«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 14-бабы 1-тармағының 22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының әуежайларында әуекемелеріне қызмет көрсету үшін уақытша интервалдарды бөлу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө. Әдимолда) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С.Дүйсенбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Ә.Құсайынов
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің 2010 жылғы
11 қарашадағы № 520
бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының әуежайларында әуе кемелеріне қызмет көрсету үшін уақытша интервалдар бөлу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының әуежайларында әуе кемелеріне қызмет көрсету үшін уақытша интервалдар бөлу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген, Қазақстан Республикасының әуежайларында әуе кемелеріне қызмет көрсету үшін уақытша интервалдар бөлу тәртібін орнатады және меншік пен бұйым нысанына қарамастан, Қазақстан Республикасының әуежайларында және Қазақстан Республикасының барлық әуежайларына тұрақты рейстер орындайтын бар авиакомпанияларға таратылады.
2. Осы Қағиданың мақсаттары үшін қолданылатын терминдер мен анықтамалар:
1) авиакомпания - азаматтық әуе кемелерін пайдаланушының сертификаты бар заңды тұлға;
2) авиакомпанияның коды - авиатасымалдаушыны ақпараттарды қалыптастыру, беру және сақтау жүйесінде сәйкестендіру үшін рейсті белгілеудің құрама бөлігі ретінде пайдаланылатын символдардың (әріп-әріп, сан-әріп, әріп-сан) үйлесімі;
3) уақытша интервал (слот) - ұшақтың белгіленген күні мен кезеңінде әуе кеменің келу және жөнелту операциясын орындау үшін рейске бөлінген уақыты;
4) тарихи слот - өткен балама кезеңде кестеге қосылған слот;
5) тарихи слоттың құқығы - авиакомпанияның тарихи слотты бірінші кезекте бұл рейстің өткен жылдың ұқсас маусымының кестесінде осы слотты пайдалану фактісі негізінде жаңа маусымның рейс кестесі үшін пайдалану мүмкіндігі. Бұл ретте, өткен жылдың ұқсас мерзіміне қатысты жаңа мерзімнің кестесінде ұшудың жиілігін арттыру рұқсат етілмейді.
6) жазғы маусым - жартыжылдық, наурыздың соңғы жексенбісінде басталатын және қазанның соңғы сенбіде аяқталатын әрекет;
7) қысқы маусым - жартыжылдық, қазанның соңғы жексенбісінде басталатын және наурыздың соңғы сенбіде аяқталатын әрекет;
8) кезең - авиакомпаниялар мен әуежайлар үшін орнатылатын әуе кемесінің ұшу кестесін келісу және қалыптастыру мерзімі.
2-тарау. Қазақстан Республикасының әуежайларында әуе кемелеріне қызмет көрсету үшін әуежайлардың уақытша интервалдар бөлу тәртібі
3. Слоттарды бөлу әуеайлақ аумағында ұшуларды, ұшу-қону жолағындағы қозғалыстарды қауіпсіз орындауды, әуе кемелерінің техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуді және әуежайда жолаушыларға қызмет көрсетуді жоспарлау шарттарына сүйене отырып жүргізіледі.
4. Авиакомпания әуежайға слоттарды келісуге жазбаша түрде өтінім (бұдан әрі - өтінім) жіберу жолымен слоттарды (олардың өзгерісін) ұшу, қону әуежайларымен және ұшу бағыты бойынша барлық әуежайлармен келіседі.
5. Өтінімде келесі мәліметтер көрсетілуі тиіс:
1) рейсті орындау маусымы;
2) авиакомпания коды
3) рейс нөмірі
4) орындалу күндері;
5) әуе кемелерінің түрлері;
6) орындықтар саны;
7) бағыты;
8) рейс типі;
9) әуе кемесінің біліктілік нөмірі (ACN) қоса алғанда әуе кемесінің техникалық сипаттамалары.
6. Авиакомпания слоттарды ұшу, қону әуежайларымен және ұшу бағыты бойынша барлық әуежайлармен келіскеннен кейін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға рейс кестесінің немесе кестенің оперативті өзгерісінің өтінім жобасын ұсынады.
7. Әуежай слоттарды келісу өтінімдерінің тізілімін (бұдан әрі - Тізілім) осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес жүргізеді.
8. Тізілімге өтінімнің келген күні мен уақыты, сондай-ақ оның тіркеу нөмірі белгіленеді.
9. Тіркеуге қабылдамауға, өтінімде көрсетілген мәліметтер мен өтінімнің тіркеу нөмірін бұрмалауға рұқсат етілмейді.
10. Тізілімде тіркелген өтімдер туралы ақпарат барлық авиакомпанияларға қол жетімді болуы тиіс. Тізілімдегі мәліметтер Интернет желісінде әуежайдың ресми сайтында орналасады және күн сайынғы (жұмыс күндерінде) жаңартылуға жатады. Авиакомпанияның жазбаша сұрау салуы бойынша тізілімдегі өтінім сұрау салған күнінде әуежай арқылы авиакомпанияға жеткізіледі.
11. Әуежай өтінімді қарайды және авиакомпанияға оны алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде жауап жібереді. Осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген талаптарды бұзып өтінім әзірлеу кезінде өтінім авиакомпанияға қайтарылады.
12. Жаңа маусымға кесте жобасын әзірлеу кезінде әуежайлық рұқсат мүмкіндіктерінің нормативтері төмендемеген, ал әуежай жұмысының шектеулігі өзгермеген жағдайда ұқсас маусымның өткен кестесіне қатысты параметрлері өзгермеген рейстердің бұрын тағайындалған слоттарды пайдалану құқығы сақталады (тарихи слот құқығы).
