Ескерту. Күші жойылды - ҚР Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Төрағасының 28.11.2015 № 11-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 тамыздағы № 917 Жарлығымен бекітілген Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi (бұдан әрі – Есеп комитеті) туралы ереженің 19-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Есеп комитеті ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Есеп комитетінің кейбір нормативтік қаулыларына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Заң бөлімі заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
2) осы нормативтік қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы нормативтік қаулыны Есеп комитетінің Интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Нормативтік қаулының орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейінгі күні қолданысқа енгiзiледi.
Төрағаның
міндетін атқарушы И. Ақпомбаев
Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің
2014 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 5-НҚ нормативтік қаулысымен
бекітілген
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің кейбір нормативтік қаулыларына
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу қағидасын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2013 жылғы 16 сәуірдегі № 3-НП нормативтік қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8466 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2013 жылғы 5 маусымда № 141 (28080); 2013 жылғы 19 маусымда № 151 (28090), 2014 жылғы 22 қазанда № 206 (28429) жарияланған):
көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу қағидасында:
56-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) республикалық бюджет қаражатын, оның ішінде жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке бөлінген нысаналы трансферттер мен кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің орындалуын қаржыландыруды, сондай-ақ мемлекеттің кепілгерліктері мен активтерін пайдаланудың заңнама нормаларына, соның ішінде оларды жоспарлауға, қалыптастыруға, бөлуге және пайдалануға байланысты сәйкестігі;»;
71-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«71. Бақылау объектісінің лауазымды адамдары бақылау объектісіне кіргізуден бас тартқан жағдайда, бақылаушылар осы Қағидаға 14-қосымшаға сай нысан бойынша бақылау объектісіне кіргізуден бас тарту фактісі бойынша акт жасап, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексінің (бұдан әрі – ӘҚтК) негізінде және онда көзделген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырады.»;
3-параграфтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтыру,сондай-ақ әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар белгілерін қамтитын анықталып отырған фактілер бойынша дәлелдер жинау»;
93, 94-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«93. Егер бақылау объектісінің басшысы Бақылау объектісі басшысының міндеттерін атқару жөніндегі талапта көрсетілген мерзім аяқталған соң да Бюджет кодексінің 146-бабында көзделген міндеттерін орындамаса, бақылаушы – анықталған күні, ал әкімшілік құқық бұзушылықтың мән-жайларын және жеке тұлғаның жеке басын қосымша анықтау қажет болған жағдайда, көрсетілген деректер анықталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ӘҚтК негізінде және онда көзделген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырады, оның жобасы ӘҚтК-де белгіленген мерзім шегінде ол ұсынылған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшемен келісіледі.
94. Бақылау жүргізу барысында бюджет қаражатын пайдалану саласында анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама дереу тиісті тексеру аяқталғаннан кейін толтырылады. Сараптама жүргізу қажет болған жағдайда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама сараптаманың қорытындысы алынған күнінен бастап,екі тәулік ішінде толтырылады.»;
95-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«95. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған кезде өзіне қатысты іс қозғалған лауазымды адамға, сондай-ақ іс бойынша іс жүргізудің басқа да қатысушыларына ӘҚтК-де көзделген олардың құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі, бұл туралы хаттамаға белгі қойылады.»;
98-тармақ алынып тасталсын;
99-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«99. Бақылау объектісінің лауазымды адамдарының іс-әрекетінде Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі Қылмыстық кодексінің баптарымен көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар белгілері және олар бойынша қарау мен процестік шешім қабылдау әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) құзыретіне жататын әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайда, бақылаушылар кейіннен құқық қорғау органдарына және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайтын уәкілетті органдарға (лауазымды адамдарға) беру үшін құқық бұзушылыққа жол берген адамнан жазбаша түсініктемелер және анықталған құқық бұзушылықтың белгілерін растайтын, лауазымды адамдардың қолымен немесе ұйымның мөрімен расталған құжаттардың түпнұсқаларының көшірмелерін (бұдан әрі – құжаттар тізбесі) жасауды талап етеді:»;
190-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«190. Есеп комитетіне келіп түскен бақылау актісіне қарсылықтарды Есеп комитетінің бақылауға жауапты мүшесі бақылаушылармен, бақылауды жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысымен, құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкерлерімен, бақылауды жүзеге асыруға тартылған сарапшылармен, мемлекеттік органдардың мамандарымен, аудиторлық ұйымдардың қызметкерлерімен бірге бақылау іс-шарасы бойынша тексеру аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде қарайды, содан кейін бақылау объектісіне қарсылықтың әрбір тармағы бойынша қабылданған және қабылданбаған дәлелдерді көрсете отырып, дәлелді жауап береді. Бақылау объектісінің бақылау актісіне ұсынған түсініктемелері оған жауап дайындалмастан назарға алынады.»;
225-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«225. Бақылау объектісі Есеп комитеті Қаулыларының (Ұсынымдарының) шешімдерін орындау жөніндегі ақпаратты тиісті мерзімде ұсынбаған жағдайда, Есеп комитетінің мүшесі бақылау объектісіне кемінде екі жұмыс күнінен кешіктірмей ЭҚАБЖ (болған жағдайда) арқылы және қағаз түрінде почтамен әкімшілік жауапкершілік туралы ескерту жолдайды.»;
13-қосымшада:
1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) бақылау актiсiн жүргiзiлген бақылау нәтижелерiмен танысуға берген күннен бастап үш күн мерзiмде белгiленген тәртiппен бақылау актiсiне қол қоюға міндетті. Нәтижелермен келiспеген жағдайда, бақылау актiсiне қарсылықтың болғаны туралы ескертпемен қол қойылады. Қарсылықтар бақылау актісіне қоса беріледі немесе бақылау актісі танысуға және қол қоюға берілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде ұсынылады.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Бюджет кодексінің 149-бабы 2-тармағының негізінде мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының лауазымды адамдарына олардың өз құзыреттерiне сәйкес қызметтiк мiндеттерiн орындауына бақылау жүргiзуге жiберуден бас тарту, қажеттi құжаттарды, материалдарды, қызмет туралы ақпаратты және өзге де мәлiметтердi беруден бас тарту, анық емес ақпарат беру түрiндегi кедергi келтiру, бақылауды жүзеге асыруға өзге де кедергi жасау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқтырады.»;
22-қосымшада:
Сапаны бақылауды жүзеге асыру бойынша әдістемелік ұсынымдардың 18-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Жиынтық тізілімге, Қорытындының тұжырымдары мен ұсыныстарына заң сараптамасын жүргізу кезінде құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше құжаттардың қажетті тізбесінің және бақылау объектілерінің лауазымды және өзге де адамдарының әрекеттерінде Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі Қылмыстық кодексінде көзделген қылмыс белгілерінің бар-жоғын қарайды.»;
көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссияларының сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу қағидасында:
3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) тиімділікті бақылау – сәйкестікке бақылау жасау және қаржылық есептілікті бақылау негізінде жүргізілетін бағалау, мемлекеттік, салалық және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерліктері мен активтерін пайдалануды бағалау, сондай-ақ мемлекеттік орган және квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің экономиканың немесе жеке алғанда экономика саласының, әлеуметтік саланың, мемлекеттік басқарудың басқа да салаларының дамуына тигізетін әсерін кешенді және объективті талдау;»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Бақылау жергілікті бюджеттің атқарылуын, бюджеттік бағдарламалардың, аумақтарды дамыту бағдарламаларының іске асырылуын, бюджет процесіне қатысушылардың, сондай-ақ басқа да бюджет қаражатын алушылардың, байланысты гранттарды, мемлекет активтерін, жергілікті атқарушы органдардың қарыздарын, бюджеттік инвестицияларды пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі – бақылау объектілері) оларды жоспарлауға, қалыптастыруға, бөлуге, пайдалануға байланысты заңнамалардың нормаларын сақтауын мониторингтеу, салыстыру, бағалау және талдау жүйесі қолданыла отырып жүргізіледі.»;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Деректер базасы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының бұрын жүргізген бақылау іс-шараларының нәтижелерін көрсете отырып, ағымдағы, күрделі шығындардың түрлері бойынша жергілікті атқарушы органдардың және басқа да бюджет қаражатын алушылардың, салықтық және салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдердің бөлінісінде ББӘ, бюджеттік бағдарламалар жөніндегі ақпаратты қамтиды. Сондай-ақ деректер базасында бағдарламалық құжаттардың (аумақтарды дамыту бағдарламаларының) және инвестициялық жобалардың іске асырылуы көрсетіледі.»;
46-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;
48-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) аумақтарды дамыту бағдарламаларының, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер;»;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) жалпы сипаттағы трансферттер көлемдері туралы заңға (облыстық мәслихат шешіміне) сәйкес, шығыстардың жекелеген бағыттарын жергілікті бюджеттен қаржыландыру көлемі;»;
49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«49. Сәйкестікке бақылау жасау кезінде Бақылау бағдарламасында бюджет, салық заңнамасы нормаларының, бақылау объектісінің қызметін реттейтін және регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер ережелерінің, қаржылық есептілікті ұйымдастырудың, жасаудың және ұсынудың белгіленген тәртібінің сақталуы мәселелері қамтылады.»;
52-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Аумақтарды дамыту бағдарламаларын бағалаудың критерийлерін айқындау кезінде «Мемлекеттік бағдарламаларға, орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына, аумақтарды дамыту бағдарламаларына және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларына бағалау жүргізу ережесін бекіту туралы» Есеп комитетінің 2010 жылғы 1 шілдедегі № 17-қ қаулысын басшылыққа алған жөн (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6371 тіркелген).»;
61-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«61. Бақылау объектісінің лауазымды адамдары бақылау объектісіне кіргізуден бас тартқан жағдайда, бақылаушылар осы Қағидаға 13-қосымшаға сай нысан бойынша бақылау объектісіне кіргізуден бас тарту фактісі бойынша акт жасап, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексінің (бұдан әрі – ӘҚтК) негізінде және онда көзделген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырады.»;
3-параграфтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтыру, сондай-ақ әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар белгілерін қамтитын анықталып отырған фактілер бойынша дәлелдер жинау»;
82, 83-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«82. Егер бақылау объектісінің басшысы Бақылау объектісі басшысының міндеттерін атқару жөніндегі талапта көрсетілген мерзім аяқталған соң да Бюджет кодексінің 146-бабында көзделген міндеттерін орындамаса, бақылаушы – анықталған күні, ал әкімшілік құқық бұзушылықтың мән-жайларын және жеке тұлғаның жеке басын қосымша анықтау қажет болған жағдайда, көрсетілген деректер анықталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ӘҚтК негізінде және онда көзделген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырады, ол ұсынылған күннен бастап, бір жұмыс күні ішінде заң қызметімен (заңгермен) келісіледі.
