Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының 2014 жылғы 12 маусымдағы № 58 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2014 жылы 18 шілдеде № 9599 тіркелді

      Қазақстан Республикасының заңнамасымен сәйкестендіру және есептілікті жетілдіру мақсатында, «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарына келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) «Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алу ісін жүргізу және пайдалану Ережесін бекіту туралы» 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 39 бұйрыққа (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6986 болып тіркелді, «Казахстанская правда» газетінің 2011 жылғы 23 маусымдағы № 196 (26617) санында жарияланды):
      аталған бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алу ісін жүргізу және пайдалану ережесінде:
      1-3 тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алу ісін жүргізу және пайдалану ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын, «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын, «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын ақпараттық және статистикалық сүйемелдеу мақсатында әзірленді.
      2. Ереже мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды есепке алуды жүргізудің бірыңғай тәртібін белгілейді.
      Есепке алуды Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды есепке алудың деректер банкін (бұдан әрі – деректер банкі) жүргізу арқылы жүзеге асырады.
      Деректер банкінің мәліметтері Ереженің 1-тармағында көрсетілген мақсаттарға ғана пайдаланылады.
      Комитеттің аумақтық басқармаларында (бұдан әрі – аумақтық басқармалар) жергілікті есепке алулар жүргізіледі.
      3. Өз құзыреттері шегінде мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың талаптарын орындауды және онда көзделген тәртіптік шараларды қолдануды қамтамасыз ететін құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілері Комитетке ақпараттық есепке алу құжаттарын уақтылы ұсынуға міндетті.»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Адамдарды төмендегі жағымсыз себептер бойынша қызметтен босату дерегі аталған есепке қоюға негіз болып табылады:
      1) «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 34-бабының 5 және 11-тармақтары;
      2) «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 3)5)7)7-4) тармақшалары;
      3) «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабы 1-тармағының 12)16)тармақшалары;
      4) «Арнаулы мемлекеттік органдар туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабы 14-тармағы;
      5) «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 1–тармағының 13)-тармақшасы»;
      Ереженің 1-қосымшасы осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
      2) Күші жойылды - ҚР Бас Прокурорының 2014.10.07 № 109 (01.01.2015 ж. бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) осы бұйрықты:
      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін;
      2) құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне мәлімет және қызметте пайдалану үшін, Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жіберсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.
      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Бас Прокуроры                                    А. Дауылбаев

Қазақстан Республикасы 
Бас Прокурорының    
2014 жылғы 12 маусымдағы
№ 58 бұйрығына    
1-қосымша      

Мемлекеттік қызметтен жағымсыз
себептермен босатылған  
адамдарды арнайы есепке алу ісін
жүргізу және пайдалану    
Ережесінің         
1-қосымшасы        

                                                                Нысан

Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған
тұлғаларды есепке алу
№1-ЖУ нысанды карточка
(органның кадр қызметі қалыптастырады)

      1._____________________________________________________________
                             (органның атауы)
      2. Жасады: лауазымды тұлғамен (1), саяси мемлекеттік
қызметкермен (3).
      2.1. Жасады: әкім (1), судья (2), сот органдарының
қызметкерлері (3);
      құқық қорғау органдарының қызметкерлері: прокуратура (5), ІІМ
(6), қаржы полициясы (8), ҚМ КБК (9), ТЖМ өртке қарсы қызметі (10);
      органдар қызметкерлері: ҰҚК (11), ҚМ әскери қызметшілері (12),
ҰҚК шекара қызметі (14), Мемлекеттік күзет қызметі (15);
      министрліктердің қызметкерлері: әділет (16), қаржы (17), ҚМ
Салық комитеті (18), білім және ғылым (19), ауыл шаруашылығы (20),
сыртқы істер (21), мұнай және газ (22), денсаулық сақтау (23),
индустрия және жаңа технологиялар (24), қоршаған ортаны қорғау және
су ресурстары (25), экономика және бюджеттік жоспарлау (26), мәдениет
(28), еңбек және халықты әлеуметтік қорғау (29), көлік және
коммуникация (30), ТЖМ (44), өңірлік даму (45);
      агенттіктердің қызметкерлері: статистика (31), табиғи
монополияларды реттеу (33), мемлекеттік қызмет істері бойынша (35),
байланыс және ақпарат (36), Ұлттық космос агенттігі (38),
бәсекелестікті қорғау (монополияға қарсы агенттік) (43); спорт және
дене шынықтыру (27), тұтынушылардың құқығын қорғау (46);
      Ұлттық банк (39), Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау
жөніндегі есеп комитеті (40), әкімдіктердің және олардың құрылымдық
бөлімшелерінің қызметкерлері (41), басқа да мемлекеттік құрылымдардың
қызметкерлері (42).
      _______________________________________________________________
                         (ведомствоның атауы)
      3. Мемлекеттік қызметтен жағымсыз уәждер бойынша шығару
негіздері:
      «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының
мәртебесі туралы» ҚР Конституциялық заңының 34-бабы: 5) т.т.- осы
судьяға қатысты айыптау үкімінің заңды күшiне енуі (11), 11-т.т.) -
судьяның кәсіби жарамсыздығына орай атқаратын лауазымына сәйкес
келмейтіні туралы, судьяны тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін
немесе осы Конституциялық заңның 28-бабында көрсетілген талаптарды
орындамағаны үшін оны лауазымынан босату қажеттігі туралы Сот
жюриінің шешімі (12).
      «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚРЗ 27-бабы 1-т.: 3) т.т. -
мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң өз табысы мен мүлкi туралы
көрiнеу жалған мәлiмет беруi (1); 4) т.т.– «Мемлекеттік қызмет
туралы» ҚРЗ белгiленген мiндеттер мен шектеулердi сақтамауы (2);
5)т.т. – меншiк құқығымен тиесiлi мүлiктi сенiм бiлдiрiлген басқаруға
бермеуi (3), 7) т.т. – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасауы
(4), 7-1) т.т. - соттың айыптау үкiмiнің заңды күшіне енуi
(01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) (5); 7-2) т.т. – сыбайлас
жемқорлық қылмыс жасаған адамды немесе сыбайлас жемқорлық құқық
бұзушылық жасағаны үшiн бұрын жұмыстан босатылған адамды, сондай-ақ
ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның),
трансұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың
(трансұлттық қылмыстық ұйымның) немесе тұрақты қарулы топтың
(банданың) құрамында қылмыс жасаған адамды мемлекеттiк әкiмшiлiк
қызметке қабылдауы; ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың
(қылмыстық ұйымның), трансұлттық ұйымдасқан топтың,
трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (трансұлттық қылмыстық ұйымның)
немесе тұрақты қарулы топтың (банданың) құрамындағы қылмыс туралы
оған қатысты қылмыстық істі қылмыстық қудалау органы немесе сот
тоқтатқан не Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі Ерекше
бөлімінің тиісті бабында көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі
жазаның төменгі шектегі мерзімі өткенге дейін ақталмайтын негіздер
бойынша қылмыстық іс қозғаудан қылмыстық қудалау органы бас тартқан
адамды мемлекеттік әкімшілік қызметке қабылдауы (01.01.2015 бастап
қолданысқа енгізіледі) (6); 7-3) т.т. – сыбайлас жемқорлық қылмыс
жасағаны үшін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық істі тоқтатуы,
сондай-ақ ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық
ұйымның), трансұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қылмыстық
қоғамдастықтың (трансұлттық қылмыстық ұйымның) немесе тұрақты қарулы
топтың (банданың) құрамындағы қылмыс туралы қылмыстық істі қылмыстық
қудалау органының немесе соттың тоқтатуы не Қазақстан Республикасының
Қылмыстық кодексі Ерекше бөлімінің тиісті бабында көзделген бас
бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шектегі мерзімі өткенге
дейін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық іс қозғаудан қылмыстық
қудалау органының бас тартуы (01.01.2015 бастап қолданысқа
енгізіледі) (7), 7-4) т.т. – мемлекеттiк қызметке кiру кезiнде
мемлекеттiк қызметке қабылдаудан бас тарту үшiн негiз болуы мүмкiн
көрiнеу жалған құжаттар мен мәлiметтердi беруі (8);
      «Құқық қорғау қызметі туралы» ҚРЗ 80-бабы 1-б.: 12) т.т.
қызметтік тәртіпті өрескел бұзу (20); 12-1) т.т. - аумақтық құқық
қорғау органының басшысы қылмыстарды есепке алуды жасыруға жол бермеу
жөнінде шаралар қабылдамауы (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі)
(9); 13) т.т. – құқық қорғау органына кір келтіретін теріс қылық
жасағаны үшін (21), 14-т.т. – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық
жасағанына байланысты (33), 15) т.т. – соттың айыптау үкімінің заңды
күшіне енген немесе қылмыстық іс ақталмайтын негіздер бойынша
тоқтатылған жағдайлар (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі)
(34), 16) т.т. - «Құқық қорғау қызметі туралы» ҚР Заңының 6-бабының
2-тармағында көрсетілген мәліметтерді бермеу немесе бұрмалау (35);
      «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚРЗ
26-бабы 1-т.:13) т.т. – әскери қызметтен жағымсыз себептермен
босатылуы (22): 1 - әскери қызметшiге әскери қызметі бойынша шектеу
және тұтқындау түріндегі жазаларды қоспағанда, қылмыстық, оның ішінде
шартты түрде жаза тағайындау туралы сот үкімiнің заңды күшiне енуі
(01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); (23); 2 - ақталмайтын
негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылу (01.01.2015 бастап
қолданысқа енгізіледі) (24); 3 - Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленген тәртіппен әскери атағынан айыру (25); 4 -
әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде алкогольдік, есірткілік
немесе өзге де масаң күйге ұшырататын заттарды тұтыну (26); 5 -
денсаулық жағдайы бойынша және отбасы жағдайлары бойынша шығарылған
жағдайларды қоспағанда, әскери оқу орнынан (әскери факультеттен)
шығарылу (27); 6 - әскери қызметшінің келісімшарттың талаптарын
жүйелі түрде бұзуы (28); 7 - педагогтік, ғылыми және өзге де
шығармашылық қызметтен басқа, кез келген ақылы қызмет түрлерімен
айналысу (29); 8 - әскери қызметшінің ауыр салдарларға әкеп соқтырған
қауіпсіздік шараларын, оның ішінде өрт қауіпсіздігін не қызметтік
көлікте жүру қауіпсіздігін бұзуы (30); 9 - әскери қызметшінің
қатарынан үш және одан да көп сағат бойы дәлелсіз себептермен
қызметте болмауы (31); 10 - ақшалай қаражатпен немесе әскери мүлікпен
тікелей жұмыс істейтін әскери қызметшінің кінәратты әрекеттер жасауы,
егер бұл әрекеттер командир (бастық) тарапынан оған сенімді жоғалту
үшін негіз болса (32); 11 - мемлекеттік құпияларды құрайтын
мәліметтерді, оларды тасығыштарды жария етуге немесе жоғалтуға әкеп
соқтырған құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі белгіленген
талаптардың бұзылуы (33); 12 - Қазақстан Республикасының еңбек және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасында айқындалған жағдайлар (34).
      «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары
туралы» ҚР Заңының 51-бабы 14 т. – қызметкерлерді теріс себептер
бойынша шығару: т.т.1) қызметкердің қызметте, оның ішінде ара-тұра
болуы, алкогольден, есірткіден, психотроптан, уытқұмарлықтан (оларға
ұқсас заттардан) масаң күйде болуы, сондай-ақ есірткілік,
психотроптық, уытқұмарлық масаң күйге ұшырататын заттарды (оларға
ұқсас заттарды) пайдалануы, оның ішінде ара-тұра пайдалануы,
сондай-ақ мамандандырылған медициналық мекемелерде (наркологиялық
диспансерлерде) алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық
масаң күйге ұшырататын заттарды (оларға ұқсас заттарды) пайдалануға,
оның ішінде ара-тұра пайдалануға медициналық куәландырудан өтуден бас
тарту немесе жалтару (36); т.т. 2) қызмет жағдайын жеке пайдакүнемдік
мақсаттарда пайдалану; т.т. 3) Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес олардың лауазымдық міндеттері болып табылатын жағдайларды
қоспағанда, кәсіпкерлік қызметтің кез келген түрімен, оның ішінде
коммерциялық делдалдықпен айналысу; т.т. 4) қызмет жағдайын пайдалана
отырып, жұмыс орындау мен қызмет көрсету және сол үшін заңсыз сыйақы
алу; т.т.5) соттың айыптау үкiмiнiң заңды күшiне енуі немесе
ақтамайтын негіздер бойынша қылмыстық істі тоқтату (01.01.2015 бастап
қолданысқа енгізіледі); т.т. 6) тәрбиелеу функцияларын орындайтын
қызметкердің атқарып жүрген лауазымына жат әрекет жасауы; т.т.7)
тікелей ақшалай қаражаттарға немесе мемлекеттік мүлікке қызмет
көрсететін қызметкердің кінәлі іс-әрекеттер жасауы, егер бұл
әрекеттер өкілетті басшы тарапынан оған сенімді жоғалтуға негіз
берсе; т.т. 8) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді тарату;
т.т. 9)бір жұмыс күнінде қатарынан үш және одан да көп сағат дәлелді
себептерсіз қызметке шықпау; т.т. 10) Қазақстан Республикасының еңбек
және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларында айқындалған
жағдайларда жүргізіледі.
      4. Бұйрық (шешім) № _________ "____" ________________ 20 __ ж.
      5. Жазалау шарасы қолданылды: атқарып отырған лауазымынан
босату (1)
      Жағымсыз себептер бойынша босатылған адам туралы мәліметтер

      6. ТЕГІ

АТЫ

ӘКЕСІНІҢ АТЫ




      7. Туған күні "____" __________________ 19 ____ ж.
      8. Туған жері_____________________________________
      9. Тұрғылықты (тіркелген) мекенжайы _________________________
      9.1 Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) |_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|
      10. Жұмыс орны ______________________________________________
      11. Лауазымы ________________________________________________
      12. Карточканы толтырған адамның лауазымы, тегі, қолтаңбасы ___
_____________________________________________________________________
      13. Толтырған күні "____" _________________ 20____ ж.
      14. Аумақтық басқармада тіркелген күні "___" _________ 20 __ ж.
      Бірыңғай журнал бойынша материал (хаттама) № __________________
      15. Аумақтық басқарманың қызметкері ___________________________
_____________________________________________________________________
                      (лауазымы, тегі, қолтаңбасы)
      Ескертпе: карточка ресми статистикалық құжат болып табылады;
оған қол қойған тұлғалар көрінеу жалған мәліметтер енгізгені үшін
заңнамалық тәртіпте белгіленген жауапкершілікке тартылады.

Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының   
2014 жылғы 12 маусымдағы
№ 58 бұйрығына    
2-қосымша      

"Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы уәкілетті органдармен
қаралған істердің қорытындылары туралы" 1-АД нысанды есебі

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Бас Прокурорының 2014.10.07 № 109 (01.01.2015 ж. бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.