Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алу ісін жүргізу және пайдалану Ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 39 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылғы 1 маусымда № 6986 болып тіркелді

Жаңартылған

      «Қазақстан Республикасының қейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметі және сыныптық шендер, әскери және арнайы атақтар беру, әскери қызметшілердің және өзге де мемлекеттік органдар қызметкерлерінің нысанды киім киіп жүру құқығы мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 379-4-IV және «Қазақстан Республикасының қейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 29 желтоқсандарғы № 371-4-IV заңдардың қабылдануына байланысты, Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алу ісін жүргізу және пайдалану туралы қоса берілген Ереже бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет):
      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын.
      2) құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне, Комитеттің аумақтық басқармаларына орындау үшін жолдасын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.
      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Бас Прокуроры                                 А. Дауылбаев

Қазақстан Республикасы   
Бас Прокурорының 2011 жылғы
29 сәуір № 39 бұйрығымен 
Бекітілді        

Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алу ісін жүргізу және пайдалану ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алу ісін жүргізу және пайдалану ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын, «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын, «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын ақпараттық және статистикалық сүйемелдеу мақсатында әзірленді.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 12.06.2014 № 58 бұйрығымен.
      2. Ереже мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды есепке алуды жүргізудің бірыңғай тәртібін белгілейді.
      Есепке алуды Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды есепке алудың деректер банкін (бұдан әрі – деректер банкі) жүргізу арқылы жүзеге асырады.
      Деректер банкінің мәліметтері Ереженің 1-тармағында көрсетілген мақсаттарға ғана пайдаланылады.
      Комитеттің аумақтық басқармаларында (бұдан әрі – аумақтық басқармалар) жергілікті есепке алулар жүргізіледі.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 12.06.2014 № 58 бұйрығымен.
      3. Өз құзіреттерінің шегінде «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының орындалуын және онда көзделген тәртіптік шаралардың қолданылуын қамтамасыз ететін құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілері осы Қағиданың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды Комитетке уақытылы ұсынып отыруға міндетті.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас прокурорының м.а. 20.02.2015 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      4. Жағымсыз себептермен босатылған барлық мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес есепке алынуы тиіс.

2. Алғашқы есепке алу карточкасын жүргізу

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Бас прокурорының м.а. 20.02.2015 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Адамдарды төмендегі жағымсыз себептер бойынша қызметтен босату дерегі аталған есепке қоюға негіз болып табылады:
      1) «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 34-бабының 5 және 11-тармақтары;
      2) «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 3)5)7)7-4) тармақшалары;
      3) «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабы 1-тармағының 12)16)тармақшалары;
      4) «Арнаулы мемлекеттік органдар туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабы 14-тармағы;
      5) «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 1–тармағының 13)-тармақшасы.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 12.06.2014 № 58 бұйрығымен.
      6. Мемлекеттік органның кадр қызметі (бұдан әрі – кадр қызметі) адамды жағымсыз себептермен қызметтен босату дерегі бойынша адамның қызметтен босатылған, әскери бөлімнің (мекеменің) жеке құрамындағы тізімнен алынып тасталған кезден бастап 3 жұмыс күнінің ішінде адамды жағымсыз себептермен қызметтен босату туралы бұйрықтың көшірмесін қоса отырып, осы Қағиданың 1-қосмышасына сәйкес, жағымсыз себептермен мемлекеттік қызметтен босатылған адамдарды есепке алудың №1-ЖС нысанды карточкасын (бұдан әрі – карточка) 2 данада аумақтық басқармаларға қояды.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас прокурорының м.а. 20.02.2015 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      7. Қызметі әскери немесе көліктік прокурордың қадағалауындағы мемлекеттік органдар және лауазымды тұлғалар карточканы Комитеттің әскери немесе аймақтық көліктік басқармаларына жолдайды.
      8. Карточка деректемелері баспа әріптерімен көк немесе қара бояумен, түзетулерсіз және шимайлаусыз толтырылады. Есепке қойылатын тұлғаның аты, тегі, әкесінің аты бас әріптермен енгізіледі. Оның жұмыс орны мен лауазымы, сонымен қатар карточканы қойған органның атауы қысқартуларсыз толтырылады.
      9. Карточканың 1-деректемесінде жағымсыз себептермен босатылған тұлғаның қызмет еткен органының атауы көрсетіледі. 2 және 2.1 деректемеде жағымсыз себептермен босатылған адамның ведомстволық иемденуі көрсетіледі. 3-деректемеде мемлекеттік қызметтен босатудың негізі көрсетіледі.
      4-деректемеде органның жұмыстан босату туралы бұйрығының (шешімнің) нөмірі мен бұйрықтың шығарылған күні көрсетіледі.
      5-10 деректемелерде босатылған тұлғаны анықтау мәліметтері көрсетіледі.
      10. Карточка қызметкерді жұмыстан босатқан орган басшысының және кадр қызметі басшысының (оларды алмастыратын адамдардың) қолымен расталуға жатады. Басшы және жауапты тұлға 12, 13 деректемеде өзінің тегін, лауазымын және карточканы толтырған күнді көрсетуі тиіс.
      13, 14 деректемелер осы Ережеге қоса берілетін 2-қосымшаға сәйкес, жағымсыз себептермен босатылған адамдарды есепке алудың бірыңғай журналының (бұдан әрі – журнал) мәліметтеріне сәйкес, тіркеу нөмірін, тіркелген күнді, тегін көрсетіп, карточкаға қолын қоятын аумақтық басқарма қызметкері толтырады.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Бас Прокурорының 2012.09.04 № 105 (ресми жарияланған күнінен бастан қолданысқа енеді) Бұйрығымен.
      11. Толтырғаннан кейін карточка ресми есепке алу құжаты болып табылады. Оған қол қойған тұлға заңда белгіленген тәртіпте көрінеу жалған мәлімет бергені үшін жауапкершілікке тартылады.
      12. Аумақтық басқармалар карточкаларды журналға тіркейді. Дұрыс толтырылғаны мен деректемелерінің түгелдігін тексергеннен кейін карточканың бір данасы тіркелгеннен соң, 3 жұмыс күні ішінде орталықтандырылған деректер банкін қалыптастыру үшін жолданады, ал екінші данасы өңделіп, аумақтық басқармада сақталуы тиіс.
      13. Толық емес немесе дұрыс емес мәліметтер көрсетілген, осы Нұсқаулық талаптарын бұзумен толтырылған немесе белгіленбеген бланкіде толтырылған карточкалар тіркелмейді және келіп түскен сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде соларды қойған органға қайта қайтарылады.
      Түзетілген карточкалар келіп түскеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде тіркелуі үшін Комитеттің аумақтық басқармаларына ұсынылады.
      14. Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдар туралы мәліметтер тұрақты түрде сақталуы тиіс.
      15. Адамдарды босату туралы шешім заңда белгіленген тәртіпте өзгертілсе немесе алып тасталса, уәкілетті мемлекеттік орган 3 жұмыс күннен кешіктірмей аумақтық басқармаларға осы Ережеге қоса берілген 4-қосымшаға сәйкес, ескертудің мөр басылған 2 данасын жолдайды.
      Аумақтық басқарма құжаттың 1 данасын Комитетке ұсынады. Хабарлама Комитеттің орталықтандырылған деректерге түзету енгізуі үшін негіз болып табылады.

3. Бірыңғай журналды жүргізу

      16. Журнал қатаң есептілік құжаты болып табылады. Оның беттері нөмірленеді, тігіледі «Журналда____беттер тігіліп, нөмірленді» жазба жазылады. Журналды жүргізетін жауапты тұлғаның қолы, күні қойылады. Журналды жүргізуге жауапты тұлға заңмен белгіленген тәртіпте көрінеу жалған мәліметтерді енгізгені үшін жауап береді.
      Журналдың дұрыс жүргізілуін бақылау аумақтық басқармалар бастықтарына жүктеледі. Журнал үнемі сақталуы тиіс.
      17. Журналдың 1-бағанында тәртібі бойынша материал нөмірі көрсетіледі, 2-бағанда тіркелген күні, 3-бағанда карточканы қойған органның кодтық белгісі, 4-бағанда карточканы қойған күн, карточканы қойған тұлғаның тегі, лауазымы және қолы көрсетіледі.
      5-10 бағандарда шығарылған тұлғалар туралы мәліметтер, шығару негізі мен күні көрсетіледі.
      11-бағанда шешімнің өзгеруі немесе алып тасталуы туралы мәліметтер көрсетіледі.

4. Есепке алуға жүгіну негізі

      18. Есепте тұруы бойынша тексеруге мемлекеттік қызметке, әскери қызметке, құқық қорғау қызметіне және арнаулы мемлекеттік органдар қызметіне қабылдануға үміткер адамдардың барлығы жатады.
      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас прокурорының м.а. 20.02.2015 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      19. Адамдар туралы ақпаратты талап ету Комитетке және оның аумақтық органына әрбір тексерілетін адамға жеке-жеке ресімделген талапты жіберу арқылы жүргізіледі.
      Бланкілер нысандары, оларды толтыру және есепке алу бойынша тексеру үшін жолдау тәртібі, сондай-ақ орындау мерзімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9638 санымен тіркелген) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 10 шілдедегі № 71 бұйрығымен бекітілген Арнайы есепке алудың жекелеген түрлерін жүргізу мен пайдаланудың белгіленген қағидасына ұқсас.
      Бұл ретте, талапта тексерістің мақсаты, негізі көрсетіледі.
      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас прокурорының м.а. 20.02.2015 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      20. Сұрауды рәсімдеу кезінде анықтау мәліметтері түзетусіз баспа әріптерімен жазылады. Тексерілетін тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты басты әріптермен, атау септікте көрсетіледі. Әкесінің аты болмаған жағдайда, сұраудың тиісті деректемесіне «жоқ» жазбасы жазылады. Туған күні мен жері толық көрсетілуі керек. Сұрау мөрмен басылады.
      21. Егер тексерілуші тұлғамен тегі, аты, әкесінің аты өзгертілген болса, ондай жағдайда сұрауда бұрынғы мәліметтер көрсетілуі тиіс. Тегін 3 немесе одан аса өзгерткен болса, жеке сұрау құрылады.
      22. Сұрау поштамен жолданады немесе Комитеттің кеңсесіне қолма қол тапсырылады. Мұндай ақпаратты жедел мақсаттар үшін ұсыну қажет болған кезде сұрауларды электронды пошта арқылы жолдауға рұқсат беріледі.
      23. Көрсетілген талаптардың бұзылуымен рәсімделген сұрау орындаусыз қайтарылады және оған тиісті белгі қойылады.
      24. Сұрау Комитетке келіп түскен сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде орындалады және бастамашыға электронды пошта арқылы жолданады немесе қолма қол беріледі. Электронды пошта арқылы алынған сұрауларға орындалған сұраулар сондай-ақ электронды пошта арқылы жолданады.
      25. Сұрау салу бойынша Комитеттің орталықтандырылған есебінде бар тексерудегі адамды мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босату туралы мәліметтер ұсынылады.
      Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адам туралы мәліметтер бар болғанда тексеріс болатын күнде күші бар («белсенді» статусы бар) мәліметтер көрсетіледі.
      Тексерудегі адам туралы мәліметтер есепте болмаған жағдайда, сұрау салу қағазының келесі бетінде «Мәліметтер жоқ» баспа-таңбасы бар мөртаңба, сұрау салудың тексерілген күні, сұрау салуды тексерген қызметкердің қолы қойылады. Тексерудегі адамды мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босату туралы мәліметтер орталықтандырылған есепте бар болған жағдайда, олар сұрау салу қағазының келесі бетінде «ААЖ № ____» (автоматтандырылған ақпараттық жүйе) мөртаңбасын, тексерген күнін, тексерген қызметкердің қолын көрсету арқылы бейнеленеді.
      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас прокурорының м.а. 20.02.2015 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Мемлекеттік қызметтен жағымсыз
себептермен босатылған адамдарды
арнайы есепке алу ісін жүргізу
және пайдалану қағидасының 
1-қосымшасы         

Нысан

Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған
адамдарды есепке алу карточкасы
(№ 1-ЖС Нысаны - органның кадр қызметімен қалыптастырылады)

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Бас прокурорының м.а. 20.02.2015 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. __________________________________________________________________                           (органның атауы)
2. Жасады: лауазымды адам, саяси мемлекеттік қызметкер, мемлекеттік
қызметкер.
2.1. Жасады: әкім, сот, сот органдарының қызметкері.
құқық қорғау органдары қызметкерлерімен: прокуратура, ІІМ, ІІМ өртке қарсы қызметі; экономикалық тергеу қызметі КГД МФ және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет АДГСиПК;
мынадай органдар қызметкерлерімен: ҰҚК, мемлекеттік күзет қызметі, «Сырбар» сыртқы барлау қызметі;
мынадай органдардың әскери қызметшілерімен: ҚМ, ҰҚК Шекара қызметімен, әскери прокуратура, мемлекеттік күзет қызметі, Ұлттық гвардия, әскери полиция;
министрліктер қызметкерлерімен: әділет (16), қаржы (17), ҚМ Салық комитеті (18), білім және ғылым (19), ауыл шаруашылығы (20), сыртқы істер (21), мәдениет және спорт (51), ұлттық экономика (52), инвестициялар және даму жөніндегі (53), денсаулық сақтау және әлеуметтік даму (54), энергетика (55);
агенттіктер қызметкерлері: мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл (35).
әкімдіктердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері (41), басқа да мемлекеттік құрылымдар қызметкерлері (42).
3. Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатудың негіздері:
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазқстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабы: 5 т.т.- осы судьяға қатысты айыптау үкімінің заңды күшіне енуі (11), 11-т.т. судьяның кәсіби жарамсыздығына орай атқаратын лауазымына сәйкес келмейтәні туралы, судьяны тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін немесе талаптарды орындамағаны үшін оны лауазымынан босату қажеттігі туралы Сот жюриінің шешімі (12).
«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңын 27-бабы 1-т: - 3 т.т. – мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің өз табысы мен мүлкі туралы көрінеу жалған мәлімет беруі (1), 4 т.т.- «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңын белгіленген міндеттер мен шектеулерді сақтамауы (2), 5 т.т.- меншік құқығымен тиеселі мүлікті сенім білдірілген басқаруға бермеуі (3), 7т.т. –сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасауы (4), 7-1) т.т. –қылмыс не қасақана қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкiмiнің заңды күшіне енуi (5), 7-2) т.т.- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін бұрын жұмыстан шығарылған адамды, сондай-ақ қылмыстық топтың құрамында қылмыс жасаған адамды мемлекеттік әкімшілік лауазымға қабылдау;
қылмыстық топтың құрамында жасалған қылмыстар туралы өзіне қатысты қылмыстық істі қылмыстық қудалау органы немесе сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлігінің тиісті бабында көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның ең төменгі шегінің мерзімі өткенге дейін Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде тоқтатқан адамды мемлекеттік әкімшілік лауазымға қабылдау; (6), 7-3) т.т. – сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін қылмыстық істі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде тоқтатылуы, сондай-ақ қылмыстық топтың құрамында жасалған қылмыс үшін қылмыстық істі қылмыстық қудалау органының немесе соттың Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі Ерекше бөлігінің тиісті бабында көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шегінің мерзімі өткенге дейін Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде тоқтатуы;, (7), 7-4) т.т. – мемлекеттік қызметке кіру кезінде мемлекеттік қызметке қабылдаудан бас тарту үшін негіз болуы мүмкін көрінеу жалған құжаттар мен мәліметтерді беруі (8).
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабы: - 1т 12 т.т.– қызметтік тәртіпті өрескел бұзғаны үшін; (20), 12-1) т.т.- аумақтық құқық қорғау органының басшысы - қылмыстық құқық бұзушылықтарды есепке алудан жасыруға; бағынысындағы қызметкердің азаматтардың Қазақстан Республикасы Конституциясының ІІ бөлімінде көзделген, заңды күшіне енген сот актілерінде не қылмыстық қудалау органдарының Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10), 11) және 12) тармақтарының және 36-бабының негізінде қылмыстық істі тоқтату туралы шешімдерінде белгіленген конституциялық құқықтарын өрескел бұзумен байланысты қылмыс жасауына;
азаматтардың Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғарыда көрсетілген бөлімінде көзделген конституциялық құқықтарын бұзумен байланысты тәртіптік теріс қылықтардың ұдайы жасалуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдамағаны үшін - (9), 13) т.т. – құқық қорғау органына кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін - (21), 14-т.т.- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауына байланысты- (33), 15) т.т. – қылмыс жасағаны үшін соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуіне, қылмыс туралы қылмыстық істің Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде тоқтатылуына байланысты -(34) 16) т.т. – «Құқық қорғау қызметі туралы» ҚР Заңының 6-бабының 2-тармағында көрсетілген мәліметтерді бермеу немесе бұрмалау (35).
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы: - 1-т 13) т.т – әскери қызметтен жағымсыз себептермен босатылуы (22): 1- қылмыс жасағаны үшін соттың айыптау, оның ішінде шартты түрде айыптау үкімінің заңды күшіне енуі - (23); 2- қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылуы - (24); 3-Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әскери атағынан айыру (25); 4-әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде алкогольдік, есірткілік немесе өзге де масаң күйге үшырататын заттарды тұтыну (26); 5-денсаулық жағдайы бойынша және отбасы жағдайлары бойынша шығарылған жағдайларды қоспағанда, әскери оқу орнынан (әскери факультеттен) шығарылу (27); 6-әскери қызметшінің келісімшарттың талаптарын жүйелі түрде бұзуы (28); 7-педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа, кез келген ақылы қызмет түрлерімен айналысу (29); 8-әскери қызметшінің ауыр салдарларға әкеп соқтырған қауіпсіздік шараларын, оның ішінде өрт қауіпсіздігін не қызметтік көлікте жүру қауіпсіздігін бұзуы (30); 9-әскери қызметшінің қатарынан үш және одан да көп сағат бойы дәлелсіз себептермен қызметте болмауы (31); 10-ақшалай қаражатпен немесе әскери мүлікпен тікелей жұмыс істейтін әскери қызметшінің кінәратты әрекеттер жасауы, егер бұл әрекеттер командир (бастық) тарапынан оған сенімді жоғалту үшін негіз болса (32); 11-мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді, оларды тасығыштарды жария етуге немесе жоғалтуға әкеп соқтырған құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі белгіленген талаптардың бұзылуы (33); 12-Қазақстан Республикасының еңбек және  сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасында айқындалған жағдайлар (34).
«Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы ҚР Заңының 51-бабы 14-т.-қызметкерлерді теріс себептер бойынша шығару: - 1) т.т. қызметкердің қызметте, оның ішінде ара-тұра болуы, алкогольден, есірткіден, психотроптан, уытқұмарлықтан (оларға ұқсас заттардан) масаң күйде болуы, сондай-ақ есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық масаң күйге ұшырататын заттарды (оларға ұқсас заттарды) пайдалануы, оның ішінде ара-тұра пайдалануы, сондай-ақ мамандырылған медециналық мекемелерде (наркологиялық диспансерлерде) алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық масаң күйге ұшырататын заттарды (оларға ұқсас заттарды) пайдалануға, оның ішінде ара-тұра пайдалануға медециналық куәландырудан өтуден бас тарту немесе жалтару (36); т.т.2) қызмет жағдайын жеке пайдакүнемдік мақсаттарда пайдалану (37); т.т. 3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың лауазымдық міндеттері болып табылатын жағдайларды қоспағанда, кәсіпкерлік қызметтің кез келген түрімен, оның ішінде коммерциялық делдалдықпен айналысу (38); т.т 4) қызмет жағдайын пайдалана отырып, жұмыс орындау мен қызмет көрсету және сол үшін заңсыз сыйақы алу (39); т.т.5) қылмыс жасағаны үшін соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуі немесе қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының және 36-бабының негізінде босатылуы - (40); т.т. 6) тәрбиелеу функцияларын орындайтын қызметкерлердің атқарып жүрген лауазымына жат әрекет жасауы (41); т.т.7) тікелей ақшалай қаражаттарға немесе мемлекеттік мүлікке қызмет көрсететін қызметкердің кінәлі іс-әрекеттер жасауы (42); т.т.8) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді тарату (43); т.т. 9) бір жұмыс күнінде қатарынан үш және одан да көп сағат дәлелді себептерсіз қызметке шықпау (44); т.т.10) Қазақстан Республикасының еңбек және  сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларында айқындалған жағдайларда жүргізіледі (45).
4. Бұйрық (шешім) № __________ "____" __________________ 20 __ ж.
5. Жазалау шарасы қолданылды: атқарып отырған лауазымынан босату (1)
6. Жағымсыз себептер бойынша босатылған адам туралы мәліметтер

ТЕГІ

АТЫ

ӘКЕСІНІҢ АТЫ (ол болған жағдайда)




7. Туған күні "____" __________________ 19 ____ ж.
8. Туған жері _____________________________________
9. Тұрғылықты (тіркелген)
мекенжайы ___________________________________________________________
9.1 Жеке сәйкестендіру нөмері (ЖСН) |_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|
10. Жұмыс орны ______________________________________________________
11. Лауазымы ________________________________________________________
12. Карточканы толтырған адамның лауазымы, тегі, қолы _______________
_____________________________________________________________________
13. Толтырған күні "____" _________________ 20____ ж.
14. Аймақтық басқармада тіркелген күні "_____" __________ 20 ____ ж.
    Бірыңғай журнал бойынша материал (хаттама)
№ ___________________________________________________________________
15. Аймақтық басқарманың қызметкері
_____________________________________________________________________
                    (лауазымы, тегі, қолы)

Примечание: карточка ресми статистикалық құжат болып табылады; оған қол қойған адамдар көрінеу жалған мәліметтер енгізгені үшін белгіленген заңнамалық тәртіпте жауаптылыққа тартылады.

Мемлекеттік қызметтен жағымсыз
уәждер бойынша шығарылған  
тұлғаларды есепке алуды жүргізу
және пайдалану туралы Ережеге
қоса берілген 2-Қосымша   

Нысан

Сыртқы парақ

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Жағымсыз уәждер бойынша шығарылған тұлғаларды есепке алудың Бірыңғай журналы № _____________ Басталды _______20__ж. № ____
Аяқталды _______20__ж. № ____ Астана 20___ж.

№/№
р/р

Тіркелген күні

Карточканы қойған органның аты және коды

Карточканы қойған күні, карточканы қойған тұлғаның тегі, лауазымы және қолы

Тегі

Аты

Әкесінің аты

1

2

3

4

5

6

7

Кестенің жалғасы

Жұмыс орны

Лауазымы

Шығару негізі және күні

Шешімнің өзгертілуі немесе алып тасталуы туралы мәліметтер, күні

8

9

10

11

Мемлекеттік қызметтен жағымсыз
уәждер бойынша шығарылған  
тұлғаларды есепке алуды жүргізу
және пайдалану туралы Ережеге
қоса берілген 3-Қосымша  

Нысан

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті

Көшірме: облыстың _________________________ аумақтық басқармасына
Мемлекеттік қызметтен жағымсыз уәждер бойынша шығару туралы шешімнің өзгертілуі (алып тасталуы) туралы хабарлама

Тегі ________________________________________________________________
Аты _________________________ Әкесінің аты __________________________
Туған күні "___" __________ 19__ж.
Шығару дәлелдері туралы мәліметтер: _________________________________
                        (шығарудың негізін, түрін және күнін көрсету)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Қабылданған шешімді өзгерту (алып тастау) туралы:
_____________________________________________________________________
     (өзгерту (алып тастау) туралы шешімді қабылдау негізі, күні
_____________________________________________________________________
         жағымсыз уәждер бойынша шығару туралы қабылданған шешімді)
Шешім қабылдаған органның атауы: ____________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
        (Хабарламаны құрастырған тұлғаның тегі, лауазымы және қолы)

Құрастырған күн "___"________20__ж.               МО

(мөлшері 150х210)

Мемлекеттік қызметтен жағымсыз
уәждер бойынша шығарылған  
тұлғаларды есепке алуды жүргізу
және пайдалану туралы Ережеге
қоса берілген 4-Қосымша   

Нысан

Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғаға, сонымен қатар соларға теңестірілген тұлғаларға қатысты сұрау
(мемлекеттік қызметке қабылданушы үміткерлер)

№ _______                    алу: поштамен/қолма қол/эл. поштамен
                                  (керек емесін сызып тастау)

"___"_______ 20__ж.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ҚСжАЕК

1. Тегі |__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|
2. Аты |__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|
3. Әкесінің аты_|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|
                  (егер өзгертілсе, бұрынғысын көрсету)
4. Туған күні "___"_________19__ж.
5. Туған жері __________________________________________________
6. Мекенжайы ___________________________________________________
7. Есепке алу бойынша тексеру себебі ___________________________

Меморган бастығы _______________________________________________
                               (тегі, қолы)

МО
Орындаушы __________________________________________________ Жолдаушының мекенжайы: индекс ______________________________ ауыл-аймақ _________________________________________________     аудан ______________________________________________________     облыс ______________________________________________________      меморган ___________________________________________________ ____________________________________________________________                          (қысқартусыз толық атауы)

(мөлшері 150х210)