Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеуден өткізу және микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 386 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 4 ақпанда № 8319 тіркелді

Қолданыстағы

      «Микроқаржы ұйымдары туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеуден өткізу және микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                   Г. Марченко

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 386 қаулысымен   
бекітілген      

Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеуден өткізу және микроқаржы
ұйымдарының тізілімін жүргізу қағидалары

      Осы Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеуден өткізу және микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Микроқаржы ұйымдары туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеу және микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды.
      1. Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеу (бұдан әрі – есептік тіркеу) – микроқаржы ұйымдарын Заңның 14-бабына және Қағидаларға сәйкес микроқаржы ұйымдарының тізіліміне енгізу.
      2. Микроқаржы ұйымы есептік тіркеуден өту үшін микроқаржы ұйымының орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалына (бұдан әрі – Филиал) Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш ұсынады.
      Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
      1) салыстырып тексеру үшін жарғының түпнұсқасымен бірге көшірмесі не жарғының нотариат куәландырған көшірмесі, сондай-ақ заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
      2) жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттардың көшірмесі, сондай-ақ Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша меншікті капиталдың ең төменгі мөлшерін сақтау туралы мәліметтер;
      3) ішкі бақылау қызметі туралы ереже (бар болса);
      4) мыналарды:
      микроқаржы ұйымы қызметінің стратегиясын;
      микроқаржы ұйымы бағдарланған нарық сегментінің айқындамасын (қызметтерді әлеуетті тұтынушылар, ағымдағы жағдай және олардың нарықтағы үлесінің динамикадағы болжамы);
      қызмет түрлерін (микрокредит беру, микрокредиттерді беру қызметіне байланысты мәселелер жөнінде консультациялық қызметтерді көрсету және (немесе) Заңның 19-бабында көзделген қызметтің басқа түрі);
      ағымдағы ахуалдың талдамасын, қызметтердің жарнамасын, көрсетілетін қызметтердің сапасын қамтамасыз ету шараларын, тұтынушылардың қажеттіліктерін қалыптастыру және ынталандыру шараларын қамтитын маркетинг (клиентураны қалыптастыру) жоспарын;
      ұйымның қызметін қаржыландыру көздерін (құрылтайшылар қаражаты, тартылған қаражат, гранттар немесе басқа қаражат) ашып көрсететін бизнес-жоспар;
      5) өтініш ұсынылған күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысандар бойынша құрылтайшылар (қатысушылар), Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша атқарушы органның бірінші басшысы (мүшелері), бас бухгалтері туралы мәліметтер;
      6) микроқаржы ұйымының жоғары органы бекіткен микрокредиттер беру қағидаларының көшірмесі;
      7) «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған ақпарат беру туралы шарттың көшірмесі және кредиттік тарихты қалыптастыру және оларды пайдалану жүйесінің қатысушыларына ұсынылатын талаптарға сәйкес келу туралы құжаттың көшірмесі;
      8) берілген микрокредиттер бойынша кірістерді және корпоративтік табыс салығының есептелген сомасын көрсететін соңғы үш жыл ішіндегі салық декларациясының көшірмесі (микрокредиттік ұйымдарды қайта тіркеу немесе қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған микроқаржы ұйымдары ұсынады).
      3. Микроқаржы ұйымы өтініште көрсетілген орналасқан жері өзгерген, сондай-ақ Қағидалардың 2-тармағының 1) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, өзгертілген және (немесе) толықтырылған құжаттарды осындай өзгерістер мен толықтырулар енгізілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде Филиалға ұсынады.
      4. Қағидалардың 9 және 10-тармақтарында белгіленген мерзімде Филиал микроқаржы ұйымын микроқаржы ұйымдарының тізіліміне енгізеді, Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне (бұдан әрі – Комитет) Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес 1-нысан бойынша Комитеттің интернет-ресурсына орналастыру үшін ақпарат жібереді және микроқаржы ұйымдарының тізіліміне енгізілгені туралы микроқаржы ұйымына хабарлайды не есептік тіркеуден бас тарту себептері туралы жазбаша түрде дәлелді жауап жібереді.
      5. Филиал Қағидалардың 4-тармағында көзделген ақпаратты Қағидалардың 9-тармағында көзделген мерзім аяқталғанға дейін күнтізбелік 5 күннен кешіктірмей Комитетке жібереді.
      6. Есептік тіркеуден бас тарту Заңның 15-бабында көзделген негіздемелер бойынша жүргізіледі.
      Есептік тіркеуден бас тартылған жағдайда микроқаржы ұйымы ретінде тіркелген заңды тұлға Заңның 15-бабының 2-тармағында көзделген шараларды қабылдайды.
      7. Микроқаржы ұйымдарын тізілімнен шығаруды Филиалдың ұсынымы бойынша Комитет Заңның 16-бабында көзделген негіздемелер бойынша жүргізеді.
      Микроқаржы ұйымдарын тізілімнен шығару туралы жазбаша хабарламаны Филиал тізілімнен шығарылған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде өтініште көрсетілген мекенжай бойынша микроқаржы ұйымына жібереді.
      8. Филиал Заңның 16-бабында көзделген негіздемелер анықталған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде микроқаржы ұйымын микроқаржы ұйымдарының тізілімінен алып тастау туралы шешім қабылдау үшін Комитетке ұсыным жібереді.
      Микроқаржы ұйымын алып тастау туралы ақпаратты Комитет Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес 2-нысан бойынша Комитеттің интернет-ресурсына орналастырады.
      9. Филиал есептік тіркеуден өтуге арналған өтінішті құжаттардың толық топтамасын ұсынған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарайды.
      10. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап Қағидалардың 4 және 9-тармақтарында көрсетілген мерзім он бес жұмыс күнін құрайды.
      11. Филиал қайтадан берілген өтінішті отыз жұмыс күні ішінде қарайды.
      12. Қағидалардың 2-тармағында аталған, бірнеше парақтан тұратын құжаттар нөмірленіп, тігіліп және соңғы парақтың сыртқы бетінде тігілген парақтардың саны көрсетіле отырып, тігістің түйініне желімделген жапсырма қағазға жартылай басылған микроқаржы ұйымының мөрімен расталып ұсынылады.
      13. Ұсынылатын құжаттардың көшірмелері микроқаржы ұйымдарының осындай құжаттарға қол қою құқығы бар лауазымды тұлғаларының қолдарымен және микроқаржы ұйымы мөрінің таңбасымен расталады.

