"Табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 175 бұйрығына өзг

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 95 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 28 наурызда № 14949 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 42 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 175 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10705 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 маусымдағы № 106 (28834) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      Аталған бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су Кодексіне, 1998 жылғы 9 шілдедегі "Табиғи монополиялар туралы", 2004 жылғы 9 шілдедегі "Электр энергетикасы туралы", 2001 жылғы 8 желтоқсандағы "Темір жол көлігі туралы", 2010 жылғы 15 шілдедегі "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы", 2002 жылғы 17 қаңтардағы "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және электр энергиясын беру және (немесе) бөлу, жылу энергиясын өндіру, жылу энергиясын беру және (немесе) бөлу және электр энергиясын желiге беруді және тұтынуды техникалық диспетчерлендіру, магистральдық темір жол желісі, кірме жолдар, әуежайлар, порттар мен аэронавигация, газды немесе газ конденсатын сақтау, таратушы құбыржолдары арқылы тасымалдау, газ таратушы қондырғыларды және олармен байланысты газ таратушы газ құбырларын пайдалану және сумен жабдықтау және су бұру саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің (бұдан әрі – Субъектілер) реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тұтынушылардың тең қол жеткізуін қамтамасыз ететін тәртіпті және жалпы қағидаттарды айқындайды.";

      3 тармақта:

      4) тармақша алып тасталсын;

      17), 18) және 19) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "17) тұтынушы – табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) пайдаланушы немесе пайдалануға ниеттенуші, сондай-ақ реттеліп көрсетілетін қызметтерге, (тауарларға, жұмыстарға) тең қол жеткізу мақсатында объектілерді электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды алуға ниеттенуші жеке немесе заңды тұлға;

      18) уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      19) уәкілетті органның ведомствосы – табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган ведомствосы;";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Тұтынушылардың осы Қағидаларда айқындалған шарттарды сақтауы субъектілер мен тұтынушылардың арасында "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес үлгі шарттардың негізінде әзірленген қызметтер көрсетуге шарттарды жасасу үшін негіз болып табылады.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Реттеліп көрсетілетін қызметтерге тең қол жеткізуді ұсыну шарттары";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Электр желілеріне қосылу үшін техникалық шарттарды берген кезде реттеліп көрсетілетін қызметтерге тең қол жеткізуді ұйымдастыру рәсімі";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Жылу желілеріне қосылу үшін техникалық шарттарды берген кезде реттеліп көрсетілетін қызметтерге тең қол жеткізуін ұйымдастыру рәсімі";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Қызметін электр энергиясының көтерме сауда нарығында жүзеге асыратын Субъектінің электр энергиясын беру және (немесе) тарату саласындағы қызметтеріне қол жеткізудің тең жағдайларын ұйымдастыру тәртібі";

      6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Қызметін электр энергиясының бөлшек сауда нарығында жүзеге асыратын Субъектінің электр энергиясын беру және (немесе) тарату саласындағы қызметтеріне қол жеткізудің тең жағдайларын ұйымдастыру тәртібі";

      7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-тарау. Жылу энергиясын өндіру саласындағы қызметтерге қол жеткізудің тең жағдайларын ұйымдастыру тәртібі";

      8-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-тарау. Жылу энергиясын беру және (немесе) тарату саласындағы қызметтерге қол жеткізудің тең жағдайларын ұйымдастыру тәртібі";

      9-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-тарау. Электр энергиясын желiге берудi және тұтынуды техникалық диспетчерлендiру, электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру саласындағы қызметтерге қол жеткізудің тең жағдайларын ұйымдастыру тәртібі";

      10-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-тарау. Магистральдық темір жол желісі саласындағы қызметтерге қол жеткізудің тең жағдайларын ұйымдастыру тәртібі";

      11-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11-тарау. Концессия шарттары бойынша темір жол көлігі объектілері бар темір жол қызметтеріне қол жеткізудің тең жағдайларын ұйымдастыру тәртібі";

      12-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-тарау. Кірме жолдар саласындағы қызметтерге қол жеткізудің тең жағдайларын ұйымдастыру тәртібі";

      42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "42. Тұтынушылар қозғалыстың, техникалық құралдардың және жылжымалы құрамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайы кезінде "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес бекітілген табиғи монополия саласына жататын ұсынылатын қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) үлгі шарттардың негізінде кірме жолдардың көрсетілетін қызметтерін пайдаланады.";

