Қазақстан Республикасының "Теміржол көлігі туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған магистральдық теміржол желiсiн пайдалану қағидалары бекiтілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықты заңнамамен бекітілген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға көшірмелерін жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интернет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы |
Ж. Қасымбек |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
____________ Е. Досаев
2015 жылғы 30 сәуір
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 366 бұйрығымен бекітілген |
Магистральдық темiржол желiсін пайдалану қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Магистральдық теміржол желісін пайдалану қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) "Теміржол көлiгi туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 14-бабы 2-тармағының 34-10) тармақшасына сәйкес әзірленді және магистральдық теміржол желісін пайдалануды тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) арнайы поездар – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерекше талаптар бойынша тағайындалатын жолаушыларды және/немесе аса маңызды әскери немесе стратегиялық жүктерді тасымалдауға арналған поездар;
2) график тармағы – поездың жөнелту, межелі және баратын пункттері, жөнелту, келу, технологиялық тұрақтар уақыты, орташа жүріс уақыты, сондай-ақ поездың басқа да техникалық параметрлері көрсетілген жүру маршрутының графикпен бейнеленуі;
3) диспетчерлік кесте – поездардың қозғалыс кестесінен шығып қалған, кезектен тыс, арнайы, қосалқы поездардың, жолаушы және жүк поездарының жедел қозғалыс жоспары;
4) диспетчерлік реттеу – нақты уақыт режимінде тасымалдау процесі операцияларын басқару және мониторингілеу процесі;
5) жедел жоспарлау – ұлттық инфрақұрылым операторы мен тасымалдаушының 12 (он екі) сағаттық кезеңдерге бөліп, бір тәулікке арналған жұмыс жоспарын жасау процесі;
6) жүк тасымалдаудың айлық жоспары – тасымалдаушы жасайтын және күнтізбелік айға тиеу көлемдері, вагон ағындарының корреспонденциялары бойынша болжамды деректерді көрсететін құжат;
7) кезектен тыс поездар – қозғалыс графигінде көзделмеген (қалпына келтіру және өрт сөндіру поездары, қар тазартқыштар, вагонсыз локомотивтер, өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрам), поездар қозғалысындағы кедергілерді жоюға, болжанбаған жұмыстарды орындауға және көлік құралдарын тиісінше көшіруге арналған поездар;
8) қосалқы поездар – жолаушыларды отырғызу пункттеріне, техникалық станцияларға және тұрақтау пункттеріне бара жатқан жеке локомотивтер немесе локомотив топтары (топтамалары), жолаушы вагондарынан, дизель және электр секцияларынан тұратын поездар, сондай-ақ поездардың нақтыланған қозғалыс графигінде қозғалысы көзделмеген ұлттық инфрақұрылым операторының өз мұқтаждарына арналған поездар;
9) қосымша өтінімдер – поездар қозғалысының нормативтік графигі қолданыста болған кезеңде тасымалдаушылардан келіп түскен қосымша тасымалдауларға магистральдық теміржол желісі қызметтеріне қол жеткізуді ұсынуға арналған өтінімдер;
10) қосымша тасымалдар – поездар қозғалысының нормативтік графигінде көзделмеген, магистральдық теміржол желісінің бос немесе белгіленген тәртіпте босатылған өткізу қабілеті есебінен жүзеге асыру мүмкін болатын қосымша қозғалыс тармақтарын бөлуді талап ететін тасымалдар;
11) магистральдық теміржол желісінің қызметтері – ұлттық инфрақұрылым операторы көрсететін, поездарды өткізу және қозғалысы үшін магистральдық теміржол желісін пайдалануға байланысты қызметтер;
12) магистральдық теміржол желісінің қызметін көрсетуге арналған шарт (бұдан әрі – шарт) – "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 8) тармақшасына сәйкес табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен бекітілген магистральдық теміржол желісі қызметтерін көрсетуге арналған үлгі шартқа сәйкес тасымалдаушы мен ұлттық инфрақұрылым операторы арасында жасалған магистральдық теміржол желісі қызметтерін көрсетуге арналған шарт;
13) магистральдық теміржол желісінің өткізу қабілетінің үлесі (график тармақтарының саны) – уақыттың белгілі бір аралығында магистральдық теміржол желісінің қандай да бір бөлігінде поездар (поезд жұбы) қозғалысының барынша жоғары мөлшерін қамтамасыз ету жөніндегі оның әлеуетті мүмкіндігі;
14) магистральдық теміржол желісінің өткізу қабілетін бөлу – осы Қағидаларда белгіленген қағидаттардың негізінде ұлттық инфрақұрылым операторы жүзеге асыратын барлық тасымалдаушылар поездарының қозғалыс графигін қалыптастыру рәсімі;
15) магистральдық теміржол желісі қызметтеріне қол жеткізуді ұсынуға арналған өтінім – магистральдық теміржол желісі қызметтеріне қолжетімділік алу үшін тасымалдаушылар ұлттық инфрақұрылым операторына беретін құжат;
16) магистральдық теміржол желісі қызметтеріне қол жеткізу – тасымалдаушылардың тасымалдарды жүзеге асыру үшін магистральдық теміржол желісі қызметтерін алу мүмкіндігі;
17) магистральдық теміржол желісі қызметтерін көрсетуге арналған ұзақ мерзімді шарт – ұлттық инфрақұрылым операторы мен тасымалдаушы арасында кемінде 5 (бес) жылдық кезеңге жасалған магистральдық теміржол желісі қызметтерін көрсетуге арналған шарт;
18) магистральдық теміржол желісі учаскелерінің техникалық ерекшелігі (бұдан әрі – техникалық ерекшелік) – магистральдық теміржол желісі учаскелерінің және станцияларының техникалық сипаттамаларын, магистральдық теміржол желісі учаскелерінің тәуліктік өткізу қабілеті, жүк поездарының қабылдау-тапсырудың (алмасудың) болжамды уақыты, магистральдық теміржол желісінің өткізу қабілетінің резервтелген үлестері, жөндеудің жоспарлы мерзімдері, магистральдық теміржол желісі учаскелерінің еркін өткізу қабілеті туралы мәліметтерді, график тармақтарының жобаларын қамтитын ұлттық инфрақұрылым операторы жасаған және бекіткен құжат;
19) магистральдық теміржол желісі учаскесінің өткізу қабілеті – магистральдық теміржол желісінің, жылжымалы құрамның техникалық және технологиялық мүмкіндіктеріне және түрлі санаттағы поездардың өткізілуін ескере отырып, поездардың қозғалуын ұйымдастыру тәсілдеріне қарай есепті уақыт кезеңі (тәулік) ішінде магистральдық теміржол желісінің учаскесі бойынша өткізілуі мүмкін поездардағы (поез жұптарындағы) қозғалыс мөлшері;
20) магистральдық теміржол желісі учаскесінің тәуліктік өткізу қабілетінің сегменті – бөлек пункттер арасында жылдамдықтары және жүру уақыты жақын поездарды өткізу үшін бөлінген тәуліктің уақыт кезеңі;
21) өткізу қабілетін беруге жедел сұрау салу – ұлттық инфрақұрылым операторының диспетчері белгіленген тәртіппен тіркейтін, өткізу қабілетінің үлесін бөлу және диспетчерлік кесте шеңберінде арнаулы және қосалқы поездар қозғалысын ұйымдастыру туралы тасымалдаушының уәкілетті өкілінің құжаты;
22) поездардың қозғалыс графигі – ұлттық инфрақұрылым операторының магистральдық теміржол желісі учаскелерінде барлық санаттағы поездар қозғалысын ұйымдастыруды белгілейтін, шартты тәуліктердегі масштабты торда поездардың жүруін график түрде көрсететін, поездар қозғалысының нормативтік (жоспарлы жылға), нұсқалық (уақыттың жекелеген кезеңдерінде) және жедел (ағымдағы жоспарлы тәулікке) графигі болып бөлінетін құжаты;
23) поездардың қозғалыс кестесі – поездар қозғалысы графигінің негізінде белгілі бір күнтізбелік күндер бойынша поездар қозғалысы туралы ақпараты қамтитын құжат;
