Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастарды орнату қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 14 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 20 наурызда № 9247 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 209 қаулысымен.

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастарды орнату қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Қ. Келімбетов


  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 3 ақпандағы
№ 14 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ
банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар
арасында корреспонденттік қатынастарды орнату қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастарды орнату қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (бұдан әрі – Азаматтық кодекс), 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы (бұдан әрі – Банктер туралы заң), "Ақша төлемі мен аударымы туралы" 1998 жылғы 29 маусымдағы (бұдан әрі – Төлемдер туралы заң), "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы (бұдан әрі – Қарсы іс-қимыл туралы заң) Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.08.27 № 168 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы Қағидалар Ұлттық Банкте банктердің, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – банктік емес ұйымдар) ұлттық және шетел валютасында корреспонденттік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртiбiн айқындайды.

      Корреспонденттік шоттарды ұлттық валютада және сол сияқты шетел валютасында ашуға және жүргізуге болады. Корреспонденттік шоттар Ұлттық Банктің және банктің және/немесе банктік емес ұйымның арасында корреспонденттік шот шарты жасалғаннан кейін ашылады.

      Корреспонденттік шот шартына сәйкес Ұлттық Банк банктің/банктік емес ұйымның пайдасы үшін түсетін ақшаны қабылдауға, олардың банкке/банктік емес ұйымға немесе үшiншi тұлғаларға тиiстi ақша сомасын аудару (беру) туралы өкiмдерiн орындауға, теңгедегі қолма-қол ақшаны қабылдауды және беруді жүзеге асыруға және корреспонденттік шот шартында көзделген басқа да қызметтерді көрсетуге мiндеттенедi.

      3. Қағидалар Ұлттық Банктің бухгалтерлік есеп позицияларын көрсететін баланстық шоттарына, баланстық шоттың құрамдас бөліктері болып табылатын жеке шоттарға (қосалқы позицияларға), оның ішінде несие шоттарына қолданылмайды.

      4. Қағидаларда Төлемдер туралы заңда, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7960 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктік сәйкестендіру кодтарын беруі, пайдалануы және күшін жоюы, сондай-ақ банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кодтарын және банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар филиалдарының кодтарын беру және күшін жою, олардың құрылымдары, банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың анықтамалығын қалыптастыру және жүргізу туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2012 жылғы 24 тамыздағы № 236 қаулысында (бұдан әрі – № 236 нұсқаулық) көзделген ұғымдар пайдаланылады.

      5. Ұлттық Банкте корреспонденттік шоттар ашу үшін банк/банктік емес ұйым ұсынған құжаттарды қарау және жасау үшін корреспонденттік шот шартын жіберу құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап бір ай ішінде жүзеге асырылады.

      Корреспонденттік шот ашу үшін ұсынылған құжаттар Қағидаларда, белгіленген талаптарға сәйкес келмеген кезде, Ұлттық Банк оларды қайтару себептерін көрсете отырып қайтарады.

2. Ұлттық Банкте корреспонденттік шот ашу тәртібі
1-параграф. Қазақстан Республикасының резиденті банкке
корреспонденттік шот ашу

      6. Қазақстан Республикасының резиденті банк корреспонденттік шот ашу үшін Ұлттық Банкке мынадай құжаттар ұсынады:

      1) Ұлттық Банк Төрағасының атына валюта түрін көрсете отырып, корреспонденттік шот ашу туралы өтініш;

      2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәліктің көшірмесі;

      3) жарғы немесе жарғының нотариат куәландырылған көшiрмесi не клиенттің қызметін үлгі жарғы негізінде жүзеге асыру фактісін растайтын құжат;

      4) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы № 266 қаулысының (бұдан әрі – № 266 ереже) 1-қосымшасында көзделген нысан бойынша қол қою үлгiлерi және мөр таңбасы бар, нотариат куәландырылған екі данадағы құжат;

      5) қол қою үлгiлерi және мөр таңбасы бар құжатқа сәйкес банктің корреспонденттік шотын жүргізуге (корреспонденттік шоттағы ақшаны басқаруға) байланысты операцияларды жасау кезінде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (-лардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (-тардың) көшірмесі (-лері);

      6) қол қою үлгiлерi және мөр таңбасы бар құжатта көрсетілген тұлғаға (тұлғаларға) корреспонденттік шот бойынша операциялар жүргізу өкілеттіктері берілген құжат (-тар).

      7. Қазақстан Республикасының резиденті банкпен корреспонденттік шот шарты жасалғаннан кейін Ұлттық Банк оған жеке сәйкестендіру кодын, банктік сәйкестендіру кодын және банк кодын береді. Банктік сәйкестендіру коды және банк коды № 236 нұсқаулыққа сәйкес берiледi.

      8. Резидент банк Ұлттық Банкте корреспонденттік шот ашылған күннен бастап он күн ішінде төлем жүйелерінің пайдаланушысы мәртебесін алу мақсатында "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен (бұдан әрі – Орталық) төлем жүйесінде қызмет көрсету туралы шарт жасайды.

2-параграф. Шет мемлекеттің орталық (ұлттық) банкіне
корреспонденттік шот ашу

      9. Шет мемлекеттің орталық (ұлттық) банкі корреспонденттік шот ашу үшін Ұлттық Банкке мынадай құжаттар ұсынады:

      1) Ұлттық Банк Төрағасының атына валюта түрін көрсете отырып, корреспонденттік шот ашу туралы өтініш;

      2) № 266 ереженің 1-қосымшасында көзделген нысан бойынша қол қою үлгiлерi және мөр таңбасы бар, нотариат куәландырылған екі данадағы құжат. Қол қою үлгiлерi және мөр таңбасы бар құжатты онда № 266 ереженің 1-қосымшасында көзделген деректемелердің болуы шартымен еркін нысанда ұсынуға жол беріледі;

      3) қол қою үлгiлерi және мөр таңбасы бар құжатқа сәйкес клиенттің корреспонденттік шотын жүргізуге (корреспонденттік шоттағы ақшаны басқаруға) байланысты операцияларды жасау кезінде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (-лардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (-тардың) көшірмесі (-лері);

      4) қол қою үлгiлерi және мөр таңбасы бар құжатта көрсетілген тұлғаға (тұлғаларға) корреспонденттік шот бойынша операциялар жүргізу өкілеттіктері берілген құжат (-тар).

      10. Шет мемлекеттің орталық (ұлттық) банкімен корреспонденттік шот шарты жасалғаннан кейін Ұлттық Банк оған жеке сәйкестендіру кодын, банктік сәйкестендіру кодын және банк кодын береді. Банк коды № 236 нұсқаулыққа сәйкес беріледі.

      Орталық (ұлттық) банктің өтініш бойынша төлем жүйелерінің пайдаланушысы мәртебесін алу мақсатында Ұлттық Банк оған банктік сәйкестендіру кодын береді не орталық (ұлттық) банк ISO (International Organization for Standartization) халықаралық стандартқа сәйкес берілген 9362: Bank Identifier Code банктік сәйкестендіру кодын оны № 236 нұсқаулықтың талаптарына сәйкес Банктер анықтамалығына енгізгеннен кейін пайдаланады.

