Табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 175 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 13 сәуірде № 10705 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 42 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.02.2017 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде және мерзімдік баспасөз басылымдарында ресми жариялауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Е. Досаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрі

      ______________ А. Мамытбеков

      2014 жылғы "____" __________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      ______________ Ә. Исекешев

      2014 жылғы "____" __________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      ______________ В. Школьник

      2014 жылғы 17 наурыз



  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 175 бұйрығымен бекітілген

Табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.02.2017 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су Кодексіне, 1998 жылғы 9 шілдедегі "Табиғи монополиялар туралы", 2004 жылғы 9 шілдедегі "Электр энергетикасы туралы", 2001 жылғы 8 желтоқсандағы "Темір жол көлігі туралы", 2010 жылғы 15 шілдедегі "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы", 2002 жылғы 17 қаңтардағы "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және электр энергиясын беру және (немесе) бөлу, жылу энергиясын өндіру, жылу энергиясын беру және (немесе) бөлу және электр энергиясын желiге беруді және тұтынуды техникалық диспетчерлендіру, магистральдық темір жол желісі, кірме жолдар, әуежайлар, порттар мен аэронавигация, газды немесе газ конденсатын сақтау, таратушы құбыржолдары арқылы тасымалдау, газ таратушы қондырғыларды және олармен байланысты газ таратушы газ құбырларын пайдалану және сумен жабдықтау және су бұру саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің (бұдан әрі – Субъектілер) реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тұтынушылардың тең қол жеткізуін қамтамасыз ететін тәртіпті және жалпы қағидаттарды айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.02.2017 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      2. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеңілдіктер мен басымдықтарды ескере отырып қызметтерді ұсыну жағдайларына қолданылмайды.

      3. Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушының сертификаты – азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган берген, пайдаланушының Азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушыларды сертификаттау қағидаларына және сертификаттау талаптарына сәйкестiгiн куәландыратын құжат;

      2) азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік – азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган берген және азаматтық әуе кемесінің Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілгенін растайтын құжат;

      3) азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығының сертификаты – азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган берген, азаматтық әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығының нормаларына сәйкестiгiн куәландыратын құжат;

      4) алып тасталды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.02.2017 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5) бербоут-чартер – жолаушылар, багаж бен жүк тасымалдауға және сауда мақсатында теңiзде жүзудiң өзге де мақсаттары үшін жалға кеме беруші кеме жалдаушыға жарақтанбаған және экипажбен жасақталмаған кеменi немесе бiрнеше кеменi иеленуге және пайдалануға келісілген ақыға (жалдауға) белгiлi бiр мерзiмге беруге мiндеттенетiн жалға кеме беру шартының түрі;

      6) есепке алу аспабы – реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) тұтыну көлемін есепке алуға арналған заңнамада белгіленген тәртіппен қолдануға рұқсат етілген техникалық құрылғы;

      7) көрсетілетін қызметтерді жеткізуші – реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тұтынушылардың тең қол жеткізуі мақсатында электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, сондай-ақ сумен жабдықтау және су бұру желілеріне қосу үшін техникалық шарттар беретін табиғи монополия субъектісі;

      8) кірме жолдың шектелген өткізу қабілеті – уақыт бірлігінде (тәулік, сағат) нақты кірме жол арқылы оның техникалық жарақтануына қарай өтуі мүмкін вагондардың ең жоғары саны;

      9) құзыретті орган – мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      10) магистральдық темір жол желісінің шектелген өткізу қабілеті – уақыт бірлігінде (тәулік, сағат) нақты темір жол учаскесі арқылы аралық бойынша оның техникалық жарақтануына және поездар қозғалысын ұйымдастырудың қабылданған тәсіліне қарай өткізілуі мүмкін салмағы мен ұзындығы белгіленген поездардың (поезд жұптарының) ең жоғары саны;

      11) Өкіл – шетелдік Пайдаланушылардың әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсетілгені үшін ақы төлейтін ұйымдар;

      12) пайдаланушы – азаматтық әуе кемелерін пайдаланумен айналысатын немесе осы салада өз қызметтерін ұсынатын жеке немесе заңды тұлға;

      13) реттеліп көрсетілетін қызметтер – табиғи монополия саласындағы табиғи монополия субъектісі ұсынатын және қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыға белгілі бір тауар беру түрінде ұсыну жағдайларын қоса алғанда, уәкілетті органның мемлекеттік реттеуіне жататын қызметтер (тауарлар, жұмыстар);

      14) слот – авиакомпанияның әуе кемесінің келу немесе жөнелту операцияларын белгілі бір күні немесе кезеңде орындау үшін әуежайда бөлінген уақыт;

      15) табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізу – табиғи монополиялар субъектілері тұтынушыларының табиғи монополия субъектілерінің қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) басқа тұтынушыларға осындай қызметтер ұсынылатын жағдайлардан кем болмайтын қолайлы жағдайда пайдалану мүмкіндігі;

      16) техникалық шарттар – реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тұтынушылардың тең қол жеткізуі мақсатында электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, сондай-ақ сумен жабдықтау және су бұру желілеріне қосылу үшін қажетті техникалық талаптар;

      17) тұтынушы – табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) пайдаланушы немесе пайдалануға ниеттенуші, сондай-ақ реттеліп көрсетілетін қызметтерге, (тауарларға, жұмыстарға) тең қол жеткізу мақсатында объектілерді электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды алуға ниеттенуші жеке немесе заңды тұлға;

      18) уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      19) уәкілетті органның ведомствосы – табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган ведомствосы;

      20) Aeronautical Information Circular – Аэронавигациялық ақпарат бюллетені – аэронавигациялық ақпарат циркуляры (бұдан әрі – AIC);

      21) Aeronautical Information Publication – Аэронавигациялық Ақпарат Жинағы – Қазақстан Республикасының аэронавигациялық ақпарат жинағы (бұдан әрі – AIР);

      22) NОtice To AirMen (бұдан әрі – NOTAM) – кез келген аэронавигациялық жабдықты пайдалануға енгізу немесе оның (немесе оның жұмыс регламентінің) өзгеруі, ұшуларға қызмет көрсету мен олардың қағидалары туралы ақпаратты қамтитын хабарлама; немесе қауіп туралы ақпарат, ол туралы ескерту ұшулардың қауіпсіздігі үшін маңызды орын алады.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.02.2017 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.

      4. Тұтынушы реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізу үшін Субъектіге жазбаша өтініш (өтінім, арыз) жолдайды.

      5. Тұтынушы реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізу үшін Субъектіге жазбаша өтініш (өтінім, арызын) мәлімделген көлемдерге не қызметтер тұтынудың басқа да шарттарына қарамастан тең шарттармен қабылдайды.

      5-1. Электрмен жабдықтау желілерін қоспағанда, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру желілеріне қосу мынадай кезеңдерден тұрады:

      1) техникалық шарттарды беру туралы өтініш ұсыну;

      2) табиғи монополия субъектісінің өтінішті қоса берілетін құжаттардың толықтығына қарауы;

      3) табиғи монополия субъектісінің техникалық шарттарды беру туралы тұтынушының өтінішін қарауы;

      4) табиғи монополия субъектісінің техникалық шарттарды беруі;

      5) сумен жабдықтау және су бұру желілеріне қосуды қоспағанда, тұтынушының құрылыс жобасын техникалық шарттарға сәйкес әзірлеуі;

      6) сумен жабдықтау және су бұру желілеріне қосуды қоспағанда, құрылыс жобасын табиғи монополия субъектісімен оның берілген техникалық шарттарға сәйкес келу мәніне келісу;

      7) сумен жабдықтау және су бұру желілеріне қосуды қоспағанда, тұтынушының келісілген құрылыс жобасына сәйкес жұмыстар жүргізуі;

      8) көрсетілетін қызметке қосу.

      Ескерту. 1-тарау 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.03.2018 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5-2. Электрмен жабдықтау желілеріне қосуды қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру желілеріне қосуға арналған өтініштерін қабылдау және оны қарау нәтижелерін беру табиғи монополия субъектісінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 1-тарау 5-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.03.2018 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5-3. Тұтынушы толық емес құжаттар топтамасын ұсынған жағдайда, электрмен жабдықтау желілеріне қосуды қоспағанда, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру туралы осы Қағидалардың 16, 17, 75 және 92-тармақтарына сәйкес өтінішті табиғи монополия субъектісі өтініш келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қайтарады.\

      Ескерту. 1-тарау 5-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.03.2018 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5-4. Өтініш қарауға қабылданған жағдайда, желілерге қосуға арналған техникалық шарттарды беру туралы өтінішті табиғи монополия субъектісі мынадай мерзімдерде:

      жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде;

      сумен жабдықтау және су бұру келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарайды.

      Қарау қорытындысы бойынша мынадай шешімдердің бірі қабылданады:

      1) өтінішті қанағаттандыру және техникалық шарттарды беру;

      2) техникалық шарттарды беруден бас тарту.

      Ескерту. 1-тарау 5-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.03.2018 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5-5. Техникалық шарттарды беруден бас тартуға мынадай:

      1) көрсетілетін қызметтердің талап етілетін көлемін ұсыну үшін қажет бос техникалық қуат болмаған;

      2) көрсетілетін қызметті ұсыну үшін қажет желілер немесе өзге де мүлік болмаған;

      3) желінің жұмыс сенімділігі рұқсат етілмейтін төмендеген жағдайларда жол беріледі.

      Ескерту. 1-тарау 5-5-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.03.2018 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5-6. Техникалық шарттарды беруден бас тартқан жағдайда, табиғи монополия субъектісі:

      1) техникалық шарттарды беруден бас тарту туралы шешімге көрсетілетін қызметтердің бос техникалық қуатының болмауы немесе желілердің немесе қызметтерді ұсыну үшін қажетті өзге де мүліктің болмауы туралы дәлелді негіздемені қоса береді;

      2) бас тартумен бір мезгілде техникалық шарттарды беруден бас тарту туралы шешімнің көшірмесін, дәлелді негіздемені және уәкілетті органға бас тартудың негізділігін растайтын ақпаратты жібереді.

      Ескерту. 1-тарау 5-6-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.03.2018 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5-7. Уәкілетті орган техникалық шарттарды беруден бас тарту туралы хабарламаны алуына байланысты жеті жұмыс күнінен кешіктірмей, тұтынушыға техникалық шарттарды беруден бас тартудың негізділігін растау немесе табиғи монополия субъектісінің қызметін тексеруге бастамашылық ету үшін уәкілетті органға шағым берудің қажеттілігі туралы хат жібереді.

      Ескерту. 1-тарау 5-7-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.03.2018 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5-8. Көрсетілетін қызметке қолжетімділікті беру кезінде табиғи монополия субъектісіне:

      1) бос қуаттар туралы ақпарат бергені үшін ақы алуға;

      2) мемлекеттік органдардың, реттеліп көрсетілетін қызметті көрсетуге қатысы жоқ мемлекеттік емес ұйымдардың рұқсаттарды және өзге де құжаттарды беруін талап етуге;

      3) тұтынушыға көрсетілетін қызметке қосу кезінде көрсетілетін қызметке қол жеткізудің техникалық шарттарын сақтаудан басқа өзге де талаптар қоюға;

      4) көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің тең емес шарттарын жасауға;

      5) жұмысын көрсетілетін қызметке қол жеткізудің техникалық шарттарына сәйкес жүзеге асыратын нарық субъектілерінің қызметін шектеуге;

      6) электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау және газбен жабдықтау желілеріне қосуды қоспағанда, техникалық шарттарға сәйкес жұмыс жобасын келісуді талап етуге жол берілмейді.

      Ескерту. 1-тарау 5-8-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.03.2018 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5-9. Электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру желілеріне қосуды қоспағанда, тұтынушының жұмыстардың аяқталғаны туралы жазбаша хабарламасын алған күннен бастап үш жұмыс күнінің ішінде табиғи монополия субъектісі берілген техникалық шарттарға сәйкес орындалған жұмыстарды тексеруді жүзеге асырады. Орындалған жұмыстар техникалық шарттарға сәйкес келген жағдайда, табиғи монополия субъектісі көрсететін қызметке қосу бес жұмыс күнінің ішінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 1-тарау 5-9-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.03.2018 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5-10. Жүргізілген жұмыстар техникалық шарттарға сәйкес келмеген жағдайда, табиғи монополия субъектісі бір жұмыс күнінің ішінде анықталған техникалық шарттарды бұзушылықтарды көрсете отырып, көрсетілетін қызметке қосудан бас тартады және ол туралы тұтынушыға сәйкес келмеу анықталған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлайды.

      Кейіннен қабылдау осы Қағидалардың 5-9-тармағына сәйкес барлық анықталған бұзушылықтар жойылғаннан кейін жүзеге асырылады.

      Ескерту. 1-тарау 5-10-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.03.2018 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5-11. Жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін құрылыс объектілері үшін табиғи монополия субъектісінің техникалық шарттарды беруге арналған өтінімі жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге арналған бастапқы деректерді қалыптастыратын сәулет және қала құрылысы органдарынан электрондық форматта келіп түседі.

      Ескерту. 1-тарау 5-11-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.03.2018 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5-12. Табиғи монополиялар субъектілері сәулет және қала құрылысы органдарының өтінімі бойынша техникалық шарттарды беруді электрондық форматта жүзеге асырады.

      Ескерту. 1-тарау 5-12-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.03.2018 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5-13. Техникалық шарттар жобалау мен құрылыстың нормативтік ұзақтығы кезеңінде жарамды.

      Ескерту. 1-тарау 5-13-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.03.2018 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Тұтынушының өтініші (өтінімі, арызы) құжаттарды алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде қаралады. Көрсетілген мерзімде табиғи монополиялар субъектісі тұтынушыға реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізу ұсынылатыны не реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізу ұсынудан бас тартылғаны туралы жауапты дәлелді қорытындыны қоса бере отырып жібереді.

      7. Тұтынушылардың осы Қағидаларда айқындалған шарттарды сақтауы субъектілер мен тұтынушылардың арасында "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес үлгі шарттардың негізінде әзірленген қызметтер көрсетуге шарттарды жасасу үшін негіз болып табылады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.02.2017 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7-1. Төлемақы алынбайтын электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, сондай-ақ сумен жабдықтау және су бұру желілеріне объектілерді қосуға арналған техникалық шарттарды беру мен қайта ресімдеу жөнінде көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, тұтынушылар көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеуді уәкілетті орган бекіткен тарифтер бойынша жүргізеді.

      Ескерту. 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 24.07.2015 № 567 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін субъект тұтынушы өтініш жасаған кезде реттеліп көрсетілетін қызметтің құны және оған қол жеткізу тәртібі туралы ақпарат ұсынады.

      9. Реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) Субъектімен шарт жасасқан барлық тұтынушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген олардың сапасына қойылатын талаптарға сәйкес ұсынылады.

      10. Алып тасталды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.03.2018 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10-1. Осы Қағидаларда қамтылмаған Табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12684 болып тіркелген) бекітілген Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларына сәйкес реттеледі.

      Ескерту. Қағида 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 02.12.2015 № 751 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.03.2018 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

2-тарау. Реттеліп көрсетілетін қызметтерге тең қол жеткізуді ұсыну шарттары

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.02.2017 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Қызметтерге тең қол жеткізуді қамтамасыз ету мынадай шарттарға сүйене отырып жүзеге асырылады:

      1) осы Қағидаларда айқындалған шарттарды сақтау кезінде барлық тұтынушылар үшін қызметтерге тең қол жеткізу;

      2) қызметтердің барлық тұтынушыларына қатысты бірыңғай тариф саясатын жүргізу;

      3) қызметтер тізбесінің, қызметтерге арналған тарифтердің ақпараттық ашықтығы.

      12. Тұтынушылардың электр қондырғыларын энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның желілеріне қосуға арналған техникалық шарттар:

      1) жаңадан енгізілетін электр қондырғылары энергия беруші ұйымның желілеріне қосылған;

      2) объект тұтынатын шарттық электр қуаты ұлғайған;

      3) электрмен жабдықтау сенімділігі бойынша пайдаланушылардың санаты өзгертілген жағдайларда беріледі;

      4) электрмен сырттай жабдықтау схемасы өзгергенде.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.03.2018 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Тұтынушылардың объектілерін энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның жылу желілеріне қосуға арналған техникалық шарттар:

      1) жылу желілеріне жаңадан пайдалануға берілетін объектілер қосылған;

      2) тұтынушының жылу тұтынатын қондырғыларын реконструкциялауға немесе кеңейтуге байланысты тұтынылатын энергия мөлшері немесе жылу тасығыштың параметрлері техникалық шарттарда және шарттың талаптарында белгіленгеннен жоғарылап өзгерген;

      3) жылу жүйелеріне бұрын қосылмаған объектілер қосылған жағдайларда беріледі.

      14. Газбен жабдықтау желілеріне қосылуға арналған техникалық шарттар:

      1) газбен жабдықтау жүйелеріне қосылатын жаңа объектілер жобаланған және олар кейіннен салынған;

      2) қолданыстағы газбен жабдықтау жүйелерінен тұтынылатын қызметтердің көлемі ұлғайған;

      3) егер бұл тұтынылатын қызметтердің көлемі мен сипаттамаларын өзгертуге әкелетін болса, объекті реконструкцияланған және/немесе қайта бейімделген жағдайларда беріледі.

      15. Көрсетілетін қызметтерді жеткізуші елді мекеннің сумен жабдықтау және су бұру желілері құрылыстары өнімділігінің қоры мен өткізу қабілеті жеткілікті болған кезде объектілерді қосуға немесе сумен жабдықтау және су бұру инженерлік желілерін дамытуға арналған техникалық шарттарды:

      1) елді мекендердің сумен жабдықтау және/немесе су бұру желілеріне қосылатын жаңа объектілер жобаланған және кейіннен салынған;

      2) су тұтыну және/немесе елді мекеннің қолданыстағы су бұру желісіне сарқынды суларды ағызу көлемдері ұлғайған;

      3) елді мекендердің су бұру жүйелеріне ағызылатын сарқынды сулардың ластану концентрациясы ұлғайған;

      4) егер бұл сумен жабдықтаудың және/немесе су бұрудың тұтынылатын қызметтерінің көлемі мен сипаттамаларын өзгертуге әкелетін болса, объекті реконструкцияланған және/немесе қайта бейімделген;

      5) сумен жабдықтау және су бұру желілеріне бұрын қосылмаған объектілер қосылған жағдайларда береді.

3-тарау. Электр желілеріне қосылу үшін техникалық шарттарды берген кезде реттеліп көрсетілетін қызметтерге тең қол жеткізуді ұйымдастыру рәсімі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.02.2017 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрмен жабдықтау желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру туралы өтінішке мыналар:

      1) жеке тұлға үшін – объект иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, жеке кәсіпкер куәлігінің көшірмесі немесе жеке кәсіпкер ретінде қызметті бастауы туралы хабарламаның көшірмесі, заңды тұлға үшін – куәліктің көшірмесі немесе мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтама;

      2) ситуациялық жоспар;

      3) өз бетінше немесе сараптама ұйымын жұмылдыру арқылы орындалған, мәлімделген электр қуатының есептеу-негіздемесі;

      4) электрмен жабдықтау объектісіне құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері қоса беріледі;

      5) есептеу қуаты 5 МВт және одан жоғары электр құрылғылары бар тұтынушылар өтінімге жобалау қызметімен айналысуға лицензиясы бар мамандандырылған жобалау ұйымы әзірлеген тұтынушының сыртқы электрмен жабдықтау схемасын қоса береді. Тұтынушының сыртқы электрмен жабдықтау схемасы электр желілеріне қосу жоспарланған энергия беруші және/немесе энергия өндіруші ұйыммен келісіледі. "Тұтынушының сыртқы электрмен жабдықтау схемасының" мазмұны осы Қағидаларға 2-қосымшада келтірілген.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.03.2018 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16-1. Осы Қағидаларда қамтылмаған Табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну тәртібі Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 бұйрығымен бекітілген Электр энергиясын пайдалану қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10403 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 111 бұйрығымен бекітілген Электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі, сондай-ақ осы нарықта қызмет көрсету қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10533 болып тіркелген) сәйкес реттеледі.

