Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 204 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 28 тамызда № 8667 тіркелді

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Тізбенің 3-тармағының алтыншы және жетінші абзацтары 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                       Г. Марченко

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 26 шілдедегі 
№ 204 қаулысымен    
бекітілген        

Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің
тізбесі

      1. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 147 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының «Агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдарына, Ипотекалық ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердi есептеу әдiстемесi мен олардың нормативтiк мәнi және олардың орындалуы туралы есеп беру нысандары мен мерзiмдерi туралы нұсқаулықты бекiту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 48 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4158 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдарына, Ипотекалық ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердi есептеу әдiстемесi мен олардың нормативтiк мәнi және олардың орындалуы туралы есеп беру нысандары мен мерзiмдерi туралы нұсқаулықта:
      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы Нұсқаулық ипотекалық ұйымдар, агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдары (бұдан әрі – ұйымдар) сақтауға міндетті пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндерін, оларды есептеу әдістемесін, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есептіліктің нысандарын және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне (бұдан әрі – уәкілетті орган) ұсыну мерзімдерін белгілейді. Нормативтік мәндер үтірден кейін үш таңбалы санмен көрсетіледі.»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Ұйымның меншікті капиталы ұйымның инвестицияларын шегергенде, бірінші деңгейдегі капиталдың және екінші деңгейдегі капиталдың (екінші деңгейдегі капитал бірінші деңгейдегі капиталдан аспайтын мөлшерде енгізіледі) қосындысы ретінде есептеледі.
      Ұйымның инвестициялары саудаға арналған және сату үшін қолда бар акцияларды қосқанда, эмитенттің акцияларына салымды және заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесін, сондай-ақ заңды тұлғаның реттелген борышын білдіреді.
      Бірінші деңгейдегі капитал мыналарды:
      ұйымның негiзгi қызметінің мақсаттары үшiн сатып алынған және 1999 жылғы 1 шiлдеден бастап немесе одан кейiн басталатын кезеңдердi қамтитын қаржылық есептілік үшiн күшiне енген, Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары жөнiндегi комитеттiң Басқармасы 1998 жылы шiлдеде бекiткен «Материалдық емес активтер» 38 Халықаралық қаржылық есептілік стандартына (бұдан әрi – 38 Халықаралық қаржылық есептілік стандарты) сәйкес келетін лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді қоспағанда, материалдық емес активтерді;
      өткен жылдардың шығындарын;
      ағымдағы жылдың шығынын шегергенде, сатып алынған меншікті жай акцияларды шегергенде, жай акциялар бөлігінде төленген жарғылық капиталдың;
      сатып алынған меншікті артықшылық берілген акцияларды шегергенде, артықшылық берілген акциялар бөлігінде төленген жарғылық капиталдың;
      қосымша капиталдың;
      өткен жылдардың бөлінбеген таза кірісінің;
      өткен жылдардың таза кірісі есебінен қалыптастырылған қорлардың, резервтердің қосындысы ретінде есептеледі.
      Екінші деңгейдегі капитал:
      ағымдағы жылдың бөлінбеген таза пайдасының;
      негізгі құрал-жабдықтар мен бағалы қағаздарды қайта бағалау мөлшерінің;
      тәуекелді ескеріп мөлшерленген, активтер сомасының 1,25 пайызынан аспайтын сомадағы жалпы резервтер (провизиялар) мөлшерінің;
      бірінші деңгейдегі капиталдың есебіне қосылмаған артықшылық берілген акциялардың;
      ұйымның меншікті сатып алынған акцияларды, қосымша капиталды, өткен жылдардың бөлінбеген таза кірісін, ұйымның меншікті сатып алынған реттелген борышын шегергенде өткен жылдардың таза кірісі есебінен қалыптастырылған қорларды, резервтерді шегергенде төленген меншікті капитал сомасының елу пайызынан аспайтын сомадағы реттелген борышының қосындысы ретінде есептеледі.
      Бірінші деңгейдегі капиталға қосылатын артықшылық берілген акциялардың үлесі бірінші деңгейдегі капиталдың он бес пайызынан аспайды. Бірінші деңгейдегі капиталдың есебіне қосылмаған артықшылық берілген акциялардың сомасы екінші деңгейдегі капиталдың есебіне қосылуы мүмкін.»;
      6-7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6-7. Егер:
      1) меншікті капиталдың секьюритилендіруді есептегендегі k1-3 жеткiлiктiлiк коэффициентінің мәні меншікті капиталдың секьюритилендіруді есептемегендегі k1-3 жеткiлiктiлiк коэффициентінің мәнінен артық болса;
      2) оригинатор тиесілі болып табылатын банк конгломератының мүшелері болып табылмайтын үшінші тараптар секьюритилендірілген активтермен қамтамасыз етілген транштардың кемінде 10 (он) пайызын ұстап қалса, тәуекелді беру маңызды болып табылады.»;
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің мөлшері (М) мыналардың:
      1) ұйымның қарыз алушыға қарыздар, салымдар, дебиторлық берешек, бағалы қағаздар түріндегі талаптарының;
      2) ұйымның қарыз алушыға ұйымның балансынан есептен шығарылған талаптарының;
      3) қарыз алушыларға қатысты ұйымда секьюритилендірудің шектеулі тәсілін қолдануға уәкілетті органның жазбаша растамасы жоқ секьюритирлендірілген активтер түріндегі талаптарының;
      4) секьюритилендіру позициялары түріндегі талаптардың;
      5) ұйымның қарыз алушыға осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес есептелген шартты және ықтимал міндеттемелер түріндегі талаптарының;
      6) ұйым үшінші тұлғалардың пайдасына немесе қарыз алушының алдында өзіне міндеттеме қабылдаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде немесе жасалған шарттарында көзделген өзге де негіздемелер бойынша талаптарының;
      7) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қалыптастырылған резервтердің сомасын, сондай-ақ қарыз алушының міндеттемелері бойынша:
      бұл міндеттеменің қамтамасыз етуі ретінде ұйымның пайдалануына берілген салымдар;
      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары;
      тазартылған бағалы металдар;
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдіктері;
      Standard & Poor's агенттігінің «А»-дан төмен емес ұзақ мерзімді борыштық рейтингісі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингісі бар банктердің кепілдіктері түріндегі қамтамасыз ету сомасын шегергендегі қосындысы ретінде есептеледі.
      Бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің есебіне:
      Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қойылатын талаптар және Standard & Poor's агенттігінің «ВВВ» төмен емес ұзақ мерзімді рейтингісі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингісі бар банктерге ашық корреспонденттік шоттар бойынша қойылатын талаптар қосылмайды.»;
      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «12. Егер ұйымның қарыз алушылары ұйымның алдында міндеттемелер туындаған сәтте бір қарыз алушы ретінде қарастырылмаса, бірақ кейіннен ондай болып табылса, онда осы Нұсқаулықтың 10-тармағының екінші бөлігінде белгіленген осындай қарыз алушыларға келетін тәуекел мөлшері асып кетсе, егер ұйым қарыз алушының осы Нұсқаулықтың 9-тармағының 7) тармақшасына сәйкес қосымша қамтамасыз етуді ұсыну немесе ұйым талаптарының бір бөлігін норматив мөлшерін сақтау үшін қажетті мөлшерге дейін орындау қабілетін растай отырып және уәкілетті орган белгілеген мерзімде осы жөнсіздікті жою жөнінде міндеттемелер қабылдай отырып, осындай асып кету туралы уәкілетті органға дереу хабарлаған жағдайда, мұндай асып кету жөнсіздік болып қарастырылмайды.».
      3. Күші жойылды - ҚР Ұлттық банк Басқармасының 08.05.2015 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      4. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 144 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      5. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 146 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
     6. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 23.04.2014 № 68 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      7. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 25 ақпандағы № 74 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8436 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2013 жылғы 12 маусымда № 85 (2286) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
      Тізбенің 1-тармағының бір жүз отыз бесінші, бір жүз отыз алтыншы абзацтары, 4-тармағының қырық алтыншы, қырық жетінші абзацтары 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.».