Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 212 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлерін келісу тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидалары және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесі бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 212 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк
Төрағасы Г. Марченко
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 ақпандағы
№ 95 қаулысымен бекітілген
Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің басшы
қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидалары
және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесі
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 212 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
«Осы Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидалары және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесі (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы (бұдан әрі – Банктер туралы заң), «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы (бұдан әрі – Акционерлік қоғамдар туралы заң), «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі (Бағалы қағаздар нарығы туралы заң), «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы (бұдан әрі – Бухгалтерлік есеп туралы заң), «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру турал» 2013 жылғы 21 маусымдағы (бұдан әрі – Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленген.
Қағидалар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетінің (бұдан әрі - уәкілетті орган) банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының, бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алуға үміткер немесе лицензиялары бар заңды тұлғалардың, орталық депозитарий мен бірыңғай тіркеушінің (бұдан әрі - қаржы ұйымы), банк, сақтандыру холдингтерінің (бұдан әрі - холдинг) басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру тәртібін және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесін белгілейді.
Қаржы ұйымдарының, холдингтердің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру тәртібіне:
құжаттарды қарау;
тестілеуден өту үшін шақырумен немесе шақырусыз келісу;
келісім беру немесе одан бас тарту кіреді.
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 212 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Жалпы ережелер
1. Уәкілетті орган Банктер туралы заңның 20-бабында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабында, Акционерлік қоғамдар туралы заңның 1-бабының 20) тармақшасында, 54-бабының 4-тармақшасында, 59-бабының 2-тармағында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 54-бабында, Бухгалтерлік есеп туралы заңның 9-бабында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 55-бабында және Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келетін қаржы ұйымының, холдингтің басшы қызметкерінің лауазымына кандидатты (бұдан әрі - кандидат) тағайындауға (сайлауға) келісім (бұдан әрі - келісу) береді.
Уәкілетті органмен келісілуге жататын қаржы ұйымдарының, холдингтердің басшы қызметкерлерінің тізбесі Банктер туралы заңның 20-бабының 1 және 12-тармақтарында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабының 1 және 12-тармақтарында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 64-1-бабының 3-тармағында және 79-бабының 1-1-тармағында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 55-бабының 1-тармағында айқындалады.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 212 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Осы кандидат бұрын уәкілетті органмен тиісінше осы қаржы ұйымының, холдингтің тиісті лауазымына келісілген жағдайда және осы кандидат Банктер туралы заңның 20-бабында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабында, Акционерлік қоғамдар туралы заңның 1-бабының 20) тармақшасында, 54-бабының 4-тармағында, 59-бабының 2-тармағында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 54-бабында, Бухгалтерлік есеп туралы заңның 9-бабында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 55-бабында және Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда қаржы ұйымы, холдинг уәкілетті органының шешімімен жаңа мерзімге тағайындалған (сайланған) қаржы ұйымының, холдингтің басшы қызметкерін келісу тиіс емес.
Осындай жағдайда қаржы ұйымы, холдинг осы кандидаттың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келуі көрсетілген ілеспе хатпен, басшы қызметкерді тиісті лауазымға жаңа мерзімге тағайындау (сайлау) жөніндегі қаржы ұйымы, холдинг уәкілетті органы шешімінің үзінді-көшірмесінің көшірмесін қоса береді.
Қаржы ұйымының директорлар кеңесі құрамына кіретін уәкілетті органның (және/немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің) өкілі уәкілетті органмен келісілуге тиіс емес.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 212 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. Банктер туралы заңның 20-бабына, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабына, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 54-бабына, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 55-бабына сәйкес қаржы ұйымының, холдингтің басшы қызметкері лауазымына тағайындау (сайлау) үшін қажетті стажына кандидаттың қаржылық қызмет көрсетуді және (немесе) қаржы ұйымдарының аудитін жүргізу жөніндегі қызметтер ұсыну және (немесе) реттеу және (немесе) бақылау мен қадағалау саласында және (немесе) «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамында істеген жұмысы және (немесе) кандидаттың мынадай халықаралық қаржы ұйымдарында істеген жұмысы кіреді:
Азия даму банкі;
Еуразия Даму банкі;
Еуропа қайта құру және даму банкі;
Ислам даму банкі;
Халықаралық даму қауымдастығы;
Халықаралық қаржы корпорациясы;
Халықаралық қайта құру және даму банкі;
Халықаралық валюта қоры;
Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталық;
Көп салалы инвестицияларға кепілдік беру агенттігі.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 212 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Құжаттарды қарау
4. Қаржы ұйымы, холдинг кандидатты келісуге уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) кандидаттың қаржы ұйымының, холдингтің басшы қызметкерлеріне қойылған талаптарға сәйкес келуі жөнінде, сондай-ақ кандидат туралы мәліметтерді қаржы ұйымы, холдинг құжаттамалық жағынан тексергені жөнінде көрсете отырып, еркін нысанда жасалған өтінішті және оған мыналар қол қояды:
қаржы ұйымының, холдингтің (өтініш берушінің) директорлар кеңесінің бірінші басшысы, ол болмаған жағдайда директорлар кеңесінің шешімі бойынша директорлар кеңесі мүшелерінің біреуі (директорлар кеңесінің осы шешімінің көшірмесін бере отырып), осы құжатқа қол қоюға уәкілетті (қаржы ұйымы, холдинг, ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған жауапкершілігі шектеулі серіктестігі үшін) сақтандыру брокері акционерлерінің біреуі, қаржы ұйымы, холдинг қатысушыларының біреуі - басқарманың бірінші басшысын тағайындаған (сайлаған) кезде;
қаржы ұйымы, холдинг (өтініш беруші) басқармасының (атқарушы органының) бірінші басшысы (атқарушы органның функцияларын жеке жүзеге асыратын тұлға) не оның міндетін атқарушы тұлға (міндеттерді атқару жүктелгені туралы шешімнің көшірмесін бере отырып);
2) Банктер туралы заңның 20-бабында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 54-бабында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 55-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келетін қаржы ұйымының, холдингтің басқармасы мүшесінің лауазымына немесе қаржы ұйымының, холдингтің өзге басшысы лауазымына кандидаттың лауазымдық нұсқаулықтың көшірмесінде мыналар қамтылады:
- осы кандидаттың өкілеттігі (тегін, атын, бар болса - әкесінің атын, лауазымын және лауазымдық нұсқаулығымен танысқан күнді және оған қойған қолын көрсетіп);
- осы кандидат жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелердің атауы және мәселелер тізбесі туралы мәліметтер;
- өз функцияларын жүзеге асыру кезіндегі жауапкершілігі;
3) осындай қаржы ұйымы, холдинг атқарушы органының мүшесі лауазымына кандидат өзге ұйымдарда жұмыс істеген жағдайда, қаржы ұйымы, холдинг – акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің кандидатқа өзге ұйымда жұмыс істеуге келісім беру туралы шешімінің үзінді-көшірмесі;
4) қаржы ұйымы, холдинг уәкілетті органының кандидатты тағайындау (сайлау) туралы шешімінің үзінді-көшірмесі (екі және одан да көп кандидат келісілген кезде – әр кандидатқа шешімнің үзінді-көшірмесінің бір данасын) кандидатты қаржы ұйымының, холдингтің басшы лауазымына тағайындау (сайлау) күнін көрсете отырып.
Тағайындау күні болмаған жағдайда кандидатты тағайындау (сайлау) күні қаржы ұйымының, холдингтің уәкілетті органы шешім қабылдаған күн не аталған шешімдегі жағдайдың басталған күні болып саналады. Осындай жағдайда қаржы ұйымы, холдинг аталған шешімдегі жағдайдың басталғанын растайтын құжаттар көшірмесін ұсынады.
Бұл ретте қаржы ұйымы, холдинг ұсынған үзінді-көшірме мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:
қоғамның атқарушы органының толық атауы және орналасқан жері;
акционерлердің жалпы жиналысын (директорлар кеңесінің отырысын) өткізу күні, уақыты мен орны;
отырысқа қатысқан тұлғалар туралы мәліметтер (директорлар кеңесінің отырысы үшін);
акционерлер жалпы жиналысының (директорлар кеңесі отырысының) кворумы;
акционерлер жалпы жиналысының (директорлар кеңесі отырысының) басшы лауазымына үміткерлерді тағайындау туралы мәселе бөлігіндегі отырысының күн тәртібі;
дауыс беруге қойылған мәселелер, басшы лауазымына үміткерлерді тағайындау бөлігінде олар бойынша дауыс беру қорытындылары;
басшы лауазымына үміткерлерді тағайындау бөлігінде қабылданған шешімдер.
Шешімнің үзінді-көшірмесі осындай құжатқа қол қоюға уәкілетті қызметкердің (қызметкерлердің) қойылған қолымен және қаржы ұйымы, холдинг мөрінің бедерімен расталуы және үзінді-көшірменің дұрыс екеніне нұсқау болуы тиіс;
5) Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес электрондық және қағаз тасымалдағыштарда (1-қосымшадағы түрлі түсті фотосурет көлемі 3х4, жарық фонда орындалады) кандидат туралы мәліметтер;
6) Қағидалардың 5-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда ғылыми дәрежені алғанын растайтын құжаттың көшірмесі;
7) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
8) Қазақстан Республикасының құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есептер жүргізу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органы берген алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығын растайтын құжат (не бір кандидатты екі және одан да көп басшы лауазымына келісуге арналған құжаттар топтамасын берген кезде Қазақстан Республикасының құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есептер жүргізу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органы құжатының көшірмесі). Көрсетілген құжатты беру күні өтінішхат берілген күннің алдындағы үш айдан аспайды;
Көрсетілген құжат сондай-ақ «Электрондық үкімет» www.e.gov.kz веб-порталынан басып шығарылған нысанда ұсынылуы мүмкін;
9) кандидат ұсынылатын лауазымды, ұсынып отырған тұлғаның қол қойған күнін және лауазымын, сондай-ақ кандидаттың кәсіби және (немесе) өзге мінездемелерін көрсете отырып, еркін нысанда жазылған, Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген кем дегенде екі тұлғадан кандидатқа берілген ұсыным хат. Ұсыным хатты беру күні өтінішхат берілген күннің алдындағы үш айдан аспайды;
10) Қағидалардың 5-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайда – Қазақстан Республикасының резиденті емес - қаржы ұйымында қажетті рейтингінің болуын растайтын мәліметтер;
11) бас бухгалтер лауазымына кандидат үшін – бухгалтерлерді кәсіптік сертификаттау жөніндегі ұйым (бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органы аккредиттеген) берген кәсіби бухгалтер сертификатының көшірмесі және бухгалтерлердің кәсіптік ұйымындағы (бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органы аккредиттеген) мүшелігін растайтын құжат.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 212 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
5. Ұсыным беруші тұлғалар мыналар болады:
1) «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі;
2) тағайындалуына (сайлануына) уәкілетті органның қол қою күнінде қайтарып алынбаған келісімін алған, ұсыным хатқа қол қою күні директорлар кеңесінің бірінші басшысы, директорлар кеңесінің мүшесі, басқарманың (атқарушы органның) бірінші басшысы (атқарушы органның функцияларын жекелей жүзеге асыратын тұлға), қаржы ұйымдары, холдингтер басқармасының мүшесі лауазымындағы тұлғалар;
3) ұсыным хатқа қол қою күнінде уәкілетті органның (және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің) бірінші басшысы және оның орынбасарлары лауазымында болған тұлғаларды қоспағанда, мемлекеттік органдар мен ведомстволардың бірінші басшылары және олардың орынбасарлары;
4) экономика және (немесе) заң ғылымының докторы ғылыми дәрежесі бар тұлғалар;
5) өкілдіктердің басшылары, тізбесі Қағидалардың 3-тармағында айқындалған халықаралық қаржы ұйымдарының басшылары.
Қазақстан Республикасының резиденттері емес кандидаттарды келісу кезінде директорлар кеңесінің бірінші басшысы мен мүшелері, тізбесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 қаулысымен (2013 жылғы 4 ақпанда Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8318 тіркелген) белгіленген рейтингтік агенттіктерінің бірі берген BB+ төмен емес рейтингі бар Қазақстан Республикасының резиденттері емес қаржы ұйымдарының бірінші басшысы және басқарма мүшелері де ұсыным беруші тұлғалар болып табылады.
Ұсыным беруші тұлғалар болып табылмайтындар:
кандидатты келісу туралы өтініш берген қаржы ұйымының (өтініш берушінің), холдингтің (және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің) басшы қызметкері;
кандидатты келісу туралы өтініш берген қаржы ұйымының (өтініш берушінің), холдингтің акционері, құрылтайшысы;
кандидатты келісу туралы өтініш берген қаржы ұйымы (өтініш беруші), холдинг құрылтайшысының (акционерінің) басшы қызметкері;
кандидатты келісу туралы өтініш берген қаржы ұйымының (өтініш берушінің), холдингтің еншілес ұйымының басшы қызметкері;
кандидаттың ері (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі, апа-сіңлісі, балалары) және кандидаттың жекжаттары (ерінің (зайыбының) ата-анасы, аға-інісі, апа-сіңлісі, балалары);
кандидатты келісу туралы қаржы ұйымы, холдинг өтініш бергенге дейінгі бір жыл ішінде уәкілетті органның және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тарапынан шектеулі ықпал ету шаралары және (немесе) санкциялар қолданылған жеке тұлға.
Уәкілетті орган қаржы ұйымының, холдингтің басшы қызметкері лауазымына тағайындалуына (сайлануына) келісімін уәкілетті орган қайтарып алған кандидатқа ұсыным беруші тұлғаның ұсыным хат беру фактісін анықтаған жағдайда, уәкілетті орган бұдан кейін көрсетілген ұсыным беруші тұлғаның ұсыным хаттарын қабылдамайды.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 212 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
6. Қағидалардың 4-тармағында аталған, бірнеше парақтардан тұратын құжаттар нөмірленген, тігілген және соңғы парақтың екінші бетінде тігілген шетіне желімделген парақтардың саны көрсетіліп, ішінара жапсырманың жоғарғы жағына қаржы ұйымының, холдингтің мөрімен расталған күйінде ұсынылады.
Құжаттардың көшірмелері осындай құжаттарға қол қою құқығы бар қаржы ұйымының, холдингтің лауазымды тұлғаларының қолымен және қаржы ұйымының, холдингтің мөр бедерімен расталады.
7. Қаржы ұйымы, холдинг кандидатты келісу үшін уәкілетті органға оның тағайындалған (сайланған) күнінен бастап күнтізбелік алпыс күннен кеш емес мерзімде құжаттардың толық топтамасын ұсынады (жауапты тұлғаны, байланыс телефондарын және электрондық почта мекенжайын көрсете отырып).
Уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына кандидатты келісу үшін ұсынылған құжаттарды Қағидалардың талаптарына сәйкес құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.
Қаржы ұйымы, холдинг Қағидаларда көзделген құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, уәкілетті орган оларды қаржы ұйымына, холдингке қараусыз қайтарады. Қаржы ұйымы, холдинг жетпеген құжаттар бар құжаттар топтамасын кандидатты басшы лауазымына тағайындау (сайлау) күнінен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешікпейтін мерзімде ұсынады. Қаржы ұйымы, холдинг кандидатты келісу үшін құжаттарды қайталап берген кезде оларды қарау мерзімі оларды қайталап беру күнінен басталады.
Уәкілетті орган ұсынылған құжаттар Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда ескертулер мен оларды жою мерзімін көрсете отырып, қаржы ұйымына, холдингке почта және (немесе) факсимильді байланыс және (немесе) электрондық почта арқылы жазбаша жауап береді.
Қаржы ұйымы, холдинг ескертулерді жояды және уәкілетті орган жіберілген жазбаша хабарламада белгілеген мерзімде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін пысықталған (түзетілген) құжаттарды ұсынады.
Құжаттар қаржы нарығында қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алуға өтініш білдірген ұйымдардың басшы қызметкерлерінің келісімі бойынша «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген лицензия беру мерзіміне сәйкес қаралады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 212 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
8. Азаматтығы бар еліндегі (шетел азаматтары үшін) немесе тұрақты тұратын еліндегі (азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) қылмыстары үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екендігі туралы мәліметтердің дәйектілігін растау мақсатында шетел азаматтары (азаматтығы жоқ тұлғалар) қаржы ұйымдарының, холдингтің басшы қызметкері лауазымына тағайындалған (сайланған) күннен бастап алты айдан кеш емес мерзімде уәкілетті органға олардың азаматтығы бар елінің (азаматтығы жоқ тұлғалар үшін – тұрақты тұратын елінің) не кандидат соңғы он бес жыл ішінде тұрақты тұрған елінің мемлекеттік органы берген тиісті құжатты ұсынады.
Көрсетілген құжат осы тармақта белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайда, келісім берілген мәліметтер дәйексіз болып есептеледі және берілген келісімді уәкілетті орган Банктер туралы заңның 20-бабында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 54-бабында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 55-бабында көзделген негіздер бойынша қайтарып алуға тиіс.
Басшы қызметкер лауазымына кандидаттың Қазақстан Республикасының резиденттері емес қаржы ұйымдарында жұмыс өтілі болған жағдайда, уәкілетті орган кандидаттың мінсіз іскерлік беделінің болуын растау мақсатында шет мемлекеттің уәкілетті қадағалау органынан қаржы ұйымының, холдингтің басшы қызметкері лауазымына тағайындау күніне дейінгі 10 (он) жылдан көп емес кезеңдегі кандидаттың іскерлік беделін сипаттайтын мәліметтердің болуы не болмауы туралы сұрау салады.
Шет мемлекеттің уәкілетті қадағалау органы басшы қызметкер лауазымына кандидаттың мінсіз іскерлік беделінің болмауы туралы ақпарат берген жағдайда, келісім берілген мәліметтер дәйексіз болып есептеледі және берілген келісімді уәкілетті орган Банктер туралы заңның 20-бабында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 54-бабында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 55-бабында көзделген негіздер бойынша қайтарып алуға тиіс.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 212 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. Тестілеуден өту үшін шақырумен немесе шақырусыз келісу
9. Кандидатты келісу үшін уәкілетті органда дербес құрамы уәкілетті органның бірінші басшысының бұйрығымен бекітілген қаржы ұйымдарының, холдингтің басшы қызметкерлерінің лауазымына кандидаттардың сәйкестігін айқындау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады.
10. Уәкілетті орган Комиссияның шешімі бойынша кандидаттарды тестілеуден өту үшін шақырып не Қағидалардың 12-тармағында көзделген жағдайларда шақырмай-ақ, келісуді жүргізеді.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 212 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
11. Уәкілетті органның жауапты бөлімшесі Қағидалардың 7-тармағының екінші бөлігінде белгіленгеннен аспайтын мерзімде тестілеудің өтетін күні туралы қаржы ұйымына, холдингке жазбаша хабарлайды.
Тестілеуден өту үшін дәлелді себептермен уәкілетті орган белгіленген мерзімде кандидат келмей қалған жағдайда, қаржы ұйымы, холдинг бұл туралы уәкілетті органға келмеген себептерін және кандидаттың тестілеуден өтуі мүмкін болатын күнін көрсете отырып жазбаша нысанда хабарлайды. Қайта тестілеуді өткізу күні уәкілетті органның бастапқыда белгілеген мерзімінен күнтізбелік бес күннен аспауы тиіс.
12. Комиссияның шешімі бойынша қаржы ұйымының, холдингтің мынадай қызметкерлері ұсынған құжаттардың негізінде:
1) қаржы нарығының осы секторында тиісті лауазымға уәкілетті органмен бұрын келісілген кандидат;
2) бұрын басқарма мүшесі, бірінші басшы немесе бірінші басшының орынбасары, қаржы қызметін реттеу, бақылау және (немесе) қадағалауды жүзеге асырып отырған (жүзеге асырған) мемлекеттік органның дербес құрылымдық бөлімшесінің (департаментінің, басқармасының) басшысы (басшының орынбасары), сондай-ақ қаржы ұйымдарының аудиті жөніндегі қызметтерді реттеуді жүзеге асырып отырған (жүзеге асырған) мемлекеттік органның бірінші басшысы (бірінші басшының орынбасары) болған кандидат;
3) бұрын басқарма мүшесі, бірінші басшы немесе бірінші басшысының орынбасары, мемлекеттік органның жауапты хатшысы болған кандидат;
4) атқарушы органның бірінші басшысы лауазымына кандидаттың (атқарушы органның қызметін жеке өзі жүзеге асыратын тұлға):
қаржы ұйымының аудитін тікелей жүзеге асырған аудитор;
қаржы нарығының осы секторында және (немесе) Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдарының бірінің:
директорлар кеңесінің бірінші басшысы, мүшесі;
қаржылық қызметтерді көрсетуге байланысты мәселелерге жетекшілік еткен басқарманың бірінші басшысы, мүшесі;
бас бухгалтер;
5) екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болса- басқару органының бірінші басшысы лауазымына кандидат;
қаржы ұйымының аудитін тікелей жүзеге асырған аудитор;
қаржы нарығының осы секторында және (немесе) Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдарының бірінің:
директорлар кеңесінің бірінші басшысы, мүшесі;
бірінші басшы, басқарма мүшесі (қаржылық қызметтерді көрсетуге байланысты мәселелерге жетекшілік еткен);
бас бухгалтер;
6) үш жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болса – бас қаржы ұйымының атқарушы органының мүшесі болып табылатын бірінші басшы және директорлар кеңесінің мүшесі лауазымына кандидат:
қаржы ұйымының аудитін тікелей жүзеге асырған аудитор;
қаржы нарығының осы секторында және (немесе) Қағидалардың 3-тармағына сәйкес халықаралық қаржы ұйымдарының бірінің:
директорлар кеңесінің бірінші басшысы, мүшесі;
басқарманың бірінші басшысы, мүшесі (қаржылық қызметтерді көрсетуге байланысты мәселелерге жетекшілік еткен);
бас бухгалтер;
7) сақтандыру брокерінің бірінші басшысының орынбасары, қаржы ұйымының, холдингтің қауіпсіздік мәселелеріне, әкімшілік-шаруашылық мәселелеріне ғана жетекшілік ететін қаржы ұйымының, ұйымның басқарма мүшесі лауазымына кандидат;
8) екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болса, сақтандыру брокерінің бірінші басшысының орынбасары, қаржы ұйымының, холдингтің басқарма мүшесі лауазымына кандидаттың:
қаржы ұйымының аудитін тікелей жүзеге асырған аудитор;
қаржы нарығының осы секторында және (немесе) Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдарының бірінің:
директорлар кеңесінің бірінші басшысы, мүшесі;
қаржылық қызметтерді көрсетуге байланысты мәселелерге жетекшілік еткен бірінші басшы, басқарма мүшесі;
бас бухгалтер немесе бас бухгалтердің орынбасары;
қызметі қаржылық қызметтерді көрсетуге байланысты дербес құрылымдық бөлімшенің (департаменттің, басқарманың, филиалдың) басшысы (басшының орынбасары), қаржылық қызметтерді көрсетуге байланысты мәселелерге жетекшілік еткен қаржы және (немесе) басқарушы директор ретінде;
9) бас бухгалтердің лауазымына кандидат;
10) қаржы нарығының осы секторында басшы қызметкер лауазымына келісу кезінде уәкілетті органда тестілеудің оң нәтижесін алған кандидат.
Тестілеудің оң нәтижелерін осы тармақшаның мақсаттары үшін есептеу мерзімі кандидаттың уәкілетті органда тестілеуден өту күнінен бастап алты айдан аспауы тиіс;
11) кемінде бір жыл еңбек өтілі бар болса, өзге басшы қызметкер лауазымына кандидат:
қаржы ұйымының аудитін тікелей жүзеге асырған аудитор;
қаржы нарығының осы секторында және (немесе) осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдарының бірінің:
бірінші басшысы, директорлар кеңесінің мүшесі;
қаржылық қызметтерді көрсетуге байланысты мәселелерге жетекшілік еткен Басқарманың бірінші басшысы, мүшесі;
бас бухгалтер немесе бас бухгалтердің орынбасары;
қызметі қаржылық қызметтерді көрсетуге байланысты дербес құрылымдық бөлімшенің (департаменттің, басқарманың, филиалдың) басшысы (басшының орынбасары), қаржылық қызметтерді көрсетуге байланысты мәселелерге жетекшілік еткен қаржы және (немесе) басқарушы директор ретінде;
12) директорлар кеңесінің мүшесі лауазымына кандидат шақырмай келісіледі.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 212 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
13. Тестілеуден өткізу үшін шақырылған кандидаттарды келісу 30 сұрақ бойынша 45 минуттың ішінде компьютерлік тестілеу әдісімен өткізіледі.
14. Тестілейтін тұлғамен бірге бір үй-жайда кандидаттарды тестілеу уақытында тек уәкілетті органның жауапты бөлімшесінің қызметкерлері және қажет болған жағдайда, аудармашының болуына рұқсат беріледі.
Кандидатты тестілеуден өткізу кезінде қандай да бір жазбаша, электрондық немесе басқа ақпараттық материалдарды пайдалануға жол берілмейді. Осы тармақта баяндалған талаптарды бұзу тестілеудің теріс нәтижесіне тең келеді.
15. Тестілеудің оң нәтижесін алған кезде (кемінде 70% дұрыс жауап) кандидат тағайындалған (сайланған) лауазымына келісілген болып есептеледі.
Кандидат тестілеу өткеннен кейін тез арада қол қойылған тест нәтижелерімен танысуы тиіс.
16. Тестілеу нәтижелерімен келіспеген жағдайда, кандидат келісуден бас тартуды алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға шағымымен жазбаша түрде өтініш береді.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 212 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
17. Апелляциялық комиссияның құрамы уәкілетті органның бірінші басшысының бұйрығымен бекітіледі. Комиссияның Төрағасы, оның орынбасары және мүшелері Апелляциялық комиссияның мүшелері болып табылмайды.
18. Шағымды Апелляциялық комиссия оны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қарайды.
19. Апелляциялық комиссия мәжілісін өткізуіне арналған кворумы Төрағаны (Апелляциялық комиссия Төрағасының орынбасары) қоса, Апелляциялық комиссия мүшелері санының кемінде үштен екісін құрайды.
Апелляциялық комиссияның әрбір мүшесінде бір дауыс бар. Апелляциялық комиссияның шешімі Апелляция комиссиясының мәжілісіне қатысушылардың санынан оның мүшелерінің жай көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болғанда Апелляциялық комиссия Төрағасының не ол болмай қалғанда Апелляциялық комиссияның Төрағасы орынбасарының дауысы шешуші болып табылады.
20. Апелляциялық комиссияның шешімі екі данада жасалған және осы мәжіліске қатысушы Апелляциялық комиссияның барлық мүшелері қол қойған хаттамамен ресімделеді. Апелляциялық комиссия мәжілісі хаттамасының екінші данасы Комиссияға беріледі.
21. Апелляциялық комиссия отырысының хаттамасын жүргізуді Апелляциялық комиссия мүшелерінің санынан уәкілетті органның бірінші басшысының бұйрығымен тағайындалған оның хатшысы жүзеге асырады.
22. Шағымды, кандидаттың тест сұрақтарына жауаптарын қарау, кандидаттың дәлелдерін тыңдау нәтижелері бойынша Апелляциялық комиссия мынадай шешімдердің біреуін қабылдайды:
Комиссияның шешімін өзгеріссіз, ал шағымды қанағаттандырусыз қалдыру;
шағымды қанағаттандырып және кандидатты келісу;
кандидатты қайта тестілеуге жіберу.
Қайта тестілеудің нәтижелері бойынша:
оң нәтижеде – кандидат келісілген болып саналады, ол туралы қаржы ұйымына жазбаша хабарланады;
теріс нәтижеде – Комиссияның шешімі өзгеріссіз қалады.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 212 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
4. Келісім беру немесе бас тарту
23. Комиссияның қарауына қаржы ұйымы, холдинг берген құжаттар, тестілеу үшін шақырылған кандидат келісілген жағдайда - тестілеудің нәтижелері жіберіледі. Комиссия мүшелері құжаттарды қарайды және қаралып отырған мәселе жөнінде Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысаны бойынша Комиссия хатшысы ресімдеген хаттамада өз пікірін білдіреді.
24. Комиссияның шешімі жай көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болғанда Комиссия төрағасының немесе оның орнындағы тұлғаның дауысы шешуші болып табылады. Сонымен бірге, Комиссия шешімі сауалнамалық жолмен қабылданады.
25. Қаржы ұйымына, холдингке кандидаттарды келісудің нәтижелері туралы жазбаша хабарламаны уәкілетті орган жіберуі арқылы Комиссия Төрағасының (немесе оның орынбасарының) хаттамаға қол қойған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде хабарланады.
26. Қаржы ұйымының, холдингтің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім Банктер туралы заңның 20-бабының 9-тармағында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабының 9-тармағында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 54-бабының 9-тармағында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 55-бабының 8-тармағында көзделген негіздемелер бойынша уәкілетті органның бірінші басшысының немесе оның орнындағы тұлғаның бұйрығымен қайтарылады.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 212 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
27. Уәкілетті орган мынадай негіздемелер бойынша қаржы ұйымының, холдингтің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартады:
1) басшы қызметкерлерінің Банктер туралы заңның 20-бабында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабында, Акционерлік қоғамдар туралы заңның 1-бабының 20) тармақшасында, 54-бабының 4-тармағында, 59-бабының 2-тармағында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 54-бабында, Бухгалтерлік есеп туралы заңның 9-бабында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 55-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
2) тестілеудің теріс нәтижесі не орынды себепсіз тестілеуге келмей қалу;
3) қаржы ұйымының, холдингтің уәкілетті органның ескертулерін жоймауы немесе қаржы ұйымының, холдингтің уәкілетті органның ескертулерін ескеріп, пысықталған құжаттарды Банктер туралы заңның 20-бабы 5-тармағында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабы 5-тармағында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 54-бабы 5-тармағында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 55-бабы 4-тармағында белгіленген уәкілетті органның құжаттарды қарау мерзімі аяқталғаннан кейін беруі;
4) Банктер туралы заңның 20-бабының 5-тармағында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабының 5-тармағында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 54-бабының 5-тармағында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 55-бабының 4-тармағында белгіленген мерзімдер аяқталғаннан кейін құжаттарды ұсыну, осы мерзім ішінде басшы қызметкер өз лауазымды қызметін уәкілетті органның келісімінсіз иеленеді;
5) уәкілетті органның (және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің) кандидатқа қолданылған санкцияларының және (немесе) шектеулі ықпал ету шараларының бар болуы.
Осы талап қаржы ұйымы, холдинг кандидатты келісу туралы өтінішті берген күнге дейін бір жыл ішінде қолданылады;
6) уәкілетті органда кандидат басшы қызметкер не басшы қызметкердің міндетін атқарушы лауазымын атқаратын (атқарған) қаржы ұйымының, холдингтің Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуына әкеп соққан оның өкілеттігіне кірген мәселелер бойынша кандидаттың шешімдер қабылдауы және ол үшін осы қаржы ұйымына, холдингке қатысты уәкілетті орган және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шектеулі ықпал ету шарасы және (немесе) санкция қолдану фактілері туралы мәліметтердің болуы.
Осы талап уәкілетті орган бұзуды анықтаған күннен бастап бір жыл ішінде қолданылады;
7) уәкілетті органда кандидаттың бағалы қағаздар нарығында айла-әрекет жасау мақсатында жасалған және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) шығын келтіруге әкеп соқтырған деп танылған мәміленің тарапы болып табылғаны туралы мәліметтердің болуы.
Осы талап уәкілетті органда бағалы қағаздар нарығында айла-әрекет жасалғанын және (немесе) кандидаттың адал емес әрекеттерінен осы мәмілені жасау нәтижесінде үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) зиян келтірілгенін растайтын фактілер болған жағдайда қолданылады;
8) уәкілетті органда кандидаттың уәкілетті орган оған қатысты бағалы қағаздар нарығында айла-әрекет жасау мақсатында жасалған деп танылған мәмілелерді жасағаны үшін санкциялар және (немесе) шектеулі ықпал ету шаралары қолданылған қаржы ұйымының қызметкері және (немесе) іс-әрекеті мәмілеге қатысушы қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) шығын келтірген қаржы ұйымының қызметкері болып табылғаны туралы мәліметтің болуы.
Осы талап уәкілетті органда бағалы қағаздар нарығында айла-әрекет жасалғанын және (немесе) кандидаттың адал емес әрекеттерінен не әрекетсіздігінен осы мәмілені жасау нәтижесінде қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) зиян келтірілгенін растайтын фактілер болған жағдайда қолданылады.
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 212 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
5. Қорытынды ережелер
28. Уәкілетті орган қаржы ұйымдарының, онымен кандидатуралары келісілген ұйымдардың басшы қызметкерлерінің тізілімін жүргізеді.
29. Басшы қызметкерлері уәкілетті органмен келісілген қаржы ұйымдары, холдингтер уәкілетті органды күнтізбелік он күн ішінде басшы қызметкерлердің басқа лауазымға ауысуын және жұмыстан босатылуын қоса, олардың құрамындағы болған барлық өзгерістер туралы, басшы қызметкерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы, растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, хабардар етеді.
Басшы қызметкерді қылмыстық жауапкершілікке тартқан жағдайда, қаржы ұйымдары, холдингтер уәкілетті органды осы ақпарат қаржы ұйымына, холдингке мәлім болған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, хабардар етеді.
Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 212 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қаржы ұйымдарының, банк,
сақтандыру холдингтерінің
басшы қызметкерлерін
тағайындауға (сайлауға) келісім беру
қағидаларына және
келісім алу үшін қажетті
құжаттар тізбесіне
1-қосымша
фотосуреттің орны
Қаржы ұйымының, холдингтің басшы қызметкері лауазымына кандидат
туралы мәліметтер
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 212 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(кандидаттың тегі, аты, бар болса - әкесiнiң аты және
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
қаржы ұйымындағы, холдингтегі келісілетін лауазымы көрсетiледi)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(қаржы ұйымының, холдингтің атауы)
1. Жалпы мәлiметтер:
Туған күнi және туған жері |
|
Азаматтығы |
|
Жеке басын куәландыратын құжаттардың деректері |
2. Білімі:
№ |
Оқу орнының атауы |
Түскен күнi - бiтiрген күнi |
Мамандығы |
Бiлiмi туралы дипломның деректемелерi (бар болса күні және нөмірі) |
3. Ерi (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-iнiсi, апа-сiңлiсi, балалары) және жекжаттары (ерiнiң (зайыбының) ата-анасы, аға-iнiсi, апа-сiңлiсi, балалары) туралы мәлiметтер
№ |
Тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса) |
Туған жылы |
Туыстық қатынастары |
Жұмыс орны және лауазымы |
4. Кандидаттың заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы және акцияларды иеленуi туралы мәлiметтер:
№ |
Заңды тұлғаның атауы және орналасқан жерi |
Заңды тұлғаның қызметiнiң жарғылық түрi |
Жарғылық капиталда қатысу үлесi немесе кандидатқа тиесiлi акциялар санының заңды тұлғаның дауыс беретiн акцияларының жалпы санына арақатынасы (пайызбен) |
5. Еңбек қызметi туралы мәлiметтер.
Осы тармақта кандидаттың барлық еңбек қызметiндегi атқарған (атқарып отырған) лауазымдары, оның iшiнде уәкiлеттi органға келісу туралы өтiнiштi берген қаржы ұйымында, холдингтегі лауазымын көрсете отырып, жоғарғы оқу орнын аяқтаған сәттен бастап, сондай-ақ кандидат еңбек қызметін жүзеге асырмаған кезеңі туралы көрсетіледі.
№ |
Жұмыс кезеңi (күнi, айы, жылы) |
Жұмыс орны |
Лауазымы (егер талап етілсе, келісу күнін көрсете отырып) |
Қолданылған тәртiптiк шараның болуы |
Жұмыстан шығу, қызметтен босату себептерi |
6. Кандидаттың қаржы ұйымының аудитін жүргізуі туралы мәліметтер:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(қаржы ұйымының атауын, аудит жүргізу мерзімін, кандидат
аудитор-орындаушы ретінде аудиторлық есепке қол қойған күнін көрсету).
7. Осы ұйымның және (немесе) басқа ұйымдардың инвестициялық комитеттеріндегі мүшелігі туралы мәліметтер:
№ |
Кезең (күнi, айы, жылы) |
Ұйымның атауы |
Лауазымы |
Жұмыстан шығу, қызметтен босату себептерi |
8. Өзiне қабылдаған ақшалай мiндеттемелерін орындамау
фактiлерiнiң болуы туралы мәлiметтер:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(иә/жоқ, аталған фактiлер болған жағдайда, ұйымның атауын және
мiндеттемелер сомасын көрсету қажет)
9. Осы ұйымда және (немесе) басқа ұйымдарда басқарушы директордың лауазымын иелену туралы мәліметтер:
№ |
Кезең (күнi, айы, жылы) |
Ұйымның атауы |
Жетекшілік жасайтын құрылымдық бөлімшелер және қаржылық қызмет көрсетуге байланысты мәселелер |
Жұмыстан шығу, қызметтен босату себептерi |
10. Кандидат бұрын директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарманың (атқарушы органның) бірінші басшысы және оның орынбасары, бас бухгалтері, ірі қатысушысы – ірі қатысушысы жеке тұлға, қаржы ұйымының (банк немесе сақтандыру холдингінің) ірі қатысушысы заңды тұлға – қаржы ұйымы заңды тұлғаның қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік органы қаржы ұйымын, банк холдингін консервациялау туралы, акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте оны банкрот деп тану туралы шешімді қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бірінші басшысы болғандығы туралы мәліметтер.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(иә/жоқ, қаржы ұйымының атауы, лауазымы, жұмыс кезеңi көрсетiледі).
11. Уәкілетті органның басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісімді қайтарып алу және қаржы ұйымының, холдингтің, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының қызметтік мiндеттерiн орындаудан шеттетуі туралы деректердің болуы.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(иә/жоқ, ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі, тағайындауға (сайлауға) келісімді қайтарып алуға негіздеме және осындай шешім қабылдаған мемлекеттік органның атауы көрсетiлсiн).
12. Қаржы ұйымының, холдингтің басшысы ретiнде қаржы ұйымы қызметiнiң мәселелерi бойынша сотта iстi қарау кезiнде жауап берушi ретiнде тартылды ма:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(иә/жоқ, күнiн, сотта iстi қарау кезiндегi жауап берушi – қаржы ұйымының атауы, қаралған мәселе және сот шешiмi көрсетілсін).
Осы ақпаратты мен тексердiм және оның толық және дәйекті болып табылатындығын растаймын.
Тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)
_____________________________________________________________________
(баспа әрiптерiмен)
Қаржы ұйымының, холдингтің тәуелсiз директоры лауазымына кандидат толтырады: |
Күні ___________________________
Қолы __________________________
Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру
холдингтерінің басшы қызметкерлерін
тағайындауға (сайлауға) келісім беру
қағидаларының 2-қосымшасы және
келісімді алуға қажетті
құжаттардың тізбесі
Нысан
Ескерту. 2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 212 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ ______________ Хаттама 20 __ жылғы «____» ____________
Комиссияның қаржы ұйымы, холдинг басшы қызметкерлерiнiң
лауазымына кандидатты қарау нәтижелерi
_____________________________________________________________________
Кандидаттың тегі, аты, әкесiнiң аты, қаржы ұйымының, холдингтің атауы
р/с |
Комиссия мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты |
«Келісу», «келісуден бас тарту» нәтижесі |
Ескерту (Комиссия мүшелерінің ерекше пікірі) |
Комиссия мүшелерінің қолы және күні |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Комиссия Төрағасы _______________
Комиссияның шешімі: Келісу
Бас тарту
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 ақпандағы
№ 95 қаулысына қосымша
Күші жойылды деп танылатын
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің
тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 12 маусымдағы № 157 қаулысы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2952 тіркелген).
2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының «Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлері қызметіне кандидаттарды келісу ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 12 маусымдағы № 157 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2005 жылғы 19 ақпандағы № 35 қаулысы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3509 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2005 жылғы маусымда, № 15, 111-құжатында жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлері қызметіне кандидаттарды келісу ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 12 маусымдағы № 157 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 35 қаулысы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4168 тіркелген).
4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінде құжаттарды ұсыну мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық кесімдерге толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2007 жылғы 30 наурыздағы № 76 қаулысымен (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4670 тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінде құжаттарды ұсыну мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық кесімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер тізбесінің 3-тармағы.
5. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының «Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 12 маусымдағы № 157 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 120 қаулысы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4708 тіркелген).
6. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 12 маусымдағы № 157 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» 2007 жылғы 25 маусымдағы № 169 қаулысы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4839 тіркелген).
7. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 12 маусымдағы № 157 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 273 қаулысы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5123 тіркелген).
8. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 12 маусымдағы № 157 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 29 қазандағы № 160 қаулысы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5408 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2008 жылғы 31 желтоқсанда № 197 (1597) жарияланған).
9. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығындағы қызметті лицензиялау және басшы қызметкерлерді келісу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 232 қаулысының (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5523 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2009 жылғы 17 ақпанда № 24 (1621) жарияланған) 1-тармағы.
10. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 12 маусымдағы № 157 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы» 2009 жылғы 27 ақпандағы № 21 қаулысы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5624 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2009 жылғы 15 мамырда № 72 (1669) жарияланған).
11. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 12 маусымдағы № 157 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 26 қыркүйектегі № 211 қаулысы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5838 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2009 жылғы 26 қарашада № 181 (1778) жарияланған).
12. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2010 жылғы 29 наурыздағы № 49 қаулысымен (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6204 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 3 қарашада № 456 (26299) жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер тізбесінің 4-тармағы.
13. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 30 сәуірдегі № 58 қаулысымен (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6282 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 3 қарашада № 456 (26299) жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тізбесінің 1-тармағы.