Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2016 № 642 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 13 бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын қолдану қағидасы бекітілсін;
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2016 № 642 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Ә.Н. Барменқұлов) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне белгіленген тәртіппен ұсынсын;
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін;
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Ә. Құсайынов |
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 23 ақпандағы № 87 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының аумағында жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын қолдану қағидасы
Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2016 № 642 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын қолдану қағидасы (бұдан әрі – Қағида) "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумақтарында жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын енгізу туралы келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 мамырдағы № 436 қаулысына (бұдан әрі – Келісім) сәйкес әзірленді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2016 № 642 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қағида Қазақстан Республикасының аумағында жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын қолдану тәртібін айқындайды.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2016 № 642 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Қағидада пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) жүргізуші – көлік құралын басқарушы тұлға;
2) жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификаты (сертификат) – келісімге қатысушы болып табылатын мемлекеттердің құзыретті органдары беретін көлік құралының салмақтық параметрлері туралы дәйекті деректерді қамтитын құжат;
3) тасымалдаушы (көлік операторы) – жүк тасымалына жауап беретін немесе тасымалдау шартына сәйкес осы тасымал үшін үшінші тарапты пайдаланатын тұлға.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2016 № 642 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Сертификатты қолдану тәртібі
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2016 № 642 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4. Қазақстан Республикасы аумағында осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлік құралының жүріп өту жолында орналасқан Қазақстан Республикасы аумағындағы стационарлық көліктік бақылау посттында тасымалдаушының немесе жүргізушінің өтінішіне сәйкес сертификат беріледі.
5. Жүк көлік құралдарын өлшеу стационарлық таразы жабдығымен жүргізіледі.
Жүк көлік құралдары өлшенетін стационарлы көліктік бақылау посттарының өлшеу құралдарын тексеру "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Сертификатты ресімдеу кезінде тасымалдаушы немесе жүргізуші көлік құралын өлшеуге дейін сертификаттың 1-3-бағандарын толтырады, көліктік бақылау органдарының қызметкері сертификаттың 4-8-бағандарын толтырады. Көлік құралын өлшегеннен кейін, тасымалдаушы немесе жүргізуші 1-8-бағандарды дұрыс толтырылғанын растайтын сертификаттың 9-бағанын толтырады.
7. Мынадай жағдайларды қоспағанда, сертификаттағы ақпаратты дәйекті ретінде танылады және көлік құралдарын қосымша өлшеуге жол берілмейді:
1) сертификатта және ілеспе құжаттарда (CMR CARNET TIR) көрсетілген салмақ және (немесе) габариттік өлшемдері сәйкес болмауы;
2) жүкті қоса тиеу, жартылай түсіру немесе басқа көлік құралына қайта тиеу кезінде, сондай-ақ жүкті басқа кедендік тәртіпке беру кезінде;
3) сертификатта (3-баған) көрсетілген деректердің бақылаудағы көлік құралының нақты деректерімен сәйкес болмауы;
4) көлік құралының ерекше салмақ өлшемдерінің сертификатта (8-баған) көрсетілген деректермен сәйкес болмауы.
8. Көлік құралын бақылаулық өлшеудің нәтижесі сертификаттың 10-бағанына жазылады.
9. "Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының жол берілетін параметрлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 342 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11009 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген өлшемдерінен асып кеткен жағдайда, тасымалдаушы немесе жүргізуші салық заңнамасында белгіленген мөлшерлемелер бойынша ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты көлік құралдары жүріп өткені үшін алым төлейді.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2016 № 642 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Қазақстан Республикасы аумағында сертификатты қолдану оны берген мемлекетке, сондай-ақ TIR немесе көлік құралының жүк бөлігіне рұқсат етілмеген кіруді болдырмайтын өзге де рәсім бойынша халықаралық жүк тасымалын жүзеге асыратын көлік құралының тіркелуіне байланысты емес.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2016 № 642 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. Қазақстан Республикасының аумағында жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын қолдану қағидасына қосымша |
Ескерту. Қосымшаның оң жақ жоғары бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2016 № 642 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1 мысалы: жүкқұжат CMR №
2 1975 жылғы TIR Конвенциясына сәйкес
3 2 пар. Қосымшаға қарау
4 МОЗМ ұсынысы бойынша
5 халықаралық келісімдерге сәйкес, ұлттық және халықаралық тасымалдар үшін бекітілген максималды рұқсат етілген габариттер көрсеткіштер, сонымен қатар халықаралық тасымалдауға арналған максималды рұқсат етілген салмақ
6 суреттік схема бойынша көлік құралының код типі, мысалы А2 немесе A S2
7 егер осьтер саны алтыдан көп болса, 2 пар. "Қосымша" параграфта көрсету қажет
Осы сертификатты көрсеткен кезде, ТМД елдерінің шекара өтулерінде автокөлік құралдары қайта өлшенбейді.
8Осы графа екі жақтың құзыретті мекемелерімен өлшеу станцияларының жұмысына баға беру үшін, сонымен катар көлік операторы іс-әрекеті кезінде қателік жіберген кезде толтырылады.
KZ | 000000 A | |||||||||||
Аймақ коды; | Сертификат номері | |||||||||||
КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН ӨЛШЕУДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕРТИФИКАТЫ (КҚӨХС) | ||||||||||||
Көлік операторы /көлік құралының жүргізушісі көлік құралын өлшенгенге дейін толтырады | ||||||||||||
1. Көлік операторы (ұйымының атауы және мекен жайы, елді қоса алғанда) | Тел. № | |||||||||||
Факс № | ||||||||||||
Электронды пошта | ||||||||||||
2. Тасымалдау шарты №1 | CARNET TIR № (егер қолданылатын болса)2 | |||||||||||
3. Жүк автокөлік құралы туралы ақпарат | ||||||||||||
3.1. Тіркеу номері | Сүйрегіш/жүк автокөлігінің | Жартылай тіркеменің/тіркеменің | ||||||||||
3.2. Подвеска жүйесі | Сүйрегіш/жүк автокөлігінің әуедегі механикалық басқаша | Жартылай тіркеменің/тіркеменің әуедегі механикалық басқаша | ||||||||||
Уәкілетті өлшеу станциясының қызметкері толтырады | ||||||||||||
4. Уәкілетті өлшеу станциясы (код, атауы және мекенжайы, елді қоса алғанда) | 5. Көлік құралын өлшеу №3 _______. ______________. ____________ | |||||||||||
4.1. Өлшеуге арналған жабдықтың дәлдік классы4 Класс III немесе жоғары Және/немесе ‹ 1 1 2 | 6. Беру күні (күні, айы, жылы) | |||||||||||
7. Жүк көлік құралдарын өлшеу (осы сертификатқа өлшеу станциясының түпнұсқа ресми жазуы ұсынылуы қажет) 7.1. Жүк көлік құралының түрі5 6 | ||||||||||||
7.2. Осьтік жүктемені өлшеу, кг мен | ||||||||||||
Жетекші | Жетекші емес | Дара | Қосарланған | Үш білікті | ||||||||
Бірінші ось | ||||||||||||
Екінші ось | ||||||||||||
Үшінші ось | ||||||||||||
Төртінші ось | ||||||||||||
Бесінші ось | ||||||||||||
Алтыншы ось7 | ||||||||||||
7.3. Көлік құралының жалпы Салмағын өлшеу (кг) | Сүйрегіш/жүк автокөлігі (кг) | Жартылай тіркеменің/тіркеменің (кг) | Автокөлік құралының Жалпы салмағы (кг) | |||||||||
8. Ерекше таразы сипаттамасы | ||||||||||||
8.1. қозғалтқышқа қосылған, отын багін толтырғанға, дейін: 1/4 1/2 3/4 1/1 | 8.3. Қосалқы шина саны (дана) | |||||||||||
8.2. қосалқы отын багін толтырғанға дейін: 1/4 1/2 3/4 1/1 (включая топливо для устройства охлаждения) | 8.4. Өлшеу кезінде автокөлік ішіндегі адамдар саны ________ | |||||||||||
8.5. Көтерілетін остін бары иә жоқ | ||||||||||||
Осымен мәлімдеймін, жоғарыда көрсетілген өлшеу төмендегі қол қойғандармен уәкілетті өлшеу станциясында өлшеніп және мүлтіксіз болып табылады | Қолы | |||||||||||
Фамилия и личный код сотрудника станции взвешивания | Мөр |
1 мысалы: жүкқұжат CMR №
2 1975 жылғы TIR Конвенциясына сәйкес
3 2пар. Қосымшаға қарау
4 МОЗМ ұсынысы бойынша
5 халықаралық келісімдерге сәйкес, ұлттық және халықаралық тасымалдар үшін бекітілген максималды рұқсат етілген габариттер көрсеткіштер, сонымен қатар халықаралық тасымалдауға арналған максималды рұқсат етілген салмақ
6 суреттік схема бойынша көлік құралының код типі, мысалы А2 немесе A2S2
7 егер осьтер саны алтыдан көп болса, 2 пар. "Қосымша" параграфта көрсету қажет
9. уәкілетті өлшеу станциясының қызметкері/автокөлік құралының жүргізушісі көлік құралын өлшенгеннен кейін толтырады | |||
Мен мәлімдеймін, мыналарды:: (а) Көлік құралының салмағын өлшеу жоғарыда көрсетілген өлшеу станциясында жүргізілді (в) 1-8 бағадағы мәлімет қатесіз (с) Аталған өлшеу станциясында өлшенгеннен кейін жүк көлік құралына қосымша ешқандай жүк салынған жоқ | |||
Күні | Жүргізуші фамилиясы/жүк көлік құралының жүргізушілері __________________, ________________________ | Қолы | |
Ескертпе (егер болса) | |||
10. Ерекше өлшеу жағдайында (бақылау кезінде) өлшеу станция қызметкерімен толтырылады (3, 7, 8)8 | |||
Өлшеу станциясы __________________________________________________________________ (код, атауы және мекен-жай, елді қоса) | |||
Күні | Өлшеу станция қызметкерінің фамилиясы | Қолы Мөр | |
Ерекше өлшеу (бақылау кезінде) нәтижесі және себебі | |||
Автокөлік құралын өлшеудің кодтың номері үш элементті деректерден тұрады, дефиспен жалғанған | |||
(1) Мемлекет коды (1968 жылғы БҰҰ жол қозғалыс Конвенциясына сәйкес) | |||
Армения | ARM | Молдова | MD |
Әзірбайжан | AZ | Ресей | RUS |
Беларусь | BY | Тәжікістан | TJ |
Грузия | GE | Түрікменстан | TM |
Қазақстан | KZ | Өзбекстан | UZ |
Қырғызстан | KS | Украина | UA |
(2) Ұлттық өлшеу станциясын сәйкестендіретін қос мәнді код | |||
(3) Жекеше өлшеуді сәйкестендіретін (ең аз болғанда), бестаңбалы код мысалы: MD - 01-23456 немесе RUS - 14 - 000510 Бұл сериялық нөмір өлшеу станциясындағы журналда көрсетілген нөмірге сәйкес келу қажет |
Осы сертификатты көрсеткен кезде, ТМД елдерінің шекара өтулерінде автокөлік құралдары қайта өлшенбейді.
Осы графа екі жақтың құзыретті мекемелерімен өлшеу станцияларының жұмысына баға беру үшін, сонымен қатар көлік операторы іс-әрекеті кезінде қателік жіберген кезде толтырылады.