24) поездардың нақтыланған қозғалыс графигі – қосымша тасымалдарды, сондай-ақ график тармақтары уақытының нақтылануын ескере отырып, магистральдық теміржол желісі қызметтеріне қолжетімділік беруге арналған өтінімде көрсетілген тасымалдау көлемдерінің түзетулері негізінде белгілі бір күнтізбелік айға нақтыланған поездар қозғалысының нормативтік графигінің нұсқасы;
25) поездарды қалыптастыру жоспары – тасымалдаушылардың поездарды қалыптастыру жоспары жобаларының негізінде ұлттық инфрақұрылым операторы бекіткен, магистральдық теміржол учаскелерінің өткізу қабілетін және станциялардың өңдеу қабілетін ескере отырып, теміржол станцияларында қалыптастырылатын поездардың санаттары мен межелі бағыттарын белгілейтін құжат;
26) поездар қозғалысының жиынтық тәуліктік жоспары – жоспарланып отырған тәулікте поездар қозғалысын диспетчерлік реттеу және ұйымдастыру үшін тасымалдаушылардың поездар қозғалысының тәуліктік жоспарлары негізінде ұлттық инфрақұрылым операторы жасаған құжат;
27) поездар қозғалысының тәуліктік жоспары – ұлттық инфрақұрылым операторы бекіткен нысан бойынша тасымалдаушы жасаған және жөнелтілетін поездар, поездар қозғалысының жиынтық кестесіне сәйкес локомотивтер мен локомотив бригадаларының ауысуы туралы ақпаратты, сондай-ақ кестеде көзделмеген поездарды өткізуге арналған өтінімді қамтитын құжат;
28) тасымалдардың жиынтық айлық жоспары – тасымалдаушылар мәлімдеген айлық жүк тасымалдау жоспарларының негізінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің теміржол көлігі жөніндегі орталық кеңесімен және қатысы бар теміржол әкімшіліктерімен келісу үшін ұлттық инфрақұрылым операторы жасайтын құжат;
29) тасымалдарды айлық жоспарлау – магистральдық теміржол қызметтерін көрсетуге жасалған шарт шеңберінде тасымалдаушының жүк, вагон және поез ағындарын және тасымалдарды ұйымдастыру үшін станцияларда вагондарды өңдеу көлемдерін айлық модельдеу (болжау) процесі;
30) тасымалдарды жоспарлау – қызметтер көрсетуге жасалған шарттарға сәйкес белгіленген уақыт кезеңіне (жыл, ай, тәулік) магистральдық теміржол желісі объектілерінде (учаскелер мен станцияларда) тасымалдар жоспарын әзірлеу;
31) тасымалдаушының поездарды қалыптастыру жоспарының жобасы – поездарды қалыптастыру тәртібі мен санаттарын, қалыптастыру, өңдеу, тарату станцияларын айқындатын, магистральдық теміржол желісі учаскелерінің техникалық ерекшеліктерінің деректерін ескере отырып, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының теміржол көлігі жөніндегі орталық кеңесі және Темір жолдар ынтымақтастығы ұйымы қабылдаған келісімдерде белгіленген қағидаттар мен талаптар негізінде жүк түріне қарай тасымалдаушылар үшін нарықтық тұрғыда қолайлы жеткізу мерзімдерін қамтамасыз ететін вагон ағындарын поездарға ұйымдастыру жоспарының жобасы;
32) тасымалдаушының поездар қозғалысының кестесі мен графигінің жобасы – магистральдық теміржол желісі учаскелерінің техникалық ерекшеліктерінің деректерін ескере отырып, белгілі бір күнтізбелік күндер бойынша станциялар бойынша поездарды жөнелту, технологиялық тоқтап тұру, келу уақытын көрсететін кесте және график нысанында тасымалдаушы жасаған құжат;
33) тасымалдаушының техникалық жоспары – тасымалдаушы жасайтын және күнтізбелік айға оның пайдалану жұмысының техникалық нормаларын, сондай-ақ ішкі және сыртқы түйісулер бойынша поездар мен вагондарды қабылдаудың/тапсырудың нормативті көлемдерін көрсететін құжат;
34) тасымалды жүзеге асырудың техникалық және технологиялық мүмкіндігі – магистральдық теміржолдардың және бөлек пункттердің поездардың қауіпсіз қозғалысын, кедергісіз өткізуді, қабылдауды, өндеуді және жөнелтуді жүзеге асыру жөніндегі қабілеті;
35) техникалық жоспар – тасымалдардың жиынтық жоспары, тасымалдаушылардың техникалық жоспарларының және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының теміржол көлігі жөніндегі орталық кеңесі ақпаратының негізінде ұлттық инфрақұрылым операторы жасайтын құжат;
36) штаттан тыс жағдай – магистральдық теміржол желісі объектілеріндегі ақаулықтар нәтижесінде поездардың қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін не поездарды өткізу үшін кедергі келтіретін мән-жай.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар Заңда айқындалған мағыналарда қолданылады.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.06.2017 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен3. Магистралдық теміржол желісі қызметтеріне қол жеткізу үшін тасымалдаушы инфрақұрылым операторына осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша магистральдық теміржол желісі қызметтеріне қол жеткізу құқығын ұсынуға арналған өтінімді (бұдан әрі – өтінім) жібереді.
4. Тасымалдаушының магистралдық теміржол желісі қызметтеріне рұқсат алуға арналған өтінімін ұлттық инфрақұрылым операторы мәлімдеген көлемдерге не басқа да жағдайларға қарамастан, тең жағдайда қабылдайды.
5. Тасымалдаушының осы Қағидаларда белгіленген шарттарды сақтауы шарт жасасу үшін негіз болып табылады.
Шарт жасаспай магистральдық теміржол желісін пайдалануға жол берілмейді.
6. Тасымалдаушының магистралдық теміржол желісінің көрсеткен қызметтері үшін ақы "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес табиғи монополияларды реттеу салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен бекітілген тарифтер бойынша жүргізіледі.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.06.2017 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен 2. Магистральдық теміржол желісін пайдалану тәртібі
1-Параграф. Магистральдық теміржол желісі қызметтеріне
қолжетімділікті беру
7. Магистральдық теміржол желісі қызметтеріне қолжетімділік осы Қағидалармен белгіленген тәртіпте және "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес мыналарды негізге ала отырып ұсынылады:
1) онда поездар қозғалысын ұйымдастыру үшін магистральдық теміржол желісінің техникалық және технологиялық мүмкіндіктеріне;
2) магистральдық теміржол желісінің өткізу қабілетінің болуын және оны пайдалану бойынша тасымалдаушылар ұсыныстарын және магистральдық теміржол желісі қызметтеріне қол жеткізу қағидаттары негізінде ұлттық инфрақұрылым операторының магистральдық теміржол желісінің өткізу қабілетін бөлуіне;
3) жүк поездарын қалыптастыру жоспарын және поездар қозғалысы кестесіне;
4) магистральдық теміржол желісінің шектеулі өткізу қабілеті жағдайында, нормативтік кестеге сәйкес тасымалдаушыларға магистральдық теміржол желісі қызметтеріне қолжетімділікті беру кезектілігінің сақталуына;
5) Заңнамаға сәйкес теміржол тасымалдарын жүзеге асыруға кедергі болатын тыйым салулар мен шектеулердің болмауы.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 16.05.2023 № 362 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Тасымалдаушыларға магистральдық теміржол желісінің қызметтеріне қолжетімділік берудің кезектілігі мынадай белгілерден анықталады:
1) поезд санаттары;
2) поездардың санаты бірдей болған кезде мыналарға:
тасымалдау көлемдері бойынша шарттық міндеттемелердің орындалуын ескере отырып, магистральдық теміржол желісі қызметтерін көрсетуге арналған ұзақ мерзімді шарттардың (кемінде 5 жылдық мерзімге) болуына;
өткізу қабілетін тасымалдаушының пайдалану қарқындылығына;
қолданыстағы шарттың бар болуына не мерзімін ұзартуына байланысты;
3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген критерийлер бірдей болған кезде, өтінішті беру мерзімі.
