Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 22 қазандағы № 68 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 21 қарашада № 9890 тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 04.12.2018 № 470 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 18) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына және 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 22.01.2022 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 04.12.2018 № 470 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаменті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр В. Школьник

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2014 жылғы 22 қазандағы
№ 68 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 04.12.2018 № 470 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Газ және газбен жабдықтау туралы" 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 18) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Қағидалар Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын (бұдан әрі – өнім беру жоспары) қалыптастыру тәртібін айқындайды.

      3. Осы Қағидаларда мындай ұғымдар қолданылады:

      1) вагон-норма – сұйытылған мұнай газының отыз алты тоннаға тең салмағы;

      2) жиынтық өтінім – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының уәкілетті органға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жүгінуі;

      3) өнім беруші – өнім беру жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру және өткізу міндеті Заңмен жүктелген сұйытылған мұнай газын өндіруші немесе оған меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын қайта өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иесі;

      4) өтінім – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      газ желісі ұйымдары;

      мұнай-газ-химия өнімін өндіру үшін сұйытылған мұнай газын шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылар;

      сұйытылған мұнай газының сауда-саттығына қатысушылар ұсынады.

      5) уәкілетті орган – газды өндіруді, тасымалдауды (тасуды), сақтауды және көтерме саудада өткізуді, сондай-ақ тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді және тұтынуды мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар Заңға сәйкес қолданылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің м.а. 03.03.2020 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 22.01.2022 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      4. Өнім беру жоспарына Қазақстан Республикасының ішкі нарығына электрондық сауда алаңдарынан тыс және осындай алаңдар арқылы өнім берушілер өткізуі міндетті болып табылатын сұйытылған мұнай газының көлемдері кіреді.

      5. Электрондық сауда алаңдарынан тыс өнім беру жоспары шеңберінде өткізілетін сұйытылған мұнай газын:

      1) газ желісі ұйымдары;

      2) газ толтыру станцияларының иелері;

      3) топтық резервуарлық қондырғылардың иелері;

      4) газ толтыру пунктерінің иелері;

      5) автогаз құю станцияларының иелері;

      6) Заңның 27-1-бабы 11-тармағының 3) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін сұйытылған мұнай газын шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылар тізбесіне (бұдан әрі – тізбе) енгізілген өніркәсіптік тұтынушылар алады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 22.01.2022 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Электрондық сауда алаңдары арқылы өнім беру жоспарының шеңберінде өткізілетін сұйытылған мұнай газын сатып алу Заңның 6-бабының 18-1) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін Электрондық сауда алаңдары арқылы сұйытылған мұнай газы сауда-саттығын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

2-тарау. Сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылар тізбесіне енгізу тәртібі

      7. Тізбеге енгізу үшін сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылар уәкілетті органға мынадай құжаттар мен мәліметтерді:

      1) мұнай-газ-химия кәсіпорнының мүліктік кешеніне өтініш берушінің меншік құқығын растайтын құқық белгілеуші құжаттардың көшірмелері;

      2) мұнай-газ-химия кәсіпорнын пайдалануға енгізу актісі;

      3) мұнай-газ-химия кәсіпорнының жұмыс істеуі бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала, астананың жергілікті атқарушы органдарының растау хаты;

      4) жобалық құжаттамаға сәйкес әрбір қондырғы қуаты, өндірістің материалдық теңгерімі келтірілген технологиялық процестің сипаттамасы;

      5) осы технология сипаттамасы келтірілген технология лицензиарларымен немесе технология мен технологиялық жабдықтарды жеткізушілермен келісімдер;

      6) республика үшін әлеуметтік-экономикалық әсері (жұмыс орындары, бюджетке төлемдер, аралас салалар үшін мультипликативті әсер);

      7) тұтынылатын сұйытылған мұнай газының, шығарылатын мұнай-газ-химия өнімдерінің (атауларын көрсете отырып) және мұнай-газ-химия өнімін өндіру процесінде химиялық өзгеріске түспеген сұйытылған мұнай газының көлемдері (жобалық қуаттарына сәйкес, айына және жылына мың тонна) бойынша ақпаратты қоса өтініш береді.

      Өтініш беруші ұсынылатын құжаттар мен мәліметтердің дұрыс болуына кепілдік береді.

      8. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген құжаттармен бірге өтінішті алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Өтініш беруші құжаттарды толық бермеген жағдайда, уәкілетті орган көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды бере отырып, оларды өтініш берушіге қайтарады.

      Осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес құжаттар топтамасы толық берілген жағдайда, уәкілетті орган 15 (он бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарайды, сондай-ақ осы құжаттар мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін сұйытылған мұнай газын пайдалану мәселелері жөніндегі комиссияға (бұдан әрі - Комисся) ұсынымдарын алу үшін жіберіледі.

      Комиссия мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін сұйытылған мұнай газын пайдалану мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлеу мақсатында уәкілетті орган жанында құрылады және оның құрамына химия өнеркәсібі саласындағы уәкілетті органның, "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, ғылыми-зерттеу ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ мұнай-газ өңдеу және мұнай-газ-химия салаларындағы тәжірибелі мамандар кіреді.

      9. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттарды қарағаннан кейін Комиссияның ұсынымдарын ескере отырып, 7 (жеті) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша тізбені бекітеді және оны өзінің ресми интернет-ресурсында жариялайды немесе 3 (үш) жұмыс күні ішінде дәлелді бас тарту туралы хабарлама жібереді.

      10. Өтініш берушіні тізбеге енгізуден бас тарту үшін негіздемелер:

      1) өндірістің материалдық теңгерімінің жобалық құжаттамаға немесе мәлімделген технологиясына сәйкессіздігі;

      2) технология лицензиарларымен немесе технология мен технологиялық жабдықтарды жеткізушілермен келісімдерге сәйкессіздігі;

      3) егер өндірілетін мұнай-газ-химия өнімінің жоспарланған құны осындай өнімді өндіру үшін пайдаланылатын сұйытылған мұнай газы көлемінің құнынан төмен болса.

