Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 04.12.2018 № 470 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 18) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына және 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 22.01.2022 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 04.12.2018 № 470 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | В. Школьник |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 22 қазандағы № 68 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 04.12.2018 № 470 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 18) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 05.07.2022 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қағидалар Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын (бұдан әрі – өнім беру жоспары) қалыптастыру тәртібін айқындайды.
3. Осы Қағидаларда мындай ұғымдар қолданылады:
1) вагон-норма – сұйытылған мұнай газының отыз алты тоннаға тең салмағы;
2) жиынтық өтінім – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының уәкілетті органға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жүгінуі;
3) өнім беруші – өнім беру жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру және өткізу міндеті Заңмен жүктелген сұйытылған мұнай газын өндіруші немесе оған меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын қайта өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иесі;
4) өтінім – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
газ желісі ұйымдары;
мұнай-газ-химия өнімін өндіру үшін сұйытылған мұнай газын шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылар;
сұйытылған мұнай газының сауда-саттығына қатысушылар ұсынады.
5) уәкілетті орган – газды өндіруді, тасымалдауды (тасуды), сақтауды және көтерме саудада өткізуді, сондай-ақ тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді және тұтынуды мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар Заңға сәйкес қолданылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің м.а. 03.03.2020 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 22.01.2022 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.4. Өнім беру жоспарына Қазақстан Республикасының ішкі нарығына тауар биржаларынан тыс және осындай биржалар арқылы өнім берушілер өткізуі міндетті болып табылатын сұйытылған мұнай газының көлемдері кіреді.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 05.07.2022 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Өнім беру жоспарының шеңберінде тауар биржаларынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газын сатып алу құқығына:
1) газ толтыру станцияларының иелері;
2) топтық резервуарлық қондырғылардың иелері;
3) газ толтыру пункттерінің иелері;
4) автогаз құю станцияларының иелері;
5) мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін сұйытылған мұнай газын шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылар тізбесіне (бұдан әрі – тізбе) енгізілген өніркәсіптік тұтынушылар ие болады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 05.07.2022 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Тауар биржалары арқылы өнім беру жоспарының шеңберінде өткізілетін сұйытылған мұнай газын сатып алу "Тауар биржалары туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 4-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган бекітетін Биржалық сауда қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 05.07.2022 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылар тізбесіне енгізу тәртібі
7. Тізбеге енгізу үшін сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылар уәкілетті органға мынадай құжаттар мен мәліметтерді:
1) мұнай-газ-химия кәсіпорнының мүліктік кешеніне өтініш берушінің меншік құқығын растайтын құқық белгілеуші құжаттардың көшірмелері;
2) мұнай-газ-химия кәсіпорнын пайдалануға енгізу актісі;
3) мұнай-газ-химия кәсіпорнының жұмыс істеуі бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала, астананың жергілікті атқарушы органдарының растау хаты;
4) жобалық құжаттамаға сәйкес әрбір қондырғы қуаты, өндірістің материалдық теңгерімі келтірілген технологиялық процестің сипаттамасы;
5) осы технология сипаттамасы келтірілген технология лицензиарларымен немесе технология мен технологиялық жабдықтарды жеткізушілермен келісімдер;
6) республика үшін әлеуметтік-экономикалық әсері (жұмыс орындары, бюджетке төлемдер, аралас салалар үшін мультипликативті әсер);
7) тұтынылатын сұйытылған мұнай газының, шығарылатын мұнай-газ-химия өнімдерінің (атауларын көрсете отырып) және мұнай-газ-химия өнімін өндіру процесінде химиялық өзгеріске түспеген сұйытылған мұнай газының көлемдері (жобалық қуаттарына сәйкес, айына және жылына мың тонна) бойынша ақпаратты қоса өтініш береді.
Өтініш беруші ұсынылатын құжаттар мен мәліметтердің дұрыс болуына кепілдік береді.
8. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген құжаттармен бірге өтінішті алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Өтініш беруші құжаттарды толық бермеген жағдайда, уәкілетті орган көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды бере отырып, оларды өтініш берушіге қайтарады.
Осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес құжаттар топтамасы толық берілген жағдайда, уәкілетті орган 15 (он бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарайды, сондай-ақ осы құжаттар мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін сұйытылған мұнай газын пайдалану мәселелері жөніндегі комиссияға (бұдан әрі - Комисся) ұсынымдарын алу үшін жіберіледі.
Комиссия мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін сұйытылған мұнай газын пайдалану мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлеу мақсатында уәкілетті орган жанында құрылады және оның құрамына химия өнеркәсібі саласындағы уәкілетті органның, "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, ғылыми-зерттеу ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ мұнай-газ өңдеу және мұнай-газ-химия салаларындағы тәжірибелі мамандар кіреді.
9. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттарды қарағаннан кейін Комиссияның ұсынымдарын ескере отырып, 7 (жеті) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша тізбені бекітеді және оны өзінің ресми интернет-ресурсында жариялайды немесе 3 (үш) жұмыс күні ішінде дәлелді бас тарту туралы хабарлама жібереді.
10. Өтініш берушіні тізбеге енгізуден бас тарту үшін негіздемелер:
1) өндірістің материалдық теңгерімінің жобалық құжаттамаға немесе мәлімделген технологиясына сәйкессіздігі;
2) технология лицензиарларымен немесе технология мен технологиялық жабдықтарды жеткізушілермен келісімдерге сәйкессіздігі;
3) егер өндірілетін мұнай-газ-химия өнімінің жоспарланған құны осындай өнімді өндіру үшін пайдаланылатын сұйытылған мұнай газы көлемінің құнынан төмен болса.