9. Магистральдық теміржол желісі қызметтеріне қол жеткізу құқығын беру тәртібі мына кезеңде қамтиды:
1) ұлттық инфрақұрылым операторының техникалық ерекшелікті әзірлеуі және жариялауы;
2) тасымалдаушының магистральдық теміржол желісі қызметтеріне қол жеткізу құқығын алуға арналған өтінімді беруі;
3) ұлттық инфрақұрылым операторының магистральдық теміржол желісі қызметтеріне қолжетімдікті алуға арналған өтінімді қарауы;
4) поездар қозғалысының графигін және поездар қозғалысы кестесін бекіту;
5) осы Қағидаларға сәйкес шарт жасасу.
10. Поездар қозғалысының нормативтік графигіне сәйкес кестенің белгілі бір тармақтары бойынша магистральдық темір жол желісінің қызметтеріне қол жеткізу тасымалдаушыларға поездар қозғалысының нормативтік графигіне сәйкес, әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялауға уәкілетті органмен жасалған ұзақ мерзімді шарттар мен шарттардан туындайтын құқықтарды қоспағанда, поездар қозғалысы кестесінің (1 жыл) қолданылуының бір мерзімінен аспайтын мерзімге беріледі.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.05.2020 № 317 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Поездар қозғалысының нормативтік графигінде көзделмеген қосымша тасымалдар бойынша магистральдық теміржол желісі қызметтеріне қолжетімділікті беру осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен қосымша өтінімдер негізінде жүзеге асырылады.
2-Параграф. Магистральдық теміржол желісі учаскелерінің
техникалық ерекшелігі
12. Магистральдық теміржол желісі қызметтерін көрсетуге арналған шарт (бұдан әрі - шарт) - "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Заңының 7-бабының 8) тармақшасына сәйкес табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітетін магистральдық теміржол желісі қызметтерін көрсетуге арналған үлгі шартқа сәйкес тасымалдаушы мен ұлттық инфрақұрылым операторы арасында жасалған, табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітетін магистральдық теміржол желісі қызметтерін көрсетуге арналған шарт.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.05.2020 № 317 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Магистральдық теміржол желісінің өткізу қабілетін оңтайландыру және ұтымды пайдалану мақсатында ұлттық инфрақұрылым операторы техникалық ерекшелікте магистральдық теміржол желісі учаскелерінің тәуліктік өткізу қабілетін олар бойынша жүру уақытын техникалық ерекшелікте саралай отырып, магистральдық теміржол желісінің тәуліктік өткізу қабілетінің сегменттеріне бөледі.
14. Техникалық ерекшелікте:
1) магистральдық теміржол желісі учаскелерінің ұзындығын және тартым түрін, поездар құрамдарының салмағы мен ұзындығының нормаларын, түрлі санаттағы поездардың қозғалыс жылдамдықтарын көрсете отырып, поездар қозғалысын ұйымдастыру үшін қажетті магистральдық теміржол желісі учаскелері мен станциялардың техникалық сипаттамалары;
2) магистральдық теміржол желісі учаскелерінің тәуліктік өткізу қабілетінің сегменттері;
3) халықаралық жолаушылар қатынасы үшін график тармақтарының жобалары;
4) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің теміржол көлігі жөніндегі орталық кеңесінің шешімінде айқындалған әрбір мемлекетаралық түйісу пункті бойынша жүк поездарын қабылдау-тапсырудың (алмасудың) болжамды уақыты;
5) магистральдық теміржол желісі өткізу қабілетінің ұлттық инфрақұрылым операторының өз технологиялық (шаруашылық) қажеттіліктері үшін резервтелген үлестері;
6) магистральдық теміржол желісінің өткізу қабілетінің ұзақ мерзімді шарттарға сәйкес резервтелген үлестері;
7) магистральдық теміржол желісі объектілерін учаскелер бойынша жөндеудің жоспарлы мерзімдері;
8) Заңының талаптарына сәйкес тасымалдарды орындау үшін ұлттық жолаушылар тасымалдаушы мен ұлттық жүк тасымалдаушыға қажетті магистральдық теміржол желісі учаскелерінің өткізу қабілетін қоспағанда, магистральдық теміржол желісі учаскелерінің бос өткізу қабілеті көрсетіледі.
9) магистральдық теміржол желісі учаскелері бойынша тасымалдарды жоспарлауға және поездар қозғалысын ұйымдастыруға арналған өзге де мәліметтер мен шарттар;
10) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыруымен байланысты шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау бойынша жолаушы тасымалдаушылардың уәкілетті органмен жасаған шарттарына сәйкес резервтелген магистральдық теміржол желісі өткізу қабілетінің үлестері көрсетіледі.
Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 16.06.2016 № 499 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 3-Параграф. Тасымалдаушылардың поездарды қалыптастыру
жоспарларының, поездар қозғалысының кестелері мен
графиктерінің жобаларын әзірлеу
15. Тасымалдаушы поездарды қалыптастыру жоспарының жобасын әзірлеген кезде:
1) меншікті (жалға алынған) кірме жолдың техникалық мүмкіндіктерінде, магистральдық теміржол желісі учаскелерінің техникалық ерекшелігінде көрсетілген учаскелер мен станциялардың техникалық сипаттамаларында;
2) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің теміржол көлігі жөніндегі орталық кеңесі және Теміржолдар ынтымақтастығы ұйымы қабылдаған келісімдерде белгіленген талаптарда берілетін шектеулерді басшылыққа алады.
16. Магистральдық теміржол желісі қызметтеріне қол жеткізуге арналған өтінімді қарау шеңберінде ұлттық инфрақұрылым операторы поездарды қалыптастыру жоспарын жасайды.
17. Поездарды қалыптастыру жоспары поездар қозғалысының нормативтік графигін әзірлеумен бір мерзімде жасалады.
18. Тасымалдаушылардың поездар қозғалысының кестесі мен графигінің жобасын тасымалдаушы поездар қозғалысының нормативтік графигі қолданыста болатын кезеңге, мыналарды:
1) магистральдық теміржол желісі объектілерін күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстардың жүргізілуін (технологиялық "үзіліс");
2) локомотив бригадаларының үздіксіз жұмысының белгіленген ұзақтығының сақталуын;
3) тасымалдау процесі операцияларын орындаумен байланысты емес вагондардың тоқтап тұруы үшін меншікті (жалға алынған) кірме жолдардың техникалық мүмкіндіктерінің пайдаланылуын;
4) бос вагондардың жүру (қайтару) маршруттарын;
5) жоспарланып отырған жылдамдықтардың және поездың жүру уақытының магистральдық теміржол желісі учаскелерінің өткізу қабілеті сегменттері үшін белгіленген жылдамдықтар мен жүру уақытына сәйкестігін;
6) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің теміржол көлігі жөніндегі орталық кеңесімен келісуді талап ететін халықаралық жолаушылар тасымалдары үшін резервтелген, сондай-ақ ұзақ мерзімді шарттарға сәйкес резервтелген өткізу қабілеті үлестерін (график тармақтарын) ескере отырып, магистральдық теміржол желісі учаскелерінің техникалық ерекшеліктері негізінде жасайды.
