Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тізбенің 3-тармағының алтыншы және жетінші абзацтары 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк | |
Төрағасы | Г. Марченко |
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 204 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің
тізбесі
1. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 147 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.12.2016 № 308 (01.03.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Күші жойылды - ҚР Ұлттық банк Басқармасының 08.05.2015 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
4. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 144 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
5. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 146 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
6. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 23.04.2014 № 68 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
7. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2013 жылғы 25 ақпандағы № 74 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8436 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2013 жылғы 12 маусымда № 85 (2286) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Тізбенің 1-тармағының бір жүз отыз бесінші, бір жүз отыз алтыншы абзацтары, 4-тармағының қырық алтыншы, қырық жетінші абзацтары 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.".