Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 95 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 12 сәуірде № 7561 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлерін келісу тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
       Төрағасы                               Г. Марченко

Қазақстан Республикасы 
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 ақпандағы
№ 95 қаулысымен бекітілген

Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің басшы
қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидалары

      Осы Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы (бұдан әрі – Банктер туралы заң), «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы (бұдан әрі – Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң), «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы (бұдан әрі – Сақтандыру қызметі туралы заң), «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі (Бағалы қағаздар нарығы туралы заң), «Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы (бұдан әрі – Бухгалтерлік есеп туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленген.
      Қағидалар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетінің (бұдан әрі - уәкілетті орган) банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алуға үміткер немесе лицензиялары бар заңды тұлғалардың, орталық депозитарий мен бірыңғай тіркеушінің (бұдан әрі - қаржы ұйымы), банк, сақтандыру холдингтерінің (бұдан әрі - холдинг) басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру тәртібін белгілейді.
      Қаржы ұйымдарының, холдингтердің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру тәртібіне:
      құжаттарды қарау;
      тестілеуден өту үшін шақырумен немесе шақырусыз келісу;
      келісім беру немесе одан бас тарту кіреді.

1. Жалпы ережелер

      1. Уәкілетті орган Банктер туралы заңның 20-бабында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 40-бабында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 54-бабында, Бухгалтерлік есеп туралы заңның 9-бабында және осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келетін қаржы ұйымының, холдингтің басшы қызметкерінің лауазымына кандидатты (бұдан әрі - кандидат) тағайындауға (сайлауға) келісім (бұдан әрі - келісу) береді.
      Уәкілетті органмен келісілуге жататын қаржы ұйымдарының, холдингтердің басшы қызметкерлерінің тізбесі Банктер туралы заңның 20-бабының 1 және 12-тармақтарында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 40-бабының 1-тармағында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабының 1 және 12-тармақтарында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 54-бабының 1-тармағында айқындалады.
      2. Осы кандидат бұрын уәкілетті органмен тиісінше осы қаржы ұйымының, холдингтің тиісті лауазымына келісілген жағдайда және осы кандидат Банктер туралы заңның 20-бабында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 40-бабында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 54-бабында, Бухгалтерлік есеп туралы заңның 9-бабында және Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда қаржы ұйымы, холдинг уәкілетті органның шешімімен жаңа мерзімге тағайындалған (сайланған) қаржы ұйымының, холдингтің басшы қызметкерін келісу тиіс емес.
      Осындай жағдайда қаржы ұйымы, холдинг осы кандидаттың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келуі көрсетілген ілеспе хатпен, басшы қызметкерді тиісті лауазымға жаңа мерзімге тағайындау (сайлау) жөніндегі қаржы ұйымы, холдинг уәкілетті органы шешімінің үзінді-көшірмесін қоса береді. Басқа құжаттарды беру талап етілмейді.
      Қаржы ұйымының директорлар кеңесі құрамына кіретін уәкілетті органның (және/немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің) өкілі уәкілетті органмен келісуге тиіс емес.
      3. Банктер туралы заңның 20-бабына, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 40-бабына, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабына, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 54-бабына сәйкес қаржы ұйымының, холдингтің басшы қызметкері лауазымына тағайындау (сайлау) үшін қажетті стажына кандидаттың қаржылық қызмет көрсету және (немесе) реттеу және (немесе) бақылау мен қадағалау және (немесе) қаржы ұйымдарының аудитін жүргізу жөніндегі қызметтер саласында және (немесе) «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамында кандидаттың мынадай халықаралық қаржы ұйымдарында істеген жұмысы кіреді:
      1) Азия даму банкі;
      2) Еуразия Даму банкі;
      3) Еуропа қайта құру және даму банкі;
      4) Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталығы;
      5) Ислам даму банкі;
      6) Көп салалы инвестицияларға кепілдік беру агенттігі;
      7) Халықаралық валюталық қор;
      8) Халықаралық даму қауымдастығы;
      9) Халықаралық қайта құру және даму банкі;
      10) Халықаралық қаржы корпорациясы.