      Ескерту. 3-тарау 16-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.03.2018 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-тарау. Жылу желілеріне қосылу үшін техникалық шарттарды берген кезде реттеліп көрсетілетін қызметтерге тең қол жеткізуін ұйымдастыру рәсімі

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.02.2017 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жылу желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру туралы өтінішке:

      1) жеке тұлға үшін – объект иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, жеке кәсіпкер куәлігінің көшірмесі немесе жеке кәсіпкер ретінде қызметті бастауы туралы хабарламаның көшірмесі, заңды тұлға үшін – куәліктің көшірмесі немесе мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтама;

      2) өкіл өтініш берген кезде – өкілдің өкілеттіктерін растайтын құжаттар;

      3) жылумен жабдықтау объектісіне құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері;

      4) объектінің техникалық паспорты, объектінің сипаттамасы техникалық паспортқа сәйкес келмеген жағдайда – жылытылатын алаңдар мен көлемдерді өлшеу хаттамасы;

      5) ең үлкен сағаттық жүктемелердің есептері, жылу техникалық есептер, сауалнама парағы (жеке тұлғаның тұрмыстық мұқтаждар үшін қолданылатын объектіге қосуға өтініш беруі кезінде ұсынылмайды);

      6) енгізілетін өзгерістерді (тұтынылатын жылу энергиясының санын немесе жылу тасығыштың параметрлерін өзгертуді талап ететін тұтынушының жылуды тұтыну қондырғыларын реконструкциялауы немесе кеңейтуі кезінде) есепке ала отырып жылумен жабдықтауға арналған жоба қоса беріледі.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.03.2018 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17-1. Осы Қағидаларда қамтылмаған Табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну тәртібі "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 211 бұйрығымен бекітілген Жылу энергиясын пайдалану қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10234 болып тіркелген) сәйкес реттеледі.

      Ескерту. 4-тарау 17-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.03.2018 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

5-тарау. Қызметін электр энергиясының көтерме сауда нарығында жүзеге асыратын Субъектінің электр энергиясын беру саласындағы қызметтеріне қол жеткізудің тең жағдайларын ұйымдастыру тәртібі

      Ескерту. 5-тарау жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.03.2018 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Қызметін электр энергиясының көтерме сауда нарығында жүзеге асыратын Субъектінің электр энергиясын беру саласындағы қызметтеріне қол жеткізудің тең жағдайларын ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 106 бұйрығымен бекітілген Электр энергиясының көтерме нарығын ұйымдастыру мен оның жұмыс iстеу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10531 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

6-тарау. Қызметін электр энергиясының бөлшек сауда нарығында жүзеге асыратын Субъектінің электр энергиясын беру және (немесе) тарату саласындағы қызметтеріне қол жеткізудің тең жағдайларын ұйымдастыру тәртібі

      Ескерту. 6-тарау алып тасталды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.03.2018 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

7-тарау. Жылу энергиясын өндіру саласындағы қызметтерге қол жеткізудің тең жағдайларын ұйымдастыру тәртібі

      Ескерту. 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.02.2017 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Жылу энергиясын өндіру жөніндегі Субъектінің қызметтерін тұтынушылар:

      1) Субъектінің жылу көзіне жалғанған жеке меншік желілері бар жылу энергиясын тұтынушылар;

      2) энергия беруші ұйымның желілеріне қосылған жылу энергиясын тұтынушылар;

      3) жылу энергиясын беруді және (немесе) таратуды жүзеге асыратын энергия беруші ұйымдар;

      4) жылу энергиясын сатып алуды - сатуды жүзеге асыратын энергиямен жабдықтаушы ұйымдар болып табылады.

      21. Субъект өзінің қызметтеріне тұтынушылардың кедергісіз және кемсітусіз қол жеткізуін:

      1) Субъектінің жылу энергетикасы объектілеріне белгіленген тәртіппен жалғанған жылу желілері мен жылу пайдаланатын қондырғылары;

      2) есеп айырысатын есепке алу аспаптары болған жағдайда қамтамасыз етеді.

      22. Субъектінің жылу көзіне жалғану және қызметтер көрсету шартын жасасу кезінде қызметтердің кез келген тұтынушысына шартта айқындалған жылу энергиясын ең жоғары сағаттық жүктеме және тұтынылатын жылу энергиясы санының шегінде жылу энергиясын алу құқығы бекітіледі, бұл ретте жылу энергиясының сапасы мен параметрлері нормативтік-техникалық талаптарға сәйкес келуге тиіс.

      23. Қызметтерді тұтынушыларға алынған техникалық шарттарда белгіленген жобалық шамадан асатын жылу энергиясының тұтынылатын жүктемесі мен санын ұлғайтқан жағдайда, Субъект Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен осы тұтынушыға техникалық мүмкіндік болған кезде қосымша қуаттарды жалғауға техникалық шарттар береді.

8-тарау. Жылу энергиясын беру және (немесе) тарату саласындағы қызметтерге қол жеткізудің тең жағдайларын ұйымдастыру тәртібі

      Ескерту. 8-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.02.2017 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. Субъектінің жылу энергиясын беру және (немесе) тарату қызметтерін тұтынушылар:

      1) Субъектінің желілеріне жалғанған жеке меншік желілері бар жылу энергиясын тұтынушылар;

      2) энергиямен жабдықтаушы ұйымдар (бұдан әрі - ЭЖҰ) болып табылады.

      25. Субъект өзінің қызметтеріне Субъектінің желілеріне жалғанған жеке меншік желілері бар жылу энергиясын тұтынушылардың кедергісіз және кемсітусіз қол жеткізуін:

      1) Субъектінің жылу желілеріне жалғанған жылу пайдаланушы қондырғылары;

      2) есеп айырысатын есепке алу аспаптары болған жағдайда қамтамасыз етеді.

      26. Субъект өзінің қызметтеріне ЭЖҰ-ның кедергісіз және кемсітусіз қол жеткізуін:

      1) жылу желілерінің теңгерімдік тиесілілігінің шекарасы және тараптардың пайдалану жауапкершілігі айқындалатын ЭЖҰ-ның тұтынушыларымен жылумен жабдықтау шарты;

      2) ЭЖҰ тұтынушыларында Субъектінің жылу желілеріне белгіленген тәртіппен жалғанған желілері және (немесе) жылу пайдаланушы қондырғылары;

      3) ЭЖҰ тұтынушыларында есеп айырысатын есепке алу аспаптары болған жағдайда қамтамасыз етеді.

      27. Субъектінің жылу желісіне жалғану және қызметтер көрсету шартын жасасу кезінде қызметтердің кез келген тұтынушысына шартта айқындалған жылу энергиясын ең жоғары сағаттық жүктеме және тұтынылатын жылу энергиясы санының шегінде жылу энергиясын алу құқығы бекітіледі, бұл ретте жылу энергиясының сапасы мен параметрлері нормативтік-техникалық талаптарға сәйкес келуге тиіс.

      28. Қызметтерді тұтынушыларға алынған техникалық шарттарда белгіленген жобалық шамадан асатын жылу энергиясының тұтынылатын жүктемесі мен санын ұлғайтқан жағдайда, Субъект Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен осы тұтынушыға техникалық мүмкіндік болған кезде қосымша қуаттарды жалғауға техникалық шарттар береді.

9-тарау. Электр энергиясын желiге берудi және тұтынуды техникалық диспетчерлендiру, электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру саласындағы қызметтерге қол жеткізудің тең жағдайларын ұйымдастыру тәртібі

      Ескерту. 9-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.02.2017 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      29. Субъектінің электр энергиясын желiге берудi және тұтынуды техникалық диспетчерлендiру қызметтерін тұтынушылар:

      1) электр энергиясын желінің тиесілілігіне қарамастан барлық кластағы кернеу желілеріне босатуды жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымдар;

      2) электр энергиясын желінің тиесілілігіне қарамастан кернеулердің барлық кластағы желілері арқылы импорттаушы тұтынушылар болып табылады.

      30. Субъект электр энергиясын желiге берудi және тұтынуды техникалық диспетчерлендiру қызметтеріне осы Қағидалардың 29-тармағында көрсетілген тұтынушылардың кедергісіз және кемсітусіз қол жеткізуін:

      1) ұлттық және (немесе) өңірлік электр желісіне қол жеткізуі;

      2) электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйелері;

      3) энергия өндіруші ұйымдар үшін Субъектінің телекоммуникация, байланыс жүйелерімен және жедел-ақпараттық кешенімен бірыңғайланған Субъектінің диспетчерлік орталықтарымен телекоммуникация және байланыс жүйелерімен жарақталған жұмыс істейтін диспетчерлік пункті және диспетчерлік басқарудың жедел-ақпараттық кешені;

      4) тұтынушылар үшін Субъектінің диспетчерлік орталықтарымен байланыс құралдарымен жарақталған диспетчерлік пункттер немесе осындай өкілеттіктерді басқа диспетчерлік орталыққа беру туралы құжат болған жағдайда қамтамасыз етеді.

      31. Электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру жөніндегі субъектінің қызметін тұтынушылар:

      1) энергия өндіруші ұйымдар, оның ішінде өндіріс кешенінің құрамына кіретіндер;

      2) энергия беруші ұйымдар;

      3) энергиямен жабдықтаушы ұйымдар;

      4) электр энергиясының көтерме нарығының тұтынушылары болып табылады.

