Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алу ісін жүргізу және пайдалану Ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 39 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылғы 1 маусымда № 6986 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасының қейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметі және сыныптық шендер, әскери және арнайы атақтар беру, әскери қызметшілердің және өзге де мемлекеттік органдар қызметкерлерінің нысанды киім киіп жүру құқығы мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 379-4-IV және «Қазақстан Республикасының қейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 29 желтоқсандарғы № 371-4-IV заңдардың қабылдануына байланысты, Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алу ісін жүргізу және пайдалану туралы қоса берілген Ереже бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет):
      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын.
      2) құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне, Комитеттің аумақтық басқармаларына орындау үшін жолдасын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.
      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Бас Прокуроры                                 А. Дауылбаев

Қазақстан Республикасы   
Бас Прокурорының 2011 жылғы
29 сәуір № 39 бұйрығымен 
Бекітілді        

Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алу ісін жүргізу және пайдалану ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы ереже мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды есепке алу ісін жүргізу және пайдаланудың бірыңғай тәртібін анықтайды.
      2. «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» және «Мемлекеттік қызмет туралы»«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының ақпараттық және статистикалық қамтамасыз етілуі мақсатында, мемлекеттік қызметтен себептермен босатылған адамдарды есепке алу ісінің Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) деректер банкін жүргізеді.
      Деректер банкінің мәліметтері ведомстволық таратылуы жолымен жүзеге асырылады және басқа мақсаттарда қолданылмайды.
      Комитетінің аумақтық басқармаларында (бұдан әрі – аумақтық басқармалары) жергілікті есепке алулар жүргізіледі.
      3. «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы заңының талаптарының орындалуын және онда көзделген тәртіптік шаралардың қолданылуын өзінің құзыреті шеңберінде қамтамасыз ететін құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілері осы Нұсқаулық талаптарының сақталуына бақылауды жүзеге асыратын Комитетке ақпараттық есепке алу құжаттарын өз уақытында ұсынуға міндетті.
      4. Жағымсыз себептермен босатылған барлық мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес есепке алынуы тиіс.

2. Алғашқы есепке алу актісін жүргізу

      5. Есепке алудың негізі «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы заңының 27-бабының 1-тармағы 3)4)5)7)7-1)7-2)7-3)7-4) тармақшаларында, «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы заңының 80-бабы 1-тармағы 12)-16) тармақшаларында; «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы заңының 37-бабының 2-тармағы 6) тармақшасында; Қарулы Күштерде, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери қалыптасуларда әскери қызметтен өту Ережесінің 174-тармағында көрсетілген жағымсыз себептермен шығару фактісі болып табылады.
      6. Мемлекеттік органның кадр қызметі (одан әрі – уәкілетті мемлекеттік орган) адамдардың жағымсыз себептермен босатылуы фактісі кезінде шығарылған сәттен бастап 3 жұмыс күн ішінде аумақтық басқармаларда осы Ережеге қоса берілетін 1-қосымшаға сәйкес, екі данада № 1-ЖУ жағымсыз себептермен босатылған адамдарды есепке алудың статистикалық карточкасын (бұдан әрі – карточка) толтырады.
      7. Қызметі әскери немесе көліктік прокурордың қадағалауындағы мемлекеттік органдар және лауазымды тұлғалар карточканы Комитеттің әскери немесе аймақтық көліктік басқармаларына жолдайды.
      8. Карточка деректемелері баспа әріптерімен көк немесе қара бояумен, түзетулерсіз және шимайлаусыз толтырылады. Есепке қойылатын тұлғаның аты, тегі, әкесінің аты бас әріптермен енгізіледі. Оның жұмыс орны мен лауазымы, сонымен қатар карточканы қойған органның атауы қысқартуларсыз толтырылады.
      9. Карточканың 1-деректемесінде жағымсыз себептермен босатылған тұлғаның қызмет еткен органының атауы көрсетіледі. 2 және 2.1 деректемеде жағымсыз себептермен босатылған адамның ведомстволық иемденуі көрсетіледі. 3-деректемеде мемлекеттік қызметтен босатудың негізі көрсетіледі.
      4-деректемеде органның жұмыстан босату туралы бұйрығының (шешімнің) нөмірі мен бұйрықтың шығарылған күні көрсетіледі.
      5-10 деректемелерде босатылған тұлғаны анықтау мәліметтері көрсетіледі.
      10. Қызметкерді жұмыстан босатқан органның кадр қызметінің басшысы (оны алмастыратын тұлға) карточкаға қол қоюы тиіс, 11-12 деректемеде өзінің тегін, лауазымын және карточканы толтырған күнді көрсетуі тиіс.
      13, 14 деректемелер осы Ережеге қоса берілетін 2-қосымшаға сәйкес, жағымсыз себептермен босатылған адамдарды есепке алудың бірыңғай журналының (бұдан әрі – журнал) мәліметтеріне сәйкес, тіркеу нөмірін, тіркелген күнді, тегін көрсетіп, карточкаға қолын қоятын аумақтық басқарма қызметкері толтырады.
      11. Толтырғаннан кейін карточка ресми есепке алу құжаты болып табылады. Оған қол қойған тұлға заңда белгіленген тәртіпте көрінеу жалған мәлімет бергені үшін жауапкершілікке тартылады.
      12. Аумақтық басқармалар карточкаларды журналға тіркейді. Дұрыс толтырылғаны мен деректемелерінің түгелдігін тексергеннен кейін карточканың бір данасы тіркелгеннен соң, 3 жұмыс күні ішінде орталықтандырылған деректер банкін қалыптастыру үшін жолданады, ал екінші данасы өңделіп, аумақтық басқармада сақталуы тиіс.
      13. Толық емес немесе дұрыс емес мәліметтер көрсетілген, осы Нұсқаулық талаптарын бұзумен толтырылған немесе белгіленбеген бланкіде толтырылған карточкалар тіркелмейді және келіп түскен сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде соларды қойған органға қайта қайтарылады.
      Түзетілген карточкалар келіп түскеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде тіркелуі үшін Комитеттің аумақтық басқармаларына ұсынылады.
      14. Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдар туралы мәліметтер тұрақты түрде сақталуы тиіс.
      15. Адамдарды босату туралы шешім заңда белгіленген тәртіпте өзгертілсе немесе алып тасталса, уәкілетті мемлекеттік орган 3 жұмыс күннен кешіктірмей аумақтық басқармаларға осы Ережеге қоса берілген 4-қосымшаға сәйкес, ескертудің мөр басылған 2 данасын жолдайды.
      Аумақтық басқарма құжаттың 1 данасын Комитетке ұсынады. Хабарлама Комитеттің орталықтандырылған деректерге түзету енгізуі үшін негіз болып табылады.

3. Бірыңғай журналды жүргізу

      16. Журнал қатаң есептілік құжаты болып табылады. Оның беттері нөмірленеді, тігіледі «Журналда____беттер тігіліп, нөмірленді» жазба жазылады. Журналды жүргізетін жауапты тұлғаның қолы, күні қойылады. Журналды жүргізуге жауапты тұлға заңмен белгіленген тәртіпте көрінеу жалған мәліметтерді енгізгені үшін жауап береді.
      Журналдың дұрыс жүргізілуін бақылау аумақтық басқармалар бастықтарына жүктеледі. Журнал үнемі сақталуы тиіс.
      17. Журналдың 1-бағанында тәртібі бойынша материал нөмірі көрсетіледі, 2-бағанда тіркелген күні, 3-бағанда карточканы қойған органның кодтық белгісі, 4-бағанда карточканы қойған күн, карточканы қойған тұлғаның тегі, лауазымы және қолы көрсетіледі.
      5-10 бағандарда шығарылған тұлғалар туралы мәліметтер, шығару негізі мен күні көрсетіледі.
      11-бағанда шешімнің өзгеруі немесе алып тасталуы туралы мәліметтер көрсетіледі.

4. Есепке алуға жүгіну негізі

      18. Есепке алу бойынша тексеріске құқық қорғау қызметіне қабылданатын барлық үміткерлер өткізілуі тиіс.
      19. Ақпаратты талап ету Комитетке мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғаға қатысты сұрау жолдау жолымен, сонымен қатар соларға теңестірілген тұлғаға сұрау жолдау жолымен (мемлекеттік қызметке қабылданушы үміткер) (бұдан әрі – сұрау) ҚР Бас Прокурорының 2004 жылғы 20 қаңтардағы № 4 бұйрығымен бекітілген 3-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.
      20. Сұрауды рәсімдеу кезінде анықтау мәліметтері түзетусіз баспа әріптерімен жазылады. Тексерілетін тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты басты әріптермен, атау септікте көрсетіледі. Әкесінің аты болмаған жағдайда, сұраудың тиісті деректемесіне «жоқ» жазбасы жазылады. Туған күні мен жері толық көрсетілуі керек. Сұрау мөрмен басылады.
      21. Егер тексерілуші тұлғамен тегі, аты, әкесінің аты өзгертілген болса, ондай жағдайда сұрауда бұрынғы мәліметтер көрсетілуі тиіс. Тегін 3 немесе одан аса өзгерткен болса, жеке сұрау құрылады.
      22. Сұрау поштамен жолданады немесе Комитеттің кеңсесіне қолма қол тапсырылады. Мұндай ақпаратты жедел мақсаттар үшін ұсыну қажет болған кезде сұрауларды электронды пошта арқылы жолдауға рұқсат беріледі.
      23. Көрсетілген талаптардың бұзылуымен рәсімделген сұрау орындаусыз қайтарылады және оған тиісті белгі қойылады.
      24. Сұрау Комитетке келіп түскен сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде орындалады және бастамашыға электронды пошта арқылы жолданады немесе қолма қол беріледі. Электронды пошта арқылы алынған сұрауларға орындалған сұраулар сондай-ақ электронды пошта арқылы жолданады.
      25. Сұрау бойынша Комитеттің орталықтандырылған есепке алуында қолда бар жағымсыз себептермен қызметтен шығарылған тексерілетін адамдарға қатысты мәліметтер ұсынылады.
      Тексерілетін тұлға туралы мәліметтер бар болмаса, сұраудың артқы жағына «Мәліметтер жоқ» делінген мөр басылған таңба қойылады, сұрауды тексерген күн, сұрауды тексерген қызметкердің қолы қойылады. Тексерілуші тұлғаның мемлекеттік қызметтен жағымсыз уәждер бойынша шығарылуы туралы мәліметтер орталықтандырылған есепке алуда бар болған жағдайда, олар сұраудың артқы жағында «»ААЖ №... (автоматтандырылған ақпараттық жүйе) мөрін қойып және тексерген күні мен тексерушінің қолын қойып бейнеленеді.

Мемлекеттік қызметтен жағымсыз
уәждер бойынша шығарылған  
тұлғаларды есепке алуды жүргізу
және пайдалану туралы Ережеге
қоса берілген 1-Қосымша   

Нысан

№ 1-ЖУ нысанды мемлекеттік қызметтен жағымсыз уәждер бойынша шығарылған тұлғаларды есепке алу карточкасы
(органның кадр қызметімен құрылады)

1. ________________________________________________________________
                            (органның атауы)
2. Жасалды: лауазымды тұлға (1), лауазымды тұлғаға теңестірілген тұлға (2),
2.1. Жасалды: әкіммен (1), судьямен (2), сот органдарының қызметкерімен (3), ҚР ӘМ Сот актілерін орындау бойынша комитеті қызметкерімен (4);
Құқық қорғау қызметкерлерімен: прокуратура (5), ІІМ (6), ӘМ ҚАЖК (7), қаржы полициясы (8), ҚМ КБК (9), ТЖМ өртке қарсы қызметімен (10);
Органдар қызметкерлерімен: ҰҚК (11), ҚМ әскери қызметшілер (12), ІІМ ІӘ (13), ҰҚК Шекара қызметімен (14), Республикалық гвардия (15);Министрліктер қызметкерлерімен: әділет (16), қаржы (17), салық комитеті (18), білім және ғылым (19), ауыл шаруашылық (20), сыртқы істер (21), мұнай және газ (22), денсаулық сақтау (23), индустрия және жаңа технологиялар (24), қоршаған ортаны қорғау (25), экономикалық даму және сауда (26), туризм және спорт (27), мәдениет (28), еңбек және халықты әлеуметтік қорғау (29), көлік және коммуникация (30), информатизация және байланыс (36), ТЖМ (44);Агенттіктер қызметкерлері: статистика бойынша (31), жер ресурстарымен басқару (32), табиғи монополияларды реттеу (33), мемлекеттік қызмет істері бойынша (35), Ұлттық космос агенттігі (38), бәсекелестікті қорғау/монополияға қарсы агенттік (43); Қазақстан Республикасы құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері агентіті (67);
Ұлттық банк (39), Республикалық бюджетті орындауды бақылау бойынша есеп комитеті (40), Орталық сайлау комиссиясы (59), әкімдік, мәслихат және оның құрылымдық бөлімшелер қызметкерлері (41), басқа да мемлекеттік құрылымдар қызметкерлері (42)
__________________________________________________________________
                             (ведомство атауы)
3. Мемлекеттік қызметтен жағымсыз уәждер бойынша шығару негізі:
«Мемлекеттік қызмет туралы» ҚРЗ 27-бабы 1 тармағы: 3) тармақшасы – әкімшілік мемлекеттік қызметшімен оның кірісі және мүлігі туралы көрінеу жалған мәліметтерді беру (1), 4) тармақша – «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚРЗ белгіленген міндеттер мен шектеулерді сақтамау (2), 5) тармақша – меншік иесіндегі мүлікті сеніп тапсырылған басқаруға бермеу (3), 7) тармақша – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау (4), 7-1) тармақша – соттың айыптау үкімінің күшіне енуі (5), 7-2) тармақша – сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған немесе бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған тұлғаны қызметке қабылдау (6), 7-3) тармақша – қылмыстық істі сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін ақталмаған негізде қысқарту (7), 7-4) тармақша – мемлекеттік қызметке қабылданар алдында мемлекеттік қызметке қабылдаудан бас тартуға негіз болған көрінеу жалған мәліметтерді беру (8);
«Құқық қорғау қызметі туралы» ҚРЗ 80-бабы 1б: 12) тармақша – қызметтік тәртіпті өрескел бұзғаны үшін (20), 13) тармақша – құқық қорғау органына кір келтіретін әрекет жасағаны үшін (21);
«Әскери міндет және әскери қызмет туралы» ҚРЗ 37-бабы 2 т. 6) тармақшасы – шарт бойынша әскери қызметтен өтуші әскери қызметшінің жағымсыз уәждер бойынша шығарылуы (22), Қарулы Күштерде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери қалыптасуларында әскери-тармағы:
1 – әскери қызметшінің қызмет барысында немесе қоғамдық орындарда алкогольді, есірткі немесе токсикоманды мас күйінде болуы; қызметтік міндеттерін орындау кезінде алкогольді, есірткі пайдаланып, мас күйге енгізетін заттарды немесе басқа да соған теңестірілген интоксикация заттарын пайдалану (23), 2 – қызметтік жағдайын жеке мақсаттарда пайдалану (24), 3 – әскери қызметшілер арасында жағымсыз қоғамдық резонанс туғызатын жарғысыз өзара қарым-қатынастардың пайда болуы (25), 4 – кез-келген кәсіпкерлік қызметпен айналысу, сонымен қатар коммерциялық делдал (26), 5 – қызметтік жағдайын пайдалана отырып жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету және сол үшін заңсыз сыйақы алу (27), 6 – әскери қызметшілермен авария және ауыр жарақаттардың болуына апаратын, қауіпсіздік шараларын бұзу, сонымен қатар өрт қауіпсіздігі мен көлікте жүру қауіпсіздігі (28), 7 – әскери қызмет орны бойынша соттың заңды күшке енген үкімі немесе қаулысымен белгіленген мүлік (сонымен қатар ұсақ мүлікті) ұрлау (29), 8 – тәрбие жұмысы атқаратын әскери қызметшімен атқаратын лауазымына сай келмейтін әрекет жасау (30), 9 – ақша қаражаты немесе әскери мүлік бойынша қызмет атқаратын әскери қызметшімен егер ол командир тарапынан оған деген сенімін жоғалтуға қатысты әрекет жасаса (31), 10 – мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді тарату (32).
4. Бұйрық (шешім) № ______ "__" __________ 20__ж.
5. Жағымсыз уәждер бойынша шығарылған тұлға туралы мәліметтер

ТЕГІ

АТЫ

ӘКЕСІНІҢ АТЫ




6. Туған күні "__" ______________ 19___ж.
7. Туған жері __________________________
8. Тұрғылықты мекенжайы
   (тіркелген) ___________________________________________________
8.1 Жеке идентификациялық нөмірі (ЖИН) |_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|
8.2 Салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) |_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|
9. Жұмыс орны_______________________________________________________________
10. Лауазымы
_______________________________________________________________
11. Карточканы толтырған тұлғаның лауазымы, тегі, қолы ________
_______________________________________________________________
12. Толтырған күні "__" _____________ 20___ж.
13. Аймақтық басқармада тіркелген күні "___" _______ 20___ж.
    Бірыңғай журнал бойынша материал (хаттама) №
________________________________________________
14. Аймақтық басқарма қызметкері
________________________________________________
            (лауазымы, тегі, қолы)
Ескерту: карточка ресми статистикалық құжат болып табылады; оған қол қойған тұлғалар көрінеу жалған мәліметтер енгізгені үшін заңмен белгіленген тәртіпте жауапкершілікке тартылады.

Мемлекеттік қызметтен жағымсыз
уәждер бойынша шығарылған  
тұлғаларды есепке алуды жүргізу
және пайдалану туралы Ережеге
қоса берілген 2-Қосымша   

Нысан

Сыртқы парақ

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Жағымсыз уәждер бойынша шығарылған тұлғаларды есепке алудың Бірыңғай журналы № _____________ Басталды _______20__ж. № ____
Аяқталды _______20__ж. № ____ Астана 20___ж.

№/№
р/р

Тіркелген күні

Карточканы қойған органның аты және коды

Карточканы қойған күні, карточканы қойған тұлғаның тегі, лауазымы және қолы

Тегі

Аты

Әкесінің аты

1

2

3

4

5

6

7

Кестенің жалғасы

Жұмыс орны

Лауазымы

Шығару негізі және күні

Шешімнің өзгертілуі немесе алып тасталуы туралы мәліметтер, күні

8

9

10

11

Мемлекеттік қызметтен жағымсыз
уәждер бойынша шығарылған  
тұлғаларды есепке алуды жүргізу
және пайдалану туралы Ережеге
қоса берілген 3-Қосымша  

Нысан

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті

Көшірме: облыстың _________________________ аумақтық басқармасына
Мемлекеттік қызметтен жағымсыз уәждер бойынша шығару туралы шешімнің өзгертілуі (алып тасталуы) туралы хабарлама

Тегі ________________________________________________________________
Аты _________________________ Әкесінің аты __________________________
Туған күні "___" __________ 19__ж.
Шығару дәлелдері туралы мәліметтер: _________________________________
                        (шығарудың негізін, түрін және күнін көрсету)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Қабылданған шешімді өзгерту (алып тастау) туралы:
_____________________________________________________________________
     (өзгерту (алып тастау) туралы шешімді қабылдау негізі, күні
_____________________________________________________________________
         жағымсыз уәждер бойынша шығару туралы қабылданған шешімді)
Шешім қабылдаған органның атауы: ____________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
        (Хабарламаны құрастырған тұлғаның тегі, лауазымы және қолы)

Құрастырған күн "___"________20__ж.               МО

(мөлшері 150х210)

Мемлекеттік қызметтен жағымсыз
уәждер бойынша шығарылған  
тұлғаларды есепке алуды жүргізу
және пайдалану туралы Ережеге
қоса берілген 4-Қосымша   

Нысан

Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғаға, сонымен қатар соларға теңестірілген тұлғаларға қатысты сұрау
(мемлекеттік қызметке қабылданушы үміткерлер)

№ _______                    алу: поштамен/қолма қол/эл. поштамен
                                  (керек емесін сызып тастау)

"___"_______ 20__ж.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ҚСжАЕК

1. Тегі |__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|
2. Аты |__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|
3. Әкесінің аты_|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|
                  (егер өзгертілсе, бұрынғысын көрсету)
4. Туған күні "___"_________19__ж.
5. Туған жері __________________________________________________
6. Мекенжайы ___________________________________________________
7. Есепке алу бойынша тексеру себебі ___________________________

Меморган бастығы _______________________________________________
                               (тегі, қолы)

МО
Орындаушы __________________________________________________ Жолдаушының мекенжайы: индекс ______________________________ ауыл-аймақ _________________________________________________     аудан ______________________________________________________     облыс ______________________________________________________      меморган ___________________________________________________ ____________________________________________________________                          (қысқартусыз толық атауы)

(мөлшері 150х210)