4-Параграф. Магистральдық теміржол желісіне қолжетімділік
алу үшін өтінімді беру және қарау
19. Тасымалдаушы ұлттық инфрақұрылым операторына осы Қағидаларға 2, 3, 4 және 5 қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім береді, оған мынадай құжаттар және ақпарат қоса беріледі:
1) ұлттық инфрақұрылым операторы бекіткен нысан бойынша тасымалдаушының поездарды қалыптастыру жоспарының жобасы;
2) ұлттық инфрақұрылым операторы бекіткен нысан бойынша поездар қозғалысының кестесі мен графигінің жобасы;
3) жоспарланып отырған тасымалдардың жылдық көлемдері (графиктің әр тармағы үшін тоқсандар мен айлар бойынша бөлу арқылы);
4) бағыттар бөлінісінде айлар бойынша бөлінген өткен жылғы жүк тасымалдау көлемдері;
5) Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу қағидасында бекітілген жылжымалы құрам түрінде мемлекеттік тіркеу куәлігі туралы көрсетілген Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 333 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 90591, 2015 жылғы 18 маусымдада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі жарияланған);
6) жылжымалы құрамға меншік құқығын немесе пайдалану құқығын растайтын құжат;
7) жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу базасының болуы туралы құжат немесе мұндай база болмаған кезде жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған шарт (шарттар);
8) тасымалдау жоспарланған жылжымалы құрамның:
түрі мен тиесілігі;
тасымалдау жоспарланған вагондардың саны;
тасымалдауды қамтамасыз ету үшін тасымалдаушы көздеген локомотивтердің үлгілері мен сипаттамалары көрсетілген тізбесі;
9) тасымалдау қызметін жүзеге асыру үшін ұлттық инфрақұрылым операторына ақпарат беру және алмасу үшін қажетті тасымалдау құжаттарын (вагон парақтары және анықтама қағаздары) жасау және өңдеудің техникалық мүмкіндігінің болуын растайтын ақпарат (бірінші басшының немесе оны алмастыратын адамның қолы қойылған хат) не болмаса мұндай мүмкіндігі бар тасымалдаушымен жасалған шарт;
10) жүктерді тасымалдау бойынша қызметті жүзеге асырған жағдайда:
"Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы Заңына сәйкес жүктерді тасымалдау бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензияның көшірмесі;
тасымалданатын жүктердің түрлері туралы ақпарат;
11) әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдары жөніндегі қызметті жүзеге асырған жағдайда, әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар бойынша теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендердің қорытындылары туралы хаттамадан үзінді көшірме немесе әлеуметтiк мәні бар қатынастар бойынша теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыруына байланысты шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау бойынша уәкілетті органмен жасасқан шарттың көшірмесі;
12) магистральдық теміржол желісі орналасқан аумақта орналасқан заңды тұлғаны немесе филиалды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәлік;
13) Мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін есеп бойынша, берешегінің жоқтығы (бар болуы) туралы мәлімет. Егер, мәліметтерде берешек көрсетілген жағдайда, берілген берешектің құрылу мерзімдерін растайтын құжаттарды қоса беру қажет.;
14) Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес жасалған теміржол көлігін, жүктерді және азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шарттары;
15) соңғы аудиторлық тексеру есебінің көшірмесі және оған қосымша;
16) жоспарланып отырған қызметтер көлемі құнының 0,1 %-ына (оннан бір пайызына) тең мөлшерде инфрақұрылымға қол жеткізуді беруге арналған өтінімнің ақшалай қамтамасыз етілуі (не болмаса аталған сомаға банк кепілдемесі);
17) шартқа қол қою құқығына сенімхат, егер заңды тұлғаның өкілі ретінде бірінші басшы немесе бірінші басшының міндетін атқарушы тұлға болмаған жағдайда, осы шартқа қол қою кезінде сенім білдірілген тұлға өкілдік етеді;
18) локомотив бригадаларының біліктілігі және олардың қызмет көрсету учаскелерінің жоспарлары мен бейімдерін білуі туралы ақпарат.
Қағидалардың осы тармағының 16) тармақшасында белгіленген талап вагондық жөнелтілімдерді жүзеге асыратын тасымалдаушыға қолданылмайды.
Осы қағидалардың 19-тармағының 1 және 2 тармақшаларында көрсетілген тасымалдаушының поездарды ұйымдастыру жоспар жобасының, поездар қозғалысының кесте және тізбе жобаларының үлгілері Ұлттық инфрақұрылым операторының ресми интернет-ресурсында орналастырылады.
Қағиданың осы тармағының 5), 6), 7), 14), 15), 18) тармақшаларымен орнатылған талаптар әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша тасымал жүргізетін тасымалдаушыларға таратылмайды.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.05.2020 № 317 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.20. Тасымалдаушы ұлттық инфрақұрылым операторына беретін қағаз жеткізгіштердегі өтінім мынадай талаптарға сәйкес болуы тиіс:
1) өтінім және оған қоса берілетін құжаттар тігіледі, нөмірленеді және тасымалдаушының мөрімен, сондай-ақ оның басшысының не ол уәкілеттік берген тұлғаның қол қоюымен расталады;
2) қоса берілетін құжаттар түпнұсқалар немесе олардың көшірмелері болып табылады, соңғы жағдайда өтінімге қол қоятын басшы не болмаса ол уәкілеттік берген тұлға олардың анықтығы мен толықтығын жазбаша растайды;
3) өтінім және оған қоса берілетін құжаттар мен ақпарат мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде беріледі және оларда түзетулер немесе толықтырулар болмайды.
21. Магистральдық теміржол желісі қызметтеріне қол жеткізу құқығын беруге арналған өтінімдерді қабылдау тасымалдау жоспарланып отырған жылдың алдындағы жылғы оныншы маусымда басталады және тасымалдау жоспарланып отырған жылдың алдындағы жылғы жиырма бесінші шілдеде аяқталады.
Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушы тасымалын жүзеге асыруына байланысты жолаушы тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау бойынша уәкілетті органмен шарттар жасасқан соң, бірақ жоспарланып отырған тасымалдың алдындағы жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірмей өтінімдер береді.
Ескерту. 21-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 16.06.2016 № 499 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.22. Ұлттық инфрақұрылым операторы өтінімді тіркейді және тасымалдаушыға өтінімнің реттік тіркеу нөмірі, қабылданған күні, қабылданған құжаттардың тізбесі көрсетілген құжатты береді.
23. Ұлттық инфрақұрылым операторы келіп түскен өтінімдердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді.
24. Өтінім осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сай болмаған, сондай-ақ тасымалдаушы дәйексіз ақпарат ұсынған жағдайда, ұлттық инфрақұрылым операторы өтінім келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жазбаша түрде қабылдаудан бас тарту себептерін көрсете отырып, өтінімді қарауға қабылдаудан бас тарту туралы тасымалдаушыны хабардар етеді.
25. Ұлттық инфрақұрылым операторының өтінімдерді қарауды және поездар қозғалысының нормативтік графигінің бастапқы жобасын қалыптастыруды аяқтау мерзімі тасымалдау жоспарланып отырған жылдың алдындағы жылғы жиырма бесінші қарашада аяқталады.
26. Ұсынылған өтінімдегі мәліметтер өзгерген жағдайда, поездар қозғалысының нормативтік графигін қалыптастыруға қажетті өтінімдерді қарау кезеңінде (бірақ өтінімдерді қарау мерзімі аяқталғанға дейін кемінде бір ай бұрын) тасымалдаушы ұлттық инфрақұрылым операторына бұл туралы жазбаша хабарлайды.
27. Ұлттық инфрақұрылым операторы поездар қозғалысының нормативтік графигінің бастапқы жобасын тасымалдаушылардың қарауға қабылданған өтінімдерін және магистральдық теміржол желісі учаскелерінің өткізу қабілетін барынша пайдалануын ескере отырып, өздігінен жасайды.
Ұлттық инфрақұрылым операторы поездар қозғалысының бастапқы нормативтік графигінің негізінде магистральдық теміржол желісі қызметтеріне арналған өтінімдерді қарау қорытындылары бойынша ұлттық инфрақұрылым операторының ресми интернет-ресурсында шешімді орналастыру арқылы тасымалдау жоспарланып отырған жылдың алдындағы жылғы отызыншы қарашаға дейінгі мерзімде графиктің шартты тармақтарын бөлу туралы шешім жөнінде тасымалдаушыларды жазбаша түрде хабардар етеді.
5-Параграф. Поездар қозғалысының нормативтік графигі
мен кестесін қалыптастыру, әзірлеу және бекіту
28. Ұлттық инфрақұрылым операторы тасымалдау жоспарланған жылдың алдындағы жылғы 1 (бірінші) желтоқсаннан бастап Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің теміржол көлігі жөніндегі орталық кеңесінің шеңберінде өткізілетін техникалық кеңестердің шешімдерін ескере отырып, поездар қозғалысының нормативтік графигінің бастапқы жобасын түзетеді.
29. Поездар қозғалысының нормативтік графигін әзірлеген кезде ұлттық инфрақұрылым операторы поездар қозғалысының нормативтік графигі қолданыста болатын кезеңге поездар қозғалысының жиынтық кестесінің және поездарды қалыптастыру жоспарының жобасын қалыптастырады.
Поездар қозғалысының жиынтық кестесінің жобасы тасымалдаушыға тасымалдау жоспарланған жылдың алдыңдағы жылдың қаңтар айының бірінші онкүндігінде беріледі.
30. Тасымалдаушы поездар қозғалысының жиынтық кестесі мен поездар қозғалысының нормативтік графигінің жобаларын алған сәттен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде магистральдық теміржол желісінің өткізу қабілетінің бөлінген үлестерін түзету туралы ұсыныстарын жазбаша, жеделхатпен, факсограммамен ұлттық инфрақұрылым операторына енгізеді.
Тасымалдаушының түзету жөніндегі ұсыныстарының негізінде поездар қозғалысының нормативтік графигі қолданысқа енгізілгенге дейін кемінде үш ай бұрын ұлттық инфрақұрылым операторы нормативтік графикті және поездар қозғалысының жиынтық кестесін бекітеді және ол ұлттық инфрақұрылым операторының поездар қозғалысының жиынтық кестесі мен поездар қозғалысының нормативтік графигін тираждау және жолаушылар поездарының қозғалыс кестесін жариялау үшін қолданады.
31. Ұлттық инфрақұрылым операторы:
1) поездардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуді;
2) магистральдық теміржол желісі учаскелерінің өткізу және тасымалдау қабілетін және теміржол станцияларының өңдеу қабілетін анағұрлым тиімді пайдалануды;
3) магистральдық теміржол желісі учаскелерін ұстау және жөндеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу мүмкіндігін ескере отырып, поездар қозғалысының нормативтік графигін қалыптастырады.
Поездар қозғалысының нормативтік графигін әзірлеген кезде теміржол желісі учаскелерінің техникалық ерекшелігінде көрсетілген магистральдық теміржол желісі учаскелерінің тәуліктік өткізу қабілеті сегменттерінің әрқайсысы үшін жеке поез санатына қарай басымдылық негізінде магистральдық теміржол желісінің еркін өткізу қабілетін бөлу жүзеге асырылады.
32. Поездар қозғалысының нормативтік графигі күнтізбелік жылғы мамыр айының соңғы жексенбісінде 00 сағат 00 минуттан бастап қолданысқа енгізіледі және келесі күнтізбелік жылғы мамыр айының соңғы сенбісінде 24 сағат 00 минутта қолданысын тоқтатады.
Поездар қозғалысының нормативтік графигі бекітілгеннен кейін тасымалдаушы мен ұлттық инфрақұрылым операторы арасында осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен шарт жасалады.
33. Поездар қозғалысының нақтыланған графигін және поездар қозғалысының жиынтық кестесін ұлттық инфрақұрылым операторы айлық жоспарлау шеңберінде нақтыланған параметрлерді ескере отырып, поездар қозғалысының нормативтік графигі негізінде қалыптастырады.
34. Тасымалдарды ұйымдастырудың қолданыстағы технологиясын ескере отырып, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің теміржол көлігі жөніндегі орталық кеңесінің шеңберінде тасымалдаушылар мынадай мерзімдерде:
1) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің теміржол көлігі жөніндегі орталық кеңесіне қатысушы елдер бағытында тасымалдау кезінде – тасымалдау жоспарланған айдың алдындағы айдың он төртінен кешіктірмей;
2) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдау кезінде тасымалдау жоспарланған айдың алдындағы айдың жиырмасынан кешіктірмей – айлық тасымалдар жоспарын жинақтау және келісу үшін ұлттық инфрақұрылым операторына енгізеді.
6-Параграф. Магистральдық теміржол желісі қызметтерін
көрсетуге шарт жасасу
35. Шарт жазбаша түрде поездар қозғалысының нормативтік графигі және жиынтық кестесі бекітілгеннен кейін нормативтік қозғалыс графигі қолданысқа енгізілгенге дейін кемінде екі ай бұрын жасалады. Шарттың қолданылу мерзімі поездар қозғалысының нормативтік графигінің қолданылуы кезеңін құрайды.
36. Қосымша өтінімдер бойынша шарт тасымалдарды жүзеге асырудың күнтізбелік айы басталғанға дейін кемінде бір ай бұрын поездар қозғалысы нормативтік графигінің қолданылуы кезеңінен аспайтын мерзімге жасалуға тиіс.
37. Егер шарттың қолданылуы кезеңінде тасымалдаушының дәйексіз ақпаратты және осы Қағидалардың 19-тармағының 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17), 18) тармақшаларында көзделген (болжамды көрсеткіштерді қоспағанда) құжаттарды беру фактілері анықталған жағдайда, ұлттық инфрақұрылым операторының шартты бір жақты тәртіппен бұзуына рұқсат етіледі.
7-Параграф. Поездар қозғалысының нормативтік графигінің
қолданылуы кезеңінде магистральдық теміржол желісі
қызметтеріне қол жеткізуге арналған қосымша өтінімдер
38. Қосымша өтінімдер тасымалдау жүзеге асырылатын күнтізбелік ай басталғанға дейін кемінде екі ай бұрын беріледі.
39. Тасымалдаушының қосымша өтінімдері осы Қағидалардың талаптарына сәйкес ресімделеді.
40. Қосымша өтінімдер келіп түскен сәтінен бастап бір ай ішінде осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысында қаралады, оларды қарау қорытындылары бойынша ұлттық инфрақұрылым операторы шартты не жасалған шарттарға қосымша келісімдер жасасу туралы мәселені қарайды.
41. Қосымша өтінімдер бойынша өткізу қабілетінің үлесін бөлу магистральдық теміржол желісінің бос емес немесе босатылған өткізу қабілеті есебінен айлық жоспарлау шеңберінде және келіп түскен өтінімдердің кезектілігі тәртібімен жүзеге асырылады.
8-Параграф. Магистральдық теміржол желісіне қолжетімділік
беруге арналған өтінімдерді қамтамасыз ету кепілдігі
42. Тасымалдаушы магистральдық теміржол желісі қызметтеріне қолжетімділік беруге арналған өтінім бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету мақсатында осы Қағидалардың 19-тармағының 16) тармақшасына сәйкес өтінімдердің ақшалай қамтамасыз етілуін енгізеді.
43. Ұлттық инфрақұрылым операторы магистральдық теміржол желісі қызметтеріне қолжетімділік беруге арналған өтінімнің ақшалай қамтамасыз етуін мынадай:
1) осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес болмауына байланысты магистральдық теміржол желісі қызметтеріне қолжетімділік беруге арналған өтінімнен бас тартылған;
2) өтінімді беру мерзімдерінің бұзылуына байланысты магистральдық теміржол желісі қызметтеріне қолжетімділік беруге арналған өтінім қабылданбаған;
3) ұлттық инфрақұрылым операторы осы Қағидалардың талаптарына сәйкес шарт жасасудан бас тартқан;
4) шарт күшіне енген және тасымалдаушы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізген жағдайларда толық көлемде қайтарады.
44. Осы Қағидалардың 43-тармағында көзделген жағдайларда ұлттық инфрақұрылым операторы үш жұмыс күні ішінде магистральдық теміржол желісі қызметтеріне қолжетімділік беруге арналған өтінімнің ақшалай қамтамасыз етілуінің қайтарылуын қамтамасыз етеді.
45. Ұлттық инфрақұрылым операторы магистральдық теміржол желісіне қолжетімділік беруге арналған өтінімнің орындалуын ақшалай қамтамасыз етуді осы Қағидалардың 43-тармағында көзделген мынадай:
1) ұлттық инфрақұрылым операторы тасымалдаушының дәйексіз ақпаратты және осы Қағидалардың 19-тармағының 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13, 14), 15), 16), 17), 18) тармақшаларында көзделген құжаттарды беруіне байланысты шарт жасасудан;
2) тасымалдаушының өтінімін поездар қозғалысының нормативтік және (немесе) нақтыланған графиктеріне енгізген жағдайда шартты жасасудан бас тартқан жағдайларда, толық көлемде қайтармайды.
