Инвестициялық портфельді басқарушылардың, бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және "өмірді сақтандыру" саласы бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар және сақтандырушының инвестицияларына сақтанушының қатысу талаптары көзделетін сақтандыру шарттарын жасауды жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының және "өмірді сақтандыру" саласы бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар және сақтандырушының инвестицияларына сақтанушының қатысу талаптары көзделетін сақтандыру шарттарын жасауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық банк Басқармасының 2010 жылғы 1 ақпандағы N 4 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 24 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6090 болып енгізілді.

Жаңартылған

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.11.2021 № 100 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 63) тармақшасына, "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 6-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.11.2021 № 100 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған Инвестициялық портфельді басқарушылардың, бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және "өмірді сақтандыру" саласы бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар және сақтандырушының инвестицияларына сақтанушының қатысу талаптары көзделетін сақтандыру шарттарын жасауды жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының және "өмірді сақтандыру" саласы бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар және сақтандырушының инвестицияларына сақтанушының қатысу талаптары көзделетін сақтандыру шарттарын жасауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.11.2021 № 100 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      3. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):

      1) Заң департаментімен (Өртембаев А.Қ.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, инвестициялық портфельді басқаруды немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Г. Марченко

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2010 жылғы 1 ақпандағы
№ 4 қаулысымен бекітілген

Инвестициялық портфельді басқарушылардың, бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және "өмірді сақтандыру" саласы бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар және сақтандырушының инвестицияларына сақтанушының қатысу талаптары көзделетін сақтандыру шарттарын жасауды жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының және "өмірді сақтандыру" саласы бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар және сақтандырушының инвестицияларына сақтанушының қатысу талаптары көзделетін сақтандыру шарттарын жасауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулық

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.11.2021 № 100 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. Нұсқаулықтың және 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 185 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Осы Нұсқаулық "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 63) тармақшасына, "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 6-тармағының 1) тармақшасына, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес әзірленді және:

      клиенттердің инвестициялық басқарудағы активтерінің инвестициялық портфелін басқарушылардың және "өмірді сақтандыру" саласы бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар және сақтандырушының инвестицияларына сақтанушының қатысу талаптары көзделетін сақтандыру шарттарын жасауды жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының және "өмірді сақтандыру" саласы бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар және сақтандырушының инвестицияларына сақтанушының қатысу талаптары көзделетін сақтандыру шарттарын жасауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының (бұдан әрі – ұйым);

      бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – брокер) брокерлік қызмет көрсету туралы шарт бойынша клиенттерден алынған активтердің бухгалтерлік есебін жүргізуін нақтылайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.11.2021 № 100 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Клиенттердің инвестициялық басқарудағы активтерінің және брокерлік қызмет көрсету туралы шарт бойынша клиенттерден алынған активтердің бухгалтерлік есебін жүргізген кезде ұйым және брокер "Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 22 қыркүйектегі № 79 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5348 болып тіркелген) сәйкес баланстан тыс шоттарды қолданады.

      Клиенттердің сақтандыру ұйымның инвестициялық басқаруындағы активтерінің бухгалтерлік есебін жүргізген кезде "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, өзара сақтандыру қоғамдарына және Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын, Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, өзара сақтандыру қоғамдарының және Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының бухгалтерлік есеп жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы және Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бухгалтерлік есеп жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 251 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16390 болып тіркелген) сәйкес баланыстан тыс шоттар қолданылады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.11.2021 № 100 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. "Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына қайшы келмейтін қосымша бухгалтерлік жазбаларды жазуға жол беріледі.

2-тарау. Инвестициялық басқаруға қабылданған активтерді есепке алу

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 185 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Ұйым активтерді инвестициялық басқару туралы шартқа сәйкес қабылданған активтер сомасына инвестициялық басқаруға алған кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:

      Дт 1800 01 Ақша

      1800 02 Тазартылған қымбат металдар

      1800 03 Бағалы қағаздар

      1800 04 Орналастырылған салымдар

      1800 05 Капиталға инвестициялар

      1800 06 Материалдық емес активтер

      1800 07 Негізгі құрал-жабдықтар

      1800 08 Басқа да активтер

      1800 09 Алуға арналған шоттар

      1800 10 Дивидендтер

      1800 11 Сыйақы

      1800 12 Басқа да талаптар

      Кт 1830 01 Клиенттен активтердің түсуі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.08.27 № 164 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      5. Алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.08.27 № 164 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2-1-тарау. Инвестициялық басқарудағы ақшаны шетел валютасына орналастыру

      Ескерту. 2-1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 185 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. 2-1-тараумен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.08.26 № 107 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.07.2013 № 194 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5-1. Ұйым шетел валютасын сатып алған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:

      1) егер сатып алу бағамы нарықтық бағамнан төмен болса:

      Дт 1800 01 Ақша (сатып алынған шетел валютасының сомасына)

      Кт 1800 01 Ақша (теңгемен төленген ақша сомасына)

      1830 03 Сатып алу-сатудан болған кірістер (сатып алу

      бағамы мен нарықтық бағам арасындағы айырмаға);

      2) егер сатып алу бағамы нарықтық бағамнан жоғары болса:

      Дт 1800 01 Ақша (сатып алынған шетел валютасының сомасына)

      1840 03 Сатып алу-сатудан болған шығыстар (сатып алу

      бағамы мен нарықтық бағам арасындағы айырмаға)

      Кт 1800 01 Ақша (теңгемен төленген ақша сомасына).

      5-2. Ұйым шетел валютасын сатқан кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:

      1) егер сату бағамы нарықтық бағамнан жоғары болса:

      Дт 1800 01 Ақша (теңгемен алынған ақша сомасына)

      Кт 1800 01 Ақша (сатылған шетел валютасының сомасына)

      1830 03 Сатып алу-сатудан болған кірістер (сату бағамы мен

      нарықтық бағам арасындағы айырмаға);

      2) егер сату бағамы нарықтық бағамнан төмен болса:

      Дт 1800 01 Ақша (теңгемен алынған ақша сомасына)

      1840 03 Сатып алу-сатудан болған шығыстар (сату бағамы мен

      нарықтық бағам арасындағы айырмаға)

      Кт 1800 01 Ақша (сатылған шетел валютасының сомасына).

      5-3. Ұйым шетел валюталарын айырбастау кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:

      Дт 1800 01 Ақша (сатып алынған шетел валютасының сомасына)

      Кт 1800 01 Ақша (сатылған шетел валютасының сомасына);

      оң айырма сомасына:

      Дт 1800 01 Ақша

      Кт 1830 03 Сатып алу-сатудан болған кірістер (сату (сатып

      алу) бағамы мен нарықтық бағам арасындағы

      айырмаға);

      теріс айырма сомасына:

      Дт 1840 03 Сатып алу-сатудан болған шығыстар (сату (сатып

      алу) бағамы мен нарықтық бағам арасындағы

      айырмаға)

      Кт 1800 01 Ақша.

      5-4. Шетел валютасындағы ақшаны қайта бағалау күнгі валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша қайта бағалаған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:

      1) валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы оң бағамдық айырма сомасына ұлғайған кезде:

Дт

1800 01

Ақша (шетел валютасымен)

Кт

1830 05

Бағамдық айырма бойынша кірістер;

      2) валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы теріс бағамдық айырма сомасына азайған кезде:

Дт

1840 05

Бағамдық айырма бойынша шығыстар

Кт

1800 01

Ақша (шетел валютасымен).

      Ескерту. 5-4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 14.10.2019 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      5-5.Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 14.10.2019 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3-тарау. Инвестициялық басқарудағы ақшаны салымдарға орналастыру

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 185 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Инвестициялық басқарудағы ақшаны екінші деңгейдегі банктердегі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы салымдарға орналастырған кезде мәміле бойынша шығындар, олар болған жағдайда, ескеріле отырып, салым сомасына мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:

      Дт 1800 04 Орналастырылған салымдар

      Кт 1800 01 Ақша.

      7. Банктік салым шартында айқындалған салым бойынша сыйақыны ұйымның есеп саясатында белгіленген кезеңділікке сәйкес есептеген кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:

      Дт 1800 11 Сыйақы

      Кт 1830 02 Сыйақы түріндегі кірістер (дивидендтер).

      8. Салым бойынша сыйақыны нақты алған кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:

      Дт 1800 01 Ақша

      Кт 1800 11 Сыйақы.

      9. Банктік салым мерзімінің аяғында ақшаны қайтарған кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:

      Дт 1800 01 Ақша

      Кт 1800 04 Орналастырылған салымдар

      1800 11 Сыйақы.