3-тарау. Өтінімдерді және жиынтық өтінімдерді қалыптастыру тәртібі

      11. Осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген тұлғалардың өтінімдері (бұдан әрі – өтінім) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дайындалады және жоспарланып отырған айдың алдындағы ай басталғанға дейін күнтізбелік 35 (отыз бес) күннен кешіктірілмейтін мерзімде айлар бойынша бөлініп, тиісті облыс, республикалық маңызы бар қала, астананың тиісті жергілікті атқарушы органына мәлімделген өңірде сұйытылған мұнай газын одан әрі өткізу үшін жіберіледі.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 22.01.2022 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген тұлғалардың өз мұқтаждықтары үшін пайдаланатын сұйытылған мұнай газының көлемдері өтінімдерге енгізілмейді.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 22.01.2022 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылардың өтінімдерінде мұнай-газ-химия өнімін өндіру процесінде химиялық өзгеріске түспеген сұйытылған мұнай газының көлемдері (бар болған жағдайда) жеке көрсетіледі.

      14. Осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген өтінімдерге оларда көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.

      14.1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтінімді қабылдайды немесе өтініш берушіге өтінішті қабылдаудан бас тарту не оны толық көлемде қабылдамағаны туралы дәлелді жауап жолдайды.

      Ескерту. Қағида 14-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Энергетика министрінің 22.01.2022 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген өтінімдердің негізінде облыс, республикалық маңызы бар қала, астананың жергілікті атқарушы органы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жоспарланып отырған күнтізбелік айға сұйытылған мұнай газын жеткізуге жиынтық өтінім (бұдан әрі – жиынтық өтінім) әзірлейді.

      16. Жиынтық өтінім электрондық сауда алаңдарынан тыс және осындай алаңдар арқылы тиісті өңірге жеткізу үшін қажетті көлемдер туралы ақпаратты қамтиды. Электрондық сауда алаңдары арқылы беру үшін мәлімделген, жоспарланған айға арналған жиынтық өтінімде белгіленуі тиіс сұйытылған мұнай газы үлесінің мөлшерін уәкілетті орган жоспарланып отырған айдың алдындағы ай басталғанға дейін күнтізбелік 40 (қырық) күннен кешіктірілмейтін мерзімде монополияға қарсы органмен келісу бойынша белгілейді және уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 30.03.2021 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Жиынтық өтінім осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген тұлғалар өтінімдері негізінде қалыптастырылады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 22.01.2022 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының қарауына мынадай:

      1) толық емес және (немесе) қате мәліметтер қамтылған өтінімдер;

      2) ағымдағы айдың алдындағы айдағы сұйытылған мұнай газын өткізу туралы мәліметтерді ұсынбаған немесе қате мәлімет ұсынған тұлғалардың өтінімдері;

      3) сұйытылған мұнай газын өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау, тиеп-жөнелту және өткізу мониторингі шеңберінде оларға қатысты Заңмен белгіленген, сұйытылған мұнай газын өткізу тәртібін жоймаған бұзушылықтары анықталған тұлғалардың өтінімдері;

      4) тізбеге енгізілмеген сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылардың өтінімдері қабылданбайды.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 22.01.2022 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Жиынтық өтінім дайындау үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы осы Қағидалардың 26-1-тармағы ережелерін ескере отырып, тиісті өңірдің жоспарланып отырған кезеңге сұйытылған мұнай газына деген қажеттілігін айқындайды, ол мынадай мәліметтерге негізделеді:

      1) алдыңғы кезеңдердегі сұйытылған мұнай газын нақты тұтыну көлемдері;

      2) мотор отыны ретінде сұйытылған мұнай газын пайдаланатын өңірде тіркелген жеңіл, жүк және жолаушы көлігінің саны және осындай көліктің сұйытылған мұнай газын тұтынуының есептелген көлемдері;

      3) өңірде сұйытылған мұнай газын топтық резервуарлық қондырғылар арқылы және тұрмыстық баллондармен тұтынатын абоненттер саны;

      4) сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушыларды қоспағанда, өнеркәсіптік тұтынушылардың сұйытылған мұнай газын тұтыну көлемдері;

      5) тиісті өңірдің аумағында орналасқан және тізбеге енгізілген сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылардың сұйытылған мұнай газын тұтыну көлемдері.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 22.01.2022 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Сұйытылған мұнай газын жеткізуге өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссия) ұсынылған өтінімдерді осы Қағидалардың 19-тармағына сәйкес өңірдің сұйытылған мұнай газына деген қажеттілігін ескере отырып, олардың негізділігі мәніне қарайды.

      Бұл ретте сұйытылған мұнай газының көлемдерін газ желісі ұйымдары, газ толтыру станциялары, газ толтыру пунктері, автогаз құю станциялары иелерінің арасында бөлу осы Қағидаларға 4-қосымшада келтірілген газ желісі ұйымдары, газ толтыру станцияларының, газ толтыру пунктерінің, автогаз құю станцияларының иелері үшін сұйытылған мұнай газы көлемдерін айқындау тетігіне (бұдан әрі – Тетік) сәйкес жүзеге асырылады.

      Егер облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына 150 (жүз елудан) аса өтінім берілген жағдайда, Жиынтық өтінімді қалыптастыру жөніндегі комиссия сұйытылған мұнай газын бөлуді жергілікті атқарушы орган бекіткен Тетікке сәйкес жүзеге асырады.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 22.01.2022 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20-1. Газ желісі ұйымының, газ толтыру станциялары, газ толтыру пунктері, автогаз құю станциялары иелерінің тиісті өңірге арналған өтінімі кемінде бір вагон-норманы құрайды және онда Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау заңнамасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы талаптарын сақтай отырып, ондай тұлғаның нақты мүмкіндіктері ескеріледі.

      Ескерту. 20-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің м.а. 03.03.2020 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 22.01.2022 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      21. Сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылар ұсынған өтінімдер осы Қағидалардың 19-тармағына сай өңірдің сұйытылған мұнай газына деген қажеттілігін ескере отырып, олардың негізділігі мәніне төмендегі өлшемшарттар негізінде қарастырылады:

      1) өтінім берушілер сұрататын сұйытылған мұнай газ көлемдерінің тізбеде көрсетілген көлемдерге сәйкес келуі;

      2) өтініш берушілердің алдыңғы өткен кезеңде сұйытылған мұнай газын тұтынуының нақты көлемдері.

      22.Қалыптастырылған жиынтық өтінім сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссияның қарауына жатады.

