«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 3-тармағына, 12-1-бабының 2) тармақшасына және 13-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және одан шығару қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Стратегиялық жоспарлау, жиынтық талдау және халықаралық ынтымақтастық департаменті (А.В. Мартыненко):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (С.П. Базарбаев) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
1) оны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін, кейін жарияланғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаментіне ұсынсын;
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.Ж.Дүйсебаевқа жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға М. Оспанов
Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды
реттеу агенттігі төрағасының
2014 жылғы 28 наурыздағы
№ 64-НҚ бұйрығымен
бекітілген
Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге
енгізу және одан шығару қағидалары 1. Жалпы ережелер
1. Осы Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және одан шығару қағидалары «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және Табиғи монополия субъектілерін табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу және одан шығару тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
аумақтық уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі;
Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімі (бұдан әрі - Тіркелім) – бұл Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы № 155 қаулысымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) тiзбесiне сәйкес реттелiп көрсетiлетiн қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) нақты түрлері көрсетілген республикалық және жергілікті бөлімдерден тұратын табиғи монополиялар субъектілерінің жеке атаулы тізбесі;
өтініш беруші – Тіркелімге енгізу үшін өтінішті ұсынған жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға;
уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
3. Уәкілетті орган осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық және қағаз түрінде Тіркелімді қалыптастырады және жүргізеді.
4. Тіркелімнің республикалық бөлімін уәкілетті орган қалыптастырады және жүргізеді.
Тіркелімнің республикалық бөлімі мыналарды:
1) екі және одан да көп облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) аумағында табиғи монополиялар салаларындағы қызметтерді;
2) халықаралық әуежай қызметтерін;
3) халықаралық маңызы бар теңіз порты мәртебесіне ие теңіз порты қызметтерін жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектілерін қамтиды.
Қағидалардың осы тармағының 2) тармақшасында көзделген қызметтерді Астана және Алматы қалаларын қоспағанда, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың) аумақтық уәкілетті органдары реттейді.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.01.2016 № 39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5. Тіркелімнің жергілікті бөлімдерін өз құзыреті шегінде аумақтық уәкілетті органдар қалыптастырады және жүргізеді.
Тіркелімнің жергілікті бөлімі осы Қағиданың 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін қоспағанда, табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамаға сәйкес табиғи монополиялар салаларындағы қызметтерді жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектілерін қамтиды.
6. Осы Қағидалар Заңның 2-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға қолданылмайды.
2. Тіркелімге енгізу және одан шығару тәртібі
7. Табиғи монополия саласына жатқызылған қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар тұтынушыларға реттелетін қызметтерді көрсеткен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде осы Қағидағаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса ұсынып, уәкілетті органға Табиғи монополия субъектілерінің тіркеліміне енгізу туралы өтінішпен жүгінеді.
8. Уәкілетті орган Тіркелімнің республикалық бөліміне енгізуді және одан шығаруды өтініш берушілер ұсынатын қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) реттеліп көрсетілетіндерге жатқызу мәніне қызметтер (тауарлар, жұмыстар) нарығының жай-күйі туралы уәкілетті органның тиісті салалық құрылымдық бөлімшесi қорытындысының негізінде жүргізеді.
Тіркелімнің жергілікті бөліміне енгізу және одан шығару аумақтық уәкілетті органның тиісті құрылымдық бөлімшесінің өтініш берушілер ұсынатын қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) реттеліп көрсетілетіндерге жатқызу мәніне қызметтер (тауарлар, жұмыстар) нарығының жай-күйі туралы қорытындысының негізінде уәкілетті органды хабардар ете отырып жүргізіледі.
Табиғи монополиялар субъектілері ұсынатын қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) реттелетінге жатқызу мәніне қызметтер (тауарлар, жұмыстар) нарығы жағдайы туралы қорытынды табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамаға сәйкес салалық бөлімшемен, уәкілетті органмен, аумақтық уәкілетті органмен анықталады.
