Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 47) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар бекітілсін:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорттық ұйымдар түрлерінің тізбесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің, мүгедектерге арналған спорт мектептері қызметінің қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын Олимпиада резервін даярлау орталықтары қызметінің қағидалары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын Олимпиадалық даярлау орталықтары қызметінің қағидалары;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын жоғары спорт шеберлігі мектептері қызметінің қағидалары;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын балалар-жасөспірімдер дене даярлығы клубтары қызметінің қағидалары;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу жиыны процесі жүзеге асырылатын спорт клубтарының, мүгедектерге арналған спорт клубтары қызметінің қағидалары;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесін жүзеге асырылатын кәсіпқой спорт клубтары қызметінің қағидалары;
9) осы бұйрыққа 8-1-қосымшаға сәйкес Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшы-мүгедектерді даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесін жүзеге асырылатын дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының қызметі қағидалары.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы бұйрықтың 9-қосымшасына сәйкес дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б. Қанағатов) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Т.Қ. Есентаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | А. Мұхамедиұлы |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 106 бұйрығымен бекітілген 1-қосымша |
Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорттық ұйымдар түрлерінің тізбесі
Ескерту. Тізбенің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, мүгедектерге арналған спорт мектебі.
2. Олимпиада резервін даярлау орталығы.
3. Олимпиадалық даярлау орталығы.
4. Жоғарғы спорт шеберлігі мектебі.
5. Балалар-жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлығы клубы.
6. Спорт клубы, мүгедектерге арналған спорт клубы.
7. Мамандандырылған спорт клубы.
8. Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 106 бұйрығымен бекітілген 2-қосымша |
Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің, мүгедектерге арналған спорт мектептері қызметінің қағидалары
Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, мүгедектерге арналған спорт мектептері қызметінің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, мүгедектерге арналған спорт мектептері (бұдан әрі - спорт мектептері) қызметінің тәртібін айқындайды, сондай-ақ "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес "Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет көрсету) тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 14.05.2020 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде балаларды, жасөспірімдерді, юниорларды және жастарды, олардың ішінде мүмкіндіктері шектеулі адамдарды (бұдан әрі – мүгедектер) (бұдан әрі – оқушылар), спорт түрлерінен дайындау мақсатында қосымша білім беру оқу бағдарламаларын іске асырылады.
3. Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне мамандандырылмаған балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектептері жатады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Спорт мектептерінің республикалық, облыстық, қалалық және аудандық мәртебесі болуы мүмкін. Спорт мектептерінің мәртебесі оның құрылтайшысымен анықталады және спорт мектептерінің жарғысында көрсетіледі.
5. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) резервтік құрам – спорт түрлері бойынша бөлімшілердің негізгі топтарының құрамына кірмеген, бірақ осы мектептің жаттықтырушы-оқытушыларының басшылығымен шұғылданатын спортшылар;
2) спорттық нормативтері – орындалуы тиісті топқа ауысу үшін негізгі шарт болып табылатын оқушылардың спорт түрлерінен белгілі бір спорттық жаттығуларды орындауын есепке ала отырып, спорт мектептерінің оқушыларына қойылатын бақылау-ауыстыру талаптары;
3) тұрақты құрам – спорт мектебінің контингентіне директордың бұйрығымен қабылданған спортшылар.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Мақсаттары мен міндеттері
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
6. Спорт мектептерінің негізгі мақсаттары:
1) оқушыларды дене шынықтырумен және спортпен жүйелі шұғылдануға тарту;
2) оқушылардың белгілі бір спорт түріне қабілетін анықтау;
3) оқушыларды спорт түрлеріне оқыту және моральдық-ерік қасиеттерін тәрбиелеу.
7. Спорт мектептерінің негізгі міндеттері:
1) оқушылар арасында олардың денсаулығын нығайтуға және жан-жақты дене мүмкіндігінің жетілуіне бағытталған дене шынықтыру-сауықтыру және тәрбиелік жұмыстарды жүзеге асыру;
2) жалпы білім беру мектептерінде және басқа да білім беру мекемелеріне спорт мектебінде жүргізілетін спорт түрлері бойынша әдістемелік және спорттық-бұқаралық жұмыстарға жан-жақты көмек көрсету;
3) спорт резервін, аудандық, қалалық, облыстық, республикалық құрама командаларға үміткерлер даярлауды қамтамасыз ету және спорт мектептерінде жоғары дәрежелі спортшыларды тәрбиелеу.
8. Алға қойылған міндеттерді іске асыру үшін спорт мектептері:
1) жыл бойы тұрақты сабақтар өткізу үшін жағдайлар жасайды;
2) қабілетті оқушыларды болашақта спорт түрлері бойынша мамандыру үшін іріктеу жүйесін ұйымдастырады;
3) жүйелі тәрбиелік жұмыстарды, соның ішінде оқушылардың спорттық этиканы сақтау дағдыларын, ұйымшылдығын дамытуды ұйымдастырады;
4) алдыңғы қатарлы спортық технологияларды пайдаланып, соның ішінде оқу-жаттығу процесін ұйымдастырады;
5) спорттық жарыстарды жүйелі өткізеді және оқушылардың спорттық жарыстарға белсенді қатысуын қамтамасыз етеді;
6) оқушылардың қажетті теориялық білімді және тәжірибиелік дағдыларды игеруін қамтамасыз етеді.
3-тарау. Оқушыларды қабылдау, ауыстыру және оқудан шығару тәртібі
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
9. Оқушыларды қабылдау, ауыстыру, оқудан шығару және олардың оқуды бітіруі жаттықтырушы-оқытушының оқушыға ұсынымы бойынша спорт мектебі директорының бұйрығымен ресімделеді.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9-1. Спорт мектебіне мына талаптарға сәйкес келетін жалпы білім беретін мектептердің және басқа да оқу орындарының оқушылары қабылданады:
1) таңдаған спорт түрі бойынша спорттық норматив;
2) осы Қағидалардың 1-қосымшасында көрсетілген спорт түрлері бойынша алғашқы даярлау топтарына қабылдау үшін балалардың жасы.
Ескерту. 3-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 08.02.2019 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 14.05.2020 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.10. Спорт түрлері бойынша бірінші оқу жылының бастапқы даярлау топтарына құжаттарды қабылдау оқу жылы ішінде балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің, мүгедектерге арналған спорт мектептерінің (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) кеңсесі арқылы жеке тұлғаның (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) өтінішіне сәйкес еркін нысанда жүргізіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында баяндалған.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 14.05.2020 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10-1. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе уәкілетті өкіл) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) оқуға түсушінің ата-анасынан немесе заңды өкілдерінен еркін нысандағы өтініш;
2) оқуға түсушінің жеке сәйкестендіру нөмірі бар туу туралы куәлігі (сәйкестендіру үшін);
3) ата-анасының немесе заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
4) таңдаған спорт түрі бойынша сабақтарға жіберілгені туралы учаскелік дәрігер берген медициналық анықтама;
5) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген 088/е нысандағы медициналық құжаттама (тұрғылықты жері бойынша медициналық-санитарлық сараптамасының анықтамасын мүгедектер ұсынады).
Ескерту. 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 14.05.2020 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.10-2. Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын осы Қағидалардың 9-1 және 10-1-тармақтарының талаптарына сәйкес толықтығын және дұрыстығын, оқуға түсушінің сәйкестігін зерделейді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінімді қабылдаудан бас тартады және осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бас тарту туралы қолхат береді.
Ескерту. 10-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 14.05.2020 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10-3. Ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтініштің көшірмесіне күні мен тегін көрсете отырып, қабылданғаны туралы белгі қояды, сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы қолхат береді.
Ескерту. 10-3-тармақпен толықтырылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 14.05.2020 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10-4. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады:
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтауы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған деректер мен мәліметтердің осы Қағидалардың 9-1, 10-1 және 11-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкес келмеуі.
Ескерту. 10-4-тармақпен толықтырылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 14.05.2020 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10-5. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
Ескерту. 10-5-тармақпен толықтырылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 14.05.2020 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Спорт түрлеріне байланысты оқушылардың жасы "Спорт резерві және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау бойынша оқу-жаттығу процесін жүзеге асыратын дене шынықтыру-спорт ұйымдарында спорт түрлері бойынша спортшылардың жас шамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 20 қазандағы № 42 бұйрығымен реттеледі, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 9881 тіркелген.
12. Оқушыларды келесі оқу жылына және келесі оқу кезеңі топтарына ауыстыру:
1) тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйым берген денсаулығы туралы медициналық анықтамасы бар болғанда;
2) тұрғылықты жері бойынша МССК анықтамасы бар болғанда (мүгедектер тапсырады);
3) осы топтарға арналған және спорт мектебінің директоры бекіткен спорттық нормативтерді орындаған жағдайда жүзеге асырылады.
Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Спорттық нормативтерді тапсырмаған оқушылар келесі топтарға ауыстырылмайды. Осы оқушылар спорт мектебі педагогикалық кеңесі шешімінің негізінде осы даярлау кезеңінде бір реттен артық емес оқу жылында қайтадан оқуды жалғастырады.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. Тиісті оқу жылының спорттық нормативтерді орындаған, бірақ келесі оқу жылындағы топқа ауысу үшін белгіленген жасқа жетпеген оқушылар, педагогикалық кеңестің шешімімен мерзімінен бұрын ауыстырылады.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Оқушылар мына жағдайларда оқудан шығарылады:
1) медициналық қарсы айғақтары болған жағдайда;
2) жеке дайындық жоспарларының талаптарын орындамағанда, спорттық дайындық тәртібін бұзғанда;
3) өзінің спорттық нәтижесін төмендеткенде;
4) спорт мектебінің ішкі тәртіп ережелерін бұзғанда;
5) спортта тыйым салған субстанциялар және (немесе) әдістерді қолданғанда;
6) өз еркімен.
16. Оқушылар топтан шыққан жағдайда, жаттықтырушы-оқытушы топты бір ай мерзім ішінде толықтырып жасақтайды.
Оқу жылы аяқталған кезде спорт мектептеріндегі топтардың сандық құрамы алғашқы құрамынан кемінде 50%-ды құрауы тиіс.
4-тарау. Оқу-жаттығу үдерісін ұйымдастыру
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
17. Спорт мектебінде оқу барысында оқушылар келесі дайындық кезеңдерінен өтеді:
1) спорттық-сауықтыру даярлығы кезеңінде (оқудың барлық кезеңі) – сабақтар денсаулығын нығайту және қозғалудың табиғи қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында дене шынықтырумен және спортпен шұғылданғысы келетін 6 жастан 15 жасқа дейінгі оқушылармен өткізіледі;
2) алғашқы даярлау кезеңі (1-3 жыл) – сабақтар оқу-жаттығу топтарына дарынды оқушыларды іріктеу мақсатында осы спорт түріне белгіленген жасқа сәйкес спортпен шұғылданғысы келетін балалармен өткізіледі;
3) оқу-жаттығу даярлығы кезеңі (4-5 жыл) – топтар спорт түрі бойынша мамандану мақсатында алғашқы спорттық даярлау курсын табысты игерген оқушылардан жасақталады;
4) спорттық жетілдіру кезеңі (3-4 жыл) – топтар жастар құрама командаларын толықтыру мақсатында оқу-жаттығу топтарында даярлану кезеңінен өткен және бақылау нормативтерін орындаған оқушылардан жасақталады;
5) жоғары спорт шеберлігі кезеңі (3 жыл және одан жоғары) – топтар спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын толықтыру мақсатында спорттық жетілдіру кезеңінен өткен оқушылардан жасақталады.
18. Әр оқушыға осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес спортшының жеке карточкасы ашылады.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 14.05.2020 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.19. Спорт мектептері жұмысының негізгі нысандары мыналар:
1) оқу-жаттығу сабақтары (жеке және топтық);
2) көшпелі оқу-жаттығу жиындарындағы және көшпелі емес оқу-жаттығу жиындарындағы оқу-жаттығу сабақтары;
3) спорттық жарыстарға қатысу;
4) спорттық-сауықтыру лагерлеріндегі оқу-жаттығу процесі;
5) медициналық қалпына келтіру іс-шаралары;
6) теориялық сабақтар;
7) оқушылардың нұсқаушылық және төрешілік іс-тәжірибелері;
8) спорттық жарыстарды көру және талдау болып табылады.
Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.20. Спорт мектептерінде оқу жылы 1 қыркүйектен басталады. Спорт түрлері бойынша бөлімшелердегі оқу-жаттығу сабақтары оқу-жаттығу сабақтарының 52 аптаға есептелген оқу бағдарламалары мен оқу жоспарлары бойынша тікелей спорт мектебінің жағдайында, оқу-жаттығу жиындарына, жарыстарға, спорттық-сауықтыру лагерлерінде қатысуды қоса алғанда және спорт мектептерінің демалысы кезіндегі жеке жоспары бойынша жүргізіледі.
21. Осы Қағиданың негізінде әрбір спорт мектебі өзі таңдаған жұмысты, спорт түрлерінің ерекшелігін, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді есепке алып, қызмет бағдарламасын әзірлейді. Қызмет бағдарламасын спорт мектебінің директоры бекітеді.
22. Спорт мектебінің спорттық жетістіктері осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес спорт мектебінің картасында көрсетіледі.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 14.05.2020 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.23. Оқушылар және оқу топтартарының спорт мектебінде білім алған кезінде спорттық жарыстарда қол жеткізген нәтижелері жарыстарды өткізу циклінің ішінде (бір, екі, төрт жылда) спорт мектебі қызметкерлерінің еңбек ақысын төлеу бойынша үстемеақыны айқындау кезінде ескеріледі.
24. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, республикалық және халықаралық спорттық жарыстарға қатысуға жіберілген спорт мектептерінің командалары мен оқушыларын дайындау үшін спорт мектептері қаржыландыру шегінде тікелей осы елді мекенде орналасқан оқу-жаттығу жиындарында өтетін ұзақтығы он сегіз күнтізбелік күнге дейін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жарыстарын, ұзақтығы жиырма бір күнтізбелік күнге дейін республикалық және ұзақтығы жиырма төрт күнтізбелік күнге дейін халықаралық спорттық жарыстарға көшпелі оқу-жаттығу жиындары мен жиындар, сондай-ақ жарыс маусымы аяқталған соң қалпына келтіру жиындарын өткізеді, олардың жалпы саны жылына жүз елу күнтізбелік күннен аспауы тиіс.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.25. Спорттық-сауықтыру топтары мен алғашқы даярлау топтарындағы сабақтар жалпы білім беретін мектептердің ғимаратында және басқа да оқу мекемелерінің оқу жылы бойы қолда бар спорт ғимараттарын пайдалану арқылы өткізілуі мүмкін. Топтар үшін белгіленген көлемде оқушылар контингенті болған жағдайда, олармен сабақтар демалыс кезінде де жалғаса береді.
Жыл бойғы оқу жаттығулары мен оқушылардың демалыс кезінде белсенді тынығуын қамтамасыз ету үшін спорттық-сауықтыру лагерлері ұйымдастырылады.
26. Бір сабақтың ұзақтығы:
1) спорттық-сауықтыру топтарында және алғашқы даярлау топтарында - екі-үш академиялық сағаттан аспауы тиіс;
2) оқу-жаттығу топтарында аптасына кемінде төрт рет сабақ өткізу кезінде - үш-төрт академиялық сағаттан аспауы тиіс, аптасына жиырма сағат және одан да көп жүктемесі бар топтарда – төрт академиялық сағаттан аспауы тиіс, күніне екі рет жаттығу сабағы болған кезде – үш академиялық сағаттан аспауы тиіс;
3) спорттық жетілдіру және жоғары спорт шеберлігі топтарында – төрт академиялық сағаттан аспауы тиіс.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.27. Оқу-жаттығу топтарында, спорттық жетілдіру және жоғары спорт шеберлігі топтарында сабақты спорт түрі бойынша негізгі жаттықтырушы-оқытушы жүргізеді.
Оқу-жаттығу процесінде көмек көрсету үшін қосымша жаттықтырушы-оқытушы тартылады. Осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес бірінші топқа енгізілген спорт түрлерінде аралас спорт түрлерi бойынша, жалпы дене шынықтыру дайындығы бойынша жаттықтырушы-оқытушылар, сонымен қатар, жаттықтырушы-кеме жүргізуші, жаттықтырушы-кеңесші, жаттықтырушы-сервисмен, жаттықтырушы-майлаушы, жаттықтырушы-техник, жаттықтырушы-дәрігер, жаттықтырушы-механик, жаттықтырушы-қару-жарақ жасақтаушы, мал дәрігері, зоотехник, ұста, ат бағушы, әбзелші, жылқышы, жаттықтырушы-массажшы, нұсқаушы-берейтор (бессайыс), хореограф, аккомпониатор, психолог, сервисмен-конькиді қайраушы, сервисмен-шаңғы майлаушы тартылады.