13. Әуежай өткен эквивалентті маусымда рейстер кестесі аясында нақты орындау анализі негізінде авиакомпаниямен келісу үшін тарихи слоттар тізімінің жобасын қалыптастырады.
14. Тарихи слоттар тізбесінің жобасы 5-сәуірге (келесі қысқы маусым) және 5 қыркүйекке дейін (келесі жазғы маусым) келісу үшін тарихи слотқа құқығы бар авиакомпанияға жіберіледі.
15. Авиакомпаниялар жоспарлы кезеңде 15 сәуірге дейінгі мерзімде (қысқы маусым) және 15 қыркүйекке дейін (жазғы маусым) өтінім беру жолымен тарихи слоттар құқығын пайдалануға келісімде өтінімді растайды.
16. Авиакомпаниялар келісілмеген слоттар осы Қағидалардың 12 және 13-тармақтарына сәйкес бос болып саналады.
17. Авиакомпаниялар әуежайға бос слоттарға өтінімді 21-сәуірден бастап (алдағы қысқы маусым) және 21 қыркүйектен бастап (алдағы жазғы маусымға) жіберді.
18. Әуежай авиакомпанияларға бос слоттарға өтінімдерді 6-мамырдан бастап 30-қыркүйекті қоса алғанда (алдағы қысқы маусымға) және 6 қазаннан бастап 28-ақпанда қоса алғанда (алдағы жазғы маусымға) келіседі және растайды.
19. 30-қыркүйекті қоса алғанда (қысқы маусым) немесе 28-ақпанды қоса алғанда (жазғы маусым) кестеде жарияланбаған слоттар бос болып саналады. Авиакомпаниялар осы слоттарды бөлуге өтінім береді.
20. Расталған слоттарды авиакомпаниялар арасында қайта табыстауға (қайта сату) рұқсат берілмейді.
21. Авиакомпаниялар келісілген слоттардың кез-келген мөлшерін шартты сақтаумен - әуежаймен бетпе-бет келісумен ауыстырып алады.
22. Рейс параметрлері, өткізу қабілеті нормативтері және әуежай жұмысының шектеулері өзгерген кезде, сондай-ақ авиакомпаниялардың барлық өтінімдерін слоттарды бөлу мүмкін емес авиакомпаниялардың барлық өтінімдері қанағаттандырылуы жағдайда тұрақты жолаушылар рейстеріне беріледі және әуе желілері бойынша келесі артықшылықтар белгіленеді:
1) халықаралық;
2) ішкі;
3) халықаралық Чартерлік;
4) ішкі Чартерлік;
5) жүк.
23. Расталған слоттарды техникалық мүмкіндіктері өзгеруі жағдайында қайта қарау қажеттілігі кезінде ерекше артықшылық слоттарды бөлудің келесі кезектіліктегі өтінімдеріне беріледі:
1) Дәйекті эквивалентті маусымда үлкен мөлшерлі тарихи слоттар құқығымен;
2) өткен эквивалентті мерзімде слоттарды пайдаланудың өте жоғары коэффицентімен;
3) ағымдағы маусымда слоттарды пайдаланудың өте жоғары коэффицентімен;
4) ағымдағы маусымда өте ерте мерзімде слоттарға растау алу;
5) ағымдағы маусымның кестесіне рейстерді өте ерте мерзімде жариялау.
24. Артықшылығы жағынан бірдей және әуежайдың техникалық мүмкіндігінің шектеулігінен бір мерзімде қанағаттандыру мүмкін емес слоттарды бөлуді көздеген бірнеше өтінімдер болу кезінде өтінімді қарау мен растау Тізілімде тіркелген осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген өтінімдерді беру кезектілігін есепке алып, әуежай іске асырады.
25. Өтінімді келісу мен растауды әуежайдың техникалық мүмкіндігіне сәйкес әрбір әрекет ету мерзімінде әуежай жүргізеді.
26. Авиакомпанияға сұратылған слотты беру мүмкіндігі болмаған жағдайда әуежай оған басқа слот береді.
27. Авиакомпаниялар азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға «R» үлгісін бекітуге әуежай растаған слоттарға сәйкес өтінім береді.
28. «R» үлгісіндегі рейс параметрлерінің әуежаймен келісу кезінде көрсетілген параметрлермен (рейс нөмірімен, әуе кемесінің түрімен, орындау жиілігімен, бағыты) айырмашылығына рұқсат етілмейді.
29. Азаматтық авиация саласының уәкілетті органы «R» үлгісін бекітпеген кезде авиакомпанияның «R» үлгісінде көрсетілген, расталған слоттарды әуежай жояды және бос болып қалады.
30. Авиакомпания кестені өзгертуге слоттар және жаңа рейс енгізуді кемінде 30 күнтізбелік күн ішінде сұрайды.
31. Авиакомпания кестеге түзету енгізу туралы не жаңа рейс енгізуі туралы әуежайды кемінде 15 жұмыс күнінде ақпараттандырады.
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің
2010 жылғы 11 қарашадағы
№ 520 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының
әуежайларында әуе кемелеріне
қызмет көрсету үшін уақытша
интервалдарды бөлу
қағидаларына қосымша
Слоттарды келісу өтінімдерінің тізілімі
№ |
Әуежайдың тіркеу № |
өтінімді берген күні |
өтінімнің үлгісі және № |
Авиакомпания |
әуе кемесінің түрі |
бағыт ы |
Ұшу жиілігі |
Ұшуларды орындау кезеңі |
Слот (жергілікті уақыт) |