Микроқаржы ұйымдарын
есептік тіркеуден өткізу және
микроқаржы ұйымдарының
тізілімін жүргізу қағидаларына
1-қосымша

нысан

____________________________________________________________________
(уәкілетті органның толық атауы)

____________________________________________________________________
(өтініш берушінің толық атауы)

Өтініш

      Микроқаржы ұйымы ретінде есептік тіркеуден өткізуіңізді сұраймын

                     Өтініш беруші туралы мәліметтер:

      1. Өтініш берушінің тұрған жері

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
       (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің, офистің нөмірі)

_____________________________________________________________________
(телефон, факс, электрондық почтаның мекенжайы, бар болса интернет-ресурс)
      2. Жіберілетін құжаттардың тізбесі, олардың әрқайсы бойынша даналар мен парақтар саны:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

      Өтініш беруші өтінішке қоса берілген құжаттардың (ақпараттың)
шынайы болуына толығымен жауап береді.

      Тегі, аты, бар болса - әкесінің аты, өтініш беруге уәкілетті
тұлғаның лауазымы _________________________________________________
                                      (қолы)

20__ жылғы «___» _____________
мөрдің орны

Микроқаржы ұйымдарын
есептік тіркеуден өткізу және
микроқаржы ұйымдарының
тізілімін жүргізу қағидаларына
2-қосымша

нысан

Меншікті капиталдың ең аз мөлшерін сақтау туралы мәліметтер

Микроқаржы ұйымының атауы

Күні

Меншікті капиталдың мөлшері
(мың теңге)




Микроқаржы ұйымы басшысының
тегі, аты, бар болса - әкесінің аты ________________
                                         (қолы)
мөрдің орны

Микроқаржы ұйымдарын
есептік тіркеуден өткізу және
микроқаржы ұйымдарының
тізілімін жүргізу қағидаларына
3-қосымша

1-нысан

Өтініш берушінің құрылтайшысы (қатысушысы) туралы мәліметтер
(заңды тұлға үшін)

____________________________________________________________________
                        (өтініш берушінің атауы)

1. Өтініш берушінің құрылтайшысы (қатысушысы) _______________________
_____________________________________________________________________
                                (толық атауы)

Орналасқан жері _____________________________________________________
_____________________________________________________________________
                     (почта индексі, мекенжайы)

Байланыс деректемелері_______________________________________________
_____________________________________________________________________
(телефон және факс нөмірлері, бар болса электрондық почта мекенжайы)

Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер _________________
_____________________________________________________________________
        (құжаттың атауы, нөмірі және берілген күні, кім берді)

Қазақстан Республикасының резиденті/резидент емесі __________________
Қызметінің негізгі түрі _____________________________________________
_____________________________________________________________________
2. Өтініш берушінің жарғылық капиталына қатысу үлесі
_____________________________________________________________________

3. Өтініш беруші құрылтайшысының (қатысушысының) өтініш берушінің
жарғылық капиталына қатысу үлесіне ақшаны енгізу алдындағы меншік
капиталының мөлшері және өтініш берушінің жарғылық капиталына қатысу
үлесіне ақы төлеу үшін енгізілген сома ___________________________
__________________________________________________________________
4. Өтініш беруші құрылтайшысының (қатысушысының) заңды тұлғалардың
толық атауларын және орналасқан жерін көрсете отырып, қатысушы,
акционер ретінде өзге заңды тұлғаларды құруға және қызметіне қатысуы
туралы мәліметтер: __________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
5. Ұйымдардың толық атауларын және орналасқан жерін көрсете отырып,
өтініш берушінің құрылтайшысы (қатысушысы) қатысатын өндірістік,
банктік, қаржы топтары, холдингтер, концерндер, қауымдастықтар,
консорциумдар туралы мәліметтер: ___________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
6. Өтініш беруші құрылтайшысының (қатысушысының) басшысы туралы
мәліметтер: _________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                (тегі, аты, болған кезде - әкесінің аты)
20__ жылғы «___»_____________.

Өтініш берушінің құрылтайшысы
(қатысушысы) басшысының қолы ________________

мөр орны

2-нысан

Өтініш берушінің құрылтайшысы (қатысушысы) туралы мәліметтер
(жеке тұлға үшін)

________________________________________________________________
(өтініш берушінің толық атауы)

1. Өтініш берушінің құрылтайшысы (қатысушысы) _______________________
____________________________________________________________________
                (тегі, аты, болған кезде - әкесінің аты)
Туылған күні ________________________________________________________
Азаматтығы __________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері__________________________
_____________________________________________________________________
  (құжаттың атауы, нөмірі, сериясы және берілген күні, кім берді)
Тұрғылықты жері _____________________________________________________
_____________________________________________________________________
                       (почта индексі, мекен-жайы)
Байланыс деректемелері ______________________________________________
_____________________________________________________________________
        (телефон нөмірі, бар болса электрондық почта мекенжайы)
Жұмыс орны (мекенжайын көрсете отырып), лауазымы ____________________
_____________________________________________________________________
2. Өтініш берушінің жарғылық капиталына қатысу үлесі
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
3. Өтініш беруші құрылтайшысының (қатысушысының) заңды тұлғалардың
толық атауларын және орналасқан жерін көрсете отырып, қатысушы,
акционер ретінде өзге заңды тұлғаларды құруға және қызметіне қатысуы
туралы мәліметтер: _________________________________________________
_____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
20__ жылғы «___»_____________
Өтініш беруші құрылтайшысының (қатысушысының) қолы __________________

Микроқаржы ұйымдарын
есептік тіркеуден өткізу және
микроқаржы ұйымдарының
тізілімін жүргізу қағидаларына
4-қосымша

нысан

_____________________________________________________________________
(микроқаржы ұйымы қызметкерінің лауазымы және микроқаржы ұйымының
атауы көрсетіледі) туралы мәліметтер

1. Жалпы мәліметтер:

Тегі, аты, бар болса әкесінің аты

________________________________________________
________________________________________________
(жеке басын куәландыратын құжатқа толығымен сәйкес, тегін, атын, әкесінің атын өзгерткен жағдайда – олар қашан және қандай себеппен өзгертілгені көрсетілсін)

Туылған күні мен жері

________________________________________________
________________________________________________

Тұрақты тұратын жері, телефон нөмірлері

________________________________________________
________________________________________________
(елді мекеннің кодын қоса алғанда, толық мекенжайы, қызметтік, үй, байланыс телефондарының нөмірлері көрсетілсін)

Азаматтығы

________________________________________________

Жеке басын куәландыратын құжаттың толық деректемелері

________________________________________________
________________________________________________
________________________________________________
________________________________________________

Өтініш берушінің қатысушы, акционер ретінде басқа да заңды тұлғаларды
құруға және олардың қызметіне қатысуы туралы мәліметтер:

Заңды тұлғаның атауы және орналасу орны

Заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері

Лауазымды тұлғаның заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесi, лауазымды тұлғаға тиесiлi акциялар саны және заңды тұлғаның дауыс беретiн акцияларының жалпы санына оның акцияларының пайыздық арақатынасы





2. Кәсіби деректері:

Білімі, оның ішінде жұмысының профиліне сәйкес келетін кәсіби білімі

______________________________________________
______________________________________________
(оқу орнының, факультетінің немесе бөлімінің атауы
және орналасу орны, оқу кезеңі, берілген
біліктілік, білімі жөніндегі дипломның
деректемелері көрсетілсін)

Қосымша білімі, оның ішінде жұмыс істеп жүрген салада біліктілігін арттыру курстары, ғылыми дәрежелері

______________________________________________
______________________________________________
(оқу орнының атауы және орналасу орны, оқу кезеңі,
білімі жөніндегі дипломның деректемелері,
сертификат, куәлік көрсетілсін)

Қаржылық қызмет саласындағы жұмыс тәжірибесі

______________________________________________
______________________________________________
(қаржы ұйымдарында жұмыс істеген жылдарының саны,
аудитор, қызмет түрі бойынша бухгалтер лауазымында болуы)

Басшы лауазымындағы жұмыс тәжірибесі

______________________________________________
______________________________________________
(бар жұмыс тәжірибесін сипаттау: лауазымдық
міндеттері, кәсіби дағдысы)

Бар жетістіктері

_______________________________________________
_______________________________________________
(осы мәселе бойынша ақпарат көрсетілсін: мысалы,
ғылыми жарияланымдардың аты, ғылыми әзірлемелерге,
заң жобаларына қатысу және тағы басқа)

Осы мәселеге қатысты басқа ақпарат

_______________________________________________
_______________________________________________
(кандидаттың кәсіби біліктілігін сипаттайтын
ақпарат көрсетіледі)

Еңбек қызметі туралы мәліметтер:

Жұмыс кезеңі (ай/жыл)

Ұйымның атауы, атқарған лауазымдары және лауазымдық міндеттері, ұйымның координаттары







3. Басқа мәліметтер:

Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстары, сыбайлас жемқорлық қылмыстары және мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару мүддесіне қарсы басқа да қылмыстары үшін өтелмеген немесе заңда белгіленген тәртіпте алынбаған соттылығының болуы

Иә/жоқ (егер иә болса, онда қылмыстық жауапкершілікке тарту жөніндегі үкімнің күні мен нөмірі, 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің бабы көрсетілсін)

Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін қадағалау органдарының қызметтік міндеттерін атқарудан шеттету жөніндегі деректердің болуы

Иә/жоқ (егер иә болса, онда осы шараны қолданған органның атауы және күні көрсетілсін)

Банкрот болып танылған не лицензиядан айыру, мәжбүрлеп тарату, консервациялау, акцияларын мәжбүрлеп сатып алу жөніндегі шешім қабылданған қаржы ұйымының бұдан бұрын басшы қызметкері болып табылған

Ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі

Қаржы ұйымының басшысы болып жауапкер ретінде қаржылық қызметті көрсету мәселелері бойынша сотта істі қарауға тартылды ма

(сотта істі қарау күні, жауапкер-ұйымның атауы, қаралатын мәселе және шешім көрсетілсін)

Осы мәселеге қатысты басқа ақпарат

(еркін түрде көрсетіледі)

Мен, (тегі, аты, бар болса - әкесінің аты,
_____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

осы ақпаратты мұқият тексергенімді және ол дәйекті және толық болып
табылатынын растаймын, _________________________________(қолы, күні).

Микроқаржы ұйымдарын
есептік тіркеуден өткізу және
микроқаржы ұйымдарының
тізілімін жүргізу қағидаларына
5-қосымша

1-нысан

20__ жылғы «___» _________ жағдай бойынша микроқаржы
ұйымдарының тізілімі

р/с

Микроқаржы ұйымының атауы

Басшының аты-жөні

Мекенжайы

Телефон, факс нөмірі, электрондық почтаның мекенжайы, интернет-ресурс (бар болса)

Тізілімге енгізу күні













2-нысан

20__ жылғы «___» _________ жағдай бойынша микроқаржы ұйымдарын
тізілімнен шығару туралы мәлімет

р/с

Микроқаржы ұйымының атауы

Мекенжайы

Тізілімнен шығару күні

Негіздеме