Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидаларын және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 95 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 12 сәуірде № 7561 болып тіркелді

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 212 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлерін келісу тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидалары және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесі бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 212 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
       Төрағасы                               Г. Марченко

Қазақстан Республикасы 
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 ақпандағы
№ 95 қаулысымен бекітілген

Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің басшы
қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидалары
және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесі

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 212 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Осы Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидалары және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесі (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы (бұдан әрі – Банктер туралы заң), «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы (бұдан әрі – Акционерлік қоғамдар туралы заң), «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі (Бағалы қағаздар нарығы туралы заң), «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы (бұдан әрі – Бухгалтерлік есеп туралы заң), «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру турал» 2013 жылғы 21 маусымдағы (бұдан әрі – Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленген.
      Қағидалар қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының, бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алуға кандидат немесе лицензиялары бар заңды тұлғалардың, орталық депозитарий мен бірыңғай тіркеушінің (бұдан әрі – қаржы ұйымы), банк, сақтандыру холдингтерінің (бұдан әрі – холдинг) басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру тәртібін және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесін белгілейді.
      Қаржы ұйымдарының, холдингтердің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру тәртібіне:
      құжаттарды қарау;
      тестілеуден өту үшін шақырумен немесе шақырусыз келісу;
      келісім беру немесе одан бас тарту кіреді.
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының 24.12.2014 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Уәкілетті орган Банктер туралы заңның 20-бабында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабында, Акционерлік қоғамдар туралы заңның 1-бабының 20) тармақшасында, 54-бабының 4-тармақшасында, 59-бабының 2-тармағында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 54-бабында, Бухгалтерлік есеп туралы заңның 9-бабында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 55-бабында және Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келетін қаржы ұйымының, холдингтің басшы қызметкерінің лауазымына кандидатты (бұдан әрі - кандидат) тағайындауға (сайлауға) келісім (бұдан әрі - келісу) береді.
      Уәкілетті органмен келісілуге жататын қаржы ұйымдарының, холдингтердің басшы қызметкерлерінің тізбесі Банктер туралы заңның 20-бабының 1 және 12-тармақтарында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабының 1 және 12-тармақтарында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 64-1-бабының 3-тармағында және 79-бабының 1-1-тармағында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 55-бабының 1-тармағында айқындалады.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 212 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы кандидат бұрын уәкілетті органмен тиісінше осы қаржы ұйымының немесе холдингтің тиісті лауазымына келісілген не келісілген лауазымнан осы қаржы ұйымының, холдингтің бір органы шеңберінде төменгі лауазымға ауыстырылған жағдайда және осы кандидат Банктер туралы заңның 20-бабында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабында, Акционерлік қоғамдар туралы заңның 1-бабының 20) тармақшасында,   54-бабының 4-тармағында, 59-бабының 2-тармағында, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 54-бабында, Бухгалтерлік есеп туралы заңның 9-бабында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 55-бабында және Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда қаржы ұйымының, холдингтің уәкілетті органының шешімімен жаңа мерзімге тағайындалған (сайланған) қаржы ұйымының, холдингтің басшы қызметкері келісілуге жатпайды.
      Бұл жағдайда қаржы ұйымы, холдинг осы кандидаттың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келуі көрсетілетін ілеспе хатпен, басшы қызметкерді тиісті лауазымға тағайындау (сайлау) жөніндегі осы қаржы ұйымының, холдингтің уәкілетті органы шешімінен үзінді-көшірменің көшірмесін ұсынады. Өзге құжаттарды ұсыну талап етілмейді.
      Қаржы ұйымының директорлар кеңесі құрамына кіретін уәкілетті органның өкілі уәкілетті органмен келісілуге жатпайды.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлтық Банкі Басқармасының 17.06.2015 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. Банктер туралы заңның 20-бабына, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабына, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 54-бабына, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 55-бабына сәйкес қаржы ұйымының, холдингтің басшы қызметкері лауазымына тағайындау (сайлау) үшін қажетті стажына кандидаттың қаржылық қызмет көрсетуді және (немесе) қаржы ұйымдарының аудитін жүргізу жөніндегі қызметтер ұсыну және (немесе) реттеу және (немесе) бақылау мен қадағалау саласында және (немесе) «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамында істеген жұмысы және (немесе) кандидаттың мынадай халықаралық қаржы ұйымдарында істеген жұмысы кіреді:
      Азия даму банкі;
      Еуразия Даму банкі;
      Еуропа қайта құру және даму банкі;
      Ислам даму банкі;
      Халықаралық даму қауымдастығы;
      Халықаралық қаржы корпорациясы;
      Халықаралық қайта құру және даму банкі;
      Халықаралық валюта қоры;
      Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталық;
      Көп салалы инвестицияларға кепілдік беру агенттігі.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 212 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2. Құжаттарды қарау

      4. Қаржы ұйымы, холдинг кандидаттарды келісуге уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) қаржы ұйымының, холдингтің басшы қызметкері лауазымына кандидаттың (бұдан әрі – кандидат) қаржы ұйымының, холдингтің басшы қызметкерлеріне қойылған талаптарға сәйкес келуі жөнінде, сондай-ақ кандидат туралы мәліметтерді қаржы ұйымы, холдинг құжаттамалық жағынан тексергені жөнінде көрсетіле отырып, еркін нысанда жасалған және мыналар қол қойған өтінішхат:
      басқарманың бірінші басшысы (атқарушы органның функцияларын жеке жүзеге асыратын тұлға) тағайындалған (сайланған) кезде – қаржы ұйымының, холдингтің директорлар кеңесінің бірінші басшысы, ал ол болмаған жағдайда – директорлар кеңесінің шешімі бойынша директорлар кеңесі мүшелерінің бірі (директорлар кеңесінің осы шешімінің көшірмесін бере отырып), осы құжатқа қол қоюға уәкілетті (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған қаржы ұйымы, холдинг үшін) қаржы ұйымы, холдинг, сақтандыру брокері акционерлерінің бірі, қаржы ұйымы, холдинг қатысушыларының бірі;
      басқа жағдайларда – қаржы ұйымы, холдинг басқармасының бірінші басшысы (атқарушы органның функцияларын жеке жүзеге асыратын тұлға) не оның міндетін атқарушы тұлға (міндеттерді атқару жүктелгені туралы шешімнің көшірмесін бере отырып);
      2) Банктер туралы заңның 20-бабында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабында, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 54-бабында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 55-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келетін қаржы ұйымының, холдингтің басқармасы мүшесінің лауазымына не қаржы ұйымының, холдингтің өзге басшысы лауазымына кандидаттың мыналар қамтылатын лауазымдық нұсқаулығының көшірмесі:
      осы кандидаттың өкілеттігі (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қойған қолы және лауазымдық нұсқаулығымен танысқан күні көрсетіле отырып);
      құрылымдық бөлімшелердің атауы туралы мәліметтер және осы кандидат бақылау жасайтын олардың құзыретіне жататын мәселелер тізбесі;
      өз функцияларын жүзеге асыру кезіндегі жауапкершілігі;
      3) қаржы ұйымы, холдинг басқармасының мүшесі лауазымына кандидат өзге ұйымда жұмыс істеген жағдайда – осы қаржы ұйымының, холдинг-акционерлік қоғамның директорлар кеңесінің кандидатқа өзге ұйымда жұмыс істеуге келісім беру туралы шешімінің үзінді-көшірмесі;
      4) егер кандидат акционерлік қоғам басқармасының мүшесі болып табылатын жағдайда - осы қоғамның директорлар кеңесінің кандидатқа қаржы ұйымында, холдингте жұмыс істеуге келісім беру туралы шешімінің үзінді-көшірмесі;
      5) кандидатты қаржы ұйымының, холдингтің басшы лауазымына тағайындау (сайлау) күні көрсетіле отырып, қаржы ұйымының, холдингтің уәкілетті органының кандидатты тағайындау туралы шешімінің үзінді-көшірмесі (екі және одан да көп кандидат келісілген кезде – әр кандидатқа шешімнің үзінді-көшірмесінің не бұйрық көшірмесінің бір данасы).
      Тағайындау (сайлау) күні болмаған жағдайда, кандидатты тағайындау (сайлау) күні қаржы ұйымының, холдингтің уәкілетті органы шешім (бұйрық) қабылдаған күн не аталған шешімдегі (бұйрықтағы) жағдайдың басталған күні болып саналады.
      Шешімде (бұйрықта) көрсетілген жағдай басталған жағдайда, қаржы ұйымы, холдинг растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
      Қаржы ұйымының, холдингтің уәкілетті органы шешімінің үзінді-көшірмесінде мынадай мәліметтер қамтылады:
      қаржы ұйымының, холдингтің толық атауы және қаржы ұйымы, холдинг басқармасының орналасқан жері;
      акционерлердің жалпы жиналысын (директорлар кеңесінің отырысын) өткізу күні, уақыты мен орны;
      отырысқа қатысқан тұлғалар туралы мәліметтер (директорлар кеңесінің отырысы үшін);
      акционерлердің жалпы жиналысының (директорлар кеңесі отырысының) кворумы;
      кандидатты басшы лауазымына тағайындау (сайлау) туралы мәселе бөлігінде акционерлердің жалпы жиналысы отырысының (директорлар кеңесі отырысының) күн тәртібі;
      дауыс беруге қойылған мәселелер, кандидатты басшы лауазымына тағайындау (сайлау) бөлігінде олар бойынша дауыс беру қорытындылары;
      кандидатты басшы лауазымына тағайындау (сайлау) бөлігінде қабылданған шешімдер.
      Қаржы ұйымының, холдингтің уәкілетті органы шешімінің үзінді-көшірмесі осындай құжатқа қол қоюға уәкілетті қызметкердің (қызметкерлердің) қолымен және қаржы ұйымы, холдинг мөрінің бедерімен (бар болса) расталады және үзінді-көшірменің дұрыс екеніне нұсқауды қамтиды;
      6) Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес электрондық және қағаз тасымалдағыштарда (1-қосымшадағы түрлі-түсті фотосурет көлемі 3х4, ашық аяда орындалады) кандидат туралы мәліметтер;
      7) Қағидалардың 5-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда ғылыми дәреже алғанын растайтын құжаттың көшірмесі;
