Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеуден өткізу және микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 386 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 4 ақпанда № 8319 тіркелді

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда көзделген – ҚР Әділет министрінің 29.12.2016 № 1200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Микроқаржы ұйымдары туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      РҚАО-ның ескертпесі!
      1-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Әділет министрінің 29.12.2016 № 1200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеуден өткізу және микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Г. Марченко


  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 386 қаулысымен
бекітілген

Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеуден өткізу және микроқаржы
ұйымдарының тізілімін жүргізу қағидалары

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қағиданың тақырыбы және кіріспе жаңа редакцияда көзделген – ҚР Әділет министрінің 29.12.2016 № 1200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Осы Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеуден өткізу және микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Микроқаржы ұйымдары туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеу және микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды.

      1. Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеу (бұдан әрі – есептік тіркеу) – микроқаржы ұйымдарын Заңның 14-бабына және Қағидаларға сәйкес микроқаржы ұйымдарының тізіліміне енгізу.

      2. Микроқаржы ұйымы есептік тіркеуден өту үшін микроқаржы ұйымының орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалына (бұдан әрі – Филиал) Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш ұсынады.

      Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 109 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулысымен;

      2) жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттардың көшірмесі, сондай-ақ Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша меншікті капиталдың ең төменгі мөлшерін сақтау туралы мәліметтер;

      3) ішкі бақылау қызметі туралы ереже (бар болса);

      4) мыналарды:

      микроқаржы ұйымы қызметінің стратегиясын;

      микроқаржы ұйымы бағдарланған нарық сегментінің айқындамасын (қызметтерді әлеуетті тұтынушылар, ағымдағы жағдай және олардың нарықтағы үлесінің динамикадағы болжамы);

      қызмет түрлерін (микрокредит беру, микрокредиттерді беру қызметіне байланысты мәселелер жөнінде консультациялық қызметтерді көрсету және (немесе) Заңның 19-бабында көзделген қызметтің басқа түрі);

      ағымдағы ахуалдың талдамасын, қызметтердің жарнамасын, көрсетілетін қызметтердің сапасын қамтамасыз ету шараларын, тұтынушылардың қажеттіліктерін қалыптастыру және ынталандыру шараларын қамтитын маркетинг (клиентураны қалыптастыру) жоспарын;

      ұйымның қызметін қаржыландыру көздерін (құрылтайшылар қаражаты, тартылған қаражат, гранттар немесе басқа қаражат) ашып көрсететін бизнес-жоспар;

      5) өтініш ұсынылған күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша құрылтайшы (қатысушы), Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атқарушы органның бірінші басшысы (мүшелері), бас бухгалтері (бар болса) туралы мәліметтер;

      6) микроқаржы ұйымының жоғары органы бекіткен микрокредиттер беру қағидаларының көшірмесі;

      7) "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған ақпарат беру туралы шарттың көшірмесі және кредиттік тарихты қалыптастыру және оларды пайдалану жүйесінің қатысушыларына ұсынылатын талаптарға сәйкес келу туралы құжаттың көшірмесі;

      8) берілген микрокредиттер бойынша кірістерді және корпоративтік табыс салығының есептелген сомасын көрсететін соңғы үш жыл ішіндегі салық декларациясының көшірмесі (микрокредиттік ұйымдарды қайта тіркеу немесе қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған микроқаржы ұйымдары ұсынады).

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 109 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); 28.01.2016 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

       2-1. Микроқаржы ұйымы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген құжаттары қоса берілген өтінішті қағаз тасымалдауышта не электрондық түрде "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы ұсынады.

      Ескерту. 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.04.2015 № 57 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

       3. Микроқаржы ұйымы өтініште көрсетілген орналасқан жері өзгерген, сондай-ақ Қағидалардың 2-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, өзгертілген және (немесе) толықтырылған құжаттарды осындай өзгерістер мен толықтырулар енгізілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде Филиалға ұсынады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      4-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Әділет министрінің 29.12.2016 № 1200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Қағидалардың 9 және 10-тармақтарында белгіленген мерзімде Филиал микроқаржы ұйымын микроқаржы ұйымдарының тізіліміне енгізеді, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – Ұлттық Банк) Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес 1-нысан бойынша Ұлттық Банктің интернет-ресурсына орналастыру үшін ақпарат жібереді және микроқаржы ұйымдарының тізіліміне енгізілгені туралы микроқаржы ұйымына хабарлайды не есептік тіркеуден бас тарту себептері туралы жазбаша түрде дәлелді жауап жібереді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 109 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      4-1-тармақпен толықтыру көзделген – ҚР Әділет министрінің 29.12.2016 № 1200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       РҚАО-ның ескертпесі!
      5-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Әділет министрінің 29.12.2016 № 1200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Филиал Қағидалардың 4-тармағында көзделген ақпаратты Қағидалардың 9-тармағында көзделген мерзім аяқталғанға дейін күнтізбелік 5 күннен кешіктірмей Ұлттық Банкке жібереді.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 109 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулысымен.

       6. Есептік тіркеуден бас тарту Заңның 15-бабында көзделген негіздемелер бойынша жүргізіледі.

      Есептік тіркеуден бас тартылған жағдайда микроқаржы ұйымы ретінде тіркелген заңды тұлға Заңның 15-бабының 2-тармағында көзделген шараларды қабылдайды.

      7. Микроқаржы ұйымдарын тізілімнен шығаруды Филиал Заңның 16-бабында көзделген негіздемелер бойынша жүргізеді.

      Микроқаржы ұйымдарын тізілімнен шығару туралы жазбаша хабарламаны Филиал тізілімнен шығарылған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде өтініште көрсетілген мекенжай бойынша микроқаржы ұйымына жібереді.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 109 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулысымен.
       РҚАО-ның ескертпесі!
      8-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Әділет министрінің 29.12.2016 № 1200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Филиал микроқаржы ұйымын микроқаржы ұйымдарының тізілімінен алып тастау туралы шешім қабылданған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде Ұлттық Банктің интернет-ресурсына орналастыру үшін Қағидалардың 5-тармағына сәйкес 2-нысан бойынша ақпаратты Ұлттық Банкке жібереді.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 109 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулысымен.

       9. Филиал есептік тіркеуден өтуге арналған өтінішті құжаттардың толық топтамасын ұсынған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарайды.

      10. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап Қағидалардың 4 және 9-тармақтарында көрсетілген мерзім он бес жұмыс күнін құрайды.

      11. Филиал қайтадан берілген өтінішті отыз жұмыс күні ішінде қарайды.

      12. Қағидалардың 2-тармағында аталған, бірнеше парақтан тұратын құжаттар нөмірленіп, тігіліп және соңғы парақтың сыртқы бетінде тігілген парақтардың саны көрсетіле отырып, тігістің түйініне желімделген жапсырма қағазға жартылай басылған микроқаржы ұйымының мөрімен (бар болса) расталып ұсынылады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

       13. Ұсынылатын құжаттардың көшірмелері микроқаржы ұйымдарының осындай құжаттарға қол қою құқығы бар лауазымды тұлғаларының қолдарымен және микроқаржы ұйымы мөрінің таңбасымен (бар болса) расталады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Микроқаржы ұйымдарын есептік
тіркеуден өткізу және микроқаржы
ұйымдарының тізілімін жүргізу
қағидаларына 1-қосымша

      Нысан

      РҚАО-ның ескертпесі!
      1-қосымша жаңа редакцияда көзделген – ҚР Әділет министрінің 29.12.2016 № 1200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

       _____________________________________________________________________

      (қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау

      _____________________________________________________________________

      жөніндегі уәкілетті органның толық атауы)

      _____________________________________________________________________

      (өтініш берушінің толық атауы)

Өтініш

      Микроқаржы ұйымы ретінде есептік тіркеуден өткізуіңізді

      сұраймын

      Өтініш беруші туралы мәліметтер:

      1. Өтініш берушінің тұрған жері

      _____________________________________________________________________

      (индекс, облыс, қала, аудан, көше, үйдің, офистің нөмірі)

      _____________________________________________________________________

      (телефон, факс, электрондық почтаның мекенжайы, бар болса

      интернет-ресурс)

      2. Жіберілетін құжаттардың тізбесі, олардың әрқайсысы бойынша

      даналар мен парақтар саны:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Өтінішіке қоса берілген құжаттардың тексерілгенін және дәйекті

      әрі толық болып табылатынын растаймын.

      Ақпараттық жүйелерде бар заңмен сақталатын құпияны құрайтын

      мәліметтерді пайдалануға келіседі.

      Өтініш беруге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол

      бар болса), лауазымы

      _________________________

      (қолы)

       20__ жылғы "___" ________

       мөр орны (бар болса)

  Микроқаржы ұйымдарын есептік
тіркеуден өткізу және микроқаржы
ұйымдарының тізілімін жүргізу
қағидаларына 2-қосымша

      Нысан

      РҚАО-ның ескертпесі!
      2-қосымша жаңа редакцияда көзделген – ҚР Әділет министрінің 29.12.2016 № 1200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Меншікті капиталдың ең аз мөлшерін сақтау туралы мәліметтер

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Микроқаржы ұйымының атауы

Күні

Меншікті капиталдың мөлшері (мың теңгемен)




      

      Микроқаржы ұйымы басшысының

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) _________________

      (қолы)

       мөр орны (бар болса)

  Микроқаржы ұйымдарын есептік
тіркеуден өткізу және микроқаржы
ұйымдарының тізілімін жүргізу
қағидаларына 3-қосымша

      1-нысан

Өтініш берушінің құрылтайшысы (қатысушысы) туралы мәліметтер
(заңды тұлға үшін)

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

       _____________________________________________________________________

      (өтініш берушінің толық атауы)

      1. Өтініш берушінің құрылтайшысы (қатысушысы) _______________________

      _____________________________________________________________________

      (толық атауы)

      Орналасқан жері _____________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (почта индексі, мекенжайы)

      Байланыс деректемелері ______________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (телефон және факс нөмірлері, бар болса электрондық почта мекенжайы)

      Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер _________________

      _____________________________________________________________________

      (құжаттың атауы, нөмірі және берілген күні, кім берді)

      Қазақстан Республикасының резиденті/бейрезиденті ____________________

      Қызметінің негізгі түрі _____________________________________________

      _____________________________________________________________________

      2. Өтініш берушінің жарғылық капиталына қатысу үлесі

      _____________________________________________________________________

      3. Өтініш беруші құрылтайшысының (қатысушысының) өтініш берушінің

      жарғылық капиталына қатысу үлесіне ақшаны енгізу алдындағы меншік

      капиталының мөлшері және өтініш берушінің жарғылық капиталына қатысу

      үлесіне ақы төлеу үшін енгізілген сома

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      4. Өтініш беруші құрылтайшысының (қатысушысының) заңды тұлғалардың

      толық атауларын және орналасқан жерін көрсете отырып, қатысушы,

      акционер ретінде өзге заңды тұлғаларды құруға және қызметіне қатысуы

      туралы мәліметтер:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      5. Ұйымдардың толық атауларын, орналасқан жерін көрсете отырып,

      өтініш берушінің құрылтайшысы (қатысушысы) қатысатын өнеркәсіптік,

      банктік, қаржы топтары, холдингтер, концерндер, қауымдастықтар,

      консорциумдар туралы мәліметтер:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      6. Өтініш беруші құрылтайшысының (қатысушысының) басшысы туралы

