Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.07.2013 № 194 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және инвестициялық портфельді басқарушылардың және бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың бухгалтерлік есепті жүргізу тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.07.2013 № 194 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Қоса беріліп отырған Инвестициялық портфельді басқарушылардың және бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.07.2013 № 194 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):
1) Заң департаментімен (Өртембаев А.Қ.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне, инвестициялық портфельді басқаруды немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы Г. Марченко
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2010 жылғы 1 ақпандағы
№ 4 қаулысымен бекітілген
Инвестициялық портфельді басқарушылардың және бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі
нұсқаулық
Ескерту. Нұсқаулықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.07.2013 № 194 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.07.2013 № 194 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Осы Нұсқаулық «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі, «Инвестициялық қорлар туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының заңдарына, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес әзірленді және:
инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі – ұйым) инвестициялық басқаруындағы клиенттер активтерінің;
бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – брокер) брокерлік қызмет көрсету туралы шарт бойынша клиенттерден алынған активтердің бухгалтерлік есебін жүргізуін нақтылайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.07.2013 № 194 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. Клиенттердің инвестициялық басқарудағы активтерінің және брокерлік қызмет көрсету туралы шарт бойынша клиенттерден алынған активтердің бухгалтерлік есебін жүргізген кезде ұйым және брокер Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5348 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы» 2008 жылғы 22 қыркүйектегі № 79 қаулысына сәйкес баланстан тыс шоттарды қолданады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.08.26 № 107 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
3. «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына қайшы келмейтін қосымша бухгалтерлік жазбаларды жазуға жол беріледі.
2. Инвестициялық басқаруға қабылданған активтерді есепке алу
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.07.2013 № 194 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
4. Ұйым активтерді жасалған шарт немесе келісім бойынша инвестициялық басқаруға алған кезде инвестициялық басқаруға қабылданған активтер сомасына мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) баланстық шоттарда:
Дт 1030 Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты
Кт 3390 27 Сенімгерлік басқаруға қабылданған қаржылық активтер;
2) баланстан тыс шоттарда:
Дт 1800 01 Ақша
1800 02 Тазартылған қымбат металдар
1800 03 Бағалы қағаздар
1800 04 Орналастырылған салымдар
1800 05 Капиталға инвестициялар
1800 06 Материалдық емес активтер
1800 07 Негізгі құрал-жабдықтар
1800 08 Басқа да активтер
1800 09 Алуға арналған шоттар
1800 10 Дивидендтер
1800 11 Сыйақы
1800 12 Басқа да талаптар
Кт 1830 01 Клиенттен активтердің түсуі.
5. Ұйым активтерді жасалған шарт немесе келісім бойынша инвестициялық басқаруға қабылданған ақша есебінен сатып алу немесе сату жөніндегі операцияларды жасаған кезде осы Нұсқаулықта көзделген бухгалтерлік жазбалардан басқа тиісінше 1030 «Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты» баланстық шотының кредиті (дебеті) және 3390 27 «Сенімгерлік басқаруға қабылданған қаржылық активтер» баланстық шотының дебеті (кредиті) бойынша бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады.
2-1. Инвестициялық басқарудағы ақшаны шетел валютасына
орналастыру
Ескерту. 2-1-тараумен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.08.26 № 107 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.07.2013 № 194 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
5-1. Ұйым шетел валютасын сатып алған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) егер сатып алу бағамы нарықтық бағамнан төмен болса:
Дт 1800 01 Ақша (сатып алынған шетел валютасының сомасына)
Кт 1800 01 Ақша (теңгемен төленген ақша сомасына)
1830 03 Сатып алу-сатудан болған кірістер (сатып алу
бағамы мен нарықтық бағам арасындағы айырмаға);
2) егер сатып алу бағамы нарықтық бағамнан жоғары болса:
Дт 1800 01 Ақша (сатып алынған шетел валютасының сомасына)
1840 03 Сатып алу-сатудан болған шығыстар (сатып алу
бағамы мен нарықтық бағам арасындағы айырмаға)
Кт 1800 01 Ақша (теңгемен төленген ақша сомасына).
5-2. Ұйым шетел валютасын сатқан кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) егер сату бағамы нарықтық бағамнан жоғары болса:
Дт 1800 01 Ақша (теңгемен алынған ақша сомасына)
Кт 1800 01 Ақша (сатылған шетел валютасының сомасына)
1830 03 Сатып алу-сатудан болған кірістер (сату бағамы мен
нарықтық бағам арасындағы айырмаға);
2) егер сату бағамы нарықтық бағамнан төмен болса:
Дт 1800 01 Ақша (теңгемен алынған ақша сомасына)
1840 03 Сатып алу-сатудан болған шығыстар (сату бағамы мен
нарықтық бағам арасындағы айырмаға)
Кт 1800 01 Ақша (сатылған шетел валютасының сомасына).