Спорт мектебінің директоры, директордың орынбасары және нұсқаушы-әдіскер тиісті жоғары кәсіптік білімі және біліктілік санаты болған кезде жаттықтырушы-оқытушылық жұмысты жүргізеді. Бұл ретте жаттықтырушы-оқытушылық жұмыс үшін төлем 0,5 ставкадан аспауы тиіс.
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 14.05.2020 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.28. Қазіргі бессайыс (биатл, триатл) бойынша сабақтарға оқу жүктемесін есептеу кезінде оқу сағат саны 2,5 есеге көбейтілуі тиіс, спорттық және көркем гимнастика, конькимен мәнерлеп сырғанау, суға секіру, акробатика, үйлесімді жүзу, биатлон, фристайл, су шаңғысы спорты, триатлон бойынша 2 есеге, ал шаңғы қоссайысы, жеңіл атлетика көпсайысы, ат спорты, полиатлон, есу слаломы, байдарка мен каноэде есуде, академиялық есуде оқу бағдарламасына енетін жаттықтырушы-оқытушылардың еңбек ақысын есепке алып, 1,5 есе көбейтілуі тиіс.
Берілген спорт түрлері бойынша оқу сабақтарының сағат есепке алып санын көбейту негізгі жаттықтырушы-оқытушының және ұқсас спорт түрлері бойынша жаттықтырушы-оқытушылардың топтарын бірге бір мезгілде жұмысқа тартқан жағдайда жүзеге асырылады.
5-тарау. Жинақтау тәртібі, топтардың толықтырылуы, оқу-жаттығу жұмысының тәртібі
Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
29. Спорт мектептерінің құрылымында тұрақты және резервтік құрам болады.
Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.30. Республикалық мәртебесі бар спорт мектебіндегі оқушылар контингентін, оқу топтарының санын, оқу сағаттарының жылдық есебін және штаттық кестені жыл сайын бірінші қыркүйектен кешіктірмей дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен (бұдан әрі – уәкілетті орган) келісім бойынша спорт мектебінің директоры бекітеді.
Облыстық, қалалық және аудандық мәртебесі бар спорт мектебіндегі оқушылар контингентін, оқу топтарының санын, оқу сағаттарының жылдық есебін және штаттық кестені жыл сайын бірінші қыркүйектен кешіктірмей дене шынықтыру және спорт саласындағы тиісті жергілікті атқарушы органмен (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) келісім бойынша спорт мектебінің директоры бекітеді.
Спорт түрлері бойынша бірінші оқу жылының алғашқы даярлау топтарын жасақтау күнтізбелік жылдың бірінші қазанына дейін жүргізіледі.
Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.31. Оқу-жаттығу жұмысының тәртібі және топтардың толықтырылуы осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес айқындалған.
Мүгедектер арасындағы оқу-жаттығу жұмысының тәртібі және топтардың толықтырылуы осы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес айқындалған.
Жаттықтырушы-оқытушылар бастауыш даярлықтың резервтік тобын жасақтайды, оның саны спорт түрі бойынша алғашқы оқу жылының алғашқы даярлық тобындағы оқушылардың санынан кемінде 50%-ын құрайды. Жаттықтырушы-оқытушылар алғашқы даярлықтың резервтік топтарындағы оқушылардың саны туралы ай сайын есеп жасайды.
Спорттық және би жұптары үшін мәнерлеп сырғанаудан спорттық жетілдіру және жоғары спорт шеберлігі топтарында оқушылардың саны төрт адамды құрайды.
Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 14.05.2020 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.32. Алып тасталды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
33. Спорт мектептерінің жоғары спорт шеберлігі топтарына ойын спорты түрлерінен, көкпардан, коньки спортынан, шорт-тректен, жеңіл атлетикадан "Спорт шеберіне үміткер" разрядын, ал қалған спорт түрлерінде "Қазақстан Республикасының спорт шебері" дәрежесінен төмен емес атақ алған оқушылар ауыстырылады.
Спорт мектептерінің спорттық жетілдіру топтарына ойын спорты түрлерінен, көкпардан, коньки спортына және жеңіл атлетикадан бірінші спорттық разряд, ал қалған спорт түрлерінде "Спорт шеберіне үміткер" дәрежесін алған оқушылар ауыстырылады.
Спорт мектептерінің оқу-жаттығу топтарына алғашқы даярлық кезеңінде кемінде бір оқу жылында оқыған оқушылары қабылданады.
Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.34. Спорт мектептерінде спорт түрлерінен бөлімшелер алғашқы даярлау топтарынан, оқу-жаттығу топтарынан, спорттық жетілдіру топтарынан және жоғары спорт шеберлігі топтарынан құрылады.
Облыстық, қалалық және аудандық спорт мектептерінде спорттық жетілдіру топтарын ашу тиісті жергілікті атқарушы органның келісу бойынша спорт мектебі директорының шешімімен жүзеге асырылады.
Республикалық спорт мектептерінде спорттық жетілдіру топтарын ашу, республикалық, облыстық, қалалық және аудандық спорт мектептерінде жоғары спорт шеберлігі топтарын ашу уәкілетті органның келісу бойынша спорт мектебі директорының шешімімен жүзеге асырылады.
35. Спорт мектептерінің жаттықтырушы-оқытушылар құрамының жұмысы:
1) алғашқы даярлау топтарында – оқу топтары құрамының тұрақтылығы жалпы дене дайындығы бойынша талаптарды қоса алғанда, оқушылардың спорт мектептері бағдарламаларын игеру деңгейі, оқу-жаттығу топтарына ауыстырылған шұғылданушылардың санын есепке алып;
2) оқу-жаттығу топтарында – топ құрамының тұрақтылығы, жалпы және арнайы дене дайындығының нормативтік көрсеткіштерін орындауын, спорттық жарыстарда қол жеткізген нәтижелерін және кемінде екінші жасөспірімдік спорттық разрядының болуын, түлектер арасынан спорт төрешілерін дайындауды есепке алып;
3) спорттық жетілдіру топтарында – шұғылданушылардың бағдарлама, соның ішінде спорттық даярлау талаптарын орындауларын, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларына (негізгі, жастар және жасөспірімдер құрамы) даярланған үміткерлер саны, олардың республикалық және халықаралық жарыстарда өнер көрсетуінің нәтижелерін ескере отырып;
4) жоғары спорт шеберлігі топтарында – спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларына (негізгі, жастар және жасөспірімдер құрамы) даярланған үміткерлердің санын, олардың республикалық және халықаралық жарыстарда өнер көрсетуінің нәтижелерін ескере отырып бағаланады.
Ескерту. 35-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.36. Әр жаттықтырушы-оқытушыға осы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес жаттықтырушы-оқытушының жеке карточкасы ашылады.
Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 14.05.2020 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.37. Спорт мектептерінде педагогикалық кеңес құрылады, оның ережесін және құрамын спорт мектебінің директоры бекітеді.
Педагогикалық кеңес тоқсан сайын кемінде бір рет өткізіледі. Педагогикалық кеңес отырысында оқу-жаттығу, тәрбие, әдістемелік, спорттық-бұқаралық жұмыстар, дәрігерлік бақылау тыңдалады және талқыланады және солар бойынша шешімдер қабылданады.
38. Спорт түрлері бойынша бөлімшелерде егер олардың әрқайсысының басшылығымен толық жүктемемен кемінде 3 жаттықтырушы-оқытушы жұмыс істейтін болса, онда спорт мектебі директорының бұйрығымен жетекші жаттықтырушы-оқытушылар арасынан бөлімшенің аға жаттықтырушы-оқытушылары тағайындалады.
39. Спорт түрлерінен бөлімшелерде жаттықтырушылар кеңесі құрылады, оның ережесін және құрамын спорт мектебінің директоры бекітеді.
Жаттықтырушылар кеңестерінде бөлімшелердің аға жаттықтырушы-оқытушыларының басшылығымен айына бір реттен кем емес оқу-жаттығу, тәрбие жұмысы, оқушыларды даярлаудың жеке жоспары, жарыстарға қатысу мәселелері қарастырылады, спорт бойынша жаттықтырушы-оқытушылардың жаттығу процесі, кейіннен оларды талқылай және жұмыс тәжірибесімен алмаса отырып, ашық жаттығу сабақтарын өткізу әдістемелерін жетілдіру жөніндегі хабарламалар мен баяндамалар тыңдалады.
Ескерту. 39-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.40. Спорт мектебі жұмысшыларының штатын спорт мектебінде жүргізілетін спорт түрлерін және спорт ғимараттарын ескере отырып, уәкілетті органның (спорт мектебінің республикалық мәртебесі болған жағдайда) немесе тиісті жергілікті атқарушы органның (спорт мектебінің облыстық, қалалық және аудандық мәртебесі болған жағдайда) келісуімен спорт мектебінің директоры бекітеді.
41. Спорт мектептері спортшыларды және жаттықтырушы-оқытушылар құрамын заңнамада белгіленген тәртіпте спорттық киіммен, аяқ-киіммен, мүкаммалмен және құрал-жабдықтармен қамтамасыз етеді.
42. Спорт мектептері үшін бірыңғай спорттық форма, таңба, төс белгісі және оқушы билеті белгіленеді.
6-тарау. Медициналық қамтамасыз ету
Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
43. Спорт мектебінің медициналық қызметкері оқу-жаттығу үрдісі кезінде және мектеп жарыстарын өткізу кезінде медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, жаттығу жүктемесінің көлемі мен қарқындылығын бақылауды, жыл сайынғы медициналық тексерудің кестесі және үрдісін қадағалайды, спортшыларды даярлаудың жеке жоспарын құруға және бекітуге қатысады.
Спорт мектебінің әр оқушысына дәрігерлік-бақылау картасы толтырылады, ол мектебінің медициналық кабинетінде сақталады.
7-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Ескерту. 7-тараумен толықтырылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 14.05.2020 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
44. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
45. Шағым жазбаша түрде пошта арқылы, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы беріледі.
46. Шағымды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
47. Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
48. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жоғары тұрған органдарға немесе сотқа жүгінуге құқылы.
49. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын балалар- жасөспірімдер спорт мектептері, мүгедектерге арналған спорт мектептері қызметінің қағидаларына 1-қосымша |
Ескерту. 1-1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 14.05.2020 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Нысан
Спорт түрлері бойынша алғашқы даярлау
топтарына қабылдау үшін балалардың жастары
Ескерту. Қағида 1-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№ | Спорт түрі | Жас |
1. | Мәнерлеп сырғанау | 4-5 жас |
2. | Спорттық гимнастика, көркем гимнастика, теннис, шайбалы хоккей | 5-8 жас |
3. | Акробатика, спорттық би, гольф, үстел теннисі, бадминтон | 6-8 жас |
4. | Су шаңғы спорты, гандбол, жүзу, суға секіру, батуттта секіру, синхрондық жүзу, ушу, фристайл, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, каратэ спортының түрлері, су добы, желкен спорты, спорттық бағдарлау, спорттық құзырға өрмелеу | 7-9 жас |
5. | Қалашық спорт, футбол, спорт туризмі, семсерлесу, таэквондо | 8-10 жас |
6. | Баскетбол, бейсбол, биатлон, волейбол, коньки тебу спорты, жеңіл атлетика, шаңғы жарысы, шаңғы екісайысы, тұғырдан шаңғымен секіру, регби, көкалдағы хоккей, допты хоккей, шорт-трек, қазақ күресі, самбо, есу слаломы | 9-11 жас |
7. | Атлетизм, бильярд спорты, бокс, велоспорт, еркін күрес, грек-рим күресі, гір спорты, академиялық есу, байдарка мен каноэде есу, дзюдо, кикбоксинг, муайтай (тай-бокс), шана спорты, қазіргі бессайыс (биатл, триатл), триатлон, ауыр атлетика (жасөспірімдер), ат спорты, ат спортының ұлттық түрлері | 10-12 жас |
8. | Мүгедектер арасында дамып келе жатқан бүкіл спорт түрлері | 7-11 жас |
9. | Саят (құсбегі) – аң аулауға шығу | 10-13 жас |
10. | Садақтан ату | 11-13 жас |
11. | Стенд ату, нысана көздеу | 12-14 жас |
12. | Ауыр атлетика (әйел жынысы) | 13-14 жас |
Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын балалар- жасөспірімдер спорт мектептері, мүгедектерге арналған спорт мектептері қызметінің қағидаларына 2-қосымша |
Ескерту. 2-қосымшамен толықтырылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 14.05.2020 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты | ||
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Мемлекеттік қызметті балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, мүгедектерге арналған спорт мектептері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. |
2. | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады. |
3. | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап - 30 (отыз) минут ішінде. |
4. | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Қағаз түрінде. |
5. | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің тегі мен күні көрсетілген қабылдау туралы белгісі бар өтініштің көшірмесі, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Жеке тұлғаларға тегін. |
7. | Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі |
Көрсетілетін қызметті беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін. |
8. | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1) оқуға түсушінің ата-анасынан немесе заңды өкілдерінен еркін нысандағы өтініш; |
9. | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтауы; |
10. | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Спорт түрлері бойынша бірінші оқу жылының бастапқы даярлау топтарына құжаттарды қабылдау оқу жылы ішінде жүргізіледі. |
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
Ескерту. 3-қосымшамен толықтырылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 14.05.2020 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабының 1-тармағын, 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларын басшылыққа ала отырып, балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, мүгедектерге арналған спорт мектептері:
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(атауы және заңды мекен-жайы)
"Спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары түрлерінің тізбесін және олардың қызметі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 106 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10012 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 26 қаңтарда жарияланған) бекітілген Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің, мүгедектерге арналған спорт мектептері қызметінің қағидаларының 10-1-тармағында көзделген құжаттар тізбесіне сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты "Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады, атап айтқанда жоқ және (немесе) қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттардың атауы:
1)___________________________________________________________ ;
2)___________________________________________________________ ;
3)___________________________________________________________ .
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
Орындаушы:_________________________________ _____________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Телефоны ____________________
Алдым:___________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, (қолы)
әкесінің аты (болған жағдайда)
20__ жылғы"___"_________
Ескерту. 1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 14.05.2020 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Нысан
Спортшының жеке карточкасы
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Тегі, Аты, Әкесінің аты (болған кезде) ____ Туған жылы, айы, күні ___
Спорт түрі __________________________________________________________
Спортпен шұғылдану сабақтарының басталған жылы, айы _________________
Спорт мектебі _______________________________________________________
Спорт қоғамы _____________________________ Қала _____________________
1-кесте
Топтар | Оқу жылы | Тексерілген күні | Физикалық дамуы | Медициналық қорытынды | ||||||
бойы | салмағы | табанының ұзындығы | саусақтарды жұму күші | ӨӨК | ОЕП Мл/ мин | ОЕП Мл /мин/кг | ||||
Спорт мектеп қабылданған кездегі бастапқы мәліметтер: | ||||||||||
Алғашқы даярлық | 1 | |||||||||
2 | ||||||||||
Оқу-жаттығу | 1 | |||||||||
2 | ||||||||||
3 | ||||||||||
4 | ||||||||||
5 | ||||||||||
Спорттық жетілдіру | 1 | |||||||||
2 | ||||||||||
3 | ||||||||||
Жоғары спорт шеберлігі | Барлық кезең |
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ӨӨК – өкпенің өмірлік көлемі;
ОЕП – оттегін ең көп пайдалану.
Мл – миллилитр;
Мин – минут;
Кг – килограмм.
2-кесте
Топтар | Оқу жылы | ЖДД | АД | Үздік спорттық көрсеткіш | Бәсекелестік жаттығу қызметі | |||||||||
30 м жүгіру | 6 мин. жүгіру | 10 сек. жүгіру | 3*10 м айналма жүгіру | Орнында тұрып ұзындыққа секіру | Тартылу | Допты отырып лақтыру 2 кг | Абалаков бойынша жоғарыға секіру | Жарыстар саны | Сөре саны | Жарыстар күндерінің саны | ||||
Бастапқы мәліметтер: | ||||||||||||||
Алғашқы даярлық | 1 | |||||||||||||
2 | ||||||||||||||
Оқу-жаттығу | 1 | |||||||||||||
2 | ||||||||||||||
3 | ||||||||||||||
4 | ||||||||||||||
5 | ||||||||||||||
Спорттық жетілдіру | 1 | |||||||||||||
2 | ||||||||||||||
3 | ||||||||||||||
Жоғары спорт шеберлігі | Барлық кезең |
Келесі даярлық кезеңіне өту және мектепті бітіру туралы белгілер:
оқу-жаттығу топтарына ______________________________________________;
спорттық жетілдіру топтарына _______________________________________;
жоғары спорт шеберлігі топтарына ___________________________________;
бітіру _____________________________________________________________;
Жаттықтырушы-оқытушы _______________________________________________;
Аға жаттықтырушы-оқытушы ___________________________________________.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЖДД – жалпы дене дайындығы.
АД – арнайы даярлық.
Сек – секунд;
М – метр;
Мин – минут;
Кг – килограмм.Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын балалар- жасөспірімдер спорт мектептері, мүгедектерге арналған спорт мектептері қызметінің қағидаларына 5-қосымша |
Ескерту. 2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 14.05.2020 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Нысан
Спорт мектебінің картасы
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Орналасқан жері ____________________, жабдықтар ____________________,
Спорт түрі (түрлері) _____________, ашылған жылы Жинақтау ___________
1-кесте
Даярлау кезеңдері | Оқу жылы | Оқушылардың, оқу топтардың саны | |||||||
201___ж. | 201___ж. | 201___ж. | 201___ж. | ||||||
топтар | оқушылар | топтар | оқушылар | топтар | оқушылар | топтар | оқушылар | ||
Алғашқы | 1 | ||||||||
2 | |||||||||
Оқу-жаттығу | 1 | ||||||||
2 | |||||||||
3 | |||||||||
4 | |||||||||
5 | |||||||||
Спорттық жетілдіру | 1 | ||||||||
2 | |||||||||
3 | |||||||||
Жоғары спорт шеберлігі | Барлық кезең | ||||||||
Барлығы |
Оқушылардың сапалық құрамы (біліктілігі)
2-кесте
Оқушылардың жасы | Халықаралық дәрежедегі спорт шебері | Спорт шебері | Спорт шеберіне үміткер | 1 спорттық разряд | ||||||||||||
201_ж. | 201_ж. | 201_ж. | 201_ж. | 201_ж. | 201_ж. | 201_ж. | 201_ж. | 201_ж. | 201_ж. | 201__ж. | 201_ж. | 201_ж. | 201_ж. | 201__ж. | 201__ж. | |
Спорт резервін даярлау
3-кесте
Қазақстан Республикасы құрама командасының құрамы | Оқушылардың саны | |||
201___ж. | 201___ж. | 201___ж. | 201___ж. | |
Негізгі құрам | ||||
Жастар құрамы | ||||
Жасөспірімдер құрамы |
Қайта даярланған
4-кесте
Біліктілігі | Оқушылардың саны | |||
201___ж. | 201___ж. | 201___ж. | 201___ж. | |
Халықаралық дәрежедегі спорт шебері | ||||
Спорт шебері |
Жарыстарға қатысқан оқушылардың саны
5-кесте
Құрамы | Иеленген орындары | Халықаралық | Республикалық | Облыстық | |||||||||
201__ж. | 201__ж. | 201__ж. | 201__ж. | 201__ж. | 201__ж. | 201__ж. | 201__ж. | 201__ж. | 201__ж. | 201__ж. | 201__ж. | ||
Оқушылар | 10-ғы 1-3 орын |
Жүлделі жеке және командалық орындар саны
6-кесте
Жарыс деңгейі | 201___ж. | 201___ж. | 201___ж. | 201___ж. |
Халықаралық | ||||
Республикалық | ||||
Облыстық |
Директор ______________
Оқу бөлімінің меңгерушісі __________________
Аға жаттықтырушы __________
Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын балалар- жасөспірімдер спорт мектептері, мүгедектерге арналған спорт мектептері қызметінің қағидаларына 6-қосымша |
Ескерту. 3-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 14.05.2020 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Оқу-жаттығу жұмысының тәртібі және топтардың толықтырылуы
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Топтар (оқу кезеңдері бойынша) | Оқу кезеңі | Бір аптадағы оқу сағаттары | Спорт түрлері бойынша топтардағы адам саны (ең төменгі саны) | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Бірінші топ | Екінші топ | Үшінші топ | Төртінші топ | Бесінші топ | |||
Жоғары спорт шеберлігі | Кезең бойы |
32 сағат | 3 адам | 5 адам | 4 адам | 2 адам | 2 адам |
Спорттық жетілдіру | Бірінші оқу жылы | 24 сағат | 5 адам | 6 адам | 6 адам | 2 адам | 3 адам |
Екінші оқу жылы | 26 сағат | 4 адам | 6 адам | 5 адам | 2 адам | 3 адам | |
Екінші оқу жылынан астам | 28 сағат | 4 адам | 6 адам | 5 адам | 2 адам | 3 адам | |
Оқу-жаттығу | Бірінші оқу жылы | 12 сағат | 8 адам | 10 адам | 10 адам | 4 адам | 5 адам |
Екінші оқу жылы | 14 сағат | 8 адам | 10 адам | 10 адам | 4 адам | 4 адам | |
Үшінші оқу жылы | 18 сағат | 6 адам | 10 адам | 8 адам | 3 адам | 4 адам | |
Үш оқу жылынан астам | 20 сағат | 6 адам | 10 адам | 8 адам | 3 адам | 3 адам | |
Алғашқы даярлау | Бірінші оқу жылы | 8 сағат | 10 адам | 12 адам | 14 адам | 5 адам | 8 адам |
Бір оқу жылынан астам | 10 сағат | 8 адам | 12 адам | 12 адам | 5 адам | 6 адам | |
Спорттық-сауықтыру | Кезең бойы | 6 сағат | 16 адам | 16 адам | 18 адам | 8 адам | 12 адам |
Ескертулер:
1. Бірінші, екінші, үшінші, төртінші және бесінші топтарға жататын спорт түрлері бойынша топтардағы адам саны:
1) бірінші топ: акробатика, биатлон, бобслей, спорттық гимнастика, көркем гимнастика, тау шаңғы спорты, шаңғы қоссайысы, шаңғы жарысы, коньки спорты, ат спорты, жеңіл атлетикалық көпсайыстар, лақтыру және сырықпен секіру, желкенді спорт, суға секіру, батутта секіру, шаңғымен трамплиннен секіру, шана спорты, жүзу, үйлесімді жүзу, тауға өрмелеу, садақтан ату, нысана көздеу, стенд ату, қазіргі бессайыс (биатл, триатл), мәнерлеп сырғанау, фристайл, семсерлесу, велоспорт (трек, шоссе, маутинбайк), су-шаңғы спорты, автомобиль, мотоцикл, су-мотор, су астындағы, ұшақ, тікұшақ, парашют, планер, дельтапланер спорт түрлері, спорттық жүріс, марафондық жүгіру, триатлон, полиатлон, теннис және қолданбалы спорт түрлері;
2) екінші топ: ойын спорты түрлері, көкпар;
3) үшінші топ: қалған барлық спорт түрлері;
4) төртінші топ: ат спортының ұлттық түрлері (бәйге, аламан бәйге, жорға, қыз қуу, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату), есу слаломы, байдарка мен каноэде есу, академиялық есу, жағажай волейболы;
5) бесінші топ: теннис, саятшылық (құс бегі) – құсты аңға салу (сұңқар, қаршыға, бүркіт).
Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын балалар- жасөспірімдер спорт мектептері, мүгедектерге арналған спорт мектептері қызметінің қағидаларына 7-қосымша |
Ескерту. 3-1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 14.05.2020 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Мүгедектер арасындағы оқу-жаттығу жұмысының тәртібі және топтардың толықтырылуы
Ескерту. Қағида 3-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Топтар (оқу кезеңдері бойынша) | Оқу кезеңі | Бір аптадағы оқу сағаттары | "тірек қимыл аппараты зақымдалған", "көру қабілеті зақымдалған", "есту қабілеті зақымдалған", "интеллектуалды мүмкіндігі шектеулі" мүгедек тұлғалардың топтарында адамдардың саны (ең төменгі саны) | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
тірек-қимыл аппараты зақымдалған | көру органы қабілеті бұзылған | есту қабілеті зақымдалған | интелектуалдық мүмкіндіктері шектеулі | |||
Жоғары спорт шеберлігі | Кезең бойы |
32 сағат | 2 адам | 2 адам | 2 адам | 2 адам |
Спорттық жетілдіру | Бірінші оқу жылы | 24 сағат | 2 адам | 2 адам | 2 адам | 2 адам |
Екінші оқу жылы | 26 сағат | 2 адам | 2 адам | 2 адам | 2 адам | |
Екінші оқу жылынан астам | 28 сағат | 2 адам | 2 адам | 2 адам | 2 адам | |
Оқу-жаттығу | Бірінші оқу жылы | 12 сағат | 3 адам | 4 адам | 4 адам | 4 адам |
Екінші оқу жылы | 14 сағат | 3 адам | 3 адам | 4 адам | 4 адам | |
Үшінші оқу жылы | 18 сағат | 3 адам | 3 адам | 3 адам | 3адам | |
Үш оқу жылынан астам | 20 сағат | 2 адам | 3 адам | 3 адам | 3 адам | |
Алғашқы даярлау | Бірінші оқу жылы | 8 сағат | 5 адам | 5 адам | 5 адам | 5 адам |
Бір оқу жылынан астам | 10 сағат | 4 адам | 5 адам | 5 адам | 5 адам | |
Спорттық-сауықтыру | Кезең бойы | 6 сағат | 5 адам | 6 адам | 6 адам | 6 адам |
Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын балалар- жасөспірімдер спорт мектептері, мүгедектерге арналған спорт мектептері қызметінің қағидаларына 8-қосымша |
Ескерту. 4-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 14.05.2020 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен
Нысан
Жаттықтырушы-оқытушының жеке карточкасы
БЖСМ (МБЖСМ, ОРМБЖСМ) ______________ бөлімдер ________________
керек-жарағы спорт түрі
____________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты
Педагогтік жұмыс өтілі _____________ жыл,
Соның ішінде осы мектепте _____________________________________
қай жылдан бастап
Спорттық атағы _____________ Құрметті атағы __________________
Біліктілігін арттыру
1-кесте
Жыл | Қайта даярлау курстарының атауы | Қайта даярлаудың ұзақтығы | № ____ құжат берілді |
Жаттықтырушы-оқытушының біліктілігі
2-кесте
Жыл | № ___ бұйрықпен санат беру | Жыл | № ___ бұйрықпен қайта санат беру |
Жаттықтырушы-оқытушылардың тәрбиешілері – ресми халықаралық
жарыстарға қатысушылар
3-кесте
Жыл | Спортшының Т.А.Ә. | Туған жылы | Жарыстардың атауы | Бағдарламаның түрі | Иеленген орны |
Жұмыс көрсеткіштері
4-кесте
Көрсеткіштері | 201___ж. | 201___ж. | 201___ж. | 201___ж. | 201___ж. | 201___ж. | 201___ж. | 201___ж. |
Тариф бойынша апталық жүктемесі | ||||||||
Оқу топтарының және онда шұғылданушылардың | ||||||||
Алғашқы даярлық | 1 | |||||||
2 | ||||||||
Оқу-жаттығу | 1 | |||||||
2 | ||||||||
3 | ||||||||
4 | ||||||||
5 | ||||||||
Спорттық жетілдіру | 1 | |||||||
2 | ||||||||
3 | ||||||||
Жоғары спорт шеберлігі | Кезең бойы | |||||||
Құрама командаларға даярланды: | ||||||||
негізгі құрам | ||||||||
жастар құрамы | ||||||||
жасөспірімдер құрамы | ||||||||
Жарыстардың жүлдегерлері (адам): | ||||||||
республикалық | ||||||||
халықаралық | ||||||||
Спорттық шеберлігін арттыру үшін келесі | ||||||||
оқу-жаттығу топтарына | ||||||||
спорттық жетілдіру топтарына | ||||||||
жоғары спорт шеберлігі топтарын | ||||||||
шеберлер командаларына | ||||||||
спортта дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттарға | ||||||||
олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледждеріне | ||||||||
жоғары спорт шеберлігі мектептеріне | ||||||||
Спорт мектебі оқушыларының арасынан оқуға | ||||||||
спорттық ЖОО-ға | ||||||||
ЖОО-ның дене шынықтыру факультеттеріне |
Оқу бөлімі директорының орынбасары __________________________________
қолы және толтырылған күні
Басшы _______________________________________________
қолы және толтырылған күні
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 106 бұйрығымен бекітілген 3-қосымша |
Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын Олимпиада резервін даярлау орталықтары қызметінің қағидалары
Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын Олимпиада резервін даярлау орталықтарының қызметінің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – Жергілікті орган) құратын Олимпиада резервін даярлау орталықтарының (бұдан әрі – Орталық) қызметі тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Орталық заңды тұлға болып табылады және өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, мемлекеттік мүлікі, дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органдардың бұйрықтарын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сонымен қатар осы Қағиданы және Орталық жарғысын басшылыққа алады.
3. Орталық облыстық және қалалық мәртебеге ие болады.
4. Орталық бір немесе бірнеше олимпиадалық спорт түрлерінен құрылады.
5. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) аға жаттықтырушы – спорт түрлерi бойынша жаттықтырушылар құрамына жалпы басшылықты жүзеге асыратын және оқу-жаттықтырушылық қызметпен тiкелей айналысатын спорт жаттықтырушысы;
2) ауыспалы құрам – Орталық құрамына қабылданған, оқу-жаттығу жиындары мен жарыстар кезінде тартылатын спортшылар құрамы;
3) жеке жаттықтырушы – дене шынықтыру және спорт саласында білімі бар және спортшының оқу-жаттығу процесі мен жарысушылық қызметінің барысында оның жеке дайындығын жүзеге асыратын, өзі даярлайтын спортшыға барынша көңіл бөлетін жеке тұлға;
4) оқу-жаттығу жиыны – спортшылардың спорттық шеберлігін және оқу-жаттығу процесінің сапасын арттыру мақсатында ұйымдастырылатын іс-шара;
5) спорт түрi – спорттың құрамдас бөлігі, оның ерекше белгілері жаттығатын ортасы, дене жаттығуларының жиынтығы немесе зияткерлік қабілеті мен жарыс ережелері болып табылады;
6) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесі – Орталықтың күнтізбелік жылға арналған оқу-жаттығу жұмысын жоспарлауды және өткізуді регламенттейтін ресми құжат;
7) халықаралық жарыстар – кемінде бес мемлекеттің өкiлдерi қатысатын спортшылар (командалар) арасындағы спорт түрінен сайыстар.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Мақсаттары, міндеттері, функциялары
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
6. Орталықты құрудың негізгі мақсаты спортшылардың спорттық шеберлігін арттыру мақсатында жыл бойғы орталықтандырылған даярлығын ұйымдастыру және өткізу болып табылады.
7. Мыналар Орталықтың негізгі міндеттері болып табылады:
1) спортшылардың спорттық шеберлігін арттыру және республикалық, халықаралық спорт аренасында табысты өнер көрсету;
2) Олимпиадалық даярлау орталықтарына, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың құрама командаларына және Қазақстан Республикасының штаттағы құрамасына қабылдау үшін спортшы-кандидаттарды іріктеу мен дайындау;
3) оқу-жаттығу үдерісін ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз ету, оның нәтижелерін, физикалық қасиетіндегі жеке даму көрсеткішінің өсу динамикасын, спортшылардың техникалық-тактикалық дайындық деңгейіне талдауды жүзеге асыру.
Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Орталық алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін мына функцияларды орындайды:
1) Орталық спортшылары үшін Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде жеке немесе жалға алынған спорттық ғимараттарда оқу-жаттығу жиындарына қатысу және өткізу;
2) патриоттық сезімді қалыптастыруға бағытталған тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу;
3) допингке қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
4) Орталық спортшыларының дайындық үдерісін материалдық-техникалық, әдістемелік, медико - биологиялық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
5) Орталықтың жаттықтырушылар құрамы мен басқа да мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
6) кешенді ғылыми топтар, қалпына келтіру және емдеу кабинеттерін құру;
7) семинарлар, кеңестер, конференциялар өткізу;
8) Қазақстан Республикасының және өзге елдердің басқа мамандарын шарт негізінде жұмысқа тарту;
9) бірлескен оқу-жаттығу жиындарына жасөспірімдер, жеткіншектер және жастар жасындағы шетелдік спортшылар мен мамандарды жұмысқа қабылдау;
10) спортшылармен және жаттықтырушылармен, оның ішінде Жергілікті органмен келісім бойынша шетелдік жаттықтырушылармен шарт жасасу;
11) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесіне сәйкес спортшылардың, жаттықтырушылардың және Орталықтың басқа да қызметкерлерінің халықаралық және республикалық спорттық жарыстарға, оқу-жаттығу жиындарына қатысуын қамтамасыз ету.
Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-тарау. Контингентті қалыптастыру тәртібі
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
9. Мыналар Орталыққа спортшылар мен жаттықтырушыларды қабылдау талаптары болып табылады:
1) Олимпиада резервін даярлау орталықтарындағы спорт түрлерінен спортшылардың жасөспірімдер, жеткіншектер мен жастар жасындағы және Қазақстан Республикасы чемпионаттарының (біріншіліктерінің) немесе халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып табылатын спортшылар, сондай-ақ, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың құрама командаларының құрамына кіретін спортшылар;
2) спорт түрлерінің ерекшелігін ескере отырып, Жергілікті органның келісімі бойынша Олимпиадалық даярлау орталықтарындағы спорт түрлерінен спортшылардың жасөспірімдер, жеткіншектер мен жастар жасындағы көрсетілген жасынан 3 жылдан асқан спортшылар қабылданады;
3) спорттық ойын түрлері бойынша спортшылар Қазақстан Республикасының жасөспірімдер, жеткіншектер және жастар құрама командаларының мүшелері болып табылатын спортшылар;
4) жоғары деңгейдегі бірінші біліктілік санатынан төмен емес жаттықтырушылар.
10. Орталықтың контингенті ауыспалы құрамда болады.
11. Спорт түрлерінен бөлімдер әр жас санаты бойынша спортшылардан қалыптасады және халықаралық жарыстарға қатысуға жіберілетін команда құрамының ең көп санына үш құрамнан артық емес спортшылар құрамын құрайды.
12. Бір спорт түрінен әр жас тобындағы жаттықтырушылар құрамы 3 бірлікті құрайды.
13. Спортшылардың, жаттықтырушылардың (спорт түрлері бойынша бөлімшелер) құрамы, спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесі Жергілікті органның келісімі бойынша Орталық басшысымен жыл сайын жазғы спорт түрлері бойынша 20 қаңтарға дейін, қысқы спорт түрлері бойынша 20 мамырға дейін бекітіледі.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.14. Бір спорт түріне барлық жас санаттарынан (жасөспірімдер, жеткіншектер және жастар) Жергілікті органның келісімі бойынша Орталық директоры жасөспірімдер, жеткіншектер және жастар санаты бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың құрама командаларының аға жаттықтырушысы болып табылатын бір аға жаттықтырушыны тағайындайды.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Осы Қағиданың 18-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген жағдайлардан басқа, спорт түрінен әр бөлімде спортшылардың және жаттықтырушылардың құрамы ЖАО келісімі бойынша Орталықтың шешімімен, жаттығу және жарыс кезеңі аяқталғаннан кейін жылына кемінде екі рет қайта қаралады және бекітіледі.
16. Орталықтың ауыспалы құрамындағы спортшылар келесі спорттық ұйымдардың тұрақты құрамында қалады:
Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінің;
олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің;
облыстық спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың.
17. Орталықта орталықтандырылған дайындыққа тартылатын спортшылар келесі құжаттарды ұсынады:
1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе төлқұжаттың көшірмесін;
2) спорттық атақ беру туралы куәліктің көшірмесін;
3) медициналық картаның көшірмесін, дәрігерлік дене шынықтыру диспансерінің спортшының денсаулығы және оның осы спорт түрімен келешекте одан әрі шұғылдануы туралы қорытындысын;
4) осы ереженің қосымшасына сәйкес нысан бойынша спортшының жеке картасын;
5) спорттық ұйымның тұрақты құрамына қабылданғаны туралы бұйрықтың көшірмесін;
6) спорттық нәтижелердің растамаларын (жарыс хаттамаларының көшірмесін).
Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 01.10.2015 № 306 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.18. Орталықта орталықтандырылған дайындыққа тартылатын жаттықтырушылар келесі құжаттарды ұсынады:
1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе төлқұжаттың көшірмесін;
2) біліктілік санатын беру туралы бұйрықтың көшірмесін;
3) медициналық картаның көшірмесін, денсаулығы туралы дене шынықтыру диспансерінің қортындысын.
19. Спортшы Орталықтан келесі негіздер бойынша шығарылады:
1) жеке жоспарға сәйкес жарыстарда медальдар және орындар иелену бөлігінде спорттық нәтижелерінің төмендеуіне;
2) медициналық қортынды негізінде денсаулық жағдайына;
3) тыйым салынған допингтік құралдарды қолдануына;
4) Орталықтың ішкі тәртібін бұзуына байланысты.
4-тарау. Оқу-жаттығу жұмысын ұйымдастыру
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
20. Спортшыларды даярлауды жыл бойы жүзеге асырады, перспективалық бағдарламаға сәйкес бір спортшыға 250 күннен аспауы керек.
21. Жүйелі түрде жоғары спорттық нәтижелер көрсететін (республикалық, халықаралық жарыстардың бірнеше мәрте жеңімпаздары мен жүлдегерлері) және өзінің спорттық көрсеткіштерін арттыру мүмкіндігі бар спортшылар Республикалық олимпиадалық даярлау орталықтарына, Қазақстан Республикасының штатағы құрамына жіберіледі.
22. Халықаралық жарыстарда спортшының көрсеткен нәтижелері Орталыққа да, спортшыны Орталыққа берген ұйымға да бірдей есептеледі.
23. Орталықтың аға жаттықтырушысы спортшыларды дайындаудың перспективалық бағдарламасын әзірлейді және Орталықтың директорымен келіседі, сонымен қатар оның орындалуын шақырылған жаттықтырушылармен бірлесіп бақылауға алады, спортшыларды дайындауды және оларды жарыстарға қатыстыруды ұйымдастырады, спортшылардың жарыстарға қатысу нәтижелеріне әрдайым талдау жасайды, спортшылардың дайындық жоспарларын және перспективалық бағдарламаларын іске асырады, оқу-жаттығу жұмысының жеке жоспарларының орындалуын бақылайды, спортшылармен патриоттық және тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастырады және өткізеді.
24. Спортшының жеке жаттықтырушысы іссапарға жіберетін ұйымдардың қаражаты есебінен орталықтандырылған дайындыққа және жарыстарға қатысу үшін шақырылады.
25. Жеке жаттықтырушы спортшының жеке жоспары бойынша жаттығу сабақтарын жүргізеді және Орталықтың аға жаттықтырушысының басшылығымен жұмыс істейді.
26. Қазақстан Республикасының штаттық құрамасына немесе құрама командаларына қабылданған жасөспірімдер, жеткіншектер және жастар жасындағы спортшылар Орталықтың ауыспалы құрамында қалады.
27. Спортшыларды медициналық бақылау және олардың функционалдық дайындығы жағдайын диагностикалау үшін, Орталықтың алдын–алу іс-шараларын өткізуге және қалпына келтіру үдерістерін оңтайландыруға бөлінген қаражат шегінде қажетті медициналық үй-жаймен, дәрі-дәрмектермен және медициналық құралдарға арналған жабдықтармен қамтамасыз етіледі.
28. Спорттық дәрігерлер Орталық жаттықтырушыларымен бірлесіп, спортшылардың оқу-жаттығу жиыны мен жарыстар кезеңінде дәрігерлік бақылауды жүзеге асырады. Дәрігерлік бақылаудың нәтижелерін жаттықтырушылар спортшылардың жеке дайындық жоспарларын түзету үшін пайдаланады.
29. Орталық спортшылары жылына екі рет Республикалық спорттық медицина және оңалту орталығында, сонымен қатар басқа да медициналық мекемелерде тереңдетілген медициналық тексеруден өткізіледі.
30. Орталықтың оқу-жаттығу жұмысын ұйымдастыруы үшін келесі құжаттары болуы тиіс:
1) орталықтың жылдық жұмыс жоспары;
2) бір жылға арналған спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесі;
3) жарыс хаттамалары және Орталық спортшыларының жарыстарға қатысуының талдамалары;
4) спортшылардың жеке дайындық жоспары;
5) спортшылардың, жаттықтырушылардың жеке карталары;
6) спортшылар мен жаттықтырушылардың тізімдері;
7) Міндетті статистикалық мәліметтердің нысандары
Ескерту. 30-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5-тарау. Жаттықтырушылар кеңесі
Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
31. Орталықтың спорт түрлерінен бөлімдерінде әр спорт түрі бойынша жаттықтырушылардан, Орталықтың қызметкерлерден және басқа ұйымдардың мамандарынан тұратын жаттықтырушылар кеңесі құрылады.
32. Жаттықтырушылар кеңесінің мақсаты спортшыларды, жаттықтырушыларды даярлау және жарыстарға қатыстыру қатысты сұрақтарды қарау болып табылады.
33. Жаттықтырушылар кеңесінің отырысы жаттықтырушылар кеңесі мүшелерінің жалпы санынан кемінде 2/3 болған жағдайда өткізіледі. Шешім хаттамамен ресімделеді.
34. Жаттықтырушылар кеңесінің жұмысына Орталықтың аға жаттықтырушысы басшылық етеді.
Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын Олимпиада резервін даярлау орталықтары қызметінің қағидаларына қосымша |
Ескерту. Қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Нысан
Сурет |
СПОРТШЫНЫҢ ЖЕКЕ КАРТОЧКАСЫ
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Тегі _______________________________________________________
2. Аты_________________________________________________________
3. Әкесінің аты (болған кезде)_________________________________
4. Туған күні__________________________________________________
(күні, айы, жылы)
5. Туған жері__________________________________________________
(облыс, қала)
6. Білімі______________________________________________________
(білім деңгейі, оқу орнының атауы)
7. | Жеке басын куәландыратын құжаттың № ___________________ | 13. | Спортшының антропометрлік деректері: |
Бойы___сантиметр, салмағы __килограмм. | |||
8. | Жеке сәйкестендіру нөмірі______________ | Костюмінің мөлшері ___________ | |
9. | Спорттық атағы________________ | Бас киімінің мөлшері: ________ | |
10. | Жеке жаттықтырушысы __________ (Тегі, Аты, Әкесінің аты (болған кезде) | Аяқ киімінің мөлшері: ________ | |
11. | Тілдерді меңгеруі ____________ | Тұрақты тұратын жері: ________ | |
12. | Байланыс телефоны:____________ | 14. | Спорт түрі ___________________ |
Республикалық және халықаралық спорттық жарыстарға қатысуы
Р/С № | Жарыстың атауы | Өткізу мерзімі мен орны (хронолия бойынша) | Жоспарланған нәтиже | Көрсеткен нәтижесі |
1 | ||||
2 |
Спортшының жеке қолы ____________ Жаттықтырушының қолы ______________
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 106 бұйрығымен бекітілген 4-қосымша |
Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын Олимпиадалық даярлау орталықтары қызметінің қағидалары
Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын Олимпиадалық даярлау орталықтары қызметінің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – Уәкілетті орган) құратын Олимпиадалық даярлау орталықтарының (бұдан әрі – Орталық) қызметі тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Орталық заңды тұлға болып табылады және өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, мемлекеттік мүлік, дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органдардың бұйрықтарын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Қағиданы және Орталық жарғысын басшылыққа алады.
3. Орталық республикалық мәртебеге ие болады және өзінің филиалдарын ашуы мүмкін.
4. Орталық бір немесе бірнеше олимпиадалық спорт түрлерінен құрылады.
5. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) аға жаттықтырушы – спорт түрлерi бойынша жаттықтырушылар құрамына жалпы басшылықты жүзеге асыратын және оқу-жаттықтырушылық қызметпен тiкелей айналысатын спорт жаттықтырушысы;
2) ауыспалы құрам – Орталық құрамына қабылданған, оқу-жаттығу жиындары мен жарыстар кезінде тартылатын спортшылар құрамы;
3) жеке жаттықтырушы – дене шынықтыру және спорт саласында білімі бар және спортшының оқу-жаттығу процесі мен жарысушылық қызметінің барысында оның жеке дайындығын жүзеге асыратын, өзі даярлайтын спортшыға барынша көңіл бөлетін жеке тұлға;
4) оқу-жаттығу жиыны – спортшылардың спорттық шеберлігін және оқу-жаттығу процесінің сапасын арттыру мақсатында ұйымдастырылатын іс-шара;
5) спорт түрi – спорттың құрамдас бөлігі, оның ерекше белгілері жаттығатын ортасы, дене жаттығуларының жиынтығы немесе зияткерлік қабілеті мен жарыс ережелері болып табылады;
6) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесі – Орталықтың күнтізбелік жылға арналған оқу-жаттығу жұмысын жоспарлауды және өткізуді регламенттейтін ресми құжат;
7) халықаралық жарыстар – кемінде бес мемлекеттің өкiлдерi қатысатын спортшылар (командалар) арасындағы спорт түрінен сайыстар.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Мақсаттары, міндеттері, функциялары
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
6. Орталықты құрудың негізгі мақсаты спортшылардың спорттық шеберлігін арттыру мақсатында жыл бойғы орталықтандырылған даярлығын ұйымдастыру және өткізу болып табылады.
7. Орталықтың негізгі міндеттері:
1) спортшылардың спорттық шеберлігін арттыру және халықаралық спорт аренасында табысты өнер көрсету;
2) спорт түрлерінен Қазақстан Республикасының штаттағы немесе құрама командаларының негізгі құрамына спортшыларды іріктеу мен дайындау;
3) оқу-жаттығу үдерісін ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз ету, оның нәтижесіне, физикалық қасиетінің жеке даму көрсеткіштерінің өсу динамикасына, спортшылардың техника-тактикалық дайындық деңгейін арттыруға талдау жүргізу.
8. Орталық алдына қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін мына функцияларды орындайды:
1) Орталықтың спортшылары үшін Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде жеке немесе жалға алынған спорттық ғимараттарда оқу-жаттығу жиындарына қатысу және өткізу;
2) патриоттық сезімді қалыптастыруға бағытталған тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу;
3) допингке қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
4) Орталық спортшыларының дайындық үдерісін материалдық-техникалық, әдістемелік, медико-биологиялық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
5) Орталықтың жаттықтырушылар құрамы мен басқа да мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
6) спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бірыңғай күнтiзбесіне сәйкес спортшылардың, жаттықтырушылардың және Орталықтың басқа да қызметкерлерінің халықаралық спорттық жарыстарға, Қазақстандағы оқу-жаттығу жиындарына қатысуын қамтамасыз етеді;
7) спортшылармен және жаттықтырушылармен, оның ішінде уәкілетті органмен келісім бойынша шетелдік жаттықтырушылармен спорттық қызмет туралы шарттар жасасады;
8) Қазақстан Республиканың және өзге елдердің басқа мамандарын шарттық негізде жұмысқа тартады;
9) бірлескен оқу-жаттығу жиындарына жасөспірімдер, жеткіншектер, жастар жасындағы шетелдік спортшылар мен мамандарды қабылдайды;
10) семинарлар, кеңестер, конференциялар өткізеді;
11) кешенді ғылыми топтар, қалпына келтіру емдік кабинеттер құрады;
12) алып тасталды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-тарау. Контингентті қалыптастыру тәртібі
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
9. Мыналар Орталыққа спортшылар мен жаттықтырушыларды қабылдаудың талаптары болып табылады:
1) Олимпиадалық даярлау орталықтарындағы спорт түрлерінен спортшылардың жасөспірімдер, жеткіншектер мен жастар жасындағы және Қазақстан Республикасы чемпионаттарының (біріншіліктерінің) немесе халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып табылатын спортшылар, сондай-ақ спорт түрлерінен Қазақстан Республикасы құрама командаларының құрамына кіретін спортшылар;
2) спорт түрлерінің ерекшелігін ескере отырып, уәкілетті органның келісімі бойынша Олимпиадалық даярлау орталықтарындағы спорт түрлерінен спортшылардың жасөспірімдер, жеткіншектер мен жастар жасындағы көрсетілген жастан 3 жыл асқан спортшылар қабылданады;
3) спорттың ойын түрлері бойынша спортшылар Қазақстан Республикасының жасөспірімдер, жеткіншектер және жастар құрама командаларының мүшелері болып табылатын спортшылар;
4) жоғары деңгейдегі бірінші біліктілік санатынан төмен емес жаттықтырушылар;
10. Орталықтың контингенті ауыспалы құрамда болады.
11. Спорт түрлерінен бөлімдер әр жас санаты бойынша спортшылар қатарынан қалыптасады және халықаралық жарыстарға қатысуға жіберілетін команда құрамының ең көп санынан үш құрамнан артық емес спортшылар құрайды.
12. Бір спорт түрінен әр жас топтағы жаттықтырушылар құрамы 3 бірлікті құрайды.
13. Спортшылардың, жаттықтырушылардың (спорт түрлері бойынша бөлімшелер) құрамын, спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесі Уәкілетті органның келісімі бойынша Орталық басшысымен жыл сайын жазғы спорт түрлері бойынша 20 қаңтарға дейін, қысқы спорт түрлері бойынша 20 мамырға дейін бекітіледі.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. Орталық директоры уәкілетті органның келісімімен бір спорт түрінен барлық жас санатты бойынша (жасөспірімдер, жеткіншектер және жастар) жасөспірімдер, жеткіншектер және жастар санаты бойынша Қазақстан Республикасының бір аға жаттықтырушысын тағайындайды.
15. Осы Қағиданың 19-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген жағдайлардан басқа, спорт түрінен әр бөлімдегі спортшылардың және жаттықтырушылардың құрамы уәкілетті органның келісімі бойынша, Орталықтың шешімімен жаттығу және жарыс кезеңі аяқталғаннан кейін жылына екі рет қайта қаралады.
16. Орталықтың ауыспалы құрамына қабылданған спортшылар оларды Орталыққа берген келесі спорттық ұйымдардың тұрақты құрамында қалады:
балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің;
олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің;
облыстық спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың.
17. Орталықта орталықтандырылған дайындыққа тартылатын спортшылар келесі құжаттарды ұсынады:
1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі мен төлқұжатының көшірмесін;
2) спорттық атақ беру туралы куәліктің көшірмесін;
3) медициналық картаның көшірмесін, республикалық Спорттық медицина және оңалту орталығының немесе дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерінің спортшының денсаулығы және оның осы спорт түрімен келешекте одан әрі шұғылдануы туралы қорытындысын;
4) осы ереженің қосымшасына сәйкес нысан бойынша спортшының жеке картасын;
5) спорттық ұйымның тұрақты құрамына қабылданғаны туралы бұйрықтың көшірмесін;
6) спорттық нәтижелердің растамаларын (жарыс хаттамаларының көшірмесін).
18. Орталықта орталықтандырылған дайындыққа тартылатын жаттықтырушылар келесі құжаттарды ұсынады:
1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі мен төлқұжатының көшірмесін;
2) біліктілік санатын беру туралы бұйрықтың көшірмесін;
3) медициналық картаның көшірмесін, денсаулығы туралы республикалық дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерінің қорытындысын.
19. Спортшы Орталықтан келесі негіздер бойынша шығарылады:
1) жеке жоспарына сәйкес жарыстарда медальдар және орындар иелену бөлігінде спорттық нәтижелерінің төмендеуі;
2) медициналық қортынды негізінде денсаулық жағдайына;
3) тыйым салынған субстанциялар мен допингтік құралдарды қолдануына;
4) Орталықтың ішкі тәртібін бұзуына байланысты.
4-тарау. Оқу-жаттығу жұмысын ұйымдастыру
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
20. Cпортшыларды даярлауды жыл бойы жүзеге асырады, бірақ спортшыларды дайындаудың перспективалық бағдарламасына сәйкес 250 күннен аспауы керек.
21. Жүйелі түрде жоғары спорттық нәтижелер көрсететін (халықаралық жарыстардың бірнеше мәрте жеңімпаздары мен жүлдегерлері) және келешекте өзінің спорттық көрсеткіштерін арттыратын спортшылар Қазақстан Республикасының штаттағы құрамына немесе құрама командасына жіберіледі.
22. Халықаралық жарыстарда спортшының көрсеткен нәтижелері Орталыққа да, спортшыны Орталыққа берген ұйымға да бірдей есептеледі.
23. Орталықтың аға жаттықтырушысы спортшыларды дайындаудың келешек бағдарламасын әзірлейді және Орталықтың директорымен келіседі, сондай-ақ шақырылған жаттықтырушылармен бірлесіп, оның орындалуын бақылауға алады, спортшыларды дайындауды және оларды жарыстарға қатыстыруды ұйымдастырады, спортшылардың жарыстарға қатысу нәтижелеріне әрдайым талдау жасайды, спортшылардың дайындық жоспарларын және келешектегі бағдарламаларын іске асырады, оқу-жаттығу жұмысының жеке жоспарларының орындалуын бақылайды, спортшылармен патриоттық және тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастырады және өткізеді.
24. Спортшының жеке жаттықтырушысы іссапарға жіберетін ұйымдардың қаражаты есебінен орталықтандырылған дайындыққа және жарыстарға қатысу үшін шақырылады.
25. Жеке жаттықтырушы спортшының жеке жоспары бойынша жаттығу жүргізеді және Орталықтың аға жаттықтырушысының басшылығымен жұмыс істейді.
26. Қазақстан Республикасының штаттағы құрамасына немесе құрама командаларына қабылданған жасөспірімдер, жеткіншектер мен жастар жасындағы спортшылар Орталықтың ауыспалы құрамында қалады.
27. Спортшыларды медициналық бақылау және олардың функционалдық дайындығын диагностикалау үшін Орталықтың алдын-алу іс-шараларын өткізу және қалпына келтіру үдерісін оңтайландыруға бөлінген қаражат шегінде қажетті медициналық үй-жаймен, жабықтармен, қажетті дәрі-дәрмекпен және медициналық мақсаттағы құралдармен қамтамасыз етіледі.
28. Спорт дәрігерлері Орталықтың жаттықтырушыларымен бірлесіп, оқу-жаттығу жиыны мен жарыстар кезінде спортшыларға дәрігерлік бақылауды жүзеге асырады. Дәрігерлік бақылаудың нәтижелерін жаттықтырушылар спортшылардың жеке дайындық жоспарларын түзету үшін пайдаланады.
29. Орталықтың спортшылары жылына екі рет Республикалық спорттық медицина және оңалту орталығында, сондай-ақ басқа да медициналық мекемелерде тереңдетілген медициналық тексеруден өтеді.
30. Орталықтың оқу-жаттығу жұмысын ұйымдастыру үшін келесі құжаттамалар қажет:
1) Орталықтың жылдық жоспары;
2) бір жылға арналған спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесі;
3) Жарыс хаттамалары мен Орталық спортшыларының қатысуының талдамалары;
4) спортшыларды даярлаудың жеке жоспарлары;
5) спортшының, жаттықтырушының жеке кәртішкесі;
6) спортшылар мен жаттықтырушылардың тізімі;
7) статистикалық деректердің міндетті нысандары.
Ескерту. 30-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5-тарау. Олимпиадалық даярлау орталығының жаттықтырушылар кеңесі
Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
31. Орталықтың спорт түрлерінен бөлімдерінде әр спорт түрі бойынша жаттықтырушылардан, медициналық қызметкерлерден, психологтардан және Орталықтың басқа мамандарынан тұратын жаттықтырушылар кеңесі құрылады.
32. Жаттықтырушылар кеңесінің мақсаты Орталықтың спортшыларын, жаттықтырушылары мен басқа мамандарын спорттық жарыстарға дайындау мен қатысуға қатысты сұрақтарды қарау болып табылады.
33. Жаттықтырушылар кеңесінің отырысы жаттықтырушылар кеңесі мүшелерінің жалпы саны 2/3-ден кем болмаған жағдайда өткізіледі. Шешім хаттамамен ресімделеді.
34. Жаттықтырушылар кеңесінің жұмысына Орталықтың аға жаттықтырушысы басшылық етеді.
Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын Олимпиадалық даярлау орталықтары қызметінің қағидаларына қосымша |
Ескерту. Қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Нысан
Сурет |
СПОРТШЫНЫҢ ЖЕКЕ КАРТОЧКАСЫ
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Тегі _____________________________________________________________
2. Аты_______________________________________________________________
3. Әкесінің аты (болған кезде)_______________________________________
4. Туған күні________________________________________________________
(күні, айы, жылы)
5. Туған жері________________________________________________________
(облысы, қаласы)
6. Білімі____________________________________________________________
(білім деңгейі, оқу орнының атауы)
7. | Жеке басын куәландыратын құжаттың № ___________________ | 13. | Спортшының антропометрлік деректері: |
Бойы___сантиметр, салмағы __килограмм. | |||
8. | Жеке сәйкестендіру нөмірі____________ | Костюмінің мөлшері ___________ | |
9. | Спорттық атағы _______________ | Бас киімінің мөлшері: ________ | |
10. | Жеке жаттықтырушысы __________ (Тегі, Аты, Әкесінің аты (болған кезде) | Аяқ киімінің мөлшері: ________ | |
11. | Тілдерді меңгеруі ____________ | Тұрақты тұратын жері: ________ | |
12. | Байланыс телефоны:____________ | 14. | Спорт түрі ___________________ |
Республикалық және халықаралық спорттық жарыстарға қатысуы
№ | Жарыстың атауы | Өткізу мерзімі мен орны (хронолия бойынша) | Жоспарлаған нәтижесі | Көрсеткен нәтижесі |
1 | ||||
2 |
Спортшының қолы _________________ Жаттықтырушының қолы ______________
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 106 бұйрығымен бекітілген 5-қосымша |
Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын жоғары спорт шеберлігі мектептері қызметінің қағидалары
Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы Спорт резервін жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу жаттығу процесі жүзеге асырылатын жоғары спорт шеберлігі мектептері қызметінің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) жоғары спорт шеберлігі мектептері (бұдан әрі – ЖСШМ) қызметінің тәртібін анықтайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. ЖСШМ республикалық, облыстық және қалалық (аудандық) мәртебесі болуы мүмкін.
3. Осы Қағидада мынадай ұғымдар қолданылады:
1) спорт түрлері бойынша бөлімшесінің аға жаттықтырушы–жаттықтырушылар құрамына жалпы басшылықты (толық жүктемесі бар үштен кем емес жаттықтырушылар-оқытушы) iске асыратын және оқыту қызметiмен тiкелей айналысатын спорттан жаттықтырушы;
2) спорттық жетiлдiру топтары – оқу-жаттығу топтарында дайындықтан өткен және мынадай атақтар мен разрядтарды орындаған спортшылар топтары:
спорттың ойын түрлерiнен, көкпардан, коньки тебу спортынан, жеңiл атлетикадан – 1-спорттық разряд;
спорттың басқа түрлерiнен – "Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үмiткер";
3) жоғары спорт шеберлiгi топтары – спорттық жетiлдiру топтарында дайындықтан өткен және мынадай спорттық атақтар мен разрядтарды орындаған спортшылар топтары:
спорттың ойын түрлерiнен, көкпардан, коньки тебу спортынан, жеңiл атлетикадан – "Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үмiткер";
спорттың басқа түрлерiнен – "Қазақстан Республикасының спорт шеберi";
4) тұрақты құрам – ЖСШМ-де тұрақты түрде жаттықтырылатын және директордың бұйрығымен ЖСШМ-ның контингентіне қабылданған спортшылар;
5) ауыспалы құрам – оқу-жаттығу жиына және жарыстарға шақырылатын, және ЖСШМ штатында жұмыс істемейтін жаттықтырушылармен тұрақты түрде шұғылданатын спортшылар.
4. ЖСШМ құру үшін мына міндетті талаптар болуы керек:
1) ғылымның және тәжірибиенің қазіргі заманғы жетістіктеріне сәйкес оқу-жаттығу процесін ұйымдастыруға және сапалы өткізуге қабілетті білікті жаттықтырушы-оқытушы құрам (бірінші біліктілік санатынан төмен емес);
2) спортшыларға оқу-жаттығу және тәрбиелік процестерді, қалпына келтіру іс-шараларын спортшылардың тиімді демалысын және рационалды тамақтануын, толық көлемде қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін спорттың түрі (түрлері) бойынша материалдық-техникалық база (жеке немесе жалға алынған);
3) спорттық жетілдіру және жоғары спорт шеберлігі топтарындағы спорт мектептерінің спортшыларына қойылатын талапқа сай жасы және дайындық деңгейі бойынша спортшылар;
4) спортшыларды спорттық-әдістемелік (ғылым) және медициналық қамтамасыз ету.
2-тарау. Мақсаттары мен міндеттері
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5. ЖСШМ-ның негізгі мақсаты спортшылардың жоғары спорттық жетістіктерге қол жеткізуге бағытталған олимпиадалық, олимпиадалық емес және ұлттық спорт түрлерінен жыл бойы оқу-жаттығу, спорттық-әдістемелік қызметін жүзеге асыру болып табылады.
6. ЖСШМ-ның негізгі міндеттері:
1) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының негізгі құрамына спортшыларды іріктеу және дайындау;
2) оқу-жаттығу процесін ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз ету, оның нәтижесін, физикалық сапасының жеке даму көрсеткішінің өсу динамикасын, спортшылардың техника-тактикалық дайындық деңгейін өсіруді талдауды жүзеге асыру;
3) спортшылардың жарыстарға қатысуын және сәтті өнер көрсетуін қамтамасыз ету;
4) ЖСШМ спортшыларының дайындық процесін материалдық-техникалық, әдістемелік, медико-биологиялық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
5) ЖСШМ-ның жаттықтырушы-оқытушы құрамын және басқа қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.
7. ЖСШМ-ның алдына қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін мына қызметтерді орындайды:
1) ЖСШМ-ның спортшылары үшін жеке немесе жалға алған спорттық ғимараттарында жыл бойы оқу-жаттығу процесін өткізу;
2) ЖСШМ спортшыларының кешенді нысаналы бағдарламасын және дайындық жоспарын іске асыру;
3) спортшылардың дайындық процесінің спорттық-әдістемелік (ғылыми) қамтамасыз етуді, медико-биологиялық, профилактикалық және қалпына келтіру іс-шараларын жүзеге асыру;
4) спортшылардың, жаттықтырушылардың және ЖСШМ-ның басқа да қызметкерлерінің халықаралық және республикалық спорттық жарыстарға спорттық-бұқаралық іс-шаралар бірыңғай күнтізбелікке сәйкес оқу-жаттығу процесіне қатысуын қамтамасыз етуді (спорттық жарыстарға орай, жалпы денешынықтыру дайындығы бойынша оқу-жаттығу жиындар, спортшыларды тексеру үшін өткізілген іс-шаралар, қалпына келтіру жиындар жылына 250 күнге дейін пайдалануға мүмкіндігі бар);
5) қажетті жаттығу сабағы және спорттық жарыстар үшін спорттық мүкәммалдар мен жабдықтар, спорттық формамен, оқу құралдармен қамтамасыз ету;
6) патриотизмді қалыптастыруға бағытталған тәрбие жұмысын ұйымдастыру және өткізу.
3-тарау. Контингентті қалыптастыру тәртібі
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
8. Оқуға қабылдау, оқу жылында ауысу, оқуды тәмәмдау, спортшыларды оқудан шығару ЖСШМ директорының бұйрығымен дайындалады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Республикалық ЖСШМ – республикалық спорттық жарыстардың чемпион және жүлдегер спортшылары қабылданады.
Облыстық және қалалық (аудандық) ЖСШМ республикалық жарыстардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың спорт түрлері бойынша біріншіліктердің жүлдегер және чемпион спортшылары қабылданады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. ЖСШМ-ның контингенті олимпиадалық, олимпиадалық емес және ұлттық спорт түрлерінен ұлттық, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың құрама командаларының 50%-нан кем емес мүшелерінен жасақталған спортшылардың тұрақты және ауыспалы құрамынан құрылады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Спортшылардың контингентін, оқу топтарының санын және оқу сағаттарының жылдық есебін республикалық ЖСШМ дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган), облыстық, қалалық (аудандық) ЖСШМ – дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) жыл сайын тиісті жылдың 10 қаңтарынан кешіктірмей бекітеді.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Спорт түрлерінен бөлімшелердегі оқу-жаттығу сабақтары спорттық-сауықтыру лагерьлерін, оқу-жаттығу жиындарын, спорттық жарыстарды, қосқанда 52 аптаға есептелінген спорт түрлері бойынша бағдарламаларға сәйкес өткізіледі.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. ЖСШМ-ның контингенті спорттық жетілдіру және жоғары спорт шеберлігі тобына кіретін спортшылардан қалыптасады. Спорттық жетілдіру және жоғары спорт шеберлігі топтарына қабылданған спортшылардың жасы белгіленген спорттық нормативтер және осы топтардың талаптары жыл сайын расталған жағдайда шектелмейді.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. Спорттық жетілдіру және жоғары спорт шеберлігі топтарында екі рет жаттығу өткізілгенде бір сабақтың ұзақтығы төрт академиялық сағаттан аспауы қажет.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Қазіргі бессайыс (биатл, триатл) сабағына қаражат бөлуді есептеу кезінде, оқу сағаттары 2,5 есеге, спорттық және көркем гимнастика, конькимен мәнерлеп сырғанау, суға секіру, акробатика, үйлесімді жүзу, биатлон, фристайл, су шаңғы спорты, триатлоннан – 2 есеге, артуы тиіс, ал шаңғы қоссайысы, жеңіл атлетика көпсайысы, полиатлоннан, есу слаломнан, байдарка мен каноэде есуден, академиялық есуден сабақтарға қаражат бөлуді есептеу кезінде оқу сағаттары – оқу бағдарламасына енетін спорт түрлері бойынша жаттықтырушы-оқытушылардың еңбек ақысы есепке алына отырып, 1,5 есеге артуы тиіс.
Оқу сабақтарының сағаттар санын көбейту топпен жұмыс істеуге негізгі жаттықтырушы-оқытушы және спорттың ұқсас түрлері бойынша жаттықтырушы-оқытушыларды бір мезгілде алған жағдайда жүргізіледі.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.16. Осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес, бірінші топқа енгізілген спорт түрлерінде негізгі жаттықтырушы-оқытушыдан басқа, спорттың ұқсас түрлері, жалпы дене тәрбиесіне даярлау бойынша жаттықтырушы-оқытушылар, сонымен қатар хореографтар, аккомпониаторлар шақырылады.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17. Республикалық және халықаралық жарыстарға қатысуға рұқсат алған командалар мен спортшыларды дайындау үшін ЖСШМ өз қаражаты шегінде ұзақтығы 18 күнге дейін республикалық және ұзақтығы 24 күнтізбелік күнге дейін халықаралық жарыстарға оқу-жаттығу жиындарын өткізеді.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.18. Облыстық және қалалық (аудандық) ЖСШМ-де спорттық жетілдіру топтарын ашу тиісті жергілікті атқарушы органның келісімі бойынша ЖСШМ басшысының шешімі бойынша жүргізіледі.
Республикалық ЖСШМ-де спорттық жетілдіру топтарын ЖСШМ жоғары спорттық шеберлік топтарын ашу, уәкілетті органның келісімі бойынша ЖСШМ басшысының шешімімен жүргізіледі.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.19. ЖСШМ-де спорттық дайындыққа қатысушылар мыналар болып табылады:
1) олимпиадалық, олимпиадалық емес және ұлттық спорт түрлерінен ұлттық, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың құрама командаларының тізімдік құрамына енгізілген спортшылар;
2) спорт түрлері бойынша бөлімшелердің аға жаттықтырушылары, білікті жаттықтырушы-оқытушылар, сонымен қатар ЖСШМ спортшыларын дайындауға шақырылған жеке жаттықтырушылар;
3) спортшыларды даярлауға ЖСШМ шақырған дәрігерлер, әдіскерлер, массажистер, психологтар, дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандар.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.20. ЖСШМ спортшыларының және жаттықтырушы-оқытушыларының жеке құрамы, спортшылардың бір жылға арналған жеке дайындық жоспары, бір жылға арналған спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбелік жоспары жыл сайын 10 қаңтарға дейін, қысқы спорт түрлері бойынша – 1 мамырға дейін уәкілетті органға (ЖСШМ-ның республикалық мәртебесі бар жағдайда) немесе жергілікті атқарушы органға (ЖСШМ-ның облыстық, қалалық (аудандық) мәртебесі бар жағдайда) келісуге ұсынылады.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.21. ЖСШМ спортшыларының және жаттықтырушыларының жеке құрамы спортшылардың спорттық нәтижелерінің және ЖСШМ басшылығының ұсынысы негізінде, уәкілетті орган (ЖСШМ-ның республикалық мәртебесі бар жағдайда) немесе жергілікті атқарушы орган (ЖСШМ-ның облыстық, қалалық (аудандық) мәртебесі бар жағдайда) қайта қарастырады.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.22. ЖСШМ-ге дайындыққа шақырылған спортшылар мына құжаттарды тапсырады:
1) жеке куәлігінің немесе төлқұжатының көшірмесін;
2) спорттық атақ берілген туралы куәлігінің көшірмесін;
3) тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйыммен ұсынылған денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;
4) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес толтырылатын спортшының жеке картасын;
5) бір жылға арналған оқу-жаттығу жұмысының жеке жоспары.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.23. Спортшылар мынадай жағдайда оқудан шығарылады:
1) медициналық қарсы айғақтары болған жағдайда;
2) жеке дайындық жоспарларының талаптарын орындамағанда, спорттық дайындық режимін бұзғанда;
3) өзінің спорттық нәтижесін төмендеткенде;
4) спорт мектебінің ішкі тәртіп ережелерін бұзғанда;
5) спортта тыйым салған субстанцияларды және (немесе) әдістерді қолданғанда;
6) өз еркімен.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4-тарау. Оқу-жаттығу жұмысын ұйымдастыру
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
24. ЖСШМ-ның спортшыларымен жүргізілетін оқу-жаттығу процесінің негізгі нысандары мыналар:
1) оқу-жаттығу жиынын ұйымдастыру және өткізу;
2) ЖСШМ оқушыларының жас санаттары бойынша дайындық жоспарына сәйкес оқу-жаттығу процесін ұйымдастыру және өткізу;
3) топтық және жеке оқу-жаттығу тәжірибелік және теоретикалық сабақтар;
4) базалық және жалпы физикалық дайындау, арнайы физикалық дайындау және технико-тактикалық дайындау бойынша оқу процесінің кезеңде жеке жоспар жөніндегі сабақтар;
5) спорттық жарыстарға қатысу;
6) перспективалы жоспар жасау және бір жыл бойынша жұмысты талдау;
7) қалпына келтіру, сауықтыру және профилактикалық іс-шараларды өткізу;
8) медициналық тексеріс және медициналық-биологиялық қамтамасыз ету;
9) мақсатты тәрбиелік және патриоттық жұмысты қамтамасыз ету;
10) нұсқаушы және төрешілік тәжериебе;
11) мақсатталған тәрбие және патриоттық қамтамасыз ету.
25. Оқу-жаттығу, тәрбиелік және патриоттық жұмыстарды ЖСШМ-ның спорт түрлері бойынша бөлімшілердің аға жаттықтырушысы, оқытушы-жаттықтырушылар оқу-жаттығу сабақтарының жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
26. ЖСШМ өзінің қызметін барлық күнтізбелік жылында (52 апта) жүргізеді. Оқу жылы 1 қаңтарда басталады.
27. Оқу-жаттығу жұмысының тәртібі және топтардың толықтырылуы осы Қағиданың 2-қосымшасында анықталған.
Мәнерлеп сырғанаудан спорттық және би жұптары үшін спорттық жетілдіру және жоғары спорт шеберлігінің кезеңінде топтарда спортшылардың саны 4 адам болып тағайындалады.
28. Спортшылардың халықаралық жарыстарда көрсеткен нәтижелері ЖСШМ-ге, сондай-ақ спортшыларды дайындаған спорттық ұйымдарға есептеледі.
29. Спорт түрлері бойынша бөлімшілердің аға жаттықтырушысының ұсынысы бойынша спортшылардың жеке жаттықтырушылары ЖСШМ қаражаты есебінен спортшылардың орталықтанған дайындығына және жарыстарға қатысады.
Жеке жаттықтырушы спортшының жеке жоспары бойынша оқу-жаттығу процесінің жаттығу сабақтарын өткізеді және Спорт түрлері бойынша бөлімшілердің аға жатықтырушысының тікелей басшылығымен жұмыс істейді.
30. Спорт түрлері бойынша бөлімшінің аға оқытушысы спортшыларды даярлау бағдарламасын әзірлейді және оны оқытушы-жаттықтырушылармен бірлесіп бақылайды, спортшыларды даярлау бойынша жұмысты және спортшылардың спорттық жарыстарда өнер көрсетуді ұйымдастырады, спорттық жарыстарда спортшылардың өнер көрсетуінің нәтижелеріне үнемі талдау жүргізеді, спортшыларының даярлау жоспарларын және бағдарламаларын іске асырады және оқу-жаттығу жұмысының жеке жоспарларды орындауын бақылайды, спорт түрлері бойынша бөлімшесінің жаттықтырушылар кеңестерін ұйымдастырады және өткізеді, спортшылармен тәрбие жұмысын ұйымдастырады.
31. Жаттықтырушы-оқытушы: ЖСШМ-ге қабылдау үшін спортшылардың іріктеуін жүзеге асырады; жеке жоспарларға сәйкес оқу-жаттығу және тәрбие жұмысын жүргізеді; спортшылардың спорттың шеберліктерінің артуын қамтамасыз етеді; спортшыларға тиым салынған субстанциялар мен тиым салынған әдістерін қабылдау жағдайларды алып тастауға көмек көрсетеді; жылдық және ағымдағы спортшыларды даярлау жоспарларын әзірлейді; жүйелі есеп және талдауды жүргізеді.
32. Нұсқаушы-әдіскер: ЖСШМ-ге қабылдау үшін спортшылар іріктеу жұмысын үйлестіру және әдістемелік қамтамасыз етуді, оқу-жаттығу және тәрбие процесін ұйымдастыруды жүзеге асырады; топтарды қалыптастыру, оқу-жаттығу және тәрбие процесінің мазмұнына, нәтижесіне бақылауды жүзеге асырады; оқытушы-жаттықтырушылар біліктігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастырады; ЖСШМ-ның, бөлімшелердің немесе даярлық кезеңінің жұмыс нәтижелерінің статистикалық есебін жүргізеді, ЖСШМ қызмет нәтижелері туралы статистикалық есепті дайындауға қатысады.
33. ЖСШМ-ның директорына, директордың орынбасарына (орынбасарларына) және нұсқаушы-әдіскерлерге жұмыс уақытының ішінде жаттықтырушы-оқытушы (тиісті кәсіптік білімі бар және біліктілік санаты бар болғанда) ставкасы есебінен төлеумен бірге ЖСШМ оқу сабақтарды жүргізуге рұқсат етіледі. Сонымен қатар, аталған жұмысын төлеуі тиісті жаттықтырушы-оқытушы 0,5 ставкасынан көп болмауы қажет.
34. ЖШСМ-де ЖСШМ басшысы бекіткен педагогикалық кеңес, ереже және құрам құрылады.
Педагогикалық кеңес кемінде тоқсан сайын бір рет өткізіледі. Педагогикалық кеңес ЖСШМ-ның спорт түрлері бойынша бөлімшелердің жаттықтырушы кеңестерінің жұмысы, жоғары дәрежелі спортшыларды дайындау әдістемесі, оқу-жаттығу, тәрбиелік, ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстарын алдыңғы тәжірибие тарату мәселелерін жүргізеді.
35. Спорт түрлерінен бөлімдерде ЖСШМ басшысы бекіткен жаттықтырушылар кеңесі, ереже және құрам құрылады.
ЖСШМ-де жаттықтырушылар кеңесі спорт түрлерінен аға жаттықтырушының басшылығымен айына кем дегенде бір рет өткізіледі. Жаттықтырушылар кеңесі отырысында оқу-жаттығу және тәрбие жұмысы, спортшыларды даярлаудың жеке жоспары, жарыстарға қатысу мәселелері қаралады, жаттықтырушы-оқытушылардың жаттығу процесін жетілдірудің әдістемеден хабарламалары мен баяндамалары тыңдалады.
36. Спортшыларды медициналық бақылау және олардың функционалдық дайындығы жағдайының диагностикасы үшін, профилактикалық іс-шараларды өткізу және қалпына келтіру процестерін оңтайландыру үшін ЖСШМ-нен бөлінген қаражаттар шегінде тиісті аппаратурамен, қажетті дәрі-дәрмектермен және медициналық құралдарға арналған жабдықтармен қамтамасыз етіледі.
37. Спорттық дәрігерлер ЖСШМ-ның жаттықтырушыларымен бірігіп спортшылардың оқу-жаттығу жиыны, жарыстар, демалыс кезеңінде дәрігерлік-педагогикалық бақылауды жүзеге асырады. Дәрігерлік бақылаудың нәтижелерін жаттықтырушылар ЖСШМ спортшыларының жеке дайындық жоспарларын түзету үшін пайдаланады.
38. ЖСШМ-ның спортшылары жыл сайын жылына екі рет тереңдетілген медициналық тексеруден өтеді.
5-тарау.Тәрбие жұмысы
Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
39. ЖСШМ тәрбиелік жұмысты ЖСШМ басшысы бекіткен жоспар бойынша ұйымдастырады және өткізеді.
40. ЖСШМ-ның тәрбие жұмысы спортшылардың жан-жақты үйлесімді дамуына бағытталған және жасы мен жеке ерекшелігін, спорттық шеберлігінің деңгейін және спорттық салтын ескере отырып жүзеге асырылады. Тәрбие жұмысы оқу-жаттығу сабақтары, жарыстар үдерісінде және күнделікті өткізіледі, және спортшының спортпен айналысуға, өзінің спорттық шеберлігін үнемі арттыруға, патриотизмді, шеберлікті, тәжірибені тәрбиелеуге және оларды практикалық қызметінде шығармашылық қолдауға, спорттық этиканы сақтауға қажеттілігін қалыптастыру тиіс.
Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын жоғары спорт шеберлігі мектептері қызметінің қағидаларына 1-қосымша |
Ескерту. 1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Нысан
СПОРТШЫНЫҢ ЖЕКЕ КАРТОЧКАСЫ
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Тегі _____________________________________________________________
2. Аты_______________________________________________________________
3. Әкесінің аты (болған кезде)_______________________________________
4. Туған күні________________________________________________________
(күні, айы, жылы)
5. Туған жері________________________________________________________
(облысы, қаласы)
6. Білімі____________________________________________________________
(білім деңгейі, оқу орнының атауы)
7. | Жеке басын куәландыратын құжаттың № ___________________ | 13. | Спортшының антропометрлік деректері: |
Бойы___сантиметр, салмағы __килограмм. | |||
8. | Жеке сәйкестендіру нөмірі______________ | Костюмінің мөлшері ___________ | |
9. | Спорттық атағы ________________ | Бас киімінің мөлшері: ________ | |
10. | Жеке жаттықтырушысы __________ (Тегі, Аты, Әкесінің аты (болған кезде) | Аяқ киімінің мөлшері: ________ | |
11. | Тілдерді меңгеруі ____________ | Тұрақты тұратын жері: ________ | |
12. | Байланыс телефоны:____________ | 14. | Спорт түрі ___________________ |
Республикалық және халықаралық спорттық жарыстарға қатысуы
№ | Жарыстың атауы | Өткізу мерзімі мен орны (хронолия бойынша) | Жоспарлаған нәтижесі | Көрсеткен нәтижесі |
1 | ||||
2 |
Спортшының қолы _______________ Жаттықтырушының қолы ________________
Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын жоғары спорт шеберлігі мектептері қызметінің қағидаларына 2-қосымша |
Ескерту. 2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Оқу-жаттығу жұмысының тәртібі және топтардың толықтырылуы
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Топтар (оқу кезеңдері бойынша) | Оқу кезеңі | Бір аптадағы оқу сағаттары | Спорт түрлері бойынша топтардағы адам саны (ең төменгі саны) | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Бірінші топ | Екінші топ | Үшінші топ | Төртінші топ | Бесінші топ | |||
Жоғары спорт шеберлігі | Кезең бойы | 32 сағат 36 сағат (топ құрамында Қазақстан Республикасы құрама командасының мүшесі болған жағдайда) | 3 адам | 5 адам | 4 адам | 2 адам | 2 адам |
Спорттық жетілдіру | Бірінші оқу жылы | 24 сағат | 5 адам | 6 адам | 6 адам | 2 адам | 3 адам |
Екінші оқу жылы | 26 сағат | 4 адам | 6 адам | 5 адам | 2 адам | 3 адам | |
Екінші оқу жылынан астам | 28 сағат | 4 адам | 6 адам | 5 адам | 2 адам | 3 адам |
Ескертулер:
1. Бірінші, екінші, үшінші, төртінші және бесінші топтарға жататын спорт түрлері бойынша топтардағы адам саны:
1) бірінші топ: акробатика, биатлон, бобслей, спорттық гимнастика, көркем гимнастика, тау шаңғы спорты, шаңғы қоссайысы, шаңғы жарысы, коньки спорты, ат спорты, жеңіл атлетикалық көпсайыстар, лақтыру және сырықпен секіру, желкенді спорт, суға секіру, батутта секіру, шаңғымен трамплиннен секіру, шана спорты, жүзу, үйлесімді жүзу, тауға өрмелеу, садақтан ату, нысана көздеу, стенд ату, қазіргі бессайыс (биатл, триатл), мәнерлеп сырғанау, фристайл, семсерлесу, велоспорт (трек, шоссе, маутинбайк), су-шаңғы спорты, автомобиль, мотоцикл, су-мотор, су астындағы, ұшақ, тікұшақ, парашют, планер, дельтапланер спорт түрлері, спорттық жүріс, марафондық жүгіру, триатлон, полиатлон, теннис және қолданбалы спорт түрлері;
2) екінші топ: ойын спорты түрлері, көкпар;
3) үшінші топ: қалған барлық спорт түрлері;
4) төртінші топ: ат спортының ұлттық түрлері (бәйге, аламан бәйге, жорға, қыз қуу, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату), есу слаломы, байдарка мен каноэде есу, академиялық есу, жағажай волейболы;
5) бесінші топ: теннис, саятшылық (құс бегі) – құсты аңға салу (сұңқар, қаршыға, бүркіт).
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 106 бұйрығымен бекітілген 6-қосымша |
Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын балалар-жасөспірімдер дене тәрбиесі даярлығы клубтары қызметінің қағидалары
Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын балалар-жасөспірімдер дене тәрбиесі даярлығы клубтары қызметінің қағидалары (бұдан әрі – Қағида) балалар-жасөспірімдердің дене тәрбиесі даярлығы клубтарының (бұдан әрі – клуб) қызметін реттейді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Клубтың басты мақсаттары:
1) дене шынықтыру және спортпен шұғылдану арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру;
2) тұлғаның шығармашылық әлеуетін ашу арқылы жан-жақты дамуы үшін жағдайлар жасау;
3) балаларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі шұғылдануға тарту;
4) олардың денсаулығын және дене тәрбиесін нығайтуға бағытталған балалар мен жасөспірімдер арасында дене шынықтыру-сауықтыру және тәрбие жұмыстарын жүзеге асыру болып табылады.
2-тарау. Клубтың қызметі
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3. Спорт түрлері бойынша секциялар (бұдан әрі - секциялар) клубтың құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Секцияларды ұйымдастыру клубтың педагогикалық кеңесі бекітетін оқу жоспарымен немесе жылдық күнтізбелік жоспармен және оқу кестесімен реттеледі.
4. Клубтың жұмыс уақыты ішкі тәртіп ережелерімен анықталады.
5. Секциялардың жұмысы жұмыс жоспарына қарай толық күнтізбелік жылға ұйымдастырылады.
Жазғы демалыс кезінде секциялар арнайы кесте бойынша жұмыс істей алады.
6. Секциялардың толықтығы келесі талаптардың ескерілуімен жүзеге асырылады:
1) секциялардың сандық құрамы спорт түріне байланысты анықталады;
2) бір топтағы балалардың жас айырмашылығы үш жастан аспауы қажет;
3) топтың саны клубтың жарғысына сәйкес оқу-жаттығу үдерісін жүзеге асырудың шарттарына байланысты анықталады.
7. Кестені жасаған кезде оқу орындарындағы оқушыларының бос уақыты мен жұмыс бастылық көлемін ескеру қажет.
8. Секциялардың жұмысын ұйымдастыру дене шынықтыру, спорт жаттығулары мен бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу кезіндегі қауіпсіздік пен санитарлық-гигиеналық нормалар ережесінің талаптарына сай болуы қажет.
9. Клубтағы нұсқаушы-әдіскер мен жаттықтырушы-оқытушының штаттық бірлік саны спорт түрлері бойынша секциялардың санына байланысты аңықталады.
10. Секциялардағы балалардың саны спорт түріне қарай 25 адамнан аспауы қажет.
3-тарау. Клубты басқару
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
11. Клубты басқару алқалық қағидаттары бойынша жүзеге асырылады.
Алқалық басқарудың түрі клубтың педагогикалық кеңесі болып табылады.
12. Клубты тікелей басқаруды дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органдар тағайындайтын директор жүзеге асырады.
13. Клубтың директоры дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органның келісімі бойынша клубтың штаттық кестесін, клуб қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулықтарын, оқу жіктемесінің көлемін бекітеді.
4-тарау. Оқу-жаттығу үдерісін ұйымдастыру
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
14. Оқу-жаттығу үдерісі балалардың жұмысқа қабілеттілігі, олардың даму динамикасы, оқу материалдарын игеру ерекшеліктері мен мүмкіндіктері және оқушыны одан әрі жетілдірудің келешек қағидаттары негізінде жүзеге асырылады.
Оқу аптасы ішінде сабақтардың ұзақтығы (3-4 күн) педагогикалық кеңеспен белгіленеді және клубтың директорымен бекітіледі.
15. Балаларды клубқа қабылдау ата-аналарының (заңды өкілдерінің, қамқоршыларының, қорғаншыларының) атынан клуб директорының атына өтініш, оған қоса оқу орнынан анықтама, екі 3x4 сурет, денсаулығы туралы медициналық анықтама ұсыну арқылы жүзеге асырылады.
Клубқа қабылдауға ұсынылған өтінішті қосымша құжаттармен бірге педагогикалық кеңес 3 күн ішінде қарастырады.
Көрсетілген құжаттар топтамасын толық ұсынбау және теріс медициналық клубқа қабылдаудан бас тартуға негіздеме болып табылады.
16. Клубтан шығару ата-аналарының (заңды өкілдерінің, қамқоршыларының, қорғаншыларының), өтініші негізінде сондай-ақ бала дәлелсіз себептермен сабаққа 1 айдан көп уақыт қатыспаса, педагогикалық кеңестің шешімімен жүзеге асырылады.
17. Оқу-жаттығу үдерісі жеке немесе баланың жасы мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, жинақталатын топта (шағын топ) ұйымдастырылады.
5-тарау. Оқу-жаттығу үдерісінің қатысушылары
Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
18. Оқу-жаттығу үдерісінің қатысушылары балалар, жасөспірімдер және олардың ата-аналары (заңды өкілдері, қамқоршылары, қорғаншылары), клубтың педагогикалық, медициналық қызметкерлері болып табылады.
Клубта педагог-психолог, медбике-массажшы, емдік дене шынықтыру мамандары, әлеуметтік педагог қызметтерінің лауазымдары қарастырылады.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 106 бұйрығымен бекітілген 7-қосымша |
Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын спорт клубтарының, мүгедектерге арналған спорт клубтары қызметінің қағидалары
Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын спорт клубтарының, мүгедектерге арналған спорт клубтары қызметінің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) спорт клубтарының, мүгедектерге арналған спорт клубтары (бұдан әрі - клубтар) қызметінің тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Клубтар оқу-жаттығу, жарыстарды, дене шынықтыру-сауықтыру және тәрбиелеу қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалар болып табылады.
2-тарау. Клубтардың мақсаттары мен міндеттері
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3. Клубтар, оның ішіндегі кәсіпорындар мен ұйымдарда мына мақсаттарда құрылады:
1) түрлі жіктегі халықты тұрақты түрде дене шынықтыру және спортпен айналысуға кеңінен тарту;
2) салауатты өмір салтын насихаттау, белсенді демалысты ұйымдастыру, дене дайындығының деңгейін көтеру, жігерлік және азаматтық-патриоттық қасиеттерді қалыптастыру;
3) дене шынықтыру және спортпен айналысуға жағдай жасау;
4) бұқаралық спорттық қозғалысты қалыптастыру;
5) мүгедектер арасында жоғары спорт жетістіктерін дамыту.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Клубтардың негізгі міндеттері:
1) Қазақстан азаматтарының дене, рухани және азаматтық-патриоттық тәрбиелеуге белсеңді жәрдемдесу, олардың күнделікті өміріне дене шынықтыру мен спортты енгізу;
2) спорт секцияларында және сауықтыру бағытындағы топтарда клубтық сабақтарды ұйымдастыру, бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық шараларды өткізу;
3) азаматтардың денсаулығын нығайтуға бағытталған жұмыстарды жүргізу;
4) спартакиадаларды, бұқаралық спорттық жарыстарды, спорттық мерекелерді өткізу;
5) кәсіпорындарға, ұйымдар мен мекемелерде, оның ішінде білім беру мекемелерге бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық жұмысты ұйымдастыруға көмек көрсету;
3-тарау. Клубтардың қызметі
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5. Спорт түрлері бойынша клубтардың қызметі:
1) дене шынықтыру мен спорттың бұдан әрі дамуын жоспарлау;
2) өз қызметі туралы ақпаратты тарату;
3) спорттық-бұқаралық спорттық жарыстардың, спартакиадалардың және басқа да дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын қаржыландыруды жүзеге асыру;
4) клубтар жылына кемінде екі рет отырыстар өткізеді, оларда дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу қорытындыларын шығарумен, комиссиялардың, секциялардың, топтардың есептері мен жұмысы талқыланады, сондай-ақ клубтардың қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі ұсыныстар қарастырылады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Клубтарды ұйымдастыру мен қызметіне басшылық ету өздерінің жарғыларына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Алып тасталды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу жиыны процесі жүзеге асырылатын спорт клубтарының, мүгедектерге арналған спорт клубтары қызметінің қағидаларына қосымша |
Ескерту. Қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Мүгедектер арасындағы оқу-жаттығу жұмысының тәртібі және
топтардың толықтырылуы
Ескерту. Қағида қосымшамен толықтырылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Топтар (оқу кезеңдері бойынша) | Оқу кезеңі | Бір аптадағы оқу сағаттары | "тірек қимыл аппараты зақымдалған", "көру қабілеті зақымдалған", "есту қабілеті зақымдалған", "интеллектуалды мүмкіндігі шектеулі" мүгедек тұлғалардың топтарында адамдардың саны (ең төменгі саны) | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
тірек-қимыл аппараты зақымдалған | көру органы қабілеті бұзылған | есту қабілеті зақымдалған | интелек-туалдық мүмкіндіктері шектеулі | |||
Жоғары спорт шеберлігі | Кезең бойы | 32 сағат 36 сағат (топ құрамында Қазақстан Республикасы құрама командасының мүшесі болған жағдайда) | 2 адам | 2 адам | 2 адам | 2 адам |
Спорттық жетілдіру | Бірінші оқу жылы | 24 сағат | 2 адам | 2 адам | 2 адам | 2 адам |
Екінші оқу жылы | 26 сағат | 2 адам | 2 адам | 2 адам | 2 адам | |
Екінші оқу жылынан астам | 28 сағат | 2 адам | 2 адам | 2 адам | 2 адам | |
Оқу-жаттығу | Бірінші оқу жылы | 12 сағат | 3 адам | 4 адам | 4 адам | 4 адам |
Екінші оқу жылы | 14 сағат | 3 адам | 3 адам | 4 адам | 4 адам | |
Үшінші оқу жылы | 18 сағат | 3 адам | 3 адам | 3 адам | 3адам | |
Үш оқу жылынан астам | 20 сағат | 2 адам | 3 адам | 3 адам | 3 адам | |
Алғашқы даярлау | Бірінші оқу жылы | 8 сағат | 5 адам | 5 адам | 5 адам | 5 адам |
Бір оқу жылынан астам | 10 сағат | 4 адам | 5 адам | 5 адам | 5 адам | |
Спорттық-сауықтыру | Кезең бойы | 6 сағат | 5 адам | 6 адам | 6 адам | 6 адам |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 106 бұйрығымен бекітілген 8-қосымша |
Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын кәсіпқой спорт клубтары қызметінің қағидалары
Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын кәсіпқой спорт клубтары қызметінің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) кәсіпқой спорт клубтары (бұдан әрі - клубтар) қызметінің тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Ұйымдастырушылық құрылым, қызмет бағыты, қызмет түрлері мен нысандары, клубтардың қызметкерлері мен мүшелерінің құқықтары мен міндеттері құрылтай құжаттарымен белгіленеді.
3. Клубтар оқу-жаттығу және жарысу қызметін жүзеге асыратын заңды тұлға болып табылады және әр түрлі ұйымдастырушылық-құқықтық нысандарда құрылады.
4. Клубтар мемлекеттік органдармен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының және шет елдердің дене шынықтыру-спорт ұйымдарымен, қоғамдық бірлестіктерімен ынтымақтасып, өзара әрекет етеді.
2-тарау. Клубтардың мақсаттары мен міндеттері
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5. Спорт түрлері бойынша кәсіптік клубтар мына мақсаттарда құрылады:
1) Қазақстан Республикасында жоғары жетістіктер спортын дамыту;
2) спорттық, олимпиадалық, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық қозғалыстарды дамыту;
3) халықаралық дәрежедегі спортшыларды дайындау.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-тарау. Клубтардың қызметін ұйымдастыру
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
7. Спорт түрлері бойынша клубтардың қызметі:
1) жоғары жетістіктер спорты саласындағы қызметті жүргізу;
2) оқу-жаттығу бағдарламаларын және спортшылардың жеке дайындық жоспарларын іске асыру;
3) спортшылардың жеке дайындық жоспарларына және спорттық-бұқаралық іс-шаралар күнтізбесіне сәйкес олардың республикалық, халықаралық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету;
4) жаттықтырушы-оқытушы құрамның біліктілігін және тағылымдамасын арттыру бойынша жұмыстар ұйымдастыру;
5) дене шынықтыру мен спорт саласындағы жетекші мамандарды, жаттықтырушыларды, ғылыми қызметкерлерді, медицина қызметкерлерін шақыру арқылы семинарлар, курстар ұйымдастырып, өткізу;
6) кеңінен таратылатын спортты одан әрі дамытуды жоспарлау;
7) халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес спорттық бірлестіктерге кіру;
8) спорт жарыстарын, оқу-жаттығу жиындарын, басқа да спорт іс-шараларын қаржыландыруды жүзеге асыру;
9) спорт түрлері бойынша жаттықтырушылар кеңесі, төрешілер алқасының қоғамдық комиссиясын құру және жұмысын ұйымдастыру;
10) спортшыға, жаттықтырушыға және клубтың өзге де маманына спорттық қызмет туралы жасалған шартқа сәйкес төлемдерді уақтылы төлеу;
11) міндетті алдын ала, мерзімді және кезектен тыс медициналық тексерулерден өту кезеңінде жұмыс орындары (лауазымдары) мен орташа жалақыларын сақтай отырып, өз қаражаты есебінен кәсіпқой спортшылардың, кәсіпқой жаттықтырушылардың және дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де мамандардың көрсетілген медициналық тексерулерден өтуін ұйымдастыру;
12) спорт федерациясы белгілеген мерзімде спорт федерациясында спорттық қызмет туралы шарттарға тіркеу жүргізу;
13) жұмыскерлердің жеке қорғану құралдарын қоса алғанда, кәсіпқой спортшының, кәсіпқой жаттықтырушының және дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де маманның спорттық қызмет туралы шартта көзделген міндеттерін орындауы үшін оларды қажетті спорттық киіммен, мүкәммалмен, медициналық қызмет көрсетумен және өзге де құралдармен қамтамасыз ету;
14) спорттық жарыстар мен оқу-жаттығу жиындары өтетін орындарда күзет пен еңбек гигиенасының талаптарына жауап беретін тиісті техникалық жабдықтарды құру және кәсіпқой спортшы мен дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де маманның қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
15) спорттық жарақатқа байланысты спортшының, жаттықтырушының және клубтың басқа да қызметкерінің спорттық қызметі уақытша тоқтатылған кезеңде спорттық қызмет туралы шартта көзделген төлемдерді жүзеге асыру;
16) кәсіпқой спортшы, кәсіпқой жаттықтырушы және дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де маман спорттық жарақаттың салдарынан спорттық қызметін уақытша тоқтата тұрған кезеңде оған өз есебінен мөлшері спорттық қызмет туралы шартта көзделген төлемді толық көлемде төлеу;
17) спорттық жарыстарға дайындалу және оларға тікелей қатысу кезінде спортта допингті және денсаулыққа зиянды басқа да құралдарды және (немесе) әдістерді пайдалануға қарсы күресу;
18) спортты халық арасында насихаттауды және кеңінен таратуды ұйымдастыру;
19) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кәсіпқой спортшының, кәсіпқой жаттықтырушының және дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де маманның міндетті әлеуметтік және медициналық сақтандырылуын жүзеге асыру;
20) кәсіпқой спортшыны, кәсіпқой жаттықтырушыны және дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де маманды еңбекті қорғау және жазатайым оқиғалар болған жағдайда алғашқы көмек көрсету жөніндегі жұмыстарды орындаудың қауіпсіз әдістері мен тәсілдеріне үйрету, еңбекті қорғау жөнінде нұсқаулар беру, жұмыс орнында тағылымдамадан өткізуге және еңбек қорғау талаптарын, жұмысты орындаудың қауіпсіз әдістері мен тәсілдерін білетіндіктеріне тексеру жүргізу;
21) жастар арасында спорт резервін даярлауды жүзеге асыру, балаларға арналған спорт мектептерін ашу, бейімдеуші спорт түріне жаттықтырушылар мен төрешілер даярлау;
22) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен спортшылармен, жаттықтырушылармен және дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де мамандармен спорттық қызмет туралы шарттарды жасасу, өзгерту және бұзу;
23) кәсіпқой спортшыларды, кәсіпқой жаттықтырушыларды және дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де мамандарды жоғары спорттық нәтижелерге жеткені үшін көтермелеу;
24) кәсіпқой спортшылардан және жаттықтырушылардан, дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де мамандардан олардың спорттық қызметі туралы жасалған шарттарда қамтылған міндеттерін орындауын талап ету;
25) дене шынықтыру мен спорт саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру арқылы іске асырылады.
Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4-тарау. Клубты басқару
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
8. Клубтардың қызметіне жалпы басшылық құрылтай құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
9. Клубтардың басшылығы:
1) клубтар қызметінің стратегиялық және басым бағыттарын айқындайды;
2) клубтар қызметкерлерінің штаттық санын бекітеді;
3) клубтарға мүшелікке қабылдау мен клубтардан шығаруды жүзеге асырады;
4) оқу-жаттығу жұмыстарының жоспарын бекітеді;
5) кіріс және шығыс сметаларын бекітеді;
6) клубтың штаттық қызметкерлеріне сыйақы беру және еңбек тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдайды;
7) спорт қызметі туралы келісім-шарттар негізінде кәсіпқой спортшыларға ақшалай төлемдер мөлшерін бекітеді.
Клубтар басқармасы кемінде жарты жылда бір рет отырыс өткізіп, онда комиссияның, секциялардың, топтардың, командалардың есептерін талқылайды және өткізілген дене шынықтыру-сауықтыру мен бұқаралық-спорттық іс-шаралардың қорытындыларын шығарады, сондай-ақ клубтардың қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды қарайды.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 106 бұйрығына 8-1-қосымша |
Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшы-мүгедектерді даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы қызметінің қағидалары
Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. Бұйрық 8-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшы-мүгедектерді даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы қызметінің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы (бұдан әрі – Орталық) қызметінің тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Орталық заңды тұлға болып табылады және өз қызметінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік, дене шынықтыру және спорт жөніндегі нормативтік құқықтық актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Қағидаларды және Орталық жарғысын басшылыққа алады.
3. Осы Қағидалар мынадай ұғымдар қолданылады:
1) аға жаттықтырушы – спорт түрлерi бойынша жаттықтырушылар құрамына жалпы басшылықты жүзеге асыратын және оқу-жаттықтырушылық қызметпен тiкелей айналысатын спорт жаттықтырушысы;
2) ауыспалы құрам – Орталық құрамына қабылданған, оқу-жаттығу жиындары мен жарыстар кезінде тартылатын мүгедек-спортшылар құрамы;
3) жеке жаттықтырушы – дене шынықтыру және спорт саласында білімі бар және мүгедек-спортшының оқу-жаттығу процесі мен жарысушылық қызметінің барысында оның жеке дайындығын жүзеге асыратын, өзі даярлайтын мүгедек-спортшыға барынша көңіл бөлетін жеке тұлға;
4) оқу-жаттығу жиыны – мүгедек-спортшылардың спорттық шеберлігін және оқу-жаттығу процесінің сапасын арттыру мақсатында ұйымдастырылатын іс-шара;
5) спорт түрi – спорттың құрамдас бөлігі, оның ерекше белгілері жаттығатын ортасы, дене жаттығуларының жиынтығы немесе зияткерлік қабілеті мен жарыс ережелері болып табылады;
6) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесі – Орталықтың күнтізбелік жылға арналған оқу-жаттығу жұмысын жоспарлауды және өткізуді регламенттейтін ресми құжат;
7) халықаралық жарыстар – кемінде бес мемлекеттің өкiлдерi қатысатын мүгедек-спортшылар (командалар) арасындағы спорт түрінен сайыстар.
2-тарау. Орталықтың қызмет тәртібі
4. Мүгедек-спортшыларды даярлау жыл бойы жүзеге асырады, бірақ мүгедек-спортшыларды дайындаудың перспективалық бағдарламасына сәйкес бір мүгедек-спортшыға 250 күннен аспауы керек.
5. Жүйелі түрде жоғары спорттық нәтижелер көрсететін (халықаралық жарыстардың бірнеше мәрте жеңімпаздары мен жүлдегерлері) және келешекте өзінің спорттық көрсеткіштерін арттыратын мүгедек-спортшылар Қазақстан Республикасының штаттағы құрамына немесе құрама командасына жіберіледі.
6. Халықаралық жарыстарда мүгедек-спортшының көрсеткен нәтижелері Орталыққа да, мүгедек-спортшыны Орталыққа ұсынған ұйымға да бірдей есептеледі.
7. Орталықтың аға жаттықтырушысы мүгедек-спортшыларды дайындаудың келешек бағдарламасын әзірлейді және Орталықтың директорымен келіседі, сондай-ақ шақырылған жаттықтырушылармен бірлесіп, оның орындалуын бақылауға алады, мүгедек-спортшыларды дайындауды және оларды жарыстарға қатыстыруды ұйымдастырады, мүгедек-спортшылардың жарыстарға қатысу нәтижелеріне әрдайым талдау жасайды, мүгедек-спортшылардың дайындық жоспарларын және келешектегі бағдарламаларын іске асырады, оқу-жаттығу жұмысының жеке жоспарларының орындалуын бақылайды, мүгедек-спортшылармен патриоттық және тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастырады және өткізеді.
8. Жеке жаттықтырушы мүгедек-спортшының жеке жоспары бойынша жаттығу жүргізеді және Орталықтың аға жаттықтырушысының басшылығымен жұмыс істейді.
9. Қазақстан Республикасының штаттағы құрамасына немесе құрама командаларына өткен жасөспірімдер, жеткіншектер, жастар мен ересектер жасындағы мүгедек-спортшылар Орталықтың ауыспалы құрамында қалады.
10. Орталыққа мыналар қабылданады:
1) Орталықтарда спорт түрлерінен мүгедек-спортшылардың жасөспірімдер, жеткіншектер, жастар мен ересектер жасындағы және Қазақстан Республикасы чемпионаттарының (біріншіліктерінің) немесе халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып табылатын мүгедек-спортшылар, сондай-ақ спорт түрлерінен Қазақстан Республикасы құрама командаларының құрамына кіретін мүгедек-спортшылар;
2) спорттың ойын түрлері бойынша Қазақстан Республикасының жасөспірімдер, жеткіншектер, жастар және ересектер құрама командаларының мүшелері болып табылатын мүгедек-спортшылар;
3) жоғары деңгейдегі екінші біліктілік санатынан төмен емес жаттықтырушылар.
11. Орталықтың контингенті ауыспалы құрамда болады.
12. Спорт түрлерінен бөлімдер әр жас санаты бойынша мүгедек-спортшылар қатарынан қалыптасады және халықаралық жарыстарға қатысуға жіберілетін команда құрамының ең көп санынан үш құрамнан артық емес құрайды.
13. Бір спорт түрінен әр жас топтағы жаттықтырушылар құрамы 4 бірліктен аспауы тиіс.
14. Мүгедек-спортшылардың, жаттықтырушылардың (спорт түрлері бөлімшелер бойынша) құрамы, спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесі дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) келісімі бойынша Орталық басшысымен жыл сайын жазғы паралимпиялық, сурдлимпиялық спорт түрлері бойынша 20 қаңтарға дейін, қысқы паралимпиялық, сурдлимпиялық спорт түрлері бойынша 20 мамырға дейін бекітеледі.
15. Орталық директоры уәкілетті органның келісімімен бір спорт түрінен барлық жас санаты бойынша (жасөспірімдер, жеткіншектер, жастар және ересектер) жасөспірімдер, жеткіншектер, жастар және ересектер санаты бойынша Қазақстан Республикасының бір аға жаттықтырушысын тағайындайды.
16. Осы Қағидалардың 19-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген жағдайлардан басқа, спорт түрінен әр бөлімдегі мүгедек-спортшылардың және жаттықтырушылардың құрамы уәкілетті органның келісімі бойынша, Орталықтың шешімімен жаттығу және жарыс кезеңі аяқталғаннан кейін қайта қаралады, бірақ жылына екі реттен аспауы тиіс.
17. Орталықта орталықтандырылған дайындыққа тартылатын мүгедек-спортшылар келесі құжаттарды ұсынады:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
2) спорттық атақ беру туралы куәліктің көшірмесін;
3) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген бұйрығымен бекітілген 088/у нысандағы медициналық құжаттамасының көшірмесін (тұрғылықты жері бойынша мүгедектер тапсыратын (МССК) медициналық-санитарлық сараптамасының анықтамасы);
4) республикалық Спорттық медицина және оңалту орталығының немесе дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерінің спортшының денсаулығы және оның осы спорт түрімен келешекте одан әрі шұғылдануы туралы қорытындысының (еркін нысанда) көшірмесін;
5) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедек-спортшының жеке картасын;
6) спорттық нәтижелердің растамаларын (жарыс хаттамаларының көшірмесін).
18. Орталықта мүгедек-спортшыны дайындауға тартылатын жаттықтырушылар келесі құжаттарды ұсынады:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
2) біліктілік санатын беру туралы бұйрықтың көшірмесін;
3) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген бұйрығымен бекітілген 086/у нысандағы медициналық құжаттамасының көшірмесі.
19. Мүгедек-спортшы Орталықтан келесі негіздер бойынша шығарылады:
1) жеке жоспарына сәйкес жарыстарда медальдар және орындар иелену бөлігінде спорттық нәтижелерінің төмендеуі;
2) медициналық қортынды негізінде денсаулық жағдайына;
3) тыйым салынған субстанциялар мен әдістер құралдарды қолдануына;
4) Орталықтың еңбек тәртібі қағидаларын бұзуына байланысты.
20. Орталықтың спорт түрлерінен бөлімдерінде әр спорт түрі бойынша төрағасынан және мүшелерінен тұратын жаттықтырушылар кеңесі құрылады. Жаттықтырушылар кеңесінің мүшелері жаттықтырушылардан тағайындалады. Орталықтың спорт түрі бойынша аға жаттықтырушысы Жаттықтырушылар кеңесінің төрағасы болып тағайындалады.
Жаттықтырушылар кеңесінің отырысына қатысу үшін Орталықтың мүдделі мамандары және дауыс беру құқығы жоқ мүдделі ұйымдардың мамандары тартылады.
21. Жаттықтырушылар кеңесі Орталықтың мүгедек-спортшыларының, жаттықтырушыларының және басқа мамандарының спорттық жарыстарға дайындалуы мен қатысуына қатысты мәселелерді қарастырады.
22. Жаттықтырушылар кеңесінің отырысы жаттықтырушылар кеңесі мүшелерінің жалпы саны 2/3-ден кем болмаған жағдайда өткізіледі.
23. Жаттықтырушылар кеңесінің шешімі оның мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады. Жаттықтырушылар кеңесінің шешімі хаттамамен ресімделеді және оған жаттықтырушылар кеңесінің төрағасы мен мүшелері қол қояды. Жаттықтырушылар кеңесінің төрағасының даусы шешуші болып табылады.
24. Мүгедек-спортшыларды медициналық бақылау және олардың функционалдық дайындығын диагностикалау үшін Орталықтың алдын-алу іс-шараларын өткізу және қалпына келтіру процесін оңтайландыруға бөлінген қаражат шегінде қажетті медициналық үй-жаймен, жабықтармен, қажетті дәрі-дәрмекпен және медициналық мақсаттағы құралдармен қамтамасыз етіледі.
25. Спорт дәрігерлері Орталықтың жаттықтырушыларымен бірлесіп, оқу-жаттығу жиыны мен жарыстар кезінде мүгедек-спортшыларға дәрігерлік бақылауды жүзеге асырады. Дәрігерлік бақылаудың нәтижелерін жаттықтырушылар мүгедек-спортшылардың жеке дайындық жоспарларын түзету үшін пайдаланады.
26. Орталықтың мүгедек-спортшылары жылына екі рет Республикалық спорттық медицина және оңалту орталығында және медициналық мекемелерде тереңдетілген медициналық тексеруден өтеді.
27. Орталықтың оқу-жаттығу жұмысын ұйымдастыру үшін келесі құжаттамалары болады:
1) Орталықтың жылдық жоспары;
2) жылдық спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесі;
3) жарыс хаттамалары мен Орталық мүгедек-спортшыларының қатысуының талдамалары;
4) мүгедек-спортшыларды даярлаудың жеке жоспарлары;
5) мүгедек-спортшының, жаттықтырушының жеке карточкалары;
6) мүгедек-спортшылар мен жаттықтырушылардың тізімі;
7) статистикалық деректердің міндетті нысандары.
Ескерту. Қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Нысан
Сурет |
МҮГЕДЕК-СПОРТШЫНЫҢ ЖЕКЕ КАРТОЧКАСЫ
1. Тегі _____________________________________________________________
2. Аты_______________________________________________________________
3. Әкесінің аты (болған кезде)_______________________________________
4. Туған күні________________________________________________________
(күні, айы, жылы)
5. Туған жері________________________________________________________
(облыс, қала)
6. Білімі____________________________________________________________
(білім деңгейі, оқу орнының атауы)
7. | Жеке басын куәландыратын құжаттың № ___________________ | 13. | Спортшының антропометрлік деректері: |
Бойы___сантиметр, салмағы __килограмм Спорттық санаты_________ | |||
8. | Жеке сәйкестендіру нөмірі_____ | Костюмінің мөлшері ___________ | |
9. | Спорттық атағы _______________ | Бас киімінің мөлшері ________ | |
10. | Жеке жаттықтырушысы ___________ (Тегі, Аты, Әкесінің аты (болған кезде) | Аяқ киімінің мөлшері ________ | |
11. | Тілдерді меңгеруі ____________ | Тұрақты тұратын жері ________ | |
12. | Байланыс телефоны:____________ | 14. | Спорт түрі ___________________ |
Республикалық және халықаралық спорттық жарыстарға қатысуы
Р/С № | Жарыстың атауы | Өткізу мерзімі мен орны (хронолия бойынша) | Жоспарланған нәтиже | Көрсеткен нәтижесі |
1 | ||||
2 |
Спортшының жеке қолы ____________ Жаттықтырушының қолы ______________
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 106 бұйрығымен бекітілген 9-қосымша |
Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның күші
жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Дене шынықтыру және спорт саласындағы балалар мен жасөспірімдер клубтарының қызметін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 02-02-18/74 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылы 20 мамырда № 6970 болып тіркелген, 2011 жылғы 21 маусымдағы № 260-263(26661) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған).
2. "Дене шынықтыру-спорт ұйымдарының (спорт клубтары) қызметін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2011 жылғы 3 тамыздағы № 02-02-18/153 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылы 25 тамызда № 7145 болып тіркелген, 2011 жылғы 11 қазандағы № 488-490 (26882) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған).
3. "Спорт түрлерінен Қазақстан Республикасы құрама командаларының спортшыларын даярлау бойынша кешенді ғылыми топтың қызметін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2011 жылғы 19 қыркүйектегі № 02-02-18/183 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылы 17 қазанда № 7258 болып тіркелген, 2011 жылғы 5 қарашадағы № 529-530 (26922) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған).
4. "Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын және олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектептерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 287 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылы 17 қаңтарда № 8282 болып тіркелген, 2013 жылғы 17 шілдедегі № 172 (28111) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған).
5. "Жоғары спорт шеберлігі мектептерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 тамыздағы № 298 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылы 18 қыркүйекте № 8718 болып тіркелген, 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 220 (28159) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған).
6. "Жоғары спорт шеберлігі мектептерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2013 жылғы 19 тамыздағы № 298 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 7/ӘМ бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылы 13 ақпанда № 9146 болып тіркелген, 2014 жылғы 26 сәуірдегі № 81 (28305) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған).
7. "Олимпиада резервін даярлау орталығының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 26 ақпандағы № 60 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылы 27 наурызда № 9277 болып тіркелген, 2014 жылғы 21 маусымдағы № 121 (28345) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған).
8. "Олимпиадалық даярлау орталығының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 26 ақпандағы № 59 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылы 27 наурызда № 9276 болып тіркелген, 2014 жылғы 21 маусымдағы № 121 (28345) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған).