"Табиғи монополия субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы N 57-НҚ бұйрығына өзгерістер мен то

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 28 ақпандағы N 63-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жыоғы 18 наурызда тіркелді. Тіркеу N 3501. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды қорғау агенттігі төрағасының 2014 жылғы 28 наурыздағы № 64-НҚ бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгі Ақпарат және мұрағат комитетінiң Археография және деректану ұлттық орталығы" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) құрылсын.

      2. Мекеме қызметiнiң негiзгi мәнi шет елдерде сақтауда тұрған және Қазақстан тарихына қатысы бар құжаттар мен қолжазбаларды анықтау, жинау жөнiндегi жұмыстарды әдiстемелiк қамтамасыз ету және үйлестiру, оларды археографиялық сипаттау және Қазақстан туралы шетелдiк мұрағат көздерiнiң бiрыңғай дерекқорын құру болып белгiленсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң Ақпарат және мұрағат комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) Мекеменiң жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. Мекеменi қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігіне көзделген қаражат есебiнен және соның шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1003 қаулысымен.

     6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі