Дене шынықтыру және спорт саласындағы кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2018 жылғы 19 қыркүйектегі № 263 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 11 қазанда № 17526 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Өзгерістер енгізілетін дене шынықтыру және спорт саласындағы кейбір бұйрықтар тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) қолданысқа енген күннен кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр А. Мұхамедиұлы

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2018 жылғы 19 қыркүйектегі
№ 263 бұйрығымен бекітілген

Өзгерістер енгізілетін дене шынықтыру және спорт саласындағы кейбір бұйрықтар тізбесі

      1. "Спортшыларға, жаттықтырушыларға, дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарға және дене шынықтыру-спорттық ұйымдарға "Үздік" номинациясындағы атақтарды беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 28 маусымдағы № 297 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9680 болып тіркелген, 2014 жылғы 15 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      осы бұйрықпен бекітілген Спортшыларға, жаттықтырушыларға, дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарға және дене шынықтыру-спорттық ұйымдарға "Үздік" номинациясындағы атақтарды беру қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Конкурсты өткізудің тәртібі";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Бағалау өлшемі";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Ауылдық жердегі үздік спорттан нұсқаушы-әдіскер" номинациясындағы атақ ЖАО-ның ұсынысы бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында дене шынықтыру мен спорттың дамуына үлес қосқаны үшін нұсқаушы-әдіскерлерге беріледі.";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Марапаттау рәсімі".

      2. "Спорт түрлерін, спорт салаларын тану және спорт түрлерінің тізілімін қалаптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 28 қазандағы № 55 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9912 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 19 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорт түрлерін, спорт салаларын тану және спорт түрлерінің тізілімін қалаптастыру қағидаларында:

      орыс тіліндегі мәтіндегі 5-тармаққа өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Спорт түрінен аккредиттелген республикалық және (немесе) өңірлік спорттық федерациялардың өтініштерінің негізінде уәкілетті орган Тізілімге өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Уәкілетті орган Тізілімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдаған жағдайда, уәкілетті орган бұл туралы дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына, дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға шешім қабылдаған күннен бастап, он жұмыс күні ішінде хабарлайды.".

      3. "Спорттық іс-шараларды өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 4 қарашадағы № 74 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9930 болып тіркелген, 2014 жылғы 23 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорттық іс-шараларды өткізу қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасының чемпионаты – бұл облыстардың жартысынан астам, республикалық маңызы бар қалалар және астана спортшыларының (командаларының) қатысуымен өткізілетін республикалық спорттық жарыс;";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Спорттық жарыстарды өткізу";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы немесе жүлдесі үшін жарыстарды өткізу";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Спорт түрлері бойынша аккредиттелген спорт федерациялары облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының келісімі бойынша спорттық жарыстардың басталуына дейін кемінде 3 (үш) ай бұрын уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) спорт түрінің Қазақстан Республикасында және халықаралық аренада дамуының жай-күйі, спорттық жарысқа қатысатын облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың), спортшылардың саны, спорттық жарысқа қатысушылардың жалпы саны және қатысушы елдер саны (халықаралық спорттық жарыстар үшін) туралы ақпарат;

      2) спорттық жарыс ережесінің (регламентінің) жобасы;

      3) жергілікті атқарушы органның қолдау хаты.";

      4-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Белгілі спортшылардың, жаттықтырушылардың, спорт немесе қоғам қайраткерлерінің құрметіне немесе олардың жүлдесі үшін республикалық спорттық жарыстар өткізу";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Құрметіне немесе жүлдесі үшін республикалық спорттық жарыстар өткізілетін белгілі спортшылар, жаттықтырушылар, спорт немесе қоғам қайраткерлері, оның дене шынықтыру және спорт саласына қосқан ауқымды үлесін ескере отырып айқындалады.";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Белгілі спортшылардың, жаттықтырушылардың, спорт немесе қоғам қайраткерлерінің құрметіне немесе жүлдесі үшін республикалық спорттық жарыстар өткізу мақсатында аккредиттелген спорт федерациялары уәкілетті органға республикалық спорттық жарыс басталғанға дейін кемінде 2 (екі) ай бұрын мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) өмірбаян (белгілі спортшылар, жаттықтырушылар, спорт және қоғам қайраткерлері үшін);

      2) спортшының спорттағы жетістігі, жаттықтырушының, спорт немесе қоғам қайраткерлерінің дене шынықтыру және спорт саласына қосқан үлесі туралы ақпарат;

      3) белгілі спортшылардың, жаттықтырушылардың, спорт немесе қоғам қайраткерлерінің немесе оның мұрагерінің (мұрагерлерінің) жазбаша келісімі;

      4) аккредиттелген спорт федерациясының белгілі спортшының, жаттықтырушының, спорт және қоғам қайраткерлерінің дене шынықтыру және спорт саласын дамытуға қосқан үлесін растайтын хаты;

      5) белгілі спортшылардың, жаттықтырушылардың, спорт немесе қоғам қайраткерлерінің құрметіне немесе олардың жүлдесі үшін спорттық жарыстардың ережесі (регламенті).";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Белгілі спортшылардың, жаттықтырушылардың, спорт немесе қоғам қайраткерлерінің құрметіне немесе олардың жүлдесі үшін облыстық спорттық жарыстар өткізу";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Құрметіне немесе жүлдесі үшін облыстық спорттық жарыстар өткізілетін белгілі спортшылар, жаттықтырушылар, спорт немесе қоғам қайраткерлері оның дене шынықтыру және спорт саласына қосқан ауқымды үлесін ескере отырып айқындалады.";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Белгілі спортшылардың, жаттықтырушылардың, спорт немесе қоғам қайраткерлерінің құрметіне немесе жүлдесі үшін облыстық спорттық жарыстар өткізу мақсатында аккредиттелген спорт федерациялары облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына облыстық спорттық жарыс басталғанға дейін кемінде 2 (екі) ай бұрын мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) өмірбаян (белгілі спортшылар, жаттықтырушылар, спорт және қоғам қайраткерлері үшін);

      2) спортшының спорттағы жетістігі, жаттықтырушының, спорт немесе қоғам қайраткерлерінің дене шынықтыру және спорт саласына қосқан үлесі туралы ақпаратты қамтитын аккредиттелген спорт федерациясының хаты;

      3) белгілі спортшылардың, жаттықтырушылардың, спорт немесе қоғам қайраткерлерінің немесе оның мұрагерінің (мұрагерлерінің) жазбаша келісімі;

      4) аккредиттелген спорт федерациясының белгілі спортшының, жаттықтырушының, спорт және қоғам қайраткерлерінің дене шынықтыру және спорт саласын дамытуға қосқан үлесін растайтын хаты;

      5) белгілі спортшылардың, жаттықтырушылардың, спорт немесе қоғам қайраткерлерінің құрметіне немесе олардың жүлдесі үшін спорттық жарыстардың ережесі (регламенті).";

      6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Оқу-жаттығу жиындарын өткізу".

      4. "Спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары түрлерінің тізбесін және олардың қызметі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 106 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10012 болып тіркелген, 2015 жылы 26 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакция жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "1. Мыналар бекітілсін:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорттық ұйымдар түрлерінің тізбесі;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің, мүгедектерге арналған спорт мектептері қызметінің қағидалары;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын Олимпиада резервін даярлау орталықтары қызметінің қағидалары;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын Олимпиадалық даярлау орталықтары қызметінің қағидалары;

      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын жоғары спорт шеберлігі мектептері қызметінің қағидалары;

      6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын балалар-жасөспірімдер дене даярлығы клубтары қызметінің қағидалары;

      7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу жиыны процесі жүзеге асырылатын спорт клубтарының, мүгедектерге арналған спорт клубтары қызметінің қағидалары;

      8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесін жүзеге асырылатын кәсіпқой спорт клубтары қызметінің қағидалары;

      9) осы бұйрыққа 8-1-қосымшаға сәйкес Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшы-мүгедектерді даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесін жүзеге асырылатын дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының қызметі қағидалары.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процессі жүзеге асыратын дене шынықтыру-спорт ұйымдары түрлерінің тізбесінде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорттық ұйымдар түрлерінің тізбесі";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің, мүгедектерге арналған спорт мектептерінің қызметі қағидаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің, мүгедектерге арналған спорт мектептері қызметінің қағидалары";

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "1. Осы Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің, мүгедектерге арналған спорт мектептері қызметінің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің, мүгедектерге арналған спорт мектептерінің (бұдан әрі – спорт мектептері) қызметі тәртібін айқындайды.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Мақсаттары мен міндеттері";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Оқушыларды қабылдау, ауыстыру және оқудан шығару тәртібі";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Оқу-жаттығу үдерісін ұйымдастыру";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, республикалық және халықаралық спорттық жарыстарға қатысуға жіберілген спорт мектептерінің командалары мен оқушыларын дайындау үшін спорт мектептері қаржыландыру шегінде тікелей осы елді мекенде орналасқан оқу-жаттығу жиындарында өтетін ұзақтығы он сегіз күнтізбелік күнге дейін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жарыстарын, ұзақтығы жиырма бір күнтізбелік күнге дейін республикалық және ұзақтығы жиырма төрт күнтізбелік күнге дейін халықаралық спорттық жарыстарға көшпелі оқу-жаттығу жиындары мен жиындар, сондай-ақ жарыс маусымы аяқталған соң қалпына келтіру жиындарын өткізеді, олардың жалпы саны жылына жүз елу күнтізбелік күннен аспауы тиіс.";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Жинақтау тәртібі, топтардың толықтырылуы, оқу-жаттығу жұмысының тәртібі";

      6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Медициналық қамтамасыз ету";

      1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

  "Спорт резервін және жоғары
дәрежелі спортшыларды даярлау
жөніндегі оқу-жаттығу процесі
жүзеге асырылатын балалар-
жасөспірімдер спорт
мектептерінің, мүгедектерге
арналған спорт мектептері
қызметінің қағидаларына
1-қосымша";

      1-1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

  "Спорт резервін және жоғары
дәрежелі спортшыларды даярлау
жөніндегі оқу-жаттығу процесі
жүзеге асырылатын балалар-
жасөспірімдер спорт
мектептерінің, мүгедектерге
арналған спорт мектептері
қызметінің қағидаларына
1-1-қосымша";

      2-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

  "Спорт резервін және жоғары
дәрежелі спортшыларды даярлау
жөніндегі оқу-жаттығу процесі
жүзеге асырылатын балалар-
жасөспірімдер спорт
мектептерінің, мүгедектерге
арналған спорт мектептері
қызметінің қағидаларына
2-қосымша";

      3-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

  "Спорт резервін және жоғары
дәрежелі спортшыларды даярлау
жөніндегі оқу-жаттығу процесі
жүзеге асырылатын балалар-
жасөспірімдер спорт
мектептерінің, мүгедектерге
арналған спорт мектептері
қызметінің қағидаларына
3-қосымша";

      3-1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

  "Спорт резервін және жоғары
дәрежелі спортшыларды даярлау
жөніндегі оқу-жаттығу процесі
жүзеге асырылатын балалар-
жасөспірімдер спорт
мектептерінің, мүгедектерге
арналған спорт мектептері
қызметінің қағидаларына
3-1-қосымша";

      4-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Спорт резервін және жоғары
дәрежелі спортшыларды даярлау
жөніндегі оқу-жаттығу процесі
жүзеге асырылатын балалар-
жасөспірімдер спорт
мектептерінің, мүгедектерге
арналған спорт мектептері
қызметінің қағидаларына
4-қосымша";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды оқу-жаттығу жиыны үдерісінде даярлауда жүзеге асырылатын Олимпиада резервін даярлау орталығының қызметін ұйымдастыру қағидаcында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын Олимпиада резервін даярлау орталықтары қызметінің қағидалары";

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын Олимпиада резервін даярлау орталықтарының қызметінің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – Жергілікті орган) құратын Олимпиада резервін даярлау орталықтарының (бұдан әрі – Орталық) қызметі тәртібін айқындайды.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Мақсаттары, міндеттері, функциялары";

      7-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Олимпиадалық даярлау орталықтарына, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың құрама командаларына және Қазақстан Республикасының штаттағы құрамасына қабылдау үшін спортшы-кандидаттарды іріктеу мен дайындау;";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Контингентті қалыптастыру тәртібі";

      9-тармақтың 1), 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Олимпиада резервін даярлау орталықтарындағы спорт түрлерінен спортшылардың жасөспірімдер, жеткіншектер мен жастар жасындағы және Қазақстан Республикасы чемпионаттарының (біріншіліктерінің) немесе халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып табылатын спортшылар, сондай-ақ, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың құрама командаларының құрамына кіретін спортшылар;

      2) спорт түрлерінің ерекшелігін ескере отырып, Жергілікті органның келісімі бойынша Олимпиадалық даярлау орталықтарындағы спорт түрлерінен спортшылардың жасөспірімдер, жеткіншектер мен жастар жасындағы көрсетілген жасынан 3 жылдан асқан спортшылар қабылданады;";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Бір спорт түріне барлық жас санаттарынан (жасөспірімдер, жеткіншектер және жастар) Жергілікті органның келісімі бойынша Орталық директоры жасөспірімдер, жеткіншектер және жастар санаты бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың құрама командаларының аға жаттықтырушысы болып табылатын бір аға жаттықтырушыны тағайындайды.";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Оқу-жаттығу жұмысын ұйымдастыру";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Жаттықтырушылар кеңесі";

      қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Спорт резервін және жоғары
дәрежелі спортшыларды даярлау
жөніндегі оқу-жаттығу процесі
жүзеге асырылатын
Олимпиада резервін даярлау
орталықтары қызметінің
қағидаларына қосымша";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды оқу-жаттығу жиыны үдерісінде даярлауда жүзеге асырылатын Олимпиадалық даярлау орталығының қызметін ұйымдастыру қағидаcында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын Олимпиадалық даярлау орталықтары қызметінің қағидалары";

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      "1. Осы Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын Олимпиадалық даярлау орталықтары қызметінің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – Уәкілетті орган) құратын Олимпиадалық даярлау орталықтарының (бұдан әрі – Орталық) қызметі тәртібін айқындайды.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Мақсаттары, міндеттері, функциялары";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Контингентті қалыптастыру тәртібі";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Оқу-жаттығу жұмысын ұйымдастыру";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Олимпиадалық даярлау орталығының жаттықтырушылар кеңесі";

      қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Спорт резервін және жоғары
дәрежелі спортшыларды
даярлау жөніндегі оқу-жаттығу
процесі жүзеге асырылатын
Олимпиадалық даярлау
орталықтары қызметінің
қағидаларына қосымша";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды оқу-жаттығу жиыны үдерісінде даярлауда жүзеге асырылатын Жоғары спорт шеберлігі мектептері қызметінің қағидасында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын жоғары спорт шеберлігі мектептері қызметінің қағидалары";

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Спорт резервін жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу жаттығу процесі жүзеге асырылатын жоғары спорт шеберлігі мектептері қызметінің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) жоғары спорт шеберлігі мектептері (бұдан әрі – ЖСШМ) қызметінің тәртібін анықтайды.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Мақсаттары мен міндеттері";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Контингентті қалыптастыру тәртібі";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "8. Оқуға қабылдау, оқу жылында ауысу, оқуды тәмәмдау, спортшыларды оқудан шығару ЖСШМ директорының бұйрығымен дайындалады.";

      9, 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Республикалық ЖСШМ – республикалық спорттық жарыстардың чемпион және жүлдегер спортшылары қабылданады.

      Облыстық және қалалық (аудандық) ЖСШМ республикалық жарыстардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың спорт түрлері бойынша біріншіліктердің жүлдегер және чемпион спортшылары қабылданады.

      10. ЖСШМ-ның контингенті олимпиадалық, олимпиадалық емес және ұлттық спорт түрлерінен ұлттық, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың құрама командаларының 50%-нан кем емес мүшелерінен жасақталған спортшылардың тұрақты және ауыспалы құрамынан құрылады.";

      11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "11. Спортшылардың контингентін, оқу топтарының санын және оқу сағаттарының жылдық есебін республикалық ЖСШМ дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган), облыстық, қалалық (аудандық) ЖСШМ – дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) жыл сайын тиісті жылдың 10 қаңтарынан кешіктірмей бекітеді.

      12. Спорт түрлерінен бөлімшелердегі оқу-жаттығу сабақтары спорттық-сауықтыру лагерьлерін, оқу-жаттығу жиындарын, спорттық жарыстарды, қосқанда 52 аптаға есептелінген спорт түрлері бойынша бағдарламаларға сәйкес өткізіледі.

      13. ЖСШМ-ның контингенті спорттық жетілдіру және жоғары спорт шеберлігі тобына кіретін спортшылардан қалыптасады. Спорттық жетілдіру және жоғары спорт шеберлігі топтарына қабылданған спортшылардың жасы белгіленген спорттық нормативтер және осы топтардың талаптары жыл сайын расталған жағдайда шектелмейді.

      14. Спорттық жетілдіру және жоғары спорт шеберлігі топтарында екі рет жаттығу өткізілгенде бір сабақтың ұзақтығы төрт академиялық сағаттан аспауы қажет.

      15. Қазіргі бессайыс (биатл, триатл) сабағына қаражат бөлуді есептеу кезінде, оқу сағаттары 2,5 есеге, спорттық және көркем гимнастика, конькимен мәнерлеп сырғанау, суға секіру, акробатика, үйлесімді жүзу, биатлон, фристайл, су шаңғы спорты, триатлоннан – 2 есеге, артуы тиіс, ал шаңғы қоссайысы, жеңіл атлетика көпсайысы, полиатлоннан, есу слаломнан, байдарка мен каноэде есуден, академиялық есуден сабақтарға қаражат бөлуді есептеу кезінде оқу сағаттары – оқу бағдарламасына енетін спорт түрлері бойынша жаттықтырушы-оқытушылардың еңбек ақысы есепке алына отырып, 1,5 есеге артуы тиіс.

      Оқу сабақтарының сағаттар санын көбейту топпен жұмыс істеуге негізгі жаттықтырушы-оқытушы және спорттың ұқсас түрлері бойынша жаттықтырушы-оқытушыларды бір мезгілде алған жағдайда жүргізіледі.

      16. Осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес, бірінші топқа енгізілген спорт түрлерінде негізгі жаттықтырушы-оқытушыдан басқа, спорттың ұқсас түрлері, жалпы дене тәрбиесіне даярлау бойынша жаттықтырушы-оқытушылар, сонымен қатар хореографтар, аккомпониаторлар шақырылады.

      17. Республикалық және халықаралық жарыстарға қатысуға рұқсат алған командалар мен спортшыларды дайындау үшін ЖСШМ өз қаражаты шегінде ұзақтығы 18 күнге дейін республикалық және ұзақтығы 24 күнтізбелік күнге дейін халықаралық жарыстарға оқу-жаттығу жиындарын өткізеді.

      18. Облыстық және қалалық (аудандық) ЖСШМ-де спорттық жетілдіру топтарын ашу тиісті жергілікті атқарушы органның келісімі бойынша ЖСШМ басшысының шешімі бойынша жүргізіледі.

      Республикалық ЖСШМ-де спорттық жетілдіру топтарын ЖСШМ жоғары спорттық шеберлік топтарын ашу, уәкілетті органның келісімі бойынша ЖСШМ басшысының шешімімен жүргізіледі.

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. ЖСШМ-де спорттық дайындыққа қатысушылар мыналар болып табылады:

      1) олимпиадалық, олимпиадалық емес және ұлттық спорт түрлерінен ұлттық, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың құрама командаларының тізімдік құрамына енгізілген спортшылар;

      2) спорт түрлері бойынша бөлімшелердің аға жаттықтырушылары, білікті жаттықтырушы-оқытушылар, сонымен қатар ЖСШМ спортшыларын дайындауға шақырылған жеке жаттықтырушылар;

      3) спортшыларды даярлауға ЖСШМ шақырған дәрігерлер, әдіскерлер, массажистер, психологтар, дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандар.";

      20, 21, 22, 23-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "20. ЖСШМ спортшыларының және жаттықтырушы-оқытушыларының жеке құрамы, спортшылардың бір жылға арналған жеке дайындық жоспары, бір жылға арналған спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбелік жоспары жыл сайын 10 қаңтарға дейін, қысқы спорт түрлері бойынша – 1 мамырға дейін уәкілетті органға (ЖСШМ-ның республикалық мәртебесі бар жағдайда) немесе жергілікті атқарушы органға (ЖСШМ-ның облыстық, қалалық (аудандық) мәртебесі бар жағдайда) келісуге ұсынылады.

      21. ЖСШМ спортшыларының және жаттықтырушыларының жеке құрамы спортшылардың спорттық нәтижелерінің және ЖСШМ басшылығының ұсынысы негізінде, уәкілетті орган (ЖСШМ-ның республикалық мәртебесі бар жағдайда) немесе жергілікті атқарушы орган (ЖСШМ-ның облыстық, қалалық (аудандық) мәртебесі бар жағдайда) қайта қарастырады.

      22. ЖСШМ-ге дайындыққа шақырылған спортшылар мына құжаттарды тапсырады:

      1) жеке куәлігінің немесе төлқұжатының көшірмесін;

      2) спорттық атақ берілген туралы куәлігінің көшірмесін;

      3) тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйыммен ұсынылған денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;

      4) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес толтырылатын спортшының жеке картасын;

      5) бір жылға арналған оқу-жаттығу жұмысының жеке жоспары.

      23. Спортшылар мынадай жағдайда оқудан шығарылады:

      1) медициналық қарсы айғақтары болған жағдайда;

      2) жеке дайындық жоспарларының талаптарын орындамағанда, спорттық дайындық режимін бұзғанда;

      3) өзінің спорттық нәтижесін төмендеткенде;

      4) спорт мектебінің ішкі тәртіп ережелерін бұзғанда;

      5) спортта тыйым салған субстанцияларды және (немесе) әдістерді қолданғанда;

      6) өз еркімен.";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Оқу-жаттығу жұмысын ұйымдастыру";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау.Тәрбие жұмысы";

      1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

  "Спорт резервін және жоғары
дәрежелі спортшыларды даярлау
жөніндегі оқу-жаттығу процесі
жүзеге асырылатын жоғары
спорт шеберлігі мектептері
қызметінің қағидаларына
1-қосымша";

      2-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

  "Спорт резервін және жоғары
дәрежелі спортшыларды даярлау
жөніндегі оқу-жаттығу процесі
жүзеге асырылатын жоғары
спорт шеберлігі мектептері
қызметінің қағидаларына
2-қосымша";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды оқу-жаттығу жиыны үдерісінде даярлауда жүзеге асырылатын Балалар мен жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлығы клубының қызметінің қағидасында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын балалар-жасөспірімдер дене тәрбиесі даярлығы клубтары қызметінің қағидалары";

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын балалар-жасөспірімдер дене тәрбиесі даярлығы клубтары қызметінің қағидалары (бұдан әрі – Қағида) балалар- жасөспірімдердің дене тәрбиесі даярлығы клубтарының (бұдан әрі – клуб) қызметін реттейді.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Клубтың қызметі";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Клубты басқару";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Оқу-жаттығу үдерісін ұйымдастыру";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Оқу-жаттығу үдерісінің қатысушылары";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын спорт клубтарының, мүгедектерге арналған спорт клубтарының қызметі қағидаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын спорт клубтарының, мүгедектерге арналған спорт клубтары қызметінің қағидалары";

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын спорт клубтарының, мүгедектерге арналған спорт клубтары қызметінің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) спорт клубтарының, мүгедектерге арналған спорт клубтары (бұдан әрі - клубтар) қызметінің тәртібін айқындайды.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Клубтардың мақсаттары мен міндеттері";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Клубтардың қызметі";

      4-тарау алып тасталсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;

      қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

  "Спорт резервін және жоғары
дәрежелі спортшыларды даярлау
жөніндегі оқу-жаттығу жиыны
процесі жүзеге асырылатын
спорт клубтарының,
мүгедектерге арналған
спорт клубтары қызметінің
қағидаларына қосымша";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды оқу-жаттығу жиыны үдерісінде даярлауда жүзеге асырылатын Спорт түрлері бойынша кәсіпқой спорт клубтары қызметінің қағидасында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын кәсіпқой спорт клубтары қызметінің қағидалары";

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын кәсіпқой спорт клубтары қызметінің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) кәсіпқой спорт клубтары (бұдан әрі - клубтар) қызметінің тәртібін айқындайды.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Клубтардың мақсаттары мен міндеттері";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Клубтардың қызметін ұйымдастыру";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Клубты басқару";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорт резервін және жоғары дәрежелі мүгедек-спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының қызметі қағидаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшы-мүгедектерді даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы қызметінің қағидалары";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшы-мүгедектерді даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы қызметінің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы (бұдан әрі – Орталық) қызметінің тәртібін айқындайды.";

      қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Спорт резервін және жоғары
дәрежелі спортшы- мүгедектерді
даярлау жөніндегі оқу-жаттығу
процесін жүзеге асырылатын
дене мүмкіндіктері шектеулі
тұлғаларға арналған спорттық
даярлау орталығының қызметі
қағидаларына қосымша".

      5. "Жарыстар түрлерінің, оқу-жаттығу жиындарының тізбесін және олардың сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 14 мамырдағы № 179 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11437 тіркелген, 2015 жылы 9 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Жарыстар түрлерінің, оқу-жаттығу жиындарының тізбесі және олардың сыныптамасы осы Өзгерістер енгізілетін дене шынықтыру және спорт саласындағы кейбір бұйрықтар тізбесінің қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

      6. "Дене шынықтыру және спорт саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидаларын және шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 10 маусымдағы № 157 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13894 болып тіркелген, 2016 жылы 21 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дене шынықтыру және спорт саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары және шарттарында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Дене шынықтыру және спорт саласындағы республикалық ұйымдардың бірінші басшылары мен олардың орынбасарлары болып табылатын қызметшілерді дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган жанындағы аттестаттау комиссиясы аттестаттаудан өткізеді.

      Дене шынықтыру және спорт саласындағы облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандық ұйымдардың бірінші басшылары мен олардың орынбасарлары болып табылатын қызметшілерді тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың жергілікті атқарушы органдары жанындағы аттестаттау комиссиясы аттестаттаудан өткізеді.".

      7. "Қазақстан Республикасында спорт түрлерін саралау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 216 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15509 болып тіркелген, 2017 жылы 4 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы спорт түрлерін саралау қағидаларында:

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. "Кадр әлеуетінің болуы" өлшемшарты бойынша саралау дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың дене шынықтыру және спорт саласында жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) куәландырған жаттықтырушының қолданыстағы біліктілік санатын растайтын бұйрықтардың көшірмелері негізінде жүзеге асырылады.".

  Өзгерістер енгізілетін
дене шынықтыру және спорт
саласындағы кейбір бұйрықтар
тізбесіне қосымша
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2015 жылғы 14 мамырдағы
№ 179 бұйрығына қосымша

Жарыстар түрлерінің, оқу-жаттығу жиындарының тізбесі және олардың сыныптамасы

Жарыстар сыныптамасы

Жарыстар түрлері

Ескертулер

1

2

3

1-бөлім. Спорттық жарыстар

1-кіші бөлім. Халықаралық жарыстар

1. Кешенді спорттық бұқаралық iс-шаралар

1.1. Олимпиада ойындары (жазғы, қысқы)

Төрт жылда бір рет өткізіледі.Ұйымдастырушы - Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК)

1.2. Азия ойындары (жазғы, қысқы)

Төрт жылда бір рет өткізіледі. Ұйымдастырушы – Азия Олимпиада комитеті (АОК)

1.3. Континентальді, өңірлік ойындар

Екі жылда бір рет өткізіледі.
ХОК қарауымен

1.4. "Азия балалары" халықаралық спорттық ойындары

Төрт жылда бір рет өткізіледі. Ұйымдастырушы - Спорт түрлері бойынша халықаралық федерациялар

1.5. Дүниежүзілік Универсиада (жазғы, қысқы)

Екі жылда бір рет өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Халықаралық студенттер одағы

1.6. Паралимпиада ойындары (жазғы, қысқы)

Төрт жылда бір рет өткізіледі. Ұйымдастырушы – Паралимпиадалық комитет, ХОК қарауымен

1.7. Арнайы ойындар (жазғы, қысқы)

Төрт жылда бір рет өткізіледі. Ұйымдастырушы – Арнайы Олимпиада комитеті (Спешиал Олимпикс)

1.8. Сурдлимпиада ойындары (жазғы, қысқы)

Төрт жылда бір рет өткізіледі. Ұйымдастырушы – Сурдлимпиада комитеті

 
1.9. Дүниежүзілік көшпенділер ойындары

Екі жылда бір рет өткізіледі. Ұйымдастырушы - Дүниежүзілік Түрік кеңесі

1.10. Азия Паралимпиада ойындары (жазғы, қысқы)

Төрт жылда бір рет өткізіледі. Ұйымдастырушы - Азия Олимпиада кеңесі

1.11. Жағажай Азия ойындары

Екі жылда бір рет өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Азия
Олимпиада кеңесі

1.12. Жасөспірімдер Олимпиада ойындары (жазғы, қысқы)

Төрт жылда бір рет өткізіледі. ХОК қарауымен

1.13. Жасөспірімдер Азия ойындары (жазғы, қысқы)

Төрт жылда бір рет өткізіледі.Ұйымдастырушы -Азия Олимпиада кеңесі

1.14. Дүниежүзілік әскери өнер ойындары

Төрт жылда бір рет өткізіледі. Ұйымдастырушы - Жекпе-жектер бойынша халықаралық федерациялар

1.15. Жабық жайдағы және жекпе-жек өнері бойынша Азия ойындары

Төрт жылда бір рет өткізіледі.Ұйымдастырушы – Жекпе жектер бойынша халықаралық федерациялар

2. Спорт түрлері бойынша жарыстар

2.1. Әлем чемпионаттары

Жыл сайын өткізіледі, ережеге сәйкес. Ұйымдастырушы - Спорт түрлері бойынша халықаралық федерациялар (спорт түрлері бойынша халықаралық федерациялардың ережелеріне сәйкес жеке түрлерде екі, үш, төрт жылда бір рет өткізіледі)

2.2. Студенттер арасындағы Әлем чемпионаты (жазғы, қысқы)

Екі жылда бір рет өткізіледі.
Ұйымдастырушы – Спорт түрлері бойынша халықаралық федерациялар, Халықаралық студенттер одағы

2.3. Олимпиада ойындарына іріктеу турнирлері (жазғы, қысқы)

Ережеге сәйкес өткізіледі.
Ұйымдастырушы – Спорт түрлері бойынша халықаралық федерациялар

2.4. Әлем чемпионаттарына іріктеу турнирлері (спорт түрлері бойынша)

Ережеге сәйкес өткізіледі. Ұйымдастырушы – Спорт түрлері бойынша халықаралық федерациялар

2.5. Спорт түрлерінен барлық жас топтарына арналған Азия чемпионаттары

Жыл сайын өткізіледі. Ұйымдастырушы – Спорт түрлерінен Азия федерациялары

2.6. Әлем Кубоктері (Әлем Кубогінің кезеңдері; "Гран при" жарыстары)

Ережеге сәйкес өткізіледі. Ұйымдастырушы – Спорт түрлері бойынша халықаралық федерациялар

2.7. Азия Кубоктері (Азия Кубогінің кезеңдері; Азия "Гран-при" жарыстары)

Ережеге сәйкес өткізіледі. Ұйымдастырушы – Спорт түрлері бойынша Азия федерациялары

2.8. Еуропа Кубоктері
(Еуропа Кубогінің кезеңдері; Еуропа "Гран-при" жарыстары)

Ережеге сәйкес өткізіледі. Ұйымдастырушы – Спорт түрлері бойынша Еуропа федерациялары

2.9. "А" санатындағы Халықаралық жарыстар (турнирлер)

Ережеге сәйкес өткізіледі. Ұйымдастырушы – Спорт түрлері бойынша халықаралық федерациялар, Ұйымдастырушы ел

2.10. Халықаралық жарыстар (турнирлер)

Ережеге сәйкес өткізіледі. Ұйымдастырушы – халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық спорттық ұйымдар, қатысушы мемлекеттер саны 5 (бес) мемлекеттен кем емес

2.11. Халықаралық матчтық кездесулер

Ережеге сәйкес өткізіледі. Ұйымдастырушы – халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық спорттық ұйымдар

2.12. Рейтингтік жарыстар (турнирлер)

Ережеге сәйкес өткізіледі. Ұйымдастырушы – Спорт түрлері бойынша халықаралық федерациялар, Ұйымдастырушы ел

2-кіші бөлім. Республикалық жарыстар

3. Кешенді спорттық-бұқаралық iс-
шаралар

3.1. Қазақстан Республикасының
Спартакиадасы (жазғы, қысқы)

Төрт жылда бір рет өткізіледі. Ұйымдастырушы – Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган

3.2. Қазақстан Республикасының Универсиадасы (жазғы, қысқы)

Екі жылда бір рет өткізіледі.Ұйымдастырушы – Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган, Білім беру саласындағы уәкілетті орган

3.3 Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесіне халық спорты ойындары

Төрт жылда бір рет өткізіледі. Ұйымдастырушы - Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган

3.4. Қазақстан Республикасының оқушылар спартакиадасы Қазақстан Республикасы мектеп және колледж оқушыларының жазғы спартакиадасы

Екі жылда бір рет өткізіледі. Ұйымдастырушы - Білім беру саласындағы уәкілетті орган

3.5. Қазақстан Республикасының "Ақ бидай" ауыл спорты ойындары

Төрт жылда бір рет өткізіледі.Ұйымдастырушы - Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган

3.6. Қазақстан Республикасының ардагерлер спартакиадасы

Төрт жылда бір рет өткізіледі.Ұйымдастырушы – Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган

3.7. Қазақстан Республикасы ауыл жасөспірімдерінің ойындары (жазғы, қысқы)

Төрт жылда бір рет өткізіледі. Ұйымдастырушы – Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган

3.8. Қазақстан Республикасының ауыл спартакиадасы (жазғы, қысқы)

Төрт жылда бір рет өткізіледі.Ұйымдастырушы – Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган

3.9. Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт түрлерінен фестивалі

Төрт жылда бір рет өткізіледі.Ұйымдастырушы - Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган

3.10. Қазақстан Республикасының Жастар спорт ойындары (жазғы, қысқы)

Төрт жылда бір рет өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган

3.11. Қазақстан Республикасының Паралимпиада ойындары (жазғы, қысқы)

Төрт жылда бір рет өткізіледі.Ұйымдастырушы - Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган

3.12. Қазақстан Республикасының Сурдлимпиада ойындары (жазғы, қысқы)

Төрт жылда бір рет өткізіледі.Ұйымдастырушы - Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган, Қазақстан Республикасының Сурдлимпиада федерациясы

3.13. Қазақстан Республикасының Арнайы олимпиадасы (жазғы, қысқы)

Төрт жылда бір рет өткізіледі.Ұйымдастырушы - Арнайы Олимпиада комитеті (Спешиал Олимпикс)

3.14. Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасындағы республикалық спартакиада

Төрт жылда бір рет өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган

3.15. Мемлекеттік қызметшілер арасындағы республикалық спартакиада

Төрт жылда бір рет өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган

3.16. Қазақстан Республикасы Парламентінің жүлдесіне жекпе-жек фестивалі

Төрт жылда бір рет өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган

3.17. Кәсіподақ ұйымдары арасындағы чемпионаттар және спартакиадалар

Төрт жылда бір рет өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган

4. Спорт түрлері бойынша жарыстар

4.1. Барлық жас топтары үшін спорттың барлық түрлері бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты

Жыл сайын өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган

4.2. Спорттың барлық түрлері бойынша Қазақстан Республикасының Кубоктері

Жыл сайын өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган

4.3. Республикалық турнирлер

Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбесіне сәйкес өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган

4.4. Матчтық кездесулер

Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбесіне сәйкес өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган

4.5. Спорт түрлері және жастары бойынша Қазақстан Республикасы спорттық қоғамдары мен ұйымдарының чемпионаттары және кубоктері

Жыл сайын өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Қоғамдар және ұйымдардың орталық кеңесі

3-кіші бөлім. Облыстық жарыстар

5. Кешенді спорттық-бұқаралық iс-шаралар

5.1. Қазақстан Республикасының Спартакиадасы, ІІ кезең (жазғы, қысқы)

Төрт жылда бір рет өткізіледі.Ұйымдастырушы - Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органы

5.2. Қазақстан Республикасының халық спорты ойындары, ІІ кезең

Төрт жылда бір рет өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органы

5.3. Қазақстан Республикасының оқушылар спартакиадасы Қазақстан Республикасының мектеп және колледж оқушыларының жазғы спартакиадасы, ІІ кезең (жазғы, қысқы)

Екі жылда бір рет өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органы

5.4. Қазақстан Республикасының "Ақ бидай" ауыл спорты ойындары, ІІ кезең

Төрт жылда бір рет өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Облыстрдың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органы

5.5. Қазақстан Республикасының ардагерлер спартакиадасы, ІІ кезең

Төрт жылда бір рет өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органы

5.6. Қазақстан Республикасы ауыл жасөспірімдерінің ойындары, ІІ кезең (жазғы, қысқы)

Төрт жылда бір рет өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органы

5.7. Қазақстан Республикасының ауыл спартакиадасы, ІІ кезең (жазғы, қысқы)

Төрт жылда бір рет өткізіледі. Ұйымдастырушы - Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органы

5.8. Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт түрлерінен фестивалі, ІІ кезең

Төрт жылда бір рет өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органы

5.9. Қазақстан Республикасының Жастар спорт ойындары, ІІ кезең (жазғы, қысқы)

Төрт жылда бір рет өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органы

5.10. Қазақстан Республикасының Паралимпиада ойындары, ІІ кезең (жазғы, қысқы)

Төрт жылда бір рет өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы орган

5.11. Қазақстан Республикасының Сурдлимпиада ойындары, ІІ кезең (жазғы, қысқы)

Төрт жылда бір рет өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Облыстардың, республикалық маңызы бар қалардың, астананың дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органы

5.12. Қазақстан Республикасының Арнайы олимпиадасы, ІІ кезең (жазғы, қысқы)

Төрт жылда бір рет өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органы

6. Спорт түрлері бойынша жарыстар

6.1. Барлық жас топтары үшін спорттың барлық түрлері бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың қалалары чемпионаттары

Жыл сайын өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органы

6.2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың турнирлері, матчтық кездесулері

Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбесіне сәйкес өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органы

4-кіші бөлім. Аудандық жарыстар

7. Кешенді спорттық-бұқаралық iс-шаралар

7.1. Қазақстан Республикасының Спартакиадасы, І кезең (жазғы, қысқы)

Төрт жылда бір рет өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Аудандардың дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы орган

7.2. Қазақстан Республикасының халық спорты ойындары, І кезең

Төрт жылда бір рет өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Аудандардың дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы орган

7.3. Қазақстан Республикасының оқушылар спартакиадасы Қазақстан Республикасы мектеп және колледж оқушыларының спартакиадасы, І кезең (жазғы, қысқы)

Екі жылда бір рет өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Ауданның білім беру жергілікті атқарушы органы

7.4. Қазақстан Республикасының "Ақ бидай" ауыл спорты ойындары, І кезең

Төрт жылда бір рет өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Аудандардың дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы орган

7.5. Қазақстан Республикасының ардагерлер спартакиадасы, І кезең

Төрт жылда бір рет өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Аудандардың дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы орган

7.6. Қазақстан Республикасы ауыл жасөспірімдерінің ойындары, І кезең (жазғы, қысқы)

Төрт жылда бір рет өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Аудандардың дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы орган

7.7. Қазақстан Республикасының ауыл спартакиадасы, І кезең (жазғы, қысқы)

Төрт жылда бір рет өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Аудандардың дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы орган

7.8. Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт түрлерінен фестивалі, І кезең

Төрт жылда бір рет өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Аудандардың дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы орган

7.9. Қазақстан Республикасының Жастар спорт ойындары, І кезең (жазғы, қысқы)

Төрт жылда бір рет өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Аудандардың дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы орган

7.10. Қазақстан Республикасының Паралимпиада ойындары, І кезең (жазғы, қысқы)

Төрт жылда бір рет өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Аудандардың дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы орган

7.11. Қазақстан Республикасының Сурдлимпиада ойындары, І кезең (жазғы, қысқы)

Төрт жылда бір рет өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Аудандардың дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы орган

7.12. Қазақстан Республикасының жазғы Арнайы олимпиадасы, І кезең (жазғы, қысқы)

Төрт жылда бір рет өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Аудандардың дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы орган

8. Спорт түрлері бойынша жарыстар

8.1. Дене шынықтыру ұжымдарындағы, спорт мектептеріндегі, оқу орындарындағы, ұйымдардағы, мекемелердегі жарыстар (спартакиада, біріншілік, турнир, ойындар, кубок)

Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбесіне сәйкес өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Дене шынықтыру ұжымдарының кеңесі, спорт мектептері

2-бөлім. Оқу-жаттығу жиындары

9. Халықаралық жарыстарға даярлау бойынша оқу-жаттығу жиындары

9.1. Әлем, Еуропа, Азия чемпионаттарына, Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада, Азия, жағажай ойындарына және кешенді жарыстарға даярлау бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының оқу-жаттығу жиындары

24 күнтізбелік күнге дейін өткізіледі. Ұйымдастырушы - Дене шынықтыру және спорт бойынша уәкілетті орган, Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы орган, қатысушылардың максимальді саны дене шынықтыру және спорт бойынша уәкілетті органмен, Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органмен белгіленеді

9.2. Студенттер арасындағы Дүниежүзілік Универсиадаға, әлем, Еуропа, Азия чемпионаттарына даярлау бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының оқу-жаттығу жиындары

24 күнтізбелік күнге дейін өткізіледі. Ұйымдастырушы - халықаралық жарыстарға қатысу үшін командаларды бағыттайтын ұйымдар, білім беру саласындағы уәкілетті орган, қатысушылар саны барлық спорт түрлерінен жарысқа қатысуға жіберілетін спортшылардың екі құрамынан артық емес; жекпе-жек түрлерінен спортшылар үш құрамнан артық емес

9.3. Халықаралық жарыстарға даярлау бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының арнайы оқу-жаттығу жиындары (жалпы дене даярлығы, арнайы дене даярлығы, спортшылардың жай-күйін тексеру, қалпына келтіру үшін)

18 күнтізбелік күнге дейін өткізіледі.
Дене шынықтыру және спорт бойынша уәкілетті орган, Ұйымдастырушы - Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы орган, қатысушылардың максимальді саны дене шынықтыру және спорт бойынша уәкілетті органмен, Облыстардың,
республикалық маңызы бар қалалардың, астананың дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органмен белгіленеді

9.4. Халықаралық жарыстарға спортшыларды даярлау бойынша оқу-жаттығу жиындары

18 күнтізбелік күнге дейін өткізіледі. Ұйымдастырушы -халықаралық жарыстарға қатысу үшін командаларды бағыттайтын ұйымдар

10. Республикалық жарыстарға даярлау бойынша оқу-жаттығу жиындары

10.1. Қазақстан Республикасының спартакиадасына және республикалық кешенді жарыстарға даярлау бойынша оқу-жаттығу жиындары

21 күнтізбелік күнге дейін өткізіледі.
Ұйымдастырушы - республикалық маңызы бар қалалардың дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы орган, қатысушылар саны барлық спорт түрлерінен жарысқа қатысуға жіберілетін спортшылардың екі құрамынан артық емес; жекпе-жек түрлерінен спортшылар үш құрамнан артық емес

10.2. Қазақстан Республикасының Кубогі, чемпионаттарына даярлау бойынша оқу-жаттығу жиындары

21 күнтізбелік күнге дейін өткізіледі.
Ұйымдастырушы - халықаралық жарыстарға қатысу үшін командаларды бағыттайтын ұйымдар, қатысушылар саны барлық спорт түрлерінен жарысқа қатысуға жіберілетін спортшылардың екі құрамынан артық емес; жекпе-жек түрлерінен спортшылар үш құрамнан артық емес

10.3. Қазақстан Республикасының республикалық турнирлері мен жарыстарына даярлау бойынша оқу-жаттығу жиындары

18 күнтізбелік күнге дейін өткізіледі.
Ұйымдастырушы - халықаралық жарыстарға қатысу үшін командаларды бағыттайтын ұйымдар, қатысушылар саны барлық спорт түрлерінен жарысқа қатысуға жіберілетін спортшылардың бір жарым құрамынан артық емес; жекпе-жек түрлерінен спортшылар үш құрамнан артық емес

10.4. Республикалық жарыстарға, турнирлерге, біріншіліктерге даярлау бойынша облыстар, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың құрама командаларының оқу-жаттығу жиындары:
1) жалпы және арнайы дене даярлығы – 18 күнтізбелік күнге дейін;
2) спортшылардын жай-күйін тексеру үшін – 7 күнтізбелік күнге дейін;
3) қалпына келтіру – 12 күнтізбелік күнге дейін.

18 күнтізбелік күнге дейін өткізіледі.
Ұйымдастырушы - халықаралық жарыстарға қатысу үшін командаларды бағыттайтын ұйымдар, қатысушылар саны барлық спорт түрлерінен жарысқа қатысуға жіберілетін спортшылардың екі құрамынан артық емес; жекпе-жек түрлерінен спортшылар үш құрамнан артық емес

      Қысқартылған сөздердің мағынасы:

      ХОК – Халықаралық Олимпиада комитеті

      АОК – Азия Олимпиада комитеті