      8) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      9) Қазақстан Республикасының құқықтық статистиканы және арнайы есепке алуды қалыптастыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органы берген алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығын растайтын құжат (не бір кандидатты екі және одан да көп басшы лауазымына келісуге құжаттар топтамасын берген кезде Қазақстан Республикасының құқықтық статистиканы және арнайы есепке алуды қалыптастыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган құжатының көшірмесі). Көрсетілген құжатты беру күні өтінішхат берілген күннің алдындағы үш айдан аспайды.
      Көрсетілген құжат сондай-ақ «электрондық үкіметтің» веб-порталынан басып шығарылған нысанда ұсынылады;
      10) кандидат ұсынылатын лауазымды, ұсынып отырған тұлғаның қол қойған күнін және лауазымын, сондай-ақ кандидаттың кәсіби және (немесе) өзге мінездемелерін көрсете отырып, еркін нысанда жазылған, Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген кем дегенде екі тұлғадан кандидатқа берілген ұсыным хат. Ұсыным хатты беру күні өтінішхат берілген күннің алдындағы үш айдан аспайды;
      11) Қағидалардың 5-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайда – Қазақстан Республикасының бейрезиденті - қаржы ұйымында қажетті рейтингінің болуын растайтын мәліметтер;
      12) бас бухгалтер лауазымына кандидат үшін – бухгалтерлерді кәсіптік сертификаттау жөніндегі ұйым (бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органы аккредиттеген) берген кәсіби бухгалтер сертификатының көшірмесі;
      13) бас бухгалтер лауазымына кандидат үшін – бухгалтерлердің кәсіптік ұйымындағы (бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органы аккредиттеген) мүшелігін растайтын құжат.
      Талап етілетін құжаттар қоса берілген өтінішхат қағаз тасымалдағышта не «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы электрондық түрде ұсынылады.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлтық Банкі Басқармасының 17.06.2015 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      5. Ұсыным беруші тұлғалар мыналар болады:
      1) «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі;
      2) тағайындалуына (сайлануына) уәкілетті органның қол қою күнінде қайтарып алынбаған келісімін алған, ұсынымхатқа қол қою күні директорлар кеңесінің бірінші басшысы, директорлар кеңесінің мүшесі, басқарманың бірінші басшысы (атқарушы органның функцияларын жеке жүзеге асыратын тұлға), қаржы ұйымдары, холдингтер басқармасының мүшесі лауазымындағы тұлғалар;
      3) ұсыным хатқа қол қою күнінде уәкілетті органның бірінші басшысы және оның орынбасарлары лауазымында болған тұлғаларды қоспағанда, мемлекеттік органдар мен ведомстволардың бірінші басшылары және олардың орынбасарлары;
      4) экономика және (немесе) заң ғылымының докторы ғылыми дәрежесі бар тұлғалар;
      5) өкілдіктердің басшылары, тізбесі Қағидалардың 3-тармағында айқындалған халықаралық қаржы ұйымдарының басшылары.
      Қазақстан Республикасының резиденттері емес кандидаттарды келісу кезінде директорлар кеңесінің бірінші басшысы мен мүшелері, тізбесі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8318 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 қаулысымен белгіленген рейтингілік агенттіктердің бірі берген «BB+» төмен емес рейтингі бар Қазақстан Республикасының резиденттері емес - қаржы ұйымдарының бірінші басшысы және басқарма мүшелері де ұсыным беруші тұлғалар болып табылады.
      Ұсыным беруші тұлғалар болып табылмайтындар:
      кандидатты келісу туралы өтініш берген қаржы ұйымының, холдингтің басшы қызметкері, уәкілетті орган;
      кандидатты келісу туралы өтініш берген қаржы ұйымының, холдингтің акционері, құрылтайшысы;
      кандидатты келісу туралы өтініш берген қаржы ұйымы, холдинг құрылтайшысының (акционерінің) басшы қызметкері;
      кандидатты келісу туралы өтініш берген қаржы ұйымының, холдингтің еншілес ұйымының басшы қызметкері;
      кандидаттың жұбайы (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі, балалары) және кандидаттың жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі, балалары);
      қаржы ұйымы, холдинг кандидатты келісу туралы өтінішхатты бергенге дейінгі бір жыл ішінде уәкілетті органның тарапынан шектеулі ықпал ету шаралары және (немесе) санкциялар қолданылған жеке тұлға.
      Уәкілетті орган қаржы ұйымының, холдингтің басшы қызметкері лауазымына тағайындалуына (сайлануына) келісімін кейіннен уәкілетті орган қайтарып алған кандидатқа ұсыным беруші тұлғаның ұсынымхат беру фактісін анықтаған жағдайда, уәкілетті орган бұдан кейін көрсетілген ұсыным беруші тұлғаның ұсыным хаттарын қабылдамайды.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының 24.12.2014 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      6. Қағидалардың 4-тармағында аталған, бірнеше парақтардан тұратын құжаттар нөмірленген, тігілген және соңғы парақтың екінші бетінде тігілген шетіне желімделген парақтардың саны көрсетіліп, ішінара жапсырманың жоғарғы жағына қаржы ұйымының, холдингтің мөрімен расталған күйінде ұсынылады.