83. Бақылау жүргізу барысында бюджет қаражатын пайдалану саласында анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама дереу тиісті тексеру аяқталғаннан кейін толтырылады. Сараптама жүргізу қажет болған жағдайда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама сараптаманың қорытындысы алынған күнінен бастап,екі тәулік ішінде толтырылады.»;
84-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«84. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған кезде өзіне қатысты іс қозғалған лауазымды адамға, сондай-ақ іс бойынша іс жүргізудің басқа да қатысушыларына ӘҚтК-де көзделген олардың құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі, бұл туралы хаттамаға белгі қойылады.»;
87-тармақ алынып тасталсын:
88-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«88. Бақылау объектісінің лауазымды адамдарының іс-әрекетінде Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі Қылмыстық кодексінің баптарымен көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар белгілері және олар бойынша қарау мен процестік шешім қабылдау әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) құзыретіне жататын әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайда, бақылаушылар кейіннен құқық қорғау органдарына және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайтын уәкілетті органдарға (лауазымды адамдарға) беру үшін құқық бұзушылыққа жол берген адамнан жазбаша түсініктемелер және анықталған құқық бұзушылықтың белгілерін растайтын, лауазымды адамдардың қолымен немесе ұйымның мөрімен расталған құжаттардың түпнұсқаларының көшірмелерін (бұдан әрі – құжаттар тізбесі) жасауды талап етеді:»;
100-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«100. Кешенді бақылауға қойылған міндеттерді іске асыруға тартылған басқа да бақылау объектілерін қамти отырып, бақылау объектілерінің нақты кезеңдегі барлық мәселелер бойынша қызметі жатады, оның нәтижелері бойынша мемлекеттің барлық ресурстарының, қаржы және өзге активтерінің пайдаланылуына, аумақтарды дамыту бағдарламаларын, бюджеттік бағдарламаларды, қойылған әлеуметтік-экономикалық мақсаттар мен міндеттерді іске асыру бойынша басқа мемлекеттік органдар – бірлесіп орындаушылармен үйлестіруге және өзара іс-қимылдарына, мемлекеттік функциялардың орындалуына және мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіне, бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылылығына, бюджетке түсетiн түсiмдердiң артық (қате) төленген сомаларының қайтарылуына және (немесе) есепке жатқызылуына баға беріледі.»;
150-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«150. Тексеру комиссиясына келіп түскен бақылау актісіне қарсылықтарды Тексеру комиссиясының бақылауға жауапты мүшесі Тексеру комиссиясының бақылаушыларын тарта отырып, бақылау іс-шарасы бойынша тексеру аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде қарайды және осыдан кейін бақылау объектісіне қарсылықтың әрбір тармағы бойынша қабылданған және қабылданбаған дәлелдері көрсетілген дәлелді жауап жібереді. Бақылау объектісінің бақылау актісіне ұсынған түсініктемелері оған жауап дайындамастан назарға алынады.»;
мынадай мазмұндағы 156-1-тармағымен толықтырылсын:
«156-1. Бірлескен бақылаудың қорытындысы бойынша республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатына жеке-жеке жиынтық тізілім қалыптастырылады.»;
165, 166, 167, 168, 169-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«165. Қорытындыға бақылау объектісінің осы Қағидада белгіленген тәртіппен қаралмаған қарсылықтары бар бұзушылық фактілерін енгізуге жол берілмейді.
166. Бақылаудың нәтижелері бақылау бағыттарының ерекшеліктерін ескере отырып, бақылаудың үлгісіне, түріне және объектісіне сәйкес жүйеге келтіріліп, мына бағыттар:
1) аумақтарды дамыту бағдарламаларының, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету;
2) мемлекеттік органның аумақтарды дамыту бағдарламаларын, бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға немесе жекелеген әлеуметтік және экономикалық міндеттерді шешуге бағытталған қызметі;
3) бюджет қаражатын, оның ішінде трансферттерді, кредиттерді байланысты гранттарды, жергілікті атқарушы органдардың қарыздарын игерудің, бюджеттік бағдарламалар бойынша түпкілікті мақсаттар мен нәтижелерге қол жеткізудің, мемлекет активтерін пайдаланудың нәтижелілігі дәрежесі;
4) жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылылығы, сондай-ақ жергiлiктi бюджетке түсетiн түсiмдердiң артық (қате) төленген сомаларын қайтарудың және (немесе) есепке жатқызудың дұрыстығы;
5) қаржы активтерін сатып алу, оларды сатудан бюджетке түскен қаражат түсімдері бойынша бақылау нәтижелері;
6) Тексеру комиссиясы шешімдерінің орындалу сапасын постбақылаудың нәтижелері бойынша көрсетіледі.
167. Қорытынды Тексеру комиссиясы қаулысының (ұсынымының) жобасын дайындау үшін негіз болып табылады.
168. Тексеру комиссиясының қаулысы әкімшілік рәсімдер туралы заңнамада белгіленген деректемелерді қамтиды.