      13-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13-тарау. Әуежайлардың қызметтеріне тең қол жеткізуді ұйымдастыру тәртібі";

      14-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14-тарау. Теңіз порттары саласындағы қызметтерге тең қол жеткізуді ұйымдастыру тәртібі";

      15-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "15-тарау. Аэронавигация қызметтеріне тең қол жеткізуді ұйымдастыру тәртібі";

      16-тарау алып тасталсын:

      17-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "17-тарау. Газбен жабдықтау қызметтеріне қосылуға техникалық шарттарды берген кезде тауарлық газды сақтау, жалғастырушы газ құбырлары және (немесе) газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ шикі газды жалғастырушы газ құбырлары арқылы тасымалдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің тең жағдайларын ұйымдастыру тәртібі";

      71. Тұтынушының газды немесе газ конденсатын сақтау, тарату құбыр жолдары арқылы тасымалдау, газ тарату қондырғыларын және олармен байланысты газ таратушы газ құбырларын пайдалану саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге тең қол жеткізуге арналған өтінімі мынадай мәліметтер мен құжаттарды қамтуы тиіс:

      1) тұтынушының деректемелері;

      2) заңды тұлғалар үшін (Қазақстан Республикасының резиденттері үшін – жарғы түпнұсқасының, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшірмелері, Қазақстан Республикасының резиденттері еместер үшін – құрылтайшы-шетелдік заңды тұлға шетел мемлекетінің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын, нотариалды куәландырылған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасы бар сауда-саттық тізілімінің заңдастырылған үзіндісі немесе басқа да заңдастырылған құжат);

      жеке тұлғалар үшін (кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркеу туралы құжат және жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі).

      3) барлық тұтынушылар үшін газ немесе газ конденсатының тиісті көлемінің болуын растау (ресурстық анықтама, газды немесе газ конденсатын сатып алу шартының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

      4) таратушы құбыржолдары арқылы газды немесе газ конденсатын тасымалдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуге өтінім берілген жағдайда - барлық тұтынушылар үшін газды немесе газ конденсатын тасымалдаудың басталу және аяқталу мерзімі;

      5) тарату құбыржолдары арқылы газды немесе газ конденсатын тасымалдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуге өтінім берілген жағдайда – барлық тұтынушылар үшін газ немесе газ конденсатын тасымалдау маршрутының басталатын пункті;

      6) таратушы құбыржолдары арқылы газды немесе газ конденсатын тасымалдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуге өтінім берілген жағдайда – барлық тұтынушылар үшін газ немесе газ конденсатын тасымалдау маршрутының аяқталатын пункті;

      7) газды сақтау және (немесе) газ таратушы қондырғыларды және олармен байланысты газ таратушы газ құбыржолдарын пайдалану жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуге өтінім берілген жағдайда – барлық тұтынушылар үшін газ немесе газ конденсатын қабылдау туралы;

      8) газды сақтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізу үшін өтінім берілген жағдайда – барлық тұтынушылар үшін газ немесе газ конденсатын айдауды бастау және іріктеуді аяқтау мерзімі;

      9) газ таратушы қондырғыларды және олармен байланысты газ таратушы газ құбыржолдарын пайдалану жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізу үшін өтінім берілген жағдайда – барлық тұтынушылар үшін газ немесе газ конденсатын жеткізудің басталу және аяқталу мерзімі;

      10) барлық тұтынушылар үшін жеткізілетін газдың немесе газ конденсатының сипаттамасы мен параметрлері;

      72. Қазақстан Республикасының резиденттері емес тұтынушылар ұсынған және олар болған елден шығатын құжаттар заңнамада белгіленген тәртіппен заңдастырылуы, не апостилі болуы тиіс.

