"Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеуден өткізу және микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 386 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 57 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 маусымда № 11324 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 227 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 № 227 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеуден өткізу және микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 386 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8319 тіркелген, 2013 жылғы 5 маусымда "Егемен Қазақстан" газетінде № 141 (28080) жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеуден өткізу және микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу қағидалары:

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Микроқаржы ұйымы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген құжаттары қоса берілген өтінішті қағаз тасымалдауышта не электрондық түрде "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы ұсынады.".

      2. Бақылау және қадағалау әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк

Төрағасы

Қ. Келімбетов