"Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 26 ақпандағы N 57-НҚ бұйрығына

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2006 жылғы 8 желтоқсандағы N 292-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 5 қаңтардағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4504 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды қорғау агенттігі төрағасының 2014 жылғы 28 наурыздағы № 64-НҚ бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 3, 8, 11 баптарына сәйкес, Щучье аудандық мәслихатының 2006 жылғы 6 шілдедегі N С-30-4 шешімі мен Щучье ауданы әкімдігінің 206 жылғы 6 шілдедегі N 20 қаулысы негізінде, Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы тіл саясаты және ономастика жөніндегі облыстық комиссияның 2006 жылғы 19 қазандағы шешімінің 4 тармағына байланысты Ақмола облысының әкімдігі мен Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Щучье ауданы бойынша Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) Сарыбұлақ өзенінің жиегінде орналасқан 50 адамнан аса тұрғыны бар қоныс дербес елді мекен категориясына жатқызылсын және Бурабай поселкесі әкімшілігінің бағынышына енгізіп, оған дербес әкімшілік бірлік - ауыл мәртебесі берілсін.
      2) Қайта құрылған елді мекенге "Сарыбұлақ ауылы" атауы берілсін.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
      3. Шешім облыстық газеттерде ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізілсін.
      Ақмола облысының әкімі