Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылаудың кейбір мәселелері туралы

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2011 жылғы 12 тамыздағы № 1-НП нормативтік қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 6 қыркүйекте № 7164 тіркелді

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 141-бабының 23-1) тармақшасына, 145-бабының 4-2-тармағына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналар:
      1) Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары туралы үлгі ереже осы нормативтік қаулыға1-қосымшаға сай;
      2) Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесінің қызметін қалыптастыру және ұйымдастыру ережесі осы нормативтік қаулыға 2-қосымшаға сай бекітілсін.
      2. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетiнiң аппарат басшысы Е.Қ.Сыздықов бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде осы нормативтік қаулының мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
      3. Осы нормативтік қаулы алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Төраға                                       О. Өксікбаев

Республикалық бюджеттің атқарылуын
бақылау жөніндегі есеп комитетінің
2011 жылғы 12 тамыздағы     
№ 1-НП нормативтік қаулысына  
1-қосымша           

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың
тексеру комиссиялары туралы үлгi ереже

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағасының 2012.12.12 № 2-НП (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысы.

_________ облысы (қаласы)
мәслихатының 2012 жылғы
«___» _____ № __ шешiмiмен
бекiтiлген      

«__________ облысы (қаласы) бойынша тексеру комиссиясы»
мемлекеттiк мекемесi туралы
ЕРЕЖЕ

      Осы Ереже Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес __________ облысы (қаласы) бойынша тексеру комиссиясының мәртебесін, өкілеттіктерін және жұмысының ұйымдастырылуын айқындайды.

1. Жалпы ережелер

      1. _________ облысы (қаласы) бойынша тексеру комиссиясы (бұдан әрi – Тексеру комиссиясы) жергiлiктi бюджеттiң атқарылуына сыртқы мемлекеттiк қаржылық бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган болып табылады.
      2. Тексеру комиссиясы жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті ұсыну арқылы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мәслихатына (бұдан әрі – қала) тікелей есеп береді.
      3. Тексеру комиссиясы өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. Тексеру комиссиясы мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазынашылық органдарында есепшоттары болады.
      5. Тексеру комиссиясы азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. Тексеру комиссиясының егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. Тексеру комиссиясы өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, егер мұндай шешімді қабылдау осы Ережемен немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен Тексеру комиссиясы төрағасының құзыретіне жатқызылған болса, Тексеру комиссиясы төрағасының қаулылары немесе бұйрықтары түрінде шешім қабылдайды.
      8. Тексеру комиссиясының құрылымын Тексеру комиссиясының төрағасы, төрт мүшесі және аппараты құрайды. Тексеру комиссиясының штат саны лимитін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
      9. Тексеру комиссиясының заңды мекенжайы:
      (индексi, облысы, қаласы, көшесi, үйі).
      10. Мемлекеттік органның толық атауы – «________ облысы (қаласы) бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттiк мекемесi.
      11. Тексеру комиссиясының ережесiн _________ облысының (қаласының) мәслихаты бекiтедi.
      12. Осы Ереже Тексеру комиссиясының құрылтай құжаты болып табылады.
      13. Тексеру комиссиясының қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      14. Тексеру комиссиясына кәсіпкерлік субъектілерімен Тексеру комиссиясының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Тексеру комиссиясына Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Тексеру комиссиясының миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

