Спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу үдерісін жүзеге асыратын түрлі дене шынықтыру-спорттық ұйымдарының тізбесін және олардың қызмет қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 106 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 25 желтоқсанда № 10012 тіркелді

Қолданыстағы

      «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 47) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналар бекітілсін:
      1) Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу үдерісін жүзеге асыратын түрлі дене шынықтыру-спорттық ұйымдарының тізбесі;
      2) Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу үдерісін жүзеге асыратын балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің қызметін ұйымдастыру қағидалары;
      3) Осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу үдерісін жүзеге асыратын олимпиада резервін даярлау орталықтарының қызметін ұйымдастыру қағидалары;
      4) Осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу үдерісін жүзеге асыратын олимпиадалық даярлау орталықтарының қызметін ұйымдастыру қағидалары;
      5) Осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу үдерісін жүзеге асыратын жоғары спорт шеберлігі мектептерінің қызметін ұйымдастыру қағидалары;
      6) Осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу үдерісін жүзеге асыратын балалар мен жасөспірімдердің дене тәрбиесі даярлығы клубтарының қызметін ұйымдастыру қағидалары;
      7) Осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу үдерісін жүзеге асыратын спорт клубтарының қызметін ұйымдастыру қағидалары;
      8) Осы бұйрықтың 8-қосымшасына сәйкес спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу үдерісін жүзеге асыратын кәсіби спорт клубтарының қызметін ұйымдастыру қағидалары бекітілген.
      2. Осы бұйрықтың 9-қосымшасына сәйкес дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б. Қанағатов) заңнамада белгіленген тәртіпте:
       1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Т.Қ. Есентаевқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                     А. Мұхамедиұлы

Қазақстан Республикасы    
Мәдениет және спорт министрінің
2014 жылғы 22 қарашадағы  
№ 106 бұйрығымен     
бекітілген         
1-қосымша          

Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау
жөніндегі оқу-жаттығу процессі жүзеге асырылатын дене
шынықтыру-спорт ұйымдары түрлерінің тізбесі

      1. Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі.
      2. Олимпиада резервін даярлау орталығы.
      3. Олимпиадалық даярлау орталығы.
      4. Жоғарғы спорт шеберлігі мектебі.
      5. Балалар-жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлығы клубы.
      6. Спорт клубы.
      7. Мамандандырылған спорт клубы.

Қазақстан Республикасы   
Мәдениет және спорт министрінің
2014 жылғы 22 қарашадағы   
№ 106 бұйрығымен бекітілген
2-қосымша          

Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды оқу-жаттығу
жиыны үдерісінде даярлауда жүзеге асырылатын
Балалар-жасөспірімдер спорт мектептері қызметінің қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Балалар-жасөспірімдер спорт мектептері қызметінің қағидалары (бұдан әрі – Қағида) балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің қызметін ұйымдастыру тәртібін анықтайды.
      2. Балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде балаларды, жасөспірімдерді, юниорларды және жастарды, олардың ішінде мүмкіндіктері шектеулі адамдарды (бұдан әрі – мүгедектер) (бұдан әрі – оқушылар), спорт түрлерінен дайындау мақсатында қосымша білім беру оқу бағдарламаларын іске асырылады.
      3. Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне мамандандырылмаған балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектептері (бұдан әрі – спорт мектептері) жатады.
      4. Спорт мектептерінің республикалық, облыстық, қалалық және аудандық мәртебесі болуы мүмкін. Спорт мектептерінің мәртебесі оның құрылтайшысымен анықталады және спорт мектептерінің жарғысында көрсетіледі.
      5. Осы Қағидада мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) нормативтік талаптар – орындалуы тиісті топқа ауысу үшін негізгі шарт болып табылатын оқушылардың спорт түрлерінен белгілі бір спорттық жаттығуларды орындауын есепке ала отырып, спорт мектептерінің оқушыларына қойылатын бақылау-ауыстыру талаптары;
      2) тұрақты құрам – спорт мектебінің контингентіне директордың бұйрығымен қабылданған спортшылар;
      3) ауыспалы құрам – оқу-жаттығу жиынына және жарыстарға шақырылатын, спорт мектептерінің штатында жұмыс істемейтін жаттықтырушылармен шұғылданатын спортшылар.

2. Мақсаттары және міндеттері

      6. Спорт мектептерінің негізгі мақсаттары:
      1) оқушыларды дене шынықтырумен және спортпен жүйелі шұғылдануға тарту;
      2) оқушылардың белгілі бір спорт түріне қабілетін анықтау;
      3) оқушыларды спорт түрлеріне оқыту және моральдық-ерік қасиеттерін тәрбиелеу.
      7. Спорт мектептерінің негізгі міндеттері:
      1) оқушылар арасында олардың денсаулығын нығайтуға және жан-жақты дене мүмкіндігінің жетілуіне бағытталған дене шынықтыру-сауықтыру және тәрбиелік жұмыстарды жүзеге асыру;
      2) жалпы білім беру мектептерінде және басқа да білім беру мекемелеріне спорт мектебінде жүргізілетін спорт түрлері бойынша әдістемелік және спорттық-бұқаралық жұмыстарға жан-жақты көмек көрсету;
      3) спорт резервін, аудандық, қалалық, облыстық, республикалық құрама командаларға үміткерлер даярлауды қамтамасыз ету және спорт мектептерінде жоғары дәрежелі спортшыларды тәрбиелеу.
      8. Алға қойылған міндеттерді іске асыру үшін спорт мектептері:
      1) жыл бойы тұрақты сабақтар өткізу үшін жағдайлар жасайды;
      2) қабілетті оқушыларды болашақта спорт түрлері бойынша мамандыру үшін іріктеу жүйесін ұйымдастырады;
      3) жүйелі тәрбиелік жұмыстарды, соның ішінде оқушылардың спорттық этиканы сақтау дағдыларын, ұйымшылдығын дамытуды ұйымдастырады;
      4) алдыңғы қатарлы спортық технологияларды пайдаланып, соның ішінде оқу-жаттығу процесін ұйымдастырады;
      5) спорттық жарыстарды жүйелі өткізеді және оқушылардың спорттық жарыстарға белсенді қатысуын қамтамасыз етеді;
      6) оқушылардың қажетті теориялық білімді және тәжірибиелік дағдыларды игеруін қамтамасыз етеді.

3. Оқушыларды қабылдау, ауыстыру және оқудан шығару тәртібі

      9. Оқушыларды қабылдау, ауыстыру, оқудан шығару және олардың оқуды бітіруі спорт мектебі директорының бұйрығымен ресімделеді.
      10. Спорт мектебіне мына құжаттарын берген жалпы білім беру мектептерінің және басқа да білім беру мекемелерінің оқушылары қабылданады:
      1) оқушының ата-анасы немесе оның ресми өкілдері қол қойған қабылдау туралы өтініш;
      2) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 Бұйрығы «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген 026 нысандағы баланың медициналық картасы.
      3) № 907 Бұйрықпен бекітілген 088/у нысандағы медициналық құжаты (тұрғылықты жері бойынша мүгедектер тапсыратын медициналық-санитарлық сараптамасының анықтамасы (бұдан әрі – МССК).
      11. Спорт түрлеріне байланысты оқушылардың жасы «Спорт резерві және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау бойынша оқу-жаттығу процесін жүзеге асыратын дене шынықтыру-спорт ұйымдарында спорт түрлері бойынша спортшылардың жас шамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 20 қазандағы № 42 бұйрығымен реттеледі, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 9881 тіркелген.
      12. Оқушыларды келесі оқу жылына және келесі оқу кезеңі топтарына ауыстыру:
      1) тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйым берген денсаулығы туралы медициналық анықтамасы бар болғанда;
      2) тұрғылықты жері бойынша МССК анықтамасы бар болғанда (мүгедектер тапсырады);
      3) осы топтарға арналған және спорт мектебінің директоры бекіткен нормативтік талаптарды орындаған жағдайда жүзеге асырылады.
      13. Нормативтік талаптарды тапсырмаған оқушылар келесі топтарға ауыстырылмайды. Осы оқушылар спорт мектебі педагогикалық кеңесі шешімінің негізінде осы даярлау кезеңінде бір реттен артық емес оқу жылында қайтадан оқуды жалғастырады.
      14. Тиісті оқу жылының нормативтік талаптарын орындаған, бірақ келесі оқу жылындағы топқа ауысу үшін белгіленген жасқа жетпеген оқушылар, педагогикалық кеңестің шешімімен мерзімінен бұрын ауыстырылады.
      15. Оқушылар мына жағдайларда оқудан шығарылады:
      1) медициналық қарсы айғақтары болған жағдайда;
      2) жеке дайындық жоспарларының талаптарын орындамағанда, спорттық дайындық тәртібін бұзғанда;
      3) өзінің спорттық нәтижесін төмендеткенде;
      4) спорт мектебінің ішкі тәртіп ережелерін бұзғанда;
      5) спортта тыйым салған субстанциялар және (немесе) әдістерді қолданғанда;
      6) өз еркімен.
      16. Оқушылар топтан шыққан жағдайда, жаттықтырушы-оқытушы топты бір ай мерзім ішінде толықтырып жасақтайды.
      Оқу жылы аяқталған кезде спорт мектептеріндегі топтардың сандық құрамы алғашқы құрамынан кемінде 50%-ды құрауы тиіс.

4. Оқу-жаттығу үдерісін ұйымдастыру

      17. Спорт мектебінде оқу барысында оқушылар келесі дайындық кезеңдерінен өтеді:
      1) спорттық-сауықтыру даярлығы кезеңінде (оқудың барлық кезеңі) – сабақтар денсаулығын нығайту және қозғалудың табиғи қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында дене шынықтырумен және спортпен шұғылданғысы келетін 6 жастан 15 жасқа дейінгі оқушылармен өткізіледі;
      2) алғашқы даярлау кезеңі (1-3 жыл) – сабақтар оқу-жаттығу топтарына дарынды оқушыларды іріктеу мақсатында осы спорт түріне белгіленген жасқа сәйкес спортпен шұғылданғысы келетін балалармен өткізіледі;
      3) оқу-жаттығу даярлығы кезеңі (4-5 жыл) – топтар спорт түрі бойынша мамандану мақсатында алғашқы спорттық даярлау курсын табысты игерген оқушылардан жасақталады;
      4) спорттық жетілдіру кезеңі (3-4 жыл) – топтар жастар құрама командаларын толықтыру мақсатында оқу-жаттығу топтарында даярлану кезеңінен өткен және бақылау нормативтерін орындаған оқушылардан жасақталады;
      5) жоғары спорт шеберлігі кезеңі (3 жыл және одан жоғары) – топтар спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын толықтыру мақсатында спорттық жетілдіру кезеңінен өткен оқушылардан жасақталады.
      18. Әр оқушыға осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес спортшылардың жеке карточкасы ашылады.
      19. Спорт мектептері жұмысының негізгі нысандары мыналар:
      1) оқу-жаттығу сабақтары (жеке және топтық);
      2) оқу-жаттығу жиындарындағы оқу-жаттығу сабақтары;
      3) спорттық жарыстарға қатысу;
      4) спорттық-сауықтыру лагерлеріндегі оқу-жаттығу процесі;
      5) медициналық қалпына келтіру іс-шаралары;
      6) теориялық сабақтар;
      7) оқушылардың нұсқаушылық және төрешілік іс-тәжірибелері;
      8) спорттық жарыстарды көру және талдау болып табылады.
      20. Спорт мектептерінде оқу жылы 1 қыркүйектен басталады. Спорт түрлері бойынша бөлімшелердегі оқу-жаттығу сабақтары оқу-жаттығу сабақтарының 52 аптаға есептелген оқу бағдарламалары мен оқу жоспарлары бойынша тікелей спорт мектебінің жағдайында, оқу-жаттығу жиындарына, жарыстарға, спорттық-сауықтыру лагерлерінде қатысуды қоса алғанда және спорт мектептерінің демалысы кезіндегі жеке жоспары бойынша жүргізіледі.
      21. Осы Қағиданың негізінде әрбір спорт мектебі өзі таңдаған жұмысты, спорт түрлерінің ерекшелігін, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді есепке алып, қызмет бағдарламасын әзірлейді. Қызмет бағдарламасын спорт мектебінің директоры бекітеді.
      22. Спорт мектебінің спорттық жетістіктері осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес спорт мектебінің картасында көрсетіледі.
      23. Оқушылар және оқу топтартарының спорт мектебінде білім алған кезінде спорттық жарыстарда қол жеткізген нәтижелері жарыстарды өткізу циклінің ішінде (бір, екі, төрт жылда) спорт мектебі қызметкерлерінің еңбек ақысын төлеу бойынша үстемеақыны айқындау кезінде ескеріледі.
      24. Облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарға қатысуға жіберілген спорт мектептерінің командалары мен оқушыларын дайындау үшін спорт мектептері қаржыландыру шеңберінде ұзақтығы он сегіз күнтізбелік күнге дейін облыстық, ұзақтығы жиырма бір күнтізбелік күнге дейін республикалық және ұзақтығы жиырма төрт күнтізбелік күнге дейін халықаралық жарыстарға оқу-жаттығу жиындарын өткізеді, олардың жалпы саны жылына жүз елу күнтізбелік күннен аспауы тиіс.
      25. Спорттық-сауықтыру топтары мен алғашқы даярлау топтарындағы сабақтар жалпы білім беретін мектептердің ғимаратында және басқа да оқу мекемелерінің оқу жылы бойы қолда бар спорт ғимараттарын пайдалану арқылы өткізілуі мүмкін. Топтар үшін белгіленген көлемде оқушылар контингенті болған жағдайда, олармен сабақтар демалыс кезінде де жалғаса береді.
      Жыл бойғы оқу жаттығулары мен оқушылардың демалыс кезінде белсенді тынығуын қамтамасыз ету үшін спорттық-сауықтыру лагерлері ұйымдастырылады.
      26. Спорттық-сауықтыру топтарындағы және алғашқы даярлау топтарындағы бір сабақтың ұзақтығы екі-үш академиялық сағаттан, оқу-жаттығу топтарында – үш-төрт академиялық сағаттан кемінде аптасына төрт рет сабақ өту кезінде аспауы тиіс; аптасына жиырма сағат және одан да көп жүктемесі бар топтарда – төрт академиялық сағатқа дейін, ал күніне екі рет жаттығу сабағы кезінде – үш академиялық сағатқа дейін болуы тиіс. Спорттық жетілдіру және жоғары спорт шеберлігі топтарында – төрт академиялық сағатқа дейін.
      27. Оқу-жаттығу, спорттық жетілдіру және жоғары спорт шеберлігі топтарында сабақ өткізу үшін осы топтарға арналған оқу-жаттығу тәртібімен бекітілген оқу бағдарламасындағы сағат сандарының шегінде барлық спорт түрлерінен негізгі жаттықтырушы-оқытушыдан басқа қосымша екінші жаттықтырушы-оқытушы жұмысқа тартылады.
      28. Қазіргі бессайыс (биатл, триатл) бойынша сабақтарға оқу жүктемесін есептеу кезінде оқу сағат саны 2,5 есеге көбейтілуі тиіс, спорттық және көркем гимнастика, конькимен мәнерлеп сырғанау, суға секіру, акробатика, үйлесімді жүзу, биатлон, фристайл, су шаңғысы спорты, триатлон бойынша 2 есеге, ал шаңғы қоссайысы, жеңіл атлетика көпсайысы, ат спорты, полиатлон, есу слаломы, байдарка мен каноэде есуде, академиялық есуде оқу бағдарламасына енетін жаттықтырушы-оқытушылардың еңбек ақысын есепке алып, 1,5 есе көбейтілуі тиіс.
      Берілген спорт түрлері бойынша оқу сабақтарының сағат есепке алып санын көбейту негізгі жаттықтырушы-оқытушының және ұқсас спорт түрлері бойынша жаттықтырушы-оқытушылардың топтарын бірге бір мезгілде жұмысқа тартқан жағдайда жүзеге асырылады.

