"Мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымы бірыңғай жүйесіне "электрондық үкімет" веб-порталын пайдаланумен жолданған жеке және заңды тұлғалардың электрондық өтініштерін қалыптастыру, қабылдау және өңдеу" жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 2 қарашадағы № 337 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 7 желтоқсанда № 7331 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 378 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасында аңшылық шаруашылығын жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы № 1441 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 665-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында аңшылық шаруашылығын жүргізу ережесінде:
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Шаруашылықішілік аңшылық ісін ұйымдастыру материалдары бойынша әзірленген аңшылық шаруашылығын жүргізу жоспарын аң шаруашылығы ұйымы бекітеді, содан соң міндетті түрде орындалуға тиіс және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау объектісі болып табылады.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов