Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2016 № 642 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 11) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 13.04.2020 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын қолдану қағидасы бекітілсін;
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2016 № 642 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Ә.Н. Барменқұлов) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне белгіленген тәртіппен ұсынсын;
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін;
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Ә. Құсайынов |
Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар Министрінің 2011 жылғы 23 ақпандағы № 87 бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасының аумағында жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын қолдану және "Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 13.04.2020 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын қолдану және "Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 11) тармақшасына (бұдан әрі - Заң), "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумақтарында жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын енгізу туралы келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 мамырдағы № 436 қаулысына (бұдан әрі - Келісім) және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын қолдану тәртібін айқындайды.
2. Қағидалар пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) жүргізуші - көлік құралын басқарушы тұлға;
2) жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификаты (сертификат) - келісімге қатысушы болып табылатын мемлекеттердің құзыретті органдары беретін көлік құралының салмақтық параметрлері туралы дәйекті деректерді қамтитын құжат;
3) тасымалдаушы (көлік операторы) - жүк тасымалына жауап беретін немесе тасымалдау шартына сәйкес осы тасымал үшін үшінші тарапты пайдаланатын тұлға.
2-тарау. Жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын қолдану қағидалары
3. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлік құралының жүріп өту жолында орналасқан Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көліктік бақылау посттында тасымалдаушының немесе жүргізушінің (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) өтінішіне сәйкес сертификат беріледі.
4. Жүк көлік құралдарын өлшеу стационарлық таразы жабдығымен жүргізіледі.
Жүк көлік құралдары өлшенетін стационарлы көліктік бақылау посттарының өлшеу құралдарын тексеру "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
5. Мынадай жағдайларды қоспағанда, сертификаттағы ақпаратты дәйекті ретінде танылады және көлік құралдарын қосымша өлшеуге жол берілмейді:
1) сертификатта және ілеспе құжаттарда (CMR CARNET TIR) көрсетілген салмақ және (немесе) габариттік өлшемдері сәйкес болмауы;
2) жүкті қоса тиеу, жартылай түсіру немесе басқа көлік құралына қайта тиеу кезінде, сондай-ақ жүкті басқа кедендік тәртіпке беру кезінде;
3) сертификатта (3-баған) көрсетілген деректердің бақылаудағы көлік құралының нақты деректерімен сәйкес болмауы;
4) көлік құралының ерекше салмақ өлшемдерінің сертификатта (8-баған) көрсетілген деректермен сәйкес болмауы.
6. Көлік құралын бақылаулық өлшеудің нәтижесі сертификаттың 10-бағанына жазылады.
7. "Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының жол берілетін параметрлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 342 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11009 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген өлшемдерінен асып кеткен жағдайда, тасымалдаушы немесе жүргізуші салық заңнамасында белгіленген мөлшерлемелер бойынша ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты көлік құралдары жүріп өткені үшін алым төлейді.
8. Қазақстан Республикасының аумағында сертификатты қолдану оны берген мемлекетке, сондай-ақ TIR немесе көлік құралының жүк бөлігіне рұқсат етілмеген кіруді болдырмайтын өзге де рәсім бойынша халықаралық жүк тасымалын жүзеге асыратын көлік құралының тіркелуіне байланысты емес.
3-тарау. "Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары
9. "Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық органдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
10. Көрсетілетін қызметті алушы сертификатты алу үшін өтінішті (бұдан әрі - өтініш) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушіге немесе www.elicense.kz, www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жолдайды.
11. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет стандартында (бұдан әрі-Стандарт) көрсетілген.
12. Көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берілгеннен кейін көлік құралын өлшеу жүзеге асырылады.
13. Көлік құралын өлшеу нәтижесі бойынша көрсетілетін қызметті берушімен сертификат ресімделеді.
Сертификатты ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті алушымен 1-8-бағандарды дұрыс толтырылғанын растайтын сертификаттың 9-бағаны толтырылады.
14. Портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" сұранымды қабылдау туралы мәртебесі және көлік құралын өлшеу орны мен күнін көрсете отырып, хабарлама немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жолданады.
15. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі (көлік құралын өлшеу және сертификатты ресімдеу) - 1 сағат.
16. Жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде оны көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне түседі.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!17-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.06.2022 № 354 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
17. Сертификат типографиялық әдiспен жасалады және оның қорғану жүйесi болады.
Сертификат бланкiлерi қатаң есептегi бланкiлер болып табылады.
4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
18-тармақ алып тастау көзделген - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.06.2022 № 354 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
18. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет осы стандарттың 10-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына немесе Министрліктің басшысының атына беріледі.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы, порталға не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Қажетті жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті беруші көрсеткен сапасыз мемлекеттік көрсетілетін қызметті растайтын құжаттар шағымға қоса беріледі.
Шағымды қабылдаған адамның тегін және аты-жөнін, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылдануын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс-орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары бойынша алуға болады.
Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі жасау, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
Мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!19-тармақ алып тастау көзделген - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.06.2022 № 354 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
19. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
Қазақстан Республикасының аумағында жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын қолдану қағидаларына 1-қосымша нысан |
KZ | 000000 A | ||||||||
Аймақ коды; | Сертификат нөмірі | ||||||||
КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН ӨЛШЕУДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕРТИФИКАТЫ (КҚӨХС) | |||||||||
Көлік операторы /көлік құралының жүргізушісі көлік құралын өлшенгенге дейін толтырады | |||||||||
1. Көлік операторы (ұйымының атауы және мекенжайы, елді қоса алғанда) | Тел. № | ||||||||
Факс № | |||||||||
Электронды пошта | |||||||||
2. Тасымалдау шарты №1 | CARNET TIR № (егер қолданылатын болса)2 | ||||||||
3. Жүк автокөлік құралы туралы ақпарат | |||||||||
3.1. Тіркеу нөмірі | Сүйрегіш/жүк автокөлігінің | Жартылай тіркеменің/тіркеменің | |||||||
3.2. Аспа жүйесі |
Сүйрегіш/жүк автокөлігінің |
Жартылай тіркеменің/тіркеменің | |||||||
Уәкілетті өлшеу станциясының қызметкері толтырады | |||||||||
4. 4. Уәкілетті өлшеу станциясы |
5. Көлік құралын өлшеу №3 | ||||||||
4.1. Өлшеуге арналған жабдықтың дәлдік классы 4 | 6. Беру күні (күні, айы, жылы) | ||||||||
7. Жүк көлік құралдарын өлшеу | |||||||||
7.2. Осьтік жүктемені өлшеу, кг мен | |||||||||
Жетекші | Жетекші емес | Дара | Қосарланған | Үш білікті | |||||
Бірінші ось | |||||||||
Екінші ось | |||||||||
Үшінші ось | |||||||||
Төртінші ось | |||||||||
Бесінші ось | |||||||||
7.3. Көлік құралының жалпы | Сүйрегіш/жүк автокөлігі (кг) | Жартылай тіркеменің/тіркеменің (кг) |
Автокөлік құралының | ||||||
8. . Ерекше таразы сипаттамасы | |||||||||
8.1. қозғалтқышқа қосылған, отын багін толтырғанға, дейін: | 8.3. Қосалқы шина саны (дана) | ||||||||
8.2. қосалқы отын багін толтырғанға дейін: | 8.4. Өлшеу кезінде автокөлік ішіндегі адамдар саны ________ | ||||||||
8.5.Көтерілетін остін бары | |||||||||
Осымен мәлімдеймін, жоғарыда көрсетілген өлшеу төмендегі қол қойғандармен уәкілетті өлшеу станциясында өлшеніп және мүлтіксіз болып табылады | Қолы | ||||||||
Өлшеу станция қызметкерінің тегі және жеке коды | Мөр |
____________________
1 мысалы: жүкқұжат CMR №
2 1975 жылғы TIR Конвенциясына сәйкес
3 2-парақтың қосымшасына қарау
4 МОЗМ ұсынысы бойынша
5 халықаралық келісімдерге сәйкес, ұлттық және халықаралық тасымалдар үшін бекітілген максималды рұқсат етілген габариттер көрсеткіштер, сонымен қатар халықаралық тасымалдауға арналған максималды рұқсат етілген салмақ
6 суреттік схема бойынша көлік құралының код типі, мысалы А2 немесе A2S2
7 егер осьтер саны алтыдан көп болса, 2 пар. "Қосымша" параграфта көрсету қажет.
9. уәкілетті өлшеу станциясының қызметкері/автокөлік құралының жүргізушісі көлік құралын өлшенгеннен кейін толтырады | |||
Мен мәлімдеймін, мыналарды:: | |||
Күні | Жүргізуші тегі/жүк көлік құралының жүргізушілері | Күні | |
Ескертпе (егер болса) | |||
10. Ерекше өлшеу жағдайында (бақылау кезінде) өлшеу станция қызметкерімен толтырылады (3, 7, 8)8 | |||
Өлшеу станциясы _______________________________________________________________ (код, атауы және мекен-жай, елді қоса) | |||
Күні | Өлшеу станция қызметкерінің фамилиясы | Қолы | |
Ерекше өлшеу (бақылау кезінде) нәтижесі және себебі | |||
Автокөлік құралын өлшеудің кодтың нөмірі үш элементті деректерден тұрады, дефиспен жалғанған | |||
(1) Мемлекет коды (1968 жылғы БҰҰ жол қозғалыс Конвенциясына сәйкес) | |||
Армения | ARM | Молдова | MD |
Әзірбайжан | AZ | Ресей | RUS |
Беларусь | BY | Тәжікістан | TJ |
Грузия | GE | Түрікменстан | TM |
Қазақстан | KZ | Өзбекстан | UZ |
Қырғызстан | KS | Украина | UA |
(2) Ұлттық өлшеу станциясын сәйкестендіретін қос мәнді код | |||
(3) Жекеше өлшеуді сәйкестендіретін (ең аз болғанда), бестаңбалы код |
Осы сертификатты көрсеткен кезде, ТМД елдерінің шекара өтулерінде автокөлік құралдары қайта өлшенбейді.
________________________________________________________________________________
8 Осы баған екі жақтың құзыретті мекемелерімен өлшеу станцияларының жұмысына баға беру үшін, сонымен қатар көлік операторы іс-әрекеті кезінде қателік жіберген кезде толтырылады.
Қазақстан Республикасының аумағында жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын қолдану қағидаларына 2-қосымша Нысан |
Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын алу үшін өтініш
1. Көлiк операторының атауы (толық мекенжайы, елiн қоса алғанда) | |||
Тел. № | |||
Факс № | |||
Электрондық пошта | |||
2. Тасымалдау шартының №1 | CARNET TIR № (егер қолданылса)2 | ||
3. Жүк автокөлік құралы туралы ақпарат | |||
3.1. Тіркеу нөмірі | Сүйрегіш/жүк автокөлігінің | Жартылай тіркеменің/тіркеменің | |
3.2. Аспа жүйесі |
Сүйрегіш/жүк автокөлігінің |
Жартылай тіркеменің/тіркеменің |
_________________________________
1 мысалы: жүкқұжат CMR №
2 1975 жылғы TIR Конвенциясына сәйкес
Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (болса) _________________________________
________________________________________________________________________________
(қысқартусыз көрсету)
Ақпараттық жүйеде бар, заңмен қорғалған құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Қолы____________________ 20 ____ жылғы "____" _____________
ЗҚАИ-ның ескертпесі!3-қосымша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.06.2022 № 354 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының аумағында жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын қолдану қағидаларына 3-қосымша |
"Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші). |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) | Көрсетілетін қызметті беруші немесе www.elicense.kz, www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | 1 (бір) сағат. |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жеткізгіште. |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификаты немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Ақысыз. |
7 | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің - еңбек заңнамасына сәйкес демалыссыз және мереке күндерінсіз, тәулік бойы; |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1) көрсетілетін қызметті берушіге - өтініш; |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Министрліктің мекенжайы: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық пошта мекенжайы: miid@miid.gov.kz, (8-7172) 98-33-11 телефоны немесе Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің блогына (www.miid.gov.kz мекенжайы бойынша Министрліктің интернет-ресурсының "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің блогы" парағы). |