5. Жинақтау тәртібі, топтардың толықтырылуы, оқу-жаттығу
жұмысының тәртібі

      29. Спорт мектептерінің құрылымында тұрақты және ауыспалы құрам бар.
      30. Республикалық мәртебесі бар спорт мектептерінің оқушылар контингенті, оқу топтарының құрамы және спорт мектебіндегі оқу сағаттарының жылдық есебін жыл сайын 1 қыркүйектен кешіктірмей дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен (бұдан әрі – уәкілетті орган) келісу бойынша спорт мектебінің директоры бекітеді.
      Облыстық, қалалық және аудандық мәртебесі бар спорт мектептерінің оқушылар контингенті, оқу топтарының құрамы және оқу сағаттарының жылдық есебін жыл сайын 1 қыркүйектен кешіктірмей тиісті дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті органмен (бұдан әрі – жергілікті орган) келісу бойынша спорт мектебінің директоры бекітеді.
      31. Оқу-жаттығу жұмысының тәртібі және топтардың толықтырылуы осы Қағидаға 3-қосымшада айқындалған.
      Спорттық және би жұптары үшін мәнерлеп сырғанаудан спорттық жетілдіру және жоғары спорт шеберлігі топтарында оқушылардың саны 4 адамды құрайды.
      32. Осы Қағидаға 4-қосымшада көрсетілген бірінші топқа енгізілген спорт түрлерінде негiзгi жаттықтырушы-оқытушыдан басқа, аралас спорт түрлерi бойынша, жалпы дене шынықтыру дайындығы бойынша жаттықтырушы-оқытушылар, сонымен қатар, хореографтар, аккомпониаторлар тартылады.
      33. Спорт мектептерінде оқушылардың шеберлік деңгейіне келесі талаптар қойылады:
      1) жоғары спорт шеберлігі топтарына ойын спорты түрлерінен, көкпардан, коньки спортынан, жеңіл атлетикадан «Спорт шеберіне үміткер» разрядын, ал қалған спорт түрлерінде «Қазақстан Республикасының спорт шебері» дәрежесінен кем емес атақты алған оқушылар ауыстырылады;
      2) спорттық жетілдіру топтарына ойын спорт түрлері бойынша, көкпардан, коньки тебу спортынан, жеңіл атлетикадан бірінші спорт разрядын, ал қалған спорт түрлерінде «Спорт шеберіне үміткер» разрядын алған оқушылар қабылданады;
      3) оқу-жаттығу топтарына алғашқы даярлау кезеңінде бір оқу жылынан кем емес мерзімде білім алған оқушылар қабылданады.
      34. Спорт мектептерінде спорт түрлерінен бөлімшелер алғашқы даярлау топтарынан, оқу-жаттығу топтарынан, спорттық жетілдіру топтарынан және жоғары спорт шеберлігі топтарынан құрылады.
      Облыстық, қалалық және аудандық спорт мектептерінде спорттық жетілдіру топтарын ашу тиісті жергілікті атқарушы органның келісу бойынша спорт мектебі директорының шешімімен жүзеге асырылады.
      Республикалық спорт мектептерінде спорттық жетілдіру топтарын ашу, республикалық, облыстық, қалалық және аудандық спорт мектептерінде жоғары спорт шеберлігі топтарын ашу уәкілетті органның келісу бойынша спорт мектебі директорының шешімімен жүзеге асырылады.
      35. Спорт мектептерінің жаттықтырушы-оқытушылар құрамының жұмысы:
      1) алғашқы даярлау топтарында – оқу топтары құрамының тұрақтылығы жалпы дене дайындығы бойынша талаптарды қоса алғанда, оқушылардың спорт мектептері бағдарламаларын игеру деңгейі, оқу-жаттығу топтарына ауыстырылған шұғылданушылардың санын есепке алып;
      2) оқу-жаттығу топтарында – топ құрамының тұрақтылығы, жалпы және арнайы дене дайындығының нормативтік көрсеткіштерін орындауын, спорттық жарыстарда қол жеткізген нәтижелерін, түлектер арасынан спорт жөніндегі төрешілерді дайындауды есепке алып;
      3) спорттық жетілдіру топтарында – шұғылданушылардың бағдарлама, соның ішінде спорттық даярлау талаптарын орындауларын, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларына (негізгі, жастар және жасөспірімдер құрамы) даярланған үміткерлер саны, олардың республикалық және халықаралық жарыстарда өнер көрсетуінің нәтижелерін ескере отырып;
      4) жоғары спорт шеберлігі топтарында – спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларына (негізгі, жастар және жасөспірімдер құрамы) даярланған үміткерлердің санын, олардың республикалық және халықаралық жарыстарда өнер көрсетуінің нәтижелерін ескере отырып бағаланады.
      36. Әр жаттықтырушы-оқытушыға осы Қағиданың 5-қосымшасына сәйкес жаттықтырушы-оқытушы жеке карточкасы ашылады.
      37. Спорт мектептерінде педагогикалық кеңес құрылады, оның ережесін және құрамын спорт мектебінің директоры бекітеді.
      Педагогикалық кеңес тоқсан сайын кемінде бір рет өткізіледі. Педагогикалық кеңес отырысында оқу-жаттығу, тәрбие, әдістемелік, спорттық-бұқаралық жұмыстар, дәрігерлік бақылау тыңдалады және талқыланады және солар бойынша шешімдер қабылданады.
      38. Спорт түрлері бойынша бөлімшелерде егер олардың әрқайсысының басшылығымен толық жүктемемен кемінде 3 жаттықтырушы-оқытушы жұмыс істейтін болса, онда спорт мектебі директорының бұйрығымен жетекші жаттықтырушы-оқытушылар арасынан бөлімшенің аға жаттықтырушы-оқытушылары тағайындалады.
      39. Спорт түрлерінен бөлімшелерде жаттықтырушылар кеңесі құрылады, оның ережесін және құрамын спорт мектебінің директоры бекітеді.
      Жаттықтырушылар кеңестерінде бөлімшелердің жетекші жаттықтырушы-оқытушыларының басшылығымен айында 1 реттен кем емес оқу-жаттығу, тәрбие жұмысы, оқушыларды даярлаудың жеке жоспары, жарыстарға қатысуы қарастырылады, спорт бойынша жаттықтырушы-оқытушылардың жаттығу үрдісі әдістемелерін жетілдіру, ашық жаттығу сабақтарын өткізу, соңынан оларды талқылау және жұмыс тәжірибесін алмасу жөніндегі хабарламалары мен баяндамалары тыңдалады.
      40. Спорт мектебі жұмысшыларының штатын спорт мектебінде жүргізілетін спорт түрлерін және спорт ғимараттарын ескере отырып, уәкілетті органның (спорт мектебінің республикалық мәртебесі болған жағдайда) немесе тиісті жергілікті атқарушы органның (спорт мектебінің облыстық, қалалық және аудандық мәртебесі болған жағдайда) келісуімен спорт мектебінің директоры бекітеді.
      41. Спорт мектептері спортшыларды және жаттықтырушы-оқытушылар құрамын заңнамада белгіленген тәртіпте спорттық киіммен, аяқ-киіммен, мүкаммалмен және құрал-жабдықтармен қамтамасыз етеді.
      42. Спорт мектептері үшін бірыңғай спорттық форма, таңба, төс белгісі және оқушы билеті белгіленеді.

6. Медициналық қамтамасыз ету

      43. Спорт мектебінің медициналық қызметкері оқу-жаттығу үрдісі кезінде және мектеп жарыстарын өткізу кезінде медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, жаттығу жүктемесінің көлемі мен қарқындылығын бақылауды, жыл сайынғы медициналық тексерудің кестесі және үрдісін қадағалайды, спортшыларды даярлаудың жеке жоспарын құруға және бекітуге қатысады.
      Спорт мектебінің әр оқушысына дәрігерлік-бақылау картасы толтырылады, ол мектебінің медициналық кабинетінде сақталады.

Балалар-жасөспірімдер  
спорт мектептері қызметінің
қағидаларына 1-қосымша 

Нысан

Спортшының жеке карточкасы

Т.А.Ә. _______ Туған жылы, айы, күні _________ Спорт түрі ________
Спортпен шұғылдану сабақтарының басталған жылы, айы ____________
Спорт мектебі ___________
Спорт қоғамы _____________________ Қала _______________

1-кесте

Топтар

Оқу жылы

Тексерілген күні

Физикалық дамуы

Медициналық қорытынды

бойы

салмағы

табанының ұзындығы

саусақтарды жұму күші

ӨӨК*

ОЕП* Мл/ мин

ОЕП * Мл /мин/кг

Спорт мектебіне қабылданған кездегі бастапқы мәліметтер:











Алғашқы даярлық

1










2










Оқу-жаттығу

1










2










3










4










5










Спорттық жетілдіру

1










2










3










Жоғары спорт шеберлігі

Кезең бойы










      Ескерту:
      ӨӨК – өкпенің өмірлік көлемі;
      ОЕП – оттегін ең көп пайдалану.

2-кесте

Топтар

Оқу жылы

ЖДД*

АД*

Үздік спорттық көрсеткіш

Бәсекелестік жаттығу қызметі

30 м жүгіру

6 минут жүгіру

10 секунд жүгіру

3*10 м айналма жүгіру

Орнында тұрып ұзындыққа секіру

Тартылу

Допты отырып лақтыру

Абалаковша жоғарыға секіру

Жарыстар саны

Сөре саны

Жарыстар күндерінің саны

Бастапқы мәліметтер:















Алғашқы даярлық

1














2














Оқу-жаттығу

1














2














3














4














5














Спорттық жетілдіру

1














2














3














Жоғары спорт шеберлігі

Кезең бойы














      Келесі даярлық кезеңіне өту және мектепті бітіру туралы белгілер:
      оқу-жаттығу топтарына ________________________________________
      спорттық жетілдіру топтарына _________________________________
      жоғары спорт шеберлігі топтарына _____________________________
      бітіру _______________________________________________________
      Жаттықтырушы-оқытушы _________________________________________
      Аға жаттықтырушы-оқытушы _____________________________________

      Ескерту:
      ЖДД – жалпы дене дайындығы.
      АД – арнайы даярлық.

Балалар-жасөспірімдер  
спорт мектептері қызметінің
қағидаларына 2-қосымша 

Нысан

Спорт мектебінің картасы

Мекен-жайы ____________________, жабдықтар ________________________, Спорт түрі (түрлері) ________________, ашылған жылы _________________

Жинақтау

1-кесте

Даярлау кезеңдері

Оқу жылы

Оқу топтардың саны

201___ж.

201___ж.

201___ж.

201___ж.

топтар

оқушылар

топтар

оқушылар

топтар

оқушылар

топтар

оқушылар

Алғашқы даярлау

1









2









Оқу-жаттығу

1









2









3









4









5









Спорттық жетілдіру

1









2









3









Жоғары спорт шеберлігі

Барлық кезең









Барлығы










Шұғылданушылардың сапалық құрамы (біліктілігі)

2-кесте

Оқушының жасы

Халықаралық дәрежедегі спорт шебері

Спорт шебері

Спорт шеберіне кандидат

1 спорттық разряд

201__ж.

201__ж.

201__ж.

201__ж.

201__ж.

201__ж.

201__ж.

201__ж.

201__ж.

201__ж.

201__ж.

201__ж.

201__ж.

201__ж.

201__ж.

201__ж.


















Спорт резервін даярлау

3-кесте

Қазақстан Республикасы құрама командасының құрамы

Оқушылардың саны

201___ж.

201___ж.

201___ж.

201___ж.

Негізгі құрам





Жастар құрамы





Жасөспірімдер құрамы





Қайта даярланған

4-кесте

Біліктілігі

201___ж.

201___ж.

201___ж.

201___ж.

Халықаралық дәрежедегі спорт шебері





Спорт шебері





Жарыстарға қатысқан оқушылардың саны

5-кесте

Құрамы

Иеленген орындары

Халықаралық

Республикалық

Облыстық

201__ж.

201__ж.

201__ж.

201__ж.

201__ж.

201__ж.

201__ж.

201__ж.

201__ж.

201__ж.

