Қазақстан Республикасының аумағында жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын қолдану қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникацмия министрінің 2011 жылғы 23 ақпандағы N 87 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 16 наурызда N 6817 тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2016 № 642 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Кіріспе жаңа редакцияда көзделген - ҚР Көлік министрінің м.а. 13.09.2024 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 11) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 13.04.2020 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын қолдану қағидасы бекітілсін;

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2016 № 642 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Ә.Н. Барменқұлов) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне белгіленген тәртіппен ұсынсын;

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін;

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Ә. Құсайынов

  Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникациялар
Министрінің
2011 жылғы 23 ақпандағы
№ 87 бұйрығына қосымша

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қағидалар жаңа редакцияда көзделген - ҚР Көлік министрінің м.а. 13.09.2024 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Қазақстан Республикасының аумағында жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын қолдану және "Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 13.04.2020 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын қолдану және "Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 11) тармақшасына (бұдан әрі - Заң), "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумақтарында жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын енгізу туралы келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 мамырдағы № 436 қаулысына (бұдан әрі - Келісім) және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын қолдану тәртібін айқындайды.

      2. Қағидалар пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) жүргізуші - көлік құралын басқарушы тұлға;

      2) жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификаты (сертификат) - келісімге қатысушы болып табылатын мемлекеттердің құзыретті органдары беретін көлік құралының салмақтық параметрлері туралы дәйекті деректерді қамтитын құжат;

      3) тасымалдаушы (көлік операторы) - жүк тасымалына жауап беретін немесе тасымалдау шартына сәйкес осы тасымал үшін үшінші тарапты пайдаланатын тұлға.

2-тарау. Жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын қолдану қағидалары

      3. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлік құралының жүріп өту жолында орналасқан Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көліктік бақылау посттында тасымалдаушының немесе жүргізушінің (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) өтінішіне сәйкес сертификат беріледі.

      4. Жүк көлік құралдарын өлшеу стационарлық таразы жабдығымен жүргізіледі.

      Жүк көлік құралдары өлшенетін стационарлы көліктік бақылау посттарының өлшеу құралдарын тексеру "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

      5. Мынадай жағдайларды қоспағанда, сертификаттағы ақпаратты дәйекті ретінде танылады және көлік құралдарын қосымша өлшеуге жол берілмейді:

      1) сертификатта және ілеспе құжаттарда (CMR CARNET TIR) көрсетілген салмақ және (немесе) габариттік өлшемдері сәйкес болмауы;

      2) жүкті қоса тиеу, жартылай түсіру немесе басқа көлік құралына қайта тиеу кезінде, сондай-ақ жүкті басқа кедендік тәртіпке беру кезінде;

      3) сертификатта (3-баған) көрсетілген деректердің бақылаудағы көлік құралының нақты деректерімен сәйкес болмауы;

      4) көлік құралының ерекше салмақ өлшемдерінің сертификатта (8-баған) көрсетілген деректермен сәйкес болмауы.

      6. Көлік құралын бақылаулық өлшеудің нәтижесі сертификаттың 10-бағанына жазылады.

      7. "Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының жол берілетін параметрлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 342 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11009 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген өлшемдерінен асып кеткен жағдайда, тасымалдаушы немесе жүргізуші салық заңнамасында белгіленген мөлшерлемелер бойынша ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты көлік құралдары жүріп өткені үшін алым төлейді.

      8. Қазақстан Республикасының аумағында сертификатты қолдану оны берген мемлекетке, сондай-ақ TIR немесе көлік құралының жүк бөлігіне рұқсат етілмеген кіруді болдырмайтын өзге де рәсім бойынша халықаралық жүк тасымалын жүзеге асыратын көлік құралының тіркелуіне байланысты емес.

3-тарау. "Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары

      9. "Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық органдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

      10. Көрсетілетін қызметті алушы сертификатты алу үшін өтінішті (бұдан әрі - өтініш) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушіге немесе www.elicense.kz, www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жолдайды.

      11. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет стандартында (бұдан әрі-Стандарт) көрсетілген.

      12. Көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берілгеннен кейін көлік құралын өлшеу жүзеге асырылады.

      13. Көлік құралын өлшеу нәтижесі бойынша көрсетілетін қызметті берушімен сертификат ресімделеді.

      Сертификатты ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті алушымен 1-8-бағандарды дұрыс толтырылғанын растайтын сертификаттың 9-бағаны толтырылады.

      14. Портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" сұранымды қабылдау туралы мәртебесі және көлік құралын өлшеу орны мен күнін көрсете отырып, хабарлама немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жолданады.

      15. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі (көлік құралын өлшеу және сертификатты ресімдеу) - 1 сағат.

      16. Жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде оны көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне түседі.

      17. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.06.2022 № 354 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      18. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.06.2022 № 354 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      19. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.06.2022 № 354 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасының
аумағында жүк көлігі
құралдарын өлшеудің
халықаралық сертификатын
қолдану қағидаларына
1-қосымша
нысан


KZ

000000 A

Аймақ коды;

Сертификат нөмірі



 

КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН ӨЛШЕУДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕРТИФИКАТЫ (КҚӨХС)

Көлік операторы /көлік құралының жүргізушісі көлік құралын өлшенгенге дейін толтырады

1. Көлік операторы (ұйымының атауы және мекенжайы, елді қоса алғанда)

Тел. №

Факс №

Электронды пошта

2. Тасымалдау шарты №1

CARNET TIR № (егер қолданылатын болса)2

3. Жүк автокөлік құралы туралы ақпарат

3.1. Тіркеу нөмірі

Сүйрегіш/жүк автокөлігінің

Жартылай тіркеменің/тіркеменің

3.2. Аспа жүйесі

Сүйрегіш/жүк автокөлігінің
☐ әуедегі
☐ механикалық
☐ басқаша

Жартылай тіркеменің/тіркеменің
☐ әуедегі
☐ механикалық
☐ басқаша

Уәкілетті өлшеу станциясының қызметкері толтырады

4. 4. Уәкілетті өлшеу станциясы
(код, атауы және мекенжайы, елді қоса алғанда)

5. Көлік құралын өлшеу №3
_______. ______________. ____________

4.1. Өлшеуге арналған жабдықтың дәлдік классы 4
☐ Класс III немесе жоғары және/немесе ☐ ‹ 1 ☐ 1 ☐ 2

6. Беру күні (күні, айы, жылы)

7. Жүк көлік құралдарын өлшеу
(осы сертификатқа өлшеу станциясының түпнұсқа ресми жазуы ұсынылуы қажет)
7.1. Жүк көлік құралының түрі 5 6

7.2. Осьтік жүктемені өлшеу, кг мен


Жетекші

Жетекші емес

Дара

Қосарланған

Үш білікті







Бірінші ось






Екінші ось






Үшінші ось






Төртінші ось






Бесінші ось






7.3. Көлік құралының жалпы
Салмағын өлшеу (кг)

Сүйрегіш/жүк автокөлігі (кг)

Жартылай тіркеменің/тіркеменің (кг)

Автокөлік құралының
Жалпы салмағы (кг)

8. . Ерекше таразы сипаттамасы

8.1. қозғалтқышқа қосылған, отын багін толтырғанға, дейін:
☐ 1/4 ☐ 1/2 ☐ 3/4 ☐ 1/1

8.3. Қосалқы шина саны (дана)

8.2. қосалқы отын багін толтырғанға дейін:
☐ 1/4 ☐ 1/2 ☐3/4 ☐ 1/1
(салқындату құрылғысына арналған отынды қоса алғанда)

8.4. Өлшеу кезінде автокөлік ішіндегі адамдар саны ________

8.5.Көтерілетін остін бары
☐ ия ☐ жоқ

Осымен мәлімдеймін, жоғарыда көрсетілген өлшеу төмендегі қол қойғандармен уәкілетті өлшеу станциясында өлшеніп және мүлтіксіз болып табылады

Қолы

Өлшеу станция қызметкерінің тегі және жеке коды

Мөр

      ____________________

      1 мысалы: жүкқұжат CMR №

      2 1975 жылғы TIR Конвенциясына сәйкес

      3 2-парақтың қосымшасына қарау

      4 МОЗМ ұсынысы бойынша

      5 халықаралық келісімдерге сәйкес, ұлттық және халықаралық тасымалдар үшін бекітілген максималды рұқсат етілген габариттер көрсеткіштер, сонымен қатар халықаралық тасымалдауға арналған максималды рұқсат етілген салмақ

      6 суреттік схема бойынша көлік құралының код типі, мысалы А2 немесе A2S2

      7 егер осьтер саны алтыдан көп болса, 2 пар. "Қосымша" параграфта көрсету қажет.

9. уәкілетті өлшеу станциясының қызметкері/автокөлік құралының жүргізушісі көлік құралын өлшенгеннен кейін толтырады

Мен мәлімдеймін, мыналарды::
(а) Көлік құралының салмағын өлшеу жоғарыда көрсетілген өлшеу станциясында жүргізілді
(в) 1-8 бағадағы мәлімет қатесіз
(с) Аталған өлшеу станциясында өлшенгеннен кейін жүк көлік құралына қосымша ешқандай жүк салынған жоқ

Күні

Жүргізуші тегі/жүк көлік құралының жүргізушілері

Күні

Ескертпе (егер болса)

10. Ерекше өлшеу жағдайында (бақылау кезінде) өлшеу станция қызметкерімен толтырылады (3, 7, 8)8

Өлшеу станциясы _______________________________________________________________ (код, атауы және мекен-жай, елді қоса)

Күні

Өлшеу станция қызметкерінің фамилиясы

Қолы

Ерекше өлшеу (бақылау кезінде) нәтижесі және себебі



Автокөлік құралын өлшеудің кодтың нөмірі үш элементті деректерден тұрады, дефиспен жалғанған

(1) Мемлекет коды (1968 жылғы БҰҰ жол қозғалыс Конвенциясына сәйкес)

Армения

ARM

Молдова

MD

Әзірбайжан

AZ

Ресей

RUS

Беларусь

BY

Тәжікістан

TJ

Грузия

GE

Түрікменстан

TM

Қазақстан

KZ

Өзбекстан

UZ

Қырғызстан

KS

Украина

UA

(2) Ұлттық өлшеу станциясын сәйкестендіретін қос мәнді код

(3) Жекеше өлшеуді сәйкестендіретін (ең аз болғанда), бестаңбалы код
мысалы: MD - 01-23456 немесе RUS - 14 - 000510
Бұл сериялық нөмір өлшеу станциясындағы журналда көрсетілген нөмірге сәйкес келу қажет

      Осы сертификатты көрсеткен кезде, ТМД елдерінің шекара өтулерінде автокөлік құралдары қайта өлшенбейді.

      ________________________________________________________________________________

      8 Осы баған екі жақтың құзыретті мекемелерімен өлшеу станцияларының жұмысына баға беру үшін, сонымен қатар көлік операторы іс-әрекеті кезінде қателік жіберген кезде толтырылады.

  Қазақстан Республикасының
аумағында жүк көлігі
құралдарын өлшеудің
халықаралық сертификатын
қолдану қағидаларына
2-қосымша
Нысан

Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын алу үшін өтініш

1. Көлiк операторының атауы (толық мекенжайы, елiн қоса алғанда)


Тел. №


Факс №


Электрондық пошта


2. Тасымалдау шартының №1

CARNET TIR № (егер қолданылса)2

3. Жүк автокөлік құралы туралы ақпарат

3.1. Тіркеу нөмірі

Сүйрегіш/жүк автокөлігінің

Жартылай тіркеменің/тіркеменің

3.2. Аспа жүйесі

Сүйрегіш/жүк автокөлігінің
☐ әуедегі
☐ механикалық
☐ басқаша

Жартылай тіркеменің/тіркеменің
☐ әуедегі
☐ механикалық
☐ басқаша

      _________________________________

      1 мысалы: жүкқұжат CMR №

      2 1975 жылғы TIR Конвенциясына сәйкес

      Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (болса) _________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (қысқартусыз көрсету)

      Ақпараттық жүйеде бар, заңмен қорғалған құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Қолы____________________ 20 ____ жылғы "____" _____________

  Қазақстан Республикасының
аумағында жүк көлігі
құралдарын өлшеудің
халықаралық сертификатын
қолдану қағидаларына
3-қосымша

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.06.2022 № 354 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

Көрсетілетін қызметті беруші;
"электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушімен жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Бір жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификаты немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз тасығышта.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Ақысыз.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің - еңбек заңнамасына сәйкес демалыссыз және мереке күндерінсіз, тәулік бойы;
2) порталда - тәулік бойы, жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы жүзеге асырылады (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады)

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) көрсетілетін қызметті берушіге - өтініш;
2) порталда:
порталда көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайы Министрліктің интернет-ресурсында www.miid.gov.kz, Көлік комитетінің бөлімі, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" деген кіші бөлімінде Министрліктің мекенжайы: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық пошта мекенжайы: miid@miid.gov.kz, (8-7172) 98-33-11 телефоны немесе Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің блогына "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің блогы" парағы) орналасқан.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.