      32. Субъект осы Қағидалардың 31-тармағында көрсетілген тұтынушылардың электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру саласындағы қызметтерге кедергісіз және кемсітусіз қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

10-тарау. Магистральдық темір жол желісі саласындағы қызметтерге қол жеткізудің тең жағдайларын ұйымдастыру тәртібі

      Ескерту. 10-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.02.2017 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      33. Реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізу және магистральдық темір жол желісін пайдалану шартын жасасу үшін тұтынушылар Субъектіге белгіленген нысанда және мерзімде өтініш, сондай-ақ "Теміржол көлігі туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14 бабы 2-тармағының 34-10) тармақшасына сәйкес бекітілген Магистралдық темір жол желiсiн пайдалану ережесiне (бұдан әрі – Магистралдық темір жол желiсiн пайдалану ережесi) сәйкес құжаттар жолдайды.

      34. Субъект өтініштерді магистральдық темір жол желісінің қызметтерін тұтынушылар ұсынған өтініштерді тіркеу тізілімінде түскен күнi мен уақытын, сондай-ақ тiркеу нөмiрiн көрсете отырып, түскен күнi тіркейді. Өтінішті қарау мерзімі мен тәртібі де Магистралдық темір жол желiсiн пайдалану ережесiнде регламенттелген.

      35. Тіркеуден бас тартуға, өтініштердің түскен күні мен уақытын, сондай-ақ оларды тіркеу нөмірлерін бұрмалауға жол берілмейді.

      36. Оператор магистральдық желіде орталықтан басқаруды және тасымалдау процесін ұйымдастыруды жолаушылар мен жүк поездары қозғалысы кестесінің негізінде жүзеге асырады. Поездар қозғалысы кестесін әзірлеу кезінде Магистралдық темір жол желiсiн пайдалану ережесіне сәйкес кезектілік сақталады.

      37. Тасымалдаушының поездар қозғалысының нақты бір бағытында магистральдық темір жол желісін оның өткізу қабілетінің шектелуіне байланысты пайдалануға беру мүмкіндігі болмаған жағдайда, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, тасымалдау Магистралдық темір жол желiсiн пайдалану ережесінде көзделген кезектілікпен жүзеге асырылады.

      38. Субъект халықаралық шарттарда көзделген жағдайларды қоспағанда, магистральдық темір жол желісінің қызметтеріне тасымалдауды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының резиденттері емес тұтынушылардың өз мемлекетінің резидент тұтынушыларынан кем болмайтын қолайлы жағдайларда тең қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

11-тарау. Концессия шарттары бойынша темір жол көлігі объектілері бар темір жол қызметтеріне қол жеткізудің тең жағдайларын ұйымдастыру тәртібі

      Ескерту. 11-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.02.2017 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      39. Тасымалдаушыларға концессия шарттары бойынша темір жол көлігі объектілері бар темір жолдарға қол жеткізуді ұсынуға Магистралдық темір жол желісін пайдалану қағидаларына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес тараптардың негізгі шарттары, құқықтары және міндеттері айқындалатын магистралдық темір жол желілерінің операторы мен тасымалдаушы(лар) арасында жасалған магистралдық желіні пайдалану шарты негіз болып табылады.

      40. Тасымалдаушылардың концессия шарттары бойынша темір жол көлігі объектілері бар темір жолдарды Магистралдық желіні пайдалану шартын жасамастан пайдалануына жол берілмейді.

      41. Концессия шарттары бойынша темір жол көлігі объектілері бар темір жолдарға қол жеткізу концессия шартын іске асыру үшін олардың өзара іс-қимылдарын регламенттейтін магистралдық темір жол желілерінің операторы мен концессионер арасындағы жасалған шартты ескере отырып тасымалдаушыларға ұсынылады.

12-тарау. Кірме жолдар саласындағы қызметтерге қол жеткізудің тең жағдайларын ұйымдастыру тәртібі

      Ескерту. 12-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.02.2017 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      42. Тұтынушылар қозғалыстың, техникалық құралдардың және жылжымалы құрамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайы кезінде "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес бекітілген табиғи монополия саласына жататын ұсынылатын қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) үлгі шарттардың негізінде кірме жолдардың көрсетілетін қызметтерін пайдаланады.

      Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.02.2017 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      43. Тұтынушылар кірме жолдардың қызметтерін пайдалану құқығын алу үшін Субъектіге екі данада жазбаша өтініш жолдайды. Субъект өтінішті түскен күні мен уақытын көрсете отырып тіркейді, бұл ретте тіркелген өтініштің бір данасы тұтынушыға беріледі.

      44. Субъект кірме жолдар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың өтініштерін тіркеу журналын жүргізеді, ол нөмірленуі және тігілуі тиіс. Кірме жолдар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушылардың өтініштерін тіркеу журналында өтініш түскен күні мен уақыты, сондай-ақ тіркеу нөмірі тіркеледі.

      45. Тіркеуден бас тартуға, өтініштердің түскен күні мен уақытын, сондай-ақ олардың тіркеу нөмірлерін бұрмалауға жол берілмейді.

      46. Субъект өтініштерді қарауды олардың түсу кезектілігіне сәйкес келетін реттілікпен 5 сағаттың ішінде жүргізеді.

      47. Бір күнде бірнеше өтініштер түскен кезде, оларды бір мезгілде қанағаттандыру кірме жолдың өткізу қабілетімен шектелген жағдайда, кірме жолдар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) көрсету кірме жолдың техникалық және технологиялық мүмкіндігіне қарай мәлімделген көлемге тепе-тең орташа өлшенген қағидат бойынша тұтынушыны өтініш түскен кезден бастап 7 сағат ішінде жазбаша хабардар ете отырып жүзеге асырылады.

      48. Тұтынушы кірме жолдар қызметтерінен бас тартқан жағдайда, Субъект кірме жолдар қызметтерін өтініш берген кезектілігі бойынша келесі тұтынушыға ұсынады.

13-тарау. Әуежайлардың қызметтеріне тең қол жеткізуді ұйымдастыру тәртібі

      Ескерту. 13-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.02.2017 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      49. Слоттарды бөлу әуеайлақ аумағында ұшуларды, ұшу-қону жолағындағы қозғалыстарды қауіпсіз орындауды, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуді және әуежайда жолаушыларға қызмет көрсетуді жоспарлау шарттарына сүйене отырып жүргізіледі.

      50. Тұтынушылар слоттарды (олардың өзгерісін) ұшу, қону Субъектісімен тұтынушыға слоттарды келісуге жазбаша нысанда өтінім (бұдан әрі – өтінім) жіберу жолымен келіседі.

      51. Өтінімде мынадай мәліметтер беріледі:

      1) рейсті орындау маусымы;

      2) авиакомпания коды;

      3) рейс нөмірі;

      4) орындау күндері;

      5) әуе кемелерінің үлгілері;

      6) орындықтар саны;

      7) бағыты;

      8) рейс үлгісі;

      9) әуе кемесінің біліктілік нөмірін қоса алғанда, әуе кемесінің техникалық сипаттамалары.

      52. Субъект слоттарды келісу өтінімдерінің тізілімін (бұдан әрі - Тізілім) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6668 тіркелген, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 11 қарашадағы № 520 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуежайларында әуе кемелеріне қызмет көрсету үшін уақытша интервалдарды бөлу қағидаларына сәйкес жүргізеді.

      Тізілімде өтінімнің түскен күні мен уақыты, сондай-ақ оның тіркеу нөмірі тіркеледі.

      Тіркеуден бас тартуға, өтінімде көрсетілген деректерді және өтінімнің тіркеу нөмірін бұрмалауға жол берілмейді.

      53. Тізілімде тіркелген өтінімдер туралы ақпарат барлық тұтынушыларға қол жетімді болуы тиіс. Тізілімде қамтылған мәліметтер Интернет желісінде әуежайдың ресми сайтында орналасады және күн сайын (жұмыс күндері) жаңартылуы тиіс. Тұтынушының жазбаша сұрауы бойынша Тізілімде қамтылған мәліметтерді Субъект өтініш келген күні береді.

      54. Субъект өтінімді қарап, тұтынушыға жауапты оны алған күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде жолдайды.

      55. Рейс параметрлері, өткізу қабілетінің нормативтері және әуежай жұмысының шектеулері өзгерген кезде, сондай-ақ слоттарды тұтынушының барлық өтінімдерін қанағаттандыратындай бөлу мүмкіндігі болмаған жағдайда, артықшылық жолаушылардың тұрақты рейстеріне беріледі және әуе желілері бойынша мынадай басымдық белгіленеді:

      1) халықаралық;

      2) ішкі;

      3) халықаралық чартерлік;

      4) ішкі чартерлік;

      5) жүк.

      56. Басымдығы бойынша бірдей және әуежайдың техникалық мүмкіндігінің шектелуінен бір мерзімде қанағаттандыру мүмкін емес слоттарды бөлуді көздейтін бірнеше өтінімдер болған кезде Субъект өтінімдерді қарау мен растауды Тізілімде тіркелген өтінімдерді беру кезектілігін ескере отырып жүзеге асырады.

      57. Әуежайлардың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізу мақсатында әуежайлар саласындағы Субъектілермен шарт жасасу үшін тұтынушылар:

      1) тұтынушы (пайдаланушы) сертификатын;

      2) азаматтық кемені мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті;

      3) әуе кемелерінің барлық үлгілері бойынша ұшу жарамдылығы сертификаттарын ұсынады.

      58. Шетелдік әуе тасымалдаушылары Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырады.

14-тарау. Теңіз порттары саласындағы қызметтерге тең қол жеткізуді ұйымдастыру тәртібі

      Ескерту. 14-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.02.2017 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      59. Порттар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының астында жүзетін кемелерге және шетел кемелеріне көрсетіледі.