      15. Тексеру комиссиясының миссиясы әкімшілік-аумақтық бірлікте қаржы тәртібін нығайту және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдаланудың тиімділігін арттыру болып табылады.
      16. Тексеру комиссиясының негізгі міндеттері:
      1) жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуына және мемлекет активтерiнiң пайдаланылуына жергiлiктi деңгейде сыртқы мемлекеттiк қаржылық бақылауды жүзеге асыру;
      2) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасы және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы, бюджет қаражаты мен мемлекет активтерiнiң пайдаланылуы саласындағы Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерi талаптарының сақталуын бақылау;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      3) тармақша жаңа редакцияда көзделген - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағасының 11.02.2014 11-НҚ нормативтік қаулысымен(01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
      3) жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын және мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларының, аумақтарды дамыту бағдарламаларының және бюджеттiк бағдарламалардың iске асырылуын бағалау.
      17. Тексеру комиссиясының функциялары:
      РҚАО-ның ескертпесі!
      1) тармақша жаңа редакцияда көзделген - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағасының 11.02.2014 11-НҚ нормативтік қаулысымен(01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
      1) мыналарды:
      жергiлiктi бюджеттiң атқарылуын, оның iшiнде Қазақстан Республикасы бюджет жүйесiнiң принциптерiне сәйкестігін;
      жергiлiктi мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларының, аумақтарды дамыту бағдарламаларының және бюджеттiк бағдарламалардың iске асырылуын бағалау;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      2) тармақша жаңа редакцияда көзделген - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағасының 11.02.2014 11-НҚ нормативтік қаулысымен(01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
      2) мыналарды:
      өз қызметiнiң бағыттары бойынша тиiмдiлiктi;
      бақылау объектiлерiнiң есепке алу және есептiлiктi жүргiзуiнiң анықтығы мен дұрыстығын;
      жергiлiктi бюджет қаражатын, оның iшiнде нысаналы трансферттер мен бюджеттiк кредиттер, байланысты гранттар, жергiлiктi атқарушы органдардың қарыздары, мемлекет активтерi түрiнде жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке бөлiнген қаражатты пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгiн;
      жергiлiктi бюджетке түсетiн түсiмдердiң толықтығы мен уақтылылығының қамтамасыз етiлуiн, сондай-ақ жергiлiктi бюджетке түсетiн түсiмдердiң артық (қате) төленген сомаларын қайтарудың және (немесе) есепке жатқызудың дұрыстығын;
      мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылау;
      3) жергiлiктi атқарушы органдарға, мемлекеттiк органдарға және мемлекеттiк қаржылық бақылау объектiлерiне жiберiлген ұсынымдар мен тапсырмалардың орындалуын мониторингілеу мен бақылау;
      4) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірліктің облыстың (қаланың) және аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихаттарына осы Ереженiң 4-тарауында белгiленген мерзiмде жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы туралы өзiнiң мазмұны бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірліктің жергiлiктi атқарушы органының тиiстi есебiне қорытынды болып табылатын жылдық есептi ұсыну;
      5) Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасын жетiлдiру жөнiнде ұсынымдар енгiзу;
      6) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің сұратуы бойынша жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы ақпарат ұсыну;
      18. Тексеру комиссиясының құқықтары мен міндеттері:
      Тексеру комиссиясы:
      1) Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiне мемлекеттiк бағдарламаларды бiрлескен (қосарлас) бақылауды жүзеге асыру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
      2) жергiлiктi бюджеттерге нысаналы трансферттер, кредиттер және қарыздар түрiнде бөлiнген республикалық бюджет қаражатын пайдалану мәселелерi бойынша Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi жүргiзетiн бақылау iс-шараларына қатысуға;
      3) лауазымды адамдардың кiнәсiнен болған бұзушылықтар анықталған жағдайда, тиiстi мемлекеттiк органдарға немесе оларды тағайындаған адамдарға осы лауазымды адамдардың атқарып отырған лауазымдарға сәйкестiгi туралы ұсыныстар енгiзуге;
      4) Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген iшкi бақылау жөнiндегi орган жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы бөлiгiнде жүргiзген бақылау нәтижелерi бойынша қабылданған актiлердi сұратуға;
      5) мемлекеттiк органдардан, мемлекеттiк қаржылық бақылау объектiлерiнен, жеке және заңды тұлғалардан құпиялылық режимiнiң, қызметтiк, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, жергiлiктi бюджеттiң атқарылуына сыртқы бақылауды жүргiзуге байланысты мәселелер бойынша бақылауды жоспарлауға және жүргiзуге қажеттi құжаттарды, анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсiнiктемелердi сұратуға және алуға;
      6) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі кодексінде көзделген өкілеттіктер шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар толтыруға;
      7) бақылауды жүргiзуге мемлекеттiк органдардың тиiстi мамандарын, сондай-ақ қажет болғанда жергiлiктi бюджеттен олардың көрсеткен қызметтерiне ақы төлей отырып, аудиторлық ұйымдарды, сарапшыларды тартуға;
      8) бақылау объектiсiнен құжаттандыру және сақтандыру мәселелерiн реттейтiн Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтай отырып, бақылау қорытындысын растайтын тиiстi материалдарды (дәлелдемелердi) кедергiсiз алуға;
      9) бақылау объектiлерi лауазымды адамдарының сыртқы мемлекеттiк қаржылық бақылауды жүргiзуге байланысты мәселелер бойынша есептерiн тыңдауға құқылы.
      Тексеру комиссиясы:
      1) Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн лауазымды адамдардың сақтамауының анықталған фактiлерi бойынша, сондай-ақ тиiмдiлiктi бақылау нәтижелерi бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мәслихаттарына ұсыныстар енгiзуге;
      2) бақылау объектiсiнiң лауазымды адамдарының iс-әрекеттерiнде қылмыстар немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар белгiлерi анықталған жағдайда, бақылау материалдарын құқық қорғау органдарына немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органдарға беруге;
      3) бақылау және талдамалық iс-шаралар барысында анықталған (анықталатын) бұзушылықтарды болғызбау жөнiнде шаралар қабылдауға;
      4) бақылау объектілеріне жүргізілген бұрынғы тексерулердің және мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының ұсынымдары мен ұсыныстары бойынша қабылданған шаралардың нәтижелерін талдауға және ішкі бақылау қызметтерінің қызметіне баға беруге міндетті.
      Ескерту. 18-тармаққа өзгеріс енгізілді - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 10.12.2014 № 5-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейінгі күні қолданысқа енгiзiледi) нормативтік қаулысымен.

3. Тексеру комиссиясының қызметін ұйымдастыру және оның
лауазымды адамдарының өкілеттіктері

      19. Тексеру комиссиясына басшылықты Тексеру комиссиясының төрағасы жүзеге асырады, ол Тексеру комиссиясына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
      20. Тексеру комиссиясының төрағасын мәслихат хатшысының ұсынысы бойынша облыс (қала) мәслихаты бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды және қызметінен босатады.
      21. Тексеру комиссиясы төрағасының өкілеттіктері:
      1) Тексеру комиссиясына жалпы басшылықты жүзеге асырады және оның жұмысын ұйымдастырады;
      2) Тексеру комиссиясына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарының орындалуына және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауда Қазақстан Республикасының Заңдарында көзделген жауаптылықта болады;
      3) Тексеру комиссиясының жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарларын бекітеді;
      4) Тексеру комиссиясының лауазымды адамдарының арасындағы міндеттерді бөледі;
      5) Қазақстан Республикасының өзге мемлекеттiк органдарында, ұйымдарында және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде Тексеру комиссиясының атынан өкiлдiк етедi;
      6) бекiтiлген штат саны және облыстық (қалалық) бюджетте көзделген қаражат шегiнде Тексеру комиссиясы аппаратының құрылымы мен штат кестесiн бекiтедi;
      7) «Мемлекеттiк қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңына сәйкес Тексеру комиссиясы аппаратының қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      8) «Мемлекеттiк қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңында белгiленген тәртiппен Тексеру комиссиясы аппаратының қызметкерлерiне тәртiптiк жаза қолданады;
      9) өз құзыретi шегiнде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар бередi, олардың орындалуын тексередi, Тексеру комиссиясының отырыстарында қабылданған қаулыларға және өзге де актiлерге, сондай-ақ Тексеру комиссиясы мүшелерiнің бақылау жүргiзуге арналған тапсырмаларына қол қояды;
      10) Тексеру комиссиясы қызметiнiң регламентiн бекiтедi;
      11) Тексеру комиссиясының жылдық (тоқсандық) жұмыс жоспары шеңберiнде жүзеге асырылатын бақылау iс-шараларының жоспарларын бекiтедi, бақылаудың кезеңдiлiгi мен ұзақтығын айқындайды;
      12) Тексеру комиссиясының мүшелерiне бақылау жүргiзуге тапсырмалар бередi;
      13) Тексеру комиссиясының құзыретi шегiнде бақылау iс-шараларын жүргiзуге қатысатын Тексеру комиссиясы аппараты қызметкерлерiнiң тобын айқындайды;
      14) Тексеру комиссиясы аппараты қызметкерлерi қызметiнiң, олар жүргiзген бақылаудың, оның iшiнде мемлекеттiк қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес бақылау объектiсiнде бола отырып жүргiзген бақылаудың жекелеген бағыттарының сапасына бақылау жүргiзудiң қажеттiгiн айқындайды;
      15) жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын және мемлекет активтерiнiң пайдаланылуын бақылау мәселелерiне қатысты құжаттамамен құпиялылық режимiнiң, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, кедергiсiз танысады;
      16) бақылау объектiлерiнен бақылау iс-шараларын жүргiзуге байланысты мәселелер бойынша қажеттi анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсiнiктемелердi талап етедi және өзi белгiлеген мерзiмде алады;
      17) Тексеру комиссиясы мүшелерiнiң кандидатуралары бойынша оларды тағайындау, сондай-ақ қызметiнен босату кезінде тиiстi мәслихаттың қарауына ұсыныстар енгiзеді;
      18) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірліктің мәслихатына аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы жылдық есептi ұсынуды Тексеру комиссиясы мүшелерiнiң бiрiне жүктейдi;
      19) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірліктің облыс (қала) және аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiгiнiң отырыстарына қатысуға құқылы;
      20) Тексеру комиссиясы төрағасының жанынан консультативтiк-кеңесшi және консультативтiк-сараптамалық органдар құрады;
      21) өзi болмаған жағдайда, Тексеру комиссиясы төрағасының мiндетiн Тексеру комиссиясы мүшелерiнiң бiрiне жүктейдi;
      22) Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Ескерту. 21-тармаққа өзгеріс енгізілді - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағасының 03.07.2013 № 4-НП нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      22. Тексеру комиссиясының мүшелерін Тексеру комиссиясы төрағасының ұсынысы бойынша облыс (қала) мәслихаты бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды және қызметінен босатады.
      23. Тексеру комиссиясы мүшелерінің өкілеттіктері:
