Ескерту. Қаулының күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 № 227 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеуден өткізу және микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 386 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8319 тіркелген, 2013 жылғы 5 маусымда "Егемен Қазақстан" газетінде № 141 (28080) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Есептік тіркеуден өту және микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Есептік тіркеуден өту және микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеуден өткізу және микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Есептік тіркеуден өту және микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу қағидалары";
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Есептік тіркеуден өту және микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Микроқаржы ұйымдары туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және есептік тіркеуден өту және микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Филиалдар микроқаржы ұйымдарының орналасқан жері бойынша Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізеді.
Қағидалардың 10-тармағында белгіленген мерзімде Филиал микроқаржы ұйымын микроқаржы ұйымдарының тізіліміне енгізеді, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – Ұлттық Банк) есептік тіркеуден өткен микроқаржы ұйымдарының Ұлттық Банктің интернет-ресурсына орналастыру үшін микроқаржы ұйымдарының тізіліміне енгізілгені туралы ақпарат жібереді және микроқаржы ұйымдарының тізіліміне енгізілгені туралы микроқаржы ұйымын хабардар етеді не есептік тіркеуден бас тарту себептері туралы жазбаша түрде дәлелді жауап жібереді.";
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Микроқаржы ұйымдарының тізіліміндегі тіркеу нөмірінде 9 (тоғыз) белгі болады және мынадай құрылымнан тұрады: ФФ.ЖЖ.ННН, мұндағы: ФФ – Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Филиалдарының микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеу кезінде пайдаланылатын кодтарына сәйкес қойылатын Филиал коды;
ЖЖ – ағымдағы жылдың соңғы 2 (екі) цифры;
ННН – микроқаржы ұйымын есептік тіркеудің реттік нөмірі.
Әрбір күнтізбелік жыл, микроқаржы ұйымын есептік тіркеудің реттік нөмірі 001-ден басталады. Есептік тіркеуді нөмірлеуді Филиалдар дербес жүргізеді.
Егер есептік тіркеудің реттік нөмірі үш таңбалы саннан (999 (тоғыз жүз тоқсан тоғыз)) асып кетсе, төрт таңбалы реттік нөмірді (НННН) пайдалануға жол беріледі.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Филиал Қағидалардың 4-тармағында көзделген ақпаратты Ұлттық Банкке Қағидалардың 10 және 11-тармақтарында көзделген мерзім аяқталғанға дейін 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Филиал микроқаржы ұйымын микроқаржы ұйымдарының тізілімінен шығару туралы шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Ұлттық Банктің интернет-ресурсына орналастыру үшін Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша микроқаржы ұйымын микроқаржы ұйымдарының тізілімінен шығару туралы мәліметтерді Ұлттық Банкке жібереді.";
1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
"Есептік тіркеуден өту және микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу қағидаларына 1-қосымша |
|
Нысан"; |
2-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
"Есептік тіркеуден өту және микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан"; |
3-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
"Есептік тіркеуден өту және микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу қағидаларына 3-қосымша |
|
1-Нысан"; |
4-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
5-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес 6-қосымшамен толықтырылсын;
осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес 7-қосымшамен толықтырылсын.
2. Банктерді қадағалау департаменті (Қизатов О.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы |
Д. Ақышев |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Министр ________________ Д.Абаев 2016 жылғы 18 қараша |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Министр _______________ Қ.Бишімбаев 2016 жылғы 7 желтоқсан |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қазандағы № 257 қаулысына 1-қосымша |
|
Есептік тіркеуден өту және микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу қағидаларына 4-қосымша |
|
Нысан |
Атқарушы органның бірінші басшысы (мүшелері),
бас бухгалтер (болған кезде) туралы мәліметтер
____________________________________________________________________
(микроқаржы ұйымы қызметкерінің лауазымы және микроқаржы ұйымының
атауы көрсетіледі)
1. Жалпы мәліметтер:
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) |
________________________________________________________________ |
Туылған күні мен жері |
________________________________________________________________ |
Тұрақты тұратын жері, телефон нөмірлері |
________________________________________________________________ |
Азаматтығы | |
Жеке басын куәландыратын құжаттың толық деректемелері |
________________________________________________________________ |
Өтініш берушінің қатысушы, акционер ретінде басқа да заңды тұлғаларды құруға және олардың қызметіне қатысуы туралы мәліметтер:
№ | Заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері | Заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері | Лауазымды тұлғаның заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі, лауазымды тұлғаға тиесілі акциялар саны және заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының жалпы санына оның акцияларының пайыздық арақатынасы |
2. Кәсіби деректер:
Білімі, оның ішінде жұмысының мамандығына сәйкес келетін кәсіби білімі |
________________________________________________________________ |
Қосымша білімі, оның ішінде жұмыс істеп жүрген салада біліктілігін арттыру курстары, ғылыми дәрежелері |
________________________________________________________________ |
Қол жеткізген жетістіктері |
________________________________________________________________ |
Осы мәселеге қатысты басқа ақпарат |
________________________________________________________________ |
Еңбек қызметі туралы мәліметтер:
№ | Жұмыс кезеңі (ай, жыл) | Ұйымның атауы, атқарған лауазымдары және лауазымдық міндеттері |
3. Басқа мәліметтер:
Өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болуы |
Иә/жоқ |
Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін қадағалау органдарының қызметтік міндеттерін атқарудан шеттетуі туралы деректердің болуы | Иә/жоқ (егер иә болса, онда осы шараны қолданған органның атауы және күні көрсетілсін) |
Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган осы микроқаржы ұйымын тізілімнен шығару туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын микроқаржы ұйымының бірінші басшысы немесе құрылтайшысы болғандығы | Ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі |
Микроқаржы ұйымының басшысы болып жауапкер ретінде қаржылық қызметтерді көрсету мәселелері бойынша сотта істі қарауға тартылды ма | (сотта істі қарау күні, жауапкер-ұйымның атауы, қаралатын мәселе және сот шешімі көрсетілсін) |
Осы мәселеге қатысты басқа да ақпарат | (еркін түрде көрсетіледі) |
Мен, _____________________________________________________________________,
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
осы ақпаратты тексергенімді және ол дәйекті әрі толық болып табылатынын растаймын,
____________________
(қолы, күні)
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қазандағы № 257 қаулысына 2-қосымша |
|
Есептік тіркеуден өту және микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу қағидаларына 5-қосымша |
|
Нысан |
Микроқаржы ұйымдарының тізілімі
20__ жылғы "___" _________ жағдай бойынша
№ | Берілген тіркеу нөмірі | Микроқаржы ұйымының атауы | Басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) | Мекенжайы | Телефон нөмірі, факс, электрондық почтаның мекенжайы, интернет-ресурс (болған кезде) | Тізілімге енгізілген күні |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қазандағы № 257 қаулысына 3-қосымша |
|
Есептік тіркеуден өту және микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу қағидаларына 6-қосымша |
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Филиалдарының микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеу кезінде пайдаланылатын кодтары
№ | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалы |
Қазақстан Республикасының |
1 | 2 | 3 |
1 | Орталық филиал (Астана қаласы) | 53 |
2 | Алматы қалалық филиалы | 05 |
3 | Алматы облыстық филиалы | 41 |
4 | Ақмола филиалы | 24 |
5 | Ақтөбе филиалы | 03 |
6 | Атырау филиалы | 12 |
7 | Шығыс Қазақстан филиалы | 09 |
8 | Жамбыл филиалы | 14 |
9 | Батыс Қазақстан филиалы | 49 |
10 | Қарағанды филиалы | 18 |
11 | Қостанай филиалы | 27 |
12 | Қызылорда филиалы | 21 |
13 | Маңғыстау филиалы | 29 |
14 | Павлодар филиалы | 32 |
15 | Солтүстік Қазақстан филиалы | 36 |
16 | Оңтүстік Қазақстан филиалы | 58 |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қазандағы № 257 қаулысына 4-қосымша |
|
Есептік тіркеуден өту және микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу қағидаларына 7-қосымша |
|
Нысан |
Микроқаржы ұйымын микроқаржы ұйымдарының тізілімнен шығару туралы мәліметтер
20__ жылғы "___" _________ жағдай бойынша
№ | Берілген тіркеу нөмірі | Микроқаржы ұйымының атауы | Мекенжайы | Тізілімнен шығарылған күні | Негіздеме |