3-тарау. Өтінімдерді және жиынтық өтінімдерді қалыптастыру тәртібі
11. Осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген тұлғалардың сұйытылған мұнай газын беруге өтінімдері (бұдан әрі – өтінім) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дайындалады және жоспарланып отырған тоқсанның алдындағы ай басталғанға дейін күнтізбелік 45 (қырық бес) күннен кешіктірілмейтін мерзімде облыс, республикалық маңызы бар қала, астананың тиісті жергілікті атқарушы органына мәлімделген өңірде сұйытылған мұнай газын одан әрі өткізу үшін жіберіледі.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 05.07.2022 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген тұлғалардың өз мұқтаждықтары үшін пайдаланатын сұйытылған мұнай газының көлемдері өтінімдерге енгізілмейді.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 22.01.2022 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылардың өтінімдерінде мұнай-газ-химия өнімін өндіру процесінде химиялық өзгеріске түспеген сұйытылған мұнай газының көлемдері (бар болған жағдайда) жеке көрсетіледі.
14. Осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген өтінімдерге оларда көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.
14.1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтінімді қабылдайды немесе өтініш берушіге өтінішті қабылдаудан бас тарту не оны толық көлемде қабылдамағаны туралы дәлелді жауап жолдайды.
Ескерту. Қағида 14-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Энергетика министрінің 22.01.2022 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген өтінімдердің негізінде облыс, республикалық маңызы бар қала, астананың жергілікті атқарушы органы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жоспарланып отырған тоқсанға сұйытылған мұнай газын жеткізуге жиынтық өтінім (бұдан әрі – жиынтық өтінім) әзірлейді.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 05.07.2022 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.16. Жиынтық өтінім тауар биржаларынан тыс және осындай биржалар арқылы тиісті өңірге жеткізу үшін қажетті көлемдер туралы ақпаратты қамтиды. Тауар биржалары арқылы беру үшін мәлімделген, жоспарланған тоқсанға арналған жиынтық өтінімде белгіленуі тиіс сұйытылған мұнай газы үлесінің мөлшерін уәкілетті орган жоспарланып отырған айдың алдындағы ай басталғанға дейін күнтізбелік 40 (қырық) күннен кешіктірілмейтін мерзімде монополияға қарсы органмен келісу бойынша белгілейді және уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырады.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 05.07.2022 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17. Жиынтық өтінім осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген тұлғалар өтінімдері негізінде қалыптастырылады.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 22.01.2022 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.18. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының қарауына мынадай:
1) толық емес және (немесе) қате мәліметтер қамтылған өтінімдер;
2) ағымдағы тоқсанның алдындағы тоқсанның барлық айлары үшін сұйытылған мұнай газын өткізу туралы мәліметтерді ұсынбаған немесе қате мәлімет ұсынған тұлғалардың өтінімдері;
3) сұйытылған мұнай газын өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау, тиеп-жөнелту және өткізу мониторингі шеңберінде оларға қатысты Заңмен белгіленген, сұйытылған мұнай газын өткізу тәртібін жоймаған бұзушылықтары анықталған тұлғалардың өтінімдері;
4) тізбеге енгізілмеген сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылардың өтінімдері қабылданбайды.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 05.07.2022 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.19. Жиынтық өтінім дайындау үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы осы Қағидалардың 26-1-тармағы ережелерін ескере отырып, тиісті өңірдің жоспарланып отырған кезеңге сұйытылған мұнай газына деген қажеттілігін айқындайды, ол мынадай мәліметтерге негізделеді:
1) алдыңғы кезеңдердегі сұйытылған мұнай газын нақты тұтыну көлемдері;
2) мотор отыны ретінде сұйытылған мұнай газын пайдаланатын өңірде тіркелген жеңіл, жүк және жолаушы көлігінің саны және осындай көліктің сұйытылған мұнай газын тұтынуының есептелген көлемдері;
3) өңірде сұйытылған мұнай газын топтық резервуарлық қондырғылар арқылы және тұрмыстық баллондармен тұтынатын абоненттер саны;
4) сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушыларды қоспағанда, өнеркәсіптік тұтынушылардың сұйытылған мұнай газын тұтыну көлемдері;
5) тиісті өңірдің аумағында орналасқан және тізбеге енгізілген сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылардың сұйытылған мұнай газын тұтыну көлемдері.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 22.01.2022 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.20. Сұйытылған мұнай газын жеткізуге өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссия) ұсынған өтінімдерді осы Қағидалардың 19-тармағына сәйкес өңірдің сұйытылған мұнай газына деген қажеттілігін ескере отырып, олардың негізділігі мәніне қарайды.
Бұл ретте сұйытылған мұнай газының көлемдерін газ толтыру станциялары, газ толтыру пункттері, топтық резервуарлық қоңдырғылар, автогаз құю станциялары иелерінің арасында бөлуді осы Қағидаларға 4-қосымшада келтірілген газ толтыру станцияларының, газ толтыру пункттерінің, топтық резервуарлық қоңдырғылардың, автогаз құю станцияларының иелері үшін Сұйытылған мұнай газы көлемдерін айқындау тетігіне (бұдан әрі – Тетік) сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.
Егер облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына 150 (жүз елуден) астам өтінім берілген жағдайда, Жиынтық өтінімді қалыптастыру жөніндегі комиссия сұйытылған мұнай газын бөлуді мұндай жергілікті атқарушы орган бекіткен Тетікке сәйкес жүзеге асырады.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 05.07.2022 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.20-1. Газ толтыру станциясы, газ толтыру пункті, топтық резервуарлық қоңдырғы, автогаз құю станциясы иесінің тиісті өңірге арналған өтінімі кемінде бір вагон-норманы құрайды және онда Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, мұндай тұлғаның сұйытылған мұнай газының айналымы бойынша нақты мүмкіндіктері ескеріледі.
Ескерту. 20-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің м.а. 03.03.2020 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 05.07.2022 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.21. Сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылар ұсынған өтінімдер осы Қағидалардың 19-тармағына сай өңірдің сұйытылған мұнай газына деген қажеттілігін ескере отырып, олардың негізділігі мәніне төмендегі өлшемшарттар негізінде қарастырылады:
1) өтінім берушілер сұрататын сұйытылған мұнай газ көлемдерінің тізбеде көрсетілген көлемдерге сәйкес келуі;
2) өтініш берушілердің алдыңғы өткен кезеңде сұйытылған мұнай газын тұтынуының нақты көлемдері.
