Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 204 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 28 тамызда № 8667 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Тізбенің 3-тармағының алтыншы және жетінші абзацтары 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                       Г. Марченко

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 26 шілдедегі 
№ 204 қаулысымен    
бекітілген        

Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің
тізбесі

       1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының «Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекiту туралы» 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 358 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3924 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықта:
      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы Нұсқаулық екiншi деңгейдегi банктер (бұдан әрi – банктер) сақтауы мiндеттi пруденциалдық нормативтер бойынша есеп айырысудың нормативтiк мәндерi мен әдiстемесiн белгiлейдi. Нормативтiк мәндер үтірден кейін үш таңбалы санмен көрсетіледі.»;
      мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
      «10-1. Бірінші және екінші деңгейдегі капиталдың мақсаттары үшін ағымдағы жылдың немесе өткен жылдардың бөлінбеген таза пайдасының (зиянының) есебіне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6793 тіркелген) бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарының (бұдан әрі – Үлгі шот жоспары) «Резервтерді (провизияларды) түзету шоты» 3300-шотында көрсетілген, 2012 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша мынадай:
      2013 жылы – дебет қалдығы сомасының 83,3 пайызы;
      2014 жылы – дебет қалдығы сомасының 66,6 пайызы;
      2015 жылы – дебет қалдығы сомасының 50 пайызы;
      2016 жылы – дебет қалдығы сомасының 33,3 пайызы;
      2017 жылы – дебет қалдығы сомасының 16,6 пайызы мөлшеріндегі дебет қалдығы (бұдан әрі – дебет қалдығы) кірмейді.
      Осы Нұсқаулықтың мақсаттары үшін «Резервтерді (провизияларды) түзету шоты» 3300-шотындағы дебет қалдығы деп 2012 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4580 тіркелген) бекітілген Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу мен оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру ережесіне сәйкес құрылған резервтер (провизиялар) мен Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес құрылған резервтер арасындағы, 2012 жылғы 31 желтоқсанда қалыптасқан теріс айырманың сомасы түсініледі.»;
      31-2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын шетелдік арнайы қаржы компанияларымен секьюритилендірудің трансшекаралық мәмілелері үшін бағалы қағаздар шығарылымы (не облигациялық бағдарлама) проспектісінің көшірмесі не «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы» 2006 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылатын секьюритилендіру мәмілелері үшін облигациялық бағдарламаны (не облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымын) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;»;
      31-7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «31-7. Егер:
      1) меншікті капиталдың секьюритилендіруді есептегендегі k2 жеткiлiктiлiк коэффициентінің мәні меншікті капиталдың секьюритилендіруді есептемегендегі k2 жеткiлiктiлiк коэффициентінің мәнінен артық болса;
      2) оригинатор тиесілі болып табылатын банк конгломератының мүшелері болып табылмайтын үшінші тараптар секьюритилендірілген активтермен қамтамасыз етілген транштардың кемінде 10 (он) пайызын ұстап қалса, тәуекелді беру маңызды болып табылады.»;
      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «44. Өтiмдi активтер есебiне халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына, оффшорлық аймақтар аумағында тiркелген, заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары не Экономикалық ынтымақтастық және даму жөнiндегi ұйыммен ақпарат алмасу жөнiнде мiндеттеме қабылдамаған оффшорлық аумақтар тiзбесiне енгiзiлген мемлекеттердiң аумағында тiркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті еместерiне немесе аталған оффшорлық аумақтарда тiркелген заңды тұлғаларға қатысты еншiлес болып табылатын ұйымдарға қойылатын талаптарға қалыптасқан резервтер шегеріле отырып, жоғары өтiмдi активтердi қоса алғанда барлық қаржылық активтер енгiзiледi. Қарыздар қарыз шартына сәйкес өтеу кестелерi бойынша енгiзiледi.
      Осы Нұсқаулықтың 43-тармағының 3)6) және 7) тармақшаларында көрсетілген, жоғары өтімді активтердің есебіне енгізілмейтін бағалы қағаздар осы бағалы қағаздардың міндеттемелердің мөлшерін есептеуге енгізілетін міндеттемелердің қамтамасыз етуі болып табылады деген шартпен өтімді активтер есебіне кіреді.