      9-1. Шетел валютасындағы салымдарды қайта бағалау күнгі валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша қайта бағалаған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:

      1) валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы оң бағамдық айырма сомасына ұлғайған кезде:

Дт

1800 04

Орналастырылған салымдар

Кт

1830 05

Бағамдық айырма бойынша кірістер;

      2) валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы теріс бағамдық айырма сомасына азайған кезде:

Дт

1840 05

Бағамдық айырма бойынша шығыстар

Кт

1800 04

Орналастырылған салымдар.

      Ескерту. 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.08.26 № 107 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 14.10.2019 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

4-тарау. Инвестициялық басқарудағы ақшаны бағалы қағаздарға орналастыру

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 185 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. Бағалы қағаздарды инвестициялық басқарудағы активтер есебінен сатып алған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:

      1) сатып алынған бағалы қағаздардың таза құнына (номиналды құнынан аспайтын сомаға):

      Дт 1800 03 Бағалы қағаздар

      Кт 1800 01 Ақша;

      2) борыштық бағалы қағазды сатып алуға байланысты шығындардан тұратын сыйлықақы сомасына:

      Дт 1800 03 Бағалы қағаздар (бағалы қағаз бойынша сыйлықақы сомасын есепке алуға арналған жеке қосалқы шоттар)

      Кт 1800 01 Ақша

      1820 01 Төлеуге арналған шоттар;

      3) дисконт (жеңілдік) сомасына:

      Дт 1800 03 Бағалы қағаздар (бағалы қағаздың номиналды құнын есепке алуға арналған жеке қосалқы шоттар)

      Кт 1800 03 Бағалы қағаздар (бағалы қағаз бойынша дисконт (жеңілдік) сомасын есепке алуға арналған жеке қосалқы шоттар);

      4) алдыңғы ұстаушы есептеген сыйақы сомасына:

      Дт 1800 11 Сыйақы

      Кт 1800 01 Ақша.

      11. Ұйымның есеп саясатында белгіленген кезеңділікке сәйкес сатып алынған бағалы қағаздар бойынша жарияланған пайыз ставкасы бойынша сыйақы есептеледі. Бұл ретте есептелген сыйақы сомасына мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:

      Дт 1800 11 Сыйақы

      Кт 1830 02 Сыйақы түріндегі кірістер (дивидендтер).

      12. Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйлықақыны немесе дисконтты (жеңілдікті) амортизациялаған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:

      1) сыйлықақыны амортизациялау сомасына:

      Дт 1840 08 Басқа да шығыстар

      Кт 1800 03 Бағалы қағаздар (бағалы қағаз бойынша сыйлықақы сомасын есепке алуға арналған жеке қосалқы шоттар);

      2) дисконтты (жеңілдікті) амортизациялау сомасына:

      Дт 1800 03 Бағалы қағаздар (бағалы қағаз бойынша дисконт (жеңілдік) сомасын есепке алуға арналған жеке қосалқы шоттар)

      Кт 1830 02 Сыйақы түріндегі кірістер (дивидендтер).

      13. Жарияланған сыйақы және сыйлықақы амортизациясы немесе дисконт (жеңілдік) есептелгеннен кейін осы Нұсқаулықтың 11 және 12-тармақтарына сәйкес сатып алынған бағалы қағаздарға әділ құны бойынша және ұйымның есеп саясаты белгілеген кезеңдікпен қайта бағалау жүргізіледі және мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:

      1) бағалы қағаздардың әділ құны олардың есептік құнынан асып кеткен кезде:

Дт

1800 03

Бағалы қағаздар

Кт

1830 04

Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан түскен кірістер;

      2) бағалы қағаздардың есептік құны олардың әділ құнынан асып кеткен кезде:

Дт

1840 04

Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан болған шығыстар

Кт

1800 03

Бағалы қағаздар.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 14.10.2019 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      14. Құны шетел валютасымен көрсетілген, сатып алынған бағалы қағаздарды (үлестік бағалы қағаздарды қоспағанда) қайта бағалау күнгі валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша қайта бағалау кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:

      1) валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы ұлғайған кезде:

      оң бағамдық айырма сомасына:

Дт

1800 03

Бағалы қағаздар (Бағалы қағаздар бойынша сыйлықақының номиналдық құнын және сомасын есепке алу үшін жекелеген қосалқы шот)


1800 11

Сыйақы

Кт

1830 05

Бағамдық айырма бойынша кірістер;

      теріс бағамдық айырма сомасына:

Дт

1840 05

Бағамдық айырма бойынша шығыстар

Кт

1800 03

Бағалы қағаздар (Бағалы қағаздар бойынша дисконт (жеңілдік) сомасын есепке алу үшін жекелеген қосалқы шот);

