Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң аумақтарында жүк көлiк құралдарын өлшеудiң халықаралық сертификатын енгiзу туралы келiсiмдi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 мамырдағы N 436 Қаулысы

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008.04.01  N 161  (қолданысқа енгізілу тәртібін  5-тармақтан  қараңыз) Бұйрығымен.

      Докторантураға қабылдаудың тәртібін жетілдіру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Аспирантура мен докторантураға қабылдаудың типтік ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 23 шілдедегі N 645  бұйрығына  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3005 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аспирантура мен докторантураға қабылдаудың типтік ережесінде:
      16, 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "16. Жоғары оқу орындары және ғылыми ұйымдардың аспирантурасына түсушілерден өтініштерді қабылдау 15 қыркүйектен 5 қазанға дейін, докторантураға - 1-20 шілдеге дейін жүргізіледі. 

      17. Аспирантураға түсу емтихандары - 16-29 қазанға дейін, оқуға қабылдау - 1 қарашаға дейін. Докторантураға түсу емтихандары - 5-20 тамызға, оқуға қабылдау - 31 тамызға дейін.". 

      2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (М.Р.Нұрғожин) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым бірінші вице-министрі Г.Гамарникке жүктелсін.

      Министрдің
      міндетін атқарушы