5-3. Ұйым шетел валюталарын айырбастау кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
Дт 1800 01 Ақша (сатып алынған шетел валютасының сомасына)
Кт 1800 01 Ақша (сатылған шетел валютасының сомасына);
оң айырма сомасына:
Дт 1800 01 Ақша
Кт 1830 03 Сатып алу-сатудан болған кірістер (сату (сатып
алу) бағамы мен нарықтық бағам арасындағы
айырмаға);
теріс айырма сомасына:
Дт 1840 03 Сатып алу-сатудан болған шығыстар (сату (сатып
алу) бағамы мен нарықтық бағам арасындағы
айырмаға)
Кт 1800 01 Ақша.
5-4. Шетел валютасындағы ақшаны қайта бағалау күнгі валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша қайта бағалаған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы оң бағамдық айырма сомасына ұлғайған кезде:
Дт 1800 01 Ақша (шетел валютасындағы)
Кт 1830 07 Бағамдық айырма бойынша іске асырылмаған кірістер;
2) валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы теріс бағамдық айырма сомасына азайған кезде:
Дт 1840 07 Бағамдық айырма бойынша іске асырылмаған шығыстар
Кт 1800 01 Ақша (шетел валютасындағы).
5-5. Шетел валютасын сатқан кезде шетел валютасын қайта бағалаудан болған іске асырылған кірістер (шығыстар) сомасына мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) іске асырылған кірістер сомасына:
Дт 1830 07 Бағамдық айырма бойынша іске асырылмаған кірістер
Кт 1830 05 Бағамдық айырма бойынша іске асырылған кірістер
1840 07 Бағамдық айырма бойынша іске асырылмаған шығыстар;
2) іске асырылған шығыстар сомасына:
Дт 1830 07 Бағамдық айырма бойынша іске асырылмаған кірістер
Кт 1840 05 Бағамдық айырма бойынша іске асырылған шығыстар
1840 07 Бағамдық айырма бойынша іске асырылмаған
шығыстар.
3. Инвестициялық басқарудағы ақшаны салымдарға орналастыру
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.07.2013 № 194 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
6. Инвестициялық басқарудағы ақшаны екінші деңгейдегі банктердегі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы салымдарға орналастырған кезде мәміле бойынша шығындар, олар болған жағдайда, ескеріле отырып, салым сомасына мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт 1800 04 Орналастырылған салымдар
Кт 1800 01 Ақша.
7. Банктік салым шартында айқындалған салым бойынша сыйақыны ұйымның есеп саясатында белгіленген кезеңділікке сәйкес есептеген кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт 1800 11 Сыйақы
Кт 1830 02 Сыйақы түріндегі кірістер (дивидендтер).
8. Салым бойынша сыйақыны нақты алған кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт 1800 01 Ақша
Кт 1800 11 Сыйақы.
9. Банктік салым мерзімінің аяғында ақшаны қайтарған кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт 1800 01 Ақша
Кт 1800 04 Орналастырылған салымдар
1800 11 Сыйақы.
9-1. Шетел валютасындағы салымдарды қайта бағалау күнгі валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша қайта бағалаған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы оң бағамдық айырма сомасына ұлғайған кезде:
Дт 1800 04 Орналастырылған салымдар
Кт 1830 07 Бағамдық айырма бойынша іске асырылмаған кірістер;
2) валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы теріс бағамдық айырма сомасына азайған кезде:
Дт 1840 07 Бағамдық айырма бойынша іске асырылмаған шығыстар
Кт 1800 04 Орналастырылған салымдар.
Ескерту. 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.08.26 № 107 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
4. Инвестициялық басқарудағы ақшаны бағалы қағаздарға орналастыру
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.07.2013 № 194 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
10. Бағалы қағаздарды инвестициялық басқарудағы активтер есебінен сатып алған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) сатып алынған бағалы қағаздардың таза құнына (номиналды құнынан аспайтын сомаға):
Дт 1800 03 Бағалы қағаздар
Кт 1800 01 Ақша;
2) борыштық бағалы қағазды сатып алуға байланысты шығындардан тұратын сыйлықақы сомасына:
Дт 1800 03 Бағалы қағаздар (бағалы қағаз бойынша сыйлықақы сомасын есепке алуға арналған жеке қосалқы шоттар)
Кт 1800 01 Ақша
1820 01 Төлеуге арналған шоттар;
3) дисконт (жеңілдік) сомасына:
Дт 1800 03 Бағалы қағаздар (бағалы қағаздың номиналды құнын есепке алуға арналған жеке қосалқы шоттар)
Кт 1800 03 Бағалы қағаздар (бағалы қағаз бойынша дисконт (жеңілдік) сомасын есепке алуға арналған жеке қосалқы шоттар);
4) алдыңғы ұстаушы есептеген сыйақы сомасына:
Дт 1800 11 Сыйақы
Кт 1800 01 Ақша.
11. Ұйымның есеп саясатында белгіленген кезеңділікке сәйкес сатып алынған бағалы қағаздар бойынша жарияланған пайыз ставкасы бойынша сыйақы есептеледі. Бұл ретте есептелген сыйақы сомасына мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт 1800 11 Сыйақы
Кт 1830 02 Сыйақы түріндегі кірістер (дивидендтер).
12. Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйлықақыны немесе дисконтты (жеңілдікті) амортизациялаған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) сыйлықақыны амортизациялау сомасына:
Дт 1840 08 Басқа да шығыстар
Кт 1800 03 Бағалы қағаздар (бағалы қағаз бойынша сыйлықақы сомасын есепке алуға арналған жеке қосалқы шоттар);
2) дисконтты (жеңілдікті) амортизациялау сомасына:
Дт 1800 03 Бағалы қағаздар (бағалы қағаз бойынша дисконт (жеңілдік) сомасын есепке алуға арналған жеке қосалқы шоттар)
Кт 1830 02 Сыйақы түріндегі кірістер (дивидендтер).
13. Жарияланған сыйақыны есептегеннен және сыйлықақыны немесе дисконтты (жеңілдікті) амортизациялағаннан кейін осы Нұсқаулықтың 11 және 12-тармақтарына сәйкес сатып алынған бағалы қағаздар әділ құны бойынша және ұйымның есеп саясатында белгіленген кезеңділікпен қайта бағаланады және мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) бағалы қағаздардың әділ құны олардың есепке алу құнынан асып кеткен кезде:
Дт 1800 03 Бағалы қағаздар
Кт 1830 06 Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан болған іске асырылмаған кірістер;
2) бағалы қағаздардың есепке алу құны олардың әділ құнынан асып кеткен кезде:
Дт 1840 06 Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан болған іске асырылмаған шығыстар
Кт 1800 03 Бағалы қағаздар.
14. Құны шетел валютасымен көрсетілген сатып алынған бағалы қағаздарды қайта бағалау күнгі валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша қайта бағалаған кезде (үлестік бағалы қағаздарды қоспағанда) мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы ұлғайған кезде:
оң бағамдық айырма сомасына:
Дт 1800 03 Бағалы қағаздар (бағалы қағаз бойынша номиналды құнды және сыйлықақы сомасын есепке алуға арналған жеке қосалқы шоттар)
1800 11 Сыйақы
Кт 1830 07 Бағамдық айырма бойынша іске асырылмаған кірістер;
теріс бағамдық айырма сомасына:
Дт 1840 07 Бағамдық айырма бойынша іске асырылмаған шығыстар
Кт 1800 03 Бағалы қағаздар (бағалы қағаз бойынша дисконт (жеңілдік) сомасын есепке алуға арналған жеке қосалқы шоттар);
2) валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы азайған кезде теріс бағамдық айырма сомасына:
Дт 1840 07 Бағамдық айырма бойынша іске асырылмаған шығыстар
1800 03 Бағалы қағаздар (бағалы қағаз бойынша номиналды құнды және сыйлықақы сомасын есепке алуға арналған жеке қосалқы шоттар)
1800 11 Сыйақы
және, бір мезгілде, оң бағамдық айырма сомасына:
Дт 1800 03 Бағалы қағаздар (бағалы қағаз бойынша дисконт (жеңілдік) сомасын есепке алуға арналған жеке қосалқы шоттар)
Кт 1830 07 Бағамдық айырма бойынша іске асырылмаған кірістер.
Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.08.26 № 107 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
15. Эмитент бағалы қағаздар бойынша есептелген сыйақыны өтеген кезде төленген сыйақы сомасына мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт 1800 01 Ақша
Кт 1800 11 Сыйақы.
16. Осы Нұсқаулықтың 11, 12 және 13-тармақтарына сәйкес жарияланған сыйақы есептелгеннен, сыйлықақы немесе дисконт (жеңілдік) амортизацияланғаннан және бағалы қағаздар әділ құны бойынша қайта бағаланғаннан кейін сатып алынған бағалы қағаздарды сатқан кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) бағалы қағаздар бойынша амортизацияланбаған сыйлықақы сомасына:
Дт 1800 03 Бағалы қағаздар (бағалы қағаздың номиналды құнын
есепке алуға арналған жеке қосалқы шоттар)
Кт 1800 03 Бағалы қағаздар (бағалы қағаз бойынша сыйлықақы
сомасын есепке алуға арналған жеке қосалқы
шоттар);
2) бағалы қағаздар бойынша амортизацияланбаған дисконт
(жеңілдік) сомасына:
Дт 1800 03 Бағалы қағаздар (бағалы қағаз бойынша дисконт
(жеңілдік) сомасын есепке алуға арналған жеке
қосалқы шоттар)
Кт 1800 03 Бағалы қағаздар (бағалы қағаздың номиналды құнын
есепке алуға арналған жеке қосалқы шоттар);
3) бағалы қағаздарды сату бойынша жасалған мәміле сомасына:
мәміле сомасы мен активтердің есепке алу құны арасында оң айырма туындаған кезде:
Дт 1800 01 Ақша
Кт 1800 03 Бағалы қағаздар
1800 11 Сыйақы
1830 03 Сатып алу-сатудан болған кірістер;
мәміле сомасы мен активтердің есепке алу құны арасында теріс айырма туындаған кезде:
Дт 1800 01 Ақша
1840 03 Сатып алу-сатудан болған шығыстар
Кт 1800 03 Бағалы қағаздар
1800 11 Сыйақы;
4) бағалы қағаздарды әділ құны бойынша қайта бағалаудан болған іске асырылған кірістер сомасына:
іске асырылмаған шығыстар шотындағы қалдық шегінде:
Дт 1830 06 Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
болған іске асырылмаған кірістер
Кт 1840 06 Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
болған іске асырылмаған шығыстар;
іске асырылмаған кірістердің іске асырылмаған шығыстардан асып кеткен сомасына:
Дт 1830 06 Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
болған іске асырылмаған кірістер
Кт 1830 04 Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
болған іске асырылған кірістер;
5) бағалы қағаздарды әділ құны бойынша қайта бағалаудан болған іске асырылған шығыстар сомасына:
іске асырылмаған кірістер шотындағы қалдық шегінде:
Дт 1830 06 Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
болған іске асырылмаған кірістер
Кт 1840 06 Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
болған іске асырылмаған шығыстар;
іске асырылмаған шығыстардың іске асырылмаған кірістерден асып кеткен сомасына:
Дт 1840 04 Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
болған іске асырылған шығыстар
Кт 1840 06 Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
болған іске асырылмаған шығыстар;
6) сатып алынған бағалы қағаздар бойынша оң бағамдық айырмадан болған іске асырылған кірістер сомасына:
іске асырылмаған шығыстар шотындағы қалдық шегінде:
Дт 1830 07 Бағамдық айырма бойынша іске асырылмаған кірістер
Кт 1840 07 Бағамдық айырма бойынша іске асырылмаған шығыстар;
іске асырылмаған кірістердің іске асырылмаған шығыстардан асып кеткен сомасына:
Дт 1830 07 Бағамдық айырма бойынша іске асырылмаған кірістер
Кт 1830 05 Бағамдық айырма бойынша іске асырылған кірістер;
7) сатып алынған бағалы қағаздар бойынша теріс бағамдық айырмадан болған іске асырылған шығыстар сомасына:
іске асырылмаған кірістер шотындағы қалдық шегінде:
Дт 1830 07 Бағамдық айырма бойынша іске асырылмаған кірістер
Кт 1840 07 Бағамдық айырма бойынша іске асырылмаған шығыстар
іске асырылмаған шығыстардың іске асырылмаған кірістерден асып кеткен сомасына:
Дт 1840 05 Бағамдық айырма бойынша іске асырылған шығыстар
Кт 1840 07 Бағамдық айырма бойынша іске асырылмаған шығыстар.
17. Осы Нұсқаулықтың 11 және 12-тармақтарына сәйкес сыйақы есептелгеннен, сыйлықақы немесе дисконт (жеңілдік) амортизацияланғаннан және борыштық бағалы қағаздар әділ құны бойынша қайта бағаланғаннан кейін сатып алынған бағалы қағаздарды өтеген кезде осы Нұсқаулықтың 16-тармағының 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады.
5. Инвестициялық басқарудағы ақшаны туынды қаржы құралдарына орналастыру
Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.07.2013 № 194 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
18. Туынды қаржы құралын инвестициялық басқарудағы активтер есебінен сатып алған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) туынды қаржы құралының құнын есепке алуға арналған жеке қосалқы шот аша отырып, сатып алынған «колл» («пут») опционы бойынша төленген сыйлықақы сомасына:
Дт 1800 12 Басқа да талаптар
Кт 1800 01 Ақша;
2) фьючерс бойынша маржа сомасына:
Дт 1800 08 Басқа да активтер
Кт 1800 01 Ақша.
19. Туынды қаржы құралын ұйымның есеп саясатында белгіленген кезеңділікпен әділ құны бойынша қайта бағалаған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) туынды қаржы құралының әділ құны оң өзгерген сомасына:
Дт 1800 12 Басқа да талаптар
Кт 1830 06 Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
болған іске асырылмаған кірістер;
2) туынды қаржы құралының әділ құны теріс өзгерген сомасына:
Дт 1840 06 Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
болған іске асырылмаған шығыстар
Кт 1820 02 Басқа да міндеттемелер (туынды қаржы құралдарының
құнын есепке алуға арналған жеке қосалқы шоттар);
3) туынды қаржы құралдарының әділ құнының есепте бар оң (теріс) түзету сомасына:
Дт 1820 02 Басқа да міндеттемелер
Кт 1800 12 Басқа да талаптар.
20. Ұйым қарсы әріптестің пайдасына (қарсы әріптес ұйымның пайдасына) маржа сомасын төлеген кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) ұйымның қосымша төлеген маржа сомасына:
Дт 1800 08 Басқа да активтер
Кт 1800 01 Ақша;
2) қарсы әріптестен алынған маржа сомасына:
Дт 1800 08 Басқа да активтер
Кт 1820 02 Басқа да міндеттемелер;
3) қор биржасында (брокерде) ашылған шоттан рұқсат етілген есепте бар маржаны есептен шығарған кезде:
Дт 1800 01 Ақша
Кт 1800 08 Басқа да активтер;
4) қор биржасы (брокер) алған маржа сомасына:
Дт 1820 02 Басқа да міндеттемелер
Кт 1800 08 Басқа да активтер.
21. Туынды қаржы құралын орындау күніне мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) нетто негізде есеп айырысқан жағдайда ұйым ақша аударған кезде:
Дт 1820 02 Басқа да міндеттемелер
Кт 1800 01 Ақша;
2) нетто негізде есеп айырысқан жағдайда қарсы әріптестен ақша алған кезде:
Дт 1800 01 Ақша
Кт 1800 12 Басқа да талаптар;
3) туынды қаржы құралының талаптарына сәйкес базалық активті сатып алған кезде:
сатып алынған актив құнына:
Дт 1800 01 Ақша
1800 02 Тазартылған қымбат металдар
1800 03 Бағалы қағаздар
1800 05 Капиталға инвестициялар
1800 07 Негізгі құрал-жабдықтар
1800 08 Басқа да активтер
1820 02 Басқа да міндеттемелер (туынды қаржы құралдарының
құнын есепке алуға арналған жеке қосалқы шоттар)
Кт 1800 01 Ақша
1800 12 Басқа да міндеттемелер;
4) туынды қаржы құралдарының талаптарына сәйкес базалық активті сатқан кезде:
сатылатын актив құнына:
Дт 1800 01 Ақша
1820 02 Басқа да міндеттемелер (туынды қаржы құралдарының
құнын есепке алуға арналған жеке қосалқы шоттар)
Кт 1800 01 Ақша
1800 02 Тазартылған қымбат металдар
1800 03 Бағалы қағаздар
1800 05 Капиталға инвестициялар
1800 07 Негізгі құрал-жабдықтар
1800 08 Басқа да активтер
1800 12 Басқа да талаптар (туынды қаржы құралдарының құнын
есепке алуға арналған жеке қосалқы шоттар);
5) туынды қаржы құралын әділ құны бойынша қайта бағалаудан болған іске асырылған кірістер сомасына:
іске асырылмаған шығыстар шотындағы қалдық шегінде:
Дт 1830 06 Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
болған іске асырылмаған кірістер
Кт 1840 06 Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
болған іске асырылмаған шығыстар;
іске асырылмаған кірістердің іске асырылмаған шығыстардан асып кеткен сомасына:
Дт 1830 06 Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
болған іске асырылмаған кірістер
Кт 1830 08 Басқа да кірістер;
6) туынды қаржы құралын әділ құны бойынша қайта бағалаудан болған іске асырылған шығыстар сомасына:
іске асырылмаған кірістер шотындағы қалдық шегінде:
Дт 1830 06 Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
болған іске асырылмаған кірістер
Кт 1840 06 Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
болған іске асырылмаған шығыстар;
іске асырылмаған шығыстардың іске асырылмаған кірістерден асып кеткен сомасына:
Дт 1840 08 Басқа да шығыстар
Кт 1840 06 Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
болған іске асырылмаған шығыстар.
6. Инвестициялық басқарудағы бағалы қағаздармен РЕПО және кері РЕПО операцияларын жасау
Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.07.2013 № 194 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
22. РЕПО операциясын ашқан кезде:
1) бағалы қағаздарды ақшаға айырбастап беретін ұйым РЕПО операцияcын жасаған кезде мәміле сомасына мынадай бухгалтерлік жазбаны жүзеге асырады:
Дт 1800 01 Ақша
Кт 1820 02 Басқа да міндеттемелер (бағалы қағаздармен РЕПО
операцияларын есепке алуға арналған жеке қосалқы
шоттар);
2) ақшаны бағалы қағаздарға айырбастап ұсынатын ұйым кері РЕПО операциясын жасаған кезде мәміле сомасына мынадай бухгалтерлік жазбаны жүзеге асырады:
Дт 1800 12 Басқа да талаптар (бағалы қағаздармен РЕПО
операцияларын есепке алуға арналған жеке қосалқы
шоттар)
Кт 1800 01 Ақша.
23. РЕПО және кері РЕПО операцияларының қолданылу мерзімі ішінде РЕПО мәмілесі талаптарының негізінде осы операциялардың белгіленген қолданылу мерзімі ішіндегі тиісінше шығыстарға және кірістерге есептелетін мәміле бойынша тиесілі сыйақы сомасы есептеледі. Бұл ретте мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) РЕПО операциялары бойынша сыйақы түрінде есептелетін шығыс сомасына:
Дт 1840 02 Комиссиялық сыйақылар төлеу бойынша шығыстар
Кт 1820 02 Басқа да міндеттемелер (бағалы қағаздармен РЕПО
операцияларын есепке алуға арналған жеке қосалқы
шоттар);
2) кері РЕПО операциясы бойынша сыйақы түрінде есептелетін кіріс сомасына:
Дт 1800 11 Сыйақы
Кт 1830 02 Сыйақы түріндегі кірістер (дивидендтер).
