Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алу ісін жүргізу және пайдалану Ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 39 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылғы 1 маусымда № 6986 болып тіркелді

Жаңартылған

      «Қазақстан Республикасының қейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметі және сыныптық шендер, әскери және арнайы атақтар беру, әскери қызметшілердің және өзге де мемлекеттік органдар қызметкерлерінің нысанды киім киіп жүру құқығы мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 379-4-IV және «Қазақстан Республикасының қейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 29 желтоқсандарғы № 371-4-IV заңдардың қабылдануына байланысты, Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алу ісін жүргізу және пайдалану туралы қоса берілген Ереже бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет):
      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын.
      2) құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне, Комитеттің аумақтық басқармаларына орындау үшін жолдасын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.
      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Бас Прокуроры                                 А. Дауылбаев

Қазақстан Республикасы   
Бас Прокурорының 2011 жылғы
29 сәуір № 39 бұйрығымен 
Бекітілді        

Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алу ісін жүргізу және пайдалану ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы ереже мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды есепке алу ісін жүргізу және пайдаланудың бірыңғай тәртібін анықтайды.
      2. «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» және «Мемлекеттік қызмет туралы»«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының ақпараттық және статистикалық қамтамасыз етілуі мақсатында, мемлекеттік қызметтен себептермен босатылған адамдарды есепке алу ісінің Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) деректер банкін жүргізеді.
      Деректер банкінің мәліметтері ведомстволық таратылуы жолымен жүзеге асырылады және басқа мақсаттарда қолданылмайды.
      Комитетінің аумақтық басқармаларында (бұдан әрі – аумақтық басқармалары) жергілікті есепке алулар жүргізіледі.
      3. «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы заңының талаптарының орындалуын және онда көзделген тәртіптік шаралардың қолданылуын өзінің құзыреті шеңберінде қамтамасыз ететін құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілері осы Нұсқаулық талаптарының сақталуына бақылауды жүзеге асыратын Комитетке ақпараттық есепке алу құжаттарын өз уақытында ұсынуға міндетті.
      4. Жағымсыз себептермен босатылған барлық мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес есепке алынуы тиіс.

2. Алғашқы есепке алу актісін жүргізу

      5. Есепке алудың негізі «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағы 3)4)5)7)7-1)7-2)7-3)7-4) тармақшаларында, «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабы 1-тармағы 12)16) тармақшаларында; «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 1–тармағы 13) тармақшасында, «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабы 1-тармағының 13) тармақшасында көрсетілген жағымсыз себептермен босату дерегі болып табылады.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 2012.09.04 № 105 (ресми жарияланған күнінен бастан қолданысқа енеді) Бұйрығымен.
      6. Мемлекеттік органның кадр қызметі (одан әрі – уәкілетті мемлекеттік орган) адамдардың жағымсыз себептермен босатылу дерегі кезінде шығарылған сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде аумақтық басқармаларда осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес, екі данада жағымсыз себептермен босатылған адамдарды есепке алудың № 1-ЖУ нысанды статистикалық карточкасы (бұдан әрі – карточка), сонымен қатар жұмыстан босату туралы бұйрықтың үзінді көшірмесі және жағымсыз себептермен босатылған адамның жеке куәлігінің көшірмесі беріледі.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 2012.09.04 № 105 (ресми жарияланған күнінен бастан қолданысқа енеді) Бұйрығымен.
      7. Қызметі әскери немесе көліктік прокурордың қадағалауындағы мемлекеттік органдар және лауазымды тұлғалар карточканы Комитеттің әскери немесе аймақтық көліктік басқармаларына жолдайды.
      8. Карточка деректемелері баспа әріптерімен көк немесе қара бояумен, түзетулерсіз және шимайлаусыз толтырылады. Есепке қойылатын тұлғаның аты, тегі, әкесінің аты бас әріптермен енгізіледі. Оның жұмыс орны мен лауазымы, сонымен қатар карточканы қойған органның атауы қысқартуларсыз толтырылады.
      9. Карточканың 1-деректемесінде жағымсыз себептермен босатылған тұлғаның қызмет еткен органының атауы көрсетіледі. 2 және 2.1 деректемеде жағымсыз себептермен босатылған адамның ведомстволық иемденуі көрсетіледі. 3-деректемеде мемлекеттік қызметтен босатудың негізі көрсетіледі.
      4-деректемеде органның жұмыстан босату туралы бұйрығының (шешімнің) нөмірі мен бұйрықтың шығарылған күні көрсетіледі.
      5-10 деректемелерде босатылған тұлғаны анықтау мәліметтері көрсетіледі.
      10. Карточка қызметкерді жұмыстан босатқан орган басшысының және кадр қызметі басшысының (оларды алмастыратын адамдардың) қолымен расталуға жатады. Басшы және жауапты тұлға 12, 13 деректемеде өзінің тегін, лауазымын және карточканы толтырған күнді көрсетуі тиіс.
      13, 14 деректемелер осы Ережеге қоса берілетін 2-қосымшаға сәйкес, жағымсыз себептермен босатылған адамдарды есепке алудың бірыңғай журналының (бұдан әрі – журнал) мәліметтеріне сәйкес, тіркеу нөмірін, тіркелген күнді, тегін көрсетіп, карточкаға қолын қоятын аумақтық басқарма қызметкері толтырады.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Бас Прокурорының 2012.09.04 № 105 (ресми жарияланған күнінен бастан қолданысқа енеді) Бұйрығымен.
      11. Толтырғаннан кейін карточка ресми есепке алу құжаты болып табылады. Оған қол қойған тұлға заңда белгіленген тәртіпте көрінеу жалған мәлімет бергені үшін жауапкершілікке тартылады.
      12. Аумақтық басқармалар карточкаларды журналға тіркейді. Дұрыс толтырылғаны мен деректемелерінің түгелдігін тексергеннен кейін карточканың бір данасы тіркелгеннен соң, 3 жұмыс күні ішінде орталықтандырылған деректер банкін қалыптастыру үшін жолданады, ал екінші данасы өңделіп, аумақтық басқармада сақталуы тиіс.
      13. Толық емес немесе дұрыс емес мәліметтер көрсетілген, осы Нұсқаулық талаптарын бұзумен толтырылған немесе белгіленбеген бланкіде толтырылған карточкалар тіркелмейді және келіп түскен сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде соларды қойған органға қайта қайтарылады.
      Түзетілген карточкалар келіп түскеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде тіркелуі үшін Комитеттің аумақтық басқармаларына ұсынылады.
      14. Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдар туралы мәліметтер тұрақты түрде сақталуы тиіс.
      15. Адамдарды босату туралы шешім заңда белгіленген тәртіпте өзгертілсе немесе алып тасталса, уәкілетті мемлекеттік орган 3 жұмыс күннен кешіктірмей аумақтық басқармаларға осы Ережеге қоса берілген 4-қосымшаға сәйкес, ескертудің мөр басылған 2 данасын жолдайды.
      Аумақтық басқарма құжаттың 1 данасын Комитетке ұсынады. Хабарлама Комитеттің орталықтандырылған деректерге түзету енгізуі үшін негіз болып табылады.

3. Бірыңғай журналды жүргізу

      16. Журнал қатаң есептілік құжаты болып табылады. Оның беттері нөмірленеді, тігіледі «Журналда____беттер тігіліп, нөмірленді» жазба жазылады. Журналды жүргізетін жауапты тұлғаның қолы, күні қойылады. Журналды жүргізуге жауапты тұлға заңмен белгіленген тәртіпте көрінеу жалған мәліметтерді енгізгені үшін жауап береді.
      Журналдың дұрыс жүргізілуін бақылау аумақтық басқармалар бастықтарына жүктеледі. Журнал үнемі сақталуы тиіс.
      17. Журналдың 1-бағанында тәртібі бойынша материал нөмірі көрсетіледі, 2-бағанда тіркелген күні, 3-бағанда карточканы қойған органның кодтық белгісі, 4-бағанда карточканы қойған күн, карточканы қойған тұлғаның тегі, лауазымы және қолы көрсетіледі.
      5-10 бағандарда шығарылған тұлғалар туралы мәліметтер, шығару негізі мен күні көрсетіледі.
      11-бағанда шешімнің өзгеруі немесе алып тасталуы туралы мәліметтер көрсетіледі.