      23. Жиынтық өтінімді қарау нәтижелері бойынша Жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссия жиынтық өтінімді мақұлдау туралы немесе оны түзету қажеттігі туралы шешім қабылдайды.

      Жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссия оны Тетікке сәйкес келтіру мақсатында жиынтық өтінімді түзетеді.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің м.а. 03.03.2020 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. Жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссияның шешімімен мақұлданған жиынтық өтінімді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органы бекітеді және жоспарланып отырған айдың алдындағы ай басталғанға дейін күнтізбелік 25 (жиырма бес) күннен кешіктірілмейтін мерзімде Комиссия отырысының хаттамасымен және сұйытылған мұнай газын Тетікке сәйкес өңірдің газ желісі ұйымдарының, газ толтыру станциялары, газ толтыру пунктері, автогаз құю станциялары иелерінің арасында бөлу есебімен қоса уәкілетті органға жолданады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ресми интернет-ресурсында:

      1) жиынтық өтінім және Комиссия отырысының хаттамасы;

      2) өңірдің газ толтыру станциялары, топтық резервуарлық қондырғылары, газ толтыру пунктері, автогаз құю станциялары иелерінің арасында бөлу есебі жарияланады.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 22.01.2022 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      25. Уәкілетті органға облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органынан келіп түскен жиынтық өтінімдер Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Өнім беру жоспарын қалыптастыру жөніндегі комиссия) қарауына жатады.

      Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру жөніндегі комиссия туралы ереже Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 20 қыркүйектегі № 384 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 17494 нөмірімен тіркелген).

      25-1. Мүдделі тұлға облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органы бекіткен жиынтық өтінімге немесе Жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссияның шешіміне Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдер туралы заңнамасына сәйкес шағымдануы мүмкін.

      Ескерту. 25-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің м.а. 03.03.2020 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      25-2. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) тиісті жергілікті атқарушы органы бекіткен жиынтық өтінім Қағидалардың осы тарауына сәйкес қалыптастырылады және уәкілетті органға жіберіледі.

      Ескерту. 25-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің м.а. 03.03.2020 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-тарау. Өнім беру жоспарын қалыптастыру тәртібі

      26. Өнім беру жоспары осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының жиынтық өтінімдерінің негізінде жоспарланып отырған айға сұйытылған мұнай газын алушыларды бөле отырып, қалыптастырылады.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 22.01.2022 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      26-1. Уәкілетті орган өндіруші зауыттардан алған сұйытылған мұнай газын жылдық өндірудің болжамдық мәліметтері негізінде әрбір өңір үшін өнім беру жоспары шеңберінде бөлуге сұйытылған мұнай газының алдын ала көлемдерін айқындайды.

      Ескерту. Қағида 26-1-тармақпен толықтырылды- ҚР Энергетика министрінің 22.01.2022 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      27. Егер облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы осы Қағидалардың 24-тармағында көрсетілген мерзімде жиынтық өтінімді уәкілетті органға жібермесе, онда өнім беру жоспарын қалыптастыру жөніндегі комиссияның шешімімен тиісті өңірге арналған өнім беру жоспарында сұйытылған мұнай газын беру көлемдері ағымдағы ай деңгейінде белгіленеді.

      28. Қазақстан Республикасының ішкі нарығына өткізу міндетті болып табылатын сұйытылған мұнай газының көлемі өнім беру жоспарында әрбір өнім беруші үшін сұйытылған мұнай газының өнім берушісі жалпы өндірген көлеміне пайыздық қатынаста белгіленеді. Пайыздық қатынас вагон-норманы есепке ала отырып, барлық өнім берушілер үшін бірыңғай болып белгіленеді.

      Бұл ретте, егер өндірушінің есептік айдағы сұйытылған мұнай газын өндірудің нақты өндірілген көлемі жоспарланған көлемнен 110 (жүз он) пайыздан астам болса, онда есептік айдан кейінгі айға осындай өндірушінің сұйытылған мұнай газының нақты өндірілген көлемі мен жоспарланған көлем арасындағы айырмаға өсірілуге жатады.

      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің м.а. 03.03.2020 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      29. Электрондық сауда алаңдарынан тыс және осындай алаңдар арқылы сұйытылған мұнай газын өткізудің пайыздық арақатынасы сұйытылған мұнай газын өндірудің жобалық қуаты айына (сұйытылған мұнай газын өндірудің жиынтық көлемі) үш жүз тоннадан аспайтын өнім берушілерді қоспағанда, барлық өнім берушілер үшін бірыңғай белгіленеді. Осындай өнім берушілердің сұйытылған мұнай газының барлық көлемі өнім беру жоспарының шеңберінде электрондық сауда алаңдары арқылы өткізуге жатады.

      29-1. Ішкі нарыққа сұйытылған мұнай газын электрондық сауда алаңдары арқылы беру жоспарын қалыптастыру кезінде өнім беру өңірі ретінде тиісті облыс, республикалық маңызы бар қала, астана не өңірлер тобы немесе Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы айқындалады.

      Ескерту. 29-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің м.а. 03.03.2020 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      30. Электрондық сауда алаңдарынан тыс сұйытылған мұнай газын тиісті өңірлерге жеткізу үшін өнім берушілерді анықтау өнім берушілердің өндірістік қуаттарының географиялық орналасқан жеріне сүйене отырып, жүзеге асырылады.

      31. Егер сұйытылған мұнай газын өндіру жөніндегі өндіруші көрсететін қызметтерді екі және одан да көп өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын қайта өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иесі пайдаланатын болса, онда өндіруші:

      1) меншік құқығы немесе өзге де заңды негіздемелер бойынша тиесілі көмірсутек шикізатын қайта өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газы меншік иелері арасында беруге міндетті сұйытылған мұнай газының жалпы көлемін вагон-норманы ескере отырып, олардың сұйытылған мұнай газы өндірісінің жалпы көлеміндегі үлесіне сәйкес бөлуді;

      2) меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздемелер бойынша тиесілі көмірсутек шикізатын қайта өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының әрбір меншік иесі үшін өнім беру жоспарына сәйкес оның сұйытылған мұнай газы көлемін алушыларды айқындау;

      3) өнім беру жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының сұйытылған мұнай газына ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз ету басымдығын ескере отырып, сұйытылған мұнай газын тиеп-жөнелтуді жүзеге асырады.