      2) валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы азайған кезде:

      теріс бағамдық айырма сомасына:

Дт

1840 05

Бағамдық айырма бойынша шығыстар


1800 03

Бағалы қағаздар (Бағалы қағаздар бойынша сыйлықақының номиналдық құнын және сомасын есепке алу үшін жекелеген қосалқы шот)


1800 11

Сыйақы

      және, бірмезгілде, оң бағамдық айырма сомасына:

Дт

1800 03

Бағалы қағаздар (бағалы қағаздар бойынша дисконт (жеңілдік) сомасын есепке алу үшін жекелеген қосалқы шот)

Кт

1830 05

Бағамдық айырма бойынша кірістер.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 14.10.2019 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      15. Эмитент бағалы қағаздар бойынша есептелген сыйақыны өтеген кезде төленген сыйақы сомасына мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:

      Дт 1800 01 Ақша

      Кт 1800 11 Сыйақы.

      16. Осы Нұсқаулықтың 11, 12 және 13-тармақтарына сәйкес жарияланған сыйақы есептелгеннен, сыйлықақы немесе дисконт (жеңілдік) амортизацияланғаннан және бағалы қағаздар әділ құны бойынша қайта бағаланғаннан кейін сатып алынған бағалы қағаздарды сатқан кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:

      1) бағалы қағаздар бойынша амортизацияланбаған сыйлықақы сомасына:

      Дт 1800 03 Бағалы қағаздар (бағалы қағаздың номиналды құнын

      есепке алуға арналған жеке қосалқы шоттар)

      Кт 1800 03 Бағалы қағаздар (бағалы қағаз бойынша сыйлықақы

      сомасын есепке алуға арналған жеке қосалқы

      шоттар);

      2) бағалы қағаздар бойынша амортизацияланбаған дисконт

      (жеңілдік) сомасына:

      Дт 1800 03 Бағалы қағаздар (бағалы қағаз бойынша дисконт

      (жеңілдік) сомасын есепке алуға арналған жеке

      қосалқы шоттар)

      Кт 1800 03 Бағалы қағаздар (бағалы қағаздың номиналды құнын

      есепке алуға арналған жеке қосалқы шоттар);

      3) бағалы қағаздарды сату бойынша жасалған мәміле сомасына:

      мәміле сомасы мен активтердің есепке алу құны арасында оң айырма туындаған кезде:

      Дт 1800 01 Ақша

      Кт 1800 03 Бағалы қағаздар

      1800 11 Сыйақы

      1830 03 Сатып алу-сатудан болған кірістер;

      мәміле сомасы мен активтердің есепке алу құны арасында теріс айырма туындаған кезде:

      Дт 1800 01 Ақша

      1840 03 Сатып алу-сатудан болған шығыстар

      Кт 1800 03 Бағалы қағаздар

      1800 11 Сыйақы;

      4) алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 14.10.2019 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      5) алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 14.10.2019 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      6) алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 14.10.2019 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      7) алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 14.10.2019 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 14.10.2019 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      17. Осы Нұсқаулықтың 11 және 12-тармақтарына сәйкес сыйақы есептелгеннен, сыйлықақы немесе дисконт (жеңілдік) амортизацияланғаннан және борыштық бағалы қағаздар әділ құны бойынша қайта бағаланғаннан кейін сатып алынған бағалы қағаздарды өтеген кезде осы Нұсқаулықтың 16-тармағының 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады.

5-тарау. Инвестициялық басқарудағы ақшаны туынды қаржы құралдарына орналастыру

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 185 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      18. Туынды қаржы құралын инвестициялық басқарудағы активтер есебінен сатып алған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:

      1) туынды қаржы құралының құнын есепке алуға арналған жеке қосалқы шот аша отырып, сатып алынған "колл" ("пут") опционы бойынша төленген сыйлықақы сомасына:

      Дт 1800 12 Басқа да талаптар

      Кт 1800 01 Ақша;

      2) фьючерс бойынша маржа сомасына:

      Дт 1800 08 Басқа да активтер

      Кт 1800 01 Ақша.

      19. Туынды қаржы құралын ұйымның есеп саясатында белгіленген кезеңділікпен әділ құны бойынша қайта бағалаған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:

      1) туынды қаржы құралының әділ құнының оң өзгеру сомасына:

Дт

1800 12

Басқа да талаптар

Кт

1830 04

Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан түскен кірістер;

      2) туынды қаржы құралының әділ құнының теріс өзгеру сомасына:

Дт

1840 04

Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан болған шығыстар

Кт

1820 02

Басқа да міндеттемелер (туынды қаржы құралының құнын есепке алу үшін жекелеген қосалқы шоттар);";

      3) туынды қаржы құралдарының әділ құнының есепте бар оң (теріс) түзету сомасына:

      Дт 1820 02 Басқа да міндеттемелер

      Кт 1800 12 Басқа да талаптар.

      Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 14.10.2019 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      20. Ұйым қарсы әріптестің пайдасына (қарсы әріптес ұйымның пайдасына) маржа сомасын төлеген кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:

      1) ұйымның қосымша төлеген маржа сомасына:

      Дт 1800 08 Басқа да активтер

      Кт 1800 01 Ақша;

      2) қарсы әріптестен алынған маржа сомасына:

      Дт 1800 08 Басқа да активтер

      Кт 1820 02 Басқа да міндеттемелер;

      3) қор биржасында (брокерде) ашылған шоттан рұқсат етілген есепте бар маржаны есептен шығарған кезде:

      Дт 1800 01 Ақша

      Кт 1800 08 Басқа да активтер;

      4) қор биржасы (брокер) алған маржа сомасына:

      Дт 1820 02 Басқа да міндеттемелер

      Кт 1800 08 Басқа да активтер.

      21. Туынды қаржы құралын орындау күніне мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:

      1) нетто негізде есеп айырысқан жағдайда ұйым ақша аударған кезде:

      Дт 1820 02 Басқа да міндеттемелер

      Кт 1800 01 Ақша;

      2) нетто негізде есеп айырысқан жағдайда қарсы әріптестен ақша алған кезде:

      Дт 1800 01 Ақша

      Кт 1800 12 Басқа да талаптар;

      3) туынды қаржы құралының талаптарына сәйкес базалық активті сатып алған кезде:

      сатып алынған актив құнына:

      Дт 1800 01 Ақша

      1800 02 Тазартылған қымбат металдар

      1800 03 Бағалы қағаздар

      1800 05 Капиталға инвестициялар

      1800 07 Негізгі құрал-жабдықтар

      1800 08 Басқа да активтер

      1820 02 Басқа да міндеттемелер (туынды қаржы құралдарының

      құнын есепке алуға арналған жеке қосалқы шоттар)

      Кт 1800 01 Ақша

      1800 12 Басқа да міндеттемелер;

      4) туынды қаржы құралдарының талаптарына сәйкес базалық активті сатқан кезде:

      сатылатын актив құнына:

      Дт 1800 01 Ақша

      1820 02 Басқа да міндеттемелер (туынды қаржы құралдарының

      құнын есепке алуға арналған жеке қосалқы шоттар)

      Кт 1800 01 Ақша

      1800 02 Тазартылған қымбат металдар

      1800 03 Бағалы қағаздар

      1800 05 Капиталға инвестициялар

      1800 07 Негізгі құрал-жабдықтар

      1800 08 Басқа да активтер

      1800 12 Басқа да талаптар (туынды қаржы құралдарының құнын

      есепке алуға арналған жеке қосалқы шоттар);

      5) алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 14.10.2019 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      6) алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 14.10.2019 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. 21-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 14.10.2019 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

6-тарау. Инвестициялық басқарудағы бағалы қағаздармен РЕПО және кері РЕПО операцияларын жүргізу

      Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 185 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      22. РЕПО операциясын ашқан кезде:

      1) бағалы қағаздарды ақшаға айырбастап беретін ұйым РЕПО операцияcын жасаған кезде мәміле сомасына мынадай бухгалтерлік жазбаны жүзеге асырады:

      Дт 1800 01 Ақша

      Кт 1820 02 Басқа да міндеттемелер (бағалы қағаздармен РЕПО

      операцияларын есепке алуға арналған жеке қосалқы

      шоттар);

      2) ақшаны бағалы қағаздарға айырбастап ұсынатын ұйым кері РЕПО операциясын жасаған кезде мәміле сомасына мынадай бухгалтерлік жазбаны жүзеге асырады:

      Дт 1800 12 Басқа да талаптар (бағалы қағаздармен РЕПО

      операцияларын есепке алуға арналған жеке қосалқы

      шоттар)

      Кт 1800 01 Ақша.