      Құжаттардың көшірмелері осындай құжаттарға қол қою құқығы бар қаржы ұйымының, холдингтің лауазымды тұлғаларының қолымен және қаржы ұйымының, холдингтің мөр бедерімен расталады.
      6-1. Қаржы ұйымы, холдинг шет тілінде ұсынатын Қазақстан Республикасының бейрезиденті - кандидатты келісуге құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе халықаралық шартқа сәйкес заңдастырылуға не апостильделуге тиіс. Көрсетілген құжаттар уәкілетті органға ұсынылған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазақ және орыс тілдеріне аударылады және нотариатпен куәландырылады.
      Ескерту. 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлтық Банкі Басқармасының 17.06.2015 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      7. Қаржы ұйымы, холдинг кандидаттарды келісу үшін уәкілетті органға оның тағайындалған (сайланған) күнінен бастап күнтізбелік алпыс күннен кеш емес мерзімде құжаттардың толық топтамасын ұсынады (кандидаттарды, жауапты тұлғаларды, байланыс телефондарын және электрондық почта мекенжайларын көрсете отырып).
      Уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына кандидатты келісу үшін ұсынылған құжаттарды Қағидалардың талаптарына сәйкес ресімделген құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.
      Қаржы ұйымы, холдинг Қағидаларда көзделген құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, уәкілетті орган оларды қаржы ұйымына, холдингке қараусыз күнтізбелік он күн ішінде қайтарады. Қаржы ұйымы, холдинг жетпеген құжаттар бар құжаттар топтамасын кандидаттарды басшы лауазымына тағайындау (сайлау) күнінен бастап күнтізбелік алпыс күннен кеш емес мерзімде ұсынады. Қаржы ұйымы, холдинг кандидаттарды келісу үшін құжаттарды қайталап берген кезде оларды уәкілетті органның қарау мерзімі оларды қайталап беру күнінен басталады.
      Уәкілетті орган ұсынылған құжаттар Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда ескертулер мен оларды жою мерзімін көрсете отырып, қаржы ұйымына, холдингке почта және (немесе) факсимильді байланыс және (немесе) электрондық почта арқылы жазбаша жауап береді.
      Қаржы ұйымы, холдинг ескертулерді жояды және пысықталған (түзетілген), Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттарды уәкілетті орган жіберілген жазбаша хабарламада белгілеген мерзімде ұсынады.
      Қаржы ұйымының, холдингтің оларды қайтарып алу себептерін көрсете отырып, еркін нысандағы жазбаша өтініш беру жолымен кандидаттардың уәкілетті органда тестіден өтуіне дейін қаржы ұйымының, холдингтің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру үшін ұсынылған құжаттарды қайтарып алуға рұқсат етіледі.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлтық Банкі Басқармасының 17.06.2015 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      8. Азаматтығы бар еліндегі (шетел азаматтары үшін) немесе тұрақты тұратын еліндегі (азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) қылмыстары үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екендігі туралы мәліметтердің дәйектілігін растау мақсатында шетел азаматтары (азаматтығы жоқ тұлғалар) қаржы ұйымдарының, холдингтің басшы қызметкері лауазымына тағайындалған (сайланған) күннен бастап алты айдан кеш емес мерзімде уәкілетті органға олардың азаматтығы бар елінің (азаматтығы жоқ тұлғалар үшін – тұрақты тұратын елінің) не кандидат соңғы он бес жыл ішінде тұрақты тұрған елінің мемлекеттік органы берген тиісті құжатты ұсынады.
      Көрсетілген құжат осы тармақта белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайда, келісім берілген мәліметтер дәйексіз болып есептеледі және берілген келісімді уәкілетті орган Банктер туралы заңның 20-бабында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 54-бабында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 55-бабында көзделген негіздер бойынша қайтарып алуға тиіс.
      Басшы қызметкер лауазымына кандидаттың Қазақстан Республикасының резиденттері емес қаржы ұйымдарында жұмыс өтілі болған жағдайда, уәкілетті орган кандидаттың мінсіз іскерлік беделінің болуын растау мақсатында шет мемлекеттің уәкілетті қадағалау органынан қаржы ұйымының, холдингтің басшы қызметкері лауазымына тағайындау күніне дейінгі 10 (он) жылдан көп емес кезеңдегі кандидаттың іскерлік беделін сипаттайтын мәліметтердің болуы не болмауы туралы сұрау салады.
      Шет мемлекеттің уәкілетті қадағалау органы басшы қызметкер лауазымына кандидаттың мінсіз іскерлік беделінің болмауы туралы ақпарат берген жағдайда, келісім берілген мәліметтер дәйексіз болып есептеледі және берілген келісімді уәкілетті орган Банктер туралы заңның 20-бабында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 54-бабында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 55-бабында көзделген негіздер бойынша қайтарып алуға тиіс.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 212 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3. Тестілеуден өту үшін шақырумен немесе шақырусыз келісу

      9. Кандидатты келісу үшін уәкілетті органда дербес құрамы уәкілетті органның бірінші басшысының бұйрығымен бекітілген қаржы ұйымдарының, холдингтің басшы қызметкерлерінің лауазымына кандидаттардың сәйкестігін айқындау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады.
      10. Уәкілетті орган Комиссияның шешімі бойынша кандидаттарды тестілеуден өту үшін шақырып не Қағидалардың 12-тармағында көзделген жағдайларда шақырмай-ақ, келісуді жүргізеді.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 212 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      11. Уәкілетті органның жауапты бөлімшесі тестілеу өтетін күн туралы қаржы ұйымына, холдингке жазбаша түрде хабарлайды.
      Уәкілетті орган белгілеген мерзімде кандидат тестілеуден өту үшін келмей қалған жағдайда, қаржы ұйымы, холдинг бұл туралы уәкілетті органға келмеген себептерін көрсете отырып жазбаша нысанда хабарлайды.
      Уәкілетті орган тестілеуді өткізу күнін қайталап, бірақ Қағидалардың 7-тармағының екінші бөлігінде белгіленген мерзімнен кешіктірмей белгілейді.
      Кандидаттың уәкілетті орган белгілеген мерзімде тестілеуге келмей қалуы тестілеудің теріс нәтижесіне теңестіріледі.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлтық Банкі Басқармасының 17.06.2015 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      12. Комиссияның шешімі бойынша қаржы ұйымының, холдингтің мынадай қызметкерлері ұсынған құжаттардың негізінде:
      1) қаржы нарығының осы секторында тиісті лауазымға уәкілетті органмен бұрын келісілген кандидат;
      2) бұрын басқарма мүшесі, бірінші басшы немесе бірінші басшының орынбасары, қаржы қызметін реттеу, бақылау және (немесе) қадағалауды жүзеге асырып отырған (жүзеге асырған) мемлекеттік органның дербес құрылымдық бөлімшесінің (департаментінің, басқармасының) басшысы (басшының орынбасары), сондай-ақ қаржы ұйымдарының аудиті жөніндегі қызметтерді реттеуді жүзеге асырып отырған (жүзеге асырған) мемлекеттік органның бірінші басшысы (бірінші басшының орынбасары) болған кандидат;
      3) бұрын басқарма мүшесі, бірінші басшы немесе бірінші басшысының орынбасары, мемлекеттік органның жауапты хатшысы болған кандидат;
      4) мыналар болып кем дегенде үш жыл еңбек өтілі болса – басқарманың бірінші басшысы лауазымына кандидат (атқарушы органның функцияларын жеке жүзеге асыратын тұлға):
      қаржы ұйымының аудитін тікелей жүзеге асырған аудитор;
      қаржы нарығының осы секторында және (немесе) Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдарының бірінде:
      директорлар кеңесінің бірінші басшысы, мүшесі;
      қаржылық қызметтерді көрсетуге байланысты мәселелерге басқарманың жетекшілік ететін бірінші басшысы, мүшесі;
      бас бухгалтер;
      қызметі қаржылық қызметтерді көрсетуге байланысты болған дербес құрылымдық бөлімшенің (департамент, басқарма, филиал) басшысы, қаржылық қызметтерді көрсетуге байланысты мәселелерге жетекшілік ететін қаржылық және (немесе) басқарушы директор;
      5) мыналар болып кем дегенде екі жыл жұмыс істеу стажы болса - директорлар кеңесінің бірінші басшысы лауазымына кандидат:
      қаржы ұйымының аудитін тікелей жүзеге асырған аудитор;
      қаржы ұйымында және (немесе) Қағидалардың 3-тармағына сәйкес халықаралық қаржы ұйымдарының бірінде:
      директорлар кеңесінің бірінші басшысы, мүшесі;
      басқарманың бірінші басшысы, мүшесі (қаржылық қызметтерді көрсетуге байланысты мәселелерге бақылау жасаған);
      бас бухгалтер;
      6) мыналар болып кем дегенде үш жыл жұмыс істеу стажы болса - бас қаржы ұйымының басқарма мүшесі болып табылатын бірінші басшы және директорлар кеңесінің мүшесі лауазымына кандидат:
      қаржы ұйымының аудитін тікелей жүзеге асырған аудитор;
      қаржы ұйымында және (немесе) Қағидалардың 3-тармағына сәйкес халықаралық қаржы ұйымдарының бірінде:
      директорлар кеңесінің бірінші басшысы, мүшесі;
      басқарманың бірінші басшысы, мүшесі (қаржылық қызметтерді көрсетуге байланысты мәселелерге бақылау жасаған);
      бас бухгалтер;
      7) қаржы ұйымының, холдингтің қауіпсіздік мәселелеріне және әкімшілік-шаруашылық мәселелеріне ғана жетекшілік ететін сақтандыру брокерінің бірінші басшысының орынбасары, басқарма мүшесі лауазымына кандидат;
      8) екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болса, сақтандыру брокерінің бірінші басшысының орынбасары, қаржы ұйымының, холдингтің басқарма мүшесі лауазымына кандидаттың:
      қаржы ұйымының аудитін тікелей жүзеге асырған аудитор;
      қаржы нарығының осы секторында және (немесе) Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдарының бірінің:
      директорлар кеңесінің бірінші басшысы, мүшесі;
      қаржылық қызметтерді көрсетуге байланысты мәселелерге жетекшілік еткен бірінші басшы, басқарма мүшесі;
      бас бухгалтер немесе бас бухгалтердің орынбасары;
      қызметі қаржылық қызметтерді көрсетуге байланысты дербес құрылымдық бөлімшенің (департаменттің, басқарманың, филиалдың) басшысы (басшының орынбасары), қаржылық қызметтерді көрсетуге байланысты мәселелерге жетекшілік еткен қаржы және (немесе) басқарушы директор ретінде;
      9) бас бухгалтердің лауазымына кандидат;
      10) қаржы нарығының осы секторында басшы қызметкер лауазымына келісу кезінде уәкілетті органда тестілеудің оң нәтижесін алған кандидат.
      Тестілеудің оң нәтижелерін осы тармақшаның мақсаттары үшін есептеу мерзімі кандидаттың уәкілетті органда тестілеуден өту күнінен бастап алты айдан аспауы тиіс;
      11) кемінде бір жыл еңбек өтілі бар болса, өзге басшы қызметкер лауазымына кандидат:
      қаржы ұйымының аудитін тікелей жүзеге асырған аудитор;
      қаржы нарығының осы секторында және (немесе) осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдарының бірінің:
      бірінші басшысы, директорлар кеңесінің мүшесі;
      қаржылық қызметтерді көрсетуге байланысты мәселелерге жетекшілік еткен Басқарманың бірінші басшысы, мүшесі;
      бас бухгалтер немесе бас бухгалтердің орынбасары;
      қызметі қаржылық қызметтерді көрсетуге байланысты дербес құрылымдық бөлімшенің (департаменттің, басқарманың, филиалдың) басшысы (басшының орынбасары), қаржылық қызметтерді көрсетуге байланысты мәселелерге жетекшілік еткен қаржы және (немесе) басқарушы директор ретінде;
      12) директорлар кеңесінің мүшесі лауазымына кандидат шақырмай келісіледі.
      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының 24.12.2014 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.06.2015 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      13. Тестілеуден өткізу үшін шақырылған кандидаттарды келісу 30 сұрақ бойынша 45 минуттың ішінде компьютерлік тестілеу әдісімен өткізіледі.
      14. Тестілейтін тұлғамен бірге бір үй-жайда кандидаттарды тестілеу уақытында тек уәкілетті органның жауапты бөлімшесінің қызметкерлері және қажет болған жағдайда, аудармашының болуына рұқсат беріледі.
      Кандидатты тестілеуден өткізу кезінде қандай да бір жазбаша, электрондық немесе басқа ақпараттық материалдарды пайдалануға жол берілмейді. Осы тармақта баяндалған талаптарды бұзу тестілеудің теріс нәтижесіне тең келеді.
      15. Тестілеудің оң нәтижесін алған кезде (кемінде 70% дұрыс жауап) кандидат тағайындалған (сайланған) лауазымына келісілген болып есептеледі.
      Кандидат тестілеу өткеннен кейін тез арада қол қойылған тест нәтижелерімен танысуы тиіс.
      16. Алып тасталды - ҚР Ұлтық Банкі Басқармасының 17.06.2015 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      17. Алып тасталды - ҚР Ұлтық Банкі Басқармасының 17.06.2015 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      18. Алып тасталды - ҚР Ұлтық Банкі Басқармасының 17.06.2015 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      19. Алып тасталды - ҚР Ұлтық Банкі Басқармасының 17.06.2015 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      20. Алып тасталды - ҚР Ұлтық Банкі Басқармасының 17.06.2015 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      21. Алып тасталды - ҚР Ұлтық Банкі Басқармасының 17.06.2015 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      22. Алып тасталды - ҚР Ұлтық Банкі Басқармасының 17.06.2015 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

4. Келісім беру немесе бас тарту

      23. Комиссияның қарауына қаржы ұйымы, холдинг берген құжаттар жіберіледі. Комиссия мүшелері құжаттарды қарайды және қаралып отырған мәселе жөнінде Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ресімделген хаттамада өз пікірін білдіреді. Қағидалардың 15-тармағында, 27-тармағының 2) тармақшасының төртінші абзацында көзделген жағдайларда хаттама ресімделмейді.
      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлтық Банкі Басқармасының 17.06.2015 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      24. Комиссияның шешімі жай көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болғанда Комиссия төрағасының немесе оның орнындағы тұлғаның дауысы шешуші болып табылады. Сонымен бірге, Комиссия шешімі сауалнамалық жолмен қабылданады.
      25. Қаржы ұйымына, холдингке кандидаттарды келісудің нәтижелері туралы жазбаша хабарламаны уәкілетті орган жіберуі арқылы Комиссия Төрағасының (немесе оның орынбасарының) хаттамаға қол қойған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде хабарланады.
      26. Қаржы ұйымының, холдингтің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім Банктер туралы заңның 20-бабының 9-тармағында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабының 9-тармағында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 54-бабының 9-тармағында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 55-бабының 8-тармағында көзделген негіздемелер бойынша уәкілетті органның бірінші басшысының немесе оның орнындағы тұлғаның бұйрығымен қайтарылады.
      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 212 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      27. Уәкілетті орган мынадай негіздемелер бойынша қаржы ұйымының, холдингтің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартады:
      1) басшы қызметкерлерінің Банктер туралы заңның 20-бабында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабында, Акционерлік қоғамдар туралы заңның 1-бабының 20) тармақшасында, 54-бабының 4-тармағында,  59-бабының 2-тармағында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 54-бабында, Бухгалтерлік есеп туралы заңның 9-бабында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 55-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
      2) тестілеудің теріс нәтижесі не орынды себепсіз тестілеуге келмей қалу;
      3) қаржы ұйымының, холдингтің уәкілетті органның ескертулерін жоймауы немесе қаржы ұйымының, холдингтің уәкілетті органның ескертулерін ескеріп, пысықталған құжаттарды Банктер туралы заңның 20-бабы 5-тармағында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабы 5-тармағында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 54-бабы 5-тармағында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 55-бабы  4-тармағында белгіленген уәкілетті органның құжаттарды қарау мерзімі аяқталғаннан кейін беруі;
      4) Банктер туралы заңның 20-бабының 5-тармағында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабының 5-тармағында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 54-бабының 5-тармағында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 55-бабының 4-тармағында белгіленген мерзімдер аяқталғаннан кейін құжаттарды ұсыну, осы мерзім ішінде басшы қызметкер өз лауазымды қызметін уәкілетті органның келісімінсіз иеленеді;
      5) уәкілетті орган кандидатқа қолданған санкциялардың және (немесе) шектеулі ықпал ету шараларының болуы.
      Осы талап қаржы ұйымы, холдинг кандидатты келісу туралы өтінішті берген күнге дейін бір жыл ішінде қолданылады;
      6) уәкілетті органда кандидат басшы қызметкер не басшы қызметкердің міндетін атқарушы лауазымын атқаратын (атқарған) қаржы ұйымының, холдингтің Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуына әкеп соқтырған, өзінің өкілеттігіне кірген мәселелер бойынша кандидаттың шешімдер қабылдау және ол үшін осы қаржы ұйымына, холдингке қатысты уәкілетті органның шектеулі ықпал ету шарасын және (немесе) санкцияны қолдану фактілері туралы мәліметтердің болуы.
      Осы талап уәкілетті орган бұзушылықты анықтаған күннен бастап бір жыл ішінде қолданылады;
      7) уәкілетті органда кандидаттың бағалы қағаздар нарығында айла-әрекет жасау мақсатында жасалған және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) шығын келтіруге әкеп соқтырған деп танылған мәміленің тарапы болып табылғаны туралы мәліметтердің болуы.
      Осы талап уәкілетті органда бағалы қағаздар нарығында айла-әрекет жасалғанын және (немесе) кандидаттың адал емес әрекеттерінен осы мәмілені жасау нәтижесінде үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) зиян келтірілгенін растайтын фактілер болған жағдайда қолданылады;
      8) уәкілетті органда кандидаттың уәкілетті орган оған қатысты бағалы қағаздар нарығында айла-әрекет жасау мақсатында жасалған деп танылған мәмілелерді жасағаны үшін санкциялар және (немесе) шектеулі ықпал ету шаралары қолданылған қаржы ұйымының қызметкері және (немесе) іс-әрекеті мәмілеге қатысушы қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) шығын келтірген қаржы ұйымының қызметкері болып табылғаны туралы мәліметтің болуы.
      Осы талап уәкілетті органда бағалы қағаздар нарығында айла-әрекет жасалғанын және (немесе) кандидаттың адал емес әрекеттерінен не әрекетсіздігінен осы мәмілені жасау нәтижесінде қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) зиян келтірілгенін растайтын фактілер болған жағдайда қолданылады.
      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының 24.12.2014 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

5. Қорытынды ережелер

      28. Уәкілетті орган қаржы ұйымдарының, онымен кандидатуралары келісілген ұйымдардың басшы қызметкерлерінің тізілімін жүргізеді.
      29. Басшы қызметкерлері уәкілетті органмен келісілген қаржы ұйымдары, холдингтер уәкілетті органды күнтізбелік он күн ішінде басшы қызметкерлердің басқа лауазымға ауысуын және жұмыстан босатылуын қоса, олардың құрамындағы болған барлық өзгерістер туралы, басшы қызметкерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы, растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, хабардар етеді.
      Басшы қызметкерді қылмыстық жауапкершілікке тартқан жағдайда, қаржы ұйымдары, холдингтер уәкілетті органды осы ақпарат қаржы ұйымына, холдингке мәлім болған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, хабардар етеді.
      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 212 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру 
холдингтерінің басшы қызметкерлерін 
тағайындауға (сайлауға) келісім беру
қағидаларына және келісім алу үшін 
қажетті құжаттар тізбесіне     
1-қосымша             

Нысан

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлтық Банкі Басқармасының 17.06.2015 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.


фотосуреттiң
орны     

Қаржы ұйымының, холдингтің басшы қызметкері лауазымына
кандидат туралы мәліметтер
_______________________________________________________________
(кандидаттың тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болса) және
_______________________________________________________________
қаржы ұйымындағы, холдингтегі кандидат келісілетін лауазым
көрсетiледi)
_______________________________________________________________
(қаржы ұйымының, холдингтің атауы)

      1. Жалпы мәлiметтер

Туған күні мен жері


Азаматтығы


Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, жеке сәйкестендіру нөмірі


      2. Білімі

Оқу орнының атауы

Түскен күнi - аяқтаған күнi

Мамандығы

Білімі туралы дипломның деректемелері (бар болса – күні мен нөмірі)

1.





      3. Зайыбы, жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі,
балалары) және жекжаты (зайыбының (жұбайының) ата-анасы, аға-інісі,
әпке-сіңлісі, балалары) туралы мәліметтер

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туған жылы

Туыстық қатынасы

Жұмыс орны мен лауазымы

1.





      4. Кандидаттың заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы
немесе акцияларын иеленуі туралы мәліметтер

Заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері

Заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері

Заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі немесе кандидатқа тиесілі акциялары санының дауыс беретін акцияларының жалпы санына арақатынасы (пайызбен)

1.




      5. Еңбек қызметі туралы мәліметтер
      Осы тармақта кандидаттың бүкіл еңбек қызметi (сондай-ақ
Директорлар кеңесіндегі мүшелігі), оның iшiнде уәкiлеттi органға
келісу туралы өтiнiштi берген қаржы ұйымындағы, холдингтегі лауазымын
көрсете отырып, жоғарғы оқу орнын аяқтаған кезден бастап еңбек
қызметi туралы мәліметтер, сондай-ақ кандидат еңбек қызметін жүзеге
асырмаған кезең көрсетіледі.

Жұмыс істеген кезеңі (күні, айы, жылы)

Жұмыс орны

Лауазымы (талап етілген болса, келісу күнін көрсете отырып)

Тәртіптік жаза қолданудың болуы

Жұмыстан шығарылу, лауазымнан босатылу себептері

1.






      6. Кандидаттың қаржы ұйымының аудитін жүргізуі туралы
мәліметтер
_____________________________________________________________________
     (қаржы ұйымының атауын, аудит жүргізу мерзімін, кандидат
аудитор-орындаушы ретінде аудиторлық есепке қол қойған күнін көрсету
қажет).

      7. Осы ұйымдағы және (немесе) басқа ұйымдардағы инвестициялық
комитеттерде мүшелігі туралы мәліметтер

Кезеңі (күні, айы, жылы)

Ұйымның атауы

Лауазымы

Жұмыстан шығарылу, лауазымнан босатылу себептері

1.





      8. Өзіне қабылдаған ақшалай міндеттемелерді орындамау
фактісінің болуы туралы мәліметтер
_____________________________________________________________________
      (иә (жоқ), көрсетілген фактілер болған жағдайда, ұйымның атауын
және міндеттеме сомасын көрсету қажет)

      9. Осы ұйымдағы және (немесе) басқа ұйымдарда басқарушы
директор лауазымын атқарғаны туралы мәліметтер

Кезеңі (күні, айы, жылы)

Ұйымның атауы

Жетекшілік жасайтын құрылымдық бөлімшелер және қаржылық қызмет көрсетуге байланысты мәселелер

Жұмыстан шығарылу, лауазымнан босатылу себептері

1.





      10. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен
қадағалау жөніндегі мемлекеттік орган қаржы ұйымын, банк холдингін
консервациялау, акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын
лицензиядан айыру туралы, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату
немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте
оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан
аспайтын кезеңде кандидаттың бұрын қаржы ұйымының (банк немесе
сақтандыру холдингінің) директорлар кеңесінің бірінші басшысы,
басқарманың бірінші басшысы және оның орынбасары, бас бухгалтері,
жеке тұлға - ірі қатысушысы, заңды тұлға - ірі қатысушысының бірінші
басшысы болғандығы туралы мәліметтер
_____________________________________________________________________
      (иә (жоқ), ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңi көрсетiлсін)

      11. Уәкілетті органның басшы қызметкерін тағайындауға
(сайлауға) келісімді қайтарып алу және қаржы ұйымының, холдингтің,
«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының
қызметтік мiндеттерiн орындаудан шеттетуі туралы деректердің болуы
_____________________________________________________________________
      (иә (жоқ), ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңi, тағайындауға
(сайлауға) келісімді қайтарып алуға негіздеме және осындай шешім
қабылдаған мемлекеттік органның атауы көрсетiлсiн)

      12. Қаржы ұйымының, холдингтің қызметі мәселелері бойынша қаржы
ұйымының, холдингтің басшысы ретінде сот қарауында жауапкер ретінде
тартылды ма
_____________________________________________________________________
      (иә (жоқ), күні, қаржы ұйымының, холдингтің, сот қарауында
жауап берушінің атауы, қаралатын мәселе және сот шешімі көрсетілсін)
      Осы ақпаратты өзім тексергенімді және оның дәйекті және толық
екендігін растаймын. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті дербес
деректерді жинауға және өңдеуге және ақпараттық жүйелердегі заңмен
қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
_____________________________________________________________________
           (кандидат өз қолымен баспа әріптерімен толтырады)

Қолы ___________________

Қаржы ұйымының, холдингтің тәуелсіз директоры лауазымына кандидат толтырады:
Мен,
_____________________________________________________________________
            (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
_____________________________________________________________________
тәуелсіз директор лауазымына тағайындау (сайлау) үшін «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес келетінімді растаймын.

                                             Қолы ___________________

Күні _____________________________

Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру 
холдингтерінің басшы қызметкерлерін 
тағайындауға (сайлауға) келісім беру
қағидаларына және келісім алу үшін 
қажетті құжаттар тізбесіне     
2-қосымша            

Нысан

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлтық Банкі Басқармасының 17.06.2015 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

№ ______________ хаттама                20 __ жылғы «____» __________

Комиссияның қаржы ұйымы, холдинг
басшы қызметкерлерiнiң лауазымына
кандидатты қарау нәтижелерi
________________________________________________________________
Кандидаттың тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болса), қаржы ұйымының,
холдингтің атауы

р/с №

Комиссия мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Қорытынды:
«келісу», «келісуден бас тарту»

Ескерту
(Комиссия мүшелерінің ерекше пікірі)

Қолдар

1

2

3

4

5






Комиссияның Төрағасы __________________________________

Комиссия шешімі: Келісілсін
                 Келісуден бас тартылсын

Қазақстан Республикасы 
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 ақпандағы
№ 95 қаулысына қосымша 

Күші жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасының
нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 12 маусымдағы № 157 қаулысы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2952 тіркелген).
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының «Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлері қызметіне кандидаттарды келісу ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 12 маусымдағы № 157 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2005 жылғы 19 ақпандағы № 35 қаулысы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3509 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2005 жылғы маусымда, № 15, 111-құжатында жарияланған).
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлері қызметіне кандидаттарды келісу ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 12 маусымдағы № 157 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 35 қаулысы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4168 тіркелген).
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінде құжаттарды ұсыну мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық кесімдерге толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2007 жылғы 30 наурыздағы № 76 қаулысымен (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4670 тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінде құжаттарды ұсыну мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық кесімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер тізбесінің 3-тармағы.
      5. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының «Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 12 маусымдағы № 157 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 120 қаулысы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4708 тіркелген).
      6. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 12 маусымдағы № 157 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» 2007 жылғы 25 маусымдағы № 169 қаулысы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4839 тіркелген).
      7. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 12 маусымдағы № 157 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 273 қаулысы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5123 тіркелген).
      8. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 12 маусымдағы № 157 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 29 қазандағы № 160 қаулысы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5408 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2008 жылғы 31 желтоқсанда № 197 (1597) жарияланған).
      9. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығындағы қызметті лицензиялау және басшы қызметкерлерді келісу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 232 қаулысының (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5523 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2009 жылғы 17 ақпанда № 24 (1621) жарияланған) 1-тармағы.
      10. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 12 маусымдағы № 157 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы» 2009 жылғы 27 ақпандағы № 21 қаулысы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5624 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2009 жылғы 15 мамырда № 72 (1669) жарияланған).
      11. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 12 маусымдағы № 157 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 26 қыркүйектегі № 211 қаулысы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5838 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2009 жылғы 26 қарашада № 181 (1778) жарияланған).
      12. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2010 жылғы 29 наурыздағы № 49 қаулысымен (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6204 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 3 қарашада № 456 (26299) жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер тізбесінің 4-тармағы.
      13. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 30 сәуірдегі № 58 қаулысымен (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6282 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 3 қарашада № 456 (26299) жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тізбесінің 1-тармағы.