"Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылаудың кейбір мәселелері туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2011 жылғы 12 тамыздағы № 1-НП нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағасының 2013 жылғы 03 шілдедегі № 4-НП нормативтік қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 22 шілдеде 8574 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Төрағасының 2015 жылғы 28 қарашадағы № 11-НҚ нормативтік қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-бабын және 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабын басшылыққа алып, қалалық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Атырау қалалық әкімдігінің 2012 жылғы 15 ақпандағы № 263 "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына (бұдан әрі - Қаулы) (2012 жылғы 21 ақпанда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4-1-155 болып тіркелген, облыстық "Атырау" газетінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 24 (19408) санында жарияланған) төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
      Қаулының 1 қосымшасының 18 және 21 тармақтары келесі редакцияда жазылсын:
      "18. Балықшы ауылдық округі
      21. Жұмыскер ауылдық округі", әрі қарай мәтін бойынша.
      2. "Атырау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Атырау қалалық әкімдігінің интернет-ресурсында және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А. Қарабаеваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне еніп, ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 С. Айдарбеков