      23. РЕПО және кері РЕПО операцияларының қолданылу мерзімі ішінде РЕПО мәмілесі талаптарының негізінде осы операциялардың белгіленген қолданылу мерзімі ішіндегі тиісінше шығыстарға және кірістерге есептелетін мәміле бойынша тиесілі сыйақы сомасы есептеледі. Бұл ретте мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:

      1) РЕПО операциялары бойынша сыйақы түрінде есептелетін шығыс сомасына:

      Дт 1840 02 Комиссиялық сыйақылар төлеу бойынша шығыстар

      Кт 1820 02 Басқа да міндеттемелер (бағалы қағаздармен РЕПО

      операцияларын есепке алуға арналған жеке қосалқы

      шоттар);

      2) кері РЕПО операциясы бойынша сыйақы түрінде есептелетін кіріс сомасына:

      Дт 1800 11 Сыйақы

      Кт 1830 02 Сыйақы түріндегі кірістер (дивидендтер).

      24. Осы Нұсқаулықтың 23-тармағына сәйкес сыйақы есептелгеннен кейін РЕПО операциясы жабылған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:

      1) РЕПО операциясы бойынша бұрын берілген бағалы қағаздарды ұйым кері алған кезде:

      РЕПО мәмілесі бойынша есептелген сыйақы сомасына:

      Дт 1820 02 Басқа да міндеттемелер

      Кт 1800 01 Ақша;

      РЕПО мәмілесін жабудың осы мәміле жасалған сәтте белгіленген құнына:

      Дт 1820 02 Басқа да міндеттемелер

      Кт 1800 01 Ақша;

      2) кері РЕПО операциясы бойынша бұрын алынған бағалы қағаздарды ұйым берген кезде:

      есептелген сыйақы сомасына:

      Дт 1800 01 Ақша

      Кт 1800 11 Сыйақы;

      кері РЕПО мәмілесін жабудың осы мәміле жасалған сәтте белгіленген құнына:

      Дт 1800 01 Ақша

      Кт 1800 12 Басқа да талаптар.

7-тарау. Инвестициялық басқарудағы ақшаны тазартылған қымбат металдарға орналастыру

      Ескерту. 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 185 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      25. Инвестициялық басқарудағы ақшаны тазартылған қымбат металдарға орналастырған кезде сатып алынған қымбат металдардың құнына мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:

      Дт 1800 02 Тазартылған қымбат металдар

      Кт 1800 01 Ақша.

      Қосалқы бухгалтерлік есепте тазартылған қымбат металдар унциямен, сондай-ақ тазартылған қымбат металдардың қолда бар санын Лондон қымбат металдар нарығы қауымдастығының бухгалтерлік есепте көрсету күнгі белгіленген таңертеңгі немесе кешкі фиксингіне және теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамына көбейту арқылы теңгемен көрсетіледі.

      26. Сатып алынған тазартылған бағалы металдарды әділ құны бойынша қайта бағалау сомасына қайта бағалау кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:

      1) тазартылған бағалы металдардың құны ұлғайған кезде:

Дт

1800 02

Тазартылған бағалы металдар

Кт

1830 04

Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан түскен кірістер;

      2) тазартылған бағалы металдардың құны азайған кезде:

Дт

1840 04

Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан болған шығыстар

Кт

1800 02

Тазартылған бағалы металдар.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 14.10.2019 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      27. Тазартылған бағалы металдарды әділ құны бойынша қайта бағаланғаннан кейін оларды сату кезінде осы Нұсқаулықтың 26-тармағына сәйкес мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:

      1) тазартылған бағалы металдардың сату бағасы бойынша:

Дт

1800 01

Ақша

Кт

1830 03

Сатып алу–сатудан түскен кірістер;

      2) тазартылған бағалы металдардың есептік құнына:

Дт

1840 03

Сатып алу–сатудан болған шығыстар

Кт

1800 02

Тазартылған бағалы металдар.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 14.10.2019 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

8-тарау. Инвестициялық басқарудағы ақшаны акционерлік қоғамдар болып табылмайтын заңды тұлғалардың капиталына инвестицияларға орналастыру

      Ескерту. 8-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 185 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      28. Инвестициялық басқарудағы ақшаны акционерлік қоғамдар болып табылмайтын заңды тұлғалардың капиталына инвестицияларға орналастырған кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:

      Дт 1800 05 Капиталға инвестициялар

      Кт 1800 01 Ақша.