      Осы бағалы қағаздарды өтімді активтердің есебіне енгізген кезде, өтегенге дейін бағалы қағаздар бойынша қалған мерзім ретінде қамтамасыз етуі осы бағалы қағаздар болып табылатын міндеттемелерді өтеуге дейінгі мерзім алынады.»;
      45-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «45-1. Өтiмдiлiк нормативтерi ай сайынғы негізде айқындалатын өтiмдiлiк коэффициенттерiнiң есептiк мәндерiне қарамастан, мынадай жағдайларда:
      1) банкте есептi кезең iшiнде кредиторлар мен салымшылар алдында мерзiмi өткен мiндеттемелер болған не Қазақстан Республикасының ақша төлемі мен аударымы туралы заңнамасының нормаларын бұзу фактiлерi болған кезде;
      2) банк жеке тұлғалардың жаңадан тартылған (теңгемен және шетел валютасымен) депозиттері бойынша, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның директорлар кеңесі белгілейтін және оларды сақтау үшін банк ұсынатын ең жоғары (ұсынылатын) мөлшерлемесін арттырған кезде;
      3) бір мезгілде банк мынадай мәндерге сәйкес келген:
      орташа айлық өтімділігі жоғары активтердің банктің жиынтық активтеріне арақатынасы 0,40 төмен болған;
      тұрғын үй құрылыс жинақтарына салымдарды (депозиттерді) қоспағанда, жеке тұлғалардың депозиттерінің банктің жиынтық активтеріне қатынасы 0,40 жоғары болған кезде, орындалмаған деп есептеледi.»;
      53-6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «53-6. Қазақстан Республикасының Үкіметі құрылтайшысы болып табылатын банктерді қоспағанда, банктер меншікті және тартылған қаражатын ішкі активтерге есепті айдың ішінде ішкі активтердің орташа айлық шамасының реттелген борыштың орташа айлық шамасының, мерзімсіз қаржы құралдарының орташа айлық шамасының, банктің шетел валютасымен шығарған борыштық бағалы қағаздарын қоспағанда, банк шығарған борыштық бағалы қағаздардың орташа айлық шамасының және ішкі міндеттемелердің орташа айлық шамасының сомасына қатынасы 1-ден кем болмайтындай етіп орналастырады.».
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының «Агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдарына, Ипотекалық ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердi есептеу әдiстемесi мен олардың нормативтiк мәнi және олардың орындалуы туралы есеп беру нысандары мен мерзiмдерi туралы нұсқаулықты бекiту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 48 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4158 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдарына, Ипотекалық ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердi есептеу әдiстемесi мен олардың нормативтiк мәнi және олардың орындалуы туралы есеп беру нысандары мен мерзiмдерi туралы нұсқаулықта:
      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы Нұсқаулық ипотекалық ұйымдар, агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдары (бұдан әрі – ұйымдар) сақтауға міндетті пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндерін, оларды есептеу әдістемесін, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есептіліктің нысандарын және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне (бұдан әрі – уәкілетті орган) ұсыну мерзімдерін белгілейді. Нормативтік мәндер үтірден кейін үш таңбалы санмен көрсетіледі.»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Ұйымның меншікті капиталы ұйымның инвестицияларын шегергенде, бірінші деңгейдегі капиталдың және екінші деңгейдегі капиталдың (екінші деңгейдегі капитал бірінші деңгейдегі капиталдан аспайтын мөлшерде енгізіледі) қосындысы ретінде есептеледі.
      Ұйымның инвестициялары саудаға арналған және сату үшін қолда бар акцияларды қосқанда, эмитенттің акцияларына салымды және заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесін, сондай-ақ заңды тұлғаның реттелген борышын білдіреді.
      Бірінші деңгейдегі капитал мыналарды:
      ұйымның негiзгi қызметінің мақсаттары үшiн сатып алынған және 1999 жылғы 1 шiлдеден бастап немесе одан кейiн басталатын кезеңдердi қамтитын қаржылық есептілік үшiн күшiне енген, Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары жөнiндегi комитеттiң Басқармасы 1998 жылы шiлдеде бекiткен «Материалдық емес активтер» 38 Халықаралық қаржылық есептілік стандартына (бұдан әрi – 38 Халықаралық қаржылық есептілік стандарты) сәйкес келетін лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді қоспағанда, материалдық емес активтерді;
      өткен жылдардың шығындарын;
      ағымдағы жылдың шығынын шегергенде, сатып алынған меншікті жай акцияларды шегергенде, жай акциялар бөлігінде төленген жарғылық капиталдың;
      сатып алынған меншікті артықшылық берілген акцияларды шегергенде, артықшылық берілген акциялар бөлігінде төленген жарғылық капиталдың;
      қосымша капиталдың;
      өткен жылдардың бөлінбеген таза кірісінің;
      өткен жылдардың таза кірісі есебінен қалыптастырылған қорлардың, резервтердің қосындысы ретінде есептеледі.
      Екінші деңгейдегі капитал:
      ағымдағы жылдың бөлінбеген таза пайдасының;
      негізгі құрал-жабдықтар мен бағалы қағаздарды қайта бағалау мөлшерінің;
      тәуекелді ескеріп мөлшерленген, активтер сомасының 1,25 пайызынан аспайтын сомадағы жалпы резервтер (провизиялар) мөлшерінің;
      бірінші деңгейдегі капиталдың есебіне қосылмаған артықшылық берілген акциялардың;
      ұйымның меншікті сатып алынған акцияларды, қосымша капиталды, өткен жылдардың бөлінбеген таза кірісін, ұйымның меншікті сатып алынған реттелген борышын шегергенде өткен жылдардың таза кірісі есебінен қалыптастырылған қорларды, резервтерді шегергенде төленген меншікті капитал сомасының елу пайызынан аспайтын сомадағы реттелген борышының қосындысы ретінде есептеледі.
      Бірінші деңгейдегі капиталға қосылатын артықшылық берілген акциялардың үлесі бірінші деңгейдегі капиталдың он бес пайызынан аспайды. Бірінші деңгейдегі капиталдың есебіне қосылмаған артықшылық берілген акциялардың сомасы екінші деңгейдегі капиталдың есебіне қосылуы мүмкін.»;
      6-7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6-7. Егер:
      1) меншікті капиталдың секьюритилендіруді есептегендегі k1-3 жеткiлiктiлiк коэффициентінің мәні меншікті капиталдың секьюритилендіруді есептемегендегі k1-3 жеткiлiктiлiк коэффициентінің мәнінен артық болса;
      2) оригинатор тиесілі болып табылатын банк конгломератының мүшелері болып табылмайтын үшінші тараптар секьюритилендірілген активтермен қамтамасыз етілген транштардың кемінде 10 (он) пайызын ұстап қалса, тәуекелді беру маңызды болып табылады.»;
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің мөлшері (М) мыналардың:
      1) ұйымның қарыз алушыға қарыздар, салымдар, дебиторлық берешек, бағалы қағаздар түріндегі талаптарының;
      2) ұйымның қарыз алушыға ұйымның балансынан есептен шығарылған талаптарының;
      3) қарыз алушыларға қатысты ұйымда секьюритилендірудің шектеулі тәсілін қолдануға уәкілетті органның жазбаша растамасы жоқ секьюритирлендірілген активтер түріндегі талаптарының;
      4) секьюритилендіру позициялары түріндегі талаптардың;
      5) ұйымның қарыз алушыға осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес есептелген шартты және ықтимал міндеттемелер түріндегі талаптарының;
      6) ұйым үшінші тұлғалардың пайдасына немесе қарыз алушының алдында өзіне міндеттеме қабылдаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде немесе жасалған шарттарында көзделген өзге де негіздемелер бойынша талаптарының;
      7) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қалыптастырылған резервтердің сомасын, сондай-ақ қарыз алушының міндеттемелері бойынша:
      бұл міндеттеменің қамтамасыз етуі ретінде ұйымның пайдалануына берілген салымдар;
      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары;
      тазартылған бағалы металдар;
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдіктері;
      Standard & Poor's агенттігінің «А»-дан төмен емес ұзақ мерзімді борыштық рейтингісі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингісі бар банктердің кепілдіктері түріндегі қамтамасыз ету сомасын шегергендегі қосындысы ретінде есептеледі.
      Бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің есебіне:
      Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қойылатын талаптар және Standard & Poor's агенттігінің «ВВВ» төмен емес ұзақ мерзімді рейтингісі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингісі бар банктерге ашық корреспонденттік шоттар бойынша қойылатын талаптар қосылмайды.»;
      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «12. Егер ұйымның қарыз алушылары ұйымның алдында міндеттемелер туындаған сәтте бір қарыз алушы ретінде қарастырылмаса, бірақ кейіннен ондай болып табылса, онда осы Нұсқаулықтың 10-тармағының екінші бөлігінде белгіленген осындай қарыз алушыларға келетін тәуекел мөлшері асып кетсе, егер ұйым қарыз алушының осы Нұсқаулықтың 9-тармағының 7) тармақшасына сәйкес қосымша қамтамасыз етуді ұсыну немесе ұйым талаптарының бір бөлігін норматив мөлшерін сақтау үшін қажетті мөлшерге дейін орындау қабілетін растай отырып және уәкілетті орган белгілеген мерзімде осы жөнсіздікті жою жөнінде міндеттемелер қабылдай отырып, осындай асып кету туралы уәкілетті органға дереу хабарлаған жағдайда, мұндай асып кету жөнсіздік болып қарастырылмайды.».
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің пруденциалдық нормативтерді орындауы жөніндегі есеп беру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 17 маусымдағы № 136 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4301 тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің пруденциалдық нормативтерді орындауы жөніндегі есеп беру ережесінде:
      23-қосымшаның «Пруденциалдық нормативтерді есептеуге арналған қосымша мәліметтер» деген кестесінде:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 8920-жолмен толықтырылсын:

«

8920

Бірінші және екінші деңгейдегі капиталдың мақсаттары үшін ағымдағы жылдың бөлінбеген таза пайдасы (шығыны)


Ай сайын

»;

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 8921-жолмен толықтырылсын:

«

8921

Бірінші деңгейдегі капиталдың мақсаттары үшін өткен жылдардың бөлінбеген таза пайдасы (шығыны)


Ай сайын

»;

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 8922-жолмен толықтырылсын:

«

8922

Өткен жылдардың таза кірісі есебінен қалыптастырылған қорлар, резервтер


Ай сайын

».

       4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Ислам банктеріне арналған пруденциалдық нормативтер, олардың нормативтік мәндері және есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2009 жылғы 27 наурыздағы № 66 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5670 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Ислам банктеріне арналған пруденциалдық нормативтер, олардың нормативтік мәндері және есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықта:
      678-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі мынадай үш коэффициентпен сипатталады:
      бірінші деңгейдегі капиталдың жалпы сомасындағы және екінші деңгейдегі капитал бөлігінің меншікті капитал есебіне енгізілетін бірінші деңгейдегі капиталдың үлесі шегінде алынған банк инвестицияларын шегергендегі бірінші деңгейдегі капиталдың бірінші деңгейдегі капиталдың жалпы сомасындағы және екінші деңгейдегі капитал бөлігінің меншікті капитал есебіне енгізілетін бірінші деңгейдегі капиталдың үлесі шегінде алынған банк инвестицияларының сомасына азайтылған банк активтерінің мөлшеріне қатынасымен (k1-1);
      бірінші деңгейдегі капиталдың жалпы сомасындағы және екінші деңгейдегі капитал бөлігінің меншікті капитал есебіне енгізілетін бірінші деңгейдегі капиталдың үлесі шегінде алынған банк инвестицияларын шегергендегі бірінші деңгейдегі капиталдың,
      инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған қаражат есебінен қаржыландырылатын активтерге кемітілген,
      мыналардың:
      екінші деңгейдегі капиталдың есебіне енгізілмеген жалпы резервтердің сомасына кемітілген, кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген активтердің, шартты және ықтимал міндеттемелердің;
      нарықтық тәуекел ескеріле отырып есептелген активтер, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелердің;
      операциялық тәуекелдің қосындысына қатынасымен (k1-2);
      меншікті капиталдың,
      инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған қаражат есебінен қаржыландырылатын активтерге кемітілген,
      мыналардың:
      екінші деңгейдегі капиталдың есебіне енгізілмеген жалпы резервтердің сомасына кемітілген, кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген активтердің, шартты және ықтимал міндеттемелердің;
      нарықтық тәуекел ескеріле отырып есептелген активтер, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелердің;
      операциялық тәуекелдің қосындысына қатынасымен (k2).
      7. Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициентінің мәні:
      k1-1 0,06-дан кем болмайды;
      k1-2 0,06-дан кем болмайды.
      Қатысушысы банк холдингі немесе тізбесі және талап етілетін ең төменгі рейтингісі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8318 тіркелген) (бұдан әрі – № 385 қаулы) белгіленген рейтингілік агенттіктердің бірінің белгілі рейтингісіне ие бас банк болып табылатын банк үшін, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-2-бабымен көзделген тәртіппен акцияларын Қазақстан Республикасының Үкіметі не ұлттық басқарушы холдинг сатып алған банк үшін, сондай-ақ орналастырылған акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі банк үшін банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициентінің мәні:
      k1-1 0,05-тен кем болмайды;
      k1-2 0,05-тен кем болмайды.
      8. Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициентінің мәні k2 кемінде 0,12-ні құрайды.
      Қатысушысы банк холдингі не бас банк болып табылатын, тізбесі және ең төменгі талап етілетін рейтингі № 385 қаулымен белгіленген рейтингілік агенттіктердің бірінің белгілі бір рейтингіне ие банк үшін, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-2-бабында көзделген тәртіппен акцияларын Қазақстан Республикасының Үкіметі не ұлттық басқарушы холдинг сатып алған банк үшін, сондай-ақ орналастырылған акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі банк үшін банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициентінің мәні k2 кемінде 0,10-ды құрайды.
      Кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленетін активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер осы Нұсқаулықтың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес есептеледі.
      Активтерді, шартты және ықтимал міндеттемелерді тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерлеу мақсатында активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер халықаралық қаржылық есептелік стандарттарына сәйкес олар бойынша құрылған резервтер сомасына азайтылады.
      Кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленетін шартты және ықтимал міндеттемелер осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес есептелген шартты және ықтимал міндеттемелер сомасының банк кредиттік тәуекелдер көтеретін тәуекелдің осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасында көрсетілген қарсы агенттің санатына сәйкес келетін дәрежесіне көбейтіндісі ретінде айқындалады.
      Активтер, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелер нарықтық тәуекел ескеріле отырып, осы Нұсқаулықтың 9-19 аралығындағы тармақтарына сәйкес есептеледі.
      Операциялық тәуекел осы Нұсқаулықтың 26-тармағына сәйкес есептеледі.».
      5. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 26 қыркүйектегі № 215 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5810 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесінде:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдар үшін осы Ережеде көрсетілмеген өзге пруденциалдық нормативтерді есептеу және олар бойынша есептілікті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне (бұдан әрі – уәкілетті орган) ұсыну тәртібі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының оларды есептеу және есептілікті ұсыну тәртібін айқындайтын «Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекiту туралы» 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 358 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3924 тіркелген), «Номиналды ұстаушы ретінде клиенттің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және дилерлік қызмет пен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың пруденциалдық нормативтерді орындауы жөніндегі есеп беру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 17 маусымдағы № 142 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4300 тіркелген), «Номиналды ұстаушы ретінде клиенттің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және дилерлік қызметті және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 28 сәуірдегі № 56 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5233 тіркелген) сәйкес белгіленеді.»;
      мынадай мазмұндағы 35-1-тармақпен толықтырылсын:
      «35-1. Осы Ереженің 35-тармағында көрсетілген бағалы қағаздар өтімді активтердің есебіне:
      Басқарушының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалы қағаздарды кері сатып алу немесе кепілге беру, немесе өзге түрде ауыртпалық түсіру талаптарымен оларды сатқан;
      қор биржасының тізіміне (қор биржасының өкілдік тізіміне) кіретін, өлшемдері қор биржасы акциялар нарығының индексін есептеу мақсатында пайдаланылатын акцияларды қоспағанда, Басқарушыға қатысты үлестес тұлғалар болып табылатын заңды тұлғалар шығарған бағалы қағаздарды Басқарушы сатып алған жағдайларда қосылмайды.»;
      9-қосымшаның «Қор үшін «Меншікті капитал жеткіліктілігінің коэффициенті» (К1) пруденциалдық нормативін есептеу» кестесіндегі реттік нөмірі 15-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

15

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, осы Ереженің 11-тармағының 12) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін Қазақстан Республикасы ұйымдарының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары


80


»;

      9-қосымшаның «Қор үшін «Меншікті капитал жеткіліктілігінің коэффициенті» (К1) пруденциалдық нормативін есептеу» кестесіндегі реттік нөмірі 17-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

17

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, осы Ереженің 11-тармағының 13) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін Қазақстан Республикасы ұйымдарының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары


70


»;

      13-қосымшаның «Басқарушыға арналған «Меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенті» (К1) пруденциалдық нормативін есептеу» кестесіндегі реттік нөмірі 19.1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

19.1

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, осы Ереженің 35-тармағы 12) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде), Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес шығарылған, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары


80


»;

      14-қосымшаның «Басқарушыға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу үшін қосымша мәліметтер» кестесіндегі реттік нөмірі 8019-1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

8019-1

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, осы Ереженің 35-тармағы 12) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде), Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес шығарылған, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары


».

     6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Ертерек ден қою шараларын және екінші деңгейдегі банктің қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторларды айқындау әдістемесін қолдану қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 25 ақпандағы № 73 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8416 тіркелген, «Заң» газетінде 2013 жылғы 26 маусымда № 93 (2468) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Ертерек ден қою шараларын және екінші деңгейдегі банктің қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторларды айқындау әдістемесін қолдану қағидаларында:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Банктің қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторлар мыналар болып табылады:
      1) меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің төмендеуі;
      2) таза жіктелген қарыздардың меншікті капиталға арақатынасының өсуі;
      3) жеке тұлғаларға қарыздардың негізгі борышының жиынтық көлеміндегі жеке тұлғаларға жіктелген қарыздардың өтелмеген негізгі борышы үлесінің өсуі;
      4) заңды тұлғаларға қарыздардың негізгі борышының жиынтық көлеміндегі заңды тұлғаларға жіктелген қарыздардың өтелмеген негізгі борышы үлесінің өсуі;
      5) жеке және заңды тұлғалар - клиенттерге қарыздардың негізгі борышының жиынтық көлеміндегі (банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берілген қарыздарды және «кері РЕПО» операцияларын қоспағанда) кредиттеудің негізгі бағыты (бағыттары) (саласы (салалары)) бойынша жіктелген қарыздардың өтелмеген негізгі борышы үлесінің өсуі;
      6) жеке және заңды тұлғалар - клиенттерге қарыздардың негізгі борышының жиынтық көлеміндегі (банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берілген қарыздарды және «кері РЕПО» операцияларын қоспағанда) коммерциялық және тұрғын жылжымайтын мүлікті сатып алу және құрылысына берілген қарыздардың және ипотекалық тұрғын үй қарыздарының өтелмеген негізгі борышы үлесінің өсуі;
      7) жеке тұлғалар үшін кредиттер бойынша негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік алпыс күннен астам және (немесе) заңды тұлғалар үшін күнтізбелік отыз күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың өсуі;
      8) банктің несие портфелінің жалпы көлеміндегі негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік тоқсан күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың өсуі;
      9) олар бойынша қалыптастырылған резервтерді ескермегенде негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік тоқсан күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың ол бойынша қалыптастырылған резервтерді ескермегенде банктің несие портфелінің жалпы көлеміне қатынасының асып кетуі;
      10) ол бойынша қалыптастырылған резервтерді ескермегенде жиынтық дебиторлық берешектегі ол бойынша қалыптастырылған резервтерді ескермегенде жіктелген дебиторлық берешек үлесінің өсуі;
      11) жиынтық активтердегі кіріс келтіретін активтер үлесінің азаюы;
      12) банк міндеттемелері сомасындағы жеке және заңды тұлғалардан тартылған салымдар үлесінің төмендеуі;
      13) активтер рентабельділігі коэффициентінің азаюы;
      14) таза пайыздық маржаның азаюы;
      15) спрэдтың төмендеуі;
      16) операциялық шығыстардың кірістердің жиынтық сомасына қатынасының өсуі;
      17) өтімділік коэффициенттерінің төмендеуі.
      Резервтер ретінде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес қалыптастырылған резервтер түсініледі.
      Жіктелген қарыздар ретінде бухгалтерлік есептің деректеріне сәйкес 10 (он) пайызынан кем емес деңгейде резервтер қалыптастырылған қарыздар түсініледі.
      Қарыздар (жіктелген, жиынтық) есебіне негізгі борыштың сомасы, таза жіктелген қарыздар есебіне қарыздардың (дисконттарды (сыйлықақыларды) есепке алғандағы негізгі борыш), оң (теріс) түзетулердің, есептелген сыйақының және олар бойынша құрылған резервтердің баланстық құны қосылады.»;
      2-тармақта:
      12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «12) қатарынан алты ай ішінде жіктелген дебиторлық берешектің ол бойынша қалыптастырылған резервтерді ескермей жиынтық дебиторлық берешекте ол бойынша қалыптастырылған резервтерді ескермегендегі үлесінің өсуі мынадай формула бойынша есептеледі:

  ЖДБ(6)  ЖДБ(5)    ЖДБ(4)   ЖДБ(3)    ЖДБ(2)    ЖДБ(1)     ЖДБ(0)
------ > ------ > ------ > ------ > -------- > -------- > --------,
  ДБ(6)   ДБ(5)     ДБ(4)    ДБ(3)     ДБ(2)      ДБ(1)     ДБ(0)

      мұнда:
      ЖДБ (ай) - қаралатын кезеңнің белгілі бір айының соңына қарай жіктелген дебиторлық берешек ол бойынша қалыптастырылған резервтерді ескермегенде;
      ДБ (ай) - қаралатын кезеңнің белгілі бір айының соңына қарай жиынтық дебиторлық берешек ол бойынша қалыптастырылған резервтерді ескермегенде.
      Қаралатын кезеңде жүйелі өсу болмаған кезде осы көрсеткіштің есепті кезеңде бес және одан астам пайыздық тармаққа өсуі де банктің қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін фактор болып табылады және мынадай формула бойынша есептеледі:

      ЖДБ(6)          ЖДБ(0)
      ---------- - --------- > 5 пайыздық тармақ;
      ДБ(6)           ДБ(0)


      Жіктелген дебиторлық берешек ретінде бухгалтерлік есептің деректеріне сәйкес 10 (он) пайыздан кем емес деңгейде резервтер қалыптастырылған дебиторлық берешек түсініледі.
      Жіктелген дебиторлық берешектің есебіне негізгі борыштың сомасы кіреді;»;
      18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «18) соңғы алты ай ішінде операциялық шығыстардың сыйақы алумен байланысты кірістердің және сыйақы алумен байланысты емес кірістердің қосындысына қатынасының бес және одан астам пайыздық тармаққа өсуі мынадай формула бойынша есептеледі:

