Есептік тіркеуден өту және микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 386 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 4 ақпанда № 8319 тіркелді.

Жаңартылған

            РҚАО-ның ескертпесі!
      Қаулыға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.09.2018 № 216 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 257 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Микроқаржы ұйымдары туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Есептік тіркеуден өту және микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 257 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Г. Марченко

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 386 қаулысымен
бекітілген

Есептік тіркеуден өту және микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу қағидалары

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 257 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Осы Есептік тіркеуден өту және микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Микроқаржы ұйымдары туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және есептік тіркеуден өту және микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 257 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеу (бұдан әрі – есептік тіркеу) – микроқаржы ұйымдарын Заңның 14-бабына және Қағидаларға сәйкес микроқаржы ұйымдарының тізіліміне енгізу.

      2. Микроқаржы ұйымы есептік тіркеуден өту үшін микроқаржы ұйымының орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалына (бұдан әрі – Филиал) мынадай құжаттарды қоса бере отырып, Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш ұсынады:

      1) есептік тіркеуден өткені үшін алымның төленгенін растайтын құжат;

      2) жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша меншікті капиталдың ең төменгі мөлшерін сақтау туралы мәліметтер;

      3) ішкі бақылау қызметі туралы ереже (бар болса);

      4) мыналарды:

      микроқаржы ұйымы қызметінің стратегиясын;

      микроқаржы ұйымы бағдарланған нарық сегментінің (қызметтерді әлеуетті тұтынушылар, ағымдағы жағдай және олардың нарықтағы үлесінің динамикадағы болжамы) айқындамасын;

      қызмет түрлерін (микрокредит беру, микрокредиттерді беру қызметіне байланысты мәселелер жөнінде консультациялық қызметтер көрсету және (немесе) Заңның 19-бабында көзделген қызметтің басқа түрі);

      ағымдағы ахуалдың талдамасын, қызметтердің жарнамасын, көрсетілетін қызметтердің сапасын қамтамасыз ету шараларын, тұтынушылардың қажеттіліктерін қалыптастыру және ынталандыру шараларын қамтитын маркетинг (клиентураны қалыптастыру) жоспарын;

      ұйымның қызметін қаржыландыру көздерін (құрылтайшылар қаражаты, тартылған қаражат, гранттар немесе басқа қаражат) ашып көрсететін бизнес-жоспар;

      5) өтініш ұсынылған күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша өтініш берушінің құрылтайшысы (қатысушысы) туралы мәліметтер, Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атқарушы органның бірінші басшысы (мүшелері), бас бухгалтері (бар болса) туралы мәліметтер;

      6) микроқаржы ұйымының жоғарғы органы бекіткен микрокредиттер беру қағидаларының көшірмесі;

      7) "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған ақпарат беру туралы шарттың көшірмесі және кредиттік тарихты қалыптастыру және оларды пайдалану жүйесінің қатысушыларына қойылатын талаптарға сәйкес келу туралы құжаттың көшірмесі;

      8) берілген микрокредиттер бойынша кірістерді және корпоративтік табыс салығының есептелген сомасын көрсететін соңғы үш жыл ішіндегі салық декларациясының көшірмесі (микрокредиттік ұйымдарды қайта тіркеу немесе қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған микроқаржы ұйымдары ұсынады).

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2018 № 27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2-1. Микроқаржы ұйымы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген құжаттары қоса берілген өтінішті қағаз тасымалдауышта не электрондық түрде "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы ұсынады.

      Ескерту. 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.04.2015 № 57 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Микроқаржы ұйымы өтініште көрсетілген орналасқан жері өзгерген, сондай-ақ Қағидалардың 2-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, өзгертілген және (немесе) толықтырылған құжаттарды осындай өзгерістер мен толықтырулар енгізілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде Филиалға ұсынады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Филиалдар микроқаржы ұйымдарының орналасқан жері бойынша Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізеді.

