Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 04.12.2018 № 470 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 18) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына және 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 22.01.2022 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 04.12.2018 № 470 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | В. Школьник |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 22 қазандағы № 68 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 04.12.2018 № 470 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 18) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) сәйкес әзірленді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 25.05.2023 № 189 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қағидалар Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын (бұдан әрі – өнім беру жоспары) қалыптастыру және "Сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылардың тізбесіне енгізу" мемлекеттік қызметін көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 25.05.2023 № 189 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) вагон-норма – сұйытылған мұнай газының отыз алты тоннаға тең салмағы;
2) жиынтық өтінім – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының уәкілетті органға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жүгінуі;
3) өнеркәсіптік тұтынушы – өнеркәсіптік өндірісте отын және (немесе) шикізат ретінде пайдалану үшін газ сатып алатын заңды тұлға;
4) өнім беруші – өнім беру жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру және өткізу міндеті Заңмен жүктелген сұйытылған мұнай газын өндіруші немесе өзіне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иесі;
5) өтінім – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүгіну;
6) өтініш – осы Қағидаларға 3-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органға жүгіну;
7) Сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімін өндіру үшін пайдалану мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) – сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылардың тізбесіне енгізуге арналған өтініштерді қарау кезінде ұсынымдар әзірлеу мақсатында көрсетілетін қызметті беруші жанындағы консультативтік-кеңесші орган;
8) уәкілетті орган – газды өндіруді, тасымалдауды (тасуды), сақтауды және көтерме саудада өткізуді, сондай-ақ тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді және тұтынуды мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар Заңға сәйкес қолданылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 25.05.2023 № 189 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Өнім беру жоспарына Қазақстан Республикасының ішкі нарығына тауар биржаларынан тыс және осындай биржалар арқылы өнім берушілер өткізуі міндетті болып табылатын сұйытылған мұнай газының көлемдері кіреді.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 05.07.2022 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Өнім беру жоспарының шеңберінде тауар биржаларынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газын сатып алу құқығына:
1) газ толтыру станцияларының иелері;
2) топтық резервуарлық қондырғылардың иелері;
3) газ толтыру пункттерінің иелері;
4) автогаз құю станцияларының иелері;
5) мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін сұйытылған мұнай газын шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылар тізбесіне (бұдан әрі – тізбе) енгізілген өніркәсіптік тұтынушылар ие болады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 05.07.2022 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Тауар биржалары арқылы өнім беру жоспарының шеңберінде өткізілетін сұйытылған мұнай газын сатып алу "Тауар биржалары туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 4-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган бекітетін Биржалық сауда қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 05.07.2022 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. "Сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылардың тізбесіне енгізу" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
Ескерту. 2-тарау жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 25.05.2023 № 189 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі.
7. Мемлекеттік қызметті уәкілетті орган (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Процестің сипаттамаларын, нысаны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 3-1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде келтірілген.
8. Осы Қағидаларға 3-2-қосымшаға сәйкес өтініш келіп түскен кезде көрсетілетін қызметті беруші олар келіп түскен күні ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Өтініш беруші осы Қағидалардың 3-1-қосымшасының 9-тармағында көрсетілген құжаттар мен мәліметтер топтамасын толық ұсынбаған кезде көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 3-1-қосымшасының 9-тармағында көрсетілген құжаттар мен мәліметтердің толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигіне сәйкес өтінішті қабылдау және тіркеу жүзеге асырылады.
Өтінішті қосымшаларымен бірге қабылдағанын растау қоса берілген құжаттармен бірге өтінішті қабылдаған адамның тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда) көрсете отырып, тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.
Көрсетілетін қызметті беруші өтініш келіп түскен сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 3-1-қосымшасының 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын және мәліметтерді ұсынымдар алу үшін Комиссияға жібереді.
Комиссия мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде сұйытылған мұнай газын пайдалану мәселелері бойынша уәкілетті органның жанынан құрылады және химия өнеркәсібі саласындағы уәкілетті органның, "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының, ғылыми-зерттеу ұйымдарының өкілдерінен, сондай-ақ мұнай-газ өңдеу және мұнай-газ-химия салаларының тәжірибелі мамандарынан тұрады.
Комиссияның құрамын Қазақстан Республикасының Энергетика министрі бекітеді. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды және кемінде 10 (он) адамды құрайды, оның жартысы мемлекеттік органның өкілдерінен тұрады.
Комиссия отырысын өткізу үшін кворум Комиссия мүшелері санының кемінде жартысын құрайды.
9-1. Комиссия осы Қағидалардың 3-1-қосымшасының 9-тармағында көрсетілген құжаттар мен мәліметтерді көрсетілетін қызметті берушіден келіп түскен сәттен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.
Комиссияның қорытындысы электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті берушіге жіберіледі.
9-2. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 3-1-қосымшасының 9-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттарды қарағаннан кейін Комиссияның ұсынымдарын ескере отырып, Комиссия қорытындысын алған сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылардың тізбесін (бұдан әрі – тізбе) бекітеді және оны өзінің ресми интернет-ресурсында орналастырады және ол бекітілген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыны тізбеге енгізілгені туралы хабардар етеді.
9-3. 3-1-қосымшаның 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Комиссияның қорытындысы теріс болған кезде, көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімді, сондай-ақ осы Қағидаларға 3-4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдау өткізілетін уақыт пен орны туралы хабарлама жібереді.
Тыңдау рәсімі ҚР ӘРПК-ның 73-бабына сәйкес жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші бас тарту үшін негіздер жойылған кезде тізбеге енгізе отырып шешім қабылдайды немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды қалыптастырады.
Көрсетілетін қызметті беруші Комиссия шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде тізбеге енгізу туралы шешімді өтініш берушіге жібереді.
2-параграф. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі.
10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану үшін шағым көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің әкімшілік актіні қабылдағаны немесе әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) жасағаны туралы белгілі болған күннен бастап 3 (үш) айдан кешіктірілмей:
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға;
мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті беруші басшылығының атына беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:
мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті берушіде – оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органда – оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарауы 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу үшін.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезде шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды берген өтініш иесіне ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
Шағым ҚР ӘРПК 91-бабының 4-тармағына сәйкес келіп түскен кезде көрсетілетін қызметті беруші шағымды келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші шағымды қолайлы акт қабылдаған, шағымды көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасаған кезде шағымды қарайтын органға жібермейді.
Шағымды қарайтын органның шағымды қарау мерзімі шағым түскен күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды.
10-1. Шағымды қарайтын органның шешімімен келіспеген кезде көрсетілетін қызметті алушы ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес, егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
3-тарау. Өтінімдерді және жиынтық өтінімдерді қалыптастыру тәртібі
11. Осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген тұлғалардың сұйытылған мұнай газын беруге өтінімдері (бұдан әрі – өтінім) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дайындалады және жоспарланып отырған тоқсанның алдындағы ай басталғанға дейін күнтізбелік 45 (қырық бес) күннен кешіктірілмейтін мерзімде облыс, республикалық маңызы бар қала, астананың тиісті жергілікті атқарушы органына мәлімделген өңірде сұйытылған мұнай газын одан әрі өткізу үшін жіберіледі.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 05.07.2022 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген тұлғалардың өз мұқтаждықтары үшін пайдаланатын сұйытылған мұнай газының көлемдері өтінімдерге енгізілмейді.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 22.01.2022 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылардың өтінімдерінде мұнай-газ-химия өнімін өндіру процесінде химиялық өзгеріске түспеген сұйытылған мұнай газының көлемдері (бар болған жағдайда) жеке көрсетіледі.
14. Осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген өтінімдерге оларда көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.
14.1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтінімді қабылдайды немесе өтініш берушіге өтінішті қабылдаудан бас тарту не оны толық көлемде қабылдамағаны туралы дәлелді жауап жолдайды.
Ескерту. Қағида 14-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Энергетика министрінің 22.01.2022 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген өтінімдердің негізінде облыс, республикалық маңызы бар қала, астананың жергілікті атқарушы органы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жоспарланып отырған тоқсанға сұйытылған мұнай газын жеткізуге жиынтық өтінім (бұдан әрі – жиынтық өтінім) әзірлейді.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 05.07.2022 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.16. Жиынтық өтінім тауар биржаларынан тыс және осындай биржалар арқылы тиісті өңірге жеткізу үшін қажетті көлемдер туралы ақпаратты қамтиды. Тауар биржалары арқылы беру үшін мәлімделген, жоспарланған тоқсанға арналған жиынтық өтінімде белгіленуі тиіс сұйытылған мұнай газы үлесінің мөлшерін уәкілетті орган жоспарланып отырған айдың алдындағы ай басталғанға дейін күнтізбелік 40 (қырық) күннен кешіктірілмейтін мерзімде монополияға қарсы органмен келісу бойынша белгілейді және уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырады.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 05.07.2022 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17. Жиынтық өтінім осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген тұлғалар өтінімдері негізінде қалыптастырылады.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 22.01.2022 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.18. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының қарауына мынадай:
1) толық емес және (немесе) қате мәліметтерді қамтитын;
2) ағымдағы тоқсанның алдындағы тоқсанның барлық айлары үшін сұйытылған мұнай газын өткізу туралы мәліметтерді ұсынбаған немесе қате мәлімет ұсынған тұлғалардың;
3) сұйытылған мұнай газын өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау, тиеп-жөнелту және өткізу мониторингі шеңберінде оларға қатысты Заңмена белгіленген, сұйытылған мұнай газын өткізу тәртібін жоймаған бұзушылықтары анықталған тұлғалардың;
4) тізбеге енгізілмеген сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылардың өтінімдері қабылданбайды.
Бұл ретте өтінім берушінің қате мәліметтер, оның ішінде сұйытылған мұнай газын өткізу көлемі, инфрақұрылымның болуы және оның қуаты бойынша қате мәлімет ұсыну фактісі анықталған кезде, мұндай тұлғаның өтінімдері қате мәліметтер жойылғанға дейін тікелей берілетін тоқсанға қарауға қабылданбайды.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 25.05.2023 № 189 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.19. Жиынтық өтінім дайындау үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы осы Қағидалардың 26-1-тармағы ережелерін ескере отырып, тиісті өңірдің жоспарланып отырған кезеңге сұйытылған мұнай газына деген қажеттілігін айқындайды, ол мынадай мәліметтерге негізделеді:
1) алдыңғы кезеңдердегі сұйытылған мұнай газын нақты тұтыну көлемдері;
2) мотор отыны ретінде сұйытылған мұнай газын пайдаланатын өңірде тіркелген жеңіл, жүк және жолаушы көлігінің саны және осындай көліктің сұйытылған мұнай газын тұтынуының есептелген көлемдері;
3) өңірде сұйытылған мұнай газын топтық резервуарлық қондырғылар арқылы және тұрмыстық баллондармен тұтынатын абоненттер саны;
4) сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушыларды қоспағанда, өнеркәсіптік тұтынушылардың сұйытылған мұнай газын тұтыну көлемдері;
5) тиісті өңірдің аумағында орналасқан және тізбеге енгізілген сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылардың сұйытылған мұнай газын тұтыну көлемдері.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 22.01.2022 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.20. Сұйытылған мұнай газын жеткізуге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссия) ұсынылған өтінімдерді осы Қағидалардың 19-тармағына сәйкес өңірдің сұйытылған мұнай газына деген қажеттілігін ескере отырып, олардың негізділігі мәніне қарайды.
Бұл ретте сұйытылған мұнай газының көлемін газ толтыру станцияларының, газ толтыру пункттерінің, топтық резервуарлық қондырғылардың, автогаз құю станцияларының иелері арасында бөлуді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары:
1) осы Қағидаларға 4-қосымшада келтірілген Газ толтыру станцияларының, газ толтыру пункттерінің, топтық резервуарлық қондырғылардың, автогаз құю станцияларының иелері үшін сұйытылған мұнай газының көлемін айқындау тетігіне (бұдан әрі – Тетік) сәйкес;
2) сұйытылған мұнай газын теміржол көлігімен тиеп-жөнелткен кезде – вагон-нормаға еселігі көлемінде жүзеге асырады.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 25.05.2023 № 189 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.20-1. Газ толтыру станциясы, газ толтыру пункті, топтық резервуарлық қоңдырғы, автогаз құю станциясы иесінің тиісті өңірге арналған өтінімі кемінде бір вагон-норманы құрайды және онда Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, мұндай тұлғаның сұйытылған мұнай газының айналымы бойынша нақты мүмкіндіктері ескеріледі.
Ескерту. 20-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің м.а. 03.03.2020 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 05.07.2022 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.21. Сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылар ұсынған өтінімдер осы Қағидалардың 19-тармағына сай өңірдің сұйытылған мұнай газына деген қажеттілігін ескере отырып, олардың негізділігі мәніне төмендегі өлшемшарттар негізінде қарастырылады:
1) өтінім берушілер сұрататын сұйытылған мұнай газ көлемдерінің тізбеде көрсетілген көлемдерге сәйкес келуі;
2) өтініш берушілердің алдыңғы өткен кезеңде сұйытылған мұнай газын тұтынуының нақты көлемдері.
22.Қалыптастырылған жиынтық өтінім сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссияның қарауына жатады.
23. Жиынтық өтінім жобасын қарау нәтижелері бойынша Жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссия жиынтық өтінім жобасын мақұлдау туралы не оны өзгерту қажеттілігі туралы шешім қабылдайды.
Жиынтық өтінім жобасын өзгертуді Жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссия:
1) Тетікке сәйкес келтіру;
2) сұйытылған мұнай газын теміржол көлігімен тиеп-жөнелткен кезде – бөлінген көлемдердің вагон-нормаға еселігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 25.05.2023 № 189 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.23-1. Жиынтық өтінім жобасын қалыптастыру немесе өзгерту кезінде Тетікке сәйкес бөлінген көлемнің барлығы немесе бір бөлігі:
1) 18 (он сегіз) және одан аз тоннаны құраса– мұндай өтінім берушіге сұйытылған мұнай газы бөлінбейді;
2) 18 (он сегіз) тоннадан артық, бірақ вагон-нормадан аз болса – мұндай өтінім берушіге вагон-норма көлемінде сұйытылған мұнай газы бөлінеді.