      60. Кемелерге қызмет көрсету мына кезектілікпен жүргізіледі:

      1) авариялық кемелер, көмек көрсетуге келе жатқан кемелер және бортында ауыр науқасты адам бар кемелер;

      2) шекара әскерлерінің теңіз бөлімдерінің корабльдері мен кемелері;

      3) кесте бойынша жүретін паромдар мен жолаушы кемелері;

      4) газ тасушы кемелер;

      5) тез бүлінетін жүктер мен балық өнімдері тиелген кемелер;

      6) қауіпті жүктері бар кемелер;

      7) желілік кемелер;

      8) өтінімдер түскен уақытқа сәйкес басқа да кемелер.

      61. Межелі портқа кеменің жақындауы туралы ақпаратты кеме капитаны Қазақстан Республикасының теңіз портына келе жатқан кезде порт диспетчеріне, порт капитанына және қажет болған жағдайда басқа да мекенжайларға береді.

      62. Жақындау туралы ақпарат 48 сағат бұрын, екінші рет – 24 сағат бұрын хабарланады және келгенге дейін 4 сағат бұрын нақтыланады. Өту ұзақтығы 48 сағаттан кем болған кезде кеме жөнелту портынан шыққаннан кейін 2 сағат шегінде. Балық аулау кәсіпшілігі флотының капитандары кәсіптен шығу уақытын, сондай-ақ портқа жақындау уақытын 48 сағаттан кешіктірмей хабарлайды.

      63. Кеменің портқа келуі Теңіз порт әкімшілігінде шекара, кеден, санитарлық және карантиндік талаптар сақтала отырып, келген сәттен бастап 24 сағат ішінде ресімделеді. Кеменің келуі Жалпы декларацияны, кемелік рөлді және жолаушылар тізімін ұсыну бойынша ресімделеді.

      64. Кеменің рейске шығуын ресімдеуді Порттың теңіз әкімшілігі жүзеге асырады. Ресімдеу кеменің техникалық және теңізде жүзуінің қанағаттанарлық жағдайын растайтын, уәкілетті орган немесе басқа топтастырғыш қоғам берген тиісті кеме құжаттары болған кезде, сондай-ақ өрт күзеті және санитарлық-карантиндік бақылау тарапынан кедергілер болмаған жағдайда жүргізіледі. Кеменің теңізге шығуға дайындығын Порттың теңіз әкімшілігі тексереді.

15-тарау. Аэронавигация қызметтеріне тең қол жеткізуді ұйымдастыру тәртібі

      Ескерту. 15-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.02.2017 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      65. Аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізу мақсатында аэронавигация саласындағы Субъектілермен шарт жасасу үшін тұтынушылар аэронавигация саласындағы Субъектілерге жазбаша өтінішті мынадай құжаттар:

      1) пайдаланушы сертификатының;

      2) азаматтық кемені мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің;

      3) әуе кемелерінің барлық түрлері бойынша ұшу жарамдылығы сертификаттарының;

      4) жарғы;

      5) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмесін.

      Ескертпе: * "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;

      6) қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәліктің;

      7) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) үш әріптік код берілгені туралы хатының көшірмелерін қоса бере отырып жолдайды.

      66. Осы Қағидалардың талаптарын тұтынушылар мен Өкілдер сақтаған жағдайда, аэронавигация саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсетуден бас тартуына жол берілмейді.

      67. Шетелдік әуе тасымалдаушылары өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырады.

16. Мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тең қол жеткізуді ұйымдастыру тәртібі

      Ескерту. 16-тарау алып тасталды– ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.02.2017 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

17-тарау. Газбен жабдықтау желілеріне қосуға техникалық шарттарды берген кезде тауарлық газды сақтау, жалғастырушы газ құбырлары және (немесе) газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалану, шикі газды жалғастырушы газ құбырлары арқылы тасымалдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұйымдастыру тәртібі

      Ескерту. 17-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.03.2018 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. 17-тарау жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.02.2017 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      71. Тұтынушының газды немесе газ конденсатын сақтау, магистральдық және (немесе) тарату құбыр жолдары арқылы тасымалдау, газ тарату қондырғыларын және олармен байланысты газ таратушы газ құбырларын пайдалану саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге тең қол жеткізуге арналған өтінімі мынадай мәліметтер мен құжаттарды қамтуы тиіс:

      1) тұтынушының деректемелері;

      2) заңды тұлғалар үшін (Қазақстан Республикасының резиденттері үшін – жарғы түпнұсқасының, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшірмелері, Қазақстан Республикасының резиденттері еместер үшін – құрылтайшы-шетелдік заңды тұлға шетел мемлекетінің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын, нотариалды куәландырылған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасы бар сауда-саттық тізілімінің заңдастырылған үзіндісі немесе басқа да заңдастырылған құжат);

      жеке тұлғалар үшін (кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркеу туралы құжат және жеке куәлігінің көшірмесі).

      Ескертпе: * "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;

      3) барлық тұтынушылар үшін газды немесе газ конденсатының тиісті көлемінің болуын растау (ресурстық анықтама, газды немесе газ конденсатын сатып алу шартының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

      4) магистральдық және (немесе) таратушы құбыржолдары арқылы газды немесе газ конденсатын тасымалдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуге өтінім берілген жағдайда - барлық тұтынушылар үшін газды немесе газ конденсатын тасымалдаудың басталу және аяқталу мерзімі;

      5) магистральдық және (немесе) тарату құбыржолдары арқылы газды немесе газ конденсатын тасымалдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуге өтінім берілген жағдайда – барлық тұтынушылар үшін газ немесе газ конденсатын тасымалдау маршрутының басталатын пункті;

      6) магистральдық және (немесе) таратушы құбыржолдары арқылы газды немесе газ конденсатын тасымалдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуге өтінім берілген жағдайда – барлық тұтынушылар үшін газ немесе газ конденсатын тасымалдау маршрутының аяқталатын пункті;

      7) газды сақтау және (немесе) газ таратушы қондырғыларды және олармен байланысты газ таратушы газ құбыржолдарын пайдалану жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуге өтінім берілген жағдайда – барлық тұтынушылар үшін газ немесе газ конденсатын қабылдау туралы;

      8) газды сақтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізу үшін өтінім берілген жағдайда – барлық тұтынушылар үшін газ немесе газ конденсатын айдауды бастау және іріктеуді аяқтау мерзімі;

      9) газ таратушы қондырғыларды және олармен байланысты газ таратушы газ құбыржолдарын пайдалану жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізу үшін өтінім берілген жағдайда – барлық тұтынушылар үшін газ немесе газ конденсатын жеткізудің басталу және аяқталу мерзімі;

      10) барлық тұтынушылар үшін жеткізілетін газдың немесе газ конденсатының сипаттамасы мен параметрлері;

      11) газды немесе газ конденсатын магистральдық және (немесе) тарату құбыржолдары арқылы тасымалдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуге өтінім берілген жағдайда – барлық тұтынушылар үшін Қазақстан Республикасының аумағы арқылы газды немесе газ конденсатын тасымалдау кезінде аумақтары арқылы газды немесе газ конденсатын тасымалдау жүзеге асырылатын елдердегі құбыржолдары иелерінің газ немесе газ конденсатының мәлімделген көлемін тасымалдауға жазбаша келісімі.

      72. Қазақстан Республикасының резиденттері емес тұтынушылар ұсынған және олар болған елден шығатын құжаттар заңнамада белгіленген тәртіппен заңдастырылуы, не апостилі болуы тиіс.

      73. Авария салдарынан реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсетудің техникалық мүмкіндігі шектелген жағдайда не қаралып отырған барлық өтінімдерді қанағаттандыру үшін құбыржолдарының жеткілікті бос қуаттары болмаған кезде газды немесе газ конденсатын магистральдық және (немесе) тарату құбыржолдары арқылы тасымалдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін табиғи монополия субъектісі газды немесе газ конденсатын магистральдық және (немесе) тарату құбыржолдары арқылы тасымалдау жөніндегі реттеліп көрсететін қызметтерге бірінші кезекте қол жеткізу басымдығын тұтынушыларға арналған газды немесе газ конденсатын жеткізетін тұтынушыларға мынадай кезектілікпен береді:

      1) газ немесе газ конденсатын тұрмыстық мақсатта пайдаланатын халық;

      2) коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы объектілер;

      3) технологиялық процестің үздіксіз циклымен өнім шығару үшін шикізат немесе отын ретінде газ немесе газ конденсатын пайдаланатын тұтынушылар;

      4) электр станциялары мен өндірістік кәсіпорындар, олардың көктемгі-қысқы кезеңдерде газбен жабдықталуы отынның резервтік түрлеріне ішінара немесе толық көшу жолымен заңнамада белгіленген тәртіппен реттелуі тиіс;

      5) қалған тұтынушылар.

      74. Авария салдарынан реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсетудің техникалық мүмкіндігі шектелген жағдайда не қаралып отырған барлық өтінімдерді қанағаттандыруға газ қоймасының жеткілікті бос қуаттары болмаған кезде газды сақтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге бірінші кезекте қол жеткізу басымдығы тұтынушыларға арналған газды сақтайтын тұтынушыларға мынадай кезектілікпен беріледі:

      1) газ немесе газ конденсатын тұрмыстық мақсатта пайдаланатын халық;

      2) коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы объектілер;

      3) технологиялық процестің үздіксіз циклымен өнім шығару үшін шикізат немесе отын ретінде газ немесе газ конденсатын пайдаланатын тұтынушылар;

      4) электр станциялары мен өндірістік кәсіпорындар, олардың көктемгі – қысқы кезеңдерде газбен жабдықталуы отынның резервтік түрлеріне олардың ішінара немесе толық көшу жолымен заңнамада белгіленген тәртіппен реттелуі тиіс;

      5) қалған тұтынушылар.