      Егер өндіруші сұйытылған мұнай газының екі немесе одан көп маркаларын өндіретін болса (меншік иесінің көмірсутегі шикізатынан сұйытылған мұнай газының екі немесе одан көп маркасы өндіріледі), онда мұндай өндіруші оның өнім беру жоспарында көзделген осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген тұлғалар үшін оларды өндіру көлеміне пропорционал түрде өндірілген сұйытылған мұнай газының барлық маркаларын жеткізуді жүзеге асырады.

      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 22.01.2022 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      31-1. Тиісті өңірге электрондық сауда алаңдарынан тыс сұйытылған мұнай газын беру үшін бірнеше өнім берушіні анықтау кезінде осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген тұлғалар арасында сұйытылған мұнай газының көлемдерін бөлу вагон-норманы есепке ала отырып, пропорционалды жүзеге асырылады.

      Ескерту. 31-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің м.а. 03.03.2020 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 22.01.2022 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      32. Сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушыларға сұйытылған мұнай газын жеткізу үшін өнім берушілерді анықтау өнім берушілердің өндірістік қуатының географиялық орналасқан жеріне сүйене отырып, сондай-ақ қажет болған жағдайда сұйытылған мұнай газының құрамында қажетті фракциялардың бар болуын ескере отырып жүзеге асырылады.

      Бұл ретте мұнай-газ-химия өнімдерін (терең өңдеу процесінде химиялық өзгеріске түспеген) шығару үшін тікелей шикізат ретінде пайдаланылмайтын сұйытылған мұнай газының фракциялары өнім беру жоспарының шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс осындай өнеркәсіптік тұтынушының пайдасына иеліктен шығарылмайды және тараптармен келісілген мерзімде және тәртіпте өндірушіге қайтаруға жатады.

      33. Жергілікті атқарушы органдар Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген мәліметтерді ескере отырып, тиісті өңірдің сұйытылған мұнай газына деген қажетті көлемін Өнім беру жоспарын қалыптастыру жөніндегі комиссияның алдында қорғайды.

      34. Өнім беру жоспарын қалыптастыру жөніндегі комиссияның шешімі негізінде Өнім беру жоспары қалыптастырылады.

      35. Өнім беру жоспарын қалыптастыру жөніндегі комиссияның шешімі жоспарланып отырған айдың алдындағы ай басталғанға дейін күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірілмейтін мерзімде шығарылады.

      36. Өнім беру жоспарын қалыптастыру жөніндегі комиссия сұйытылған мұнай газын өндіруді, тасымалдауды (тасуды), сақтауды, тиеп-жөнелтуді және өткізуді мониторингтеу деректерінің негізінде жиынтық өтінімді өнім беру жоспарына енгізеді және өзгерту туралы дәлелді шешім қабылдайды.

      Өндіруші зауыттардың сұйытылған мұнай газы өндірісі көлемдері туралы мәліметтері өзгерген жағдайда ол туралы уәкілетті орган облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарға жоспарланып отырған айдың алдындағы ай басталғанға дейін күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірілмейтін мерзімде хабарлайды. Бұл ретте облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары уәкілетті органға жоспарланып отырған айдың алдындағы ай басталғанға дейін күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей түзетілген жиынтық өтінімді жолдайды.

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары уәкілетті органға осы Қағидалардың 26-1-тармағында көзделген түзетілген жиынтық өтінімді ұсынбаған жағдайда, Өтінім беру жоспарын қалыптастыру жөніндегі комиссия өндіруші зауыттар өндірген сұйытылған мұнай газы көлемі деректері негізінде өзгерту қажеттілігі туралы шешім қабылдайды.

      Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 22.01.2022 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      37. Бұл жағдайда жиынтық өтінімді 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде жиынтық өтінімді қалыптастыру жөніндегі тиісті комиссия түзетеді және оны облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы уәкілеттті органға жолдайды.

      38. Егер облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы жиынтық өтінімді осы Қағидалардың 37-тармағында көрсетілген мерзімде уәкілеттті органға жібермесе, онда Өнім беру жоспарын қалыптастыру жөніндегі комиссияның шешімімен осындай жиынтық өтінімде көрсетілген барлық алушылар үшін сұйытылған мұнай газын беру көлемдерін пропорционалды түрде өзгерту жүргізіледі.

      39. Уәкілетті орган өнім беру жоспарын өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутек шикізатын қайта өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газын өндірушілерге, оның меншік иелеріне жоспарланып отырған айдың алдындағы ай басталғанға дейін күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірілмейтін мерзімде жібереді және уәкілетті орган өзінің ресми интернет-ресурсында жариялайды.

      39-1. Бекітілген өнім беру жоспарын түзету мынадай жағдайларда жүргізіледі:

      1) сұйытылған мұнай газын өндіру көлемі тиісті өнім берушіге өнім беру жоспарын орындауға мүмкіндік бермейтін деңгейге дейін төмендеген кезде;

      2) газ желісі ұйымы, газ толтыру станцияларының, газ толтыру пунктерінің, автогаз құю станцияларының иелері үшін өз қызметін жүзеге асыру және (немесе) өнім беру жоспары шеңберінде сұйытылған мұнай газын сатып алуға қатысу объективті түрде мүмкін болмаған және (немесе) тыйым салынған кезде;

      3) газ желісі ұйымы, газ толтыру станцияларының, газ толтыру пунктерінің, автогаз құю станцияларының иелері электрондық сауда алаңдарынан тыс сұйытылған мұнай газының көлемін сатып алудан мұндай тұлғаның кінәсінен бас тарту жағдайы туындаған кезде.

      Ескерту. 39-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің м.а. 03.03.2020 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 22.01.2022 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      39-2. Осы Қағидалардың 39-1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда, қалған өнім берушілердің Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру көлемін пропорционалды арттыру және (немесе) электрондық сауда алаңдарынан тыс өнім беру жоспары шеңберінде газ желісі ұйымдары, газ толтыру станцияларының, газ толтыру пунктерінің, автогаз құю станцияларының иелері алатын көлемдерді пропорционалды азайту жүргізіледі.

      Осы Қағидалардың 39-1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда Тетікке сәйкес тиісті өңірдің қалған газ желісі ұйымдарының, газ толтыру станцияларының, газ толтыру пункттері, автогаз толтыру станциялары иелерінің пайдасына сұйытылған мұнай газын пропорционалды бөлу жүзеге асырылады.

