Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 8 ақпандағы № 32 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 12 ақпанда № 18285 болып тіркелді.

      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін күнтізбелік екі күн ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы тармақпен көзделген іс-шара орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шараның орындалуы туралы мәлімет ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрі
А. Мұхамедиұлы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ақпарат және коммуникациялар

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Білім және ғылым министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2019 жылғы 8 ақпандағы
№ 32 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 69 "Олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернаттар-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттар қызметінің қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін тіркеу тізілімінде № 10164 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 6 ақпанда жарияланған) мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернаттар-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттар қызметінің қағидаларында:

      1-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. "Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына сәйкес ОРРММИК және СДБОМИ білім беру мазмұны оқу жұмыс жоспарымен және бағдарламаларымен айқындалады.

      Негізгі оқу жоспарының вариациялық бөлігінің құрамына кіретін және ОРРММИК және СДБОМИ ерекшелігін сипаттайтын оқу жұмыс жоспары және оқу пәндерінің бағдарламаларын мектеп дербес жүзеге асырады.";

      2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Оқушылар контингентін жинактау тәртібі";

      бірінші бөлімнің 9 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. ОРРММИК және СДБОМИ-ге қабылдау тәртібі 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 127 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларының 16-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 9-1, 9-2, 9-3, тармақтарымен толықтырылсын:

      "9-1. ОРРММИК-ке және СДБОМИ-ға оқуға қабылдау тәртібі ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 маусыымынан кешіктірмей өздерінің интернет-ресурстарында жарияланады.

      9-2. ОРРММИК-ке және СДБОМИ-ға 5, 6, 7, 8, 9, 10 және 11 сыныптарына қабылдау кезінде оқуға түсушінің ата-анасы немесе заңды өкілдері келесідей құжаттарды ұсынады:

      1) еркін формадағы өтініш;

      2) оқуға түсушінің жеке басын куәландыратын немесе туу туралы куәліктің көшірмесі (жеке сәйкестіндіру номерінің бар болуы);

      3) оқуға түсушінің ата-анасының немесе заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      4) Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі актінің № 10012 тіркеу нөмірімен тіркелген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 106 "Спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары түрлерінің тізбесін және олардың қызметі қағидаларын бекіту туралы" бұйрығында көрсетілген нысанға сәйкес толтырылған спортшының жеке картасы;

      5) жалпы орта білім туралы құжаттың түпнұсқасы (оныншы, он бірінші сыныптарға оқуға түсетін кезде);

      6) куәліктің көшірмесі немесе бұйрықтың көшірмесі, немесе келесі спорттық атақтар мен разрядтардың бірін беру туралы бұйрықтан үзінді: "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері", "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері", "Қазақстан Республикасының спорт шебері", "Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер", "1-разрядты спортшы", "2-разрядты спортшы", "3-разрядты спортшы", "1-жасөспірімдік разрядты спортшы", "2-жасөспірімдік разрядты спортшы", "3-жасөспірімдік разрядты спортшы".

      Спорттық атақты беру туралы бұйрықтың көшірмесі немесе бұйрықтан үзінді уәкілетті органның мөрімен расталады, спорттық разряд беру туралы бұйрықтың көшірмесі немесе бұйрықтан үзінді жергілікті атқарушы органның мөрімен расталады;

      7) мекен-жай анықтамасы;

      8) 3х4 өлшемдегі алты фотосурет, фотосуретті сақтау үшін қағаз конверт, оқуға түсушінің жеке құжаты тігілетін мұқаба;

      9) Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі актінің № 6697 тіркеу нөмірімен тіркелген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" бұйрығының 3-қосымшасында бекітілген амбулаториялық-емханалық ұйымдардағы медициналық құжаттардың түпнұсқалары, яғни № 086/ж үлгісіндегі медициналық анықтама (қанның, несептің жалпы талдауының деректері өтінім беру күніне дейін 10 күнтізбелік күн бұрын, стоматолог, эндокринолог, кардиолог, туберкулезге қарсы маманның (тұрақты Манту реакциясы жағдайында) қорытындысы) № 026 нысан бойынша баланың медициналық анықтамасы, № 063/у нысаны бойынша профилактикалық егулер картасы, сондай-ақ эпидемиологиялық жағдай туралы медициналық анықтама; жүректің, бүйректің, ішектің мүшелерінің ультрадыбыстық зерттеуі туралы медициналық қорытындысы; электроэнцефалограф негізінде жасалған медициналық қорытынды, сондай-ақ фтизиатриядан мидың магниттік-резонанстық көрінісі туралы қорытындысы (бокс бөліміне түсу кезінде);

      10) бірыңғай республикалық спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбесіне енгізілген республикалық және халықаралық спорттық жарыстарда жүлделі орындар алғандығын куәландыратын дипломдар мен грамоталардың көшірмелері ОРРММИК-ке оқуға түсушілер ұсынады (бар болған жағдайда);

      11) бірыңғай аймақтық спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбесіне енгізілген облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың спорттық жарыстарда жүлделі орындар алғандығын куәландыратын дипломдар мен грамоталардың көшірмелері СДБОМИ-ге оқуға түсушілер ұсынады (бар болған жағдайда).

      Осы тармақта көрсетілген құжаттар, 5, 6, 7, 8 және 9 сыныптарға түсушілердің ата-аналарынан және басқа да заңды өкілдерінің өздерінен ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 маусымы мен 20 тамызы аралығында қабылданады.

      Осы тармақта көрсетілген құжаттар, 10 және 11-сыныптарға түсушілерден ағымдағы күнтізбелік жылдың 15 маусымынан 20 тамызы аралығында қабылданады.

      9-3. ОРРММИК колледжінің бірінші курсына оқуға түсу кезінде келесі құжаттар ұсынылады:

      1) еркін формадағы өтініш;

      2) оқуға түсушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      3) жалпы орта білім туралы құжаттың түпнұсқасы;

      4) Бірыңғай ұлттық тестілеу туралы сертификат немесе кешенді тестілеу сертификаты (бар болған жағдайда);

      5) куәліктің көшірмесі немесе бұйрықтың көшірмесі, немесе келесі спорттық атақтар мен разрядтардың бірін беру туралы бұйрықтан үзінді: "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері", "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері", "Қазақстан Республикасының спорт шебері", "Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер".

      Спорттық атақты беру туралы бұйрықтың көшірмесі немесе бұйрықтан үзінді уәкілетті органның мөрімен расталады, спорттық разряд беру туралы бұйрықтың көшірмесі немесе бұйрықтан үзінді жергілікті атқарушы органның мөрімен расталады;

      6) мекен-жай анықтамасы;

      7) 3х4 өлшемдегі алты фотосурет, фотосуретті сақтау үшін қағаз конверт, оқуға түсушінің жеке құжаты тігілетін мұқаба;

      8) Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі актінің № 6697 тіркеу нөмірімен тіркелген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" бұйрығының 3-қосымшасында бекітілген амбулаториялық-емханалық ұйымдардағы медициналық құжаттардың түпнұсқалары, яғни № 086/ж үлгісіндегі медициналық анықтама (қанның, несептің жалпы талдауының деректері өтінім беру күніне дейін 10 күнтізбелік күн бұрын, стоматолог, эндокринолог, кардиолог, туберкулезге қарсы маманның (тұрақты Манту реакциясы жағдайында) қорытындысы) № 026 нысан бойынша баланың медициналық анықтамасы, № 063/у нысаны бойынша профилактикалық егулер картасы, сондай-ақ эпидемиологиялық жағдай туралы медициналық анықтама; жүректің, бүйректің, ішектің мүшелерінің ультрадыбыстық зерттеуі туралы медициналық қорытындысы; электроэнцефалограф негізінде жасалған медициналық қорытынды, сондай-ақ фтизиатриядан мидың магниттік-резонанстық көрінісі туралы қорытындысы (бокс бөліміне түсу кезінде);

      9) бірыңғай республикалық спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбесіне енгізілген республикалық және халықаралық спорттық жарыстарда жүлделі орындар алғандығын куәландыратын дипломдар мен грамоталардың көшірмелері ОРРММИК-ке оқуға түсушілер ұсынады (болған жағдайда).

      Осы тармақта көрсетілген құжаттар ағымдағы күнтізбелік жылдың 20 маусымынан 20 тамыз аралығында оқуға түсушінің өзінен ғана қабылданады.";

      3-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Оқу тәрбие және оқу-жаттығу процестерін ұйымдастыру тәртібі";

      4-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Кадрлық қамтамасыз ету тәртібі".

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 106 "Спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары түрлерінің тізбесін және олардың қызметі қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі № 10012 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды) мынадай өзгерту мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің, мүгедектерге арналған спорт мектептерінің қызметі қағидаларында:

      9-1 тармағы мынадай редакцияда толықтырылсын:

      "9-1. Спорт мектебіне мына талаптарға сәйкес келетін жалпы білім беретін мектептердің және басқа да оқу орындарының оқушылары қабылданады:

      1) таңдаған спорт түрі бойынша спорттық норматив;

      2) Қағиданың 1-1 қосымшасында көрсетілген спорт түрлері бойынша алғашқы даярлау топтарына қабылдау үшін балалардың жасы.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Спорт мектепке оқуға түсушінің ата-анасы немесе заңды өкілдері келесідей құжаттарды ұсынады:

      1) еркін формадағы өтініш;

      2) оқуға түсушінің жеке сәйкестіндіру нөмері бар туу туралы куәліктің көшірмесі;

      3) ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      4) таңдаған спорт түрімен шұғылдануға участкелік дәрігермен берілген рұқсатнамасы бар медицналық анықтама;

      5) Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі актінің № 6697 тіркеу нөмірімен тіркелген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" бұйрығының 3-қосымшасында бекітілген яғни № 086/ж үлгісіндегі медициналық анықтама (қанның, несептің жалпы талдауының деректері өтінім беру күніне дейін 10 күнтізбелік күн бұрын, стоматолог, эндокринолог, кардиолог, туберкулезге қарсы маманның (тұрақты Манту реакциясы жағдайында) қорытындысы).".

      3. Күші жойылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.05.2020 № 158 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2019 жылғы 8 ақпандағы
№ 32 бұйрығына
1-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.05.2020 № 158 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2019 жылғы 8 ақпандағы
№ 32 бұйрығына
2-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.05.2020 № 158 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2019 жылғы 8 ақпандағы
№ 32 бұйрығына
3-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.05.2020 № 158 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.