"Табиғи монополиялар субъектiлерiн Мемлекеттiк тiркелiмге енгiзу және шығару ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2003 жылғы 26 ақпандағы № 57-НҚ бұйрығын

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 388-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 27 қаңтарда № 9094 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды қорғау агенттігі төрағасының 2014 жылғы 28 наурыздағы № 64-НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды қорғау агенттігі төрағасының 28.03.2014 № 64-НҚ бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 3-тармағына, 12-1-бабының 2) тармақшасына және 13-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Табиғи монополиялар субъектiлерiн Мемлекеттiк тiркелiмге енгiзу және шығару ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2003 жылғы 26 ақпандағы № 57-НҚ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2217 тіркелген, «Ресми газет» газетінде 2003 жылғы 17 мамырдағы № 20 жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектiлерiн Мемлекеттiк тiркелiмге енгiзу және шығару ережесінде:
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Тіркелімнің республикалық бөлімін орталық уәкілетті орган қалыптастырады және жүргізеді.
      Орталық уәкілетті орган аумақтық уәкілетті органдарға табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыру функцияларын табыстай алады.
      Тіркелімнің республикалық бөлімі мыналарды:
      1) екі және одан да көп облыс (республикалық маңызы бар қала, астана аумағында табиғи монополиялар салаларындағы қызметтердің);
      2) халықаралық әуежай қызметтерін;
      3) халықаралық маңызы бар теңіз порты мәртебесіне ие теңіз порты қызметтерін жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектілерін қамтиды.
      Ереженің осы тармағының 2) тармақшасында көзделген қызметтерді Астана және Алматы қалаларының аумақтық уәкілетті органдары реттейді.
      Ереженің осы тармағының 3) тармақшасында көзделген қызметтерді Маңғыстау облысының аумақтық уәкілетті органы реттейді.»;
      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Стратегиялық жоспарлау, жиынтық талдау және халықаралық ынтымақтастық департаменті:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
      1) оны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін, кейін жарияланғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаментіне ұсынсын;
      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін;
      3) күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйеге ресми жариялануы үшін қағаз және электрондық жеткізгіштегі көшірмесін жолдасын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.Ж. Дүйсебаевқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                              М. Оспанов

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Экономика және бюджеттік
      жоспарлау министрі
      ____________ Е. Досаев
      2013 жылғы 27 желтоқсан