22.Қалыптастырылған жиынтық өтінім сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссияның қарауына жатады.
23. Жиынтық өтінімді қарау нәтижелері бойынша Жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссия жиынтық өтінімді мақұлдау туралы немесе оны түзету қажеттігі туралы шешім қабылдайды.
Жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссия оны Тетікке сәйкес келтіру мақсатында жиынтық өтінімді түзетеді.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің м.а. 03.03.2020 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.24. Жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссияның шешімімен мақұлданған жиынтық өтінімді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органы бекітеді және жоспарланып отырған тоқсанның алдындағы ай басталғанға дейін күнтізбелік 35 (отыз бес) күннен кешіктірілмейтін мерзімде өңірдің газ толтыру станциялары, газ толтыру пункттері, топтық резервуарлық қоңдырғылар, автогаз құю станциялары иелерінің арасында сұйытылған мұнай газын жеткізушілер мен бөлу есептеулері бөлінісінде Комиссия отырысының хаттамасын қоса бере отырып, уәкілетті органға жолдайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ресми интернет-ресурсында:
1) жиынтық өтінім және Комиссия отырысының хаттамасы;
2) өңірдің газ толтыру станциялары, топтық резервуарлық қондырғылары, газ толтыру пункттері, автогаз құю станциялары иелерінің арасында бөлу есептеулері жарияланады.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 05.07.2022 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.25. Уәкілетті органға облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органынан келіп түскен жиынтық өтінімдер Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Өнім беру жоспарын қалыптастыру жөніндегі комиссия) қарауына жатады.
Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру жөніндегі комиссия туралы ереже Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 20 қыркүйектегі № 384 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 17494 нөмірімен тіркелген).
25-1. Мүдделі тұлға облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органы бекіткен жиынтық өтінімге немесе Жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссияның шешіміне Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдер туралы заңнамасына сәйкес шағымдануы мүмкін.
Ескерту. 25-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің м.а. 03.03.2020 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.25-2. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) тиісті жергілікті атқарушы органы бекіткен жиынтық өтінім Қағидалардың осы тарауына сәйкес қалыптастырылады және уәкілетті органға жіберіледі.
Ескерту. 25-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің м.а. 03.03.2020 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4-тарау. Өнім беру жоспарын қалыптастыру тәртібі
26. Өнім беру жоспары осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының жиынтық өтінімдерінің негізінде жоспарланып отырған тоқсанға сұйытылған мұнай газын алушыларды бөле отырып, қалыптастырылады.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 05.07.2022 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.26-1. Уәкілетті орган өндіруші зауыттардан алған сұйытылған мұнай газын жылдық өндірудің болжамдық мәліметтері негізінде әрбір өңір үшін өнім беру жоспары шеңберінде бөлуге сұйытылған мұнай газының алдын ала көлемдерін айқындайды.
Ескерту. Қағида 26-1-тармақпен толықтырылды- ҚР Энергетика министрінің 22.01.2022 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.27. Егер облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы осы Қағидалардың 24-тармағында көрсетілген мерзімде жиынтық өтінімді уәкілетті органға жібермеген жағдайда, онда өнім беру жоспарын қалыптастыру жөніндегі комиссияның шешімімен тиісті өңірге арналған өнім беру жоспарында сұйытылған мұнай газын беру көлемдері ағымдағы тоқсан деңгейінде белгіленеді.
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 05.07.2022 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.28. Қазақстан Республикасының ішкі нарығына өткізу міндетті болып табылатын сұйытылған мұнай газының көлемі өнім беру жоспарында әрбір өнім беруші үшін сұйытылған мұнай газының өнім берушісі жалпы өндірген көлеміне пайыздық қатынаста белгіленеді. Пайыздық қатынас вагон-норманы есепке ала отырып, барлық өнім берушілер үшін бірыңғай болып белгіленеді.
Бұл ретте, егер өндірушінің есептік айдағы сұйытылған мұнай газын өндірудің нақты өндірілген көлемі жоспарланған көлемнен 110 (жүз он) пайыздан астам болса, онда есептік айдан кейінгі айға осындай өндірушінің сұйытылған мұнай газының нақты өндірілген көлемі мен жоспарланған көлем арасындағы айырмаға өсірілуге жатады.
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің м.а. 03.03.2020 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.29. Тауар биржаларынан тыс және осындай биржалар арқылы сұйытылған мұнай газын өткізудің пайыздық арақатынасы сұйытылған мұнай газын өндірудің жобалық қуаты (сұйытылған мұнай газын өндірудің жиынтық көлемі) айына үш жүз тоннадан аспайтын өндірушілерді қоспағанда, барлық өнім берушілер үшін бірыңғай белгіленеді. Осындай өнім берушілердің сұйытылған мұнай газының барлық көлемі өнім беру жоспарының шеңберінде тауар биржалары арқылы өткізуге жатады.
Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 05.07.2022 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.29-1. Тауар биржалары арқылы ішкі нарыққа сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру кезінде өнім беру өңірі ретінде тиісті облыс, республикалық маңызы бар қала, астана не өңірлер тобы, не Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы белгіленеді.
Ескерту. 29-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің м.а. 03.03.2020 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 05.07.2022 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.30. Тауар биржаларынан тыс сұйытылған мұнай газын тиісті өңірлерге жеткізу үшін өнім берушілерді анықтау өнім берушілердің өндірістік қуаттарының географиялық орналасқан жеріне сүйене отырып, жүзеге асырылады.
Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 05.07.2022 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.31. Егер сұйытылған мұнай газын өндіру жөніндегі өндіруші көрсететін қызметтерді екі және одан да көп өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын қайта өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иесі пайдаланатын болса, онда өндіруші:
1) меншік құқығы немесе өзге де заңды негіздемелер бойынша тиесілі көмірсутек шикізатын қайта өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газы меншік иелері арасында беруге міндетті сұйытылған мұнай газының жалпы көлемін вагон-норманы ескере отырып, олардың сұйытылған мұнай газы өндірісінің жалпы көлеміндегі үлесіне сәйкес бөлуді;
2) меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздемелер бойынша тиесілі көмірсутек шикізатын қайта өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының әрбір меншік иесі үшін өнім беру жоспарына сәйкес оның сұйытылған мұнай газы көлемін алушыларды айқындау;
3) өнім беру жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының сұйытылған мұнай газына ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз ету басымдығын ескере отырып, сұйытылған мұнай газын тиеп-жөнелтуді жүзеге асырады.
Егер өндіруші сұйытылған мұнай газының екі немесе одан көп маркаларын өндіретін болса (меншік иесінің көмірсутегі шикізатынан сұйытылған мұнай газының екі немесе одан көп маркасы өндіріледі), онда мұндай өндіруші оның өнім беру жоспарында көзделген осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген тұлғалар үшін оларды өндіру көлеміне пропорционал түрде өндірілген сұйытылған мұнай газының барлық маркаларын жеткізуді жүзеге асырады.
Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 22.01.2022 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.31-1. Тиісті өңірге тауар биржаларынан тыс сұйытылған мұнай газын жеткізу үшін бірнеше өнім берушіні анықтау кезінде осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген тұлғалар мен көрсетілген өнім берушілер арасында сұйытылған мұнай газының көлемдерін бөлу вагон-норманы есепке ала отырып, пропорционалды жүзеге асырылады.
Ескерту. 31-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің м.а. 03.03.2020 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 05.07.2022 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.32. Сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушыларға сұйытылған мұнай газын жеткізу үшін өнім берушілерді анықтау өнім берушілердің өндірістік қуатының географиялық орналасқан жерін есепке ала отырып, сондай-ақ қажет болған жағдайда сұйытылған мұнай газының құрамында қажетті фракциялардың бар болуын есепке ала отырып жүзеге асырылады.
Бұл ретте мұнай-газ-химия өнімдерін (терең өңдеу процесінде химиялық өзгеріске түспеген) шығару үшін шикізат ретінде тікелей пайдаланылмайтын сұйытылған мұнай газының фракциялары өнім беру жоспарының шеңберінде тауар биржаларынан тыс осындай өнеркәсіптік тұтынушының пайдасына иеліктен шығарылмайды және тараптармен келісілген мерзімде және тәртіпте өндірушіге қайтарылуға тиіс.
Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 05.07.2022 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.33. Жергілікті атқарушы органдар Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген мәліметтерді ескере отырып, тиісті өңірдің сұйытылған мұнай газына деген қажетті көлемін Өнім беру жоспарын қалыптастыру жөніндегі комиссияның алдында қорғайды.
34. Өнім беру жоспарын қалыптастыру жөніндегі комиссияның шешімі негізінде Өнім беру жоспары қалыптастырылады.
35. Өнім беру жоспарын қалыптастыру жөніндегі комиссияның шешімі жоспарланып отырған тоқсан алдындағы ай басталғанға дейін күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірілмейтін мерзімде шығарылады.
Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 05.07.2022 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.36. Өнім беру жоспарын қалыптастыру жөніндегі комиссия сұйытылған мұнай газын өндіруді, тасымалдауды (тасуды), сақтауды, тиеп-жөнелтуді және өткізуді мониторингтеу деректерінің негізінде жиынтық өтінімді өнім беру жоспарына енгізеді және оны өзгерту қажеттілігі туралы дәлелді шешім қабылдайды.
Өндіруші зауыттардың сұйытылған мұнай газы өндірісі көлемдері туралы мәліметтері өзгерген жағдайда уәкілетті орган облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарға жоспарланып отырған тоқсанның алдындағы ай басталғанға дейін күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірілмейтін мерзімде жиынтық өтінімді түзету қажеттілігі туралы хабарлайды. Бұл ретте облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары уәкілетті органға жоспарланып отырған айдың алдындағы ай басталғанға дейін күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей түзетілген жиынтық өтінімді жолдайды.
Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 05.07.2022 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.37. Бұл жағдайда жиынтық өтінімді 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде жиынтық өтінімді қалыптастыру жөніндегі тиісті комиссия түзетеді және оны облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы уәкілеттті органға жолдайды.
38. Егер облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы жиынтық өтінімді осы Қағидалардың 37-тармағында көрсетілген мерзімде уәкілеттті органға жібермесе, онда Өнім беру жоспарын қалыптастыру жөніндегі комиссияның шешімімен осындай жиынтық өтінімде көрсетілген барлық алушылар үшін сұйытылған мұнай газын беру көлемдерін пропорционалды түрде өзгерту жүргізіледі.
39. Уәкілетті орган өнім беру жоспарын өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутек шикізатын қайта өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газын өндірушілерге, оның меншік иелеріне жоспарланып отырған тоқсанның алдындағы ай басталғанға дейін күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірілмейтін мерзімде жібереді және уәкілетті орган өзінің ресми интернет-ресурсында жариялайды.
Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 05.07.2022 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.39-1. Бекітілген өнім беру жоспарын түзету мынадай жағдайларда жүргізіледі:
1) сұйытылған мұнай газын өндіру көлемі тиісті өнім берушіге өнім беру жоспарын орындауға мүмкіндік бермейтін деңгейге дейін төмендеген кезде;
2) газ толтыру станциясының, газ толтыру пунктінің, топтық резервуарлық қоңдырғы, автогаз құю станциясының иесі үшін өз қызметін жүзеге асыру және (немесе) өнім беру жоспары шеңберінде сұйытылған мұнай газын сатып алуға қатысу объективті түрде мүмкін болмаған және (немесе) тыйым салынған кезде;
3) газ толтыру станциясының, газ толтыру пунктінің, автогаз құю станциясының иелері тауар биржаларынан тыс сұйытылған мұнай газының көлемін сатып алудан мұндай тұлғаның кінәсінен бас тарту жағдайы туындаған кезде.
Ескерту. 39-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің м.а. 03.03.2020 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 05.07.2022 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.39-2. Осы Қағидалардың 39-1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда, қалған өнім берушілердің Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру көлемін пропорционалды арттыру және (немесе) тауар биржаларынан тыс өнім беру жоспары шеңберінде газ толтыру станцияларының, газ толтыру пункттерінің, автогаз құю станцияларының иелері алатын көлемдерді пропорционалды азайту жүргізіледі.
Осы Қағидалардың 39-1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда Тетікке сәйкес тиісті өңірдің қалған газ толтыру станцияларының, газ толтыру пункттері, топтық резервуарлық қондырғылар, автогаз толтыру станциялары иелерінің пайдасына сұйытылған мұнай газын пропорционалды қайта бөлу жүзеге асырылады.
Ескерту. 39-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің м.а. 03.03.2020 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) ; жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 05.07.2022 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.40. Өнім берушіде осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген тұлғалардың сұйытылған мұнай газын сатып алудан бас тартуына байланысты тауар биржаларынан тыс Қазақстан Республикасының ішкі нарығына өткізу үшін міндетті болып табылатын өнім беру жоспары шеңберінде көзделген сұйытылған мұнай газының тиеп-жөнелтілмеген көлемдері пайда болған жағдайда, мұндай өнім беруші уәкілетті органға 2 (екі) жұмыс күні ішінде алдын ала хабар бере отырып, тауар биржалары арқылы тиеп-жөнелтілмеген көлемдерді өткізуді жүзеге асырады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жағдайда сұйытылған мұнай газын өткізу "Тауар биржалары туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 4-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган бекітетін Биржалық сауда қағидаларында белгіленген тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылады.
Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 05.07.2022 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.41. Өнім берушілер жоспарланған ай басталғанға дейін және (немесе) өндіруші бөлгенге дейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген тұлғалардың атына өнім беру жоспарына және өндірушінің бөлуіне сәйкес сұйытылған мұнай газын беру графигін қоса бере отырып, өз тарапынан қол қойылған сұйытылған мұнай газын беру шартын (шартқа қосымша келісімді) жолдайды.
Осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген тұлғалар 5 (бес) жұмыс күні ішінде өнім берушіге:
1) өз тарапынан қол қойылған сұйытылған мұнай газын беру шартын (шартқа қосымша келісімді), сондай-ақ сұйытылған мұнай газын төлегені туралы мәліметті;
2) төленген сұйытылған мұнай газын алудан бас тартуы туралы себебін көрсете отырып, осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген тұлғаның уәкілетті өкілі қол қойған хаты.
Осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген тұлғаның атынан 5 (бес) жұмыс күні өткеннен кейін ресми жауап алмау еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған жағдайларды қоспағанда, сұйытылған мұнай газын сатып алудан бас тарту болып саналады.
Өнім берушілер ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5 (бесінші) күнінен кешіктірмей, уәкілетті органға және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органына осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген тұлғалар тауар биржаларынан тыс өнім беру жоспары шеңберінде сұйытылған мұнай газы көлемдерінен бас тарту жағдайлары туралы хабарлайды.
Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 05.07.2022 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.42. Өнім берушіде Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауар биржалары арқылы өткізу үшін міндетті сұйытылған мұнай газының тиеп-жөнелтілмеген көлемдері туындаған жағдайда, ол "Тауар биржалары туралы" Заңның 4-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган бекітетін Биржалық сауда қағидаларының ережелерін сақтаған кезде мұндай өнім беруші уәкілетті органды алдын ала хабардар ете отырып, тиеп-жөнелтілмеген көлемдерді басқа тұлғаларға өткізуді жүзеге асырады.
Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 05.07.2022 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.43. Заңның 27-1-бабының 14-тармағына сәйкес сұйытылған мұнай газын өндірушілер, өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутек шикізатын қайта өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иелері өнім беру жоспарын орындауға міндетті.
Егер өнім беру жоспары орындалмаса, оның ішінде осы Қағидалардың 31-тармағына сәйкес жүзеге асырылатын өндірушінің бөлуі орындалмаса, онда сұйытылған мұнай газының жеткізілмеген көлемдері мұндай айға арналған өнім беру жоспарында көзделген сұйытылған мұнай газының көлемдеріне қосымша келесі айда жеткізілуі тиіс.
Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің м.а. 03.03.2020 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру қағидаларына 1-қосымша |
________________________________________ (өңір атауы) ________ (жылғы) ________ (тоқсан) арналған сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінім
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 05.07.2022 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Өңірдің сұйытылған мұнай газына 20 ______ жылғы қажеттілігі _____ тоннаны құрайды, оның ішінде тауар биржалары арқылы ___% немесе _____ тонна, тауар биржаларынан тыс-___% немесе _____ тонна, оның ішінде:
тоннамен | ||||||||||
р/с № | Алушының атауы, орналасқан жері | Алушының бизнес– сәйкестендіру нөмірі | сұратылатын жеткізілім көлемі | оның ішінде әрі қарай өткізу түрлері бойынша бөле отырып | ||||||
моноблоктарды қоса алғанда, автогаз құю станциялары арқылы | газ толтыру пункттері (тұрмыстық баллондарарқылы) |
топтық резервуарлық қондырғы | ||||||||
меншікті | бөгде | меншік | бөгде | |||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | ||
оның ішінде әрі қарай өткізу түрлері бойынша бөлумен бірге | Мұнай-газ-химия өнімін өндіру процесінде химиялық өзгеріске түспеген сұйытылған мұнай газының көлемі (бар болған жағдайда) |
Түсіру орны: | ||
Сыйымдылық газы | ||||
тұрмыстық тұтынушы |
Комму |
Өнеркә | ||
10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
Ескертпе:
*пайдаланылуы Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес табиғи монополиялар салаларына жатқызылған топтық резервуарлық қондырғылар бойынша ғана толтырылады.
Сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімін өндіру үшін пайдаланатын өнеркәсіптік кәсіпорындар 2, 3, 4 және 13-бағандарды толтырады.
Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру қағидаларына 2-қосымша |
Сұйытылған мұнай газын жеткізуге газ толтыру станциялары, топтық резервуарлық қондырғылар, газ толтыру пункттері, автогаз құю станциялары иелерінің, мұнай-газ-химия өнімін өндіру үшін сұйытылған мұнай газын шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушының және сұйытылған мұнай газы сауда-саттығына қатысушылардың өтінімі
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 05.07.2022 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
бизнес-сәйкестендіру нөмірі __________________________________________
(алушының атауы)
орналасқан жері __________________ ____ (тоқсан) ____ жылы, жеткізу
аймағы____________________________________________________________
___________ (жеткізу аймағы көрсетіледі)
тоннамен |
Өнім | Оның ішінде әрі қарай өткізу түрлері бойынша бөле отырып | ||||||||
моноблоктарды қоса алғанда, автогаз құю станциялары арқылы |
Газ толтыру пункттері арқылы (тұрмыс |
Топ | Сыйымдылық газ | ||||||
меншікті | бөгде | меншікті | бөгде |
Тұр |
Комму |
Өнеркәсіп | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | |
Мұнай-газ-химия өнімін өндіру процесінде химиялық өзгеріске түспеген сұйытылған мұнай газының көлемі (бар болған жағдайда) | Түсіру орны: меншікті газ толтыру станциясының мекенжайы және/немесе сақтау (ауыстырып тиеу) шарты бойынша**. | ||||||||
10 | 11 | ||||||||
Ескертпе:
* Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес пайдаланылуы табиғи монополиялар салаларына жатқызылған топтық резервуарлық қондырғылар бойынша ғана толтырылады.
** Сұйытылған мұнай газы зауыттардан автокөліпен жеткізген жағдайда газ толтыру станциясымен сақтау (тиеу) шарты талап етілмейді.
Өтінімде көрсетілген мәліметтер өзгерген кезде газ толтыру станцияларының, топтық резервуарлық қондырғылардың, газ толтыру пункттерінің, автогаз құю станцияларының иелері үш жұмыс күні ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органына өзгерген мәліметтер бойынша растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады;
Мұнай-газ химиясын өндіру үшін сұйытылған мұнай газын пайдаланатын өнеркәсіптік кәсіпорындар 1 және 10-бағандарды толтырады.
Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру қағидаларына 3-қосымша |
|
Нысан |
Сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылар тізбесі
р/с № | Өнеркәсіптік тұтынушының атауы | Өнеркәсіптік тұтынушының орналасқан жері | Тұтынылатын сұйытылған мұнай газ көлемі (жобалық қуаты), мың тонна | Шығарылатын мұнай-газ-химия өнімдерінің атауы | Шығарылатын мұнай-газ-химия өнімдерінің көлемі (жобалық қуаты), мың тонна | Мұнай-газ-химия өнімін өндіру процесінде химиялық өзгеріске түспеген сұйытылған мұнай газының көлемі, мың тонна (бар болған жағдайда) | |||
айына | жылына | айына | жылына | айына | жылына | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Ескертпе: мұнай-газ-химия өнімін өндіру үшін сұйытылған мұнай газын шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылардың тізбесі мынадан тұрады:
1) № р/с – реттік нөмірі;
2) өнеркәсіптік тұтынушының атауы - мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру кезінде шикізат ретінде пайдалану үшін сұйытылған мұнай газ сатып алатын заңды тұлғаның атауы;
3) өнеркәсіптік тұтынушының орналасқан жері – мұнай-газ-химия өнімін өндіру үшін сұйытылған мұнай газын шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушы орналасқан облыс, қала, аудан;
4) және 5) тұтынылатын сұйытылған мұнай газының көлемі - мұнай-газ-химия өнімін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланылатын сұйытылған мұнай газының ай сайынғы және жылдық көлемі (өлшем бірлігі – мың тонна);
6) шығарылатын мұнай-газ-химия өнімінің атауы;
7) және 8) шығарылатын мұнай-газ-химия өнімінің көлемі – өндірілетін мұнай-газ-химия өнімінің ай сайынғы және жылдық көлемі (өлшем бірлігі – мың тонна);
9) және 10) мұнай-газ-химия өнімін өндіру процесінде химиялық өзгеріске түспеген сұйытылған мұнай газының көлемі - мұнай-газ-химия өнімін өндіру үшін терең өңдеу процесінде химиялық өзгеріске түспеген сұйытылған мұнай газының ай сайынғы және жылдық көлемі (өлшем бірлігі –мың тонна).
Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру қағидаларына 4-қосымша |
Газ толтыру станциялары, газ толтыру пункттері, топтық резервуарлық қондырғылардың, автогаз құю станцияларының иелері үшін сұйытылған мұнай газы көлемдерін айқындау тетігі
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 05.07.2022 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Газ толтыру станциялары, газ толтыру пункттері, топтық резервуарлық қоңдырғылар, автогаз құю станциялары иелерінің ұсынған өтінімдері мынадай өлшемшарттарға сүйене отырып қарастырылады:
1) Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес табиғи монополиялар салаларына жатқызылған топтық резервуарлық қондырғыларды қоспағанда, осы тетіктің 5-тармағында көрсетілген объектілердің мәлімделген өңіріндегі газ толтыру станциясының, газ толтыру пунктінің, автогаз толтыру станциясының иелері пайдаланатын жобалық қуаты (бұдан әрі – P1 көрсеткіші);
2) топтық резервуарлық қондырғылар арқылы сұйытылған мұнай газын өткізуді қоспағанда, сұйытылған мұнай газын мәлімделген өңірде өткен кезеңдерде өткізудің нақты көлемдері (бұдан әрі – P2 көрсеткіші) қамтиды;
3) сұйытылған мұнай газын мәлімделген өңірде тұрмыстық баллондарда өткізу (бұдан әрі – P3 көрсеткіші).
2. Әрбір өлшемшарт бойынша жалпы мәннен пайыздық арақатынастағы үлесі шығарылады. Газ толтыру станциясы, газ толтыру пункттері, автогаз құю станцияларының иесі көрсеткішінің қорытынды мәні пайыздық көрсеткіштердің орташа өлшенген мәні ретінде белгіленеді.
3. Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес пайдаланылуы табиғи монополиялар салаларына жатқызылған топтық резервуарлық қондырғылар (бұдан әрі – топтық резервуарлық қондырғылар) арқылы өткізу үшін қажетті сұйытылған мұнай газының көлемі өткен күнтізбелік үш айдағы орташа айлық тұтынуды ескере отырып, толық көлемде бөлінеді.
4. Жалпы көлемнен үлес:
1) газ толтыру станциясы, газ толтыру пункті, автогаз құю станциясы иесінің инфрақұрылымы артқан кезде;
2) газ толтыру станциясы, газ толтыру пункті, автогаз құю станциясының иелерімен орташа айлық өткізу көлемі өскен кезінде ұлғаюға жатады.
5. P1 көрсеткішін бағалау кезінде мәлімделген өңірде орналасқан газ толтыру станциясы, газ толтыру пункті, автогаз құю станциясы иесінің пайдаланылатын қуаттарының жалпы көлемінің жиынтық көрсеткіші көрсетіледі:
1) газ толтыру станциялары;
2) газ толтыру пункттері;
3) моноблоктарды қоса алғанда, автогаз құю станциялары.
Аталған қуаттардың болуын растау үшін газ толтыру станциясы, газ толтыру пункті, автогаз құю станциясының иелері құқық белгілейтін құжаттар мен шарттардың, әрбір объектінің жалпы сыйымдылығы мен жобалық қуатын белгілейтін құжаттардың көшірмелерін, сондай-ақ қысыммен жұмыс істейтін ыдыстардың өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі уәкілетті органда тіркелгенін растайтын құжатты ұсынады.
6. P2 көрсеткішін бағалау кезінде топтық резервуарлық қондырғылар арқылы сұйытылған мұнай газын өткізу көлемін қоспағанда, өткен күнтізбелік үш ай үшін газ толтыру станциясы, газ толтыру пункті, топтық резервуарлық қоңдырғы, автогаз құю станциясы иелері өткізуінің нақты көлемі көрсетіледі.
Сұйытылған мұнай газының көлемдерін өткізу туралы осы мәліметтерді растау үшін газ толтыру станциясы, газ толтыру пункті, топтық резервуарлық қоңдырғы, автогаз құю станциясының иелері облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына сұйытылған мұнай газын сатып алуды растайтын құжаттардың көшірмелерін (жеткізу шарттары, электрондық шот-фактуралар, жүкқұжаттар) ұсынады.
7. P3 көрсеткішін бағалау кезінде тұрмыстық баллондарда сұйытылған мұнай газын өткізетін газ толтыру станциясы мен газ толтыру пункті иелерінің нақты көлемі көрсетіледі.
8. Өлшемшарттардың әрқайсысының үлесі мына формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
P1 көрсеткіш– өңірдің газ толтыру станциялары, газ толтыру пункттері, топтық резервуарлық қоңдырғылар, автогаз құю станциялары иелері қуатының жалпы көлемінен үлес;
РГСО (көлемі) – газ толтыру станциясының, газ толтыру пунктінің, топтық резервуарлық қоңдырғы, автогаз құю станциясының иесі қуаттарының нақты көлемі;
РГСО жалпы (көлемі) – өңірдің газ толтыру станциялары, газ толтыру пункттері, топтық резервуарлық қоңдырғылар, автогаз құю станцияларының иелері қуаттарының жалпы көлемі;
мұндағы:
Р2көрсеткіш (%) – топтық резервуарлық қондырғылар арқылы сұйытылған мұнай газын өткізу көлемін қоспағанда, өткен күнтізбелік үш айда өңірдің газ толтыру станциясы, газ толтыру пункті, автогаз құю станциясы иелерінің өткізу көлемінің үлесі;
РГСО (реал көлемі) – топтық резервуарлық қондырғылар арқылы сұйытылған мұнай газын өткізу көлемін қоспағанда, өткен күнтізбелік үш айда газ толтыру станциясы, газ толтыру пункті, автогаз құю станциясы иелерінің нақты өткізу көлемі;
РМГҚ жалпы (реал көлемі) – топтық резервуарлық қондырғылар арқылы сұйытылған мұнай газын өткізу көлемін қоспағанда, өткен күнтізбелік үш айда өңірдің газ толтыру станцияларының, газ толтыру пункттерінің, автогаз құю станцияларының иелерінің өткізетін жалпы көлемі.
мұндағы:
P3 көрсеткіш (%) – тұрмыстық баллондарда сұйытылған мұнай газын өткізу үлесі;
РГСО (бб) – тұрмыстық баллондарда сұйытылған мұнай газын өткізуге арналған инфрақұрылымның болуы (болған жағдайда = 1, болмаған жағдайда = 0);
РГСО жалпы (бб) – тұрмыстық баллондарда сұйытылған мұнай газын өткізуге арналған инфрақұрылымы бар газ толтыру станциялары, өңірдің газ толтыру пункттері иелерінің жиынтық саны.
Тұрмыстық баллондарда сұйытылған мұнай газын өткізуге арналған инфрақұрылым деп жиынтығында тиісті өңірде арнайы автокөліктің, авариялық-диспетчерлік қызметтің, тұтынушыларды абоненттік есепке алудың, тұрмыстық баллондардың газ толтыру цехының және тұрмыстық баллондарды жөндеу және кәдеге жарату цехының болуы түсініледі.