      Ескерту. 39-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің м.а. 03.03.2020 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 22.01.2022 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      40. Өнім берушіде газ желісі ұйымы немесе сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушы сұйытылған мұнай газын сатып алудан бас тартуына байланысты, электрондық сауда алаңдарынан тыс Қазақстан Республикасының ішкі нарығына өткізу үшін міндетті болып табылатын өнім беру жоспары шеңберінде көзделген сұйытылған мұнай газының тиеп-жөнелтілмеген көлемдері пайда болған жағдайда, мұндай өнім беруші уәкілетті органға 2 (екі) жұмыс күні ішінде алдын ала хабарлама бере отырып, электрондық сауда алаңдары арқылы тиеп-жөнелтілмеген көлемдерді өткізуді жүзеге асырады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жағдайда сұйытылған мұнай газын өткізу Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 6 желтоқсандағы № 481 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17897 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Электрондық сауда алаңдары арқылы сұйытылған мұнай газы сауда-саттығын ұйымдастыру мен өткізу қағидаларында белгіленген тәртіппен және жағдайларда жүзеге асырылады.

      Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің м.а. 03.03.2020 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      41. Өнім берушілер жоспарланған ай басталғанға дейін және (немесе) өндіруші бөлгенге дейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген тұлғалардың атына өнім беру жоспарына және өндірушінің бөлуіне сәйкес сұйытылған мұнай газын беру графигін қоса бере отырып, өз тарапынан қол қойылған сұйытылған мұнай газын беру шартын (шартқа қосымша келісімді) жолдайды.

      Осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген тұлғалар 5 (бес) жұмыс күні ішінде өнім берушіге:

      1) өз тарапынан қол қойылған сұйытылған мұнай газын беру шартын (шартқа қосымша келісімді), сондай-ақ сұйытылған мұнай газын төлегені туралы мәліметті;

      2) осы Қағидалардың 5-тармағында көлсетілген тұлғаның уәкілетті адамы қол қойған сұйытылған мұнай газын сатып алудан бас тартуы туралы немесе ақысы төленгенді алудан бас тартуы туралы себебін көрсете отырып, өнім берушінің атына хат.

      Осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген тұлғаның атынан 5 (бес) жұмыс күні ішінде ресми жауап алмау сұйытылған мұнай газын сатып алудан бас тарту болып саналады.

      Өнім берушілер ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5 (бесінші) күнінен кешіктірмей, уәкілетті органға және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органына осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген тұлғалар электрондық сауда алаңдарынан тыс өнім беру жоспары шеңберінде сұйытылған мұнай газы көлемдерінен бас тарту жағдайлары туралы хабарлайды.

      Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 22.01.2022 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      42. Өнім берушіде Қазақстан Республикасының ішкі нарығында электрондық сауда алаңдары арқылы өткізу үшін міндетті сұйытылған мұнай газының тиеп-жөнелтілмеген көлемдері туындаған жағдайда, ол Заңның 6-бабының 18-1) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін электрондық сауда алаңдары арқылы сұйытылған мұнай газы сауда-саттығын ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларына сәйкес ережелерді сақтаған жағдайда, мұндай өнім беруші уәкілетті органды алдын ала хабардар ете отырып, тиеп-жөнелтілмеген көлемдерді өзге тұлғаларға өткізуді жүзеге асырады.

      43. Заңның 27-1-бабының 14-тармағына сәйкес сұйытылған мұнай газын өндірушілер, өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутек шикізатын қайта өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иелері өнім беру жоспарын орындауға міндетті.

      Егер өнім беру жоспары орындалмаса, оның ішінде осы Қағидалардың 31-тармағына сәйкес жүзеге асырылатын өндірушінің бөлуі орындалмаса, онда сұйытылған мұнай газының жеткізілмеген көлемдері мұндай айға арналған өнім беру жоспарында көзделген сұйытылған мұнай газының көлемдеріне қосымша келесі айда жеткізілуі тиіс.

      Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің м.а. 03.03.2020 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасының
ішкі нарығына сұйытылған
мұнай газын беру жоспарын
қалыптастыру қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

________ (жылғы) ________(айы) арналған _____________________ (өңір атауы) сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінім

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің м.а. 03.03.2020 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Өңірдің сұйытылған мұнай газына 20_____ жылғы ________ қажеттілігі ______ тоннаны құрайды, оның ішінде электрондық сауда алаңдары арқылы ___% немесе ______ тонна, электрондық сауда алаңдарынан тыс ___% немесе ______ тонна, оның ішінде:

  тоннамен

р/с №

Алушының атауы, орналасқан жері

Алушының бизнес-сәйкестендіру нөмірі

Өнімнің сұратылатын көлемі

оның ішінде ары қарай өткізу түрлері бойынша бөле отырып

моноблоктарды қоса алғанда, автогазқұю станциялары арқылы

газ толтыру пункттері арқылы (тұрмыстық баллондар)

топтық резервуарлық қондырғылар арқылы**

меншік

бөгде

меншік

бөгде

1

2

3

4

5

6

7

8

9











оның ішінде ары қарай өткізу түрлері бойынша бөлумен бірге

Мұнай-газ-химия өнімін өндіру процесінде химиялық өзгеріске түспеген сұйытылған мұнай газының көлемі (бар болған жағдайда)

Түсіру орны: газтолтыру станциясының орналасқан мекенжайы (аккредиттеу туралы куәлікте және/немесе сақтау (ауыстырып тиеу) шарты бойынша көрсетілген)

сыйымдылық газы

тұрмыстық тұтынушыларға

коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға

өнеркәсіптік тұтынушыларға

10

11

12

13

14
















      Ескертпе:

      - *пайдаланылуы Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес табиғи монополиялар салаларына жатқызылған топтық резервуарлық қондырғылар бойынша ғана толтырылады.

      Сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімін өндіру үшін пайдаланатын өнеркәсіптік кәсіпорындар 2, 3, 4 және 13-бағандарды толтырады.