Осы тармақта көзделген ережелер сұйытылған мұнай газын автомобиль көлігімен жеткізу жағдайларына қолданылмайды.
Ескерту. 3-тарау 23-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Энергетика министрінің м.а. 25.05.2023 № 189 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.23-2. Сұйытылған мұнай газын автомобиль көлігіне де, темір жол көлігіне де тиеп-жөнелту жөніндегі өндірістік қуаты бар өндірушілер үшін сұйытылған мұнай газын тиеп-жөнелту мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) сұйытылған мұнай газын автомобиль көлігіне тиеп-жөнелту өндіруші орналасқан өңірдің алушыларына басым тәртіппен жүзеге асырылады;
2) өндіруші орналасқан өңір болып табылмайтын өңірдің алушысына 150 (бір жүз елу) тоннадан астам көлем бөлінген кезде сұйытылған мұнай газын тиеп-жөнелту темір жол көлігімен жүзеге асырылады.
Ескерту. 3-тарау 23-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Энергетика министрінің м.а. 25.05.2023 № 189 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.24. Жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссияның шешімімен мақұлданған жиынтық өтінімді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органы бекітеді және жоспарланып отырған тоқсанның алдындағы ай басталғанға дейін күнтізбелік 35 (отыз бес) күннен кешіктірілмейтін мерзімде өңірдің газ толтыру станциялары, газ толтыру пункттері, топтық резервуарлық қоңдырғылар, автогаз құю станциялары иелерінің арасында сұйытылған мұнай газын жеткізушілер мен бөлу есептеулері бөлінісінде Комиссия отырысының хаттамасын қоса бере отырып, уәкілетті органға жолдайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ресми интернет-ресурсында:
1) жиынтық өтінім және Комиссия отырысының хаттамасы;
2) өңірдің газ толтыру станциялары, топтық резервуарлық қондырғылары, газ толтыру пункттері, автогаз құю станциялары иелерінің арасында бөлу есептеулері жарияланады.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 05.07.2022 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.25. Уәкілетті органға облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органынан келіп түскен жиынтық өтінімдер Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Өнім беру жоспарын қалыптастыру жөніндегі комиссия) қарауына жатады.
Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру жөніндегі комиссия туралы ереже Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 20 қыркүйектегі № 384 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 17494 нөмірімен тіркелген).
25-1. Мүдделі тұлға облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органы бекіткен жиынтық өтінімге немесе Жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссияның шешіміне Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдер туралы заңнамасына сәйкес шағымдануы мүмкін.
Ескерту. 25-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің м.а. 03.03.2020 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.25-2. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) тиісті жергілікті атқарушы органы бекіткен жиынтық өтінім Қағидалардың осы тарауына сәйкес қалыптастырылады және уәкілетті органға жіберіледі.
Ескерту. 25-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің м.а. 03.03.2020 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4-тарау. Өнім беру жоспарын қалыптастыру тәртібі
26. Өнім беру жоспары осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының жиынтық өтінімдерінің негізінде жоспарланып отырған тоқсанға сұйытылған мұнай газын алушыларды бөле отырып, қалыптастырылады.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 05.07.2022 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.26-1. Уәкілетті орган өндіруші зауыттардан алған сұйытылған мұнай газын жылдық өндірудің болжамдық мәліметтері негізінде әрбір өңір үшін өнім беру жоспары шеңберінде бөлуге сұйытылған мұнай газының алдын ала көлемдерін айқындайды.
Ескерту. Қағида 26-1-тармақпен толықтырылды- ҚР Энергетика министрінің 22.01.2022 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.27. Егер облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы осы Қағидалардың 24-тармағында көрсетілген мерзімде жиынтық өтінімді уәкілетті органға жібермеген жағдайда, онда өнім беру жоспарын қалыптастыру жөніндегі комиссияның шешімімен тиісті өңірге арналған өнім беру жоспарында сұйытылған мұнай газын беру көлемдері ағымдағы тоқсан деңгейінде белгіленеді.
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 05.07.2022 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.28. Қазақстан Республикасының ішкі нарығына өткізу міндетті болып табылатын сұйытылған мұнай газының көлемі өнім беру жоспарында әрбір өнім беруші үшін сұйытылған мұнай газының өнім берушісі жалпы өндірген көлеміне пайыздық қатынаста белгіленеді. Пайыздық қатынас вагон-норманы есепке ала отырып, барлық өнім берушілер үшін бірыңғай болып белгіленеді.
Бұл ретте, егер өндірушінің есептік айдағы сұйытылған мұнай газын өндірудің нақты өндірілген көлемі жоспарланған көлемнен 110 (жүз он) пайыздан астам болса, онда есептік айдан кейінгі айға осындай өндірушінің сұйытылған мұнай газының нақты өндірілген көлемі мен жоспарланған көлем арасындағы айырмаға өсірілуге жатады.
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің м.а. 03.03.2020 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.29. Тауар биржаларынан тыс және осындай биржалар арқылы сұйытылған мұнай газын өткізудің пайыздық арақатынасы сұйытылған мұнай газын өндірудің жобалық қуаты (сұйытылған мұнай газын өндірудің жиынтық көлемі) айына үш жүз тоннадан аспайтын өндірушілерді қоспағанда, барлық өнім берушілер үшін бірыңғай белгіленеді. Осындай өнім берушілердің сұйытылған мұнай газының барлық көлемі өнім беру жоспарының шеңберінде тауар биржалары арқылы өткізуге жатады.
Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 05.07.2022 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.29-1. Тауар биржалары арқылы ішкі нарыққа сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру кезінде өнім беру өңірі ретінде тиісті облыс, республикалық маңызы бар қала, астана не өңірлер тобы, не Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы белгіленеді.
Ескерту. 29-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің м.а. 03.03.2020 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 05.07.2022 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.30. Тауар биржаларынан тыс сұйытылған мұнай газын тиісті өңірлерге жеткізу үшін өнім берушілерді анықтау өнім берушілердің өндірістік қуаттарының географиялық орналасқан жеріне сүйене отырып, жүзеге асырылады.
Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 05.07.2022 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.31. Егер сұйытылған мұнай газын өндіру жөніндегі өндіруші көрсететін қызметтерді екі және одан да көп өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын қайта өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иесі пайдаланатын болса, онда өндіруші:
1) меншік құқығы немесе өзге де заңды негіздемелер бойынша тиесілі көмірсутек шикізатын қайта өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газы меншік иелері арасында беруге міндетті сұйытылған мұнай газының жалпы көлемін вагон-норманы ескере отырып, олардың сұйытылған мұнай газы өндірісінің жалпы көлеміндегі үлесіне сәйкес бөлуді;
2) меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздемелер бойынша тиесілі көмірсутек шикізатын қайта өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының әрбір меншік иесі үшін өнім беру жоспарына сәйкес оның сұйытылған мұнай газы көлемін алушыларды айқындау;
3) өнім беру жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының сұйытылған мұнай газына ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз ету басымдығын ескере отырып, сұйытылған мұнай газын тиеп-жөнелтуді жүзеге асырады.
Егер өндіруші сұйытылған мұнай газының екі немесе одан көп маркаларын өндіретін болса (меншік иесінің көмірсутегі шикізатынан сұйытылған мұнай газының екі немесе одан көп маркасы өндіріледі), онда мұндай өндіруші оның өнім беру жоспарында көзделген осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген тұлғалар үшін оларды өндіру көлеміне пропорционал түрде өндірілген сұйытылған мұнай газының барлық маркаларын жеткізуді жүзеге асырады.
Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 22.01.2022 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.31-1. Тиісті өңірге тауар биржаларынан тыс сұйытылған мұнай газын жеткізу үшін бірнеше өнім берушіні анықтау кезінде осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген тұлғалар мен көрсетілген өнім берушілер арасында сұйытылған мұнай газының көлемдерін бөлу вагон-норманы есепке ала отырып, пропорционалды жүзеге асырылады.
Ескерту. 31-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің м.а. 03.03.2020 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 05.07.2022 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.32. Сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушыларға сұйытылған мұнай газын жеткізу үшін өнім берушілерді анықтау өнім берушілердің өндірістік қуатының географиялық орналасқан жерін есепке ала отырып, сондай-ақ қажет болған жағдайда сұйытылған мұнай газының құрамында қажетті фракциялардың бар болуын есепке ала отырып жүзеге асырылады.
Бұл ретте мұнай-газ-химия өнімдерін (терең өңдеу процесінде химиялық өзгеріске түспеген) шығару үшін шикізат ретінде тікелей пайдаланылмайтын сұйытылған мұнай газының фракциялары өнім беру жоспарының шеңберінде тауар биржаларынан тыс осындай өнеркәсіптік тұтынушының пайдасына иеліктен шығарылмайды және тараптармен келісілген мерзімде және тәртіпте өндірушіге қайтарылуға тиіс.
Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 05.07.2022 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.33. Жергілікті атқарушы органдар Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген мәліметтерді ескере отырып, тиісті өңірдің сұйытылған мұнай газына деген қажетті көлемін Өнім беру жоспарын қалыптастыру жөніндегі комиссияның алдында қорғайды.
34. Өнім беру жоспарын қалыптастыру жөніндегі комиссияның шешімі негізінде Өнім беру жоспары қалыптастырылады.
35. Өнім беру жоспарын қалыптастыру жөніндегі комиссияның шешімі жоспарланып отырған тоқсан алдындағы ай басталғанға дейін күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірілмейтін мерзімде шығарылады.
Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 05.07.2022 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.36. Өнім беру жоспарын қалыптастыру жөніндегі комиссия сұйытылған мұнай газын өндіруді, тасымалдауды (тасуды), сақтауды, тиеп-жөнелтуді және өткізуді мониторингтеу деректерінің негізінде жиынтық өтінімді өнім беру жоспарына енгізеді және оны өзгерту қажеттілігі туралы дәлелді шешім қабылдайды.
Өндіруші зауыттардың сұйытылған мұнай газы өндірісі көлемдері туралы мәліметтері өзгерген жағдайда уәкілетті орган облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарға жоспарланып отырған тоқсанның алдындағы ай басталғанға дейін күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірілмейтін мерзімде жиынтық өтінімді түзету қажеттілігі туралы хабарлайды. Бұл ретте облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары уәкілетті органға жоспарланып отырған айдың алдындағы ай басталғанға дейін күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей түзетілген жиынтық өтінімді жолдайды.
Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 05.07.2022 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.37. Бұл жағдайда жиынтық өтінімді 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде жиынтық өтінімді қалыптастыру жөніндегі тиісті комиссия түзетеді және оны облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы уәкілеттті органға жолдайды.
38. Егер облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы жиынтық өтінімді осы Қағидалардың 37-тармағында көрсетілген мерзімде уәкілеттті органға жібермесе, онда Өнім беру жоспарын қалыптастыру жөніндегі комиссияның шешімімен осындай жиынтық өтінімде көрсетілген барлық алушылар үшін сұйытылған мұнай газын беру көлемдерін пропорционалды түрде өзгерту жүргізіледі.
39. Уәкілетті орган өнім беру жоспарын өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутек шикізатын қайта өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газын өндірушілерге, оның меншік иелеріне жоспарланып отырған тоқсанның алдындағы ай басталғанға дейін күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірілмейтін мерзімде жібереді және уәкілетті орган өзінің ресми интернет-ресурсында жариялайды.
Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 05.07.2022 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.39-1. Бекітілген өнім беру жоспарын түзету мынадай жағдайларда жүргізіледі:
1) сұйытылған мұнай газын өндіру көлемі тиісті өнім берушіге өнім беру жоспарын орындауға мүмкіндік бермейтін деңгейге дейін төмендеген кезде;
2) газ толтыру станциясының, газ толтыру пунктінің, топтық резервуарлық қоңдырғы, автогаз құю станциясының иесі үшін өз қызметін жүзеге асыру және (немесе) өнім беру жоспары шеңберінде сұйытылған мұнай газын сатып алуға қатысу объективті түрде мүмкін болмаған және (немесе) тыйым салынған кезде;
3) газ толтыру станциясының, газ толтыру пунктінің, автогаз құю станциясының иелері тауар биржаларынан тыс сұйытылған мұнай газының көлемін сатып алудан мұндай тұлғаның кінәсінен бас тарту жағдайы туындаған кезде.
Ескерту. 39-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің м.а. 03.03.2020 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 05.07.2022 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.39-2. Осы Қағидалардың 39-1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда, қалған өнім берушілердің Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру көлемін пропорционалды арттыру және (немесе) тауар биржаларынан тыс өнім беру жоспары шеңберінде газ толтыру станцияларының, газ толтыру пункттерінің, автогаз құю станцияларының иелері алатын көлемдерді пропорционалды азайту жүргізіледі.
Осы Қағидалардың 39-1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда Тетікке сәйкес тиісті өңірдің қалған газ толтыру станцияларының, газ толтыру пункттері, топтық резервуарлық қондырғылар, автогаз толтыру станциялары иелерінің пайдасына сұйытылған мұнай газын пропорционалды қайта бөлу жүзеге асырылады.
Ескерту. 39-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің м.а. 03.03.2020 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) ; жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 05.07.2022 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.40. Өнім берушінің сұйытылған мұнай газын өндірудің нақты көлемі есепті айда жоспарланатын көлемнен асып кеткен кезде, сондай-ақ өнім берушіде осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген тұлғалардың сұйытылған мұнай газын сатып алудан бас тартуына байланысты өнім беру жоспары шеңберінде көзделген тауар биржаларынан тыс Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізу үшін міндетті сұйытылған мұнай газының тиеп-жөнелтілмеген көлемдері пайда болған кезде, мұндай өнім беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде уәкілетті органды сұйытылған мұнай газының қосымша көлемінің пайда болуы туралы хабардар етеді.
Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру жөніндегі комиссия облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының сұйытылған мұнай газының қосымша көлемдерін бөлу туралы сұрау салуларының негізінде өнім берушілердің өндірістік қуаттарының географиялық орналасуын негізге ала отырып, оны тиісті өңірлер арасында қайта бөледі.
Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 25.05.2023 № 189 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.40-1. Тиісті өңір үшін өнім беру жоспарына қосымша бөлінген сұйытылған мұнай газының көлемін бөлу:
қосымша көлемі 1000 (бір мың) тоннадан аз және теміржол көлігімен әкетілген кезде – осы Қағидаларға және Тетікке сәйкес сұйытылған мұнай газының қосымша көлеміне өтінім берген өңірдің газ толтыру станцияларының иелері арасында;
қосымша көлемі 1000 (бір мың) тоннадан артық және теміржол көлігімен әкету кезінде – осы Қағидалар мен Тетікке сәйкес сұйытылған мұнай газының қосымша көлеміне өтінім берген, осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген тұлғалар арасында;
автомобиль көлігімен әкету кезінде – осы Қағидаларға және Тетікке сәйкес сұйытылған мұнай газының қосымша көлеміне өтінім берген, осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген тұлғалардың арасында жүзеге асырылады.
Өңірдің республикалық маңызы бар қалаларға, астанаға және оларға іргелес тиісті облыстарға арналған газ толтыру станцияларына республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумағында да, сол сияқты оларға іргелес тиісті облыстардың аумағында да орналасқан газ толтыру станциялары жатады.
Ескерту. 4-тарау 40-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Энергетика министрінің м.а. 25.05.2023 № 189 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.41. Өнім берушілер жоспарланған ай басталғанға дейін және (немесе) өндіруші бөлгенге дейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген тұлғалардың атына өнім беру жоспарына және өндірушінің бөлуіне сәйкес сұйытылған мұнай газын беру графигін қоса бере отырып, өз тарапынан қол қойылған сұйытылған мұнай газын беру шартын (шартқа қосымша келісімді) жолдайды.
Осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген тұлғалар 5 (бес) жұмыс күні ішінде өнім берушіге:
1) өз тарапынан қол қойылған сұйытылған мұнай газын беру шартын (шартқа қосымша келісімді), сондай-ақ сұйытылған мұнай газын төлегені туралы мәліметті;
2) төленген сұйытылған мұнай газын алудан бас тартуы туралы себебін көрсете отырып, осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген тұлғаның уәкілетті өкілі қол қойған хаты.
Осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген тұлғаның атынан 5 (бес) жұмыс күні өткеннен кейін ресми жауап алмау еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған жағдайларды қоспағанда, сұйытылған мұнай газын сатып алудан бас тарту болып саналады.
Өнім берушілер ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5 (бесінші) күнінен кешіктірмей, уәкілетті органға және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органына осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген тұлғалар тауар биржаларынан тыс өнім беру жоспары шеңберінде сұйытылған мұнай газы көлемдерінен бас тарту жағдайлары туралы хабарлайды.
Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 05.07.2022 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.41-1. Сұйытылған мұнай газын теміржол көлігімен тиеп-жөнелту кезінде өнім берушіде осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген тұлғаларға өнім беру жоспарына сәйкес ол беруге міндетті сұйытылған мұнай газының вагон-нормадан аз көлемінде тиеп-жөнелтілмеген қалдықтары пайда болған кезде:
көлемі 18 (он сегіз) тоннадан және одан аз болған кезде – тиеп-жөнелту жүзеге асырылмайды;
көлемі 18 (он сегіз) тоннадан артық, бірақ вагон-нормадан аз болған кезде – тиеп-жөнелту вагон-норма көлемінде жүзеге асырылады.
Осы тармақтың ережелері сұйытылған мұнай газын автомобиль көлігімен жеткізу жағдайларына қолданылмайды.
Ескерту. 4-тарау 41-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Энергетика министрінің м.а. 25.05.2023 № 189 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.42. Өнім берушіде Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауар биржалары арқылы өткізу үшін міндетті сұйытылған мұнай газының тиеп-жөнелтілмеген көлемдері туындаған жағдайда, ол "Тауар биржалары туралы" Заңның 4-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган бекітетін Биржалық сауда қағидаларының ережелерін сақтаған кезде мұндай өнім беруші уәкілетті органды алдын ала хабардар ете отырып, тиеп-жөнелтілмеген көлемдерді басқа тұлғаларға өткізуді жүзеге асырады.
Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 05.07.2022 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.43. Заңның 27-1-бабының 14-тармағына сәйкес сұйытылған мұнай газын өндірушілер, өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутек шикізатын қайта өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иелері өнім беру жоспарын орындауға міндетті.
Егер өнім беру жоспары орындалмаса, оның ішінде осы Қағидалардың 31-тармағына сәйкес жүзеге асырылатын өндірушінің бөлуі орындалмаса, онда сұйытылған мұнай газының жеткізілмеген көлемдері мұндай айға арналған өнім беру жоспарында көзделген сұйытылған мұнай газының көлемдеріне қосымша келесі айда жеткізілуі тиіс.
Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің м.а. 03.03.2020 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру қағидаларына 1-қосымша |
________________________________________ (өңір атауы) ________ (жылғы) ________ (тоқсан) арналған сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінім
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 05.07.2022 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Өңірдің сұйытылған мұнай газына 20 ______ жылғы қажеттілігі _____ тоннаны құрайды, оның ішінде тауар биржалары арқылы ___% немесе _____ тонна, тауар биржаларынан тыс-___% немесе _____ тонна, оның ішінде:
тоннамен | ||||||||||
р/с № | Алушының атауы, орналасқан жері | Алушының бизнес– сәйкестендіру нөмірі | сұратылатын жеткізілім көлемі | оның ішінде әрі қарай өткізу түрлері бойынша бөле отырып | ||||||
моноблоктарды қоса алғанда, автогаз құю станциялары арқылы | газ толтыру пункттері (тұрмыстық баллондарарқылы) |
топтық резервуарлық қондырғы | ||||||||
меншікті | бөгде | меншік | бөгде | |||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | ||
оның ішінде әрі қарай өткізу түрлері бойынша бөлумен бірге | Мұнай-газ-химия өнімін өндіру процесінде химиялық өзгеріске түспеген сұйытылған мұнай газының көлемі (бар болған жағдайда) |
Түсіру орны: | ||
Сыйымдылық газы | ||||
тұрмыстық тұтынушы |
Комму |
Өнеркә | ||
10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
Ескертпе:
*пайдаланылуы Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес табиғи монополиялар салаларына жатқызылған топтық резервуарлық қондырғылар бойынша ғана толтырылады.
Сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімін өндіру үшін пайдаланатын өнеркәсіптік кәсіпорындар 2, 3, 4 және 13-бағандарды толтырады.
Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру қағидаларына 2-қосымша |
Газ толтыру станциялары, топтық резервуарлық қондырғылар, газ толтыру пункттері, автогаз құю станциялары иелерінің, мұнай-газ-химия өнімін өндіру үшін сұйытылған мұнай газын шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылардың және сұйытылған мұнай газы сауда-саттығына қатысушылардың сұйытылған мұнай газын жеткізуге арналған өтінімі
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 25.05.2023 № 189 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
_________________________________________________________________________,
бизнес сәйкестендіру нөмірі
________________________________________________________________________,
(алушының атауы)
орналасқан жері ____________________________________________________________
(тоқсан) _____________________жыл, жеткізу өңірі ______________________________
_________________________________________________________________________
(жеткізу өңірі көрсетіледі) тоннамен
Сұратылатын жеткізілім көлемі, тоннамен | Оның ішінде әрі қарай өткізу түрлері бойынша бөле отырып | ||||||||
моноблоктарды қоса алғанда, автогаз құю станциялары арқылы | газ толтыру пункттері (тұрмыстық баллондар) арқылы | топтық резервуарлық қондырғылар арқылы* | сыйымды газ | ||||||
меншікті | бөгде | меншікті | бөгде | тұрмыстық тұтынушыларға | коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға | өнеркәсіптік тұтынушыларға | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | |
Мұнай-газ-химия өнімін өндіру процесінде химиялық өзгеріске түспеген сұйытылған мұнай газының көлемі (бар болған жағдайда) | Түсіру орны: меншікті газ толтыру станциясының және/немесе сақтау (ауыстырып тиеу) шарты бойынша мекенжайы**. | ||||||||
10 | 11 | ||||||||
Ескертпе:
* Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес пайдаланылуы табиғи монополиялар салаларына жатқызылған топтық резервуарлық қондырғылар бойынша ғана толтырылады;
** Сұйытылған мұнай газын зауыттардан автомобиль көлігімен жеткізген кезде газ толтыру станциясымен сақтау (ауыстырып тиеу) шарты талап етілмейді.