201__ж.

201__ж.

Оқушылар

10-ғы 1-3 орын













Жүлделі жеке және командалық орындар

6-кесте

Жарыс деңгейі

201___ж.

201___ж.

201___ж.

201___ж.

Халықаралық





Республикалық





Облыстық





      Директор ______________
      Оқу бөлімінің меңгерушісі __________________
      Аға жаттықтырушы __________

Балалар-жасөспірімдер  
спорт мектептері қызметінің
қағидаларына 3-қосымша 

Оқу-жаттығу жұмысының тәртібі және топтардың толықтырылуы
(ең төменгі саны)

Топтар (оқу кезеңдері бойынша)

Оқу кезеңі

Аптадағы оқу сағаттары

Спорт түрлері бойынша топтардағы адам саны*

Бірінші топ

Екінші топ

Үшінші топ

Төртінші топ

Бесінші топ

Жоғары спорт шеберлігі

Кезең бойы

32 сағат 36 сағат (топ құрамында Қазақстан Республикасы құрама командасының мүшесі болған жағдайда)

3 адам

5 адам

4 адам

2 адам

2 адам

Спорттық жетілдіру

Бірінші оқу жылы

24 сағат

5 адам

6 адам

6 адам

2 адам

3 адам

Екінші оқу жылы

26 сағат

4 адам

6 адам

5 адам

2 адам

3 адам

Екі оқу жылынан астам

28 сағат

4 адам

6 адам

5 адам

2 адам

3 адам

Оқу-жаттығу

Бірінші оқу жылы

12 сағат

8 адам

10 адам

10 адам

4 адам

5 адам

Екінші оқу жылы

14 сағат

8 адам

10 адам

10 адам

4 адам

4 адам

Үшінші оқу жылы

18 сағат

6 адам

10 адам

8 адам

3 адам

4 адам

Үш оқу жылынан астам

20 сағат

6 адам

10 адам

8 адам

3 адам

3 адам

Алғашқы даярлау

Бірінші оқу жылы

8 сағат

10 адам

12 адам

14 адам

5 адам

8 адам

Бір оқу жылынан астам

10 сағат

8 адам

12 адам

12 адам

5 адам

6 адам

Спорттық-сауықтыру

Кезең бойы

6 сағат

16 адам

16 адам

18 адам

8 адам

12 адам

      Ескерту:
      Бірінші, екінші, үшінші, төртінші және бесінші топтарға жататын спорт түрлерінің тізімі:
      бірінші топ: акробатика, биатлон, бобслей, спорттық гимнастика, көркем гимнастика, тау шаңғы спорты, шаңғы қоссайысы, шаңғы жарысы, коньки спорты, ат спорты, жеңіл атлетикалық көпсайыстар, лақтыру және сырықпен секіру, желкенді спорт, суға секіру, батутта секіру, шаңғымен трамплиннен секіру, шана спорты, жүзу, үйлесімді жүзу, тауға өрмелеу, садақтан ату, нысана көздеу, стенд ату, қазіргі бессайыс (биатл, триатл), мәнерлеп сырғанау, фристайл, семсерлесу, велоспорт (трек, шоссе, маутинбайк), су-шаңғы спорты, автомобиль, мотоцикл, су-мотор, су астындағы, ұшақ, тікұшақ, парашют, планер, дельтапланер спорт түрлері, спорттық жүріс, марафондық жүгіру, триатлон, полиатлон, теннис және қолданбалы спорт түрлері;
      екінші топ: ойын спорты түрлері, көкпар;
      үшінші топ: қалған барлық спорт түрлері;
      төртінші топ: ат спортының ұлттық түрлері (бәйге, аламан бәйге, жорға, қыз қуу, аударыспақ, теңге алу, жамбы ату), есу слаломы, байдарка мен каноэде есу, академиялық есу, жағажай волейбол.
      бесінші топ: саятшылық (құс бегі) – құсты аңға салу (сұңқар, қаршыға, бүркіт).

Мүгедектер арасында оқу-жаттығу жұмысының тәртібі және
топтардың толықтырылуы
(ең төменгі саны)

Топтар

Оқу кезеңі

Аптадағы сағат саны

ТҚАЗС, көз, есту, интеллект топтарындағы адам саны

ТҚАЗС*

Көз*

Есту*

Интеллект*

Жоғары спорт шеберлігі

Кезең бойы

32 сағат 36 сағат
(топ құрамында Қазақстан Республикасы құрама командасының мүшесі болған жағдайда)

2 адам

2 адам

2 адам

2 адам

Спорттық жетілдіру

Бірінші оқу жылы

24 сағат

3 адам

3 адам

3 адам

3 адам

Екінші оқу жылы

26 сағат

2 адам

2 адам

2 адам

2 адам

Екі оқу жылынан астам

28 сағат

2 адам

2 адам

2 адам

2 адам

Оқу-жаттығу

Бірінші оқу жылы

12 сағат

5 адам

5 адам

5 адам

5 адам

Екінші оқу жылы

14 сағат

5 адам

5 адам

5 адам

5 адам

Үшінші оқу жылы

18 сағат

4 адам

4 адам

4 адам

4 адам

Үш оқу жылынан астам

20 сағат

4 адам

4 адам

4 адам

4 адам

Алғашқы даярлау

Бірінші оқу жылы

8 сағат

7 адам

7 адам

7 адам

7 адам

Бір оқу жылынан астам

10 сағат

6 адам

6 адам

6 адам

6 адам

Спорттық-сауықтыру

Кезең бойы

6 сағат

9 адам

9 адам

9 адам

9 адам

Ескерту:

      ТҚАЗС – тірек-қимыл аппараты зақымдалған спортшылар;
      Көз – көз органдары зақымдалған спортшылар;
      Есту – есту органдары зақымдалған спортшылар;
      Интеллект – интеллект мүмкіндіктері шектеулі спортшылар.

Балалар-жасөспірімдер  
спорт мектептері қызметінің
қағидаларына 4-қосымша 

Нысан

Жаттықтырушы-оқытушының жеке карточкасы

      БЖСМ (МБЖСМ, ОРМБЖСМ) ______________ бөлімдер ________________
                             керек-жарағы               спорт түрі
____________________________________________________________________
                          тегі, аты, әкесінің аты
      Педагогтік жұмыс өтілі _____________ жыл,
      Соның ішінде осы мектепте _____________________________________
                                          қай жылдан бастап
      Спорттық атағы _____________ Құрметті атағы __________________

Біліктілігін арттыру

1-кесте

Жыл

Қайта даярлау курстарының атауы

Қайта даярлаудың ұзақтығы

№ ____ құжат берілді





Жаттықтырушы-оқытушының біліктілігі

2-кесте

Жыл

№ ___ бұйрықпен санат беру

Жыл

№ ___ бұйрықпен қайта санат беру





Жаттықтырушы-оқытушылардың тәрбиешілері – ресми халықаралық
жарыстарға қатысушылар

3-кесте

Жыл

Спортшының Т.А.Ә.

Туған жылы

Жарыстардың атауы

Бағдарламаның түрі

Иеленген орны







Жұмыс көрсеткіштері

4-кесте

Көрсеткіштері

201___ж.

201___ж.

201___ж.

201___ж.

201___ж.

201___ж.

201___ж.

201___ж.









Тариф бойынша апталық жүктемесі









Оқу топтарының және онда шұғылданушылардың
саны:

Алғашқы даярлық

1








2








Оқу-жаттығу

1








2








3








4








5








Спорттық жетілдіру

1








2








3








Жоғары спорт шеберлігі

Кезең бойы








Құрама командаларға даярланды:

негізгі құрам









жастар құрамы









жасөспірімдер құрамы









Жарыстардың жүлдегерлері (адам):

республикалық









халықаралық









Спорттық шеберлігін арттыру үшін келесі
даярлау кезеңдеріне берілді:

оқу-жаттығу топтарына









спорттық жетілдіру топтарына









жоғары спорт шеберлігі топтарын









шеберлер командаларына









спортта дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттарға









олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледждеріне









жоғары спорт шеберлігі мектептеріне









Спорт мектебі оқушыларының арасынан оқуға
түскендері:

спорттық ЖОО-ға









ЖОО-ның дене шынықтыру факультеттеріне









Оқу бөлімі директорының орынбасары __________________________________
                                      қолы және толтырылған күні

Басшы _______________________________________________
                қолы және толтырылған күні

Қазақстан Республикасы    
Мәдениет және спорт министрінің
2014 жылғы 22 қарашадағы  
№ 106 бұйрығымен бекітілген 
3-қосымша        

Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды оқу-жаттығу
жиыны үдерісінде даярлауда жүзеге асырылатын Олимпиада резервін
даярлау орталығының қызметін ұйымдастыру қағидаcы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Олимпиада резервін даярлау орталығының қызметін ұйымдастыру қағидаcы (бұдан әрі – Қағида) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органда (бұдан әрі – Уәкілетті орган) құрылатын Олимпиада резервін даярлау орталықтарының (бұдан әрі – Орталық) қызметін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
      2. Орталық заңды тұлға болып табылады және өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, мемлекеттік мүлікі, дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органдардың бұйрықтарын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сонымен қатар осы Қағиданы және Орталық жарғысын басшылыққа алады.
      3. Орталық облыстық және қалалық мәртебеге ие болады.
      4. Орталық бір немесе бірнеше олимпиадалық спорт түрлерінен құрылады.
      5. Осы Қағидада мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) спорттық іс-шаралардың күнтізбелік жоспары – Орталықтың күнтізбелік жылға арналған оқу-жаттығу жұмысын жоспарлауды және өткізуді регламенттейтін ресми құжат;
      2) оқу-жаттығу жиыны – спортшылардың спорттық шеберлігін және оқу-жаттығу үдерісінің сапасын арттыру мақсатында ұйымдастырылатын іс-шара;
      3) ауыспалы құрам – Орталық құрамына қабылданған, оқу-жаттығу жиындары мен жарыстар кезінде тартылатын спортшылар құрамы;
      4) спорт түрi – спорттың құрамдас бөлігі, оның ерекше белгілері жаттығатын ортасы, дене жаттығуларының жиынтығы немесе зияткерлік қабілеті мен жарыс ережелері болып табылады;
      5) аға жаттықтырушы – спорт түрлерi бойынша жаттықтырушылар құрамына жалпы басшылықты жүзеге асыратын және оқу-жаттықтырушылық қызметпен тiкелей айналысатын спорт жаттықтырушысы;
      6) халықаралық жарыстар – кемінде бес мемлекеттің өкiлдерi қатысатын спортшылар (командалар) арасындағы спорт түрінен сайыстар;
      7) жеке жаттықтырушы – дене шынықтыру және спорт саласында білімі бар және спортшының оқу-жаттығу үдерісі мен жарысушылық қызметінің барысында оның жеке дайындығын жүзеге асыратын, өзі даярлайтын спортшыға барынша көңіл бөлетін жеке тұлға.

2. Мақсаттары, міндеттері, функциялары

      6. Орталықты құрудың негізгі мақсаты спортшылардың спорттық шеберлігін арттыру мақсатында жыл бойғы орталықтандырылған даярлығын ұйымдастыру және өткізу болып табылады.
      7. Мыналар Орталықтың негізгі міндеттері болып табылады:
      1) спортшылардың спорттық шеберлігін арттыру және республикалық, халықаралық спорт аренасында табысты өнер көрсету;
      2) Олимпиадалық даярлау орталықтарына, өңірлердің құрама командаларына және Қазақстан Республикасының штаттағы құрамасына қабылдау үшін спортшыларды іріктеу мен дайындау;
      3) оқу-жаттығу үдерісін ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз ету, оның нәтижелерін, физикалық қасиетіндегі жеке даму көрсеткішінің өсу динамикасын, спортшылардың техникалық-тактикалық дайындық деңгейіне талдауды жүзеге асыру.
      8. Орталық алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін мына функцияларды орындайды:
      1) Орталық спортшылары үшін Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде жеке немесе жалға алынған спорттық ғимараттарда оқу-жаттығу жиындарына қатысу және өткізу;
      2) патриоттық сезімді қалыптастыруға бағытталған тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу;
      3) допингке қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
      4) Орталық спортшыларының дайындық үдерісін материалдық-техникалық, әдістемелік, медико - биологиялық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
      5) Орталықтың жаттықтырушылар құрамы мен басқа да мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
      6) кешенді ғылыми топтар, қалпына келтіру және емдеу кабинеттерін құрады;
      7) семинарлар, кеңестер, конференциялар өткізеді;
      8) Қазақстан Республикасының және өзге елдердің басқа саланың мамандарын шарт негізінде жұмысқа тартады;
      9) бірлескен оқу-жаттығу жиындарына жасөспірімдер, жеткіншектер, жастар жасындағы шетелдік спортшылар мен мамандарды жұмысқа қабылдайды;
      10) спортшылар және жаттықтырушылармен, соның ішінде облыстардың және Астана, Алматы қалаларының жергілікті органдарының (бұдан әрі - ЖАО) келісімі бойынша шетелдік жаттықтырушылармен шарт (келісім-шарт жасайды);
      11) спорттық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес спортшылардың, жаттықтырушылардың және Орталықтың басқа да қызметкерлерінің халықаралық және республикалық спорттық жарыстарға, оқу-жаттығу жиындарына қатысуын қамтамасыз етеді.

3. Контингентті қалыптастыру тәртібі

      9. Мыналар Орталыққа спортшылар мен жаттықтырушыларды қабылдау талаптары болып табылады:
      1) Олимпиада резервін даярлау орталықтарындағы спорт түрлерінен спортшылардың жасөспірімдер, жеткіншектер мен жастар жасындағы және Қазақстан Республикасы чемпионаттарының (біріншіліктерінің) немесе халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып табылатын спортшылар, сондай-ақ, өңірлердің, Астана мен Алматы қалаларының құрама командаларының құрамына кіретін спортшылар;
      2) спорт түрлерінің ерекшелігін ескере отырып, ЖАО-ның келісімі бойынша Олимпиадалық даярлау орталықтарындағы спорт түрлерінен спортшылардың жасөспірімдер, жеткіншектер мен жастар жасындағы көрсетілген жасынан 3 жылдан асқан спортшылар қабылданады;
      3) спорттық ойын түрлері бойынша спортшылар Қазақстан Республикасының жасөспірімдер, жеткіншектер және жастар құрама командаларының мүшелері болып табылатын спортшылар;
      4) жоғары деңгейдегі бірінші біліктілік санатынан төмен емес жаттықтырушылар.
      10. Орталықтың контингенті ауыспалы құрамда болады.
      11. Спорт түрлерінен бөлімдер әр жас санаты бойынша спортшылардан қалыптасады және халықаралық жарыстарға қатысуға жіберілетін команда құрамының ең көп санына үш құрамнан артық емес спортшылар құрамын құрайды.
      12. Бір спорт түрінен әр жас тобындағы жаттықтырушылар құрамы 3 бірлікті құрайды.
      13. Орталық басшысы спортшылардың, жаттықтырушылардың (спорт түрлері бойынша) құрамын, спорттық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын ЖАО келісімі бойынша жазғы спорт түрлері бойынша 20 қаңтарға дейін, қысқы спорт түрлері бойынша 20 мамырға дейін жыл сайын бекітеді.
      14. Бір спорт түріне барлық жас санаттарынан (жасөспірімдер, жеткіншектер және жастар) ЖАО келісімі бойынша Орталық директоры жасөспірімдер, жеткіншектер және жастар санаты бойынша өңірдің құрама командаларының аға жаттықтырушысы болып табылатын бір аға жаттықтырушыны тағайындайды.
      15. Осы Қағиданың 18-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген жағдайлардан басқа, спорт түрінен әр бөлімде спортшылардың және жаттықтырушылардың құрамы ЖАО келісімі бойынша Орталықтың шешімімен, жаттығу және жарыс кезеңі аяқталғаннан кейін жылына кемінде екі рет қайта қаралады және бекітіледі.
      16. Орталықтың ауыспалы құрамындағы спортшылар келесі спорттық ұйымдардың тұрақты құрамында қалады:
      Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінің;
      олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің;
      облыстық спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың.
      17. Орталықта орталықтандырылған дайындыққа тартылатын спортшылар келесі құжаттарды ұсынады:
      1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе төлқұжаттың көшірмесін;
      2) спорттық атақ беру туралы куәліктің көшірмесін;
      3) медициналық картаның көшірмесін, дәрігерлік дене шынықтыру диспансерінің спортшының денсаулығы және оның осы спорт түрімен келешекте одан әрі шұғылдануы туралы қорытындысын;
      4) осы ереженің қосымшасына сәйкес нысан бойынша спортшының жеке картасын;
      5) спорттық ұйымның тұрақты құрамына қабылданғаны туралы бұйрықтың көшірмесін;
      6) спорттық нәтижелердің растамалырын (жарыс хаттамаларының көшірмесін).
      18. Орталықта орталықтандырылған дайындыққа тартылатын жаттықтырушылар келесі құжаттарды ұсынады:
      1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе төлқұжаттың көшірмесін;
      2) біліктілік санатын беру туралы бұйрықтың көшірмесін;
      3) медициналық картаның көшірмесін, денсаулығы туралы дене шынықтыру диспансерінің қортындысын.
      19. Спортшы Орталықтан келесі негіздер бойынша шығарылады:
      1) жеке жоспарға сәйкес жарыстарда медальдар және орындар иелену бөлігінде спорттық нәтижелерінің төмендеуіне;
      2) медициналық қортынды негізінде денсаулық жағдайына;
      3) тыйым салынған допингтік құралдарды қолдануына;
      4) Орталықтың ішкі тәртібін бұзуына байланысты.

4. Оқу-жаттығу жұмысын ұйымдастыру

      20. Спортшыларды даярлауды жыл бойы жүзеге асырады, перспективалық бағдарламаға сәйкес бір спортшыға 250 күннен аспауы керек.
      21. Жүйелі түрде жоғары спорттық нәтижелер көрсететін (республикалық, халықаралық жарыстардың бірнеше мәрте жеңімпаздары мен жүлдегерлері) және өзінің спорттық көрсеткіштерін арттыру мүмкіндігі бар спортшылар Республикалық олимпиадалық даярлау орталықтарына, Қазақстан Республикасының штатағы құрамына жіберіледі.
      22. Халықаралық жарыстарда спортшының көрсеткен нәтижелері Орталыққа да, спортшыны Орталыққа берген ұйымға да бірдей есептеледі.
      23. Орталықтың аға жаттықтырушысы спортшыларды дайындаудың перспективалық бағдарламасын әзірлейді және Орталықтың директорымен келіседі, сонымен қатар оның орындалуын шақырылған жаттықтырушылармен бірлесіп бақылауға алады, спортшыларды дайындауды және оларды жарыстарға қатыстыруды ұйымдастырады, спортшылардың жарыстарға қатысу нәтижелеріне әрдайым талдау жасайды, спортшылардың дайындық жоспарларын және перспективалық бағдарламаларын іске асырады, оқу-жаттығу жұмысының жеке жоспарларының орындалуын бақылайды, спортшылармен патриоттық және тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастырады және өткізеді.
      24. Спортшының жеке жаттықтырушысы іссапарға жіберетін ұйымдардың қаражаты есебінен орталықтандырылған дайындыққа және жарыстарға қатысу үшін шақырылады.
      25. Жеке жаттықтырушы спортшының жеке жоспары бойынша жаттығу сабақтарын жүргізеді және Орталықтың аға жаттықтырушысының басшылығымен жұмыс істейді.
      26. Қазақстан Республикасының штаттық құрамасына немесе құрама командаларына қабылданған жасөспірімдер, жеткіншектер және жастар жасындағы спортшылар Орталықтың ауыспалы құрамында қалады.
      27. Спортшыларды медициналық бақылау және олардың функционалдық дайындығы жағдайын диагностикалау үшін, Орталықтың алдын–алу іс-шараларын өткізуге және қалпына келтіру үдерістерін оңтайландыруға бөлінген қаражат шегінде қажетті медициналық үй-жаймен, дәрі-дәрмектермен және медициналық құралдарға арналған жабдықтармен қамтамасыз етіледі.
      28. Спорттық дәрігерлер Орталық жаттықтырушыларымен бірлесіп, спортшылардың оқу-жаттығу жиыны мен жарыстар кезеңінде дәрігерлік бақылауды жүзеге асырады. Дәрігерлік бақылаудың нәтижелерін жаттықтырушылар спортшылардың жеке дайындық жоспарларын түзету үшін пайдаланады.
      29. Орталық спортшылары жылына екі рет Республикалық спорттық медицина және оңалту орталығында, сонымен қатар басқа да медициналық мекемелерде тереңдетілген медициналық тексеруден өткізіледі.
      30. Орталықтың оқу-жаттығу жұмысын ұйымдастыруы үшін келесі құжаттары болуы тиіс:
      1) орталықтың жылдық жұмыс жоспары;
      2) бір жылға арналған спорттық іс-шаралардың күнтізбелік жоспары;
      3) жарыс хаттамалары және Орталық спортшыларының жарыстарға қатысуының талдамалары;
      4) спортшылардың жеке дайындық жоспары;
      5) спортшылардың, жаттықтырушылардың жеке карталары;
      6) спортшылар мен жаттықтырушылардың тізімдері;
      7) Міндетті статистикалық мәліметтердің нысандары

5. Жаттықтырушылар кеңесі

      31. Орталықтың спорт түрлерінен бөлімдерінде әр спорт түрі бойынша жаттықтырушылардан, Орталықтың қызметкерлерден және басқа ұйымдардың мамандарынан тұратын жаттықтырушылар кеңесі құрылады.
      32. Жаттықтырушылар кеңесінің мақсаты спортшыларды, жаттықтырушыларды даярлау және жарыстарға қатыстыру қатысты сұрақтарды қарау болып табылады.
      33. Жаттықтырушылар кеңесінің отырысы жаттықтырушылар кеңесі мүшелерінің жалпы санынан кемінде 2/3 болған жағдайда өткізіледі. Шешім хаттамамен ресімделеді.
      34. Жаттықтырушылар кеңесінің жұмысына Орталықтың аға жаттықтырушысы басшылық етеді.

Олимпиадалық даярлау
орталығының қызметін
ұйымдастыру қағидасына
қосымша      

Нысан


СПОРТШЫНЫҢ ЖЕКЕ КАРТАСЫ

1. Тегі _____________________________________________________________
2. Аты_______________________________________________________________
3. Әкесінің аты______________________________________________________
4. Туған күні________________________________________________________
                              (күні, айы, жылы)
5. Туған жері________________________________________________________
                               (облысы, қаласы)
6. Білімі____________________________________________________________
                   (мектептің, колледждің, ЖОО-ның атауы)

7.

Төлқұжаттың № ________________

14.

Спортшының антропометрлік деректері

8.

Жеке куәліктің № _____________


Бойы_____, салмағы _________.

9.

ЖСН __________________________

15.

Костюмінің мөлшері __________

10.

Спорттық атағы _______________

16.

Бас киімінің мөлшері: _______

11.

Жеке жаттықтырушысы (АЖТ)_________________________

17.

Аяқ киімінің мөлшері: _______

12.

Тілдерді меңгеруі ____________

18.

Тұрғылықты мекенжайы: _____________________________

13.

Байланыс телефоны:____________

19.

Спорт түрі___________________

201__ жылы республикалық және халықаралық жарыстардағы спортшының
жетістіктері

Жарыстың атауы

Мерзімі мен орны

Жоспарлаған нәтижесі

Көрсеткен нәтижесі

1





2





3





4





Спортшының қолы _______________________

Қазақстан Республикасы  
Мәдениет және спорт министрінің
2014 жылғы 22 қарашадағы 
№ 106 бұйрығымен бекітілген
4-қосымша         

Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды оқу-жаттығу
жиыны үдерісінде даярлауда жүзеге асырылатын Олимпиадалық
даярлау орталығының қызметін ұйымдастыру қағидаcы

1. Жалпы ережеле

      1. Осы Олимпиадалық даярлау орталығының қызметін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағида) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – Уәкілетті орган) құратын Олимпиадалық даярлау орталықтарының (бұдан әрі – Орталық) қызметін ұйымдастырудың тәртібін айқындайды.
      2. Орталық заңды тұлға болып табылады және өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, мемлекеттік мүлік, дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органдардың бұйрықтарын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Қағиданы және Орталық жарғысын басшылыққа алады.
      3. Орталық республикалық мәртебеге ие болады және өзінің филиалдарын ашуы мүмкін.
      4. Орталық бір немесе бірнеше олимпиадалық спорт түрлерінен құрылады.
      5. Осы Қағидада мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) спорттық-бұқаралық iс-шаралардың күнтiзбелік жоспары – Орталықтың күнтізбелік жылға арналған оқу-жаттығу жұмысын жоспарлауды және өткiзуді регламенттейтін ресми құжат;
      2) оқу-жаттығу жиыны – спортшылардың спорттық шеберлігін және оқу-жаттығу үдерісінің сапасын арттыру мақсатында ұйымдастырылатын орталықтандырылған іс-шара;
      3) ауыспалы құрам – Орталық құрамына қабылданған, оқу-жаттығу жиындары мен жарыстар кезінде тартылатын спортшылар құрамы;
      4) спорт түрi – спорттың құрамдас бөлігі, оның ерекше белгілері жаттығатын ортасы, дене жаттығуларының жиынтығы немесе зияткерлік қабілеті мен жарыс ережелері болып табылады;
      5) аға жаттықтырушы – спорт түрлерi бойынша жаттықтырушылар құрамына жалпы басшылықты жүзеге асыратын және оқу-жаттықтырушылық қызметпен тiкелей айналысатын спорт жаттықтырушысы;
      6) халықаралық жарыстар – кемiнде бес мемлекеттiң өкiлдерi қатысатын спортшылар (командалар) арасындағы спорт түрiнен сайыстар;
      7) жеке жаттықтырушы – дене шынықтыру және спорт саласында білімі бар және спортшының оқу-жаттығу үдерісі мен жарысушылық қызметі барысында оның жеке дайындығын жүзеге асыратын, өзі даярлайтын спортшыға барынша көңіл бөлетін жеке тұлға.

2. Мақсаттары, міндеттері, функциялары

      6. Орталықты құрудың негізгі мақсаты спортшылардың спорттық шеберлігін арттыру мақсатында жыл бойғы орталықтандырылған даярлығын ұйымдастыру және өткізу болып табылады.
      7. Орталықтың негізгі міндеттері:
      1) спортшылардың спорттық шеберлігін арттыру және халықаралық спорт аренасында табысты өнер көрсету;
      2) спорт түрлерінен Қазақстан Республикасының штаттағы немесе құрама командаларының негізгі құрамына спортшыларды іріктеу мен дайындау;
      3) оқу-жаттығу үдерісін ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз ету, оның нәтижесіне, физикалық қасиетінің жеке даму көрсеткіштерінің өсу динамикасына, спортшылардың техника-тактикалық дайындық деңгейін арттыруға талдау жүргізу.
      8. Орталық алдына қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін мына функцияларды орындайды:
      1) Орталықтың спортшылары үшін Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде жеке немесе жалға алынған спорттық ғимараттарда оқу-жаттығу жиындарына қатысу және өткізу;
      2) патриоттық сезімді қалыптастыруға бағытталған тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу;
      3) допингке қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
      4) Орталық спортшыларының дайындық үдерісін материалдық-техникалық, әдістемелік, медико-биологиялық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
      5) Орталықтың жаттықтырушылар құрамы мен басқа да мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
      6) спорттық iс-шаралардың күнтiзбелік жоспарына сәйкес спортшылардың, жаттықтырушылардың және Орталықтың басқа да қызметкерлерінің халықаралық спорттық жарыстарға, оқу-жаттығу жиындарына қатысуын қамтамасыз етеді;
      7) спортшылар және жаттықтырушылармен, соның ішінде уәкілетті органның келісімі бойынша шетелдік жаттықтырушылармен шарт (келісім-шарт) жасайды;
      8) Қазақстан Республиканың және өзге елдердің басқа мамандарын шарттық негізде жұмысқа тартады;
      9) бірлескен оқу-жаттығу жиындарына жасөспірімдер, жеткіншектер, жастар жасындағы шетелдік спортшылар мен мамандарды қабылдайды;
      10) семинарлар, кеңестер, конференциялар өткізеді;
      11) кешенді ғылыми топтар, қалпына келтіру емдік кабинеттер құрады;
      12) Спорттық іс-шаралар күнтізбелік жоспарына сәйкес Орталық спортшыларының, жаттықтырушыларының және басқа да қызметкерлерінің халықаралық және республикалық спорттық жарыстарға, оқу-жаттығу жиындарына қатысуын қамтамасыз етеді.

3. Контингентті қалыптастыру тәртібі

      9. Мыналар Орталыққа спортшылар мен жаттықтырушыларды қабылдаудың талаптары болып табылады:
      1) Олимпиадалық даярлау орталықтарындағы спорт түрлерінен спортшылардың жасөспірімдер, жеткіншектер мен жастар жасындағы және Қазақстан Республикасы чемпионаттарының (біріншіліктерінің) немесе халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып табылатын спортшылар, сондай-ақ спорт түрлерінен Қазақстан Республикасы құрама командаларының құрамына кіретін спортшылар;
      2) спорт түрлерінің ерекшелігін ескере отырып, уәкілетті органның келісімі бойынша Олимпиадалық даярлау орталықтарындағы спорт түрлерінен спортшылардың жасөспірімдер, жеткіншектер мен жастар жасындағы көрсетілген жастан 3 жыл асқан спортшылар қабылданады;
      3) спорттың ойын түрлері бойынша спортшылар Қазақстан Республикасының жасөспірімдер, жеткіншектер және жастар құрама командаларының мүшелері болып табылатын спортшылар;
      4) жоғары деңгейдегі бірінші біліктілік санатынан төмен емес жаттықтырушылар;
      10. Орталықтың контингенті ауыспалы құрамда болады.
      11. Спорт түрлерінен бөлімдер әр жас санаты бойынша спортшылар қатарынан қалыптасады және халықаралық жарыстарға қатысуға жіберілетін команда құрамының ең көп санынан үш құрамнан артық емес спортшылар құрайды.
      12. Бір спорт түрінен әр жас топтағы жаттықтырушылар құрамы 3 бірлікті құрайды.
      13. Спортшылардың, жаттықтырушылардың (спорт түрлері бойынша) құрамын, спорттық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын Орталық басшысы бекітеді және уәкілетті органға жыл сайын жазғы спорт түрлері бойынша 20 қаңтарға дейін, қысқы спорт түрлері бойынша 20 мамырға дейін келісуге жібереді.
      14. Орталық директоры уәкілетті органның келісімімен бір спорт түрінен барлық жас санатты бойынша (жасөспірімдер, жеткіншектер және жастар) жасөспірімдер, жеткіншектер және жастар санаты бойынша Қазақстан Республикасының бір аға жаттықтырушысын тағайындайды.
      15. Осы Қағиданың 19-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген жағдайлардан басқа, спорт түрінен әр бөлімдегі спортшылардың және жаттықтырушылардың құрамы уәкілетті органның келісімі бойынша, Орталықтың шешімімен жаттығу және жарыс кезеңі аяқталғаннан кейін жылына екі рет қайта қаралады.
      16. Орталықтың ауыспалы құрамына қабылданған спортшылар оларды Орталыққа берген келесі спорттық ұйымдардың тұрақты құрамында қалады:
      балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің;
      олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің;
      облыстық спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың.
      17. Орталықта орталықтандырылған дайындыққа тартылатын спортшылар келесі құжаттарды ұсынады:
      1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі мен төлқұжатының көшірмесін;
      2) спорттық атақ беру туралы куәліктің көшірмесін;
      3) медициналық картаның көшірмесін, республикалық Спорттық медицина және оңалту орталығының немесе дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерінің спортшының денсаулығы және оның осы спорт түрімен келешекте одан әрі шұғылдануы туралы қорытындысын;
      4) осы ереженің қосымшасына сәйкес нысан бойынша спортшының жеке картасын;
      5) спорттық ұйымның тұрақты құрамына қабылданғаны туралы бұйрықтың көшірмесін;
      6) спорттық нәтижелердің растамаларын (жарыс хаттамаларының көшірмесін).
      18. Орталықта орталықтандырылған дайындыққа тартылатын жаттықтырушылар келесі құжаттарды ұсынады:
      1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі мен төлқұжатының көшірмесін;
      2) біліктілік санатын беру туралы бұйрықтың көшірмесін;
      3) медициналық картаның көшірмесін, денсаулығы туралы республикалық дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерінің қорытындысын.
      19. Спортшы Орталықтан келесі негіздер бойынша шығарылады:
      1) жеке жоспарына сәйкес жарыстарда медальдар және орындар иелену бөлігінде спорттық нәтижелерінің төмендеуі;
      2) медициналық қортынды негізінде денсаулық жағдайына;
      3) тыйым салынған субстанциялар мен допингтік құралдарды қолдануына;
      4) Орталықтың ішкі тәртібін бұзуына байланысты.

4. Оқу-жаттығу жұмысын ұйымдастыру

      20. Cпортшыларды даярлауды жыл бойы жүзеге асырады, бірақ спортшыларды дайындаудың перспективалық бағдарламасына сәйкес 250 күннен аспауы керек.
      21. Жүйелі түрде жоғары спорттық нәтижелер көрсететін (халықаралық жарыстардың бірнеше мәрте жеңімпаздары мен жүлдегерлері) және келешекте өзінің спорттық көрсеткіштерін арттыратын спортшылар Қазақстан Республикасының штаттағы құрамына немесе құрама командасына жіберіледі.
      22. Халықаралық жарыстарда спортшының көрсеткен нәтижелері Орталыққа да, спортшыны Орталыққа берген ұйымға да бірдей есептеледі.
      23. Орталықтың аға жаттықтырушысы спортшыларды дайындаудың келешек бағдарламасын әзірлейді және Орталықтың директорымен келіседі, сондай-ақ шақырылған жаттықтырушылармен бірлесіп, оның орындалуын бақылауға алады, спортшыларды дайындауды және оларды жарыстарға қатыстыруды ұйымдастырады, спортшылардың жарыстарға қатысу нәтижелеріне әрдайым талдау жасайды, спортшылардың дайындық жоспарларын және келешектегі бағдарламаларын іске асырады, оқу-жаттығу жұмысының жеке жоспарларының орындалуын бақылайды, спортшылармен патриоттық және тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастырады және өткізеді.
      24. Спортшының жеке жаттықтырушысы іссапарға жіберетін ұйымдардың қаражаты есебінен орталықтандырылған дайындыққа және жарыстарға қатысу үшін шақырылады.
      25. Жеке жаттықтырушы спортшының жеке жоспары бойынша жаттығу жүргізеді және Орталықтың аға жаттықтырушысының басшылығымен жұмыс істейді.
      26. Қазақстан Республикасының штаттағы құрамасына немесе құрама командаларына қабылданған жасөспірімдер, жеткіншектер мен жастар жасындағы спортшылар Орталықтың ауыспалы құрамында қалады.
      27. Спортшыларды медициналық бақылау және олардың функционалдық дайындығын диагностикалау үшін Орталықтың алдын-алу іс-шараларын өткізу және қалпына келтіру үдерісін оңтайландыруға бөлінген қаражат шегінде қажетті медициналық үй-жаймен, жабықтармен, қажетті дәрі-дәрмекпен және медициналық мақсаттағы құралдармен қамтамасыз етіледі.
      28. Спорт дәрігерлері Орталықтың жаттықтырушыларымен бірлесіп, оқу-жаттығу жиыны мен жарыстар кезінде спортшыларға дәрігерлік бақылауды жүзеге асырады. Дәрігерлік бақылаудың нәтижелерін жаттықтырушылар спортшылардың жеке дайындық жоспарларын түзету үшін пайдаланады.
      29. Орталықтың спортшылары жылына екі рет Республикалық спорттық медицина және оңалту орталығында, сондай-ақ басқа да медициналық мекемелерде тереңдетілген медициналық тексеруден өтеді.
      30. Орталықтың оқу-жаттығу жұмысын ұйымдастыру үшін келесі құжаттамалар қажет:
      1) Орталықтың жылдық жоспары;
      2) жылдық спорттық іс-шаралардың күнтізбелік жоспары;
      3) Жарыс хаттамалары мен Орталық спортшыларының қатысуының талдамалары;
      4) спортшыларды даярлаудың жеке жоспарлары;
      5) спортшының, жаттықтырушының жеке кәртішкесі;
      6) спортшылар мен жаттықтырушылардың тізімі;
      7) статистикалық деректердің міндетті нысандары.

5. Олимпиадалық даярлау орталығының жаттықтырушылар кеңесі

      31. Орталықтың спорт түрлерінен бөлімдерінде әр спорт түрі бойынша жаттықтырушылардан, медициналық қызметкерлерден, психологтардан және Орталықтың басқа мамандарынан тұратын жаттықтырушылар кеңесі құрылады.
      32. Жаттықтырушылар кеңесінің мақсаты Орталықтың спортшыларын, жаттықтырушылары мен басқа мамандарын спорттық жарыстарға дайындау мен қатысуға қатысты сұрақтарды қарау болып табылады.
      33. Жаттықтырушылар кеңесінің отырысы жаттықтырушылар кеңесі мүшелерінің жалпы саны 2/3-ден кем болмаған жағдайда өткізіледі. Шешім хаттамамен ресімделеді.
      34. Жаттықтырушылар кеңесінің жұмысына Орталықтың аға жаттықтырушысы басшылық етеді.

Олимпиадалық даярлау орталығының
қызметін ұйымдастыру қағидасына
қосымша             

Нысан


СПОРТШЫНЫҢ ЖЕКЕ КӘРТІШКЕСІ

      1. Тегі _______________________________________________________
      2. Аты_________________________________________________________
      3. Әкесінің аты________________________________________________
      4. Туған күні__________________________________________________
                                 (күні, айы, жылы)
      5. Туған жері_________________________________________________
                                 (облысы, қаласы)
      6. Білімі______________________________________________________
                     (мектептің, колледждің, ЖОО-ның атауы)

7.

Төлқұжаттың № ________________

14.

Спортшының антропометрлік деректері:

8.

Жеке куәліктің № ______________


Бойы________см, салмағы ________кг.

9.

ЖСН ___________________________

15.

Костюмінің мөлшері ___________

10.

Спорттық атағы ________________

16.

Бас киімінің мөлшері: ________

11.

Жеке жаттықтырушысы ___________
(АЖТ)

17.

Аяқ киімінің мөлшері: ________

12.

Тілдерді меңгеруі _____________

18.

Тұрақты тұратын жері: ________

13.

Байланыс телефоны:_____________

19.

Спорт ________________________

201__ жылы республикалық және халықаралық жарыстардағы спортшының
жетістіктері

Жарыстың атауы

Мерзімі мен орны

Жоспарлаған нәтижесі

Көрсеткен нәтижесі

1





2





3





4





Спортшының жеке қолы _____________________

Қазақстан Республикасы    
Мәдениет және спорт министрінің
2014 жылғы 22 қарашадағы   
№ 106 бұйрығымен бекітілген
5-қосымша          

Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды оқу-жаттығу
жиыны үдерісінде даярлауда жүзеге асырылатын Жоғары спорт
шеберлігі мектептері қызметінің қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жоғары спорт шеберлігі мектептері қызметінің қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Жоғары спорт шеберлігі мектептерінің (бұдан әрі – ЖСШМ) қызметін ұйымдастыру тәртібін анықтайды.
      2. ЖСШМ республикалық, облыстық және қалалық (аудандық) мәртебесі болуы мүмкін.
      3. Осы Қағидада мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) спорт түрлері бойынша бөлімшесінің аға жаттықтырушы–жаттықтырушылар құрамына жалпы басшылықты (толық жүктемесі бар үштен кем емес жаттықтырушылар-оқытушы) iске асыратын және оқыту қызметiмен тiкелей айналысатын спорттан жаттықтырушы;
      2) спорттық жетiлдiру топтары – оқу-жаттығу топтарында дайындықтан өткен және мынадай атақтар мен разрядтарды орындаған спортшылар топтары:
      спорттың ойын түрлерiнен, көкпардан, коньки тебу спортынан, жеңiл атлетикадан – 1-спорттық разряд;
      спорттың басқа түрлерiнен – «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үмiткер»;
      3) жоғары спорт шеберлiгi топтары – спорттық жетiлдiру топтарында дайындықтан өткен және мынадай спорттық атақтар мен разрядтарды орындаған спортшылар топтары:
      спорттың ойын түрлерiнен, көкпардан, коньки тебу спортынан, жеңiл атлетикадан – «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үмiткер»;
      спорттың басқа түрлерiнен – «Қазақстан Республикасының спорт шеберi»;
      4) тұрақты құрам – ЖСШМ-де тұрақты түрде жаттықтырылатын және директордың бұйрығымен ЖСШМ-ның контингентіне қабылданған спортшылар;
      5) ауыспалы құрам – оқу-жаттығу жиына және жарыстарға шақырылатын, және ЖСШМ штатында жұмыс істемейтін жаттықтырушылармен тұрақты түрде шұғылданатын спортшылар.
      4. ЖСШМ құру үшін мына міндетті талаптар болуы керек:
      1) ғылымның және тәжірибиенің қазіргі заманғы жетістіктеріне сәйкес оқу-жаттығу процесін ұйымдастыруға және сапалы өткізуге қабілетті білікті жаттықтырушы-оқытушы құрам (бірінші біліктілік санатынан төмен емес);
      2) спортшыларға оқу-жаттығу және тәрбиелік процестерді, қалпына келтіру іс-шараларын спортшылардың тиімді демалысын және рационалды тамақтануын, толық көлемде қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін спорттың түрі (түрлері) бойынша материалдық-техникалық база (жеке немесе жалға алынған);
      3) спорттық жетілдіру және жоғары спорт шеберлігі топтарындағы спорт мектептерінің спортшыларына қойылатын талапқа сай жасы және дайындық деңгейі бойынша спортшылар;
      4) спортшыларды спорттық-әдістемелік (ғылым) және медициналық қамтамасыз ету.

2. Мақсаттары мен міндеттері

      5. ЖСШМ-ның негізгі мақсаты спортшылардың жоғары спорттық жетістіктерге қол жеткізуге бағытталған олимпиадалық, олимпиадалық емес және ұлттық спорт түрлерінен жыл бойы оқу-жаттығу, спорттық-әдістемелік қызметін жүзеге асыру болып табылады.
      6. ЖСШМ-ның негізгі міндеттері:
      1) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының негізгі құрамына спортшыларды іріктеу және дайындау;
      2) оқу-жаттығу процесін ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз ету, оның нәтижесін, физикалық сапасының жеке даму көрсеткішінің өсу динамикасын, спортшылардың техника-тактикалық дайындық деңгейін өсіруді талдауды жүзеге асыру;
      3) спортшылардың жарыстарға қатысуын және сәтті өнер көрсетуін қамтамасыз ету;
      4) ЖСШМ спортшыларының дайындық процесін материалдық-техникалық, әдістемелік, медико-биологиялық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
      5) ЖСШМ-ның жаттықтырушы-оқытушы құрамын және басқа қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.
      7. ЖСШМ-ның алдына қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін мына қызметтерді орындайды:
      1) ЖСШМ-ның спортшылары үшін жеке немесе жалға алған спорттық ғимараттарында жыл бойы оқу-жаттығу процесін өткізу;
      2) ЖСШМ спортшыларының кешенді нысаналы бағдарламасын және дайындық жоспарын іске асыру;
      3) спортшылардың дайындық процесінің спорттық-әдістемелік (ғылыми) қамтамасыз етуді, медико-биологиялық, профилактикалық және қалпына келтіру іс-шараларын жүзеге асыру;
      4) спортшылардың, жаттықтырушылардың және ЖСШМ-ның басқа да қызметкерлерінің халықаралық және республикалық спорттық жарыстарға спорттық-бұқаралық іс-шаралар бірыңғай күнтізбелікке сәйкес оқу-жаттығу процесіне қатысуын қамтамасыз етуді (спорттық жарыстарға орай, жалпы денешынықтыру дайындығы бойынша оқу-жаттығу жиындар, спортшыларды тексеру үшін өткізілген іс-шаралар, қалпына келтіру жиындар жылына 250 күнге дейін пайдалануға мүмкіндігі бар);
      5) қажетті жаттығу сабағы және спорттық жарыстар үшін спорттық мүкәммалдар мен жабдықтар, спорттық формамен, оқу құралдармен қамтамасыз ету;
      6) патриотизмді қалыптастыруға бағытталған тәрбие жұмысын ұйымдастыру және өткізу.

3. Контингентті қалыптастыру тәртібі

      8. Республикалық ЖСШМ – республикалық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлері қабылданады.
      Облыстық және қалалық (аудандық) ЖСШМ республикалық жарыстардың, облыстардың Астана мен Алматы қалаларының спорт түрлері бойынша біріншіліктердің жүлдегер және чемпиондар спортшылары қабылданады.
      9. ЖСШМ-ның контингенті олимпиадалық, олимпиадалық емес және ұлттық спорт түрлерінен ұлттық, облыстық, Астана мен Алматы қалаларының құрама командаларының 50%-нен кем емес мүшелерінен жасақталған спортшылардың тұрақты және ауыспалы құрамынан құрылады.
      10. Спортшылардың контингенті, оқу топтарының саны және оқу сағаттарының жылдық есе бір республикалық ЖСШМ дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган), облыстық, қалалық (аудандық) ЖСШМ – дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) жыл сайын тиісті жылдың 10 қаңтарынан кешіктірмей бекітеді.
      11. Спорт түрлерінен бөлімшелердегі оқу-жаттығу сабақтары спорттық-сауықтыру лагерьлерін, оқу-жаттығу жиындарын, спорттық жарыстарды, қосқанда 52 аптаға есептелінген спорт түрлері бойынша бағдарламаларға сәйкес өткізіледі.
      12. ЖСШМ-ның контингенті спорттық жетiлдiру және жоғары спорт шеберлiгi тобына кіретін спортшылардан қалыптасады. Спорттық жетiлдiру және жоғары спорт шеберлiгi топтарына қабылданған спортшылардың жасы белгіленген спорттық нормативтер және осы топтардың талаптары жыл сайын расталған жағдайда шектелмейді.
      13. Спорттық жетiлдiру және жоғары спорт шеберлiгi топтарында екі рет жаттығу өткізілгенде бір сабақтың ұзақтылығы төрт академиялық сағаттан көп болмауы қажет.
      14. Қазiргi бессайыстан (биатл, триатл) сабақтарға қаражат бөлудi есептеу кезінде, оқу сағаттары 2,5 есеге көбейтiлді, спорттық және көркем гимнастика, конькимен мәнерлеп сырғанау, суға секiру, акробатика, үйлесiмдi жүзу, биатлон, фристайл, су шаңғысы спорты, триатлоннан – 2 есеге көбейтiледi, ал шаңғы қоссайысы, жеңiл атлетика көпсайысы, полиатлоннан, есу слаломнан, байдарка мен каноэде есуден, академиялық есуден сабақтарға қаражат бөлудi есептеу кезінде оқу сағаттары – оқу бағдарламасына енетiн спорт түрлерi бойынша жаттықтырушы-оқытушылардың еңбек ақысы есепке алына отырып, 1,5 есеге көбейтiледi.
      Оқу сабақтарының сағаттар санын көбейту топпен жұмыс істеуге негiзгi жаттықтырушы-оқытушы және спорттың шектес түрлерi бойынша жаттықтырушы-оқытушыларды бiрден алған жағдайда жүргiзiледi.
      15. Осы Қағиданың 1-қосымшасында көрсетілген, бірінші тобына енгізілген спорт түрлерде негiзгi жаттықтырушы-оқытушыдан басқа, спорттың шектес түрлерi, жалпы дене шынықтыру дайындау бойынша жаттықтырушы-оқытушылар, сонымен қатар хореографтар, аккомпониаторлар шақырылады.
      16. Республикалық және халықаралық жарыстарға қатысуға рұқсат алған командалар мен спортшыларды дайындау үшiн ЖСШМ өзінің қаржы шегiнде ұзақтығы 18 күнге дейiн республикалық және ұзақтығы 24 күнтізбелік күнге дейiн халықаралық жарыстарға оқу-жаттығу жиындарын өткiзеді.
      17. Облыстық және қалалық (аудандық) ЖСШМ-де спорттық жетілдіру топтары спорттық жетілдіру топтары құрамының жеке тізімі бекітілген жағдайда, дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органның келісімі бойынша ЖСШМ-ның басшысының шешімі бойынша ашылады.
      Республикалық ЖСШМ-де спорттық жетілдіру топтары спорттық жетілдіру топтары құрамының жеке тізімі бекітілген жағдайда, уәкілетті органның келісімі бойынша ЖСШМ басшысының шешімі бойынша ашылады.
      ЖСШМ-де жоғары спорт шеберлігі тобы жоғары спорт шеберлігі тобы құрамының жеке тізімі бекітілген жағдайда, уәкілетті органның келісімі бойынша ЖСШМ басшысының шешімімен ашылады.
      18. ЖСШМ-де спорттық дайындыққа қатысушылар мыналар болып табылады:
      1) олимпиадалық, олимпиадалық емес және ұлттық спорт түрлерінен ұлттық, облыстық, Астана мен Алматы қалаларының құрама командаларының тізімдік құрамына енгізілген спортшылар;
      2) спорт түрлері бойынша бөлімшелердің аға жаттықтырушысы, білікті жаттықтырушы-оқытушылар, сонымен қатар ЖСШМ спортшыларын дайындауға шақырылған жеке жаттықтырушылар;
      3) спортшыларды даярлауға ЖСШМ шақырған дәрігелер, әдіскерлер, массажист, психологтар және басқа да мамандар.
      19. ЖСШМ спортшыларының жеке тізімдік және жаттықтырушы-оқытушыларының құрамы, спортшылардың бір жылға арналған жеке дайындық жоспары, бір жылға арналған спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбелік жоспары жыл сайын 10 қаңтарға дейін, қысқы спорт түрлері бойынша – 1 мамырға дейін уәкілетті органға (ЖСШМ-ның республикалық мәртебесі бар жағдайда) немесе жергілікті атқарушы органға (ЖСШМ-ның облыстық, қалалық (аудандық) мәртебесі бар жағдайда) келісуге ұсынылады.
      20. ЖСШМ спортшыларының және жаттықтырушыларының дербес тізімін жаттығу және жарыс циклі аяқталған соң ЖСШМ басшыларының ұсынысы негізінде қажет жағдайда, уәкілетті орган (ЖСШМ-ның республикалық мәртебесі бар жағдайда) немесе дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органға (ЖСШМ-ның облыстық, қалалық (аудандық) мәртебесі бар жағдайда) қайта қарастырады.
      21. ЖСШМ-ге дайындыққа шақырылған спортшылар мына құжаттарды тапсырады:
      1) жеке куәлігінің немесе паспорттың көшірмесін;
      2) спорттық атақ берілген туралы куәлігінің көшірмесін;
      3) медициналық картасының және спортшының денсаулығы туралы қорытындысының көшірмелері;
      4) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес толтырылатын спортшының жеке картасын;
      5) бір жылға арналған оқу-жаттығу жұмысының жеке жоспарын.
      22. ЖСШМ-ның спортшылары мына талаптарды орындамаған жағдайда оқудан шығарылады:
      1) медициналық қарсы айғақтары болған жағдайда;
      2) жеке дайындық жоспарларының талаптарын орындамағанда, спорттық дайындық режимін бұзғанда;
      3) өзінің спорттық нәтижесін төмендеткенде;
      4) ЖСШМ-ның ішкі тәртіп ережелерін бұзғанда;
      5) спорттық этиканы бұзғанда;
      6) тыйым салған субстанциялар және тыйым салғанәдістер қолданғанда.
      23. ЖСШМ-ның спортшылары, сонымен қатар мына негіздемелер бойынша оқудан шығарылады:
      1) өз еркімен;
      2) заңды өкілдерінің арызы бойынша (спортшының кәмелет жасқа толмағанға дейін).