9. Тіркелімге енгізу үшін өтініш беруші уәкілетті органға қағаз немесе электронды түрде мынадай құжаттарды бере отырып ұсынады:
1) заңды тұлғаның бірінші басшысының (дара кәсіпкердің) қолы қойылған Тіркелімге енгізу туралы өтініші;
2) жеке сәйкестендіру нөмірі және (немесе) бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетілген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есепке алу) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі немесе мемлекеттік (есепке алу) тіркеу туралы анықтаманың көшірмесі;
3) «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес міндетті лицензиялауға жататын кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығы берілген лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмесі және (немесе) «Е-лицензиялау» www.elicence.kz веб-порталынан лицензия;
4) тауарларды, жұмыстарды өндіруіне және (немесе) тұтынушыларға табиғи монополия жағдайларында қызметтерді көрсетуге қажетті инженерлік желілер мен құрылыстардың табиғи монополия субъектісінің теңгеріміндегі тізілім, сондай-ақ бірінші басшы қол қойған және мөрмен расталған карта-сызбалар;
5) тұтынушыларға тауарларды, жұмыстарды өндірудің және (немесе) табиғи монополиялар салаларына жататын қызметтерді көрсетудің жоспарлы көлемінің есебі;
6) өзге және (немесе) негізгі қызметпен технологиялық байланысты және (немесе) табиғи монополия саласына жатқызылған басқа қызметті жүзеге асыру туралы ақпарат;
7) кәсіпорынның алдыңғы кезеңге арналған бухгалтерлік теңгерімі (жыл, тоқсан);
8) басшы, бас бухгалтер қол қойған және мөр қойылған негізгі және негізгі емес қызмет бойынша кірістер мен шығыстарды таратып жаза отырып, алдыңғы кезең ішіндегі қызметтер көрсету кезеңіндегі қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелерi туралы есеп.
Қағидалардың осы тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынған жағдайда уәкілетті орган Тіркелімге енгізу туралы өтінішті күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды. Өтінішті қарау мерзімі құжаттарды берген күнінен бастап есептеледі.
10. Табиғи монополия субъектісі реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) көрсету орны бойынша Тіркелімге енгізілуге тиіс шетелдік заңды тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлға ретінде не дара кәсіпкер ретінде тіркелу орны бойынша Тіркелімге енгізіледі.
Дара кәсiпкердің немесе заңды тұлғаның реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсету фактісі анықталғанда және (немесе) Тіркелімге енгізу үшін құжаттар ұсынудан бас тартқан жағдайларында, уәкілетті орган Тіркелімге құжаттарды ұсынбастан енгізеді. Бұл ретте табиға монополия субъектісі Тіркелімге енгізілгеннен кейін осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.
11. Осы Қағидалардың 9-тармағының 2) – 5) тармақшаларында көрсетілген қандай да бір құжаттардың нысаны және мазмұны өзгерген жағдайда табиғи монополия субъектісі көрсетілген өзгерістер немесе толықтырулар жасалғаннан кейін күнтізбелік он бес күн ішінде бұл құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмесін ұсынады.
12. Табиғи монополия субъектісі табиғи монополия саласына жатқызылған қызметтерді (жұмыстарды) жүзеге асыруды тоқтатқан күнінен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тіркелімнен шығару туралы өтінішті және табиғи монополия саласына жатқызылған қызметтерді (жұмыстарды) жүзеге асыруды тоқтатқанын растайтын құжаттарды уәкілетті органға ұсынады. Бұл ретте өтінішке бірінші басшы немесе оны алмастыратын тұлға қол қояды.
13. Табиғи монополия субъектісін Тіркелімге (Тіркелімнен) енгізу (шығару) туралы шешім уәкілетті орган басшысының не оның міндетін атқарушының бұйрығымен ресімделеді.
14. Уәкілетті орган табиғи монополия субъектісін Тіркелімге (Тіркелімнен) енгізу (шығару) туралы шешім қабылдағаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей ол туралы осы табиғи монополия субъектісіне хабарлайды.
15. Тіркелімге енгізу және (немесе) одан шығару мәселелері жөніндегі уәкілетті органның әрекетіне (әрекетсіздігіне) сот тәртібімен шағымдануы мүмкін.
Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды
реттеу агенттігі төрағасының
2014 жылғы 28 наурыздағы
№ 64- НҚ бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу
агенттігі төрағасының күші жойылды деп танылған
кейбір нормативтік құқықтық актілерінің
тізбесі
1. «Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 26 ақпандағы № 57-ОД бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2217 тіркелген, «Ресми газет» газетінде 2003 жылғы 17 мамырда № 20 жарияланған);
2. «Табиғи монополия субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару ережесін бекіту туралы» № 2217 нөмірмен тіркелген Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 26 ақпандағы № 57-НҚ бұйрығына өзгеріс және толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 476-НҚ бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3272 тіркелген, «Ресми газет» газетінде 2005 жылғы 29 қаңтарда № 5 жарияланған);
3. «Табиғи монополия субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы № 57-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 28 ақпандағы № 63-НҚ бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3501 тіркелген, «Ресми газет» газетінде 2006 жылғы 14 қаңтарда № 3 жарияланған);
4. «Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 26 ақпандағы № 57-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 16 наурыздағы № 73-НҚ бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4143 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2006 жылғы 19 мамырда № 89-90(896) жарияланған);
5. «Табиғи монополия субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 26 ақпандағы № 57-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 16 маусымдағы № 154-НҚ бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4260 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2006 жылғы 29 маусымда № 118(924) жарияланған);
6. «Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 26 ақпандағы № 57-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополоияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 11 шілдедегі № 171-НҚ бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4306 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2006 жылғы 28 шілдеде № 139(945) жарияланған);
7. «Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 26 ақпандағы № 57-НҚ бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2006 жылғы 8 желтоқсандағы № 292-НҚ бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4504 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған, 2007 жыл);
8. «Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 26 ақпандағы № 57-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2008 жылғы 18 сәуірдегі № 132-НҚ бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5204 тіркелген, «Заң газетінің» 2008 жылғы 23 мамырда № 77 жарияланған);
9. «Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 5 ақпандағы № 30-НҚ бұйрығының 3-тармағы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5557 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері Бюллетенінде 2009 жылғы № 3 жарияланған);
10. «Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 26 ақпандағы № 57-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 388-НҚ бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9094 тіркелген).
Табиғи монополиялар субъектілерін
Мемлекеттік тіркелімге енгізу және
одан шығару қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімі
____________________________________________________________________
(Табиғи монополиялар субъектiлерiнің мемлекеттiк тiркелiмі
бөлімінің атауы, өңір атауы*)
р/с № |
Табиғи монополия субъектісінің атауы |
Табиғи монополия саласы |
Реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) түрі |
Табиғи монополия субъектісінің тіркелген орны (заңды мекенжайы) |
Табиғи монополия субъектісінің қызмет көрсету орны |
Табиғи монополиялар субъектiлерiн Мемлекеттiк тiркелiмге енгiзу туралы бұйрықтың нөмірі мен күні |
Табиғи монополиялар субъектiлерiн Мемлекеттiк тiркелiмнен шығару туралы бұйрықтың нөмірі мен күні |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
* өңір атауы – аумақтық уәкілетті орган көрсетіледі
Табиғи монополиялар субъектілерін
Мемлекеттік тіркелімге енгізу және
одан шығару қағидаларына
2-қосымша
Нысан
____________________________________
(уәкілетті немесе аумақтық органның
атауы)
___________________________________
(дара кәсіпкердің толық Т.А.Ә.немесе
заңды тұлғаның атауы)
____________________________________
(заңды мекенжайы, байланыс телефоны)
Табиғи монополиялар субъектілерін мемлекеттік тіркелімге
енгізу туралы
ӨТІНІШ
_____________________________________________________________________
(дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның атауы)
_____________________________________________________________________
(табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтердің
(тауарлардың, жұмыстардың) түрі
_____________________________________________________________________
(заңды мекенжайы)
_____________________________________________________________________
(табиғи монополиялар саласындағы қызметтер (тауарлар, жұмыстар)
көрсету аумағы)
_____________________________________________________________________
(Мемлекеттік тіркелімнің республикалық немесе жергілікті бөлімінің
атауы) Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне
енгізуді сұраймын
_____________ 20 ___ жылғы «____» ____________
(қолы) (қол қою күні)
Табиғи монополиялар субъектілерін
Мемлекеттік тіркелімге енгізу және
одан шығару қағидаларына
3-қосымша
Нысан
____________________________________
(уәкілетті немесе аумақтық органның
атауы)
_____________________________________
(дара кәсіпкердің толық Т.А.Ә. немесе
заңды тұлғаның атауы)
____________________________________
(заңды мекенжайы, байланыс телефоны)
Табиғи монополиялар субъектілерін мемлекеттік тіркелімнен
шығару туралы
ӨТІНІШ
_____________________________________________________________________
(табиғи монополия субъектісінің атауы)
_____________________________________________________________________
(табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін
қызметтер (тауарлар, жұмыстар) түрі
_____________________________________________________________________
(заңды мекенжайы)
_____________________________________________________________________
(табиғи монополиялар саласындағы қызметтер
(тауарлар, жұмыстар) көрсету аумағы)
____________________________________________ Табиғи монополиялар
(Мемлекеттік тіркелімнің республикалық немесе жергілікті бөлімінің
атауы) субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміннен шығаруды сұраймын
_____________ 20 ___ жылғы «____» _____________
(қолы) (қол қою күні)