Ескерту. Күші жойылды - ҚР Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Төрағасының 28.11.2015 № 11-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрық қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 141-бабының 23-1) тармақшасына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылаудың кейбір мәселелері туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2011 жылғы 12 тамыздағы № 1-НП нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7164 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 24 қыркүйектегі № 453-456 (26849), 2012 жылғы 9 тамыздағы № 483-488 (27561), 2013 жылғы 3 тамыздағы № 182 (28121) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары туралы үлгі ережеде:
16-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жергілікті бюджеттердің атқарылуын, сондай-ақ аумақтарды дамыту бағдарламаларының және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалау»;
17-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын;
«1) мыналарды:
жергілікті бюджеттің, оның ішінде Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің принциптеріне сәйкес атқарылуын;
аумақтарды дамыту бағдарламаларының және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалау»;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын;
«2) мыналарды:
өз қызметінің бағыттары бойынша тиімділікті;
бақылау объектілерінің есепке алу және есептілікті жүргізуінің анықтығы мен дұрыстығын;
жергілікті бюджет қаражатын, оның ішінде нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер, байланысты гранттар, жергілікті атқарушы органдардың қарыздары, мемлекет активтері түрінде жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке бөлінген қаражатты пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін;
жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылылығының қамтамасыз етілуін, сондай-ақ жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің артық (қате) төленген сомаларын қайтарудың және (немесе) есепке жатқызудың дұрыстығын;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын;
жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы заңға (облыстық мәслихаттың шешіміне) сәйкес шығыстардың жекелеген бағыттарын жергілікті бюджеттен қаржыландырудың көлемін бақылау»;
49-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) аумақтарды дамыту бағдарламаларының, оның ішінде өткен кезеңдегілерінің және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын;».
2. Заң бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы нормативтік қаулының мемлекеттік тіркелуін;
2) бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, оның ішінде Есеп комитетінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Нормативтік қаулының атқарылуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы нормативтік қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға Қ. Жаңбыршин