169. Тексеру комиссиясының отырысында жүргізілген бақылау іс-шараларының қорытындылары қаралады. Қаулы бақылауға жауапты лауазымды адамның ақпаратын тыңдаудың қорытындысы бойынша қабылданады.»;
182-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«182. Бақылау объектісі Тексеру комиссиясы Қаулыларының (Ұсынымдарының) шешімдерін орындау жөніндегі ақпаратты тиісті мерзімде ұсынбаған жағдайда, Тексеру комиссиясының мүшесі бақылау объектісіне кемінде екі жұмыс күнінен кешіктірмей ЭҚАБЖ (болған жағдайда) арқылы және қағаз түрінде почтамен әкімшілік жауапкершілік туралы ескерту жолдайды.»;
4-қосымша осы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің кейбір нормативтік қаулыларына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға 1-қосымшаға сай редакцияда жазылсын;
6-қосымшада:
1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) __________________________________________________________
__________________________________________________________
__________________________________________________________
(аумақтарды дамыту бағдарламасына бағалау жүргізген жағдайда, аумақтарды дамыту бағдарламасын іске асыруға арналған жоспарлы шығыстар – қаржыландыру көздері бөлінісінде, бекітілген сомалар – Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сай, нақты бөлінген және игерілген сомалар – жылдар бөлінісінде, қаржыландыру көлемі, нақтыланған, түзетілген және игерілген сомалары көрсетіле отырып, бюджеттік бағдарламалар – жылдар бөлінісінде, бағдарламаның жоспарланғандарының ішінде қол жеткізілген нысаналы индикаторларының, нәтижелер көрсеткіштерінің саны - кезеңдер бөлінісінде көрсетіледі, қол жеткізілмеген жағдайда себептері, Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалған/орындалмаған іс-шараларының саны көрсетіледі, егер орындалмаған жағдайда себептері көрсетіледі).»;
8-қосымшада:
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) аумақтарды дамыту бағдарламалары мен бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалау;»;
12-қосымшада:
1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) жүргiзiлген бақылау нәтижелерiмен танысуға бақылау актiсiн берген күннен бастап үш күн мерзiмде белгiленген тәртiппен бақылау актiсiне қол қоюға міндетті. Нәтижелермен келiспеген жағдайда, бақылау актiсiне қарсылықтың болғаны туралы ескертпемен қол қойылады. Қарсылықтар бақылау актісіне қоса беріледі немесе бақылау актісі танысуға және қол қоюға берілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде ұсынылады.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Бюджет кодексінің 149-бабы 2-тармағының негізінде мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының лауазымды адамдарына олардың өз құзыреттерiне сәйкес қызметтiк мiндеттерiн орындауына бақылау жүргiзуге жiберуден бас тарту, қажеттi құжаттарды, материалдарды, қызмет туралы ақпаратты және өзге де мәлiметтердi беруден бас тарту, анық емес ақпарат беру түрiндегi кедергi келтiру, бақылауды жүзеге асыруға өзге де кедергi жасау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқтырады.»;
16-қосымша осы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің кейбір нормативтік қаулыларына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға 2-қосымшаға сай редакцияда жазылсын;
19-қосымшада:
Сапаны бақылауды жүзеге асыру бойынша әдістемелік ұсынымдардың 16-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Жиынтық тізілімге, Қорытындының тұжырымдары мен ұсыныстарына заң сараптамасын жүргізу кезінде заң қызметі (заңгер) құжаттардың тізбесінің және бақылау объектілерінің лауазымды және өзге де адамдарының әрекеттерінде Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі Қылмыстық кодексінде көзделген қылмыс белгілерінің бар-жоғын қарайды.»;
20-қосымшада:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. «Тұжырымдар».
Бөлімде анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы көрсетіле отырып, жүргізілген бақылаудың мәселелері бойынша бақылау объектісі қызметінің нәтижелерін жалпы бағалау көрсетіледі. Бақылау бағытының ерекшеліктерін ескере отырып, бақылаудың үлгісіне, түріне және объектісіне қарай бюджеттің атқарылуын, аумақтарды дамыту бағдарламаларының, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу тиімділігін, мемлекеттік органдардың (бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің) қызметін, жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылылығын, бюджетке түсетін түсімдердің артық (қате) төленген сомаларының қайтарылуын және (немесе) есепке жатқызылуын,бюджет қаражатын және мемлекет активтерін, байланысты гранттарды, жергілікті атқарушы органдар қарыздарын тиімді пайдаланудың қамтамасыз етілуін бағалау, сондай-ақ анықталған бұзушылықтардың, кемшіліктердің себептері және олардың әкелетін салдарлары көрсетіледі.».
2. Күші жойылды - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Төрағасының 28.11.2015 № 8-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
3. «Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылаудың кейбір мәселелері туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2011 жылғы 12 тамыздағы № 1-НП нормативтік қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7164 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 24 қыркүйекте № 453-456 (26849), 2012 жылғы 9 тамызда № 483-488 (27561), 2013 жылғы 3 тамызда № 182 (28121), 2014 жылғы 29 наурызда № 61 (28285) жарияланған):
көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары туралы үлгі ережеде:
18-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі кодексінде көзделген өкілеттіктер шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар толтыруға;».
Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің
2014 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 5-НҚ қаулысымен бекітілген
Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің кейбір нормативтік
қаулыларына енгізілетін өзгерістер
мен толықтыруларға
1-қосымша
Облыстардың, республикалық
маңызы бар қаланың, астананың
тексеру комиссияларының сыртқы
мемлекеттік қаржылық бақылауды
жүргізу қағидасына
4-қосымша
Бақылау объектісінің қызметін алдын ала зерделеу барысында
зерделенетін мәселелердің базалық тізбесі*
Мәселелер |
Ақпарат көздері |
1 |
2 |
1. Сәйкестікке бақылау жасау (жалпы мәселелер)** |
|
Бақылау объектісінің қызметі |
Нормативтік құқықтық актілер (ақпараттық-құқықтық жүйелер) |
Бақылау объектісінің құрылтай құжаттары (Ереже, Жарғы және бақылау объектісінің қызметін регламенттейтін басқа да құжаттар) (ақпараттық-құқықтық жүйелер, бақылау объектісінен ақпарат сұрату) |
|
Аумақтық бөлімшелерді және ведомстволық бағынысты ұйымдарды қоса алғанда, бақылау объектісінің құрылымы (бақылау объектісінен ақпарат сұрату) |
|
Құқық қорғау органдарының құқық белгілейтін және өзге де бастапқы құжаттарды алып қоюы |
|
Бақылау объектісі бойынша алдыңғы бақылау нәтижелері |
Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының бақылау актілері, бақылау объектісінің бақылау қорытындысы бойынша қабылдаған шаралары (бақылау объектісінен ақпарат сұрату, ақпарат) |
Бақылау объектісінің ішкі бақылау қызметінің жұмысы |
Ішкі бақылау қызметінің ережесі, бақылау іс-шараларының жылдық жоспары, ішкі бақылау нәтижелері туралы есептер (бақылау объектісінен ақпарат сұрату), ішкі бақылау қызметінің жұмысы туралы жиынтық ақпарат |
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджетті уақтылы және сапалы орындауы |
Бекітілген, нақтыланған, түзетілген бюджетті, бюджеттік бағдарламалар бойынша қабылданған, төленбеген міндеттемелер және (немесе) төленген міндеттемелерді көрсете отырып, тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша тиісті есепті жылға жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есеп |
Мемлекеттік сатып алу өткізудің жоспарланған тәсілдері, тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің номенклатурасы, бюджеттен бөлінген қаражат шегінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізу мерзімдері |
Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары, мемлекеттік сатып алудың нақтыланған жоспары (бақылау объектісінен ақпарат сұрату) |
Есепті кезеңдегі барлық операциялардың толықтығы мен анықтығы, есепті кезеңдерге кірістер мен шығыстарды жатқызудың дұрыстығы |
Бақылау объектісінің қаржылық есептілігі (№ 1 нысан «Бухгалтерлік баланс», № 2 нысан «Активтер мен міндеттемелердегі өзгерістер туралы есеп», № 3 нысан «Қаржыландыру көздері бойынша мемлекеттік мекеменің шоттарындағы ақша қозғалысы туралы есеп», № 4 нысан «Түсіндірме жазба», қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы есеп (бақылау объектісінен ақпарат сұрату) |
Бақылау объектісі туралы жинақталған ақпарат |
Тексерілетін бақылау объектісінің ақпараттық базалары, ресми статистикалық деректер, БАҚ-тың және басқа да көздердің деректері |
Бақылау объектілерінің лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштері (шағымдары) (болған кезде) |
|
а) бюджет қаражатын әкімшілік шығыстарға пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін бақылау (жалпыға қосымша мәселелер) |
|
Бюджеттік бағдарламалар бойынша әкімшілік шығыстарды жоспарлау |
Бюджеттік өтінімдер, бюджет комиссиясының қорытындысы (бақылау объектісінен ақпарат сұрату) |
Қаражатты жалақы төлеуге пайдаланудың дұрыстығы, лауазымдық айлықақыны, жалақыға үстемеақыны (қосымша ақыны) белгілеудің дұрыстығы |
Салалық келісім (ұжымдық шарт), штат кестесі, есеп-төлем ведомостары (бақылау объектісінен ақпарат сұрату) |
Қаражатты ғимараттар мен құрылыстарды салуға, реконструкциялауға және күрделі жөндеуге пайдаланудың дұрыстығы |
Ғимараттарды салу, реконструкциялау және күрделі жөндеу үшін жобалау-сметалық құжаттамаға мемлекеттік сараптама жасау қорытындысы, жобалау-сметалық құжаттама (бақылау объектісінен ақпарат сұрату) |
Құрылыс жұмыстарын жүргізуге арналған шарттар, инжинирингтік қызметтерді жүргізу шарттары (бақылау объектісінен ақпарат сұрату) |
|
№ 3 нысан «Орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарының құны туралы анықтама» өсу қорытындысымен, № 2 нысан, материалдарға сертификаттар (бақылау объектісінен ақпарат сұрату) |
|
Мемлекеттік меншіктегі тұрғын емес үй-жайларды жалға берудің негізділігі, жалдау ақысының есептік мөлшерлемесін және қолданылатын коэффициенттердің көлемін белгілеудің дұрыстығы |
Мүліктік жалдау (жалға алу) шарты, республикалық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде бекітілген базалық мөлшерлеме және құрылыс үлгісі, тұрғын емес үй-жайдың түрі, жайлылық дәрежесі, аумақтық орналасуы, жалдаушы қызметінің түрі, жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысаны ескерілген қолданылатын коэффициенттердің мөлшерлері негізінде жалдау ақысы мөлшерлемесінің есебі, жалдау ақысы бойынша төлем құжаттары (бақылау объектісінен ақпарат сұрату) |
б) мемлекеттік сатып алуға бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудың ҚР заңнамасына сәйкестігін бақылау (жалпыға қосымша мәселелер) |
|
Жоспарланған көрсеткіштермен салыстырғанда, өткізілген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың нақты деректері, мемлекеттік сатып алу жоспарын орындаудан ауытқу себептерін талдау |
Тәсілдер, лоттар, өнім берушілер, ұтып алған сомалар бөлінісінде өткізілген мемлекеттік сатып алу туралы ақпарат, мемлекеттік сатып алу туралы шарттар (бақылау объектісінен ақпарат сұрату) |
Осы Заңның өнім берушіні таңдауды және онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтін нормалары қолданылмай жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу |
Негіздемені, өнім берушіні және жасалатын шарттың сомасын көрсете отырып, мемлекеттік сатып алу заңнамасының нормалары қолданылмай жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімдері бойынша ақпарат, мемлекеттік сатып алу туралы шарттар (бақылау объектісінен ақпарат сұрату) |
Шарттардың орындалуын бақылау, енгізілген өзгерістердің негізділігі, талап қою-қуыну жұмыстарын жүргізу, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді орындаудың, тауарларды жеткізудің толықтығы |
Мемлекеттік сатып алу бойынша жасалған шарттар жөнінде ақпарат, өзгерістер мен толықтырулар енгізудің себептері көрсетіле отырып, өзгерістер мен толықтырулар енгізілген шарттар бойынша ақпарат, іс жүзінде орындалған жұмыстар, жеткізілген тауарлар туралы ақпарат, орындалған жұмыстар актілері (бақылау объектісінен ақпарат сұрату) |
в) бюджет қаражатын, соның ішінде нысаналы трансферттерді пайдаланудың ҚР заңнамасына сәйкестігін бақылау (жалпыға қосымша мәселелер) |
|
Нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімді әзірлеу тәртібін сақтау, жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарлама әкімшісі мен тиісті жергілікті атқарушы органның арасындағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісім жасаудың уақтылылығы |
Жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарлама әкімшісі мен тиісті жергілікті атқарушы органның арасындағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісім (бақылау объектісінен ақпарат сұрату) |
Қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есепті жасау және ұсыну тәртібін сақтау |
Нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы аралық, қорытынды есеп (бақылау объектісінен ақпарат сұрату) |
Облыстық бюджеттер мен Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің нысаналы трансферттердің пайдаланылмаған және толық пайдаланылмаған сомаларын республикалық бюджетке қайтаруының толықтығы және уақтылылығы |
Облыстық бюджеттер мен Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің нысаналы трансферттердің пайдаланылмаған және толық пайдаланылмаған сомаларын республикалық бюджетке қайтаруы туралы ақпарат, нысаналы трансферттер қаражатын республикалық бюджетке қайтаруға төлем шоттары (бақылау объектісінен ақпарат сұрату) |
Республикалық бюджеттен берілген нысаналы даму трансферттерінің есебінен іске асырылатын жобаларды мониторингтеу және іске асырылуын бағалау |
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне облыстар және Астана мен Алматы қалалары, аудандар әкімдерінің тікелей және түпкілікті нәтижелер, бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген сапалық және тиімділік көрсеткіштері туралы қорытынды есептері (бақылау объектісінен ақпарат сұрату) |
Бұрын пайдаланылмаған нысаналы трансферттер сомаларын жергілікті атқарушы органдардың толық пайдалануы |
Нысаналы трансферттер қаражатын толық пайдалануға рұқсат ету туралы мәслихаттар мен әкімдердің қабылдаған шешімдері, ҚР Үкіметінің қаулылары (бақылау объектісінен ақпарат сұрату, ақпараттық-құқықтық жүйелер) |
г) бюджет қаражатын, соның ішінде кредиттерді, байланысты гранттарды, жергілікті атқарушы органдардың қарыздарын, бюджеттік инвестицияларды пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін бақылау (жалпыға қосымша мәселелер) |
|
Байланысты гранттарды тарту және пайдалану |
Байланысты грант туралы келісім (бақылау объектісінен ақпарат сұрату) |
Байланысты гранттарды пайдалану: |
Ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарына жұмсалу бағыттары бойынша байланысты гранттар сомасын міндетті бөле отырып, алынған және пайдаланылған байланысты гранттар туралы ақпарат, байланысты гранттарды пайдалану бойынша нәтижелерге қол жеткізу жөніндегі есеп, байланысты гранттарды пайдаланудың мониторингі (бақылау объектісінен ақпарат сұрату) |
Кредиттік шарт талаптарын орындау (нысаналы пайдалану, түпкілікті қарыз алушыларға кредит беру мерзімдері, кредитті өтеудің уақтылылығы және толықтығы, сыйақыларды есептеу мөлшерлемелері және тәртібі, тараптардың құқықтары мен міндеттемелері, шарт талаптарын орындамаған кездегі айыппұлдар). Заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу мақсатында бюджеттік кредиттер беру, қарыз алушылардың шаруашылық қызметінің шығындарын өтеу, сенімгер (агенттер) қызметін төлеу жағдайларының болуы |
Кредит берушінің, бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің және қарыз алушының арасындағы кредит берудің талаптары мен мақсаттарын көздейтін кредиттік шарттар, сенімгер агенттер қызметін төлеу бойынша төлем құжаттары, кредитті өтеу бойынша төлем құжаттары, бюджеттік кредитті беру тәсілі, бюджеттік кредитті өтеу және қызмет көрсету кестесі, бюджеттік кредит бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері (бақылау объектісінен ақпарат сұрату) |
Бюджеттік кредитті пайдалану, қызмет көрсету |
Бюджеттік кредиттерді нысаналы және тиімді пайдалану, өтеу және қызмет көрсету туралы ақпарат, белгілі бір кезең уақытында сыйақыларды, кредиттік шарт талаптарына сәйкес өзге де төлемдерді жинақтап төлеу жөніндегі ақпарат (бақылау объектісінен ақпарат сұрату) |
Бюджеттік кредитті өтеу. Қарыз алушылармен есеп айырысуды жүргізу, бюджеттік инвестициялық жобаларды қаржыландыруға және іске асыруға мониторинг жүргізу, қарыз алушылардың қаржылық жай-күйіне мониторинг жүргізу және талдау, берешекті өндіріп алу |
Бюджеттік кредит беруге байланысты тапсырмаларды сенімгер агенттің орындау шарттары, тапсырмаларды сенімгердің (агенттің) орындағаны үшін сыйақылар төлеу мөлшері, бюджеттік кредит бойынша берешек, бюджеттік кредитті өтеу есебінен мемлекеттік меншікке айналдырылатын мүлікке бағалау жүргізуге арналған шығыстар төлемі, бюджеттік кредитті қайта құру туралы шешім, Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші органның оң қорытындысы, кредиттік шартқа қосымша келісім, қарыз алушылар мен сенімгерлер (агенттер) бөлінісінде берілген барлық бюджеттік кредиттердің тізілімі (бақылау объектісінен ақпарат сұрату) |
Қарыз алушының қарыз берушінің алдындағы қарыз қаражатын қайтару және сыйақылар төлеу, сондай-ақ қарызға байланысты басқа да төлемдер бойынша міндеттемелерін орындауы |
Өтеу кестелері, сыйақылар төлемі және жергілікті уәкілетті орган бюджеттің атқарылуы бойынша тіркеген басқа да қосымшаларды қоса алғанда, қол қойылған қарыз шарттары (бақылау объектісінен ақпарат сұрату) |
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің инвестициялық ұсыныстар әзірлеуі |
Бюджеттік инвестициялық жоба бойынша жалпы ақпарат; жоба мақсатының экономиканың саласын (аясын) дамыту басымдықтарына, белгіленген бағдарламалық құжаттарға сәйкестігі туралы ақпарат; бюджеттік инвестициялық жобаны іске асырудан түсетін пайданы бөлу туралы ақпарат; бюджеттік инвестициялық жобаны іске асырудың экономиканың аралас саласына (аясына) болжамды әсерін бағалау (бақылау объектісінен ақпарат сұрату) |
Салалық сараптама, экономикалық қорытынды және бюджет комиссиясының қорытындысы (бақылау объектісінен ақпарат сұрату) |
|
Бюджеттік жоспарлау бойынша орталық уәкілетті органның қаржылық сараптамасының қорытындысы (бақылау объектісінен ақпарат сұрату) |
|
Бақылау объектісінің ішкі құжаттары (ақпарат, есептер) (бақылау объектісінен ақпарат сұрату) |
|
д) Бюджет қаражатын ғылыми зерттеулер бағдарламаларын іске асыруға пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін бақылау (жалпыға қосымша мәселелер) |
|
Ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзірлеуге ҚР Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның ұсынған қаржыландыру көлемі |
Бюджет комиссиясының қорытындысы (бақылау объектісінен ақпарат сұрату) |
Іргелі және қолданбалы зерттеулерді жүргізуге арналған шарт талаптарын орындау |
Жобаның іске асырылуын аяқтау жөніндегі шарттар, есептер (бақылау объектісінен ақпарат сұрату) |
Ғылыми-техникалық жобалардың нәтижелерін мониторингтеу және талдау |
Ғылыми-техникалық жобаларды іске асыру туралы есеп (бақылау объектісінен ақпарат сұрату) |
Ғылыми-техникалық жобалар нәтижелерінің сараптамасы |
«Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ сараптамасының қорытындысы (бақылау объектісінен ақпарат сұрату) |
Экономиканың нақты секторына жүргізілген іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді енгізу |
Іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді қолдану жөнінде ақпарат (бақылау объектісінен ақпарат сұрату) |
2. Қаржылық есептілікті бақылау |
|
Бақылау объектісінің қызметі |
Нормативтік құқықтық актілер |
Құқық қорғау органдарының құқық белгілейтін және өзге де бастапқы құжаттарды алып қоюы |
|
Бақылау объектісінің ішкі бақылау қызметінің жұмысы |
Бақылау іс-шараларының жылдық жоспары, ішкі бақылау нәтижелері туралы есептер, ішкі бақылау нәтижелері туралы есептер, ішкі бақылау қызметінің нұсқамасы, қабылданған шаралар туралы ақпарат, (бақылау объектісінен ақпарат сұрату), ішкі бақылау қызметтерінің жұмысы туралы жиынтық ақпарат |
Бақылау объектісі бойынша алдыңғы бақылау нәтижелері |
Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының актілері, бақылау объектісінің бақылау нәтижелері бойынша қабылдаған шаралары (бақылау объектісінен ақпарат сұрату) |
Бухгалтерлік есеп жүргізудің және бюджеттік бағдарламаларды орындау бойынша есеп жасаудың толықтығы, анықтығы |
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шоғырландырылған қаржылық есептілігі (бухгалтерлік баланс, активтер мен міндеттемелердегі өзгерістер туралы есеп, қаржыландыру көздері бойынша мемлекеттік мекемелердің шоттарындағы ақша қозғалысы туралы есеп, түсіндірме жазба, қаржыландыру жоспарларының орындалуы туралы есеп) (бақылау объектісінен ақпарат сұрату) |
Есеп саясатын қалыптастырудың дұрыстығын және бухгалтерлік есептің бақылау объектісінің есеп саясатына сәйкестігін бақылау |
Есеп саясаты, бақылау объектісінің қаржылық есептілігі (бухгалтерлік баланс, активтер мен міндеттемелердегі өзгерістер туралы есеп, қаржыландыру көздері бойынша мемлекеттік мекемелердің шоттарындағы ақша қозғалысы туралы есеп, түсіндірме жазба, қаржыландыру жоспарларының орындалуы туралы есеп), бастапқы құжаттар |
Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларын жасаудың және бекітудің дұрыстығын талдау: |
Мемлекеттік мекемелерде міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларының орындалуы туралы есеп (бақылау объектісінен ақпарат сұрату) |
Есептілікте бақылау объектісінің дебиторлық және кредиторлық берешегінің қалыптасуы мен көрсетілуінің анықтығы |
Тиісті бюджеттік бағдарлама әкімшісінің дебиторлық және кредиторлық берешектері туралы есептері (бақылау объектісінен ақпарат сұрату) |
Бақылау объектісінің міндеттемелерді қабылдауының, бюджеттік бағдарламалар бойынша төлемдерді жүргізуінің, бюджет түсімдері мен шығыстарының атқарылу болжамдарын жасауының уақтылылығы |
Тиісті бюджеттік бағдарлама әкімшісінің бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын мониторингтеу нәтижелері туралы есептері (бақылау объектісінен ақпарат сұрату) |
Жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылылығын, жергілікті бюджеттен түсімдер сомаларының қайтарылуын бақылау |
Бюджетке түсетін төлемдер туралы № 1-С және № 2-С салықтық есептер |
Жергілікті атқарушы органдардың талаптары мен міндеттемелері |
Жергілікті атқарушы органдардың талаптары мен міндеттемелері туралы есеп |
Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатудан түсетін ақша түсімдері мен шығыстар жоспарларының орындалуы |
Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатудан түсетін ақша түсімдері мен шығыстар жоспарларының орындалуы туралы есеп (бақылау объектісінен ақпарат сұрату) |
Есепті қаржы жылына бекітілген, нақтыланған, түзетілген бюджет сомаларын көрсетудің анықтығы; |
Бюджеттің атқарылуы жөніндегі жергілікті уәкілетті органның бекітілген, нақтыланған, түзетілген бюджетті, бюджеттік бағдарламалар бойынша қабылданған, төленбеген міндеттемелерді және (немесе) төленген міндеттемелерді көрсете отырып, бюджеттік бағдарламаның тиісті әкімшілері бойынша бюджеттің атқарылуы туралы есебі, жүргізілген бюджеттік мониторингтеу және нәтижелерді бағалау негізінде бюджеттік бағдарламалардың орындалуы бөлігінде бюджеттің атқарылуы туралы талдамалық есеп; түсіндірме жазба |
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері баланстарының есептік баптары бойынша дебиторлық және кредиторлық берешектерінің жай-күйін талдау |
Жергілікті бюджеттің дебиторлық берешегі туралы, соның ішінде өткен жылдарға есептері, жергілікті бюджеттің кредиторлық берешегі туралы есеп |
3. Тиімділікті бақылау (жалпы мәселелер)*** |
|
Бақылау объектісінің қызметі |
Нормативтік құқықтық актілер |
Бақылау объектісінің құрылтай құжаттары (Ереже, Жарғы және бақылау объектісінің қызметін регламенттейтін басқа құжаттар) (ақпараттық-құқықтық жүйелер, бақылау объектісінен ақпарат сұрату) |
|
Құқық белгілейтін және өзге де бастапқы құжаттарды құқық қорғау органдарының алып қоюы |
|
Ішкі бақылау қызметінің жұмысы |
Бақылау іс-шараларының жылдық жоспары, ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытынды, ішкі бақылау нәтижелері туралы есептер, ішкі бақылау қызметтерінің нұсқамасы, қабылданған шаралар туралы ақпарат (бақылау объектісінен ақпарат сұрату), ішкі бақылау қызметтерінің жұмысы туралы жиынтық ақпарат |
Бақылау объектісі бойынша бағалау мәніне байланысты алдыңғы бақылаудың нәтижелері |
Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының бақылау актілері, бақылау қорытындысы бойынша бақылау объектісінің қабылдаған шаралары (бақылау объектісінен ақпарат сұрату) |
Бақылау объектісі қызметінің нәтижелері және проблемалары |
Ішкі есептілік, бақылау объектісі дайындаған талдамалық жазбалар мен шолулар (бақылау объектісінен ақпарат сұрату) |
Ақпараттың сыртқы көздері (ресми статистикалық деректер, аумақтарды дамыту бағдарламасының мәніне байланысты проблемалармен айналысатын ғылыми-зерттеу институттарының материалдары, бұқаралық ақпарат құралдары) |
|
Бағалау мәніне байланысты жинақталған ақпарат |
Тексерілетін бақылау объектісінің ақпараттық базасы, ресми статистикалық деректер |
Аумақтарды дамыту бағдарламаларын қаржылық қамтамасыз ету |
Аумақтарды дамыту бағдарламалары (бақылау объектісінен ақпарат сұрату) |
а) Аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асырудың тиімділігін бағалау (жалпыға қосымша мәселелер) |
|
Аумақтарды дамыту бағдарламасының нәтижелерін бағалау |
Аумақтарды дамыту бағдарламалары (ақпараттық-құқықтық жүйелер). |
Аумақтарды дамыту бағдарламасын іске асырудың негізгі іс-қимылдарын жүзеге асыру және талаптарын орындау/орындамау |
Аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру бойынша іс-шараларды орындау туралы есеп (бақылау объектісінен ақпарат сұрату) |
Стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге, нысаналы индикаторларға қол жеткізу: |
Аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары, бағаланатын бақылау объектісінің аумақтарды дамыту бағдарламаларын орындау туралы есептері |
4. Мемлекет активтерін пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі |
|
Бақылау объектісінің қызметі |
Бақылау объектісінің қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер (ақпараттық-құқықтық жүйелер) |
Бақылау объектісі бойынша алдыңғы бақылау нәтижелері |
Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының бақылау актілері, басқа бақылаушы органдардың алдыңғы бақылау материалдары бойынша анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шаралар (бақылау объектісінен ақпарат сұрату) |
Бақылау объектісі туралы жинақталған ақпарат |
Ресми статистикалық деректер, БАҚ және басқа көздердің деректері |
Қазыналық кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың жарғылық капиталын қалыптастырудың уақтылылығы және дұрыстығы, активтерді сатып алу бойынша қаржылық операциялардың негізділігі |
Бақылау объектісінің құрылтай құжаттары (Жарғы және бақылау объектісінің қызметін регламенттейтін басқа да құжаттар) (ақпараттық-құқықтық жүйелер) |
Акцияларының (үлестерінің) бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұйымдардың ақшаларды қаржылық құралдарға орналастыру талаптары мен нормаларын сақтауы |
Акцияларының (үлестерінің) бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұйымдардың ақшаларын қаржылық құралдарға орналастыру бойынша ақпараты (бақылау объектісінен ақпарат сұрату) |
Шаруашылық серіктестіктерде мемлекеттік үлестің, таза кіріс үлесінің, акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерге дивидендтер алу кірісінің бюджетке түсуінің толықтығы және уақтылылығы |
Шаруашылық серіктестіктерде мемлекеттік үлестің, таза кіріс үлесінің, акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерге дивидендтерінің бюджет кірісіне түсетін түсімдері туралы ақпарат |
Ескертпе:
*Осы тізбе толық болып саналмайды. Бақылау барысында қосымша құжаттар немесе ақпарат сұратылуы мүмкін.
** «Сәйкестікке бақылау жасау» үлгісі бойынша алдын ала зерделеу кезінде жалпы мәселелер және қосымша осы үлгіге қатысты бақылаудың тиісті мақсаттары зерделенеді.
*** «Тиімділікті бақылау» үлгісі бойынша алдын ала зерделеу кезінде жалпы мәселелер және қосымша осы үлгіге қатысты бақылаудың тиісті мақсаттары зерделенеді.
Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің
2014 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 5-НҚ қаулысымен бекітілген
Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің кейбір нормативтік
қаулыларына енгізілетін өзгерістер
мен толықтыруларға
2-қосымша
Облыстардың, республикалық
маңызы бар қаланың, астананың
тексеру комиссияларының сыртқы
мемлекеттік қаржылық бақылауды
жүргізу қағидасына
16-қосымша
Нысан
Бақылау актісі
_________________ 20___жылғы «____»____________
(жасалған орны) №_______
Бақылау объектісінің атауы __________________________________________
Бақылау үлгісі ______________________________________________________
Бақылау түрі ________________________________________________________
Бақылау жүргізуге тапсырма __________________________________________
Бақылауды __________________________________________ жүргізді.
Бақылаудың мақсаты __________________________________________________
Бақылаудың мәні _____________________________________________________
Бақылаумен қамтылған кезең __________________________________________
Бақылау жүргізу мерзімі_______________ _________________ аралығы
Бақылау объектісінің лауазымды адамдары _____________________________
Алдыңғы бақылаудың нәтижелері туралы мәлімет ________________________
Жүргізіліп отырған бақылау нәтижелері туралы мәлімет ________________
Бақылау жүргізудегі кедергілер ______________________________________
Бақылау барысында қабылданған шаралар _______________________________
Қосымшалар:
Тексеру комиссиясының қызметкер(лер)і:
_______________________________ _________________________
(лауазымы) (қолы, аты-жөні, тегі)
Мемлекеттік органдардың мамандары, сарапшылар
_______________________________ _________________________
(лауазымы) (қолы, аты-жөні, тегі)
Бақылау объектісінің лауазымды адамдары (қарсылықтары болған жағдайда, «Қарсылықтармен қол қоямын» деп көрсетеді):
_______________________ ______________________________
(лауазымы) (қолы, аты-жөні, тегі)
_______________________ ______________________________
(лауазымы) (қолы, аты-жөні, тегі)
Бақылау актісі екі (үш) данада жасалды:
_____________________________________________________________
Ескертпе: бақылау актісін жасау.
Бақылау актісінің жоғары жағында оның жасалған орны (қаланың, басқа да елді мекеннің (ауыл, кент және тағы басқаларының) атауы), бақылау актісінің жасалған күні, бақылау актісі данасының нөмірі көрсетіледі (№ 1 дана – Тексеру комиссиясы үшін, № 2 дана бақылау объектісі үшін жасалады).
Бақылау актісінде мынадай деректер көрсетіледі:
1. Бақылау объектісі.
Бақылау объектісінің толық атауы, мемлекеттік тіркеу туралы деректері, банк және салық деректемелері, БСН (ЖСН) көрсетіледі.
2. Бақылау үлгісі.
Бақылау бағдарламасына сәйкес бақылау үлгісі (сәйкестікке бақылау жасау, қаржылық есептілікті, тиімділікті бақылау) көрсетіледі.
3. Бақылау түрі.
Бақылау бағдарламасына сәйкес бақылау түрі (кешенді, тақырыптық, үстеме, бірлескен, қосарлас) көрсетіледі.
4. Бақылау жүргізуге тапсырма.
Тапсырманың күні мен нөмірі, Тапсырмаға қол қойған лауазымды адамның аты-жөні, тегі, лауазымы көрсетіледі.
5. Бақылауды... жүргізді.
Бақылауды жүргізген Тексеру комиссиясы қызметкерінің, бақылау жүргізуге тартылған мемлекеттік органдар, аудиторлық ұйымдар мамандарының және сарапшылардың аты-жөні, тегі, лауазымы көрсетіледі.
6. Бақылаудың мақсаты.
Бақылау жоспарына сәйкес бақылаудың мақсаты көрсетіледі.
7. Бақылаудың мәні.
Бақылау бағдарламасына сәйкес бақылаудың мәні көрсетіледі.
8. Бақылаумен қамтылған кезең.
Бақылау объектісі қызметінің тексерілген кезеңі көрсетіледі (Бақылау бағдарламасына сәйкес келеді).
9. Бақылау жүргізу мерзімі.
Осы бақылау объектісінде бақылау жүргізудің басталған және аяқталған күні көрсетіледі (Бақылау бағдарламасына сәйкес келеді).
10. Бақылау объектісінің лауазымды адамдары.
Хабар беріле отырып, бақылау жүзеге асырылған бақылау объектісінің лауазымды адамдарының аты-жөні, тегі, сондай-ақ бақылаумен қамтылған кезеңде жұмыс істеген және құжаттарға қол қою құқығы болған бақылау объектісінің лауазымды адамдарының аты-жөні, тегі көрсетіледі.
11. Алдыңғы бақылау нәтижелері туралы мәлімет.
Тек тексерілетін мәселелер бойынша ғана қысқаша мәліметтер, бұрын анықталған бұзушылықтарды жою бойынша бақылау объектісі қабылдаған шаралар көрсетіледі.
12. Жүргізіліп отырған бақылау нәтижелері туралы мәліметтер.
Бақылау актісінің осы бөлімінде бақылау мақсатына қол жеткізілгенін растауға жеткілікті жүргізілген бақылаудың нәтижелері туралы мәліметтер көрсетіледі.
Бақылау бағдарламасының сұрақтарына жауаптар белгіленеді, бұл ретте бақылаудың әрбір мәселесінің атауы көрсетіледі.
Бақылау сұрақтарына жауаптар толық, дәл, объективті және қысқаша баяндалады.
Бақылау актісінде тексерілетін мәселелер бойынша бақылау объектісі қызметінің нәтижелері бақылау актісіне қосымшалар болып табылатын кестелерде егжей-тегжейлі ақпарат көрсетіле отырып, жинақталған түрде тіркеледі (мемлекеттік органдардың олардың аумақтарды дамыту бағдарламаларында, бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштерінде, көрсететін мемлекеттік қызметтерінде көзделген мақсаттарына, міндеттеріне, нысаналы индикаторларына, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуі; байланысты гранттарды, жергілікті атқарушы органдардың қарыздарын, мемлекет активтерін пайдалану; жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылылығы, сондай-ақ артық (қате) төленген түсімдер сомаларын жергілікті бюджетке қайтарудың және (немесе) есепке жатқызудың дұрыстығы (нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізілмегенде, қаражат игерілмегенде себептерін көрсету)), жүргізілген үстеме бақылаудың, бақылау өлшемдерінің (тексеріп қараулардың) нәтижелері, сондай-ақ бұзушылық фактілерін, соның ішінде бөлінетін бюджеттік бағдарлама қаражатын пайдалану кезінде бақылау объектісі болып табылмайтын басқа да мемлекеттік органдардың жасаған бұзушылықтарын баяндау).
Бақылау мәселелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, бұзушылықтың әрбір фактісі жалғаспалы тәртіппен нөмірленеді және нормативтік құқықтық актінің ережелері бұзылған баптарына, тармақтарына және тармақшаларына сілтеме жасала отырып, бұзушылықтың сипаттамасы мен түрін сипаттау арқылы жеке тармақпен (1-тармақ, 2-тармақ және тағы басқа) белгіленеді.
Егер бақылау мәселесі бойынша бұзушылықтар анықталмаса, онда «Бағдарлама мәселесі (атауы) тексерілді. Бұзушылықтар анықталмады.» деген жазба жасалады. Актіге қосымшада қысқаша ақпарат келтіріледі және бақылаушының бағалауынша (пікірінше) талаптары толық көлемінде сақталған, тексерілген құжаттар мен процестердің тізбесі көрсетіледі.
Бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлер жүргізілетін бақылаудың үлгісі мен мәніне қарай бақылау актісіне қосымшалар ретінде ресімделетін мынадай кестелерді толтырады:
1) 1-кесте. Бақылаумен қамтылған бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) орындалуы бойынша ақпарат;
2) 2-кесте. Мемлекеттік органның бюджеттік бағдарламаларының орындалуын талдау;
3) 3-кесте. Құрылыс жұмыстарының орындалған (қабылданған) көлемі және құрылыс объектілерін пайдалануға берудің уақтылылығы туралы ақпарат;
4) 4-кесте. ____ жылы объектілерді салу және реконструкциялау құнының қымбаттағаны туралы мәліметтер;
5) 5-кесте. Аумақтарды дамыту бағдарламасын қаржыландырудың көлемі мен көздері туралы мәліметтер;
6) 6-кесте. Аумақтарды дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат;
7) 7-кесте. Аумақтарды дамыту бағдарламасының мақсаттарына, міндеттеріне, нысаналы индикаторларына және нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы мәліметтер;
Бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлер бақылау актісіне қажетті өзге де кестелерді жасауы мүмкін. Бақылау актісінде оның қосымшаларына міндетті түрде сілтеме жасалады.
13. Бақылау жүргізудегі кедергілер.
Бақылау объектісі лауазымды адамдарының Тексеру комиссиясы қызметкерлерінің бақылау жүргізуіне кедергі келтіру фактілері туралы мәліметтер көрсетіледі.
Тексеру комиссиясының қызметкері әкімшілік құқық бұзушылықтың жасалғаны туралы хаттама толтырған жағдайда, оның нөмірі және күні көрсетіледі (хаттама бақылау объектісінің лауазымды адамдары бақылау объектісіне жіберуден бас тартқан кезде, бақылау жүргізу үшін қажетті құжаттарды ұсынбаған немесе анық емес, объективті әрі толық емес ақпаратты, материалдарды және өзге де мәліметтерді ұсынған кезде, бақылау актісіне қол қоюдан бас тартқан немесе қол қойылған бақылау актісін бермеген кезде толтырылады).
14. Бақылау барысында қабылданған шаралар.
Бақылау барысында анықталған бұзушылықтарды жою бойынша бақылау объектісінің қабылдаған шаралары туралы мәліметтер көрсетіледі (салықтарды, айыппұлдар мен өсімақыларды қосымша есептеу, негізсіз пайдаланылған қаражатты бюджетке өтеу, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік бойынша қаражатты қалпына келтіру, тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер бойынша өнім берушілердің шарттық міндеттемелерді орындауы, бақылау объектісінің лауазымды адамдарына қатысты қабылданған тәртіптік жазалау шаралары және басқалар).
15. Қосымшалар:
1) бақылау объектісі басшысының міндеттерін атқару жөніндегі талап;
2) бақылаудың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің тізілімі міндетті түрде;
3) құжаттардың түпнұсқалары немесе тиісті түрде расталған көшірмелері, анықтамалар, кестелер, бұзушылық фактілерін бейнелейтін фотосуреттер;
4) функционалдық және лауазымдық міндеттеріне қарай, жол берілген бұзушылықтарға қатысы бар адамдардың жазбаша түсініктемелері (қажет болғанда);
5) бақылау өлшемдерінің (тексеріп қараудың) актілері (олар толтырылған жағдайда);
6) зерттеулердің (сынақтардың және тағы басқаларының), сараптамалардың қорытындылары, хаттамалардың көшірмелері, бақылау нәтижелеріне байланысты басқа да құжаттар немесе олардың көшірмелері (олар толтырылған жағдайда);
7) мемлекеттік органдар мамандарының, сарапшылардың (тартылған жағдайда) сараптамалық қорытындылары;
8) мемлекеттік қызметтерді алушылардың қанағаттанушылығы тұрғысынан халық арасында сауалнама жүргізу (қажет болғанда);
9) (бақылау барысында қаражат өтелген (қалпына келтірілген) жағдайда) ақы төлеу фактісін растайтын құжаттар (көшірмелері):
төлем тапсырмалары (шот-фактуралар, чектер);
ведомостар, ордерлер, нарядтар;
бақылау объектісінің ақы төлеу фактісін растайтын (түсіндіретін) жазбаша түсініктемелері (шығыс нөмірі мен күні көрсетілген ресми бланкіде);
10) (бақылау объектісінің актіні танысуға және қол қоюға қабылдағаны туралы мөртабаны болмаған жағдайда) бақылау актісінің танысып, қол қоюға жіберілген күнін растайтын құжат (көшірмесі).
16. Бақылауды жүргізген Тексеру комиссиясы қызметкерлерінің (бақылау жүргізуге тартылған мемлекеттік органдар мамандарының, сарапшылардың) және бақылау объектілерінің лауазымды адамдарының қолдары.
Бақылау актісінің соңғы бетінде адресат және бланк нөмірі көрсетіле отырып, актінің екі (үш) данада (бақылау актісінің № 1 данасы – Тексеру комиссиясына, бақылау актісі бланкінің №__; № 2 дана – бақылау объектісіне, бланк № __) дайындалғаны туралы жазба жасалады.
Бақылау тобының жетекшісі не бақылауды жүргізген бақылаушылар және бақылау объектісінің лауазымды адамы бақылау актісінің екінші парақтан бастап соңғы парақтың алдындағы параққа дейінгі барлық беттеріне қол қояды.
20_жылғы «__» ______________
Бақылау актісіне №__қосымша
1-кесте. Бақылаумен қамтылған бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) орындалуы жөнінде ақпарат (мың теңге)
Р/с№ |
Бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың), өзіндік ерекшеліктердің атауы |
Бюджет жобасына бюджеттік өтінім бойынша қаражат қажеттілігі |
Жыл басына қаржыландыру жоспарының бекітілген сомасы |
Бекітілген соманың бюджеттік өтінім қажеттілігінен ауытқуы (+;-) |
Жыл соңына қаржыландыру жоспарының түзетілген (нақтыланған) сомасы |
Жыл қорытындысы бойынша төленген міндеттемелер (кассалық шығыстар) |
Түзетілген (нақтыланған) сома мен төленген міндеттемелер арасындағы ауытқу, қаражаттың игерілмеу себептері көрсетіледі |
Жыл қорытындысы бойынша іс жүзінде гі шығыста р |
Төленген міндеттемелердің (кассалық шығыстардың) жыл қорытындысы бойынша іс жүзінде жүргізілген шығыстардан ауытқу себептері |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
Бюджеттік бағдарлама |
|||||||||
кіші бағдарлама |
|||||||||
өзіндік ерекшеліктер |
|||||||||
Барлығы |
|||||||||
Ескертпе:
3-бағанда – бюджет жобасына бюджеттік өтінімді есепке алудың деректері;
4-бағанда – бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар, өзіндік ерекшеліктер) бөлінісінде жыл басына қаржыландыру жоспарында көзделген қаражат;
6-бағанда – бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар, өзіндік ерекшеліктер) бөлінісінде жыл соңына қаржыландыру жоспарында көзделген қаражат;
7-бағанда – баланс деректері (№ 2 нысан);
9-бағанда – баланс деректері (№ 2 нысан) толтырылады.
20_жылғы «__» _____________
Бақылау актісіне №__қосымша
2-кесте. Мемлекеттік органның бюджеттік бағдарламаларының орындалуын талдау *
Бюджеттік бағдарламаның атауы, коды |
Өлшем бірлігі |
Есепті қаржы жылына жоспарланған бюджеттік бағдарламаның көрсеткіштері |
Есепті кезеңде көрсеткіштердің іс жүзінде орындалуы |
Ауытқу (4-бағ .- 3-бағ.) |
Көрсеткіштердің орындалу %-ы (4-бағ ./ 3-бағ. х 100%) |
Нәтижелерге қол жеткізілмеу себептері |
Іс-шаралар толық көлемінде орындалған жағдайда, бюджет қаражатының үнемделген (игерілмеген) көлемі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
Бюджеттік бағдарлама көрсеткіштерінің атауы |
|||||||
Тікелей нәтиже көрсеткіштері |
|||||||
Түпкі нәтиже көрсеткіштері |
|||||||
Сапа көрсеткіштері |
|||||||
Тиімділік көрсеткіштері |
|||||||
Бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) бюджеттік қаржыландыру көлемі |
мың теңге |
Осы кесте жекелеген жергілікті бюджеттік бағдарламалардың орындалуын бақылау кезінде толтырылады.
Ескертпе: Бюджеттік бағдарламаның іске асырылу нәтижелерін сипаттайтын көрсеткіштер тікелей және түпкі нәтижелердің көрсеткіштерін қамтиды, сондай-ақ сапа және тиімділік көрсеткіштерін қамтуы мүмкін.
20_жылғы «__» _____________
Бақылау актісіне №__қосымша
3-кесте. Құрылыс жұмыстарының орындалған көлемі және құрылыс объектілерін пайдалануға берудің уақтылылығы туралы ақпарат
Р/с № |
Бюджеттік бағдарламаның/ объектінің атауы |
Мемлекеттік сараптама қорытындысы бойынша құрылыстың сметалық құны (мың теңге) |
Іске асыру кезеңі |
Құрылыстың шарттық құны (мың теңге) |
Құрылыс басталғаннан бастап орындалған (қабылданған) жұмыстар көлемі (мың теңге) |
Шартқа сай, объектіні пайдалануға берудің жоспарланған мерзімі |
Объектіні пайдалануға берудің іс жүзіндегі мерзімі |
Объектілердің пайдалануға уақтылы берілмеу себептері |
|
құрылыстың нормативтік ұзақтығы |
шарт бойынша |
||||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
1. |
|||||||||
2. |
|||||||||
... |
Ескертпе:
1-бағанда – реттік нөмірі;
2-бағанда – шегінде объектінің құрылысын қаржыландыру жүргізілетін бюджеттік бағдарламаның атауы;
3-бағанда – Мемлекеттік сараптаманың қорытындысы бойынша құрылыстың сметалық құны;
4-бағанда – Мемлекеттік сараптаманың қорытындысы бойынша құрылысты іске асырудың нормативтік мерзімі;
5-бағанда – жасалған шарт талаптары бойынша құрылыстың көзделген кезеңі;
6-бағанда – шарт талаптары бойынша объект құрылысының көзделген құны;
7-бағанда – құрылыс басталған уақыттан бастап қабылданған актілерге сай, іс жүзінде орындалған құрылыс жұмыстарының құны;
8-бағанда – мердігердің қабылдаған міндеттемелерінің талаптары бойынша объектіні тапсыруды аяқтаудың көзделген мерзімі;
9-бағанда – Мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісіне сай, объектіні пайдалануға қабылдау мерзімі;
10-бағанда – құрылыс объектісі пайдалануға уақтылы тапсырылмаған жағдайда, себептері көрсетіледі.
20_жылғы «__» _____
Бақылау актісіне №__қосымша
4-кесте. ___ жылы объектілерді салу және реконструкциялау құнының қымбаттағаны туралы мәліметтер
Р/с№ |
Бюджеттік бағдарламаның атауы |
Объектінің атауы, қымбаттауды мақұлдаған бюджеттік комиссия шешімдерінің нөмірі және күні |
Мемлекеттік сараптаманың қорытындысы бойынша объектінің бастапқы құны (мың теңге) |
Түзетуден кейінгі құрылыс құны (мың теңге) |
Қымбаттау (мың теңге) |
Себебі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1. |
||||||
2. |
||||||
... |
Ескертпе:
1-бағанда – реттік нөмірі;
2-бағанда – шегінде объектіні салу немесе реконструкциялау құнының қымбаттауына қаржыландыру жүргізілетін бюджеттік бағдарламаның атауы;
4-бағанда – Мемлекеттік сараптаманың қорытындысы бойынша объектіні салудың немесе реконструкциялаудың бастапқы құны;
5-бағанда – объектіні салу немесе реконструкциялаудың жобаны түзеткеннен кейінгі (қымбаттау) құны;
6-бағанда – қымбаттау (түзету) құны;
7-бағанда - объектіні салудың және реконструкциялаудың қымбаттауына әсер еткен себептер көрсетіледі.
20_жылғы «__» _____________
Бақылау актісіне №__қосымша
5-кесте. Аумақтарды дамыту бағдарламасын қаржыландырудың көлемі және көздері туралы мәліметтер
Р/с№ |
Қаржыландыру көздері |
Тексерілетін кезең |
Ауытқу (мың теңге) 4-бағ. - 5-бағ. |
Көзделген қаражаттың іс жүзінде бөлінген қаражаттан ауытқу себептері |
||
Болжамды шығыстар (мың теңге) |
Жоспар (мың теңге) |
Іс жүзінде (мың теңге) |
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1. |
республикалық бюджет қаражаты |
|||||
2. |
жергілікті бюджет қаражаты |
|||||
3. |
басқа да көздер |
Ескертпе:
3-бағанда аумақтарды дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген сома қаржыландыру көздері бөлінісінде көрсетіледі;
4-бағанда жергілікті бюджетті бекіту кезінде көзделген сома көрсетіледі (бюджет түзетілген немесе нақтыланған жағдайда, есепті кезеңнің соңындағы сома көрсетіледі);
5-бағанда іс жүзінде бөлінген қаржыландыру сомасы көрсетіледі;
6-бағанда көзделген қаражаттың іс жүзінде бөлінген қаражаттан ауытқуы көрсетіледі.
20_жылғы «__» _____________
Бақылау актісіне №__қосымша
6-кесте. Аумақтарды дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат
Р/с № |
Іс-шара атауы |
Қаржыландыру көздері |
Қаржыландыру көлемі |
Іс-шараның аяқталу нысаны |
Жауапты орындаушы (бірлесіп орындаушы) |
Іс-шараны орындау мерзімі |
Орындалуы, орындалмауы туралы ақпарат, орындалмаған кезде себептері көрсетіледі |
|||
Болжамды шығыстар (мың теңге) |
Жоспар (мың теңге) |
Іс жүзінде (мың теңге) |
Ауытқу (мың теңге) 5 бағ. – 6 бағ. |
|||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
1. |
РБ: |
|||||||||
... |
||||||||||
1. |
ЖБ: |
|||||||||
... |
||||||||||
1. |
Басқалар: |
|||||||||
... |
Ескертпе: 11-бағанда іс-шара орындалған жағдайда, тек «орындалды» деген сөз жазылады, іс-шара орындалмаған жағдайда, бақылау объектісінен алынған деректер негізінде тиісті себептері көрсетіліп, аталған деректердің анықтығы тексерілуі тиіс.
Жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша бақылау актісінде көзделген жалпы іс-шаралар саны, соның ішінде орындалған және орындалмаған іс-шаралардың орындалмау себептері көрсетіле отырып, жалпы ақпарат көрсетіледі.
Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің
2014 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 5-НҚ қаулысымен бекітілген
Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің кейбір нормативтік
қаулыларына енгізілетін
өзгерістер мен толықтыруларға
3-қосымша
Ескерту. Күші жойылды - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Төрағасының 28.11.2015 № 8-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.