9-Параграф. Диспетчерлік кесте бойынша өткізу
қабілетінің үлесін беру
46. Жедел жоспарлау шеңберінде, диспетчерлік кесте бойынша арнаулы және қосалқы поездар қозғалысын ұйымдастыру мақсатында тасымалдаушының уәкілетті өкілі жасалған шарт бойынша ұлттық инфрақұрылым операторының диспетчеріне (бұдан әрі – диспетчер) өткізу қабілетінің үлесін беруге жедел сұрау салады.
47. Өткізу қабілетін беруге арналған тасымалдаушының жедел сұрау салуында мынадай ақпарат:
1) поездың санаты;
2) жөнелту және межелі станциялары;
3) жөнелтудің жоспарланған уақыты болады.
48. Өткізу қабілетін беруге арналған сұрау салуды тасымалдаушының уәкілетті өкілі тіркеу кітабына тиісті жазбаны енгізу арқылы тіркейді және ол диспетчердің және тасымалдаушының уәкілетті өкілінің қол қоюымен расталады.
49. Диспетчер учаскелердегі поездық жағдайға сәйкес поездар қозғалысының диспетчерлік кестесін жоспарлап, бос өткізу қабілеті болғанда ғана олардың учаске арқылы өтуін ұйымдастырады.
10-Параграф. Магистральдық теміржол желісі қызметтеріне
қолжетімділікті шектеу
50. Магистральдық теміржол желісі қызметтеріне қол жетімділікті ұлттық инфрақұрылым операторы мынадай:
1) поездар қозғалысының нақтыланған графигін айлық жоспарлау және әзірлеу шеңберінде, ұлттық инфрақұрылым операторы алдыңғы кезеңдерде поездар қозғалысы кестесін қарқынды пайдалану жөніндегі міндеттемелерді орындамаған жағдайда, бір айдан аспайтын мерзімге тасымалдаушының уақытша магистральдық теміржол желісі қызметтеріне қол жеткізуін уақытша шектей алады;
2) штаттан тыс жағдайлардың (қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін жағдайлар) туындауы салдарынан магистральдық теміржол қызметтеріне қол жеткізу мүмкін болмаған;
3) тасымалдарды кезектен тыс поездармен жүзеге асырған;
4) тасымалдауды жүзеге асырудың техникалық және технологиялық мүмкіндіктері болмаған жағдайда, оның ішінде сұрау салуды қарау сәтіне басқа тасымалдаушылардың сұратылатын кезеңге поездар қозғалысының нақты бағытында магистральдық теміржол желісін пайдалану жөніндегі қызметтерді көрсету туралы басқа тасымалдаушылардың сұрау салумен келісілген;
5) Заңның 35-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда шектеледі.
51. Осы Қағидалардың 50-тармағына сәйкес магистральдық теміржол желісі қызметтеріне қолжетімділік шектелген жағдайда, ұлттық инфрақұрылым операторы дереу тасымалдаушыға шарт бойынша міндеттемелерді орындау мүмкін емес екені туралы хабарлайды.
Ұлттық инфрақұрылым операторы поездар қозғалысының графигінен шыққан поездардың өтуін ұйымдастыру бойынша қажетті шараларды қабылдайды.
11-Параграф. Поездар қозғалысының графигін әзірлеу кезінде
ақпарат беру
52. Ұлттық инфрақұрылым операторы поездар қозғалысының нормативтік графигі қолданылатын кезеңде өткізу қабілетінің бос үлесінің болуы туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастырады.
53. Ұлттық инфрақұрылым операторы поездарды қалыптастыру жоспары қолданылатын кезеңде поездарды қалыптастыру жоспарындағы өзгерістер туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастырады.
54. Ұлттық инфрақұрылым операторы мен тасымалдаушылар алынған ақпаратқа қатысты коммерциялық құпиялық режимін сақтауға тиіс.
12-Параграф. Тасымалдауды технологиялық жоспарлау және нормалау
55. Ұлттық инфрақұрылым операторы ұзақ мерзімді (бір жылдан артық мерзімге) технологиялық жоспарлау шеңберінде:
1) тасымалдау процесіне мүдделі қатысушылармен бірлесіп, станциялар мен кірме жолдар жұмысының бірыңғай технологиялық процестерін қайта қарайды және Заңға сәйкес тиісті шарттар жасасады;
2) станциялардың техникалық-басқару актілерін және технологиялық процестерін бекітеді;
3) жылдамдықтардың ең жоғарғы шекті нормаларын, поездардың ең жоғарғы шекті және біріздендірілген салмақ нормаларын, поездардың шартты ұзындығын, поездардың шекті салмағын (қуаты бойынша әртүрлі локомотив кластары үшін) есептейді;
4) магистральдық теміржол желісі объектілерін жөндеу жұмыстарының жылдық жоспарларын әзірлейді;
5) тасымалдаушылардың поездарды қалыптастыру және қозғалыс графигі жоспарының жобаларын әзірлеуі үшін қажетті техникалық ерекшеліктерді және параметрлерді, оның ішінде магистральдық теміржол желісі объектілерін жөндеудің жоспарлы мерзімдерін (технологиялық терезе) әзірлейді;
6) тасымалдаушылардың поездарды қалыптастыру жоспарларының жобалары негізінде поездарды қалыптастыру жоспарын жинақтайды және бекітеді;
7) тасымалдаушылардың поездарды қалыптастыру жоспарларының жобалары негізінде поездар қозғалысының нормативтік графигін және поездар қозғалысының жиынтық кестесін жинақтайды және бекітеді.
56. Магистральдық теміржол желісі объектілерінің және кірме жолдардың техникалық жай-күйі мен технологиялық мүмкіндіктерінің өзгеруіне байланысты жаңа станциялар мен кірме жолдары жұмысының біртұтас технологиялық процестері, техникалық-өкімдік актілері және станциялардың технологиялық процестері әзірленеді немесе қолданыстағылары жаңартылады.
13-Параграф. Тасымалдауды айлық жоспарлау
57. Тасымалдаушылар осы Қағидаларда белгіленген мерзімдерде ұлттық инфрақұрылым операторға:
1) ұлттық инфрақұрылым операторының жүк тасымалдауды жоспарлаудың автоматтандырылған жүйелеріне деректерді беру арқылы жүк тасымалдаудың айлық жоспарларының жобаларын;
2) ұлттық инфрақұрылым операторы белгілеген нысан бойынша тасымалдаушылардың техникалық жоспарларының жобаларын;
3) станцияларда вагондарды өңдеудің айлық жоспарларының жобаларын ұсынады.
58. Тасымалдаушылар ұлттық инфрақұрылым операторына дәйекті мәліметтерді беруді қамтамасыз етеді.
59. Ұлттық инфрақұрылым операторы жүк тасымалдаудың айлық жоспарларының және тасымалдаушылардың техникалық жоспарларының жобаларын орындау бойынша магистральдық теміржол желісінің техникалық және технологиялық мүмкіндіктерін қарайды және қажет болған кезде түзетулер енгізеді.
60. Ұлттық инфрақұрылым операторы жүк тасымалдаудың жиынтық айлық жоспарын және сыртқы түйісулер бойынша поездар мен вагондарды қабылдау/тапсыру көлемдерін қалыптастырады және оларды Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің теміржол көлігі жөніндегі орталық кеңесі белгілеген тәртіппен келісуге жібереді.
61. Ұлттық инфрақұрылым операторы жүк тасымалдаудың жиынтық айлық жоспарын, сыртқы түйісулер бойынша поездар мен вагондарды қабылдау/тапсыру көлемдерін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің теміржол көлігі жөніндегі орталық кеңесімен және көршілес (шекаралас) теміржол әкімшіліктерімен келіскеннен кейін тасымалдаушылардың келісілген техникалық жоспарларын тасымалдаушыларға жібереді.
62. Ұлттық инфрақұрылым операторының техникалық жоспарының негізінде поездар қозғалысының нақтыланған графигі қалыптастырылады.
63. Ұлттық инфрақұрылым операторы қолда бар байланыс арналары арқылы (телефон, телеграф, факс, электрондық пошта, интернет) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің теміржол көлігі жөніндегі орталық кеңесімен келісілген тасымалдау жоспарларын, сондай-ақ бекітілген техникалық жоспарлар мен тасымалдаушылардың вагондарын өңдеу бойынша айлық жоспарларды тасымалдау жоспарланған айдың 1 (бірінші) күнінен кешіктірмей тасымалдаушыға жібереді.
14-Параграф. Жедел жоспарлау
64. Өткізу қабілетін пайдалануға құқығы бар тасымалдаушылар жедел жоспарлау шеңберінде босатылған немесе бос өткізу қабілеті (графиктің бос тармақтары) болған кезде поездар қозғалысының жиынтық кестесінде көзделмеген поездарды өткізу үшін ұлттық инфрақұрылым операторына жүгіне алады.
65. Ұлттық инфрақұрылым операторы поездар қозғалысының тәуліктік жоспарын және поездар қозғалысының жиынтық кестесінде көзделмеген поездарды өткізуге арналған тасымалдаушылардың сұрау салуларын тасымалдау жоспарланған тәуліктің алдындағы тәуліктің 10 сағат 00 минутына дейін қарайды.
Тасымалдаушылардың поездарды өткізуге арналған сұрау салуларын қарау және поездар қозғалысының жиынтық тәуліктік жоспарын бекіту кезінде ұлттық инфрақұрылым операторы поездар қозғалысының графигін және техникалық жоспарды басшылыққа алады.
66. Ұлттық инфрақұрылым операторы поездар қозғалысының жиынтық тәуліктік жоспарын тасымалдау жоспарламайтын тәуліктің алдындағы тәуліктің 12 сағат 00 минутынан кешіктірмей бекітеді және орындау үшін тасымалдаушыларға береді.
67. Поездар қозғалысының бекітілген жиынтық тәуліктік жоспары түзетуге жатпайды және орындау үшін міндетті болып табылады.
68. Поездар қозғалысының жиынтық тәуліктік жоспары:
1) тасымалдаушы сұрау салатын өткізу қабілеті үлесінің берілуі туралы хабарламаны;
2) тасымалдау процесін жалпы үйлестіру, поездар қозғалысының графигін орындау, поездардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырманы;
3) магистральдық теміржол желісінде жөндеу жұмыстарын жүзеге асырған кезде тасымалдау процесін үйлестіру және олар бойынша поездардың қозғалыс жылдамдықтарын реттеу жөніндегі тапсырмаларды;
4) учаскелер бойынша поездар қозғалысының мөлшерін;
5) түйісу пункттері бойынша жүк вагондарын, жүк және жолаушылар поездарын тапсыру мөлшерлерін қамтиды.
69. Поездар қозғалысының бекітілген жиынтық тәуліктік жоспарын орындау мақсатында ұлттық инфрақұрылым операторы, тасымалдаушылар өз құрылымдық бөлімшелері үшін жұмыс көлемдерін көрсететін ауысымдық-тәуліктік тапсырмаларды айқындайды.
15-Параграф. Тасымалдарды жүзеге асырған кезде магистральдық
теміржол желісі қызметтерін көрсету
70. Поездардың жүруін (қабылдау, жөнелту, тұруы, қозғалысы) бекітілген жиынтық тәуліктік тасымалдар жоспарына, поездар қозғалысының графигіне, Заңның 14-бабы 2-тармағы 34-12) тармақшасының талаптарына сәйкес бекітілген темір жол көлігін техникалық пайдалану қағидаларына, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 291 бұйрығымен бекітілген Поездардың қозғалысы және теміржол көлігіндегі маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулыққа (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7021 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 209 бұйрығымен бекітілген Темір жол көлігіндегі сигнализация туралы нұсқаулыққа (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6954 болып тіркелген), станциялардың технологиялық процестеріне, станциялардың техникалық-басқару актілеріне және техникалық ерекшеліктерге сәйкес тасымалдаушы мен ұлттық инфрақұрылым операторы бірлесіп қамтамасыз етеді.
71. Поездар қозғалысы графигінің параметрлерін орындау барлық тасымалдаушылар мен ұлттық инфрақұрылым операторының станциялардың технологиялық процесінде, станциялардың техникалық-басқару актісінде белгіленген технологиялық нормаларға байланысты.
72. Поездар қозғалысын диспетчерлік реттеуді магистральдық теміржол желісіне поездарды қауіпсіз өткізуді қамтамасыз ету мақсатында ұлттық инфрақұрылым операторы жүзеге асырады.
73. Магистральдық және станциялық жолдардағы поездар қозғалысы диспетчерлердің немесе ұлттық инфрақұрылым операторының станция бойынша кезекшілерінің (бұдан әрі – станция бойынша кезекші) нұсқауларымен (командалармен), сондай-ақ осы Қағидалардың 70-тармағында көрсетілген Теміржол көлігін техникалық пайдалану қағидаларында, Темір жол көлігіндегі сигнализация туралы нұсқаулықта, Поездар қозғалысының және темір жол көлігіндегі маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықта белгіленген тәртіппен сигналдармен реттеледі. Диспетчерлердің немесе ұлттық инфрақұрылым операторының станция бойынша кезекшілерінің рұқсатынсыз немесе нұсқауларынсыз (командасы), сондай-ақ осы Қағидалардың 70-тармағында көрсетілген Темір жол көлігін техникалық пайдалану қағидаларына, Темір жол көлігіндегі сигнализация туралы нұсқаулыққа, Поездар қозғалысы және темір жол көлігіндегі маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес тыйым салу сигналдарынсыз поездардың магистральдық жолдарда қозғалуына (тоқтауына) жол берілмейді.
74. Тасымалдаушы жылжымалы құрамның, байланыс техникалық құралдарының және автобұғаттау жабдықтарының дұрыстығын және техникалық реттеу мен қауіпсіздіктің белгіленген талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етеді.
75. Тасымалдаушы поездарды қалыптастыру жоспарының орындалуын, поездың уақтылы дайындалуы мен жөнелтуге берілуін, локомотивтердің және/немесе локомотив бригадаларының ауысуын қамтамасыз етеді.
76. Тасымалдаушылардың жылжымалы құрамы техникалық пайдалану қағидаларына, магистральдық желіндегі қозғалыс қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау талаптарына сәйкес келмеген кезде ұлттық инфрақұрылым операторы осы жылжымалы құрамды магистральдық теміржол желісіне жібермейді.
16-Параграф. Қабылдау және жөнелту
77. Поез келгенге дейін станция бойынша кезекші станциялардың техникалық-өкімдік актілерінде және технологиялық процестерінде белгіленген тәртіппен поезды тиісті жолға қабылдау маршрутын дайындайды және поездың нөмірі, күтілетін келу уақыты және қабылданатын жолы туралы станция қызметкерлерін хабардар етеді.
78. Поез станцияға келгеннен кейін станциялардың техникалық-өкімдік актілеріне және технологиялық процестеріне сәйкес тасымалдаушының қызметкерлері поезды (жылжымалы құрамды), тасымалдау құжаттарын өңдеу (қызмет көрсету) және локомотивтерді және/немесе локомотив бригадаларын ауыстыру жөніндегі техникалық және технологиялық операцияларды, ал ұлттық инфрақұрылым операторының қызметкерлері құрамды бекіту бойынша (алу) операцияларды орындайды.
79. Станция бойынша кезекші поездың келу, жөнелу (тоқтаусыз жүруі) уақытын белгілейді және техникалық және технологиялық операцияларды орындауға рұқсат береді.
80. Ұлттық инфрақұрылым операторының уәкілетті қызметкері поездың келуі, жөнелтілуі (тоқтаусыз жүруі), поезд құрамының өзгеруі туралы ақпаратты ақпараттық жүйеге енгізеді.