      73. Авария салдарынан реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсетудің техникалық мүмкіндігі шектелген жағдайда не қаралып отырған барлық өтінімдерді қанағаттандыру үшін құбыржолдарының жеткілікті бос қуаттары болмаған кезде газды немесе газ конденсатын тарату құбыржолдары арқылы тасымалдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін табиғи монополия субъектісі газды немесе газ конденсатын тарату құбыржолдары арқылы тасымалдау жөніндегі реттеліп көрсететін қызметтерге бірінші кезекте қол жеткізу басымдығын тұтынушыларға арналған газды немесе газ конденсатын жеткізетін тұтынушыларға мынадай кезектілікпен береді:

      1) газ немесе газ конденсатын тұрмыстық мақсатта пайдаланатын халық;

      2) коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы объектілер;

      3) технологиялық процестің үздіксіз циклымен өнім шығару үшін шикізат немесе отын ретінде газ немесе газ конденсатын пайдаланатын тұтынушылар;

      4) электр станциялары мен өндірістік кәсіпорындар, олардың көктемгі-қысқы кезеңдерде газбен жабдықталуы отынның резервтік түрлеріне ішінара немесе толық көшу жолымен заңнамада белгіленген тәртіппен реттелуі тиіс;

      5) қалған тұтынушылар.

      74. Авария салдарынан реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсетудің техникалық мүмкіндігі шектелген жағдайда не қаралып отырған барлық өтінімдерді қанағаттандыруға газ қоймасының жеткілікті бос қуаттары болмаған кезде газды сақтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге бірінші кезекте қол жеткізу басымдығы тұтынушыларға арналған газды сақтайтын тұтынушыларға мынадай кезектілікпен беріледі:

      1) газ немесе газ конденсатын тұрмыстық мақсатта пайдаланатын халық;

      2) коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы объектілер;

      3) технологиялық процестің үздіксіз циклымен өнім шығару үшін шикізат немесе отын ретінде газ немесе газ конденсатын пайдаланатын тұтынушылар;

      4) электр станциялары мен өндірістік кәсіпорындар, олардың көктемгі – қысқы кезеңдерде газбен жабдықталуы отынның резервтік түрлеріне олардың ішінара немесе толық көшу жолымен заңнамада белгіленген тәртіппен реттелуі тиіс;

      5) қалған тұтынушылар.

      75. Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-14) тармақшасына сәйкес бекітілген Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында көзделген жағдайларда техникалық шарттарды беру тәртібі көрсетілген Қағидалармен айқындалады.

      Техникалық шарттарды алу үшін тұтынушы көрсетілетін қызметтерді жеткізушіге ең жоғары сағаттық тұтыну көлемін көрсете отырып, еркін нысанда жазбаша өтініш (өтінім, арыз) береді.

      Жазбаша өтінішке (өтінімге, арызға) мыналар қоса беріледі:

      1) жеке тұлғалар үшін – объект иесінің жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі, заңды тұлғалар үшін – мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің немесе анықтаманың көшірмесі;

      2) объект орналасқан жердегі жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың нотариалдық ресімделген көшірмесі не жылжымайтын мүлік иесінің объектіні газдандыруға нотариалдық ресімделген келісімі;

      3) газдандырылатын объектіге (тұрғын үйге) арналған техникалық паспорттың көшірмесі немесе қолданыстағы (үй ішіндегі) желілерді реконструкциялауға арналған газдандырудың эскиздік жобасының көшірмесі;

      4) пайдаланылатын ұйымдарға сәйкес келісілген 1:500 масштабтағы құрылыс учаскесінің топографиялық түсірілімі (барлық жер үсті және жер асты коммуникациялармен және құрылыстармен);

      5) техникалық сипаттамасы көрсетілген газ тұтыну жабдықтарына арналған техникалық паспорттың көшірмесі;

      6) объектінің орналасу схемасы;

      7) заңды тұлғалар үшін – көп қабатты үйлерді газдандыру кезінде тамақ пісіруге, жылытуға, желдетуге, ауа баптауға, ыстық сумен жабдықтауға табиғи газды пайдаланудың гидравликалық есептері.

      76. Жаңа, кеңейтілетін немесе реконструкцияланатын объектілердің газбен жабдықтау жүйелерінің өндірістік қуаттарын анықтау қажет болған кезде, көрсетілетін қызметтерді жеткізуші осы Қағидалардың 75-тармағына сәйкес жазбаша өтініш (өтінім, арыз) келіп түскен күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде коммерциялық есепке алу аспаптарын орнату бойынша ақпаратты, сауалнама парағын, жер учаскесін бөлу схемасын сұратады.

      77. Көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің техникалық шарттарды беру мерзімі – осы Қағидалардың 75-тармағына сәйкес жазбаша өтініш (өтінім, арыз) келіп түскен күнінен бастап бес жұмыс күні.