3-параграф. Қазақстан Республикасының резидент емес банкіне
және банктік емес ұйымына корреспонденттік шот ашу

      11. Қазақстан Республикасының резидент емес банкіне және банктік емес ұйымына Ұлттық Банкте корреспонденттік шот ашу мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

      1) олар Ұлттық Банкте корреспонденттік шот ашу қажет ететін талаптарға сәйкес мемлекетаралық, үкіметаралық және өзге де халықаралық деңгейдегі бағдарламаларға қатысқан;

      2) Қазақстан Республикасы резидент емес елінің орталық (ұлттық) банкі Ұлттық Банкте корреспонденттік шот ашу туралы өтініш берген.

      12. Қазақстан Республикасының резидент емес банкі корреспонденттік шот ашу үшін Ұлттық Банкке мынадай құжаттар ұсынады:

      1) Ұлттық Банк Төрағасының атына валюта түрі көрсетілген корреспонденттік шот ашу туралы өтініш;

      2) құрылтай құжаттары не олардың нотариат куәландырған көшірмесі;

      3) сауда тізілімінен үзінділердің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не резидент емес заңды тұлға тіркеген орган, тіркеу нөмірі, күні және тіркеу орны туралы ақпараттан, мемлекеттік және орыс тіліндегі аудармасы белгіленген тәртіппен расталған осындай сипаттағы басқа құжат;

      4) резидент емес елдің уәкілетті органы берген банк операцияларын жүргізуге арналған лицензияның нотариат куәландырған көшірмесі не лицензия алмай банк операцияларын жүргізу құқығын растайтын өзге құжаттар;

      5) № 266 ереженің 1-қосымшасында көзделген нысан бойынша қол қою үлгiлерi және мөр таңбасы бар, нотариатта куәландырылған екі данадағы құжат. № 266 ереженің 1-қосымшасында көзделген деректемелер болған кезде еркін нысандағы қол қою үлгiлерi және мөр таңбасы бар құжатты ұсынуға рұқсат етiледi;

      6) қол қою үлгiлерi және мөр таңбасы бар құжатқа сәйкес клиенттің корреспонденттік шотын жүргізуге (корреспонденттік шоттағы ақшаны басқаруға) байланысты операцияларды жасау кезінде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі (көшірмелері);

      7) қол қою үлгiлерi және мөр таңбасы бар құжатта көрсетілген тұлғаға (тұлғаларға) корреспонденттік шот бойынша операциялар жүргізу өкілеттіктері берілген құжат (құжаттар);

      8) резидент еместі салық төлеуші ретінде тіркеу туралы тіркеу куәлігінің көшiрмесi болған жағдайда.

      Егер осы тармақтың 2) және 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттар шет тілінде жасалған болса, Қазақстан Республикасының резиденті емес банкі/банктік емес ұйымы Ұлттық Банкке олардың нотариат куәландырған және қажет болған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе қатысушыларының бірі Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық шартқа сәйкес заңдастырылған не апостилендірілген мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасын ұсынады.

      13. Қазақстан Республикасының резиденті емес – банктік ұйымы корреспонденттік шот ашу үшін Ұлттық Банкке мынадай құжаттар ұсынады:

      1) Ұлттық Банк Төрағасының атына валюта түрі көрсетілген корреспонденттік шот ашу туралы өтініш;

      2) құрылтай құжаттары не олардың нотариат куәландырған көшірмесі;

      3) сауда тізілімінен үзінділердің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не резидент емес заңды тұлға тіркеген орган, тіркеу нөмірі, күні және тіркеу орны туралы ақпараттан, мемлекеттік және орыс тіліндегі аудармасы белгіленген тәртіппен расталған осындай сипаттағы басқа құжат;

      4) резидент емес елдің уәкілетті органы берген банк операцияларын жүргізуге арналған лицензияның нотариат куәландырған көшірмесі не лицензия алмай банк операцияларын жүргізу құқығын растайтын өзге құжаттар;

      5) № 266 ереженің 1-қосымшасында көзделген нысан бойынша қол қою үлгiлерi және мөр таңбасы бар, нотариатта куәландырылған екі данадағы құжат. № 266 ереженің 1-қосымшасында көзделген деректемелер болған кезде еркін нысандағы қол қою үлгiлерi және мөр таңбасы бар құжатты ұсынуға рұқсат етiледi;

      6) қол қою үлгiлерi және мөр таңбасы бар құжатқа сәйкес клиенттің корреспонденттік шотын жүргізуге (корреспонденттік шоттағы ақшаны басқаруға) байланысты операцияларды жасау кезінде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі (көшірмелері);

      7) қол қою үлгiлерi және мөр таңбасы бар құжатта көрсетілген тұлғаға (тұлғаларға) корреспонденттік шот бойынша операциялар жүргізу өкілеттіктері берілген құжат (құжаттар);

      8) резидент еместі салық төлеуші ретінде тіркеу туралы тіркеу куәлігінің көшiрмесi.

      Егер осы тармақтың 2) және 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттар шет тілінде жасалған болса, Қазақстан Республикасының резиденті емес банктік емес ұйымы Ұлттық Банкке олардың нотариат куәландырған және қажет болған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе қатысушыларының бірі Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық шартқа сәйкес заңдастырылған не апостилендірілген мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасын ұсынады.

      14. Қазақстан Республикасының резидент емес банкімен/банктік емес ұйымымен корреспонденттік шот шарты жасалғаннан кейін Ұлттық Банк жеке сәйкестендіру кодын береді.

      Қазақстан Республикасының резидент емес банкінің/банктік емес ұйымының өтініші бойынша төлем жүйелерін пайдаланушының мәртебесін алу мақсатында Ұлттық Банк банктік сәйкестендіру кодын тағайындайды не Қазақстан Республикасының резидент емес банкі/банктік емес ұйымы № 236 нұсқаулықтың талаптарына сәйкес оны банктер анықтамалығына енгізгеннен кейін ISO (International Organization for Standartization) 9362: Bank Identifier Code халықаралық стандартына сәйкес тағайындалған банктік сәйкестендіру кодын пайдаланады.

      15. Ұлттық валютада корреспонденттік шот ашқан Қазақстан Республикасының резидент емес банкі/банктік емес ұйымы төлем жүйелерін пайдаланушының мәртебесін алу мақсатында Ұлттық Банкте корреспонденттік шот ашылған күннен бастап бір ай ішінде Орталықпен төлем жүйесінде қызмет көрсету туралы шарт жасайды.

      Осы тармақта көзделген мерзімде төлем жүйелерін пайдаланушы мәртебесі алынбаған кезде Ұлттық Банк корреспонденттік шот шартына сәйкес Қазақстан Республикасының резидент емес банктік емес ұйымымен корреспонденттік шот шартын бұзады.

4-параграф. Қазақстан Республикасының резиденті банктік емес
ұйымның корреспонденттік шотын ашу

      16. Банктік емес ұйым ұлттық валютада корреспонденттік шот ашу үшін Ұлттық Банкке мынадай құжаттар ұсынады:

      1) Ұлттық Банк Төрағасының атына валюта түрі көрсетілген корреспонденттік шот ашу туралы өтініш;

      2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің анықтамасы немесе көшiрмесi;

      3) жарғы немесе жарғының нотариат куәландырған көшiрмесi не үлгі жарғысының негізінде клиенттің қызметін жүзеге асыру фактісін растайтын құжат;

      4) № 266 ереженің 1-қосымшасында көзделген нысан бойынша қол қою үлгiлерi және мөр таңбасы бар, нотариат куәландырған екі данадағы құжат;

      5) қол қою үлгiлерi және мөр таңбасы бар құжатқа сәйкес клиенттің корреспонденттік шотын жүргізуге (корреспонденттік шоттағы ақшаны басқаруға) байланысты операцияларды жасау кезінде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі (көшірмелері);

      6) қол қою үлгiлерi және мөр таңбасы бар құжатта көрсетілген тұлғаға (тұлғаларға) корреспонденттік шот бойынша операциялар жүргізу өкілеттіктері берілген құжат (құжаттар);

      7) мынадай ақпаратты қамтитын банктік емес ұйымды банкаралық ақша аударымдарының жүйесіне қосу қажеттілігінің негіздемесі:

      банкаралық ақша аударымдарының жүйесі арқылы операциялардың болжамды саны мен көлемі (бір айға);

      жүзеге асырылуы үшін банкаралық ақша аударымдарының жүйесіне қосу қажет операциялар тiзбесi;

      банктік емес ұйым клиенттерiнiң болжамды саны;

      банктік емес ұйымда қолданылатын ақпаратты санкция берілмеген кіруден қорғаудың ұйымдастыру және бағдарламалық-технологиялық шараларының сипаттамасы;

      бағдарламалық-техникалық құралдардың және банктік емес ұйым пайдаланатын телекоммуникация желiлерiнiң сипаттамасы.

      17. Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операциялар жүргізуге лицензиясы бар Қазақстан Республикасының резиденті - банктік емес ұйымға ол банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, сақтау, сондай-ақ банктерге және банктердің тапсырмасы бойынша олардың клиенттеріне беру жөніндегі қызметті қоса атқарған кезде ұлттық валютада корреспонденттік шот ашуға рұқсат етiледi.

      18. Ұлттық Банкте шетел валютасында корреспонденттік шот ашу үшін Қазақстан Республикасының резиденті банктік емес ұйым Қағидалардың 16-тармағының 1)-6) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсынады.

      19. Қазақстан Республикасының резиденті банктік емес ұйыммен корреспонденттік шот шарты жасалғаннан кейін Ұлттық Банк оған жеке сәйкестендіру кодын, банктік сәйкестендіру кодын және банк кодын береді. Банктік сәйкестендіру коды және банк коды № 236 нұсқаулыққа сәйкес тағайындалады.

      20. Қазақстан Республикасының резиденті банктік емес ұйым төлем жүйелерін пайдаланушының мәртебесін алу мақсатында ұлттық валютадағы корреспонденттік шотты ашады және Ұлттық Банкте корреспонденттік шот ашылған күннен бастап бір ай ішінде Орталықпен төлем жүйесінде қызмет көрсету туралы шарт жасайды.

      Осы тармақта көзделген мерзімде төлем жүйелерін пайдаланушы мәртебесі алынбаған кезде Ұлттық Банк корреспонденттік шот шартына сәйкес Қазақстан Республикасының резиденті банктік емес ұйымымен корреспонденттік шот шартын бұзады.

5-параграф. Ұлттық Банктің еншілес ұйымы болып табылатын
банктік емес ұйымның Ұлттық Банкте корреспонденттік шот ашуы

      21. Ұлттық Банктің еншілес ұйымы (бұдан әрі-еншілес ұйым) болып табылатын банктік емес ұйым ұлттық және шетел валютасында корреспонденттік шот ашу үшін Ұлттық Банкке Қағидалардың 16-тармағының 1)-6) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсынады.

      22. Еншілес ұйыммен корреспонденттік шот шартын жасаған соң Ұлттық Банк оған жеке сәйкестендіру кодын, банктік сәйкестендіру кодын және банк кодын береді. Банктік сәйкестендіру коды және код № 236 нұсқаулыққа сәйкес беріледі.

6-параграф. Ұлттық Банкте корреспонденттік шоттар ашуға
қойылатын жалпы талаптар

      23. Корреспонденттік шоттарды ашқан кезде Қағидаларда көзделген құжаттардан басқа Ұлттық Банк Қарсы іс-қимыл туралы заңға сәйкес қосымша құжаттарды сұратады.

      24. Банк/банктік емес ұйым Ұлттық Банкте екінші және одан кейінгі корреспонденттік шоттарды ашқан кезде көрсетілген шоттарды ашу сәтінде Ұлттық Банкке бұрын ұсынылған құжаттарда өзгерістер болмаған жағдайда, қол қою үлгiлерi және мөр таңбасы бар құжатты қоспағанда, Қағидаларда көзделген құжаттарды қайта ұсыну талап етілмейді.

      Банктің/банктік емес ұйымның бұрын ұсынған қол қою үлгiлерi және мөр таңбасы бар құжаттардың не қол қою үлгiлерi және мөр таңбасы бар ұқсас құжаттың таратылуын растау туралы хаты болған кезде жаңадан ашылатын корреспонденттік шотқа қол қою үлгiлерi және мөр таңбасы бар жаңа құжаттарды не қол қою үлгiлерi және мөр таңбасы бар ұқсас құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

      25. Қазақстан Республикасының резиденті емес банктердің корреспонденттік шоттарын қоспағанда, банктерге/банктік емес ұйымдарға корреспонденттік шот ашылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешiктiрмей Ұлттық Банк сәйкестендіру нөмiрiн көрсете отырып, хабарламаларды кепiлдiкпен жеткiзудi қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша жіберу жолымен салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға хабарлайды.

      Техникалық проблемаларға байланысты ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша жіберу жолымен корреспонденттік шоттың ашылғаны туралы хабарлау мүмкін болмаған кезде хабарлама қағаз тасымалдағышта салық төлеушінің орналасқан орны бойынша салық органына үш жұмыс күні iшiнде жiберiледi.

      26. Корреспонденттік шот шарты, Ұлттық Банктің корреспонденттік шот ашу туралы салық органдарына хабарламасының көшiрмесi, сондай-ақ корреспонденттік шот ашу үшін банк/банктік емес ұйым берген құжаттар тiгiледi және әрбір банк/банктік емес ұйым бойынша арнайы ашылған іс қағаздарында (бұдан әрі – Іс қағаздары) сақталады. Банк/банктік емес ұйым төлем жүйелерін пайдаланушының мәртебесін алған жағдайда Іс қағаздарына банк/банктік емес ұйым мен Орталықтың арасында жасалған төлем жүйесінде қызмет көрсету туралы шарттың көшірмесі де қоса салынады.

      Банктің/банктік емес ұйымның іс қағаздарында бұрын берілген және жауапты қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты көрсетіле отырып, "күші жойылған" деген белгі қойылған құжаттар да сақталады. Қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар, күші жойылған құжаттар айқастырылып сызылады және оларға жаңа құжаттардың деректемелері көрсетіле отырып, ауыстырылғандығы туралы белгі қойылады.

3. Ұлттық Банкте корреспонденттік шотты жүргізу тәртібі
1-параграф. Банктің/банктік емес ұйымның корреспонденттік шотын
жүргізу жөніндегі жалпы талаптар

      27. Ұлттық Банк банктің/банктік емес ұйымның Ұлттық Банктегі корреспонденттік шоттағы ақшасын кедергiсiз басқару құқығын қамтамасыз етеді және корреспонденттік шот шартына сәйкес онда қалған қалдық сомасының шегінде төлемдерді және/немесе ақша аударуды жүзеге асырады.

      Корреспонденттік шотты басқару құқығына өкілеттіктер құрылтай құжаттарының не басшылар бұйрықтарының, корреспонденттік шотты басқару немесе корреспонденттік шот бойынша операциялар жасау құқығына берілген сенімхаттың, не осындай өкілеттіктер беруге негіз болған өзге құжаттардың негізінде беріледі.

      28. Банктің/банктік емес ұйымның ақшасын олардың келісімінсіз алып қою, сондай-ақ Ұлттық Банктегі корреспонденттік шоттағы ақшаны банктің/банктік емес ұйымның басқару құқығын шектеу Азаматтық кодексте, Салық кодексінде, Қарсы іс-қимыл туралы заңда және (немесе) банк/банктік емес ұйым мен Ұлттық Банк арасындағы корреспонденттік шот шартында көзделген жағдайларда мүмкін болады.

      29. Банк/банктік емес ұйым Төлемдер туралы заңда, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1155 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Төлем тапсырмаларды, төлемдік талап-тапсырмаларды, инкассалық өкімдерді ресімдеу, пайдалану және орындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2000 жылғы 25 сәуірдегі № 179 қаулысында (бұдан әрi – № 179 нұсқаулық) және корреспонденттік шот шартында көзделген тәртіппен орындау үшін Ұлттық Банкке төлем құжаттарын ұсынады.

      30. Төлем тапсырмасын Ұлттық Банкке берген кезде банк/банктік емес ұйым төлем тапсырмасында көрсетілген тұлғаның пайдасына ақшасын аударуға Ұлттық Банкке өкiлеттiк береді.

      31. Банк/банктік емес ұйым ұлттық валютадағы электрондық құжаттарды Ұлттық Банкке Орталықтың төлем жүйелерінде пайдаланылатын форматтарда, шетелдік валютадағы электрондық төлем тапсырмаларын – халықаралық жүйелердің талаптарына сәйкес келетін форматтарда жiбередi.

      32. Төлем тапсырмасын акцептеуден бас тартқан кезде Ұлттық Банк Төлемдер туралы заңда көзделген мерзімдерде себебін көрсете отырып, банкке/банктік емес ұйымға акцептеуден бас тарту туралы хабарлайды.

      33. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2015 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      34. Банктің/банктік емес ұйымның корреспонденттік шотына ұсынылатын және Ұлттық Банкке келіп түсетін төлемдік талап-тапсырмалар, инкассалық өкімдер тиісті тіркеу журналдарында тіркеледі.

      35. Акцептелген және акцептелмеген инкассалық өкiмдi кері қайтарып алу, сондай-ақ инкассалық өкiмнiң орындалуын тоқтата тұру бастамашының осы инкассалық өкiмнiң барлық деректемелерінен тұратын жазбаша өкiмi негiзiнде жүргізіледі.

      Нұсқаудың орындалуын тоқтата тұру немесе акцептелген нұсқауды кері қайтарып алу оны Ұлттық Банк орындағанға дейін мүмкін болады.

      36. Ұлттық Банк банктің/банктік емес ұйымның нұсқауларын Ұлттық Банктің акцептелетiн күннен кейiнгi операциялық күнінен кешiктiрмей, үшiншi тұлғалардың талаптарын Салық кодексінде, Төлемдер туралы заңда және Қарсы іс-қимыл туралы заңда белгіленген мерзімдерде орындайды.

      37. Ақша аудару қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық Банк санкцияланбаған қолма-қол жасалмайтын төлемдерден қорғану әрекеттерiнiң рәсiмдерiн әзiрлейдi және қолданады.

      Қорғану әрекеттерінің элементтері ретінде уәкілетті адамның (адамдардың) қолын, мөрлерді (ол болған кезде), алгоритмдерді, кодтарды (цифрлық, әріптік, символдар қолданумен және аралас), сәйкестендіруші сөздерді немесе сәйкестендіру нөмірлерін, шифрлауды, кері қайтарып алу әдістерін немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да қорғау тәсілдерін пайдалануға болады.

      Ұлттық Банк, банк/банктік емес ұйым корреспонденттік шот шартына сәйкес қорғау әрекеттерiнiң рәсiмдерiн сақтайды және осы рәсiмдердi қолдану мен өткізу тәртiбi туралы мәлiметтердiң сақталуына қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 37-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2015 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      38. Ақша төлемі мен аударымын аяқтау және корреспонденттік шот бойынша дебеттік сальдоны болдырмау мақсатында банкке/банктік емес ұйымға Ұлттық Банк банктің/банктік емес ұйымның өтініші негізінде қарыз береді.

      39. Банктің/банктік емес ұйымның ақшасын қабылдау (есептеу), алып қою (есептен шығару) бойынша жасалған операциялар бойынша операциялық күн аяқталғаннан кейін Ұлттық Банк корреспонденттік шоттан үзінді-көшірме жасайды, ол Ұлттық Банктің операциялық күнінің кестесінде (бұдан әрі – Операциялық күн кестесі) белгіленген уақытта банкке/банктік емес ұйымға беріледі.

      40. Корреспонденттік шот шартына сәйкес Ұлттық Банктен алынатын үзінді-көшірмелер бойынша банк/банктік емес ұйым өзiнiң iшкi корреспонденттік шоты бойынша өзінің Ұлттық Банктегі корреспонденттік шотында көрсетілген, жүргізілген төлемдер сомасының дұрыс көрсетiлуiн күн сайын бақылап отырады.

      41. Корреспонденттік шот бойынша жасалған операцияларды тексеру мақсатында банк/банктік емес ұйым ай сайын осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша корреспонденттік шоттардағы қалдықтарды растау ведомосын екі дана етіп жасайды. Банктің мөрімен (ол болған кезде) және банктің уәкілетті адамдарының қолдарымен куәландырылған осы ведомость есепті айдан кейінгі айдың 10-на дейінгі мерзімде Ұлттық Банкке ұсынылады.

      Корреспонденттік шоттағы қалдық бойынша сәйкессіздіктер мен алшақтықтар болған жағдайда, банк осы сәйкессіздіктер мен алшақтықтардың туындау себептерін көрсете отырып, Ұлттық Банкке ілеспе хат ұсынады.

      Ескерту. 41-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2015 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      42. Ұлттық Банк корреспонденттік шоттардағы қалдықты растау ведомосінде көрсетілген банктің/банктік емес ұйымның корреспонденттік шотындағы қалдықты Ұлттық Банк есебінің деректерімен салыстырып тексеруді жүзеге асырады, одан кейін оның Ұлттық Банктің уәкілетті адамдарының қолымен расталған және мөрмен бекітілген екiншi данасын ол келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде банкке/банктік емес ұйымға жiбередi.

2-параграф. Консервация режиміндегі Қазақстан Республикасының
резидент-банкінің корреспонденттік шотын жүргізу

      43. Банктің уәкiлеттi мемлекеттік орган немесе уақытша әкiмшiлiк (банктi уақытша басқарушы) шектеулер қойған бұрын қабылданған мiндеттемелерi бойынша банктің корреспонденттік шотына төлемдік талап-тапсырмалар ұсынылған кезде, осы құжаттарды орындау мерзiмi аталған тұлғалардың банктің қызметіне шектеу қою туралы шешiмiнiң күші жойылғанға дейін тоқтатыла тұрады.

      Банктің корреспонденттік шотына ақша жөнелтушінің акцептiн талап ететін төлемдік талап-тапсырмалар ұсынылған жағдайда Ұлттық Банк акцептеу үшін оларды уақытша әкімшілікке (уақытша басқарушыға) береді.

      44. Ақша жөнелтуші акцептеген төлемдік талап-тапсырмалар, сондай-ақ орындалу мерзiмi тоқтатыла тұрған, акцептеудi талап етпейтін төлемдік талап-тапсырмалар Ұлттық Банкте сақталады және баланстан тыс шотта есепке алынады.

      Осы төлем құжаттарын баланстан тыс шотына кіріске алған кезде Ұлттық Банк келесі жұмыс күнінен кешіктірмей нұсқауды жөнелтушіге (бастамашыға) және уақытша әкімшілікке (уақытша басқарушыға) тиісті хабарлама жібереді.

      45. Банктің корреспонденттік шотына ұсынылатын инкассалық өкімдер Азаматтық кодексте, Салық кодексінде, Банктер туралы заңда, Төлем туралы заңда, "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында және № 179 нұсқаулықта белгіленген тәртіппен орындалады.

      46. Ұлттық Банкке баланстан тыс шоттағы төлемдік талап-тапсырмаларын орындау қажеттiгi туралы соттың тиiстi шешiмi түскен кезде банктің корреспонденттік шотында ақша жеткiлiктi болғанда осы талаптарды орындау олардың түсу тәртiбiмен (күнтiзбелiк кезектiлiкпен) жүргiзіледi.

      Банктің корреспонденттік шотында баланстан тыс шоттан шығарылған төлемдік талап-тапсырмаларды орындау үшін ақша жеткiлiксiз болған кезде осы төлемдік талап-тапсырмалар келесі ақша төлемін немесе аударымын жасау үшін корреспонденттік шотқа ақша сомасы түскенге дейін № 179 нұсқаулыққа сәйкес картотекаға орналастырылады. Төлемдік талап-тапсырмалар оларды картотекаға орналастырған күннен бастап бір жыл бойы сақталады.

      47. Картотекадағы төлем құжаттарын орындау Азаматтық кодексте, Салық кодексінде, Төлем туралы заңда көзделген кезектiлiкпен және № 179 нұсқаулықта белгіленген тәртіппен орындалады. Бiр кезекке жатқызылатын төлем құжаттарын орындау олардың Ұлттық Банкке түскен уақыты бойынша кезектiлiкпен жүргiзіледi.

      48. Банктің қаржылық жағдайының сауығуына байланысты оны консервациялау тоқтатылғаннан және уәкiлеттi мемлекеттік органның немесе банктің уақытша әкiмшiлiгінiң (банктi уақытша басқарушының) банкке оның қызметіне шектеу салу туралы шешiмi күшін жойғаннан кейін ақша жеткiлiктi болған кезде бiрiншi кезектегі тәртіппен салық органдарының салық берешегі сомасын өндiрiп алу жөнінде шығарылған инкассалық өкiмi орындалады.

      Банктің корреспонденттік шотына ұсынылған өзге талаптарды орындау олардың банктің корреспонденттік шотына ұсынылған тәртiбiмен күнтiзбелiк кезектiлiкпен жүзеге асырылады және олар баланстан тыс шоттан есептен шығарылады.

      49. Соттың банктi мәжбүрлеп тарату туралы шешiмi бойынша тарату комиссиясы тағайындалған кезде, картотекадағы және баланстан тыс шоттағы төлем құжаттары қабылдау-өткiзу актiсi бойынша тарату комиссиясына беріледі және бір мезгілде тиісті баланстан тыс шоттардан есептен шығарылады.

3-параграф. Банк операцияларын жүргізу лицензиясынан айырылған
Қазақстан Республикасының резидент-банкінің корреспонденттік
шотын жүргізу

      50. Банк банктік операцияларды жүргізу лицензиясынан айырылған кезде Ұлттық Банк арқылы жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4070 тіркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 6 қаулысында (бұдан әрі - 6 қаулы) көзделген шығыстарға және банкке түскен ақшаны есептеуге байланысты жағдайларды қоспағанда, банктің корреспонденттік шоты бойынша төлем жүйелері арқылы жүзеге асырылатын шығыс операциялары тоқтатылады. Картотекаға орналастырылған, оның iшiнде орындалған төлем құжаттарының орындалуы тоқтатыла тұрады.

      51. Банктің корреспонденттік шотына ақша жөнелтушінің акцептiн талап ететін төлемдік талап-тапсырмалар ұсынылған кезде Ұлттық Банк төлемдік талап-тапсырманы алған күннен кейiнгi жұмыс күнінен кешiктiрмей акцептеу үшін уақытша әкiмшiлiкке (уақытша басқарушыға) береді.

      52. № 6 қаулыда көзделген шығыстармен байланысты төлемдік талап-тапсырмаларды қоспағанда, акцептелген төлемдік талап-тапсырмалар және банктің бұрын қабылданған мiндеттемелерi бойынша акцептеудi талап етпейтін төлемдік талап-тапсырмалар орындалмайды және баланстан тыс шотта есепке алынады.

      53. Лицензиядан айырылғаннан кейін корреспонденттік шотқа ұсынылған инкассалық өкімдер орындалмайды және баланстан тыс шотта есепке алынады.

      54. Төлем құжаттары баланстан тыс шотта кіріске алынған кезде Ұлттық Банк келесі жұмыс күнінен кешiктiрмей нұсқау жiберушiге (бастамашыға) тиiстi хабарлама жiбередi. Ұлттық Банк ай сайын уақытша әкiмшiлiкке (уақытша басқарушыға) банктің корреспонденттік шотына ұсынылған, есепке алынған төлем құжаттары туралы мәліметтер ұсынады.

      55. Соттың банктi мәжбүрлеп тарату туралы шешiмi бойынша тарату комиссиясы тағайындалған кезде картотекадағы және баланстан тыс шоттағы төлем құжаттары қабылдау - өткізу актiсi бойынша тарату комиссиясына тапсырылады және бір мезгілде тиiстi баланстан тыс шоттардан есептен шығарылады.

4-параграф. Қазақстан Республикасының резидент-банкінің
корреспонденттік шотын оны қайта құрылымдау кезеңінде жүргізу

      56. Ұлттық Банк соттың банктi қайта құрылымдауды жүргізу туралы заңды күшіне енген шешiмiнiң көшiрмесiн алған кезде бұрын ұсынылған төлемдік талап-тапсырмаларды және атқарушылық iс жүргізу органдарының атқарушылық құжаттар, оның iшiнде iшiнара атқарылған құжаттар бойынша инкассалық өкiмдерiн орындау тоқтатыла тұрады және банкке тоқтатыла тұрған төлемдік талап-тапсырмалардың және инкассалық өкімдердің тізілімімен сұрату жіберіледі.

      Банк міндеттемелерін тоқтата тұрған және банктің қайта құрылымдау жоспарына кіргізілген төлемдік талап-тапсырмалар және атқарушылық iс жүргізу органдарының атқарушылық құжаттар бойынша инкассалық өкiмдерi банктi қайта құрылымдау тоқтатылғанға дейін баланстан тыс шотта есепке алынады.

      Осы төлем құжаттары баланстан тыс шотта кіріске алынған кезде Ұлттық Банк келесі жұмыс күнінен кешiктiрмей нұсқау жiберушiге (бастамашыға) және банкке тиiстi хабарлама жiбередi.

      Банк міндеттемелерін тоқтата тұрмаған және қайта құрылымдау жоспарына кіргізілмеген төлемдік талап-тапсырмалар және атқарушылық iс жүргізу органдарының атқарушылық құжаттар бойынша инкассалық өкiмдерi Төлем туралы заңда, № 179 нұсқаулықта және Қағидаларда көзделген тәртіппен орындалады.

      Банктi қайта құрылымдау кезеңінде уәкiлеттi органдардың банктің ақшасына тыйым салу туралы бұрын ұсынылған шешiмдерiн (қаулыларын) орындау тоқтатыла тұрады.

      57. Салық және кеден органдарының банктің корреспонденттік шотына ұсынылатын инкассалық өкімдері Салық кодексінде, Төлем туралы заңда және № 179 нұсқаулықта белгіленген тәртіппен орындалады.

      58. Банкті құрылымдау кезеңінде оның корреспонденттік шотына ақша жөнелтушінің акцептін талап ететін төлемдік талап-тапсырмалар ұсынылған жағдайда, Ұлттық Банк Төлем туралы заңда және № 179 нұсқаулықта көзделген мерзімдерде оларды акцептеу үшін банкке береді.

      Ақша жөнелтуші акцептеген төлемдік талап-тапсырмалар акцептеу күнінен кейінгі операциялық күннен кешіктірмей, Төлем туралы заңда және № 179 нұсқаулықта және Қағидаларда көзделген тәртіппен орындалуы тиіс.

      59. Банкті қайта құрылымдау кезеңінде оның корреспонденттік шотына акцептті талап етпейтін төлемдік талап-тапсырмалар және атқарушылық iс жүргізу органдарының атқарушылық құжаттар бойынша инкассалық өкімдері ұсынылған жағдайда Ұлттық Банк Қағидалардың 56-тармағында көзделген іс-әрекеттерді орындайды.

      60. Төлем құжаттарын кері қайтарып алу жөнелтушінің (бастамашының) нұсқауды кері қайтарып алу туралы жазбаша өкімі негізінде жүргізіледі.

      61. Банктің қаржылық жағдайының жақсаруына және Ұлттық Банктің соттың заңды күшіне енген қайта құрылымдауды тоқтату туралы шешімінің көшірмесін алуына байланысты банктi қайта құрылымдау тоқтатылғаннан кейін картотекадағы міндеттемелері тоқтатыла тұрған және қайта құрылымдау жоспарына кіргізілген төлем құжаттары төлем бастамашысына орындаусыз қайтарылады.

      62. Банктер соттың заңды күшіне енген қайта құрылымдауды тоқтату туралы шешімінің көшірмесін, Банктер туралы заңға сәйкес оны алған күннен кейінгі күннен кешіктірмейтін мерзімде Ұлттық Банкке жібереді.

5-параграф. Ұлттық валютамен қолма-қол ақшаны қабылдау
және беру тәртiбi

      63. Ұлттық Банк корреспонденттік шот және кассалық қызмет көрсету шарттарына сәйкес ұлттық валютамен қолма-қол ақшаны банкке/банктік емес ұйымға және/немесе олардың филиалына беруді жүзеге асырады, сондай-ақ Ұлттық Банк филиалдарының кассалары арқылы оларды қабылдайды.

      64. Ұлттық Банктің филиалы ұлттық валютамен қолма-қол ақшаны банкке/банктік емес ұйымға немесе олардың филиалына беруді, сондай-ақ банктен/банктік емес ұйымнан немесе олардың филиалынан оларды қабылдауды және санап алуды Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10204 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарында заңды және жеке тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу ережесін бекіту туралы" (бұдан әрі - № 247 ереже) 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 247 қаулысына сәйкес жүзеге асырады.

      Ескерту. 64-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2015 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      65. Банк/банктік емес ұйым немесе олардың филиалы Ұлттық Банк филиалының кассаларынан ұлттық валютаны алу үшін банктің/банктік емес ұйымның корреспонденттік шотындағы ақшаны резервтеуге және банктің/банктік емес ұйымның және/немесе банктің/банктік емес ұйым филиалының колма-қол ақшаны алуына өтiнiмді (бұдан әрі – резервтеуге өтiнiм) Ұлттық Банк пен банктің/банктік емес ұйымның арасындағы автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйе бойынша ұсынылады.

      66. Ұлттық Банк пен банктің/банктік емес ұйымның арасындағы автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйені пайдалану мүмкiндiгi болмаған кезде ақшаны резервтеуге өтiнiм факсимильдiк байланыс құралдары немесе банктің/банктік емес ұйымның уәкiлеттi адамы арқылы ұсынылады.

      Ұлттық Банк ақшаны резервтеуге алынған өтiнiмді оның күні мен нөмiрiн, банктің/банктік емес ұйымның атауын, банктің/банктік емес ұйымның корреспонденттік шотында резервтелетiн ақша сомасын көрсете отырып, арнайы журналда тiркейдi.

      67. Ұлттық Банк мынадай негіздер бойынша:

      1) егер ақшаны резервтеуге өтiнiмде көрсетілген резервтелетiн ақша сомасы банктің/банктік емес ұйымның корреспонденттік шотындағы ақша қалдығынан асатын болса;

      2) банктің/банктік емес ұйымның өкiмi бойынша;

      3) банктен/банктік емес ұйымнан бұрынғы қабылданған өтiнiмнің орнына ақшаны резервтеуге жаңа өтiнiм түскен кезде;

      4) банктен/банктік емес ұйымнан ақшаны резервтеуге өтiнiм Операциялық күн кестесіне сәйкес ақшаны резервтеуге өтiнiмдерді қабылдау аяқталғаннан кейін түскен кезде;

      5) банктің/банктік емес ұйымның корреспонденттік шотында инкассалық өкiмдi және/немесе ақша жөнелтушінiң акцептiн талап етпейтін төлемдік талап-тапсырманы орындау үшін ақша жеткiлiксiз болған кезде және банктің/банктік емес ұйымның корреспонденттік шотындағы ақшаға тыйым салынған кезде;

      6) банк/банктік емес ұйым Ұлттық Банктің алдындағы міндеттемелерін орындамаған және/немесе тиісті түрде орындамаған жағдайда;

      7) банкке/банктік емес ұйымға қарызды берген кезде ақшаны резервтеуге өтінімді орындағаннан кейін корреспонденттік шоттағы ақша қалдығының сомасы тұрақсыздық айыбын, берешекті және басқа ықтимал шығыстарды өтеу бойынша шығыстарды ескеріп, берілген қарыздың сомасын және ол бойынша сыйақыны өтеу үшін жеткіліксіз болған жағдайда, ақшаны резервтеуге өтiнiмнің күшін жояды.

      Осымен бір мезгілде күшін жою себептерін көрсете отырып, банкке/ банктік емес ұйымға ақшаны резервтеуге өтiнiмнің күші жойылғаны туралы хабарлама жiберіледi.

      68. Ұлттық Банк филиалдарының бiрi өтінімді орындай бастаған жағдайда, банк, банктік емес ұйым корреспонденттік шот шартына сәйкес ақшаны резервтеуге өтiнiмнің күшін жоймайды.

      69. Ақшаны резервтеуге өтiнiмнің негiзiнде және банктің/банктік емес ұйымның корреспонденттік шотында ақша жеткiлiктi болған кезде, Ұлттық Банк банктің/банктік емес ұйымның корреспонденттік шотындағы ақшаны резервтейді.

      70. Қолма-қол ақша берiлетiн күннің басында ақшаны резервтеуге өтiнiмнің негiзiнде Ұлттық Банк Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес Ұлттық Банктің филиалы арқылы банк/банктік емес ұйым және/немесе банктің/банктік емес ұйым филиалының қолма-қол ақшаны алуы үшін жиынтық ведомостарды (бұдан әрі – ведомость) электрондық түрде жасайды және Ұлттық Банктің тиiстi филиалдарына жiбередi.

      71. Ұлттық Банк жасаған электронды ведомостар автоматтандырылған банктік ақпараттық шағын жүйесі арқылы Ұлттық Банктің филиалдарына жiберіледi.

      72. Банк/банктік емес ұйым немесе олардың филиалы Ұлттық Банктің филиалына ұсынған чек бойынша Қағидалардың 74-тармағында көзделген қолма-қол ақшаны беруден бас тартуға негіздер болмаған кезде, Ұлттық Банктің филиалы банкке/банктік емес ұйымға немесе олардың филиалына қолма-қол ақшаны береді.

      73. Ұлттық Банктің филиалы қолма-қол ақшаны бергеннен кейін банктің/банктік емес ұйымның корреспонденттік шотынан ақшаны есептен шығаруға кассалық шығыс ордерін жасайды.

      74. Қолма-қол ақша беруден бас тартуға:

      1) чекте көрсетілген соманың ақшаны резервтеуге өтiнiмде көрсетілген сомадан асып кетуі;

      2) ақшаны резервтеуге өтiнiмнiң болмауы;

      3) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 662 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарында заңды және жеке тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу ережесін бекіту туралы" 1998 жылғы 5 желтоқсандағы № 266 қаулысында белгіленген талаптарды бұзып чекті ресімдеу;

      4) № 247 қағидаларда және/немесе корреспонденттік шот және кассалық қызмет көрсету шарттарының талаптарында белгіленген өзге де талаптардың сақталмауы негіздеме болып табылады.

      Ескерту. 74-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2015 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      75. Банктен/банктік емес ұйымнан немесе олардың филиалынан қолма-қол ақшаны қабылдаған кезде Ұлттық Банктің филиалы осы соманы банктің/банктік емес ұйымның корреспонденттік шотына есепке алу үшін қабылданған қолма-қол ақшаның сомасына арналған кассалық кіріс ордерін жасайды.

      76. Банктен/банктік емес ұйымнан және/немесе олардың филиалынан қабылданған қолма-қол ақшаны қайтадан санаған кезде анықталған артық сома банктің/банктік емес ұйымның корреспонденттік шотына есепке алынады, ал кем шығу сомасы Ұлттық Банк пен банктің/банктік емес ұйымның арасында жасалған корреспонденттік шот шартына сәйкес банктің/банктік емес ұйымның корреспонденттік шотынан олардың келiсiмiнсiз есептен шығарылады.

4. Ұлттық Банкте корреспонденттік шотты жабу тәртiбi

      77. Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе корреспонденттік шот шарттында өзгеше көзделмесе, корреспонденттік шотты жабу банктің/банктік емес ұйымның өтініші негізінде жүргізіледі.

      Корреспонденттік шотта қалдық болған кезде банк/банктік емес ұйым Ұлттық Банкке корреспонденттік шот шартында көзделген тәртіпте корреспонденттік шоттан ақша қалдығын аударым жасауға төлем тапсырмасын ұсынады.

      78. Корреспонденттік шотты жабу кезінде банктің/банктік емес ұйымның жеке сәйкестендіру кодын, банктік сәйкестендіру кодын және банк/банктік емес ұйым коды жойылады.

      79. Ұлттық Банк корреспонденттік шотты жапқан кезде банкке/банктік емес ұйымға корреспонденттік шотты ашқанда алынған құжаттарын қайтармайды.

      80. № 266 ережеде көзделген жағдайларда корреспонденттік шотты жабуға жол берілмейді.

      81. Қазақстан Республикасының резиденті емес банктің корреспонденттік шотын қоспағанда, Ұлттық Банк банктің/банктік емес ұйымның корреспонденттік шоты жабылғаннан кейін хабарламаларды кепiлдiкпен жеткiзудi қамтамасыз ететін электрондық ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша корреспонденттік шоттар жабылған күннен кейiнгi бір жұмыс күнінен кешiктiрмей, сәйкестендіру нөмiрiн көрсете отырып, салықтардың түсімін және бюджетке төленетін басқа төлемдерді қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға олардың жабылғаны туралы хабарлайды.

      Техникалық проблемаларға байланысты ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша корреспонденттік шоттардың жабылғаны туралы хабарлау мүмкін болмаған кезде, Ұлттық Банк хабарламаны үш жұмыс күні iшiнде қағаз тасымалдағышта банктің/банктік емес ұйымның орналасқан жері бойынша салық органына жiбередi.

      Корреспонденттік шоттың жабылғаны туралы хабарламаның көшірмесі Іс қағаздарында сақталады.

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі мен банктер,
сондай-ақ банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдар арасында
корреспонденттік қатынастарды
орнату қағидаларына 1-қосымша

      Нысан

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2015 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      _______ жылғы "___"__________ жағдай бойынша

      _____________________________________________________________

      (банктің/банктік емес ұйымның атауы)

корреспонденттік шоттарындағы қалдықтарды растау ведомосі

р/с №

Ұлттық Банкте ашылған корреспонденттік шоттың нөмірі

Шот валютасы

Қалдық

Ішкі корреспонденттік шоттың нөмірi

Шот валютасы

Қалдық

Алшақтық

Ескерту

1

2

3

4

5

6

7

8

9











      Ұлттық Банктің уәкілетті тұлғасы Банктің уәкілетті тұлғасы

      _________________________________ ______________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (Тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болса) және қолы) (бар болса) және қолы)

      Ұлттық Банктің уәкілетті тұлғасы Бас бухгалтер

      _________________________________ ______________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (Тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болса) және қолы) (бар болса) және қолы)

      Мөрдің орны (бар болса) Мөрдің орны (бар болса)

  Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкі мен банктер, сондай-ақ банк
операцияларының жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын ұйымдар арасында
корреспонденттік қатынастарды
орнату қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық Банкі

      Ұлттық Банктің филиалы ___________________ арқылы

      (атауы)

      банктің/банктік емес ұйымның және/немесе банк/банктік емес ұйым филиалының

      қолма-қол ақшаны алуға арналған

      20 ______ жылғы "___" __________

      жиынтық ведомосі

Ақшаны резервтеуге өтiнiм берген банктің/банктік емес ұйымның атауы

Банктің/банктік емес ұйымның коды

Өтінім нөмірі

Ақша алушының атауы

Ақша алушы банктің коды

Қолма-қол ақшаны беруге арналған лимит сомасы

цифрлармен

жазумен

1








2








Жиынтығы:


      Ұлттық Банктің монетарлық Аты-жөні

      операцияларды есепке алу

      бөлімшесінің уәкілетті

      адамдарының қолдары

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 3 ақпандағы
№ 14 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Басқармасының күші жойылған қаулыларының тізбесі

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережелерін бекіту туралы" 1999 жылғы 28 наурыздағы № 37 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 754 тіркелген).

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1999 жылғы 28 наурыздағы № 37 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi мен екiншi деңгейдегi банктердiң, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың арасында корреспонденттiк қатынастар орнату жөнiндегi ережелерге өзгерiстердi бекiту туралы" 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 355 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1274 тіркелген).

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен екінші деңгейдегі банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережелерін бекіту туралы" 1999 жылғы 28 наурыздағы № 37 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2001 жылғы 20 желтоқсандағы № 542 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1744 тіркелген).

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен екінші деңгейдегі банктердің, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың арасында корреспонденттік қатынастар орнату жөніндегі ережелерді бекіту туралы" 1999 жылғы 28 наурыздағы № 37 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2002 жылғы 13 мамырдағы № 172 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1888 тіркелген).

      5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 754 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi мен екiншi деңгейдегi банктердiң, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың арасында корреспонденттiк қатынастар орнату жөнiндегi ережені бекіту туралы" 1999 жылғы 28 наурыздағы № 37 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2003 жылғы 11 тамыздағы № 293 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2489 тіркелген, 2003 жылғы 26 қыркүйекте "Егемен Қазақстан" газетінде № 253-254 (23553) жарияланған).

      6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 754 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен екінші деңгейдегі банктердің, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың арасында корреспонденттік қатынастар орнату жөніндегі ережелерді бекіту туралы" 1999 жылғы 28 наурыздағы № 37 қаулысына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 1771 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Клиринг ұйымдарының - банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін инспекциялауды жүргізу тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде" 2001 жылғы 8 қазандағы № 383 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 25 қыркүйектегі № 136 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3173 тіркелген, 2004 жылғы 6 қарашада "Егемен Қазақстан" газетінде № 274 (23909) жарияланған).

      7. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бөлімшелерінің арасында функцияларды бөлуге байланысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 17 қарашадағы № 147 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3993 тіркелген) қосымшаның 2-тармағы.

      8. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде банктік шоттарды жүргізу және инкассалық өкімдерді орындау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 12 тамыздағы № 74 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4407 тіркелген, 2006 жылғы 19 қазанда "Заң газеті" газетінде № 185 (991) жарияланған) 1-тармағы.

      9. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережелерін бекіту туралы" 1999 жылғы 28 наурыздағы № 37 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 25 маусымдағы № 66 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4831 тіркелген, 2007 жылғы 10 тамызда "Заң газеті" газетінде № 122 (1151) жарияланған).

      10. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережелерін бекіту туралы" 1999 жылғы 28 наурыздағы № 37 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 24 қазандағы № 84 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5379 тіркелген).

      11. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 24 тамыздағы № 85 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5806 тіркелген, 2009 жылғы 30 қазанда "Заң газеті" газетінде № 166 (1589) жарияланған) қосымшаның 1-тармағы.

      12. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына банк клиентінің банк шоты нөмірінің және банктік сәйкестендіру кодының жаңа құрылымына көшу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 25 қыркүйектегі № 91 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5852 тіркелген, 2009 жылғы 4 желтоқсанда "Заң газеті" газетінде № 186 (1609) жарияланған) қосымшаның 1-тармағы.

      13. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" 2012 жылғы 26 наурыздағы № 108 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7625 тіркелген, 2012 жылғы 23 тамызда "Егемен Қазақстан" газетінде № 540-545 (27618) жарияланған) 1-қосымшаның 2-тармағы.

      14. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 2013 жылғы 26 сәуірдегі № 110 қаулысының өзгерістері енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері тізбесінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8505 тіркелген, 2013 жылғы 23 шілдеде "Заң газеті" газетінде № 107 (2308), 2013 жылғы 24 шілдеде № 108 (2309), 2013 жылғы 25 шілдеде № 109 (2310), 2013 жылғы 30 шілдеде № 111 (2312), 2013 жылғы 31 шілдеде № 112 (2313), 2013 жылғы 1 тамызда № 113 (2314), 2013 жылғы 2 тамызда. № 114 (2315), 2013 жылғы 6 тамызда № 115 (2316) жарияланған) 1-тармағы.