Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алу ісін жүргізу және пайдалану Ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 39 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылғы 1 маусымда № 6986 болып тіркелді

Жаңартылған

      «Қазақстан Республикасының қейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметі және сыныптық шендер, әскери және арнайы атақтар беру, әскери қызметшілердің және өзге де мемлекеттік органдар қызметкерлерінің нысанды киім киіп жүру құқығы мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 379-4-IV және «Қазақстан Республикасының қейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 29 желтоқсандарғы № 371-4-IV заңдардың қабылдануына байланысты, Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алу ісін жүргізу және пайдалану туралы қоса берілген Ереже бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет):
      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын.
      2) құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне, Комитеттің аумақтық басқармаларына орындау үшін жолдасын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.
      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Бас Прокуроры                                 А. Дауылбаев

Қазақстан Республикасы   
Бас Прокурорының 2011 жылғы
29 сәуір № 39 бұйрығымен 
Бекітілді        

Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алу ісін жүргізу және пайдалану ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алу ісін жүргізу және пайдалану Ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Заңын, «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңын ақпараттық және статистикалық сүйемелдеу мақсатында әзірленді.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 25.05.2016 № 106 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      2. Ереже мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды есепке алуды жүргізудің бірыңғай тәртібін белгілейді.
      Есепке алуды Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды есепке алудың деректер банкін (бұдан әрі – деректер банкі) жүргізу арқылы жүзеге асырады.
      Деректер банкінің мәліметтері Ереженің 1-тармағында көрсетілген мақсаттарға ғана пайдаланылады.
      Комитеттің аумақтық басқармаларында (бұдан әрі – аумақтық басқармалар) жергілікті есепке алулар жүргізіледі.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 12.06.2014 № 58 бұйрығымен.
      3. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы талаптарының орындалуын және онда көзделген тәртіптік шаралардың қолданылуын өзінің құзыреті шеңберінде қамтамасыз ететін құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілері осы Ереженің 6 және 15-тармақтарында көрсетілген құжаттарды Комитетке өз уақытында ұсынады.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 25.05.2016 № 106 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      4. Жағымсыз себептермен босатылған барлық мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес есепке алынуы тиіс.

2. Алғашқы есепке алу карточкасын жүргізу

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Бас прокурорының м.а. 20.02.2015 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Адамдарды төмендегі жағымсыз себептер бойынша қызметтен босату дерегі аталған есепке қоюға негіз болып табылады:
      1) «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Конституциялық заңы 34-бабының 1-тармағының 5)11) және 11-1) тармақшаларында;
      2) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңы 61-бабының 7), 8), 9), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 21) - тармақшаларында;
      3) «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабы 1-тармағының 12)16)тармақшалары;
      4) «Арнаулы мемлекеттік органдар туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабы 14-тармағы;
      5) «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 1–тармағының 13)-тармақшасы.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 12.06.2014 № 58; өзгеріс енгізілді - ҚР Бас Прокурорының 25.05.2016 № 106 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
      6. Мемлекеттік органның кадр қызметі (одан әрі – кадр қызметі) адамның жағымсыз себептермен босатылу, әскери бөлімнің (мекеменің) жеке құрамы тізімінен шығарылу дерегі бойынша адамның шығарылған сәтінен бастап үш жұмыс күні ішінде аумақтық басқармаларда осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес, екі данада мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды есепке алудың № 1-ЖС нысанды карточкасы (бұдан әрі – карточка), адамды жағымсыз себептермен жұмыстан босату туралы бұйрықтың үзінді көшірмесін және жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін қоса отырып береді.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 25.05.2016 № 106 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      7. Қызметі әскери немесе көліктік прокурордың қадағалауындағы мемлекеттік органдар және лауазымды тұлғалар карточканы Комитеттің әскери немесе аймақтық көліктік басқармаларына жолдайды.
      8. Карточка деректемелері баспа әріптерімен көк немесе қара бояумен, түзетулерсіз және шимайлаусыз толтырылады. Есепке қойылатын тұлғаның аты, тегі, әкесінің аты бас әріптермен енгізіледі. Оның жұмыс орны мен лауазымы, сонымен қатар карточканы қойған органның атауы қысқартуларсыз толтырылады.
      9. Карточканың 1-деректемесінде жағымсыз себептермен босатылған тұлғаның қызмет еткен органының атауы көрсетіледі. 2 және 2.1 деректемеде жағымсыз себептермен босатылған адамның ведомстволық иемденуі көрсетіледі. 3-деректемеде мемлекеттік қызметтен босатудың негізі көрсетіледі.
      4-деректемеде органның жұмыстан босату туралы бұйрығының (шешімнің) нөмірі мен бұйрықтың шығарылған күні көрсетіледі.
      6-11 деректемелерде босатылған тұлғаны анықтау мәліметтері көрсетіледі.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 25.05.2016 № 106 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      10. Карточка қызметкерді жұмыстан босатқан орган басшысының және кадр қызметі басшысының (оларды алмастыратын адамдардың) қолымен расталуға жатады. Басшы және жауапты тұлға 12, 13 деректемеде өзінің тегін, лауазымын және карточканы толтырған күнді көрсетуі тиіс.
      14, 15 деректемелер осы Ережеге қоса берілетін 2-қосымшаға сәйкес, жағымсыз себептермен босатылған адамдарды есепке алудың бірыңғай журналының (бұдан әрі – журнал) мәліметтеріне сәйкес, тіркеу нөмірін, тіркелген күнді, тегін көрсетіп, карточкаға қолын қоятын аумақтық басқарма қызметкері толтырады.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 25.05.2016 № 106 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      11. Толтырғаннан кейін карточка ресми есепке алу құжаты болып табылады. Оған қол қойған тұлға заңда белгіленген тәртіпте көрінеу жалған мәлімет бергені үшін жауапкершілікке тартылады.
      12. Аумақтық басқармалар карточкаларды журналға тіркейді.
      Оны қойғаннан кейін жиырма төрт сағат ішінде аумақтық басқарманың қызметкері деректемелердің дұрыс толтырылуы мен түгелдігін тексереді және карточканы деректер банкіне енгізуді жүзеге асырады. Егер енгізу мерзімінің аяқталуы демалыс немесе мереке күніне келсе, карточка одан кейінгі бірінші жұмыс күні енгізіледі.
      Карточканың бір данасы тіркелген және енгізілген соң үш жұмыс күні ішінде Комитетке жолданады, ал екіншісі өңдеуге және аумақтық басқармада сақтауға жатады.
      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 25.05.2016 № 106 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      13. Толық емес немесе дұрыс емес мәліметтер көрсетілген, осы Нұсқаулық талаптарын бұзумен толтырылған немесе белгіленбеген бланкіде толтырылған карточкалар тіркелмейді және келіп түскен сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде соларды қойған органға қайта қайтарылады.
      Түзетілген карточкалар келіп түскеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде тіркелуі үшін Комитеттің аумақтық басқармаларына ұсынылады.
      14. Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдар туралы мәліметтер тұрақты түрде сақталуы тиіс.
      15. Адамдарды босату туралы шешім өзгертілсе немесе алып тасталса, уәкілетті мемлекеттік орган шешім өзгертілген немесе алып тасталған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде аумақтық басқармаға осы Ережеге қоса берілген 3-қосымшаға сәйкес, мөр басылған, осы дерек бойынша хабарламаны екі данада, сондай-ақ адамды босату туралы шешімнің өзгертілгенін немесе алып тасталғанын растайтын материалдарды екі данада жолдайды.
      Аумақтық басқарма хабарламаның бір данасын және адамды босату туралы шешімнің заңда белгіленген тәртіпте өзгертілгенін немесе алып тасталғанын растайтын материалдардың бір данасын Комитетке ұсынады, бұл Комитеттің орталықтандырылған есепке алу деректеріне түзету енгізуі үшін негіз болып табылады.
      Адамдарды жағымсыз себептермен босату туралы шешімді өзгертуді немесе күшін жоюды растайтын материалдар және өзге де құжаттар келіп түскен сәттен бастап жиырма төрт сағат ішінде деректер банкін жүргізуге жауапты Комитет қызметкері деректер банкінде тиісті түзетуді жүзеге асырады. Егер енгізу мерзімінің аяқталуы демалыс немесе мереке күніне келсе, түзету одан кейінгі бірінші жұмыс күні жүргізіледі.
      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 25.05.2016 № 106 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      15-1. Карточкаларды есепке алудың толықтығы мен ұсынудың уақытылы болуын қамтамасыз ету мақсатында, құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілері тоқсан сайын, есептік кезеңнен кейінгі айдың оныншы күніне дейін тиісті аумақтық басқармамен бірге салыстыру жүргізеді.
      Ескерту. Ереже 15-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Бас Прокурорының 25.05.2016 № 106 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Бірыңғай журналды жүргізу

      16. Журнал қатаң есептілік құжаты болып табылады. Оның беттері нөмірленеді, тігіледі «Журналда____беттер тігіліп, нөмірленді» жазба жазылады. Журналды жүргізетін жауапты тұлғаның қолы, күні қойылады. Журналды жүргізуге жауапты тұлға заңмен белгіленген тәртіпте көрінеу жалған мәліметтерді енгізгені үшін жауап береді.
      Журналдың дұрыс жүргізілуін бақылау аумақтық басқармалар бастықтарына жүктеледі. Журнал үнемі сақталуы тиіс.
      17. Журналдың 1-бағанында тәртібі бойынша материал нөмірі көрсетіледі, 2-бағанда тіркелген күні, 3-бағанда карточканы қойған органның кодтық белгісі, 4-бағанда карточканы қойған күн, карточканы қойған тұлғаның тегі, лауазымы және қолы көрсетіледі.
      5-10 бағандарда шығарылған тұлғалар туралы мәліметтер, шығару негізі мен күні көрсетіледі.
      11-бағанда шешімнің өзгеруі немесе алып тасталуы туралы мәліметтер көрсетіледі.

4. Есепке алуға жүгіну негізі

      18. Есепте тұруы бойынша тексеруге мемлекеттік қызметке, әскери қызметке, құқық қорғау қызметіне және арнаулы мемлекеттік органдар қызметіне қабылдануға үміткер адамдардың барлығы жатады.
      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас прокурорының м.а. 20.02.2015 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      19. Тұлғалар туралы ақпаратты сұрату Комитет порталының «Жеке тұлғаға талап» ақпараттық сервисі арқылы жүзеге асырылады. Осы порталда құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілерін тіркеу мүмкіндігі болмаған жағдайда, мәліметтерді алу әрбір тексерілетін тұлғаға жеке рәсімделген талапты Комитетке және оның аумақтық басқармасына жолдау арқылы жүргізіледі.
      Бланкілер нысандары, оларды толтыру және есепке алу бойынша тексеру үшін жолдау тәртібі, сондай-ақ орындау мерзімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9638 санымен тіркелген) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 10 шілдедегі № 71 бұйрығымен бекітілген Арнайы есепке алудың жекелеген түрлерін жүргізу мен пайдаланудың белгіленген қағидасына ұқсас.
      Бұл ретте, талапта тексерістің мақсаты, негізі көрсетіледі.
      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас прокурорының м.а. 20.02.2015 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Бас Прокурорының 25.05.2016 № 106 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
      20. Сұрауды рәсімдеу кезінде анықтау мәліметтері түзетусіз баспа әріптерімен жазылады. Тексерілетін тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты басты әріптермен, атау септікте көрсетіледі. Әкесінің аты болмаған жағдайда, сұраудың тиісті деректемесіне «жоқ» жазбасы жазылады. Туған күні мен жері толық көрсетілуі керек. Сұрау мөрмен басылады.
      21. Егер тексерілуші тұлғамен тегі, аты, әкесінің аты өзгертілген болса, ондай жағдайда сұрауда бұрынғы мәліметтер көрсетілуі тиіс. Тегін 3 немесе одан аса өзгерткен болса, жеке сұрау құрылады.
      22. Сұрау поштамен жолданады немесе Комитеттің кеңсесіне қолма қол тапсырылады. Мұндай ақпаратты жедел мақсаттар үшін ұсыну қажет болған кезде сұрауларды электронды пошта арқылы жолдауға рұқсат беріледі.
      23. Көрсетілген талаптардың бұзылуымен рәсімделген сұрау орындаусыз қайтарылады және оған тиісті белгі қойылады.
      24. Сұрау Комитетке келіп түскен сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде орындалады және бастамашыға электронды пошта арқылы жолданады немесе қолма қол беріледі. Электронды пошта арқылы алынған сұрауларға орындалған сұраулар сондай-ақ электронды пошта арқылы жолданады.
      25. Сұрау салу бойынша Комитеттің орталықтандырылған есебінде бар тексерудегі адамды мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босату туралы мәліметтер ұсынылады.
      Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адам туралы мәліметтер бар болғанда тексеріс болатын күнде күші бар («белсенді» статусы бар) мәліметтер көрсетіледі.
      Тексерілетін тұлға туралы мәліметтер бар болмаса, сұраудың артқы жағына «Мәліметтер жоқ» делінген мөр басылған таңба қойылады, сұрауды тексерген күн, мөртаңбаның нөмірі және сұрауды тексерген қызметкердің қолы қойылады. Тексерілуші тұлғаның мемлекеттік қызметтен жағымсыз уәждер бойынша шығарылуы туралы мәліметтер орталықтандырылған есепке алуда бар болған жағдайда, олар сұраудың артқы жағында «ААЖ №.__» (автоматтандырылған ақпараттық жүйе) мөрін қойып және тексерген күні мен тексерушінің қолын қойып бейнеленеді.
      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас прокурорының м.а. 20.02.2015 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Бас Прокурорының 25.05.2016 № 106 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

Мемлекеттік қызметтен     
жағымсыз себептермен     
босатылған адамдарды арнайы  
есепке алу ісін жүргізу және  
пайдалану Ережесінің      
1-қосымшасы Нысан        

№ 1- ЖС нысанның мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен
босатылған адамдарды есепке алу карточкасы
(органның кадр қызметімен қалыптастырады)

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 25.05.2016 № 106 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1.___________________________________________________________________
                            (органның атауы)
2. Жасады: лауазымды адам, саяси мемлекеттік қызметкер, мемлекеттік
қызметкер.
2.1. Жасады: әкім, судья, сот органдарының қызметкері;
құқық қорғау органдарының қызметкерлері: прокуратура, ішкі істер,
сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және экономикалық тергеу қызметі;
арнайы органдардың қызметкерлерімен: Ұлттық қауіпсіздік комитеті,
мемлекеттік күзет қызметі, «Сырбар» сыртқы барлау қызметі;
органдардың әскери қызметші-қызметкерлерімен: қорғаныс министрлігі,
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі, әскери прокуратура,
мемлекеттік күзет қызметі, Ұлттық гвардия, әскери полиция;
министрліктер қызметшілерімен: әділет, қаржы, білім және ғылым, ауыл
шаруашылығы, сыртқы істер, мәдениет және спорт, ұлттық экономика,
инвестициялар және даму, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму,
энергетика; мемлекеттік қызмет істері жөніндегі, ақпарат және
коммуникация;
әкімдіктер мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметшілері, өзге
де мемлекеттік құрылымдардың қызметшілері.
3. Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатудың негіздері:
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі
туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабы
1-тармағының 5) тармақшасы осы судьяға қатысты айыптау үкiмiнiң заңды
күшiне енуi, қылмыстық істің ақталмайтын негіздер бойынша сотқа
дейінгі сатыда тоқтатылуы; 1-тармағының 11) тармақшасы кәсiби
жарамсыздығына орай судьяның атқаратын лауазымына сай келмейтiнi
туралы Сот жюриі біліктілік комиссиясының шешiмi; 1-тармағының 11-1)
тармақшасы судьяның тәртіптік теріс қылық жасағаны немесе «Қазақстан
Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы»
Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабында көрсетілген
талаптарды орындамағаны үшін оны лауазымынан босату қажеттігі туралы
Сот жюриі тәртіптік комиссиясының шешімі.
      «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы»
Қазақстан Республикасы Заңының 61-бабы 1-тармағының 7) тармақшасы
мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң өз кірістері мен өзіне меншік
құқығымен тиесілі мүлкі туралы көрiнеу жалған мәлiметтер ұсынуы;
1-тармағының 8) тармақшасы Қазақстан Республикасының заңдарында
белгiленген мiндеттерді және (немесе) шектеулердi сақтамауы;
1-тармағының 9) тармақшасы өзіне заңды түрде тиесілі ақшаны,
сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген мүлікті қоспағанда, коммерциялық
ұйымдардың жарғылық капиталындағы меншiк құқығымен тиесілі үлестерді,
акцияларды (акцияны) және пайдаланылуы кірістер алуға әкелетін өзге
де мүлікті сенiмгерлік басқаруға бермеуi; 1-тармағының 11) тармақшасы
сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауы; 1-тармағының 12)
тармақшасы қылмыс не қасақана қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін
соттың айыптау үкiмiнің заңды күшіне енуi; 1-тармағының 13)
тармақшасы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған немесе сыбайлас
жемқорлық құқық бұзушылық не мемлекеттік қызметке кір келтіретін
тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін бұрын қызметтен шығарылған,
сондай-ақ қылмыстық топ құрамында қылмыс жасаған адамды мемлекеттік
әкімшілік лауазымға қабылдау; 1-тармағының 14) тармақшасы қылмыстық
топ құрамында жасалған қылмыс туралы соған қатысты қылмыстық істі
қылмыстық қудалау органы немесе сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық
кодексі Ерекше бөлігінің тиісті бабында көзделген бас бостандығынан
айыру түріндегі жазаның төменгі шегінің мерзімі аяқталғанға дейін
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексі 35-бабы бірінші
бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының
негізінде тоқтатқан адамды мемлекеттік әкімшілік лауазымға қабылдау;
1-тармағының 15) тармақшасы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін
қылмыстық істің Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексі
35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе
36-бабының негізінде тоқтатылуы, сондай-ақ қылмыстық топ құрамында
жасалған қылмыс туралы қылмыстық істі қылмыстық қудалау органының
немесе соттың Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі Ерекше
бөлігінің тиісті бабында көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі
жазаның төменгі шегінің мерзімі аяқталғанға дейін Қазақстан
Республикасы Қылмыстық-процестік кодексі 35-бабы бірінші бөлігі 3),
4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде
тоқтатуы; 1-тармағының 16) тармақшасы мемлекеттiк қызметке
қабылдаудан бас тартуға негiз болып табылатын көрiнеу жалған
құжаттарды немесе мәлiметтердi мемлекеттiк қызметке кiру кезiнде
ұсынуы; 1-тармағының 21) тармақшасы мемлекеттік қызметке кір
келтіретін тәртіптік теріс қылық жасауы.
      «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
80-бабы 1-тармағының 12) тармақшасы қызметтік тәртіпті өрескел
бұзғаны үшін; 1-тармағының 12-1) тармақшасы аумақтық құқық қорғау
органының басшысы - қылмыстық құқық бұзушылықтарды есепке алудан
жасыруға; бағынысындағы қызметкердің азаматтардың Қазақстан
Республикасы Конституциясының ІІ бөлімінде көзделген, заңды күшіне
енген сот актілерінде не қылмыстық қудалау органдарының Қазақстан
Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі
3), 4), 9), 10), 11) және 12) тармақтарының және 36-бабының негізінде
қылмыстық істі тоқтату туралы шешімдерінде белгіленген конституциялық
құқықтарын өрескел бұзумен байланысты қылмыс жасауына; 1-тармағының
14) тармақшасы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауына
байланысты; 1-тармағының 15) тармақшасы қылмыс жасағаны үшін соттың
айыптау үкімінің заңды күшіне енуіне, қылмыс туралы қылмыстық істің
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші
бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының
негізінде тоқтатылуына байланысты; 1-тармағының 16) тармақшасы «Құқық
қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының
2-тармағында көрсетілген мәліметтерді бермегені немесе бұрмалағаны
үшiн.
      «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы»
Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 1-тармағының 13) тармақшасы
мынадай теріс себептер бойынша: 1-қылмыс жасағаны үшін соттың
айыптау, оның ішінде шартты түрде айыптау үкімінің заңды күшіне енуі;
2-қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы
Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10)
және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылуы;
3-Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әскери
атағынан айыру; 4-әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде
алкогольдік, есірткілік немесе өзге де масаң күйге ұшырататын
заттарды тұтыну; 5-денсаулық жағдайы бойынша және отбасы жағдайлары
бойынша шығарылған жағдайларды қоспағанда, әскери оқу орнынан (әскери
факультеттен) шығарылу; 6-әскери қызметшінің келісімшарттың
талаптарын жүйелі түрде бұзуы; 7-педагогтік, ғылыми және өзге де
шығармашылық қызметтен басқа, кез келген ақылы қызмет түрлерімен
айналысу; 8-әскери қызметшінің ауыр салдарларға әкеп соқтырған
қауіпсіздік шараларын, оның ішінде өрт қауіпсіздігін не қызметтік
көлікте жүру қауіпсіздігін бұзуы; 9-әскери қызметшінің қатарынан үш
және одан да көп сағат бойы дәлелсіз себептермен қызметте болмауы;
10-ақшалай қаражатпен немесе әскери мүлікпен тікелей жұмыс істейтін
әскери қызметшінің кінәратты әрекеттер жасауы, егер бұл әрекеттер
командир (бастық) тарапынан оған сенімді жоғалту үшін негіз болса;
11-мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді, оларды тасығыштарды
жария етуге немесе жоғалтуға әкеп соқтырған құпиялылық режимін
қамтамасыз ету жөніндегі белгіленген талаптардың бұзылуы;
12-Қазақстан Республикасының еңбек және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
заңнамасында айқындалған жағдайлар.
      «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары
туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабы 14-тармағының 1)
тармақшасы қызметкердің қызметте, оның ішінде ара-тұра болуы,
алкогольден, есірткіден, психотроптан, уытқұмарлықтан (оларға ұқсас
заттардан) масаң күйде болуы, сондай-ақ есірткілік, психотроптық,
уытқұмарлық масаң күйге ұшырататын заттарды (оларға ұқсас заттарды)
пайдалануы, оның ішінде ара-тұра пайдалануы, сондай-ақ
мамандандырылған медициналық мекемелерде (наркологиялық
диспансерлерде) алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық
масаң күйге ұшырататын заттарды (оларға ұқсас заттарды) пайдалануға,
оның ішінде ара-тұра пайдалануға медициналық куәландырудан өтуден бас
тарту немесе жалтару; 14-тармағының 2) тармақшасы қызмет жағдайын
жеке пайдакүнемдік мақсаттарда пайдалану; 14-тармағының 3) тармақшасы
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың лауазымдық
міндеттері болып табылатын жағдайларды қоспағанда, кәсіпкерлік
қызметтің кез келген түрімен, оның ішінде коммерциялық делдалдықпен
айналысу; 14-тармағының 4) тармақшасы қызмет жағдайын пайдалана
отырып, жұмыс орындау мен қызмет көрсету және сол үшін заңсыз сыйақы
алу; 14-тармағының 5) тармақшасы қылмыс жасағаны үшін соттың айыптау
үкімінің заңды күшіне енуі немесе қылмыс жасағаны үшін қылмыстық
жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің
35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының және
36-бабының негізінде босатылуы; 14-тармағының 6) тармақшасы тәрбиелеу
функцияларын орындайтын қызметкердің атқарып жүрген лауазымына жат
әрекет жасауы; 14-тармағының 7) тармақшасы тікелей ақшалай
қаражаттарға немесе мемлекеттік мүлікке қызмет көрсететін
қызметкердің кінәлі іс-әрекеттер жасауы, егер бұл әрекеттер өкілетті
басшы тарапынан оған сенімді жоғалтуға негіз берсе; 14-тармағының
8)тармақшасы мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді тарату;
14-тармағының 9) тармақшасы бір жұмыс күнінде қатарынан үш және одан
да көп сағат дәлелді себептерсіз қызметке шықпау; 14-тармағының 10)
тармақшасы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында, «Қазақстан
Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» және «Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының
заңдарында айқындалған жағдайларда жүргізіледі.
4. Бұйрық (шешім) № ________ "____" ____________ 20 __ ж.
5. Жазалау шарасы қолданылды: атқарып отырған лауазымынан босату (1)
6. Жағымсыз себептер бойынша босатылған тулғалар туралы мәліметтер.

ТЕГІ

АТЫ

ӘКЕСІНІҢ АТЫ (болғанда)




7. Туған күні "____" __________________ 19 ____ ж.
8. Туған жері_____________________________________
9. Тұрғылықты мекенжайы
(тіркелген)__________________________________________________________
9.1 Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) |_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|
10. Жұмыс орны ______________________________________________________
11. Лауазымы ________________________________________________________
12. Қызметкер босатылған органның кадр қызметінің басшысы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(тегі, қолы)
12.1 Карточканы толтырған кадр қызметінің жауапты тұлғасы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болғанда), қолы)
13. Толтыру күні "____" _________________ 20____ ж.
14. Аймақтық басқармада тіркеу күні "_____" _____________ 20 _____ ж.
Бірыңғай журнал бойынша материалдың (хаттаманың) №
_____________________________________________________________________
15. Аймақтық басқарманың қызметкері _________________________________
                                         (лауазымы, тегі, қолы)
Ескерту: карточка ресми статистикалық құжат болып табылады; оған қол
қойған тұлғалар көрінеу мәліметтер енгізгені үшін заңмен белгіленген
тәртіпте жауапты болады.

Мемлекеттік қызметтен жағымсыз
уәждер бойынша шығарылған  
тұлғаларды есепке алуды жүргізу
және пайдалану туралы Ережеге
қоса берілген 2-Қосымша   

Нысан

Сыртқы парақ

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Жағымсыз уәждер бойынша шығарылған тұлғаларды есепке алудың Бірыңғай журналы № _____________ Басталды _______20__ж. № ____
Аяқталды _______20__ж. № ____ Астана 20___ж.

№/№
р/р

Тіркелген күні

Карточканы қойған органның аты және коды

Карточканы қойған күні, карточканы қойған тұлғаның тегі, лауазымы және қолы

Тегі

Аты

Әкесінің аты

1

2

3

4

5

6

7

Кестенің жалғасы

Жұмыс орны

Лауазымы

Шығару негізі және күні

Шешімнің өзгертілуі немесе алып тасталуы туралы мәліметтер, күні

8

9

10

11

Мемлекеттік қызметтен жағымсыз
уәждер бойынша шығарылған  
тұлғаларды есепке алуды жүргізу
және пайдалану туралы Ережеге
қоса берілген 3-Қосымша  

Нысан

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті

Көшірме: облыстың _________________________ аумақтық басқармасына
Мемлекеттік қызметтен жағымсыз уәждер бойынша шығару туралы шешімнің өзгертілуі (алып тасталуы) туралы хабарлама

Тегі ________________________________________________________________
Аты _________________________ Әкесінің аты __________________________
Туған күні "___" __________ 19__ж.
Шығару дәлелдері туралы мәліметтер: _________________________________
                        (шығарудың негізін, түрін және күнін көрсету)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Қабылданған шешімді өзгерту (алып тастау) туралы:
_____________________________________________________________________
     (өзгерту (алып тастау) туралы шешімді қабылдау негізі, күні
_____________________________________________________________________
         жағымсыз уәждер бойынша шығару туралы қабылданған шешімді)
Шешім қабылдаған органның атауы: ____________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
        (Хабарламаны құрастырған тұлғаның тегі, лауазымы және қолы)

Құрастырған күн "___"________20__ж.               МО

(мөлшері 150х210)

Мемлекеттік қызметтен жағымсыз
уәждер бойынша шығарылған  
тұлғаларды есепке алуды жүргізу
және пайдалану туралы Ережеге
қоса берілген 4-Қосымша   

Нысан

Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғаға, сонымен қатар соларға теңестірілген тұлғаларға қатысты сұрау
(мемлекеттік қызметке қабылданушы үміткерлер)

№ _______                    алу: поштамен/қолма қол/эл. поштамен
                                  (керек емесін сызып тастау)

"___"_______ 20__ж.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ҚСжАЕК

1. Тегі |__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|
2. Аты |__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|
3. Әкесінің аты_|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|
                  (егер өзгертілсе, бұрынғысын көрсету)
4. Туған күні "___"_________19__ж.
5. Туған жері __________________________________________________
6. Мекенжайы ___________________________________________________
7. Есепке алу бойынша тексеру себебі ___________________________

Меморган бастығы _______________________________________________
                               (тегі, қолы)

МО
Орындаушы __________________________________________________ Жолдаушының мекенжайы: индекс ______________________________ ауыл-аймақ _________________________________________________     аудан ______________________________________________________     облыс ______________________________________________________      меморган ___________________________________________________ ____________________________________________________________                          (қысқартусыз толық атауы)

(мөлшері 150х210)