81. Тасымалдаушы поездың жөнелтілуге дайындығын ұлттық инфрақұрылым операторы бекіткен тәртіпте растайды.
82. Ұлттық инфрақұрылым операторы тасымалдаушыдан поездың жөнелтілуге дайындығы туралы растауды алғаннан кейін маршрутты дайындайды және поезды жөнелтеді.
17-Параграф. Тасымалдау процесін жүзеге асыруға байланысты
деректерді жинау, біріктіру және өңдеу
83. Тасымалдау процесінің барлық операциялары ұлттық инфрақұрылым операторы бекіткен нысандар бойынша ресімделеді, тиісті деректер (ақпарат) ұлттық инфрақұрылым операторының ақпараттық жүйелеріне беріледі.
84. Тасымалдардың жылдық, айлық және жедел жоспарларын әзірлеу, технологиялық нормалау, жедел реттеу, ақпаратты (деректерді) біріктіру және талдау мақсатында тасымалдаушының уәкілетті персоналы ұлттық инфрақұрылым операторының ақпараттық жүйелеріне ұлттық инфрақұрылым операторы бекіткен көлемде және нысандар бойынша ақпаратты енгізеді.
85. Тасымалдаушылар ұлттық инфрақұрылым операторының біртұтас ақпараттық жүйесімен ақпарат (деректер) алмасу мүмкіндігін қамтамасыз ететін өзінің ақпараттық жүйелерін қолдана алады.
86. Тасымалдаушы ұлттық инфрақұрылым операторының ақпараттық жүйелеріне енгізілетін ақпараттың дұрыстығы мен уақтылығын қамтамасыз етеді.
87. Пайдалану жұмысын жедел жоспарлау және басқару мақсатында ұлттық инфрақұрылым операторы тасымалдаушыларға поездардың жақындауы туралы және поездар қозғалысы графигінің орындалуы туралы жедел ақпаратты шартқа сәйкес ұсынады.
88. Ұлттық инфрақұрылым операторы тасымалдаушыға қосымша ақпаратты жекелеген шарттардың негізінде ұсынады.
Магистральдық теміржол желісін пайдалану қағидаларына 1-қосымша |
|
Нысан |
Магистральдық теміржол желісіне қолжетімділікті беруге арналған өтінім
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.06.2017 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен
_____________ жылдан ________________________________ жылға дейін № ________
Ұлттық инфрақұрылым операторы
__________________________________________________________________________
(атауы, заңды мекенжайы, банк деректемелері)
Тасымалдаушы ____________________________________________________________
(атауы, заңды мекенжайы, банк деректемелері немесе Т.А.ӘА.)
Төлеуші __________________________________________________________________
(атауы, заңды мекенжайы, банк деректемелері)
Магистральдық теміржол желісі қызметтерін көрсетуге арналған шарттың
нөмірі ____________________________________________________________________
Төлеушінің коды ___________________________________________________________
Қатынас түрі ______________________________________________________________
Осы Магистральдық теміржол желісіне қолжетімділікті беруге арналған өтініммен тасымалдаушы, өзінің:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптарға сәйкес екендігін;
2) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға міндеттенетіндігін;
3) магистральдық теміржол желісі қызметтерін көрсетуге арналған шарттың елеулі талаптарын және магистральдық теміржол желісі учаскелерінің техникалық ерекшеліктерінің талаптарын қабылдайтындығын;
4) Магистральдық теміржол желісін пайдалану қағидаларының талаптарына сәйкес оған бөлінген өткізу қабілетінің бөлігін пайдаланатындығын;
5) қауіпті жүктерді тасымалдауды реттейтін құқықтық актілерден
тағындайтын талаптармен танысқанын және, егер ол өткізу қабілетін
қауіпті жүктерді тасымалдау үшін қолдануға ниетті болса, өткізу
қабілетін пайдаланған кезде оларды сақтауға міндеттенетіндігін;
6) банкрот болып табылмайтындығын;
7) оған өткізу қабілетінің үлесін бөлу үшін құқықтық кедергілердің жоқ екендігін;
8) тасымалдау процесін ұйымдастыру кезінде тасымалдаушының қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды сақтауын қамтамасыз ету;
қоршаған ортаны қорғау саласында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды және санитариялық-эпидемиологиялық нормаларды тасымалдаушының сақтауын
қамтамасыз ету;
магистральдық теміржол желісі қызметтеріне қол жеткізу
басымдылығы бөлігінде магистральдық теміржол желісі қызметтерін
көрсетуге арналған шарт бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету
кепілдіктерін беретіндігін растайды.
Осымен өтінімге қоса берілген құжаттардың (ақпараттың)
толықтығын және дұрыстығын растаймын.
М.О. Тасымалдаушы ____________________ күні ___________ жылы
(уәкілетті өкілдің Т.А.ӘА., қолы)
Магистральдық теміржол желісін пайдалану қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
1.1. Жылға _________ поездар қозғалыс кестесінің тармағымен жүктерді тасымалдаудың жылдық жоспарлы көлемдері
Ескерту. Қағида 2-қосымшамен толықтырылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.06.2017 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен
10 мың. т-км нетто
Поезды қалыптастыру |
Поездың | Поездың санаты |
Тармақтардың | жылғы_______ айлар бойынша, (тонно-ш нетто) | ||||||||||||||||
қаңтар | ақпан | наурыз | 1-тоқсан | сәуір | мамыр | маусым | 2-тоқсан | шілде | тамыз | қыркүйек | 3-тоқсан | қазан | қараша | желтоқсан | 4-тоқсан | Барлығы _____жылға _____ | ||||
Нысан |
1.2. Жолаушыларды тасымалдаудың жылдық жоспарлы көлемдері (кестесінің барлық тармағы бойынша)
вагон айналымы |
№ р/с | Поездың № | Бағдар | қаңтар | ақпан | наурыз | 1-тоқсан | сәуір | мамыр | маусым | 2-тоқсан | шілде | тамыз | қыркүйек | 3-тоқсан | қазан | қараша | желтоқсан | 4-тоқсан | Барлығы _____жылға _____ |
Магистральдық теміржол желісін пайдалану қағидаларына 3-қосымша |
|
Нысан |
2.1. Бағыттарына қарай айлар бойынша алдынғы жылдың жүктерді тасымалдау көлемі
Ескерту. Қағида 3-қосымшамен толықтырылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.06.2017 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен
Тиеу станциясы | Түсіру станциясы | Поездың санаты | по месяцам ______ года (тонно-км нетто) | Барлығы | |||||||||||
Қаңтар | Ақпан | Наурыз | Сәуір | Мамыр | Маусым | Шілде | Тамыз | Қыркүйек | Қазан | Қараша | Желтоқсан | ||||
Нысан |
2.2. Бағдар бойынша алдынғы __________жыл бойынша жолаушыларды тасымалдаудың көлемдері
вагон айналымы |
№ р/с | № поезда | Маршрут | Қаңтар | Ақпан | Наурыз | Сәуір | Мамыр | Маусым | Шілде | Тамыз | Қыркүйек | Қазан | Қараша | Желтоқсан | Барлығы _____жылға _____ |
Магистральдық теміржол желісін пайдалану қағидаларына 4-қосымша |
|
Нысан |
Тасымалдауға жоспарланған жылжымалы құрамның тізбесі
Ескерту. Қағида 4-қосымшамен толықтырылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.06.2017 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен
№ р/с | Вагоның түрі (сипаты) | Вагонның саны |
Вагонның | Тасымалдауды қамтамасыз етуге арналған локомотивтер | |
түрі | сипаттамасы | ||||
Магистральдық теміржол желісін пайдалану қағидаларына 5-қосымша |
|
Нысан |
Локомотивті бригаданың біліктілігі және олардың жоспарды және қызмет көрсету учаскелерін қырын білуі туралы ақпарат
Ескерту. Қағида 5-қосымшамен толықтырылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.06.2017 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен
№ р/с | Жүру түру | Біліктілігі | Ескертпе |
локомотивті бригадалары жоспарды және қызмет көрсету учаскелерін қырын білу білімін біледі