      78. Объектілерді газбен жабдықтауға қосуға техникалық шарттарды беру:

      1) осы Қағидалардың 75-тармағына сәйкес өтінішке қоса берілетін құжаттар мен мәліметтер толық және дұрыс болған;

      2) газдандырылатын объект Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің және нормативтік-техникалық құжаттарының талаптарына сәйкес келген;

      3) объектіні газдандырудың техникалық мүмкіндігі болған кезде, сондай-ақ жаңа объектілерді қосу немесе қолданыстағы қуаттарды арттыру басқа тұтынушыларға көрсетілетін қызмет сапасының нашарлауына әкелмеген жағдайда;

      4) желілер болған жағдайларда жүзеге асырылады.

      79. Осы Қағидалардың 78-тармағындағы талаптардың біріне сәйкес келмеген жағдайда, жазбаша өтініш (өтінім, арыз) келіп түскен күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде тұтынушыға бас тарту себептері көрсетіліп, жазбаша түрде дәлелді жауап жіберіледі.

      80. Техникалық шарттарда жабдықтардың рұқсат етілетін қуаты, саны, орналасуы және негізгі сипаттамалары көрсетіледі.

      81. Техникалық шарттар жобалау (жобалау-сметалық) құжаттама құрамында бекітілген құрылыстың нормативтік ұзақтығының бүкіл мерзімі ішінде қолданылады.

      82. Газбен жабдықтау жүйесі объектісінің бастапқы жобалық шешімі өзгерген жағдайда, техникалық шарттар көрсетілетін қызметтерді жеткізушіге осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен тұтынушының жаңа техникалық шарттарға жазбаша өтініш (өтінім, арыз) беруі арқылы олардың қолданылу кезеңі ішінде өзгертіледі.

      83. Техникалық шарттардың қолданылу кезеңі ішінде оларды көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің бастамасы бойынша өзгертуге тұтынушының келісімімен Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері мен нормативтік-техникалық құжаттарының талаптары өзгертілген жағдайда рұқсат етіледі.

      84. Көрсетілетін қызметтерді жеткізуші берілген техникалық шарттардың есебін жүргізеді.

      85. Объект иесі ауысқан кезде мүдделі тараптардың бірі (иесі, сатып алушы, жалға алушы) сатып алу-сату (мүліктік жалдау) шарты жасалған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде көрсетілетін қызметтерді жеткізушіге иесінің ауысуы туралы хабарлайды және көрсеткіштерді, коммерциялық есепке алу аспаптарының қосылу схемасын тексеріп салыстыру үшін олардың өкілдерін белгіленген күні мен сағатта шақырады. Көрсетілетін қызметтерді жеткізуші тиісті актіні жасайды және тұтынушыға сол жерде береді.

      Көрсетілетін қызметті жеткізушіге иесінің ауысуы туралы хабарламамен бірге тараптардың теңгерімдік тиесілігін және пайдалану жауапкершілігін бөлу актілерін қайта ресімдеуге жібереді. Қайта ресімделген актіні беру мерзімі хабарлама алған күнінен бастап үш жұмыс күнін құрайды.

      18-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "18-тарау. Сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге тең қол жеткізуді ұйымдастыру және оларға қосылуға техникалық шарттарды берген кезде тең қол жеткізуді ұйымдастыру тәртібі";

      19-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Кәбілдік кәрізді мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) немесе пайдалануға беру жөнiндегi реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тең қол жеткiзудi ұйымдастыру тәртібі.";

      101 және 102-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "101. Кәбілдік кәрізді мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) немесе пайдалануға беру жөнiндегi реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткiзудің тең жағдайларын қамтамасыз ету мынадай:

      1) кәбілдік кәрізді мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) немесе пайдалануға беру жөнiндегi реттеліп көрсетілетін қызметтерiне тең қолжетiмдiлiгi;

      2) кәбілдік кәрізді мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) немесе пайдалануға беру жөнiндегi реттеліп көрсетілетін қызметтердің бiрыңғай тарифтiк саясатын жүргiзу;

      3) реттеліп көрсетілетін қызметтердің, кәбілдік кәрізді мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) немесе пайдалануға беру жөнiндегi реттеліп көрсетілетін қызметтер тарифтерiнiң (бағаларының, алымдар мөлшерлемелерінің), ақпараттық ашықтығы қағидаттарына сүйене отырып жүзеге асырылады.

