нәтижелері
бойынша конкурстық комиссия отырысының күні, уақыты және орны
________________________________________________________ белгіленсін;
(конкурстық комиссия отырысының күні, уақыты және орнын көрсету)
3) конкурстық комиссия хатшысы конкурсқа қатысуға алдын ала
жіберу туралы осы хаттаманың мәтінін тапсырыс берушінің (сатып алуды
ұйымдастырушының) интернет-ресурсына орналастырсын.
Әрбір лот бойынша әлеуетті жеткізушілерді көрсету талаптарында
конкурсқа қатысуға алдын ала жіберу туралы жалпы хаттаманы ресімдеуге
жол беріледі.
6. Әлеуетті жеткізушілер біліктілік талаптарына және конкурстық
құжаттаманың талаптарына сәйкес келтірген конкурстық өтінімдерді
берудің түпкілікті күні мен уақыты конкурсқа қатысуға алдын ала
жіберу туралы хаттама жарияланған күннен бастап 3 жұмыс күнінен
кешіктірмей.
Осы шешімге дауыс бергендер:
Жақтаушы дауыс ____________ (конкурстық комиссия мүшелерінің
тегі, аты, бар болса әкесінің аты)
Қарсы дауыс ____________(конкурстық комиссия мүшелерінің тегі,
аты, бар болса әкесінің аты)
Конкурстық комиссия төрағасының, мүшелерінің және хатшысының
тегі, аты, бар болса әкесінің аты, қолы.
Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің және Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі
құрылтайшысы (уәкілетті органы)
не акционері болып табылатын
заңды тұлғалардың тауарларды,
жұмыстарды және көрсетілетін
қызметтерді сатып алу
қағидаларына 11-қосымша
Нысан
Конкурсқа қатысуға жіберу хаттамасы
___________________________________
(конкурстың атауы)
__________________________ ___________________
(Өтінімдерді қарау орны) (уақыты мен күні)
1. Мына құрамдағы конкурстық комиссия:
_____________________________________________________________________
(Конкурстық комиссияның төрағасының, оның орынбасарының, мүшелерінің
тегі, аты, бар болса әкесінің аты, лауазымдары көрсетіледі)
_____________________________________________________________________
сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарады.
2. Конкурсқа қатысуға өтінімдерде ұсынылған тауарлардың,
жұмыстардың, қызметтердің техникалық ерекше нұсқамаларына сәйкестігі
жөнінде қорытындыларды берген сарапшыларды тарту туралы ақпарат.
3. Конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің соңғы мерзімі өткенге
дейін белгіленген мерзімде өтінім берген мынадай әлеуетті
жеткізушілердің конкурсқа қатысуға өтінімі:
_____________________________________________________________________
(конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына сәйкес
конкурстық өтінімдер берудің түпкілікті мерзімі өткенге дейін
конкурстық өтінімдер берген барлық әлеуетті жеткізушілердің атауы,
мекенжайы, конкурсқа қатысуға өтінім беру уақыты, өтінімдегі құжаттар
тізбесі, конкурстық құжаттамада көзделген қандай да бір құжаттың
жоқтығы туралы ақпарат, конкурсқа қатысуға өтінімдерді кері қайтарып
алу және оның өзгеруі туралы ақпарат және басқа ақпарат хронологиялық
тәртіппен көрсетіледі) конкурстық комиссия отырысының барлық
қатысушыларына жарияланған.
4. Конкурсқа қатысуға арналған мынадай конкурстық өтінімдер
конкурсқа қатысуға жіберілмейді:
_____________________________________________________________________
(себебін көрсете отырып, конкурсқа қатысуға конкурстық
өтінімдері қабылданбаған әлеуетті жеткізушілер әрбір лот бойынша жеке
деректемелері) көрсетіледі: біліктілік талаптарына сәйкес келмейді;
конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейді, Қағидалардың
27-тармағының талаптары бұзылған).
5. Әлеуетті жеткізушілердің біліктілік талаптарына және
конкурстық құжаттаманың өзге де талаптарына сәйкес келетін конкурстық
өтінімдері _____________________________________________ (әрбір лот
бойынша әлеуетті жеткізушілердің тізбесі (деректемелері) жеке
көрсетіледі).
6. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға берілген өтінімдерді
қарау нәтижелері бойынша ашық дауыс беру жолымен ШЕШТІ:
1) мына әлеуетті жеткізушілер конкурсқа қатысуға
жіберілсін:__________________________ (конкурсқа қатысуға жіберілген
әлеуетті жеткізушілердің тізбесін көрсету).
2) ұсынылған нысан бойынша конкурсқа қатысуға жіберілген
әлеуетті жеткізушілердің конкурстық өтінімдерін бағалау
критерийлерінің мәнін айқындау;
3) мына әлеуетті жеткізушілер конкурсқа қатысуға жіберілмесін:
____________________________________________________ (конкурсқа
қатысуға жіберілмеген әлеуетті жеткізушілердің тізбесін көрсету);
4). конкурстық баға ұсыныстары бар конверттерді қабылдау күні,
уақыты және орны ________________________________________
белгіленсін;
5) конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі
конкурстық комиссияның
отырысы____________________________________________ белгіленсін.
(конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі
конкурстық комиссияның отырысының күнін, уақытын, орнын көрсету,
бірақ конкурсқа қатысуға алдын ала жіберу туралы осы хаттаманың
мәтінін тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының)
интернет-ресурсына орналастырған күннен бастап үш жұмыс күнінен ерте
емес);
6) конкурстық комиссия хатшысы конкурсқа қатысуға алдын ала
жіберу туралы осы хаттаманың мәтінін оған қол қойған күні тапсырыс
берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсына
орналастырсын
Әрбір лот бойынша әлеуетті жеткізушілерді көрсету талаптарында
конкурсқа қатысуға алдын ала жіберу туралы жалпы хаттаманы ресімдеуге
жол беріледі.
Осы шешімге дауыс бергендер:
Жақтаушы дауыс________(конкурстық комиссия мүшелерінің тегі,
аты, бар болса әкесінің аты)
Қарсы дауыс __________(конкурстық комиссия мүшелерінің тегі,
аты, бар болса әкесінің аты)
Нысан
Әлеуетті жеткізушінің конкурстық өтінімінің шартты бағасына пайыздық әсерді есептеу
р/с |
Әлеуетті жеткізушінің атауы |
лот нөмірi |
Мынадай бағалау өлшемдерін ескере отырып, әлеуетті жеткізушінің шартты бағасына пайыздық әсері, пайызбен |
Мынадай бағалау өлшемдерін ескере отырып, әлеуетті жеткізушінің шартты бағасына пайыздық әсері, пайызбен |
Конкурстық өтінімінің шартты бағасына сомалық пайыздық әсерінің жиыны |
Есептей отырып, шартты бағаға пайыздық әсері, пайызбен |
Барлығы |
|||
Өткізілетін сатып алудың мәні болып табылатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер нарығындағы жұмыс тәжірибесi |
«Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес отандық тауар өндіруші үшін тауарларды ерікті сертификаттау туралы құжаттың болуы |
Сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес сапа менеджментінің сертификатталған жүйесінің (сертификатталған жүйелерінің) болуы |
Ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес қоршаған ортаны басқару менеджментінің сертификатталған жүйесінің (сертификатталған жүйелерінің) болуы және (немесе) «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына, экологиялық таза өнім стандартына сәйкестігін растаудың болуы |
Тауарлардың техникалық сипаттамалары |
Жергілікті қамту |
|||||
Конкурстық комиссия төрағасының, мүшелерінің және хатшысының тегі, аты, бар болса әкесінің аты, қолы.
Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің және Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі
құрылтайшысы (уәкілетті органы)
не акционері болып табылатын
заңды тұлғалардың тауарларды,
жұмыстарды және көрсетілетін
қызметтерді сатып алу
қағидаларына 12-қосымша
Нысан
Конкурс тәсілімен сатып алудың қорытындылары туралы хаттама
_____________________
(конкурстың атауы)
__________________________ ____________________
(Баға ұсыныстары салынған (уақыты мен күні)
конверттерді қарау орны)
1. Мына құрамдағы конкурстық комиссия:_________________________
_____________________________________________________________________
(конкурстық комиссияның төрағасының, оның орынбасарының, мүшелерінің
тегі, аты, бар болса әкесінің аты, лауазымдары көрсетіледі)
сатып алу жөніндегі конкурс (екі кезеңді рәсімдерді пайдалана
отырып)
_____________________________________________________________________
(сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді қысқаша
сипаттау)
2. Әрбір лот бойынша жеке сатып алу үшін теңгемен бөлінген сома
(соманы көрсету).
3. Мына өтінімдер конкурсқа қатысуға жіберілді:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(рұқсат беру туралы хаттамаға сәйкес конкурсқа жіберілген әлеуетті
жеткізушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін көрсету).
4. _______________________________ (конкурстық баға ұсыныстарын
тіркеу үшін түпкілікті уақыт өткеннен кейін берілуіне байланысты
бағалауға және салыстыруға қабылданбаған не конкурсқа қатысушы осы
конкурс бойынша баға ұсыныстарын бұрын ұсынған әлеуетті
жеткізушілердің атаулары көрсетіледі)әлеуетті жеткізушілердің
конкурстық баға ұсыныстары бар конверттері.
5. Конкурстық комиссияның отырысына қатысуға конкурстық баға
ұсыныстарын тіркеу үшін соңғы уақыт өткенге дейін оларды берген
конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары:
_____________________________________________________________________
(конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына сәйкес
конкурсқа қатысушылардың не олардың уәкілетті өкілдерінің тегі, аты,
бар болса әкесінің аты хронологиялық тәртіппен көрсетіледі) ашылды
және конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары бар
конверттерді ашу кезінде барлық қатысушыларға жарияланған мыналарды
қамтиды:
_____________________________________________________________________
(конкурстық баға ұсыныстары бар конверттерді тіркеу журналына
оларды тіркеудің хронологиялық тәртібімен конкурсқа қатысушылардың
конкурстық баға ұсыныстары көрсетіледі).
6. Мыналардың конкурстық баға ұсыныстары қабылданбады:
_____________________________________________________________________
(мынадай себептерді: конкурстық баға ұсынысы тауарларды,
жұмыстарды, қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сомадан асып түсуін;
демпингтік болып табылатын конкурстық баға ұсынысын көрсете отырып,
конкурстық баға ұсыныстары қабылданбаған конкурсқа қатысушылардың не
олардың уәкілетті өкілдерінің тегі, аты, бар болса әкесінің аты
көрсетіледі).
7. Конкурсқа қатысушылардың шартты бағалары ___________________
(конкурстық құжаттамада белгіленген өлшемдердің пайыздық мәнін ескере
отырып, конкурсқа қатысушылардың шартты бағасы көрсетіледі).
8. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың қайтарылмаған
конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру нәтижелері бойынша
ашық дауыс беру жолымен ШЕШТІ:
1) конкурсқа қатысушының ______________________________________
_____________________________________________________________________
(конкурсқа қатысушының атауы мен орналасқан жерін, сондай-ақ ол
жеңімпаз деп танылған шарттарды көрсету) конкурстық өтінімі жеңімпаз
деп танылсын
немесе
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(конкурстың атауы)
сатып алу жөніндегі конкурс (екі кезеңді рәсімді пайдалана
отырып) өтпеді деп танылсын.
(егер конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын
қарау, бағалау және салыстыру кезінде конкурс жеңімпазы анықталмаса
немесе барлық конкурстық баға ұсыныстары қабылданбаса, тиісті себебін
көрсету);
2) ______________________________________________неғұрлым артық
көрінетін ұсынысы бар конкурсқа қатысушыны айқындау;
(бар болса конкурсқа қатысушының атауын және орналасқан жерін
сондай-ақ оның негізінде ұсыныстары неғұрлым артық болып табылатын
талаптарды көрсету)
3) Тапсырыс беруші (тапсырыс берушілер)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(әрбір тапсырыс берушінің атауын және орналасқан жерін,
сондай-ақ ненің негізінде оның ұсынысы неғұрлым артық болып табылатын
талаптарды көрсету).
4) Сатып алуды ұйымдастырушы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(сатып алуды ұйымдастырушының атауын көрсету)
Конкурс тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы хаттаманың
мәтінін тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының)
интернет-ресурсына жарияласын.
Осы шешімге дауыс бергендер:
Жақтаушы дауыс_______(конкурстық комиссия мүшелерінің тегі,
аты, бар болса әкесінің аты)
Қарсы дауыс _________(конкурстық комиссия мүшелерінің тегі,
аты, бар болса әкесінің аты)
Конкурстық комиссия төрағасының, мүшелерінің және хатшысының
тегі, аты, бар болса әкесінің аты, қолдары.
Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің және Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі
құрылтайшысы (уәкілетті органы)
не акционері болып табылатын
заңды тұлғалардың тауарларды,
жұмыстарды және көрсетілетін
қызметтерді сатып алу
қағидаларына 13-қосымша
Мүгедектер ұйымынан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесі.
1) Төсек жаймаларының барлық атаулары, көрпе, матрацтар, жамылғы, жастық түрлері, сүлгі, майлық, жастық тыстары, матрацқа арналған тыстар, жаялықтар;
2) аспаздың костюмі, пісірушінің костюмі, түрлі қалпақтар;
3) дәретхана қағазы, қағаз сүлгілер;
4) термоберік брезенттен жасалған костюм, мақта-матадан жасалған жұмыс костюмі, мақта-матадан жасалған дала костюмі, бүркемеленген далаға киетін күрте, брезент костюм, дәнекерлеушінің, аккумуляторшының костюмі, жұмыс комбинезоны, су өткізбейтін қанықтырмасы бар брезент жадағай, резеңкеленген жадағай;
5) түрлі бушлаттар, мақтадан жасалған күрте, мақтадан жасалған жылы шалбар, синтепоннан жасалған сырып тігілген медициналық бушлат, «Зима» жылы костюмі, теріден жасалған костюм, жылуды сақтайтын костюм, жылы шолақ комбинезон, жылы кеудеше, жылы күрте, далаға киетін бүркемеленген костюм, шалбар, фуфайка, теріден жасалған костюм, теріден жасалған құлақшын;
6) резеңкеден жасалғандарын қоспағанда барлық атаудағы қолғаптар мен биялайлар;
7) түрлі үшкіл орамалдар, шлемнің астынан киетін түрлі қалпақтар, қол орамал, жаға астары;
8) жұмыс халаты, түрлі алжапқыштар, бірегей нысанды киім (офицерлік құрамнан басқа), сигналдық кеудеше, барлық түрдегі медициналық халаттар, хирургиялық костюмдер, түрлі бахилалар, формалық және арнайы киім, көрпе, госпиталь халаттары, түрлі халаттар, түрлі мектеп формалары;
9) аяқ киім тігу және жөндеу;
10) қоқыс тазалайтын күрекшелер, түймелер, қыстырғыштар, шахматтар, шашкалар, ілгіштер, шыны банкаларға арналған пластмасса, металл қақпақтар, медициналық фольга қалпақтар, қорғау каскалары, тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жаратуға арналған контейнерлер, Р-50, Р-65 оқшаулау бөлшектері, құжат тігілетін папкалардың құлыптары, шылапшындар, шелектер, электр энергиясын есептеу құралдарына арналған тыстар мен корпустар, щетка - металл дөңгелек, рабица тор;
11) құжат тігілетін папкалар, конверттер, қағазға арналған папкалар, сызғыштар;
12) монеталық өнімге арналған арнайы орауларды қоспағанда, орайтын қораптар, мұрағат қораптары;
13) розеткалар, өшіргіштер, ұзартқыштар, ИП 212-45 өрт кезіндегі хабарлағыштар, 1000 В-гe дейінгі кернеудегі түрлі модификациядағы электр қалқандар;
14) үй-жайлар мен аумақтарды жинау;
15) абаттандыру, көгалдандыру;
16) қылқалам-щетка бұйымдары;
17) Экспортталатын өнімдерге арналған жәшіктерді қоспағанда ағаштан жасалған бұйымдар (түрлі саптар, салатын жәшіктер).
Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің және Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі
құрылтайшысы (уәкілетті органы)
не акционері болып табылатын
заңды тұлғалардың тауарларды,
жұмыстарды және көрсетілетін
қызметтерді сатып алу
қағидаларына 14-қосымша
Нысан
Әлеуетті жеткізуші бағаларының кестесi
(әлеуетті жеткізушінің атауы лоттың нөмірін көрсете отырып, әрбір лотқа жеке толтырылады)
№ |
Мазмұны |
Тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердіңатауы |
1 |
Қысқаша сипаты |
|
2 |
Өлшембірлігi |
|
3 |
____________ |
|
4 |
Саны (көлемі) |
|
5 |
Барлық бағасы =___________ |
|
6 |
Әлеуеттi жеткізушінің тасымалдауға, сақтандыруға, төлеуге арналған барлық шығыстарды/кеден бажын, ҚҚС және басқа салықтарды, төлемдерді мен алымдарды, жинақтаушы бөлшектер мен міндетті қосалқы бөлшектердің, бір өлшем бірлігіне пайдаланудың бастапқы мерзімiiшінде қызмет көрсетуге арналған құнын және басқа да шығыстарды қоса алғанда, ИНКОТЕРМС 2000 ___________ талаптары бойынша межелі орны, жалпы бағасы (жеңілдіктер ескеріле отырып, бар болса)__________ |
Біз Сіздердің шартта сөз болған ақы төлеу талаптарыңызбен келісеміз
__________________ _____________________________
(Қолы) (Лауазымы, тегі)
М.О.
Ескерту: әлеуетті жеткізуші жалпы бағаның құраушы бөліктерін
көрсетпеуі мүмкін, бұл ретте осы жолда көрсетілген бағаны әлеуетті
жеткізушінің барлық шығындарын ескере отырып айқындалған ретінде
қаралады және ол қайта қарауға жатпайды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің және Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі
құрылтайшысы (уәкілетті органы)
не акционері болып табылатын
заңды тұлғалардың тауарларды,
жұмыстарды және көрсетілетін
қызметтерді сатып алу
қағидаларына 15-қосымша
Нысан
Конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу
Журналы
р/с |
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың № және аты |
Тапсырыс берушінің/ сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы, почталық мекенжайы |
Әлеуетті жеткізушінің атауы, БСН, почталық мекенжайы |
Әлеуетті жеткізушінің уәкілетті өкілінің аты-жөні |
Әлеуетті жеткізушінің баға ұсыныстарын ашу күні және уақыты |
Әлеуетті жеткізуші ұсынатын баға |
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алудың жиынтығы |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің және Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі
құрылтайшысы (уәкілетті органы)
не акционері болып табылатын
заңды тұлғалардың тауарларды,
жұмыстарды және көрсетілетін
қызметтерді сатып алу
қағидаларына 16-қосымша
Банк кепілдігі
(шарттың орындалуын қамтамасыз ету нысаны)
Банктің атауы__________________________________________________
(банктің атауы және деректемелері)
Кімге__________________________________________________________
(сатып алуды ұйымдастырушының атауы және деректемелері)
№_______Кепілдік міндеттеме
_________________ ____жылғы «___»________
(орналасқан жері) ________
____________________________________________________________________,
(жеткізушінің атауы)
«Жеткізуші», ________________________________________________________
(тауарлардың, жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің атауы)
жеткізуге (орындауға, көрсетуге) арналған ___жылғы _____________№__
сатып алу туралы шартты жасағанын (жасайтынын) және Сіздің Шартта
жалпы сомасы
_____________________________________________________________________
(сомасы санмен және жазумен)
теңгеге банк кепілдігі түрінде оның орындалуын қамтамасыз етуді
енгізуді көздегеніңізді, мұның
_____________________________________теңге мөлшеріндегі Шарттың жалпы
(сомасы санмен және жазумен)
сомасының ______%-на сәйкес келетенін назарда ұстай отырып,
Осы арқылы
_____________________________________________________________________
(банктің атауы)
жоғарыда көрсетілген Шарт бойынша кепіл болып табылатынын және
Сіздің жазбаша талабыңызды, сондай-ақ Жеткізушінің Шарт бойынша өз
міндеттемелерін орындамауының немесе тиісінше орындамауының жазбаша
растамасын алған бойда Сізге талап етуіңіз бойынша өтеусіз
міндеттемені өзіне алатындығын растаймыз.
Осы кепілдік міндеттеме оған қол қойған сәттен бастап күшіне
енеді және Жеткізуші Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық орындаған
сәтке дейін қолданылады.
Осы кепілдік міндеттемеге байланысты туындайтын барлық құқықтар
мен міндеттемелер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
Кепілгерлердің қолы және мөрі Күні және мекенжайы
Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің және Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі
құрылтайшысы (уәкілетті органы)
не акционері болып табылатын
заңды тұлғалардың тауарларды,
жұмыстарды және көрсетілетін
қызметтерді сатып алу
қағидаларына 17-қосымша
Нысан
Шарттарды тіркеу және есепке алу журналы
рр/с |
Тіркелген күні |
Атауы |
Резиденттігі |
Жауапты бөлімше |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |