«Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 13 бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын пайдалану қағидасы бекітілсін;
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Ә.Н. Барменқұлов) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне белгіленген тәртіппен ұсынсын;
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін;
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Ә. Құсайынов
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2011 жылғы 23 ақпандағы
№ 87 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағында жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын пайдалану
ҚАҒИДАСЫ
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын пайдалану қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумақтарында жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын енгізу туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 мамырдағы № 436 қаулысына (бұдан әрі - Келісім) сәйкес әзірленді.
2. Қағида Қазақстан Республикасының аумағында жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын пайдалану тәртібін айқындайды.
3. Қағидада пайдаланатын негізгі ұғымдар:
1) жүргізуші - көлік құралын басқарушы тұлға;
2) жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификаты (сертификат) - келісімге қатысушы болып табылатын мемлекеттердің құзыретті органдары беретін көлік құралының салмақтық параметрлері туралы дәйекті деректерді қамтитын құжат;
3) тасымалдаушы (көлік операторы) - жүк тасымалына жауап беретін немесе тасымалдау шартына сәйкес осы тасымал үшін үшінші тарапты пайдаланатын тұлға.
2. Сертификатты пайдалану тәртібі
4. Қазақстан Республикасы аумағында осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлік құралының жүріп өту жолында орналасқан Қазақстан Республикасы аумағындағы стационарлық көліктік бақылау посттында тасымалдаушының немесе жүргізушінің өтінішіне сәйкес сертификат беріледі.
5. Жүк көлік құралдарын өлшеу стационарлық таразы жабдығымен жүргізіледі.
Жүк көлік құралдары өлшенетін стационарлы көліктік бақылау посттарының өлшеу құралдарын тексеру «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Сертификатты ресімдеу кезінде тасымалдаушы немесе жүргізуші көлік құралын өлшеуге дейін сертификаттың 1-3-бағандарын толтырады, көліктік бақылау органдарының қызметкері сертификаттың 4-8-бағандарын толтырады. Көлік құралын өлшегеннен кейін, тасымалдаушы немесе жүргізуші 1-8-бағандарды дұрыс толтырылғанын растайтын сертификаттың 9-бағанын толтырады.
7. Мынадай жағдайларды қоспағанда, сертификаттағы ақпаратты дәйекті ретінде танылады және көлік құралдарын қосымша өлшеуге жол берілмейді:
1) сертификатта және ілеспе құжаттарда (CMR CARNET TIR) көрсетілген салмақ және (немесе) габариттік өлшемдері сәйкес болмауы;
2) жүкті қоса тиеу, жартылай түсіру немесе басқа көлік құралына қайта тиеу кезінде, сондай-ақ жүкті басқа кедендік тәртіпке беру кезінде;
3) сертификатта (3-баған) көрсетілген деректердің бақылаудағы көлік құралының нақты деректерімен сәйкес болмауы;
4) көлік құралының ерекше салмақ өлшемдерінің сертификатта (8-баған) көрсетілген деректермен сәйкес болмауы.
8. Көлік құралын бақылаулық өлшеудің нәтижесі сертификаттың 10-бағанына жазылады.
9. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 қаңтардағы № 62 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген өлшемдерінен асып кеткен жағдайда, тасымалдаушы немесе жүргізуші салық заңнамасында белгіленген ставкалар бойынша ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты көлік құралдары жүріп өткені үшін алым төлейді.
10. Қазақстан Республикасы аумағында сертификатты пайдалану оны берген мемлекетке, сондай-ақ TIR немесе көлік құралының жүк бөлігіне рұқсат етілмеген кіруді болдырмайтын өзге де рәсім бойынша халықаралық жүк тасымалын жүзеге асыратын көлік құралының тіркелуіне байланысты емес.
Қазақстан Республикасының
аумағында жүк көлік құралдарын
өлшеудің халықаралық сертификатын
пайдалану қағидасына
қосымша
1 мысалы: жүкқұжат CMR №
2 1975 жылғы TIR Конвенциясына сәйкес
3 2 пар. Қосымшаға қарау
4 МОЗМ ұсынысы бойынша
5 халықаралық келісімдерге сәйкес, ұлттық және халықаралық тасымалдар үшін бекітілген максималды рұқсат етілген габариттер көрсеткіштер, сонымен қатар халықаралық тасымалдауға арналған максималды рұқсат етілген салмақ
6 суреттік схема бойынша көлік құралының код типі, мысалы А2 немесе A S2
7 егер осьтер саны алтыдан көп болса, 2 пар. «Қосымша» параграфта көрсету қажет
Осы сертификатты көрсеткен кезде, ТМД елдерінің шекара өтулерінде автокөлік құралдары қайта өлшенбейді.
8Осы графа екі жақтың құзыретті мекемелерімен өлшеу станцияларының жұмысына баға беру үшін, сонымен катар көлік операторы іс-әрекеті кезінде қателік жіберген кезде толтырылады.