      мәліметтер:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде)

      20__ жылғы "___"_____________

      Өтініш берушінің құрылтайшысы

      (қатысушысы) басшысының қолы ________________

      мөр орны (бар болса)

      2-нысан

Өтініш берушінің құрылтайшысы (қатысушысы) туралы мәліметтер
(жеке тұлға үшін)

      _____________________________________________________________________

      (өтініш берушінің толық атауы)

      1. Өтініш берушінің құрылтайшысы (қатысушысы) _______________________

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде)

      Туылған күні ________________________________________________________

      Азаматтығы __________________________________________________________

      Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері__________________________

      _____________________________________________________________________

      (құжаттың атауы, нөмірі, сериясы және берілген күні, кім берді)

      Тұрғылықты жері _____________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (почта индексі, мекенжайы)

      Байланыс деректемелері ______________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (телефон нөмірі, бар болса электрондық почта мекенжайы)

      Жұмыс орны (мекенжайын көрсете отырып), лауазымы ____________________

      _____________________________________________________________________

      2. Өтініш берушінің жарғылық капиталына қатысу үлесі

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      3. Өтініш беруші құрылтайшысының (қатысушысының) заңды тұлғалардың

      толық атауларын және орналасқан жерін көрсете отырып, қатысушы,

      акционер ретінде өзге заңды тұлғаларды құруға және қызметіне қатысуы

      туралы мәліметтер:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      4. Өтелмеген немесе алып тасталмаған соттылығының болуы туралы

      мәліметтер:

      ____________________________________________________________________;

      5. Тұлғаның қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және

      қадағалау жөніндегі уәкілетті орган осы микроқаржы ұйымын тізілімнен

      шығару туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде

      бұрын микроқаржы ұйымының бірінші басшысы немесе құрылтайшысы болғаны

      жөніндегі мәліметтер.

      20__ жылғы "___"_____________

      Өтініш беруші құрылтайшысының (қатысушысының) қолы _______________

  Микроқаржы ұйымдарын
есептік тіркеуден өткізу және
микроқаржы ұйымдарының
тізілімін жүргізу қағидаларына
4-қосымша

      нысан

      _____________________________________________________________________

      (микроқаржы ұйымы қызметкерінің лауазымы және микроқаржы ұйымының

      атауы көрсетіледі) туралы мәліметтер

      Ескерту. 4-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 27.05.2013 № 120 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

       1. Жалпы мәліметтер:

Тегі, аты, бар болса әкесінің аты

________________________________________________
________________________________________________
(жеке басын куәландыратын құжатқа толығымен сәйкес, тегін, атын, әкесінің атын өзгерткен жағдайда – олар қашан және қандай себеппен өзгертілгені көрсетілсін)

Туылған күні мен жері

________________________________________________
________________________________________________

Тұрақты тұратын жері, телефон нөмірлері

________________________________________________
________________________________________________
(елді мекеннің кодын қоса алғанда, толық мекенжайы, қызметтік, үй, байланыс телефондарының нөмірлері көрсетілсін)

Азаматтығы

________________________________________________

Жеке басын куәландыратын құжаттың толық деректемелері

________________________________________________
________________________________________________
________________________________________________
________________________________________________


      Өтініш берушінің қатысушы, акционер ретінде басқа да заңды тұлғаларды

      құруға және олардың қызметіне қатысуы туралы мәліметтер:

Заңды тұлғаның атауы және орналасу орны

Заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері

Лауазымды тұлғаның заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесi, лауазымды тұлғаға тиесiлi акциялар саны және заңды тұлғаның дауыс беретiн акцияларының жалпы санына оның акцияларының пайыздық арақатынасы






      2. Кәсіби деректері:

Білімі, оның ішінде жұмысының профиліне сәйкес келетін кәсіби білімі

______________________________________________
______________________________________________
(оқу орнының, факультетінің немесе бөлімінің атауы
және орналасу орны, оқу кезеңі, берілген
біліктілік, білімі жөніндегі дипломның
деректемелері көрсетілсін)

Қосымша білімі, оның ішінде жұмыс істеп жүрген салада біліктілігін арттыру курстары, ғылыми дәрежелері

______________________________________________
______________________________________________
(оқу орнының атауы және орналасу орны, оқу кезеңі,
білімі жөніндегі дипломның деректемелері,
сертификат, куәлік көрсетілсін)

Қаржылық қызмет саласындағы жұмыс тәжірибесі

______________________________________________
______________________________________________
(қаржы ұйымдарында жұмыс істеген жылдарының саны,
аудитор, қызмет түрі бойынша бухгалтер лауазымында болуы)

Басшы лауазымындағы жұмыс тәжірибесі

______________________________________________
______________________________________________
(бар жұмыс тәжірибесін сипаттау: лауазымдық
міндеттері, кәсіби дағдысы)

Бар жетістіктері

_______________________________________________
_______________________________________________
(осы мәселе бойынша ақпарат көрсетілсін: мысалы,
ғылыми жарияланымдардың аты, ғылыми әзірлемелерге,
заң жобаларына қатысу және тағы басқа)

Осы мәселеге қатысты басқа ақпарат

_______________________________________________
_______________________________________________
(кандидаттың кәсіби біліктілігін сипаттайтын
ақпарат көрсетіледі)


      Еңбек қызметі туралы мәліметтер:

Жұмыс кезеңі (ай/жыл)

Ұйымның атауы, атқарған лауазымдары және лауазымдық міндеттері, ұйымның координаттары








      3. Басқа мәліметтер:

Өтелмеген немесе алып тасталмаған соттылығының болуы

Иә/жоқ (егер иә болса, онда қылмыстық жауапкершілікке тарту жөніндегі үкімнің күні мен нөмірі, 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің бабы көрсетілсін)

Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін қадағалау органдарының қызметтік міндеттерін атқарудан шеттетуі туралы деректердің болуы

Иә/жоқ (егер иә болса, онда осы шараны қолданған органның атауы және күні көрсетілсін)

Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган осы микроқаржы ұйымын тізілімнен шығару туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын микроқаржы ұйымының бірінші басшысы немесе құрылтайшысы болған

Ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі

Микроқаржы ұйымының басшысы болып жауапкер ретінде қаржылық қызметтерді көрсету мәселелері бойынша сотта істі қарауға тартылды ма

(сотта істі қарау күні, жауапкер-ұйымның атауы, қаралатын мәселе және сот шешімі көрсетілсін)

Осы мәселеге қатысты басқа да ақпарат

(еркін түрде көрсетіледі)


      Мен, (тегі, аты, бар болса - әкесінің аты,

      _____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      осы ақпаратты мұқият тексергенімді және ол дәйекті және толық болып

      табылатынын растаймын, _________________________________(қолы, күні).

  Микроқаржы ұйымдарын
есептік тіркеуден өткізу және
микроқаржы ұйымдарының
тізілімін жүргізу қағидаларына
5-қосымша

      1-нысан

20__ жылғы "___" _________ жағдай бойынша микроқаржы
ұйымдарының тізілімі

р/с

Микроқаржы ұйымының атауы

Басшының аты-жөні

Мекенжайы

Телефон, факс нөмірі, электрондық почтаның мекенжайы, интернет-ресурс (бар болса)

Тізілімге енгізу күні














      2-нысан

20__ жылғы "___" _________ жағдай бойынша микроқаржы ұйымдарын
тізілімнен шығару туралы мәлімет

р/с

Микроқаржы ұйымының атауы

Мекенжайы

Тізілімнен шығару күні

Негіздеме











      РҚАО-ның ескертпесі!
      6, 7-қосымшалармен толықтыру көзделген – ҚР Әділет министрінің 29.12.2016 № 1200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.