Көрсетілген мүліктің бар-жоғын растау үшін газ толтыру станциялары, газ толтыру пункттерінің иелері тиісті құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
9. Газ толтыру станциясы, газ толтыру пункті, топтық резервуарлық қоңдырғы, автогаз құю станциясының иесі көрсеткішінің қорытынды мәні пайыздық мәндегі көрсеткіштердің орташа өлшенген мәні ретінде айқындалады:
мұндағы:
К1 – 20%;
К2 – 75%;
К3 – 5%
10. Тауар биржаларынан тыс жеткізу жоспары шеңберінде газ толтыру станциясы, топтық резервуарлық қондырғы, газ толтыру пункті, топтық резервуарлық қоңдырғы, автогаз құю станциясы иесінің өткізу көлемінің қорытынды мәні көлемдік мәнде мынадай формула бойынша айқындалады:
мұндағы:
Vгco (сз) – газ толтыру станциясы, топтық резервуарлық қондырғы, газ толтыру пункті, автогаз құю станциясының әрбір иесі үшін тауар биржаларынан тыс жиынтық өтініммен бекітілген көлем.
Vжоспар– топтық резервуарлық қондырғылар арқылы өткізу үшін бөлінген сұйытылған мұнай газының көлемін қоспағанда, әрбір өңір үшін тауар биржасының жиынтық өтінімінде көзделген жалпы көлем.
Vrco (ГРҚ) – топтық резервуарлық қондырғының әрбір иесі бөлінісінде топтық резервуарлық қондырғылар арқылы өткізілетін сұйытылған мұнай газының көлемі.
11. Газ толтыру станциялары, газ толтыру пункттері, топтық резервуарлық қоңдырғылар, автогаз құю станцияларының иелері бойынша деректер жаңартылуға жатады:
1) өткен күнтізбелік үш айда газ толтыру станциялары, газ толтыру пункттері, топтық резервуарлық қоңдырғылар, автогаз құю станциялары иелерінің өткізу көлемі бойынша;
2) жобалық қуаттар бойынша.
12. Газ толтыру станциясы, топтық резервуарлық қондырғы, газ толтыру пункті, автогаз құю станциясының иесі осы тетіктің 8, 9 және 10-тармақтарына сәйкес есептелгеннен аз сұйытылған мұнай газының көлеміне өтінім берген жағдайда, онда сұйытылған мұнай газының қалған көлемі тиісті өңірде өткізу үшін Тауар биржалары арқылы өткізуге қойылады.
13. Газ толтыру станциясы, топтық резервуарлық қондырғы, газ толтыру пункті, автогаз құю станциясы иесінің әрекеті тоқтатыла тұрған жағдайда, сұйытылған мұнай газының толық берілмеген көлемі тиісті өңірде өткізу үшін Тауар биржалары арқылы өткізуге қойылады.
Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру қағидаларына 5-қосымша |
|
Нысан |
Қазақстан Республикасының ішкі нарығына тауар биржаларынан тыс сұйытылған мұнай газын беру жоспары ________(жыл) ________(тоқсан)
Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 05.07.2022 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
тоннада |
р/с № | Өнім берушінің атауы, орналасқан жері |
Жеткі | Алушының атауы | Тауар биржаларынан тыс алушы үшін берілетін сұйытылған мұнай газының көлемі, тонна | Түсіру орны |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Ескертпе: Өнім беру жоспары мыналарды:
1) № р/с – реттік нөмірі;
2) өнім берушінің атауы, орналасқан орны – өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иелерінің, өндірушілердің тізбесі және олардың орналасқан жері;
3) жеткізу өңірі – сұйытылған мұнай газы жеткізілетін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана не өңірлер тобы не Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы;
4) алушының атауы – сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылардың тізбесі;
5) алушылар бөлінісінде тауар биржалары тыс жеткізілетін сұйытылған мұнай газының көлемі, сондай-ақ жүктеме деңгейі пайыздық қатынаста барлық өнім берушілер үшін бірыңғай белгіленеді, тоннада;
6) түсіру орны – аккредиттеу туралы куәлікте көрсетілген не сақтау (ауыстырып-тиеу) шарты бойынша газды сақтауды (ауыстырып тиеуді) жүзеге асыратын газ толтыру станциясының орналасқан мекенжайы, ал мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін сұйытылған мұнай газын шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылар үшін – газды сақтауға арналған сыйымдылықтарды қамтиды.
Егер өндіруші меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде басқа тұлғаларға тиесілі көмірсутек шикізатынан сұйытылған мұнай газын өндіру бойынша қызметтер көрсеткен жағдайда, онда беру жоспарында өздеріне меншік құқығымен тиесілі сұйытылған мұнай газын қайта өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының барлық меншік иелерінің Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізуі үшін міндетті сұйытылған мұнай газының жиынтық көлемі көрсетіледі немесе осындай өндірушінің көрсетілетін қызметтерін пайдаланатын өзге де заңды негіздерде көрсетіледі.
Егер 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе құзыретті орган мен жер қойнауын пайдаланушы арасында жасалған және міндетті салық сараптамасынан өткен өнімді бөлу туралы келісімге (келісімшартқа) не Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес өз қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы өнім беруші болып табылған жағдайда, онда мұндай тұлғаға арналған жеткізу жоспарында Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе құзыретті орган мен жер қойнауын Қазақстан Республикасының ішкі нарығына және жеткізу өңірлеріне сұйытылған мұнай газын беру көлемдері ғана.
Қазақстан Республикасының ішкі нарығына тауар биржаларынан тыс сұйытылған мұнай газын беру жоспары ________ (ай) ________(жыл)
тоннамен |
Р/с № | Өнім берушінің атауы, орналасқан жері | Жеткізу өңірі | Өңір үшін тауар биржалары арқылы жеткізуге сұйытылған мұнай газының көлемі, тонна |
1 | 2 | 3 | 4 |
Ескертпе: Өнім беру жоспары мыналарды:
1) № Р/с – реттік нөмірі;
2) өнім берушінің атауы, орналасқан жері – өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иелерінің, өндірушілердің тізбесі және олардың орналасқан жері;
3) жеткізу өңірі – сұйытылған мұнай газы жеткізілетін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана не өңірлер тобы не Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы;
4) өңір бөлінісінде тауар биржалары арқылы жеткізуге сұйытылған мұнай газының көлемі, тоннада қамтиды.