      75. Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша газбен жабдықтау желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру туралы өтінішке:

      1) жеке тұлға үшін – объект иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, жеке кәсіпкер куәлігінің көшірмесі немесе жеке кәсіпкер ретінде қызметті бастауы туралы хабарламаның көшірмесі, заңды тұлға үшін – куәліктің көшірмесі немесе мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтама;

      2) объект орналасқан жердегі жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың нотариалдық ресімделген көшірмесі не жылжымайтын мүлік иесінің объектіні газдандыруға нотариалдық ресімделген келісімі (құрылысы аяқталған объектінің көрсетілетін қызметтеріне қосылған жағдайда);

      3) жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттар;

      4) газдандырылатын объектіге (тұрғын үйге) арналған техникалық паспорттың көшірмесі немесе қолданыстағы (үй ішіндегі) желілерді реконструкциялауға арналған газдандырудың эскиздік жобасының көшірмесі;

      5) пайдаланылатын ұйымдарға сәйкес келісілген 1:500 масштабтағы құрылыс учаскесінің топографиялық түсірілімі (барлық жер үсті және жер асты коммуникациялармен және құрылыстармен);

      6) техникалық сипаттамаларды көрсете отырып газ тұтыну жабдықтарына арналған техникалық паспорттың көшірмесі;

      7) объектінің орналасу схемасы;

      8) заңды тұлғалар үшін – көп қабатты үйлерді газдандыру кезінде тамақ пісіруге, жылытуға, желдетуге, ауа баптауға, ыстық сумен жабдықтауға табиғи газды пайдаланудың гидравликалық есептері.

      Тұтынушы газбен жабдықтау желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру туралы өтінішке осы тармақтың 1), 6) және 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын салыстырып тексеру үшін ұсынады.

      Ескерту. 75-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.03.2018 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      75-1. "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-14) тармақшасына сәйкес бекітілген Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында көзделген жағдайларда техникалық шарттарды беру тәртібі көрсетілген Қағидалармен айқындалады.

      Ескерту. Қағида 75-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 02.12.2015 № 751 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      76. Жаңа, кеңейтілетін немесе реконструкцияланатын объектілердің газбен жабдықтау жүйелерінің өндірістік қуаттарын анықтау үшін, табиғи монополия субъектісі осы Қағидалардың 75-тармағына сәйкес өтініш келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде коммерциялық есепке алу аспаптарын орнату бойынша ақпаратты, сауалнама парағын, жер учаскесін бөлу схемасын сұратады.

      Ескерту. 76-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.03.2018 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      77. Алып тасталды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.03.2018 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      78. Алып тасталды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.03.2018 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      79. Алып тасталды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.03.2018 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      80. Техникалық шарттарда жабдықтардың рұқсат етілетін қуаты, саны, орналасуы және негізгі сипаттамалары көрсетіледі.

      81. Алып тасталды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.03.2018 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      82. Газбен жабдықтау жүйесі объектісінің бастапқы жобалық шешімі өзгерген жағдайда, техникалық шарттар тұтынушының табиғи монополия субъектісіне осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жаңа техникалық шарттарға өтініш беруі арқылы олардың қолданылу кезеңінде өзгертіледі.

      Ескерту. 82-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.03.2018 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      83. Техникалық шарттардың қолданылу кезеңі ішінде оларды көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің бастамасы бойынша өзгертуге тұтынушының келісімімен Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері мен нормативтік-техникалық құжаттарының талаптары өзгертілген жағдайда рұқсат етіледі.

      84. Көрсетілетін қызметтерді жеткізуші берілген техникалық шарттардың есебін жүргізеді.

      85. Объект иесі ауысқан кезде мүдделі тараптардың бірі (иесі, сатып алушы, жалға алушы) сатып алу-сату (мүліктік жалдау) шарты жасалған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде көрсетілетін қызметтерді жеткізушіге иесінің ауысуы туралы хабарлайды және көрсеткіштерді, коммерциялық есепке алу аспаптарының қосылу схемасын тексеріп салыстыру үшін олардың өкілдерін белгіленген күні мен сағатта шақырады. Көрсетілетін қызметтерді жеткізуші тиісті актіні жасайды және тұтынушыға сол жерде береді.

      Көрсетілетін қызметті жеткізушіге иесінің ауысуы туралы хабарламамен бірге тараптардың теңгерімдік тиесілігін және пайдалану жауапкершілігін бөлу актілерін қайта ресімдеуге жібереді. Қайта ресімделген актіні беру мерзімі хабарлама алған күнінен бастап үш жұмыс күнін құрайды.

18-тарау. Сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге тең қол жеткізуді ұйымдастыру және оларға қосылуға техникалық шарттарды берген кезде тең қол жеткізуді ұйымдастыру тәртібі

      Ескерту. 18-тарау жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.02.2017 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      86. Сумен жабдықтау және суды бұру жүйелерінің өндірістік қуаты жеткіліксіз болған кезде жүйелерге жалғану басқа тұтынушыларға қызметтерді көрсетудің нашарлауына алып келетін болса, жалғануға рұқсат сұраған тұтынушыға сумен жабдықтау және суды бұру жүйелерінің қосымша қуаттарын салуға техникалық шарттар беріледі.

      87. Тұтынушыларды Субъектінің жүйелеріне қосу тұтынушыларда:

      1) желілердің теңгерімдік тиесілілігінің шекарасы және тараптардың пайдалану жауапкершілігі белгіленген сумен жабдықтау және суды бұру қызметтеріне арналған шарт;

      2) Субъектінің техникалық шарттарына жауап беретін желілер мен қажетті жабдық;

      3) суды есепке алу аспаптары болған жағдайда жүргізіледі.

      88. Тұтынушыларды Субъектінің жүйелеріне қосу "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес салынған сумен жабдықтау және суды бұру жүйелері қызмет беруші берген техникалық шарттарға толық сәйкес келген жағдайда жүргізіледі.

      89. Техникалық шарттарды көрсетілетін қызметтерді жеткізуші осы Қағидалардың 15-тармағында санамаланған жағдайларда, сумен жабдықтау және су бұру объектілерін қосуға немесе инженерлік желілерін дамытуға елді мекеннің сумен жабдықтау және су бұру құрылыстары өнімділігінің қоры және желілерінің өткізу қабілеті жеткілікті болған жайғдайда береді.

      89-1. Қағида 89-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 02.12.2015 № 751 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); алып тасталды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.03.2018 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      90. Жобаланған объектінің сипаттамалары өзгерген жағдайда, техникалық шарттар осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен тұтынушының жаңа техникалық шарттарға өтініш беруі арқылы олардың қолданылу кезеңінде өзгертіледі.

      Ескерту. 90-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.03.2018 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      91. Сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің бастамасы бойынша техникалық шарттардың қолданысы кезеңі ішінде оларды өзгертуге тұтынушының келісімімен нормативтік-техникалық құжаттардың талаптары өзгерген жағдайда рұқсат етіледі.

      92. Осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сумен жабдықтау және су бұру желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру туралы өтінішке:

      1) жеке тұлға үшін – объект иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, жеке кәсіпкер куәлігінің көшірмесі немесе жеке кәсіпкер ретінде қызметті бастауы туралы хабарламаның көшірмесі, заңды тұлға үшін – куәліктің көшірмесі немесе мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтама;

      2) тұтынушының атауы және реквизиттері, өндірістік қызметтің сипаттамасы, тұтынушы техникалық шарттарды алуға уәкілеттік берген тұлға туралы мәліметтер (қажет болған жағдайда);

      3) жобаланып отырған объектінің сумен жабдықтау және су бұру бойынша бастапқы деректері (тәулігіне текше метр (м3 /тәулік), сағатына текше метр (м3 /сағ), секундына ең жоғары литр (ең жоғары л/с) суды пайдалану түрлері бойынша, оның ішінде өрт сөндіру қажеттіліктеріне (секундына литр (л/с));

      4) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру қызметтерін өндірісте тұтынған жағдайда, сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін тұтынудың мәлімделген көлемдерін негіздейтін материалдар;

      5) тұтынушының өндірістік сарқынды суларды тазарту үшін жергілікті тазалау құрылыстарының сипаттамасы (қолданыстағы объектілер үшін);

      6) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру қызметтерін өндірістік тұтынған жағдайда, елді мекеннің су бұру жүйесіне ағызылатын және ағызылуға тиіс сарқынды сулардың;

      қазіргі жағдайда және перспективада түрлері бойынша өндірістік сарқынды сулардың шығыстары;

      қазіргі жағдайда және перспективада тұрмыстық сарқынды сулардың шығыстары;

      қазіргі жағдайда және перспективада жекелеген көрсеткіштер (физикалық, химиялық, биохимиялық, бактериологиялық, радиоактивті) өндірістік сарқынды сулардың құрамы;

      шығарудағы тұрмыстық сарқынды сулардың шығыстары жөніндегі деректермен сипаттамалары;

      7) қосылатын объектінің сипаттамалары (ғимараттың мақсаты, биіктігі немесе қабаты, қосалқы тұтынушылардың тізбесі) қоса беріледі.

      Ескерту. 92-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.03.2018 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      93. Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру желілеріне қосуға техникалық шарттар алуға арналған өтінішпен тұтынушы табиғи монополия субъектісіне жаңа құрылысты салу үшін жер учаскесін (учаскені қолдану үшін рұқсатты) алу туралы жергілікті атқарушы органның шешімін немесе қолданыстағы объектілерді өзгертуге (реконструкциялауға, жаңадан жоспарлауға, қайтадан жабдықтауға) жергілікті атқарушы органның рұқсатын ұсынады.

      Ескерту. 93-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.03.2018 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      94. Табиғи монополия субъектісі өтінішті алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде объектіге қосуға немесе сумен жабдықтау және су бұру құрылыстарының өнімділігінің қоры және сумен жабдықтау және су бұру желілерінің өткізу қабілеттілігі жеткілікті болған кезде инженерлік желілерді дамытуға техникалық шарттар береді және (немесе) себептерін көрсете отырып, техникалық шарттарды беруден бас тартады.

      Ескерту. 94-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.03.2018 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      95. Алып тасталды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.03.2018 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      96. Құрылыстардың өнімділігі және/немесе сумен жабдықтау және/немесе су бұру желілерінің өткiзу қабiлеті жеткіліксіз болған кезде көрсетілетін қызметтерді жеткізуші жаңа қуаттарды салуды ескере отырып, техникалық шартты береді.