4. Оқу-жаттығу жұмысын ұйымдастыру

      24. ЖСШМ-ның спортшыларымен жүргізілетін оқу-жаттығу процесінің негізгі нысандары мыналар:
      1) оқу-жаттығу жиынын ұйымдастыру және өткізу;
      2) ЖСШМ оқушыларының жас санаттары бойынша дайындық жоспарына сәйкес оқу-жаттығу процесін ұйымдастыру және өткізу;
      3) топтық және жеке оқу-жаттығу тәжірибелік және теоретикалық сабақтар;
      4) базалық және жалпы физикалық дайындау, арнайы физикалық дайындау және технико-тактикалық дайындау бойынша оқу процесінің кезеңде жеке жоспар жөніндегі сабақтар;
      5) спорттық жарыстарға қатысу;
      6) перспективалы жоспар жасау және бір жыл бойынша жұмысты талдау;
      7) қалпына келтіру, сауықтыру және профилактикалық іс-шараларды өткізу;
      8) медициналық тексеріс және медициналық-биологиялық қамтамасыз ету;
      9) мақсатты тәрбиелік және патриоттық жұмысты қамтамасыз ету;
      10) нұсқаушы және төрешілік тәжериебе;
      11) мақсатталған тәрбие және патриоттық қамтамасыз ету.
      25. Оқу-жаттығу, тәрбиелік және патриоттық жұмыстарды ЖСШМ-ның спорт түрлері бойынша бөлімшілердің аға жаттықтырушысы, оқытушы-жаттықтырушылар оқу-жаттығу сабақтарының жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
      26. ЖСШМ өзінің қызметін барлық күнтізбелік жылында (52 апта) жүргізеді. Оқу жылы 1 қаңтарда басталады.
      27. Оқу-жаттығу жұмысының тәртібі және топтардың толықтырылуы осы Қағиданың 2-қосымшасында анықталған.
      Мәнерлеп сырғанаудан спорттық және би жұптары үшін спорттық жетілдіру және жоғары спорт шеберлігінің кезеңінде топтарда спортшылардың саны 4 адам болып тағайындалады.
      28. Спортшылардың халықаралық жарыстарда көрсеткен нәтижелері ЖСШМ-ге, сондай-ақ спортшыларды дайындаған спорттық ұйымдарға есептеледі.
      29. Спорт түрлері бойынша бөлімшілердің аға жаттықтырушысының ұсынысы бойынша спортшылардың жеке жаттықтырушылары ЖСШМ қаражаты есебінен спортшылардың орталықтанған дайындығына және жарыстарға қатысады.
      Жеке жаттықтырушы спортшының жеке жоспары бойынша оқу-жаттығу процесінің жаттығу сабақтарын өткізеді және Спорт түрлері бойынша бөлімшілердің аға жатықтырушысының тікелей басшылығымен жұмыс істейді.
      30. Спорт түрлері бойынша бөлімшінің аға оқытушысы спортшыларды даярлау бағдарламасын әзірлейді және оны оқытушы-жаттықтырушылармен бірлесіп бақылайды, спортшыларды даярлау бойынша жұмысты және спортшылардың спорттық жарыстарда өнер көрсетуді ұйымдастырады, спорттық жарыстарда спортшылардың өнер көрсетуінің нәтижелеріне үнемі талдау жүргізеді, спортшыларының даярлау жоспарларын және бағдарламаларын іске асырады және оқу-жаттығу жұмысының жеке жоспарларды орындауын бақылайды, спорт түрлері бойынша бөлімшесінің жаттықтырушылар кеңестерін ұйымдастырады және өткізеді, спортшылармен тәрбие жұмысын ұйымдастырады.
      31. Жаттықтырушы-оқытушы: ЖСШМ-ге қабылдау үшін спортшылардың іріктеуін жүзеге асырады; жеке жоспарларға сәйкес оқу-жаттығу және тәрбие жұмысын жүргізеді; спортшылардың спорттың шеберліктерінің артуын қамтамасыз етеді; спортшыларға тиым салынған субстанциялар мен тиым салынған әдістерін қабылдау жағдайларды алып тастауға көмек көрсетеді; жылдық және ағымдағы спортшыларды даярлау жоспарларын әзірлейді; жүйелі есеп және талдауды жүргізеді.
      32. Нұсқаушы-әдіскер: ЖСШМ-ге қабылдау үшін спортшылар іріктеу жұмысын үйлестіру және әдістемелік қамтамасыз етуді, оқу-жаттығу және тәрбие процесін ұйымдастыруды жүзеге асырады; топтарды қалыптастыру, оқу-жаттығу және тәрбие процесінің мазмұнына, нәтижесіне бақылауды жүзеге асырады; оқытушы-жаттықтырушылар біліктігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастырады; ЖСШМ-ның, бөлімшелердің немесе даярлық кезеңінің жұмыс нәтижелерінің статистикалық есебін жүргізеді, ЖСШМ қызмет нәтижелері туралы статистикалық есепті дайындауға қатысады.
      33. ЖСШМ-ның директорына, директордың орынбасарына (орынбасарларына) және нұсқаушы-әдіскерлерге жұмыс уақытының ішінде жаттықтырушы-оқытушы (тиісті кәсіптік білімі бар және біліктілік санаты бар болғанда) ставкасы есебінен төлеумен бірге ЖСШМ оқу сабақтарды жүргізуге рұқсат етіледі. Сонымен қатар, аталған жұмысын төлеуі тиісті жаттықтырушы-оқытушы 0,5 ставкасынан көп болмауы қажет.
      34. ЖШСМ-де ЖСШМ басшысы бекіткен педагогикалық кеңес, ереже және құрам құрылады.
      Педагогикалық кеңес кемінде тоқсан сайын бір рет өткізіледі. Педагогикалық кеңес ЖСШМ-ның спорт түрлері бойынша бөлімшелердің жаттықтырушы кеңестерінің жұмысы, жоғары дәрежелі спортшыларды дайындау әдістемесі, оқу-жаттығу, тәрбиелік, ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстарын алдыңғы тәжірибие тарату мәселелерін жүргізеді.
      35. Спорт түрлерінен бөлімдерде ЖСШМ басшысы бекіткен жаттықтырушылар кеңесі, ереже және құрам құрылады.
      ЖСШМ-де жаттықтырушылар кеңесі спорт түрлерінен аға жаттықтырушының басшылығымен айына кем дегенде бір рет өткізіледі. Жаттықтырушылар кеңесі отырысында оқу-жаттығу және тәрбие жұмысы, спортшыларды даярлаудың жеке жоспары, жарыстарға қатысу мәселелері қаралады, жаттықтырушы-оқытушылардың жаттығу процесін жетілдірудің әдістемеден хабарламалары мен баяндамалары тыңдалады.
      36. Спортшыларды медициналық бақылау және олардың функционалдық дайындығы жағдайының диагностикасы үшін, профилактикалық іс-шараларды өткізу және қалпына келтіру процестерін оңтайландыру үшін ЖСШМ-нен бөлінген қаражаттар шегінде тиісті аппаратурамен, қажетті дәрі-дәрмектермен және медициналық құралдарға арналған жабдықтармен қамтамасыз етіледі.
      37. Спорттық дәрігерлер ЖСШМ-ның жаттықтырушыларымен бірігіп спортшылардың оқу-жаттығу жиыны, жарыстар, демалыс кезеңінде дәрігерлік-педагогикалық бақылауды жүзеге асырады. Дәрігерлік бақылаудың нәтижелерін жаттықтырушылар ЖСШМ спортшыларының жеке дайындық жоспарларын түзету үшін пайдаланады.
      38. ЖСШМ-ның спортшылары жыл сайын жылына екі рет тереңдетілген медициналық тексеруден өтеді.

5. Тәрбие жұмысы

      39. ЖСШМ тәрбиелік жұмысты ЖСШМ басшысы бекіткен жоспар бойынша ұйымдастырады және өткізеді.
      40. ЖСШМ-ның тәрбие жұмысы спортшылардың жан-жақты үйлесімді дамуына бағытталған және жасы мен жеке ерекшелігін, спорттық шеберлігінің деңгейін және спорттық салтын ескере отырып жүзеге асырылады. Тәрбие жұмысы оқу-жаттығу сабақтары, жарыстар үдерісінде және күнделікті өткізіледі, және спортшының спортпен айналысуға, өзінің спорттық шеберлігін үнемі арттыруға, патриотизмді, шеберлікті, тәжірибені тәрбиелеуге және оларды практикалық қызметінде шығармашылық қолдауға, спорттық этиканы сақтауға қажеттілігін қалыптастыру тиіс.

Жоғары спорт шеберлігі мектептері
қызметінің қағидаларына     
1-қосымша           

Нысан

Спортшының жеке карточкасы

1. Тегі __________________________________________
2. Аты ___________________________________________
3. Әкесінің аты __________________________________
4. Туған күні ____________________________________
                         (күн, ай, жыл)
5. Туған жері ____________________________________
                  (облыс, аудан, қала, ауыл)
6. Білімі ________________________________________
        (мектептің нөмірі, колледжінің, ЖОО атауы)


7.

Паспортының № _____________

14.

Спортшының антропометриялық мәліметтер:

Бойы ________ см, салмағы __________ кг.

8.

Жеке куәліктің № __________

9.

ЖИН _______________________

15.

Костюмнің өлшемі: ______________

10.

Спорттық атауы ___________

16.

Бас киімнің өлшемі: ____________

11.

Жеке жаттықтырушы _________

17.

Аяқ киімнің өлшемі: ____________

12.

Тілдерді білуі ____________

18.

Үй мекен-жайы: _________________

________________________________

13.

Байланыс телефоны: ________

201 ___ жылда республикалық және халықаралық жарыстарда өнер көрсету

№ п/п

Спорттық жарыстардың атауы

Өткізілетін орны және күні

Жоспарланған нәтиже

Көрсетілген нәтиже

1





2





3





Спортшының қолы ________________ Жаттықтырушының қолы ______________

Жоғары спорт шеберлігі мектептері
қызметінің қағидаларына    
2-қосымша             

Оқу-жаттығу жұмысының режимі
және топтардың толықтырылуы

ЖСШМ топтары

Оқу кезеңі

Аптадағы оқу сағаттары

Спорт түрлері бойынша топтарда адамдардың саны*

Бірінші топ

Екінші топ

Үшінші топ

Төртінші топ

Бесінші топ

Жоғары спорт шеберлігі

Бүкіл кезең

32 сағат 36 сағат (Қазақстан Республикасының құрама командасының мүшесі топтың құрамында бар болғанда)

3 адам

6 адам

4 адам

2 адам

2 адам

Спорттық жетілдіру

Оқудың бірінші жылы

24 сағат

5 адам

6 адам

6 адам

2 адам

3 адам

Оқудың екінші жылы

26 сағат

4 адам

6 адам

5 адам

2 адам

3 адам

Оқудың екінші жылдан астам

28 сағат

4 адам

6 адам

5 адам

2 адам

3 адам

      Ескерту:
      Бірінші, екінші, үшінші және төртінші топтарға жататын спорт түрлерінің тізімі:
      бірінші топ: акробатика, биатлон, бобслей, спорттық гимнастика, көркем гимнастика, тау шаңғысы спорты, шаңғы екі сайысы, шаңғы жарысы, коньки тебу спорты, ат спорты, жеңіл атлетикалық көпсайыстар, лақтыру және таяқпен секіру, желкен спорты, суға секіру, батутта секіру, шаңғымен тұғырдан секіру, шана спорты, үйлесімді жүзу, тауға өрмелеу, садақтан ату, нысана көздеу, стенд ату, қазіргі бессайыс (биатл, триатл), мәнерлеп сырғанау, фристайл, семсерлесу, велоспорт (трек, шоссе, маутинбайк), су-шаңғы спорты, автомобиль, мотоцикл, су-мотор, су астында, самолет, вертолет, парашют, планер, дельтапланер спорт түрлері, спорттық жүріс, марафондық жүгіру, триатлон, полиатлон, теннис және қолданбалы спорт түрлері;
      екінші топ: ойын спорт түрлері, көкпар;
      үшінші топ: барлық қалған спорт түрлері;
      төртінші топ: ат спортының ұлттық түрлері (бәйге, аламан бәйге, жорға, қыз қуу, аударыспақ, теңге алу), есу слалом, байдарка мен каноэде есу, академиялық есу, жағажай волейбол;
      бесінші топ: саят (құс бегі) – құсты аңға салу (сұңқар, тұйғын, бүркіт).

Қазақстан Республикасы   
Мәдениет және спорт министрінің
2014 жылғы 22 қарашадағы  
№ 106 бұйрығымен бекітілген
6-қосымша         

Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды оқу-жаттығу
жиыны үдерісінде даярлауда жүзеге асырылатын Балалар мен
жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлығы клубының қызметінің
қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Балалар мен жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлығы клубының қызметін ұйымдастырудың ережесі (бұдан әрі – Ереже) балалар мен жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлығы клубтарының (бұдан әрі – клуб) қызметін реттейді.
      2. Клубтың басты мақсаттары:
      1) дене шынықтыру және спортпен шұғылдану арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру;
      2) тұлғаның шығармашылық әлеуетін ашу арқылы жан-жақты дамуы үшін жағдайлар жасау;
      3) балаларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі шұғылдануға тарту;
      4) олардың денсаулығын және дене тәрбиесін нығайтуға бағытталған балалар мен жасөспірімдер арасында дене шынықтыру-сауықтыру және тәрбие жұмыстарын жүзеге асыру болып табылады.

2. Клуб қызметін ұйымдастыру

      3. Спорт түрлері бойынша секциялар (бұдан әрі - секциялар) клубтың құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Секцияларды ұйымдастыру клубтың педагогикалық кеңесі бекітетін оқу жоспарымен немесе жылдық күнтізбелік жоспармен және оқу кестесімен реттеледі.
      4. Клубтың жұмыс уақыты ішкі тәртіп ережелерімен анықталады.
      5. Секциялардың жұмысы жұмыс жоспарына қарай толық күнтізбелік жылға ұйымдастырылады.
      Жазғы демалыс кезінде секциялар арнайы кесте бойынша жұмыс істей алады.
      6. Секциялардың толықтығы келесі талаптардың ескерілуімен жүзеге асырылады:
      1) секциялардың сандық құрамы спорт түріне байланысты анықталады;
      2) бір топтағы балалардың жас айырмашылығы үш жастан аспауы қажет;
      3) топтың саны клубтың жарғысына сәйкес оқу-жаттығу үдерісін жүзеге асырудың шарттарына байланысты анықталады.
      7. Кестені жасаған кезде оқу орындарындағы оқушыларының бос уақыты мен жұмыс бастылық көлемін ескеру қажет.
      8. Секциялардың жұмысын ұйымдастыру дене шынықтыру, спорт жаттығулары мен бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу кезіндегі қауіпсіздік пен санитарлық-гигиеналық нормалар ережесінің талаптарына сай болуы қажет.
      9. Клубтағы нұсқаушы-әдіскер мен жаттықтырушы-оқытушының штаттық бірлік саны спорт түрлері бойынша секциялардың санына байланысты аңықталады.
      10. Секциялардағы балалардың саны спорт түріне қарай 25 адамнан аспауы қажет.

3. Клубты басқару

      11. Клубты басқару алқалық қағидаттары бойынша жүзеге асырылады.
      Алқалық басқарудың түрі клубтың педагогикалық кеңесі болып табылады.
      12. Клубты тікелей басқаруды дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органдар тағайындайтын директор жүзеге асырады.
      13. Клубтың директоры дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органның келісімі бойынша клубтың штаттық кестесін, клуб қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулықтарын, оқу жіктемесінің көлемін бекітеді.

4. Оқу-жаттығу үдерісін ұйымдастыру

      14. Оқу-жаттығу үдерісі балалардың жұмысқа қабілеттілігі, олардың даму динамикасы, оқу материалдарын игеру ерекшеліктері мен мүмкіндіктері және оқушыны одан әрі жетілдірудің келешек қағидаттары негізінде жүзеге асырылады.
      Оқу аптасы ішінде сабақтардың ұзақтығы (3-4 күн) педагогикалық кеңеспен белгіленеді және клубтың директорымен бекітіледі.
      15. Балаларды клубқа қабылдау ата-аналарының (заңды өкілдерінің, қамқоршыларының, қорғаншыларының) атынан клуб директорының атына өтініш, оған қоса оқу орнынан анықтама, екі 3x4 сурет, денсаулығы туралы медициналық анықтама ұсыну арқылы жүзеге асырылады.
      Клубқа қабылдауға ұсынылған өтінішті қосымша құжаттармен бірге педагогикалық кеңес 3 күн ішінде қарастырады.
      Көрсетілген құжаттар топтамасын толық ұсынбау және теріс медициналық клубқа қабылдаудан бас тартуға негіздеме болып табылады.
      16. Клубтан шығару ата-аналарының (заңды өкілдерінің, қамқоршыларының, қорғаншыларының), өтініші негізінде сондай-ақ бала дәлелсіз себептермен сабаққа 1 айдан көп уақыт қатыспаса, педагогикалық кеңестің шешімімен жүзеге асырылады.
      17. Оқу-жаттығу үдерісі жеке немесе баланың жасы мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, жинақталатын топта (шағын топ) ұйымдастырылады.

5. Оқу-жаттығу үдерісінің қатысушылары

      18. Оқу-жаттығу үдерісінің қатысушылары балалар, жасөспірімдер және олардың ата-аналары (заңды өкілдері, қамқоршылары, қорғаншылары), клубтың педагогикалық, медициналық қызметкерлері болып табылады.
      Клубта педагог-психолог, медбике-массажшы, емдік дене шынықтыру мамандары, әлеуметтік педагог қызметтерінің лауазымдары қарастырылады.

Қазақстан Республикасы    
Мәдениет және спорт министрінің
2014 жылғы 22 қарашадағы  
№ 106 бұйрығымен бекітілген
7-қосымша           

Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды оқу-жаттығу
жиыны үдерісінде даярлауда жүзеге асырылатын спорт клубтарының
қызметін қызметінің қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Спорт клубтарының қызметін ұйымдастырудың ережесі (бұдан әрі – Ереже) спорт клубтарының (бұдан әрі – клубтар) қызметін ұйымдастырудың жағдайын және тәрібін реттейді және меншік түрі мен ведомстволық тиістілігіне қарамастан барлық спорт клубтары үшін үлгілік болып табылады.
      2. Клубтар оқу-жаттығу, жарыстарды, дене шынықтыру-сауықтыру және тәрбиелеу қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалар болып табылады.

2. Клубтардың мақсаттары мен міндеттері

      3. Клубтар, оның ішіндегі кәсіпорындар мен ұйымдарда мына мақсаттарда құрылады:
      1) түрлі жіктегі халықты тұрақты түрде дене шынықтыру және спортпен айналысуға кеңінен тарту;
      2) салауатты өмір салтын насихаттау, белсенді демалысты ұйымдастыру, дене дайындығының деңгейін көтеру, жігерлік және азаматтық-патриоттық қасиеттерді қалыптастыру;
      3) дене шынықтыру және спортпен айналысуға жағдай жасау;
      4) бұқаралық спорттық қозғалысты қалыптастыру.
      4. Клубтардың негізгі міндеттері:
      1) Қазақстан азаматтарының дене, рухани және азаматтық-патриоттық тәрбиелеуге белсеңді жәрдемдесу, олардың күнделікті өміріне дене шынықтыру мен спортты енгізу;
      2) спорт секцияларында және сауықтыру бағытындағы топтарда клубтық сабақтарды ұйымдастыру, бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық шараларды өткізу;
      3) азаматтардың денсаулығын нығайтуға бағытталған жұмыстарды жүргізу;
      4) спартакиадаларды, бұқаралық спорттық жарыстарды, спорттық мерекелерді өткізу;
      5) кәсіпорындарға, ұйымдар мен мекемелерде, оның ішінде білім беру мекемелерге бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық жұмысты ұйымдастыруға көмек көрсету;

3. Клубтардың қызметін ұйымдастыру

      6. Спорт түрлері бойынша клубтардың қызметі:
      1) дене шынықтыру мен спорттың бұдан әрі дамуын жоспарлау;
      2) өз қызметі жайлы ақпаратты тарату;
      3) бұқаралық спорттық жарыстардың, халықтық спартакиадалардың, басқа да дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларды қаржыландыруды жүзеге асыру;
      4) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік статистика туралы» Заңына сәйкес дене шынықтыру мен спортпен айналыстандардың статистикалық есебін жүргізу.

4. Клубты басқару

      7. Клубтарды ұйымдастыру мен қызметіне жалпы басшылық ету Жарғыға сәйкес жүзеге асырылады.
      8. Клубтар кемінде жарты жылда бір рет отырыс өткізіп, онда комиссияның, секциялардың, топтардың, командалардың есептерін талқылайды және өткізілген дене шынықтыру-сауықтыру және бұқаралық-спорттық іс-шаралардың қорытындыларын шығарады, сондай-ақ клубтардың қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды қарайды.

Қазақстан Республикасы    
Мәдениет және спорт министрінің
2014 жылғы 22 қарашадағы  
№ 106 бұйрығымен бекітілген
8-қосымша           

Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды оқу-жаттығу
жиыны үдерісінде даярлауда жүзеге асырылатын Спорт түрлері
бойынша кәсіпқой спорт клубтары қызметінің қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Спорт түрлері бойынша кәсіпқой спорт клубтарының қызметін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағида) «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кәсіпқой спорт клубтарының (бұдан әрі - клубтар) қызметін ұйымдастырудың тәртібі мен шарттарын реттейді, меншік түріне және ведомостволық бағыныстылығына қарамастан, барлық спорт клубтары үшін үлгі болып табылады.
      2. Ұйымдастырушылық құрылым, қызмет бағыты, қызмет түрлері мен нысандары, клубтардың қызметкерлері мен мүшелерінің құқықтары мен міндеттері құрылтай құжаттарымен белгіленеді.
      3. Клубтар оқу-жаттығу және жарысу қызметін жүзеге асыратын заңды тұлға болып табылады және әр түрлі ұйымдастырушылық-құқықтық нысандарда құрылады.
      4. Клубтар мемлекеттік органдармен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының және шет елдердің дене шынықтыру-спорт ұйымдарымен, қоғамдық бірлестіктерімен ынтымақтасып, өзара әрекет етеді.

2. Клубтардың мақсаттары мен міндеттері

      5. Спорт түрлері бойынша кәсіптік клубтар мына мақсаттарда құрылады:
      1) Қазақстан Республикасында жоғары жетістіктер спортын дамыту;
      2) халықаралық дәрежедегі спортшыларды дайындау;
      3) спорттық және олимпиадалық қозғалыстарды дамыту.
      6. Кәсіптік клубтардың негізі міндеттері:
      1) халықаралық дәрежедегі спортшыларды дайындау үшін жағдай жасау;
      2) тәжірибе алмасу және жаңа спорттық жетістіктерді енгізу мақсатында ел ішіндегі және шетелдегі клубтар арасында байланыстарды орнату және дамыту бойынша жұмыстар жүргізу болып табылады.

3. Клубтардың қызметін ұйымдастыру

      7. Спорт түрлері бойынша клубтардың қызметі:
      1) жоғары жетістіктер спорты саласындағы қызметті жүргізу;
      2) оқу-жаттығу бағдарламаларын және спортшылардың жеке дайындық жоспарларын іске асыру;
      3) спортшылардың жеке дайындық жоспарларына және спорттық-бұқаралық іс-шаралар күнтізбесіне сәйкес олардың республикалық, халықаралық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету;
      4) жаттықтырушы-оқытушы құрамның біліктілігін және тағылымдамасын арттыру бойынша жұмыстар ұйымдастыру;
      5) дене шынықтыру мен спорт саласындағы жетекші мамандарды, жаттықтырушыларды, ғылыми қызметкерлерді, медицина қызметкерлерін шақыру арқылы семинарлар, курстар ұйымдастырып, өткізу;
      6) кеңінен таратылатын спортты одан әрі дамытуды жоспарлау;
      7) халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес спорттық бірлестіктерге кіру;
      8) спорт жарыстарын, оқу-жаттығу жиындарын, басқа да спорт іс-шараларын қаржыландыру;
      9) жаттықтырушылар кеңесі, төрешілер алқасының қоғамдық комиссиясын құру және жұмысын ұйымдастыру;
      10) кәсіпқой спортшыға, кәсіпқой жаттықтырушыға және өзге де спорт маманына спорттық қызмет туралы жасалған шартқа сәйкес төлемдерді уақтылы төлеу;
      11) міндетті алдын ала, мерзімді және кезектен тыс медициналық тексерулерден өту кезеңінде жұмыс орындары (лауазымдары) мен орташа жалақыларын сақтай отырып, өз қаражаты есебінен кәсіпқой спортшылардың, кәсіпқой жаттықтырушылардың және дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де мамандардың көрсетілген медициналық тексерулерден өтуін ұйымдастыру;
      12) спорт федерациясы белгілеген мерзімде спорт федерациясында спорттық қызмет туралы шарттарға тіркеу жүргізу;
      13) жұмыскерлердің жеке қорғану құралдарын қоса алғанда, кәсіпқой спортшының, кәсіпқой жаттықтырушының және дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де маманның спорттық қызмет туралы шартта көзделген міндеттерін орындауы үшін оларды қажетті спорттық киіммен, мүкәммалмен, медициналық қызмет көрсетумен және өзге де құралдармен қамтамасыз ету;
      14) спорттық жарыстар мен оқу-жаттығу жиындары өтетін орындарда күзет пен еңбек гигиенасының талаптарына жауап беретін тиісті техникалық жабдықтарды құру және кәсіпқой спортшы мен дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де маманның қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
      15) спорттық жарыстарға дайындалу кезінде немесе оларға тікелей қатысу кезінде кәсіпқой спортшы жарақат алған жағдайда, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар болған кезде кәсіпқой спортшыға білікті медициналық көмекті ұйымдастыру, сондай-ақ, осындай жазатайым оқиғаны тексеруді және есепке алуды қамтамасыз ету;
      16) кәсіпқой спортшы, кәсіпқой жаттықтырушы және дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де маман спорттық жарақаттың салдарынан спорттық қызметін уақытша тоқтата тұрған кезеңде оған өз есебінен мөлшері спорттық қызмет туралы шартта көзделген төлемді толық көлемде төлеу;
      17) спорттық жарыстарға дайындалу және оларға тікелей қатысу кезінде спортта допингті және денсаулыққа зиянды басқа да құралдарды және (немесе) әдістерді пайдалануға қарсы күресу;
      18) спортты халық арасында насихаттауды және кеңінен таратуды ұйымдастыру;
      19) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кәсіпқой спортшының, кәсіпқой жаттықтырушының және дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де маманның міндетті әлеуметтік және медициналық сақтандырылуын жүзеге асыру;
      20) кәсіпқой спортшыны, кәсіпқой жаттықтырушыны және дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де маманды еңбекті қорғау және жазатайым оқиғалар болған жағдайда алғашқы көмек көрсету жөніндегі жұмыстарды орындаудың қауіпсіз әдістері мен тәсілдеріне үйрету, еңбекті қорғау жөнінде нұсқаулар беру, жұмыс орнында тағылымдамадан өткізуге және еңбек қорғау талаптарын, жұмысты орындаудың қауіпсіз әдістері мен тәсілдерін білетіндіктеріне тексеру жүргізу;
      21) жастар арасында спорт резервін даярлауды жүзеге асыру, балаларға арналған спорт мектептерін ашу, бейімдеуші спорт түріне жаттықтырушылар мен төрешілер даярлау;
      22) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен спортшылармен, жаттықтырушылармен және дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де мамандармен спорттық қызмет туралы шарттарды жасасу, өзгерту және бұзу;
      23) кәсіпқой спортшыларды, кәсіпқой жаттықтырушыларды және дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де мамандарды жоғары спорттық нәтижелерге жеткені үшін көтермелеу;
      24) кәсіпқой спортшылардан және жаттықтырушылардан, дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де мамандардан олардың спорттық қызметі туралы жасалған шарттарда қамтылған міндеттерін орындауын талап ету;
      25) дене шынықтыру мен спорт саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру арқылы іске асырылады.

4. Клубты басқару

      8. Клубтардың қызметіне жалпы басшылық құрылтай құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
      9. Клубтардың басшылығы:
      1) клубтар қызметінің стратегиялық және басым бағыттарын айқындайды;
      2) клубтар қызметкерлерінің штаттық санын бекітеді;
      3) клубтарға мүшелікке қабылдау мен клубтардан шығаруды жүзеге асырады;
      4) оқу-жаттығу жұмыстарының жоспарын бекітеді;
      5) кіріс және шығыс сметаларын бекітеді;
      6) клубтың штаттық қызметкерлеріне сыйақы беру және еңбек тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдайды;
      7) спорт қызметі туралы келісім-шарттар негізінде кәсіпқой спортшыларға ақшалай төлемдер мөлшерін бекітеді.
      Клубтар басқармасы кемінде жарты жылда бір рет отырыс өткізіп, онда комиссияның, секциялардың, топтардың, командалардың есептерін талқылайды және өткізілген дене шынықтыру-сауықтыру мен бұқаралық-спорттық іс-шаралардың қорытындыларын шығарады, сондай-ақ клубтардың қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды қарайды.

Қазақстан Республикасы    
Мәдениет және спорт министрінің
2014 жылғы 22 қарашадағы  
№ 106 бұйрығымен бекітілген
9-қосымша          

Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның күші
жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. «Дене шынықтыру және спорт саласындағы балалар мен жасөспірімдер клубтарының қызметін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 02-02-18/74 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылы 20 мамырда № 6970 болып тіркелген, 2011 жылғы 21 маусымдағы № 260-263(26661) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған).
      2. «Дене шынықтыру-спорт ұйымдарының (спорт клубтары) қызметін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2011 жылғы 3 тамыздағы № 02-02-18/153 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылы 25 тамызда № 7145 болып тіркелген, 2011 жылғы 11 қазандағы № 488-490 (26882) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған).
      3. «Спорт түрлерінен Қазақстан Республикасы құрама командаларының спортшыларын даярлау бойынша кешенді ғылыми топтың қызметін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2011 жылғы 19 қыркүйектегі № 02-02-18/183 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылы 17 қазанда № 7258 болып тіркелген, 2011 жылғы 5 қарашадағы № 529-530 (26922) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған).
      4. «Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын және олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектептерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 287 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылы 17 қаңтарда № 8282 болып тіркелген, 2013 жылғы 17 шілдедегі № 172 (28111) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған).
      5. «Жоғары спорт шеберлігі мектептерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 тамыздағы № 298 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылы 18 қыркүйекте № 8718 болып тіркелген, 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 220 (28159) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған).
      6. «Жоғары спорт шеберлігі мектептерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2013 жылғы 19 тамыздағы № 298 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 7/ӘМ бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылы 13 ақпанда № 9146 болып тіркелген, 2014 жылғы 26 сәуірдегі № 81 (28305) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған).
      7. «Олимпиада резервін даярлау орталығының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 26 ақпандағы № 60 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылы 27 наурызда № 9277 болып тіркелген, 2014 жылғы 21 маусымдағы № 121 (28345) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған).
      8. «Олимпиадалық даярлау орталығының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 26 ақпандағы № 59 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылы 27 наурызда № 9276 болып тіркелген, 2014 жылғы 21 маусымдағы № 121 (28345) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған).