Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.09.2020 № 120 (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізуді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргiзу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы |
Қ. Келімбетов |
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 247 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2017 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде (бұдан әрі – Ұлттық Банк) жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу тәртібін белгілейді.
Ұлттық Банкте жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу тәртібіне касса жұмысын ұйымдастыру, кассалық операциялар жасау, банкноттар мен монеталарды сұрыптау және орау, кем шығулармен, артық шығулармен, бүлінген, күмәнді және төлем қабілеті жоқ, сондай-ақ қолдан жасалған және банкноттармен және монеталармен және ақау белгілері бар ақша белгілерімен жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ Ұлттық Банктің Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығында (филиалына) (бұдан әрі – Ұлттық Банктің Орталығы) кассалық операциялар жасау ерекшеліктері кіреді.
2. Қағидалар Ұлттық Банктің орталық аппаратының бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына (бұдан әрі – Ұлттық Банктің филиалдары) және Ұлттық Банктің Орталығына, сондай-ақ Ұлттық Банктің филиалдарына, Ұлттық Банктің Орталығына қолма-қол ақша енгізетін (тапсыратын) және (немесе) алатын жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) айналым кассасы – Ұлттық Банк филиалының, Ұлттық Банк Орталығының кіріс, шығыс, кіріс-шығыс кассалары, қайта санау кассасы, ұсақтау (айырбастау) кассасы және кешкі касса кіретін кассасы;
2) артық шығу – банкноттардың немесе монеталардың орауында көрсетілген қолма-қол ақша сомасының және осы ораудағы нақты банкноттар мен монеталар сомасының арасындағы асып кеткен айырма;
3) заңды тұлға – екінші деңгейдегі банктер, олардың филиалдары, Ұлттық почта операторы, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, сақтау, сондай-ақ оларды банктерге және банктердің тапсырмасы бойынша олардың клиенттеріне беру бойынша қызметті қоса атқара отырып банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүзеге асыратын ұйымдар және олардың уәкілетті өкілдері;
4) инкассация бөлімшесі – Ұлттық Банк Орталығының қолма-қол ақшаны инкассациялау шарты негізінде Ұлттық Банктің филиалдары, сондай-ақ Ұлттық Банктің Орталығы және заңды тұлғалар арасында қолма-қол ақшаны және құндылықтарды тасымалдауды жүзеге асыратын бөлімшесі;
5) қаржылық автоматтандырылған ақпарат тасымалдау жүйесі (бұдан әрі – ҚААТЖ) – жіберілетін құжаттамаға рұқсатсыз кіруден қажетті қорғанышы бар арнайы байланыс арнасы;
6) қаржылық операцияларды қаржылық есепке алу және мониторингі бөлімшесі – Ұлттық Банк орталық аппаратының бөлімшесі;
7) касса модулі – Ұлттық Банктің автоматтандырылған банктік ақпарат жүйесінің эмиссиялық-кассалық операцияларының модулі;
8) кем шығу – банкноттардың немесе монеталардың орауында көрсетілген қолма-қол ақша сомасының және осы ораудағы нақты банкноттар мен монеталар сомасының арасындағы кем шыққан айырма;
9) күмәнді банкноттар және монеталар – бүлінген, төлем қабілетін және түпнұсқалығын анықтау үшін сараптама жүргізу қажет болатын банкноттар мен монеталар;
10) қолма-қол ақша айналысы бөлімшесі – Ұлттық Банк орталық аппаратының бөлімшесі;
11) мемлекеттік мекеме – Ұлттық Банктің қызмет көрсетуі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелері және олардың уәкілетті өкілдері;
12) филиалдың бухгалтериясы – Ұлттық Банк филиалының, Ұлттық Банк Орталығының бухгалтерлік есепке алу бөлімшесі;
13) ішкі аудит бөлімшесі – Ұлттық Банк орталық аппаратының бөлімшесі.
2-тарау. Касса жұмысын ұйымдастыру
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2017 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
4. Ұлттық Банктің филиалында, Ұлттық Банктің Орталығында кассалық операциялар бүкіл операциялық күн ішінде жүргізіледі. Касса жұмысының басталу және аяқталу уақыты, сондай-ақ касса жұмысының ерекшеліктері Ұлттық Банктің филиалы, Ұлттық Банктің Орталығы басшысының не оның орнындағы адамның бұйрығымен белгіленеді.
5. Операциялық күн ішінде заңды тұлғадан және мемлекеттік мекемеден түскен қолма-қол ақшаны Ұлттық Банктің филиалы, Ұлттық Банктің Орталығы олардың сомасын сол операциялық күні заңды тұлғаның және мемлекеттік мекеменің тиісті банк шоттарына есепке ала отырып айналым кассасына қабылдайды.
Операциялық күн ішінде Ұлттық Банк филиалының, Ұлттық Банк Орталығының кассасынан заңды тұлғаға және мемлекеттік мекемеме берілген қолма-қол ақша сол операциялық күні заңды тұлғаның және мемлекеттік мекеменің тиісті банк шоттарынан есептен шығарылады.
6. Ұлттық Банктің филиалы, Ұлттық Банктің Орталығы төлем үшін тек төлем банкноттары мен монеталарын ғана қабылдайды.
Ұлттық Банктің филиалы, Ұлттық Банктің Орталығы қабылдайтын және айырбастайтын тозған банкноттардың төлем қабілеті Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2689 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін анықтау ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 477 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін айқындау ережесіне сәйкес айқындалады.
7. Ұлттық Банктің филиалы, Ұлттық Банктің Орталығы банкноттар мен монеталарды қолдан жасау фактісіне байланысты хабарларды (шағым-талаптарды) қарайды. Қолдан жасалған және төлем қабілеті жоқ банкноттар немесе монеталар жеке тұлғаға, заңды тұлғаға, мемлекеттік мекемемеге қайтарылмайды және айырбасталмайды. Ұлттық Банктің филиалы, Ұлттық Банктің Орталығы анықталған қолдан жасалған банкноттарды және монеталарды аумақтық құқық қорғау органдарына өткізеді.
3-тарау. Кассалық операцияларды жасау
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2017 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1-параграф. Кіріс кассасының қолма-қол ақшаны қабылдау жұмысын ұйымдастыру
8. Ұлттық Банк филиалының, Ұлттық Банк Орталығының кіріс кассасы (бұдан әрі – кіріс кассасы) жеке тұлға, заңды тұлға, мемлекеттік мекемеме енгізген (тапсырған) қолма-қол ақшаны қабылдауды жүзеге асырады.
9. Кіріс кассасының Ұлттық Банктің филиалында, Ұлттық Банктің Орталығында немесе қаржылық операцияларды қаржылық есепке алу және мониторингі бөлімшесінде банк шоты (банк шоттары) бар заңды тұлғалардан қолма-қол ақшаны қабылдауы Ұлттық Банктің филиалы, Ұлттық Банктің Орталығы және көрсетілген заңды тұлғалар арасында жасалған кассалық қызмет көрсету шарттары негізінде жүзеге асырылады.
10. Кіріс кассасының Ұлттық Банктің филиалында, Ұлттық Банктің Орталығында немесе қаржылық операцияларды қаржылық есепке алу және мониторингі бөлімшесінде банк шоты (банк шоттары) жоқ жеке тұлғалардан, заңды тұлғалардан қолма-қол ақшаны қабылдауы кассалық қызмет көрсету шартын жасамастан банкноттарды парақтап және монеталарды бір-бірлеп санай отырып жүзеге асырылады.
11. Кіріс кассасының Ұлттық Банктің филиалында, Ұлттық Банктің Орталығында немесе қаржылық операцияларды қаржылық есепке алу және мониторингі бөлімшесінде банк шоты (банк шоттары) жоқ мемлекеттік мекемеден қолма-қол ақшаны қабылдау кассалық қызмет көрсету шартын жасамастан банкноттарды парақтап және монеталарды бір-бірлеп санай отырып жүзеге асырылады.
12. Кіріс кассасы заңды тұлғалардан заңды тұлғалар толық бумаларға және қапшықтарға салған банкноттар мен монеталарды номиналдары мен тозу дәрежесі бойынша сұрыпталғандарын қабылдайды.
Банкноттар салынған бумалар және монеталар салынған қапшықтар олар қалыптастырылған күннен бастап 1 (бір) айдан аспайтын мерзімде қабылданады.
Банкноттар салынған толық емес бумаларды және монеталар салынған толық емес қапшықтарды қабылдау Ұлттық Банк филиалы, Ұлттық Банк Орталығы басшысының не оның орнындағы адамның жазбаша рұқсаты бойынша жүргізіледі.
13. Кіріс кассасы заңды тұлғалардан қолма-қол ақша қабылдауды жүргізеді. Кіріс кассасының касса қызметкері:
бумалар мен түбіртектер бойынша банкноттарды орамның тұтастығына, буманың жоғары жапсырмасындағы деректемелердің дұрыс ресімделуін, пломбадағы клише таңбасының пломбиратор таңбасының немесе бедерінің анық болуын (жақсы көрінуін);
қапшықтар бойынша монеталарды қапшықтарға жапсырылған таңбадағы деректемелердің дұрыс ресімделуіне және пломбадағы пломбиратор таңбасының анық болуын (жақсы көрінуін) тексереді.
Заңды тұлғалардың касса қызметкерлері банкноттар салынған бумаларды және монеталар салынған қапшықтарды Қағидалардың 67-69 және 72-73-тармақтарында көзделген тәртіппен орайды. Орамы бүлінген банкноттар салынған бумалар және монеталар салынған қапшықтар қабылданбайды.
14. Қабылданған банкноттарды парақтап қайта санауды және монеталарды бір-бірлеп қайта санауды Ұлттық Банк филиалының, Ұлттық Банк Орталығының қайта санау кассасы (бұдан әрі – қайта санау кассасы) қолма-қол ақшаны қабылдаған күннен бастап 45 (қырық бес) жұмыс күн ішінде жүргізеді.
15. Кіріс кассасының касса қызметкерінің үстелінде тұлғалар салған қолма-қол ақша ғана болуы тиіс. Бұрын қабылданған барлық қолма-қол ақша сейфтерде, металл шкафтарда, үстелдің жәшіктерінде, кілтпен жабылатын арнайы арбаларда немесе кассирге бекітіліп берілген, пломбиратормен пломбаланған сақталатын (инкассаторлық) қапшықтарда сақталады.
16. Заңды тұлғалардан қолма-қол ақшаны қабылдау Қағидаларға 1-қосымшада белгіленген нысандар бойынша қолма-қол ақша жарнасына арналған хабарландыру, түбіртек және ордер негізінде жүзеге асырылады.
17. Заңды тұлғалардан қолма-қол ақшаны қабылдаған кезде филиал бухгалтериясының жауапты орындаушысы Қағидаларға 1-қосымшада белгіленген нысандар бойынша қолма-қол ақша жарнасына арналған хабарландыруды, түбіртекті және ордерді қабылдай отырып, олардың дұрыс толтырылуын, оларда қажетті деректемелердің болуын тексереді, қол қояды және филиал бухгалтериясының бақылаушысына өткізеді.
18. Филиал бухгалтериясының бақылаушысы Қағидаларға 1-қосымшада белгіленген нысандар бойынша алынған қолма-қол ақша жарнасына арналған хабарландыру, түбіртек және ордер негізінде Қағидаларға 2-қосымшада белгіленген нысан бойынша кассалық кіріс журналына жазба жасайды, Қағидаларға 1-қосымшада белгіленген нысандар бойынша қолма-қол ақша жарнасына арналған хабарландыруға, түбіртекке және ордерге қол қояды және оларды кіріс кассасының касса қызметкеріне береді.
Кассалық кіріс журналын, қолма-қол ақша салуға арналған хабарландыруды, түбіртектерді және ордерді заңды тұлға арқылы беруге жол берілмейді.
19. Кіріс кассасының касса қызметкері филиал бухгалтериясының бақылаушысынан Қағидаларға 1-қосымшада белгіленген нысандар бойынша қолма-қол ақша жарнасына арналған хабарландыруды, түбіртекті және ордерді ала отырып:
1) жауапты орындаушының және филиал бухгалтериясы бақылаушысының қолының болуын және қолданыстағы қол қою үлгілеріне сәйкестігін тексереді;
2) Қағидаларға 1-қосымшада белгіленген нысандар бойынша қолма-қол ақша жарнасына арналған хабарландыруда, түбіртекте және ордерде көрсетілген цифрмен және жазумен көрсетілген сомалардың сәйкестігін салыстырады;
3) қолма-қол ақша салған заңды тұлғаны шақырады және қолма-қол ақшаны Қағидаларда белгіленген тәртіппен қабылдайды.
20. Кіріс кассасының касса қызметкері қолма-қол ақшаның әрбір номиналын қабылдауына қарай деректерді касса модулінің құжатына енгізеді.
21. Кіріс кассасының касса қызметкері заңды тұлғадан қолма-қол ақшаны қабылдағаннан кейін Қағидаларға 1-қосымшада белгіленген нысандар бойынша қолма-қол ақша жарнасына арналған хабарландыруда, түбіртекте және ордерде көрсетілген жалпы соманы касса модулінің құжатында көрсетілген жалпы сомамен және нақты қабылдаған қолма-қол ақшаның жалпы сомасымен салыстырады.
Қағидаларға 1-қосымшада белгіленген нысандар бойынша қолма-қол ақша жарнасына арналған хабарландыруда, түбіртекте және ордерде көрсетілген сомалар нақты қабылданған қолма-қол ақша сомасымен сәйкес келген кезде кіріс кассасының касса қызметкері Қағидаларға 1-қосымшада белгіленген нысандар бойынша қолма-қол ақша жарнасына арналған хабарландыруға, түбіртекке және ордерге қол қояды, Қағидаларға 1-қосымшада белгіленген 2-нысан бойынша түбіртекке мөр басады, ол заңды тұлғаға беріледі. Касса қызметкері Қағидаларға 1-қосымшада белгіленген 1-нысан бойынша хабарландыруды өзінде қалдырады, ал Қағидаларға 1-қосымшада белгіленген 3-нысан бойынша ордерді филиал бухгалтериясының жауапты орындаушысына береді.
22. Енгізілген қолма-қол ақша сомасы мен Қағидаларға 1-қосымшада белгіленген нысандар бойынша қолма-қол ақша жарнасына арналған хабарландыруда, түбіртекте және ордерде көрсетілген соманың арасындағы айырма белгіленген жағдайда, сондай-ақ Қағидалардың 67-69 және 72-73-тармақтарында көзделген тәртіпті бұза отырып оралған, жекелеген банкноттар салынған бумаларды және монеталар салынған қапшықтарды қабылдаудан бас тартылған жағдайда Қағидаларға 1-қосымшада белгіленген нысандар бойынша қолма-қол ақша жарнасына арналған хабарландыруды, түбіртекті және ордерді заңды тұлға нақты енгізілген қолма-қол ақша сомасына қайта ресімдеуі тиіс. Бұл ретте кіріс кассасының касса қызметкері Қағидаларға 1-қосымшада белгіленген нысандар бойынша қолма-қол ақша жарнасына арналған хабарландырудың, түбіртектің және ордердің сыртқы жағына нақты қабылданған қолма-қол ақшаның сомасын көрсетеді, қол қояды және оларды филиал бухгалтериясының жауапты орындаушысына қайтарады.
Қағидаларға 1-қосымшада белгіленген нысандар бойынша қолма-қол ақша жарнасына арналған хабарландыруды, түбіртекті және ордерді қайта ресімдеу кезеңінде Ұлттық Банк филиалы кіріс кассасының касса қызметкері қабылдаған қолма-қол ақша заңды тұлғаға қайтарылады.
Кассалық кіріс журналына, қолма-қол ақша салуға арналған хабарландыруға, түбіртектерге және ордерге түзету енгізуге жол берілмейді.
23. Филиал бухгалтериясының жауапты орындаушысы заңды тұлғадан жаңадан толтырылған Қағидаларға 1-қосымшада белгіленген нысандар бойынша қолма-қол ақша жарнасына арналған хабарландыруды, түбіртекті және ордерді алғаннан кейін олардың дұрыс толтырылуын тексереді, қол қояды және оларды филиал бухгалтериясының бақылаушысына береді.
24. Филиал бухгалтериясының бақылаушысы Қағидаларға 1-қосымшада белгіленген нысандар бойынша қайта толтырылған қолма-қол ақша жарнасына арналған хабарландыру, түбіртек және ордер негізінде Қағидаларға 2-қосымшада белгіленген нысан бойынша кассалық кіріс журналына түзетулер енгізеді және Қағидаларға 1-қосымшада белгіленген нысандар бойынша қолма-қол ақша жарнасына арналған хабарландыруды, түбіртекті және ордерді осы тарауда белгіленген тәртіппен заңды тұлғалардан алынған қолма-қол ақшаны қабылдау үшін кіріс кассасының касса қызметкеріне береді.
25. Ұлттық Банктің филиалында, Ұлттық Банктің Орталығында немесе қаржылық операцияларды қаржылық есепке алу және мониторингі бөлімшесінде банк шоты (банк шоттары) жоқ жеке тұлғалардан, заңды тұлғалардан, сондай-ақ Ұлттық Банктің филиалында, Ұлттық Банктің Орталығында банк шоты (банк шоттары) бар мемлекеттік мекемеден қолма-қол ақша қабылдау Ұлттық Банк филиалының, Ұлттық Банк Орталығының Ұлттық Банк шығарған инвестициялық және коллекциялық монеталарын сату жағдайларын қоспағанда, Қағидаларға 3-қосымшада белгіленген нысан бойынша кассалық кіріс ордері негізінде жүзеге асырылады.
26. Қаржылық операцияларды қаржылық есепке алу және мониторингі бөлімшесінде банк шоты (банк шоттары) бар мемлекеттік мекемеден қолма-қол ақшаны қабылдау қаржылық операцияларды қаржылық есепке алу және мониторингі бөлімшесінің өкімге қол қою құқығы бар қызметкерлері қол қойған өкім негізінде жүзеге асырылады.
Қаржылық операцияларды қаржылық есепке алу және мониторингі бөлімшесі өкімге қол қою құқығы бар қызметкерлердің қол қою үлгілері бар құжатты Ұлттық Банктің филиалына, Ұлттық Банктің Орталығына ұсынады. Өкімге қол қою құқығы бар қызметкерлердің қол қою үлгілері бар құжатқа қажетіне қарай өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
Қол қойылған өкім Ұлттық Банктің филиалына, Ұлттық Банктің Орталығына қолма-қол ақша қабылдау күні Алматы уақыты бойынша 11.00 сағатқа дейін беріледі.
Өкімде мыналар көрсетіледі:
1) мемлекеттік мекеменің толық атауы;
2) қабылдау күні;
3) қабылдау орны (Ұлттық Банктің филиалы, Ұлттық Банктің Орталығы);
4) қолма-қол ақшаның жалпы сомасы (шетел валютасын қабылдаған жағдайда – шетел валютасының атауы және шетел валютасының жалпы сомасы);
5) мемлекеттік мекеменің қаржылық операцияларды қаржылық есепке алу және мониторингі бөлімшесіндегі банк шотының (банк шоттарының) нөмірі.
Ұлттық Банктің филиалы, Ұлттық Банктің Орталығы қаржылық операцияларды қаржылық есепке алу және мониторингі бөлімшесінде банк шоты (банк шоттары) бар мемлекеттік мекемеден қолма-қол ақшаны қабылдауды Қағидаларға 3-қосымшада белгіленген нысан бойынша кассалық кіріс ордері (шетел валютасын қабылдаған жағдайда – Қағидаларға 4-қосымшада белгіленген нысан бойынша шетел валютасындағы кассалық кіріс ордері) негізінде жүзеге асырады.
Ұлттық Банктің филиалдары, Ұлттық Банктің Орталығы қаржылық операцияларды қаржылық есепке алу және мониторингі бөлімшесінде банк шоты (банк шоттары) бар мемлекеттік мекемеден қолма-қол ақшаны қабылдау кезінде Қағидаларға 3-қосымшада белгіленген нысан бойынша кассалық кіріс ордерінің (шетел валютасын қабылдаған жағдайда – Қағидаларға 4-қосымшада белгіленген нысан бойынша шетел валютасындағы кассалық кіріс ордерінің) сканирленген үлгісін ҚААТЖ бойынша жібереді, оның негізінде қаржылық операцияларды қаржылық есепке алу және мониторингі бөлімшесінің қызметкері касса модулінде авторландыруды жүзеге асырады.
27. Ұлттық Банктің филиалы, Ұлттық Банктің Орталығы жеке тұлғалардан, заңды тұлғалардан және мемлекеттік мекемеден қолма-қол ақша қабылдау кезінде кіріс құжаттарын (Қағидаларға 1-қосымшада белгіленген нысандар бойынша қолма-қол ақша жарнасына арналған хабарландыру, түбіртек және ордер, сондай-ақ Қағидаларға 3-қосымшада белгіленген нысан бойынша кассалық кіріс ордері (шетел валютасын қабылдаған жағдайда – Қағидаларға 4-қосымшада белгіленген нысан бойынша шетел валютасындағы кассалық кіріс ордері) ресімдеу және салыстырып тексеру Қағидалардың 17-21-тармақтарында көзделген тәртіппен жүргізіледі.
2-параграф. Кешкі кассаның қолма-қол ақшаны қабылдау жұмысын ұйымдастыру
28. Операциялық күн аяқталғаннан кейін қолма-қол ақшаны қабылдау үшін айрықша жағдайларда және Ұлттық Банк Төрағасының қолма-қол ақша айналысы бөлімшесіне жетекшілік ететін орынбасарының рұқсатымен Ұлттық Банктің филиалында, Ұлттық Банктің Орталығында кешкі касса құрылады, оның жұмыс уақытын қолма-қол ақша айналысы бөлімшесі белгілейді.
29. Кешкі кассаның заңды тұлғадан қолма-қол ақша қабылдауын касса қызметкері Ұлттық Банк филиалы, Ұлттық Банк Орталығы басшысының не оның орнындағы адамның тиісті бұйрығымен белгіленген бухгалтер-бақылаушының бақылауымен жүргізеді.
30. Кешкі кассаға түскен қолма-қол ақша кассалық құжаттарға касса қызметкерінің "кешкі касса" мөрін қоя отырып, осы тараудың 1-параграфында көзделген тәртіппен қабылданады. Бұл ретте бухгалтер-бақылаушы Қағидаларға 5-қосымшада белгіленген нысан бойынша кешкі кассаның кассалық кіріс журналына жазба жасайды.
31. Кешкі касса қабылдаған қолма-қол ақша айналыс кассасына кіріске алынады және келесі операциялық күннен кешіктірілмей заңды тұлғаның тиісті банк шотына (банк шоттарына) есепке алынады.
3-параграф. Шығыс кассасының қолма-қол ақшаны беру жұмысын ұйымдастыру
32. Ұлттық Банк филиалының, Ұлттық Банк Орталығының шығыс кассасы (бұдан әрі – шығыс кассасы) жеке тұлғаларға, заңды тұлғалар, мемлекеттік мекемеге қолма-қол ақша беруді жүзеге асырады.
Шығыс кассасының Ұлттық Банктің филиалында, Ұлттық Банктің Орталығында немесе қаржылық операцияларды қаржылық есепке алу және мониторингі бөлімшесінде банк шоты (банк шоттары) бар заңды тұлғаларға қолма-қол ақша беруі кассалық қызмет көрсету шарттары негізінде жүзеге асырылады.
33. Шығыс кассасының Ұлттық Банктің филиалында, Ұлттық Банктің Орталығында немесе қаржылық операцияларды қаржылық есепке алу және мониторингі бөлімшесінде банк шоты (банк шоттары) жоқ жеке тұлғаларға, заңды тұлғаларға қолма-қол ақша беруі кассалық қызмет көрсету шартын жасамай-ақ жүзеге асырылады.
34. Шығыс кассасының Ұлттық Банктің филиалында, Ұлттық Банктің Орталығында немесе қаржылық операцияларды қаржылық есепке алу және мониторингі бөлімшесінде банк шоты (банк шоттары) бар мемлекеттік мекемеге қолма-қол ақша беруі кассалық қызмет көрсету шартын жасамай-ақ жүзеге асырылады.
35. Заңды тұлғаларға қолма-қол ақша Қағидаларда көзделген тәртіппен, мынадай касса құжаттары негізінде беріледі:
1) чек;
2) Қағидаларға 6-қосымшада белгіленген нысан бойынша кассалық шығыс ордерлері;
3) қаржылық операцияларды қаржылық есепке алу және мониторингі бөлімшесінің өкімі.
36. Ұлттық Банктің филиалында, Ұлттық Банктің Орталығында банк шоты (банк шоттары) бар заңды тұлғаларға қолма-қол ақша беру чектер негізінде жүзеге асырылады.
Монетарлық операцияларды есепке алу бөлімшесінде банк шоты (банк шоттары) бар заңды тұлғаларға қолма-қол ақша беру чектер және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14336 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 209 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасындағы корреспонденттік қатынастарды белгілеу қағидаларына 2-қосымшада белгіленген нысан бойынша Ұлттық Банктің филиалы арқылы банк (банктік емес ұйым) және (немесе) банк (банктік емес ұйым) филиалының қолма-қол ақшаны алуы үшін жиынтық ведомосы (бұдан әрі – жиынтық ведомость) негізінде жүзеге асырылады.
Ескерту. 36-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2017 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.37. Ұлттық Банктің филиалында, Ұлттық Банктің Орталығында немесе қаржылық операцияларды қаржылық есепке алу және мониторингі бөлімшесінде банк шоты (банк шоттары) жоқ жеке тұлғаларға, заңды тұлғаларға, сондай-ақ Ұлттық Банктің филиалында, Ұлттық Банктің Орталығында банк шоты (банк шоттары) бар мемлекеттік мекемеге қолма-қол ақша беру Қағидаларға 6-қосымшада белгіленген нысан бойынша кассалық шығыс ордерлері (шетел валютасын берген жағдайда – Қағидаларға 7-қосымшада белгіленген нысан бойынша шетел валютасындағы кассалық шығыс ордері) негізінде жүзеге асырылады.
38. Кассалық қызмет көрсетуге шарт жасалған заңды тұлғалар қолма-қол ақшаны алу күнінің қарсаңында немесе алатын күні Ұлттық Банктің филиалына, Ұлттық Банктің Орталығына Қағидаларға 8-қосымшада белгіленген нысан бойынша қолма-қол ақшаны алуға өтінім береді.
Филиал бухгалтериясының жауапты орындаушысы Қағидаларға 8-қосымшада белгіленген нысан бойынша қолма-қол ақшаны алуға өтінімді қабылдайды, оны толтырудың дұрыстығын, Ұлттық Банктің филиалында, Ұлттық Банктің Орталығында немесе қаржылық операцияларды қаржылық есепке алу және мониторингі бөлімшесінде банк шоты (банк шоттары) бар заңды тұлғалар алушыларының қойылған қолдарының қолданылып жүрген қол қою үлгілері мен мөр бедеріне сәйкестігін тексереді.
39. Филиал бухгалтериясының жауапты орындаушысы Ұлттық Банктің филиалында, Ұлттық Банктің Орталығында банк шоты (банк шоттары) бар заңды тұлғаларға қолма-қол ақша берген кезде чекті қабылдай отырып, оны толтырудың дұрыстығын, заңды тұлғаның қойылған қолдарының қолданылып жүрген қол қою үлгілеріне сәйкестігін, чекте көрсетілген тұлға туралы мәліметтердің оның жеке басын куәландыратын деректерімен сәйкес келуін тексереді, чекке қол қояды, заңды тұлғаға кассаға ұсыну үшін чектің бақылау маркасын береді және чекті филиал бухгалтериясының бақылаушысына өткізеді.
Филиал бухгалтериясының жауапты орындаушысы банктерге, қаржылық операцияларды қаржылық есепке алу және мониторингі бөлімшесінде банк шоты (банк шоттары) бар заңды тұлғаларға қолма-қол ақша беру кезінде чекті қабылдай отырып, онда көрсетілген соманы қаржылық операцияларды қаржылық есепке алу және мониторингі бөлімшесінен келіп түскен қолма-қол ақшаны алуға жиынтық ведомостың деректерімен салыстырады, чектің дұрыс толтырылғанын, заңды тұлға алушыларының қойылған қолдарының қолданылып жүрген қол қою үлгілері мен мөр бедеріне сәйкестігін, чекте көрсетілген тұлға туралы мәліметтердің оның жеке басын куәландыратын құжаттың деректерімен сәйкес келуін тексереді, чекке қол қояды, банкке, заңды тұлғаға кассаға ұсыну үшін чектің бақылау маркасын береді және чекті және қолма-қол ақшаны алуға жиынтық ведомосты филиал бухгалтериясының бақылаушысына өткізеді.
40. Банктің, заңды тұлғаның банк шотында қажетті ақша сомасы жеткілікті болмаған кезде чек банкке, заңды тұлғаға қайтарылады.
41. Филиал бухгалтериясының бақылаушысы филиал бухгалтериясының жауапты орындаушысынан чекті және жиынтық ведомосты алып, чектің дұрыс толтырылуын, заңды тұлғаның қойылған қолдары мен мөр бедерінің қолданылып жүрген қол қою үлгілерімен және мөр бедерімен сәйкес келуін тексереді (қаржылық операцияларды қаржылық есепке алу және мониторингі бөлімшесінде банк шоты (банк шоттары) бар банк және заңды тұлғалар үшін – чектің сомасын жиынтық ведомоспен салыстырып тексереді), оны Қағидаларға 9-қосымшада белгіленген нысан бойынша кассалық шығыс журналына тіркейді, чекке қол қояды және чекті шығыс кассаның касса қызметкеріне өткізеді.
Кассалық шығыс журналын және чекті заңды тұлға арқылы беруге жол берілмейді.
42. Шығыс кассаның касса қызметкері чекті алған кезде:
1) филиал бухгалтериясының жауапты орындаушысының және бақылаушысының қойылған қолдарының болуын және қолданылып жүрген қою үлгілеріне сәйкес келуін тексереді;
2) чектегі цифрлармен және жазумен көрсетілген сомалардың сәйкестігін салыстырып тексереді;
3) заңды тұлғаны чектің нөмірі бойынша шақырады және ол алған соманы нақтылайды;
4) чекте заңды тұлғаның қойылған қолының болуын және чекте көрсетілген тұлға туралы мәліметтердің оның жеке басын куәландыратын құжаттағы деректерімен сәйкес келуін тексереді;
5) берілетін қолма-қол ақша сомасын дайындайды;
6) чектің кассаға ұсынылатын бақылау маркасы нөмірінің чекте көрсетілген нөмірге сәйкес келуін тексереді және бақылау маркасын чекке желімдейді;
7) беруге дайындалған қолма-қол ақшаны заңды тұлғаның қатысуымен қайта санайды;
8) заңды тұлғаға қолма-қол ақшаны және қолма-қол ақшаның алынғаны туралы қол таңбаны қою үшін чекті береді, одан кейін касса қызметкері чекке қол қояды.
43. Шығыс кассасының касса қызметкері қолма-қол ақшаның берілуіне қарай деректерді касса модулінің құжатына енгізеді.
44. Заңды тұлғаға банкноттарды беруді шығыс кассасының касса қызметкері жапсырма қағаздардағы белгілер бойынша толық бумалармен, орамдардың бүлінбеу шартымен парақтап қайта санамай түбіршектердің саны бойынша береді.
Заңды тұлғаға толық емес бумалардан және орамы бүлінген бумалардан жекелеген түбіршектердегі банкноттарды беруді шығыс кассасының касса қызметкері парақтап қайта санау арқылы жүргізеді.
Заңды тұлғаға қапшықтарға салынған монеталарды беруді шығыс кассасының касса қызметкері қапшықтарға бекітілген жапсырма қағаздардағы жазбалар бойынша, ал пакеттерге салынған монеталарды олардағы жазбалар бойынша жүргізеді.
45. Заңды тұлғаға жеке түбіршектермен немесе парақтармен беру үшін банкноттар салынған бумаларды ашқан кезде шығыс кассасының касса қызметкері алдын ала барлық буманы парақтап қайта санайды.
Заңды тұлғаға жеке бір-бірлеп беру үшін пакеттер немесе құтыларға салынбаған монеталар бар қапшықтарды ашқан кезде шығыс кассасының касса қызметкері монеталар салынған барлық қапшықты бір-бірлеп қайта санайды.
46. Қолма-қол ақшаны беру кезінде шығыс кассасының касса қызметкеріне заңды тұлғаның талап етуі бойынша бір номиналдағы қолма-қол ақшаны басқасына айырбастауға жол берілмейді.
47. Заңды тұлға алған қолма-қол ақшаны заңды тұлға кассадан кетпей тұрып, қолма-қол ақшаны берген шығыс кассасының касса қызметкерінің қатысуымен, банкноттарды - бумалар және түбіршектер бойынша, жекелеген парақтар - парақтап қайта санаумен, монеталарды - қапшықтарға бекітілген жапсырма қағаздардағы жазбалар бойынша, пакеттердегі монеталарды - олардағы жазбалар бойынша, ал жекелеген монеталарды - бір-бірлеп қайта санау бойынша қайта санайды және тексереді.
Бұл ретте банкноттар салынған толық бумалардағы және монеталар салынған қапшықтардағы пломбалар мен клишені шығыс кассасының касса қызметкері заңды тұлғаның (банк өкілінің) қатысуымен кеседі.
Банкнот салынған бумаларды және монеталар салынған қапшықтарды пломба мен клишені алмастан беру, егер бұл кассалық қызмет көрсету шартында көзделген жағдайларда және Қағидалардың 48 және 49-тармақтарында көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.
48. Заңды тұлға банкноттарды парақтап және монеталарды бір-бірлеп санауға ниет білдірсе, мынадай талаптар сақталады:
1) банкноттар салынған толық бумалар мен монеталар салынған қапшықтардың пломбалары мен клишелерін шығыс кассасының касса қызметкері кеспейді;
2) заңды тұлға шығыс кассасының касса қызметкерінен қолма-қол ақшаны алу кезінде және осы мақсат үшін арнайы бөлінген орында қайта санау кезінде заңды тұлға қолма-қол ақшаны қайта санаған кезде қатысатын касса қызметкері-бақылаушының бақылауында болады;
3) заңды тұлғаның қолма-қол ақшаны қайта санауын қарап бақылауды жүзеге асыру кезінде касса қызметкері-бақылаушы бір мезгілде орау материалдарының банкноттар салынған бумалар мен монеталар салынған барлық қапшықтарды қайта санау аяқталғанға дейін сақталуын қадағалайды;
4) Ұлттық Банктің филиалы, Ұлттық Банктің Орталығы қолма-қол ақшаны қайта санау кезінде анықталған кем шығу сомаларын кейіннен Ұлттық Банктің филиалына, Ұлттық Банктің Орталығына кем шығуға жол берген тұлғаның (тұлғалардың) кем шығу сомаларын өтеуімен заңды тұлғаға өтейді;
5) қолма-қол ақшаның қайта санау кезінде анықталған кем шығулар кассаға кіріске алынады және Ұлттық Банктің кірістеріне есепке алынады;
6) заңды тұлға қайта санамаған, қалған банкноттар салынған толық бумалар мен монеталар салынған қапшықтардан касса қызметкері-бақылаушы пломбалар мен клишелерді кеседі, заңды тұлғадан олар бойынша шағым-талап кейін қабылданбайды.
49. Егер заңды тұлға қолма-қол ақшаны Ұлттық Банк филиалының, Ұлттық Банк Орталығының арнайы бөлінген орнында емес, оның үй-жайынан тысқары жерде қайта санаса, заңды тұлғалардың өтініші қаралмайды және қолма-қол ақшаны қайта санау, қалыптастыру, орау және беру жөніндегі шағым-талапты Ұлттық Банктің филиалы, Ұлттық Банктің Орталығы қабылдамайды.
50. Қаржылық операцияларды қаржылық есепке алу және мониторингі бөлімшесінде банк шоты (банк шоттары) бар мемлекеттік мекемеге қолма-қол ақшаны беру өкімге қол қою құқығы бар қаржылық операцияларды қаржылық есепке алу және мониторингі бөлімшесінің қызметкерлері қол қойған алынған өкім негізінде жүзеге асырылады.
Қаржылық операцияларды қаржылық есепке алу және мониторингі бөлімшесі Ұлттық Банктің филиалына, Ұлттық Банктің Орталығына өкімге қол қою құқығы бар қызметкерлердің қол қою үлгілері бар құжатты ұсынады. Өкімге қол қою құқығы бар қызметкерлердің қол қою үлгілері бар құжатқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігіне қарай жүргізіледі.
Қол қойылған өкім Ұлттық Банктің филиалына, Ұлттық Банктің Орталығына қолма-қол ақшаны беру күні Алматы уақыты бойынша 11.00 сағатқа дейін беріледі.
Өкімде мыналар көрсетіледі:
1) мемлекеттік мекеменің толық атауы;
2) берілген күні;
3) берілген орны (Ұлттық Банктің филиалы, Ұлттық Банктің Орталығы);
4) қолма-қол ақшаның жалпы сомасы (шетел валютасын берген жағдайда – шетел валютасының атауы және шетел валютасының жалпы сомасы);
5) мемлекеттік мекеменің қаржылық операцияларды қаржылық есепке алу және мониторингі бөлімшесіндегі банк шотының (банк шоттарының) нөмірі көрсетіледі.
Қаржылық операцияларды қаржылық есепке алу және мониторингі бөлімшесінде банк шоты (банк шоттары) бар мемлекеттік мекемеге қолма-қол ақшаны беру кезінде Ұлттық Банктің филиалы, Ұлттық Банктің Орталығы Қағидаларға 6-қосымшада белгіленген нысан бойынша кассалық шығыс ордерінің (шетел валютасын берген жағдайда – Қағидаларға 7-қосымшада белгіленген нысан бойынша шетел валютасындағы кассалық шығыс ордерінің) сканирленген үлгісін ҚААТЖ бойынша жібереді, осының негізінде қаржылық операцияларды қаржылық есепке алу және мониторингі бөлімшесінің қызметкері касса модулінде авторизациялауды жүзеге асырады.
51. Кассалық шығыс құжаттарын ресімдеу және салыстырып тексеру, сондай-ақ Ұлттық Банк филиалының, Ұлттық Банк Орталығының мемлекеттік мекемеге қолма-қол ақшаны беру процесі Қағидалардың 39 және 49-тармақтарында көзделген тәртіпке ұқсас жүргізіледі.
52. Ұлттық Банк филиалының, Ұлттық Банк Орталығының басшысы не оның орнындағы адам заңды тұлғаның шағым-талабының қанағаттандырылуына қарамастан заңды тұлғаның қолма-қол ақшаның жетіспеуі туралы өтінішін тексеру үшін шаралар қабылдайды.
53. Заңды тұлға Ұлттық Банктің филиалына, Ұлттық Банктің Орталығына қолма-қол ақшаны алатын күннің алдында Қағидаларға 8-қосымшада белгіленген нысан бойынша қолма-қол ақшаны алуға өтінімді және чекті берген жағдайда Ұлттық Банктің филиалы, Ұлттық Банктің Орталығы қолма-қол ақшаны алдын ала дайындауды жүзеге асырады.
54. Алдын ала дайындалған қолма-қол ақшаны беру Қағидалардың 35, 36, 38-49-тармақтарында көзделген тәртіпте жүргізіледі.
55. Алдын ала дайындалған қолма-қол ақша салынған қапшықтарды заңды тұлға қапшықтардың пломбаларын кесетін касса қызметкері-бақылаушының бақылауымен Ұлттық Банк филиалының, Ұлттық Банк Орталығының осыған арнайы бөлінген үй-жайында ашады. Заңды тұлға алынған қолма-қол ақшаны қайта санауды Қағидалардың 48-тармағында көзделген тәртіппен жүзеге асырады.
4-параграф. Банкноттар салынған 100 (бір жүз) бумадан және монеталар салынған 50 (елу) қапшықтан асатын қолма-қол ақшаны беру және қабылдау
56. Заңды тұлғаға банкноттар салынған 100 (бір жүз) бумадан және монеталар салынған 50 (елу) қапшықтан асатын санда қолма-қол ақша берген кезде касса қызметкері вакуумдық ораулардан кепілдік берілген клишелерді және банкноттар салынған бумадан және монеталар салынған қапшықтан кепілдік берілген пломбаларды алмайды.
57. Ұлттық Банктің филиалында, Ұлттық Банктің Орталығында шығыс кассасына банкноттар мен монеталарды алатын заңды тұлға банкноттар мен монеталарды қабылдауды мынадай талаптарды сақтай отырып жүзеге асырады:
1) банкноттар салынған бумаларды Ұлттық Банктің филиалының, Ұлттық Банктің Орталығының атауы, банкноттардың номиналы, саны мен сомасы, бумаларды қалыптастыру күні, касса қызметкерінің атаулы мөртабаны, аты-жөні немесе коды көрсетілген және оның қолы қойылған жапсырма қағаздар болған кезде түбіршектердің саны бойынша қабылдайды;
2) банкноттар салынған ораудың сақталуын (шпагаттың, вакуумдық ораудың тұтастығын, вакуумдық ораудағы кепілдік тігістегі пломбиратор таңбасының немесе клишенің анық таңбасының болуын) қамтамасыз етеді;
3) монеталар салынған қапшықтарды Ұлттық Банктің филиалының, Ұлттық Банктің Орталығының атауы, монеталардың номиналы, саны мен сомасы, орауды қалыптастыру күні, касса қызметкерінің атаулы мөртабаны, аты-жөні немесе коды көрсетілген және оның қолы қойылған жапсырма қағаздар болған кезде түбіршектердің саны бойынша қабылдайды;
4) монеталар салынған қапшықтардың сақталуын (қапшықтың, шпагаттың тұтастығын, пломбиратор таңбасының анық болуын) қамтамасыз етеді.
5-параграф. Кіріс-шығыс және ұсақтау (айырбастау) кассаларының жұмысын ұйымдастыру
58. Ұлттық Банк филиалының, Ұлттық Банк Орталығының кіріс-шығыс кассасы (бұдан әрі – кіріс-шығыс кассасы) жеке тұлғаға, заңды тұлғаға, мемлекеттік мекемеге қолма-қол ақша қабылдауды және беруді осы Қағидаларда кіріс және шығыс кассалары үшін белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
59. Ұлттық Банк филиалының, Ұлттық Банк Орталығының ұсақтау (айырбастау) кассасы (бұдан әрі – ұсақтау (айырбастау) кассасы) банкноттарға айырбастау үшін ұсақтау монеталарын беруді, тозған, айналыстан алынған банкноттарды немесе монеталарды және ақаулы (бүлінген) монеталарды жарамды банкноттар мен монеталарға айырбастауды, сондай-ақ қажет болған кезде ірі номиналды жарамды банкноттар мен жарамды монеталарды кіші номиналды жарамды банкноттар мен монеталарға айырбастауды жүзеге асырады.
60. Банкноттарды монеталарға айырбастау (ұсақтау) кезінде кіріс-шығыс кассасының касса қызметкері жеке тұлғадан, заңды тұлғадан, мемлекеттік мекемеден банкноттарды ала отырып оларды қайта санайды және оның өтінішіне сәйкес монеталардың қажетті номиналдарын іріктейді, берілетін соманы тексереді және оларды береді.
Тозған, айналыстан алынған банкноттарды немесе монеталарды және ақаулы (бүлінген) монеталарды жарамды банкноттарға немесе монеталарға айырбастау үшін қабылданған банкноттар немесе монеталар сомасына жүзеге асырылады.
61. Егер жеке тұлғадан, заңды тұлғадан, мемлекеттік мекемеден қабылданған қолма-қол ақша сомасы кассалық кіріс құжаттарында көрсетілген сомадан асып кеткен жағдайда, кіріс кассасының касса қызметкері қайтаруға (тапсыруға) жататын соманы береді.
62. Ұлттық Банк шығарған инвестициялық және коллекциялық монеталарды беру (сату) бойынша операцияларды жүзеге асырған кезде касса қызметкері сатылған монеталар сомасына деректемелері Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5526 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қолданатын компьютер жүйелерінің бақылау чегінің нысанын және мазмұнын белгілеу туралы" 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 117 қаулысында белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс касса модулінде қалыптастырылған, Қағидаларға 10-қосымшада белгіленген нысан бойынша бақылау чегін береді.
63. Заңды тұлғадан, мемлекеттік мекемеден шетел валютасын қабылдауды немесе беруді Ұлттық Банктің филиалы, Ұлттық Банктің Орталығы осы Қағидалардың 16-24, 26, 39-50-тармақтарында көзделген тәртіппен, Қағидаларға 4-қосымшада белгіленген нысан бойынша шетел валютасындағы кассалық кіріс ордері немесе Қағидаларға 7-қосымшада белгіленген нысан бойынша шетел валютасындағы кассалық шығыс ордері негізінде жүргізеді.
64. Қаржылық операцияларды қаржылық есепке алу және мониторингі бөлімшесінде банк шоты (банк шоттары) бар заңды тұлғаларға шетел валютасын берген кезде Ұлттық Банктің филиалы, Ұлттық Банктің Орталығы Қағидаларға 7-қосымшада белгіленген нысан бойынша шетел валютасындағы кассалық шығыс ордерінің сканирленген үлгісін ҚААТЖ бойынша жібереді, оның негізінде қаржылық операцияларды қаржылық есепке алу және мониторингі бөлімшесінің қызметкері касса модулінде авторизациялауды жүргізеді.
4-тарау. Банкноттар мен монеталарды сұрыптау және орау
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2017 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
65. Касса қызметкерлері қайта санау кассасына қабылданған банкноттар мен монеталарды номиналдары және тозу деңгейі бойынша сұрыптайды.
Банкноттар номиналдары және шығарылған жылдары бойынша айналысқа жарамдылығы, тозуы, айналыстан алынатындары және алынғандары бойынша сұрыпталады.
Монеталар айналысқа жарамдылығы, ақаулы (бүлінгені) және айналыстан алынатындары және алынғандары бойынша сұрыпталады.
66. Айналысқа жарамды банкноттар мен монеталар тозған банкноттар және ақаулы (бүлінген) монеталардан, сондай-ақ айналыстан алынатын және алынған банкноттар мен монеталардан бөлек оралады.
67. Бір номиналдағы банкноттардың әрбір 100 (жүз) парағы түбіршектерге қалыптастырылады және түбіршектерді бумаға орау тәсіліне байланысты айқастырылып немесе бір бандерольді көлденең қойып оралады. Егер банкнот салынған бумалар одан әрі шпагатпен орау арқылы қалыптастырылса, түбіршектер айқастырылып оралады. Банкноттарды полиэтилен пакеттерге ораған кезде түбіршектер бір көлденең бандерольмен оралады.
Бандерольдерге:
1) Ұлттық Банк филиалының, Ұлттық Банк Орталығының атауы жазылған мөртабаны;
2) банкноттардың сомасы және номиналы;
3) касса қызметкерінің қолы;
4) касса қызметкерінің атаулы мөртабаны, өзін-өзі теретін датирді қолданған кезде касса қызметкерінің коды немесе аты-жөні;
5) орауды қалыптастыру күні қойылады.
Банкнот түбіршектерін бандероль машиналарында ресімдеу кезінде арнайы орау материалдары қолданылады. Бандероль машинасының құрылымдық ерекшелігіне байланысты бандерольдерге мыналар қойылады:
1) Ұлттық Банктің филиалының, Ұлттық Банктің Орталығының қысқарған атауы;
2) банкноттардың сомасы мен номиналы;
3) касса қызметкерінің коды;
4) қалыптасқан күні мен уақыты.
Банкнот түбіршектерін полиэтилен пакеттерге орауға дейін бумаларды арнайы машиналарда пластикалық таспалармен айқастырып орау қолданылады.
68. Банкноттар бумаға 10 (он) түбіршектен (бір номиналдағы банкноттардың 1000 (мың) парағы) қалыптастырылады, олар қатты қағаздан жасалған жоғарғы және төменгі жапсырмалармен жарақтандырылады және шпагатпен түйінсіз және үзіксіз, төрт бітеу түйінмен қосарлап айқастырып байланады, шпагаттың ұшына Ұлттық Банк филиалының, Ұлттық Банк Орталығының касса қызметкері пломба салады.
Банкноттарды полиэтилен пакеттерге ораған кезде пакеттің аузы қыздырып бекітіледі, ал қыздырып бекітуге арналған клишеде Ұлттық Банк филиалының, Ұлттық Банк Орталығының атауы және касса қызметкерінің реттік нөмірі көрсетіледі.
69. Банкноттар салынған буманың жоғарғы жапсырмасында орау тәсіліне қарамастан:
1) Ұлттық Банк филиалының, Ұлттық Банк Орталығының атауы жазылған мөртабан;
2) банкноттардың номиналы;
3) банкноттардың сомасы;
4) банкноттардың саны;
5) орауды қалыптастырған күні;
6) касса қызметкерінің атаулы мөртабаны, өзін-өзі теру датирін қолданған кезде касса қызметкерінің коды немесе аты-жөні;
7) касса қызметкерінің қолы;
8) "Шығарылған жылы _____ ж." деген жазба қойылады.
Мерейтойлық, ескерткіш банкноттар бумаларының жоғарғы жапсырмаларын ресімдеген кезде жапсырманың төменгі сол жақ бұрышында қосымша "Мерейтойлық, ескерткіш" мөртабаны қойылады және шығарылған жылы көрсетіледі.
70. Толық түбіршектерге және бумаларға қалыптастыруға болмайтын банкноттар біріктіру және орау үшін бір немесе бірнеше касса қызметкеріне өткізіледі.
Касса қызметкерлері біріктіру үшін қабылданған банкноттарды бір-бірлеп қайта санайды және олардан толық банкноттар бумасын қалыптастырады. Бір номиналды, бірақ алайда әр жылдары шығарылған және тозу деңгейі әртүрлі банкноттардың толық түбіршіктері банкноттардың толық бумасына қалыптастырылады, жоғарғы жапсырмаларының жоғарғы сол жақ бұрышында "Жинақталған" жазбасы қойылады.
71. "Жинақталған" мөртабаны қойылған бір қапшыққа 25 000 (жиырма бес мың) теңге не 50 000 (елу мың) теңге салынып, пакеттерге немесе құтыларға өлшеніп салынған бір номиналдағы банкноттар, сондай-ақ түрлі номиналдағы айналысқа жарамды монеталар салынып қалыптастырылған бумалар 10 (он) операциялық күн ішінде беріледі не сақтау мерзімі аяқталғаннан кейін бақылау үшін банкноттар бір-бірлеп, ал монеталар даналап қайтадан саналады.
72. Бағалы емес металдан жасалған айналыста жүрген монеталарды және коллекциялық монеталарды Ұлттық Банк филиалының, Ұлттық Банк Орталығының касса қызметкерлері номиналдары бойынша өлшеп орайды және номиналдары бойынша пакеттерге (құтыларға) салады және сыртқы тігістері жоқ және бүлінбеген қаптарға салады. Әрбір оралған қаптың аузы матадан жасалған жапсырма қағазбен бірге тігіледі және түйіні мен үзігі жоқ шпагатпен мықтап байланады. Шпагаттың ұштары пломба салына отырып тұйық түйінмен байланады. Монеталар салынған пакеттерге және қапшықтардың жапсырма қағаздарына алдын ала:
1) Ұлттық Банк филиалының, Ұлттық Банк Орталығының атауы;
2) орауды қалыптастырған күн;
3) монеталардың номиналы;
4) монеталардың сомасы;
5) касса қызметкерінің атаулы мөртабаны, өзін-өзі теретін датирді қолданған кезде касса қызметкерінің коды немесе аты-жөні;
6) монеталар саны;
7) касса қызметкерінің қолы.
Айналым кассасындағы монеталар салынған қапшықтар, сондай-ақ Ұлттық Банк шығарған инвестициялық және коллекциялық монеталар Ұлттық Банктің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен оралады.
73. Монеталарды бір қапшыққа салу сомасы номиналы бойынша мынадай санда белгіленеді:
1 теңге – 4 000 (төрт мың) дана;
2 теңге – 4 000 (төрт мың) дана;
5 теңге – 3000 (үш мың) дана;
10 теңге – 2500 (екі мың бес жүз) дана;
20 теңге – 2500 (екі мың бес жүз) дана;
50 теңге – 1500 (бір мың бес жүз) дана;
100 теңге – 1 000 (бір мың) дана;
бағалы емес металдардан жасалған коллекциялық - 500 (бес жүз) дана.
74. Қолма-қол ақша айналысы бөлімшесі бір қапшыққа салынған монеталардың сомасының өзгергені немесе жаңа монеталар шығару туралы ақпаратты Ұлттық Банктің филиалдарына, Ұлттық Банктің Орталығына және заңды тұлғаларға жібереді.
75. Қапшықтан монеталарды бөлшектеп алған немесе қапшыққа монеталарды қосымша салған кезде монеталардың қалдығы даналап, ал өлшеп салынған монеталар - пакеттердегі (құтылардағы) жазбалар бойынша қайта саналуы тиіс.
Монеталар салынған қапшық осы Қағидалардың 72-тармағында көзделген тәртіппен қайта тігіледі. Қапшыққа бекітілген жапсырма қағазға қайта санауды жүргізген және қайта санау күнін көрсете отырып монеталар қалдығының нақты сомасын куәландырған касса қызметкерінің қолы қойылады.
Касса қызметкерлерінде қалған монеталар салынған, толық қапшықтарды қалыптастыруға болмайтын пакеттер (құтылар) біріктіру және орау үшін бір немесе бірнеше касса қызметкерлеріне жіберіледі.
Монеталар салынған толық қапшықтарды қалыптастыруға болмайтын жекелеген пакеттер (құтылар) бір және сол сияқты түрлі номиналдың монеталары салынған толық емес қапшықтарға оралуы мүмкін, осы қапшықтардың жапсырма қағаздарында әрбір номиналдың сомасы көрсетіледі.
Бірнеше касса қызметкерлері қайта есептеген пакеттерден (құтылардан) қалыптастырылған толық және толық емес қапшықтарға бекітілген жапсырма қағазға "Жинақталған" деген жазба қойылады.
Жинақталған қапшықтардағы монеталар айналым кассасында монеталар салынған қапшықтар қалыптастырылған күннен бастап 10 (он) операциялық күннен асырмай сақталады.
Бір номиналдың айналысқа жарамды монеталар салынған, бірнеше касса қызметкері қол қойған пакеттерден қалыптастырылған жинақталған қапшықтардағы монеталар резервтік қорларға есепке алынуы мүмкін және монеталар салынған қапшықтар қалыптастырылған күннен бастап 10 (он) операциялық күннен асырмай сақталады.
5-тарау. Кем шығулармен, артық шығулармен, тозған, бүлінген, күмәнді және төлем жасалмайтын банкноттармен және монеталармен, сондай-ақ қолдан жасалған және ақау белгілері бар ақша белгілерімен жұмысты ұйымдастыру
Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2017 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1-параграф. Кем шығулармен және артық шығулармен, күмәнді, төлем жасалмайтын қолма-қол ақшаны қайта санау кезінде анықталған тозған, бүлінген, банкноттармен және монеталармен жұмыс
76. Ұлттық Банк филиалының, Ұлттық Банк Орталығының Ұлттық Банктің филиалында, Ұлттық Банктің Орталығында немесе қаржылық операцияларды есепке алу және мониторингі бөлімшесінде банк шоты (банк шоттары) бар заңды тұлғалардан қабылданған қолма-қол ақшаны қайта санау кезінде кем шығуды (артық шығуды) анықтаған кезде кем шығу (артық шығу) сомалары қаржылық операцияларды есепке алу және мониторингі бөлімшесінде банк шоты (банк шоттары) бар мемлекеттік мекемені қоспағанда кассалық қызмет көрсету шарттарының талаптарына сәйкес банк шотына (банк шоттарына) есептен шығарылады, есепке алынады.
77. Егер ақшаны заңды тұлға, мемлекеттік мекеме касса қызметкер-бақылаушының қатысумен Ұлттық Банк филиалының, Ұлттық Банк Орталығының үй-жайында арнайы бөлінген орында осы Қағидалардың 48-тармағында белгіленген тәртіппен қайта саналған болса, Ұлттық Банк филиалының, Ұлттық Банк Орталығының орауынан кем шығулар анықталған кезде заңды тұлғаның, мемлекеттік мекеменің шағым-талаптарын Ұлттық Банктің филиалы, Ұлттық Банктің Орталығы қабылдайды.
78. Заңды тұлғадан, мемлекеттік мекемеден қабылданған төлем жасалмайтын банкноттар мен монеталар айналысқа шығарылмайды. Заңды тұлғадан, мемлекеттік мекемеден қабылданған төлем жасалмайтын банкноттар мен монеталар номиналдары бойынша сұрыпталып, басқа банкноттар мен монеталардан бөлек айналым кассасында сақталады.
79. Касса қызметкерлері қолма-қол ақшаны қайта санау үшін қолданылатын машиналарда қайта саналған, сондай-ақ қолма-қол ақшаны енгізуші (тапсырушы) тұлғалар сұрыптаған банкноттар мен монеталардың төлем қабілетін анықтайды.
80. Өзінің толық көлемінің 70 (жетпіс) пайыздан кем емес сақтаған, тозған және елеусіз зақымдары бар (егер олар банкноттардың шынайылығын анықтауға кедергі келтірмесе) банкноттарды Ұлттық Банктің филиалдары, Ұлттық Банктің Орталығы шектеусіз, оларды қабылданған сәтте тікелей айырбастайды.
81. Заңды тұлғаның орауында, сондай-ақ Ұлттық Банктің филиалында орауында күмәнді банкноттар мен монеталардың болуы белгіленген жағдайда, күмәнді банкноттар мен монеталар сомасына Қағидаларға 11-қосымшада белгіленген нысан бойынша кем шығу (артық шығу) туралы акт жасалады. Бұл ретте заңды тұлғаның банк шотынан есептен шығару немесе Ұлттық Банк филиалының, Ұлттық Банк Орталығының кем шығуға жол берген қызметкерінің өтеуі арқылы кем шығу сомасын өтеу Қағидаларға 12-қосымшада белгіленген нысан бойынша ақша белгілерін сараптау актісіне сәйкес жүргізіледі.
82. Ұлттық Банк филиалының, Ұлттық Банк Орталығының кассасында кем шығу, артық шығу, төлем жасалмайтын, ақау белгілері бар, қолдан жасалған банкноттар немесе монеталар байқалған жағдайда, Қағидаларға 11-қосымшада белгіленген нысан бойынша кем шығу (артық шығу) туралы акті жасалады, оған Ұлттық Банк филиалының, Ұлттық Банк Орталығының касса қызметкері және қолма-қол ақшаны қайта есептеу соның қатысуымен жүргізілетін бақылаушы немесе Ұлттық Банктің филиалында, Ұлттық Банк Орталығында қолма-қол ақшаның сақталуына жауапты лауазымды тұлғалар қол қояды.
83. Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша кем шығу (артық шығу) туралы акт:
1) Ұлттық Банк филиалының орауынан кем шығу, артық шығу, күмәнді, төлем жасалмайтын, ақау белгілері бар, қолдан жасалған банкноттар немесе монеталар байқалған жағдайда бір данада жасалады, ол Ұлттық Банктің филиалында, Ұлттық Банктің Орталығында қалады;
2) заңды тұлғаның, мемлекеттік мекеменің орауынан кем шығу, артық шығу, күмәнді, төлем жасалмайтын, ақау белгілері бар, қолдан жасалған банкноттар немесе монеталар байқалған жағдайда – екі данада жасалады, оның біреуі заңды тұлғаға, мемлекеттік мекемеге орау материалдарымен бірге беріледі, екінші данасы Ұлттық Банктің филиалында, Ұлттық Банктің Орталығында қалады;
3) Ұлттық Банктің басқа филиалының, Ұлттық Банктің Орталығының орауынан кем шығу, артық шығу, күмәнді, төлем жасалмайтын, ақау белгілері бар, қолдан жасалған банкноттар немесе монеталар байқалған жағдайда – екі данада жасалады, оның біреуі Ұлттық Банктің басқа филиалына орау материалымен бірге беріледі, екінші данасы Ұлттық Банктің осы филиалында, Ұлттық Банктің Орталығында қалады;
4) Ұлттық Банктің басқа филиалынан, Ұлттық Банктің Орталығынан түскен, заңды тұлғаның, мемлекеттік мекеменің орауынан кем шығу, артық шығу, күмәнді, төлем жасалмайтын, ақау белгілері бар, қолдан жасалған банкноттар немесе монеталар анықталған жағдайда – үш данада жасалады, олардың екеуі Ұлттық Банктің басқа филиалына, Ұлттық Банктің Орталығына орау материалымен бірге беріледі (оның біреуі орау материалымен бірге заңды тұлғаға, мемлекеттік мекемеге беріледі), үшінші данасы Ұлттық Банктің осы филиалында, Ұлттық Банктің Орталығында қалады.
10000 (он мың) және одан астам теңге сомада кем шығу, артық шығу, күмәнді, төлем жасалмайтын, ақау белгілері бар, қолдан жасалған банкноттар немесе монеталар табылған жағдайда Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша кем шығу (артық шығу) туралы актінің қосымша 2 (екі) данасы жасалады, оларды Ұлттық Банктің филиалы, Ұлттық Банктің Орталығы қолма-қол ақша айналысы бөлімшесіне және ішкі аудит бөлімшесіне жібереді.
84. Заңды тұлғаның, мемлекеттік мекеменің орауында ақау белгілері бар, қолдан жасалған не төлем жасалмайтын банкноттардың не төлем жасалмайтын монеталардың кем шығуы анықталған жағдайда Ұлттық Банктің филиалы, Ұлттық Банктің Орталығы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша кем шығу (артық шығу) туралы акт жасайды.
Заңды тұлғаның, мемлекеттік мекеменің орауынан шетел мемлекетінің ақша белгілері табылған жағдайда, орау материалымен бірге Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша кем шығу (артық шығу) туралы акт жасала отырып, заңды тұлғаға, мемлекеттік мекемеге қайтарылады.
85. Ұлттық Банктің филиалы, Ұлттық Банктің Орталығы заңды тұлғаның, мемлекеттік мекеменің орауындағы банкноттар мен монеталардың артық шығуын анықтаған жағдайда, орауда байқалған артық шығу сомасын заңды тұлғаға оның банк шотына қайтарады.
2-параграф. Күмәнді банкноттар мен монеталарға сараптама жүргізу және қолдан жасалған ақша белгілерімен жұмыс жүргізу
86. Егер касса қызметкері банкноттар мен монеталардың төлем қабілетін өз бетінше анықтауға қиналса, Ұлттық Банктің филиалында, Ұлттық Банктің Орталығында ақша белгілерінің түпнұсқалығы мен төлем қабілетін анықтау жөнінде оқыған сараптамашы-кассир осы ақша белгісіне арнайы жабдықты қолдана отырып сараптама жүргізеді.
87. Түскен күмәнді банкноттар мен монеталарға сараптаманы Ұлттық Банктің филиалы, Ұлттық Банктің Орталығы жеке тұлға, заңды тұлға, мемлекеттік мекеме екі данада толтырып, Қағидаларға 13-қосымшаға белгіленген нысан бойынша сараптамаға беретін қолма-қол ақшаның тізімдеме-өтініші негізінде жүргізеді, оның бір данасы Ұлттық Банк филиалының, Ұлттық Банк Орталығының ақша белгілерін қабылдаған касса қызметкері жазатын Қағидаларға 14-қосымшада белгіленген нысан бойынша банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қабылдау туралы түбіртекпен бірге жеке тұлғаға, заңды тұлғаға, мемлекеттік мекемеге беріледі, екіншісі Ұлттық Банктің филиалында, Ұлттық Банктің Орталығында қалады.
Қағидаларға 14-қосымшада белгіленген нысан бойынша банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қабылдау туралы түбіртек беру кезінде Ұлттық Банк филиалының, Ұлттық Банк Орталығының касса қызметкері жеке тұлғаның, заңды тұлғаның, мемлекеттік мекеменің Қағидаларға 13-қосымшада белгіленген нысан бойынша сараптамаға берілетін қолма-қол ақшаның тізімдеме-өтінішін толық толтыруын тексереді.
88. Ұлттық Банк филиалы күмәнді банкноттар мен монеталардың төлем қабілетін анықтай алмаған жағдайда Ұлттық Банктің филиалы күмәнді банкноттар мен монеталарды кейіннен қолма-қол ақша айналысы бөлімшесіне сараптама жүргізуге беру үшін Ұлттық Банк Орталығына жібереді.
89. Күмәнді банкноттар мен монеталарды тексеру нәтижелері бойынша Ұлттық Банктің филиалы, Ұлттық Банк Орталығы немесе қолма-қол ақша айналысы бөлімшесі күмәнді банкноттар мен монеталарға қорытынды дайындайды.
90. Ұлттық Банктің филиалы, Ұлттық Банк Орталығы күмәнді банкноттар мен монеталарға Ұлттық Банктің филиалы, Ұлттық Банк Орталығы немесе қолма-қол ақша айналысы бөлімшесі дайындаған қорытынды негізінде екі данада ақша белгілерін сараптау актісін Қағидаларға 12-қосымшада белгіленген нысан бойынша жасайды, оның біреуі сол күнгі касса құжаттарына тігіледі. Қағидаларға 12-қосымшада белгіленген нысан бойынша ақша белгілерін сараптау актісінің екінші данасы соның негізінде жасалған қорытындымен (қорытындылармен) бірге Ұлттық Банктің филиалындағы, Ұлттық Банк Орталығындағы арнайы жүргізілген істе сақталады. Қағидаларға 12-қосымшада белгіленген нысан бойынша ақша белгілерін сараптау актісінің көшірмесі филиалдың бухгалтериясына жіберіледі. Күмәнді ақша белгілерін сараптамаға тапсырғанның қалауы бойынша оған Қағидаларға 12-қосымшада белгіленген нысан бойынша ақша белгілерін сараптау актісінің көшірмесі беріледі.
91. Қағидаларға 12-қосымшада белгіленген нысан бойынша ақша белгілерін сараптау актісі Қағидаларға 13-қосымшада белгіленген нысан бойынша сараптамаға берілетін бір-бірлеп түсетін қолма-қол ақшаның тізімдеме-өтініші бойынша ақша белгілерінің әрбір номиналына жеке, сондай-ақ сараптама төлем жасалмайтын, қолдан жасалған және (немесе) ақау белгілері бар деп таныған ақша белгілеріне жеке жасалады.
92. Ұлттық Банктің филиалы, Ұлттық Банктің Орталығы бұрын қабылдаған күмәнді банкноттар мен монеталарға айырбас ретінде төлем жасалатын ақша белгілерін алу үшін жеке тұлға, заңды тұлға, мемлекеттік мекеме Ұлттық Банктің филиалына, Ұлттық Банктің Орталығына Қағидаларға 14-қосымшада белгіленген нысан бойынша банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қабылдау туралы түбіртекті, Қағидаларға 13-қосымшада белгіленген нысан бойынша сараптамаға берілетін қолма-қол ақшаның тізімдеме-өтінішін және оның жеке басын куәландыратын құжатын ұсынады.
93. Ұлттық Банктің филиалы, Ұлттық Банктің Орталығы бұрын қабылдаған күмәнді банкноттар мен монеталарға айырбас ретінде төлем жасалатын ақша белгілерін беруді Ұлттық Банктің филиалы, Ұлттық Банктің Орталығы қолма-қол ақшамен де, қолма-қол емес тәртіппен де жүргізеді.
94. Сараптама күмәнді банкноттар мен монеталарды төлем жасалмайтын деп таныған жағдайда, Ұлттық Банктің филиалы, Ұлттық Банктің Орталығы бұл жөнінде жеке тұлғаға, заңды тұлғаға, мемлекеттік мекемеге айырбастаудан бас тарту себебін көрсете отырып хабарлайды.
95. Сараптама күмәнді банкноттар мен монеталарды қолдан жасалған деп таныған жағдайда, Ұлттық Банктің филиалы, Ұлттық Банктің Орталығы қайтармайды, айырбастамайды және бұл факт жөнінде құқық қорғау органдарына хабарлайды.
Құқық қорғау органдарының өкілдері ақша белгілерін алған жағдайда ақша белгілерін алу туралы құжаттың түпнұсқасы жеке тұлғаға, заңды тұлғаға, мемлекеттік мекемеге беріледі, көшірмесі Ұлттық Банктің филиалында, Ұлттық Банктің Орталығында қалады.
96. Қазақстан Республикасының қолдан жасалған ақша белгілерінің анықталу фактілері туралы Ұлттық Банктің филиалы, Ұлттық Банктің Орталығы қолма-қол ақша айналысы бөлімшесіне ақша белгілерін алу құжаттың көшірмесін қоса сала отырып, қолдан жасалған ақша белгілерінің қысқаша сипаттамасы көрсетілген хабарламаны жібереді.
6-тарау. Ұлттық Банктің Орталығында кассалық операцияларды жасау ерекшеліктері
Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2017 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
97. Ұлттық Банктің Орталығы қолма-қол ақшаны қабылдауды Алматы уақыты бойынша 13.00 сағатқа дейін жүзеге асырады.
98. Банкноттар салынған 50 (елу) бумадан және монеталар салынған 20 (жиырма) қапшықтан асатын қолма-қол ақшаны қабылдауды және беруді олармен толық материалдық жауапкершілік туралы ұжымдық бригадалық шарт жасалатын Ұлттық Банк Орталығының бірнеше касса қызметкері жүзеге асырады.
99. Заңды тұлға банкноттар салынған 10 (он) бумадан және монеталар салынған 5 (бес) қапшықтан асатын қолма-қол ақшаны беру кезінде Ұлттық Банктің Орталығы пломбаланған қапшықтарда арнайы шлюз арқылы қолма-қол ақшаны қабылдауды жүзеге асырады. Мұндайда Ұлттық Банк Орталығының касса қызметкері арнайы үй-жайда заңды тұлғаның қарауға болатын терезе арқылы бақылауымен қапшықтарды ашады.
100. Операциялық күн ішінде қабылданған қолма-қол ақшаны Ұлттық Банк Орталығының кіріс кассасында қоймаға қою және сақтау мүмкін болмаған жағдайда қолма-қол ақша Ұлттық Банк Орталығының айналым кассасына өткізіледі.
Ұлттық Банк Орталығының кіріс кассасынан қолма-қол ақшаны айналым кассасына беру кезінде Ұлттық Банк Орталығының кіріс және шығыс кассаларында қызмет көрсету тоқтатылады, ал Ұлттық Банк Орталығының ішкі қауіпсіздік қызметінің қызметкері барлық есікті оқшаулауды және қолма-қол ақшаны айналым кассасына беру толық аяқталғанға дейін заңды тұлғаны, мемлекеттік мекемені Ұлттық Банк Орталығының басқа үй-жайына шығарып салуды қамтамасыз етеді.
101. Ұлттық Банктің Орталығы мен заңды тұлғаның арасында жасалған қолма-қол ақшаны инкассациялау шартының негізінде Ұлттық Банктің Орталығы заңды тұлғаға беру үшін Қағидалардың 53-тармағына сәйкес алдын-ала дайындалған қолма-қол ақшаны жеткізуді жүзеге асырады.
Бұл ретте банкноттар салынған қапшықтарды ашу және оларды бумалары мен түбіршектері бойынша ашу, монеталар салынған қапшықтарды ашу және оларды қашықтарға бекітілген жапсырмалары бойынша қайта санау инкассация бөлімшесі қызметкерлерінің немесе Ұлттық Банк Орталығының арнайы бөлінген касса қызметкерінің қатысуымен парақтап және даналап (бір-бірлеп) қайта саналмастан жүргізіледі.
102. Заңды тұлғаның қалауы бойынша қолма-қол ақшаны парақтап және даналап (бір-бірлеп) қайта санау заңды тұлғаның үй-жайында Ұлттық Банк Орталығының касса қызметкерінің қатысуымен жүргізіледі.
Егер заңды тұлға банкноттар мен монеталарды қайта санауды Ұлттық Банктің Орталығы өкілдерінің қатысуынсыз жүргізсе, Ұлттық Банктің Орталығы кем шығу туралы өтінішті (талап-шағымын) қабылдамайды.
103. Ұлттық Банктің Орталығы мен заңды тұлға арасында жасалған қолма-қол ақшаны инкассациялау шартының негізінде Ұлттық Банктің Орталығы заңды тұлғаларға операциялық кассаларының артық шығулары мен нығайтуларын алып шығуды және жеткізуді жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларына 1-қосымша |
_________________________________________________________
(Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі филиалының атауы)
1-нысан
Қолма-қол ақша жарнасына арналған
№____ хабарландыру
20 __ жылғы "___" __________
Кімнен Код Шотқа аудару үшін ______________________
_____________________________________________|______________________|
Бенефициар банкі | |
_____________________________________________| |
Бенефициар | БЕК | |
|________________________________| Цифрмен сомасы |
_____________________________________________|______________________|
____________________________________________________________________
Жазумен сомасы _____________________ теңге | |
Жарна мақсаты | ТМК |
__________________________________________________________|_________|
Салушының қолы Бухгалтер Бақылаушы ___ Ақшаны кассир қабылдады___
____________________________________________________________________
2-нысан
__________________
№ ____ | түбіртек |
20_ жылғы "____"_____________ ЖСН (БСН) _____________
Кімнен Код Шотқа аудару үшін ______________________
_____________________________________________|______________________|
Бенефициар банкі | |
_____________________________________________| |
Бенефициар | БЕК | |
|________________________________| Цифрмен сомасы |
_____________________________________________|______________________|
____________________________________________________________________
Жазумен сомасы _____________________ теңге | |
Жарна мақсаты | ТМК |
__________________________________________________________|_________|
Мөр орны Бухгалтер Бақылаушы ___ Ақшаны кассир қабылдады___
____________________________________________________________________
3-нысан
__________________
№ ____ ордер | түбіртек |
20 жылғы "____" ________ ЖСН (БСН)________________
Кімнен Дебет Сомасы
Код ___________ _____________________
| шот | | Жалпы |
|___________| |_____________________|
Кредит | Жеке | код |
________________________________________ | | |
Бенефициар банкі | | | | |
____________________________| | | | |
Бенефициар | БЕК | |Шот | | | |
|нөмірі | | | |
____________________________|___________|_____|_______________|_____|
Жарна мақсаты | ТМК |Операция түрі | |
| |Төлем | |
| |мақсаты | |
Бухгалтер Бақылаушы Кассир |_____|_______________|_____|
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларына 2-қосымша |
_________________________________________________________
(Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі филиалының атауы)
Нысан
Кассалық кіріс журналы ________
20___ жылғы "___" _____________
Операция түрі: Банк шоты № _____________
№ | Банк шотының нөмірі | Атауы | Құжат нөмірі | Сомасы | Касса қызметкерінің қолы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Жиынтығы: |
Бухгалтерия бақылаушысы ____________________________________ аты-жөні
(қолы)
Бухгалтер ____________________________________ аты-жөні
(қолы)
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларына 3-қосымша |
Нысан
№ кассалық кіріс ордері
20__жылғы "___" ___________
(жазып берілген күні)
Ақша жіберуші:____________________________________________
__________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы) (аты-жөні)
ЖСН (БСН): _______________________________________________
Дебет
Бенефициар банкі:_________________ | БСК | Сомасы | символ | |
__________________________________ | ||||
Бенефициар:_______________________ | ЖСК | хххххххххххх=хх | ||
__________________________________ | ||||
ЖСН (БСН):________________________ | БШ |
Кредит
Шот атауы:________________________ __________________________________ | ЖСК | Сомасы | |
БШ |
Сомасы жазумен:____________________________________________________
___________________________________________________________________
Төлем мақсаты:_____________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Жеке куәлік _______________________________________________________
Берілді ________________________ Берілген күні ____________________
Ақша жіберушінің қолы _____________________________________________
Басшы Бақылаушы Орындаушы Кассир
____________ ___________ ____________ ___________
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларына 4-қосымша |
Нысан
№ шетел валютасындағы кассалық кіріс ордері
20__жылғы "___" ___________
(жазып берілген күні)
Ақша жіберуші _____________________________________________
ЖСН (БСН): ________________________________________________
Дебет Сомасы
Ақша бенефициарінің банкі:___ _____________________________ _____________________________ Бенефициар:__________________ _____________________________ ЖСН (БСН):___________________ | БСК | теңгемен | Валютамен | |
ЖСК | хххххххххххх=хх | хххххххххх=хх | ||
БШ | ||||
Кредит | ||||
Шот атауы: __________________ _____________________________ | ЖСК | |||
_____________________________ | ||||
БШ | ||||
Валюта коды: | Бағамы: ххх=ххх |
Сомасы жазумен, теңгеде: ____________________________________________
_____________________________________________________________________
Сомасы жазумен, валютада: ___________________________________________
_____________________________________________________________________
Негізі: _____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Төлем мақсаты:_______________________________________________________
Жеке куәлік № _______________________________________________________
Берілді __________________________ Берілген күні ____________________
Ақша жіберушінің қолы:_______________________________________________
Басшы Бақылаушы Орындаушы Кассир
____________ ___________ ___________ ____________
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларына 5-қосымша |
Нысан
_________________________________________________________
(Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі филиалының атауы)
Кешкі кассаның кассалық кіріс журналы ________
20___ жылғы "___" ____________
Операция түрі: Банк шоты № ____________
№ | Банк шотының нөмірі | Атауы | Құжат нөмірі | Сомасы | Касса қызметкерінің қолы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Жиынтығы: |
Кешкі кассаның
Бухгалтерия бақылаушысы ___________________________________ аты-жөні
(қолы)
Бухгалтер ___________________________________ аты-жөні
(қолы)
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларына 6-қосымша |
Нысан
№ кассалық шығыс ордері
20__жылғы "___" ___________
(жазып берілген күні)
Бенефициар (ақша алушы): _________________________________
(аты-жөні)
ЖСН (БСН): _______________________________________________
Дебет | Сомасы | ||
Шот атауы:_______________________ | ЖСК | хххххххххххх=хх | |
_________________________________ | |||
БШ |
Кредит
Ақша жіберушінің банкі:__________ _________________________________ Ақша жіберуші:___________________ _________________________________ _________________________________ ЖСН (БСН):_______________________ | БСК | сомасы | символ | |
ЖСК | хххххххххххх=хх | |||
БШ |
Сомасы жазумен:______________________________________________________
_____________________________________________________________________
Төлем мақсаты:_______________________________________________________
_____________________________________________________________________
Жеке куәлік № _______________________________________________________
Берілді ________________________________ Берілген күні ______________
Ордерде көрсетілген соманы алдым: Бенефициар
_____________________________________________________________________
Басшы Бақылаушы Орындаушы Кассир
____________ ___________ ____________ __________
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларына 7-қосымша |
Нысан
№ шетел валютасындағы кассалық шығыс ордері
20__жылғы "___" ___________
(берілген күні)
Бенефициар (ақша алушы): _________________________________
ЖСН (БСН): _______________________________________________
Дебет Сомасы
Шот атауы:____________________ ______________________________ | ЖСК | теңгемен | валютамен | |
хххххххххххх=хх | хххххххххх=хх | |||
БШ | ||||
Кредит | ||||
Ақша жіберушінің банкі:_______ ______________________________ Жіберуші:_____________________ ______________________________ | БСК | |||
ЖСК | ||||
ЖСН (БСН):____________________ | БШ |
Валюта коды: Бағамы:
ххх=ххх
Сомасы жазумен, теңгеде: ____________________________________________
_____________________________________________________________________
Сомасы жазумен, валютада: ___________________________________________
_____________________________________________________________________
Негіздеме:___________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Төлем мақсаты:_______________________________________________________
Жеке куәлік № _______________________________________________________
Берілді __________________________ Берілген күні ____________________
Ордерде көрсетілген соманы алдым: ___________________________________
Басшы Бақылаушы Орындаушы Кассир
____________ ___________ ___________ ____________
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларына 8-қосымша |
Нысан
_________________________________________________________
(Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі филиалының атауы)
Қолма-қол ақша алуға арналған өтінім
20___ жылғы "__" ______ № ____
20___ жылғы "___" ____________
Банк шоты атауы ____________________________
_____________________________________________________________________
Банкноттардың алынатын сомасы _______________________________________
цифрмен
Банкноттардың алынатын сомасы _______________________________________
жазумен
Монеталардың алынатын сомасы _______________________________________
цифрмен
Монеталардың алынатын сомасы _______________________________________
жазумен
Басшы _______________________________ аты-жөні
(қолы)
Бас бухгалтер _______________________________ аты-жөні
(қолы)
Жауапты орындаушы _______________________________ аты-жөні
(қолы)
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларына 9-қосымша |
Нысан
_________________________________________________________
(Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі филиалының атауы)
Кассалық шығыс журналы ________
20___ жылғы "___" _____________
Операция түрі: Банк шоты № _____________
№ | Банк шотының нөмірі | Атауы | Құжат нөмірі | Сомасы | Касса қызметкерінің қолы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Жиынтығы: |
Бухгалтерия бақылаушысы ___________________ аты-жөні
(қолы)
Бухгалтер ___________________ аты-жөні
(қолы)
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларына 10-қосымша |
Нысан
Бақылау чегі
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
_____________________________________________________________________
(бөлімшенің атауы)
ЖСН (БСН) ___________________________________________________________
Банктік ақпараттық жүйенің тіркеу нөмірі
_____________________________________________________________________
Чек нөмірі __________________________________________________________
Операция күні және уақыты____________________________________________
Операцияның атауы ___________________________________________________
Монетаның атауы Саны Сомасы_______________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Операцияның жалпы сомасы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(жазумен сомасы)
Касса қызметкері _____________________ аты-жөні
(қолы)
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларына 11-қосымша |
Нысан
№_______ КЕМ ШЫҒУ (АРТЫҚ ШЫҒУ) ТУРАЛЫ А К Т
Кем шығу | күмәнді | ескі үлгідегі | Бумадағы банкноттар |
артық шығу | төлем жасалмайтын туралы | ақауы бар | қапшықтағы, ораудағы монеталар |
_____________________________________________________________________
(атауы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(орналасқан жерінің атауы)
_____________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі филиалының атауы)
20___ жылғы "___" _______________ жасалды
ашу және қайта санау кезінде кассада, қайта санаған бөлмеде,
операция залында
банкноттар касса қызметкері
монеталар
_____________________________________________________________________
(аты-жөні)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(аты-жөні: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі филиалының бөлім
басшысының немесе оның орынбасарларының, бақылаушының, актіні
жасауға қатысқан касса қызметкерінің)
қатысуымен
_____________________________________________________________________
(орауында кем шығу немесе артық шығу белгіленген касса қызметкерінің
фамилиясы немесе бригада нөмірі)
номиналы_____________________________________________________________
______________________________________________________________ сомаға
(цифрмен и жазумен көрсету)
тұтас клишеде тұтас белдеме жіптердегі банкноттардың
бұзылған пломбалы бұзылған бандеролды монеталардың
_____________________________________________________________________
бумада тұтас орауда
бұзылған қапшықта
анықталды.
Ескі үлгідегі күмәнділердің кем шығуы
ақауы бар төлем жасалмайтындардың артық шығуы
байқалған түбіршектердің санындағы көрсетілген бума толығымен
қапшықтағы монета
екінші рет ______________________________________________ қатысуымен
(қайта санауға қатысқан тұлғаның қызметі және тегі)
_____________________________________________________ қайта саналды.
(қайта санауды жүргізген касса қызметкерінің тегі)
Бұл ретте
___________________________________________________________ сомадағы
(цифрмен және жазумен)
ескі үлгідегі күмәнділердің кем шығу
ақауы бар төлем жасалмайтындардың артық шығу фактісі
расталды.
Осы актіге кем шығу (артық шығу) анықталған банкноттары бар буманың жоғарғы және төменгі жапсырмалары, поломбамен байлау, түбіршектердің белдеме жіптері немесе бандеролі, клишесі бар полиэтиленнен жасалған пакет, пломбамен байлау және монеталары бар қаптың жапсырмасы қоса беріледі.
Бақылаушы ___________________ аты-жөні
(қолы)
Касса қызметкері ___________________ аты-жөні
(қолы)
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларына 12-қосымша |
Нысан
_________________________________________________________
(Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі филиалының атауы)
№_________ ақша белгілерін сараптау актісі
20___ жылғы "____" _______________________
Осы акті 20__ жылғы "_____" ______________ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің
_____________________________________________________________________
(ақша белгісінің сараптамасын жүргізген филиалдың атауы)
_____________________________________________________________________
заңды тұлғаның,мемлекеттік мекеменің атауы немесе жеке тұлғаның аты-жөні
анықтаған күмәнды ақша белгісі (белгілері) түскендіктен жасалды.
Жүргізілген сараптама нәтижелері төменде көрсетілген ақша белгілері:
_____________________________________________________________________
(номиналы, сериясы және нөмірі (банкнот үшін) не номиналы және металл
маркасы (монета үшін)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(төлемге қабілетті, төлемге қабілетсіз, қолдан жасау белгілері бар,
ақау белгілері бар, қайта жасалған, жалған), қосымша сараптаманы
қажет ететіндер)
деп танылды
және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес айырбастауға жатады (жатпайды).
Негіздеме: № _____ күмәнді банкноттар мен монеталарға қорытынды (қорытындылар)
Акт __ данада жасалды.
__________________________________ __________ аты-жөні
(қызметі) (қолы)
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларына 13-қосымша |
Нысан
________________________________________________________
(Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк филиалының атауы)
Сараптамаға берілетін қолма-қол ақшаның тізімдемесі - өтініш
20___ жылғы "____" ________________
_____________________________________________________________________
заңды тұлғаның, мемлекеттік мекеменің атауы (жеке тұлғаның аты-жөні)
_____________________________________________________________________
банк шотының нөмірі
_____________________________________________________________________
заңды тұлғаның, мемлекеттік мекеменің немесе жеке тұлғаның толық
мекенжайы
Мынадай номиналды банкноттарды (монеталарды) сараптауға қабылдауыңызды өтінеміз:
№ | Банкнот/монета номиналының атауы | Саны | Сериясы | Нөмірі | Сомасы |
1. | |||||
2. | |||||
Жиынтығы: | |||||
3. | |||||
Жиынтығы: |
Тапсырды ____________ аты-жөні
(қолы)
Қабылдады ____________ аты-жөні
(қолы)
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларына 14-қосымша |
Нысан
_________________________________________________________
(Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі филиалының атауы)
20___ жылғы "____" _______________ № ___
Банкноттарды, монеталарды, құндылықтарды (қажеттісі көрсетілсін) қабылдау туралы түбіртек
Сомасы
Кімнен | Баланстан тыс шот | Жалпы | ||
№ | ||||
Алушының банкі | Операция түрі | |||
Теңге |
Төлем мақсаты _______________________________________________________
Негіздеме ___________________________________________________________
Бақылаушы _____________________ аты-жөні
(қолы)
Бухгалтер _____________________ аты-жөні
(қолы)
Касса қызметкері _____________________ аты-жөні
(қолы)
Мөртабан орны
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 247 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасының күші жойылған нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы" 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 467 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2685 тіркелген, 2004 жылғы 7 ақпанда "Егемен Қазақстан" газетінде № 29 (23667) жарияланған).
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарында заңды және жеке тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 467 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 5 сәуірдегі № 42 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3596 тіркелген, 2005 жылғы 13 мамырда "Егемен Қазақстан" газетінде № 103-104 (24062) жарияланған).
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 27 тамыздағы № 90 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4936 тіркелген, 2007 жылғы 24 қазанда "Заң газеті" газетінде № 163 (1192) жарияланған) 2-тармағы.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, сақтау, сондай-ақ оларды банктерге және банктердің тапсырмасы бойынша олардың клиенттеріне беру жөніндегі қызметті қоса атқаруы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 24 тамыздағы № 86 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5804 тіркелген, 2009 жылғы 30 қазанда "Заң газеті" газетінде № 166 (1589) жарияланған).
5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарында заңды және жеке тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 467 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2010 жылғы 25 маусымдағы № 61 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6351 тіркелген, 2010 жылғы 8 қыркүйекте "Егемен Қазақстан" газетінде № 364-365 (26208) жарияланған).
6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сәйкестендіру нөмірлерінің мәселелері жөніндегі кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2010 жылғы 20 тамыздағы № 76 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6534 тіркелген, 2010 жылғы 21 қазанда "Егемен Қазақстан" газетінде № 435 (26278) жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 9-тармағы.
7. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлерінің мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" 2011 жылғы 1 шілдедегі № 65 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7122 тіркелген, 2011 жылғы 15 қыркүйекте "Заң газеті" газетінде № 133 (1949) жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 9-тармағы.
8. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарында заңды және жеке тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 467 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2012 жылғы 24 тамыздағы № 256 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7973 тіркелген, 2012 жылғы 28 қарашада "Егемен Қазақстан" газетінде № 778-784 (27855) жарияланған).