      97. Техникалық шарттар Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің және нормативтік техникалық құжаттарының талаптары ескеріле отырып жасалады.

      Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне бірнеше көрсетілетін қызметтерді жеткізуші қызмет көрсетсе, олардың әрқайсысы өздерінің теңгеріміндегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне қосылуға техникалық шарттарды әзірлейді және береді.

      98. Алып тасталды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.03.2018 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      99. Көрсетілетін қызметтерді жеткізуші әзірленген және берілген техникалық шарттардың есебін және тіркеуді ұйымдастырады. Берілген техникалық шарттардың бір данасы көрсетілетін қызметтерді жеткізушіде сақталады. Берілген техникалық шарттардың мерзімі шектелмейді.

      100. Тұтынушының жұмыстардың аяқталғаны туралы хабарламасын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде табиғи монополия субъектісі:

      берілген техникалық шарттарға сәйкес орындалған жұмыстарды тексеруді жүзеге асырады;

      есепке алу аспаптарын орнатудың дұрыстығын анықтайды және пломбалау жүргізеді;

      жүйелерге гидравликалық сынама жүргізеді;

      сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің теңгерімдік тиесілігінің шекараларын айқындайды.

      Жұмыстардың аяқталғаны туралы хабарламаға тұтынушы:

      1) жасырын жұмыстарға арналған акт, электрондық және қағаз жеткізгіштерде 1:500 масштабындағы тұтынушының сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің сыртқы желілері мен құрылыстарының орындаушы түсірілімін;

      2) суды бактериологиялық талдаудың теріс нәтижелерін ұсына отырып, сумен жабдықтау желілері мен құрылыстарын жуудың және дезинфекциялаудың жүргізілгені туралы актіні қоса береді.

      Орындалған жұмыс техникалық шарттарға сәйкес келген жағдайда табиғи монополия субъектісінің көрсететін қызметіне қосу немесе жүргізілген жұмыс техникалық шарттарға сәйкес келмеген жағдайда табиғи монополия субъектісінің көрсететін қызметіне қосудан бас тартылған жағдайда, анықталған техникалық шарттар көрсетіле отырып, осы тармақта көрсетілген мерзімнен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Ескерту. 100-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.03.2018 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

19. Кәбілдік кәрізді мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) немесе пайдалануға беру жөнiндегi реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тең қол жеткiзудi ұйымдастыру тәртібі

      Ескерту. 19-тарау жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.02.2017 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      101. Кәбілдік кәрізді мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) немесе пайдалануға беру жөнiндегi реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткiзудің тең жағдайларын қамтамасыз ету мынадай:

      1) кәбілдік кәрізді мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) немесе пайдалануға беру жөнiндегi реттеліп көрсетілетін қызметтерiне тең қолжетiмдiлiгi;

      2) кәбілдік кәрізді мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) немесе пайдалануға беру жөнiндегi реттеліп көрсетілетін қызметтердің бiрыңғай тарифтiк саясатын жүргiзу;

      3) реттеліп көрсетілетін қызметтердің, кәбілдік кәрізді мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) немесе пайдалануға беру жөнiндегi реттеліп көрсетілетін қызметтер тарифтерiнiң (бағаларының, алымдар мөлшерлемелерінің), ақпараттық ашықтығы қағидаттарына сүйене отырып жүзеге асырылады.

      Ескерту. 101-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.02.2017 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      102. Кәбілдік кәрізді мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) немесе пайдалануға беру жөнiндегi реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткiзу құқығын алу үшiн тұтынушы Субъектiге еркiн нысанда жасалған өтiнiш (бұдан әрi – өтiнiш) жолдайды.

      Ескерту. 102-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.02.2017 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      103. Тұтынушылардың өтiнiштерi өтiнiш көлемiне не қызметтер тұтынудың басқа жағдайларына қарамастан, тең жағдайлармен қабылданады.

      104. Өтiнiш жазбаша түрде екi данада рәсiмделедi, олардың бiрi тiркелген нөмiрмен, күнiмен, түсу күнiмен тұтынушыда қалады.

      105. Субъект өтiнiштердi тiркеу журналын жүргiзедi, ол нөмiрленуі және тiгiлуі тиiс. Өтiнiштердi тiркеу журналында өтiнiш түскен күнi мен уақыты, сондай-ақ оның тiркелген нөмiрi тiркеледi.

      106. Тiркеуден бас тарту, өтiнiштiң түскен күнi мен уақытын, сондай-ақ олардың тiркелген нөмiрлерiн бұрмалауға жол берілмейді.

      107. Субъект өтiнiштердi қарауды олардың түсу кезектiлiгіне сәйкес келетін бірізділікпен күнтiзбелiк отыз күн iшiнде жүргiзедi.

      108. Тұтынушы кәбілдік кәрізді мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) немесе пайдалануға беру жөнiндегi реттеліп көрсетілетін қызметтерден бас тартқан жағдайда, Субъект өтініш ұсынған кезектілігі бойынша келесі тұтынушыға ұсынады.

      Ескерту. 108-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.02.2017 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      109. Субъекті мен тұтынушы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасында белгіленген тәртiпте уәкiлеттi орган ведомствосы бекіткен тарифтердi (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) ескере отырып шарт негiзiнде құрылады.

      Ескерту. 109-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.02.2017 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      110. Тұтынушыларға тең жағдайлар ұсыну мақсатында Субъект кәбілдік кәрізді мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) немесе пайдалануға беру жөнiндегi реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуді алу сатысында өзінің интернет-ресурсында мыналарды жариялайды не орналастырады:

      1) кәбілдік кәрізді мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) немесе пайдалануға беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтерді (бағалар, алымдар мөлшерлемелерін);

      2) қосылудың стандарттық нүктелері тiзбесiн;

      3) телефон кәрiзiн пайдалануға ұсыну бойынша үлгі шарттарды;

      4) Субъектінің үлгі шарттарын.

      Ескерту. 110-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.02.2017 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      111. алып тасталды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.02.2017 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      112. Үлгі шартқа сәйкес Субъект телефон кәрiзiнде арна немесе орынды тұтынушыларға тұтынушылардың кабель салуға арналған техникалық шарттарды орындау мерзiмi iшiнде ақысыз сақтайды.

      Ескерту. 112-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.02.2017 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      113. Тұтынушылар қосылу және кәбiлдi төсеуге арналған техникалық шарттарды орындағаннан кейiн, табиғи монополиялар салаларындағы уәкілетті орган бекiткен Телефон (кәбіл) кәрізін пайдалануға беруге арналған үлгі шартқа сәйкес Субъект тұтынушылармен шарт жасасады.

      Ескерту. 113-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.02.2017 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      114. Телефон кәрізін барлық мақсаттарға пайдалануға ұсыну бойынша қызметтер көрсететін Субъект өзінің қызметтеріне кедергісіз және кемсітусіз қол жеткізуін:

      1) тұтынушылар Субъектінің техникалық шарттар талаптарын орындаған;

      2) Субъектіде тұтынушыларға қызметтер ұсынатын техникалық мүмкіндігі болған жағдайда қамтамасыз етеді.

      115. Субъектіге кәбілдік кәрізді мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) немесе пайдалануға беру жөнiндегi реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізу шарттарын күштеп таңуға немесе оның тұтынушыларды кемсітуге алып келетін өзге де әрекеттер жасауына жол берілмейді.

      Ескерту. 115-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.02.2017 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      116. Субъект тұтынушыларға кәбілдік кәрізді мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) немесе пайдалануға беру жөнiндегi реттеліп көрсетілетін қызметтерді немесе кәбілдік кәрізді мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) немесе пайдалануға беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтердi көрсетумен байланысты ақпаратты ұсынады.

      Ескерту. 116-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.02.2017 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

20-тарау. Қызметтерге қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну жөніндегі өтініштерді қарау және олар бойынша шешімдер қабылдау тәртібі

      Ескерту. 20-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.02.2017 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      117. Тұтынушыға қызметтерге қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну бойынша келіспеушіліктер туындаған жағдайда, тұтынушы уәкілетті органғаөтініш жолдайды.

      Өтініште өтініш беруші туралы және оған қатысты өтініш берілген Субъект туралы мәліметтер, осы Қағидалардың талаптарын бұзу сипаттамасы, сондай-ақ өтініш білдіруші өтініште қойып отырған талаптар қамтылуы тиіс.

      118. Қарау үшін өзге субъектілерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу не жергілікті жерге барып тексеру талап етілмейтін Тұтынушының өтінішін уәкілетті орган күнтізбелік он бес күн ішінде қарайды.

      Қарау үшін өзге субъектілерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу не жергілікті жерге барып тексеру талап етілетін Тұтынушының өтініші уәкілетті органға түскен күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қаралады және ол бойынша шешім қабылданады.

      119. Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайларда, қарау мерзімі күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы тұтынушы қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап күнтізбелік үш күннің ішінде хабардар етіледі.

      Өтініш бойынша қарау мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылады.

      120. Субъект не қызметтерді тұтынушылар уәкілетті органның шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен толық немесе ішінара шағым жасауға құқылы.

21-тарау. Ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты ұсыну

      Ескерту. 21-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.02.2017 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      121. Магистральдық темір жол желісі, кірме жолдар, әуежайлар және порттардың көрсетілетін қызметтері, олардың құны туралы, қол жеткізу тәртібі туралы, сондай-ақ магистральдық темір жол желісі, кірме жолдар, әуежайлар және порттардың өткізу қабілетінің болуы, реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) көрсетудің техникалық және технологиялық мүмкіндіктері туралы ақпарат мәтін, кесте және сызбалар түрінде өтінішті қабылдау орны бойынша орналастырылады.