Өтінімде көрсетілетін мәліметтер өзгерген кезде газ толтыру станцияларының, топтық резервуарлық қондырғылардың, газ толтыру пункттерінің, автогаз құю станцияларының иелері үш жұмыс күні ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органына өзгерген мәліметтер бойынша растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
Мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін сұйытылған мұнай газын пайдаланатын өнеркәсіптік кәсіпорындар 1 және 10-бағандарды толтырады.
Осы арқылы __________________________, (алушының атауы)
заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді және:
1) ұсынылған ақпараттың дұрыстығын, Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің (бұдан әрі – Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс) 170-бабына сәйкес анық емес мәліметтерді ұсынғаны үшін жауапкершілік туралы хабардар болуын;
2) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 170-бабына сәйкес оған қатысты тарату, оңалту немесе банкроттық рәсімдері басталмағанын, сондай-ақ оның қызметі тоқтатылмағанын;
3) мәлімделген өңірде сұйытылған мұнай газын өткізуін растайды.
Күні, қолы.
Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру қағидаларына 3-қосымша |
|
Нысан |
Сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылар тізбесі
Ескерту. 3-қосымша алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің м.а. 25.05.2023 № 189 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру қағидаларына 3-1-қосымша |
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Ескерту. Қағидалар 3-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Энергетика министрінің м.а. 25.05.2023 № 189 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы | Сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылардың тізбесіне енгізу |
2. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі |
3. | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері | Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады. |
4. | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті тіркеген сәттен бастап 21 (жиырма бір) жұмыс күні |
5. | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Қағаз |
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
1) Сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылардың тізбесіне енгізу; |
7. | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
8. | Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигі | Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін белгіленген жұмыс графигіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен 9.00-ден 18.30-ға дейін |
9. | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар мен мәліметтер тізбесі |
1) осы Қағидаларға 3-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; |
10. | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 19-1-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тартады: |
11. | Қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін өзге де талаптар | Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Қордың интернет-ресурсында көрсетілген – https:// fms. kz/, Қордың байланыс орталығы 1406 тегін нөмірі бойынша. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414. |
Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру қағидаларына 3-2-қосымша |
Сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылардың тізбесіне енгізуге арналған өтініш
Ескерту. Қағидалар 3-2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Энергетика министрінің м.а. 25.05.2023 № 189 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
кімге_____________________________________________________________________
(уәкілетті органның толық атауы)
кімнен____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, орналасқан
жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғада бизнес-сәйкестендіру нөмірі
болмаған кезде – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-
сәйкестендіру нөмірі)
Сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде
пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылар тізбесіне енгізуді
сұраймын ______________________________________________
(өнімнің атауын көрсету)
қағаз жеткізгіште __________________________________________________________
(қағаз жеткізгіште бұйрық алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою)
Заңды тұлғаның мекенжайы __________________________________________________
__________________________________________________________________________
(пошта индексі, ел (шетелдік заңды тұлға үшін), облыс, қала, аудан, елді мекен, көше
атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)
Электрондық пошта ________________________________________________________
Телефон __________________________________________________________________
Факс ____________________________________________________________________
Қызметті жүзеге асыру объектісінің мекенжайы
_________________________________________________________________________
(пошта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)
______ парақ қоса беріледі.
Осымен:
барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылатыны және оларға өнеркәсіптік тұтынушылар тізбесіне енгізу мәселелері бойынша кез келген ақпарат жіберілуі мүмкін екені;
барлық қоса берілген құжаттар шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны;
өтініш беруші өнеркәсіптік тұтынушылар тізбесіне енгізу кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келіседі.
Басшы ________________ _____________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Толтыру күні: 20__ жылғы "__" __________
Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру қағидаларына 3-3-қосымша |
Сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылардың тізбесі
Ескерту. Қағидалар 3-3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Энергетика министрінің м.а. 25.05.2023 № 189 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
р/с № | Өнеркәсіптік тұтынушының атауы | Өнеркәсіптік тұтынушының орналасқан жері | Тұтынылатын сұйытылған мұнай газының көлемі (жобалық қуаты), тонна | Шығарылатын мұнай-газ-химия өнімінің атауы | Шығарылатын мұнай-газ-химия өнімінің көлемі (жобалық қуаты), тонна | Мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру процесінде химиялық өзгеріске түспеген сұйытылған мұнай газының көлемі, тонна (бар болса) | |||
бір сағат ішінде | бір жыл ішінде | бір сағат ішінде | бір жыл ішінде | бір сағат ішінде | бір жыл ішінде | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру қағидаларына 3-4-қосымша |
Нысан
Хабарлама
Ескерту. Қағидалар 3-4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Энергетика министрінің м.а. 25.05.2023 № 189 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
___________________________________________________________________ берілді.
Осымен мемлекеттік орган ______________________________________________
Сіздің ____ жылғы [өтінім күні] № [Өтінім нөмірі] өтінішіңізді қарағаннан кейін көрсетілетін қызметті беруші
__________________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының толық атауы)
"Сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылар тізбесіне енгізу" мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері бойынша алдын ала шешім бойынша сіздің ұстаным білдіруге мүмкіндігіңіз бар екені туралы хабарлайды___________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(тыңдау өткізілетін күні, уақыты және орыны)
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы ___________________________________
__________________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті беруші басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)
Хабарламаны жіберу күні мен уақыты:
20__ жылғы "___" ________
Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру қағидаларына 4-қосымша |
Газ толтыру станцияларының, газ толтыру пункттерінің, топтық резервуарлық қондырғылардың, автогаз құю станцияларының иелері үшін сұйытылған мұнай газының көлемін айқындау тетігі
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 25.05.2023 № 189 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Газ толтыру станциялары, топтық резервуарлық қондырғылары, газ толтыру пункттері, автогаз құю станциялары иелерінің ұсынған өтінімдері мынадай өлшемшарттарға сүйене отырып қарастырылады:
1) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес пайдаланылуы табиғи монополиялар салаларына жатқызылған топтық резервуарлық қондырғыларды қоспағанда, мәлімделген өңірде газ толтыру станциясының, топтық резервуарлық қондырғысының, газ толтыру пунктінің, автогаз құю станциясының иесі пайдаланатын осы Тетіктің 5-тармағында көрсетілген объектілердің жобалау қуаты (бұдан әрі – P1 көрсеткіші);
2) топтық резервуарлық қондырғылар арқылы сұйытылған мұнай газын өткізуді қоспағанда, сұйытылған мұнай газын мәлімделген өңірде өткен кезеңдерде өткізудің нақты көлемдері (бұдан әрі – P2 көрсеткіші);
3) сұйытылған мұнай газын мәлімделген өңірде тұрмыстық баллондарда өткізу (бұдан әрі – P3 көрсеткіші).
2. Әрбір өлшемшарт бойынша жалпы мәннен пайыздық арақатынастағы үлесі шығарылады. Газ толтыру станциясы, топтық резервуарлық қондырғысы, газ толтыру пункттері, автогаз құю станцияларының иелері көрсеткішінің қорытынды мәні пайыздық көрсеткіштердің орташа өлшенген мәні ретінде анықталады.
3. Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес пайдаланылуы табиғи монополиялар салаларына жатқызылған топтық резервуарлық қондырғылар (бұдан әрі – топтық резервуарлық қондырғылар) арқылы өткізу үшін қажетті сұйытылған мұнай газының көлемі алдыңғы күнтізбелік үш айдағы орташа айлық тұтынуды ескере отырып, толық көлемде бөлінеді.
4. Жалпы көлемнен үлес:
1) газ толтыру станциясы, топтық резервуарлық қондырғы, газ толтыру пункттері, автогаз құю станциялары иелерінің инфрақұрылымы ұлғайған кезде;
2) газ толтыру станциялары, топтық резервуарлық қондырғылар, газ толтыру пункттері, автогаз құю станциялары иелерінің орташа айлық өткізу көлемі өскен кезінде ұлғаюға жатады.
5. P1 көрсеткішін бағалау кезінде мәлімделетін өңірде орналасқан газ толтыру станциясы, газ толтыру пункті, автогаз құю станциясы иесінің пайдаланылатын қуаттарының жалпы көлемінің жиынтық көрсеткіші көрсетіледі:
1) газ толтыру станциялары;
2) газ толтыру пункттері;
3) моноблоктарды қоса алғанда, автогаз құю станциялары.
Аталған қуаттардың болуын растау үшін газ толтыру станциялары, газ толтыру пункті, автогаз құю станциясының иелері әрбір объект үшін құқық белгілейтін құжаттар мен шарттардың, жалпы сыйымдылығы мен жобалық қуатын белгілейтін, өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі уәкілетті органда қысыммен жұмыс істейтін ыдыстардың тіркелгенін растайтын құжаттардың (өтініш берушіге ресімделген қауіпті техникалық құрылғыны есепке қою туралы хабарлама), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 "Бақылау-касса машиналарын қолданудың кейбір мәселелері туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16508 болып тіркелген) бекітілген деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының тіркеу карточкаларының көшірмелерін ұсынады.
Көрсетілген деректер жыл сайын немесе тиісті мәліметтер өзгерген кезде ұсынылады.
Бұл ретте мәліметтер өзгерген кезде газ толтыру станциялары, топтық резервуарлық қондырғылар, газ толтыру пункттері, автогаз құю станциялары иелерінің үш жұмыс күні ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органына өзгерген мәліметтер бойынша растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
6. P2 көрсеткішін бағалау кезінде топтық резервуарлық қондырғылар арқылы сұйытылған мұнай газын өткізу көлемін және осы өңірдің жиынтық өтініміне енгізілген тұлғаларға өткізу көлемін қоспағанда, тиісті өңірде алдыңғы күнтізбелік үш айдағы сұйытылған мұнай газын өткізудің нақты көлемі көрсетіледі.
Сұйытылған мұнай газының көлемдерін өткізу туралы мәліметтерді растау үшін газ толтыру станциясы, газ толтыру пункті және автогаз құю станциясының иелері өтініммен бір мезгілде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына топтық резервуарлық қондырғылар арқылы сұйытылған мұнай газын өткізу көлемін және осы өңірдің жиынтық өтініміне енгізілген тұлғаларға өткізу көлемін қоспағанда, мәлімделген өңірде алдыңғы күнтізбелік үш айдағы сұйытылған мұнай газын өткізу жөніндегі ақпаратты, сондай-ақ сұйытылған мұнай газын сатып алу көлемін растайтын құжаттардың көшірмелерін (жеткізу шарттары, электрондық шот-фактуралар, электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде тіркеу нөмірлері бар тауарға ілеспе жүкқұжаттар, өзгеге қорларды босатуға арналған жүкқұжаттар, тауар-көлік немесе теміржол жүкқұжаттары) ұсынады.
7. P3 көрсеткішін бағалау кезінде тұрмыстық баллондарда сұйытылған мұнай газын өткізетін газ толтыру станциялары мен газ толтыру пункттері иелерінің өткізудің нақты көлемі көрсетіледі.
8. Өлшемшарттардың әрқайсысының үлесі мына формула бойынша есептеледі:
мұнда:
P1 көрсеткіш – өңірдің газ толтыру станциялары, газ толтыру пункттері, автогаз құю станциялары иелері қуатының жалпы көлемінен үлес;
P (көлем) - газ толтыру станциясының, газ толтыру пунктінің, автогаз құю станциясының иесі қуаттарының нақты көлемі;
P жалпы (көлем) - өңірдің газ толтыру станциялары, газ толтыру пункттері, автогаз құю станцияларының иелері қуаттарының жалпы көлемі;
мұнда:
P2 көрсеткіш (%) - өңірдің газ толтыру станциясы, газ толтыру пункті, автогаз құю станциясы иелерінің алдыңғы үш күнтізбелік айдағы өткізу көлемінің үлесі;
P (өткізу көлемі) - алдыңғы күнтізбелік үш айда газ толтыру станциясы, газ толтыру пункті, автогаз құю станциясы иелерінің нақты өткізу көлемі;
P жалпы (өткізу көлемі) - өңірдің газ толтыру станциясының, газ толтыру пунктінің, автогаз құю станциясының алдыңғы күнтізбелік үш айда өткізуінің жалпы көлемі.
мұнда:
P3 көрсеткіш (%) - тұрмыстық баллондарда сұйытылған мұнай газын өткізу үлесі;
P (тб) - тұрмыстық баллондарда сұйытылған мұнай газын өткізу үшін инфрақұрылымның болуы (болған кезде =1, болмағанда= 0);
Pжалпы (тб) - тұрмыстық баллондарда сұйытылған мұнай газын өткізу үшін инфрақұрылымы бар өңірдің газ толтыру станцияларының, газ толтыру пунктілерінің иелерінің жиынтық саны.
Тұрмыстық баллондарда сұйытылған мұнай газын өткізу үшін инфрақұрылым деп жиынтығында тиісті өңірде арнайы автокөліктің, авариялық-диспетчерлік қызметтің, тұтынушыларды абоненттік есепке алудың, тұрмыстық баллондардың газ толтыру цехының және тұрмыстық баллондарды жөндеу және кәдеге жарату цехының болуы түсініледі.
Көрсетілген мүліктің болуын растау үшін газ толтыру станциялары, топтық резервуарлық қондырғылар, газ толтыру пункттері, автогаз құю станциялары иелері тиісті құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
9. Газ толтыру станциялары, топтық резервуарлық қондырғылар, газ толтыру пункттері, автогаз құю станциялары иелері көрсеткішінің қорытынды мәні көрсеткіштердің пайыздық мәндегі орташа өлшенген мәні ретінде айқындалады:
Р қ(%) = Р1*К1+Р2*К2+Р3*К3,
мұнда:
К1 – 20%;
К2 – 75%;
К3 – 5%.
10. Тауар биржаларынан тыс өнім беру жоспары шеңберінде газ толтыру станциясы, топтық резервуарлық қондырғы, газ толтыру пункті, автогаз құю станциясы иелерінің өткізу көлемінің қорытынды мәні мынадай формула бойынша көлемдік мәнде айқындалады:
мұнда:
V (жө) - әрбір газ толтыру станциясының, топтық резервуарлық қондырғысының, газ толтыру пунктінің, автогаз құю станциясының иесі үшін тауарлық биржадан тыс жиынтық өтініммен бекітілген көлем.
Vжоспар - топтық резервуарлық қондырғылар арқылы өткізу үшін бөлінген сұйытылған мұнай газының көлемін қоспағанда, әрбір өңір үшін тауарлық биржадан тыс жиынтық өтінімде көзделген жалпы көлем.
V(трқ) - әрбір топтық резервуарлық қондырғылар арқылы өткізілетін сұйытылған мұнай газының көлемі.
11. Газ толтыру станциялары, топтық резервуарлық қондырғылары, газ толтыру пункттері, автогаз құю станцияларының иелері бойынша деректер:
1) алдыңғы күнтізбелік үш айдағы өткізу көлемі бойынша;
2) жобалық қуаттар бойынша жаңартылуға жатады.
12. Газ толтыру станциясы, топтық резервуарлық қондырғысының, газ толтыру пунктінің, автогаз құю станциясының иесі осы Тетіктің 8, 9 және 10-тармақтарына сәйкес есептелгеннен сұйытылған мұнай газының көлеміне өтінім берген кезде, онда сұйытылған мұнай газының аз қалған көлемі осы Қағидалар мен Тетікке сәйкес қалған өтініш берушілерге қайта бөлінеді.
13. Газ толтыру станциясы, топтық резервуарлық қондырғы, газ толтыру пункті, автогаз құю станциясы иесінің қызметі тоқтатыла тұрған кезде, сұйытылған мұнай газының толық жеткізілмеген көлемі осы Қағидалар мен Тетікке сәйкес қалған өтініш берушілерге қайта бөлінеді.
14. Заңды тұлға тиісті өңірде жаңа газ толтыру станциясын пайдалануға берген кезде, мұндай газ толтыру станциясының иесіне алғашқы үш ай бойы өңірге бөлінетін сұйытылған мұнай газының жалпы көлемін ұлғайту арқылы осы Тетіктің 8, 9 және 10-тармақтарына сәйкес бөлінген көлемге қосымша бір жүз сексен тоннадан сұйытылған мұнай газын бөледі.
15. Газ толтыру станциясының, топтық резервуарлық қондырғысының, газ толтыру пунктінің, автогаз құю станциясының иесі осындай тұлғаның кінәсінен тауарлық биржадан тыс жеткізу жоспары шеңберінде сұйытылған мұнай газының көлемдерінен бас тартқан кезде, осы Тетіктің 8, 9 және 10-тармақтарына сәйкес есептелетін сұйытылған мұнай газының көлемі осындай тұлға үшін келесі тоқсанға сатып алынбаған көлемдердің шамасына азайтылуға жатады.
Бұл ретте сұйытылған мұнай газының қалған көлемін тиісті өңірдің қалған газ толтыру станциялары, топтық резервуарлық қондырғылар, газ толтыру пункттері, автогаз құю станциялары иелерінің пайдасына пропорционалды түрде қайта бөлу жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру қағидаларына 5-қосымша |
|
Нысан |
Қазақстан Республикасының ішкі нарығына тауар биржаларынан тыс сұйытылған мұнай газын беру жоспары ________(жыл) ________(тоқсан)
Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 05.07.2022 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
тоннада |
р/с № | Өнім берушінің атауы, орналасқан жері |
Жеткі | Алушының атауы | Тауар биржаларынан тыс алушы үшін берілетін сұйытылған мұнай газының көлемі, тонна | Түсіру орны |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Ескертпе: Өнім беру жоспары мыналарды:
1) № р/с – реттік нөмірі;
2) өнім берушінің атауы, орналасқан орны – өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иелерінің, өндірушілердің тізбесі және олардың орналасқан жері;
3) жеткізу өңірі – сұйытылған мұнай газы жеткізілетін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана не өңірлер тобы не Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы;
4) алушының атауы – сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылардың тізбесі;
5) алушылар бөлінісінде тауар биржалары тыс жеткізілетін сұйытылған мұнай газының көлемі, сондай-ақ жүктеме деңгейі пайыздық қатынаста барлық өнім берушілер үшін бірыңғай белгіленеді, тоннада;
6) түсіру орны – аккредиттеу туралы куәлікте көрсетілген не сақтау (ауыстырып-тиеу) шарты бойынша газды сақтауды (ауыстырып тиеуді) жүзеге асыратын газ толтыру станциясының орналасқан мекенжайы, ал мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін сұйытылған мұнай газын шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылар үшін – газды сақтауға арналған сыйымдылықтарды қамтиды.
Егер өндіруші меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде басқа тұлғаларға тиесілі көмірсутек шикізатынан сұйытылған мұнай газын өндіру бойынша қызметтер көрсеткен жағдайда, онда беру жоспарында өздеріне меншік құқығымен тиесілі сұйытылған мұнай газын қайта өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының барлық меншік иелерінің Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізуі үшін міндетті сұйытылған мұнай газының жиынтық көлемі көрсетіледі немесе осындай өндірушінің көрсетілетін қызметтерін пайдаланатын өзге де заңды негіздерде көрсетіледі.
Егер 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе құзыретті орган мен жер қойнауын пайдаланушы арасында жасалған және міндетті салық сараптамасынан өткен өнімді бөлу туралы келісімге (келісімшартқа) не Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес өз қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы өнім беруші болып табылған жағдайда, онда мұндай тұлғаға арналған жеткізу жоспарында Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе құзыретті орган мен жер қойнауын Қазақстан Республикасының ішкі нарығына және жеткізу өңірлеріне сұйытылған мұнай газын беру көлемдері ғана.
Қазақстан Республикасының ішкі нарығына тауар биржаларынан тыс сұйытылған мұнай газын беру жоспары ________ (ай) ________(жыл)
тоннамен |
Р/с № | Өнім берушінің атауы, орналасқан жері | Жеткізу өңірі | Өңір үшін тауар биржалары арқылы жеткізуге сұйытылған мұнай газының көлемі, тонна |
1 | 2 | 3 | 4 |
Ескертпе: Өнім беру жоспары мыналарды:
1) № Р/с – реттік нөмірі;
2) өнім берушінің атауы, орналасқан жері – өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иелерінің, өндірушілердің тізбесі және олардың орналасқан жері;
3) жеткізу өңірі – сұйытылған мұнай газы жеткізілетін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана не өңірлер тобы не Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы;
4) өңір бөлінісінде тауар биржалары арқылы жеткізуге сұйытылған мұнай газының көлемі, тоннада қамтиды.