24. Осы Нұсқаулықтың 23-тармағына сәйкес сыйақы есептелгеннен кейін РЕПО операциясы жабылған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) РЕПО операциясы бойынша бұрын берілген бағалы қағаздарды ұйым кері алған кезде:
РЕПО мәмілесі бойынша есептелген сыйақы сомасына:
Дт 1820 02 Басқа да міндеттемелер
Кт 1800 01 Ақша;
РЕПО мәмілесін жабудың осы мәміле жасалған сәтте белгіленген құнына:
Дт 1820 02 Басқа да міндеттемелер
Кт 1800 01 Ақша;
2) кері РЕПО операциясы бойынша бұрын алынған бағалы қағаздарды ұйым берген кезде:
есептелген сыйақы сомасына:
Дт 1800 01 Ақша
Кт 1800 11 Сыйақы;
кері РЕПО мәмілесін жабудың осы мәміле жасалған сәтте белгіленген құнына:
Дт 1800 01 Ақша
Кт 1800 12 Басқа да талаптар.
7. Инвестициялық басқарудағы ақшаны тазартылған қымбат
металдарға орналастыру
Ескерту. 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.07.2013 № 194 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
25. Инвестициялық басқарудағы ақшаны тазартылған қымбат металдарға орналастырған кезде сатып алынған қымбат металдардың құнына мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт 1800 02 Тазартылған қымбат металдар
Кт 1800 01 Ақша.
Қосалқы бухгалтерлік есепте тазартылған қымбат металдар унциямен, сондай-ақ тазартылған қымбат металдардың қолда бар санын Лондон қымбат металдар нарығы қауымдастығының бухгалтерлік есепте көрсету күнгі белгіленген таңертеңгі немесе кешкі фиксингіне және теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамына көбейту арқылы теңгемен көрсетіледі.
26. Сатып алынған тазартылған қымбат металдарды әділ құны бойынша қайта бағалаған кезде қайта бағалау сомасына мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) тазартылған қымбат металдардың құны ұлғайған кезде:
Дт 1800 02 Тазартылған қымбат металдар
Кт 1830 06 Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
болған іске асырылмаған кірістер;
2) тазартылған қымбат металдардың құны азайған кезде:
Дт 1840 06 Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
болған іске асырылмаған шығыстар
Кт 1800 02 Тазартылған қымбат металдар.
27. Тазартылған қымбат металдарды осы Нұсқаулықтың 26-тармағына сәйкес әділ құны бойынша қайта бағалағаннан кейін сатқан кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) тазартылған қымбат металдарды сату бойынша жасалған мәміле сомасына:
мәміле сомасы мен тазартылған қымбат металдардың есепке алу құны арасында оң айырма туындаған кезде:
Дт 1800 01 Ақша
Кт 1800 02 Тазартылған қымбат металдар
1830 03 Сатып алу-сатудан болған кірістер;
мәміле сомасы мен тазартылған қымбат металдардың есепке алу құны арасында теріс айырма туындаған кезде:
Дт 1800 01 Ақша
1840 03 Сатып алу-сатудан болған шығыстар
Кт 1800 02 Тазартылған қымбат металдар;
2) тазартылған қымбат металдарды әділ құны бойынша қайта бағалаудан болған іске асырылған кірістер сомасына:
іске асырылмаған шығыстар шотындағы қалдық шегінде:
Дт 1830 06 Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
болған іске асырылмаған кірістер
Кт 1840 06 Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
болған іске асырылмаған шығыстар;
іске асырылмаған кірістердің іске асырылмаған шығыстардан асып кеткен сомасына:
Дт 1830 06 Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
болған іске асырылмаған кірістер
Кт 1830 04 Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
болған іске асырылған кірістер;
3) іске асырылған шығыстар сомасына:
тазартылған қымбат металдарды әділ құны бойынша қайта бағалаудан болған іске асырылмаған кірістер шотындағы қалдық шегінде:
Дт 1830 06 Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
болған іске асырылмаған кірістер
Кт 1840 06 Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
болған іске асырылмаған шығыстар;
іске асырылмаған шығыстардың іске асырылмаған кірістерден асып кеткен сомасына:
Дт 1840 04 Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
болған іске асырылған шығыстар
Кт 1840 06 Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
болған іске асырылмаған шығыстар.
8. Инвестициялық басқарудағы ақшаны акционерлік қоғамдар болып табылмайтын заңды тұлғалардың капиталына инвестицияларға орналастыру
Ескерту. 8-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.07.2013 № 194 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
28. Инвестициялық басқарудағы ақшаны акционерлік қоғамдар болып табылмайтын заңды тұлғалардың капиталына инвестицияларға орналастырған кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт 1800 05 Капиталға инвестициялар
Кт 1800 01 Ақша.
29. Капиталдағы қатысу үлесін сатқан кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) мәміле сомасы мен активтердің есепке алу құны арасында оң айырма туындаған кезде:
Дт 1800 01 Ақша
Кт 1800 05 Капиталға инвестициялар
1830 03 Сатып алу-сатудан болған кірістер;
2) мәміле сомасы мен активтердің есепке алу құны арасында теріс айырма туындаған кезде:
Дт 1800 01 Ақша
1840 03 Сатып алу-сатудан болған шығыстар
Кт 1800 05 Капиталға инвестициялар.
9. Инвестициялық басқарудағы ақшаны негізгі құрал-жабдықтарға және материалдық емес активтерге орналастыру
Ескерту. 9-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.07.2013 № 194 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
30. Инвестициялық басқарудағы ақшаны негізгі құрал-жабдықтарға және материалдық емес активтерге орналастырған кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт 1800 06 Материалдық емес активтер
1800 07 Негізгі құрал-жабдықтар
Кт 1800 01 Ақша.
31. Негізгі құрал-жабдықтарды және материалдық емес активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) негізгі құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтердің әділ құны олардың есепке алу құнынан асып кеткен кезде:
Дт 1800 06 Материалдық емес активтер
1800 07 Негізгі құрал-жабдықтар
Кт 1830 06 Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
болған іске асырылмаған кірістер;
2) негізгі құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтердің есепке алу құны олардың әділ құнынан асып кеткен кезде:
Дт 1840 06 Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
болған іске асырылмаған шығыстар
Кт 1800 06 Материалдық емес активтер
1800 07 Негізгі құрал-жабдықтар.
32. Негізгі құрал-жабдықтарды және материалдық емес активтерді сатқан кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) мәміле сомасы мен активтердің есепке алу құны арасында оң айырма туындаған кезде:
Дт 1800 01 Ақша
1800 06 Материалдық емес активтер
Кт 1800 07 Негізгі құрал-жабдықтар
1830 03 Сатып алу-сатудан болған кірістер;
2) мәміле сомасы мен активтердің есепке алу құны арасында теріс айырма туындаған кезде:
Дт 1800 01 Ақша
1840 03 Сатып алу-сатудан болған шығыстар
Кт 1800 06 Материалдық емес активтер
1800 07 Негізгі құрал-жабдықтар;
3) негізгі құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан болған іске асырылған кірістер сомасына:
іске асырылмаған шығыстар шотындағы қалдық шегінде:
Дт 1830 06 Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
болған іске асырылмаған кірістер
Кт 1840 06 Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
болған іске асырылмаған шығыстар;
іске асырылмаған кірістердің іске асырылмаған шығыстардан асып кеткен сомасына:
Дт 1830 06 Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
болған іске асырылмаған кірістер
Кт 1830 04 Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
болған іске асырылған кірістер;
4) негізгі құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан болған іске асырылған шығыстар сомасына:
іске асырылмаған кірістер шотындағы қалдық шегінде:
Дт 1830 06 Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
болған іске асырылмаған кірістер
Кт 1840 06 Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
болған іске асырылмаған шығыстар;
іске асырылмаған шығыстардың іске асырылмаған кірістерден асып кеткен сомасына:
Дт 1840 04 Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
болған іске асырылған шығыстар
Кт 1840 06 Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
болған іске асырылмаған шығыстар.
10. Инвестициялық басқарудан алынған активтерді есепке алу
Ескерту. 10-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.07.2013 № 194 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
33. Клиент инвестициялық басқарудағы активтерінің бір бөлігін шығарып алған жағдайда мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт 1840 01 Клиенттің активтерін алу
Кт 1800 01 Ақша
1800 02 Тазартылған қымбат металдар
1800 03 Бағалы қағаздар
1800 04 Орналастырылған салымдар
1800 05 Капиталға инвестициялар
1800 06 Материалдық емес активтер
1800 07 Негізгі құрал-жабдықтар
1800 08 Басқа да активтер
1800 09 Алуға арналған шоттар
1800 10 Дивидендтер
1800 11 Сыйақы
1800 12 Басқа да талаптар.
34. Клиент активтерін инвестициялық басқарудың тиімділігіне талдау жүргізу мақсатында есептік кезеңнің аяғында мынадай бухгалтерлік жазбаларды жүзеге асыру арқылы есептік кезеңдегі соңғы қаржы нәтижесін қалыптастыру бойынша ақпарат жинақтап қорытылады:
клиенттің активтерімен операциялар бойынша есептелген кірістер сомасына:
Дт 1830 01 Клиенттен активтердің түсуі
1830 02 Сыйақы түріндегі кірістер (дивидендтер)
1830 03 Сатып алу-сатудан болған кірістер
1830 04 Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан іске
асырылған кірістер
1830 05 Бағамдық айырма бойынша іске асырылған кірістер
1830 06 Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан іске
асырылмаған кірістер
1830 07 Бағамдық айырма бойынша іске асырылмаған кірістер
1830 08 Басқа да кірістер
Кт 1810 01 Капитал,
және, бір мезгілде, клиенттің активтерімен операциялар бойынша есептелген шығыстар сомасына:
Дт 1810 01 Капитал
Кт 1840 02 Комиссиялық сыйақылар төлеу бойынша шығыстар
1840 03 Сатып алу-сатудан болған шығыстар
1840 04 Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
болған іске асырылған шығыстар
1840 05 Бағамдық айырма бойынша іске асырылған шығыстар
1840 06 Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
болған іске асырылмаған шығыстар
1840 07 Бағамдық айырма бойынша іске асырылмаған шығыстар
1840 08 Басқа да шығыстар.
35. Клиенттің активтерін инвестициялық басқаруға арналған шарттың қолданылу мерзімінің аяғында ұйым клиенттің шоты бойынша барлық қолда бар активтерді қайтарады. Бұл ретте қолда бар активтер бойынша мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) клиенттің активтерімен операциялар бойынша есептелген кірістер сомасына:
Дт 1830 01 Клиенттен активтердің түсуі
1830 02 Сыйақы түріндегі кірістер (дивидендтер)
1830 03 Сатып алу-сатудан болған кірістер
1830 04 Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан іске
асырылған кірістер
1830 05 Бағамдық айырма бойынша іске асырылған кірістер
1830 06 Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан іске
асырылмаған кірістер
1830 07 Бағамдық айырма бойынша іске асырылмаған кірістер
1830 08 Басқа да кірістер
Кт 1810 01 Капитал,
және, бір мезгілде, клиенттің активтерімен операциялар бойынша есептелген шығыстар сомасына:
Дт 1810 01 Капитал
Кт 1840 02 Комиссиялық сыйақылар төлеу бойынша шығыстар
1840 03 Сатып алу-сатудан болған шығыстар
1840 04 Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
болған іске асырылған шығыстар
1840 05 Бағамдық айырма бойынша іске асырылған шығыстар
1840 06 Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
болған іске асырылмаған шығыстар
1840 07 Бағамдық айырма бойынша іске асырылмаған шығыстар
1840 08 Басқа да шығыстар;
2) клиент бойынша міндеттемелер шоттары бойынша қалдықтар сомасына:
Дт 1820 01 Төлеуге арналған шоттар
1820 02 Басқа да міндеттемелер
Кт 1840 01 Клиенттің активтерін алу
3) клиент бойынша активтер шоттары бойынша қалдықтар сомасына:
Дт 1840 01 Клиенттің активтерін алу
Кт 1800 01 Ақша
1800 02 Тазартылған қымбат металдар
1800 03 Бағалы қағаздар
1800 04 Орналастырылған салымдар
1800 05 Капиталға инвестициялар
1800 06 Материалдық емес активтер
1800 07 Негізгі құрал-жабдықтар
1800 08 Басқа да активтер
1800 09 Алуға арналған шоттар
1800 10 Дивидендтер
1800 11 Сыйақы
1800 12 Басқа да талаптар;
4) капитал шоты бойынша қалдық сомасына:
Дт 1810 01 Капитал
Кт 1840 01 Клиенттің активтерін алу.
11. Ұйымның кірістерін есепке алу
Ескерту. 11-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.07.2013 № 194 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
36. Қазақстан Республикасының заңнамасында, тиісті келісімдерде және шарттарда белгіленген комиссиялық сыйақылар ұйымның кірістері деп танылады. Бұл кірістер ұйымның жеке бухгалтерлік есебінде және жеке қаржылық есептілігінде тиісті баланстық шоттарда көрсетіледі. Бұл ретте мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) есептелген комиссиялық сыйақы сомасына:
Дт 1270 61 Инвестициялық кірістен болған есептелген
комиссиялық кірістер
1270 62 Зейнетақы активтерінен болған есептелген
комиссиялық кірістер
1270 83 Бағалы қағаздар нарығының өзге де кәсіби
қатысушыларының қызмет көрсетуі үшін есептелген
комиссиялық кірістер
Кт 6110 61 Инвестициялық кірістен болған комиссиялық кірістер
6110 62 Зейнетақы активтерінен болған комиссиялық кірістер
6110 82 Бағалы қағаздар нарығының өзге де кәсіби
қатысушыларының қызмет көрсетуі үшін комиссиялық
кірістер;
2) нақты алынған ақша сомасына:
Дт 1030 Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты
Кт 1270 61 Инвестициялық кірістен болған есептелген
комиссиялық кірістер
1270 62 Зейнетақы активтерінен болған есептелген
комиссиялық кірістер
1270 83 Бағалы қағаздар нарығының өзге де кәсіби
қатысушыларының қызмет көрсетуі үшін есептелген
комиссиялық кірістер.
12. Брокерлік қызмет көрсету туралы шарт бойынша қабылданған
активтерді есепке алу
Ескерту. 12-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.07.2013 № 194 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
37. Брокер брокерлік қызмет көрсету туралы шарт бойынша ақша алған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) баланстық шоттарда:
Дт 1030 Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты
Кт 3390 81 Брокердің клиент алдындағы міндеттемелері;
2) брокер активтерді клиенттің ақшасына сатып алған кезде:
Дт 3390 81 Брокердің клиент алдындағы міндеттемелері
Кт 1030 Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты.
Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.08.26 № 107 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
38. Номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығы бар брокер клиенттер үшін активтерді сатып алған кезде баланстан тыс есепте мынадай бухгалтерлік жазбаны жүзеге асырады:
Кіріс 8970 «Депо» шоттары (клиенттердің брокердің номиналды
ұстауындағы бағалы қағаздарын есепке алуға
арналған жеке шот).
Ескерту. 38-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.08.26 № 107 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
39. Номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығы бар брокер клиенттер үшін активтерді сатқан кезде баланстан тыс есепте мынадай бухгалтерлік жазбаны жүзеге асырады:
Шығыс 8970 «Депо» шоттары (клиенттердің брокердің номиналды
ұстауындағы бағалы қағаздарын есепке алуға
арналған жеке шот).
Ескерту. 39-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.08.26 № 107 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.