      Қағидалардың 10-тармағында белгіленген мерзімде Филиал микроқаржы ұйымын микроқаржы ұйымдарының тізіліміне енгізеді, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – Ұлттық Банк) есептік тіркеуден өткен микроқаржы ұйымдарының Ұлттық Банктің интернет-ресурсына орналастыру үшін микроқаржы ұйымдарының тізіліміне енгізілгені туралы ақпарат жібереді және микроқаржы ұйымдарының тізіліміне енгізілгені туралы микроқаржы ұйымын хабардар етеді не есептік тіркеуден бас тарту себептері туралы жазбаша түрде дәлелді жауап жібереді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 257 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4-1. Микроқаржы ұйымдарының тізіліміндегі тіркеу нөмірінде 9 (тоғыз) белгі болады және мынадай құрылымнан тұрады: ФФ.ЖЖ.ННН, мұндағы: ФФ – Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Филиалдарының микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеу кезінде пайдаланылатын кодтарына сәйкес қойылатын Филиал коды;

      ЖЖ – ағымдағы жылдың соңғы 2 (екі) цифры;

      ННН – микроқаржы ұйымын есептік тіркеудің реттік нөмірі.

      Әрбір күнтізбелік жыл, микроқаржы ұйымын есептік тіркеудің реттік нөмірі 001-ден басталады. Есептік тіркеуді нөмірлеуді Филиалдар дербес жүргізеді.

      Егер есептік тіркеудің реттік нөмірі үш таңбалы саннан (999 (тоғыз жүз тоқсан тоғыз)) асып кетсе, төрт таңбалы реттік нөмірді (НННН) пайдалануға жол беріледі.

      Ескерту. Қағида 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 257 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Филиал Қағидалардың 4-тармағында көзделген ақпаратты Ұлттық Банкке Қағидалардың 10 және 11-тармақтарында көзделген мерзім аяқталғанға дейін 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 257 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Есептік тіркеуден бас тарту Заңның 15-бабында көзделген негіздемелер бойынша жүргізіледі.

      Есептік тіркеуден бас тартылған жағдайда микроқаржы ұйымы ретінде тіркелген заңды тұлға Заңның 15-бабының 2-тармағында көзделген шараларды қабылдайды.

      7. Микроқаржы ұйымдарын тізілімнен шығаруды Филиал Заңның 16-бабында көзделген негіздемелер бойынша жүргізеді.

      Микроқаржы ұйымдарын тізілімнен шығару туралы жазбаша хабарламаны Филиал тізілімнен шығарылған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде өтініште көрсетілген мекенжай бойынша микроқаржы ұйымына жібереді.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 109 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулысымен.

      8. Филиал микроқаржы ұйымын микроқаржы ұйымдарының тізілімінен шығару туралы шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Ұлттық Банктің интернет-ресурсына орналастыру үшін Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша микроқаржы ұйымын микроқаржы ұйымдарының тізілімінен шығару туралы мәліметтерді Ұлттық Банкке жібереді.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 257 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. Филиал есептік тіркеуден өтуге арналған өтінішті құжаттардың толық топтамасын ұсынған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарайды.

      10. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап Қағидалардың 4 және 9-тармақтарында көрсетілген мерзім он бес жұмыс күнін құрайды.

      11. Филиал қайтадан берілген өтінішті отыз жұмыс күні ішінде қарайды.

      12. Қағидалардың 2-тармағында аталған, бірнеше парақтан тұратын құжаттар нөмірленіп, тігіліп және соңғы парақтың сыртқы бетінде тігілген парақтардың саны көрсетіле отырып, тігістің түйініне желімделген жапсырма қағазға жартылай басылған микроқаржы ұйымының мөрімен (бар болса) расталып ұсынылады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      13. Ұсынылатын құжаттардың көшірмелері микроқаржы ұйымдарының осындай құжаттарға қол қою құқығы бар лауазымды тұлғаларының қолдарымен және микроқаржы ұйымы мөрінің таңбасымен (бар болса) расталады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  "Есептік тіркеуден өту және
микроқаржы ұйымдарының тізілімін
жүргізу қағидаларына 1-қосымша

      Нысан

      Ескерту. 1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 257 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      _____________________________________________________________________

      (қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау

      _____________________________________________________________________

      жөніндегі уәкілетті органның толық атауы)

      _____________________________________________________________________

      (өтініш берушінің толық атауы)

Өтініш

      Микроқаржы ұйымы ретінде есептік тіркеуден өткізуіңізді

      сұраймын

      Өтініш беруші туралы мәліметтер:

      1. Өтініш берушінің тұрған жері

      _____________________________________________________________________

      (индекс, облыс, қала, аудан, көше, үйдің, офистің нөмірі)

      _____________________________________________________________________

      (телефон, факс, электрондық почтаның мекенжайы, бар болса

      интернет-ресурс)

      2. Жіберілетін құжаттардың тізбесі, олардың әрқайсысы бойынша

      даналар мен парақтар саны:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Өтінішіке қоса берілген құжаттардың тексерілгенін және дәйекті

      әрі толық болып табылатынын растаймын.

      Ақпараттық жүйелерде бар заңмен сақталатын құпияны құрайтын

      мәліметтерді пайдалануға келіседі.

      Өтініш беруге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол

      бар болса), лауазымы

      _________________________

      (қолы)

      20__ жылғы "___" ________

      мөр орны (бар болса)

  "Есептік тіркеуден өту және
микроқаржы ұйымдарының тізілімін
жүргізу қағидаларына 2-қосымша

      Нысан

      Ескерту. 2-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 257 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Меншікті капиталдың ең аз мөлшерін сақтау туралы мәліметтер

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Микроқаржы ұйымының атауы

Күні

Меншікті капиталдың мөлшері (мың теңгемен)




     

      Микроқаржы ұйымы басшысының

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) _________________

      (қолы)

      мөр орны (бар болса)

  "Есептік тіркеуден өту және
микроқаржы ұйымдарының тізілімін
жүргізу қағидаларына 3-қосымша

      Нысан

      Ескерту. 3-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 257 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Өтініш берушінің құрылтайшысы (қатысушысы) туралы мәліметтер
(заңды тұлға үшін)

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      _____________________________________________________________________

      (өтініш берушінің толық атауы)

      1. Өтініш берушінің құрылтайшысы (қатысушысы) _______________________

      _____________________________________________________________________

      (толық атауы)

      Орналасқан жері _____________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (почта индексі, мекенжайы)

      Байланыс деректемелері ______________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (телефон және факс нөмірлері, бар болса электрондық почта мекенжайы)

      Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер _________________

      _____________________________________________________________________

      (құжаттың атауы, нөмірі және берілген күні, кім берді)

      Қазақстан Республикасының резиденті/бейрезиденті ____________________

      Қызметінің негізгі түрі _____________________________________________

      _____________________________________________________________________

      2. Өтініш берушінің жарғылық капиталына қатысу үлесі

      _____________________________________________________________________

      3. Өтініш беруші құрылтайшысының (қатысушысының) өтініш берушінің

      жарғылық капиталына қатысу үлесіне ақшаны енгізу алдындағы меншік

      капиталының мөлшері және өтініш берушінің жарғылық капиталына қатысу

      үлесіне ақы төлеу үшін енгізілген сома

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      4. Өтініш беруші құрылтайшысының (қатысушысының) заңды тұлғалардың

      толық атауларын және орналасқан жерін көрсете отырып, қатысушы,

      акционер ретінде өзге заңды тұлғаларды құруға және қызметіне қатысуы

      туралы мәліметтер:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      5. Ұйымдардың толық атауларын, орналасқан жерін көрсете отырып,

      өтініш берушінің құрылтайшысы (қатысушысы) қатысатын өнеркәсіптік,

      банктік, қаржы топтары, холдингтер, концерндер, қауымдастықтар,

      консорциумдар туралы мәліметтер:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      6. Өтініш беруші құрылтайшысының (қатысушысының) басшысы туралы

      мәліметтер:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде)

      20__ жылғы "___"_____________

      Өтініш берушінің құрылтайшысы

      (қатысушысы) басшысының қолы ________________

      мөр орны (бар болса)

      2-нысан

Өтініш берушінің құрылтайшысы (қатысушысы) туралы мәліметтер
(жеке тұлға үшін)

      _____________________________________________________________________

      (өтініш берушінің толық атауы)

      1. Өтініш берушінің құрылтайшысы (қатысушысы) _______________________

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде)

      Туылған күні ________________________________________________________

      Азаматтығы __________________________________________________________

      Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері__________________________

      _____________________________________________________________________

      (құжаттың атауы, нөмірі, сериясы және берілген күні, кім берді)

      Тұрғылықты жері _____________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (почта индексі, мекенжайы)

      Байланыс деректемелері ______________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (телефон нөмірі, бар болса электрондық почта мекенжайы)

      Жұмыс орны (мекенжайын көрсете отырып), лауазымы ____________________

      _____________________________________________________________________

      2. Өтініш берушінің жарғылық капиталына қатысу үлесі

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      3. Өтініш беруші құрылтайшысының (қатысушысының) заңды тұлғалардың

      толық атауларын және орналасқан жерін көрсете отырып, қатысушы,

      акционер ретінде өзге заңды тұлғаларды құруға және қызметіне қатысуы

      туралы мәліметтер:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      4. Өтелмеген немесе алып тасталмаған соттылығының болуы туралы

      мәліметтер:

      ____________________________________________________________________;

      5. Тұлғаның қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және

      қадағалау жөніндегі уәкілетті орган осы микроқаржы ұйымын тізілімнен

      шығару туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде

      бұрын микроқаржы ұйымының бірінші басшысы немесе құрылтайшысы болғаны

      жөніндегі мәліметтер.

      20__ жылғы "___"_____________

      Өтініш беруші құрылтайшысының (қатысушысының) қолы _______________

  Есептік тіркеуден өту және
микроқаржы ұйымдарының тізілімін
жүргізу қағидаларына 4-қосымша

      Нысан

Атқарушы органның бірінші басшысы (мүшелері),
бас бухгалтер (болған кезде) туралы мәліметтер
_______________________________________________________________

      (микроқаржы ұйымы қызметкерінің лауазымы және микроқаржы ұйымының атауы көрсетіледі)

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 257 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Жалпы мәліметтер:

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)


________________________________________________________________

________________________________________________________________

(жеке басын куәландыратын құжатқа толығымен сәйкес, тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда - олар қашан және қандай себеппен өзгертілгені көрсетілсін)


Туылған күні мен жері


________________________________________________________________

________________________________________________________________


Тұрақты тұратын жері, телефон нөмірлері


________________________________________________________________

________________________________________________________________

(елді-мекеннің кодын қоса алғанда, толық мекенжайы, қызметтік, үй, байланыс телефондарының нөмірлері көрсетілсін)


Азаматтығы



Жеке басын куәландыратын құжаттың толық деректемелері


________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________



      Өтініш берушінің қатысушы, акционер ретінде басқа да заңды тұлғаларды құруға және олардың қызметіне қатысуы туралы мәліметтер:


Заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері


Заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері


Лауазымды тұлғаның заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі, лауазымды тұлғаға тиесілі акциялар саны және заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының жалпы санына оның акцияларының пайыздық арақатынасы







      2. Кәсіби деректер:

Білімі, оның ішінде жұмысының мамандығына сәйкес келетін кәсіби білімі


________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________

(оқу орнының, факультетінің немесе бөлімінің атауы және орналасқан жері, оқу кезеңі, берілген біліктілік, білімі жөніндегі дипломның деректемелері көрсетілсін)


Қосымша білімі, оның ішінде жұмыс істеп жүрген салада біліктілігін арттыру курстары, ғылыми дәрежелері


________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________

(оқу орнының атауы және орналасқан жері, оқыған кезеңі, білімі туралы дипломның деректемелері, сертификат, куәліктер көрсетілсін)


Қол жеткізген жетістіктері


________________________________________________________________

________________________________________________________________

(осы мәселе бойынша ақпарат көрсетілсін, мысалы, ғылыми жарияланымдарының аты, ғылыми әзірлемелерге, заң жобаларына қатысуы және тағы басқа)


Осы мәселеге қатысты басқа ақпарат


________________________________________________________________

________________________________________________________________

(кандидаттың кәсіби құзыреттілігін сипаттайтын ақпарат көрсетіледі)



      Еңбек қызметі туралы мәліметтер:


Жұмыс кезеңі (ай, жыл)


Ұйымның атауы, атқарған лауазымдары және лауазымдық міндеттері















      3. Басқа мәліметтер:

Өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болуы


Иә/жоқ

(егер иә болса, онда қылмыстық жауапкершілікке тарту жөніндегі үкімнің күні мен нөмірі, 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің не 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бабы көрсетілсін)


Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін қадағалау органдарының қызметтік міндеттерін атқарудан шеттетуі туралы деректердің болуы


Иә/жоқ (егер иә болса, онда осы шараны қолданған органның атауы және күні көрсетілсін)


Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган осы микроқаржы ұйымын тізілімнен шығару туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын микроқаржы ұйымының бірінші басшысы немесе құрылтайшысы болғандығы


Ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі


Микроқаржы ұйымының басшысы болып жауапкер ретінде қаржылық қызметтерді көрсету мәселелері бойынша сотта істі қарауға тартылды ма


(сотта істі қарау күні, жауапкер-ұйымның атауы, қаралатын мәселе және сот шешімі көрсетілсін)


Осы мәселеге қатысты басқа да ақпарат


(еркін түрде көрсетіледі)



      Мен, _________________________________________________________,

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      осы ақпаратты тексергенімді және ол дәйекті әрі толық болып

      табылатынын растаймын, ____________________

      (қолы, күні)

  Есептік тіркеуден өту және
микроқаржы ұйымдарының тізілімін
жүргізу қағидаларына 5-қосымша

      Нысан

Микроқаржы ұйымдарының тізілімі
20__ жылғы "___" _________ жағдай бойынша

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 257 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.


Берілген тіркеу нөмірі


Микроқаржы ұйымының атауы


Басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)


Мекенжайы


Телефон нөмірі, факс, электрондық почтаның мекенжайы, интернет-ресурс (болған кезде)


Тізілімге енгізілген күні




























  Есептік тіркеуден өту және
микроқаржы ұйымдарының тізілімін
жүргізу қағидаларына 6-қосымша

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Филиалдарының микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеу кезінде пайдаланылатын кодтары

      Ескерту. Қағида 6-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 257 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.


Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалы


Қазақстан Республикасының


Ұлттық Банкі филиалының


коды


1


2


3


1


Орталық филиал (Астана қаласы)


53


2


Алматы қалалық филиалы


05


3


Алматы облыстық филиалы


41


4


Ақмола филиалы


24


5


Ақтөбе филиалы


03


6


Атырау филиалы


12


7


Шығыс Қазақстан филиалы


09


8


Жамбыл филиалы


14


9


Батыс Қазақстан филиалы


49


10


Қарағанды филиалы


18


11


Қостанай филиалы


27


12


Қызылорда филиалы


21


13


Маңғыстау филиалы


29


14


Павлодар филиалы


32


15


Солтүстік Қазақстан филиалы


36


16


Оңтүстік Қазақстан филиалы


58


  Есептік тіркеуден өту және
микроқаржы ұйымдарының тізілімін
жүргізу қағидаларына 7-қосымша

      Нысан

Микроқаржы ұйымын микроқаржы ұйымдарының тізілімнен шығару туралы мәліметтер
20__ жылғы "___" _________ жағдай бойынша

      Ескерту. Қағида 7-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 257 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.


Берілген тіркеу нөмірі


Микроқаржы ұйымының атауы


Мекенжайы


Тізілімнен шығарылған күні


Негіздеме