      Электр энергиясын беру және (немесе) бөлу, жылу энергиясын өндіру, жылу энергиясын беру және (немесе) бөлу газды немесе газ конденсатын сақтау, таратушы құбыр жолдары арқылы тасымалдау, газ таратушы қондырғыларды және олармен байланысты газ таратушы газ құбырларын пайдалану және сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі көрсетілетін қызметтер, олардың құны, оларға қол жеткізу туралы ақпаратты Субъект көрсетілетін қызметті тұтынушының сұрау салуы (жазбаша нысанда) бойынша ұсынады.

      Ескерту. 121-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.02.2017 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      122. Субъект магистральдық темір жол желісінің қызметтерін көрсетуге өтініштерді қабылдау жерінде жоспарланған кезеңде мәлімделген тасымалдау көлемдерін поездар қозғалысының нақты бағытында магистральдық темір жол желісінің өткізу қабілетінен асырған жағдайда, жүрудің басқа маршруттары бойынша тасымалды жүзеге асыру мүмкіндігі туралы ақпарат орналастырады.

      123. Субъект магистральдық темір жол желісі көрсететін қызметтер туралы, олардың құны туралы, магистральдық темір жол желісіне қол жеткізу тәртібі туралы, сондай-ақ поездар қозғалысының кестесіне сәйкес магистральдық темір жол желісінің өткізу қабілеті, қызметтерін көрсетудің техникалық және технологиялық мүмкіндіктері туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етеді.

      124. Аэронавигация саласындағы табиғи монополиялар субъектілері аэронавигацияның ұсынылып отырған реттеліп көрсетілетін қызметтері туралы, сондай-ақ осы қызметтерді көрсетудің техникалық және технологиялық мүмкіндіктері туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының аэронавигациялық ақпарат жинағында жариялайды.

      125. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі ақпарат AIP, AIC және NOTAM жарияланады.

      126. Реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізу шарттарын күштеп таңуға немесе осы қызметтердің тұтынушыларын кемсітуге алып келетін өзге де іс-әрекеттерді жасауға жол берілмейді.

      127. Уәкілетті орган Субъект ұсынған ақпаратты пайдаланған кезде мемлекеттік, қызметтік, коммерциялық құпияның, Субъектінің және қызметтерді тұтынушылардың басқа да заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етеді.

      Субъект уәкілетті органның талабы бойынша көрсетілген Қызметтердің мәлімделген және іс жүзіндегі көлемдері туралы мәліметті қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен ұсынады.

  Табиғи монополиялар
саласындағы реттеліп
көрсетілетін қызметтерге
(тауарларға, жұмыстарға) қол
жеткізудің тең жағдайларын
ұсыну қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
 
  Тұтынушы:
_________________________
жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)
немесе заңды тұлғаның атауы
Тұтынушының мекенжайы, телефоны:
факс және электрондық пошта:
_______________________
  _______________________
  (қолы)
  "_____" ________ 20__ жыл

Электрмен жабдықтау желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру туралы өтініш

      Ескерту. Қағида 1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.03.2018 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Объектінің толық атауы (қолданыстағы, қайта құрылатын), оның мекенжайы, орналасқан жері, қосу орны)

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      Техникалық шарттарды беру қажеттілігі (қажеттісін көрсету керек): электрмен уақытша жабдықтауға (құрылыс кезеңі), электрмен тұрақты негізде жабдықтауға

      Мәлімделген қуат:_________________ килоВаат (бұдан әрі – кВ)

      Кернеу деңгейі (қосылатын қондырғының номиналды кернеуі) ___________

      _______________________________________________________________ кВ

      Электрмен жабдықтау сенімділігінің санаты (қажеттісін көрсету керек): (1, 2, 3)

      Қосалқы тұтынушылардың және олардың электр қондырғылары сипаттамаларының тізбесі:

      __________________________________________________________________

      Қоса ұсынамыз:

  Табиғи монополиялар
саласындағы реттеліп
көрсетілетін қызметтерге
(тауарларға, жұмыстарға) қол
жеткізудің тең жағдайларын
ұсыну қағидаларына
2-қосымша
  Тұтынушы:
  ________________________
  жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)
немесе заңды тұлғаның атауы
Тұтынушының мекенжайы,
телефоны: факс және электрондық пошта:
  _______________________
  _______________________
  (қолы)
  "_____" ________ 20__ жыл

Тұтынушыны сыртқы электрмен жабдықтау схемасы

      Ескерту. Қағида 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.03.2018 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1) қолданыстағы электрмен жабдықтаудың жай-күйін шолу және үш, бес-он жылға даму перспективасы;

      2) тұтынушылардың электр жүктемелері және оның жабу көздері;

      3) қуаттылық және электр энергиясының теңгерімдері (қазіргі жай-күйі және үш, бес-он жылға арналған перспектива);

      4) сыртқы электрмен жабдықтау схемасының нұсқалары;

      5) ұсынылатын сыртқы электр жабдықтау схемасының негіздемесі;

      6) қаралатын ауданның іргелес электр желілерімен электр режимдерінің есептері (қалыпты, авариядан кейінгі режимдер);

      7) жабдықты таңдау үшін қысқа тұйықталу токтары деңгейлерінің есептеуі;

      8) релелік қорғаныс пен автоматика, аварияға қарсы автоматиканы орындау қағидаттары;

      9) диспетчерлік және технологиялық басқаруды ұйымдастыру қағидаттары;

      10) электр энергиясын есепке алу;

      11) энергияны үнемдеу бойынша жоспарланатын іс-шаралар;

      12) электр желілік құрылыстың көлемі, құрылыс құнын ұлғайтып есептеу;

      13) қорытындылар;

      14) сызбалар: қағидатты схемалар, карта-схемалар немесе ахуалдық жоспар, электрлік режимдер есептерінің нәтижелері, диспетчерлік және технологиялық басқаруды ұйымдастыру схемалары.

  Табиғи монополиялар
саласындағы реттеліп
көрсетілетін қызметтерге
(тауарларға, жұмыстарға) қол
жеткізудің тең жағдайларын
ұсыну қағидаларына
3-қосымша
  Нысан
  Тұтынушы: ______________________
  жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын
куәландыратын құжатта көрсетілсе)
немесе заңды тұлғаның атауы
  Тұтынушының мекенжайы,
телефоны: факс және электрондық пошта:
  _______________________
  _______________________
  (қолы)
  "_____" ________ 20__ жыл

Жылу желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру туралы өтініш

      Ескерту. Қағида 3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.03.2018 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Объектінің толық атауы (қолданыстағы, қайта жаңартылатын), оның мекенжайы, орналасқан жері, қосу орны

      ______________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      Тұратын тұтынушының саны, ыстық сумен жабдықтауды есептеу құралының саны (тұрмыстық тұтынушылар үшін)

      ______________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      Техникалық шарттар алу үшін негіздеме (қажеттісін көрсету керек):

      жаңадан енгізілетін объектілерді жылу желілеріне қосу;

      тұтынушының жылу тұтынатын қондырғыны қайта жаңарту немесе кеңейтуіне және қолданыстағы техникалық шарттарға сәйкес келмеуіне байланысты тұтынылатын жылу энергиясының (немесе жылу тасығыш параметрлерінің) санын өзгерту;

      бұрын қосылмаған объектіні жылу желілеріне қосу;

      сыртқы жылумен жабдықтау схемасын өзгерту.

      Жоба болған жағдайда: жобаланатын объектіні салуды сипаттайтын деректер, оны салу ұзақтығының нормативтік мерзімдері және объектіні пайдалануға берудің белгіленген мерзімдері, ең жоғары қосылатын жүктемелер:

      технологиялық мұқтаждар, жылыту және желдету, ыстық сумен қамтамасыз ету

      _______________________________________________________________________

      Тұтыну түрлері бойынша жүктемесінің сипаттамасы (жылу энергиясын тұрмыстық тұтынуға пайдаланатын тұтынушылар үшін техникалық паспорт) және жылу техникалық есептер

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      Қоса ұсынамыз:

  Табиғи монополиялар
саласындағы реттеліп
көрсетілетін қызметтерге
(тауарларға, жұмыстарға) қол
жеткізудің тең жағдайларын
ұсыну қағидаларына
4-қосымша
  Нысан
  Тұтынушы: _______________________
  жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)
немесе заңды тұлғаның атауы
Тұтынушының мекенжайы, тел.
факс және электрондық пошта:
  _______________________
  _______________________
  (қолы)
  "_____" ________ 20__ жыл

Газбен жабдықтау желілеріне қосуға техникалық шарттар беру туралы өтініш

      Ескерту. Қағида 4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.03.2018 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Объектінің толық атауы: (тұрғын үй, кафе, дүкен және т.б.), көрсетілетін қызметке қосу орны

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Мынадай газ тұтыну жабдығын пайдалану үшін:

      1. жылытқыш қазан ______________________________________________

      саны (дана) (маркасы/моделі/өндіруші)

      2. газ плитасы ________________________________________________

      саны (дана) (маркасы/моделі/өндіруші)

      3. ағынды су жылытқыш _________________________________________

      саны (дана) (маркасы/моделі/өндіруші)

      4. тағы басқалар ______________________________________________________

      Газды ең көп сағаттық тұтынудың болжамды шығыстарымен ________________

      ____________________________________________________________________

      Қоса ұсынамыз:

  Табиғи монополиялар
саласындағы реттеліп
көрсетілетін қызметтерге
(тауарларға, жұмыстарға) қол
жеткізудің тең жағдайларын
ұсыну қағидаларына
5-қосымша
  Нысан
  Тұтынушы: ______________________
  жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)
немесе заңды тұлғаның атауы
Тұтынушының мекенжайы,
телефоны: факс және электрондық пошта:
  _______________________
  _______________________
  (қолы)
  "_____" ________ 20__ жыл

Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру желілеріне қосуға техникалық шарттар беру туралы өтініш

      Ескерту. Қағида 5-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.03.2018 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Объектінің толық атауы (қолданыстағы, қайта жаңартылатын), оның мекенжайы, орналасқан жері, көрсетілетін қызметке қосу орны, талап етілетін көлемі, сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін тұтынуды белгілеу

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      Қоса ұсынамыз: