Олимпиадалық даярлау орталығының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 26 ақпандағы № 59 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 27 наурызда № 9276 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 106 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 22.11.2014 № 106 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Дене шынықтыру және спорт туралы» 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Олимпиада резервін даярлау орталығының қызметін ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
      2. Жоғары жетістіктер спорты және спорт резерві департаментi (С.М. Жарасбаев) заңнамамен белгiленген тәртiпте:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын;
      2) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгiнiң интернет-ресурсында ресми жариялануын қамтамасыз етсiн.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Е.Б. Қанағатовқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                              Т. Есентаев

Қазақстан Республикасы  
Спорт және дене шынықтыру
істері агенттігі төрағасының
2014 жылғы 26 ақпандағы 
№ 59 бұйрығымен бекітілді

Олимпиадалық даярлау орталығының
қызметін ұйымдастыру қағидалары

1. Олимпиадалық даярлау орталығының жалпы ережелері

      1. Осы Олимпиадалық даярлау орталығының қызметін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағида) «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 21) тармақшасына сәйкес әзірленген және дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен (бұдан әрі – Уәкілетті орган) құрылатын Олимпиадалық даярлау орталықтарының (бұдан әрі – Орталық) қызметін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
      2. Орталық өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексін, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, мемлекеттік мүлік жөніндегі, дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органдардың бұйрықтарын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сонымен қатар осы Қағиданы және Орталық жарғысын басшылыққа алады.
      3. Орталықтың республикалық мәртебесі болады және ол өз филиалдарын аша алады.
      4. Орталық бір немесе бірнеше олимпиадалық спорт түрінен құрылады.
      5. Осы Қағидада мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) спорттық-бұқаралық iс-шаралардың күнтiзбелік жоспары – Орталықтың күнтізбелік жылға арналған оқу-жаттығу жұмысын жоспарлауды және өткiзуді регламенттейтін ресми құжат;
      2) оқу-жаттығу жиыны – спортшылардың спорттық шеберлігін және оқу-жаттығу процесінің сапасын арттыру мақсатында ұйымдастырылған орталықтандырылған іс-шара;
      3) ауыспалы құрам – Орталық құрамына енгізілген оқу-жаттығу жиындары мен жарыстар кезінде тартылатын және басқа спорттық ұйымның контингенті болып табылатын спортшылар құрамы;
      4) спорт түрi – бiлiктiлiк деңгейi, жаттығу ортасы, пайдаланылатын құрал-сайманы мен жабдығы, жарыс қағидалары айрықша белгiлерi болып табылатын дене шынықтырудың құрамдас бөлiгi;
      5) аға жаттықтырушы – спорт түрлерi бойынша жаттықтырушылар құрамына жалпы басшылықты жүзеге асыратын және оқу-жаттықтырушылық қызметпен тiкелей айналысатын спорттан жаттықтырушы;
      6) халықаралық жарыстар - кемiнде бес мемлекеттiң өкiлдерi қатысатын спортшылар (командалар) арасындағы спорт түрiнен сайыстар;
      7) жеке жаттықтырушы - кәсіби білімі бар және спортшының оқу-жаттығу процесінің және жарысу қызметінің барысында оның жеке дайындығын жүзеге асыратын, өзі даярлайтын спортшыға барынша көңіл бөлетін жеке тұлға.

2. Олимпиадалық даярлау орталығының
мақсаттары, міндеттері, функциялары

      6. Орталықты құрудың негізгі мақсаты спортшылардың спорттық шеберлігін арттыру мақсатында жыл бойғы орталықтандырылған даярлығын ұйымдастыру және өткізу болып табылады.
      7. Орталықтың негізгі міндеттері:
      1) спортшылардың спорттық шеберлігін арттыру және халықаралық спорт аренасында табысты өнер көрсету;
      2) Қазақстан Республикасының штаттық құрама немесе құрама командаларының негізгі құрамына спортшыларды іріктеу мен дайындау;
      3) оқу-жаттығу процесін ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз ету, оның нәтижесін, физикалық сапасының жеке даму көрсеткішінің өсу динамикасын, спортшылардың техникалық-тактикалық дайындық деңгейін арттыруды талдауды жүзеге асыру.
      8. Орталық алдына қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін мына функцияларды орындайды:
      1) Орталық спортшылары үшін Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде жеке немесе жалға алынған спорттық ғимараттарында оқу-жаттығу жиындарына қатысу және өткізу;
      2) патриоттық сезімді қалыптастыруға бағытталған тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу;
      3) допингке қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
      4) Орталық спортшыларының дайындық процесін материалдық-техникалық, әдістемелік, медико-биологиялық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
      5) Орталықтың жаттықтырушылар құрамы мен басқа да мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.
      9. Орталық:
      1) кешенді ғылыми топтар, қалпына келтіру және емдеу кабинеттерін құрады;
      2) семинарлар, кеңестер, конференциялар өткізеді;
      3) Республиканың және өзге елдердің басқа саланың мамандарын шарт негізінде тартады;
      4) бірлескен оқу-жаттығу жиындарына жасөспірімдер, юниорлар, жастар жасындағы шетелдік спортшылар мен мамандарды қабылдайды;
      5) спортшылар және жаттықтырушылармен, оның ішінде жергілікті органның келісімі бойынша шетел жаттықтырушыларымен келісім шарт жасайды.
      10. Орталық:
      1) спорттық-бұқаралық iс-шаралардың күнтiзбелік жоспарына сәйкес спортшылардың, жаттықтырушылардың және Орталықтың басқа да қызметкерлерінің халықаралық және республикалық спорттық жарыстарға, оқу-жаттығу жиындарына қатысуын қамтамасыз етеді;
      2) спортшылардың дайындалу процесін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді, медико-биологиялық, профилактикалық және қалпына келтіру іс-шараларын өткізуді жүзеге асырады;
      3) жаттықтырушы құрамы мен Орталықтың басқа да қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ шет елдерде кәсіби біліктілігін арттыруды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

3. Олимпиадалық даярлау орталығының
контингентті қалыптастыру тәртібі

      11. Орталыққа спортшылар мен жаттықтырушыларды қабылдау талаптары:
      1) Осы ереженің 1-қосымшасына сәйкес Олимпиадалық даярлау орталықтарындағы спорт түрлерінен спортшылардың жасөспірімдер, юниорлар мен жастар жасындағы және Қазақстан Республикасы чемпионаттарының (біріншіліктерінің) немесе халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып табылатын спортшылар, сонымен қатар өңірлердің, Астана мен Алматы қалаларының құрама командаларының құрамына кіретін спортшылар;
      2) спорт түрлерінің ерекшелігін ескере отырып, жергілікті органның келісімі бойынша осы ереженің 1-қосымшасына сәйкес Олимпиадалық даярлау орталықтарындағы спорт түрлерінен спортшылардың жасөспірімдер, юниорлар мен жастар жасындағы көрсетілген жастар жасынан 3 жылдан асқан спортшылар қабылданады;
      3) ойын спорт түрлері бойынша спортшылар Қазақстан Республикасы жасөспірімдер, юниорлар және жастар құрама командаларының мүшелері болып табылатын спортшылар;
      4) жоғары деңгейдегі бірінші біліктілік санатынан төмен емес жаттықтырушылар;
      12. Орталық контингенті ауыспалы құрамда болады.
      13. Спорт түрлерінен бөлімдер әр жас санаты бойынша спортшылар қатарынан қалыптасады және халықаралық жарыстарға қатысуға жіберілетін команда құрамының ең көп санына үш құрамнан артық емес спортшылар құрамын құрайды.
      14. Бір спорт түріне әр жас тобындағы жаттықтырушылар құрамы 3 бірлікті құрайды.
      15. Спортшылардың, жаттықтырушылардың (спорт түрлері бойынша) құрамын, бұқаралық-спорттық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын жазғы спорт түрлері бойынша 10 қаңтарға дейін, қысқы спорт түрлері бойынша 10 мамырға дейін жыл сайын уәкілетті органның келісімі бойынша Орталық басшысы бекітеді.
      16. Бір спорт түріне барлық жас санаттарынан (жасөспірімдер, юниорлар және жастар) жергілікті органның келісімі бойынша Орталық директоры жасөспірімдер, юниорлар және жастар санаты бойынша аймақтың құрама командаларының аға жаттықтырушысы болып табылатын бір аға жаттықтырушыны тағайындайды.
      17. Осы Қағиданың 21-тармағының 2), 3)-тармақшаларында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, спорт түрінен әр бөлімде спортшылардың және жаттықтырушылардың құрамы Орталықтың ұсынысы бойынша жергілікті органның шешімі негізінде жаттығу және жарыс кезеңі аяқталысымен жылына екі рет қайта қаралады.
      18. Орталықтың ауыспалы құрамына енгізілген спортшылар оларды Орталыққа берген келесі спорттық ұйымдардың тұрақты құрамында қалады:
      балалар-жасөспірімдер спорт мектебі;
      олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі;
      облыстық спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат.
      19. Орталықта орталықтандырылған дайындыққа тартылатын спортшылар келесі құжаттарды ұсынады:
      1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі мен төлқұжатының көшірмесі;
      2) спорттық атақ беру туралы куәліктің көшірмесі;
      3) медициналық картаның көшірмесі, республикалық Спорттық медицина және оңалту орталығының немесе дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерінің спортшының денсаулығы және оның осы спорт түрімен келешекте одан әрі шұғылдануы туралы қорытындысы;
      4) осы ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша спортшының жеке картасы;
      5) спорттық ұйымның тұрақты құрамына қабылданғаны туралы бұйрықтың көшірмесі;
      6) спорттық нәтижелерді растау (жарыстар хаттамаларының көшірмесі).
      20. Орталықта орталықтандырылған дайындыққа тартылатын жаттықтырушылар келесі құжаттарды ұсынады:
      1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі мен шетелге шығу төлқұжатының көшірмесі;
      2) біліктілік санатын беру туралы бұйрықтың көшірмесі;
      3) медициналық картаның көшірмесі, денсаулығы туралы республикалық дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерінің қорытындысы.
      21. Спортшы Орталықтан келесі негіздер бойынша шығарылады:
      1) жеке жоспарға сәйкес жарыстарда медальдар және орындар иелену бөлігінде спорттық нәтижелерінің төмендеуі;
      2) медициналық қорытынды негізінде денсаулық жағдайы бойынша;
      3) Бүкіләлемдік допингке қарсы комитеті тыйым салған допингтік құралдарды қолдануы;
      4) тәртіпті бұзу.

4. Олимпиадалық даярлау орталығының
оқу-жаттығу жұмысын ұйымдастыру

      22. Орталық жұмысының негізгі түрлері:
      1) оқу-жаттығу жиындарына қатысуды және өткізуді қамтамасыз етеді;
      2) спорттық жарыстарға қатысуды ұйымдастырады;
      3) медициналық-биологиялық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
      4) патриоттық және тәрбие жұмыстарын жүргізеді;
      5) спортшыларды спорттық киім-кешекпен (формамен), мүкәммалдармен және жабдықтармен қамтамасыз етеді;
      6) тамақпен және жатын орынмен қамтамасыз етеді;
      7) Орталық қаражаты есебінен Орталық қызметіне дәрігерлер, массажшылар, психологтар және басқа мамандарды тартады;
      8) допингке қарсы іс-шаралар жүргізеді.
      23. Cпортшыларды даярлауды жыл бойы жүзеге асырады, бірақ ол Орталық директорымен келісіліп спорт түрінен аға жаттықтырушы әзірлеген спортшыларды дайындаудың перспективалық бағдарламасына және уәкілетті орган бекіткен спорт түрлерінен оқу-жаттығу бағдарламаларына (болған жағдайда) сәйкес 250 күннен аспауы керек.
      24. Жүйелі түрде жоғары спорттық нәтижелер көрсететін (халықаралық жарыстардың бірнеше мәрте жеңімпаздары мен жүлдегерлері) және өзінің спорттық көрсеткіштерін арттыру мүмкіндігі бар спортшылар Қазақстан Республикасының штаттық құрамына немесе құрама командасына жіберіледі.
      25. Халықаралық жарыстарда спортшының көрсеткен нәтижелері Орталыққа да, спортшыны Орталыққа берген ұйымға да бірдей есептеледі.
      26. Орталықтың аға жаттықтырушысы спортшыларды дайындаудың перспективалық бағдарламасын әзірлейді және Орталықтың директорымен келіседі, сонымен қатар оның орындалуын шақырылған жаттықтырушылармен бірлесіп бақылауға алады, спортшыларды дайындауды және оларды жарыстарға қатыстыруды ұйымдастырады, спортшылардың жарыстарға қатысу нәтижелеріне әрдайым талдау жасайды, спортшылардың дайындық жоспарларын және перспективалық бағдарламаларын іске асырады, оқу-жаттығу жұмысының жеке жоспарларының орындалуын бақылайды, спортшылармен патриоттық және тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастырады және өткізеді.
      27. Спортшының жеке жаттықтырушысы іссапарға жіберетін ұйымдардың қаражаты есебінен орталықтандырылған дайындыққа және жарыстарға қатысу үшін шақырылады.
      28. Жеке жаттықтырушы жаттығу сабақтарын спортшының жеке жоспары бойынша жүргізеді және Орталықтың аға жаттықтырушысының басшылығымен жұмыс істейді.
      29. Қазақстан Республикасының штаттық құрамасына немесе құрама командаларына қабылданған жасөспірімдер, юниорлар және жастар жасындағы спортшылар Орталықтың ауыспалы құрамында қалады.
      30. Спортшыларды медициналық бақылау және олардың функционалдық дайындығы жағдайын диагностикалау үшін, Орталықтың алдын-алу іс-шараларын өткізуге және қалпына келтіру процестерін оңтайландыруға бөлінген қаражат шегінде қажетті медициналық үй-жаймен (үй-жайлармен), тиісті аппаратурамен, қажетті дәрі-дәрмектермен және медициналық құралдарға арналған жабдықтармен қамтамасыз етіледі.
      31. Спорттық дәрігерлер Орталық жаттықтырушыларымен бірлесіп спортшылардың оқу-жаттығу жиыны мен жарыстар кезеңінде дәрігерлік бақылауды жүзеге асырады. Дәрігерлік бақылаудың нәтижелерін жаттықтырушылар спортшылардың жеке дайындық жоспарларын түзету үшін пайдаланады.
      32. Орталық спортшылары жылына екі рет Республикалық Спорттық медицина және оңалту орталығында, сонымен қатар басқа да медициналық мекемелерде тереңдетілген медициналық тексеруден өткізіледі.
      33. Халықаралық жарыстарға қатысу үшін спортшылар құрамын қалыптастыру жаттықтырушылар кеңесінің шешімі бойынша жүзеге асырылады.

5. Олимпиадалық даярлау орталығының
жаттықтырушылар кеңесі

      34. Орталықтың спорт түрлері бойынша бөлімдерінде әр спорт түрі бойынша жаттықтырушылардан, медициналық қызметкерлерден, психологтардан және Орталықтың басқа мамандарынан тұратын жаттықтырушылар кеңестері құрылады.
      35. Жаттықтырушылар кеңесінің отырысы жаттықтырушылар кеңесі мүшелерінің жалпы санынан 2/3-тен кем болмаған жағдайда өткізіледі. Шешім хаттамамен рәсімделеді (еркін нысанда).
      36. Жаттықтырушылар кеңесінің жұмысымен Қазақстан Республикасы құрама командасының аға жаттықтырушысы болып табылатын аға жаттықтырушы басшылық етеді.

6. Олимпиадалық даярлау орталығын қаржыландыру

      37. Спортшылардың, жаттықтырушылардың және Орталықтың басқа мамандарының спорттық жарыстарға қатысуын қаржыландыру Орталыққа бөлінген қаржы шегінде және жарыстардың ережелеріне (регламенттеріне) сәйкес жүзеге асырылады.
      38. Спортшылардың, жаттықтырушылардың және Орталықтың басқа мамандарының Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерде өткізілетін оқу-жаттығу жиындарына қатысуын қаржыландыру Орталыққа бөлінген қаржы шегінде жүзеге асырылады және келесі шығындар түрлерін қарастырады:
      1) қатысушылардың жол шығыны, тамақтану (тәуліктік), қонақ үйде тұру;
      2) шығу құжаттарын рәсімдеу (визалар, сауалнамалар, консулдық жиындар және және тағы басқалары);
      3) медициналық сақтандыру;
      4) алғашқы жарналар;
      5) спорттық мүлікті және жабдықты тасымалдаумен байланысты көлік шығындары;
      6) медициналық қамтамасыз ету;
      7) медико-биологиялық препараттармен және қалпына келтіру құралдарымен қамтамасыз ету;
      8) спорттық жабдықты және мүлікті жалға алу;
      9) спорттық жабдықты және мүлікті сатып алу.
      39. Орталық қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қоры Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

7. Олимпиадалық даярлау орталығының
құжаттама, есеп және есеп беру тәртібі

      40. Орталықтың мынадай құжаттары болады:
      1) Орталықтың жылдық жұмыс жоспары;
      2) бір жылға арналған спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбелік жоспары;
      3) жарыстар хаттамалары және Орталық спортшыларының жарыстардағы өнер көрсетулерінің талдамалары;
      4) спортшылардың жеке дайындық жоспарлары;
      5) спортшылардың, жаттықтырушылардың жеке карталары;
      6) спортшылар мен жаттықтырушылардың тізімдері;
      7) «Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының м.а. 2012 жылғы 23 қазандағы № 288 Бұйрығымен бекітілген (нормативтік-құқықтық актілер мемлекеттік Реестрінде № 8125 тіркелген) «Мамандандырылған спорт мекемелері туралы есеп» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 7701204, индексі 8-ДШ, кезеңділігі жылдық).
      41. Орталықтың қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Олимпиадалық даярлау орталығының
қызметін ұйымдастыру қағидаларына
1-қосымша            

Олимпиадалық даярлау орталықтарындағы спорт түрлерінен
спортшылардың жасөспірімдер, юниорлар және жастар
жас ерекшеліктері

Жазғы спорт түрлері

Спорт түрі

Жасөспірім жасы

Юниор жасы

Жастар жасы

1

Бадминтон

18 жасқа дейін

-

21 жасқа дейін

2

Баскетбол

16 жасқа дейін

18 жасқа дейін

22 жасқа дейін

3

Бокс

12-17 жас

-

17-19 жас

4

Еркін күрес

14-15 жас

16-17 жас

18-20 жас

5

Еркін күрес әйелдер

14-15 жас

16-17 жас

18-20 жас

6

Грек-рим күресі

14-15 жас

16-17 жас

18-20 жас

7

Велоспорт (шоссе, трек, маунтинбайк)

15-16 жас

17-18 жас

19-22 жас

8

Волейбол

жасөспірімдер
18
қыздар 17

жасөспірімдер
20
қыздар 19

жасөспірімдер
23
қыздар 21

9

Су добы

18 жасқа дейін

18-19 жас

20 жасқа дейін

10

Гандбол

14-16 жас

17-19 жас

23 жасқа дейін

11

Спорттық гимнастика

жасөспірімдер
10-13
қыздар 10-11

-

жасөспірімдер
14-18
қыздар 11-16

12

Көркем гимнастика

10-13 жас

-

14-15 жас

13

Академиялық есу

18 жасқа дейін

-

23 жасқа дейін

14

Байдарка мен каноэде есу

18 жасқа дейін

-

23 жасқа дейін

15

Байдарка мен каноэде слаломмен есу

15 жасқа дейін

18 жасқа дейін

23 жасқа дейін

16

Гольф

-

-

18 жасқа дейін

17

Дзюдо

12-18 жас

18-21 жас

21-23 жас

18

Ат спорты

12-14 жас

15-18 жас

18-21 жас

19

Жеңіл атлетика

14-17 жас

18-19 жас

20-26 жас

20

Үстел теннисі

18 жасқа дейін

-

21 жасқа дейін

21

Желкенді спорт

18 жасқа дейін

20 жасқа дейін

21 жасқа дейін

22

Жағажай волейболы

жасөспірімдер
18 жас
қыздар 17 жас

жасөспірімдер
20 жас
қыздар 19 жас

жасөспірімдер
23 жас
қыздар 21 жас

23

Жүзу

12-14 жас

14-16 жас

17-20 жас

24

Ашық суда жүзу

14-16 жас

17-18 жас

19-20 жас

25

Суға секіру

12 жасқа дейін

13-15 жас

15-20 жас

26

Батутта секіру

12 жасқа дейін

-

13-18 жас

27

Регби

18 жасқа дейін

-

21 жасқа дейін

28

Қазіргі бессайыс

«А» -17-18 жас
«В» - 15-16 жас
«С» -13-14 жас
«Д» - 11-12 жас
«Е» - 10 жасқа дейін

-

19-21 жас

29

Үйлесімді жүзу

11-15 жас

15-18 жас

18-25 жас

30

Оқ ату

17 жасқа дейін

18-20 жас

21-29 жас

31

Стенд ату

17 жасқа дейін

18-20 жас

21-29 жас

32

Садақ ату

16-17 жас

18-20 жас

21-29 жас

33

Таеквондо

12-14 жас

-

15-17 жас

34

Теннис

13-17 жас

18 жасқа дейін

25 жасқа дейін

35

Триатлон

16-19 жас

-

20-23 жас

36

Ауыр атлетика

17 жасқа дейін

20 жасқа дейін

23 жасқа дейін

37

Семсерлесу

12-18 жас

19-20 жас

21-23 жас

38

Футбол

18 жасқа дейін

-

21 жасқа дейін

39

Көгалдағы хоккей

16 жасқа дейін

18 жасқа дейін

21 жасқа дейін

Қысқы спорт түрлері

Спорт түрі

Жасөспірім жасы

Юниор жасы

Жастар жасы

1

Биатлон

19 жасқа дейін

-

19-21 жас

2

Шаңғы спорты

11-14 жас

-

15-20 жас

3

Коньки спорты

14-16 жас

16-18 жас

18-20 жас

4

Керлинг

-

-

10-21 жас

5

Шаңғы қоссайысы

16-18 жас

-

19-21 жас

6

Шаңғы жарысы

10-15 жас

16-18 жас

19-23 жас

7

Шаңғымен тұғырдан секіру

12-14 жас

15-18 жас

19-21 жас

8

Сноуборд

14-18 жас

-

15-21 жас

9

Мәнерлеп сырғанау

8-14 жас

-

10-20 жас

10

Фристайл – могул

10-12 жас

12-14 жас

14-20 жас

11

Фристайл – акробатика

12-15 жас

-

16-21 жас

12

Фристайл – ски кросс

12-16 жас

-

16-22 жас

13

Шорт - трек

13-14 жас

15-18 жас

16-20 жас

14

Шайбалы хоккей (қыздар)

7-18 жас

18-20 жас

20-23 жас

15

Шайбалы хоккей (жасөспірімдер)

7-18 жас

18-20 жас

20-23 жас

16

Спорттық бағдарлау

15-17 жас

-

17-20 жас

17

Допты хоккей

12-15 жас

16-19 жас

19-23 жас

18

Шана спорты

14-18 жас

-

18-20 жас

Олимпиадалық даярлау орталығының
қызметін ұйымдастыру қағидаларына
2-қосымша            

СПОРТШЫНЫҢ ЖЕКЕ КАРТАСЫ

1. Тегі _______________________________________________


2. Аты ________________________________________________

3. Әкесінің аты _______________________________________

4. Туған күні _________________________________________
                         (күні, айы, жылы)

5. Туған жері _________________________________________
                       (облысы, қаласы)

6. Білімі _____________________________________________
              (мектептің, колледждің, ЖОО-ның атауы)

7.

Төлқұжаттың № ________________

14.

Спортшының антропометрлік деректері:

8.

Жеке куәліктің № _____________


Бойы ______ см, салмағы __кг.

9.

ЖСН __________________________

15.

Костюмнің мөлшері ___________

10.

Спорттық атағы _______________

16.

Бас киімінің мөлшері: _______

11.

Жеке жаттықтырушысы __________

17.

Аяқ киімінің мөлшері: _______

12.

Тілдерді меңгеруі ____________

18.

Үйінің мекенжайы: ___________

13.

Байланыс телефоны: ___________


_____________________________

201 __ жылы республикалық және халықаралық жарыстарда
спортшының қол жеткізген жетістіктері

Жарыстың атауы

Мерзімі мен орны

Жоспарлаған нәтижесі

Көрсеткен нәтижесі

1





2





3





4





Спортшының жеке қолы _______________________