              ОПШ(6)             ОПШ(1)
      -------------------- - ------------------- > 5 пайыздық тармақ,
      Кс%(6) + Ксбе%(6)      Кс%(1) + Ксбе%(1)

      мұнда:
      ОПШ (ай) - тиісті қаржы жылының басынан бастап қаралатын айдың соңына дейінгі кезеңдегі операциялық шығыстар;
      Кс%(ай) - тиісті қаржы жылының басынан бастап қарастырылатын айдың соңына дейінгі кезеңдегі сыйақыны алумен байланысты кірістер;
      Ксбе%(ай) - тиісті қаржы жылының басынан бастап қарастырылатын айдың соңына дейінгі кезеңдегі сыйақыны алумен байланысты емес кірістер;
      Операциялық шығыстарға (ОПШ) мыналар кіреді:
      еңбекке ақы төлеу және міндетті аударымдар бойынша шығыстар;
      жалпы шаруашылық шығыстар («Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамына міндетті күнтізбелік, қосымша және төтенше жарналарды аудару шығыстарын қоспағанда);
      табыс салығынан басқа, салықтар, алымдар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер;
      амортизациялық аударымдар;
      негізгі құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтерді өтеусіз беруден және тауарлық-материалдық қорларды сатудан, басқа да инвестициялардан болған шығыстар;
      тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл);
      жалдау шығыстары.
      Сыйақыны алумен байланысты емес кірістерге осы тармақтың 16) тармақшасында көрсетілген сыйақыны алумен байланысты кірістерді, сондай-ақ резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден түскен кірістерді қоспағандағы кірістер кіреді;»;
      төртінші бөлік алып тасталсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Комитет банктің қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторларды анықтау үшін ай сайын реттеушілік есептілік деректерінің негізінде банктің қаржылық жағдайына талдау жасайды.
      Комитет Қағидалардың 2-тармағының 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11) және 12) тармақшаларында белгіленген көрсеткіштерді есептеу кезінде факторларды есептеу үшін пайдаланылатын ақпараттың жинақталуына қарай 2013 жылғы 1 шілдеден бастап есептелген факторлар негізінде банктің қаржылық жағдайына талдау жасайды.»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Жүйе құраушы болып айқындалған банк, сондай-ақ Банктер туралы заңға сәйкес қайта құрылымдауды жүзеге асыратын (жүзеге асырған) банк жыл сайын есепті жылдың 1 наурызына дейінгі мерзімде Комитетке Қағидалардың 1-тармағының 1)8)13)15)16) және  17) тармақшаларында көрсетілген көрсеткіштердің өзгеру болжамын ұсынады. Көрсеткіштердің өзгеру болжамы қаржы жылы аяқталғанға дейін жасалады.
      Көрсеткіштердің өзгеру болжамы негіздемені бере отырып, жылына бір реттен артық емес қайта қаралады.
      Комитет көрсеткіштердің болжамды мәндерінің ағымдағы мәндерге сәйкестігін тексереді. Көрсеткіштердің өзгеру болжамында банктің қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторлар анықталған жағдайда, Комитет Қағидалардың 4-тармағында көзделген іс-шараларды жүзеге асырады.
      Қағидалардың 1-тармағының 1)8) және 13) тармақшаларында көрсетілген көрсеткіштердің өзгеру болжамы стресстік сценарийдің әсер ету нәтижесін бағалаумен толықтырылады.
      Уәкілетті орган стресстік сценарий өлшемдері бойынша сценарий мен ұсынымдарды жүйе құраушы болып айқындалған банкке болжамды көрсеткіштерді Комитетке ұсыну мерзіміне дейін бір ай бұрын береді.».
      7. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 25 ақпандағы № 74 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8436 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2013 жылғы 12 маусымда № 85 (2286) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
      Тізбенің 1-тармағының бір жүз отыз бесінші, бір жүз отыз алтыншы абзацтары, 4-тармағының қырық алтыншы, қырық жетінші абзацтары 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.».