  Қазақстан Республикасының
ішкі нарығына сұйытылған
мұнай газын беру жоспарын
қалыптастыру қағидаларына
2-қосымша
Нысан

Газ желісі ұйымдары, газ толтыру станцияларының, топтық резервуарлық қондырғылардың, газ толтыру пунктерінің, автогаз құю станцияларының иелері, мұнай-газ-химия өнімін өндіру үшін сұйытылған мұнай газын шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылардың және сұйытылған мұнай газы сауда-саттығына қатысушылардың сұйытылған мұнай газын жеткізуге арналған өтінімі

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 22.01.2022 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      __________________________, бизнес-сәйкестендіру нөмірі ______________,

      (алушының атауы)

      орналасқан жері _______________________ ________ жылғы ________ (айға),

      жеткізілетін өңір ____________________________________________________

      (жеткізілетін өңір көрсетіледі)

      тоннамен

Өнімнің сұратылатын көлемі

Оның ішінде ары қарай өткізу түрлері бойынша бөле отырып


автогаз құю станциялары және (немесе) моноблоктар арқылы

газ толтыру пункттері арқылы (тұрмыстық баллондар)

топтық резервуарлық қондырғылар арқылы**

сыйымдылық газы

меншік

бөгде

меншік

бөгде

тұрмыстық тұтынушыларға

коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға

өнеркәсіптік тұтынушыларға

1

2

3

4

5

6

7

8

9










Мұнай-газ-химия өнімін өндіру процесінде химиялық өзгеріске түспеген сұйытылған мұнай газының көлемі (бар болған жағдайда)

Түсіру орны: газ толтыру станцияның орналасқан мекенжайы (аккредиттеу туралы куәлікте және/немесе сақтау (ауыстырып тиеу) шарты бойынша көрсетілген)

10

11



      Ескертпе:

      * мәлімделген өңірде газ желісі ұйымдары, газ толтыру станциясы болмаған кезде газ толтыру станцияларының, топтық резервуарлық қондырғылардың, газ толтыру пунктерінің, автогаз құю станцияларының иелері толтырады.

      Өтінімде көрсетілетін мәліметтер өзгерген кезде газ желісі ұйымдары, газ толтыру станцияларының иелері, топтық резервуарлық қондырғылардың иелері, газ толтыру пунктерінің иелері, автогаз құю станцияларының иелері үш жұмыс күні ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органына өзгертілген мәліметтер бойынша растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады;

      **пайдаланылуы Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес табиғи монополиялар салаларына жатқызылған топтық резервуарлық қондырғылар бойынша ғана толтырылады.

      Сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін пайдаланатын өнеркәсіптік кәсіпорындар 1 және 10-бағандарды толтырады.

  Қазақстан Республикасының
ішкі нарығына сұйытылған
мұнай газын беру жоспарын
қалыптастыру қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылар тізбесі

р/с №

Өнеркәсіптік тұтынушының атауы

Өнеркәсіптік тұтынушының орналасқан жері

Тұтынылатын сұйытылған мұнай газ көлемі (жобалық қуаты), мың тонна

Шығарылатын мұнай-газ-химия өнімдерінің атауы

Шығарылатын мұнай-газ-химия өнімдерінің көлемі (жобалық қуаты), мың тонна

Мұнай-газ-химия өнімін өндіру процесінде химиялық өзгеріске түспеген сұйытылған мұнай газының көлемі, мың тонна (бар болған жағдайда)

айына

жылына

айына

жылына

айына

жылына

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10








      Ескертпе: мұнай-газ-химия өнімін өндіру үшін сұйытылған мұнай газын шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылардың тізбесі мынадан тұрады:

      1) № р/с – реттік нөмірі;

      2) өнеркәсіптік тұтынушының атауы - мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру кезінде шикізат ретінде пайдалану үшін сұйытылған мұнай газ сатып алатын заңды тұлғаның атауы;

      3) өнеркәсіптік тұтынушының орналасқан жері – мұнай-газ-химия өнімін өндіру үшін сұйытылған мұнай газын шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушы орналасқан облыс, қала, аудан;

      4) және 5) тұтынылатын сұйытылған мұнай газының көлемі - мұнай-газ-химия өнімін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланылатын сұйытылған мұнай газының ай сайынғы және жылдық көлемі (өлшем бірлігі – мың тонна);

      6) шығарылатын мұнай-газ-химия өнімінің атауы;

      7) және 8) шығарылатын мұнай-газ-химия өнімінің көлемі – өндірілетін мұнай-газ-химия өнімінің ай сайынғы және жылдық көлемі (өлшем бірлігі – мың тонна);

      9) және 10) мұнай-газ-химия өнімін өндіру процесінде химиялық өзгеріске түспеген сұйытылған мұнай газының көлемі - мұнай-газ-химия өнімін өндіру үшін терең өңдеу процесінде химиялық өзгеріске түспеген сұйытылған мұнай газының ай сайынғы және жылдық көлемі (өлшем бірлігі –мың тонна).

  Қазақстан Республикасының
ішкі нарығына сұйытылған
мұнай газын беру жоспарын
қалыптастыру қағидаларына
4-қосымша

Газ желісі ұйымдары, газ толтыру станцияларының, топтық резервуарлық қондырғылардың, газ толтыру пунктерінің, автогаз құю станцияларының иелері үшін сұйытылған мұнай газы көлемдерін айқындау тетігі

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 22.01.2022 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Газ желісі ұйымдары, газ толтыру станцияларының, топтық резервуарлық қондырғылардың, газ толтыру пунктерінің, автогаз құю станцияларының иелері ұсынған өтінімдер мынадай өлшемшарттарға сүйене отырып қарастырылады:

      1) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес пайдаланылуы табиғи монополиялар саласына жатқызылған топтық резервуарлық қондырғыларды қоспағанда, осы Тетіктің 5-тармағында көрсетілген өңірде мәлімделген объектілердің газ толтыру станциясы болмаған кезде газ желісі ұйымдары, газ толтыру станцияларының, газ толтыру пунктерінің, автогаз құю станцияларының иелері пайдаланатын жобалық қуаты (бұдан әрі – P1 көрсеткіші);

      2) топтық резервуарлық қондырғылар арқылы сұйытылған мұнай газын өткізуді қоспағанда, мәлімделген өңірде сұйытылған мұнай газын өткен кезеңдерде өткізудің нақты көлемдері (бұдан әрі – P2 көрсеткіші);

      3) мәлімделген өңірде сұйытылған мұнай газын тұрмыстық баллондарда өткізу (бұдан әрі – P3 көрсеткіші).

      2. Әрбір өлшемшарт бойынша жалпы мәннен пайыздық арақатынастағы үлесі шығарылады. Газ желісі ұйымдары, газ толтыру станцияларының, газ толтыру пунктерінің, автогаз құю станцияларының иелері көрсеткішінің қорытынды мәні пайыздық көрсеткіштердің орташа өлшенген мәні ретінде белгіленеді.

      3. Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес пайдаланылуы табиғи монополиялар саласына жатқызылған топтық резервуарлық қондырғылар (бұдан әрі – топтық резервуарлық қондырғылар) арқылы өткізілуі тиіс сұйытылған мұнай газының көлемдері өткен үш күнтізбелік айдағы орташа айлық тұтынуды ескере отырып, толық көлемде белгіленеді.

      4. Жалпы көлемнен үлес:

      1 газ желісі ұйымының, газ толтыру станцияларының, газ толтыру пунктерінің, автогаз құю станцияларының иесінің инфрақұрылымы артқан кезінде;

      2) газ желісі ұйымы, газ толтыру станцияларының, газ толтыру пунктерінің, автогаз құю станцияларының иелерінің орташа айлық өткізу көлемі өскен кезінде арттыруға жатады.

      5. P1 көрсеткішін бағалау кезінде газ толтыру станциясы болмаған кезде газ толтыру станцияларының, топтық резервуарлық қондырғылардың, газ толтыру пунктерінің, автогаз құю станцияларының иелерінің пайдаланымдағы қуаттары жалпы көлемінің жиынтықты көрсеткіші көрсетіледі:

      1) газ желісі ұйымы;

      2) газ толтыру станциялары;

      2) газ толтыру пункттері;

      3) моноблоктарды қоса алғанда, автогаз құю станциялары.

      Аталған қуаттың бар болуын растау үшін газ желісі ұйымдары, газ толтыру станцияларының, газ толтыру пунктерінің, автогаз құю станцияларының иелері құқық белгілеуші құжаттардың, сондай-ақ әрбір объектінің жалпы сыйымдылығын және жобалық қуатын белгілейтін құжаттардың көшірмелерін ұсынады.

      6. P2 көрсеткішін бағалау кезінде топтық резервуарлық қондырғылар арқылы өткізілген сұйытылған мұнай газы көлемін қоспағанда, газ желісі ұйымы, газ толтыру станцияларының, газ толтыру пунктерінің, автогаз құю станцияларының иелері өткен үш күнтізбелік айдағы өткізуінің нақты көлемі көрсетіледі.

      Сұйытылған мұнай газының көлемдерін өткізу туралы осы мәліметтердің бар болуын растау үшін газ желісі ұйымдары, газ толтыру станцияларының, газ толтыру пунктерінің, автогаз құю станцияларының иелері облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына сұйытылған мұнай газын сатып алғанын растайтын құжаттардың (беру шарты, электрондық счет-фактуралар, құжаттар) көшірмесін береді.

      7. P3 көрсеткішін бағалау кезінде сұйытылған мұнай газын тұрмыстық баллондарда өткізетін газ желісі ұйымының, газ толтыру станциялары, газ толтыру пунктері, автогаз құю станциялары иелерінің нақты көлемі көрсетіледі.

      8. Өлшемшарттардың әрқайсысының үлесі мына формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      P1 көрсеткіші – өңірдің газ желісі ұйымы, газ толтыру станцияларының, газ толтыру пунктерінің, автогаз құю станцияларының иелері қуатының жалпы көлемінен үлес;

      PГСО (көлем) – газ желісі ұйымының, газ толтыру станцияларының, газ толтыру пунктерінің, автогаз құю станцияларының иелері қуатының нақты көлемі;

      PГСО жалпы (көлемі) – өңірдің газ желісі ұйымының, газ толтыру станцияларының, газ толтыру пунктерінің, автогаз құю станцияларының иелері қуатының жалпы көлемі



      мұндағы:

      P2 көрсеткіші (%) – топтық резервуарлық қондырғылар арқылы өткізілген сұйытылған мұнай газы көлемін қоспағанда газ желісі ұйымының, газ толтыру станцияларының, газ толтыру пунктерінің, автогаз құю станцияларының иелерінің өткен күнтізбелік үш айдағы өткізу көлемінің үлесі;

      PГСО (өткізу көлемі) – топтық резервуарлық қондырғылар арқылы өткізілген сұйытылған мұнай газы көлемін қоспағанда, газ желісі ұйымының газ толтыру станцияларының, газ толтыру пунктерінің, автогаз құю станцияларының иелерінің өткен күнтізбелік үш айдағы өткізуінің нақты көлемі;

      PГСО жалпы (өткізу көлемі) – топтық резервуарлық қондырғылар арқылы өткізілген сұйытылған мұнай газы көлемін қоспағанда, газ желісі ұйымының, газ толтыру станцияларының, газ толтыру пунктерінің, автогаз құю станцияларының иелерінің өткен күнтізбелік үш айдағы өткізуінің жалпы көлемі.



      мұндағы:

      P3көрсеткіші (%) – тұрмыстық баллондардағы сұйытылған мұнай газын өткізу үлесі;

      PГСО (тб) – тұрмыстық баллондарда сұйытылған мұнай газын өткізу үшін инфрақұрылымның бар болуы (болған жағдайда = 1, жоқ болса = 0);

      PГСО жалпы (тб) – тұрмыстық баллондарда сұйытылған мұнай газын өткізу үшін инфрақұрылымы бар өңірдің газ желісі ұйымдарының, газ толтыру станцияларының, газ толтыру пунктерінің иелерінің жиынтық саны.

      Тиісті өңірде арнайы автокөліктің, авариялық-диспетчерлік қызметтің, тұтынушылардың абонеттік есебі, тұрмыстық баллондардың газ толтыру цехінің және тұрмыстық баллондарды жөндеу және кәдеге жарату цехтарының бар болуы тұрмыстық баллондарда сұйытылған мұнай газын өткізу үшін инфрақұрылымы деп түсіндіріледі.

      Аталған мүліктің болуын растау үшін газ желісі ұйымдары, газ толтыру станцияларының, газ толтыру пунктерінің иелерінің тиісті құжаттардың көшірмелерін ұсынады.

      9. Газ желісі ұйымдарының, газ толтыру станцияларының, газ толтыру пунктерінің, автогаз құю станцияларының иелері көрсеткішінің қорытынды мәні көрсеткіштердің пайыздық орташа сараланған мәні ретінде анықталады.



      мұндағы:

      К1 – 20%;

      К2 – 75%;

      К3 – 5%

      10. Электрондық сауда алаңдарынан тыс өнім беру жоспарының шеңберінде газ желісі ұйымының, газ толтыру станцияларының, топтық резервуарлық қондырғылардың, газ толтыру пунктерінің, автогаз құю станцияларының иелерінің өткізу көлемінің қорытынды мәні мына формула бойынша көлемдік мәнде анықталады:



      мұндағы:

      Vrco(ЖӨ) – әрбір газ желісі ұйымының, газ толтыру станцияларының, топтық резервуарлық қондырғылардың, газ толтыру пунктерінің, автогаз құю станцияларының иелерінің үшін электрондық сауда алаңдарынан тыс жиынтық өтініммен белгіленген көлем;

      Vжоспар – топтық резервуарлық қондырғылар арқылы өткізу үшін бөлінген сұйытылған мұнай газының көлемін қоспағанда, әрбір өңір үшін электрондық сауда алаңдарынан тыс жиынтық өтінімде көзделген жалпы көлем.

      VГСО (ГТҚ) – әрбір топтық резервуарлық қондырғыларының иелері бөлінісінде топтық резервуарлық қондырғылар арқылы өткізілетін сұйытылған мұнай газының көлемдері.

      11. Газ желісі ұйымының, газ толтыру станцияларының, газ толтыру пунктерінің, автогаз құю станцияларының иелері бойынша деректер:

      1) өткен үш күнтізбелік ай үшін газ желісі ұйымының, газ толтыру станцияларының, газ толтыру пунктерінің, автогаз құю станцияларының иелерінің өткізу көлемдері бойынша;

      2) жобалық қуаттары бойынша жаңартуға жатады.

      12. Газ желісі ұйымының, газ толтыру станцияларының, топтық резервуарлық қондырғылардың, газ толтыру пунктерінің, автогаз құю станцияларының иелері осы Тетіктің 8, 9 және 10-тармақтарына сәйкес жиынтық өтінімде есептелген көлемнен аз сұйытылған мұнай газы көлеміне өтінім берген жағдайда, сұйытылған мұнай газының қалған көлемі тиісті өңірде өткізу үшін электрондық сауда алңдарына шығарылады.

      13. Газ желісі ұйымының, газ толтыру станцияларының, топтық резервуарлық қондырғылардың, газ толтыру пунктерінің, автогаз құю станцияларының иелері қызметі тоқтатылса, сұйытылған мұнай газына берілмей қалған көлемдері тиісті өңірде сату үшін электрондық сауда алаңдары арқылы сатуға шығарылады.

  Қазақстан Республикасының
ішкі нарығына сұйытылған
мұнай газын беру жоспарын
қалыптастыру қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

________(жыл) ________(ай) арналған Қазақстан Республикасының ішкі нарығына электрондық сауда алаңдарынан тыс сұйытылған мұнай газын беру жоспары

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің м.а. 03.03.2020 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  тоннамен

р/с №

Өнім берушінің атауы, орналасқан жері

Жеткізу өңірі

Алушының атауы

Электрондық сауда алаңынан тыс алушы үшін берілетін сұйытылған мұнай газының көлемі, тонна

Түсіру орны

1

2

3

4

5

6







      Ескертпе: Өнім беру жоспары мыналарды қамтиды:

      1) № р/с – реттік нөмірі;

      2) өнім берушінің атауы, мекенжайы – өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иелерінің, өндірушілердің тізбесі және олардың орналасқан жері;

      3) жеткізу өңірі – сұйытылған мұнай газы жеткізілетін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана немесе өңірлер тобы, не Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы;

      4) алушының атауы - газ желісі ұйымдарының, мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін сұйытылған мұнай газын шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылардың тізбесі;

      5) алушылар бөлінісінде электрондық сауда алаңдарынан тыс жеткізілетін сұйытылған мұнай газының көлемі,сондай-ақ жүктеме деңгейі пайыздық қатынаста барлық өнім берушілер үшін бірыңғай белгіленеді, тоннада;

      6) түсіру орны – аккредиттеу туралы куәлікте көрсетілген немесе сақтау (ауыстырып-тиеу) шарты бойынша газды сақтауды жүзеге асыратын газ толтыру станциясының орналасқан мекенжайы, ал мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін сұйытылған мұнай газын шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылар үшін – газды сақтауға арналған сыйымдылықтар.

      Егер өндіруші өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатынан сұйытылған мұнай газын өндіру бойынша қызмет көрсеткен жағдайда, онда өнім беру жоспарында мұндай өндірушінің қызметтерін пайдаланатын өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының барлық меншік иелерінің Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізу үшін міндетті сұйытылған мұнай газының жиынтық көлемі көрсетіледі.

      Егер өнім беруші өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе құзыретті орган және жер қойнауын пайдаланушы арасында 2009 жылғы 1 қаңтарға дейінгі жасалған және міндетті салық сараптамасынан өткен өнімді бөлу туралы келісімге (келісімшартқа) немесе Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалану келісімшартына сәйкес жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы болған жағдайда, онда мұндай тұлға үшін өнім беру жоспарында тек Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру көлемдері және беру өңірлері ғана белгіленеді.

________(жыл) ________(ай) арналған Қазақстан Республикасының ішкі нарығына электрондық сауда алаңдары арқылы сұйытылған мұнай газын беру жоспары

  тоннамен

р/с №

Өнім берушінің атауы, орналасқан жері

Жеткізу өңірі

Электрондық сауда алаңы арқылы алушы үшін берілетін сұйытылған мұнай газының көлемі, тонна

1

2

3

4





      Ескерпе: Өнім беру жоспары мыналарды қамтиды:

      1) № р/с – реттік нөмірі;

      2) өнім берушінің атауы, мекенжайы – өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иелерінің, өндірушілердің тізбесі және олардың орналасқан жері;

      3) жеткізу өңірі – сұйытылған мұнай газы жеткізілетін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана немесе өңірлер тобы, не Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы;

      4) өңір бөлінісінде электрондық сауда алаңдары арқылы жеткізілетін сұйытылған мұнай газының көлемі, тоннада