      1) Тексеру комиссиясының бақылау, сараптамалық-талдамалық, ақпараттық және өзге де қызметiн ұйымдастырады және жүзеге асырады;
      2) өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтайды, тексерiлетiн бақылау объектiлерiнiң жұмыс iстеуiне кедергi жасамауы және олардың ағымдағы шаруашылық қызметiне араласпауы тиіс;
      3) жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау мәселелерiне қатысты құжаттамаға құпиялылық режимiнiң, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, кедергiсiз қол жеткiзе алады;
      4) бақылау объектiлерiнен бақылау iс-шараларын жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша қажеттi анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсiнiктемелердi талап етедi және өздерi белгiлеген мерзiмдерде алады;
      5) өз құзыретi шегiнде өздерi жетекшiлiк ететiн қызмет бағыттарының мәселелерi бойынша өз бетiнше шешiм қабылдайды;
      6) бақылауды тиімді ұйымдастыру үшін қажетті ресурстардың көлемін айқындай отырып, өз құзыреті шегінде бақылау бағдарламаларын бекітеді, бақылау қызметін ұйымдастыру бойынша міндеттердің бөлінуіне сәйкес ұсынымдарға қол қояды;
      7) Тексеру комиссиясы аппаратының қызметкерлерiне бекiтiлген жұмыс жоспарына сәйкес бақылау iс-шараларын жүргiзуге тапсырмалар бередi;
      8) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірліктің облыс (қала) және аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiгiнiң отырыстарына қатысуға құқылы;
      9) Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Ескерту. 23-тармаққа өзгеріс енгізілді - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағасының 03.07.2013 № 4-НП нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      24. Өз өкiлеттiктерiн iске асыру үшiн Тексеру комиссиясының төрағасы мен мүшелерi:
      1) бақылау нәтижелерi бойынша актiлердi қабылдайды;
      2) бақылау актiлерi негiзiнде бақылау нәтижелерi туралы қорытындылар жасайды;
      3) Тексеру комиссиясының қаулыларын қабылдайды;
      4) мемлекеттiк органдарға, ұйымдарға және лауазымды адамдарға жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы бойынша жұмыстағы анықталған бұзушылықтарды, кемшiлiктердi жою туралы, құқық қорғау органдарына – Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жауаптылыққа тарту мәселелерi бойынша қаулылар немесе ұсынымдар жолдайды.
      25. Анықталған кемшiлiктердi жою, мемлекетке келтiрiлген залалдың орнын толтыру және Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына кiнәлi лауазымды адамдарды жауаптылыққа тарту жөнiнде мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың басшыларына жiберiлген Тексеру комиссиясының қаулылары мен ұсынымдары оларда белгiлеген мерзiмдерде немесе, егер мерзiмi көрсетiлмеген болса, оларды алған күннен бастап жиырма күн iшiнде қаралуы тиiс.
      Тиiстi мемлекеттiк орган және ұйым қаулы мен ұсыным бойынша қабылданған шешiм туралы және оны iске асыру жөнiндегi шаралар туралы Тексеру комиссиясын дереу хабардар етедi.
      26. Тексеру комиссиясының төрағасы мен мүшелерiне облыс (қала) мәслихатының хатшысы қол қоятын куәлiктер берiледi.
      27. Тексеру комиссиясы төрағасының немесе мүшесінің жұмыстан босату туралы өтініші оның себебі көрсетіле отырып, облыстың (қаланың) мәслихатына беріледі.
      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағасының 03.07.2013 № 4-НП нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      28. Тексеру комиссиясы мүшесінің жұмыстан босату туралы өтініші Тексеру комиссиясының төрағасын алдын ала хабардар ете отырып беріледі. төрағасын алдын ала хабардар ете отырып берiледi.
      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағасының 03.07.2013 № 4-НП нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      29. Облыстың (қаланың) мәслихаты Тексеру комиссиясы төрағасының немесе мүшесінің өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасында көзделген жағдайларда тоқтатады.
      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағасының 03.07.2013 № 4-НП нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      30. Тексеру комиссиясының төрағасы немесе мүшесi лауазымына жоғары бiлiмi және мемлекеттiк басқару, экономика, қаржы, құқық саласында кемiнде жетi жыл тәжiрибесi бар Қазақстан Республикасының азаматы тағайындалады.
      31. Тексеру комиссиясы төрағасының, мүшесiнiң қызметі олар осы қызметтен кеткен немесе осы қызметте болу мерзiмi аяқталған күннен бастап екi ай iшiнде ауыстырылады.
      Тексеру комиссиясының төрағасы, мүшесi атқаратын қызметтерiнде болу мерзiмi аяқталғаннан кейiн оларды ауыстырғанға дейiн міндеттерін атқарушы ретiнде өз қызметін жүзеге асыруды жалғастырады.
      32. Алып тасталды - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағасының 03.07.2013 № 4-НП нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      33. Тексеру комиссиясының бақылау iс-шараларын, сапаны бақылауды, сараптамалық-талдамалық, ақпараттық, құқықтық, консультативтiк, ұйымдастырушылық және өзге де қызметтi жүргiзуiн қамтамасыз етудi Тексеру комиссиясының аппараты жүзеге асырады, ол «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерінен (бұдан әрi - аппарат қызметкерлерi) тұрады.
      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағасының 03.07.2013 № 4-НП нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      34. Аппарат қызметкерлерiнiң құқықтары, мiндеттерi мен жауаптылығы, сондай-ақ олардың мемлекеттiк қызметтi өткеру жағдайлары мемлекеттiк қызмет туралы заңнамамен, еңбек заңнамасымен, осы Ережемен айқындалады.
      35. Тексеру комиссиясы аппаратының қызметкерлерi «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 25-2-бабының 5-тармағына сәйкес кейiннен сертификатталу арқылы бiлiктiлiктерін арттырудан өтуге міндетті.
      36. Тексеру комиссиясының қызметi тек қана Тексеру комиссиясының төрағасы бекiтетiн жылдық және тоқсандық жоспарларға сәйкес жүзеге асырылады.
      37. Бекiтiлген жұмыс жоспарлары ақпарат үшiн Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiне, сондай-ақ оның сұратуы бойынша бекiтiлген жоспарларға енгiзiлген өзгерiстер туралы мәлiметтер жiберiледi.
      38. Сапаны бақылауды қоспағанда, Тексеру комиссиясының жылдық және тоқсандық жоспарлары бақылауды жүзеге асыру үшiн негiз болып табылады.
      39. Бақылау қызметiн жоспарлау мен жүргізу Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 145-бабының 4-3-тармағына сәйкес Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi бекiтетiн тәуекелдердi басқарудың үлгi жүйесi негiзiнде жүзеге асырылады.
      40. Облыстың (қаланың) Тексеру комиссиясының бақылау iс-шараларының жылдық жоспары әрі облыстық (қалалық) бюджеттен, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнен қаржыландырылатын бақылау объектілерін, әрі жергiлiктi бюджетке түсетiн түсiмдердiң толықтығы мен уақтылылығын, сондай-ақ жергiлiктi бюджетке түсiмдердiң артық (қате) төленген сомаларын қайтарудың және (немесе) есептеудiң дұрыстығын бақылауды жүзеге асыратын, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бақылау объектiлерiн қамтуы тиіс.
      41. Тексеру комиссиясы өзiнiң бақылау қызметiн жүзеге асыру кезiнде бақылау объектiсiнен тәуелсiз болады. Тексеру комиссиясының тәуелсiздiгi:
      1) Тексеру комиссиясының қызметiне мемлекеттiк органдардың және өзге ұйымдардың заңсыз араласуына жол бермеу;
      2) мемлекеттiк органдардың сұратуы бойынша Тексеру комиссияларының қызметкерлерiн Тексеру комиссиясының жұмыс жоспарларында көзделмеген тексерулердi жүргiзуге тартуға жол бермеу;
      3) өз қызметiн жүзеге асыру үшiн тиiстi жағдайлар жасау;
      4) Тексеру комиссиясының қызметін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген шекте және тәртіппен жеткілікті мөлшерде қаржыландыру жолымен қамтамасыз етiледi.
      42. Мемлекеттік органдар Тексеру комиссиясының қаржылық қызметiн бақылауды облыс (қала) мәслихатының келiсiмiмен немесе тапсырмасы бойынша жүзеге асырады.
      43. Бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар Тексеру комиссиясына оның мiндеттерiн орындауда жәрдем көрсетедi, құпиялылық режимiнiң сақталуын ескере отырып, өздерi жүргiзген тексерулердiң нәтижелерi туралы ақпаратты оның сұратуы бойынша бередi.
      44. Тексеру комиссиясының шешiмдерiн қабылдау алқалы түрде отырыста жүзеге асырылады.
      45. Тексеру комиссиясының отырысында Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiне ұсынылатын ақпараттың және тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірліктің мәслихаттарына ұсынылатын есептердiң құрылымы, мазмұны мақұлданады, бақылау iс-шараларының қорытындылары, жоспарлау, әдiснама мәселелерi, алқалы шешiмдi талап ететiн өзге де мәселелер қаралады.
      46. Тексеру комиссиясының отырыстары ашық немесе жабық түрде өтедi. Тексеру комиссиясының шешiмдерi Тексеру комиссиясының отырысқа қатысушы құрамының жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағалық етушi дауыс берген шешiм қабылданды деп есептеледi.
      47. Тексеру комиссиясының отырыстарын жүргiзудiң тәртiбi, жұмысты ұйымдастыру мәселелерi және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын және мемлекет активтерiнiң пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз ету жөнiндегi басқа да мәселелер Тексеру комиссиясының регламентiмен айқындалады.

4. Тексеру комиссиясының есептілігі

      48. Тексеру комиссиясы жыл сайын есептi қаржы жылындағы жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы туралы есеп (бұдан әрi – жылдық есеп) жасайды.
      49. Жылдық есеп:
      1) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірліктің облыстық (қалалық) бюджетiнiң, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң негiзгi параметрлерiнiң орындалуын;
      2) жергiлiктi бюджеттердiң түсiмдерi мен шығыстарын;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      3) тармақша жаңа редакцияда көзделген - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағасының 11.02.2014 11-НҚ нормативтік қаулысымен(01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
      3) жергiлiктi мемлекеттiк органдардың өздерiнiң стратегиялық жоспарларында көзделген тiкелей және түпкiлiктi нәтижелерге қол жеткiзуiн, аумақтарды дамыту, оның iшiнде өткен кезеңдердегi бағдарламаларының және жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың iске асырылуын;
      4) жергiлiктi бюджет қаражатының, оның iшiнде нысаналы трансферттер мен бюджеттiк кредиттердiң, байланысты гранттардың, жергiлiктi атқарушы органдардың қарыздарының, жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жобаларды қоса қаржыландырудың және мемлекет активтерiнiң пайдаланылуын;
      5) бақылау объектiлерiнiң есепке алу және есептiлiктi жүргiзуiнiң анықтығы мен дұрыстығын бағалауды қамтиды.
      50. Жылдық есепте тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірліктің жергiлiктi атқарушы органының жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы туралы есебi жөнiнде қорытынды берiледi, Тексеру комиссиясының есептi жылдағы қызметiнiң негiзгi көрсеткiштерi, анықталған қаржылық бұзушылықтардың құрылымы, сондай-ақ есептi жылы қаулылар мен ұсынымдардың орындалғаны туралы сандық деректер және олардың атқарылғаны туралы ақпарат көрсетiледi.
      51. Тексеру комиссиясы мақұлдаған жылдық есеп ағымдағы жылдың 20 мамырына дейiн тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірліктің облыс (қала) мәслихатына, ағымдағы жылдың 20 сәуiріне дейiн аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатына қарауға және бекiтуге жiберiледi. Жылдық есептi мәслихатқа ұсынуды Тексеру комиссиясының төрағасы жүзеге асырады.
      Тексеру комиссиясы төрағасының шешiмi бойынша облыс (қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы жылдық есептi қоспағанда, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы жылдық есептi мәслихатқа ұсыну Тексеру комиссиясы мүшелерiнiң бiрiне жүктелуi мүмкiн.
      52. Жылдық есеп мәслихат бекiткеннен кейiн «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы Заңының талаптары сақтала отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады.

5. Тексеру комиссиясының мүлкі

      53. Тексеру комиссиясының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      54. Тексеру комиссиясының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптасады.
      55. Тексеру комиссиясына бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      56. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Тексеру комиссиясының өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иелігінен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
      57. Тексеру комиссиясының төрағасын, мүшелерін және аппарат қызметкерлерін материалдық-техникалық және медициналық қамтамасыз ету, сондай-ақ оларға көліктік қызмет көрсету Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

6. Тексеру комиссиясын қайта ұйымдастыру және тарату

      58. Тексеру комиссиясын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Облыстардың, облыстық    
маңызы бар қалалардың,   
астананың тексеру комиссиясы
туралы үлгі ережеге қосымша

Тексеру комиссиясы аппаратының ұсынылатын құрылымы
(аппарат басшысының және аппарат басшысы орынбасарының,
сондай-ақ аудандардағы өкiлдiң лауазымдары көзделмеген)

      Қосымша алып тасталды - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағасының 03.07.2013 № 4-НП нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Республикалық бюджеттің 
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің 2011 жылғы
12 тамыздағы № 1-НП  
нормативтік қаулысына 
2-қосымша       

Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының үйлестіру
кеңесінің қызметін қалыптастыру және ұйымдастыру ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің (бұдан әрі – Есеп комитеті) жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
      2. Кеңес қызметінің мақсаты ең өзекті проблемаларды алқалы түрде талқылау жолымен жұмысты ұйымдастырудың бірыңғай принциптері мен әдіснамасы негізінде сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарын қалыптастыруға және олардың өзара тиімді іс-қимыл жасауына, сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау саласындағы заңнаманы, олардың жұмыс істеуінің ұйымдастырушылық негіздерін, Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 7 сәуірдегі № 788 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын (бұдан әрі – Стандарттар) бірыңғай қолдануға жәрдемдесу, бюджетті атқару кезіндегі қаржылық тәртіпті бюджеттің барлық деңгейінде нығайту, Есеп комитеті мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тексеру комиссияларының қызметін ұйымдастыруда айқындық пен объективтілікті қамтамасыз ету, бақылау жүргізу және оның нәтижелері бойынша объективті шешім қабылдау кезінде мемлекеттік басқару органдарының араласуын және ықпалын болдырмау, сондай-ақ жұртшылықтың мемлекеттік билікке деген сенімін нығайту болып табылады.
      3. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

2. Кеңестің негізгі міндеттері мен өкілеттіктері

      4. Кеңестің негізгі міндеттері:
      1) мыналар:
      мемлекеттік қаржылық бақылау саласындағы заңнаманы жетілдіру;
      сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау жүргізудің әдіснамалық негіздерін жетілдіру;
      бақылау және талдау іс-шараларын жоспарлау, ұйымдастыру және жүргізу кезінде сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының өзара іс-қимылы тетігінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
      2) мемлекеттік қаржылық бақылаудың маңызды теориялық және практикалық мәселелері мен проблемалары бойынша қаржылық бақылау органдарының өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
      3) мемлекеттік қаржылық бақылауды жетілдіру саласындағы идеялармен және тәжірибемен өзара алмасуға жүйелі сипат беру;
      4) мынаған:
      бірлескен және/немесе параллель бақылау және талдау іс-шараларын жүргізуге;
      сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жолымен кәсіби дағдыларын сақтауды қамтамасыз етуге;
      бақылау объектілері және басқа басқару органдары тарапынан заңсыз ықпалдардан бақылау органдары мен олардың қызметкерлерінің функционалдық және кәсіби қызметі мәселелерінде тәуелсіздігін қамтамасыз етуге жәрдемдесу болып табылады.
      5. Кеңес өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін өз құзыреті шегінде:
      1) мемлекеттік органдармен, қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасауға, сондай-ақ жұмыс топтарын құруға;
      2) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар мен ұйымдардан Кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпарат сұратуға және алуға;
      3) бақылаудың сапасын арттыру, мемлекеттік қаржылық бақылау саласындағы заңнаманы бірыңғай қолдану практикасын қалыптастыру үшін сыртқы қаржылық бақылау органдарынан бақылау актілерін, қорытындылар мен есептерді олардың қорытындысы бойынша сұратуға;
      4) өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсынымдар әзірлеуге және ұсыныстар енгізуге;
      5) сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарына, Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің Палаталарына, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының мәслихаттарына сыртқы қаржылық бақылау органдарының тәуелсіздігін бақылау объектілерінің шектеу фактілері туралы ақпарат (ұсыныстар) енгізуге;
      6) мемлекеттік қаржылық бақылаудың өзекті теориялық және практикалық проблемалары бойынша ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар, мамандандырылған курстар, бірлескен зерттеулер ұйымдастыруға жәрдем көрсетуге;
      7) Кеңестің құрылу мақсатын іске асыруға бағытталған шараларды қабылдауға байланысты өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.

3. Кеңестің қызметін ұйымдастыру

      6. Кеңес облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тексеру комиссияларының төрағаларынан, Есеп комитетінің Төрағасы мен екі мүшесінен тұрады.
      7. Кеңестің құрамы тиісті жылдың 10 қаңтарынан кешіктірілмей, Есеп комитеті Төрағасының бұйрығымен бекітіледі.
      8. Кеңесті төраға – Есеп комитетінің Төрағасы басқарады, ол оның қызметіне басшылық етеді, отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады.
      9. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын ол тағайындаған Кеңес мүшелерінің бірі орындайды.
      10. Кеңестің ағымдағы жылғы бірінші отырысында жұмыс жоспары, отырыстардың кезеңділігі, жауапты орындаушылар, Кеңес мүшелерінің Кеңес төрағасының атына енгізген ұсыныстары қаралады.
      11. Есеп комитетінің аппараты (бұдан әрі – Жұмыс органы) Кеңестің жұмыс органы болып табылады. Кеңестің әрбір мүшесі тиісті кезеңнің 15 қаңтарынан кешіктірмей Жұмыс органына жауапты орындаушының кандидатурасын ұсынады, онымен Кеңестің алдына қойылған міндеттерді іске асыру үшін үйлестіру жүзеге асырылатын болады.
      12. Жұмыс органы:
      1) Кеңес отырысының күн тәртібін қалыптастырады;
      2) Кеңестің шешімдерін орындауды қамтамасыз етеді және бақылайды;
      3) Кеңес мүшелерінің және оның қызметіне тартылған мамандардың жұмысын үйлестіреді;
      4) Кеңестің отырысына шығарылатын мәселелер бойынша алдын ала талдау жүргізеді және олар бойынша қорытынды дайындайды.
      13. Жұмысты ұйымдастыруды, Кеңес отырысына тиісті құжаттар мен материалдарды дайындауды және хаттаманы ресімдеуді Кеңес хатшысы жүзеге асырады, оны Кеңес төрағасы жұмыс органы қызметкерлерінің ішінен тағайындайды.
      Хатшы Кеңестің мүшесі болып табылмайды.
      14. Кеңес отырыстарында қаралатын мәселелердің тізбесі оның мүшелерінің ұсынысы бойынша не жұмыс жоспарына сәйкес жасалады.
      15. Кеңес отырыстарының материалдары Кеңес мүшелеріне Кеңестің отырысына дейін он жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі.
      16. Кеңес отырысы жарты жылда кемінде бір рет өткізіледі және егер оларға оның мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы қатысса, заңды болып саналады. Шұғыл шешім қабылдау қажет болған жағдайда, төрағаның шақыруымен Кеңестің кезектен тыс отырысы өткізілуі мүмкін.
      Кезектен тыс отырысты төраға өз бастамасы бойынша, ол болмаған жағдайда оны алмастырушы тұлға шақырады. Кезектен тыс отырысқа бастамашылық жасау Кеңес құрамының 1/2 қолдаған Кеңес мүшелерінің бастамасымен жүзеге асырылуы мүмкін.
      17. Кеңес отырыстарының нәтижелері бойынша төраға қол қоятын хаттама жасалады. Кеңестің шешімі ашық дауыс беру жолымен көпшілік дауыспен қабылданады және егер оған Кеңестің отырысына қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданды деп саналады.
      18. Кеңестің мүшелері ерекше пікір білдіруге құқығы бар, ол айтылған жағдайда жазбаша түрде баяндалуы және Кеңес отырысының хаттамасына қоса берілуі тиіс.
      19. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тексеру комиссияларының аумағында көшпелі отырыстар өткізуге жол беріледі.
      Көшпелі отырыстарды өткізу кезінде Жұмыс органына облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тексеру комиссияларының тиісті аппараттарымен бірлесіп оларды ұйымдастыру жүктеледі.