      29. Капиталдағы қатысу үлесін сатқан кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:

      1) мәміле сомасы мен активтердің есепке алу құны арасында оң айырма туындаған кезде:

      Дт 1800 01 Ақша

      Кт 1800 05 Капиталға инвестициялар

      1830 03 Сатып алу-сатудан болған кірістер;

      2) мәміле сомасы мен активтердің есепке алу құны арасында теріс айырма туындаған кезде:

      Дт 1800 01 Ақша

      1840 03 Сатып алу-сатудан болған шығыстар

      Кт 1800 05 Капиталға инвестициялар.

9-тарау. Инвестициялық басқарудағы ақшаны негізгі құрал-жабдықтарға және материалдық емес активтерге орналастыру

      Ескерту. 9-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 185 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      30. Инвестициялық басқарудағы ақшаны негізгі құрал-жабдықтарға және материалдық емес активтерге орналастырған кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:

      Дт 1800 06 Материалдық емес активтер

      1800 07 Негізгі құрал-жабдықтар

      Кт 1800 01 Ақша.

      31. Негізгі құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтерді әділ құны бойынша қайта бағалау кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:

      1) негізгі құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтердің әділ құны олардың есептік құнынан асып кеткен кезде:

Дт

1800 06

Материалдық емес активтер


1800 07

Негізгі құрал-жабдықтар

Кт

1830 04

Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан түскен кірістер;

      2) негізгі құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтердің есептік құны олардың әділ құнынан асып кеткен кезде:

Дт

1840 04

Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан болған шығыстар

Кт

1800 06

Материалдық емес активтер


1800 07

Негізгі құрал-жабдықтар.

      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 14.10.2019 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      32. Негізгі құрал-жабдықтарды және материалдық емес активтерді сатқан кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:

      1) мәміле сомасы мен активтердің есепке алу құны арасында оң айырма туындаған кезде:

      Дт 1800 01 Ақша

      1800 06 Материалдық емес активтер

      Кт 1800 07 Негізгі құрал-жабдықтар

      1830 03 Сатып алу-сатудан болған кірістер;

      2) мәміле сомасы мен активтердің есепке алу құны арасында теріс айырма туындаған кезде:

      Дт 1800 01 Ақша

      1840 03 Сатып алу-сатудан болған шығыстар

      Кт 1800 06 Материалдық емес активтер

      1800 07 Негізгі құрал-жабдықтар;

      3) алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 14.10.2019 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      4) алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 14.10.2019 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. 32-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 14.10.2019 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
     

10-тарау. Инвестициялық басқарудан алынған активтерді есепке алу

      Ескерту. 10-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 185 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      33. Клиент инвестициялық басқарудағы активтерінің бір бөлігін шығарып алған жағдайда мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:

      Дт 1840 01 Клиенттің активтерін алу

      Кт 1800 01 Ақша

      1800 02 Тазартылған қымбат металдар

      1800 03 Бағалы қағаздар

      1800 04 Орналастырылған салымдар

      1800 05 Капиталға инвестициялар

      1800 06 Материалдық емес активтер

      1800 07 Негізгі құрал-жабдықтар

      1800 08 Басқа да активтер

      1800 09 Алуға арналған шоттар

      1800 10 Дивидендтер

      1800 11 Сыйақы

      1800 12 Басқа да талаптар.

      34. Есепті кезеңнің соңында клиенттің активтерін инвестициялық басқарудың тиімділігіне талдау жүргізу мақсатында мынадай бухгалтерлік жазбаларды жүзеге асыру арқылы есепті кезең үшін түпкілікті қаржы нәтижесін қалыптастыру бойынша ақпарат жинақтау жүргізіледі:

      клиенттің активтерімен операциялар бойынша есептелген кірістер сомасына:

Дт

1830 01

Клиенттерден активтердің түсуі


1830 02

Сыйақы (дивиденд) түріндегі кірістер


1830 03

Сатып алу–сатудан түскен кірістер


1830 04

Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан түскен кірістер


1830 05

Бағамдық айырма бойынша кірістер


1830 08

Басқа да кірістер

Кт

1810 01

Капитал;

      және, бірмезгілде, клиенттің активтерімен операциялар бойынша есептелген шығыстар сомасына:

Дт

1810 01

Капитал

Кт

1840 02

Комиссиялық сыйақылар төлеу бойынша шығыстар


1840 03

Сатып алу–сатудан болған шығыстар


1840 04

Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан болған шығыстар


1840 05

Бағамдық айырма бойынша шығыстар


1840 08

Басқа да шығыстар.

      Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 14.10.2019 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      35. Клиенттің активтерін инвестициялық басқаруға арналған шарттың қолданылу мерзімінің аяғында ұйым клиенттің шоты бойынша барлық қолда бар активтерді қайтарады. Бұл ретте қолда бар активтер бойынша мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:

      1) клиенттің активтерімен операциялар бойынша есептелген кірістер сомасына:

Дт

1830 01

Клиенттерден активтердің түсуі


1830 02

Сыйақы (дивиденд) түріндегі кірістер


1830 03

Сатып алу–сатудан түскен кірістер


1830 04

Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан түскен кірістер


1830 05

Бағамдық айырма бойынша кірістер


1830 08

Басқа да кірістер

Кт

1810 01

Капитал;

      және, бірмезгілде, клиенттің активтерімен операциялар бойынша есептелген шығыстар сомасына:

Дт

1810 01

Капитал

Кт

1840 02

Комиссиялық сыйақылар төлеу бойынша шығыстар


1840 03

Сатып алу–сатудан болған шығыстар


1840 04

Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан болған шығыстар


1840 05

Бағамдық айырма бойынша шығыстар


1840 08

Басқа да шығыстар;".

      2) клиент бойынша міндеттемелер шоттары бойынша қалдықтар сомасына:

      Дт 1820 01 Төлеуге арналған шоттар

      1820 02 Басқа да міндеттемелер

      Кт 1840 01 Клиенттің активтерін алу

      3) клиент бойынша активтер шоттары бойынша қалдықтар сомасына:

      Дт 1840 01 Клиенттің активтерін алу

      Кт 1800 01 Ақша

      1800 02 Тазартылған қымбат металдар

      1800 03 Бағалы қағаздар

      1800 04 Орналастырылған салымдар

      1800 05 Капиталға инвестициялар

      1800 06 Материалдық емес активтер

      1800 07 Негізгі құрал-жабдықтар

      1800 08 Басқа да активтер

      1800 09 Алуға арналған шоттар

      1800 10 Дивидендтер

      1800 11 Сыйақы

      1800 12 Басқа да талаптар;

      4) капитал шоты бойынша қалдық сомасына:

      Дт 1810 01 Капитал

      Кт 1840 01 Клиенттің активтерін алу.

      Ескерту. 35-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 14.10.2019 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

11-тарау. Ұйымның кірістерін есепке алу

      Ескерту. 11-тарау алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.11.2021 № 100 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

12-тарау. Брокерлік қызмет көрсету туралы шарт бойынша қабылданған активтерді есепке алу

      Ескерту. 12-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 185 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      37. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Брокерлік қызмет бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу және ашу" 33 бухгалтерлік есеп стандартын бекіту туралы" 2014 жылғы 16 шілдедегі № 137 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9735 тіркелген) бекітілген "Брокерлік қызмет бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу және ашу" 33 бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес актив ретінде тану критерийлеріне жауап беретін ақшаны брокер брокерлік қызмет көрсету туралы шарт бойынша клиенттен қабылдаған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:

      1) баланстық шоттарда:

      Дт 1030 Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты

      Кт 3390 81 Брокердің клиент алдындағы міндеттемелері;

      2) брокер активтерді клиенттің ақшасына сатып алған кезде:

      Дт 3390 81 Брокердің клиент алдындағы міндеттемелері

      Кт 1030 Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты.

      Клиенттен қабылданатын ақшаның Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Брокерлік қызмет бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу және ашу" 33 бухгалтерлік есеп стандартын бекіту туралы" 2014 жылғы 16 шілдедегі № 137 қаулысымен бекітілген "Брокерлік қызмет бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу және ашу" 33 бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес актив ретінде тану критерийлеріне сәйкестігі туралы шешім брокердің ішкі құжаттарына сәйкес қабылданады.

      Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.08.27 № 164 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      38. Номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығы бар брокер клиенттен ақшаны алған кезде, сондай-ақ клиент үшін активтерді сатып алған кезде баланстан тыс есепте мынадай бухгалтерлік жазбаны жүзеге асырады:

      Кіріс 8970 "Депо" шоттары.

      Ескерту. 38-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.08.26 № 107 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.08.27 № 164 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      39. Номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығы бар брокер клиенттен алынған ақша шегерімге жатқызған кезде, сондай-ақ клиент үшін активтерді сатқан кезде баланстан тыс есепте мынадай бухгалтерлік жазбаны жүзеге асырады:

      Шығыс 8970 "Депо" шоттары.

      Ескерту. 39-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.08.26 № 107 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.08.27 № 164 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.