2. Құжаттарды қарау

      4. Қаржы ұйымы, холдинг кандидатын келісу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) кандидаттың қаржы ұйымының, холдингтің басшы қызметкерлеріне қойылған талаптарға сәйкес келуін көрсете отырып, еркін нысанда жасалған өтінішті және кандидат қаржы ұйымының, холдингтің құжаттамалық жағынан тексерілгені туралы мәліметтерді және оған мыналар қол қояды:
      директорлар кеңесінің мүшелерін, басқарманың бірінші басшысын және мүшелерін (өтініш берушіні) тағайындаған (сайлаған) кезде қаржы ұйымының, холдингтің (өтініш берушінің) директорлар кеңесінің бірінші басшысы, ол болмаған жағдайда директорлар кеңесінің шешімі бойынша (директорлар кеңесінің осы шешімінің көшірмесін бере отырып) директорлар кеңесінің бір мүшесі;
      қаржы ұйымының, холдингтің (өтініш берушінің) директорлар кеңесінің бірінші басшысын, бас бухгалтерін және өзге басшы қызметкерлерін тағайындаған (сайлаған) кезде қаржы ұйымының, холдингтің (өтініш берушінің) басқармасының (атқарушы органының) бірінші басшысы (атқарушы органның функцияларын жеке жүзеге асыратын тұлға) не оның міндетін атқарушы тұлға (міндетін атқаруды жүктеу жөніндегі шешімнің көшірмесін бере отырып);
      сақтандыру брокерінің бірінші басшысын тағайындаған (сайлаған) кезде сақтандыру брокері аукционерлерінің бірі, сақтандыру брокерінің бірінші басшысының орынбасарын және бас бухгалтерін тағайындаған (сайлаған) кезде сақтандыру брокерінің бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға (міндетін атқаруды жүктеу жөніндегі шешімнің көшірмесін бере отырып);
      басқарманың (атқарушы органның) бірінші басшысын және мүшелерін, (атқарушы органның функцияларын жеке жүзеге асыратын) тұлғаны, бақылау кеңесінің (бар болса) басшысын және мүшелерін тағайындаған (сайлаған) кезде қаржы ұйымының, холдингтің осы құжатқа қол қоюға уәкілеттігі бар қатысушыларының бірі (жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған қаржы ұйымы үшін);
      2) кандидаттың мынадай қызметке лауазымдық нұсқаулықтың көшірмесі:
      қаржы ұйымы, холдинг басқармасының мүшесіне, онда мыналар болуы тиіс:
      осы кандидаттың өкілеттігі (тегін, атын, бар болса - әкесінің атын, қызметін және лауазымдық нұсқаулығымен танысқан күнді және оның қойылған қолын көрсетіп);
      осы кандидат жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшенің атауы мен өкілеттігі;
      мүшесі болып табылатын комитеттер мен басқа алқалы органдар отырыстарына қатысу міндеті, сондай-ақ осы міндетті орындамағаны үшін жауапкершілігі;
      өз функцияларын жүзеге асыру кезіндегі жауапкершілігі;
      Басқарма төрағасымен әрекеттесу тәртібін толық сипаттамасы, сондай-ақ талаптарды және Басқарма, директорлар кеңесінің, акционерлердің жалпы жиналысының шешімдерін орындау тәртібі, ішкі саясатты сақтауды қамтамасыз ету;
      Банктер туралы заңның 20-бабында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 40-бабында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 54-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келетін қаржы ұйымының, холдингтің өзге басшысына, онда мыналар болуы тиіс:
      осы кандидаттың өкілеттігі (тегін, атын, бар болса - әкесінің атын, қызметін және лауазымдық нұсқаулығымен танысқан күнді және оның қойылған қолын көрсетіп);
      осы кандидат үйлестіретін және бақылайтын құрылымдық бөлімшелердің атау мен өкілеттігі туралы мәліметтер;
      3) қаржы ұйымының, акционерлік қоғамы – холдингтің директорлар кеңесі шешімінің көшірмесі, осы қаржы ұйымының, холдингтің атқарушы органының мүшесі лауазымына кандидат басқа ұйымдарда жұмыс істеген жағдайда кандидатқа басқа ұйымда жұмыс істеуге келісім беру;
      4) қаржы ұйымының, холдингтің басшы қызметіне кандидатты тағайындау (сайлау) күнін көрсете отырып, қаржы ұйымының, холдингтің уәкілетті органының кандидатты тағайындау (сайлау) шешімінің көшірмесі (екі және одан да көп кандидатты келісу кезде әр кандидатқа шешім көшірмесінің бір данасы).
      Тағайындау күні болмаған жағдайда кандидатты тағайындау (сайлау) күні қаржы ұйымының, холдингтің уәкілетті органы шешім қабылдаған күн не аталған шешімдегі жағдайдың басталған күні болып саналады. Осындай жағдайда қаржы ұйымы, холдинг аталған шешімдегі жағдайдың басталғанын растайтын құжаттар көшірмесін ұсынады;
      5) электронды және қағаз тасымалдауыштарда (1-қосымшадағы фотосурет 3х4 көлемімен ашық фонда жасалады) Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес кандидат туралы мәлімет;
      6) Қағидалардың 5-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда ғылыми дәрежесін алғанын растайтын құжаттар көшірмесі;
      7) кандидаттың жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
      8) құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есептер жүргізу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган берген алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығын растайтын құжатты (не сол бір кандидатты екі және одан да көп басшы лауазымына келісуге құжаттардың толық пакетін берген кезде құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есептер жүргізу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган құжатының көшірмесі). Аталған құжатты беру күні өтінішті берген күннің алдындағы үш айдан аспайды;
      9) кандидат ұсынылатын лауазымды, ұсынып отырған тұлғаның қол қойған күнін және лауазымын, сондай-ақ кандидаттың кәсіби және (немесе) өзге мінездемелерін көрсете отырып, еркін нысанда жазылған Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген, кем дегенде екі тұлғадан алынған кандидатқа берілген ұсыным хат. Ұсыным хатты беру күні өтінішті берген күннің алдындағы үш айдан аспайды;
      10) Қағидалардың 5-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайда Қазақстан Республикасы резиденті емес қаржы ұйымының тиісті рейтингі болуын растайтын құжаттар;
      11) бас бухгалтер лауазымына кандидат үшін сертификаттау жөніндегі ұйым (бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органымен аккредиттелген) берген кәсіби бухгалтер сертификатының көшірмесі не Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен заңдастырылған Халықаралық бухгалтерлер федерациясының нағыз мүшесі болып табылатын шетел институтымен берілген кәсіби бухгалтердің біліктілік куәлігінің көшірмесі.
      5. Ұсыным беруші тұлғалар мыналар болады:
      1) «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі;
      2) оларды тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісімін алған, қол қою күні ол қайтарып алынбаған, ұсыным хатқа қол қою күні директорлар кеңесінің бірінші басшысы, директорлар кеңесінің мүшесі, басқарманың (атқарушы органның) бірінші басшысы (атқарушы органның функцияларын жекелей жүзеге асыратын тұлға), қаржы ұйымдары, холдингтер басқармасының мүшесі лауазымындағы тұлғалар;
      3) ұсыным хатқа қол қойған күніне уәкілетті органның (және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің) бірінші басшысы және оның орынбасарлары лауазымында болған тұлғаларды қоспағанда, мемлекеттік органдар мен ведомстволардың бірінші басшылары және олардың орынбасарлары;
      4) экономика және (немесе) заң ғылымының докторы ғылыми дәрежесі бар тұлғалар;
      5) өкілдіктердің басшылары, тізбесі Қағидалардың 3-тармағында белгіленген халықаралық қаржы ұйымдарының басшылары.
      Қазақстан Республикасының резидент еместері кандидаттарын келісу кезінде ұсыным беруші тұлға тізбесі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингті, осы рейтингті беретін рейтингілік агенттіктерінің тізбесін белгілеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы № 304 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 55 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4139 тіркелген) белгіленген рейтингтік агенттіктерінің бірі тағайындаған BB+-ден төмен емес рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент еместері қаржы ұйымдарының бірінші басшысы және директорлар кеңесінің мүшелері, бірінші басшы және басқарма мүшелері де қоса болады.
      Ұсыным беруші тұлғалар болып мыналар:
      кандидатты келісу туралы өтініш берген қаржы ұйымының (өтініш берушінің), холдингтің (және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің) басшы қызметкері;
      кандидатты келісу туралы өтініш берген қаржы ұйымының (өтініш берушінің), холдингтің акционері, құрылтайшысы;
      кандидатты келісу туралы өтініш берген қаржы ұйымы (өтініш беруші), ұйым құрылтайшысының (акционерінің) басшы қызметкері;
      кандидатты келісу туралы өтініш берген қаржы ұйымының (өтініш берушінің), холдингтің құрылтайшысының (акционерінің) басшы қызметкері;
      кандидатты келісу туралы өтініш берген қаржы ұйымының (өтініш берушінің), холдингтің еншілес ұйымының басшы қызметкері;
      кандидаттың ері (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі, апа-сіңлісі, балалары) және кандидаттың жекжаттары (ерінің (зайыбының) ата-анасы, аға-інісі, апа-сіңлісі, балалары);
      кандидатты келісу туралы қаржы ұйымы, холдинг өтініш бергенге дейінгі бір жыл ішінде уәкілетті органның және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі тарапынан шектеулі ықпал ету шаралары және (немесе) санкциялар қолданылған жеке тұлға бола алмайды.
      6. Қағидалардың 4-тармағында аталған, бірнеше парақтардан тұратын құжаттар нөмірленген, тігілген және соңғы парақтың екінші бетінде тігілген шетіне желімделген парақтардың саны көрсетіліп, ішінара жапсырманың жоғарғы жағына қаржы ұйымының, холдингтің мөрімен расталған күйінде ұсынылады.
      Құжаттардың көшірмелері осындай құжаттарға қол қою құқығы бар қаржы ұйымының, холдингтің лауазымды тұлғаларының қолымен және қаржы ұйымының, холдингтің мөр бедерімен расталады.
      7. Қаржы ұйымы, холдинг кандидатты келісу үшін уәкілетті органға оның тағайындалған (сайланған) күнінен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмейтін мерзімде құжаттардың толық пакетін ұсынады.
      Басшы қызметкер лауазымына кандидатты келісу үшін ұсынылған құжаттарды уәкілетті орган Қағидалардың талаптарына сәйкес ресімделген толық құжаттар пакеті ұсынылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.
      Уәкілетті орган қаржы ұйымының, холдингтің құрылтай құжаттары Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда ескертулер мен оларды жою мерзімін көрсете отырып, қаржы ұйымына, холдингке жазбаша жауап береді.
      Қаржы ұйымы, холдинг Қағидаларда көзделген құжаттардың толық емес пакетін ұсынған жағдайда уәкілетті орган оларды қаржы ұйымына, холдингке қараусыз қайтарады. Қаржы ұйымы, холдинг жетпеген құжаттарды кандидатты басшы лауазымына тағайындау (сайлау) күнінен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмейтін мерзімде ұсынады.
      8. Азаматтығы бар елінде (шетел азаматтары үшін) немесе тұрақты тұратын елінде (азаматтығы жоқ тұлғалар үшін қылмыстар үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екендігі туралы мәліметтердің дәйектілігін растау мақсатында шетел азаматтары (азаматтығы жоқ тұлғалар) қаржы ұйымдарының, холдингтің басшы қызметкері лауазымына тағайындалған (сайланған) күннен бастап алты айдан кеш емес мерзімде уәкілетті органға олардың азаматтығы бар елінің (азаматтығы жоқ тұлғалар үшін - тұрақты тұратын елінің) не кандидат соңғы он бес жыл ішінде тұрақты тұрған елінің мемлекеттік органы берген тиісті құжатты ұсынады.
      Көрсетілген құжатты осы тармақта белгіленген мерзімде ұсынбаған жағдайда, мәліметтер негізінде келісім берілген осы мәліметтер дәйекті емес болып табылады және берілген келісім Банктер туралы заңның 20-бабында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 40-бабында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 54-бабында көзделген негіздер бойынша уәкілетті органмен қайтарып алуға жатады.
      Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылатын басшы қызметкер лауазымына кандидаттың мінсіз іскерлік беделінің болуын растау мақсатында шет мемлекеттің уәкілетті қадағалау органынан қаржы ұйымының, холдингтің басшы қызметкері лауазымына тағайындау күніне дейінгі 10 (он) жылдан астам кезеңге кандидаттың іскерлік беделін сипаттайтын мәліметтердің болуы не болмауы жөнінде сұрау салады.
      Шет мемлекеттің уәкілетті қадағалау органы аталған құжатты осы тармақта белгіленген мерзімде ұсынған жағдайда мәліметтер негізінде келісім берілген осы мәліметтер дәйекті емес болып табылады және берілген келісім Банктер туралы заңның 20-бабында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 40-бабында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 54-бабында көзделген негіздер бойынша уәкілетті органмен қайтарып алуға жатады.

3. Тестілеуден өту үшін шақырумен немесе шақырусыз келісу

      9. Кандидатты келісу үшін уәкілетті органда дербес құрамы уәкілетті органның бірінші басшысының бұйрығымен бекітілген қаржы ұйымдарының, холдингтің басшы қызметкерлерінің лауазымына кандидаттардың сәйкестігін айқындау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады.
      10. Уәкілетті орган Комиссия шешімі бойынша кандидаттарды тестілеуден өту үшін шақырып не Қағидалардың 16-тармағында көзделген жағдайларда шақырмай-ақ, келісуді жүргізеді.
      11. Уәкілетті органның жауапты бөлімшесі Қағидалардың 7-тармағының екінші бөлігінде белгіленгеннен аспайтын мерзімде тестілеудің өтетін күні туралы қаржы ұйымына, холдингке жазбаша хабарлайды.
      Тестілеуден өту үшін дәлелді себептермен уәкілетті орган белгіленген мерзімде кандидат келмей қалған жағдайда, қаржы ұйымы, холдинг бұл туралы уәкілетті органға келмеген себептерін және кандидаттың тестілеуден өтуі мүмкін болатын күнін көрсете отырып жазбаша нысанда хабарлайды. Қайта тестілеуді өткізу күні уәкілетті органның бастапқыда белгілеген мерзімінен күнтізбелік бес күннен аспауы тиіс.
      12. Комиссияның шешімі бойынша қаржы ұйымының, холдингтің мынадай қызметкерлері ұсынған құжаттардың негізінде:
      1) қаржы нарығының осы секторында (банкте, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында немесе сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыратын ұйымда, жинақтаушы зейнетақы қорында немесе жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымда, бағалы қағаздар нарығында, банк холдингінде, сақтандыру холдингінде) тиісті лауазымға уәкілетті органмен бұрын келісілген кандидат;
      2) бұрын басқарма мүшесі, бірінші басшы немесе бірінші басшының орынбасары, қаржы қызметін реттеу, бақылау және (немесе) қадағалауды жүзеге асырып отырған (жүзеге асырған) мемлекеттік органның дербес құрылымдық бөлімшенің (департамент, басқарма) басшысы (басшының орынбасары), сондай-ақ қаржы ұйымдарының аудиті жөніндегі қызметтерді реттеуді жүзеге асырып отырған (жүзеге асырған) мемлекеттік органның бірінші басшысы (бірінші басшының орынбасары) болған кандидат;
      3) Басқарманың бірінші басшысы (атқарушы органының функциясын жекелей жүзеге асыратын тұлға) лауазымына кандидаттың:
      қаржы ұйымының аудитін тікелей жүзеге асырған аудитор;
      осы секторда (банкте, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында немесе сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыратын ұйымда, жинақтаушы зейнетақы қорында, жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйымда, банк холдингінде, сақтандыру холдингінде, тиісінше бағалы қағаздар нарығында) не Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдардың бірінің:
      директорлар кеңесінің бірінші басшысы, мүшесі;
      қаржылық қызмет көрсетумен байланысты мәселелерді жетекшілік еткен басқарма мүшесі;
      бас бухгалтер ретінде кемінде үш жыл еңбек стажы бар болса;
      4) директорлар кеңесінің бірінші басшысы лауазымына кандидаттың:
      қаржы ұйымының аудитін тікелей жүзеге асырған аудитор;
      осы секторда (банкте, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында немесе сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыратын ұйымда, жинақтаушы зейнетақы қорында, жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйымда, банк холдингінде, сақтандыру холдингінде, тиісінше бағалы қағаздар нарығында) және (немесе) Қағидалардың 3-тармағына сәйкес халықаралық қаржы ұйымдардың бірінің:
      директорлар кеңесінің бірінші басшысы, мүшесі;
      басқарманың бірінші басшысы, мүшесі (қаржылық қызмет көрсетумен байланысты мәселелерді жетекшілік еткен);
      бас бухгалтер ретінде кемінде екі жыл еңбек стажы бар болса;
      5) бас банктің атқарушы органының мүшесі болып табылатын директорлар кеңесінің бірінші басшысы және мүшелері лауазымына кандидаттың:
      қаржы ұйымының аудитін тікелей жүзеге асырған аудитор;
      осы секторда (банкте, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында немесе сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыратын ұйымда, жинақтаушы зейнетақы қорында, жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйымда, банк холдингінде, сақтандыру холдингінде, тиісінше бағалы қағаздар нарығында) және (немесе) Қағидалардың 3-тармағына сәйкес халықаралық қаржы ұйымдардың бірінің:
      директорлар кеңесінің бірінші басшысы, мүшесі;
      басқарманың бірінші басшысы, мүшесі (қаржылық қызмет көрсетумен байланысты мәселелерді жетекшілік еткен);
      бас бухгалтер ретінде кемінде үш жыл еңбек стажы бар болса;
      6) сақтандыру брокерінің бірінші басшысының орынбасары, қаржы ұйымының, холдингтің қауіпсіздік мәселелерін, әкімшілік-шаруашылық мәселелеріне ғана жетекшілік ететін ұйымның басқарма мүшесі лауазымына кандидат;
      7) сақтандыру брокерінің бірінші басшысының орынбасары, қаржы ұйымының, холдингтің басқарма мүшесі лауазымына кандидаттың:
      қаржы ұйымының аудитін тікелей жүзеге асырған аудитор;
      осы секторда (банкте, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында немесе сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыратын ұйымда, жинақтаушы зейнетақы қорында, жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйымда, банк холдингінде, сақтандыру холдингінде, тиісінше бағалы қағаздар нарығында) не Қағидалардың 3-тармағына сәйкес халықаралық қаржы ұйымдардың бірінің:
      директорлар кеңесінің бірінші басшысы, мүшесі;
      қаржылық қызмет көрсетумен байланысты мәселелерге жетекшілік еткен бірінші басшы, басқарма мүшесі;
      бас бухгалтер немесе бас бухгалтердің орынбасары;
      қызметі қаржылық қызмет көрсетумен байланысты қаржы ұйымының дербес құрылымдық бөлімшенің (департаменттің, басқарманың) басшысы ретінде кемінде екі жыл еңбек стажы бар болса;
      8) бас бухгалтердің лауазымына кандидаттың:
      қаржы ұйымының аудитін тікелей жүзеге асырған аудитор;
      осы секторда (банкте, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында немесе сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыратын ұйымда, жинақтаушы зейнетақы қорында, жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйымда, бағалы қағаздар нарығында, тиісінше банк холдингінде, сақтандыру холдингінде) және (немесе) Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдардың және (немесе) аудиторлық ұйымдардың бірінің:
      директорлар кеңесінің бірінші басшысы, мүшесі;
      қаржылық қызмет көрсетумен байланысты мәселелерге жетекшілік еткен басқарманың бірінші басшысы, мүшесі;
      бас бухгалтер немесе бас бухгалтердің орынбасары;
      қызметі қаржылық қызмет көрсетумен байланысты қаржы ұйымының дербес құрылымдық бөлімшесінің (департаменттің, басқарманың) басшысы, басшысының (орынбасары) ретінде кемінде үш жыл еңбек стажы бар болса;
      9) қаржы ұйымының осы секторында (банкте, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында немесе сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыратын ұйымда, жинақтаушы зейнетақы қорында немесе жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйымда, бағалы қағаздар нарығында, тиісінше банк және сақтандыру холдингінде) басшы қызметкердің сәйкес лауазымын келісу кезінде уәкілетті органда келісу кезінде тестілеудің оң нәтижесін алған кандидат.
      Тестілеудің оң нәтижелерін осы тармақшаның мақсаттары үшін есептеу мерзімі кандидаттың уәкілетті органда тестілеуден өту күнінен бастап алты айдан аспауы тиіс;
      10) өзге басшы қызметкер лауазымына кандидат:
      қаржы ұйымының аудитін тікелей жүзеге асырған аудитор;
      осы секторда (банкте, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында немесе сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыратын ұйымда, жинақтаушы зейнетақы қорында, жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйымда, бағалы қағаздар нарығында, тиісінше банк және сақтандыру холдингінде) және (немесе) осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдардың бірінің:
      бірінші басшысы, директорлар кеңесінің мүшесі;
      қаржылық қызмет көрсетумен байланысты мәселелерді жетекшілік еткен басқарма мүшесі;
      бас бухгалтер немесе бас бухгалтердің орынбасары;
      қызметі қаржылық қызмет көрсетумен байланысты қаржы ұйымының дербес құрылымдық бөлімшенің (департаменттің, басқарманың) басшысы немесе басшысының орынбасары ретінде кемінде бір жыл еңбек стажы бар болса, шақырмай келісіледі.
      13. Тестілеуден өткізу үшін шақырылған кандидаттарды келісу 30 сұрақ бойынша 45 минуттың ішінде компьютерлік тестілеу әдісімен өткізіледі.
      14. Тестілейтін тұлғамен бірге бір үй-жайда кандидаттарды тестілеу уақытында тек уәкілетті органның жауапты бөлімшесінің қызметкерлері және қажет болған жағдайда, аудармашының болуына рұқсат беріледі.
      Кандидатты тестілеуден өткізу кезінде қандай да бір жазбаша, электрондық немесе басқа ақпараттық материалдарды пайдалануға жол берілмейді. Осы тармақта баяндалған талаптарды бұзу тестілеудің теріс нәтижесіне тең келеді.
      15. Тестілеудің оң нәтижесін алған кезде (кемінде 70% дұрыс жауап) кандидат тағайындалған (сайланған) лауазымына келісілген болып есептеледі.
      Кандидат тестілеу өткеннен кейін тез арада қол қойылған тест нәтижелерімен танысуы тиіс.
      16. Тестілеу нәтижелерімен келіспеген жағдайда, тестілеу рәсімі аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде кандидат уәкілетті органға шағымымен жазбаша түрде өтініш береді.
      17. Апелляциялық комиссияның құрамы уәкілетті органның бірінші басшысының бұйрығымен бекітіледі. Комиссияның Төрағасы, оның орынбасары және мүшелері Апелляциялық комиссияның мүшелері болып табылмайды.
      18. Шағымды Апелляциялық комиссия оны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қарайды.
      19. Апелляциялық комиссия мәжілісін өткізуіне арналған кворумы Төрағаны (Апелляциялық комиссия Төрағасының орынбасары) қоса, Апелляциялық комиссия мүшелері санының кемінде үштен екісін құрайды.
      Апелляциялық комиссияның әрбір мүшесінде бір дауыс бар. Апелляциялық комиссияның шешімі Апелляция комиссиясының мәжілісіне қатысушылардың санынан оның мүшелерінің жай көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болғанда Апелляциялық комиссия Төрағасының не ол болмай қалғанда Апелляциялық комиссияның Төрағасы орынбасарының дауысы шешуші болып табылады.
      20. Апелляциялық комиссияның шешімі екі данада жасалған және осы мәжіліске қатысушы Апелляциялық комиссияның барлық мүшелері қол қойған хаттамамен ресімделеді. Апелляциялық комиссия мәжілісі хаттамасының екінші данасы Комиссияға беріледі.
      21. Апелляциялық комиссия отырысының хаттамасын жүргізуді Апелляциялық комиссия мүшелерінің санынан уәкілетті органның бірінші басшысының бұйрығымен тағайындалған оның хатшысы жүзеге асырады.
      22. Шағымды, кандидаттың тест сұрақтарына жауаптарын қарау, кандидаттың дәлелдерін тыңдау нәтижелері бойынша Апелляциялық комиссия мынадай шешімдердің біреуін қабылдайды:
      Комиссия шешімін өзгеріссіз, ал шағымды қанағаттандырусыз қалдыру;
      шағымды қанағаттандырып және кандидатты келісу;
      кандидатты қайта тестілеуге жіберу.

4. Келісім беру немесе бас тарту

      23. Комиссияның қарауына қаржы ұйымы, холдинг берген құжаттар, тестілеу үшін шақырылған кандидат келісілген жағдайда - тестілеудің нәтижелері жіберіледі. Комиссия мүшелері құжаттарды қарайды және қаралып отырған мәселе жөнінде Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысаны бойынша Комиссия хатшысы ресімдеген хаттамада өз пікірін білдіреді.
      24. Комиссияның шешімі жай көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болғанда Комиссия төрағасының немесе оның орнындағы тұлғаның дауысы шешуші болып табылады. Сонымен бірге, Комиссия шешімі сауалнамалық жолмен қабылданады.
      25. Қаржы ұйымына, холдингке кандидаттарды келісудің нәтижелері туралы жазбаша хабарламаны уәкілетті орган жіберуі арқылы Комиссия Төрағасының (немесе оның орынбасарының) хаттамаға қол қойған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде хабарланады.
      26. Қаржы ұйымының, холдингтің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім Банктер туралы заңның 20-бабының 9-тармағында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 40-бабының 9-тармағында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабының 9-тармағында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 54-бабының 9-тармағында көзделген негіздемелер бойынша уәкілетті органның бірінші басшысының немесе оның орнындағы тұлғаның бұйрығымен қайтарылады.
      27. Уәкілетті орган мынадай негіздемелер бойынша қаржы ұйымының, холдингтің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартады:
      1) басшы қызметкерлерінің Банктер туралы заңның 20-бабында, Зейнетақымен қамсыздандыру заңның 40-бабында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 54-бабында, Бухгалтерлік есеп туралы заңның 9-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
      2) тестілеудің теріс нәтижесі не дәлелді себепсіз тестілеуге келмей қалу;
      3) қаржы ұйымының, холдингтің уәкілетті органның ескертулерін жоймауы немесе қаржы ұйымы, холдингтің уәкілетті органның ескертулерін ескеріп, түзетілген құжаттарды Банктер туралы заңның 20-бабының 5-тармағында, Зейнетақымен қамсыздандыру заңның 40-бабының 5-тармағында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабының 5-тармағында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 54-бабының 5-тармағында белгіленген уәкілетті органның құжаттарды қарау мерзімі аяқталғаннан кейін беруі;
      4) Банктер туралы заңның 20-бабының 5-тармағында, Зейнетақымен қамсыздандыру заңның 40-бабының 5-тармағында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабының 5-тармағында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 54-бабының 5-тармағында белгіленген басшы қызметкер өз лауазымды қызметін уәкілетті органның келісімінсіз иелене алатын мерзім аяқталғаннан кейін құжаттарды ұсыну;
      5) уәкілетті органның (және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің) кандидатқа қолданылған санкцияларының және (немесе) шектеулі ықпал ету шараларының бар болуы.
      Осы талап кандидатты келісу туралы қаржы ұйымы, холдинг өтініш берген күнге дейінгі бір жыл ішінде қолданылады;
      6) уәкілетті органда кандидат басшы қызметкер не басшы қызметкердің міндетін атқарушы лауазымын атқаратын (атқарған) қаржы ұйымының, холдингтің Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуына әкеп соққан оның өкілеттігіне кірген мәселелер бойынша кандидаттың шешімдер қабылдауы және ол үшін осы қаржы ұйымына, холдингке қатысты уәкілетті орган және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шектеулі ықпал ету шарасы және (немесе) санкция қолдану фактілері туралы мәліметтердің болуы.
      Осы талап уәкілетті орган бұзуды анықтаған күннен бастап бір жыл ішінде қолданылады;
      7) уәкілетті органда кандидаттың бағалы қағаздар нарығында манипуляциялау мақсатында жасалған және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) шығын келтірген деп танылған тарап болып табылғаны туралы мәліметтердің болуы.
      Осы талап уәкілетті органда бағалы қағаздар нарығындағы манипуляциялау және (немесе) осы мәміле жасау нәтижесінде үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) зиян келтірілгені кандидаттың адал емес әрекеттерінен болғанын растайтын фактілері болған жағдайда қолданылады;
      8) уәкілетті органда кандидаттың уәкілетті орган оған қатысты бағалы қағаздар нарығында манипуляциялау мақсатында жасалған деп танылған мәмілелерді жасағаны үшін санкциялар және (немесе) шектеулі ықпал ету шаралары қолданылған қаржы ұйымының қызметкері және (немесе) іс-әрекеті мәмілеге қатысушы қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) шығын келтірген қаржы ұйымының қызметкері болып табылғаны туралы мәліметтің болуы.
      Осы талап уәкілетті органда бағалы қағаздар нарығындағы манипуляциялау және (немесе) осы мәміле жасау нәтижесінде қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) зиян келтірілгені кандидаттың адал емес әрекеттерінен не әрекетсіздігінен болғанын растайтын фактілері болған жағдайда қолданылады.

5. Қорытынды ережелер

      28. Уәкілетті орган қаржы ұйымдарының, онымен кандидатуралары келісілген ұйымдардың басшы қызметкерлерінің тізілімін жүргізеді.
      29. Басшы қызметкерлері уәкілетті органмен келісілген қаржы ұйымдары, холдингтер он күндік мерзімде уәкілетті органды оларды келісуге ұсынылған құжаттардағы өзгерістер (Қағидалардың 1-қосымшасының 5, 9-тармақтарын қоспағанда), сондай-ақ басшы қызметкерлерін басқа лауазымға ауыстыруды және жұмыстан шығаруды қоса алғанда, олардың құрамында болған барлық өзгерістер жөнінде растаушы құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, хабардар етеді.

Қаржы ұйымдарының,        
банк, сақтандыру холдингтерінің басшы
қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға)
келісім беру қағидаларына   
1-қосымша            


фотосуреттің орны

Қаржы ұйымының, холдингтің басшы қызметкері лауазымына
кандидат туралы мәліметтер

_____________________________________________________________________
(кандидаттың тегі, аты, бар болса - әкесiнiң аты және тағайындалатын
_____________________________________________________________________
         қаржы ұйымындағы, холдингтегі лауазымы көрсетiледi)
_____________________________________________________________________
                (қаржы ұйымының, холдингтің атауы)

      1. Жалпы мәлiметтер: 

Туылған күнi және жері


Азаматтығы


Жеке басын куәландыратын құжаттардың деректері


      2. Білімі: 

Оқу орнының
атауы

Түскен күнi - бiтiрген күнi

Мамандығы

Бiлiмi туралы дипломның деректемелерi,
бiлiктiлiгi

Оқу орны
орналасқан жер

1.






      3. Ерi (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-iнiсi, апа-сiңлiсi, балалары) және жекжаттары (ерiнiң (зайыбының) ата-анасы, аға-iнiсi, апа-сiңлiсi, балалары) туралы мәлiметтер:

Тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)

Туған
жылы

Туыстық қатынастары

Жұмыс орны және лауазымы

1.





      4. Кандидаттың заңды тұлғалардың жарғылық капиталында қатысуы және акцияларын иеленуi туралы мәлiметтер: 

Заңды тұлғаның атауы және орналасқан жерi

Заңды тұлғаның қызметiнiң жарғылық түрi

Жарғылық капиталда қатысу үлесi немесе кандидатқа тиесiлi акциялар санының заңды тұлғаның дауыс беретiн акцияларының жалпы санына арақатынасы (пайызбен)

1.




      5. Соңғы үш жылдағы бiлiктiлiк көтеру жөнiндегi семинарлар, бiлiктiлiкті арттыру курстарынан өту туралы мәлiметтер: 

Ұйымның атауы

Өткiзу күнi және орны

Сертификат деректемелерi (нөмірі, берілген күні)

1.




      6. Еңбек қызметi туралы мәлiметтер.
      Осы тармақта кандидаттың барлық еңбек қызметiндегi атқарған (атқарып отырған) лауазымдары, оның iшiнде уәкiлеттi органға келісу туралы өтiнiштi берген қаржы ұйымында, холдингте лауазымы туралы көрсетіледі. 

Жұмыс кезеңi (күнi, айы, жылы)

Жұмыс орны

Лауазымы

Тәртiптiк
шара
қолданудың
болуы

Жұмыстан шығу, қызметтен
босату себептерi

1.






      7. Кандидаттың қаржы ұйымының аудитін жүргізуі туралы мәліметтер:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(қаржы ұйымының атауын, кандидат аудитор-орындаушы ретінде аудиторлық есепке қол қойған күнін көрсету).
      8. Осы ұйымның және (немесе) басқа қаржы ұйымдардың директорлар кеңесінде және инвестициялық комитеттеріндегі мүшелігі туралы мәліметтер: 

Кезең (күнi, айы, жылы)

Ұйымның
атауы

Лауазымы,
келiсу
күнi (талап етiлсе)

Жұмыстан шығу,
лауазымынан босатылу
себептерi

1.





      9. Бар жарияланымдар, ғылыми әзiрлемелер және басқа да жетiстiктерi:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(иә/жоқ, бар болған жағдайда күнi, қандай басылымдар екені көрсетiлдi)

      10. Алынбаған немесе өтелмеген соттылықтың болуы туралы мәлiметтер: 

Күнi

Сот органының
атауы

Соттың орналасқан орны

Жазаның
түрi

Кандидат қылмыстық жауапкершiлiкке сәйкес тартылған заңнамалық актiнiң бабы

Соттың процессуалды
шешiм қабылдау күнi

1.







      11. Өзiне қабылдаған ақшалай мiндеттемелерін орындамау фактiлерiнiң болуы туралы мәлiметтер:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(иә/жоқ, аталған фактiлер болған жағдайда, ұйымның атауын және мiндеттемелер сомасын көрсету қажет).

      12. Кандидат бұрын директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарманың (атқарушы органның) бірінші басшысы және оның орынбасары, бас бухгалтері, ірі қатысушысы – жеке тұлға, ірі қатысушысының (банк немесе сақтандыру холдингінің) – қаржы ұйымы заңды тұлғаның қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік органы қаржы ұйымын, банк холдингін консервациялау туралы, акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте оны банкрот деп тану туралы шешімді қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бірінші басшысы болғандығы туралы мәліметтер.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(иә/жоқ, қаржы ұйымының атауы, лауазымы, жұмыс кезеңi көрсетiледі).

      13. Уәкілетті органның басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісімді қайтарып алу және қаржы ұйымының, холдингтің, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының қызметтік мiндеттерiн орындаудан шеттетуі туралы деректердің болуы.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(иә/жоқ, ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі, тағайындауға (сайлауға) келісімді қайтарып алуға негіздеме және осындай шешім қабылдаған мемлекеттік органның атауы көрсетiлсiн).

      14. Қаржы ұйымының, холдингтің басшысы ретiнде қаржы ұйымы қызметiнiң мәселелерi бойынша сотта iстi қарау кезiнде жауап берушi ретiнде тартылды ма:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(иә/жоқ, күнiн, сотта iстi қарау кезiндегi жауап берушi – қаржы ұйымының атауы, қаралған мәселе және сот шешiмi көрсетілсін).

      Осы ақпаратты мен тексердiм және оның толық және дәйекті болып табылатындығын растаймын.
      Тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)
_____________________________________________________________________
                       (баспа әрiптерiмен) 

Қаржы ұйымының, холдингтің тәуелсiз директоры лауазымына кандидат толтырады:

      Мен, _____________________________________________
                 (тегi, аты, бар болса - әкесiнiң аты)

__________________________________________________________________
тәуелсiз директор лауазымына тағайындау (сайлау) үшiн «Акционерлiк қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген талаптарға сәйкес келетiнiмдi растаймын.

      Күні ___________________________________

      Қолы ________________________________


Қаржы ұйымдарының,        
банк, сақтандыру холдингтерінің басшы
қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға)
келісім беру қағидаларына   
2-қосымша            

Нысан

№ ______________ Хаттама              20 __ жылғы «____» ____________

Комиссияның қаржы ұйымы, холдинг басшы қызметкерлерiнiң
лауазымына кандидатты қарау нәтижелерi

_____________________________________________________________________
Кандидаттың тегі, аты, әкесiнiң аты, қаржы ұйымының, холдингтің атауы
 

р/с

Комиссия мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты

«Келісу», «келісуден бас тарту» нәтижесі

Ескерту (Комиссия мүшелерінің ерекше пікірі)

Комиссия мүшелерінің қолы және күні

 1

2

3

4

5











      Комиссия Төрағасы _______________

      Комиссияның шешімі: Келісу
                          Бас тарту

Қазақстан Республикасы 
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 ақпандағы
№ 95 қаулысына қосымша 

Күші жойылды деп танылатын
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің
тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 12 маусымдағы № 157 қаулысы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2952 тіркелген).
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының «Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлері қызметіне кандидаттарды келісу ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 12 маусымдағы № 157 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2005 жылғы 19 ақпандағы № 35 қаулысы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3509 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2005 жылғы маусымда, № 15, 111-құжатында жарияланған).
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлері қызметіне кандидаттарды келісу ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 12 маусымдағы № 157 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 35 қаулысы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4168 тіркелген).
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінде құжаттарды ұсыну мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық кесімдерге толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2007 жылғы 30 наурыздағы № 76 қаулысымен (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4670 тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінде құжаттарды ұсыну мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық кесімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер тізбесінің 3-тармағы.
      5. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының «Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 12 маусымдағы № 157 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 120 қаулысы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4708 тіркелген).
      6. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 12 маусымдағы № 157 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» 2007 жылғы 25 маусымдағы № 169 қаулысы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4839 тіркелген).
      7. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 12 маусымдағы № 157 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 273 қаулысы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5123 тіркелген).
      8. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 12 маусымдағы № 157 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 29 қазандағы № 160 қаулысы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5408 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2008 жылғы 31 желтоқсанда № 197 (1597) жарияланған).
      9. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығындағы қызметті лицензиялау және басшы қызметкерлерді келісу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 232 қаулысының (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5523 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2009 жылғы 17 ақпанда № 24 (1621) жарияланған) 1-тармағы.
      10. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 12 маусымдағы № 157 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы» 2009 жылғы 27 ақпандағы № 21 қаулысы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5624 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2009 жылғы 15 мамырда № 72 (1669) жарияланған).
      11. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 12 маусымдағы № 157 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 26 қыркүйектегі № 211 қаулысы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5838 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2009 жылғы 26 қарашада № 181 (1778) жарияланған).
      12. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2010 жылғы 29 наурыздағы № 49 қаулысымен (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6204 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 3 қарашада № 456 (26299) жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер тізбесінің 4-тармағы.
      13. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 30 сәуірдегі № 58 қаулысымен (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6282 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 3 қарашада № 456 (26299) жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тізбесінің 1-тармағы.