      102. Кәбілдік кәрізді мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) немесе пайдалануға беру жөнiндегi реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткiзу құқығын алу үшiн тұтынушы Субъектiге еркiн нысанда жасалған өтiнiш (бұдан әрi – өтiнiш) жолдайды.";

      108, 109 және 110-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "108. Тұтынушы кәбілдік кәрізді мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) немесе пайдалануға беру жөнiндегi реттеліп көрсетілетін қызметтерден бас тартқан жағдайда, Субъект өтініш ұсынған кезектілігі бойынша келесі тұтынушыға ұсынады.

      109. Субъекті мен тұтынушы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасында белгіленген тәртiпте уәкiлеттi орган ведомствосы бекіткен тарифтердi (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) ескере отырып шарт негiзiнде құрылады.

      110. Тұтынушыларға тең жағдайлар ұсыну мақсатында Субъект кәбілдік кәрізді мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) немесе пайдалануға беру жөнiндегi реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуді алу сатысында өзінің интернет-ресурсында мыналарды жариялайды не орналастырады:

      1) кәбілдік кәрізді мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) немесе пайдалануға беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтерді (бағалар, алымдар мөлшерлемелерін);

      2) қосылудың стандарттық нүктелері тiзбесiн;

      3) телефон кәрiзiн пайдалануға ұсыну бойынша үлгі шарттарды;

      4) Субъектінің үлгі шарттарын.";

      111-тармақ алып тасталсын;

      112 және 113-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "112. Үлгі шартқа сәйкес Субъект телефон кәрiзiнде арна немесе орынды тұтынушыларға тұтынушылардың кабель салуға арналған техникалық шарттарды орындау мерзiмi iшiнде ақысыз сақтайды.

      113. Тұтынушылар қосылу және кәбiлдi төсеуге арналған техникалық шарттарды орындағаннан кейiн, табиғи монополиялар салаларындағы уәкілетті орган бекiткен Телефон (кәбіл) кәрізін пайдалануға беруге арналған үлгі шартқа сәйкес Субъект тұтынушылармен шарт жасасады.";

      115 және 116-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "115. Субъектіге кәбілдік кәрізді мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) немесе пайдалануға беру жөнiндегi реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізу шарттарын күштеп таңуға немесе оның тұтынушыларды кемсітуге алып келетін өзге де әрекеттер жасауына жол берілмейді.

      116. Субъект тұтынушыларға кәбілдік кәрізді мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) немесе пайдалануға беру жөнiндегi реттеліп көрсетілетін қызметтерді немесе кәбілдік кәрізді мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) немесе пайдалануға беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтердi көрсетумен байланысты ақпаратты ұсынады.".

      20-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "20-тарау. Қызметтерге қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну жөніндегі өтініштерді қарау және олар бойынша шешімдер қабылдау тәртібі";

      21-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "21-тарау. Ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты ұсыну";

      121-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "121. Магистральдық темір жол желісі, кірме жолдар, әуежайлар және порттардың көрсетілетін қызметтері, олардың құны туралы, қол жеткізу тәртібі туралы, сондай-ақ магистральдық темір жол желісі, кірме жолдар, әуежайлар және порттардың өткізу қабілетінің болуы, реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) көрсетудің техникалық және технологиялық мүмкіндіктері туралы ақпарат мәтін, кесте және сызбалар түрінде өтінішті қабылдау орны бойынша орналастырылады.

      Электр энергиясын беру және (немесе) бөлу, жылу энергиясын өндіру, жылу энергиясын беру және (немесе) бөлу газды немесе газ конденсатын сақтау, таратушы құбыр жолдары арқылы тасымалдау, газ таратушы қондырғыларды және олармен байланысты газ таратушы газ құбырларын пайдалану және сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі көрсетілетін қызметтер, олардың құны, оларға қол жеткізу туралы ақпаратты Субъект көрсетілетін қызметті тұтынушының сұрау салуы (жазбаша нысанда) бойынша ұсынады.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі баспа және электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Т. Сүлейменов

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Премьер-министрінің орынбасары-

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрі

      _______________ А. Мырзахметов

      2017 жылғы 28 ақпан

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      ______________ Ж. Қасымбек

      2017 жылғы 28 ақпан

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      ____________ Қ.Бозымбаев

      2017 жылғы 28 ақпан