4. Есепке алуға жүгіну негізі

      18. Есепте тұруы бойынша тексеруге құқық қорғау қызметіне және арнаулы мемлекеттік органдар қызметіне қабылдануға үміткер адамдардың барлығы жатады.
      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 2012.09.04 № 105 (ресми жарияланған күнінен бастан қолданысқа енеді) Бұйрығымен.
      19. Ақпаратты талап ету Комитетке мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғаға қатысты сұрау жолдау жолымен, сонымен қатар соларға теңестірілген тұлғаға сұрау жолдау жолымен (мемлекеттік қызметке қабылданушы үміткер) (бұдан әрі – сұрау) ҚР Бас Прокурорының 2004 жылғы 20 қаңтардағы № 4 бұйрығымен бекітілген 3-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.
      20. Сұрауды рәсімдеу кезінде анықтау мәліметтері түзетусіз баспа әріптерімен жазылады. Тексерілетін тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты басты әріптермен, атау септікте көрсетіледі. Әкесінің аты болмаған жағдайда, сұраудың тиісті деректемесіне «жоқ» жазбасы жазылады. Туған күні мен жері толық көрсетілуі керек. Сұрау мөрмен басылады.
      21. Егер тексерілуші тұлғамен тегі, аты, әкесінің аты өзгертілген болса, ондай жағдайда сұрауда бұрынғы мәліметтер көрсетілуі тиіс. Тегін 3 немесе одан аса өзгерткен болса, жеке сұрау құрылады.
      22. Сұрау поштамен жолданады немесе Комитеттің кеңсесіне қолма қол тапсырылады. Мұндай ақпаратты жедел мақсаттар үшін ұсыну қажет болған кезде сұрауларды электронды пошта арқылы жолдауға рұқсат беріледі.
      23. Көрсетілген талаптардың бұзылуымен рәсімделген сұрау орындаусыз қайтарылады және оған тиісті белгі қойылады.
      24. Сұрау Комитетке келіп түскен сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде орындалады және бастамашыға электронды пошта арқылы жолданады немесе қолма қол беріледі. Электронды пошта арқылы алынған сұрауларға орындалған сұраулар сондай-ақ электронды пошта арқылы жолданады.
      25. Сұрау бойынша Комитеттің орталықтандырылған есепке алуында қолда бар жағымсыз себептермен қызметтен шығарылған тексерілетін адамдарға қатысты мәліметтер ұсынылады.
      Тексерілетін тұлға туралы мәліметтер бар болмаса, сұраудың артқы жағына «Мәліметтер жоқ» делінген мөр басылған таңба қойылады, сұрауды тексерген күн, сұрауды тексерген қызметкердің қолы қойылады. Тексерілуші тұлғаның мемлекеттік қызметтен жағымсыз уәждер бойынша шығарылуы туралы мәліметтер орталықтандырылған есепке алуда бар болған жағдайда, олар сұраудың артқы жағында «»ААЖ №... (автоматтандырылған ақпараттық жүйе) мөрін қойып және тексерген күні мен тексерушінің қолын қойып бейнеленеді.

Мемлекеттік қызметтен жағымсыз
себептермен босатылған    
адамдарды арнайы есепке алу ісін
жүргізу және пайдалану Ережесінің
1-қосымшасы          

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 2012.09.04 № 105 (ресми жарияланған күнінен бастан қолданысқа енеді) Бұйрығымен.

Нысан

№ 1-ЖУ нысанды мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен
босатылған тұлғаларды есепке алу карточкасы
(органның кадр қызметімен қалыптастырылады)

1. __________________________________________________________________
                            (органның атауы)
2. Жасалды: лауазымды тұлға (1), лауазымды тұлғаға теңестірілген
тұлға (2),
2.1. Жасалды: әкіммен (1), судьямен (2), сот органдарының
қызметкерімен (3), ҚР ӘМ Сот актілерін орындау бойынша комитеті
қызметкерімен (4);
Құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен: прокуратура (5), ІІМ
(6), ШМ ҚАЖК (7), қаржы полициясы (8), ҚМ КБК (9), ТЖМ өртке қарсы
қызметімен (10);
Органдар қызметкерлерімен: ҰҚК (11), ҚМ әскери қызметшілер (12),
ІІМ ІӘ (13), ҰҚК Шекара қызметімен (14), Республикалық гвардия (15);
Министрліктер қызметкерлерімен: әділет (16), қаржы (17), ҚМ Салық
комитеті (18), білім және ғылым (19), ауыл шаруашылық (20), сыртқы
істер (21), мұнай және газ (22), денсаулық сақтау (23), индустрия
және жаңа технологиялар (24), қоршаған ортаны қорғау (25),
экономикалық даму және сауда (26), туризм және спорт (27), мәдениет
және ақпарат (28), еңбек және халықты әлеуметтік қорғау (29), көлік
және коммуникация (30), информатизация және байланыс (36), ТЖМ (44);
Агенттіктер қызметкерлері: статистика бойынша (31), жер
ресурстарымен басқару (32), табиғи монополияларды реттеу (33),
мемлекеттік қызмет істері бойынша (35), Ұлттық космос агенттігі (38),
бәсекелестікті қорғау (монополияға қарсы) агенттік (43); Ұлттық банк
(39), Республикалық бюджетті орындауды бақылау бойынша есеп комитеті
(40), әкімдік, мәслихат және оның құрылымдық бөлімшелер қызметкерлері
(41), басқа да мемлекеттік құрылымдар қызметкерлері (42)
_____________________________________________________________________
                        (ведомство атауы)
3. Мемлекеттік қызметтен жағымсыз уәждер бойынша шығару негізі:
«Мемлекеттік қызмет туралы» ҚРЗ 27-бабы 1 тармағы:
3-тармақшасы – әкімшілік мемлекеттік қызметшімен оның кірісі және
мүлігі туралы көрінеу жалған мәліметтерді беру (1), 4 тармақша
«Мемлекеттік қызмет туралы» ҚРЗ белгіленген міндеттер мен
шектеулерді сақтамау (2), 5 тармақша – меншік иесіндегі мүлікті сеніп
тапсырылған басқаруға бермеу (3), 7 тармақша – сыбайлас жемқорлық
құқық бұзушылық жасау (4), 7-1 тт – соттың айыптау үкімінің күшіне
енуі (5), 7-2 тт – сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған немесе бұрын
сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған тұлғаны қызметке қабылдау
(6), 7-3 тт – қылмыстық істі сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін
ақталмаған негізде қысқарту (7), 7-4 тт – мемлекеттік қызметке
қабылданар алдында мемлекеттік қызметке қабылдаудан бас тартуға негіз
болған көрінеу жалған мәліметтерді беру (8);
«Құқық қорғау қызметі туралы» ҚРЗ 80-бабы 1б: 12 т – қызметтік
тәртіпті өрескел бұзғаны үшін (20), 13 т – құқық қорғау органына кір
келтіретін әрекет жасағаны үшін (21); 14 т – сыбайлас жемқорлық құқық
бұзушылық жасауына байланысты (33), 15 т – соттың айыптау үкімінің
заңды күшіне енуі немесе қылмыстық іс ақталмайтын негіздер бойынша
тоқтатылған жағдайларда (34), 16 т- «Құқық қорғау қызметі туралы» ҚР
Заңының 6-бабының 2-тармағында көрсетілген мәліметтерді бермегені
немесе бұрмалағаны үшін (35);
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚРЗ
26-бабы 1 т 13 тт – әскери қызметтен жағымсыз себептермен босатылуы
(22): 1-әскери қызметшiге әскери қызметі бойынша шектеу және
тұтқындау түріндегі жазаларды қоспағанда, қылмыстық, оның ішінде
шартты түрде жаза тағайындау туралы сот үкімiнің заңды күшiне енуі
(23); 2 - ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан
босатылу (24); 3 - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген
тәртіппен әскери атағынан айыру (25); 4 - әскери қызмет міндеттерін
орындау кезінде алкогольдік, есірткілік немесе өзге де масаң күйге
ұшырататын заттарды тұтыну (26); 5 - денсаулық жағдайы бойынша және
отбасы жағдайлары бойынша шығарылған жағдайларды қоспағанда, әскери
оқу орнынан (әскери факультеттен) шығарылу (27); 6 - әскери
қызметшінің келісімшарттың талаптарын жүйелі түрде бұзуы (28); 7 -
педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа, кез
келген ақылы қызмет түрлерімен айналысу (29); 8 - әскери қызметшінің
ауыр салдарларға әкеп соқтырған қауіпсіздік шараларын, оның ішінде
өрт қауіпсіздігін не қызметтік көлікте жүру қауіпсіздігін бұзуы (30);
9 - әскери қызметшінің қатарынан үш және одан да көп сағат бойы
дәлелсіз себептермен қызметте болмауы (31); 10 - ақшалай қаражатпен
немесе әскери мүлікпен тікелей жұмыс істейтін әскери қызметшінің
кінәратты әрекеттер жасауы, егер бұл әрекеттер командир (бастық)
тарапынан оған сенімді жоғалту үшін негіз болса (32); 11 -
мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді, оларды тасығыштарды
жария етуге немесе жоғалтуға әкеп соқтырған құпиялылық режимін
қамтамасыз ету жөніндегі белгіленген талаптардың бұзылуы (33); 12 -
Қазақстан Республикасының еңбек және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
заңнамасында айқындалған жағдайлар (34).
«Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары
туралы» ҚР Заңының 49-бабы 1 т. 13 тт. – қызметкерлерді теріс
себептер бойынша шығару (35) негіздер болып табылады.
4. Бұйрық (шешім) № ________________ "___" __________________ 20__ ж.
5. Жазалау шарасы қолданылды: атқарып отырған лауазымынан босату (1)
6. Жағымсыз себептермен босатылған адам туралы мәліметтер

ТЕГІ

АТЫ

ӘКЕСІНІҢ АТЫ




7. Туған күні "___" __________________ 19__ ж.
8. Туған жері_________________________________
9. Тұрғылықты (тіркелген) мекенжайы _______________________________
9.1 Жеке идентификациялық нөмірі (ЖИН)   |_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|
9.2 Салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) |_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|
10. Жұмыс орны _____________________________________________________
11. Лауазымы ________________________________________________________
12. Карточканы толтырған адамның лауазымы, тегі, қолы _______________
13. Толтырған күні "___" _________________ 20__ ж.
14. Аймақтық басқармада тіркелген күні "___" _______________ 20 __ ж.
    Бірыңғай журнал бойынша материал (хаттама) №
15. Аймақтық басқарма қызметкері ____________________________________
                                       (лауазымы, тегі, қолы)
Ескерту: карточка ресми статистикалық құжат болып табылады; оған қол
қойған тұлғалар көрінеу жалған мәліметтер енгізгені үшін заңмен
белгіленген тәртіпте жауапкершілікке тартылады.

Мемлекеттік қызметтен жағымсыз
уәждер бойынша шығарылған  
тұлғаларды есепке алуды жүргізу
және пайдалану туралы Ережеге
қоса берілген 2-Қосымша   

Нысан

Сыртқы парақ

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Жағымсыз уәждер бойынша шығарылған тұлғаларды есепке алудың Бірыңғай журналы № _____________ Басталды _______20__ж. № ____
Аяқталды _______20__ж. № ____ Астана 20___ж.

№/№
р/р

Тіркелген күні

Карточканы қойған органның аты және коды

Карточканы қойған күні, карточканы қойған тұлғаның тегі, лауазымы және қолы

Тегі

Аты

Әкесінің аты

1

2

3

4

5

6

7

Кестенің жалғасы

Жұмыс орны

Лауазымы

Шығару негізі және күні

Шешімнің өзгертілуі немесе алып тасталуы туралы мәліметтер, күні

8

9

10

11

Мемлекеттік қызметтен жағымсыз
уәждер бойынша шығарылған  
тұлғаларды есепке алуды жүргізу
және пайдалану туралы Ережеге
қоса берілген 3-Қосымша  

Нысан

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті

Көшірме: облыстың _________________________ аумақтық басқармасына
Мемлекеттік қызметтен жағымсыз уәждер бойынша шығару туралы шешімнің өзгертілуі (алып тасталуы) туралы хабарлама

Тегі ________________________________________________________________
Аты _________________________ Әкесінің аты __________________________
Туған күні "___" __________ 19__ж.
Шығару дәлелдері туралы мәліметтер: _________________________________
                        (шығарудың негізін, түрін және күнін көрсету)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Қабылданған шешімді өзгерту (алып тастау) туралы:
_____________________________________________________________________
     (өзгерту (алып тастау) туралы шешімді қабылдау негізі, күні
_____________________________________________________________________
         жағымсыз уәждер бойынша шығару туралы қабылданған шешімді)
Шешім қабылдаған органның атауы: ____________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
        (Хабарламаны құрастырған тұлғаның тегі, лауазымы және қолы)

Құрастырған күн "___"________20__ж.               МО

(мөлшері 150х210)

Мемлекеттік қызметтен жағымсыз
уәждер бойынша шығарылған  
тұлғаларды есепке алуды жүргізу
және пайдалану туралы Ережеге
қоса берілген 4-Қосымша   

Нысан

Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғаға, сонымен қатар соларға теңестірілген тұлғаларға қатысты сұрау
(мемлекеттік қызметке қабылданушы үміткерлер)

№ _______                    алу: поштамен/қолма қол/эл. поштамен
                                  (керек емесін сызып тастау)

"___"_______ 20__ж.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ҚСжАЕК

1. Тегі |__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|
2. Аты |__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|
3. Әкесінің аты_|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|
                  (егер өзгертілсе, бұрынғысын көрсету)
4. Туған күні "___"_________19__ж.
5. Туған жері __________________________________________________
6. Мекенжайы ___________________________________________________
7. Есепке алу бойынша тексеру себебі ___________________________

Меморган бастығы _______________________________________________
                               (тегі, қолы)

МО
Орындаушы __________________________________________________ Жолдаушының мекенжайы: индекс ______________________________ ауыл-аймақ _________________________________________________     аудан ______________________________________________________     облыс ______________________________________________________      меморган ___________________________________________________ ____________________________________________________________                          (қысқартусыз толық атауы)

(мөлшері 150х210)